< Назад к документу

"Қазақ ұлттық аграрлық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамына зерттеу университеті мәртебесін беру және оның 2020 – 2024 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 707 қаулысы.

      "Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақ ұлттық аграрлық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамына зерттеу университеті мәртебесі берілсін.

      2. Қоса беріліп отырған "Қазақ ұлттық аграрлық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2020 – 2024 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 23 қазандағы
№ 707 қаулысымен
бекітілген

"Қазақ ұлттық аграрлық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамына зерттеу университеті мәртебесін беру және оның 2020 – 2024 жылдарға арналған даму бағдарламасы Мазмұны

      1. Бағдарламаның паспорты

      2. Кіріспе

      3. Ағымдағы жағдайы мен ұзақ мерзімді мақсаттарды ескере отырып ҚазҰАУ дамуының перспективалары

      3.1. Ағымдағы жағдайды талдау

      3.2. Зерттеу университеттері – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамытудың әлемдік тренді

      3.3. Аграрлық білімнің, ғылымның және өндірістің дамуын SWOТ-талдау

      4. Бағдарламаның талдамалық және болжамдық негіздемесінің блогы

      4.1. ҚазҰАУ қызметінің жай-күйін, негізгі проблемалары мен олардың себептерін талдау

      4.2. Ұжымның инновациялық әлеуетін бағалау

      4.3. Еңбек нарығының өзгеру үрдістерін және кадрларға қажеттілікті болжау

      5. Бағдарламаның пайымы

      6. Бағдарламаның миссиясы

      7. Бағдарламаның стратегиялық блогы

      7.1. Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі ҚазҰАУ-дың орны мен рөлі

      7.2. Академиялық саясат

      7.3. Инновациялық әлеуетті дамыту және оған қол жеткізу

      7.4. Ғылыми-техникалық әзірлемелерді коммерцияландыру

      8. Бағдарламаның қойылған мақсатына қол жеткізу жолдары

      9. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

      10. Бағдарламаны іске асырудың нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштері

            1. Бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның атауы

"Қазақ ұлттық аграрлық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ҚазҰАУ) 2020 – 2024 жылдарға арналған даму бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
3. "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы Заңы.
4. "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңы.
5. "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы Заңы.
6. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы
27 шілдедегі Заңы.
7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 541 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2017–2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары.
8. "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – "ҰАҒБО" КеАҚ) директорлар кеңесінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі шешімімен (№ 6 хаттама) бекітілген "ҰАҒБО" КеАҚ 2019 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы.
9. Ғылыми кеңестің 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 6 хаттамасымен бекітілген ҚазҰАУ-дың даму стратегиясы.

Бағдарламаны әзірлеуші

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

Мақсаты

Ұлттық зерттеу университеті мәртебесін алу

Бағдарламалық мақсаттары

Университеттің ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметін дамыту;
аграрлық білім, ғылым мен өндірістің интеграциясын дамыту;
білім беру сапасын арттыру;
университеттің оқу-ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын дамыту;
ЖОО-ны цифрландыру: ішкі процестерді трансформациялаудан бастап АӨК салаларын дамытуға дейін;
білім алушыларды тәрбиелеуде студентке бағдарланған тәсілді жүзеге асыру;
ЖОО-да корпоративтік басқаруды дамыту.

Міндеттер

Әлемдік деңгейге сәйкес ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу;
инновациялық инфрақұрылымды құру және дамыту;
Болон процесінің қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз ету;
ұлттық және халықаралық аккредиттеу агенттіктерінде аккредиттелген білім беру бағдарламаларының пакетін кеңейту;
университеттің білім беру қызметін жетілдіру;
жұмысқа орналастыру бағдарламасын дамыту;
материалдық-техникалық базаны дамыту;
ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту;
тәрбие жұмысының жүйесі мен тиімділігін жетілдіру, студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту;
жастардың азаматтық белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру;
жан-жақты дамыған тұлға мен салауатты өмір салтын қалыптастыру;
корпоративтік басқарудың ашық жүйесін құру.

Бағдарламаны іске асыру мерзімдері мен кезеңдері

Бағдарламаны іске асыру мерзімі – 2020 – 2024 жылдар, оның ішінде:
1) 2020 – 2021 жылдар – дайындық кезеңі.
2) 2022 – 2024 жылдар – қалыптасу кезеңі.

Қаржыландыру көздері:

Ағымдағы іс-шараларды қаржыландырудың негізгі көздері ҚазҰАУ-дың 8 156 349,17 млн теңге көлеміндегі өз қаражаты болып табылады. Күрделі шығындарды қаржыландыру көлемі мен көздері жоба алдындағы және жобалық құжаттаманың қалыптасуына қарай анықталады.

      2. Кіріспе

      2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" стратегиясында білім мен кәсіби дағдылар – бұл заманауи білім беру жүйесінің, кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдарлары екені атап өтілді.

      Осыған сәйкес Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама әлемдік деңгейдегі білім беру және ғылыми-зерттеу институттарын құруды көздейді. Жоғары оқу орындары білім беру функцияларымен ғана шектеліп қоймай, іргелі, қолданбалы және ғылыми-зерттеу бөлімшелерін құрып, дамытуы тиіс.

      Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту саласындағы мемлекеттік саясаты экономиканың инновациялық даму талаптарына, қоғамның және әрбір азаматтың қазіргі заманғы қажеттіліктеріне сәйкес келетін сапалы білімге қолжетімділікті арттыруға бағытталған.

      2010 жылдан бері шетелдік тәжірибе мен халықаралық жобалық басқару стандарттары негізінде ЖОО республиканың жоғары оқу орындарының арасында алғашқылардың бірі болып ұлттық зерттеу университетіне айналу бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде.

      Трансформацияның басты өлшемшарттары: білім, ғылым және өндірістің интеграциясы; зияткерлік меншік өнімдері мен технологияларды коммерцияландыру үшін жағдай жасау; елдің аграрлық еңбек нарығы үшін жоғары білікті мамандар даярлау болып белгіленді.

      ЖОО дамуының негізгі басымдықтары анықталды:

      1) материалдық емес активтердің қарқынды дамуы;

      2) аграрлық ғылыми-өндірістік консорциумға белсенді ықпалдасу;

      3) халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігіне серпінмен кіру;

      4) білім беру және ғылыми инфрақұрылымды дамыту;

      5) білім алушылардың уәжді контингентін қалыптастыру.

      Бұл басымдықтарды іске асыру Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін қажетті мамандармен қамтамасыз етуге, олардың білім деңгейін, құзыретін, дағдысын, іскерлігін және біліктілігін арттыруға, ғылым мен оқу-ғылыми-өндірістік базаны дамытуға, жаңа білім беру бағдарламаларын, ғылыми жобаларды, агробизнес-құрылымдарының сұранысына ие жаңа инновациялық орталықтар мен зертханаларды қолда бар әлеуетті ресурстар негізінде ашуға бағытталған.

      Трансформация басталғаннан бері университет қызметі табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану; шикізат пен өнім өңдеу; энергетика және машина жасау; өмір туралы ғылым; елдің зияткерлік әлеуеті секілді негізгі басымдықтарға қол жеткізуге жұмылдырылған Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Агробизнес-2020" бағдарламасын, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, салалық бағдарламаларды, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бағдарламаларын іске асыруға бағытталды.

      Осы жылдар ішінде университет АӨК-дегі ғылым, білім және өндіріс интеграциясының танымал өзегіне айналды. Көрнекті ғалымдар мен тәлімгерлердің бірнеше ұрпақтары негізін салған үздік дәстүрлерді сақтай отырып, университет заманауи инновациялық типтегі жоғары оқу орны ретінде қарқынды дамып келеді.

      ҚазҰАУ әлемдік ғылыми-білім беру қоғамдастығына интеграциялануда және қазақстандық жоғары білім берудің танымал көшбасшысы, іргелі және қолданбалы зерттеулер саласында инновациялық қызметті табысты дамытушы ірі және беделді ғылыми орталық болып табылады.

      3. Ағымдағы жағдайы мен ұзақ мерзімді мақсаттарды ескере отырып ҚазҰАУ
дамуының перспективалары

      3.1. Ағымдағы жағдайды талдау

      Дамыған елдердің бәсекеге қабілеттілігі ұлт білімділігінің жоғары деңгейімен және қоғам инновациялылығының жоғары әлеуетімен айқындалатынын әлемдік тәжірибе куәландырады.

      Елдердің жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде (ЖБҚИ) мұндай мемлекеттер білім деңгейі мен инновациялық даму деңгейі бойынша жоғары рейтингтерге ие.

      2019 жылғы зерттеу қорытындысы бойынша әлемнің 63 елінің арасында бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстан 34-орын алды (2018 жылы 38-орын).

      Бұл ретте білім беру деңгейінің индексі бойынша еліміз 2018 жылы United Nations Development Programme рейтингінде: Education Index 40-орында, ал Корнель университеті, INSEAD бизнес мектебі және Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) жариялаған 2019 жылғы "Жаһандық инновациялық индекс" баяндамасына сәйкес Қазақстан әлемнің инновациялық елдерінің рейтингінде 79-орынды иеленді.

      Қазақстанда зерттеу университеттері идеясының негізі алғаш рет 2010 жылғы 7 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қаланған.

      Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізудің нысаналы индикаторы ретінде республиканың ЖОО-ларын іске асыратын білім беру бағдарламаларына және жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу қызметінің көлеміне байланысты ұлттық зерттеу университеттері, ұлттық жоғары оқу орындары, зерттеу университеттері, университеттер, академиялар мен институттар етіп сыныптау жүйесін орнату жоспарланған.

      "Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабында зерттеу университетінің анықтамасы мен негізгі міндеттері берілген. Атап айтқанда, зерттеу университеті деп Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен университетті дамыту бағдарламасын іске асыратын, сондай-ақ іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер мен өзге де ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізуге қатысатын жоғары оқу орны түсіндіріледі.

      Білім туралы заңда (2011 жылғы 24 қазандағы өзгерістерімен) ұлттық зерттеу университеті – бұл ерекше мәртебесі бар және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен бес жылға арналған даму бағдарламасы бар, мамандықтардың үш және одан да көп тобы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің дербес әзірленген білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын, жаңа білімді генерациялау және трансферттеу үшін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін пайдаланатын жоғары оқу орны деп айқындалған.

      Зерттеу университеттерінің негізгі міндеті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейлерінде ғылыми қызмет пен білім беру процесін интеграциялау болып табылады.

      Зерттеу университеті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының стандарттарын дербес әзірлейді және іске асырады. Ол жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау кезінде бейіндік бағыттың қосымша талаптарын белгілеуге құқылы.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 732 Жарлығымен бекітілген Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамада жоғары білім берудің ғылымды қажетсінетін экономика қажеттіліктеріне бейімделуін арттыру құрылатын аграрлық-инновациялық кластерлері бар университеттерді интеграциялау арқылы жүргізілетіндігі атап өтілген. Мұндай интеграциялау міндеттері, ең алдымен, осындай кластерлердің құрамына кіретін зерттеу ЖОО-ларының алдына қойылады. Шетелде жоғары технологиялы стартаптарда оқытылатын тағылымдамалар жүйесі арқылы зияткерлік-инновациялық кластерлерде іс-қимыл жүргізетін компаниялар үшін кадрлар даярлау қамтамасыз етілетін болады.

      Қазіргі уақытта елімізде зерттеу университетінің отандық моделінің тәсілдері белсенді түрде қалыптасуда. Атап айтқанда, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылыми-білім беру қауымдастығының талқылауына зерттеу университеті сәйкес келуге тиіс өлшемшарттарды шығарды. Олар мынаны қамтиды:

      1) білім алушылар контингенті;

      2) кадрлық әлеует;

      3) білім беру бағдарламаларының сапасы;

      4) басқару құрылымы;

      5) оқу-материалдық активтер;

      6) ғылыми-зерттеу қызметі;

      7) халықаралық ынтымақтастық және әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігіне интеграция.

      2010 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының бастамасы бойынша "Назарбаев Университеті" ДБҰ құрылды. Жоғары оқу орны еліміздегі жоғары білімнің флагманы болып табылады және халықаралық деңгейдегі зерттеу университеті болуды көздейді. Бұл қызметі дербес және академиялық еркіндік принциптеріне негізделген Қазақстандағы тұңғыш университет. Университетке "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры мәртебесі туралы" 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербестік мәртебесі берілді.

      Осылайша, республикада қазіргі таңда зерттеу жоғары оқу орындарының қызметін құқықтық қамтамасыз ету негіздері бар, әлемдік тәжірибені егжей-тегжейлі зерделеу және оны Қазақстан жағдайына бейімдеу негізінде ұлттық зерттеу ЖОО-ның қазақстандық моделі әзірленуде. Бұл модельдің қалай жұмыс істейтінін көруге және оның дамуын түзетуге мүмкіндік беретін Назарбаев Университеті осындай модельді пысықтаудың нақты көрінісі болып табылады.

      Қазіргі уақытта елдің жоғары оқу орындары осы модельге ұмтылады.

      Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, ҚазҰАУ-да жаңа білім мен озық әзірлемелерді жасайтын, заманауи халықаралық тәжірибеге негізделген оқыту модельдері мен технологияларын пайдаланатын институционалдық зияткерлік орталық қалыптасуда деп айтуға болады.

      ЖОО трансформациясының негізгі бағыты бейімді кәсіби кәсіпкерлік ұйымды қалыптастыруға бағытталған.

      ҚазҰАУ әлемдік деңгейдегі ұлттық зерттеу университеті мәртебесіне үміткер ЖОО болып табылады.

      Бүгінде әлемде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұлттық қауіпсіздіктің негізі және экономиканың аграрлық секторын дамытудың маңызды бағыты болып табылады.

      Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының (ФАО) деректері бойынша қазіргі уақытта Жердің әрбір жетінші тұрғыны азық-түліктің жетіспеуінен зардап шегуде. Сарапшылардың әртүрлі бағалаулары бойынша әлемде аш жүрген және тойып тамақ ішпейтін адамдар саны жыл сайын 800 млн-нан 1 млрд 200 млн дейін адам жетеді.

      Болжамдық деректер бойынша 2025 жылға қарай әлемдегі халық саны 8,5 млрд-қа жетеді, оның ішінде 83 %-ы дамушы елдерде тұратын болады. Ғалымдардың есеп-қисабы бойынша халықтың тамақ өнімдеріне деген сұранысын толық қанағаттандыру үшін азық-түлік өндірісі осы уақытқа дейін 70 %-ға артуы тиіс.

      Сондықтан Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің алдында экспортқа бағдарланған, бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту және осы салада еңбек өнімділігін 2022 жылға қарай 2,5 есеге дейін арттыру жөніндегі түбегейлі міндеттер тұр.

      Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін елдегі әлеуетті мүмкіндіктер зор, атап айтқанда жер, су және еңбек ресурстары бар.

      Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде 9-шы және жан басына шаққанда жермен қамтамасыз етілу деңгейі бойынша 3-ші орынға ие, ауыл шаруашылығын дамыту үшін зор мүмкіндіктері бар. Елдің аумағы 272,5 млн гектарды құрайды, оның ішінде 217 млн гектары немесе 80 %-ы ауыл шаруашылығы алқаптары болып табылады. Бұл бүкіл әлемдік ресурстардың 4 %-ын құрайды. Бір тұрғынға 15 га жер тиесілі, оның ішінде 1,5 га егістік жер болып табылады.

      Соңғы жылдары ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 4,0 трлн теңгеден асты.

      Республика ғаламшардағы аса ірі астық экспорттаушылар ондығына кіреді. 2018 жылы жалпы астық жинау 22 млн тоннаға жетті. Жыл сайын Орталық Азия елдеріне 6 млн тоннаға дейін және Еуропалық Одақ елдеріне 2 млн тоннаға дейін астық экспортталады.

      Жалпы қазақстандық астық экспортының географиясы 70 елді қамтиды, ал ұн экспорты бойынша ол әлемдегі жетекші орындардың бірін алады.

      Қазақстан халқы 18,5 млн адамды құрайды, оның ішінде ауылдық жерлерде 7,7 млн астам немесе ел халқының 42 %-ы тұрады.

      ҚР АӨК-нің бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру үшін оның дамуын тежейтін негізгі проблемаларды шешу қажет, олар: ресурстық әлеуетті ұтымсыз пайдалану, ұсақ және үй шаруашылықтары санының көп болуына байланысты өнімнің тауарлық деңгейінің төмендігі, техникамен жарақтандырудың төмендігі, халықты ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша елдің импортқа тәуелділігі, инвестициялар мен мемлекеттік қолдаудың төмен деңгейі және т. б.

      Республикада ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен 200,0 мыңнан астам агроқұрылым айналысады, оның ішінде 94 %-ы шаруа (фермер) қожалықтары.

      Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен 1,6 млн астам қосалқы шаруа қожалықтары айналысады, олар 32 % өсімдік шаруашылығының және мал шаруашылығының 68 %-дан астам өнімдерін өндіреді. Шаруа (фермер) қожалықтарының 63 %-ында ауыл шаруашылығы алқаптары 50 гектардан аз, 80 %-ында егістік алқаптары 50 гектардан аспайды.

      Мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісінде шаруа қожалықтарының 20 %-ында ірі қара мал басы 10-нан аспайды, 6 %-ында 10-нан аспайтын қой мен ешкі ұстайды. Шаруа (фермер) қожалықтары өсімдік шаруашылығы өнімінің 38 %-ын және еліміздің ауыл шаруашылығында мал шаруашылығы өнімінің 17 %-ын өндіреді. Бұл мәселелерді шешу үшін кооперация негізіндегі ірі тауар шаруашылықтарын құру қажет.

      Республикада ауыл шаруашылығы инвестициялар тартуға қызығушылық жоқ, өйткені АӨК-ке салынған капитал оның ерекшеліктеріне, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы дақылдары мен мал өсірудің маусымдылығына байланысты жеткілікті табыс әкелмейді.

      2018 жылы ауыл, орман және балық шаруашылығына инвестициялық ұсыныстар 1 млрд АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылға қарағанда бар болғаны 14 %-ға ғана жоғары.

      Осы инвестиция көлемінің 38,9 %-ын немесе 0,4 млрд АҚШ долларын Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары сияқты республиканың астық егетін өңірлері алды. Инвестицияның жалпы көлемінің мал шаруашылығын дамытуға 59,5 %-ы және өсімдік шаруашылығына 38,9 %-ы бағытталды.

      Осылайша, инвестициялардың жалпы көлемінде ауыл шаруашылығының үлесі 3,5 %-дан аспайды. Республикада ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің белгілі бір өсуіне қарамастан, өнімнің көптеген түрлері бойынша ел халқы тамақтанудың ұтымды (медициналық) нормалары немесе азық-түлік қауіпсіздігі шегінде азық-түлікпен қамтамасыз етілмейді.

      Азық-түлік қауіпсіздігі деңгейінде біз 100 % нан өнімдерін, 95 % картоп, 86 % жаңа піскен көкөністер, 83 % ет тұтынамыз, ал қалған өнімдерді Қазақстан 30-дан 60 %-ға дейін импорттайды, бұл елдің аграрлық секторын басқа мемлекеттерге тәуелді етіп қояды.

      Әсіресе нарық сыйымдылығындағы импорттың үлесі мына өнімдер бойынша көп екені байқалады: жемістер - 70 %, құс еті - 56,8 %, шұжық - 44,3 %, сүт өнімдері - 40-50 %, консервіленген жемістер мен көкөністер - 85-95 % және т. б.

      Ел халқын осы өнімдермен толық көлемде қамтамасыз ету үшін отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін арттыру қажет. 2016 жылы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы импорт алмастыру бағдарламасы басталды деп жариялады.

      Бұл бағдарламаның мақсаты: импортталатын тауарларды, атап айтқанда Қазақстанда өндіруге болатын азық-түлік өнімдерін ауыстыру. Ақшалай баламада импорт алмастыру 394,7 млн АҚШ долл. үнемдеуге мүмкіндік берер еді. Халықтың тамақ өнімдерін тұтынуын ұлғайтудың тағы бір жолы – қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесін арттыру.

      Алайда, объективті және субъективті себептерге байланысты қайта өңдеу өнеркәсібінің құрылымы түпкілікті қоғамдық қажеттіліктердің құрылымына сәйкес келмейді, бұл дайын өнімдер өндірісінің айтарлықтай артта қалуына әкеп соқты. Мысалы, етті қайта өңдеу өндірістің жалпы көлемінің 24 %-ын, сүт – 30 %-ын, астық – 27 %-ын, жеміс пен көкөніс – 7 %-ын құрайды.

      Ғылымға басты рөл берілген заманауи инновациялық технологиялармен ауыл шаруашылығы нашар қамтамасыз етілген. Жалпы республика бойынша ғылыми зерттеулерге берілген қаржыландыру көлемі 2017 жылы шамамен 69 млрд теңгені құрады, оның ішінде ауыл шаруашылығы ғылымына 6,5 млрд теңге бөлінді, бұл 9,4 %-ды құрайды.

      Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің төмен болу себептерінің бірі – бұл шаруалардың білімінің жеткіліксіз деңгейі, агротехникалық тәсілдерді білмеу, жануарларды ұстау және оларды күту бойынша талаптардың бұзылуы.

      Бүгінде еліміздің фермер қожалықтарында 156,3 мыңнан астам адам жұмыс істейді, базалық аграрлық білімін былай қойғанда, олардың тек 6,8 %-ының ғана жоғары және техникалық кәсіптік (колледж) білімі бар.

      Кез келген дамыған ел экономикасының жай-күйі көбінесе инновациялық идеяларды енгізу қарқындылығымен және жылдамдығымен айқындалады, ал табыс – мамандардың біліктілігіне, олардың күрделі ғылыми, зерттеу, экономикалық және ұйымдастырушылық міндеттерді шығармашылықпен шешуге қабілеттілігіне байланысты болады.

      2021 жылға қарай АӨК дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мынадай нәтижелерге қол жеткізу жоспарлануда:

      1) 2015 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің 38 %-ға өсуі;

      2) ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметтерінің) 2015 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде 30 %-ға өсуі;

      3) азық-түлік тауарлары экспорты көлемінің 600 млн АҚШ долларына өсуі;

      4) азық-түлік тауарлары импортының көлемін 400 млн АҚШ долларына төмендету;

      5) азық-түлік тауарларының көтерме саудасының 2015 жылғы деңгейге қарағанда 29 %-ға өсуі;

      6) суармалы алқаптың 1 га суаруға су шығынын 2015 жылғы деңгейге қарағанда 20 %-ға төмендету (2015 жылы 9180 м3-ден 7348 м3-ге дейін төмендеу);

      7) 2015 жылғы деңгейге қатысты қосымша жер үсті су ресурстарын 1,9 км3 ұлғайту;

      8) өнеркәсіпте қайта және айналымды сумен жабдықтау жүйелеріндегі су көлемі: қайта 2015 жылы 0,69 км3-тен 0,77 км3-ге дейін; айналымды 2015 жылы 7,3 км3-тен 7,62 км3-ге дейін. Сондықтан қазіргі Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі көп жағдайда білім берудің даму деңгейімен айқындалатыны сөзсіз.

      Қазіргі заманғы ЖОО-ның негізгі миссиясы құрылатын, ғылымды қажет ететін бағыттарда жұмыс істеу үшін мамандардың жаңа буынын даярлаудан көрінеді. Қазақстандық ЖОО дәстүрлі мамандықтар бойынша ғана емес, еліміздің аграрлық нарығында сұранысқа ие жаңа мамандықтарды да ашуда.

      Ғылыми зерттеулерді дамыту университет ұсынатын білім беру қызметтерінің деңгейін жоғарылатуға және нысандарын оңтайландыруға әкеледі.

      Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекет экономикасын инновациялық дамыту міндеттерін шешу үшін білім, ғылым және өндірісті интеграциялау негізінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жүйелі түрде жаңғыртуға зор көңіл бөледі.

      Қазіргі уақытта жоғары білім беруде жаһандық трендтер:

      1) жаһандық демографиядағы өзгерістер;

      2) барлығы үшін білім беруді дамыту;

      3) жоғары білімді интернационалдандырудың ұлттық стратегиясы;

      4) білім беруді қаржыландыру;

      5) ЖОО мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастық;

      6) білім беруді цифрландыру;

      7) кең бейінді дағдыларға сұраныс;

      8) университет бренді мен білім беру қызметтері сапасының арақатынасы;

      9) ағылшын тілі оқыту тілі ретінде;

      10) студенттің оқу тәжірибесіне назар аудару (Британ кеңесі: 10 тренд: жоғары білім берудегі трансформациялық өзгерістер, 2017 ж.).

      Қазақстан 2020 жылға арналған білім беруді дамытудың негізгі трендтерін қосымша анықтады:

      1) интернационалдандыру;

      2) автономияны енгізу;

      3) цифрландыру;

      4) педагогикалық білім арқылы адами капиталды дамыту.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

      Бұл бірқатар заңдарға қатысты болды: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Бюджет кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексі, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Коммерциялық емес ұйымдар туралы", "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы", "Концессиялар туралы", "Білім туралы", "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы", "Ғылым туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Рұқсаттар және хабарламалар туралы", "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" заңдары.

      Бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізілгеннен кейін жаңалары қабылданды: Білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары және т.б. Университет те сапалы білім беруді жүзеге асыру және бәсекеге қабілетті білім беру бағдарламаларын дамыту үшін бірқатар ішкі нормативтік-құқықтық актілерді жаңартты.

      3.2. Зерттеу университеттері – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім
беруді дамытудың әлемдік тренді

      Дамыған елдерде ірі университеттер бизнес орта мен білім беру және ғылыми процестердің интеграторы рөлін атқарады. Мұндай университеттер зерттеу ЖОО мәртебесіне ие.

      Зерттеу университеттері Батыс Еуропаның көптеген елдерінде, АҚШ-та, Ресейде және т.б. бұрыннан бері ойдағыдай жұмыс істеп келеді. Олар өздерін білім, ғылым, өндіріс және бизнес ортаны интеграциялау орталықтары ретінде көрсетті.

      Неміс философы В. Гумбольдттың ойынша, зерттеу университеті – бұл студенттерді оқыту және ғылыми зерттеулер толық академиялық еркіндікті қамтитын университеттік автономияны қамтамасыз ету кезінде үздіксіз бірлікте болатын жоғары оқу орны.

      АҚШ-тың мұндай университеттерді дамытудағы тәжірибесі бай. ХХ ғасырдың ортасына қарай америкалық жетекші университеттер бизнеске, индустрияға және басқарудың қуатты жүйесімен тығыз байланысты мықты білім беру, зерттеу және ғылыми-өндірістік кешендерге айналды.

      1992 жылы АҚШ-та табысы жоқ ұйымдардың қабырғасында (университеттер мен зертханаларда) құрылған жоғары технологиялық өнімдерді нарыққа жылжыту үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауға арналған ғылым мен технологиялар саласындағы шағын бизнесті қолдау бағдарламасы әрекет ете бастады. Оның арқасында табысы жоқ зерттеу ұйымдарымен бірлескен жұмыстар жүргізетін шағын бизнес кәсіпорындары мемлекеттен қаржылай қолдау ала алады.

      Зерттеу университеттерін қалыптастырудың осыған ұқсас тәсілі Ұлыбритания, Дания, Финляндия, Ирландия елдерінде қалыптасты, онда олар ұйымдық қызметке байланысты мәселелерді дербес шеше алады, мемлекет араласпай-ақ коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарды құра алады.

      Азия-Тынық мұхиты өңірінде экономикалық реформалар жүргізілген жылдары жылдам әлеуметтік-экономикалық өзгерістер экономикалық өсу қарқынына зор ықпалын тигізді. Бұл кадрлар даярлауға қойылатын жоғары талаптарды әзірлеу үшін негіз болды және тиісінше жоғары оқу орындарының дербестікке көшу міндетін алға қойды.

      Қазіргі уақытта әлемдік практикада зерттеу университеттерін дамытудың мына басымдықтары қалыптасты:

      1) университеттің полифункциялы болуы немесе заманауи білім трансфертін жасауға да, қамтамасыз етуге де қабілеті;

      2) ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге, ең алдымен іргелі зерттеулерге күшті бағдар;

      3) ғылыми дәрежесі бар мамандарды даярлау жүйесінің болуы, оның ішінде магистранттар мен докторанттар саны жалпы жоғары білім алуға бағытталған студенттер санынан асқан кезде;

      4) ғылымның заманауи бағыттарына, жоғары технологияларды дамытуға және экономикадағы, ғылым мен техникадағы инновациялық секторға бағдарлану;

      5) жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарды қоса алғанда, мамандықтар мен мамандандырудың кең жиынтығы;

      6) конкурстар, соның ішінде халықаралық конкурстар негізінде жұмысқа қабылданған оқытушылардың жоғары кәсіби деңгейі;

      7) әлемнің түрлі елдерінен жетекші мамандарды уақытша жұмысқа шақыру мүмкіндігінің болуы;

      8) ақпараттық ашықтықтың жоғары дәрежесі және ғылым мен білім берудің халықаралық жүйесіне кірігуі;

      9) әлемдік тәжірибеге сезімталдық және ғылыми зерттеулердің жаңа бағыттары мен оқыту әдістемесіне қатысты икемділік;

      10) студенттерді қабылдау кезіндегі байқау және селективті тәсіл;

      11) университет төңірегінде ерекше зияткерлік ортаны қалыптастыру;

      12) университет төңірегінде көбінесе технопарк құрылымдарымен толтырылатын мамандандырылған ғылыми-техникалық және экономикалық кеңістікті қалыптастыру;

      13) осы өңірдің, елдің және жалпы әлемдік ғылыми және білім беру қоғамдастығының ішіндегі көшбасшылыққа ұмтылу.

      Қазіргі заманғы зерттеу университеті – бұл, әрине, зор дербестікке ие ірі экономикалық нысан. Техас университетінің жылдық бюджеті – 3 млрд доллар, Стэндфорд университеті – 1 млрд доллар, Манчестер метрополитен университеті – 1 млрд долларды құрайды. Зерттеу университеттері негізгі интегратор болып табылады және бизнестің тең құқылы серіктестеріне айналды.

      Университеттердің айналасында ғылымның, білімнің және бизнестің интеграцияланған даму нысаны ретінде зерттеу парктері құрылады. Зерттеу паркі үздіксіз инновациялық циклды қамтамасыз етудің ғылыми-өндірістік, оқу және әлеуметтік-мәдени орталығы (зерттеу университеті) айналасында біріктірілген ғылыми-өндірістік аймақ болып табылады.

      Зерттеу паркі тұжырымдамасының мәні зерттеу орталығы мен бизнестің байланысын қамтамасыз ететін, жоғары технологиялы шағын кәсіпорындарды құратын және бастапқы кезеңде қолдайтын ерекше инфрақұрылым құрудан тұрады.

      Парктерде технологиялық трансферт, яғни жобалары ғылыми орталықтарда пайда болған жаңа технологияларды өндіріске беру, ойды өнім шығару кезеңіне дейін жеткізу жүзеге асырылады.

      Парктің өзегі инновациялық бизнес-инкубатор болып табылады, онда ғалымдар өз әзірлемелерін мұқият сараптаудан кейін үй-жайлар мен жабдықтарды жеңілдікпен жалға алу, іскерлік кеңес беру, қаржылық, ақпараттық және ұйымдастырушылық қолдау мүмкіндігін алады. Паркте заңды және экономикалық дербес фирмалар жұмыс істей бастайды.

      Осылайша, зерттеу университеттері екі жүз жылдан астам жұмыс істеп келеді, осы уақыт ішінде олар бүкіл әлемге таралды. Ресейде, мысалы, 24 зерттеу ЖОО жұмыс істейді.

      Ынтымақтастық үшін және ҚазҰАУ дамуының үлгісі ретінде әлемдік жетекші жоғары оқу орындарының референттік тобын таңдау кезінде мына өлшемшарттар қабылданды:

      1) аграрлық мамандарды даярлау бағытының сәйкестігі;

      2) ЖОО-ның географиялық орналасуы (азиялық және еуропалық ЖОО-лар);

      3) халықаралық рейтингтердегі жоғары орындар (1-кесте).

      1-кесте. Университеттердің референттік тобы

Университеттің толық атауы

Қысқартылған атауы

2019 – 2020 жж. рейтингіндегі позициялар

QS

THE

ARWU

Wageningen University (Нидерланды)

WUR

125

59

151-200

University of Pennsylvania (АҚШ)

PENN

15

11

17

University of Eastern Finland (Финляндия)

UEF

498

401-500

301-400

University Putra Malaysia (Малайзия)

UPM

159

601-800

701-800

Konkuk University (Оңтүстік Корея)

KU

571-580

601-800

701-800

      Аталған университеттердің жеке ерекшеліктері:

      WUR – Нидерландтағы "Дұрыс тамақтану және тірі орта" тақырыбына ерекше назар аударатын жалғыз университет болып табылады. ЖОО үкіметпен және бизнес-қауымдастықпен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді.

      Соңғы он жыл бойы Вагенинген университеті Нидерландтағы ең үздік ЖОО болып табылады. Жоғары білім беру ақпарат орталығы жариялаған "Keuzegids Universiteiten – 2015 ж." оқу құралында былай делінген: "бұл университетте білім беру басқа жоғары оқу орындарына қарағанда жоғары". Вагенинген зерттеу университетінің миссиясы табиғи ресурстарды зерттеу және оларды өмір сапасын жақсарту үшін пайдалану болып табылады.

      PENN – экологиялық тұрақтылық ХХІ ғасырдың басты мәселесі болып табылады, онда жоғары білім беру климаттың жаһандық өзгерістерін шешуде жетекші рөл атқара алады. Өзінің Іс-қимыл жоспарында тұжырымдалған зерттеулер, оқыту және тәжірибе арқылы Пенсильвания университетінің қызметі ауыл шаруашылығының орнықты дамуын ілгерілетуге және экологиялық саясатты жүзеге асыруға бағытталған.

      UEF – университеттің 2015 – 2020 жылдарға арналған стратегиясы университет пәнаралық зерттеулер мен білім беру арқылы шешімдер табуға ұмтылатын жаһандық мәселелер төңірегінде құрылады. Ғылыми зерттеулер мен білім беру жауапты және орнықты болашақ құруға арналған құралдар болып табылады.

      UPM ұраны – "Білімге қызмет ету". Университет білімді таратуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға және оны біріктіруге ұмтылады. Нақты уақыт режимінде жұмыс істейтін интерактивті электронды жүйе кез келген мәселе бойынша кураторға жүгінбей-ақ кеңес алуға мүмкіндік береді.

      KU – университет қызметі болашаққа бағытталған қызметкерлерді, кәсіпқой мамандарды және қайырымдылыққа, шынайылыққа, адалдық пен әділдікке негізделген көшбасшыларды ынталандыруға бағытталған. Университеттің пайымы көреген кәсіпқойларды дайындауда және жаңа білім беруде жаһандық стандарттарды орнату болып табылады.

      Референт университеттердің негізгі бәсекелік артықшылықтары:

      PENN – студенттердің оқу бағдарламаларына климаттың өзгеруіне және оның орнықты даму жолына байланысты мәселелерді енгізуге ұмтылады. Қазіргі уақытта институционалдық басымдықтардан туындайтын ғалымдардың көптеген ұсыныстары "жасыл кампустың әріптестігіне" тиесілі. Бұл серіктестік мүшелері студенттерге ерекше көңіл бөле отырып, тиісті зерттеулер мен тағылымдамаларды өткізу үшін бағдарламаларды енгізуді және мүмкіндіктерді кеңейтуді жалғастыруда. Университет 141 ғылыми-зерттеу орталықтарымен және институттарымен зерттеулер жүргізеді. 2015 жылдың мәліметтері бойынша ғылыми қауымдастық 4300-ден астам оқытушыны және 1100-ден астам ғылыми қызметкерді, 5500 оқытушы мен тағылымдамашы-магистранттарды қамтиды. Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру көлемі 851,0 млн АҚШ долларын құрайды. Зерттеу қызметінің ауқымы мен пәнаралық сипаты университетке ұлттық-рейтингтік зерттеу университеті болуға мүмкіндік береді.

      UEF – 3 кампусы бар, 13 салада ғылыми зерттеулер жүргізіледі, 20000 студент, 2800 қызметкері бар. Бұған халықаралық рейтинг бойынша әлемнің 300 көшбасшы университеті кіреді. Шығыс Финляндия университеті халықаралық ынтымақтастық пен интернационалдандыруды өз қызметінің ең ірі бағыттарының бірі деп санайды. Университет халықаралық ғылыми қоғамдастықтың белсенді мүшесі болып табылады, зерттеулер мен білім беруде жоғары стандарттарға қол жеткізуге, шетелдік студенттер мен қызметкерлерді көбірек тартуға ұмтылады, сонымен қатар өз қызметкерлері мен студенттерін интернационалдандыруға жәрдемдеседі.

      UPM – кеңес беру орталықтары мен әлеуметтік іс-шаралардың қуатты инфрақұрылымы студенттер үшін қолайлы білім беру атмосферасын құруға ықпал етеді. Университетте интернационалды орта қолдау алып, мәдениетаралық қарым-қатынастың бірегей тәжірибесі ұсынылады.

      KU – осындай білімдерді қажет ететін өнеркәсіп кәсіпорындарымен жаңа білім және ынтымақтастық жасау жолымен зерттеу университетіне бағдарланған әлемдік санаттағы ЖОО құрылысына баса назар аударады. Университет бүкіл қоғаммен бөлісу үшін өндірістік-академиялық зерттеулер нәтижелерін таратуды жалғастыруда.

      Көрсетілген бәсекелік артықшылықтарға қол жеткізу тетіктерін зерделеу мақсатында референттік жоғары оқу орындарымен жүйелі өзара іс-қимыл бағдарламаны тиімді іске асыруға айтарлықтай ықпал ететін болады.

      Университет дамуының перспективалық параметрлерін анықтау үшін ЖОО-ның бүкіл қызметіне талдау жүргізілді. Университет қызметінің барлық салаларын талдау нәтижелері SWOT-талдауда келтірілген (2,3,4,5-кестелер).

      Интеграция олардың әрқайсысының жұмыс істеу тиімділігін едәуір арттыратын элементтердің өзара іс-қимылының нысаны болып табылады.

      Өзара іс-қимылдың тиімділігі көбінесе экономиканың инновациялық дамуының мүмкіндіктері мен шарттарын, инновациялық технология мен білім экономикасына көшуді айқындайды.

      Қазіргі уақытта өнеркәсіптік тұрғыдан дамыған елдерде ЖІӨ өсімінің 80-95 %-ы технологияларда, жабдықтар мен техникада іске асырылған жаңа білім үлесіне тиеді. Тиісінше ғылыми-техникалық әзірлемелердің, оларды құру және енгізу тетіктерінің маңыздылығы, ғылым мен өндірісті біріктіру мәселелерінің маңыздылығы артады.

      Үштік спираль моделінде университеттер ғылыми білімнің және ғылыми-техникалық әзірлемелердің генераторлары ретінде қарастырылады, инновациялық дамудың басты қозғаушы күші болып саналады.

      2-кесте. Университет қызметін SWOT-талдау

S (strength) – күшті жақтары

W (weakness) – әлсіз жақтары

O (opportunity) –
қолайлы мүмкіндіктер

T (threat) - қауіптер

1. 90 жылдық тарихы және қалыптасқан дәстүрі бар ұлттық аграрлық аккредиттелген ЖОО-ның мәртебесі.
2. Жоғары кадрлық әлеует:19 ҚР ҰҒА академигі, 138 ғылым докторы және 314 ғылым кандидаты, 62 PhD докторы
3. Дамыған ғылыми-инновациялық инфрақұрылым: 7 ғылыми-зерттеу институты, 31 зерттеу зертханасы, 7 заманауи бірегей жабдықтармен жабдықталған
инновациялық орталығы бар.
4. Нақты ғылыми жобалар аясында құрылған 18 халықаралық зерттеу орталығы.
Көлемі 838 га "Агроуниверситет" оқу-тәжірибелік шаруашылығы және зерттеу зертханаларының болуы 0,5 млрд теңге сомасына 70-тен астам ғылыми жобаны орындауға және алынған нәтижелерді өндіріске коммерцияландыруға мүмкіндік береді.
5. Халықаралық жобаларға қатысатын жоғары білікті ОПҚ.
6. ЖОО-ның ҒЗИ және ауыл шаруашылығы құрылымдарымен тығыз ынтымақтастығы (22000-нан астам шаруашылық университет ғалымдарының консалтингтік қызметтерімен қолданылады).
7. Қазақстанның 6 өңірінде пилоттық шаруашылықтар базасында 3-тен 5-ке дейін ОҒӨО құрылды.
8. "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар" және "Ветеринария" бағыттары бойынша РОӘК-ЖБТ.
9. Шетелдік жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтармен бірлескен ғылыми жобаларды әзірлеу және орындау

1. Тәжірибелік егіс жұмыстарын жүргізу, дақылдарды күту, егін жинау және жинаудан кейінгі өңдеу үшін университеттің ОТШ қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы техникасымен жарақтандырудың төмен деңгейі
2. ОПҚ-ның халықаралық жобаларға қатысуының жеткіліксіз деңгейі
3. ҒЗЖ әлеуетті тапсырыс берушілеріне жобаларды таныстыру үшін жобалық құжаттаманы дайындаудың әзірленген бірыңғай әдіснамасының болмауы.
4. Агробизнес төлем қабілеттілігінің төмендігінен ғылыми жобаларға инвестиция салуға дайын емес

1. АӨК-ні дамыту Қазақстан Республикасының экономикалық дамуында басым болып танылды.
2. Жер шарының азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі елдің аграрлық секторына деген назарын арттырады
3. Ғылымды қаржыландырудың елдің ЖІӨ-нен 3 %-ға дейін өсуі.
4. Шетелдік компаниялардың аграрлық экономиканы инвестициялауға қызығушылығы.
5. Агротехнопарк пен ғылыми-инновациялық орталық құруға арналған база ретінде "Агроуниверситет" оқу-өндірістік шаруашылығының болуы.
6. Жоғары деңгейде ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ететін инновациялық орталықтардың болуы.
7. Жұмыс істеп тұрған аграрлық ғылыми-өндірістік консорциум және халықаралық ғылыми-білім беру консорциумы.
8. Жаңа халықаралық білім беру бағдарламаларын ашу.
9. Қос дипломды білім алу мүмкіндігі.
10. Ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мүмкіндігі.
11. МООК іске асыру үшін онлайн оқу платформасын құру.
12. Оқу инновациялық зертханаларын құру.
13. Оқу-ғылыми инфрақұрылымды дамыту (Smart-фермалар, Агротехнопарк, жылыжай)

1. Сыртқы ортаның өзгеруі (әлеуметтік-
экономикалық жағдай, демографиялық жағдай).
2. Материалдық-техникалық, ақпараттық және басқа ресурстардың қымбаттауына әкелетін инфляциялық процестер
3. Білім беру, ғылыми және өндірістік қызметті регламенттейтін нормативтік құжаттардың өзгеруі.
4. ҒЗЖ тапсырыстары үшін АӨК құрылымдарының жеткіліксіз қаржылық мүмкіндіктері.

      3-кесте. Қазақстан Республикасында аграрлық білім беруді дамытудың қазіргі жай-күйін SWOT-талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін толық мемлекеттік қолдау.
2. Академиялық қоғам жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде жүйелі реформалардың маңыздылығын түсінеді.
3. Халықаралық серіктестікке ұмтылу.
4. Жоғары оқу орындарында қос дипломды білім беру бағдарламаларының болуы.
5. Білім беру процесінің мазмұны қоғамның және еңбек нарығының заманауи сұраныстарына сай түзетіледі.

1. Профессор-оқытушылар құрамының қартаюы.
2. Өңірлік даму қажеттіліктеріне сай келмейтін көп бейінді жоғары оқу орындарының артық саны.
3. Білім беру процесі мазмұнының теңгерімсіздігі.
4. Білімнің, ғылым мен өндірістің әлсіз байланысы.
5. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі өзгерістер туралы академиялық қоғамның нашар ақпараттануы.
6. ОПҚ шет тілдерін меңгерудің әлсіз деңгейі.
7. ЖОО-ның МТБ мамандарды даярлау бейініне сәйкес келмеуі

Мүмкіндіктер

Қауіптер

1. Қазақстанда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласында жоғары білікті мамандардың болуы.
2. Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.
3. Халықаралық гранттар мен бағдарламалар бойынша оқыту.
4. Халықаралық білім беру және зерттеу ресурстарына қол жеткізу.
5. ЖОО қызметін сырттай бағалау өлшемшарттарын өзгерту.
6. АӨК инновацияны енгізудің қазақстандық тәжірибесін тұрақты дамыту.

1. Білім берудің жаһандануы салдарынан бәсекелестіктің өсуі.
2. Жоғары білім сапасын қамтамасыз етудегі стейкхолдерлердің пассивтілігі.
3. Қазақстандық студенттер үшін қазақстандық білім берудің тартымсыздығы.
4. Жосықсыз бәсеке.
5. Мемлекеттік қаржыландыруды қысқарту.
6. Кадрлардың басқа салаларға кетуі.
7. Демографиялық дағдарыс.

      4-кесте. Аграрлық ғылым дамуының қазіргі жай-күйін SWOT-талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

1. Іргелі және қолданбалы зерттеулердің болуы.
2. Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалардың болуы.
3. Ғылыми кадрларды даярлауға халықаралық тәсілдерді енгізу.
4. Ғылымның заманауи бағыттарына бағдарлау.
5. Толық мәтінді ғылыми журналдарға және халықаралық деректер базасына қол жеткізу.

1. Ғылымның, білім мен тәжірибенің жеткіліксіз интеграциясы.
2. Құрылымдық бөлімшелердегі ғылыми зерттеулердің тиімсіз менеджменті.
3. ҒЗИ және жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі.
4. Өндірістегі ғылыми әзірлемелер нәтижелерінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі және аз талап етілуі.
5. Жоғары импакт-факторы бар журналдарда мақалалардың жариялануының төмен деңгейі.
6. Еңбекке ақы төлеудің төмендігінен жас ғалымдардың ҒЗЖ-ға уәждемесінің жеткіліксіздігі.
7. Коммерцияландырудың пәрменді тетіктерінің және ғылыми нәтижелер трансфертінің болмауы.

Мүмкіндіктер

Қауіптер

1. Ғылымды дамыту бойынша мақсатты мемлекеттік бағдарламалардың болуы.
2. Халықаралық, республикалық ғылыми гранттарды іске асыру.
3. Ғылыми әзірлемелер мен инновацияларды оқу процесіне және өндіріске енгізу.
4. Ғылыми әзірлемелер трансферті.
5. Ғылым, білім және өндірістің интеграциясын күшейту.
6. Халықаралық, республикалық ғылыми конференциялар, семинарлар, тренингтер ұйымдастыру.
7. Білім алушыларда зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру.

1. Еңбекақының төмендігінен ғылыми кадрлардың кетуі.
2. Аграрлық ғылым мен жаңа технологияларды дамытуға байланысты ақпаратты жылдам жаңарту.
3. Ғылыми зерттеулерге қаржы қаражатының жеткіліксіз бөлінуі.
4. Нашар материалдық-техникалық база.
5. Ғылыми кадрлардың қартаюы.

      5-кесте. Университеттің білім, ғылым және өндіріс интеграциясы дамуының қазіргі жай-күйін SWOT-талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

1. Елдің ҒЗИ және аграрлық жоғары оқу орындарындағы ғылыми қызметкерлердің жоғары әлеуеті.
2. 13 ҒЗИ, 3 ҒӨО, 18 тәжірибелік шаруашылық және экономиканың аграрлық секторында білімді тарату бойынша 22 орталық жұмыс істейді.
3. ҒЗИ мен ЖОО-да орындалатын барлық ғылыми әзірлемелер еліміздің АӨК әлеуетін арттыруға бағытталған.
4. ҚР АӨК-дегі табиғи және адами ресурстардың зор әлеуеті (агроқұрылымдар саны 200,0 мың бірліктен, 217 млн га ауыл шаруашылығы алқаптарынан асады; ауыл шаруашылығында 1,6 млн астам адам жұмыс істейді және 1,6 млн адам өз бетінше жұмыспен қамтылған деп есептеледі).
5. ҒЗИ, АШБ және ЖОО-да тиісті оқу және ғылыми инфрақұрылым бар (ҚазҰАУ-да Агротехнологиялық хаб құрылды).

1. Жоғары оқу орындары мен ҒЗИ бірлескен жұмысының әлсіз тетігі.
ЖОО ғалымдары білім берумен, ал ҒЗИ қызметкерлері ғылыми зерттеулермен айналысуы тиіс деген субъективті көзқарас.
2. Консалтингтік қызметтер көрсетілгені үшін және өндіріске инновациялық технологиялар енгізілгені үшін ауылдық тауар өндірушілердің төлемге қабілетсіздігі.
3. Ғалымдарда алынған ғылыми нәтижелерді өндіріске енгізу бойынша практикалық дағдылардың болмауы.
4. Бұл екі жүйе ғылыми процестерді оңтайлы ұйымдастыру мәселелерінде әрдайым өзара бәсекелеседі.
5. ҒЗИ кадрлық қамтамасыз етілуі (ҒЗИ төмен жалақының салдарынан жас ғалымдар ол жерде жұмыс істегісі келмейді).
6. Материалдық-техникалық базаны және т. б. дамыту үшін қаржы ресурстарының жетіспеушілігі орын алуда.
7. Көптеген ауыл кәсіпкерлерінің аграрлық білімінің болмауы өндіріске ғылыми нәтижелерді енгізу үшін кедергі болып табылады.
8. Ғылымның, білім мен тәжірибенің жеткіліксіз интеграциясы.

Мүмкіндіктер

Қауіптер

1. Экономиканың аграрлық саласында ҒЗТКЖ бірыңғай үйлестіруді жүзеге асыру.
2. Академиялық және басқару автономиясын кеңейту.
3. Әлеуетті жұмыс берушілермен және еңбек нарығымен тиімді өзара іс-қимыл жасау.
4. Аралас салалардан мультипликативті тиімділікке қол жеткізу.
5. Ғылыми зерттеулерді басқарудың тиімділігін арттыру:
- жаңа білім беру бағдарламаларын ашу;
- материалдық-техникалық базаны және қаржылық тұрақтылықты нығайту;
- әлемдік академиялық рейтингтердегі жоғары оқу орындарының позициясын жақсарту.
6. Өндіріске ғылыми нәтижелерді енгізу үшін субсидия түрінде ауыл кәсіпкерлеріне мемлекеттік қолдау көрсету.
Ғылыми нәтижелерді енгізетін, қосымша жұмыс орындарын құратын, жұмысқа жас мамандарды және т. б. тартатын ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін жеңілдікті кредит беру, дотация, салық салу сияқты экономикалық тетіктерді әзірлеу.

1. Өндіріске ғылыми нәтижелерді енгізу үшін ауыл кәсіпкерлерінде қаржы қаражатының болмауы.
2. Ауыл шаруашылығын дамыту ерекшеліктерімен байланысты тәуекел, атап айтқанда топырақ-климаттық жағдайларға тәуелділік.
3. ҒЗИ мен ЖОО-лар өзара бәсекеге түспеуі, елдің АӨК тиімді дамуы үшін үдерістерді шоғырландыруы тиіс.
4. АӨК-тегі өндірістің ұсақ тауарлылығы және ауыл шаруашылығының т.б. мәселелері ҒЗТКЖ нәтижелерін тиімді енгізуге мүмкіндік бермейді.

      Іс жүзінде дамыған елдерде іргелі зерттеулер негізінен университеттер мен ғылыми мекемелерде мемлекеттік қаржыландыру есебінен жүргізіледі.

      Бірақ негізгі инновациялық әзірлемелерді жеке сектор өзінің ғылыми мекемелеріне қаржы салу есебінен жасайды.

      Көп жағдайда бұл бизнестің бәсекелестік артықшылықтарды құру және сақтау үшін "жабық" әзірлемелерді жүргізу қажеттігіне байланысты.

      АҚШ-та жеке сектордың ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге қосқан үлесі шамамен 75 %-ды құрайды, Жапонияда инновацияға жеке инвестициялардың үлесі шамамен 80 %-ды құрайды.

      Қазақстанда іргелі ғылыми зерттеулердің негізгі көлемі университеттерге емес, ҚР БҒМ институттарына тиесілі. Қазақстандағы инновациялық әзірлемелер негізінен мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады.

      Қазақстандағы және өнеркәсіптік тұрғыдан дамыған елдердегі университеттер, бизнес және билік әртүрлі болып келеді, олардың өзара іс-қимылының сипаты да ерекшеленеді. Біздің еліміздің ұлттық ерекшеліктері үштік спираль моделінің әмбебап тәсілдеріне сай келмейді.

      Мұнда негізгі проблема инновациялық әзірлемелерді қаржыландыруға қабілетсіз экономиканың әлсіз нақты секторы болып табылады.

      Елде экономиканың нақты секторын инновациялық негізде дамыта отырып, оған қаржы құятын әлеуетті инвесторлар жоқ.

      Сондықтан "үш тағанды" ықпалдастыру үшін ғылыми әзірлемелерді орындауға және олардың нәтижелерін өндіріске енгізуге мемлекеттік қолдау шараларын қайта қарау қажет.

      4.1. ҚазҰАУ қызметінің жай-күйін, негізгі проблемалары мен олардың
себептерін талдау

      Жаһандық және өңірлік нарықтардағы қазіргі заманғы университет табысының негізгі факторларының бірі оның экожүйесі болып табылады.

      Қазіргі кезде университеттер емес, университеттік экожүйелер бәсекелесуде.

      Білімнің, ғылым мен өндірістің коммуникациясына арналған алаң ҚазҰАУ экожүйесінің негізі болып табылады. Университет кадрларды даярлау және өндіріске ғылыми зерттеулердің нәтижелерін енгізу мәселесінде ғылыммен және бизнес-құрылымдармен тығыз байланысты дамытады (1-сурет).

      1-сурет. Университеттің білім беру экожүйесі

      Университет экожүйесінің ішкі ортасының ресурстық құрамдас бөлігі – зияткерлік, материалдық, адами, қаржылық, инфрақұрылымдық ресурстарды қамтитын инновациялық әлеует.

      Қазақ ұлттық аграрлық университеті еліміздің жетекші аграрлық ЖОО болып табылады. 2001 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Ұлттық университет мәртебесі берілді.

      2010 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен университетке инновацияға бағдарланған жоғары оқу орны мәртебесі берілді.

      ҚазҰАУ 41 бакалавриат, 39 магистратура және 16 PhD докторантура мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Профессор-оқытушылар құрамының дәрежелі болуы 67 % құрайды.

      ҚазҰАУ білім алушыларының контингенті (2018 ж. 01.10. ж.б.) 7988 адамды құрады, оның ішінде магистратурада – 717 адам (9 %), докторантурада – 236 адам (3 %). 2010 – 2011 оқу жылымен салыстырғанда білім алушылардың жалпы контингенті 10 %-ға, оның ішінде магистратура бойынша 70 %-ға, докторантура бойынша 84 %-ға артты (2-сурет).

      2-сурет. Білім алушылардың контингенті

      Мемлекеттік білім гранты негізінде білім алушылар контингенті 67 % құрайды.

      2018 жылдан бастап ЖОО ағылшын тіліндегі топтарда даярлауды жүзеге асырады. Көптілді топтарда студенттердің 30 %-ы оқиды, шет тілінде оқытылатын оқу пәндерінің үлесі – 27 %. Көптілді білім беру сайты жұмыс істейді.

      2018 жылы білім алушыларды қабылдау 2880 адамды құрады, 2010 жылмен салыстырғанда қабылдау 17 %-ға артты, оның ішінде магистратура 81 %-ға, докторантура 86 %-ға артты (3-сурет).

      3-сурет. ҚазҰУ-да білім алушыларды қабылдау

      Университетте біліктілігі жоғары профессор-оқытушылар құрамы (бұдан әрі – ОПҚ) бар. Мамандар даярлауды 766 оқытушы жүргізеді, олардың ішінде 19 ҚР ҰҒА академигі, 138 ғылым докторы мен 314 ғылым кандидаты, 62 PhD докторы бар (4-сурет).

      4-сурет. ОПҚ сандық және сапалық құрамы

      Ғылыми дәрежесі бар ОПҚ үлесі 2010 жылмен салыстырғанда 2018 жылы 52 %-дан 67 %-ға артты.

      Кафедра меңгерушілерінің 57 %-ы 40 жасқа толмаған, ағылшын тілін еркін меңгерген және халықаралық бағдарламалар мен жобаларда жұмыс тәжірибесі бар жас ғалымдар.

      Сонымен қатар, университеттің 140 оқытушысы шет тілін меңгерген, IELTS және TOEFL тиісті сертификаттары бар. ҚР БҒМ "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы бойынша университеттің 150 қызметкері ағылшын тілін оқудан өтуде.

      ОПҚ құрамын жасарту үшін университетте жас ғалымдар қатарынан резерв құрылды. Жыл сайын ОПҚ-ның 30-35 % біліктілігін арттыру және ғылыми тағылымдамадан өтеді. 107 ОПҚ "ЖОО-ның үздік оқытушысы" мемлекеттік грантының иегерлері болып табылады.

      ҚазҰАУ "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" білім беру саласы бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің (бұдан әрі – РОӘК ОӘБ) оқу-әдістемелік бірлестігі болып табылады. ҚазҰАУ жанындағы РОӘК ОӘБ білім беру саласындағы ұлттық біліктілік шеңберіне, салалық біліктілік шеңберіне және кәсіптік стандарттарға сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін дамыту тәсілдерін әзірлеуге, әлемдік білім беру кеңістігінде оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған даму стратегиясын қалыптастыруға қатысу, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын қамтамасыз етудің сыртқы және ішкі жүйесін жетілдіру тәсілдері мен амалдарын әзірлеу, мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде құрылған консультативтік-кеңесші жұмыс органы болып табылады.

      Білім беру сапасын сырттай бағалау ұлттық және халықаралық аккредиттеуден өту жолымен қамтамасыз етіледі. Барлық білім беру бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеуден өтті. 2019 жылы 19 сәуірде университет институционалдық аккредиттеуден өтті.

      2018 жылдан бері QS (World University Rankings) әлемнің үздік университеттері рейтингінде жоғары оқу орны 651-орында, дамушы Еуропа мен Орталық Азия QS рейтингінде 200 жоғары оқу орнының ішінде 96-шы орында, UI GreenMetric рейтингінде 423-ші орынды иеленді.

      Ұлттық рейтинг нәтижесі бойынша университет ғалымдары Хирш индексінің көрсеткіші жоғары Қазақстанның үздік 50 оқытушысының қатарына кіреді.

      Жүргізілген SWOT-талдау нәтижесінде Қазақстанда АӨК дамуын тежейтін проблемалар анықталды.

      Бұл мәселелерді шешуге университеттің барлық қызметі бағытталған: сұранысқа ие мамандарды даярлау, тұтынушылардың сұраныстары бойынша ғылыми жобаларды әзірлеу, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін коммерцияландыру және т. б.

      Қойылған міндеттерді шешу үшін университет 2002 жылы білімді, ғылымды және өндірісті біріктіру процесін бастады.

      2010 жылдан бастап университет жобалық басқарудың халықаралық стандарттарын пайдалана отырып, ғылыми орталықтар мен жоғары оқу орындарының 13 халықаралық сарапшыларымен бірлесіп, қазақстандық алғашқы жоғары оқу орындарының бірі болып ұлттық зерттеу университетіне ауысу процесін бастады.

      2015 жыл университет жаңа ұйымдық-құқықтық нысанға қайта құрылып, БҒМ-нің қарамағынан ҚР АШМ-не берілген бетбұрысты жыл болды. Бұл ЖОО-ға академиялық еркіндік алуға, автономияға көшуге, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін пайдалана отырып, өзін-өзі қаржыландыру қағидаттарын іске асыруға мүмкіндік берді.

      Университет өзінің инновациялық дамуында QS рейтингінде 1-ші жоғары оқу орны болып табылатын Вагенинген (Нидерланды) университетінің тәжірибесіне бағдарланады. Бұл университеттің экожүйесі өте дамыған.

      Вагенинген зерттеу университетінің қалыптасу және даму тәжірибесі университеттің 20 жыл бұрын жоғары оқу орнына қосылған 5 ғылыми-зерттеу институтымен интеграциясы табысты екендігін көрсетеді. Мемлекет тарапынан оны дамытудың барлық мәселелерінде қолдау көрсетіледі.

      Вагенинген университетінде Метрополитен Фуд Кластер желісі құрылды, оған университет, кәсіпорындар, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар кіреді. Олар бүкіл әлем бойынша 20-дан астам агроинновациялық кластерді әзірлеп, іске асырудың арқасында бизнестің қызығушылығын тудырды. Біздің университет осы желіге кірді (5-сурет). Вагенинген университетінде оқытудың ерекшелігі – мамандарды даярлау ғылым арқылы, ғылыми-зерттеу институттарында жүргізіледі.

      5-сурет. Вагиненген MFC желісі

      Әлемдік деңгейдегі зерттеу университетінің тұжырымдамасы әзірленді, онда "Жетістік факторлары" – ғылыми дарындар, қажетті ресурстар және тиімді менеджмент ескерілген.

      Университеттің корпоративтік басқаруын дамыту тиімді және икемді модельді құруға бағытталған: адамдар-процестер-технологиялар.

      Бірінші аспект – адамдар.

      Екінші аспект – қаржылық және бизнес-процестерді дамытуды, ғылым мен өндірісті интеграциялауды, ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыруды көздейтін "процестер".

      "Технологиялар" өлшемінде шешуші нәтижелер ретінде IT-шешімдер мен оқытудың жаңа форматы орын алады.

      2018 жылдан бастап университетте адами ресурстарды дамыту басқармасы (HR) жұмыс істейді. Персонал құзыреттерінің өлшемшарттарын және олардың қызметінің нәтижелілігін бағалау тәсілдері қайта қаралды (KPI). Негізгі мүдделі тараптар: акционерлер, қызметкерлер және т. б. үшін автоматтандырылған жүйе енгізілді.

      Цифрлық трансформация аясында университет корпоративтік басқару жүйесінің екі негізгі бағытын анықтады – басқарудың бірыңғай экожүйесі және қазіргі заманғы оқу процесін құру.

      Жақын арада ЖОО негізгі бизнес-процестерді автоматтандырып, менеджмент тиімділігінің жаңа деңгейіне көшуді жоспарлап отыр.

      Халықаралық стандарттарға сәйкес ОПҚ жаңа, қазіргі заманғы тәсілдерді ескере отырып аттестаттаудан өтті.

      Университеттің цифрлық трансформациясын күшейту нәтижесінде: оқыту бағдарламалары жаңартылып, жаңғыртылады; университет қызметіне бизнес-қоғамдастық тартылады; университетті корпоративтік басқарудың ашық жүйесі құрылады. Университет ғалымдары жалпы сомасы 2,0 млрд теңгеге жобалар бойынша 71 ғылыми-зерттеу және енгізу жұмыстарын орындайды. 2018 жылы ҚР БҒМ және ҚР АШМ түрлі ғылыми конкурстарына қатысуға 256 жоба берілді.

      ҚазҰАУ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
15 ғылыми-зерттеу институтымен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 10 ғылыми-зерттеу институтымен тығыз байланыста.

      22 ғалым ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген. Аты әлемге танымал академиктердің ғылыми мектептері қызмет атқарып, іргелі ғылыми кітапхана, ғылыми технологияларды коммерцияландыру кеңсесі жұмыс істейді.

      2015 жылдан бастап университетте Агротехнологиялық хаб жұмыс істейді, оның құрамына барлық инновациялық ғылыми-зерттеу зертханалары мен орталықтары енген. Оның мақсаты жаңа білімдер мен инновациялық технологияларды іздеу Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніне тарту және трансферттеу болып табылады (6-сурет).

      6-сурет. Агротехнологиялық хаб құрылымы

      Оның құрамына: 6 ғылыми-зерттеу институты, 31 зерттеу зертханасы, 7 инновациялық орталық: Қазақстан-Жапон, Су, Агроинженерлік мәселелер және энергия үнемдеу, Қазақстан-Корей, Тұрақты егіншілік, Тағам өнімінің технологиясы мен сапасы, Қазақстан-Беларусь агроинженерлік, Digital кіреді. Дамыған ғылыми-инновациялық инфрақұрылым университетте зерттеулер жүргізуге және халықаралық деңгейде сұранысқа ие бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.

      Мичиган университетімен Жер және Климаттық хабтарды ашу бойынша жұмыс жүргізілуде. Олар Жібек жолы елдеріне жер және су ресурстарын басқару мәселелерін шешуге арналған алаң бола алады.

      Қазақстандағы жалғыз Фермерлер жоғары мектебі барлық облыстар мен аудандарда құрылған Экстеншн білім беру орталықтары арқылы өндіріске инновациялық технологияларды қолдану және енгізу бойынша консультациялық және консалтингтік қызметтер көрсетеді. Фермерлердің қажеттілігін зерттеу және орын алған проблемаларды шешу үшін ғалымдар жыл бойы кесте бойынша базалық шаруашылықтарға барады.

      Университеттің дамыған ғылыми-білім беру инфрақұрылымы бар. ЖОО Алматы қаласында орналасқан.

      Университетте "Агроуниверситет" оқу-тәжірибе шаруашылығы негізінде Агротехнопарк жұмыс істейді. Ауданы 845 га құрайтын оқу шаруашылығы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы Саймасай және Талғар ауданы Байбұлақ кенттерінде орналасқан.

      ҚазҰАУ жалпы ауданы 63 748,8 ш. метрді құрайтын 12 оқу-зертханалық корпустары бар. Университеттің 10 студенттік жатақханасында 3766 орын бар. Барлығы – 45 объект, жалпы ауданы 116 931,5 ш. метрді құрайды.

      Кірістер мен шығыстарды талдау арқылы университет жалпы алғанда тиімді жұмыс істейтінін көруге болады. 2019 жылы рентабельділік деңгейі 31,5 %-ды құрады, ал 2011 жылы бұл көрсеткіш 1,4 %-ға тең болды. 2019 жылы университет қызметінен алынған барлық пайда университеттің ОПҚ мен қызметкерлерінің жалақысын арттыруға бағытталғанын атап өткен жөн (7-сурет).

      7-сурет. Кірістер мен шығыстар, млн теңге

      2020 жылы ОПҚ орташа жалақысы 200,0 мың теңгені құрайды. 2011 жылмен салыстырғанда жалақы шамамен 2,0 есеге өсті (8-сурет). 2020 жылмен салыстырғанда ОПҚ-ның орташа жалақысын 2024 жылға қарай 1,6 есеге арттыру жоспарлануда.

      8-сурет. ОПҚ орташа жалақысы, мың теңге

      Университет экожүйесінің сыртқы ортасы екі деңгейді қамтиды.

      Бірінші деңгей – ҒЗИ, колледждер, республиканың басқа ЖОО-мен интеграция.

      Екінші деңгей – агроқұрылымдармен, АӨК кәсіпорындарымен және қаржы институттарымен өзара іс-қимыл.

      ҚазҰАУ Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында орналасқан ғылыми-зерттеу институттарымен және ғылыми орталықтармен тығыз ынтымақтастықты дамытады. ЖОО мен ҒЗИ ғалымдары АӨК және ауылдық аумақтарды дамыту саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізеді, бірлескен инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлейді, алынған ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізеді.

      Барлық ғылыми жобаларға дайындық бағыттары бойынша магистранттар мен докторанттар қатысады. Жобалар нақты шаруашылықтар, ҚР АӨК кәсіпорындары базасында орындалады.

      Студенттер 2-ші курстан бастап университет кафедраларының филиалдары орналасқан ҒЗИ базасында тәжірибеден өтеді және дипломдық жұмыстарды орындайды. ҒЗИ жетекші қызметкерлері дәріс оқиды, студенттерге, магистранттарға, докторанттарға сабақ өткізеді.

      Бұл жоғары білікті жас ғалым-кадрларды даярлау сапасын арттыруға, сабақтастықты сақтау мақсатында тәлімгерлік институттарын нығайтуға, өндіріспен және бизнес-құрылымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыруға ықпал етеді. Сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарымен неғұрлым тиімді өзара іс-қимыл жасауға, алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибе дағдыларын Қазақстан жағдайларына трансферттеу және бейімдеу мақсатында жетекші шетелдік ғылыми-зерттеу институттарымен және университеттермен тығыз ынтымақтастықты жолға қоюға және т.б. мүмкіндік береді.

      ҚР АШМ "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КеАҚ Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 2 шілдедегі шешімімен "Қазақ ұлттық аграрлық университеті" КеАҚ сенімгерлік басқаруына "Қазақ жеміс-көкөніс ҒЗИ" берілді.

      Бір жыл ішінде қайта ұйымдастыру жүргізілді, ұйымдық құрылым оңтайландырылды, институттың даму стратегиясы әзірленді. Павлодар қаласында картоп өндіру орталығы ашылды, онда ауыл кәсіпкерлері үшін тұрақты түрде оқыту семинарлары өткізіледі. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді сапалы көшет материалымен қамтамасыз ету бойынша шаралар кешені әзірленді, жеміс-жидек дақылдарының көшеттік материалын өндірушілердің қауымдастығы құрылды. Жидекті дақылдар қауымдастығымен бірлесіп, фермерлерді оқыту бағдарламасы әзірленді.

      Шығармашылық қабілеттерін дамыту және зерттеу қызметінің дағдыларын қалыптастыру арқылы тұлғаның білімін арттыру және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін университетте Кіші академия жұмыс істейді. Академия: мектеп (лицей) – колледж – университет желісі бойынша аграрлық үздіксіз білім берудің үздіксіз (тұтас) жүйесін енгізіп, сол арқылы "өмір бойы білім беру" қағидатын іске асыруды қамтамасыз етеді (9-сурет).

      9-сурет. Кіші академияның құрылымы

      Университеттің колледждермен тығыз қызметі ғылыми-білім беру процесін өндіріске барынша жақындатуға, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ауыл шаруашылығына енгізуге және сол арқылы білім беру, ғылым және агробизнес-ортаны интеграциялау процесін күшейтуге мүмкіндік береді.

      Университетке еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында орналасқан жетекші аграрлық колледждерді сенімді басқаруға беру жоспарланып отыр.

      Университетке Есік мемлекеттік дендрологиялық паркін беру жоспарлануда, оның негізінде Сиверс алмасының ұлттық орталығы, Агротуризм орталығы құрылады.

      Университеттің Еуропа, АҚШ және Азия-Тынық мұхиты өңірінің жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтарымен 137 келісімі бар. Жасалған шарттар аясында академиялық ұтқырлық, ғылыми тәжірибелер дамуда.

      2019 жылы АӨК ғылыми ұйымдары мен ұйымдарында барлығы 414 магистрант пен докторант ғылыми тағылымдамадан өтті. 2011 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 76 %-ға артты.

      Шығыс ұтқырлық бойынша орта есеппен жылына 30-45 білім алушы шет елдерге шықты.

      ЖОО-ның тартымдылығы артты. Егер 2011 жылы университетте шетелдік ЖОО-дан 1 студент білім алса, 2019 жылы – 366 студент білім алуда (10-сурет).

      10-сурет. Академиялық ұтқырлық

      Университет Еуропа, Америка және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің жоғары оқу орындарымен қос диплом бағдарламасын әзірледі. Олар – Шығыс Финляндия университеті, Брест мемлекеттік техникалық университеті (Беларусь), Варшава жаратылыстану ғылымдары университеті (Польша), Мәскеу мемлекеттік тамақ өндірісі университеті (Ресей), Сулейман Демирел университеті (Түркия), Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университеті (Янлин, ҚХР), Чех жаратылыстану ғылымдары университеті, Паханг университеті (Малайзия), Әулие Иштван университеті (Венгрия), Нитра қ. Словак аграрлық университеті (11-сурет).

      11-сурет. Қос диплом бағдарламасы

      2011 жылы құрылған "АгроДаму" аграрлық ғылыми-өндірістік консорциумы 90-нан астам басқару, ғылым және бизнес құрылымдарын үйлестіреді. Университеттің бизнес-құрылымдармен тұрақты байланыстары жолға қойылған, өндірістік жағдайда инновациялық жобаларды орындауға келісімшарттар жасалған.

      Университет ғалымдарының қызметін 22000-нан астам ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер пайдаланады. Қазақстанның бес оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірінде университет 3-тен 5-ке дейін оқу-ғылыми-өндірістік орталықтарын (ОҒӨО) құрды, онда ауыл кәсіпкерлері біліктілігін арттыра алады, ал студенттер осы шаруашылықтарда практиканың барлық түрлерінен өтеді. ЖОО-дағы практика мерзімі 8 айға дейін ұзартылды. Жүргізілген мақсатты жұмыстың нәтижесінде түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі 84 %-ға жетті.

      2013 жылы "Байсерке-Агро" ЖШС базасында құрылған оқу ғылыми-өндірістік орталығы білім, ғылым және өндіріс интеграциясының заманауи үлгісіне айналып, салыстырмалы қысқа уақыт ішінде оң нәтиже берді. "Орман питомнигі" РМК базасында отырғызу материалдарын өсіру бойынша, мал шаруашылығы кешенін, өсімдік шаруашылығын дамыту бойынша "Әміран" ЖШС базасында жаңа орталықтар құрылды.

      Университет қаржы институттарымен: Азия, Дүниежүзілік даму банктерімен және т.б. тығыз байланыста. АДБ бірлесе отырып, Университетте Су хабы ашылған.

      ҚазҰАУ инновациялық әлеуеті АӨК кәсіпорындарымен табысты ынтымақтастықтың, сондай-ақ ғылыми жобалар мен бағдарламаларға тиімді қатысудың негізі болып табылады.

      2019 жылы университетте 51 ғылыми жоба орындалды, оның ішінде ҚР БҒМ гранттары – 17, ҚР БҒМ БМҚ – 1, ҚР АШМ БМҚ – 1, АШМ бірлесіп орындаушысы – 7, 019 бюджеттік бағдарламасы – 5, шаруашылық субъектілерімен шаруашылық келісімшарт – 2.

      Ғылыми жобаларды қаржыландыру көлемі соңғы 8 жылда 3,3 есеге артты. 2018 жылы бюджеттен тыс қаржы 415,0 млн теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 148 есеге артты. Осылайша, ғылыми жобаларды қаржыландыру құрылымында 57,7 %-ы бюджеттен тыс қаржыландыруға тиесілі (12-сурет).

      12-сурет. Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру, млн теңге

      Бұл ғалымдардың агроқұрылым субъектілерімен бірлесіп, ғылыми жобаларды көбірек орындай бастағанын, алынған ғылыми нәтижелерді өндіріске неғұрлым көбірек енгізгенін көрсетеді.

      Ғылыми зерттеулерді орташа қаржыландыру 1 ОПҚ-ға 1,0 млн теңгеден асады.

      13-сурет. Мемлекеттік бюджеттен ғылыми зерттеулерді қаржыландыру, млн теңге

      Мемлекеттік бюджеттен ғылыми жобаларды қаржыландыру көлемі 2018 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 41,2 %-ға артты, бұл ретте 300,0 млн теңгеден астам қаражатты құрады (13-сурет). 2018 жылы оның көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 28,2 %-ға артты. Ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың жалпы көлемінен 45 % ҚР БҒМ гранттарына келеді.

      14-сурет. Бюджеттен тыс қаражаттан ғылыми зерттеулерді қаржыландыру,

      млн теңге

      Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру көлемінен бюджеттен тыс қаражаттан коммерцияландыруға 72,2 %, ғылыми жобалардың нәтижелерін енгізуге 12,9 % келеді (14-сурет). Ғылыми жобаларға жас мамандар көп қатыса бастады.

      2018 жылы ЖОО-да жұмыс істейтін 64 PhD докторы байқауға 40-тан астам ғылыми жоба тапсырды.

      2016 жылдан бастап университет ғалымдары стартаптар жасай бастады.
2018 жылы стартаптарды қаржыландыру көлемі 300,0 млн теңгеге жетті, ҒЗЖ нәтижелерін енгізу 53,8 млн теңгені құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 3,6 есеге артты.

      15-сурет. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін енгізу, млн тг

      16-сурет. Ғалымдардың ғылыми жарияланымдары

      Ғалымдар ғылыми жобалардың нәтижелерін әртүрлі мерзімді басылымдарда, оның ішінде жоғары импакт-факторы бар журналдарда жариялай бастады.
2019 жылы жарияланған мақалалардың жалпы саны 2011 жылмен салыстырғанда 51,8 %-ға артты (16-сурет). Thomson Reuters және Scopus (Elsevier) компаниясының деректер қорына кіретін шетелдік журналдарда жарияланған университеттің ОПҚ мақалалар саны осы кезеңде 220 есе артты.

      2019 жылы ғылыми зерттеулердің қорытындысы бойынша ғалымдар 700-ден астам мақала жариялады және Университет ТМД-ның аграрлық жоғары оқу орындары арасында Web of Science жарияланымдық белсенділігі бойынша Ғылым көшбасшысы атанды.

      Төрт жетекші ғалым әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына және университеттің үш жас ғалымы мемлекеттік ғылыми стипендияға ие болды.

      Іргелі, қолданбалы және іздестіру ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу былайша жүзеге асырылады:

      1) Агротехнологиялық хаб – Халықаралық аграрлық зерттеулер институты;

      2) факультеттердегі 6 ғылыми-зерттеу институты;

      3) кафедралар мен орталықтар жанындағы 31 зерттеу зертханасы;

      4) азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі орталық;

      5) инновациялық жылыжай;

      6) "Агроуниверситет" оқу-тәжірибе шаруашылығы;

      7) "Байсерке-Агро" оқу-ғылыми-өндірістік орталығы.

      Университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ғылым басқармасы үйлестіреді, оның құрамында:

      1) ҒЗЖ жоспарлау және үйлестіру;

      2) жобаларды, ғылыми-техникалық ақпаратты сараптау;

      3) ғылыми кадрларды аттестаттау және ҒЗЖ нәтижелерін коммерцияландыру кеңсесі, сондай-ақ 6 ғылыми-зерттеу институты бар.

      Сонымен қатар ҒЗТКЖ ғылыми инфрақұрылымын одан әрі дамыту, үйлестіру және жетілдіру мақсатында Университетте мыналар құрылған:

      1) Қазақстан-Жапон инновациялық орталығы;

      2) Су инновациялық орталығы (Су хабы);

      3) Тамақ өнімдерінің технологиясы мен сапасының ғылыми-білім беру инновациялық орталығы;

      4) Тұрақты егіншілік орталығы;

      5) Инновациялық жылыжай;

      6) Қазақстан-Корей инновациялық орталығы;

      7) Қазақстан-Беларусь инновациялық агроинженерлік орталығы;

      8) Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі орталығы;

      9) З.Ж. Тамшыбаева атындағы инновациялық-консалтингтік орталық;

      10) Н.Ә. Назарбаев Білім және ғылым орталығы.

      Болашақта факультеттер жанынан 6 атаулы инновациялық ғылыми зертхана құрылады, олардың жетекшілері Қазақстан Республикасы ҰҒА академиктері болып табылады.

      Өсімдіктерді микроклонды көбейту зертханасы, Сүт өнімдерінің референтті зертханасы және Ахуалдық орталық қайта қалыптасуда.

      Дамыған ғылыми-инновациялық инфрақұрылым университетте зерттеулер жүргізуге және халықаралық деңгейде сұранысқа ие бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауға мүмкіндік береді.

      Қазақстан Республикасының АӨК дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында ауыл шаруашылығы мамандықтарына гранттардың едәуір санының бөлінуіне қарамастан, ауыл шаруашылығы саласы жоғары білімі бар кадрлардың айтарлықтай тапшылығына тап болғаны атап өтілді.

      Кадрлардың жетіспеушілігі, негізінен, агрономдар, ветеринар дәрігерлер, зооинженерлер, ауыл шаруашылығы өндірісінің инженер-механиктері, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі инженер-технологтар сияқты мамандықтар бойынша сезіледі.

      ЖАО деректері бойынша АӨК субъектілерінің 80 %-ы мамандарға деген қажеттілікті бастан кешуде. 13 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер басшыларының тек 12 %-ының ғана аграрлық бейіндегі жоғары және орта кәсіптік білімі бар.

      Нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің деңгейі төмен. Орта есеппен ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған бір адам 1,0 млн теңгеден артық өндіреді.

      Ауыл шаруашылығының тиімділігі жоғары болуы және қосылған құны жоғары дайын өніммен экспортқа шығу үшін "күшті кооперативтер" құру қажет. Кооперативтер түрінде ірі тауар шаруашылықтарын құру ірі өнеркәсіп кәсіпорындарында қолданылатындай, жоғары еңбекақы төленетін мамандардың мақсатты даярлығын арттыруға мүмкіндік берер еді.

      Республикада тәуелсіздік жылдарында "Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы" (1999 ж.), "Ауыл шаруашылығы серіктестіктері және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы" (2000 ж.), "Тұтыну кооперативі туралы" (2001 ж.), "Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативі туралы" (2003 ж.), "Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы" (2015 ж.) сияқты кооперация туралы бірқатар заңдар қабылданды.

      Кооперация өндірілген өнімді делдалдарсыз техникалық және технологиялық қайта жарақтандыру, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау және өткізу, сервистік қызмет көрсету жөніндегі міндеттерді шешуде шағын тауар өндірушілердің күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік беретіні жалпыға мәлім, бұл бәсекеге қабілеттілікті арттырудың негізі болып табылады.

      2019 жылдың 1 қаңтарына ҚР АШМ мәліметтері бойынша 2858 кооператив құрылды, олардың жалпы санының 41,2 %-ын 1179 мал шаруашылығы бағытындағы кооперативтер құрайды. Кооперативтерде 8513 адам жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы кооперативтері көрсеткен қызметтердің көлемі 2018 жылы 2,9 мың АҚШ долларын немесе ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің барлық құнының 0,8 %-ын құрады.

      Осылайша, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыруға мүмкіндік берді деп айтуға әлі ерте.

      Ауылда қалыптасқан жағдайдың басты себебі – кооперация бойынша нарықтық тетіктерді білетін кадрлардың болмауы. Бұл жұмысты тиімді жолға қоюға тиіс экономистер, бухгалтерлер, заңгерлер ауылда жоқтың қасы.

      Ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша ЖОО түлектерінің тек 55 %-ы ғана жұмысқа орналасады, оның ішінде ауылдық квота бойынша оқитындар – 43 %.

      Ауыл проблемаларын шешуге ауыл жастарын тартудың нақты мүмкіндігі моральдық және материалдық қолдау жолымен олардың білімі мен қоғамдағы әлеуметтік жағдайының деңгейін арттыру болып табылады.

      Елдің ауылдық жерлерінде 7,7 млн астам адам немесе халықтың 43 %-ы тұрады, оның ішінде 58 % немесе 4,5 млн адам экономикалық белсенді болып табылады. Оның ішінде 1,6 млн адам немесе 35 % – тұрақты жалақысы жоқ өзін-өзі жұмыспен қамтығандар есебінде. Халықтың бұл тобы өз балаларын жоғары оқу орындарында ақылы-шарттық негізде оқыта алмайды, ал мемлекеттік білім грантына өту балының жоғары болуына байланысты оқуға түсе алмайды.

      Бұл туралы Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлердің ҰБТ нәтижелерін талдау куәландырады. 2019 жылы ҰБТ-ны 98698 адам тапсырды, оның 45945-і ауылдық жерлерден, яғни 46,5%-ды құрайды. 45945 адамның 30834-і немесе 67,1%-ы конкурсқа түсті.

      Өз кезегінде конкурсқа қатысушылардың ішінен 19780 адам конкурс бойынша өтті, бұл 64,1% құрайды, яғни 35,9% конкурс бойынша өткен жоқ. Осылайша, 2019 жылы 26,0 мыңнан астам адам немесе 57% ауыл балалары өту балын ала алмады немесе конкурс бойынша өтпеді деген қорытынды шығады.

      2018 – 2019 оқу жылында жоғары білімді мамандарды даярлауға 53594 грант бөлінді. Магистрлерді даярлауға – 12504 грант, PhD докторларын даярлауға – 2240 грант бөлінді.

      2018 – 2019 оқу жылында ауыл шаруашылығы және ветеринария мамандықтарына мемлекеттік тапсырыс бойынша бакалавриатқа 2297 орын бөлінді, бұл республика бойынша гранттардың барлық санының 4,3 % құрайды.

      2019 жылы осы мемлекеттік тапсырыстың 37,4 % немесе 861 орынды Қазақ ұлттық аграрлық университеті игерді.

      Құрылымдық тұрғыдан алғанда ауыл шаруашылығы мамандықтары мен ветеринарияға мемлекеттік тапсырыстың үлесі республика бойынша жыл сайын қысқарып бара жатқанын айта кету керек.

      Мысалы, мемлекеттік тапсырыс құрылымында 2016 – 2017 оқу жылында осы мамандықтар үлесіне 7,1 %-дан, 2017–2018 оқу жылында - 5,7 %-дан, ал 2018 – 2019 оқу жылында 4,3 %-дан келді. Егер республикада 200,0 мыңнан астам агроқұрылым жұмыс істейтінін ескерсе, мұндай үрдіспен оларды жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін (жылына бір шаруашылыққа 1 маман) 100 жыл қажет болады.

      Республикада үш бейінді ЖОО қатар 14 аграрлық мамандық бойынша кадрлар даярлау 22 ЖОО-да (оның ішінде 7 – жеке меншік) және 59 колледжде жүргізіледі.

      Қазақстанның тек үш жетекші ЖОО-да аграрлық мамандықтар бойынша 7,5 мыңға жуық білім алушы оқиды. Оның 70 % ҚазҰАУ-да оқиды.

      Экономиканың аграрлық саласында кадрлардың талап етілмеуінің негізгі себептерінің бірі – жоғары білімді мамандарға лайықты жалақы бере алмайтын өндірістің ұсақ тауарлығы. Ұсақ шаруашылықтар жоғары білімі бар мамандарға лайықты жалақы бере алмайды.

      Ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған қызметкерлердің орташа жалақысы 2019 жылы 93,7 мың теңгені құрады, бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен 42,4 %-ға төмен деп есептеледі, мұның өзі ауылдық жерлерде тұратын халықтың табыс деңгейінің төмен екенін куәландырады.

      Жоғарыда айтылғандай, осы салада жұмыс істейтін бір қызметкерге орта есеппен 1,1 млн теңгеге өнім өндіріледі. Демек, ауылдық жерлерден шыққан студенттер үшін мемлекеттік тапсырыс құнының артуы 6569 ауыл мен 2267 ауылдық округтерде жұмыспен қамтылмаған жастар санының артуына алып келеді. Мысалы, 2019 жылы университетте ақылы-келісім шарт негізінде күндізгі бөлімге 393 адам, мақсатты даярлық бойынша 229 адам және сырттай оқу бөліміне 479 адам түсті.

      Шағын ауыл шаруашылығы құрылымдары өздері өндіретін өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, инновацияларды енгізу, халықтың денсаулығы үшін қауіпсіз тамақ өнімдерін жеткізу мәселелерін өз бетінше шеше алмайды және жоғары білікті мамандардың қызметтерін алу мүмкіндігінен айрылған.

      Олардың көпшілігі жас мамандарды қалыпты әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлармен, әлеуметтік пакетпен, лайықты еңбекақымен қамтамасыз ете алмайды. Осыдан жастардың ауылдық жерлерде жұмыс істеуге деген ынтасының болмауы орын алып отыр.

      Республикада "Дипломмен ауылға" мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаға 2018 жылға дейін аграрлық мамандықтардан тек "Ветеринария" мамандығы енгізілген еді.

      2018 жылы аталған бағдарлама аясында бекітілген мемлекеттік қолдауға үміткер мамандар тізімі кеңейту туралы шешім қабылданды. Енді агрономдар, балық өсірушілер, зоотехниктер мен фермерлер көтерме қаржыға және пайызы аз кредитке үміттене алады.

      Ауылдық жерлерде кооперация мен интеграция процесін жеделдету қажет, өйткені бұл шаруашылықтарға инновациялық технологияларды енгізуге, өнім бірлігіне шаққанда өндіріс шығындарын азайтуға және олардың сапасын арттыруға, сондай-ақ өнім ассортиментін кеңейтуге (өндірісті әртараптандыру) мүмкіндік береді. Бұл барлық аграрлық мамандықтар бойынша жоғары білікті мамандарға сұранысты арттыруға мүмкіндік береді.

      Мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырысты бөлу принципін қайта қарау қажет деп санаймыз. Облыс әкімдіктерінің өтінімдері бойынша ауыл шаруашылығы мамандықтары мен ветеринарияға, өндіріс орындарында сұранысқа ие мамандықтарға мақсатты гранттар бөліп, оқуды аяқтағаннан кейін 5 жылға дейін еңбекпен өтеу – оңтайлы шешім болар еді.

      Білікті кадрлар жоқ бейінді емес ЖОО-ларға гранттар көп кетеді. Нәтижесінде олардың даярлық деңгейі төмен болады. Денсаулық сақтау министрлігі мен Мәдениет және спорт министрлігі тәжірибеде іске асыратындай, ауыл шаруашылығы мамандықтарына арналған гранттарды білім беру-ғылыми инфрақұрылымы құрылған мамандандырылған аграрлық ЖОО (ҚазҰАУ, ҚАТУ, БҚТУ) бөлу ұсынылады.

      Тағы бір мүмкіндік бар. 2019 жылы ИИДМБ аясында мамандарды даярлау аяқталады, осы секілді бағдарламаны агрономия, ветеринария, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, агроинженерия сияқты негізгі аграрлық мамандықтар бойынша тағы қабылдау ұсынылады.

      Қазақстандық аграрлық жоғары оқу орындары үшін түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша Беларусь әріптестерінің тәжірибесі оң болып табылады.

      2018 жылы үкіметаралық комиссия құрамында университет ғалымдары Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары, ҒЗИ арасындағы ғылыми-білім беру консорциумы қызметін үйлестіру жөніндегі жұмыс комиссиясының VI отырысының жұмысына қатысты.

      Консорциум шеңберінде ҚазҰАУ қызметкерлері Беларусьтің мынадай жетекші аграрлық университеттеріне: Беларусь мемлекеттік ауыл шаруашылық академиясы, Беларусь мемлекеттік аграрлық техникалық университет, сондай-ақ, ірі тауарлы шаруашылықтар, өңдеуші кәсіпорындар, ауыл шаруашылығы машиналары мен құрал-жабдықтарын шығарушы және жинақтаушы зауыттарға және т.б. барды.

      ҚазҰАУ делегациясы ЖОО оқытушыларымен кездесіп, проблемалық дәрістер оқыды. Беларусь әріптестерімен елдеріміздегі АӨК дамытудың өзекті мәселелері, сондай-ақ мамандарды даярлау және жұмысқа орналастыру бойынша пайдалы пікір алмасу өтті.

      Мысалы, Беларусь мемлекеттік ауыл шаруашылығы академиясында мақсатты дайындық бойынша оқыған түлектер өндірісте – 5 жыл, ал мемлекеттік тапсырыс бойынша – 2 жыл еңбекпен өтейді. Енді Қазақстанда да еңбекпен өтеу заңды түрде бекітілген.

      Белоруссияда жоғары оқу орындарын бітіргеннен кейін түлектер университетте оқу кезінде практиканың барлық түрлерінен өткен шаруашылықтарға жұмысқа жіберіледі. Өз кезегінде, шаруашылықтар жас мамандар үшін тиісті әлеуметтік жағдайлар жасайды: тұрғын үймен қамтамасыз етеді, мамандардың балаларын балабақшаға, мектепке және т.б. орналастырады. Министрлікте өз тарапынан өндірісте жас мамандар үшін агроқұрылымдармен әлеуметтік жағдай жасау бойынша тұрақты мониторинг жүргізеді.

      ҚР АӨК үшін мамандарды даярлау мәселесін шешудің тағы бір жолы – ҰБТ-ның республика бойынша орташа балмен салыстырғанда аграрлық мамандықтарға түсушілердің орташа балын төмендету.

      Ағымдағы жылы студенттерді қабылдау арқылы ауыл шаруашылығы мамандықтары мен ветеринария бойынша гранттарды бөлу іс жүзінде өзгермегені белгілі болғанын атап өткен жөн.

      Жоғарыда аталған проблемаларды шешу экономиканың аграрлық саласы үшін жоғары білікті мамандарды даярлау санын ұлғайтуға, ҚР АӨК еңбек өнімділігін 2,0-2,5 есеге арттыруға және бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруды ұлғайтуға мүмкіндік береді.

      Өз кезегінде, университет АӨК үшін кадрлар даярлау сапасын жақсарту бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда. Ол үшін университеттің білім беру процесіне түбегейлі өзгерістер жүргізілді және барлық мамандықтарға агробизнесті ұйымдастыру, кәсіпкерлік қызметті басқару, жобаларды басқару, биоэкономика, биоинформатика, "Ауылшаруашылық және биоресурстар" және "Ветеринария" мамандықтары бойынша – молекулалық биология негіздері және т. б. пәндер енгізілді.

      Агрохаб жанында агробизнесті стратегиялық зерттеу орталығы құрылды, онда студенттер екінші курстан бастап агроқұрылымдардың нақты деректерімен бизнес-жоспарлар жасауды үйренеді.

      1) персоналды басқару тиімділігін арттыру үшін HR және KPI жүйелері енгізілген;

      2) шақырылған шетелдік ғалымдар, ҒЗИ ғалымдары және өндіріс өкілдері кафедра штатының 20% құрайды;

      3) 7 университетпен қос диплом бағдарламасы жүзеге асырылуда;

      4) ЖОО ауыл шаруашылығы ғылымдары, ветеринария және қызметтер көрсету бойынша республикалық оқу-әдістемелік кеңес болып табылады;

      5) ҚР АӨК цифрландыру бойынша ахуалдық орталық құрылды;

      6) білім алушыларды практикалық даярлау мерзімі 8 айға дейін ұзартылды;

      7) Магистранттар мен докторанттарды даярлау, негізінен ҚР АШМ ҒЗИ ғалымдарымен бірге жүргізіледі;

      Ауыл кәсіпкерлерінің біліктілігін арттыру үшін университетте мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту департаменті жұмыс істейді. Департамент құрамына фермерлердің жоғары мектебі кіреді, оның қызметі ауылдық тауар өндірушілерге тәжірибелік көмек көрсетуге бағытталған.

      Университет ғалымдары үнемі өңірлерге шығып тұрады, ауыл шаруашылығы кәсіпкерлерімен оларға тәжірибелік көмек көрсету мәселелері бойынша кездесіп, аграрлық сектордың барлық мәселелері бойынша, атап айтқанда, цифрландыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

      Қазақстанның барлық өңірлерінде қолда бар ірі агроқұрылымдар, қайта өңдеу кәсіпорындары, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары базасында әрбір пилоттық ауданда ел экономикасының аграрлық секторы үшін мамандар даярлаудың барлық бағыттары бойынша 5-тен 10-ға дейінгі оқу-ғылыми-өндірістік орталықтар құрылды.

      Мұнда ауыл кәсіпкерлеріне консалтингтік қызмет көрсету, білімді Экстеншн арқылы тарату және беру үшін ақпараттық-консультациялық қызмет орталықтары құрылды.

      5. Бағдарламаның пайымы

      Бағдарламаның мақсаты ҚазҰАУ базасында "Назарбаев Университеті" ДБҰ үлгісінде әлемдік деңгейдегі ұлттық зерттеу университетін құру болып табылады.

      Өзіміздің инновациялық дамуымызда аграрлық мамандықтар бойынша QS әлемдік рейтингінде № 1 жоғары оқу орны болып табылатын Вагенинген (Нидерланды) зерттеу университетінің тәжірибесіне бағдарланамыз.

      ҚазҰАУ базасында "Өсімдіктер туралы ғылым" және "Тағам технологиясы" екі білім беру бағдарламасы бойынша Вагенинген институтын құру туралы бірлескен шешім қабылданды. Әр бағдарламаға елден шықпай-ақ, ағылшын тілінде сапалы білім алатын 50 студентті қабылдауды іске асыру жоспарлануда. Мұндай бірлескен оқыту жыл сайын халықаралық стандарттарға сәйкес келетін және еңбек нарығында сұранысқа ие 100 маман даярлауға және жинақталған тәжірибені еліміздің басқа жоғары оқу орындарына таратуға мүмкіндік береді.

      Алдын ала есептеулер студенттер даярлаудың құны әлемнің жетекші ЖОО-ға қарағанда 3,5 есе арзан болатынын көрсетеді. Шығыс Финляндия университетімен де осындай жұмыстар жүргізілуде, ал Огайо штатының университетімен (АҚШ) бірге оның филиалын ҚазҰАУ базасында ашу жоспарланған.

      Әлемдік деңгейдегі зерттеу университетінің бағдарламасында "Жетістік факторлары" – ғылыми таланттар, қажетті ресурстар мен тиімді менеджмент ескерілген. Біз оқу процесі ғылыми зерттеулерге негізделген зерттеу типіндегі ЖОО моделін таңдадық.

      Жоғары оқу орнының трансформациясы үш аспект: адамдар, процестер мен технологиялар бойынша жүргізіледі.

      Бірінші аспект – адамдар. Ғылыми жобаларды орындайтын оқытушы-зерттеуші және агроқұрылымдарға консалтингтік қызмет көрсететін оқытушы-кеңесші лауазымы енгізілді. Шет елдерден келген ғалымдар, ҒЗИ және өндіріс өкілдері университеттің ОПҚ штатының 20%-ын, кафедра меңгерушілерінің 57%-ын жас PhD докторлары құрайды. Жобалар портфелі қалыптастырылды: таланттарды басқаруды енгізу, көшбасшылықты бағалау және дамыту, лауазымдарды объективті грейдерлеу, ашық конкурстық іріктеу, мақсаттар бойынша бағалау және KPI, адам ресурстарын басқару жүйесін автоматтандыру.

      Екінші аспект – қаржылық және бизнес-процестерді дамытуды, ғылым мен өндірісті ықпалдастыруды, ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыруды көздейтін "процестер".

      Үшінші аспект – "технологиялар" өлшемінде IT-шешімдер мен оқытудың жаңа форматы шешуші нәтижелер болады. Университетті трансформациялауға келетін болсақ, цифрлық технологиялар дәуірі барлық оқу орындарын басқарудың ішкі корпоративтік модельдерін, сондай-ақ оқу процесінің құралдарын қайта қарауға итермелейді. Университет корпоративтік басқару жүйесін цифрлық трансформациялау аясында екі негізгі бағытты анықтады.

      Біріншісі, басқарудың бірыңғай экожүйесін құру: мемлекеттік және жергілікті атқарушы басқару органдарымен, жоғары оқу орындары мен колледждермен ашық және үздіксіз өзара іс-қимылды (оның ішінде коммуникация) жолға қою.

      Екіншісі, қазіргі заманғы оқу процесін құру: заманауи интерактивті әдістер мен құралдарды пайдалану, тек мемлекеттік кәсіпорындарды ғана емес, жеке бизнесті де тарта отырып, теориядан практикаға көшуді қамтамасыз ету.

      Жоғары оқу орнының таяу арадағы міндеті – университеттің негізгі бизнес- процестерін автоматтандыру және менеджмент тиімділігінің жаңа деңгейіне көшу.

      17-сурет. Зерттеу университетінің моделі

      Құрылған Агротехнологиялық хаб арқылы экономикаға зияткерлік қызмет нәтижелерінің трансферін ұйымдастыруға басты назар аударылады (17-сурет).

      6. Бағдарламаның миссиясы

      Университеттің мақсатты моделі мен даму стратегиясы – инновациялық үлгідегі зиялы жоғары оқу орны, Қазақстанның аграрлық секторының, Орта және Орталық Азияның: экономиканың нақты секторымен өзара іс-қимыл жасай отырып, халықаралық стандарттар деңгейінде ғылыми-білім беру процесін жүзеге асыратын және түлектердің әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін; QS агенттігінің әлемдік рейтингінің 300 жоғары оқу орны қатарына енген; агроөнеркәсіптік кешендегі инновациялар негізінде білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциясын, білім алушылар мен ОПҚ ұтқырлығын қамтамасыз ететін; Қазақстанның аграрлық ғылымында жаңа білім қалыптастырушы; адам капиталын дамыту үшін жағдай жасауға кепілдік беретін көшбасшысы.

      Университет дамуының басымдықтары: материалдық емес активтерді дамыту; аграрлық ғылыми-өндірістік консорциумға қарқынды ықпалдасу; халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігіне серпінді кіру; білім беру және ғылыми инфрақұрылымды дамыту; білім алушылардың дәлелді контингентін қалыптастыру.

      Университет мақсаты: елдің ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес университеттің ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметін дамыту, білім беру сапасын, материалдық-техникалық базаны арттыру, түлектің жоғары мәдени, әлеуметтік-жауапты тұлғасын қалыптастыру.

      Мақсаттар жүйесі: ғылыми зерттеулер деңгейін әлемдік деңгейге дейін көтеру; аграрлық білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру; агробизнес құрылымдарымен тығыз ынтымақтастық; университетті ұлттық зерттеу университетіне айналдыру; ресурстарды тиімді басқару; ЖОО-ның әлеуметтік маңызы мен жауапкершілігін арттыру; білім алушылардың, жұмыс берушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыру және "өмір бойы білім беру" қағидатын іске асыруды қамтамасыз ету.

      Қазақ ұлттық аграрлық университетінің миссиясы: агроөнеркәсіп кешені мен әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігінде сұранысқа ие бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыру үшін, сондай-ақ әлеуметтік-бағдарланған, жоғары мәдениетті және төзімді тұлғаны дамыту үшін жағдай жасау.

      Университет құндылықтары: университеттің полифункциялы болуы немесе заманауи білім трансфертін жасау және қамтамасыз ету қабілеті; ғылыми дәрежесі бар мамандарды даярлауға арналған жүйенің болуы, оның ішінде магистранттар мен докторанттар саны студенттер санынан асқан жағдайда; университет қызметінің ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге, ең алдымен қолданбалы зерттеулерге инновациялық бағытталуы; жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарды қоса алғанда, магистратура мамандығы шеңберінде білім траекторияларын әзірлеудегі дербестік; конкурстық негізде жұмысқа қабылданған, оның ішінде халықаралық деңгейдегі оқытушылардың жоғары кәсіби деңгейі; тұрақты және уақытша жұмысқа әлемнің әртүрлі елдерінен жетекші мамандарды шақыру мүмкіндігінің болуы; ақпараттық ашықтықтың жоғары дәрежесі және ғылым мен білім берудің халықаралық кеңістігіне интеграциялануы; әлемдік тәжірибеге сезімталдық және ғылыми зерттеулердің жаңа бағыттары мен оқыту әдістемесіне қатысты икемділік; студенттерді қабылдау кезіндегі байқау тәсілі; университетте агротехнопарк, хайтек-алаңдар, бизнес-инкубаторлар, инновациялық зертханалар мен жылыжайлар және басқа да құрылымдар сияқты мамандандырылған ғылыми-техникалық және экономикалық аймақтарды қалыптастыру; университет алдында тұрған өзекті міндеттерді шешуде қызметкерлерді ойлауға және шығармашылық тәсілге ынталандыру; қызметкерлер мен білім алушылардың ашықтығы мен өзара түсіністігін қамтамасыз ететін корпоративтік мәдениет; университеттің көпжылдық дәстүріне негізделген ұрпақтар сабақтастығы; нәсілдік, этникалық, діни, гендерлік және саяси кемсітушіліктің болмауынан көрінетін жеке бас бостандығы; елдің ұлттық жоғары оқу орындары, жалпы әлемдік ғылыми және білім қоғамдастығы арасында көшбасшылыққа ұмтылу.

      7. Бағдарламаның стратегиялық блогы

      7.1. Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
жүйесіндегі ҚазҰАУ-дың орны мен рөлі

      ҚазҰАУ 9 халықаралық және Ұлттық рейтингте лайықты орын алады. QS World University rankings рейтингінде университет екінші жыл қатарынан әлемнің жоғары оқу орындары арасында 651 және қазақстандық жоғары оқу орындары арасында 6-шы орынды иеленіп отыр.

      Webometrics (CybermetricsLab) - әлемнің жоғары оқу орындары арасында 6195-орын және қазақстандық жоғары оқу орындары арасында 12-орын.

      GreenMetric рейтингінде – әлемнің жоғары оқу орындары арасында 357-орын және қазақстандық жоғары оқу орындары арасында 3-орын алады.

      QS EECA University Rankings рейтингінде – 96-орын.

      Университеттің білім беру бағдарламалары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (БСҚТА), Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (НААР), Республикалық рейтинг агенттігі (РРА) және "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы сияқты ұлттық рейтингтерге үнемі қатысады.

      2019 жылы БСҚТА рейтингі бойынша Қазақстанның үздік техникалық ЖОО арасында Satbayev University (Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ) (95,78), Қазақстан-Британ техникалық университеті (91,90), Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті (89,37) сияқты университеттерден кейін 76,35 қорытынды ұпаймен IV орын алды.

      Институционалдық рейтинг нәтижелері бойынша ҚазҰАУ мынадай номинациялармен және сертификаттармен марапатталды: "Оқытушылық-профессорлық құрамның сапасы бойынша көшбасшы", "Студенттер құрамының сапасы бойынша көшбасшы".

      2019 жылы мамандар даярлау бағыттары бойынша РРА агенттігінің ЖОО институционалдық рейтингінде: "Қазақстан 2050 – Инновациялар және академиялық үстемдік бойынша ұлттық рейтингінде" "Ауыл шаруашылығы ғылымдары" бағыты бойынша ҚазҰАУ С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінен (79,5) озып, 1-орын (90,1 ұпаймен) иеленді.

      2019 жылы тәуелсіз ұлттық рейтингте Қазақстанның 59 ЖОО қатысты. Университет үш деңгейлі даярлық бойынша 14 білім беру бағдарламасы бойынша қатысты: ауыл шаруашылығы ғылымдары, ветеринария, жаратылыстану ғылымдары және көрсетілетін қызметтер. 2019 жылғы АРТА рейтингінің нәтижелеріне жүргізілген талдау көрсеткендей, ҚазҰАУ базалық ауыл шаруашылығы білім беру бағдарламалары бойынша жүлделі орындарға ие болды.

      Базалық білім беру бағдарламалары 2018 және 2019 жылдар рейтингінде білімнің 3 деңгейі бойынша бірінші орында тұр: топырақтану және агрохимия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин, ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария.

      Университеттің агрономия, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау, су ресурстары және суды пайдалану, аграрлық техника және технология, орман ресурстары және орман шаруашылығы, ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету, жерге орналастыру секілді базалық білім беру бағдарламалары білім берудің жекелеген деңгейлері бойынша, негізінен магистратура, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне жол беріп, 2-3-орындарды иеленді.

      АРТА агенттігі Хирштың жоғары көрсеткішіне ие болған Қазақстанның ТОП-50 ғалымын анықтады. ОПҚ-2019 рейтингінің нәтижелері бойынша "ТОР-50" құрамына ҚазҰАУ 10 ғалымы кірді.

      6-кесте. ҚР ТОП-50 (АРТА) құрамына кірген ҚазҰАУ ОПҚ рейтингі

Орын

Оқытушы
 
Рейтингтегі
орны

Балл

1

Дамир Микдатович Хусаинов

17

3550

2

Нұрлан Нұрілдинұлы Ахметсадықов

29

2550

3

Гүлнар Сабырқызы Шабдарбаева

38

2000

4

Қайсар Қазыбайұлы Табынов

40

1900

5

Айжан Ілиясқызы Балғымбаева

45

1650

6

Айгүл Ізтілеуқызы Әбуғалиева

46

1600

7

Абылай Рысбайұлы Сансызбай

46

1600

8

Әсем Серікқызы Ибажанова

49

1450

9

Гүлнар Елдесбайқызы Тұрғанбаева

49

1450

10

Абай Оразұлы Сағитов

49

1450

      2019 жылы АРТА рейтингінің нәтижесі бойынша бірінші орынды 7 – бакалавриат, 6 – магистратура, 11 – докторантураның білім беру бағдарламалары иеленді (7-кесте, 18-сурет).

      7-кесте. 2018 – 2019 оқу жылындағы АРТА рейтингі бойынша жиынтық деректер

Орын

2018 жыл

2019 жыл

Бакалавриат

Магистратура

Докторантура

Бакалавриат

Магистратура

Докторантура

І

7

6

11

6

6

11

ІІ

4

4

1

6

5

1

ІІІ

2

1

1

1

1

1

      18-сурет. АРТА 2018, 2019 жылдардағы білім беру деңгейлері бөлінісінде білім беру бағдарламалары бойынша жүлделі орындардың серпіні

      2019 жылы ҚР ЖОО-ның рейтингінде ҚазҰАУ мамандарды даярлау бағыттары бойынша Ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары бойынша I орынды және жаратылыстану ғылымдары бойынша Х орынды, қызметтер көрсету бағыты бойынша ІХ орынды иеленді.

      Университет 2019 жылы ҚР жоғары оқу орындарының институционалдық рейтингінде V орынға ие болып, ҚР жоғары оқу орындарының ТОП-20 қатарына енді.

      2019 жылдың ақпан айында БСҚБТА ҚР жоғары оқу орындарының Бас рейтингін және ББ топтары бойынша білім беру бағдарламаларының рейтингін іске қосты. Аталған рейтингке университеттің ББ алты тобы бойынша 14 білім беру бағдарламасы қатысты: техникалық ғылымдар – 1, техникалық ғылымдар – 2, тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы ғылымдары, ветеринария, қызметтер көрсету.

      2017 жылы Қазақстанда алғаш рет жаңа рейтинг – "Қазақстан 2050 – инновация және академиялық саралау бойынша ұлттық рейтинг" басталды.

      2019 жылы РРА агенттігінің рейтингіне дайындықтың үш деңгейі бойынша (бакалавриат, магистратура, докторантура) 10 білім беру бағдарламасы қатысады (19-сурет).

      19-сурет. Білім беру бағдарламалары бойынша 2019 жылдардағы РРА бойынша білім беру деңгейлері бөлінісінде жүлделі орындардың серпіні

      2017 – 2018 оқу жылынан бастап ҚазҰАУ Атамекен ҰКП рейтингіне қатысады. 2018 – 2019 оқу жылында бакалавриат білім беру деңгейінің 34 бағдарламасы қатысты.

      Оқытушылардың, кафедралардың, факультеттердің қызметін бағалаудың рейтингтік жүйесі толығымен енгізілген және университетте алты жыл бойы табысты жұмыс істеп келеді.

      Кейіннен университет өзін Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде әлемдік деңгейдегі университет позициясынан көреді.

      7.2. Академиялық саясат

      Академиялық саясат ғылыми кеңестің 2018 жылғы 27 қарашадағы №4 шешімімен бекітілген және университеттің стратегиялық мақсаттарымен, миссиясымен, пайымымен айқындалады.

      Академиялық саясат білім беру қызметін жоспарлау мен басқаруға және білім беру сапасын арттыруға бағытталған оқу процесін тиімді ұйымдастыру жөніндегі шаралар, ережелер мен рәсімдер жүйесін білдіреді.

      Академиялық саясатта:

      1) оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру принциптері;

      2) білім алушылардың білімін бақылау мен бағалаудың әртүрлі нысандарын жүргізу тәртібі;

      3) практиканың барлық түрлерін ұйымдастыру және білім алушылардың оны өту тәртібі;

      4) білім алушыларды ауыстыру, қайта қабылдау, оқудан шығару тәртібі;

      5) қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібі және т. б. айқындалған.

      Саясат оқу процесін ұйымдастыруға және кредиттік оқыту технологиясы бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыруға қатысатын университеттің барлық бөлімшелеріне арналған.

      Академиялық саясаттың міндеттері:

      1) жаңа формациядағы жоғары білікті кадрларды даярлау;

      2) білім, ғылым және өндіріс интеграциясын қамтамасыз ету;

      3) халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялануды қамтамасыз ету;

      4) оқытудың инновациялық технологияларын енгізу;

      5) білім сапасын ішкі және сыртқы қамтамасыз ету жүйесін құру;

      6) академиялық ұтқырлықты дамыту;

      7) студент-орталықтандырылған оқытуды дамыту;

      8) білім алушылардың білімін бағалау және оқытудағы парасаттылықты дамыту.

      Жоғары академиялық стандарттарды қолдау және сапаны ішкі бақылауды қамтамасыз ету мақсатында ҚазҰАУ Академиялық адалдық лигасына кірді.

      Білім алушыларда тиісті мәдениетті қалыптастыру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы "Саналы ұрпақ" және Жастар орталығы атты технологиялар алаңы құрылды.

      Университеттің инновациялық әлеуетін дамыту ғылым мен бизнестің өзара іс-қимылының жаңа тетіктерін әзірлеуге, ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін арттыруға, оларды іс жүзінде іске асыруға, АӨК-ге ғылымды қажетсінетін технологияларды енгізуді қамтамасыз етуге және кәсіпкерлік секторды ғылыми жобаларға қатысуға ынталандыруға бағытталған.

      Ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық іргелі, қолданбалы және іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуді: Халықаралық аграрлық зерттеулер институты – Агротехнологиялық хаб; факультеттер жанынан құрылған 6 атаулы инновациялық ғылыми зертханалар; кафедралар мен орталықтардағы 31 зерттеу зертханалары; тағам қауіпсіздігі орталығы; инновациялық жылыжай; "Агроуниверситет" оқу-тәжірибелік шаруашылығы; "Байсерке-Агро" оқу-тәжірибелік шаруашылығы жүзеге асырылады.

      Басшылары Қазақстан Республикасы ҰҒА академиктері болып табылатын факультеттер жанынан 6 инновациялық атаулы ғылыми зертханалар құрылуда. Ғалым-кадрларды даярлау үшін университетте мыналар ашылған және қызмет етеді:

      1) Азық-түліктің физикалық-химиялық қасиеттерін және топырақтың, су мен шикізаттың экологиялық сапасын талдау зертханасы;

      2) "Жасыл биотехнология және жасушалық инженерия" зертханасы;

      3) "Табиғи ресурстарды және агроэкожүйенің тұрақты дамуын басқару" зертханасы;

      4) Техникалық микробиология зертханасы;

      5) Тағам өнімдерінің технологиясы, сапасы және қауіпсіздігі зертханасы;

      6) Тағам өнімдерінің физикалық-химиялық және реологиялық қасиеттері зертханасы;

      7) Топырақты және қоршаған ортаны кешенді талдау зертханасы.

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің ұсынымы бойынша "АӨК саласында кадрлар даярлау және ауыл шаруашылығы өндірісіне IT-технологияларды енгізу мәселелері" тақырыбына арналған көшпелі отырыс қорытындысы бойынша, сондай-ақ ҚР Үкіметінің шешімімен ҚазҰАУ базасында мынадай инновациялық ғылыми-білім беру зертханалары құрылуда: машина сынау станциясы бар Қазақстан-Беларусь агроинженерлік инновациялық орталығы; Сүт өнімдері бойынша референттік зертхана; Өсімдіктердің микроклонды көбею зертханасы; АӨК мәселелері жөніндегі ахуалдық орталық; "Агротехнопарк", демонстрациялық өрістері мен дақылдық жайылымдары бар "Көрсеткіштік ферма" өңірлік оқыту орталығы.

      Сондай-ақ Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға байланысты жобалар мен іс-шараларға ҚазҰАУ су хабын енгізу туралы шешім қабылданды.

      Жас ғалымдардың мүдделерін білдіру, ғылыми-зерттеу жұмысында олардың қызметін қолдау, ҚР АӨК өзекті ғылыми мәселелерін шешу үшін олардың күшін біріктіру, ҚазҰАУ-да жас ғалымдардың инновациялық қызметін дамыту үшін жас ғалымдар кеңесі (ЖҒК) жұмыс жасайды. Жас ғалымдар кеңесі 35 жасқа дейінгі магистранттар, докторанттар және жас ОПҚ қатарынан құрылған Жас ғалымдардың ғылыми қызметін үйлестіретін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Ғылым жөніндегі кеңесінің конкурстық комиссиясының шешімімен ҚазҰАУ жас ғалымдар кеңесі 2018 жылы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасындағы үздік жас ғалымдар кеңесі болып танылды әрі 400 мың теңге көлемінде сыйақы алды.

      Университетте жастардың стартап жобалары табысты жұмыс істеуде: Flyworx – ауыл шаруашылығы жерлерін дрондарды қолдана отырып қашықтан зондтаумен айналысады; GreenPoint Marketing – маркетингтік зерттеулер жүргізеді; UrbanGreen – қала типтес инновациялық жылыжайлармен айналысады; DragonFly – дрондарды пайдалану мүмкіндіктеріне және оларды құрастыруға үйретеді; "Айболит" жедел ветеринарлық жәрдем; экологиялық акваөсіру, экопробиотиктер құру және т. б.

      Білім алушылардың интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыру және шығармашылық бастамаларын дамыту мақсатында жазғы және қысқы магистрлік мектептер өткізіледі.

      Мектептер шеңберінде негізгі мақсаттары мыналар болып табылатын конкурстар өткізіледі: АӨК үшін кадрлар даярлау процесінде ғылыми зерттеулердің рөлін күшейту; кәсіпкерлік дағдыларын ынталандыру және дамыту, талантты және дарынды инновациялық ұсыныстар мен студенттердің, магистранттар мен докторанттардың идеяларын қолдау; өнертапқыштық және кәсіпкерлік саласында жас мамандардың кәсіби және жеке дамуына жәрдемдесу; отандық және шетелдік жоғары оқу орындары, білім алушылар мен жұмыс берушілер арасындағы үшжақты қарым-қатынасты дамытуға жәрдемдесу; бизнес-инкубациялау арқылы үздік жобаларға жәрдемдесу.

      Ашық конкурсқа халықаралық қысқы және жазғы мектепке қатысушылардың мына бағыттар бойынша инновациялық идеялары ұсынылады:

      1) су ресурстарын басқару;

      2) жасыл экономика;

      3) ауыл шаруашылығындағы инновациялық технологиялар мен техникалық құралдар;

      4) табиғи ресурстарды басқару;

      5) өсімдік шаруашылығындағы агроинновация;

      6) ветеринария

      7) мал шаруашылығындағы өндіріс технологиясы;

      8) тағам қауіпсіздігі және биотехнологиялар.

      ҒЗЖ нәтижелерін коммерцияландыру саласында университет ҚР БҒМ "Технологияларды коммерцияландыру орталығы" ЖШС тапсырысы бойынша 41,0 млн.теңге сомасына 2 жобаны орындауды аяқтады.

      Бірінші жоба – "Шанқанай кен орны цеолиттерінің негізінде құс шаруашылығына арналған функционалдық жем қоспаларын өндіру технологиясы және эксперименттік зерттеу". Функционалдық азық қоспаларын өндіру бойынша жаңа технология өнеркәсіптік құс шаруашылығына енгізілетін болады.

      Екінші жоба – "Астық жинайтын комбайнды бастыру өнімдерін магнитті ынталандыруға арналған әмбебап модуль". Әзірленген технологияның артықшылығы – тұқымның өнімділігін 20 %-ға арттыру, сақтау мерзімін 40 %-ға дейін арттыру, өнімнің биологиялық құндылығын арттыру және экологиялық таза өнім алу.

      2016 жылы "Өнімді инновацияларды ынталандыру" байқауы бойынша ҚР БҒМ Ғылым комитетінің аға және кіші қызметкерлері топтарына арналған гранттар бағдарламасы бойынша ҚазҰАУ қызметкерлері 230 млн. теңге сомасына "Инновациялық технология бойынша бие және түйе сүтінің құрғақ ұнтағынан лактоферрин өндірісін ұйымдастыру" коммерцияландыру жобасын ұтып алды (жоба жетекшісі – профессор А.Д.Серікбаева, бизнес-серіктес – 10 млн теңгеге қоса қаржыландыратын "LFCompany" ЖШС).

      ҚР БҒМ Ғылым комитеті "Ғылым қоры" АҚ өткізетін ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсында 2016 жылы университеттің 2 жобасы жеңіске жетіп, сәтті орындалуда:

      151,4 млн теңге сомасына "Ет пен ет-өсімдік консервілерінің өндірісі үшін түйе етін қайта өңдеудің ресурс үнемдеуші технологияларын енгізу" (жетекшісі – профессор Ж. Сүлейменова, бизнес-серіктес – 7,5 млн теңгеге қоса қаржыландыратын "Күн нұры" ЖШС);

      300 млн теңге сомасына "Халықаралық стандарттарға сәйкес жергілікті экологиялық таза жем-шөп негізінде өсірілген балықтан органикалық өнімдер (тиляпия, африкалық кларии жайыны және т. б.) өндіру" (жетекшісі-профессор Сәрсембаева Н., бизнес-серіктес – 30 млн теңгеге қоса қаржыландыратын "Tengryfish" ЖШС). Осы жобалардың негізінде стартаптар құрылды.

      2017 жылы университеттің Ғылым департаменті "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КеАҚ каталогына 40 жобаны дайындап, енгізді және ҚР БҒМ "Ғылым қоры" АҚ коммерцияландыру үшін 43 әлеуетті жобаны ұсынды.

      Алматы қаласының 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасына енгізу үшін университет ғалымдары 40-тан астам жобаны ұсынды, олар негізделген, негізгі міндеттер, талап етілетін материалдар, ресурстар, оларды шешу мерзімдері мен жолдары анықталған. ҚазҰАУ мен "Алматы қаласының Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" КММ арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Тараптар мал шаруашылығы және ветеринария, өсімдік шаруашылығы және өсімдіктерді қорғау, экология мәселелері бойынша қолдау көрсетіп, ынтымақтастықты дамытатын болады.

      Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының конкурстарына енгізу мақсатында 019 бюджеттік бағдарламасы бойынша жобалар қатыстырылды. 2014 – 2015 жылдары 10 млн теңге сомасына, 2016 жылы 12 млн теңге сомасына жобалар орындалды. 2017 жылы Қызылорда және Ақтөбе облыстарының шаруашылықтарында 5 жоба бойынша 21,88 млн теңгеге жобалар енгізілді.

      Алматы облысында жергілікті өсімдік шикізатынан қаржыландыру көлемі
10 млн. теңге көлемінде биологиялық белсенді жем-шөп қоспаларын өндіру технологиясын енгізу бойынша жұмыстар аяқталды.

      Ақтөбе облысында қаржыландыру көлемі 5 млн теңгені құрайтын асқазан-ішек ауруларының алдын алу және емдеу үшін экологиялық қауіпсіз препараттарды әзірлеу енгізілуде.

      2018 жылдың қыркүйек айынан бастап Маңғыстау облысының диқандарымен, жайылымдарды суландыру және мал азығын өндіру бойынша қаржыландыру көлемі 20 млн теңгені құрайтын ендіру жұмыстары іске асуда. Келешекте Жамбыл облысының АӨК-мен жоба бюджеті 45 млн теңгені құрайтын енгізу жұмыстары жоспарланған.

      Агрохабты дамыта отырып, университет еліміздің АӨК дамуының негізін құрайды. Агрохабтың әзірленген жобалары базалық қызметтер көрсетуге, әлсіз тұстарын жоюға және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге консалтингтік қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді.

      Халықаралық тәжірибе Қазақстанның басқа елдерден импорт тәуелділігін төмендету үшін әлемдік нарықта экспортқа бағдарланған, бәсекеге қабілетті өнім өндіруі қажет екенін көрсетіп отыр. Сондай-ақ бөлшек бағаның 70-75 %-ын иеленіп қалатын делдалдарға қарсы әрекет ету жөніндегі жұмысты күшейту қажет, ал дамыған елдерде делдалдар бөлшек бағаның 25-30 %-ын ғана алады.

      Өсірілген 100 % өнімнің тек 30-33 %-ы ғана қайта өңдеуге, ал экспортқа 17 %-ы ғана кететін жағдайды өзгерту қажет.

      Жоғарыда аталған міндеттерді шешу үшін аграрлық білімді, ғылым мен өндірісті ықпалдастыруды дамыту шеңберінде 2024 жылға қарай төмендегілер жоспарланып отыр:

      1) шаруашылық жүргізуші субъектілермен бірлесіп іске асырылған ғылыми-инновациялық жобалар мен бағдарламалардың санын 45 бірлікке жеткізу;

      2) университет ішінде кәсіпкерлік және экологиялық мәдениетті дамыту (қызметкерлер мен білім алушылардың 65 %-ы инновацияны дамытуға тартылады);

      3) стартаптарды ұйымдастыруға оқушылар мен қызметкерлердің уәждемесін арттыру. Стартап санын 22-ге дейін жеткізу;

      4) бизнес-білім беруді дамыту;

      5) жаңа инновациялық орталықтар, фаблабтар (ағылш. Fabrication Laboratory), жасыл кампустар құру;

      6) ОПҚ еңбектерінің репозиторийін қалыптастыра отырып, университет кітапханасының ақпараттық ресурстарын әлемдік ақпараттық кеңістікке біріктіру.

      Қаржыландыру көлемінің 72,2 %-ы коммерцияландыруға, 12,9 %-ы ғылыми жобалардың нәтижелерін енгізуге бөлінеді. Ғылыми жобаларға жас мамандар қатыса бастағандарын атап өткен жөн.

      ҚазҰАУ-да аяқталған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды коммерцияландыруды дамыту тұжырымдамасы әзірленді. Тұжырымдама ҚазҰАУ-дың аграрлық зерттеулер саласындағы көшбасшылығын қамтамасыз етіп ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті дамыту арқылы республика экономикасының аграрлық секторын технологиялық жаңғыртуға университеттің үлесін арттыруға бағытталған.

      Тұжырымдама Қазақстан Республикасының "Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы; "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы және "Қазақстан Республикасының Патент заңы" 1999 жылғы 16 шілдедегі заңдарының негізінде әзірленді.

      Тұжырымдамада 2024 жылға дейінгі кезеңде Қазақ ұлттық аграрлық университетінде ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті дамытудың мақсаттары, міндеттері мен негізгі бағыттары тұжырымдалған.

      Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін университет ұжымы мына міндеттерді шешуде:

      1) оқу процесін жетілдіруге, жаңа білім беру технологияларын енгізуге, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіруге, ғалым-педагог кадрларды даярлаудың және олардың біліктілігін арттыру сапасын жақсартуға бағытталған ғылыми зерттеулерді басым дамыту;

      2) іргелі және қолданбалы зерттеулерді коммерциялық сипаттағы бәсекеге қабілетті әзірлемелермен ұштастыру;

      3) инновация мен ғылыми-техникалық кәсіпкерлік саласында кадрлар даярлау және қайта даярлау үшін жағдай жасау;

      4) шаруашылық жүргізуші субъектілермен, сондай-ақ мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен әріптестік қатынастарды дамыту;

      5) бюджеттен тыс қосымша қаржы қаражатын тарту;

      6) шағын инновациялық кәсіпорындарды құру және дамыту;

      7) халықаралық интеграцияны кеңейту, шетелдік инвестицияларды тарту үшін жағдай жасау.

      Аталған міндеттерді шешу барысында:

      1) ғылым мен білімнің интеграциясын дамыту, университеттің ҚР БҒМ және АШМ ғылыми мекемелерімен тығыз қарым-қатынасы;

      2) жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімді жетілдіру, магистратураның білім беру қызметін кеңейту, магистранттар мен PhD докторанттардың контингентін жоспарлау мен қалыптастыруды жақсарту;

      3) білім беру процесінің барлық субъектілерінің: студенттердің, магистранттардың, PhD докторанттарының, профессор-оқытушылар құрамының және ғылыми қызметкерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуы;

      4) университет ғалымдарының ҚР БҒМ мен АШМ, басқа министрліктер мен ведомстволар, мемлекеттік ғылыми қорлар жариялаған республикалық мақсатты бағдарламаларға, ғылыми, ғылыми-техникалық, инновациялық бағдарламалар мен гранттар конкурстарына қатысуы;

      5) ғылымды қажетсінетін технологияларды құру;

      6) кәсіпорындар мен мемлекеттік және өңірлік басқа да шаруашылық субъектілерімен әріптестікті дамыту қамтамасыз етіледі.

      Аяқталған ҒЗТКЖ коммерцияландыруды іске асырудың негізгі жолы – жоғары білімді, ғылым мен бизнесті ықпалдастыру болып табылады. Коммерциялық кәсіпорындардың ғылымды қажетсінетін өнімдер мен технологияларға қызығушылығының өсуі жоғары оқу орнының ғылыми әзірлемелерінің нәтижелерін коммерциялық пайдалануға мүмкіндік береді, университеттің өз өндірісін құру мақсатында коммерциялық құрылымдардың капиталын тарту ықтималдығын арттырады, ғылыми әзірлемелерді іске асыруға, бизнес жобаларға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

      Осындай ынтымақтастықты ұйымдастыру, сондай-ақ аяқталған ҒЗТКЖ коммерцияландыру инфрақұрылымын дамыту үшін біз аграрлық ғылыми-технологиялық парк (Агротехнопарк) құрудамыз, ол ғылымды қажетсінетін Бизнестің инкубаторы және университеттің ғылыми қызметінің практикалық негізі болып табылады.

      Агротехнопарк – ғылымды, білім мен өндірісті аумақтық интеграциялау нысаны ретінде өз құрамында жобалау-конструкторлық бюролар, өндірістік учаскелер, сынақ полигоны, бизнес орталық, жоғары технологиялардың студенттік инкубаторы, кешенді жобалар және даму бөлімі, студенттік бастамалар орталығы, материалдардың сапасын сертификаттау орталығы, оқу орталығы бар ғылыми ұйымдардың бірлестігі.

      Жоғары білікті мамандардың шоғырлануы, эксперименттік және ақпараттық базаның болуы агротехнопаркке университет ғалымдарының ғылыми-техникалық және технологиялық жетістіктерін әзірлеу мен коммерцияландыру процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.

      Университет базасында агротехнопаркті құру және дамыту мына міндеттерді шешуді қамтамасыз етеді:

      1) университеттің ғылыми әлеуетін сақтау (инновациялық құрылымдардағы жаңа жұмыс орындары);

      2) ғылымды қажетсінетін кәсіпкерлік экономикасы саласында мамандарды қолдау және қайта даярлау үшін эксперименттік база құру;

      3) қолданбалы зерттеулерді коммерцияландыру үшін жағдайлар қалыптастыру, олардың нәтижелерін өндіріске енгізу;

      4) венчурлік капиталды қоса алғанда, қаржыландырудың бюджеттен тыс көздеріне шығу мүмкіндіктерін кеңейту;

      5) агроөнеркәсіпті дамыту проблемаларының шешіміне қосылу арқылы аймақтармен өзара іс-қимылды күшейту;

      6) өңірлермен кооперациялық байланыстарды дамыту;

      7) ғылымды қажетсінетін кәсіпкерлік саласында мамандарды даярлау және қайта даярлау, бірлескен инновациялық жобаларды орындау кезінде халықаралық байланыстарды дамыту;

      8) жасалып жатқан ғылымды қажетсінетін өнімдер мен қызметтерге зияткерлік меншікті қорғау;

      9) ғылымды қажетсінетін өнімнің халықаралық нарығына шығу.

      ҚазҰАУ Агротехнологиялық паркі Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының "Саймасай" оқу-тәжірибе шаруашылығы аумағында құрылатын болады. ҚазҰАУ жанындағы агротехнопарктің жұмыс істеу моделі схемада келтірілген (20-сурет).

      20-сурет. ҚазҰАУ жанындағы агротехнопарктің жұмыс істеу моделі

      ҚазҰАУ 2024 жылға дейінгі даму стратегиясы барлық мүдделі тараптардың: университеттің, жалпы және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының, ғылыми ұйымдардың, әріптестердің, бизнес-құрылымдардың, АӨК кәсіпорындары мен ұйымдарының әлеуметтік-кәсіптік өзара іс-қимылын көздейді.

      Университет аграрлық өндіріс пен қайта өңдеудің заманауи инновациялық технологияларын меңгерген кадрларды даярлау және қайта даярлау орталығына айналады, гендік инженерия, молекулалық генетика, микробиология, ветеринариялық медицина саласында селекциялық жұмысты, ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеудің ғылымды қажетсінетін экологиялық технологияларын әзірлеуді және енгізуді қамтамасыз етеді.

      Перспективада агроөнеркәсіптік кешенді жаңғырту міндеттеріне бағдарланған ғылымның, технология мен техниканың басым бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүйесін дамыту болжанып отыр.

      АӨК субъектілерінің озық ғылыми жетістіктер мен білімге тікелей қол жеткізуін қамтамасыз ету, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірісіне ғылыми әзірлемелерді жедел енгізу мақсатында 267 "Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде білімді тарату жөніндегі жұмыстар байқауларға қатысу арқылы жандандырылатын болады.

      2020 – 2024 жылдары жоғары оқу орнының мақсатты бағыты қызметтің барлық бағыттарын интернационалдандыруға бағытталған әлемдік деңгейдегі ұлттық зерттеу университетін қалыптастыру болып табылады.

      Университеттің стратегиялық басымдықтары аграрлық білімді, ғылымды жаңғыртуға және бизнес-ортамен интеграцияны күшейтуге, адами ресурстарды басқаруға және т. б. бағытталған.

      Даму векторларының бірі Еуропа елдерінің, АҚШ, Жапония, Қытай, Малайзия, Оңтүстік Корея, Ресей, Белоруссия, Литва, Латвия және т. б. жетекші ғылыми орталықтарымен және университеттерімен халықаралық ынтымақтастық болып табылады.

      Университетте инновациялық қызметті жетілдіру:

      1) ЖОО-ны жаңа білімдер мен технологияларға негізделген аграрлық экономиканың драйвері ретінде позициялауға;

      2) ҚР АӨК экономикасына зияткерлік қызмет нәтижелерінің трансферін ұйымдастыруға;

      3) ЖОО-ның ғылыми-білім беру және консалтингтік көрсетілетін қызметтерін халықаралық нарыққа шығару бойынша маркетингтік стратегияны жүзеге асыруға бағытталған.

      Агрохабты дамыту арқылы университет елдің АӨК дамытуға негіз жасайды. Агрохабтың әзірленген жобалары ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге базалық қызметтер көрсетуге, әлсіз тұстарды жоюға және консалтингтік қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

      Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, Қазақстанның басқа елдерден импорттық тәуелділігін азайту үшін әлемдік нарықта экспортқа бағытталған, бәсекеге қабілетті өнім өндіру қажет. Сондай-ақ дамыған елдерде делдалдар бөлшек сауда бағасының 25-30%-ын иемденсе, елімізде бөлшек сауда бағасының 70-75 %-ын иеленіп қалатын делдалдарға қарсы әрекет ету бойынша жұмыстарды күшейту қажет.

      Өсірілген 100 % өнімнің тек 30-33 %-ы қайта өңдеуге, ал экспортқа тек 17 %-ы кететін жағдайды өзгерту қажет. Ол үшін:

      1) диплом жұмысын орындау барысында білім алушыларға жүргізілетін зерттеулер магистратурада және докторантурада ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде одан әрі жалғасатын болса, даярлаудың үш деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ету;

      2) ҚР АШМ әрбір ғылыми-зерттеу институтымен бірлескен ғылыми-инновациялық орталықтар құру;

      3) білім алушылар мен жас ғалымдардың ғылыми шығармашылығының халықаралық деңгейіне қол жеткізу үшін жағдай жасау;

      4) университет ғалымдарының зияткерлік қызмет нәтижелерін халықаралық патенттеу жүйесін дамыту;

      5) студенттерді зерттеу жұмысына тарту тетіктерін дамыту;

      6) жаңа білім алу және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру үшін заманауи эксперименттік ғылыми және оқу жабдықтарын жабдықтау және пайдалану.

      7) Шығыс Финляндия университетімен тамақ қауіпсіздігі бойынша, Малайзия университетімен "халал", Оңтүстік Корея университетімен ет және ет өнімдері бойынша және т. б халықаралық ғылыми зертханалар құру;

      9) пәнаралық зерттеулердің дамуына қарай халықаралық зертханаларды "өнім" желісі: Зияткерлік технологиялар және агротехника, Өмір мен денсаулық туралы ғылым, Энвайронментология және жаратылыстану ғылымдары бағыттары бойынша "Артықшылық орталығына" біріктіру;

      10) ИИДМБ зертханаларын алынған нәтижелерді коммерцияландыруға бағытталған іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді орындауға қосу;

      11) Қазақстан-Жапон инновациялық орталығына органикалық өнімнің сәйкестігіне сертификат беру органы ретінде әрекет ету;

      12) Қазақстан-Беларусь агроинженерлік инновациялық орталығының қызметін кеңейту, оқу шаруашылығында демонстрациялық алаң құру;

      13) майлы, жеміс-жидек және көкөніс дақылдарын өндіру, қайта өңдеу бойынша зертханалар ашу;

      13) агросалада білімді тарату бойынша жұмысты жандандыру;

      14) оқытушылар мен ғылыми қызметкерлердің жарияланым белсенділігінің өсуі үшін жағдай жасау, білім мен зерттеу нәтижелерінің трансферлеріндегі университеттің ғылыми басылымдарының рөлін арттыру;

      15) елдің барлық өңірлерінде, қолда бар ірі агроқұрылымдар, өңдеуші кәсіпорындар, кәсіпкерлерге қызмет көрсететін орталықтар базасында экономиканың аграрлық секторы үшін мамандар даярлаудың барлық бағыттары бойынша 3-тен 5-ке дейін пилоттық, пилоталды, қосымша пилоталды оқу-ғылыми-өндірістік орталықтарды айқындау және олармен шарттар жасасу;

      16) білім алушылар арасында да, университеттің ОПҚ арасында да стартаптарды құру бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет. Болашақта ғылымды көп қажет ететін шағын кәсіпорындар бастапқы кезеңде шағын көлемде нарықтық қатынастағы неғұрлым перспективалы инновациялық жобаларды жедел іске асыра алады. Оларды құру арқылы жас ғалымдарды жұмысқа орналастыру проблемасын қандай да бір дәрежеде шешуге, сондай-ақ олардың зерттеу нәтижелерін практикаға енгізу бойынша практикалық тәжірибе алуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Жоғарыда аталған міндеттерді шешу үшін аграрлық білім, ғылым мен өндірісті ықпалдастыруды дамыту шеңберінде 2024 жылға қарай мыналар жоспарланып отыр:

      1) шаруашылық жүргізуші субъектілермен бірлесіп іске асырылған ғылыми-инновациялық жобалар мен бағдарламалардың санын 45 бірлікке дейін жеткізу;

      2) университет ішінде кәсіпкерлік және экологиялық мәдениетті дамыту (қызметкерлер мен білім алушылардың 65% инновацияны дамытуға тартылады);

      5) жаңа инновациялық орталықтар, фаблабтар, жасыл кампустар құру;

      6) ОПҚ еңбектерінің репозиторийін қалыптастыра отырып, университет кітапханасының ақпараттық ресурстарын әлемдік ақпараттық кеңістікке біріктіру;

      7) бір жыл ішінде алынған патенттердің жалпы санынан өндіріске инновациялық жобалардың нәтижелерін енгізу үлесін 22 %-ға дейін ұлғайта отырып, ҒЗТКЖ нәтижелерін коммерцияландыру бойынша жұмысты күшейту;

      8) ЖОО-ның ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының нәтижелерін өндіріске енгізу бойынша жұмысты күшейту, үлесін
40 %-ға дейін арттыру;

      9) іске асырылатын жобалардың жалпы санында халықаралық ғылыми-білім беру ынтымақтастығы шеңберінде орындалатын ғылыми жобалар санын 32-ге дейін ұлғайту;

      10) жетекші ғылыми орталықтармен, ҚР АШМ ҒЗИ-мен интеграция бойынша жұмысты күшейту, бірлескен жобалар санын 22-ге жеткізу;

      11) оқу-ғылыми-зерттеу зертханаларының санын 28-ге дейін, халықаралық - 13-ке дейін жеткізу, онда белгілі шетелдік ғалымдар бірлесіп басқаратын болады;

      12) жыл сайын кемінде 1 млн теңге сомасына стартап-жобаларды орындау үшін жас зерттеушілер мен ғалымдар арасында конкурс өткізу;

      13) зерттеу сапасын арттыру, университет ғалымдары мен шетелдік ғылыми қоғамдастықтың еңбектерінің нәтижелеріне қызығушылығын ынталандыру, профессор-оқытушылар құрамының жарияланымдық және патенттік белсенділігін, ғалымдардың ғылыми мақалаларының дәйексөзге келтірілу көрсеткіштерін арттыру мақсатында Web of Science (Thomson Reuters), Scopus, Springer ғылыми базаларының өкілдерімен үнемі оқыту тренингтері, семинарлар серияларын өткізу. Ғылыми жобаларға тарта отырып, жетекші ғылыми ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейту күтілуде. Ғалымдардың халықаралық коммуникацияларының артуын соңғы үш жылдың ішінде 16 елдің шетел авторларымен бірлесе шығарған танымал басылымдардағы 60-тан аса мақалалардың болуы айғақтайды.

      Бағдарламаны іске асыру негізінде ҚазҰАУ-да бірегей ғылыми-білімдік инновациялық орта құрылады, онда профессор-оқытушылар құрамы, ғалымдар мен білім алушылар зерттеу, инновациялық-технологиялық дағдыларды қалыптастыруға, сондай-ақ зияткерлік меншікті коммерцияландыру мүмкіндіктеріне ие болады.

      Бағдарламаны іске асыру тетіктері

      Инновациялық қызметке бағытталған зерттеу орталығы ретінде ЖОО қалыптастыру

      2019 – 2024 жылдары жоғары оқу орнының мақсатты бағыты қызметтің барлық бағыттарын интернационалдандыруға бағытталған кәсіпкерлік типтегі әлемдік деңгейдегі ұлттық зерттеу университетін қалыптастыру болып табылады.

      Университеттің стратегиялық басымдықтары аграрлық білімді, ғылымды жаңғыртуға және бизнес-ортамен интеграцияны күшейтуге, коммуникацияны жетілдіруге, қызметкерлерді басқаруға және т. б. бағытталған.

      Университеттің ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметін дамыту

      2024 жылға қарай перспективада:

      1) университетте орындалатын ҒЗТКЖ санын көбейту: бір оқытушыға ҒЗТКЖ қаржыландыру көлемін 2024 жылы 1,5 млн теңгеге дейін жеткізу;

      2) бір жыл ішінде алынған патенттердің жалпы санынан өндіріске инновациялық жобалардың нәтижелерін енгізу үлесін 34 % дейін ұлғайта отырып, ҒЗТКЖ нәтижелерін коммерцияландыру бойынша жұмысты күшейту;

      3) іске асырылатын жобалардың жалпы санынан халықаралық ғылыми-білім беру ынтымақтастығы шеңберінде орындалатын ғылыми жобалар санын 50 % дейін ұлғайту;

      4) ҚР АШМ ҒЗИ-мен ҒӨО интеграция бойынша жұмысты күшейту, бірлескен жобалар санын 20-ға дейін жеткізу;

      5) диплом жұмысын орындау барысында білім алушыларға жүргізілетін зерттеулер магистратурада және докторантурада ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде одан әрі жалғасатын болса, даярлаудың үш деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ету;

      6) ҚР АШМ әрбір ғылыми-зерттеу институтымен бірлескен ғылыми-инновациялық орталықтар құру;

      7) университет ғалымдарының зияткерлік қызметінің нәтижелерін халықаралық патенттеу жүйесін дамыту;

      8) оқу-ғылыми-зерттеу зертханаларының санын 50-ге дейін, халықаралық – 10-ға дейін жеткізу, онда белгілі шетелдік ғалымдар бірлесіп басқаратын болады;

      9) Шығыс Финляндия университетімен тамақ қауіпсіздігі бойынша, Малайзия университетімен "халал", Оңтүстік Корея университетімен ет және ет өнімдері бойынша және т. б халықаралық ғылыми зертханалар құру;

      10) Зияткерлік технологиялар және агротехника, Өмір мен денсаулық туралы ғылым, Энвайронментология және жаратылыстану ғылымдары бағыттары бойынша "өнімдік" мамандану қағидатымен пәнаралық зерттеулердің дамуына қарай халықаралық зертханаларды "Артықшылық орталығына" біріктіру;

      11) ИИДМБ зертханаларын алынған нәтижелерді коммерцияландыруға бағытталған іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді орындауға қосу;

      12) елдің барлық өңірлерінде, қолда бар ірі агроқұрылымдар, өңдеуші кәсіпорындар, кәсіпкерлерге қызмет көрсететін орталықтар базасында экономиканың аграрлық секторы үшін мамандар даярлаудың барлық бағыттары бойынша 3-тен 5-ке дейін пилоттық, пилоталды, қосымша пилоталды оқу-ғылыми-өндірістік орталықтар белгіленсін және олармен шарттар жасассын;

      13) білім алушылар арасында да, университеттің ОПҚ арасында да стартаптарды құру бойынша жұмыстарды жалғастыру жоспарлануда.

      Болашақта шағын ғылымды көп қажет ететін кәсіпорындар бастапқы кезеңде шағын көлемде нарықтық қатынастағы неғұрлым перспективалы инновациялық жобаларды жедел іске асыра алады. Оларды құру арқылы жас ғалымдарды жұмысқа орналастыру проблемасын қандай да бір дәрежеде шешуге, сондай-ақ олардың зерттеу нәтижелерін практикаға енгізу бойынша практикалық тәжірибе алуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Бұған қоса, білім беру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын интеграциялау және дамыту мақсатында мынадай ғылыми-зерттеу ұйымдары тартылатын болады:

      1) "Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ҒЗИ" ЖШС;

      2) "Ө. Ө. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты" ЖШС;

      3) "Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты" ЖШС;

      4) "Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС.

      Бұл жоғары білікті жас ғалым кадрларды даярлау сапасын арттыруға, сабақтастықты сақтау мақсатында тәлімгерлік институттарын нығайтуға, бизнес-құрылымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару органдарымен тиімді өзара іс-қимыл жасауға, алдыңғы қатарлы әлемдік практика тәжірибесін Қазақстан жағдайларына трансферттеу және бейімдеу мақсатында шетелдік жетекші ғылыми-зерттеу институттарымен және университеттермен тығыз ынтымақтастықты жолға қоюға мүмкіндік береді.

      Білім беру қызметін дамыту

      Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Ғылым туралы" заңдарына сәйкес университетте АӨК салалары үшін мамандар даярлау білім беру процесінде белгілі ғалымдардың басшылығымен және білім алушылардың тікелей қатысуымен жүргізілетін ғылыми зерттеулердің нәтижелерін белсенді пайдалануға негізделеді.

      Ғылыми-зерттеу қызметін дамыту, орындалатын ҒЗТКЖ көлемінің өсуі, отандық және шетелдік ғылыми орталықтардан ғалымдарды тарту оқытушылар мен білім алушылардың зерттеу қызметіне қатысу және оқытушының оқытушы-зерттеуші мәртебесіне ауысу пайызын ұлғайтады.

      Инновациялық білім беру технологиялары одан әрі дамитын болады. Атап айтқанда, қашықтан оқыту технологияларын және жаппай ашық онлайн-курстарын пайдалану арқылы жеке білім беру траекторияларын кеңінен енгізу жоспарлануда. Бағдарламаларды құру кезінде жобалық-бағдарланған және проблемалық-бағдарланған оқыту тәсілдерді қолданылады.

      Қазіргі заманғы әлемде үнемі тұтастай қоғамды, соның ішінде еңбек нарығын да қозғайтын әртүрлі өзгерістер орын алуда. Жыл сайын жаңа мамандықтар пайда болады, олар адамдардан жаңа білім алуды және оларды қолдану дағдыларын талап етеді. Университет осы деңгейге сәйкес болуы керек.

      Біріншіден, климат өзгеруде және ауыл шаруашылығы технологиялары жаңа маусымдық және ауа райы жағдайларына, оның ішінде ықтимал құрғақшылыққа, су тасқынына және температураның күрт ауысуына бейімделуге тура келеді.

      Екіншіден, үлкен мәселе – топырақтың тозуы. Бұл мәселені шешуде, аэробты қалпына келтіруді, яғни топырақты аэробты бактериялармен қанықтыруға мүмкіндік беретін технологияны қолдануға болады. Биопрепараттар мен биотыңайтқыштардың белсенді түрлерін өндіру арқылы, ауыл шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеу арқылы, өсімдіктер мен жануарлардың патогенді нысандарын жою үшін фагтық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы микробиологиялық өнеркәсіп қызметінің спектрін кеңейту.

      Осы жұмысты орындау үшін топырақ, су, ауа, жемшөп және т.б. сынамаларына уытты және қауіпті заттардың болмауы тұрғысынан күрделі зертханалық физикалық-химиялық және талдамалық зерттеулер жүргізу дағдыларын меңгерген арнайы дайындалған сарапшы-аудиторлар мен мамандар қажет.

      Сонымен қатар өсімдік шаруашылығындағы алуантүрлілік азаюда. Оны қалпына келтіру үшін селекция саласындағы жүргізілетін зерттеулерді айтарлықтай ұлғайту қажет, мысалы астық дақылдарының көпжылдық түрлерін ойлап табу.

      Саланы техникалық қайта жарақтандыру мәселесі Қазақстан үшін аса өзекті. Жер үсті сызбектерінің және аэротүсірілімнің көмегімен "нақты егіншілік" қағидаты дамып келеді. Қалаларда ғимараттардың ішінде және шатырларында жоғары технологиялы агрокешендер – "тік фермалар" салынатын болады.

      АҚШ-та баламалы энергетиканың құны дәстүрлі энергетикамен теңесіп қалды.

      Ауыл шаруашылығы мамандықтарының беделі артуда. Болашақтың мамандарына ақпараттық технологиялар мен биотехнологиялар саласында жүйелі ойлау, дамыған ұйымдастырушылық қабілеттер мен білім қажет болады.

      Сондықтан, ҚР АӨК үшін жоғары кәсіпқой кадрларды даярлау үшін мына салаларда білімді күшейту қажет:

      ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын, фермаларды автоматтандыру және ақпараттандыру;

      күрделі роботталған ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану;

      күрделі автоматтандырылған агрокешендерді жобалау және басқару;

      селекциялық-асылдандыру жұмысын және тұқым шаруашылығын дамыту;

      энергияның балама көздерін пайдалану;

      адам ресурстарын басқару саясатын жетілдіру;

      зерттеулер мен әзірлемелерді биотехнология, информатика және робототехниканың тоғысында жүргізу;

      экологиялық мониторинг.

      Білім беруде интернационалдандыруға ерекше көңіл бөлінеді:

      әлемдік жетекші университеттермен бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен енгізуге, соның ішінде ағылшын тілінде;

      бакалавриат пен магистратура мамандықтары үшін ағылшын тілінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу (кемінде 6 мамандық);

      ұлттық және халықаралық аккредиттеу және білім беру бағдарламаларының қайта аккредиттеуден өтуі;

      университетте оқу үшін шетелдік студенттерді тарту (2024 жылға қарай олардың үлесі 5 %-ды құрайды);

      - қашықтан оқыту режимінде шетелдік оқытушылармен және зерттеушілермен бірлесіп, ғылыми-білім беру қызметін ұйымдастыру. Шақырылған шетелдік ғалымдар, ҒЗИ ғалымдары және өндіріс өкілдері кафедра штатының 20 %-ын құрауы тиіс, оның ішінде шетелдік ғалымдар – 10 % дейін.

      Стамбул және Познань университеттерімен биологиялық азық-түлік қауіпсіздігі бойынша ВиртЛаб (Virtulab) виртуалды зертханасын құру бойынша басталған жұмыс жалғастырылатын болады.

      Орман инженериясы, анималогия, акваөсіру, қоршаған ортаны қорғау, жер және су проблемалары сияқты бағыттар бойынша жаңа зертханалар ашу жоспарлануда.

      Инновациялық білім беру технологиялары дамытылады. Жеке білім беру траекториялары, оның ішінде қашықтан оқыту нысандары мен білім беру модульдерін пайдалану арқылы енгізілетін болады. Бағдарламалар оқытудың жобалық және проблемалық бағдарланған тәсілдерін қолдана отырып түзілетін болады.

      Академиялық ұтқырлықты және білім беруді интернационалдандыруды дамыту үшін университет Қазақстанға неғұрлым тиімді орналасқан Орталық Азия өңірі елдерінен білім алушыларды көбірек тартуды жоспарлап отыр.

      Ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту, орындалатын ҒЗТКЖ көлемінің өсуі, отандық және шетелдік ғылыми орталықтардан ғалымдарды тарту ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысатын оқытушылар мен білім алушылардың пайызын ұлғайтады.

      Мына: белгілі бір жасқа жеткен тұлғалар үшін оқу жүктемесі 0,25 ставкадан аспайтын оқытушы-зерттеуші және оқытушы-кеңесші (еркін оқытушы) лауазымдары енгізіледі. Ұсынылатын жас: әйелдер – 65 жастан бастап, ерлер – 70 жастан бастап.

      Оқытушы-зерттеуші ғылыми зерттеулермен, ғылыми жобалармен айналысатын болады әрі магистрлік және докторлық диссертацияларға басшылық жасайтын болады.

      Еркін оқытушы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге консалтингтік қызмет көрсететін болады.

      Негізгі екпін магистрлер мен PhD докторларды дайындауға бағытталған.

      Жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар бойынша білім алушылардың санын арттыру жоспарлануда. 2024 жылға қарай магистратурада және докторантурада оқитындардың бакалавриатқа қатынасы 20-дан 80-ге дейін құрайды.

      Халықаралық ынтымақтастықты дамыту

      Мыналар жоспарға қойылды:

      халықаралық брэндингті дамыту;

      халықаралық рейтингтерде ЖОО-ның позициясын күшейту;

      ГринМетрик университеттерінің жаһандық рейтингінің талаптары шеңберінде Жасыл кампусты дамыту бойынша жұмысты жалғастыру;

      Грин Кампус жобасын әзірлеу.

      ГринМетрик басқа рейтингтер алдында бірқатар даусыз артықшылықтарға ие. Оның негізгі өлшемшарттарын іске асыру осы рейтингке кіруге және әлемдік жоғары оқу орындарының ішінде лайықты орын алуға мүмкіндік береді. Университетте "Greenkeeper", "Агроэкология", "Қоршаған ортаны қорғау", "Ландшафтық дизайн және көгалдандыру", "Орман қорғау орман өсіру", "Орман өсіру", "Қорғаныштық орман өсіру", "Орманды қалпына келтіру және орман өсіру", "Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдалану", "Экология және қоршаған орта мониторингі", "Өсімдіктердің биоинженериясы" білім беру бағдарламалары, сондай-ақ "Өсімдіктерді иммунды-диагностикалық және сауықтыру әдістері", "Аквамәдениет", "Көгалды шөптерді зиянкестер мен аурулардан қорғау", "Қоршаған орта және биологиялық әртүрлілікті сақтау", Заманауи "жасыл технологиялар" және экологиялық дизайн, Экологиялық мәдениет және т. б. пәндер енгізілген.

      Алда: халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігінде ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету; халықаралық ғылыми және білім беру жобаларының санын 32-ге дейін ұлғайту; бірлескен білім беру бағдарламаларын, қос диплом бағдарламаларын әзірлеу, академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру үшін шетелдік әріптестерді тартуға жәрдем көрсету; университеттің басқару аппаратына шетелдік ғалымдарды жоғары білікті кадрларды тарту саясатын әзірлеу; шетелдік әріптес жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтармен жасалған меморандумдар мен шарттар бойынша жұмысты жандандыру; шет тілдерін меңгерген ОПҚ-ның 30% үлесін қамтамасыз ету үшін кафедралардың штаттық ОПҚ үшін ағылшын және басқа да шет тілдерін білуге қойылатын талаптарды анықтау; докторантура, постдокторантура бағдарламалары бойынша оқуды жалғастыруға, шетелде ғылыми тағылымдамадан өтуді мақсат тұтқан қызметкерлерді іріктеуді жүргізу; халықаралық даму институттарымен, қауымдастықтармен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жұмысты күшейту керек.

      Кадрлық әлеуетті дамыту

      Икемді кадр саясаты университеттің стратегиялық дамуына қол жеткізуге бағытталған, онда атқаратын қызметіне, этникалық тиістілігіне, жеке қасиеттеріне және таңдалған мансаптық траекториясына қарамастан, әрбір қызметкердің үлесі бағаланады және көтермеленеді.

      Персоналмен жұмыс жасауды жетілдіру қызметкерлер мен білім алушыларды университеттің дамуын анықтайтын, негізгі құндылықтары ретінде мойындауға бағытталған. Бұл жұмыс барлық нысаналы топтарды (талапкерлерді, студенттерді, магистранттарды, докторанттарды, түлектер мен университет қызметкерлерін, ғылыми-білім беру қоғамдастығының, бизнестің, билік органдарының өкілдерін және т. б.) университеттің дамуына белсенді тартуға бағытталған.

      Университетте ғылыми әлеуеті зор, педагогикалық тәжірибесі мол, түрлі ұрпақ өкілдерінің, ғылыми мектептер мен бағыттардың сабақтастығын сақтаған шығармашылық ұжым қалыптасты. Университет интеллектуалдық ортаны, еңбек ақы мен әлеуметтік пакеттің бәсекеге қабілетті деңгейін қалыптастыру, жеткілікті материалдық-техникалық базаны дамыту арқылы жігерлі әрі бастамашыл жас адамдар үшін тартымды жұмыс орны болуға ұмтылады.

      Университеттің профессор-оқытушылар құрамы ғалымдар тек ғылыми қызметкерлер мен оқытушыларға бөлінбейтінін түсінеді. Барлығы да ғылыммен және оқытумен айналысуы керек. Университет, ҒЗИ және компаниялар мәлімдеген басымдықтар мен мақсаттарға қарамастан, бір-бірінің функцияларын тұрақты түрде орындайды. Соңғы жылдары ғылыми зерттеулермен айналысатын ОПҚ саны артты.

      Университет өз ресурстарын шоғырландыра алды және осы саладағы елдің бәсекеге қабілеттілігіне нақты әсер ететін аграрлық-индустриялық дамудың білім беру, ғылыми, инновациялық ортасының өзегі бола алды.

      Персоналмен жұмыс жасаудың жаңа парадигмасы:

      университеттің қызметі мен дамуына барлық мақсатты топтарды белсенді тартуды;

      университетке дарынды жастарды, жетекші шетелдік ғалымдар мен оқытушыларды тартуды көздейді. 2024 жылға қарай шетелдік ғалымдар мен оқытушылардың саны 11 %-ды құрайды.

      Стратегиялық коммуникацияларды (оның ішінде жұртшылықпен байланысты) дамыту жөніндегі қызмет төмендегілерге бағдарланған:

      халықаралық деңгейде жоғары оқу орнының танымалдығын және имиджін көтеру мақсатында ғылыми, білім беру және инновациялық қызметте университеттің мықты тұстарын өзектілендіру;

      халықаралық брэндингті дамыту;

      ЖОО ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету;

      халықаралық рейтингтерде ЖОО позициясын күшейту (QS нұсқасы бойынша 2024 жылға дейін топ-300 қатарына кіру).

      Студентке бағдарланған тәсілді енгізу және тәрбие қызметін жаңғырту

      Тәрбие жұмысының тиімділігі көбінесе тәрбие қызметінің мазмұны, әдістері мен технологиясы деңгейіне байланысты.

      Жаһандану дәуірінде адамзат прогрестің рухани-адамгершілік құндылықтарына қайта бағдарлануы қажет. Елбасы ұсынған "Мәңгілік ел" жалпыұлттық идеясы жастардың бойында биік адамгершілікті, азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, қазақстандық қоғамның игілігі үшін еңбек етуге әзір болуды сіңіруге, жаңа қазақстандық патриотизм мен бірлік сезімін қалыптастыруға бағытталған. Осы жерден "Мәңгілік ел" жалпыұлттық идеясын оқыту мен тәрбиелеуді біріктіруге бағытталған университеттегі тәрбие жұмысының тұжырымдамалық негізі шығады.

      Алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін алда:

      "Мәңгілік ел" патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайту бойынша іс-шаралармен қамтылған білім алушылардың үлесін 74 % дейін ұлғайту;

      жастар ұйымдарының қызметіне тартылған білім алушылардың үлесін студенттік және алқалық басқару органдарына 2024 жылға қарай 64,5 % құрайды;

      университеттің ГринМетрикке кіруіне байланысты "Жасыл ел" және СҚЖ бағдарламасына қатысатын студенттер санын 1000 адамға дейін жеткізу;

      құқық бұзушылықтың алдын алу, студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын дамыту бойынша құқық қорғау органдарымен белсенді өзара іс-қимыл негізінде білім алушылардың құқықтық санасын арттыру;

      спорттық секциялардың санын көбейту, оларды спорт түрлері бойынша түрлендіру, студент жастарды спорт секцияларына тарту бойынша жұмысты күшейту, салауатты өмір салтын дамыту;

      спорт залдарын кезең-кезеңмен жаңғырту және оларды спорттық мүкәммалмен жабдықтау;

      студенттер үйінде тұруға, университетте білім алушылардың тамақтануына қолайлы жағдай жасау;

      "Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы" жалпыұлттық жобасы шеңберінде тәуелсіздік жылдары жетістікке жеткен әртүрлі өңірлердегі, әртүрлі жастағы және түрлі ұлт өкілдеріндегі үздік түлектердің дерекқорын құру керек.

      Салауатты өмір салты мәдениетін нығайту білім алушыларды бұқаралық және танымал спорт түрлері бойынша жарыстарға қатысуға тарту арқылы және спорт секцияларына тартылған студенттердің санын арттыру жолымен қамтамасыз етілетін болады.

      Ғылыми-білім беру инфрақұрылымын дамыту

      Білім беру және ғылыми қызметтің жаңа сапасына қол жеткізу үшін ақпараттық ресурстарды ұлғайту және инновацияны енгізу есебінен университетке мынадай міндеттер қойылды:

      университеттің ақпараттық-талдау жүйесінің мәліметтеріне негізделген басқару шешімдерін қабылдауды қолдауды қамтамасыз ететін digital орталықты толық жабдықтау;

      Қазақстан-Беларусь агроинженерлік орталығын толық жарақтандыру;

      микроклонды көбею зертханасын және референтті сүт зертханасын ашу;

      "Агроуниверситет" ОТШ базасында агротехнопарк құру;

      электрондық түрге аудару есебінен қағаз құжат айналымының көлемін қысқарту;

      университеттің ғылыми мектептері қызметінің бағыттары мен нәтижелері туралы ақпараттық мәліметтер базасын құру;

      барлық қызметкерлер мен білім алушыларға ақпараттық, ғылыми және білім беру ресурстарына қол жеткізудің тиімді құралдарын ұсыну;

      университетте білім алушылар мен оқытушыларға, оның ішінде олардың мобильді құрылғыларына уақтылы ақпарат беру үшін цифрлық технологияларды енгізу;

      ғылыми басылымдардың, нормативтік-әдістемелік құжаттар мен анықтамалардың электрондық нұсқаларын қамтамасыз ету;

      студенттік жұмыстар банкін қалыптастыра отырып, "Антиплагиат" жеке жүйесін жаңғырту;

      университет қызметінің барлық бағыттары бойынша жалпыға қолжетімді ақпараттық ресурстар ретінде корпоративтік сайт пен білім беру порталын дамыту;

      университетті дамытудың басым бағыттары саласында интерактивтік коммуникациялардың мүмкіндіктерін арттыру, ғылыми әлеуметтік желілерде ғалымдардың қатысуын белсендіру;

      озық ақпараттық технологиялар саласында авторландырылған оқу орталықтарын (АОО) құру;

      Smart-технологияларды енгізу арқылы электронды университетті дамыту;

      ақпараттық-коммуникациялық ортаны және университеттің ғылыми және білім беру қызметінің ақпараттық ресурстарын дамыту (Wi-Fi сымсыз интернет, "Зерттеулер мен нәтижелер" ғылыми-көпшілік журналы, электрондық дайджест және т. б.);

      заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық технологиялар көмегімен университетті басқарудың интеграцияланған жүйесін дамыту.

      Инфрақұрылымды жетілдіру және дамыту университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басты шарты болып табылады. Бұл үшін алда:

      барлық заманауи талаптарға сай келетін 450 орындық жатақхана, медициналық пункт, компьютерлік зал, оқу залы бар кітапхана, тренажер залы, тамақтану пункті және т. б. қамтитын 1500,0 млн теңге сомасына 450 орындық жатақхана салу;

      №№ 3, 4, 6 оқу корпустарына күрделі жөндеу жүргізу;

      ЖОО зертханалары мен аудиторияларының 50%-дан астамын жаңғырту;

      жұмыс істеп тұрған объектілердің ресурс тиімділігін арттыру;

      қолданыстағы спорт ғимараттары мен әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін жаңғырту керек.

      Университеттің имидждік стратегиясы

      ЖОО-ның имидждік саясаты:

      стратегиялық жоспар әзірлеуді;

      университет миссиясын анықтауды;

      "event-management" имиджін қалыптастыруға бағытталған арнайы іс-шараларды өткізуді;

      бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық мониторингін ұйымдастыруды (баспа басылымдары, теледидар мен радиодағы, интернет-ресурстарда жаңалықтар топтамасы);

      өңірлерге шығуды (көрмелерге, тұсаукесерлерге қатысу – экономикадан бастап және мәдениетпен аяқтай отырып);

      республикалық және халықаралық деңгейлерде көрмелер, фестивальдар, форумдар, спорттық іс-шаралар өткізуді;

      әртүрлі мақсатты топтарға арналған имидждік шығарылымдар мен презентациялық әдебиеттер шығаруды;

      университет базасында қоғамдық тыңдаулар, талқылаулар өткізуді;

      бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты (баспасөз конференциялары, дөңгелек үстелдер, вебинарлар, баспасөз турлары, ЖОО басшыларының есептері және т. б.);

      өмірі мен қызметі университетпен байланысты белгілі адамдарды дәріптеуді;

      университеттің негізгі атрибуттарының бірыңғай стилі мен дизайнын жасауды;

      бірегей стильде орындалған жарнамалық-ақпараттық және кәдесый өнімдерін шығаруды;

      мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдеріндегі заманауи сайтты қамтиды.

      Университеттің имидждік стратегиясы мына негізгі міндеттерді шешуге бағытталған:

      университеттің кадрлық әлеуетін арттыру;

      ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды тиімді даярлау үшін жағдай жасау;

      жастарды ғылым, білім және жоғары технологиялар саласына бекіту;

      ұрпақтар сабақтастығын сақтау;

      үздік ғалымдарды, сарапшыларды тарту. 2024 жылға қарай университеттің ОПҚ 80 % ғылыми зерттеулер мен әзірлемелермен айналысатын болады;

      отандық аграрлық еңбек нарығының жоғары білікті мамандарға қажеттілігін қамтамасыз ету үшін кадрларды даярлау мен қайта даярлауға бағытталған талап етілетін озық білім беру бағдарламаларын әзірлеу, білім беру қызметін жаңғырту;

      ОПҚ және мамандардың шетел тілдерін меңгеру деңгейін арттыру (2024 жылға қарай ОПҚ кемінде 10 % IELTS, TOEFL сертификаттарын алады).

      ЖОО басқару жүйесі

      Университеттің даму стратегиясында мәлімделген мақсаттарға төмендегілер арқылы қол жеткізуге болады:

      басқару жүйесін трансформациялау, өзгерістерді басқару, мақсатты топтарды белсенді тарту;

      факультеттерді қайта ұйымдастыру және студенттермен, магистранттармен, докторанттармен және постдоктармен ғылыми жұмыс істеуге бағытталған ғылыми мектептердің жаңа ұйымдық нысандарын қалыптастыру. Зерттеу зертханалары мен Артықшылық орталықтары түйінді бірліктерге айналады.

      Университетті басқарудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жетілдіру Даму стратегиясында қойылған мақсаттарға қол жеткізудің аса маңызды құралы болып табылады, ол 2024 жылға қарай жоғары оқу орындарында жүзеге асырылатын барлық іскерлік бизнес-процестерді: персоналды есепке алудан бастап бухгалтерияны жүргізуден жоғары оқу орынның стратегиялық дамуы бойынша ұсыныстарды әзірлеуге дейін қамтиды.

      Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

      Жоғары оқу орынның 2030 жылға дейінгі дамуының негізгі жолдары:

      2020 – 2024 жылдар – әлемдік деңгейдегі ұлттық зерттеу университеті;

      2025 – 2030 жылдары – орнықты даму университеті болады.

      Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері

      Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көзделгендей, Қазақ ұлттық аграрлық университетінде білім беруді қаржыландыру жүйесі білім беру қызметтеріне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған.

      Университеттің қаржылық құрылымының басты мақсаты нәтижеге бағытталған қаржыландыру болып табылады. Қойылған мақсаттарға жету үшін білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған қаржыландырудың жаңа тетіктері әзірленді. Сондықтан университетті қаржыландыруды дамытудың перспективалы жоспары оқу орны стратегиясының миссиясына, мақсаттары мен міндеттеріне толық сәйкес келеді.

      Жоғары оқу орнының қаржылық моделі бюджеттің барлық деңгейлерінің тиімділігі, нәтижелілігі, басымдығы, ашықтығы, жауапкершілігі, шектеуі мен дербестігі қағидаттарына негізделеді.

      Университетте қаржы ресурстарын бөлу және материалдық активтерді қалыптастыру принциптері жоғары оқу орнының даму стратегиясына негізделеді және оның миссиясы мен мақсаттарына сәйкес келеді. Қаржы ресурстарын бөлудің басым бағыттары мыналар болып табылады: активтердің кіріс бөлігін ұлғайту, пайда алу, ОПҚ және білім алушылардың тиісті әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жасау, студенттердің жатақханаларда тұру жағдайларын жақсарту, оқытушылардың жалақысын арттыру, материалдық-техникалық базаны үнемі жабдықтау және жаңарту.

      Бұл модельді іске асыру университеттің шоғырландырылған бюджеті кірісінің жоғары динамикасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Шығындардың бір бөлігі, атап айтқанда сыртқы академиялық ұтқырлық, шетелдік оқытушыларды және зерттеушілерді шақыру, жаңа оқу бағдарламаларын әзірлеу, тағылымдама және т.б. шығыстар қосымша қажетті шығыстарды жабатын мемлекеттік білім беру грантының құнын арттыру есебінен қаржыландырылатын болады (мемлекеттік білім беру грант құнын арттыру Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарында қарастырылған).

      Вагенинген университетімен (Нидерланды) және қос диплом бағдарламаларымен мамандар даярлау 204 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы, 100 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау және білімгерлерге әлеуметтік қолдау көрсету" қосалқы бағдарламасы аясында мемлекеттік білім грантының құнын арттыру жолымен жүзеге асырылады.

      Инфрақұрылымның қолданыстағыларын жаңғыртуға және жетіспейтінін құруға байланысты инвестициялар үшін қаржыландыру көздері, көлемі мен бағыттары бюджеттік заңнамаға сәйкес тиісті инвестициялық ұсыныстарды, жобалық құжаттаманы және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу және бекіту барысында анықталады.

      ИҒТЖ-ды жүзеге асыру шығындары ғылыми зерттеулерді мақсатты бағдарламалық қаржыландыру шеңберінде (Білім және ғылым министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, бюджеттік бағдарламалардың басқа әкімшілері) заңнамада белгіленген тәртіппен ғылыми зерттеулерді мақсатты бағдарламалық қаржыландыруды алуға арналған конкурстарға қатысу нәтижелері негізінде қаржыландырылатын болады. Сонымен қатар ғылыми зерттеулерді кеңейту мақсатында Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыруы, басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес көздерден гранттар тартылатын болады.

      Инфрақұрылымның қолданыстағыларын жаңғыртуға, жетіспейтінін құруға және инновациялық орталықтар мен зертханаларды құруға жұмсалатын шығындар Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жоба алды құжаттарды әзірлеу кезінде айқындалатын болады.

      Қаржыландыруға ҚазҰАУ-дың жеке қаражатынан басқа демеушілік қаражат (1), шетелдік және халықаралық ұйымдардың гранттары (2) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер (3) пайдаланылады.

      Осылайша, ағымдағы іс-шараларды қаржыландырудың негізгі көздері
10 966,9 млн. теңге мөлшерін құрайтын ҚазҰАУ-дың жеке қаражаты болып табылады. Күрделі шығыстарды қаржыландыру мөлшері және көздері жоба алды және жобалық құжаттама қалыптастыру кезінде анықталады, бұл ретте республикалық бюджеттен қосымша қаржы қаражатын бөлу көзделмеген.

      1-стратегиялық бағыт. Инновациялық қызметке бағытталған зерттеу орталығы ретінде ЖОО қалыптастыру

      Мақсаты: елдің ғылыми-технологиялық және әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес университеттің ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметін дамыту

Нысаналы индикаторлар

2019 факт

Жоспар

2020

2021

2022

2023

2024

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

Білім беру процесіне ЖОО-ның ғылыми-инновациялық зерттеулерінің енгізілген нәтижелерінің үлесі

53

55

57

59

60

62

2.

Өндіріске ЖОО-ның ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының енгізілген нәтижелерінің үлесі

32

34

36

38

39

40

3.

Ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің жалпы санына Web of Science немесе Scopus индекстелетін халықаралық рейтингтік журналдарда соңғы 3 жыл ішінде жарияланған ғылыми мақалалардың үлесі

28

30

32

34

36

39

4.

Ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің бірлігіне жеке компаниялар, ұйымдар мен қорлар (оның ішінде халықаралық) үшін жұмыстарды орындау / қызметтер көрсету нәтижесінде соңғы 3 жыл ішінде алынған жалпы табыстың сомасы

кемінде 0,8 млн теңге

кемінде 1,0 млн теңге

кемінде 1,2 млн теңге

кемінде 1,5 млн теңге

кемінде 1,7 млн теңге

кемінде 1,9 млн теңге

5.

Елдің индустриялық-инновациялық дамуы шеңберінде кадрларды озыңқы даярлау үшін қазіргі заманғы зертханалық жабдықтармен қамтамасыз етілу үлесі

77

78

79

80

81

82

      1-міндет. Әлемдік деңгейге сәйкес ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

2019 факт

Жоспар

2020

2021

2022

2023

2024

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

Жарияланымдардың жалпы санынан импакт-факторы жоғары журналдардағы ОПҚ жарияланымдарының үлесі

4,8

4,9

5,1

5,3

5,5

5,8

2.

Соңғы 3 жыл ішінде Web of Science немесе Scopus индекстелетін халықаралық рейтингтік журналдарда жарияланған ғылыми мақалалар санының ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің жалпы санына қатынасы

кемінде 1:5

кемінде 1:5

кемінде 1:5

кемінде 1:5

кемінде 1:5

кемінде 1:5

3.

Соңғы 3 жыл ішінде Web of Science немесе Scopus индекстелетін халықаралық рейтингтік журналдарда жарияланған ғылыми мақалалардың жалпы санынан шетелдік оқытушылармен/ зерттеушілермен бірлескен авторлықтағы ғылыми жарияланымдардың үлесі

15%
кем емес

15%
кем емес

15%
кем емес

15%
кем емес

15%
кем емес

15%
кем емес

4.

Зияткерлік меншік объектілеріне қорғау құжаттарының саны

30

35

40

45

47

50

5.

Университет және оның ұйымдарының жобалары негізінде құрылған стартаптар саны

11

13

15

17

19

22

6.

Хирш индексі 1-ге тең және одан жоғары ғалымдар саны

15

17

20

22

25

30

7.

Соңғы 5 жыл ішінде Web of Science немесе Scopus индекстелетін халықаралық рейтингтік журналдарда жарияланған ғылыми мақалалардың дәйексөзделуінің орташа деңгейі

кемінде
1.0
 
кемінде 1.0
 
кемінде 1.0
 
кемінде
1.0

кемінде
1.0
 
кемінде
1.0
 
8.

Аяқталған ғылыми жобалардың жалпы санынан коммерцияландырылған жобалардың үлесі

12

14

16

18

20

22

9.

Өнертабысқа авторлық куәліктер, патенттер және басқа да қорғау құжаттарын алған ОПҚ үлесі

9

11

13

15

17

20

10.

Ғылыми-зерттеу қызметіне тартылған профессор-оқытушылар құрамының үлесі

кемінде 65%

кемінде 65%

кемінде 65%

кемінде 65%

кемінде 65%

кемінде 65%

11.

Ғылыми-зерттеу жобаларының жалпы саны

кемінде 50

кемінде 50

кемінде 50

кемінде 50

кемінде 50

кемінде 50

12.

ЖОО-ның жалпы бюджетінде ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша алынған табыс үлесі

9,0

10,0

11,0

12,0

13,0

14,0

13.

Халықаралық ғылыми-білім беру ынтымақтастығы шеңберінде іске асырылатын жобалар саны

23

25

27

29

30

32

14.

Бір оқытушының кіріс сомасы (млн тг)

0,8

кемінде 1,5

кемінде 1,5

кемінде 1,5

кемінде 1,5

кемінде 1,5

15.

Елдің ғылыми-технологиялық және әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары бойынша экономикалық қызмет субъектілерімен бірлесіп іске асырылған ғылыми-инновациялық жобалар мен бағдарламалардың саны

20

25

30

35

40

45

16.

Инновациялық құрылымдарда зерттеулерді жүзеге асыратын білім алушылардың үлесі
Бакалавриат
Магистратура
Докторантура

20
70
100

20
70
100

20
70
100

20
70
100

20
70
100

20
70
100

      2-міндет. Инновациялық инфрақұрылымды құру және дамыту

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

2019 факт

Жоспар

2020

2021

2022

2023

2024

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

Қазіргі заманғы жабдықтары бар жұмыс істеп тұрған инновациялық ғылыми бөлімшелердің, оның ішінде агротехнопарк, бизнес инкубаторлар, инновациялық орталықтар мен ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру орталықтарының саны

7

8

8

9

10

10

2.

Қолданыстағы инновациялық зертханалар саны

40

38

35

32

30

28

3.

Өндіріске енгізілген ғылыми зертханаларда іске асырылған инновациялық жобалар саны

19

20

21

21

22

22

4.

Аккредиттелген және сертификатталған ғылыми зертханалардың саны

2

3

3

4

4

5

5.

Бірлескен халықаралық орталықтар мен зертханалардың саны

7

9

11

13

13

13

      2-стратегиялық бағыт. Бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау

      Мақсаты: Білім сапасын арттыру

Нысаналы индикаторлар

2019 факт

Жоспар

2020

2021

2022

2023

2024

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

ЖОО әлемдік рейтингтерге қатысуы:
QSWorldUniversityRanking Рейтингі
 
QS рейтингі Дамушы Еуропа және Орталық Азия
 
UI GreenMetric WUR әлемдік рейтингке қатысу

топ
700
 
топ 100
 
топ 500

топ
500
 
топ
100
 
топ
400

топ
400
 
топ
100
 
топ
200

топ
400
 
топ
100
 
топ
100

топ
300
 
топ
50
 
топ
100

топ 300
 
топ 50
 
топ 100

2.

Аккредиттелген білім беру бағдарламаларының үлесі

95

95

96

97

98

99

3.

Білім алушылардың оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілуі

100

100

100

100

100

100

4.

Жұмыс берушілердің мамандарды даярлау сапасына қанағаттану деңгейі (әлеуметтік сауалнамадан)

84,8

84,9

85

86

87

90

      3-міндет. Болон процесінің қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз ету

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

2019 факт

Жоспар

2020

2021

2022

2023

2024

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

3-4 курс студенттерінің контингентінен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша, оның ішінде QS-top 800 кіретін жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің үлесі

7

8

9

10

10

11

2.

Жыл сайын бүкіл оқу кезеңінде кемінде бір академиялық кезеңде шетелде оқитын магистранттардың, PhD докторанттарының үлесі (магистранттардың, докторанттардың жалпы санынан үлесі)

9

11

13

15

15

16

3.

Білім алушылардың жалпы контингентінің QS-top 800 тобына кіретін ҚР ЖОО, ҒЗИ, ғылыми орталықтарда және / немесе шетелдік жоғары оқу орындарында тағылымдамадан немесе оқудан өткен білім алушылардың үлесі:
Бакалавриат
Магистратура
Докторантура

2,0
100
100

2,5
100
100

3,0
100
100

4,0
100
100

5,0
100
100

5,5
100
100

4.

Шетелдік серіктес жоғары оқу орындарының қатысуымен әзірленген білім беру бағдарламаларының үлесі

45

50

53

55

57

59

5.

Штаттағы оқытушылар санынан ғылыми дәрежелері мен атақтары бар оқытушылардың үлесі
Бакалавриат
Магистратура
Докторантура

62
100
100

65
100
100

68
100
100

70
100
100

72
100
100

75
100
100

6.

Жалпы контингенттен ЖОО-дағы шетелдік білім алушылардың үлесі

1

2

3

3

4

5

7.

Ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің жалпы санындағы шақырылған шетелдік оқытушылар мен зерттеушілердің үлесі

5

8

10

10

11

11

8.

Шетелдік жоғары оқу орындарымен, ҒЗИ және ғылыми орталықтармен жасалған меморандумдардың саны

40

50

60

60

65

70

9.

QS-top 800 кіретін шетелдік жоғары оқу орындарымен және ғылыми - білім беру орталықтарымен жасалған шарттар саны

15

17

20

22

24

25

      4-міндет. Ұлттық және халықаралық аккредиттеу агенттіктерінде аккредиттелген білім беру бағдарламаларының пакетін кеңейту

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

2019 факт

Жоспар

2020

2021

2022

2023

2024

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

Білім алушылардың контингенті

8400

8950

9600

10000

10000

10000

2.

Білім алушылардың үлесі:
Бакалавриат
Магистратура және докторантура

78
22

75
25

72
28

70
30

75
25

80
20

3.

Ұлттық/ халықаралық агенттіктерде институционалдық/мамандандырылған аккредиттеуден өткен білім беру бағдарламаларының үлесі:
Бакалавриат
Магистратура
Докторантура

98
100
100

98
100
100

100
100
100

100
100
100

100
100
100

100
100
100

4.

БСҚТҚА, АРТА, РРА ұлттық рейтингтеріне қатысуы

топ
10

топ
10

топ
10

топ
10

топ
10

топ
10

5.

Мамандықтардың бағдарламалық рейтингіне қатысу: ауыл шаруашылығы. бакалавриат және магистратура білім беру деңгейлері бойынша ғылым мен технологиялар, ветеринария және қызметтер (БСҚТҚА)

1 орын

1
орын

1
орын

1
орын

1
орын

1
орын

6

Мамандықтардың бағдарламалық рейтингіне қатысу: ауыл шаруашылығы. білім беру деңгейлері бойынша ғылым және технологиялар, ветеринария және АРТА қызметтері бакалавриат/-магистратура / - докторантура

1 орын

1
орын

1
орын

1
орын

1
орын

1
орын

7

Мамандықтар бойынша бағдарламалық рейтингке қатысу: республикалық рейтинг агенттігі

1 орын

1
орын

1
орын

1
орын

1
орын

1
орын

8.

Жаңа және инновациялық білім беру бағдарламаларының саны

5

7

9

10

12

13

      5-міндет. Университеттің білім беру қызметін жетілдіру

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

2019 факт

Жоспар

2020

2021

2022

2023

2024

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

Электрондық оқыту шеңберінде өткізілетін оқу сабақтарының үлесі (сабақтардың жалпы санынан)

55

58

60

62

65

67

2.

Жұмыс оқу жоспары пәндерінің жалпы санына шаққанда шет тілінде оқытылатын оқу пәндерінің үлесі

35

40

45

50

55

60

3.

Қашықтықтан оқыту технологиясымен қамтылған мамандықтар үлесі

88

89

90

91

92

93

4.

Білім беру бағдарламалары бойынша шығарылған оқулықтар, оқу құралдары мен әдістемелік ұсынымдардың саны

400

420

430

450

460

470

5.

Ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламаларының саны

45

55

65

75

85

95

      6-міндет. Жұмысқа орналастыру бағдарламасын дамыту

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

2019 факт.

Жоспар

2020

2021

2022

2023

2024

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру (бітірушілердің жалпы санынан жұмысқа орналасу %), оның ішінде мамандығы бойынша

84
 
65

85
 
66

86
 
67

87
 
68

88
 
69

89
 
70

2.

Кейіннен жұмысқа орналастыру мүмкіндігімен өндірістік практика базаларымен қамтамасыз етуге жұмыс берушілермен жасалған шарттардың саны

198

199

200

210

220

230

3.

Өндірістік практика базаларымен қамтамасыз етілген білім алушылардың үлесі

100

100

100

100

100

100

4.

Жалпы контингенттегі жұмыс берушілердің, әлеуметтік серіктестердің гранттары бойынша студенттердің үлесі

2,3

2,4

2,5

2,7

2,8

3,0

      7-міндет. Корпоративтік басқарудың ашық жүйесін құру

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

2019 факт

Жоспар

2020

2021

2022

2023

2024

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

Университеттің жалпы түсіміндегі коммерциялық қызметтен түскен табыстың үлесі

2

3

4

6

8

10 есе ұлғаю

2.

Біліктілікті арттырудан өткен ОПҚ үлесі,
оның ішінде шетелде

26,8
 
3,0

26,9
 
3,1

27
 
3,2

27,3
 
3,3

27,5
 
3,4

28,0
 
3,5

3.

Ағылшын тілін білетін оқытушылардың үлесі

17

21

25

30

35

40

4.

Университет оқытушыларының жалпы санынан жас ғалымдардың үлесі

30

35

40

45

50

55

      3-стратегиялық бағыт. Білім беру және ғылыми инфрақұрылымды дамыту

      Мақсаты: университеттің материалдық-техникалық базасын жетілдіру

Нысаналы индикаторлар

2019 факт

Жоспар

2020

2021

2022

2023

2024

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

Қамтамасыз ету нормативтеріне сәйкес білім алушылардың жалпы санынан білім алушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету

70

70

70

70

70

70

2.

ЖОО МТБ нығайтуға бағытталған жұмыс берушілер, шетелдік компаниялар және т. б. қаражатының үлесі (МТБ қаржыландырудың жалпы көлемінен % )

4

5

6

6,5

7

7,5

3.

Оқу үдерісін ақпараттық қамтамасыз ету үлесі

100

100

100

100

100

100

      8-міндет. Материалдық-техникалық базаны дамыту

Нысаналы индикаторлар

2019 факт

Жоспар

2020

2021

2022

2023

2024

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

Студенттік жатақханалардың іске берілген саны (нормативтерге сәйкес төсек-орын, бірлік)

-

-

-

1

1

1

2.

Тұрғын үйге мұқтаж студенттердің жалпы санынан жатақханаларда тұрғын үймен қамтамасыз етілген студенттердің үлесі

70

70

70

70

70

70

3.

Жұмыс берушілермен және МТБ дамыту жөніндегі шетелдік инвесторлармен жасалған шарттардың саны

4

5

6

7

8

9

4.

Кітапхана қорын жыл сайын жаңарту

10

10

10

10

10

10

5.

Жалпы кітапхана қорындағы мемлекеттік тілдегі оқулықтар, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер үлесі

75

75

75

75

75

75

6.

Сатып алынған ғылыми-әдістемелік әдебиеттердің үлесі

25

25

25

25

25

25

7.

Сатып алынған зертханалық жабдықтардың үлесі

40

43

45

47

50

52

8.

Бағыттар бойынша ғылыми журналдардың саны (ThomsonReuters, Springer, Elsevier)

452

452

452

452

452

452

      9-міндет. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

2019 факт

Жоспар

2020

2021

2022

2023

2024

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

Жаңартылған компьютерлік техника саны

300

350

400

400

450

500

2.

Жаңартылған ұйымдастыру техникасының саны

150

150

200

200

250

250

3.

Университеттің жалпы аумағынан WiFi қамту пайызы

95

100

100

100

100

100

4.

Интернетке қосылудың жалпы өткізу қабілетін арттыру (Мб/с)

400

450

480

500

520

550

5.

Оқу корпустарының СКС жабдықтау пайызы

75

85

90

95

100

100

6.

Университет ғалымдарының ғылыми әлеуметтік желілерде қатысу үлесі

75

80

85

90

95

100

7.

Білім алушылардың плагиаттың болуына жазбаша жұмыстардың барлық түрлерін автоматтандырылған тексеруді енгізу үлесі

75

100

100

100

100

100

8.

Webometrics әлемдік рейтингінде университет сайтының орны

4000+

3500+

3000+

2500+

2000+

1500+

9.

Ашық Интернетке қол жеткізуде орналастырылған толық мәтінді құжаттардың (білім беру әдістемелері мен технологиялары, білім беру сапасының стандарттары, оқулықтар, құралдар, өзін-өзі оқыту, препринттер, мақалалар, зерттеу нәтижелері) саны

3000

4000

5000

6000

6500

7000

      4-стратегиялық бағыт. Студентке бағдарланған тәсілді енгізу және тәрбие қызметін жаңғырту

      Мақсаты: оқушыларды тәрбиелеуде тұлғалық-бағдарлы тәсілді іске асыру

Нысаналы индикаторлар

2019 факт

Жоспар

2020

2021

2022

2023

2024

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

Қоғамдық пайдалы қызметке тартылған білім алушылардың үлесі

45

48

50

52

53

55

2.

Республикалық және халықаралық іс-шаралар мен жобаларға (симпозиумдар, форумдар, слеттер, олимпиадалар және т. б.) қатысатын білім алушылардың үлесі)

50

52

54

55

56

57

3.

Жастарды жастар ұйымдарын қолдау және дамыту ресурстық орталықтарының, студенттік өзін-өзі басқару органдарының қызметтерімен қамту

61

62,5

63

63,5

64

64,5

      10-міндет. Тәрбие жұмысының жүйесін жетілдіру, студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

2019 факт

Жоспар

2020

2021

2022

2023

2024

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

Әлеуметтік осал топтардан шыққан, талантты және белсенді жастарды қолдауға бағытталған қаржыландыру үлесі

3,4

3,5

3,6

3,7

3,8

3,9

2.

Жастар ұйымдарының қызметіне, студенттік өзін-өзі басқару және университетті алқалық басқару органдарына тартылған білім алушылардың үлесі

64

68

70

71

72

73

3.

"Мәңгілік Ел" патриоттық идеяларының, "Рухани жаңғыру" бағдарламасының Рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтуға бағытталған іс-шаралармен қамтылған жастардың үлесі

68

69

70

72

73

74

4.

Волонтерлік қозғалысқа, СҚЖ, "Жасыл ел" және т. б. тартылған студенттердің үлесі

28

29

30

32

33

35

5

Студенттердің болашақ кәсіби қызметін танымал ету бойынша университеттің коворкинг-орталығы базасында өткізілетін іс-шаралар саны

4

7

9

10

12

14

6

Университеттік дәстүрлерді, студенттік әдет-ғұрыптарды қалыптастыру және университеттің Brаnd өнімін ілгерілету бойынша іс-шаралар саны

3

5

7

9

10

12

7

Университеттің "психологиялық кеңес беру орталығы" қызметі шеңберінде психологиялық және консультациялық қолдау бағдарламасы бойынша іс-шаралармен қамтылған студенттердің үлесі

-

6

10

14

18

20

      Міндет 11. Жастардың азаматтық белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

2019 факт

Жоспар

2020

2021

2022

2023

2024

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

Республикалық және халықаралық іс-шараларда жүлделі орындарға ие болған білім алушылардың үлесі

8

9

10

11

12

13

2.

Халықаралық жастар ұйымдарымен және бірлестіктермен, серіктес жоғары оқу орындарының жастар ұйымдарымен ынтымақтастық меморандумдарын жасасу

2

3

5

6

9

10

3.

Студент жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыру және дамыту бойынша құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған іс-шаралар саны

13

15

18

20

22

24

      12-міндет. Жан-жақты дамыған тұлға мен салауатты өмір салтын қалыптастыру

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

2019 факт

Жоспар

2020

2021

2022

2023

2024

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

"Н. Назарбаев Білім және ғылым орталығы", студенттік шығармашылық орталығы, О. Сүлейменов атындағы әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбиелеу институты жанындағы жастар орталығының және басқа да студенттік жастар орталықтарының жұмысына қатысатын студенттердің үлесі

55

58

60

62

63

65

2.

Спорт секцияларына тартылған білім алушылардың үлесі

37

39

41

43

44

45

3.

Ұлттық студенттік лигаға қатысатын білім алушылардың үлесі

0,9

1

1,2

1,3

1,4

1,5

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

АОО

авторландырылған оқу орталығы

АО

ахуалдық орталық

АРТА

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі

АШТӨ

ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер

БСҚТА

Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік

ҒЗЖ

ғылыми-зерттеу жұмысы

ҒЗТКЖ

ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар

ҒЗИ

ғылыми-зерттеу институты

ҒӨО

ғылыми-өндірістік орталығы

ДБҰ

дербес білім беру ұйымы

ДЗМҰ

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы

ДСҰ

Дүниежүзілік сауда ұйымы

ЖАО

жергілікті атқарушы органдар

ЖБҚИ

жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі

ЖІӨ

жалпы ішкі өнім

ЖШС

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

ЖОЖ

жұмыс оқу жоспары

ЖОО

Жоғары оқу орны

ЖЭК

жаңартылатын қуат көздері

ЗУ

зерттеу университеті

ИИДМБ

Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы

ҚазҰАЗУ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

ҚазҰАУ

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

ҚР АӨК

Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешені

ҚР АШМ

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

ҚР БҒМ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

ҚР ҰҒА

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы

МТБ

материалдық-техникалық база

ОҒӨО

оқу-ғылыми-өндірістік орталығы

ОПҚ

профессор-оқытушылар құрамы

СҚЖ

студенттік құрылыс жасағы

РОӘК

Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі

РМК

республикалық мемлекеттік кәсіпорын

РРА

Республикалық рейтинг агенттігі

ФАО

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы

INSEAD

Еуропалық бизнесті басқару институты

KU

Конкук университеті (Оңтүстік Корея)

PENN

Пенсильвания университеті (АҚШ)

QS

Quacquarelli Symonds World University Rankings

SWOT

S - күшті жақтары; W - әлсіз жақтары; O - мүмкіндіктері; T – қауіптер

UEF

Шығыс Финляндия Университеті

UPM

Путра университеті (Малайзия)

WUR

Вагенинген университеті (Нидерланды)

Назад к документу

"Қазақ ұлттық аграрлық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамына зерттеу университеті мәртебесін беру және оның 2020 – 2024 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы (өзгертулер 23 қазан 2020) P2000000707

Соңғы құжаттар
t.Recent updates
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 292266
    Қазақ тілінде 145365
    Орыс тілінде 145348
    Ағылшын тілінде 1553
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы