Реклама +7(700) 388 81 09
< Назад к документу

"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2021 – 2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 945 қаулысы.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.06.2022 № 443 қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 184-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2021 – 2030 жылдарға арналған даму жоспары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.06.2022 № 443 қаулысымен.

      2. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
  2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 945 қаулысымен
бекітілген

"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2021 – 2030 жылдарға арналған даму жоспары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.06.2022 № 443 қаулысымен.

Мазмұны

      Ескерту. Мазмұнға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.06.2022 № 443 қаулысымен.

      Кіріспе

      1-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау

      1-кіші бөлім. Сыртқы ортаны талдау

      2-кіші бөлім. Ішкі ортаны талдау

      3-кіші бөлім. Азық-түлік келісімшарт корпорациясына SWOT талдау

      2-бөлім. Азық-түлік келісімшарт корпорациясының миссиясы мен пайымы

      3-бөлім. Қызметтің стратегиялық бағыттары

      1-кіші бөлім.      Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және астық нарығын тұрақтандыруға қатысу

      2-кіші бөлім.      Егіс алқаптарын әртараптандыруға және АӨК субъектілерін қаржылық қолдауға жәрдемдесу

      3-кіші бөлім.      Ауыл шаруашылығы дақылдарының сапасы мен егін шығымдылығын арттыруға жәрдемдесу

      4-кіші бөлім.      АӨК тұрақты азықтық базасын құруға жәрдемдесу

      5-кіші бөлім.      Астық экспортының дамуына жәрдемдесу

      6-кіші бөлім.      Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қызметінің тиімділігін арттыру

      4-бөлім. Қызметтің түйінді көрсеткіштері

      5-бөлім. Даму жоспарын іске асыру тәуекелдері және тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

      1-қосымша. "Азық-түлік келісімшарт корпорациясының стратегиялық картасы

      2-қосымша. "Қызметтің негізгі көрсеткіштерін есептеу әдістемесі

Кіріспе

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.06.2022 № 443 қаулысымен.

      "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Азық-түлік келісімшарт корпорациясы, Корпорация) "Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 24 ақпандағы № 260 қаулысына сәйкес құрылды.

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысымен Азық-түлік келісімшарт корпорациясы акцияларының мемлекеттік пакеті "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берiлді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 326 қаулысына сәйкес Азық-түлік келісімшарт корпорациясының акциялары республикалық меншікке берілді, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – АШМ) берілді.

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясының 2021 – 2030 жылдарға арналған даму жоспары (бұдан әрі – Даму жоспары) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын ескере отырып әзірленді, Азық-түлік келісімшарт корпорациясының миссиясын, оның пайымын, 2030 жылға дейінгі қызметтің стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, міндеттерін және түйінді көрсеткіштерін айқындайды.

      Даму жоспарын әзірлеу кезінде мына құжаттарда көрсетілген мақсаттар мен міндеттер ескерілді:

      1) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" Қазақстан халқына Жолдауы (бұдан әрі – "Қазақстан-2050" Стратегиясы);

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспары);

      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 960 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – АӨК дамыту тұжырымдамасы);

      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 732 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба (бұдан әрі – АӨК ұлттық жобасы).

1-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау

1-кіші бөлім. Сыртқы ортаны талдау

1-тарау. Астық саласындағы ағымдағы ахуал

      Ескерту. 1-тарауға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.06.2022 № 443 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасында бүкіл ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптарының құрылымында (2019 жылы 22,14 млн га) негізгі үлесті (69,6 % немесе 15,4 млн га) дәнді дақылдар алады.

      Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығарылымындағы астық өндірісінің үлесі – 17,3 % немесе 0,8 трлн теңгені (Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің 2018 жылғы деректері) құрайды.

      Қазақстанның астық өндірісіне шамамен 45 мың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер, АШТӨ), оның ішінде 227 ірі және орта кәсіпорындар, 44,7 мың шағын шаруа және фермер қожалықтары тартылған.

      Астық өндірісі Қазақстанға жылына орта есеппен 10 млн тоннаны құрайтын ішкі қажеттіліктерді толық қамтамасыз етуге және бидай өндірушілер мен экспорттаушы жетекші елдердің қатарына кіруге мүмкіндік береді.

      Бидай басым дақыл болып табылады, оның үлесіне барлық егістіктің 51,6 %-ы (2019 жылы 11,4 млн га) және дәнді дақылдардың жалпы өнімінің 65,7 %-ы (2019 жылы 11,5 млн тонна) тиесілі.

      Қалған дәнді дақылдардың егістік алқаптары (2019 жылғы деректер): арпа – 3 млн га (барлық дәнді дақылдар егістерінің 19,4 %), сұлы – 245,3 мың га (1,6 %), жүгері – 156,5 мың га (1,02 %), күріш – 102 мың га (0,7 %), басқа дәнді-бұршақты дақылдар – 484,5 мың га (3,1 %) құрайды.

Қазақстан Республикасында 2014 – 2019 жылдардағы дәнді дақылдар өндірісі, млн тонна

      Дәнді дақылдар егістігінің негізгі алқаптары тәуекелді егіншілік аймақта орналасқан, осыған байланысты өндіріс көлемінің тұрақты өсу динамикасы жоқ, әр жылы күрт ерекшеленуі мүмкін, бұл көбінесе күн райы-климаттық жағдайларға байланысты.

      Қазақстанда қолайлы мезгілдердің кезеңі қатты жауын-шашын болатын аса ылғалды жылдармен, суық ерте келетін және қар ерте түсетін жағдайлармен ұласуы мүмкін. Бұл ретте дәнді дақылдардың пісіп-жетілу кезеңінде циклдік құрғақшылық негізгі проблема болып қала бермек, бұл өнімнің көп жойылуына әкеледі.

      Астық өндірісінің тұрақсыздығы және осының салдарынан бағаның күрт ауытқуы ішкі нарық субъектілері үшін проблема болып отыр. Бұл факторлардың әсері Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығының өнімдері бағасының құбылмалылығын арттырады.

      Бағаның күрт ауытқуын төмендету мақсатында мемлекет Азық-түлік келісімшарт корпорациясы жүзеге асыратын интервенциялық операциялар арқылы ішкі астық нарығын реттеу тетіктерін қолданады.

      Басқа ауыл шаруашылығы дақылдары өндірісінің төмен деңгейі аясында Қазақстанның астықпен толық қамтамасыз етілуіне байланысты елде қазіргі уақытта бидай үлесін азайтуға және азықтық, майлы және басқа да дақылдар өндірісін ынталандыруға бағытталған өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірісін әртараптандыру саясаты іске асырылуда.

      Нәтижесінде соңғы 10 жылда бидай алқабы 22,6 %-ға (3,34 млн га) қысқарды, зығыр (2100 %-ға өсті), соя бұршақтары (163 %), мақсары (74 %), сұлы (61 %), арпа (62 %), жүгері (55 %), рапс (50 %) егістіктері ұлғайды.

2009 және 2019 жылдары бидайдың егістік алаңдары, мың га

2009 және 2019 жылдардағы кейбір дақылдардың егістік алаңдары, мың га

      Сыртқы өткізу нарықтарында сұранысқа ие басым дақылдар өндірісін одан әрі дамыту үшін зор әлеует бар. Мәселен, Қазақстан қысқа мерзім ішінде әлемдік зығыр нарығын жаулап алып, осы дақыл өндірісі мен экспорты бойынша көшбасшы атанды. 2019 жылы Қазақстан Республикасында зығырдың егістік алаңдары 1,3 млн га жетті, 1 млн тонна зығыр өндірілді және 179,5 млн АҚШ доллары сомасына 512,7 мың тонна экспортталды.

      Сонымен қатар, өнім шығымдылығын ұдайы арттырмай, бидай егістігін қысқарту бойынша іске асырылып жатқан шаралар, сондай-ақ соңғы жылдары астық экспортының өсуі ұн шығаратын отандық қайта өңдеуші кәсіпорындар үшін шикізат базасын, сондай-ақ құс шаруашылығы мен мал шаруашылықтарына арналған азықтық базаны қысқартады.

      Жыл сайын маусымаралық кезеңде (жаңа егін түскенге дейін) ішкі нарықтың аталған субъектілерін түпкі өнімнің өзіндік құнының өсуіне жол бермеуге мүмкіндік беретін қолайлы бағалар бойынша астықпен тұрақты қамтамасыз ету мәселесі туындайды.

      Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру бойынша қабылданып жатқан шараларды ескерсек, бидай әлемдік нарықта танылған АӨК-нің бәсекеге қабілетті басты өнімі болып қала бермек. Астықтың және оның өңделген өнімдерінің экспорты ауыл шаруашылығы экономикасына валюталық түсімдердің басты көздерінің бірі болып табылады.

      2019 жылы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортында бидай мен ұнның үлесі 42 %-ды құрады (1 млрд АҚШ долларына 5,3 млн тонна бидай және 0,4 млрд АҚШ долларына 1,6 млн тонна ұн өткізілді).

      Қазақстандық бидайды өткізудің дәстүрлі нарығы Орталық Азия мен Каспий өңірінің елдері болып табылады.

      Негізінен Hi-Pro жоғары протеинді бидай жөнелтілетін ҚХР перспективалы нарығы Қазақстан үшін түйінді экспорттық бағыттардың бірі болып табылады.

      Теңіз көлік маршруттарына қолжетімділіктің шектеулі болуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағынан алыс шет елдерге шығарылатын астық экспортының көлемі мардымсыз. Әлемдік астық саудасында жетекші орынға ие Ресей мен Украина тарапынан өңірде зор бәсеке бар.

Қазақстан Республикасының 2019 жылғы елдер бөлінісіндегі бидай экспорты, мың тонна

Қазақстан Республикасының 2019 жылғы елдер бөлінісіндегі ұн экспорты, мың тонна

      Экспортталатын қазақстандық ұнның негізгі көлемі көбіне Ауғанстанға жөнелтіледі. 2019 жылы Ауғанстанға 0,9 млн тонна ұн немесе осы кезеңдегі Қазақстан Республикасы ұнының жалпы экспортының 58,3 %-ы (1,6 млн тонна) жеткізілді.

      Қазақстандық ұнды екінші ірі импорттаушы Өзбекстан болып табылады (үлесі 2019 жылы 25 % немесе 388 мың тонна). Бұл ретте Өзбекстанда қайта өңдеу өндірісінің дамуына байланысты соңғы жылдары қазақстандық ұнның осы елге экспорты айтарлықтай төмендеді, өйткені ұн әкелуге салынатын жоғары баж салығымен шектеледі.

      Қазақстандық астықтың және оның өңделген өнімдерінің экспортын дамыту үшін отандық экспорттаушыларды қолдау мен қорғауға арналған қарсы шараларды қолдануға бағытталған келісілген мемлекеттік сауда саясатын жүргізу талап етіледі.

      Сондай-ақ ұсақ және орта астық өндірушілердің экспорттық операцияларға қол жеткізу мәселесі де өзекті күйінде қалып отыр.

      Қазіргі уақытта Қазақстаннан астық экспортын жекеше трейдерлік компаниялар жүзеге асырады. Жекелеген жағдайларда ірі ауыл шаруашылығы құрылымдары экспорттық жеткізілімдерді дербес жүзеге асырады. Қазақстандық астық нарығы жалпы алғанда трейдерлер арасындағы бәсекенің жоғары болуымен сипатталады, бұл көбінесе оларды сұраныс бағасынан төмен бағамен экспорттық мәмілелер жасауға мәжбүр етеді. Мұндай сауда саясаты астық өндірушіден сатып алу бағасына әсер етеді.

      Фермерлер қарыздарды қайтару уақытының қысқа мерзімділігіне және ағымдағы шығындарды төлеу қажеттігіне байланысты астықты трейдерлерге өздері үшін тиімсіз бағамен сатады. Сондай-ақ ұсақ астық өндірушілер сыртқы сауда операцияларын жүргізуде тәжірибесінің болмауына байланысты өз өнімдерін жеке өзі экспорттамайды.

      Нәтижесінде астық өндірушілер экспорттық түсім түріндегі қосымша табыстың қомақты бөлігінен айырылады, ол трейдерлік компанияларға қалады және астық өндірісіне инвестицияланбайды. Астық экспортынан түсетін кірістерді әділ бөлу үшін жоғарыда көрсетілген нарыққа қатысушыларды қолдау тетігін әзірлеу талап етіледі.

      Сонымен қатар, өтімділіктің жетіспеуі мен шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін қолжетімді кредит ресурстарының жеткіліксіздігі ауыл шаруашылығы өндірісіндегі аса маңызды проблема болып табылады.

      Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің жеткілікті айналым капиталы болмаған жағдайда бәсекеге қабілетті тұрақты бизнес құруға, негізгі қорларды жаңартуға, жаңа технологияларды енгізуге, өз өнімінің қосылған құнын арттыру үшін қайта өңдеу өндірісін дамытуға инвестициялар салуға мүмкіндігі жоқ.

      АШТӨ-нің қаржылық жағдайының ағымдағы деңгейі оларға агротехнологиялардың толық циклін ұстануға және тіпті бастапқы өндірістік іс-шараларды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.

      Екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – ЕДБ) ауыл шаруашылығы секторын өтімділіктің төмен деңгейімен және кепіл базасының болмауымен сипатталатын жоғары деңгейдегі тәуекелдер санатына жатқызады, бұл олардың инвестицияларының және берілетін кепілдіктердің көлемін азайтады. Салаға кредит берудің қолданыстағы бағдарламалары бойынша пайыздық мөлшерлемелер жоғары, қарызды қайтару уақыты қысқа.

      Банк секторы тарапынан кредит беру үлесінің төмен болуына байланысты (2019 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша ЕДБ кредиттерінің үлесі – 76,4 млрд теңге немесе 16,5 %) бүгінгі күні "ҚазАгро" холдингі" АҚ компаниялар тобы арқылы іске асырылатын бағдарламалар ауыл шаруашылығы саласында қолжетімді қаржыландырудың басты көзі болып табылады (2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 385,2 млрд теңге немесе 83,5 %).

      Сонымен қатар, мемлекеттік қаржыландырудың ұсынылатын көлемі жеткіліксіз. Мәселен, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 70 млрд теңге көлемінде бөлінетін қаражат осы мақсаттарға арналған қаражатқа жалпы қажеттіліктің тек 10 %-ын ғана жабады.

      Астық өндірушілер өнім өндіру процесін қамтамасыз ету, айналым қаражатын толықтыру, техниканы жаңарту, сапалы тұқымдық материалды сатып алу және өз өндірісін дамытуға бағытталған басқа да қажетті іс-шараларды қаржыландыру үшін сыйақы мөлшерлемесі төмен ұзақ мерзімді қарыздарға мұқтаж.

      Мемлекет пен бизнес тарапынан саланы қаржыландыру қарқынының жоғары болмауының нәтижесінде соңғы жылдары елде өндірілетін астық шығымдылығының төмендегені және сапасының нашарлағаны байқалады. Өнімділігі төмен ескірген сұрыптар жаппай қолданылады. Көптеген шаруашылықтар қаражаттың жеткіліксіздігіне және импорттық тұқымдық материал құнының жоғары болуына байланысты себу үшін тауарлық астықты пайдаланады.

      2019 жылы астық қабылдау кәсіпорындарына (бұдан әрі – АҚК) келіп түскен 1-3-сыныпты азық-түліктік бидайдың сапасы 2018 жылғы көрсеткіштен 19 %-ға төмен.

      Қазақстандық аттестатталған тұқым өсіру шаруашылықтары (бұдан әрі – АТӨШ) астықтың кондициялық тұқымдық материалына жалпы республикалық қажеттіліктің шамамен 19 %-ын ғана жабады, ол шамамен 2 млн тоннаны құрайды. Мәселен, 2019 жылғы егіс жұмыстарын жүргізу кезеңіне қарай АТӨШ 368 мың тоннаға жуық элиталық және 1-3 репродукциялы дәнді дақыл тұқымдарын өндірді.

      Отандық ғылым селекция мен тұқым өсіру шаруашылығын дамыту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін материалдық базаны жаңарту, отандық АӨК-нің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жаңа ғылыми тәсілдерді енгізу үшін инвестицияларды талап етеді.

      Астық саласы тұтастай ауқымды жаңғыртуды, оның ішінде АҚК және өңдеуші кәсіпорындардың негізгі құралдары мен жабдықтарын жаңартуды қажет етеді. Қазақстанда қымбат импорттық тауарларға тәуелділікті төмендету және шаруашылықтың барлық санаттарында оны қарқынды жаңарту үшін ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін дамыту талап етіледі.

      2019 жылдың соңында республикада жалпы сақтау сыйымдылығы 12,5 млн тонна құрайтын, лицензиясы бар 190 АҚК болды. АҚК-ның көпшілігінде негізгі құралдардың тозу дәрежесі жоғары және ішінара немесе толық жаңғыртуды талап етеді. Лицензиясы бар АҚК-ның орташа жылдық жүктемесі 2019 жылы 30 %-дан аспады.

      Астық өңдеу инфрақұрылымы жиынтық қуаты жылына шамамен 10,2 млн тонна ұн өндіретін 324 ұн тарту кәсіпорнынан тұрады. Кәсіпорындардың төмен жүктелуіне байланысты (35 – 40 %) ұн өндірудің нақты көлемі жылына шамамен 3,3 млн тоннаны құрайды.

      Елімізде 3,1 млн тонна құрамажем өндіретін қуаттар бар. Құрамажем өндіру зауыттарының саны шамамен 70 бірлік, олардың нақты жүктелуі орта есеппен 38,1 %-ды құрайды.

      Технологиялық желілердің тозуына және өнімділіктің төмен болуына байланысты саланың басқа да отандық өңдеуші кәсіпорындары негізінен өзінің қуаттарының барлық әлеуетін пайдаланбайды, оның ішінде:

      жарма өндіретін 49 кәсіпорын: өндірістік қуаты жылына 215,3 мың тонна, нақты жүктелуі 34 %-ға жуық;

      макарон өнімдерін өндіретін 45 кәсіпорын: қуаты жылына 347,3 мың тонна, нақты жүктелуі 48 %-ға жуық;

      тазартылмаған өсімдік майын өндіретін 38 кәсіпорын: қуаты жылына 775,9 мың тонна, нақты жүктелуі шамамен 34,4 % және т.б.

      Астық саласын дамыту мақсатында шешімдерді талап ететін басқа да маңызды мәселелер мыналар:

      мемлекет тарапынан АҚК қызметіне кезеңдік бақылаудың болмауы, бұл астықты ұрлау, оның бүлінуі және қамтамасыз етілмеген астық қолхаттарын шығару сияқты тұрақты тәуекелдерге, ЕДБ тарапынан астық қолхаттары институтына деген сенімді жоғалтуға әкелді;

      валюталық ауытқуларға байланысты импорттық тыңайтқыштар мен пестицидтердің жоғары құны. Осыған орай тыңайтқыш себу және өсімдіктерді қорғау жөніндегі іс-шараларды сақтамауға жол беріледі, егін шығымдылығының және еңбек өнімділігінің төмен болуы байқалады;

      теміржол тасымалдары операторларына үлкен тәуелділік, жоғары тарифтер, астық таситын вагондардың тапшылығымен байланысты конъюнктуралық проблемалар және вагондардың төмен айналымдылығы. Осыған байланысты, қазақстандық астықтың бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі, экспорттық жеткізілімдер мерзімдерінің және астықты тасымалдаудың республикаішілік жоспарларының бұзылуы қаупі бар;

      ауылда жалпы тұрмыс деңгейінің төмендігі, бұл кадрлардың тұрақтамауына, урбанизацияға және жастардың қалаларға көшуіне, өңірлерде білікті мамандардың жетіспеуіне және т.б. себеп болып табылады.

      Осы мәселелер жоғарыда аталған проблемалармен қатар астық саласының тұрақты даму мүмкіндігін төмендетеді, өндіріс көлемінің қысқаруына және тиісінше елдің азық-түлік тәуелсіздігіне қауіп төндіреді.

      Сонымен қатар, Қазақстанда мемлекет пен бизнес-қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіру, қолда бар ресурстарды ұтымды пайдалану және инвестициялар тарту есебінен осы жүйелі мәселелерді шешу және астық секторын дамыту үшін барлық қажетті жағдайлар бар.

2-тарау. Астықтың резервтік қорын ұстаудың және астық нарығын реттеудің әлемдік тәжірибесі

      Астықтың нақты қоры түріндегі резервтерді ұстау мемлекет үшін экономикалық жағынан тиімсіз функция, өйткені қомақты қаржы шығындарымен байланысты.

      Халықтың ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ететін және егіннің артық көлемін әлемдік нарыққа экспорттауға мүмкіндік беретін астық өндірісінде тұрақты жоғары нәтижелерге қол жеткізген елдерде төтенше жағдайлар туындаған жағдайға арналған астық резервтері жоқ. Оларға әлемдік жетекші астық экспорттаушылардың тізіміне кіретін, экономикалық тұрғыдан дамыған барлық елдер, оның ішінде АҚШ, Канада, Аустралия, ЕО елдері жатады.

      Бұл елдерде азық-түлік қауіпсіздігі және нарықты тұрақтандыру мәселелерін шешудің басқа да тетіктері (қажет болған жағдайда астықтың нақты көлемін сатып алу үшін ақша қорларын басқару, жекелеген жылдары экспортты тежеу үшін экспорттық баждарды қолдану, азық-түлік қорларын қалыптастырудың нарықтық тетіктерін пайдалану) қолданылады.

      АҚШ-та 1998 жылға дейін бастапқыда 4 млн тоннаға дейінгі көлемде бидайдан қалыптасқан және одан кейін (1996 жылы) бірқатар басқа дақылдармен (жүгері, құмай және күріш) кеңейтілген азық-түлік қауіпсіздігі резерві болды. 1998 жылы резерв Билл Эмерсонның гуманитарлық қоры болып өзгертілді, бұнда шикізаттық ауыл шаруашылығы тауарларына қосымша қолма-қол ақшаны сақтауға рұқсат берілді. 2008 жылы азық-түліктің әлемдік бағасы күрт өскеннен кейін қарамағында осы қор бар АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігі қалған қорларды (шамамен 915 мың тонна) өткізіп, қорды толығымен ақша резерві түрінде құрды.

      Қордағы ақша қаражаты АҚШ үкіметіне қажетті америкалық шикізат тауарларын сатып алу процесінде тауар қажеттілігі мен оның қорының болуына қарай икемділікті қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылығы министрі қор құнын барынша арттыру үшін қаражатты тәуекелі аз, қысқа мерзімді бағалы қағаздарға немесе қаржы құралдарына инвестициялауға уәкілетті. Қазіргі уақытта Қорда 260 млн доллардан астам қаражат жинақталған, бұл қаражат дамушы елдерге гуманитарлық азық-түліктік көмек көрсету үшін де пайдаланылады.

      АҚШ-та астық нарығын реттеу фермерлерді қаржылық қолдау және ауыл шаруашылығы тәуекелдерін жабу жөніндегі ауқымды шараларды іске асыратын мемлекеттік корпорациялар арқылы жүзеге асырылады:

      Тауарлық-кредиттік корпорация (Commodity Credit Corporation, CCC) фермерлік шаруашылықтарға субсидиялау бағдарламалары арқылы көмектеседі және шикізат тауарларының бағасын бақылау жөнінде шаралар қабылдайды.

      CCC жарғылық капиталы 100 млн долларды құрайды, ол жыл сайын операциялар бойынша таза іске асырылған шығындарды қалпына келтіруге және бағдарламалар бойынша шығындарды өтеуге қаржы бөлу есебінен толықтырылады. ССС Тікелей төлемдер бағдарламасының әкімшісі болып табылады, ол бойынша фермерлер 2 бағыт бойынша: ауыл шаруашылығы тәуекелдерін жабуға (табыстан ықтимал айрылу) және нақты баға шығындарын жабуға (бағаның төмендеуінен қорғау) субсидиялар алады. Бұл екі бағдарламаға 2018 жылы ССС мемлекеттік төлемдерінің 60,8 %-ы тиесілі болды. ССС төлемдерінің шамамен үштен бір бөлігін консервациялау бағдарламалары мен маркетингтік көмекке арналған кредиттер құрайды;

      Егін шығымын сақтандыру федералдық корпорациясы (Federal Crop Insurance Corporation, FCIC) өнімді сақтандырудың ұлттық бағдарламасын басқарады және жеке сақтандыру компанияларын АҚШ-та сақтандыру нарығын дамытуға қатысуға ынталандырады.

      FCIC ұйымын 1996 жылы құрылған АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тәуекелдерді басқару жөніндегі агенттігі (Risk Management Agency, RMA) басқарады. RMA операциялық бюджеті 2018 қаржы жылына 75 млн долларды құрады, бұл ретте RMA сақтандыру портфелі 100 млрд доллардан асты. Нарыққа қатысу үшін мақұлданған жеке сақтандыру компаниялары АҚШ-тың сақтандыру нарығының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, олар RMA агенттігімен МЖӘ негізінде әр штатта егін шығымын сақтандырудың федералдық полистерін сатады және қызмет көрсетеді. Бұл компаниялар қолайсыз күн райы құбылыстары салдарынан фермерлердің шығындарына байланысты тәуекелдерді RMA бірге бөліседі. 2017 жылы Федералдық үкімет сақтандыру полистері үшін 10,1 млрд доллар көлеміндегі сыйақы сомасының 63 %-ын жапқан сыйақының бір бөлігін төледі. 2019 жылы 312 млн акр егістік жерлер немесе жалпы ауданы 338 млн акр құрайтын алқаптың 92,3 %-ы егін шығымын федералдық сақтандырумен жабылған.

      ЕО елдерінде астық нарығы бірыңғай нарық ретінде жұмыс істейді және ЕО Жалпы ауыл шаруашылығы саясаты (The Common Agricultural Policy, CAP) шеңберінде орталықтандырылған түрде басқарылады. Бұл ретте, ЕО деңгейінде астықтың резервтік қорын басқару жүзеге асырылмайды.

      1960 – 1990 жж. ЕО-ға мүше мемлекеттерді мемлекеттік реттеу ауыл шаруашылығы нарықтарын бақылауға бағытталды. 1990 жылдардың басынан бері мемлекеттердің нарыққа әсері біртіндеп төмендеді және бүгінгі күні ЕО-дағы астық нарығы толығымен дерлік ырықтандырылды. Сонымен қатар, мемлекеттік интервенциялар арқылы нарықтан артық астықты алу бұрынғысынша нарықтық бағалар төмендеген жағдайда мемлекеттік реттеудің құралы болып қалады. Егер нарықтық баға ЕО Регламентінде көзделген бір тонна үшін 101,31 еуро деңгейіндегі интервенциялық бағадан төмендесе, интервенциялар жүзеге асырылады.

      Реттеу мәселелеріндегі ЕО-ның осы тәсілі күрделі дағдарыс жағдайында қолданылады және фермерлердің ең төменгі кірістерін қамтамасыз ету үшін ең төменгі нарықтық бағаға кепілдік беру шарттарын ұсынуды көздейді. Ынталандыру ретінде экологиялық нормаларды қатаң сақтау шартымен фермерлер үшін өндірістік субсидиялар, сондай-ақ едәуір жоғары күрделі шығындарға өтемақылық төлемдер қосымша беріледі.

      ЕО белгілеген қағидаларды іске асыруды мүше мемлекеттердің ұлттық органдары жүзеге асырады. Бұл ретте ЕО Техникалық регламенттері шеңберінде әрбір ел ауыл шаруашылығы өнімдерінің ұлттық резервтік қорларын қалыптастыру мәселелерін дербес шешеді.

      Германияда резервтер Германияның федералдық ауыл шаруашылығы басқармасы (BLE) арқылы қолдау табуы мүмкін. BLE ЕО ауыл шаруашылығы нарығы саласындағы нарықты реттеу және сыртқы сауда қағидаларын қадағалау агенттігі болып табылады және интервенциялар, өнім сақтау және көмек шаралары мәселелеріне жауапты. Сондай-ақ агенттік азық-түлік, ауыл шаруашылығы және орман салалары шығарған өнімдерді қамтитын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді трансшекаралық сату үшін лицензиялау саласындағы орган ретінде импорт пен экспортқа лицензия береді.

      Төтенше жағдайлар кезінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін BLE мезгіл-мезгіл жаңартылып отыратын 450 мың тонна бидай көлеміндегі тұрақтандыру қорын басқарады. BLE астық сатып алу туралы келісімшарттарды нарықтық бағаларға сәйкес тендерлер бойынша жасасады. Өнімді сақтауға жұмсалатын шығындар ГФР бюджетінен қаржыландырылады.

      Сондай-ақ BLE бидай сияқты тауарлардың сатып алу бағасының деңгейін қолдау мақсатында интервенциялар өткізеді және бидай қорын жеке қоймаларда сақтауды қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылығы нарықтарында жеткілікті сұраныс пайда болған кезде бұл өнімдер сатылады.

      Францияда мемлекеттік резервтер құрылмайды. Француз өндірушілерінде дәнді дақылдарды соңғы интервенциялық сатып алу арпа бойынша 2009 жылы және бидай бойынша 2016 жылы өткізілді. Аталған шараларды іске асыруға жауапты мемлекеттік оператор Францияның Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрлігі тарапынан бақыланатын FranceAgriMer әкімшілік мекемесі болып табылады. Бұл мекеме дәнді дақылдар нарығының мониторингін жүзеге асырады, бұл қазіргі уақытта Францияда астық нарығын басқарудың негізгі құралы болып табылады.

      Швейцарияда нарықты реттеу қағидаты мемлекеттің барынша араласпауының негізінде құрылады, яғни интервенциялық шаралар нарықтық заңдар жұмыс істемесе (ұсыныс сұранысты қанағаттандырмаса) қабылданады, сондай-ақ қалыптасқан жағдайды теңестіруге экономиканың аралас секторлары тартылады. Стратегиялық резервтер бойынша саясатты Жеткізілімдер жөніндегі ұлттық экономикалық ұйым (National Economic Supply organisation, NES) іске асырады.

      Швейцария импортқа тәуелді ел ретінде белгілі бір тауарлар (бірінші кезекте қажет тауарлар) бойынша міндетті резервтер құру қажеттігі жөнінде шаралар қабылдады. Үкімет резервтерді дербес ұстап тұрмайды, ол импорттаушылар мен дистрибьюторларға міндетті резервтерді ұстап тұруға және Ұлттық экономикалық жеткізілімдер жөніндегі федералдық агенттікпен (Federal Office for National Economic Supply, FONES) келісім жасасуға уәкілеттік береді. Осы келісімдер өнімнің тізбесін, сапасы мен мөлшерін, сондай-ақ олар сақталатын қойманың орналасқан жерін белгілейді. Қазіргі уақытта 300-ге жуық компания міндетті резервті ұстап тұр. Экономикалық мәмілелер, білім беру және зерттеулер жөніндегі федералдық департамент (Federal Department of Economic Affairs, Education and Research, EAER) өнімнің әрбір түрі бойынша резервтердің қалыпты жағдайларда елдің орташа қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс кезеңді айқындайды. NES айқындаған стратегиялық қорларға, сондай-ақ жұмсақ азық-түліктік бидай мен дурум бойынша 4 айға, сондай-ақ екі мақсатқа пайдаланылатын бидай бойынша 3 айдан 4 айға дейін сұранысты қанағаттандыруды қамтамасыз ететін қорларды қалыптастыру жатады.

      Осы жүйе шеңберінде кепілдік беру қорларын құратын қауымдастықтар немесе кооперативтер нысанында құрылатын тәуелсіз ұйымдар айқындалады. Қорлардың қаражаты осындай резервтерді ұстап тұру нәтижесінде компанияларда туындаған сақтауға жұмсалатын шығыстарды және баға тәуекелдерін жабуға пайдаланылады. Резервтерді ұстап тұру бойынша жүктеме түпкі сатып алушыға жүктеледі, яғни өткізілетін тауарлардың бағасына қосылады. Бұл ретте осы экономикалық субъектілер (импорттаушылар, дистрибьюторлар) жеңілдікті қаржы қаражатына қол жеткізе алады және осындай резервтерді ұстап тұруға байланысты салық төлеуден босатылады.

      Аустралияда нарықтық баға белгілеуге мемлекеттік араласу қолданылмайды және бұл мақсаттарға субсидия бөлу жоқ. 1999 жылға дейін астық қорын мемлекеттік бақылау функциясын Аустралиялық бидай кеңесі атқарды. Осы кезеңнен бастап мемлекет астықтың тұрақтандыру қорларын басқару жөнінде реттеушілік қызметін доғарды, ал бұл мемлекеттік компания жекешелендірілді. Аустралиялық фермерлер мен трейдерлер қажет болған жағдайда өз астық қорын қалыптастыру және басқару туралы шешімді өздері қабылдайды. Аустралиядағы сатып алу және сату бағалары тек қана нарықтық тетіктермен айқындалады.

      Қалған елдер, әдетте, азық-түлік, оның ішінде астық резервтерін қалыптастыруға мемлекеттің белсенді қатысуы есебінен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің консервативтік моделін ұстанады. Оларға бұрынғы кеңес елдері, сондай-ақ астық қажеттілігін импорттық жеткізілімдер есебінен жабатын елдер жатады. Оларда астықтың резервтік қорлары негізінен төтенше жағдайлар туындаған кезде халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету, сондай-ақ ішкі нарықты мемлекеттік реттеу үшін пайдаланылады.

      Ресей Федерациясында "БАК" АҚ мемлекеттік астық операторы әрі мемлекеттік сатып алу және тауар интервенцияларын жүргізу жөніндегі агент болып табылады. Бұл компания мемлекеттік интервенциялық қордағы астықтың сақталуын ұйымдастыру және оны РФ Ауыл шаруашылығы министрлігі мен РФ Үкіметінің өкімдері бойынша өткізу жөніндегі функцияларды орындайды.

      Қытай астық қорын басқару корпорациясы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің тапсырмасы бойынша орталық резервтің астығын басқаруды жүзеге асырады, оның сақталуын қамтамасыз етеді, орталық резерв астығын сатып алу және сату жоспарына сәйкес резервтік астықты сатып алу мен сатуды жүргізеді.

      Пәкістанда бидайдың стратегиялық қорын ұстап тұру функциясын азық-түлік қауіпсіздігі, ішкі бағаларды тұрақтандыру мәселелеріне жауапты Пәкістан үкіметтік агенттігі – Өнімді сақтау және қызмет көрсету жөніндегі Пәкістан ауыл шаруашылығы корпорациясы жүзеге асырады.

      Осылайша, азық-түлік, оның ішінде астық қорларын сақтау тетігі, сондай-ақ азық-түлік тауарларының бағасын мемлекеттік реттеу және тұрақтандыру функциялары мемлекет азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін бақылауға және ішкі нарықты қорғау үшін нарықтық өзгерістерге жедел ден қою тетіктерін сақтауға тырысатын елдерде қолданылады.

3-тарау. Сыртқы ортаның жаһандық факторлары

      БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) болжамдарына сәйкес 2050 жылға қарай планетадағы халық саны 9 миллиард адамнан асады, бұл негізгі азық-түлік өнімдерін тұтынудың өсуінің басты факторы болып табылады. Дәнді дақылдарды тағамға пайдалану бойынша әлемдік тұтыну болжанған кезең ішінде шамамен 150 млн тоннаға (13 %-ға) өседі, бұл ретте күріш пен бидай үлесіне осы өсімнің негізгі бөлігі тиесілі болады.

      Азық-түлікке тұрақты сұраныс факторы ауыл шаруашылығының жаһандық жүйесі үшін негіз қалаушы болып табылады және қазақстандық АӨК-ні одан әрі дамыту үшін перспективалар ашады. Қолда бар жер қорын тиімді пайдалану және технологияларды енгізу, сондай-ақ жаңа егістік алқаптарын айналымға енгізу есебінен экологиялық таза өнім өндіру көлемін ұлғайту әлеуеті зор.

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясы айналысатын тамақ өнімдері мен шикізаттық азық-түлік тауарларын өндіру және экспорттау саласында жұмыс істейтін ұйымдар үшін тұтыну нарықтарының тұрақты өсуі экспортты дамыту бойынша ұзақ мерзімді жоспарлар құруға мүмкіндік береді.

      Сонымен қатар, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету процесі әлемдік экономикалық жүйенің бір бөлігі болып табылады және елдер арасындағы сауданың даму деңгейіне, осы елдердің экономикалық жағдайына, аграрлық азық-түлік нарықтарының ашықтығына, өнім жеткізу тізбегінің тұрақтылығына, басқа да сыртқы факторлардың әсеріне байланысты.

      2020 жыл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2020 жылдың наурыз айында пандемия деп таныған коронавирустың (COVID-19) өршуінен туындаған әлемдік экономиканың жаңа дағдарысының басы болды. Бұл қауіптің пайда болуы елдердің төтенше жағдайды енгізуіне, экономиканың тұтас секторларындағы тұралауға, шекаралардың жабылуына, елдер арасындағы тауар ағындарының үзілуіне және капиталдың жылыстауына себеп болды. Бұдан басқа, коронавирус пен мұнай өндірісін қысқарту жөнінде Ресей мен Сауд Арабиясының ОПЕК+ келісімінен шығуына байланысты шикізатқа сұраныстың төмендеуі аясында мұнайдың әлемдік бағасының құлдырауы орын алды.

      Пандемияға және одан кейін көптеген елдердің оқшаулануына байланысты жаһандық экономиканың рецессиясы 2008–2009 жылдардағы әлемдік қаржы дағдарысынан да ауқымды экономикалық күйзеліске әкеледі деп күтілуде. Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша әлемдік жалпы ішкі өнім 2020 жылы 3 %-ға қысқарады. Бұл ретте, пандемияның жекелеген елдердің экономикасына анағұрлым күшті әсер етуіне байланысты бұл көрсеткіштің одан әрі нашарлауы күтілуде.

      Аталған факторлардың ықпалынан Қазақстан Республикасы Үкіметі елдің 2020 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамдарын, оның ішінде Brent маркалы мұнайдың әлемдік бағасы бойынша барреліне 51-ден 20 долларға дейін, нақты жалпы ішкі өнімді 0,9 %-ға, номиналды жалпы ішкі өнімді 4 846 млрд теңгеге (69 680 млрд теңгеге дейін) төмендетті.

      2020 жылы әлемдік сауда көлемінің төмендеуі, энергия тасымалдағыштардың әлемдік бағасының рекордтық төмендеуі және экономиканың жалпы құлдырауы жағдайында көптеген елдер азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешу үшін протекционистік саясатты қолданады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін негізгі жеткізушілерге өнімді әлемдік нарыққа экспорттауға тыйым салынып, азық-түліктің ұлттық резервтері құрылып жатыр.

      Қазақстан өзін-өзі астықпен толық қамтамасыз ететініне қарамастан, 2020 жылы бірқатар ауыл шаруашылығы тауарларын, оның ішінде бидай мен ұнды экспорттауға уақытша шектеу енгізді. Бұл шара ішкі нарықты қорғау және халық үшін бірінші кезекте қажет азық-түлік тауарларының нақты қолжетімділігін қамтамасыз ету қажеттігінен туындап отыр. Азық-түлік келісімшарт корпорациясын мемлекеттік компания ретінде экспортты реттеу, ішкі нарыққа азық-түлік жеткізу және шикізат ретінде астық қолданылатын жекелеген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (бұдан әрі – ӘлМАТ) бағаларды тұрақтандыру мәселелерін шешуге белсенді түрде тартуға болады.

      Осылайша, 2020 жылғы жаңа сын-қатерлер әлемдік экономиканың теріс сипаттағы өзгерістерге жоғары сезімталдығын көрсетті және әлемдік күн тәртібіндегі басты мәселе азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемасы екенін байқатты.

      Азық-түлік қауіпсіздігі мен азық-түлік тауарларының саудасына әсер ететін басқа факторлар қатарына мыналар жатады: санкциялар (мысалы, Қазақстанның сауда әріптестері: Иран мен Ресейге қатысты), сауда соғыстары (мысалы, АҚШ пен ҚХР арасындағы), әскери қақтығыстар (мысалы, Таяу Шығыстағы ахуал), табиғи дүлей апаттар (мысалы, Африка мен Азиядағы шегірткенің қаптауы, су басу, құрғақшылық), климатқа әсер ететін жаһандық жылыну және т.б. Әсері жағынан бұл факторлар елдердің экономикалық шығындарына және нарықтардың тарылуына, сондай-ақ гуманитарлық апаттарға, өлім-жітімнің артуына, халықтың көші-қонына және өңірлерде жұмыссыздықтың өсуіне әкелуі мүмкін. Бұл жағдай тиісінше, сұранысты арттырады және Қазақстанда өндірілетін өнімдерді қоса алғанда, азық-түлік тауарлары бағасының құбылмалылығына әсер етеді.

      Күрт континентальды климат байқалатын Қазақстан үшін күн райы-климаттық фактор аса қолайсыз болып келеді, бұл фактор өткен 2019/2020 МЖ маусымда анық білінді. Осы ретте, бұл фактор орын алған жағдайда, ішкі астық нарығында ұн тарту кәсіпорындары, мал шаруашылығы және құс шаруашылықтары үшін шикізат тапшылығы, астық, ұн, әлеуметтік нан бағасының жоғары құбылмалылығы, экспорт көлемінің төмендеуі, қазақстандық астықты өткізудің стратегиялық нарықтарының жоғалу қаупі сияқты бірқатар ілеспе проблемалар туындайды. Азық-түлік корпорациясы үшін осы салалық тәуекел контрагенттердің форвардтық сатып алу туралы жасалған шарттары бойынша астық жеткізу жөніндегі міндеттемелердің орындамауы, проблемалық дебиторлық берешектің өсуі, келіп түсетін астық сапасының төмендеуі, тікелей (күзгі) сатып алу бағдарламаларына қатысу үшін өтінімдердің болмауы қаупін төндіруі мүмкін.

      Қазақстанның интеграциялық процестерге және өңірлік жобаларға (БЭЖ, "Бір белдеу, бір жол" жобасы сияқты) қатысуының ауыл шаруашылығы өнімдерін отандық экспорттаушылар мен жалпы алғанда экономика үшін әлеуеті зор. Перспективалар арасында Азық-түлік корпорациясы үшін өнім өткізудің жаңа нарықтарында орнығу және қазақстандық АӨК-ге ислам қаржысын тарту үшін мүмкіндік беретін Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымымен (бұдан әрі – АҚИҰ) қарым-қатынасты дамытуды атап өтуге болады.

4-тарау. Мемлекеттің АӨК саласындағы саясаты

      Ескерту. 4-тарау жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.06.2022 № 443 қаулысымен.

      "Қазақстан-2050" стратегиясында жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі қатері үшінші сын-қатер болып белгіленді және Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісінде сапалы серпіліс жасау мүмкіндігі айқындалды. Ауыл шаруашылығын жаңғырту жөніндегі міндеттер шеңберінде ауыл шаруашылығы өніміне өсіп келе жатқан жаһандық сұраныс жағдайында егістік алқаптарын ұлғайту, ең алдымен, жаңа технологияларды енгізу есебінен егін түсімділігін айтарлықтай көтеруді қамтамасыз ету, әлемдік деңгейдегі мал шаруашылығының азықтық базасын құру, экологиялық тұстарына баса назар аудара отырып, бәсекеге қабілетті ұлттық брендтер құру қажет. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2050 жылға қарай елдің ЖІӨ-дегі ауыл шаруашылығы өнімінің үлесі 5 есеге ұлғайтылуы тиіс.

      Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспарында АӨК – дегі саясат мемлекеттік ресурстарды неғұрлым ұтымды бөлуге, саясат пен ілеспе шығыстарды саланың ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізуге қайта бағдарлауға, өнімділік драйверлері ретінде білім мен цифрландыруға назар аударуға, жекелеген өндірістерден құн жасау тізбегіне ерекше көңіл бөлуге бағдарланған.

      Ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, дәнді, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және өңдеу бойынша жеті ірі экожүйені қалыптастыру жоспарланған. Балық саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

      Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспары шеңберінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясына мынадай индикаторлар бекітілген:

      үй шаруашылықтарының азық-түлік тауарларына жұмсалатын шығындары, жалпы шығындардан % (республика бойынша);

      еңбек өнімділігінің өсуі, 2019 жылғы деңгейден 2019 жылғы бағамен өсім % (салалар бойынша: ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы).

      АӨК дамыту тұжырымдамасы мен АӨК ұлттық жобасы шеңберінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясына ауыл шаруашылығы дақылдарын форвардтық сатып алу, дайын азық-түлік тауарларын, оның ішінде оффтейк келісімшарт жасасу жолымен сатып алу, жемдік қор құру және жемдік астықты құс шаруашылығы, мал шаруашылығы кәсіпорындары мен балық шаруашылығы субъектілеріне өткізу арқылы АӨК субъектілерін қолдау іс-шаралары бекітілген.

      Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауында ел ішінде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім өндіру үшін Қазақстанның орасан зор әлеуеті, 2030 жылға қарай суармалы жерлер көлемін кезең-кезеңмен 3 млн га дейін ұлғайту және фермерлерге өз өнімін сыртқы нарықтарға шығарып сатуға қолдау көрсету қажеттігі айтылған.

      Мемлекет басшысының 2020 жылғы 31 наурыздағы мәлімдемесіне сәйкес әкімдіктер мен Үкіметке отандық ауыл шаруашылығы және өңдеу кәсіпорындарынан өнімдерді кепілді түрде сатып алу тетігін жолға қою, яғни "форвардтық сатып алуды" немесе "түсетін өнім есебінен сатып алуды" енгізу тапсырылды.

      Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 10 сәуірдегі отырысында Мемлекет басшысы Үкіметке форвардтық сатып алу тетігін, қаржыландыру сомасы мен көздерін жедел бекітуді, осы тетікті іске асыруды, сынақтан өткізуді, ал табысты болған жағдайда кеңінен қолдануды тапсырды.

      Осылайша, Азық-түлік корпорациясының қызметі Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұратын құжаттарында және Мемлекет басшысының тапсырмаларында белгіленген АӨК саласындағы мемлекеттік саясат шеңберінде жүзеге асырылады.

2-кіші бөлім. Ішкі ортаны талдау

1-тарау. Азық-түлік келісімшарт корпорациясының операциялық қызметі

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясы даму жолының 100 жылдық тарихы бар отандық нан өнімдері жүйесінің құқықтық мұрагері болып табылады. Осыған байланысты, құрылған сәттен бастап компанияның қызметі бірінші кезекте астық нарығындағы мемлекеттік басымдықтарға сүйене отырып құрылады.

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясының негізгі функциясы – табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда халықты астықпен қамтамасыз ету мақсатында 500 мың тонна көлемінде қалыптасқан азық-түліктік астықтың резервтік қорын ұстап тұру.

      Аталған функция шеңберінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясы әр жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша өзінің ресурстарында резервтік қорда 500 мың тонна азық-түліктік астықтың болуын, оның сандық-сапалық тұрғыдан сақталуын және жаңа егіннің астығымен жаңартылуын қамтамасыз етеді.

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясының тағы бір маңызды салалық функциясы – мол өнім алған жылдары ауқымды сатып алу интервенцияларын жүргізу және егін шығымы аз болған жылдары және өнім бағасы маусымдық өскен кезде астықты ішкі нарыққа белгіленген бағалар бойынша жеткізу жолымен ішкі астық нарығын тұрақтандыру болып табылады.

      Аталған реттеу шарасын мемлекет астық бағасының төмендеуінен астық өндірушілердің шығынға батуына жол бермеу үшін, сондай-ақ ішкі нарықта астық бағасы күрт өскен кезеңдерде ұн мен әлеуметтік нан құнының өсуіне жол бермеу мақсатында қолданады.

      2009 – 2012 жылдар аралығындағы кезеңде Қазақстанда рекордтық мол өнім алу ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемінің күрт құлдырауымен кезектесіп, ішкі бағалардың жоғары құбылмалылығы орын алды.

Қазақстан Республикасында 2009 – 2012 жылдардағы бидайдың жалпы жиналуы,

млн тонна

      Бұл кезеңде Азық-түлік келісімшарт корпорациясы арқылы баға ахуалын мемлекеттік реттеуге қажеттілік анағұрлым айқын білінді.

      Мол өнім алынған 2009 және 2011 жылдары Корпорация ауқымды сатып алу интервенцияларын жүзеге асырды (елде өндірілген бидайдың 20 %-дан астамын сатып алды), бұл бағаның күрт құлдырауына жол бермеуге және шаруашылықтардың шығынға ұшырамауына көмектесуге мүмкіндік берді. 2009 жылы Корпорация 93,7 млрд теңге сомасына 4,9 млн тонна өнім сатып алды, 2011 жылы 123,1 млрд теңге сомасына 5,2 млн тонна өнім сатып алынды.

      Жаңадан жиналған бидайды қабылдау үшін элеваторлық қуаттарды босату мақсатында астық егетін солтүстік облыстардан астықты анағұрлым бос АҚК-ға тасымалдау осы кезеңде астық нарығын мемлекеттік реттеудің қосымша шарасы болды. 2009 – 2012 жылдар аралығында Корпорация мемлекеттің тапсырмасы бойынша Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының АҚК-дан 4,8 млрд теңге сомасына шамамен 1,5 млн тонна астық тасымалдады, бұл да ішкі нарықтағы жағдайға дер кезінде оң әсерін тигізді.

      Өнім аз шыққан 2010 және 2012 жылдары Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ұн мен әлеуметтік нанның бағасын тұрақтандыру, сондай-ақ ішкі нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұн тарту ұйымдарына, құс шаруашылығы мен мал шаруашылықтарына белгіленген бағалар бойынша астық жеткізді. 2009 жылдан бастап 2019 жылға дейін барлығы 3 млн тоннадан астам астық жеткізілді.

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясы мемлекеттік компания бола отырып, сатып алу бағасын белгілеу арқылы ішкі астық нарығында баға белгілеуге ықпал етеді.

      Әр маусымның басында сыртқы факторлардың әсері жағдайында қазақстандық астық нарығына қатысушыларға одан әрі сауданы ұйымдастыру үшін баға бағдары талап етіледі.

      Осыған байланысты Корпорацияның сатып алу бағалары астық өндірушілер үшін өндірістің рентабельділігіне кепілдік беретін өздері өндіретін өнімге әділ нарықтық баға қалыптастыруға ықпал ететін нарық үшін маңызды белгі болып табылады.

      Осы тетіктің көмегімен Азық-түлік келісімшарт корпорациясы сатып алу операцияларын іс жүзінде жүргізбей не астықтың ең төменгі көлемін сатып алу арқылы нарықтық баға белгілеуге ықпал етуі мүмкін.

      АӨК субъектілерін қолдаудың жеке шарасы – Азық-түлік келісімшарт корпорациясының операциялық қызметіндегі әмбебап құрал болып табылатын астықты форвардтық сатып алу бағдарламасы.

      Форвардтық сатып алу арқылы Азық-түлік келісімшарт корпорациясы тұрақтандыру функциясын одан әрі орындау, астықтың резервтік қорын жаңарту, ішкі және сыртқы нарықтарда трейдингтік операцияларды жүргізу және басқа да міндеттерді шешу үшін қажетті астық ресурстарын қалыптастырады.

      Бұл бағдарламаға қатысатын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер көктемгі кезеңде жеңілдікті қаржыландыруға қол жеткізеді, бұл оларға егіс науқанына дайындалу үшін (тұқым, мұнай өнімдерін, минералдық тыңайтқыштарды және т.б. сатып алу) барлық қажетті іс-шараларды уақтылы өткізуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы еңбеккерлері жаңа егін жинағаннан кейін баға конъюнктурасына қарамастан, өз өнімдерін кепілді түрде өткізе алады.

      Форвардтық сатып алу бағдарламасы 2011 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңде неғұрлым тиімді жүзеге асырылды, ол кезде Азық-түлік келісімшарт корпорациясының көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру мақсаттарына бюджеттік кредит түрінде қаражат бөлінген, ал ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін барынша қолжетімді қамтамасыз ету нысаны ретінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың кепілдіктерін қамтамасыз ету болды.

      Осы кезеңде жыл сайынғы қаржылық қолдаумен шамамен 1,5 мың АШТӨ (қаржыландыру сомасы 13-тен 16,5 млрд теңгеге дейін) қамтамасыз етілді, 2,8 млн га астам егістік алқаптар қаржыландырылды.

2011 – 2016 жылдары ӘКК кепілдіктері арқылы астықты форвардтық сатып алу көлемі, млн тонна

      2017 жылдан бастап ӘКК бұл бағдарламадан шығарылды және Корпорацияға бюджет қаражаты берілген жоқ. Осы кезеңнен бастап Азық-түлік келісімшарт корпорациясы екінші деңгейдегі банктердің кепілдіктері арқылы форвардтық сатып алуды меншікті және нарықтан тартылған қаражат есебінен жүзеге асырды. Алайда АШТӨ үшін банктік кепілдік беру, сондай-ақ Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қарыздарға қызмет көрсету жөніндегі шығыстарын төлеу қажеттігін ескере отырып, форвардтық сатып алудың қаржыландырылған көлемі шамалы болды.

      2020 жылы форвардтық сатып алу бағдарламасын жандандыру үшін республикалық бюджеттен 24,55 млрд теңге сомасына Азық-түлік келісімшарт корпорациясын капиталдандыру жүзеге асырылды, сондай-ақ ӘКК-ге кепілдіктер беру тетігі жаңартылды.

      Сонымен қатар, АӨК субъектілері үшін жоғары тиімділікті көрсететін ӘКК кепілдіктері түрінде қамтамасыз ету нысанының Азық-түлік келісімшарт корпорациясы үшін қаржылық тәуекелдері жоғары. Осыған байланысты Корпорация ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді қаржылық қолдаудың осы схемасында салалық және қаржылық тәуекелдерді өтеудің баламалы тетіктерінде зерделейді.

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясы іске асыруға қатысатын тағы бір маңызды мемлекеттік міндет қазақстандық астық экспортын дамытуға жәрдемдесу болып табылады. Бұл жағдайда Корпорацияның басты мақсаты жеке отандық экспорттаушыларға белсенді бәсекелестік жасау емес, маңызды өткізу нарықтарында қазақстандық тауаша аясын сақтау үшін перспективалы экспорттық бағыттар бойынша астық жеткізуді тұрақтандыру болып табылады.

      Бүгінгі күні мұндай нарықтарға ҚХР жатады, оған Корпорация 2012 жылдан бері үнемі астықты тиеп жөнелтеді және жаңа экспорттық келісімшарттар жасасуды жалғастыруда. Корпорацияның Қытайға
2012 – 2019 жылдары жеткізген астық көлемі 350 мың тоннадан асады.

      Сондай-ақ Корпорация басқа стратегиялық маңызы бар өткізу нарықтарында, оның ішінде Иранға, Орталық Азия мен Кавказ елдері нарықтарында орнығу бойынша үздіксіз жұмыс жүргізуде.

      Ұлттық компания мәртебесін пайдалана отырып, Корпорация импорттаушы елдердің мемлекеттік компанияларымен, халықаралық ұйымдармен белсенді өзара іс-қимыл жасайды, мемлекет және үкімет басшыларының кездесуі деңгейінде астық саудасын дамытуға арналған іс-шараларға қатысады. 

Азық-түлік келісімшарт корпорациясының 2015 – 2019 жылдардағы астық экспорты,

мың тонна

      Қазақстан Республикасының негізгі астық егетін облыстарында және ҚХР перспективалы нарығында өкілдіктердің болуы Азық-түлік келісімшарт корпорациясы міндеттерінің табысты орындалуына септігін тигізеді. Сондай-ақ Корпорация өзінің "Астық қоймалары" ЖШС мен "Ақ Бидай-Терминал" АҚ еншілес компаниялары арқылы астықты сақтау және экспорттау бойынша инфрақұрылымды басқарады.

      "Астық қоймалары" ЖШС Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында АҚК-Нан базалары желісі арқылы астықты қабылдау, сақтау, өңдеу және тиеп-жөнелту бойынша қызмет көрсетеді. Астық қоймаларының жалпы сыйымдылығы 568,7 мың тоннаны құрайды.

      Кәсіпорын уәкілеттік берілген АҚК-мен қатар Азық-түлік келісімшарт корпорациясының астығын, оның ішінде резервтік қорды сақтауға қатысады.

      Қазақстан Республикасында астықты ұрлау және оның бүлінуі жайттарының жиілеп кетуіне байланысты жекеменшік АҚК қызметіне деген сенімнің төмендеуі жағдайында астық иелері астықтың сандық-сапалық тұрғыдан сақталуын қамтамасыз етуге кепілдік беретін Нан базаларымен жұмыс істеуге артықшылық береді.

      "Ақ Бидай-Терминал" АҚ Каспий теңізіндегі жалпы ауыстырып тиеу сыйымдылығы 1,7 млн тоннаны құрайтын үш астық терминалын және жылына бір мезгілде 90,5 мың тонна астық сақтау сыйымдылықтарын басқарады.

      Астық терминалдары Ақтау портында орналасқан, сондай-ақ Әзербайжандағы ("Баку астық терминалы" ЖШҚ, Баку порты) және Ирандағы ("Амирабад Грэйн Терминал Киш" ЖШҚ, Амирабад порты) бірлескен кәсіпорындарда "Ақ Бидай-Терминал" АҚ-ның 50 % қатысу үлестері бар.

      "Ақ Бидай-Терминал" АҚ тобы астықты теңіз кемелеріне ауыстырып тиеу бойынша қызмет көрсетеді және Иран мен Әзербайжан нарықтарына Азық-түлік келісімшарт корпорациясының астығын жеткізудің сауда тізбегіндегі маңызды логистикалық буын болып табылады.

      Бұдан басқа, қуаты тәулігіне 150 тонна астық өндіретін диірмен кешені "Баку астық терминалы" ЖШҚ-ның маңызды ажырамас бөлігі болып табылады, ол арқылы Әзербайжан нарығында қазақстандық "Bayterek" ұн бренді өткізіледі.

      Нарықтық конъюнктураның өзгеруіне шұғыл ден қою және өз ресурстарын ұтымды бөлу мақсатында Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қолдаушы бизнес процестер арқылы ішкі және әлемдік астық нарығына тұрақты негізде талдау жүргізеді, бүкіл маусым бойы нарық субъектілері тарапынан өнімдер мен көрсетілетін қызметтерге ішкі нарықтың қажеттілігін, баға сұранысы мен ұсынысын зерделейді, нысаналы өткізу нарықтарының маркетингін жүргізеді және жаңа экспорттық тауаша аясын іздейді, бағаларды тұрақтандыру қажет болған кезде мемлекеттік араласудың орнықтылығын және т.б. мәселелерді қарастырады.

2-тарау. Корпоративтік басқару

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясының құрамына мынадай 7 еншілес және бағынысты ұйым кіреді: "Астық қоймалары" ЖШС – 1 бірлік, "Ақ Бидай-Терминал" АҚ тобы – 3 бірлік ("Ақ Бидай-Терминал" АҚ, "Баку астық терминалы" ЖШҚ, "Амирабад Грэйн Терминал Киш" ЖШҚ), "ЭкспАгро" ЖШС тобы – 3 бірлік ("ЭкспАгро" ЖШС, "NurAgro" агрофирмасы" ЖШС, "AstanaAgro" агрофирмасы" ЖШС).

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясының еншілес ұйымдарын басқару синергия әсеріне қол жеткізу, өзара іс-қимылды күшейту және Азық-түлік келісімшарт корпорациясының стратегиялық міндеттеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету арқылы олардың қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында жүзеге асырылады.

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясы бейінді емес функциялармен ауыртпалық салынбаған оңтайлы құрылымды пайдалана отырып, корпоративтік дамуды жетілдіруге және өз қызметінің тиімділігін арттыруға ұмтылады.

      Осыған байланысты бейінді емес функциялар мен қызмет түрлерінен босату бойынша жүргізілетін жұмыс шеңберінде "ЭкспАгро" ЖШС тобын бәсекелес ортаға өткізу/тарату рәсімі жүзеге асырылады.

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясы өкілдері еншілес ұйымдардың басқару органдары мен тексеру комиссияларында өз функцияларын жүзеге асыру кезінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясы компаниялар тобының бірыңғай корпоративтік практикаларын, оның ішінде саясаттарды, қағидаларды және басқа да ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу, борыштық міндеттемелер мен өтімділікті басқару, құқықтық және салалық мәселелерді шешу, мемлекеттік органдармен және контрагенттермен және т.б. өзара іс-қимыл жасау кезінде қолдануды бағдарға алады.

      Корпоративтік басқарудың жалпы қабылданған қағидаттарына сәйкес Азық-түлік келісімшарт корпорациясында тәуелсіз директорлар, корпоративтік хатшы институттары енгізілді. Директорлар кеңесінің жанынан бейінді комитеттер, Ішкі аудит қызметі (бұдан әрі – ІАҚ) құрылды.

      Директорлар кеңесіне тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерін жетілдіруге бағытталған тәуелсіз және объективті кепілдіктер мен консультациялар беру мақсатында ІАҚ өз жұмысында халықаралық ішкі аудиторлар институты (The Institute of Internal Auditors Inc) белгілеген ішкі аудиторлар қызметінің стандарттарын және сапа стандарттарын қолданады). Жыл сайынғы негізде ІАҚ тәуекелге бағдарланған аудиторлық жұмыс жоспарын әзірлейді, оған сәйкес аудит жүргізеді, ұсынымдар береді және олардың орындалуына мониторинг жүргізеді.

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясының комплаенс-мәдениетін дамыту комплаенс-тәуекелдерді басқарудың кешенді жүйесін ұйымдастыру, енгізу және қолдау, комплаенс саласындағы ішкі саясатты, регламенттерді, рәсімдерді және өзге де құжаттарды әзірлеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеуші талаптар мен ең үздік халықаралық практикаға мониторинг жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі. Директорлар кеңесі және Корпорацияның лауазымды тұлғалары сараланған басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін комплаенс-тәуекелдер туралы жедел ақпаратпен қамтамасыз етіледі.

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясындағы тәуекелдерді басқару тәуекел-менеджмент саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады. Тұрақты негізде тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігіне мониторинг жүргізу және қажет болған жағдайда оны түрлендіру және жетілдіру жүзеге асырылады.

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясының корпоративтік басқару деңгейін диагностикалау тиісті рейтинг беру арқылы тұрақты негізде жүргізіледі. Алынған ұсынымдар негізінде корпоративтік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған тиісті іс-шаралар жүзеге асырылады.

3-тарау. Қаржылық жағдай

      Мемлекеттік міндеттерді, оның ішінде астық нарығындағы тұрақтандыру функциясын орындау шарттарымен Корпорацияның қызметі жалпы оң қаржылық нәтиже алуға, ал жекелеген операциялар бойынша шығынсыздықты қамтамасыз етуге бағытталған.

      2019 жылдың қорытындысы бойынша шоғырландырылған таза пайда мөлшері 2,7 млрд теңгені құрады, бұл 2018 жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда 173 % өсімді құрады. Баланс валютасы 69,4 млрд теңгені құрады және өткен жылмен салыстырғанда міндеттемелерді өтеу есебінен 15 %-ға төмендеді. Бұл ретте, Компанияның міндеттемелері 13,6 млрд теңгені құрады, бұл 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 есе аз. 2019 жылы шоғырландырылған капитал 55,8 млрд теңгені құрап, 2018 жылғы көрсеткіштен 4,6 %-ға артты.

      Өз кезегінде активтер рентабельділігі мен капитал рентабельділігі көрсеткіштері оң мәнге ие және өсу динамикасын көрсетеді, бұл жағдай Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қаржылық, материалдық емес және еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігінің дәрежесін кешенді тұрғыда көрсетеді.

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясы операциялық қызметті қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен қаржы алады, сондай-ақ капитал нарықтарында қарыз тартады. Бұл ретте, тәжірибе көрсетіп отырғандай, компанияның қаржылық тұрақтылығына отандық банк секторының тұрақсыздығы айтарлықтай әсер етеді.

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясы халықаралық қаржы институттарымен ұзақ мерзімді әріптестік қарым-қатынас та орнатқан. Азық-түлік келісімшарт корпорациясының мемлекеттік компания ретінде ұсынылуы шетелдік әріптестер мен халықаралық рейтингтік агенттіктердің тарапынан көрсетілетін сенімнің негізі болып табылады. 2020 жылы Moody's Investors Service компаниясы B1 санаты бойынша болжам "Тұрақты" рейтингін растады.

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қызметі контрагенттердің шарттық міндеттемелерді орындамауының тәуекелдері жоғары болған жағдайда шаруашылық операцияларды жүргізумен байланысты. АҚК қызметін мемлекеттік бақылаудың болмауынан Азық-түлік келісімшарт корпорациясының астығын ұрлау және оның сапасының нашарлау тәуекелі сақталып келеді. Контрагенттердің берешекті уақтылы өтемеуіне не өтелмеген берешектің туындауына байланысты кассалық алшақтықтардың туындау тәуекелі бар.

      Орын алған тәуекелдер фактілерінің болуына байланысты компанияның қаржылық жағдайына проблемалық дебиторлық берешектің ауыспалы көлемі теріс әсер етеді. 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мерзімі өткен дебиторлық берешек сомасы 50,7 млрд теңгені құрады, оның негізгі үлесі өткен кезеңдерде қалыптасты. 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есептелген резервтердің жалпы сомасы 46 млрд теңгені құрады, оның ішінде 7-10 жылдық кезеңнен асатын борыштар бойынша есептелген резерв 29,4 млрд теңге (63 %).

      Корпорацияның қаржы жүйесін сауықтыру мақсатында кешенді шаралар, оның ішінде проблемалық дебиторлық берешекті азайту, стратегиялық әріптестерді іріктеуді жақсарту, инвестициялық қызметтегі тәуекелдерді азайту және ресурстарға қажеттіліктің негізділігі, еншілес компанияларды басқару және дивидендтік саясат құралдарын қолдану, мемлекеттік қолдау құралдарын қолдану, компанияның ішкі ресурстарын ұтымды пайдалану, бюджеттің шығын баптарын төмендету шаралары тұрақты негізде қабылданады.

Мықты тұстары

Әлсіз тұстары

- Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қызметін мемлекеттік қолдау және ұлттық компания мәртебесі
- Астық нарығындағы көпжылдық қызмет тәжірибесі, оның қатысушыларымен ұзақ мерзімді әріптестік қарым-қатынастар
- Елде ірі астық көлемдерімен операциялар жасаудың табысты тәжірибесі, сатып алу және сату бағаларын белгілеу арқылы нарықтық конъюнктураға оң әсер
- Астықты сақтау мен экспорттаудың өзіндік инфрақұрылымының болуы
- Қазақстан Республикасының негізгі астық егетін өңірлерінде және шетелде өкілдіктердің болуы
- Елдің астық егетін өңірлерінде орналасқан АҚК әріптестік желісімен ұзақ мерзімді өзара қарым-қатынастар, бұл өнімді сақтау құрылымын және экспорт шығындарын әртараптандыруға мүмкіндік береді
- Тиімді шарттар бойынша коммерциялық қарыздарды тартуға мүмкіндік беретін мемлекеттік қолдауға байланысты бизнес-әріптестер тарапынан жоғары "сенім" құрметі
- Кредиттік рейтингтің болуы

- Қазақстанның географиялық орналасуына байланысты әлемдік ірі трейдерлерден бәсекелестік тұрғыдан объективті артта қалу
- Келісімшарттарды жасасу және орындау талаптары жеке компанияларға қарағанда икемділігі аз
- Мемлекеттік компанияларға тән шешім қабылдаудың жеделдігіне әсер ететін келісу рәсімдерінің жоғары дәрежесі
- АӨК субъектілерін қаржыландыруға және қолдауға байланысты мерзімі өткен дебиторлық берешектің үлкен көлемінің болуы
- Резервтік қордың барлық көлемінің сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ нан базаларының шығынсыз қызмет жүргізуі үшін қажетті қосымша астық көлемін ұстау үшін меншікті қуаттардың жеткіліксіздігі
- Меншікті нан базаларының географиялық тұрғыдан нашар орналасуы, олардың айтарлықтай тозуы және күрделі жөндеу жүргізу қажеттілігі

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

- Мемлекеттік міндеттерді орындау үшін бюджет қаражатын тарту
- Тауар желісін кеңейту
- Нарықта, оның ішінде шетелде өкілдіктер желісін кеңейту
- Көрші нарықтарда импорттық өнімдер трейдингі;
- Берешекті өндіріп алу нәтижесінде қосымша нан базаларын "Астық қоймалары" ЖШС меншігіне айналдыру жолымен астық сақтау қуаттылығын кеңейту
- Инвестицияларды, оның ішінде ислам қаржы құралдарын тарту
- Азық-түлік келісімшарт корпорациясы өнімдерін дипломатиялық және үкіметаралық деңгейде ілгерілету
- Мерзімі өткен дебиторлық берешекті өтеу есебінен қаржылық жағдайды жақсарту
- Азық-түлік келісімшарт корпорациясының корпоративтік басқару деңгейін арттыру
- Бизнес-процестерді автоматтандыруды енгізу

- Күн райы-климаттық факторға байланысты өндірістік жоспарларды орындамау
- Азық-түлік келісімшарт корпорациясының астықты ұрлау/бүлінуі фактілерінің алдын алу процесіне тікелей әсер ету мүмкіндігінің шектеулі болуына байланысты АҚК-да астықты ұрлау/бүлінуі
- Сыртқы нарықтарда баға конъюнктурасының қолайсыз болуы салдарынан операциялық қызметтен болған залалдар
- Транзиттік мемлекеттер мен импорттаушы елдерде нормативтік-құқықтық шектеулерді енгізу
- Валюта бағамдарының қолайсыз өзгеруі
- Халықаралық қаржы нарығындағы проблемалар салдарынан тартылатын қаражат бойынша мөлшерлемелерді арттыру және инфляциялық жүктеменің ұлғаюы
- Азық-түлік келісімшарт корпорациясы дебиторларының қаржылық жағдайының нашарлауы салдарынан проблемалық берешектің өсуі
- Банк секторындағы жағдайдың нашарлауы салдарынан Азық-түлік келісімшарт корпорациясының ЕДБ-де орналастырылған қаражатын жоғалту қаупі

1-тарау. Қорытынды

      Сыртқы және ішкі ортаға жүргізілген талдау мынадай негізгі қорытындылар жасауға мүмкіндік береді:

      әлемде халықтың өсуіне байланысты әлемдік нарықта азық-түлікке, оның ішінде дәнді дақылдарға және олардың өңделген өнімдеріне сұраныстың ұзақ мерзімді артуы үрдісі бар;

      пандемия секілді сыртқы факторлардың теріс әсерінен туындаған стрестік жағдайларда жаһандану азық-түлік тауарларының импортына тәуелді елдердің азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіреді;

      Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы инвестицияларға мұқтаж және өндіріс құралдары мен инфрақұрылым объектілерін ауқымды жаңғыртуды, шаруашылықты жүргізудің озық технологияларын енгізуді, өндірілетін өнімнің сапасын арттыруды және қолдауды қажет етеді;

      импорт пен валюталық тәуекелдерге тәуелділікті төмендету мақсатында Қазақстан Республикасында түпкі ауыл шаруашылығы өнімдерін (элиталық тұқымдардан, өсімдіктерді қорғау құралдарынан және минералдық тыңайтқыштардан бастап ауыл шаруашылығы техникасы мен қайта өңдеу бойынша технологиялық желілерге дейін) өндіруде пайдаланылатын барлық тауар номенклатурасын өндіруді қамтамасыз етудің объективті қажеттілігі бар;

      мемлекет астық өндірудің тұрақсыз деңгейіне және оның шығымдылығы төмен болған жағдайда бидайға арналған егіс алаңдарының қысқаруына байланысты азық-түліктік астықтың резервтік қорын ұстауы тиіс;

      астық саласы елдің азық-түлік қауіпсіздігінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде, оның ішінде астық және ӘлМАТ бағасын тұрақтандыру арқылы ішкі нарыққа ықпал ету шараларын сақтау үшін мемлекеттің қатысуын қажет етеді;

      отандық ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер, елде басым ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіру үшін ұзақ мерзімді жеңілдікті инвестицияларға және қаржылық қолдау шараларына мұқтаж;

      қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімінің шығымдылығының өсуі бірінші кезекте ішкі нарықтың сапалы тұқымдық материалға деген қажеттілігінің қанағаттандырылуына байланысты;

      ұн тарту және ет өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін бүкіл маусым бойы ішкі нарықта қолжетімді бағалар бойынша астықтың тұрақты қорының болуы талап етіледі;

      қазақстандық шикізаттық емес ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын дамытумен қатар стратегиялық өткізу нарықтарында Қазақстан Республикасы позициясын сақтау үшін дәнді дақылдардың экспортын қолдау қажет;

      Қазақстан әлемдік нарықта қазақстандық астықты ілгерілетуге және салаға инвестициялар тартуға септесетін халықаралық ұйымдармен және өңірлік даму институттарымен ынтымақтастықты дамытуы қажет;

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ұлттық оператор ретінде астық нарығында мемлекеттік міндеттерді шешуге, оның ішінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және бағаны тұрақтандыруға белсенді қатысуы тиіс;

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қызметі ішкі нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және астықты экспортқа ілгерілетіп шығаруға жәрдемдесуге бағытталуы тиіс;

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қаржылық орнықтылығын арттыру үшін ішкі астық нарығында мемлекеттік міндеттерді шешуге бағытталған іс-шараларды қаржыландырудың жүйелі тетігін әзірлеу талап етіледі;

      компания менеджменті тарапынан активтерді тиімді басқаруға, операциялық қызметтегі қаржылық тәуекелдерді азайтуға және өткен жылдардағы проблемалық дебиторлық берешекті қысқартуға бағытталған шараларды іске асыру талап етіледі;

      корпоративтік басқару саласындағы озық стандарттарға сәйкес Азық-түлік келісімшарт корпорациясының корпоративтік басқару деңгейін арттыру бойынша одан әрі жұмыс жүргізу қажеттілігі бар.

      Сыртқы және ішкі ортаны талдау негізінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясының миссиясы, қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері және қызметінің түйінді көрсеткіштері қалыптасты.

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясының миссиясы – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу және астық нарығы жөніндегі оператордың функцияларын орындау арқылы Қазақстан Республикасының астық саласын дамытуға жәрдемдесу.

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясының пайымы – астық нарығында мемлекеттің саясатын жүзеге асыратын және корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарына сай келетін қаржылық тұрақты, орнықты дамып жатқан операциялық компания.

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясы миссиясын орындау қызметтің мынадай стратегиялық бағыттарын іске асыру арқылы жоспарланады:

      1) азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және астық нарығын тұрақтандыруға қатысу;

      2) егіс алаңдарын әртараптандыруға және АӨК субъектілерін қаржылық қолдауға жәрдемдесу;

      3) ауыл шаруашылығы дақылдарының сапасы мен егін шығымдылығын арттыруға жәрдемдесу;

      4) АӨК тұрақты азықтық базасын құруға жәрдемдесу;

      5) астық экспортының дамуына жәрдемдесу;

      6) Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қызметінің тиімділігін арттыру.

      1-мақсат. Астықтың резервтік қорын ұстап тұру

      1-міндет. Астықтың резервтік қорын сатып алу, сақтау, жаңарту және пайдалану Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 2016 жылғы 13 мамырдағы тапсырмасы шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде елді азық-түліктік астықтың кепілді көлемімен қамтамасыз ету мақсатында Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 500 мың тонна көлемінде азық-түліктік астықтың резервтік қорын құрды.

      Резервтік қор жаңа егіннің астығынан үнемі жаңартылып тұруы тиіс. Резервтік қорды жаңарту және қалыптастыру үшін астық сатып алу Азық-түлік келісімшарт корпорациясының меншікті және тартылған қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Астықтың резервтік қорын сақтауға жұмсалатын шығындар республикалық бюджеттен өтеледі.

      Сонымен қатар, ұн мен әлеуметтік нанның бағасын тұрақтандыру мақсатында Азық-түлік келісімшарт корпорациясы резервтік қордың бір бөлігін ішкі нарыққа белгіленген баға бойынша жеткізу үшін пайдалануы мүмкін.

      Бұл ретте Азық-түлік келісімшарт корпорациясы әр жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша резервтік қорда 500 мың тонна азық-түліктік астық қорының болуын қамтамасыз етеді.

      Астықтың резервтік қорының сандық-сапалық тұрғыдан сақталуын қамтамасыз ету үшін Азық-түлік келісімшарт корпорациясының еншілес компаниясы "Астық қоймалары" ЖШС-ның меншікті сақтау қуаттары – Нан базалары басым тәртіппен пайдаланылатын болады.

      Қызметтің түйінді көрсеткіші:

      Тиісті жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша азық-түліктік астықтың резервтік қорының көлемі, мың тонна

      2-мақсат. Астық пен ӘлМАТ бағасын тұрақтандыруға қатысу

      1-міндет. Астық нарығындағы интервенциялар (қажет болған жағдайда)

      Астық нарығында тұрақтандыру функциясын орындау шеңберінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясы мемлекеттің тапсырмасы бойынша сатып алу немесе тауар интервенцияларын қолданатын болады. Бұл шаралар негізінен Қазақстандағы астықтың жоғары өнім алуы немесе өте төмен түсімі кезеңінде пайдаланылатын болады және ішкі бағалардың күрт құбылмалылығын төмендетуге бағытталған.

      Сатып алу интервенциялары одан кейінгі жылдары ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін пайдаланылуы мүмкін немесе тауар интервенциясын жүзеге асыру қажет болмаған жағдайда, сыртқы нарықтарға жеткізу үшін пайдаланылуы мүмкін артық астықты нарықтан алу және Азық-түлік келісімшарт корпорациясының ресурстарын қалыптастыру мақсатында жоғары өнім алған кезеңде қолданылатын болады. Интервенция кезінде сатып алу бағасы астық өндірісінің шығынсыздығын қолдайтын есеппен анықталатын болады.

      Ішкі бағалар күрт өскен кезеңде Азық-түлік келісімшарт корпорациясының астық ресурстары, оның ішінде резервтік қордың бір бөлігі жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері (тауар интервенциясы) бойынша белгіленген бағалар бойынша жеткізу жолымен ішкі нарықтағы астыққа сұранысты қанағаттандыру үшін пайдаланылатын болады.

      Астық бағасын мемлекеттік реттеу қажет болмаған кезде Азық-түлік корпорациясы астық сатып алуды қалыптасқан нарықтық бағалар дәлізі шегінде жүзеге асыратын болады. Бұл ретте, Азық-түлік келісімшарт корпорациясының сатып алу бағаларына ішкі нарықтың сезімтал ден қоюын ескере отырып, сатып алу бағаларын негізсіз көтеру және төмендету жолымен нарықтық баға белгілеудің бұрмалануына жол бермейтін тәсіл пайдаланылатын болады.

      2-міндет. ӘлМАТ қорларын қалыптастыру және өңірлердің тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға жәрдемдесу

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ӘлМАТ-ға бағаларды негізсіз өсуден ұстап тұруға жәрдемдесу мақсатында ӘлМАТ тұтыну нормаларын негізге ала отырып 1-3 айлық қор көлемінде ӘлМАТ (бидай, жарма, күріш, күнбағыс, қант және басқа өнімдер) өндіру үшін шикізат болып табылатын азық-түлік тауарларының, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімдерінің қорларын қалыптастыруды жоспарлап отыр.

      Бұл қорлар ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің және өңдеуші кәсіпорындардың қызметін тауардың өміршеңдік циклінің түрлі кезеңдерінде ішінара қаржыландыру есебінен қалыптастырылатын болады. Бұл ретте, ішкі нарыққа қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау тиімділігін арттыру үшін Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу, өңдеу, сақтау және тиеп-жөнелту процестерін регламенттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіруді жоспарлап отыр.

      Қорларды ұстау үшін Азық-түлік келісімшарт корпорациясының меншікті қоймалары/сақтау сыйымдылықтары, сондай-ақ өнім өндірушілердің өз сақтау сыйымдылықтарын пайдаланылатын болады. Бұл ретте ӘлМАТ өзіндік құнын төмендету үшін Нан базаларын жаңғырту жүргізілетін болады, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің әр түрі үшін сақтау сыйымдылығын кеңейту мүмкіндігі қарастырылады.

      Маусымдық тапшылық пайда болған және ішкі нарықта нақты өнімге бағаның өсуі орын алған жағдайда, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы осы өнімді ӘлМАТ қорларынан белгіленген бағалар бойынша жеткізетін болады.

      ӘлМАТ жекелеген санаттары бойынша азық-түлік қауіпсіздігіне төнген қауіп-қатерге жедел ден қою мақсатында, сондай-ақ ішкі және сыртқы нарықтарда шұғыл сатып алу операцияларын жүргізу үшін Азық-түлік келісімшарт корпорациясының тұрақты жұмыс істейтін ақша қорын қалыптастыру мүмкіндігі мен ұстау тетіктері қарастырылады.

      Осыған қоса, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ұлттық жергілікті бюджет есебінен астық сатып алу және жеткізу жолымен жергілікті атқарушы органдардың тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға жәрдемдесетін болады.

      Қызметтің түйінді көрсеткіші:

      ӘлМАТ үшін шикізат болып табылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу көлемі, мың тонна

      Стратегиялық бағытты жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер:

      Негізгі үш ӘлМАТ түрі – бірінші сұрыпты бидай ұны, бірінші сұрыпты ұннан (формалы) жасалған бидай наны, түтiк кеспе (өлшенетін) өндіру үшін шикізат болып табылатын базалық азық-түлік тауары – астық бойынша азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз ету арқылы елдің экономикалық қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Бұдан басқа, ұн тарту кәсіпорындары үшін шикізаттың белгіленген құны астық бағасы өскен кезеңде әлеуметтік нанның бағасын ұстап тұруға мүмкіндік береді.

      ӘлМАТ қорларын қалыптастыру ішкі нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін нақты кезеңде Азық-түлік келісімшарт корпорациясында жекелеген ӘлМАТ қажетті көлемінің болуына кепілдік беретін болады.

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясының ішкі нарыққа қажетті ӘлМАТ көлемін белгіленген бағалар бойынша жедел жеткізуі маусымдық тапшылық кезеңінде осы тауарлар бағасын тұрақтандыруға септігін тигізеді.

      1-мақсат. Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының өндірісін ынталандыру

      1-міндет. Ауыл шаруашылығы дақылдарын форвардтық сатып алу

      Ішкі нарықты одан әрі тұрақтандыру және экспортты дамыту үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің кепілді көлемін қалыптастыру мақсатында Азық-түлік келісімшарт корпорациясының неғұрлым прогессивті құралы – форвардтық сатып алу жандандырылатын болады.

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясының форвардтық сатып алу бағдарламалары өңірлер мен дақылдар бойынша әртараптандырылып, ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие басымдығы жоғарылау болатын ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруді ынталандыруға бағытталады. Сонымен бірге, Азық-түлік келісімшарт корпорациясының форвардтық сатып алуы үшін тауар желісін белгілеу мақсатында өнімнің нақты түрлерін өндіруге арналған ауыл шаруашылығы алқаптарын оңтайлы пайдалану бойынша өңірлерді мамандандыру схемасы ескерілетін болады.

      Бірінші кезекте ӘлМАТ өндірісі үшін шикізат болып табылатын дәнді, майлы дақылдар өндірісі қаржыландырылады.

      АӨК субъектілерінің форвардтық сатып алу бағдарламаларына қатысуы үшін неғұрлым қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында, оның ішінде қамтамасыз ету құралы ретінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың кепілдіктері қабылданатын болады. Кейіннен отандық ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытудың белгілі бір деңгейіне жеткенде Азық-түлік келісімшарт корпорациясына қатысушылар форвардтық мәмілелер шеңберіндегі міндеттемелер бойынша ортақ жауапкершілік арқалайтын кооперативтермен жұмыс жасауға басымдық беріледі.

      Отандық АШТӨ форвардтық сатып алу бағдарламасы арқылы дер кезінде КЕЖ жүргізуге және елде сұранысқа ие ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін қолдауға мүмкіндік беретін жеңілдікті қаржыландыруға қол жеткізеді.

      Форвардтық сатып алу бағдарламалары шеңберінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерінің қажетті ресурстарын қалыптастырады, оның ішінде жем қорын қалыптастыру үшін азықтық дақылдар өндірісін ынталандырады, тұқымдық материалды сатып алуды қаржыландырады, астықтың резервтік қорын уақтылы жаңарту үшін өнім көлемдерін кепілді түрде белгілейді, жасалған экспорттық келісімшарттардың орындалуын қамтамасыз ететін және жолға қойылған өнім өткізу арналары бойынша экспорттың ұзақ мерзімді стратегиясын қолдауға мүмкіндік беретін ресурстарды қалыптастырады.

      АӨК қаржыландыру тетіктерін кеңейту мақсатында Азық-түлік келісімшарт корпорациясы АШТӨ-мен ауыл шаруашылығы өнімін кепілді сатып алу шарттарын (оффтейк-келісімшарттар) жасасуы мүмкін, оларды АШТӨ ЕДБ қарыз қаражатын алу үшін тұрақты кепіл ретінде пайдалануы мүмкін.

      Қызметтің түйінді көрсеткіші:

      Форвардтық сатып алу бағдарламалары бойынша қаржыландырылған егістік алқаптар, млн га.

      Стратегиялық бағытты іске асырудан күтілетін нәтижелер:

      Форвардтық сатып алу бағдарламасы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді КЕЖ жүргізу үшін жеңілдікті қаржыландырумен, сондай-ақ өндірілген өнімнің кепілдендірілген өткізілуін қамтамасыз етеді. Осы бағдарлама Қазақстан Республикасында басым дақылдар өндірісінің өсуін ынталандыратын болады және ішкі нарықта тұрақтандыру функциясын одан әрі орындау үшін Азық-түлік келісімшарт корпорациясының ресурстарына ауыл шаруашылығы өнімдерінің тұрақты жеткізілімдерін қамтамасыз етеді.

      1-мақсат. Ішкі нарықтың жоғары сапалы астық тұқымдарына қажеттілігін қанағаттандыру

      1-міндет. Тұқым қорын қалыптастыру және басқару

      Ішкі нарықтың сапалы тұқым материалына деген қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында Азық-түлік келісімшарт корпорациясы тұрақты жұмыс істейтін тұқым қорын қалыптастыру үшін өсімдік шаруашылығы өнімінің жоғары сапалы тұқымдарын сатып алуды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің егін шығымдылығын арттыру процесін жеделдету және тұқым өсіру шаруашылығын дамытуға жәрдемдесу үшін Азық-түлік келісімшарт корпорациясы тұқым материалын импорттау және тұқым өндіру ауқымын одан әрі кеңейту үшін оны АТӨШ-ке сату жөніндегі оператор ретінде әрекет ететін болады.

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясы АӨК-дегі отандық ҒЗИ-мен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қазақстан Республикасында өндіру үшін тұрақты мол егін шығымдылығын қамтамасыз ету әлеуеті бар, климаттық және басқа да сипаттамалары бойынша неғұрлым қолайлы дақылдардың жаңа шетелдік сұрыптарының мониторингін жүзеге асыратын болады.

      Импорттық тұқымдық материалды Азық-түлік келісімшарт корпорациясы АТӨШ-ке элиталық және бірінші репродукциялы тұқымдармен қайтару шарттарымен өткізеді, олар кейіннен көктемгі кезеңде АШТӨ субъектілеріне егіс жұмыстарын жүргізу үшін беріліп, тауарлық астық түрінде ақы төлеу мерзімі егін жинағаннан кейінге қалдырылады. АШТӨ жеткізген тауарлық астықты сатудан түскен қаражат жоғары сапалы жаңа тұқымдарды импорттау үшін пайдаланылатын болады.

      Отандық аграрлық ғылымды ынталандыру мақсатында Азық-түлік келісімшарт корпорациясы күзгі кезеңде тауарлық астықпен қайтаруға ұқсас шарттарда кейіннен ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге ұсыну үшін АТӨШ-тен өсімдік шаруашылығы өнімдерінің жоғары сапалы тұқымдарын сатып алуды жоспарлап отыр.

      Ішкі нарықты жоғары сапалы тұқымдармен қамтамасыз ету міндетін шешу, сондай-ақ Азық-түлік келісімшарт корпорациясының форвардтық сатып алу бағдарламасы арқылы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді нарықта жоғары сапалы тұқым сатып алуға нысаналы көктемгі-жазғы қаржыландыру түрінде жүзеге асырылатын болады.

      Қызметтің түйінді көрсеткіші:

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясы бағдарламалары бойынша АШТӨ сатып алған жоғары сапалы тұқымның көлемі, мың тонна

      Тұқым қорын қалыптастыру және пайдалану қазақстандық ауыл шаруашылығы дақылдарының егін шығымдылығын арттыруға және сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді. Бидайға арналған егіс алаңдарының төмендеуі аясында сапа көрсеткіштерін жақсарту есебінен осы дақылдың тұрақты өндірісі және бәсекеге қабілеттілігінің өсуі қамтамасыз етілетін болады.

      Отандық АТӨШ өндірілетін тұқым материалын кепілдендірілген түрде өткізе алады, бұл Қазақстанда тұқым өсіру шаруашылығын дамытуға жәрдемдеседі.

      АШТӨ-ні сапалы тұқымдық материалмен қамтамасыз етудің көрсетілген тетіктері арқылы Азық-түлік келісімшарт корпорациясы мемлекет жүргізіп отырған өсімдік шаруашылығын әртараптандыру саясаты шеңберінде басым дақылдар өндірісін ынталандыратын болады.

4-кіші бөлім. АӨК-нің тұрақты азықтық базасын құруға жәрдемдесу

      Ескерту. 4-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.06.2022 № 443 қаулысымен.

      1-мақсат. Ішкі нарықтың азық-түлікке деген қажеттілігін қанағаттандыру

      1-міндет. Жемдік қорды қалыптастыру және басқару

      Ішкі нарықтың азыққа қажеттілігін қанағаттандыру, сондай-ақ шұғыл жағдайлар (құрғақшылық және ішкі нарықта азықтың күрт тапшылығы мен бағасының өсуіне себеп болып табылатын басқа да факторлар) туындаған жағдайда нарықты тұрақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында бюджеттік инвестициялар қаражаты есебінен 200 мың тонна көлемінде тұрақты жұмыс істейтін жемдік қор құру жоспарланған.

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясы жемдік қорды қалыптастыру үшін форвардтық сатып алу бағдарламасы арқылы арпа мен азықтық дақылдар өндіруді ынталандырады, сондай-ақ нарықтық бағалар ең төмен болатын күз кезеңінде қажетті көлемдерді сатып алатын болады.

      Жемдік астық жаңа өнім түскенге дейін бүкіл маусым бойы нарыққа қатысушылардың өтінімдері негізінде белгіленген баға бойынша құс және мал шаруашылықтарына жеткізілетін болады. Корпорацияның жемдік қорындағы алынған астық балық шаруашылығы субъектілері үшін де қолжетімді болады. Жемдік астықты өткізуден түскен қаражат жемдік қорды одан әрі қолдауға бағытталады.

      Құс шаруашылығы мен мал шаруашылығы кәсіпорындарын, сондай-ақ балық шаруашылығы субъектілерін сапалы азықпен қамтамасыз ету мақсатында Азық-түлік келісімшарт корпорациясы құрамажем өндіру үшін отандық өңдеу зауыттарын форвардтық сатып алу арқылы қаржыландырады, сондай-ақ оларға жемдік астықты жеткізеді.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      құс шаруашылығы, мал шаруашылығы кәсіпорындары мен балық шаруашылығы субъектілеріне жеткізілген жемдік астықтың көлемі, мың тонна

      тиісті жылдың 31 желтоқсанындағы жемдік қордың көлемі, мың тонна.

      Қазақстан Республикасының құс және мал шаруашылықтарының астықты ұзақ уақыт сақтауға арналған меншікті сыйымдылықтары болмаған жағдайда маусымаралық кезеңде олардың астық бағасының айтарлықтай құбылмалылығына тәуелділік проблемасы шешілетін болады. Азық-түлік келісімшарт корпорациясының жем қорын қалыптастыру құс шаруашылығы мен мал шаруашылықтарына жемді үнемі қолайлы бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясында астықтың кепілді көлемінің болуы мен құны осы АӨК субъектілеріне өз бизнесін болжауға және түпкі өнімнің бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Осылайша, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ірі қара мал еті, құс еті, тауық жұмыртқасы бағасының негізсіз өсуін тежеуге және аталған азық-түлік тауарларының халық үшін қолжетімділігін арттыруға жәрдем көрсететін болады.

      Бұдан басқа, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы отандық құрама жем шығаратын зауыттардың жүктелуіне және құрама жем өндірісінің көлемін арттыруға ықпал ететін болады. Бұл ұсынылған азықтандыру рационына сүйене отырып, құстар мен малдарды құнарлы азықпен қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік береді және олардың мал басының тұрақты өсуіне септігін тигізеді.

      Сондай-ақ Азық-түлік келісімшарт корпорациясының жемдік қорының астығы акваөсіру субъектілерін азықпен қамтамасыз етуге, демек балық өнімдерін өндіру көлемінің өсуіне ықпал ететін болады.

      1-мақсат. Астық экспорты көлемінің өсуі және сыртқы өткізу нарықтарында орнығу

      1-міндет. Жеткізілімдерді тұрақтандыру және экспорттық операцияларды әртараптандыру

      Әлемдік нарықта қазақстандық астық позициясын орнықтыру үшін тұрақты экспорттық жеткізілімдерді ұйымдастыру талап етіледі.

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясының жұмысы сыртқы нарықтарда тұрақты болуын қамтамасыз етуге және жасалған келісімшарттардың мінсіз орындалуына және жеткізілетін өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз етуге кепілдік беретін қазақстандық экспорттаушының имиджін қалыптастыруға бағытталатын болады.

      Осы жұмыс шеңберінде Өзбекстанда сауда өкілдігін, сондай-ақ оның ішінде қазақстандық бизнестің қатысуымен АҚК және/немесе диірмен кешенін ашу жоспарлануда. Бұл инфрақұрылым осы елдің нарығында қазақстандық астық пен ұн өнімдерінің позициясын орнықтыру және Орталық Азия өңірінде экспортты дамыту мақсатында өз өнімдерін сату үшін отандық экспорттаушыларға ұсынылатын болады.

      Астықты басқа стратегиялық өткізу нарықтарына, оның ішінде ҚХР перспективалық нарығына экспорттау жөніндегі жұмыс жалғасатын болады. Қытай нарығында қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдері мен қайта өңдеу өнімдерінің саудасын дамытуға жәрдемдесу мақсатында Қытайда қазақстандық экспорттаушылар үшін сауда үйін ашу мүмкіндігі зерделенетін болады. Бұл қытайлық әріптестермен келіссөздер процестерін ретке келтіреді және тұтастай алғанда ҚХР нарығында қазақстандық экспорттаушыларға көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қазақстандық астық экспортының географиясын одан әрі кеңейту және жаңа бағыттарды игеру мақсатында тұрақты негізде әлеуетті импорттаушыларды іздеу және олармен ұзақ мерзімді сауда байланыстарын орнату бойынша жұмыс жүргізетін болады. Азық-түлік келісімшарт корпорациясының негізгі контрагенттері импорттаушы елдердің мемлекеттік және ірі жеке компаниялары болады.

      Бұдан басқа, Азық-түлік келісімшарт корпорациясының сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігі мен ұтқырлығын арттыру үшін көрші Ресей мен Украина нарықтарында астық сатып алу және экспорттық бағыттар бойынша, сондай-ақ қажет болған жағдайда ішкі нарыққа жеткізу тетіктері пайдаланылатын болады. Бұл үшін Каспий теңізіндегі Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қолда бар порттық инфрақұрылымының әлеуеті барынша пайдаланылатын болады.

      Логистикалық жүйені оңтайландыру және экспорттық әлеуетті одан әрі дамыту шеңберінде астықты ауыстырып тиеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер кешенін қамтитын экспедиторлық қызметтер көрсету жоспарлануда, бұл Каспий бағытында қазақстандық астықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және Азық-түлік келісімшарт корпорациясының ауыл шаруашылығы өнімдері нарығындағы операциялық шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

      2-міндет. Экспорттық партияларды шоғырландыру

      Бұл міндет мұндай мүмкіндігі жоқ ұсақ және орта АШТӨ-нің экспорттық операцияларға қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы АШТӨ-нің көрсетілген санаттарынан астықтың ұсақ партияларын шоғырландыруды және оны өңделген өткізу арналары бойынша экспортқа жөнелтуді жоспарлап отыр, бұл нәтижесінде АШТӨ-нің кірістерін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

      Астық нарығы бойынша оператор мәртебесінің болуы және Азық-түлік келісімшарт корпорациясының сыртқы сауда қызметінің көп жылдық тәжірибесі осы шараның нәтижелілігін қамтамасыз ететін болады.

      Импорттаушылар тарапынан жоғары сенім Азық-түлік келісімшарт корпорациясына жеткізілетін астық үшін алдын ала төлем жасау шартымен экспорттық мәмілелер жасасуға мүмкіндік береді, бұл валюталық тәуекелдерді едәуір төмендетеді және төлем жасамау тәуекелдерін барынша азайтады.

      3-міндет. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы шеңберінде агенттік функцияларды жүзеге асыру (қажет болған жағдайда)

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясы азық-түлік ресурстарын экспорттаушы Қазақстанда осы ұйымның штаб-пәтерінің орналасқанын ескере отырып, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымымен ынтымақтастық мүмкіндіктерін пайдалануды жоспарлап отыр.

      Мұндай ынтымақтастықтың перспективалары астық қорын АҚИҰ-ға қатысушы елдермен бірлесіп құру және қажет болған жағдайда осы елдерге астық жеткізу жөніндегі агенттік функцияларын орындау түрінде болуы мүмкін.

      Сонымен қатар, қосымша мүмкіндіктер ретінде Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығына инвестициялар тарту үшін, оның ішінде халал-өнім өндірісін дамыту үшін АҚИҰ алаңы арқылы ислам қаржы институттарымен арадағы байланысты нығайтуды қарастыру қажет.

      Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуге және Азық-түлік келісімшарт корпорациясының отандық АШТӨ субъектілерімен форвардтық мәмілелер жасасу тетігі арқылы Қазақстанда осы өнім өндірісін ұйымдастыруға ұзақ мерзімді офтейк-келісімшарттар жасасу мүмкіндіктері зерделенетін болады.

      Қызметтің түйінді көрсеткіші:

      Стратегиялық өткізу нарықтарына астық жөнелтудің ең аз көлемі, мың тонна

      Әлемдік нарыққа астық жеткізілімдерін тұрақтандыру, сыртқы сауда байланыстарын нығайту, сондай-ақ АҚИҰ-мен ынтымақтастық мүмкіндіктерін пайдалану қазақстандық астық экспортын дамытуға жәрдемдесетін болады.

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясының астықтың экспорттық партияларын шоғырландыруы АШТӨ-нің шағын және орта санаттарына өздері өндірген астықты сатудан түскен табысты ұлғайтуға және олардың қызметінің табыстылығын арттыруға мүмкіндік береді.

      Экспорттық келісімшарттар жасасу ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу кезінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясының баға тәуекелін, сондай-ақ шетелдік қаржы институттарынан қарыз тарту кезінде валюталық тәуекелді төмендететін болады.

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясы экспорттық қызметті жүзеге асырған кезде отандық астық экспорттаушыларға қатысты адал бәсекелестік және сыртқы нарықтарда Азық-түлік келісімшарт корпорациясының үстем жағдайды иеленуіне жол бермеу қағидаты сақталатын болады.

      1-мақсат. Қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету

      1-міндет. Меншікті капитал мен активтерді пайдаланудың тиімділігін арттыру

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қызметінің шығынсыздығын қолдау және рентабельділігін қамтамасыз ету мақсатында Компанияның кредиттік портфеліндегі проблемалық борыштардың үлесін төмендету және бейінді емес активтер мен функциялардан босату бойынша жұмыс күшейтілетін болады.

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясы компанияның кірістілік көрсеткішінің өсуін қамтамасыз ететін айналымдылығын арттыру үшін ауыл шаруашылығы өнімдері нарығындағы сауда-сатып алу қызметін жандандыруды жоспарлап отыр. Бұл үшін Азық-түлік келісімшарт корпорациясы сатып алу саясатының қолда бар құралдарын барынша пайдаланумен қатар, ішкі және сыртқы нарықтардағы сауда байланыстарын кеңейте отырып, 1 млн тоннадан кем емес мөлшерде жыл сайынғы астық көлемдерімен жұмыс істеуге тырысатын болады.

      Форвардтық сатып алу тетігін қолдана отырып, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қызметін кеңейтуді ескере отырып, салалық тәуекелдерді азайту мақсатында қамтамасыз етудің дәстүрлі түрлерін (тұрақсыздық айыппұлы, кепіл, оның ішінде болашақ тауарлар және/немесе жолдағы тауарлар, кепілдік, кепілгерлік) ғана емес, сондай-ақ міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің стандартты емес тәсілдерін, оның ішінде кепілдік жарналарды, депозиттерді, жедел санкцияларды (өзара міндеттемелер бойынша қарама-қарсы қанағаттандыруды тоқтату, есеп айырысу тәртібін өзгерту және басқалар) пайдалану ұйғарылады.

      Жоспарланған кезең ішінде "ЭкспАгро" ЖШС компаниялар тобы түрінде бейінді емес активтерді сату күтілуде. Бейінді еншілес компаниялардың негізгі мақсаты Азық-түлік келісімшарт корпорациясының барлық компаниялар тобының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін астық нарығындағы қаржы-шаруашылық қызметтің кірістілігін арттыру болып табылады.

      Мемлекеттік компаниялардың басқару менеджментінің халықаралық тәжірибесіне сүйене отырып, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы активтер мен капитал құнының өсуін қамтамасыз ету сияқты көрсеткіштердің көмегімен инвестициялық және операциялық қызметтің тиімділігін арттыруды жоспарлап отыр.

      Бейінді еншілес компаниялар күрделі жөндеуге, жаңғыртуға және негізгі құралдарды (оның ішінде конвейерлік, норийлік, астық кептіру жабдығы, тиегіштер және т.б.) сатып алуға инвестициялар салу есебінен өндірістік қуаттардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін болады.

      Корпорацияның ішкі құжаттарына сәйкес бюджет саясатының, оның ішінде олардың қызметінің шығынсыздығын қамтамасыз етуге бағдарланатын еншілес компаниялардың параметрлері бекітілетін болады.

      Корпорация өзінің алдына қойылған міндеттерді іске асыру үшін қажетті синергияны қамтамасыз ете отырып, топішілік еркін өтімділікті және қаржылық міндеттемелерді басқарудың тиімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдайтын болады, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жалғасатын болады.

      Топтың қаржылық орнықтылығының мониторингі Корпорацияның өтімділік пен қаржылық орнықтылық коэффициенттерінің шекті және ең төменгі нормативтік мәндерін белгілеу арқылы жүзеге асырылатын болады.

      Мемлекеттік міндеттерді, оның ішінде Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары шеңберіндегі міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік қорландыру тетіктері пайдаланылатын болады.

      Сонымен қатар, мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені төмендету мақсатында капиталдың қолжетімді нарықтарынан қаражат тарту үшін барлық ықтимал балама нұсқалар зерделенеді. Бұл ретте мұндай қарыз алудың құнын төмендету үшін Азық-түлік келісімшарт корпорациясы рейтингінің көрсеткіштерін жақсарту бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізілетін болады, сондай-ақ шетелдік валютадағы ақша қаражатын тартқан кезде валюталық тәуекелдерді хеджирлеу нұсқалары пысықталатын болады.

      Қызметтің түйінді көрсеткіші:

      ROE, %.

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясының өндірістік объектілеріндегі негізгі капиталға инвестициялар, млн теңге.

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясының өндірістік объектілеріндегі еңбек өнімділігі, 1 жұмыскерге шаққанда мың теңге.

      2-мақсат. Корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру

      1-міндет. Корпоративтік басқарудың үздік тәжірибесін енгізу

      Корпоративтік дамудың жетекші стандарттарын басшылыққа ала отырып, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы компанияны басқару мәселесінде ашықтықты қамтамасыз етуге және олардың басқарушылық шешімдерді қабылдау сапасы мен уақтылылығын арттыру есебінен басқару органдарының жұмысын жақсартады.

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясы Директорлар кеңесі мен оның комитеттері жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігі кәсіби директорлар мен сарапшыларды тарту, Директорлар кеңесінің қызметін сапалы жоспарлау және ол қабылдаған шешімдердің орындалуына мониторинг жүргізу, оның қызметін жыл сайын бағалау және уәжділік жүйесін әзірлеу есебінен қамтамасыз етілетін болады. Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттыру, оның құрамындағы тәуелсіз директорлардың үлесін ұлғайту мүмкіндіктері қарастырылатын болады.

      Жұмыста қолданылған корпоративтік басқарудың неғұрлым табысты тәжірибесін Азық-түлік келісімшарт корпорациясы әдіснамалық нормативтік базаны әзірлеу, ұсынымдар, бірыңғай корпоративтік стандарттар мен қағидалар беру жолымен еншілес ұйымдарға тарататын болады.

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясы еншілес ұйымдардың Директорлар кеңестеріндегі, Байқау кеңестеріндегі және тексеру комиссияларындағы өз өкілдері арқылы жалпы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу және кірістілік көрсеткішін арттыру үшін бүкіл топтың жұмысын үйлестіретін болады, басқару және қаржы менеджментінде, бюджеттік және стратегиялық жоспарлауда, операциялық міндеттерді шешу, проблемалық берешектермен жұмыс жасау, ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару мәселелерінде бірыңғай тәсілдерді қолданатын болады.

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясының корпоративтік басқару деңгейін кезеңдік диагностикалау бойынша жұмыс жалғасады. Ұсынылған заңнамаға сәйкес үш жылда бір рет оны тәуелсіз бағалау жүргізілетін болады. Алынған ұсынымдардың нәтижелері бойынша Азық-түлік келісімшарт корпорациясында корпоративтік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған
іс-шаралар жүргізілетін болады.

      Компания қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, оның экономикалық тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Азық-түлік келісімшарт корпорациясының бизнес-процестері барынша автоматтандырылады.

      2-міндет. Адами капиталды дамыту

      Жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған тиімді корпоративтік мәдениетті құру шеңберінде адами капиталға көп көңіл бөлінеді. Басқару менеджментінің сапасын арттыру және қабылданған шешімдерді тиімді іске асыру мақсатында құзыретті кадр құрамын қалыптастыру және оның тұрақты дамуын қамтамасыз ету қажет.

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясының нарықта бәсекеге қабілеттілігін қолдау үшін компанияның қажеттіліктерін қанағаттандыратын тиісті құзыреттері бар мамандарды тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіледі. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қызметтің тиісті бағыттары бойынша біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі бар құзыретті мамандарды ұстау мақсатында меритократия қағидаттарын одан әрі ұстанатын болады.

      Жұмыскерлерді стратегиялық міндеттерді іске асыруға барынша тарту және әрбір жұмыскердің қосқан жеке үлесі үшін түсінікті көтермелеу рәсімі де компанияның тиімділігіне ықпал ететін болады.

      Кадрлардың кәсіпқойлығын арттыруға оқыту және біліктілікті арттыру процесі есебінен де қол жеткізілетін болады. Жалпы, адами ресурстарды басқару саласында, оның ішінде лауазымдарды топтастыру жүйесін қолдану жолымен қазіргі заманғы практикаларды енгізу бойынша жұмыс жалғасады.

      Қызметтің түйінді көрсеткіші:

      Корпоративтік басқаруды бағалау, %.

      Активтерді тиімді басқару және корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру бойынша үздік шешімдерді енгізу компания қызметінің нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік береді. Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қаржылық орнықтылығы компанияға азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, астық нарығын тұрақтандыру және басқа да мемлекеттік міндеттерді іске асыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін негіз болады.

      Ескерту. 4-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.06.2022 № 443 қаулысымен.

      Стратегиялық даму бағыттары шеңберінде әрбір стратегиялық мақсат үшін Даму жоспарында қызметтің түйінді көрсеткіштері (бұдан әрі – ҚТК) белгіленген.

Р/с №

ҚТК

Өлшем бірлігі

2020 жыл (бағалау)

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

2027 жыл

2028 жыл

2029 жыл

2030 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

1-стратегиялық бағыт. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және астық нарығын тұрақтандыруға қатысу

Тиісті жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша азық-түліктік астықтың резервтік қорының көлемі

мың тонна

500

ӘлМАТ үшін шикізат болып табылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу көлемі

мың тонна

315

330

335

340

345

350

355

360

365

370

375

2-стратегиялық бағыт. Егіс алқаптарын әртараптандыруға және АӨК субъектілерін қаржылық қолдауға жәрдемдесу

1-мақсат. Басым ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіруді ынталандыру

3

Форвардтық сатып алу бағдарламалары бойынша қаржыландырылған егістік алқаптар

млн га

2,6

2,7

2,8

2,9

3,0

3,1

3,2

3,3

3,4

3,5

3,6

3-стратегиялық бағыт. Ауыл шаруашылығы дақылдарының сапасы мен егін шығымдылығын арттыруға жәрдемдесу

Азық-түлік келісімшарт корпорациясының бағдарламалары бойынша АШТӨ сатып алған жоғары сапалы тұқымның көлемі

мың тонна

1,8

5,0

5,5

6,0

6,5

7,0

7,5

8,0

8,5

9,0

10

4-стратегиялық бағыт. АӨК тұрақты азықтық базасын құруға жәрдемдесу

1-мақсат. Ішкі нарықтың азық-түлікке қажеттілігін қанағаттандыру

5

Құс шаруашылығы, мал шаруашылығы кәсіпорындары мен балық шаруашылығы субъектілеріне жеткізілген жемдік астық көлемі

мың тонна

55

90

100

110

120

130

140

150

160

170

180

5.1

Тиісті жылдың 31 желтоқсандағы жемдік қордың көлемі

мың тонна

200

200

200

200

200

200

200

200

200

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

5-стратегиялық бағыт. Астық экспортының дамуына жәрдемдесу

Стратегиялық өткізу нарықтарына астықты тиеп-жөнелтудің ең аз көлемі, оның ішінде:

мың тонна

≥ 100

≥ 150

≥ 175

≥ 190

≥ 205

≥ 220

≥ 235

≥ 250

≥ 265

≥ 280

≥ 295

ҚХР

≥ 45,2

≥ 50

≥ 55

≥ 60

≥ 65

≥ 70

≥ 75

≥ 80

≥ 85

≥ 90

≥ 95

Орталық Азия

≥ 54,8

≥ 20

≥ 35

≥ 40

≥ 45

≥ 50

≥ 55

≥ 60

≥ 65

≥ 70

≥ 75

Иран

0

≥ 50

≥ 50

≥ 50

≥ 50

≥ 50

≥ 50

≥ 50

≥ 50

≥ 50

≥ 50

Закавказье елдері

0

≥ 30

≥ 35

≥ 40

≥ 45

≥ 50

≥ 55

≥ 60

≥ 65

≥ 70

≥ 75

6-стратегиялық бағыт. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қызметінің тиімділігін арттыру

ROE

%

≥ 0,5

≥ 0,5

≥ 0,5

≥ 0,5

≥ 0,5

≥ 0,5

≥ 0,5

≥ 0,5

≥ 0,5

≥ 0,5

≥ 0,5

8

Азық-түлік келісімшарт корпорациясының өндірістік объектілеріндегі негізгі капиталға жасалатын инвестициялар

млн теңге

514

504

518

582

543

515

557

572

581

581

588

9

Азық-түлік келісімшарт корпорациясының өндірістік объектілеріндегі еңбек өнімділігі

1 жұмыскерге шаққанда мың теңге

5 904

6 071

6 252

6 451

6 669

6 909

7 176

7 475

7 811

8 193

8 630

Корпоративтік басқаруды бағалау

%

77

78

85

90

93

11

Азық-түлік келісімшарт корпорациясының басшылық лауазымдарындағы әйелдердің үлесі

%

7

7

7

15

15

15

30

      Ескерту. 5-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.06.2022 № 443 қаулысымен.

      Даму жоспарын іске асыру сыртқы орта факторларының әсеріне ұшырайтын болады. Стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу туындайтын тәуекелдерді басқару тиімділігіне, оның ішінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясының алдын алу іс-шараларын уақтылы жүргізуіне және тиісті ден қою шараларының жедел қабылдануына байланысты болады.

Р/с №

Тәуекелдің немесе қауіп-қатердің атауы

Тәуекелдің салдарлары

Тәуекелдің алдын алу жөніндегі іс-шаралар

Тәуекел туындаған кезде ден қою жөніндегі іс-шаралар

Азық-түліктік астықтың резервтік қорын жоғалту немесе оның сапалық сипаттамасының нашарлауы

төтенше жағдайлар кезінде халықтың астыққа деген қажеттілігін қанағаттандырмау;
Азық-түлік келісімшарт корпорациясының жағымсыз беделі

Азық-түлік келісімшарт корпорациясының астығын, оның ішінде астықтың резервтік қорын сақтау үшін АҚК мұқият іріктеу және өз міндеттемелерін адал орындамайтын АҚК тізімінен шығару;
сақтау орындарына үнемі тексеру жүргізу;
резервтік қордың негізгі көлемін өз АҚК-да (Нан базаларында) орналастыру;
мемлекет тарапынан АҚК-да астықтың сандық-сапалық жай-күйін бақылауды жетілдіру, АҚК тіркеу тәртібін қатаңдату және олардың қызметін лицензиялау бөлігінде заңнамаға өзгерістер енгізуге бастамашылық ету.

азық-түліктік астықтың жетіспейтін көлемін сатып алу;
залалдың орнын толтыру үшін сотқа дейінгі/сот рәсімдерін жүргізу.

2

Астықты сатып алу және астықтың резервтік қорын жаңарту үшін қаржыландырудың болмауы

Азық-түлік келісімшарт корпорациясының жағымсыз беделі.

астық сатып алу бағдарламаларын қаржыландыру үшін республикалық бюджеттен қаражат тарту;
түрлі қаржы институттарында ұзақ мерзімді кредиттік келісімдер жасасу;
арзан қаржыландырудың балама көздерін іздеу.

қаржыландырудың балама көздерін жедел іздестіру;
астық сатып алуға бюджет қаражатын шұғыл бөлу үшін ҚР құзыретті органдарына жүгіну;
өтімділікті алу үшін қолда бар өнімді жедел өткізу.

3

Қажетті астық көлемін сатып алу жөніндегі жоспарларды орындамау

ішкі нарықты тұрақтандыру үшін жеткілікті астық ресурстарының болмауы;
сату жоспарларының орындалмауына байланысты кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындамау.

Корпорация сатып алатын өнімге АӨК субъектілері үшін тартымды баға белгілеу;
сатып алу бағасын уақтылы бекіту.

Көрші нарықтарды қоса алғанда, неғұрлым тиімді баға бойынша астықтың жетіспейтін көлемін сатып алу.

1

2

3

4

5

4

Астықты нарықтық бағадан жоғары бағамен тұрақтандыру мақсатында сатып алу кезіндегі қаржылық тәуекелдер

Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қаржылық жағдайының нашарлау тәуекелі

Интервенциялық сатып алуды тек Азық-түлік келісімшарт корпорациясының шығындарын өтеу тетігін негіздеп, уәкілетті органдардың ресми шешімдері негізінде ғана жүргізу

Мемлекет шеккен шығыстарды өтеу есебінен Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қаржылық жағдайын тұрақтандыру жөнінде шаралар әзірлеу

5

ӘлМАТ қорларын басқарудан туындайтын қаржылық тәуекелдер

1) сақтау жерлеріне жүйелі түрде тексерулер жүргізу;
2) өзінің АҚК-да (Астық қоймаларында) ӘлМАТ-ға арналған шикізаттың бір бөлігін және ӘлМАТ-ды сақтау;
3) нарықтағы бағаларға жүйелі түрде мониторинг жүргізу.

Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қаржылық жағдайын тұрақтандыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу

Егін шығымының аз болуына байланысты форвардтық сатып алу шарттары бойынша АӨК субъектілерінің өнімді жеткізу бойынша міндеттемелерді орындамауы

өнімді сатып алу және сату жөніндегі жоспарлардың орындалмауына байланысты кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындамау
проблемалық дебиторлық берешектің өсуі, Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қаржылық тұрақтылығына төнген қауіп

АӨК субъектілерінің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етудің әр түрімен жұмыс істеу, оның ішінде кепілдіктер, кепілдер, кепілгерліктер, депозиттер, жедел санкциялар және т.б.

кепілгерге талаптар қою және шарттар бойынша қамтамасыз ету құралдарымен жұмыс істеу;
кепілгер өз міндеттемелерін орындамаған кезде сотқа дейінгі/сот рәсімдерін жүргізу.

7

Форвардтық сатып алу бағдарламасын іске асыру үшін Корпорацияда қаражаттың болмауы

Өнімді сатып алу және сату жөніндегі жоспарлардың орындалмауына байланысты кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындамау

Форвардтық сатып алу бағдарламасына қатысу үшін өтінімдердің болмауы

Корпорация үшін салалық және қаржылық тәуекелдерді ескере отырып, АӨК субъектілері үшін қолайлы форвардтық сатып алу бағдарламаларына қатысу шарттарын әзірлеу;
Республикалық бюджеттен жеңілдікті қаржыландыруды тарту

Өнім жинау алдындағы кезеңге форвардтық сатып алу мерзімдерін ауыстыру (тамыз);
Форвардтық сатып алу шеңберінде КЕЖ қаржыландыруға арналған қаржыны тікелей (күзгі) сатып алуға бағыттау.

Тұқым қорын қалыптастыру үшін Корпорацияда қаражаттың болмауы

АӨК субъектілерінің тұқым өткізу шарттары бойынша тауарлық астықты жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындамауы

проблемалық дебиторлық берешектің өсуі, Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қаржылық тұрақтылығына төнетін қауіп;
тұқым қорын ұстап тұру үшін қаражаттың болмауы

Тауарлық астықты жеткізу бойынша АТӨШ міндеттемелерін орындау кепілдіктері мен қамтамасыз етудің басқа да түрлерін қабылдау

тұқым қорын ұстап тұру үшін қаржыландырудың балама көздерін іздеу (тұқымдық материалды сатып алу).

Азықтық қорды қалыптастыру үшін Корпорацияда қаражаттың болмауы

Құс шаруашылығы, мал шаруашылығы кәсіпорындарының және балық шаруашылығы субъектілерінің бұрын мәлімделген көлемдерге сәйкес жемдік астықты сатып алу бойынша міндеттемелерін орындамауы

Азық-түлік келісімшарт корпорациясының сатып алынған жемдік астықты сақтау бойынша қосымша шығыстары

Жергілікті атқарушы органдармен жасалатын меморандумдарда және құс және мал шаруашылығы кәсіпорындарымен және балық шаруашылығы субъектілерімен жасалатын шарттарда жемдік астықтың мәлімделген көлемдерін белгіленген баға бойынша (нарықтық бағадан жоғары емес) кепілді сатып алудың қарсы міндеттемелерін, сондай-ақ өз міндеттемелерін орындамаған кәсіпорындарға Корпорацияның жемдік қорынан астықты сатып алудың одан арғы бағдарламаларына қатысуға тыйым салатын шарттарды бекіту

1) жемдік астықты еркін нарықта, оның ішінде экспортқа сату;
2) өз міндеттемелерін орындамаған кәсіпорындарды Корпорацияның сенімді әріптестері тізімінен шығару, Корпорацияның жем қорынан астықты сатып алу бағдарламасына одан әрі қатысудың мүмкін еместігі туралы осы контрагенттерді хабардар ету

Астықтың қажетті көлемін өткізу жөніндегі жоспарларды орындамау

Сату жоспарларының орындалмауына байланысты кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындамау.

өткізу үшін қажетті астық көлемін сатып алу;
ұзақ мерзімді экспорттық келісімшарттар жасасу;
экспедиторлық, кеме иеленуші компаниялармен келісімшарттар жасасу;
халықаралық компаниялардың сапалы параметрлерді анықтау бойынша астық инспекциясын жүргізу.

жаңа келісімдер жасасу бойынша импорттаушы елдердің мемлекеттік компанияларымен, оның ішінде орнатылған дипломатиялық байланыс арналары арқылы жұмысты жандандыру;
астықтың сапалық параметрлерінің алшақтығы бойынша халықаралық компанияларға қойылатын шағым талаптар.

1

2

3

4

5

14

Сатып алынатын өнімді өткізу арналарының болмауы

елдер бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу (импорттаушы елдің ауыл шаруашылығының жалпы деңгейі, импорт қажеттілігі және т.б.);
экспортқа жоспарланған өнім өндірісінің ішкі нарығына зерттеулер жүргізу;
тұтынушы елдерде импортталатын өнім мониторингі;
туындаған сауда кедергілерін жою үшін ҚР және импорттаушы елдердің мемлекеттік органдарымен жұмысты жандандыру;
өнім түрлері бойынша өткізу арналарын әртараптандыру.

болашақта оның жүзеге асырылуының алдын алу үшін ел бойынша және/немесе ҚР ішкі нарығы бойынша тәуекелдің туындау себептерін талдау;

дәстүрлі нарықтарда өнімді сату бойынша жұмысты жандандыру;
үкіметаралық комиссиялар шеңберіндегі сауда шектеулерін жою үшін ҚР құзыретті мемлекеттік органдарына жүгіну.

Азық-түлік келісімшарт корпорациясының меншікті капиталын тиімді пайдаланбау тәуекелі.

ЕДБ-ның дефолт жағдайындағы шығындар;
дебитордың дефолт жағдайындағы шығындар;
Азық-түлік келісімшарт корпорациясының бейінді емес активтерін сатудан қаражат алмау жағдайындағы шығындар.

"Standard&Poor's" агенттігі берген BB+ төмен емес рейтингі немесе басқа халықаралық рейтингтік агенттіктің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ЕДБ-ның кепілдігін мүмкіндігінше қабылдау;
берілетін лимиттерге сәйкес ақша қаражатын орналастыру, банк секторына тұрақты мониторинг жүргізу;
алдын ала төлем төлеу шартымен және ЕДБ кепілдіктері арқылы бейінді емес активтерді өткізу.

контрагенттердің берешегін қайтару бойынша сотқа дейінгі/сот рәсімдерін және іс-шараларды жүргізу;
ақша қаражатын шығару бойынша шұғыл іс-шаралар жүргізу;
кепілгер банкке талаптар қою.

16

Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қаржылық тұрақтылығының төмендеу тәуекелі.

міндеттемелерді төлемеу/ міндеттемелерді төлеу кезіндегі қиындықтар, осыған байланысты қаржыландыруды тарту кезінде проблемалардың туындауы;
Азық-түлік келісімшарт корпорациясының теріс беделі.

валюталық тәуекелдерді хеджирлеу;
валюталық позицияны басқару;
хеджирлеу тетіктері болмаған кезде валюталық қарыздарды тарту көлемін шектеу;
ұлттық валютадағы көздер есебінен валюталық қарыздарды қайта қаржыландыру;
тұрақты гэп-талдау. Ақша қаражатының қозғалысына стресс-талдау жүргізу;
ЕДБ -ға қаражатты орналастыруды әртараптандыру. Банктердің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу;
лимиттердің сақталуын бақылау;
Корпорацияның тұрақтандыру функциясын орындауға байланысты шығыстарды қаржыландыру үшін бюджет қаражатын тарту.

меншікті капиталдың көлемін қалпына келтіру мақсатында жарғылық капиталды толықтыру көздерін іздеу;
дағдарысқа қарсы басқаруды енгізу;
берешекті өндіріп алу бойынша проблемалық жобалар бойынша іс-шаралар жүргізу;
кепілдік қамтамасыз етуді өткізу.

1

2

3

4

5

17

Корпоративтік басқарудың белгіленген стандарттары мен рәсімдерін бұзу

Қабылданатын басқарушылық шешімдер сапасының төмендеуі, мүдделі тараптар, инвесторлар тарапынан сенімділіктің азаюы

Корпоративтік басқарудың уақытылы және толық диагностикасы.
Корпорацияның компаниялар тобы директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелерінің құзыреттілігіне және кәсіби қасиеттеріне қойылатын жоғары талаптарды ұстау, олардың қызметінің уәжділігін жоғарылату.
Корпоративтік басқару саласындағы нормативтік база мен бизнес-процестерді жетілдіру

Бұзушылық себептерін талдау, корпоративтік басқару жүйесін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру.
Ішкі аудит, тәуекел-менеджмент және ішкі бақылау процестерін іске асыратын бөлімшелердің функцияларын күшейту.

18

Адам капиталы сапасының төмендеуі.

Корпорация қызметінің тиімділік көрсеткіштерінің төмендеуі, қойылған міндеттердің орындалмауы және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізбеу

Жаңа жұмыскерлерді жұмысқа қабылдау кезінде құзыреттілік деңгейіне қойылатын талаптарды жоғарылату;
Персоналдың біліктілігін арттыру бойынша іс-шараларды тұрақты жүргізу;
Еңбекке ақы төлеу және сыйлықақы беру жүйесін қайта қарау, жұмыскерлерді әлеуметтік қолдауды жақсарту арқылы кадрлардың уәжділігін жоғарылату.

Қызмет тиімділігі төмендеуінің жағымсыз факторларын жою бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру.
HR саласындағы қызметтің тиімділігін арттыру бойынша тәуелсіз консультанттарды тарту.

  1-қосымша

Азық-түлік келісімшарт корпорациясының стратегиялық картасы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.06.2022 № 443 қаулысымен.

Р/с

СМЖ бірінші деңгейдегі құжат

СМЖ екінші деңгейдегі құжат

СМЖ үшінші деңгейдегі құжат

Даму жоспарында көзделген Азық-түлік келісімшарт корпорациясының ҚТК

1

2

3

4

5

1

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары:
1) үй шаруашылықтарының азық-түлік тауарларына жұмсайтын шығыстары, республика бойынша жалпы шығыстардан %:
2018 жылы – 48,5,
2019 жылы– 50,
2020 жылы – 56,4,
2021 жылы – 53,1,
2022 жылы – 49,8,
2023 жылы – 46,6,
2024 жылы – 43,3,
2025 жылы – 40.
2) еңбек өнімділігінің өсуі, 2019 жылғы бағамен 2019 жылғы деңгейден өсім %.
республика бойынша:
2019 жылы – 0,
2020 жылы– ( - ) 2,6,
2021 жылы – 0,4,
2022 жылы – 4,7,
2023 жылы – 10,4,
2024 жылы – 15,
2025 жылы – 20,6.
салалар бойынша:
ауыл шаруашылығы
2019 жылы – 0,
2020 жылы – 7,6,
2021 жылы – 23,9,
2022 жылы – 39,1,
2023 жылы – 52,9,
2024 жылы – 64,9,
2025 жылы – 75,7.
орман және балық шаруашылығы
2019 жылы – 0,
2020 жылы – ( - ) 5,7,
2021 жылы– 8,5,
2022 жылы – 21,9,
2023 жылы – 33,9,
2024 жылы – 44,5,
2025 жылы – 53,9.

АӨК дамыту тұжырымдамасы:
"200 мың тонна көлемінде жемдік қор құру" іс-шарасы;
"Форвардтық сатып алу бағдарламалары арқылы егіс алқаптарын әртараптандыруды дамыту" іс-шарасы;
"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ-ның дайын азық-түлік тауарларын (қант), оның ішінде оффтейк-келісімшарт жасасу арқылы сатып алуы" іс-шарасы.
АӨК ұлттық жобасы:
"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ-ның жемдік астықты құс шаруашылығы, мал шаруашылығы кәсіпорындарына және балық шаруашылығы субъектілеріне өткізуі" іс-шарасы; өткізу көлемі,
2021 жылы – 90 мың тонна,
2022 жылы – 100 мың тонна,
2023 жылы – 110 мың тонна,
2024 жылы – 120 мың тонна,
2025 жылы – 130 мың тонна;
"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ-ның дайын азық-түлік тауарларын сатып алуы, оның ішінде оффтейк келісімшарт жасасу арқылы сатып алуы (қант)" іс-шарасы, 2024 жылы – 26 741 952 мың теңге; қант сатып алу көлемі,
2024 жылы – 157 мың тонна;
"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау бойынша көктемгі дала және егін жинау жөніндегі іс-шараларды өткізу үшін кредит беру (қысқа мерзімді/орта мерзімді бюджеттік кредит және форвардтық сатып алу)" "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ және Азық-түлік келісімшарт корпорациясының іс-шарасы,
2021 – 2025 жылдары, жыл сайын 70 000 000 мың теңге.

АШМ-ның 2020 – 2024 жылдарға арналған даму жоспары:
1) ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің өсуі (2019 жылғы бағамен 2019 жылғы деңгейден өсім %.), 2020 жылы – 4,9,
2021 жылы – 23,9, 2022 жылы – 39,1, 2023 жылы – 52,9, 2024 жылы – 64,9;
2) АӨК өнімдері экспортының көлемі (млрд. АҚШ долл), 2020 жылы – 3,1, 2021 жылы – 3,9, 2022 жылы – 4,6, 2023 жылы – 4,9,
2024 жылы – 5,6;
3) ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялардың өсімі (2019 жылғы деңгейден 2019 жылғы бағасында өсу %-ы), 2020 жылы – 15, 2021 жылы – 22,8, 2022 жылы – 31,8, 2023 жылы – 43,1, 2024 жылы – 53,9.

1) тиісті жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша азық-түліктік астықтың резервтік қорының көлемі;
2) ӘлМАТ үшін шикізат болып табылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу көлемі;
3) форвардтық сатып алу бағдарламалары бойынша қаржыландырылған егістік алқаптар;
4) Азық-түлік келісімшарт корпорациясының бағдарламалары бойынша АШТӨ сатып алған жоғары сапалы тұқымның көлемі;
5) құс шаруашылығы, мал шаруашылығы кәсіпорындары мен балық шаруашылығы субъектілеріне жеткізілген жемдік астықтың көлемі;
6) тиісті жылдың 31 желтоқсанындағы жемдік қордың көлемі;
7) стратегиялық өткізу нарықтарына астықты тиеп-жөнелтудің ең аз көлемі;
8) ROE;
9) Азық-түлік келісімшарт корпорациясының өндірістік объектілеріндегі негізгі капиталға жасалатын инвестициялар, млн теңге;
10) Азық-түлік келісімшарт корпорациясының өндірістік объектілеріндегі еңбек өнімділігі,
1 жұмыскерге мың теңге;
11) корпоративтік басқаруды бағалау;
12) Азық-түлік келісімшарт корпорациясының басшы лауазымдарындағы әйелдердің үлесі.

  2-қосымша

Қызметтің негізгі көрсеткіштерін есептеу әдістемесі

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.06.2022 № 443 қаулысымен.

      1-стратегиялық бағыт. "Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және астық нарығын тұрақтандыруға қатысу".

      1-мақсат. Астықтың резервтік қорын сақтау.

      1-ҚТК. Тиісті жылғы 31 желтоқсандағы Азық-түлік астығының резервтік қорының көлемі.

      ҚТК Астықтың резервтік қорын сақтау мақсатында Азық-түлік келісімшарт корпорациясының ресурстарында азық-түлік астығының болуына мониторинг жүргізу үшін есептеледі.

      ҚТК есептеу формуласы:

      Тиісті жылғы 31 желтоқсандағы жайдай бойынша Азық-түлік келісімшарт корпорациясына меншік құқығында тиесілі азық-түлік астығының көлемдері.

      2-мақсат. Астық және ӘлМАТ бағаларын тұрақтандыруға қатысу.

      1-ҚТК. ӘлМАТ үшін шикізат болып табылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу көлемі.

      ҚТК ӘлМАТ қорларын құру үшін пайдалануға болатын Азық-түлік келісімшарт корпорациясының ауыл шаруашылығы өнімдері қорларына мониторинг жүргізу үшін есептеледі.

      ҚТК есептеу формуласы:

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясы есепті жылда сатып алған ӘлМАТ үшін шикізат болып табылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі.

      2-стратегиялық бағыт. "Егіс алаңдарын әртараптандыруға және АӨК субъектілерін қаржылық қолдауға жәрдемдесу".

      1-мақсат. Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының өндірісін ынталандыру.

      1-ҚТК. Форвардтық сатып алу бағдарламалары бойынша қаржыландырылған егіс алаңдары.

      ҚТК егіс алаңарының Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қаржылық қолдауымен қамтылауына мониторинг жүргізу үшін есептеледі.

      ҚТК есептеу формуласы:

      Есепті жылдағы форвардтық сатып алу бағдарламалары бойынша
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы арқылы қаржыландырумен қамтылған егіс алаңдары.

      3-стратегиялық бағыт. "Ауыл шаруашылығы дақылдарының сапасы мен өнімділігін арттыруға жәрдемдесу".

      1-мақсат. Ішкі нарықтың жоғары сапалы астық тұқымдарына қажеттілігін қанағаттандыру.

      1-ҚТК. АШТӨ Азық-түлік келісімшарт корпорациясының бағдарламалары бойынша сатып алған жоғары сапалы тұқымның көлемі.

      ҚТК АШТӨ өнімділікті және ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыру үшін алған жоғары сапалы тұқымдар көлеміне мониторинг жүргізу үшін есептеледі.

      ҚТК есептеу формуласы:

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясы АТШ және АШТӨ-ге жеткізген, сондай-ақ АШТӨ есепті жылы Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қаржыландыруы есебінен сатып алған жоғары сапалы астық тұқымдарының көлемі.

      4-стратегиялық бағыт. "АӨК тұрақты азықтық базасын құруға жәрдемдесу".

      1-мақсат. Ішкі нарықтың азыққа қажеттілігін қанағаттандыру.

      1. 1-ҚТК. Құс шаруашылығы, мал шаруашылығы кәсіпорындары мен балық шаруашылығы субъектілеріне жеткізілген жемдік астық көлемі.

      ҚТК Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ішкі нарықтың қолжетімді азық бойынша қажеттіліктерін қанағаттандыруға жолдаған жемдік астықтың көлеміне мониторинг жүргізу үшін есептеледі.

      ҚТК есептеу формуласы:

      есептік жылы құс шаруашылығы, мал шаруашылығы кәсіпорындары мен балық шаруашылығы субъектілерінің өтінімдері бойынша жеткізілген Азық-түлік келісімшарт корпорациясы астығының көлемі.

      2. 2-ҚТК. Тиісті жылдың 31 желтоқсанындағы жемдік қордың көлемі.

      ҚТК жемдік қорды сақтап тұру үшін Азық-түлік келісімшарт корпорациясының ресурстарында азықтық мақсаттарға арналған астықтың болуын мониторингтеу үшін есептеледі.

      ҚТК есептеу формуласы:

      тиісті жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Азық-түлік келісімшарт корпорациясына меншік құқығында тиесілі азықтық мақсаттарға арналған астық көлемі.

      5-стратегиялық бағыт. "Астықтың экспортын дамытуға жәрдемдесу".

      1-мақсат. Астық экспорты көлемінің өсуі және сыртқы өткізу нарықтарында тұрақтануы.

      1-ҚТК. Астықтың ҚХР, Орталық Азия, Иран, Кавказ елдерін қоса алғанда, стратегиялық өткізу нарықтарына жолданатын ең аз көлемі.

      ҚТК қазақстандық астықтың сыртқы өткізу нарықтарында болуына мониторинг жүргізу үшін есептеледі.

      ҚТК есептеу формуласы:

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясының ҚХР-ға, Орталық Азияға, Иранға, Кавказ елдеріне есепті жылы экспортқа жіберілген астығының көлемі.

      6-стратегиялық бағыт. "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қызметінің тиімділігін арттыру".

      1-мақсат. Қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету.

      1-ҚТК. ROE.

      ҚТК Азық-түлік келісімшарт корпорациясы меншікті капиталының рентабельділік деңгейін анықтау үшін есептеледі.

      ҚТК есептеу формуласы:

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясы меншікті капиталының рентабельділігі (ROE) = (есепті жылдың аяғындағы таза табыс / меншікті капиталдың есепті жылдың аяғындағы ортажылдық сомасы) *100.

      2-ҚТК. Азық-түлік келісімшарт корпорациясының өндірістік объектілеріндегі негізгі капиталға жасалатын инвестициялар, млн теңге.

      ҚТК Азық-түлік келісімшарт корпорациясының еншілес ұйымдарының өндірістік объектілеріне құйылатын күрделі қаржы салымдарының деңгейін анықтау үшін есептеледі.

      ҚТК есептеу формуласы:

      Тиісті жылғы 31 желтоқсандағы жайдай бойынша "Ақ Бидай-Терминал" ЖШС мен "Астық қоймалары" ЖШС-ға негізгі құрал-жабдықтарын қолдау және дамытуға жолданған ақша қаражатының көлемдері.

      3-ҚТК. Азық-түлік келісімшарт корпорациясының өндірістік объектілеріндегі еңбек өнімділігі, 1 жұмыскерге шаққандағы мың теңге.

      ҚТК Азық-түлік келісімшарт корпорациясының еншілес ұйымдарының өндірістік қызметінің тиімділік деңгейін анықтау үшін есептеледі.

      ҚТК есептеу формуласы:

      "Ақ Бидай-Терминал" ЖШС мен "Астық қоймалары" ЖШС-ның есепті жылдың аяғындағы негізгі қызметтерінен түскен жиынтық кіріс / осы ұйымдардағы жұмыскерлердің жалпы нақты саны.

      2-мақсат. Корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру.

      1-ҚТК. Корпоративтік басқаруды бағалау.

      ҚТК Азық-түлік келісімшарт корпорациясындағы корпоративтік басқарудың даму деңгейіне тәуелсіз бағалау жүргізу үшін есептеледі.

      ҚТК есептеу формуласы:

      бөгде ұйым шарттық негізде 3 жылда бір рет жүргізетін корпоративтік басқару диагностикасының компоненттері бойынша орташа арифметикалық мән.

      2. 2-ҚТК. Азық-түлік келісімшарт корпорациясының басшы лауазымдарындағы әйелдердің үлесі.

      ҚТК Азық-түлік келісімшарт корпорациясының басшы органдарында әйелдердің болу деңгейін анықтау үшін есептеледі.

      ҚТК есептеу формуласы:

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясының Директорлар кеңесі мен басқармасының құрамындағы әйелдер саны/Азық-түлік келісімшарт корпорациясының Директорлар кеңесі мен басқармасы мүшелерінің жалпы саны *100.

Назад к документу

Заңдар - "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2021 – 2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы (өзгертулер 30 желтоқсан 2020) P2000000945

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 340761
    Қазақ тілінде 168857
    Орыс тілінде 169904
    Ағылшын тілінде 2000
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Nur-Sultan уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы