Реклама +7(700) 388 81 09
< Назад к документу

"Қазақстандық индустрияны дамыту институты" акционерлік қоғамын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 508 Қаулысы.

      Индустриялық дамудың мемлекеттік саясатын ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.

      2. Мыналар қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын:

      1) өңдеу өнеркәсібін дамытуды, өңірлерді өнеркәсіптік-инновациялық дамытуды, өнеркәсіптің цифрлық трансформациясын және Индустрия 4.0-ді енгізуді қоса алғанда, экономика секторларын дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсету;

      2) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға:

      басым тауарлар тізбесі жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;

      бірыңғай индустрияландыру картасын қолдап отыру;

      өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын алушыларға өнеркәсіптік гранттар беру;

      бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісімдерді іріктеуді жүргізу, қолдап отыру, іске асырылуын мониторингтеу және талдау;

      өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін талдау;

      қарсы міндеттемелерді мониторингтеу;

      индустриялық дамуды бағалауды жүргізу;

      өнеркәсіптің цифрлық трансформациясы және өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің Индустрия 4.0-ді енгізу жөнінде ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ ұсынымдарды іске асыру кезінде қолдап отыру бойынша қызметтер көрсету;

      3) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну бойынша қызметтер көрсету;

      4) аумақтық кластерлерді дамытуда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну және аумақтық кластерлерді дамыту процестерін қолдап отыру бойынша қызметтер көрсету;

      5) өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қызметін талдамалық және сараптамалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету;

      6) мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілерінен алынған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет саласында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарының іске асырылуы жөніндегі статистикалық ақпарат пен деректерге талдау жүргізуді көздейтін өнеркәсіптік-инновациялық қызмет саласында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру, сондай-ақ, ұсыныстар мен сараптама қорытындыларын әзірлеу бойынша қызметтер көрсету;

      7) өңдеу өнеркәсібі орындарында жұмыс орындарының құрылуына және олардың кадрларға деген қажеттілігіне мониторинг пен талдау жүргізу;

      8) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтер мен оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу;

      9) елішілік құндылықты дамыту және мониторингтеу саласында ақпараттық-талдамалық, консультациялық, оның ішінде елішілік құндылықты сараптау бойынша қызметтер көрсету;

      10) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға:

      өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну;

      өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін ішкі нарықта сервистік қолдау бойынша, оның ішінде елішілік құндылықты дамытуға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған ақпараттық жүйелерді қолдап отыру бойынша қызметтер көрсету;

      11) субконтрактация орталығы шеңберінде қызметтер көрсету (субконтрактация деп өндірістік қызметті оңтайландыру үшін өнеркәсіп орындары қолданатын өндірістік (өнеркәсіптік) аутсорсинг нысандарының бірі түсініледі;

      12) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушыларын тіркеу, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың инфрақұрылымын қаржыландыру және дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, басқарушы компаниялардың қатысушыларымен (акционерлерімен), арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларымен, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарға қатысушылармен өзара іс-қимыл жасасу;

      13) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      14) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларының жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі қатысу үлестерін (акцияларын) сенімгерлік басқару;

      15) арнайы экономикалық аймақтарға қатысушылардың бірыңғай тізілімін жүргізу;

      16) тұлғаның арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлік беру;

      17) индустриялық аймақтардың бірыңғай тізілімін жүргізу;

      18) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың аумақтарында қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуын мониторингтеу;

      19) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың инфрақұрылым объектілерінің жай-күйін мониторингтеу;

      20) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақты басқарушы компанияның даму стратегиясында қаланған нысаналы индикаторларға қол жеткізуді мониторингтеу;

      21) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамыту және ілгерілету бойынша қызметтер көрсету, оның ішінде:

      басқару, ішкі бизнес-процестер моделі мен корпоративтік құжаттарды әзірлеу және арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды басқарушы компанияларға ендіру;

      арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамыту стратегиясын, арнайы экономикалық аймақтар үшін жобаларды іріктеу өлшемшарттарын әзірлеу, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды басқарушы компанияларды қаржыландыруды жоспарлау, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды қаржыландыру жоспарларын әзірлеу (бюджетті жасау және шоғырландыру) бойынша ұсынымдар (ұсыныстар) тұжырымдау;

      арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды басқарушы компаниялардың қызметкерлерін оқыту;

      нарыққа талдау жүргізу және арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың маркетингтік стратегиясын әзірлеу бойынша арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды басқарушы компанияларға консультация беру;

      нысаналы маркетинг жүргізу;

      жобаларға талдау жүргізу;

      отандық арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды халықаралық нарықта ілгерілетуді қамтамасыз ету;

      арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарға әлеуетті қатысушылардың қызметін ақпараттық қолдап отыруды қамтамасыз ету;

      арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарға әлеуетті инвесторларды тартуға жәрдем көрсету;

      22) уәкілетті органның стратегиялық құжаттарының нысаналы индикаторларына қол жеткізуге жәрдем көрсету.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.09.2022 № 645 қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен 2010 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 100 000 000 (бір жүз миллион) теңге мөлшерінде Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:

      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен бірлесіп, жарғыны бекітуді және оны Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

      2) акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне берсін;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 3 маусымдағы
№ 508 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж.,№ 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысудың мемлекеттік үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерінің тізбесінде:

      "Астана қаласы" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-117-жолмен толықтырылсын:

      "21-117. "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" АҚ".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулының қосымшасында:

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 237-46 жолмен толықтырылсын:

      "237-46. "Қазакстандық индустрияны дамыту институты" АҚ".

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Назад к документу

Заңдар - "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" акционерлік қоғамын құру туралы (өзгертулер 03 маусым 2010) P100000508_

Соңғы құжаттар
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 341211
    Қазақ тілінде 169086
    Орыс тілінде 170118
    Ағылшын тілінде 2007
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Astana уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы