Реклама +7(700) 388 81 09
< Назад к документу

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 960 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 66-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.

      2. Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орталық, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша) және өзге ұйымдар (келісу бойынша):

      1) Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;

      2) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 960 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы

      1-бөлім. Паспорт (негізгі параметрлер)

      1.1. Пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар

      2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау

      2.1. Өсімдік шаруашылығы

      2.2. Мал шаруашылығы

      2.3. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу

      2.4. Нарықтарды дамыту

      2.5. Техникалық жарақтандыру

      2.6. Ауыл шаруашылығы кооперациясы және агроөнеркәсіптік кешен инфрақұрылымы

      2.7. Агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету

      2.8. Жер ресурстары

      2.9. Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру

      2.10. Мемлекеттік қолдау

      3-бөлім. Халықаралық тәжірибеге шолу

      3.1. Өсімдік шаруашылығы

      3.2. Мал шаруашылығы

      3.3. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу

      3.4. Нарықтарды дамыту

      3.5. Ауыл шаруашылығы кооперациясы және агроөнеркәсіптік кешен инфрақұрылымы

      3.6. Агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету

      3.7. Жер ресурстары

      3.8. АӨК-ті цифрландыру

      3.9. Мемлекеттік қолдау

      4-бөлім. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту пайымы

      4.1. Өсімдік шаруашылығы

      4.2. Мал шаруашылығы

      4.3. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу

      4.4. Нарықтарды дамыту

      4.5. Техникалық жарақтандыру

      4.6. Ауыл шаруашылығы кооперациясы, агроөнеркәсіптік кешен инфрақұрылымы     

      4.7. Агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету

      4.8. Жер ресурстары

      4.9. Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру

      4.10. Мемлекеттік қолдау

      5-бөлім. Дамудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері

      5.1. Өсімдік шаруашылығы

      5.2. Мал шаруашылығы

      5.3. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу

      5.4. Нарықтарды дамыту

      5.5. Техникалық жарақтандыру

      5.6. Ауыл шаруашылығы кооперациясы, агроөнеркәсіптік кешен инфрақұрылымы

      5.7. Агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету

      5.8. Жер ресурстары

      5.9. Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру

      5.10. Мемлекеттік қолдау

      6-бөлім. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер

1. Паспорт

Атауы

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – АӨК-ті дамыту тұжырымдамасы)

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының "Әртараптандырылған және инновациялық экономика құру" деген 8-жалпыұлттық басымдығының "Жаңа жағдайларға бейімдеу үшін агроөнеркәсіптік секторды реформалау" деген 5-міндетіне сәйкес. "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысының 66-тармағына сәйкес

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (келісу бойынша), "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (келісу бойынша), "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы (келісу бойынша), "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (келісу бойынша)

Іске асыру мерзімі

2021 – 2030 жылдар

      1.1. Пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

      Еуропалық одақ (бұдан әрі – ЕО) – халықаралық ұйым;

      халықаралық экологиялық ауыл шаруашылығы қозғалысы федерациясы (бұдан әрі – IFOAM);

      Америка Құрама Штаттары (бұдан әрі – АҚШ);

      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі – ТМД) – халықаралық ұйым;

      ірі қара мал (бұдан әрі – ІҚМ);

      ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер (бұдан әрі – АШТӨ);

      жанар-жағармай материалдары (бұдан әрі – ЖЖМ);

      "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ҰАҒБО" КеАҚ);

      білім тарату орталығы (бұдан әрі – БТО);

      ғылыми-зерттеу институттары (бұдан әрі – ҒЗИ);

      жоғары оқу орны (бұдан әрі – ЖОО);

      ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы (бұдан әрі – АШТС);

      ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері (бұдан әрі – ҒҒТҚН);

      Дүниежүзілік сауда ұйымы (бұдан әрі – ДСҰ) – халықаралық ұйым;

      Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) – халықаралық ұйым;

      органикалық ауыл шаруашылығы (бұдан әрі – ОАШ);

      "Бүкілресейлік өсімдіктер карантині орталығы" федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесі (бұдан әрі – БӨКО ФМБМ);

      Федералдық мемлекеттік ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ФМАЖ);

      СФС – санитариялық және фитосанитариялық шаралар;

      тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін басқару жүйесі (бұдан әрі – НАССР);

      тиісінше зертханалық практика (бұдан әрі – GLP);

      Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) – халықаралық ұйым;

      Корея Республикасының Ұлттық ауыл шаруашылығы кооперативтері федерациясы (бұдан әрі – NACF);

      БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) (бұдан әрі – ФАО);

      ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (бұдан әрі – ҒЗТКЖ);

      көтерме-тарату орталықтары (бұдан әрі – КТО);

      сауда-логистикалық орталықтар (бұдан әрі – СЛО);

      жеке қосалқы шаруашылықтар (бұдан әрі – ЖҚШ);

      республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – РМК);

      Дүниежүзілік жануарлар саулығын қорғау жөніндегі ұйым (бұдан әрі – ХЭБ);

      халықаралық өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі конвенция (бұдан әрі – ХӨКҚК)

      органикалық ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (бұдан әрі – FiBL);

      дара кәсіпкер (бұдан әрі – ДК);

      шаруа қожалығы (бұдан әрі – ШҚ);

      фермерлік қожалық (бұдан әрі – ФҚ);

      микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ);

      ғылыми-техникалық бағдарламалар (бұдан әрі – ҒТБ);

      тәжірибелік-өндірістік шаруашылық (бұдан әрі – ТӨШ);

      өсімдік шаруашылығының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ӨАЖ);

      ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру (бұдан әрі – АЖБ);

      тәуекелдерді басқару жүйесі (бұдан әрі – ТБЖ);

      жалпы өнім (бұдан әрі – ЖӨ).

2. Ағымдағы жағдайды талдау

      Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап басқа посткеңестік мемлекеттер сияқты экономиканы жаңғыртуға және халық шаруашылығының барлық секторларын реформалауға кірісті. Бұл кезеңде АӨК-те жаңа меншік нысандары мен бизнес-құралымдардың дамуымен сипатталатын ауыл шаруашылығын дамытудағы жаңа кезең қалыптаса бастады.

      Жүргізілген реформалардың ең маңызды нәтижесі аграрлық саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі ретінде ауыл шаруашылығында көп қырлы экономиканың қалыптасуы болды. Алайда кез келген түбегейлі қайта құрулар мемлекет экономикасы үшін ауыртпалықсыз өтпейді. Көп жылдық өңіраралық және салааралық экономикалық байланыстардың бұзылуы ауыл шаруашылығындағы дағдарысқа алып келді.

      Қалыптасу кезеңі (1991 жылдан 1999 жылға дейін) АӨК-тің құрылымдық қайта құрылуымен сипатталады. 1991 жылға дейін мемлекеттік меншік нарықтық қатынастарды тежеуші фактор болды, өйткені нарықтық қайта құруларды іске асырудың міндетті шарты өндіріс құралдарына арналған меншік нысандарының алуантүрлілігі болып табылады, нарықтық процестің сипаты, тұтыну заттарының бөлінуі, өнімнің алмасуы мен бөлінуі осыған байланысты болады.

      Жүргізілген реформалар барысында ауыл экономикасына капитал ағынының төмендегені байқалды, өндіріс көлемі қысқарып, ауыл халқының өмір сүру деңгейі күрт төмендеді, ауылдағы әлеуметтік шиеленіс күшейе түсті.

      Қаржылық дағдарысқа дейін ауыл шаруашылығының жалпы өнімін өндіру қарқыны жыл сайынғы өсу үрдісімен сипатталды. Алайда азиялық дағдарыс пен валютаның құнсыздануынан кейін Қазақстан экономикасы үшін халықаралық экономикалық орта едәуір нашарлап, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру қарқыны едәуір төмендеді.

      Елдің ауыл шаруашылығы өндірісіне күрделі салымдардың үлесі 1997 жылы экономикаға салынған күрделі салымдардың жалпы көлемінің тек 1,5 %-ын ғана құрады.

      Табысты шаруашылықтардың үлес салмағы 1997 жылы 23,4 %-ды, шығынды шаруашылықтар 72,4 %-ды құрады.

      1991 – 2010 жылдар кезеңінде елдің ЖІӨ-сінде ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы қосылған құны үлесінің 29,5 %-дан 4,5 %-ға дейін тұрақты төмендегені байқалады, бұл саланың өсу қарқынының экономиканың басқа салаларынан, оның ішінде мұнай-газ және тау-кен саласының өсуі есебінен артта қалғанын куәландырады.

      2010 жылдан бастап елдің ЖІӨ-сіндегі ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы қосылған құнының үлесі тұрақтанды (4,2 % – 5,4 %), бұл ауыл шаруашылығының басқа салалармен үйлесімді өскенін білдіреді.

      Ауыл шаруашылығын көтерудің бірізді мемлекеттік саясаты, ауылды өркендету мен дамытуға бағытталған ірі нысаналы бағдарламаларды іске асыру ғана өзінің оң нәтижелерін берді. Саладағы түбегейлі бетбұрыс үнемі өсіп келе жатқан мемлекеттік қолдау мен тиімді қаржы саясатының арқасында мүмкін болды.

      Мұның бәрі қысқа мерзімде өндірістік сектор мен әлеуметтік саладағы жағдайды өзгертуге мүмкіндік берді.

      Сондықтан 2000 жылдардың басы аграрлық сектордың өсу кезеңі ретінде ерекшеленеді.

      Мәселен, 2020 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2000 жылмен салыстырғанда 15 есеге (номиналды мәнде) ұлғайды.

      Ауыл шаруашылығына инвестициялар ағыны 2003 жылмен салыстырғанда 22 есеге жуық ұлғайды.

      2018 – 2020 жылдар кезеңінде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 1,3 есе өсіп, 2020 жылдың қорытындысы бойынша 6,3 трлн теңгені құрады.

      Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар ағыны нақ сол кезеңде 1,6 есе ұлғайып, 2020 жылы 565,4 млрд теңгені құрады.

      2020 жылы ауыл, орман және балық шаруашылығында жұмыс істейтін бір адамға еңбек өнімділігі 3,0 млн теңгені құрады.

      Бұл ретте ауыл, орман және балық шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің орташа жылдық өсу қарқыны 6,3 %-ға жуықтайды.

      2.1. Өсімдік шаруашылығы

      Осы жылдар ішінде өсімдік шаруашылығы саласының тұрақты даму үрдісі сақталып келді. Мәселен, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңы 3 %-ға, оның ішінде: майлы дақылдар алаңы 2 %-ға, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп алаңы 4,2 %-ға ұлғайды.

      Суармалы жерлер алаңы 5 %-ға ұлғайды, ал су үнемдеу технологиялары қолданылатын алаң 9 %-ға ұлғайды.

      Орташа түсімділік картоп бойынша 4 %-ға, көкөніс бойынша 3 %-ға, қант қызылшасы бойынша 6 %-ға, жеміс-жидек дақылдары бойынша 7,8 %-ға өсті.

      Сонымен қатар өсімдік шаруашылығы саласында әртараптандыру процесі тиісті деңгейде жүріп жатқан жоқ. Еліміздің негізгі астық егетін өңірлерінде монодақыл басым. Азық өндірісін дамытуға жеткілікті көңіл бөлінбейді. Суармалы жерлерді кеңейту және заманауи ылғал үнемдеу технологияларын енгізу өте баяу қарқынмен жүруде. Топырақ құнарлылығын сақтау жұмысында кемшіліктер бар. Енгізілетін минералды тыңайтқыштардың көлемі ғылыми негізделген нормалардың тек 23 %-ын, ал органикалық тыңайтқыштар бойынша небәрі 1,2 %-ын құрайды. Көрсетілген кезеңде жалпы тыңайтқыштар енгізу көлемінде отандық тыңайтқыштардың көлемі орта есеппен 65 %-ды, импорттық тыңайтқыштардың көлемі 35 %-ды құрады. Республикада өндірілмейтін тыңайтқыштар (карбамид, аммоний сульфаты, күрделі (азот-фосфор-калий) тыңайтқыштар, сұйық және микротыңайтқыштар) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің сұранысына ие. Тұқым шаруашылығы жүйесінде де күрделі жағдай қалыптасып отыр. Отандық тұқым шаруашылығы жүйесінің жеткіліксіз дамуына байланысты ауыл шаруашылығы дақылдарының негізгі түрлерінің тұқымдары бойынша қамтамасыз етілу төмендеуде. Мәселен, соңғы бес жылда бидай тұқымдарының импорты 7 есе, арпа тұқымдарының импорты 4 есе өсті, ал майлы, көкөніс дақылдары мен қант қызылшасы будандарының тұқымдары бойынша қамтамасыз етілу шамамен 10 %-ды құрайды. Ауыл шаруашылығының техникалық паркін жаңарту қарқыны да уақыт талабынан арта қалуда. Мәселен, 2020 жылы бұл көрсеткіш нормативтегі 6-8 %-дың орнына 4,1 %-ды құрады. Қазіргі уақытта техникалық парктің шамамен 76 %-ының пайдаланылу мерзімі 10 жылдан асады. Көпшілігінде өңірлердің өсімдік шаруашылығы саласында нақты әртараптандыру жоқ, бақылаудың пәрменді әдістерінің болмауы аясында жер пайдалану қағидалары бұзылуда.

      Органикалық егіншілікті дамыту жұмысы басталды. 2009 жылдан бастап органикалық жер алқаптарының сертификатталған алаңдары 2 еседен астам ұлғайып, 134 мың гектардан 300 мың гектарға дейін жетті. Қазіргі уақытта 70 шаруашылық шетелдік органдардың органикалық өнім өндіруге сәйкестікті растау жөніндегі сертификаттарын алды. 2020 жылы Қазақстан 12,5 млн доллар сомасына органикалық өнім экспорттады.

      IFOAM халықаралық рейтингі бойынша ЕО-ға мүше елдерге органикалық өнім экспорттайтын 123 елдің ішінде Қазақстан 9-орында, оның ішінде органикалық бидай бойынша 4-орында, майлы зығырдың органикалық тұқымдары бойынша 6-орында.

      Органикалық егіншілікті дамыту бойынша қолда бар мүмкіндіктер тиісті деңгейде пайдаланылмайды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы 22 млн гектар алаңы ішінен органикалық өсімдік шаруашылығы технологиялары бойынша шамамен 1,5 %-ында ғана өнім өсіріледі. Бұл ретте шетелдік сарапшылардың есептемелері бойынша Қазақстанда пайдаланылатын егістіктің 46 %-ы (11,5 млн га) және жайылымдардың 70 %-ы экологиялық жай-күйі бойынша органикалық өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын жүргізуге жарамды. Елде органикалық өндіріс саласында көрсетілетін сертификаттау қызметтерінің ішкі нарығы жоқ. Органикалық өнім өндірушілерді ұжымдық сертификаттау нысандары жоқ.

      Органикалық өнім өндіру мен оның айналымының нормативтік-құқықтық базасы жетілдіруді қажет етеді.

      2018 – 2020 жылдары карантиндік объектілер ошақтарының алаңы 135,8 мың гектардан 2021 жылы 61,8 мың гектарға дейін төмендеді. Сонымен қатар интеграциялық процестердің дамуына және басқа елдермен тауар айналымының өсуіне байланысты фитосанитариялық қызметті жаңғырту мәселесі өзекті болып тұр.

      Фитосанитариялық қадағалап отыру, өсімдіктерді қорғау құралдарының айналымы мен қолданылуын есепке алу жүйесі жоқ.

      Өсімдік шаруашылығы саласының негізгі проблемалары:

      әртараптандыру деңгейінің төмендігі;

      селекциялық жұмыстың және тұқым шаруашылығы жүйесінің артта қалуы, отандық селекцияның тұқымдарымен қамтамасыз етілмеу;

      топырақ құнарлылығының нашарлауы;

      суаруда су үнемдеу технологияларын қолдану деңгейінің төмендігі;

      саланың техникалық және технологиялық нашар жарақтандырылуы;

      бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық белгілерінің жоғарылығы;

      саланы цифрландыру деңгейінің төмендігі;

      органикалық егіншіліктің дамымауы, органикалық шикізатты өндіру және өңдеу технологиясының артта қалуы, ал органикалық өндіріс саласында қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер мен ұлттық стандарттар отандық өндірушілердің мүдделеріне жауап бермейді және халықаралық практикаға сәйкес келмейді.

      2.2. Мал шаруашылығы

      2018 – 2020 жылдары мал шаруашылығы саласының жалпы өнім беруі 2,1-ден 2,6 трлн-ға дейін ұлғайды, оның ішінде өндірісті ұлғайту есебінен сойыс салмағындағы барлық ет түрлері 10,3 %-ға, сүт 6,4 %-ға өсті.

      Ірі қара мал басының 7,9 млн басқа дейін 9,8 %-ға, қойдың 17,7 млн басқа дейін 8,1 %-ға, жылқының 3,1 млн басқа дейін 19 %-ға, түйенің 227,7 мың басқа дейін 9,7 %-ға артқаны байқалады.

      Мал өнімділігі артты. Мәселен, осы жылдар ішінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы бір сиырға шаққанда орташа сүт сауу 5,2 %-ға артып, 4320 кг деңгейіне жетті, ІҚМ-ның орташа өткізу салмағы 1,7 %-ға артып, 418 кг құрады.

      Тұқымдық түрлендірумен айналысатын фермерлік шаруашылықтардың саны 6,3 мыңнан 25,3 мыңға дейін, өнеркәсіптік тауарлық сүт фермалары 65-тен 206-ға дейін ұлғайды, бұл ұйымдастырылған шаруашылықтарда тауарлық сүт өндірісін 894,2-ден 1 025,8 мың тоннаға дейін 14,7 %-ға ұлғайтуға мүмкіндік берді.

      Тұқымдық түрлендірумен қамтылған аналық ІҚМ басының үлесі 29, 6%-дан 37,7 %-ға дейін ұлғайды.

      Сонымен қатар мал шаруашылығын дамыту жемшөп базасының мүмкіндігін ескермей жүргізілуде. Жалпы еліміз бойынша жемшөп өндіру көлемі зоотехникалық нормалар бойынша талап етілетіннен 2 есе төмен. Өңірлерге байланысты жайылымдық жерлер 20 %-дан 60 %-ға дейін тозған. Жайылымдық жерлердің 48 %-ы суаттың болмауына байланысты пайдаланылмайды. Жеке қосалқы шаруашылықтардың малдары үшін жайылымдық алқаптар өте тапшы, бұл бүгінгі күннің ең көкейкесті проблемаларының біріне айналды.

      Ел құс еті мен сүт өнімдері бойынша өзін-өзі қамтамасыз етуге қол жеткізген жоқ.

      Осы кезеңде елімізде бірқатар аса қауіпті аурулар бойынша эпизоотиялық ахуал күрделі болды. Бұл негізінен басқа елдерден жануарлар ауруларының енуі қатерлеріне, климаттық жағдайларға, халықаралық сауда көлемінің ұлғаюына, жануарлар мен жануарлардан алынатын өнімдердің қозғалысы мен орын ауыстыруына және т.б. байланысты болды. 2018 жылы ел бойынша аса қауіпті аурулардың 226 ошағы тіркелді, ал 2020 жылы – 330 ошақ болды. Атап айтқанда, мұндай күрт өсу 2020 жылдың соңында жоғары патогенді құс тұмауының 98 ошағының тіркелуімен байланысты болды, нәтижесінде 2,0 млн бас құс жойылды.

      Бүгінгі таңда жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларының диагностикасын жүргізуде мемлекеттік монополия сақталып отыр, бұл осы сектордағы бәсекелестіктің дамуын шектейді.

      Мемлекеттің бюджет мүмкіндіктерінің шектеулі болуына байланысты мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың материалдық-техникалық жарақтандырылуы жылдан жылға нашарлап келеді. Олардың көпшілігінде өндірістің негізгі құралдары физикалық тұрғыдан тозған және моральдық тұрғыдан ескірген. Жалақы деңгейінің төмендігі жергілікті жерлерде практикалық мал дәрігерлерінің тапшылығы көбірек сезілуіне, сондай-ақ аталған мамандық тартымдылығының төмендеуіне алып келді. Ветеринария саласында кадрлар даярлау, сондай-ақ ветеринариялық мамандардың біліктілігін арттыру да проблемалы мәселелердің бірі болып табылады.

      Саланың негізгі проблемалары:

      халықтың жеке қосалқы шаруашылықтарында технологиялық процестермен қамтылмаған және жемшөптің жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз етілмеген малдың жоғары үлес салмағы;

      асыл тұқымды емес малдың, ең алдымен, халықтың жеке қосалқы шаруашылықтарындағы осындай малдың жоғары үлесі;

      ауылдық елді мекендердегі мал басы үшін жайылымдардың тапшылығы;

      жемшөп базасының әлсіздігі, ауыспалы егістегі, суармалы жерлердегі жемшөп дақылдары үлесінің төмендігі, сондай-ақ жайылымдық жерлердің тозуы және өнімділігінің төмендігі;

      күрделі эпизоотиялық ахуал және ветеринариялық мамандар жалақысы деңгейінің төмендігі;

      шалғайдағы жайылымдардың жеткіліксіз суландырылуына байланысты оларды игеру деңгейінің төмендігі;

      секторда экологиялық мониторингтің, атап айтқанда, парниктік газдар эмиссиясына қатысты экологиялық мониторингтің шектеулілігі;

      мал шаруашылығында білікті кадрлардың тапшылығы.

      2.3. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу

      2018 – 2020 жылдары тамақ өнімдерінің өндірісі 1 527,7 млрд теңгеден 1 957,2 млрд теңгеге дейін ұлғайды. 2018 – 2020 жылдар кезеңінде өсу қарқыны орта есеппен 100,9 %-ды құрады. 2020 жылы нақты көлем индексі 103,2 %-ды құрады.

      2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада 1 168, оның ішінде 248 астық өңдеуші кәсіпорын, 172 ет өңдеуші, 68 май-тоң май, 36 жеміс пен көкөніс өңдеуші, 172 сүт өңдеуші, 59 жарма кәсіпорны, 40 макарон, 40 кондитерлік кәсіпорын, 305 наубайхана, 25 балық өңдеуші кәсіпорын, 4 қант зауыты, 3 астықты тереңдете өңдеуші кәсіпорын және т.б. жұмыс істейді.

      2020 жылы өңдеу үлесі дәнді дақылдар бойынша 38 %-ды (2018 жылы – 33,8 %), майлы дақылдар бойынша 40,2 %-ды (2018 жылы – 36 %), қант қызылшасы бойынша 89 %-ды (2018 жылы – 87 %), сүт бойынша 35,8 %-ды (2018 жылы – 31,2 %), ет бойынша 32,4%-ды (2018 жылы – 32,9 %) құрады.

      Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына құйылған инвестициялар 2020 жылы 109 млрд теңгені, 2018 жылы 125,7 млрд теңгені құрады.

      2018 – 2020 жылдары ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында 49 жаңа кәсіпорын, оның ішінде майлы дақылдарды өңдеу бойынша 9, жеміс пен көкөніс өңдеу бойынша 6, сүт өңдеу бойынша 15 кәсіпорын, ет өңдеу бойынша 5, күріш өңдеу бойынша 6, кондитерлік өнімдер өндіру бойынша 3, жарма өндіру бойынша 2, ұн өндіру бойынша 1, макарон өнімдерін өндіру бойынша 1, астықты тереңдете өңдеу бойынша 1 кәсіпорын пайдалануға берілді.

      Тұтастай алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында бар қуаттарда өндіріс көлемін екі есе ұлғайту әлеуеті бар.

      Саланың негізгі проблемалары мыналар болып табылады:

      сапалы шикізат көлемінің шектеулілігі және айналым қаражатының жетіспеушілігі салдарынан қуаттылықтардың толық жүктелмеуі;

      негізгі құралдардың моральдық және физикалық тозуының жоғары деңгейі.

      2.4. Нарықтарды дамыту

      Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түрін қоса алғанда, азық-түлік тауарларының негізгі түрлері бойынша ішкі нарықтың отандық өндіріс есебінен қамтамасыз етілуі 80 және одан да көп пайызды құрайды.

      Бұл ретте алты тауарлық позиция бойынша ішкі тұтынудағы отандық өндірістің үлесі әлі де төмен деңгейде қалып отыр. Атап айтқанда, бұлар – алма (73 %), құс еті (58 %), шұжық өнімдері (61,5 %), ірімшік пен сүзбе (51 %), қант (31 %), балық (75 %).

      Соңғы 3 жылда АӨК өнімдерінің экспорты 289 млн АҚШ долларына ұлғайып, 3,3 млрд АҚШ долларын құрады (2018 жылы – 3,1 млрд АҚШ доллары).

      Экспорттың бидай бойынша 24,2 %-ға (971,8 млн АҚШ долларынан 1 млрд АҚШ долларына дейін), зығыр бойынша 48 %-ға (141,1 млн АҚШ долларынан 206,5 млн АҚШ долларына дейін), күнбағыс майы бойынша 72,5 %-ға (66,2 млн АҚШ долларынан 103,4 млн АҚШ долларына дейін), макарон өнімдері бойынша 1,4 есе (18 млн АҚШ долларынан 44,2 млн АҚШ долларына дейін) өскені байқалады.

      Бұл ретте өңделген АӨК өнімінің экспорты үш жыл ішінде 215,2 млн АҚШ долларына ұлғайып, 1,3 млрд АҚШ долларын құрады (2018 жылы – 1,1 млрд АҚШ).

      Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өңделген өнімдері экспортының жалпы құрылымында ұнның үлесіне 36,3 %, өсімдік майына 7,7 %, кондитерлік өнімдерге 8,4 %, сүт өнімдеріне 4,1 %, балық өнімдеріне 10,7 %, минералды суларға 2,7 % тиесілі.

      Негізгі өткізу нарықтары ТМД, Азия және ЕО елдері болып табылады. ТМД елдеріне ауыл шаруашылығы өнімдерінің шамамен 58,4 %-ы, Азия (17,6 %) және ЕО (7,3 %) елдеріне және басқа да елдерге 17 %-ы экспортталады. АӨК өнімдері экспортының шамамен 57,7 %-ын өсімдік шаруашылығы өнімдері – дәнді және майлы дақылдар, зығыр, мақта талшығы, дәнді-бұршақты дақылдар, картоп құрайды.

      Сондай-ақ қазіргі уақытта тірі жануарлар мен жануарлардан алынатын өнімдерді экспорттау үшін Иран, ЕО елдері, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы Корольдігі, Моңғолия, Жапония, Түркия, Корея, Грузия, Қытай нарықтары ашылды.

      Азық-түлік тауарларының негізгі түрлері бойынша ішкі нарықтың отандық өндіріс есебінен қамтамасыз етілуі 80 % және одан да көп пайызды құрайды.

      Сонымен бірге алты тауарлық позиция бойынша импортқа тәуелділік, ұсақ және орта өндірушілердің өткізу тізбегіне тартылудың әлсіздігі, олардың ұсақ тауарлылығы мен өнім жеткізудегі тұрақсыздығына байланысты орта және ұсақ фермерлер үшін сауда объектілеріне қол жеткізудің қиындығы сақталуда.

      Отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу тізбегі жүйесінің құрылмағандығы бағаның өсуіне, тиімсіз делдалдардың пайда болуына алып келуде.

      Сондай-ақ жеткізілімдердің тұрақсыздығы мен ұсақ тауарлы болуына, талаптарға сәйкес келмеуіне (калибрлеу, өлшеп-орау, тамақ қауіпсіздігі) байланысты сауда желілері ірі өндірушілермен және жеткізушілермен жұмыс істегенді жөн көреді.

      Нарықтарды дамыту мәселелеріндегі негізгі проблемалар мыналар болып табылады:

      отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі;

      өнімді дайындау, сақтау, бастапқы өңдеу және өткізу жүйесінің дамымағандығы;

      көптеген делдалдық құрылымдардың болуы;

      кейбір тауарлық позициялар бойынша импортқа тәуелділік;

      өткізу жүйесіне интеграциялау деңгейінің жеткіліксіздігі;

      ветеринариялық, фитосанитариялық және сауда кедергілері;

      2.5. Техникалық жарақтандыру

      Соңғы 3 жылда ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту деңгейі оң серпін көрсетіп отыр.

      Мәселен, егер 2018 жылы жаңарту деңгейі 3,5 %-ды құраса, 2020 жылға қарай 4,1 %-ды құрады (ұлғаю – 17 %). Жаңартудың оңтайлы технологиялық деңгейі 6-8 %-ды құрайды. Бұл ретте негізгі проблемалар мыналар болып табылады:

      техниканы жаңарту деңгейі, оның ішінде орта және шағын шаруашылықтарда жаңарту деңгейі қарқынының төмендігі;

      отандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасын локализациялау үлесінің төмендігі және тиісінше ауыл шаруашылығы техникасына бағаның өсуі.

      2.6. Ауыл шаруашылығы кооперациясы және АӨК инфрақұрылымы

      2018 – 2020 жылдары ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің жалпы көлемі 4,5-тен 6,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің жалпы көлеміндегі көрсетілетін қызметтер саласының үлесі 13,1-ден 10,9 млрд теңгеге дейін төмендеп, 0,2 %-дан азды құрайды. Қызмет көрсету инфрақұрылымының дамымағандығынан бүгінде АШТӨ өндіріске қажетті тауарлық-материалдық ресурстарды жоғары бағамен сатып алып, ал өз өнімін төмен бағамен сатуға мәжбүр. Сонымен қатар орта және шағын тауар өндірушілердің басым көпшілігі өздері мамандар қызметтеріне мұқтаж бола тұра, оларды штатында ұстауға қауқарсыз.

      Көптеген фермерлер үшін кредиттік ресурстар қолжетімді емес. Мұның себептері, бір жағынан, әртүрлі қаржы құралдары түрлерінің дамымауы, жергілікті жерлерде екінші деңгейдегі банктердің құрылымдық бөлімшелерінің болмауы, екінші жағынан, оларда қолайлы кепілмен қамтамасыз етудің болмауы болып табылады.

      Жалпы сала бойынша ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жаңарту қарқынының төмендігі аясында, әсіресе, шағын шаруа және жеке қосалқы шаруашылықтардың энергиямен жарақталуы мен техникалық жарақтандырылуына байланысты күрделі жағдай қалыптасты.

      Соңғы жылдары кооперацияны дамытуды ынталандыру үшін мынадай мемлекеттік қолдау шаралары енгізілді:

      инвестициялық субсидиялау;

      дайындалған ауыл шаруашылығы шикізатының құнын арзандату;

      ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін барлық салықтар бойынша 70 %-дық жеңілдікті көздейтін арнайы салық режимі белгіленген.

      Бұдан басқа, жеңілдетілген тіркеу рәсімі, ақпараттық және қаржылық қолдау қарастырылған, мемлекеттік тізілім және статистикалық мониторинг жасалған.

      2021 жылдың басына Қазақстанда 2 919 ауыл шаруашылығы кооперативі және олардың 49 374 мүшесі тіркелген.

      Мұндай кооперативтер қызметінің тиімділігі өте төмен және бұл көптеген АШТӨ үшін жағымсыз фактор болып табылады. 2018 жылғы жүргізілген аудит қорытындысы бойынша кооперативтердің 18 %-ы жұмыс істемейтін, ал 42 %-ы мемлекеттік субсидиялар алу үшін ұйымдастырылған "жалған" кооперативтер екені анықталды.

      Алайда табысты кооперативтер де бар. Мәселен, Павлодар облысында 40-қа жуық шаруа қожалығын біріктіретін "Ертіс-Агро". Бұл кооперативтің мүшелері ЖЖМ, тыңайтқыштар мен гербицидтерді арзан бағамен сатып алады, өсірілген өнімді пулмен біртекті партиямен сатады. Сонымен қатар бұл кооператив элеватор сатып алды және кооперативтің барлық мүшелері оның ортақ иелері болып табылады, элеватордың жұмыс істеу қағидаларын бір мүше – бір дауыс қағидаты бойынша өздері айқындайды.

      Қостанай облысында жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіретін сүт өндіретін және өткізетін "Успеновка Сүт" кооперативін ұйымдастырудың табысты моделі жұмыс істейді. Аталған кооператив "МИЛХ" ірі сүт өңдеу кәсіпорнымен шикі сүтті литріне 110 теңге белгіленген бағамен кепілдендірілген сатып алу жөнінде шарт жасасты.

      Еліміздің оңтүстігінде ІҚМ төлін өсіретін және бордақылайтын кооперативтер сәтті жұмыс істейді.

      Жамбыл облысында жеке қосалқы шаруашылықтар кооперациясының табысты тәжірибесі жалпы мәселелерді бірлесіп шешу үшін ЖҚШ-ны біріктірудің перспективалылығын көрсетті.

      Ауылдағы кооперацияның негізгі проблемалары мыналар болып табылады:

      өткен жылдардың теріс тәжірибесі мен жергілікті жерлерде кооперативтер құру кезінде жіберілген қателіктерге байланысты фермерлердің кооперативтерге сенімінің төмендігі;

      кооперативті модель туралы хабарсыздық;

      нормативтік-құқықтық актілердің жетілдірілмеуі.

      2.7. АӨК-ті ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету

      Қазіргі уақытта АӨК-ті ғылыми қамтамасыз ету жүйесін "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КеАҚ (бұдан әрі – ҰАҒБО) ұсынып отыр, оның құрамына 3 ЖОО, 14 ҒЗИ, 18 ТӨШ және АШТС, 3 сервис орталығы кіреді. Бұдан басқа АӨК үшін ғылыми зерттеулермен ҚР БҒМ-ның 10 ҒЗИ және ҚР ЭГТРМ айналысады.

      Республиканың аграрлық ғылым жүйесін реформалау ҰАҒБО-ға халықаралық практикаға сәйкес үйлесімді ғылыми-өндірістік вертикаль құруға мүмкіндік берді, мысалы, 2018 жылмен салыстырғанда ҒЗИ саны 23-тен 14-ке дейін қысқарды, ал ТӨШ және АШТС саны 13-тен 18-ге дейін ұлғайды. Бұдан басқа, ҰАҒБО жүйесінде соңғы жылдары 3 демонстрациялық алаң және 60 модельдік ферма құрылды.

      ҰАҒБО жүйесінің штат саны 9480 бірлікке дейін оңтайландырылды (2018 жылға дейін 10349 бірлікті құрады). Оның ішінде: 3000-ға жуық адам – ғылыми қызметкерлер, оның ішінде: ғылым докторлары – 246, кандидаттар – 913, PhD докторлары – 229 және магистрлер – 915 адам.

      АӨК үшін жоғары білімі бар кадрлар даярлауды ҰАҒБО-ның 3 мамандандырылған агроуниверситеті, ауыл шаруашылығы факультеттері бар 8 өңірлік университет және 12 көпбейінді университет жүзеге асырады. Аграрлық бейіндегі 56 колледж техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлар даярлауды жүзеге асырады.

      Қазіргі уақытта 25 білім тарату орталығы (БТО) жұмыс істейді.

      Аграрлық ғылымда ғылыми кадрлардың егде тартуы, ғылыми қызметкерлердің дәрежелілік үлесінің төмендеуі, ғылыми және технологиялық жабдықтардың моральдық және физикалық тозуының жоғары деңгейі, бюджеттік қаржыландырудың төмендеуі байқалады. Осының салдарынан аграрлық өндіріске берілген ҒҒТҚН-ның үлесі және АӨК үшін мамандар даярлаудағы бизнестің қанағаттанбауы төмен күйінде қалып отыр.

      Негізгі проблемалар:

      аграрлық ғылым мен білімнің өндіріспен, оның ішінде кадрлар даярлау мәселелеріндегі байланысының нашарлығы;

      аграрлық ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың (ауыл шаруашылығы ЖӨ-сінің 1 %-ынан кем) жеткіліксіздігі;

      АӨК субъектілерінің ҒҒТҚН-ға және оларды өндіріске енгізуге сұранысының төмендігі;

      аграрлық ғылымның сервистік инфрақұрылымының дамымауы, оның ішінде МДМ-нің, агротехнологиялар трансферті мен коммерцияландырудың жетіспеушілігі;

      білімді тарату, агротехнологияларды коммерцияландыру және трансферттеу жөніндегі іс-шаралардың толық қаржыландырылмауы;

      әлемнің дамыған елдерінің жетекші ғылыми орталықтарымен өзара іс-қимылдың әлсіздігі.

      2.8. Жер ресурстары

      Жер пайдаланушыларға бекітіліп берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ауданы 108,6 млн га құрайды.

      Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатында ауыл шаруашылығы саласы және АӨК үшін неғұрлым құнды ауыл шаруашылығы алқаптары, оның ішінде егістік, көпжылдық екпелер, тыңайған жерлер, шабындықтар, жайылымдар бар.

      2021 жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құрылымында ауыл шаруашылығы алқаптары 97,2 %-ды, оның ішінде: егістік 23,8 %-ды, көпжылдық екпелер 0,1 %-ды, тыңайған жерлер 1,7 %-ды, шабындықтар 2,0 %-ды, жайылымдар 69,6 %-ды құрайды.

      Соңғы 3 жылда егістіктің 26,3 млн гектарды құрап, 5 %-ға, шабындықтың 2,2 млн гектарды құрап, 5 %-ға, жайылымның 75,6 млн гектарды құрап, 7,4 %-ға өскені байқалады. Тыңайған жерлердің 1,8 млн гектарды құрап, 40 %-ға азайғаны байқалады.

      Соңғы 3 жылда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден елді мекендер мен өнеркәсіптің шекарасын кеңейту мақсатында 307 мың га жер шығарылды.

      2018 – 2020 жылдар кезеңінде 34 млн га алаңда ауыл шаруашылығын картаға түсіру жұмыстары орындалды.

      Мемлекеттік жер кадастрының құрылған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі жер учаскелері бойынша атрибуттық бөлігінде 6,5 млн мәліметтен және графикалық бөлігінде 5 млн мәліметтен тұрады.

      2018 – 2020 жылдары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді цифрландыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.

      Егіс және егін жинау жұмыстарының барысын бақылауға мүмкіндік беретін ғарыштық мониторинг технологиясы әзірленіп, енгізілді.

      Сонымен бірге, 2014 жылы орталық және жергілікті атқарушы органдар арасында жүргізілген өкілеттіктерді бөлу жер инспекциясының бірыңғай вертикалінің бұзылуына, осының салдарынан жер пайдалану процестерін бақылаудың әлсіреуіне алып келді. Топырақты агрохимиялық зерттеп-қарауды жүргізуге арналған құрылымдар бытыраңқы күйінде қалып отыр.

      Топырақты іздестіру және жерді геоботаникалық зерттеп-қарау жұмыстарын қаржыландыру көлемі әлі де жеткіліксіз болып қалуда.

      Бұдан басқа, 2016 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді нарықтық айналымға тарту процесін жандандыру үшін жеке меншік институтын пайдалану бойынша орталық атқарушы органдардың сәтсіз таңдалған тактикасы жұртшылықтың теріс реакциясын тудырды, соның нәтижесінде Жер кодексінің жекелеген ережелеріне мораторий енгізуге тура келді. Өкінішке орай, бұл мәселе әлі күнге дейін шешілмей келеді.

      Жер реформаларының нәтижесінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің саны айтарлықтай өсіп, 2020 жылы 227 515 субъектіні, оның ішінде шаруа және фермер қожалықтары 66,2 млн га алаңда 215806 субъектіні, мемлекеттік емес заңды тұлғалар 40,3 млн га алаңда 11099 субъектіні, мемлекеттік заңды тұлғалар 0,8 млн га алаңда 610 субъектіні құрады.

      Дегенмен заманауи цифрлық технологияларға негізделген егістіктер мен жайылымдардағы өсімдіктердің түрлік құрамын айқындаудың пәрменді әдістерінің болмауына байланысты жерді пайдалану процестеріне бақылауды жүзеге асыру мәселелері соңына дейін шешілмей келеді. Кезінде жер учаскелері ауыл тұрғындарының жер үлестері есебінен қалыптасқан қазіргі ауыл шаруашылығы құралымдарының жер шекараларының тұрақтылығын сақтау мақсатында Жер кодексінің азаматтардың шартты жер үлесіне құқықтарына қатысты жекелеген ережелерін қайта қарау және нақтылау қажет болады.

      Негізгі проблемалар:

      ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ұтымсыз пайдаланылуы, жерлерді пайдалану процестеріне және ауыспалы егістердің сақталуына тиімді бақылау жүйесінің болмауы;

      жер қатынастарын басқару мен жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылау саласын толық орталықсыздандыру;

      жер сапасының нашарлауы, жерді сапалы (топырақтық, геоботаникалық, агрохимиялық) есепке алу бойынша бірыңғай қызмет пен платформаның болмауы, қаржыландырудың болмауына байланысты зерттеп-қарау кезеңділігі талаптарының орындалмауы;

      электрондық форматта бірыңғай көзден бос жер учаскелері туралы ақпараттың болмауы;

      пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға тартудың төмен қарқыны;

      нақты жер учаскесімен құрамнан шығу бөлігінде шартты жер үлестерінің проблемалары, дивиденттер төлеу және екінші деңгейдегі банктерде кепіл кезінде шығуға тыйым салу;

      жер ресурстарының жай-күйін бағалаудағы әдіснамалық тәсілдеменің LDN сыныптау талаптарына сәйкес келмеуі (ТДМ көрсеткіші 15.3.1), бұл басқа елдермен салыстырмалы талдау және бағалау жүргізуге мүмкіндік бермейді.

      2.9. АӨК-ті цифрландыру

      Бүгінгі күні ауыл шаруашылығында цифрлық технологияларды қолданатын ауыл шаруашылығы өндірушілерінің үлесі мардымсыз, бұл өнімділіктің өсуін және шығыстардың қысқаруын шектейді.

      Пилоттық шаруашылықтарда "нақты" егіншілік элементтерін енгізу практикасы пайдаланылуда, бұл фермерлердің шығындарын 20 %-ға төмендетуге және түсімділікті, мысалы, дәнді дақылдарды гектарына 25 центнерге дейін арттыруға мүмкіндік берді.

      Пилоттық мал шаруашылықтарында цифрландыру өлім-жітімнің төмендеуі және мал басының 15 және 10 %-ға өсуі жағдайында шығыстарды 15 – 20 %-ға қысқартты.

      Сондай-ақ заманауи жабдықтарды қолдану сүт сауудың 18 %-дан астам артуына әсер етті, бұзаулардың шығымы 20 %-ға өсті. ІҚМ-ның физикалық жай-күйін бақылау есебінен сиырлардың сервистік кезеңі қысқартылды (төлдеуден ұрықтандыруға дейін).

      Негізгі проблемалар:

      ауылдық жерлердегі мобильді байланыс және интернет желісінің әлсіздігі мен тұрақсыздығы;

      цифрлық шешімдерді қолдану бойынша білім мен дағдылардың болмауы;

      жергілікті жерлерде ауыл шаруашылығы мен IT-шешімдер тоғысында мамандардың болмауы;

      ауыл шаруашылығында бірыңғай цифрлық экожүйенің болмауы.

      2.10. Мемлекеттік қолдау

      АӨК мемлекеттік қолдау көлемі соңғы жылдары да тұрақты түрде ұлғаюды жалғастырды. Мәселен, лизингтік бағдарламаның көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 2020 жылы 155 %-ға өсіп, 114 млрд теңге, ал субсидиялау көлемі 20,4 %-ға өсіп, 260,5 млрд теңге деңгейіне жетті. Осыған орай маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарына жеңілдікпен кредит беру көлемі де өсті. Егер 2017 жылы осы мақсаттарға 67,3 млрд теңге жеңілдікті кредиттік ресурстар бағытталса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 86,2 млрд теңге деңгейіне жетті.

      2021 жылы "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның бірыңғай басқаруына берілген мамандандырылған ұйымдар арқылы АӨК-ті қаржылық қолдаудың институционалдық жүйесі қалыптастырылды.

      Субсидия алу үшін барлық бизнес-процестер автоматтандырылды. Міндетті агросақтандырудан ерікті сақтандыруға көшу жүзеге асырылды. Дегенмен мұнда әлі де көптеген проблемалар бар. Бұл шағын және орта фермерлерді кепілдікпен қамтамасыз етуге қаржы институттарының төмен бағасы, кредиттік, сол сияқты бюджет қаражатының шектеулілігі. Бүкіл республика бойынша ауылдық жерлердің интернет-байланыспен толық қамтылмауы.

      Қазіргі уақытта агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялау 12 бағыт және 51 түр бойынша жүзеге асырылады.

      Негізгі проблемалар:

      АӨК инвестициялық тартымдылығының төмендігі;

      банк кредиттеріне қолжетімділіктің төмен дәрежесі және мемлекеттік емес қаржы секторын кредиттер мен лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемелерді төмендетуге ынталандырудың болмауы;

      саланы қаржыландыру үшін квазимемлекеттік даму институттары ресурстарының шектеулілігі;

      кепілдікпен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі, ауыл шаруашылығы жерлері өтімділігінің төмендігінен олардың тартымсыздығы;

      фермерлердің қаржылық сауаттылығы деңгейінің төмендігі;

      субсидиялар алушының қарсы міндеттемелерінің және субсидиялардың нәтижелілігін көрсететін айқын, оңай бақыланатын индикаторлардың болмауы;

      субсидиялауды тиімді жоспарлау және мониторингтеу жүйесінің болмауы.

      Тұтастай алғанда, соңғы жылдары мемлекеттік қолдау шараларын іске асырудың арқасында Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені (бұдан әрі – АӨК) дамуының оң серпіні байқалады, ауыл шаруашылығы өнімін және оның өңделген өнімдерін өндіру көлемі ұлғаюда, жабдықпен және заманауи жоғары өнімді ауыл шаруашылығы техникасымен жарақтану өсуде.

      Нарықтық экономика жағдайында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен саудасының әлемдік жүйесі шеңберінде ұлттық бәсекелестік артықшылықтар мен олардың дамуы басым мәнге ие болады. Аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету аграрлық өндірісті индустрияландыруға және оның тиімділігінің өсуіне негізделген оның тұрақты дамуын болжайды.

      АӨК-тің одан әрі дамуы үшін ауқымды өткізу нарықтары, ауыл шаруашылығы алқаптарының жеткілікті алаңдары, суармалы егіншілікті дамытудың жоғары перспективалары бар, майлы дақылдар және ет салаларының экспорттық позициялары күшеюде, ал астық пен ұн бойынша Қазақстан әлемдегі ірі экспорттаушы елдердің қатарына кіреді.

      Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) және Дүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан әрі – ДСҰ) мүшелігі мүмкіндіктерге жол ашады және бір мезгілде ішкі, сол сияқты сыртқы нарықтарда АӨК саласының бәсекеге қабілеттілігіне жоғары талаптар қояды. Осыған байланысты АӨК-ті тиімді мемлекеттік реттеу және оның дамуын ынталандыру маңызды рөл болып табылады.

      АӨК SWOT-талдауы аграрлық сектордың азық-түлікті тұтыну нарығының тарлығы, теңіз тасымалдарына тікелей шығудың болмауы, климаттық жағдайлардан жоғары тәуекелдер, су ресурстарының шектеулігі, кредиттік қаржыландырудың қолжетімсіздігі, саланы қаржыландыруға кредит беруге екінші деңгейдегі банктердің аз тартылуы, сауда-логистикалық инфрақұрылымның, ауылдық жерлердегі тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің төмен дамуы сияқты объективті факторлардың алдында әлсіз екендігін көрсетті.

      АӨК SWOT-талдауы

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Қазақстан аумағы бойынша әлемде тоғызыншы орында;
Қазақстан жан басына шаққандағы егістік жер көлемі бойынша әлемде екінші орында;
1,4 млн га суармалы жердің болуы;
Қазақстан астық пен ұн бойынша ірі экспорттаушылардың қатарына кіреді;
бос және пайдаланылмайтын жайылымдардың үлкен алаңдары;
жайылымдық мал шаруашылығының дәстүрлі мәдениеті дамыған;
елеулі еңбек ресурстары: ауыл халқының үлесі барлық халықтың 43 %-ын құрайды;
ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең желісін өндіруге және елдің азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін топырақтық-климаттық аймақтардың алуантүрлілігі;
ауыл шаруашылығы өндірісінің ұйымдық нысандарында көпқұрылымдылықтың болуы;
шектес елдерде азық-түлік өнімдеріне өсіп келе жатқан сұраныс.

азық-түлікті тұтынудың шектеулі ішкі нарығы және экспорттық тауар массасының жеткіліксіздігі;
АӨК жекелеген салаларының ұсақ тауарлы өндірісінің басым болуы;
жайылымдар тозуының және шөлейттенуінің жоғары деңгейі;
арзан көлік дәліздерінен едәуір шалғайлық;
ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу деңгейінің жеткіліксіздігі;
сауда-логистикалық инфрақұрылымның және көтерме сауда буынының дамымауы;
қолданылатын агротехнологиялардың жеткіліксіз деңгейі;
ауыл шаруашылығы техникасын жаңартудың төмен қарқыны;
энергиямен жарақталудың төмен деңгейі;
ғылымның өндіріспен тиісінше өзара байланысының болмауы;
саланың жоғары капитал сыйымдылығы;
ауыл шаруашылығына банктік кредит беру деңгейінің төмендігі;
агробизнес дамуының квазимемлекеттік институттар арқылы қаржыландыруға жоғары тәуелділігі;
климаттық жағдайлардан жоғары тәуекелдер; жерді пайдалану процестерін бақылаудың пәрменді және тиімді әдістерінің болмауы;
су ресурстарының шектеулілігі, ағынның 44 % қалыптасуы шектес мемлекеттердің аумағында жүреді;
ауылдық аумақтардың әлеуметтік инфрақұрылымының жеткіліксіз деңгейі;
жер ресурстарын қайта бөлудің бүкпесіз тетіктерінің болмауы;
ауылдық аумақтардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің жеткіліксіз деңгейі;
ауыл шаруашылығы өндірісінің кадрлары мен білікті мамандарының жетіспеушілігі;
ауыл шаруашылығы өндірісінің ластауға әсерін мониторингтеу және бақылау жүйесінің болмауы;
АӨК өнімдерін қадағалап отырудың тұтас жүйесінің болмауы;
қоршаған ортаның ластану және топырақ құнарлылығының төмендеу үрдісі;
агробизнесті ақпараттық-консультациялық қамтамасыз ету жүйесімен қамтудың төмен деңгейі;
АӨК өнімдерін, оның ішінде экспорттық нарықтарға ілгерілетудің кешенді тәсілінің болмауы;
өндірістің импорттық ресурстарының жоғары үлесі;
АӨК дамуын жүйелі кешенді талдау мен мониторингтеудің, тәуекелдердің болмауы;
агрометеорологиялық болжамның нашар дамуы;
субсидияларды бөлу мен мақсатты пайдалануды бақылаудың жетілмеген жүйесі.

Мүмкіндіктер

Қауіптер

ұлттық бәсекелестік артықшылықтарды дамыту негізінде ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру;
қазақстандық өнімнің сыртқы нарықтарға шығуы үшін ұтымды географиялық жағдайды пайдалану;
органикалық өнім өндірісі мен экспортының жоғары әлеуеті;
суармалы жерлердің алаңын ұлғайту және олардың тиімділігін арттыру;
ауыл шаруашылығы өндірісінің ұйымдық нысандарының көпқұрылымдық ерекшеліктерін есепке алу, ауылдық қоғамдастықтардың заманауи әлеуметтік инфрақұрылымын құру және экологиялық мәртебе-квоны сақтау негізінде АӨК-тің тұрақты дамуы үшін жағдайлар жасау;
АӨК-ге шетелдік инвестицияларды тарту үшін үлкен әлеует.

климаттың жаһандық өзгеруінің дәстүрлі агротехнологияларға әсері;
халықаралық нарықтардағы, оның ішінде ТМД елдеріндегі бәсекелестіктің өсуі;
ауыл және қала тұрғындарының табысы мен тіршілікті қамтамасыз ету жүйелеріндегі теңсіздіктің өсуі;
саланы дамытуды тиімсіз мемлекеттік реттеу тәуекелі;
урбанизацияға байланысты ауыл халқы үлесінің төмендеуі және еңбек ресурстарының жетіспеушілігі;
қаржы (инфляция) және валюта (девальвация) нарықтарындағы тұрақсыздық;
субсидияларды негізсіз беру.

      Сонымен бірге Қазақстанның аграрлық секторының басқа елдермен салыстырғанда айтарлықтай пайдаланылмаған әлеуеті және ұлттық бәсекелестік артықшылықтары бар, олар тиімді аграрлық саясат кезінде оның орнықты дамуын қамтамасыз ете алады және ел экономикасына және халықтың әл-ауқатын арттыруға елеулі үлес қоса алады.

3. Халықаралық тәжірибеге шолу

      3.1. Өсімдік шаруашылығы

      Әлемдік тәжірибені шолу барлық дамыған елдерде, бір жағынан, жаһандық климаттық өзгерістердің күн санап өсіп келе жатқан теріс әсері аясында егіншілікті дамытудың тұрақтылығын арттыру, екінші жағынан, экологиялық жағдайды жақсартуға және қоршаған ортаны сақтауға бағытталған ресурс үнемдейтін және органикалық технологияларға көшуге бет бұрғанын көрсетеді. Бұл – ең алдымен, әртараптандырудың жоғары деңгейі, нақты егіншілік технологиясына көшу және барлық технологиялық процестерді цифрландыру. Молекулалық биология мен гендік инженерияға негізделген жеделдетілген әдістерді қолдана отырып, өсімдіктердің жаңа сорттарын таңдауға және шығаруға ерекше назар аударылады. Осының арқасында ғылыми ұйымдар әрбір 5-6 жыл сайын ауруларға және стрестік жағдайларға төзімді дақылдардың жаңа жоғары өнімді сорттарын шығарады және практикада қолдану үшін таратады.

      Ел аумағында метеостанциялардың кең желісін құру және көпжылдық метеобақылаулар туралы тиісті дерекқорды қалыптастыру есебінен қол жеткізілетін ауа райы жағдайларын болжаудағы дәлдікті арттыру маңызды сәт болып табылады.

      Қазіргі уақытта әлемде органикалық өнім өндірісі қарқынды дамып келеді. Оған тұрақты түрде сұраныс артып келеді, ал органикалық өнімдердің әлемдік нарығы оң серпін көрсетуді жалғастыруда. ОАШ жерлерінің алаңдары 71 млн га жетті, бұл ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің әлемдік ауданының 1,5 %-ын құрайды.

      Әлемдік практика және көшбасшы елдердің (АҚШ, ЕО) органикалық өнім өндіру жөніндегі оң тәжірибесі экономикалық теңгерімсіздік өндірушілерді органикалық болып қалуға ынталандыру шаралары есебінен өтелетінін көрсетеді.

      ЕАЭО-ға мүше елдердің тәжірибесі, мәселен, Ресей Федерациясында сертификаттар беру тек зертханалық қорытындылар (БӨКО ФМБМ) негізінде жүзеге асырылады, бұл ретте инспектор әкетілетін өнімнің фитосанитариялық жай-күйі бойынша шешім қабылдамайды. Импорт кезінде инспектор үлгілерді іріктейді және нәтижелері бойынша міндетті түрде зертханалық сараптамаға жібереді, шешім қабылдайды. "Аргус-ФИТО" ФМАЖ ақпараттық жүйесі енгізілді.

      Іс жүзінде барлық елдерде өнім сапасын зертханалық зерттеу ақылы негізде және өнім иесі есебінен жүзеге асырылады.

      ЕО деңгейінде TRACES қадағалап отырудың бірыңғай ақпараттық жүйесі енгізілді, сондай-ақ ұлттық ақпараттық жүйелер қолданылады.

      Шетелдік тәжірибені талдау көрсеткендей, карантиндік фитосанитариялық бақылауды ақылы жүргізуге және рұқсат беру құжаттарын ақылы негізде беруге көшудің елімізде қолданылып жүрген карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу және рұқсат беру құжаттарын беру жүйесімен салыстырғанда мынадай себептер бойынша артықшылығы бар:

      сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ;

      түсетін қаражат, оның бір бөлігі бюджетке, ал қалған бөлігі инспекторларды материалдық көтермелеуге, қызметтің материалдық-техникалық базасын жаңартуға жұмсалады.

      3.2. Мал шаруашылығы

      Барлық озық елдерде мал шаруашылығын дамыту берік жемшөп базасына негізделеді. Жемшөп дақылдарының ауыспалы егістегі үлесі үлкен.

      Мәселен, АҚШ-та егін жинау алаңының 65 %-ын дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар алып жатыр, ал жемдік астық жинау азық-түлікке қарағанда 4 есеге көп.

      Малдың генетикалық әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.

      Жануарлар селекциясы биотехнологияның, геномдық және ДНҚ талдаудың заманауи әдістерін, өсімін молайтудың жеделдетілген әдістерін пайдалана отырып жүргізіледі. Осының арқасында алдыңғы қатарлы елдерде барлық мал басы шоғырланған.

      2021 жылғы мамырда ЕАЭО шеңберінде селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты біріздендіру туралы келісім күшіне енді, оны ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттер ратификациялады. ЕАЭО аумағында селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты біріздендіру мақсатында Келісім шеңберінде ЕЭК актілері әзірленді және бекітілді, олар тұқымды байқаудан өткізу, тұқымды айқындау, орын ауыстырылатын асыл тұқымды өнімге (материалға) ДНҚ зерттеу жүргізу бойынша біркелкі жұмыс жүргізуге, асыл тұқымды малдардағы қажетті ақпарат тізбесін жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ сүтті және етті бағыттағы ірі қара мал мен шошқаларды "индекстік бағалау" әдістемесі бекітілді. Көрсетілген құжаттар негізінде ЕАЭО аумағында селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс біріздендіріледі.

      Алдыңғы қатарлы елдер, атап айтқанда, ЕО және АҚШ инвестицияларды жоспарлау және мал шаруашылығы мен жайылымдарды басқару саласындағы саясат шараларын әзірлеу кезіндегі экологиялық тұрақтылық пен жасыл өсу қағидаттарын да қамтиды.

      3.3. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу

      Дамыған елдер өңдеу саласындағы техника мен технологияларды жаңғыртуды ынталандыру жолымен халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

      Ресейде өңдеу саласын дамыту ауыл шаруашылығы шикізатын өндіруді қолдау, инновациялық технологиялар мен ресурс үнемдейтін жабдықтар негізінде техникалық қайта жарақтандыруды және құрылысты жүргізу есебінен қуаттарды жаңғырту және өрістету, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен өңдеушілердің кооперациясын ынталандыру жолымен жүзеге асырылады.

      Еуроодақта шикізатты өндірушілер мен қайта өңдеушілер және ауылдық аудандарды дамытудың басқа да бенефициарлары операциялық шығыстарды өте төмен пайыздық мөлшерлемелер немесе ыңғайлы төлем графиктері сияқты өте қолайлы жағдайларда жабу үшін кредиттерді немесе кепілдіктерді пайдалана алады.

      АҚШ-та жеке компанияларды еңбек өнімділігін арттыруға ықпал ететін жаңа технологиялар базасында ғылыми әзірлемелерді енгізу және жаппай игеру негізінде салаға инновациялар мен құзыреттерді дамыту үшін инвестициялауға ынталандыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

      Сондай-ақ әлемде ауыл шаруашылығы шикізатын өндірушілер, өңдеуші кәсіпорындар мен сауда арасындағы ұзақ мерзімді тұрақты қатынастарды өнімнің өнімділігі мен құнының өсу факторы ретінде нығайту мәселесі өзекті бола түсуде.

      3.4. Нарықтарды дамыту

      Неғұрлым озық елдерді талдау АӨК отандық өнімін өткізуді дамытуға бағытталған мынадай заңдылықтар мен тәсілдерді бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.

      Халықаралық тәжірибе фермерлердің өткізу тізбегіне табысты қатысудың кепілі өткізу кооперациясы болып табылатынын куәландырады. Бүгінгі таңда Еуропада кооперативтер арқылы өнімнің 70 %-ы, АҚШ пен Канадада 60 %-ы өткізіледі.

      Мысалы, Нидерландыда кооперативтер тауарлық сүттің 80 %-дан астамын, барлық көкөністердің, жемістердің 95 %-ын және жүннің 90 %-ын өткізеді. Француз кооперативтері халықаралық нарықта 70 %-ға дейін шарап шығарады және өткізеді, олардың алкоголь мен зәйтүн майын шығаруға қатысуы жоғары. Өткізу кооперативтері тауардың үлкен партияларын қалыптастырады және күні бұрын жеткізу туралы келісімдер жасайды.

      Бүкіл өткізу тізбегі бойынша дамыған сауда-логистикалық инфрақұрылым. КТО (КТО желілері) негізіндегі табысты тауар өткізу желілерінің мысалдары Rungis көтерме сауда базары (Париж, Франция), Mercasa көтерме сауда базарлары желісі (Испания) және Bronisze көтерме сауда базары (Варшава, Польша) болып табылады.

      Желі 3600 жалға алушының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, олардың 32 %-ы жеміс-көкөніс өнімдерімен, 12.5 %-ы балық және теңіз өнімдерімен, 8.2 %-ы ет өнімдерімен, 3 %-ы гүл өнімдерімен және 44 %-ы басқа түрлермен айналысады.

      Халықаралық стандарттар мен талаптар (СФС шаралары, HACCP, GLP және т.б.) дамыған елдерде (Канада, Аустралия, Жаңа Зеландия) енгізілген, бұл осы елдерде өндірілетін өнімнің сенімділігі мен сапасын арттырады.

      Сауда кедергілерін жою жөнінде келіссөздер жүргізу және келісімдер мен басқа да құжаттар жасасу арқылы экспорттаушылардың мүдделерін мемлекетаралық деңгейде ілгерілету дамыған елдердің сауда саясатының ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады. Ең белсенді елдер – АҚШ, ЕО, Аустралия, Канада, Бразилия, Мексика, Жапония.

      3.5. Ауыл шаруашылығы кооперациясы және АӨК-ті инфрақұрылымдық дамыту

      ЭЫДҰ елдерінің көпшілігінде кооперативтер ауыл шаруашылығы өндірістік-өткізу тізбегінің барлық учаскелерінде болады және барлық мөлшердегі фермерлік шаруашылықтар кооперативтік кәсіпорындарға қатысады. Ауыл шаруашылығы кооперативтері ЕО-да жоғары дамыған: 22000-ға жуық кооператив 6,1 млн астам мүшені біріктіреді, жылдық айналымы шамамен 347 млрд еуроны құрайды. Орта есеппен ЕО-да кооперативтерге фермерлік шаруашылықтардың 57 %-ы, АҚШ-та 92 %-ы қатысады. Аустрияда, Финляндияда, Германияда және Швецияда орташа фермер кемінде екі ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшесі болып табылады. Бұл ЭЫДҰ-ға мүше елдердегі кооперативтерге мамандану тән екенін көрсетеді (мысалы, өткізу, өңдеу, өндіріс құралдарын жеткізу); олар көбінесе екінші және үшінші кооперативтік ұйымдардың (мысалы, одақтар мен федерациялардың) қамқорлығымен жұмыс істейді.

      Әлемнің көптеген елдерінде дәл осы кооперативтер ауыл шаруашылығы инфрақұрылымының негізі болды.

      Мысалы, АҚШ кооперативтері фермерлерге отын, минералды тыңайтқыштар, жемшөп жеткізеді, өз мүшелеріне маркетингтік және көліктік қызметтер көрсетеді, ауыл шаруашылығы өнімдерін бөлшек саудада сатумен айналысады.

      2017 жылдың соңында АҚШ-та өз өнімдерін кооперативтерге сататын фермерлерге үлкен салықтық преференциялар беретін заң қабылданды. Салықтық шегерімге кооперативке сату сомасының 20 %-ы жатады. Егер фермердің салық салынатын пайдасы кооперативке жеткізудің бестен бір бөлігінен аз болса, онда ол салық төлеуден мүлдем босатылады.

      АҚШ-тың ірі жабдықтау кооперативтерінің функцияларына: тұқымдарды, химикаттарды, жанармай мен ветеринариялық препараттарды көтерме сатып алу; құрамажем дайындау, жемдік ингредиенттердің сапасын бақылау, фермаға жемшөп жеткізу; техникалар мен жабдықтарды жөндеу, қосалқы бөлшектерді жеткізу кіреді.

      Бүгінгі таңда Канаданың аграрлық секторында 4 млн астам адам мүшесі болып табылатын 1 500-ге жуық кооператив бар. Сонымен қатар, бір фермер қызмет түрлеріне қарай тұтынушылық, қызмет көрсету, өңдеу, аралас болып бөлінетін бірнеше кооперативтердің құрылтайшысы болуы мүмкін. Кооперативтер арқылы 50 %-дан астам астық және майлы дақылдар, 36 % минералды тыңайтқыштар, 21 % құрамажем, 19 % тұқым өткізіледі.

      ЕО-да кооперативтерге үлкен қолдау көрсетіледі, өйткені оларды ауылдық аумақтарды тұрақты дамытудың басты факторларының бірі ретінде қабылдайды. Керісінше, ТМД елдерінде, мысалы, агрохолдинг көбіне ауылдық аумақтардың дамуына емес, агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына ықпал етуі мүмкін көрініс айқын көрінеді.

      ЕО елдерінде кооперативтік қызметтің маңызды бағыты – фермерлік қожалықтарды өндірістік жабдықтау. ЕО-да сатып алу-жабдықтау кооперативтерінің үлесіне тауар өндірушілерге қажетті өндіріс құралдарын жеткізу көлемінің шамамен 50 %-ы тиесілі. Кооперативтік жабдықтау қызметінің негізі – минералды тыңайтқыштармен және жемшөппен қамтамасыз ету.

      Қазіргі уақытта Нидерландыда 2500-ден астам белсенді кооперативтер бар, ал ауыл шаруашылығы мен қаржы ең ірі сектор болып қала береді. Ауыл шаруашылығы айналымының шамамен 70 %-ы кооперативтерде, бұл ЕО-ның орташа деңгейінен 45 % жоғары.

      ЕО-ның бірқатар елдерінде кооперативтер фермерлерді тұқыммен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Мысалы, Данияда олардың үлесіне барлық тұқым материалын жеткізудің 35 %-ы, Ирландияда 55 %-ы, Францияда 73 %-ы тиесілі. Айта кету керек, қазіргі жағдайда кооперативтік қозғалыс үшін алуан түрдегі кооперативтердің қызметін әртараптандыру, олардың арасындағы байланыстарды тереңдету, бір кооперативтік ұйым аясында фермерлік қожалықтарға экономикалық қызмет көрсету бойынша бірнеше функцияларды біріктіру үрдістері тән.

      Жапонияның фермерлік қожалықтарының аздаған бөлігін қоспағанда, барлық дерлік фермерлік қожалықтар әр ауданда ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы кооперативтерінің мүшелері болып табылады. Кооперативтердің функциялары әралуан: өнімді жинау және өткізу, өндірістік материалдар мен тұтыну заттарын сатып алу және сату, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және өткізу бойынша кәсіпорындарды салу және басқару, банктік және сақтандыру операциялары – жинақтарды қабылдау және несиелер беру, өмірді сақтандыру және ауырған жағдайда, ауруханалық және курорттық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету.

      Корея Республикасының жылдық табысы 55 млрд АҚШ долларынан асатын Ұлттық ауыл шаруашылығы кооперативтер федерациясы (NACF) ел фермерлерінің 80 %-ын астамын немесе 2,5 млн адамды біріктіреді.

      Израиль ауыл тұрғындарының шамамен 70 %-ы кибуцытар, мошавах шиттуфи, мошавах овдимах сияқты ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрамына кіреді. Кооперативтердің үлесіне өңделетін жердің шамамен 75 %-ы тиесілі, оның ішінде кибтуцтардың пайдалануына 41 %-ы, мошавов овдимовтарға 29 %-ы, мошавов шиттуфиларға 4 %-ы тиесілі. Бұл ретте олардың үлесіне елде өндірілетін аграрлық өнімнің 80 %-ға жуығы тиесілі, негізгі өндірістік қорлардың 75 %-ына иелік етеді.

      БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) кооперативтер мен басқа да фермерлік ұйымдардың шағын ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдаудағы шешуші рөлін мойындайды.

      3.6. АӨК-ті ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету

      Ғылымды көп қажет ететін өнімнің үлесі және ЖІӨ-нің жалпы көлеміндегі ғылымға арналған шығыстар білімге негізделген экономиканың негізгі көрсеткіштері болып табылады.

      Дамыған елдерде ҒЗТКЖ-ға жұмсалатын шығындардың үлесі ЖІӨ-нің орта есеппен 3 %-ын құрайды (Швецияда – 3,8 %, Финляндияда – 3,5 %, Жапонияда – 3,04 %, Швейцарияда – 2,73 %, АҚШ-та – 2,84 %, Германияда –2,44 %). Бұл ретте осы шығыстардағы мемлекеттің үлесі орта есеппен 25-34 %-ды құрайды.

      Экономикасы дамыған елдерде жан басына есептегенде ҒЗТКЖ-ға жұмсалатын шығындар: АҚШ-та – 892, Швецияда – 875, Финляндияда – 726, Швейцарияда – 688, Исландияда – 613, Германияда – 580, Данияда – 541, Норвегияда – 479, Францияда – 478, Ресейде – 420 АҚШ долларын, ал Қазақстанда бір адамға 10,27 АҚШ долларын (19 млн адамға 82 млрд теңге) құрайды, бұл АҚШ-қа қарағанда 86,8 есе, Ресейге қарағанда 40,9 есе аз.

      Дамыған елдерде жаңа немесе жетілдірілген технологиялардың, жаңа білімдер немесе шешімдер қамтылған өнімдердің, жабдықтардың үлесіне ЖІӨ өсімінің 70-тен 85 %-ға дейіні тиесілі, өйткені технологиялық инновацияларды тұрақты негізде енгізуді Германияда кәсіпорындардың 71,8%-ы, Бельгияда 53,6 %-ы, Эстонияда 52,8 %-ы, Финляндияда 52,5 %-ы және Швецияда 49,6 %-ы, ал Қазақстанда 1 %-дан азы жүзеге асырады.

      3.7. Жер ресурстары

      Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік реттеу әлемнің барлық елдерінде жүзеге асырылады.

      Атап айтқанда, бірқатар елдерде ауыл шаруашылығы жерлерінің бөлінуіне жол бермеу үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын белгілі бір мөлшерден аз учаскелерге бөлуге заңды түрде тыйым салынады, ал басқалары жер латифундиясының дамымауы үшін ауыл шаруашылығы жерлерінің шамадан тыс шоғырлануын шектейді. Көптеген елдер ауыл шаруашылығы алқаптарын сатып алушылардың немесе жалға алушылардың өз меншігін бақылап отыруы үшін көрші тұруын да талап етеді.

      Данияда кәсіптік даярлығы бар, 50 жастан аспаған, қажетті капиталы бар жеке тұлға ғана ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану құқығына ие болады.

      Көптеген экономикасы дамыған елдердің тәжірибесінде ауыл шаруашылығы жерлері учаскелерінің барынша рұқсат етілетін мөлшерін шектеудің кең таралған практикасы бар. Айталық, Данияда барынша мүмкін болатын алаң – 150 га, бұдан үлкен жер учаскесін тек арнайы рұқсат бойынша ғана сатып алуға жол беріледі (оны алу үшін мұндай жер көлемі өндіріс ерекшелігіне байланысты екенін дәлелдеу қажет). Италияда, Норвегияда, Жаңа Зеландияда және басқа елдердегі ауыл шаруашылығы жерлерінің барынша мүмкін болатын алаңдары бойынша шектеулер бар. Мұндай реттеуіш Ресей заңнамасында да бар, сонымен қатар табиғи, экономикалық және басқа да факторлардың алуантүрлілігін ескере отырып, өңірлерде РФ-ның әр субъектісі үшін бұл оның заңнамасымен айқындалады.

      Жер пайдаланудың ұтымдылығын қамтамасыз ету үшін жер учаскелерінің негізсіз артық ұсақталуы шектелген, себебі бұл учаскелердің фрагментациясына, жоларалықтарға, сыналануға және пайдаланудағы басқа да қолайсыздықтарға алып келуі мүмкін. Тиісті нормалар Испанияның, Италияның, Норвегияның, Германияның және басқа елдердің заңнамасында бар. Ресей заңнамасында жердің жалпы алаңының барынша мүмкін болатын мөлшері сияқты бұл да РФ субъектілерінің заңдарымен егжей-тегжейлі реттеледі.

      3.8. АӨК-ті цифрландыру

      Еуропада Ауыл шаруашылығын цифрландыру бойынша бірінші орынды Германия алады, ол АӨК-ті цифрлық түрлендіру үшін жағдай жасауға ерекше көңіл бөледі. Германияда жиырма жылға жуық уақыт бойы нақты егіншілік пен ақылды ферма жүйелері қолданылуда.

      Ирландияның "Smart Farming" мемлекеттік бағдарламасы 2014 жылы іске қосылды. Ауыл шаруашылығы өндірісінің нақты саласындағы дара кәсіпкерлерге шығыстар мен зиянды шығарындылардың деңгейін төмендететін цифрлық технологиялар мен платформаларды қолданудың әртүрлі нұсқалары ұсынылады. Қазіргі уақытта бағдарламада 1 900 шаруашылық жұмыс істейді. Олардың әрқайсысында үнемдеу 2018 жылы орта есеппен 5 000 еуроны құрады, отын шығыны 10 %-ға төмендеді. Швейцария ғалымдары атап өткендей, смарт-фермерлік тыңайтқыштар мен пестицидтерді барынша азайтып немесе нақты енгізу арқылы ауыл шаруашылығының қоршаған ортаға зиянды әсерін әлсіретеді.

      Фермерлер ақпаратты: танаптардан, ауыл шаруашылығы жануарларынан және машиналардан әртүрлі тіркеушілер мен заттар интернеті негізінде дереккөздерден; деректерді сақтау ұйымдарынан; деректерді өңдеу және оларды ақпаратқа айналдыру үшін жасанды интеллект және машинамен оқыту әдістерімен үлкен деректерді талдау (Big Data) негізінде алады. Нақ осы деректер мен ақпарат басқа жерде де, мысалы, ақпарат бақылау және басқару үшін қажет уәкілетті органдар пайдалануы мүмкін.

      АӨК-ті цифрландырудағы соңғы тренд тауар өткізетін тізбектердің цифрлық платформаларын құру болды, бұл нарыққа тамақ өнімдерін жеткізуді теңгерімдеуге, өнімнің қадағаланып отыруын (қауіпсіздігін) қамтамасыз етуге, логистика мен делдалдық көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстарды оңтайландыруға мүмкіндік береді.

      3.9. Мемлекеттік қолдау

      Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу жалпы әлемдік практика болып табылады және барлық елдерде қолданылады. Бұл ретте көптеген елдердің басым бағыты әртүрлі экономикалық тетіктерді (өндіріс шығындарын өтеу, бағаларды қолдау, өндірістік құрылым үшін субсидиялар, әртүрлі бағдарламаларды іске асыру) пайдалана отырып, өндірушілерді жан-жақты қолдау болып табылады. Алайда агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған оның нысандары мен әдістері АӨК-тің даму ерекшелігіне, сондай-ақ әр елдің табиғи-климаттық жағдайларына байланысты бір-бірінен ерекшеленеді. АҚШ-та ауыл шаруашылығы өндірісінің рентабельділігі субсидияланады. Ал Еуропа елдерінде субсидиялар ауыл шаруашылығы алқаптарының әр гектарына беріледі. Субтропиктер аймағында орналасқан "Керн тобы" деп аталатын елдер бар, мұнда мемлекет ауыл шаруашылығына мүлдем субсидия бермейді. Сонымен қатар, көптеген дамыған елдерде ауыл шаруашылығын жанама қолдау мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Бұл – ең алдымен, білім тарату жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар арқылы фермерлерді оқыту. Көптеген елдерде өндірілетін өнімнің сапасын арттыру, ветеринариялық қадағалауды қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізу, қоршаған ортаны қорғау, проблемалы аудандардағы өндірісті ынталандыру, шағын шаруашылықтарға табыстың ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар қаржыландырылады.

      Шет елдердің мемлекеттік субсидиялар құрылымында бағаны қолдауға арналған қаражаттың үлесі ең көп. Нарықтық экономикасы дамыған барлық дерлік елдердегі бағаларды мемлекеттік реттеу жүйесі бағаның қажетті деңгейін ұстап тұру мақсатында тез бұзылмайтын өнімдерді сатып алуға және өткізуге мемлекет қолдау көрсетуге ұмтылатын бағалар мен индикативтік бағаның жоғарғы және төменгі ауытқу шектерін белгілеуді көздейді.

      Тұтастай алғанда, әлемдік тәжірибені шолу Қазақстанда экологиялық жағдайды жақсартуға және қоршаған ортаны сақтауға бағытталған, ресурс үнемдейтін және органикалық технологияларға көшуге, мал шаруашылығын дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін мықты жемшөп базасын құруға алғышарттары бар екенін көрсетеді.

      Бұдан басқа Қазақстан өткізу кооперациясын құру және ауыл шаруашылығы үшін инфрақұрылым құру жөніндегі тәжірибені үйренуі, сондай-ақ АӨК-ті мемлекеттік қолдау шараларының тұрақтылығы және аграрлық ғылымды қаржыландыруды арттыру жөнінде шаралар қабылдауы тиіс.

4. Саланы дамыту пайымы

      Климаттық өзгерістер, су ресурстарының тапшылығы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және орнықты дамуға қол жеткізу мүмкіндіктеріне тікелей әсер етеді. Климаттың өзгеруі егіншілік дақылының, мал шаруашылығындағы технологияның өзгеруіне алып келеді.

      Сарапшылардың бағалауы бойынша Қазақстанда су тапшылығының туындау қаупі бар, ал 2050 жылға қарай республика жіті су күйзелісіне ұшыраған мемлекеттердің тізімінде болуы мүмкін. Бұл өз кезегінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етеді. Атап айтқанда, бұл жағдай агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға көбірек әсер етеді, өйткені кейбір дақылдардың түсімділігі 2030 жылға қарай қазіргі деңгейге қарағанда 9-47 %-ға төмендейді, ал бұл еңбек өнімділігінің көрсеткіштері мен азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне тікелей әсер етеді.

      Аталған тәуекелдерді барынша азайтудың басты факторы "жасыл" технологиялар және ресурстарды тиімді басқаруды, қолда бар инфрақұрылымды жаңғыртуды және жаңа инфрақұрылымды дамытуды, қоршаған ортаға әсер ету дәрежесін қысқартудың нақты шараларын қолдану есебінен халықтың әл-ауқаты мен қоршаған орта сапасын арттыруды қамтитын орнықты өндіріс болып табылады.

      Сондықтан АӨК-ті дамытудың 2030 жылға дейінгі негізгі басымдықтары мыналар болады:

      шикізат өндіру бойынша ауыл шаруашылығының қолда бар елеулі әлеуетін және ішкі нарықтың тарлығын ескере отырып, экспорттық саясаттың шикізаттық бағыттылығынан өңделген өнімге көшу болмақ. Экспорт көлемін ұлғайту есебінен өңдеу салаларының өсуі ауыл шаруашылығының сапалы өсуін және қосылған құнның барлық тізбегі бойынша кірістердің өсуін қамтамасыз етеді;

      өндірісті әртараптандыру және ауыспалы егісті сақтау, бұл жоғары рентабельді дақылдардың, оның ішінде жемшөп дақылдарының өндірісіне көшуді және тиісінше жер пайдаланушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жандандыру, жер заңнамасы талаптарының орындалуын бақылауды күшейту, танаптардағы өсімдіктердің түрлік құрамын айқындау бойынша жерді қашықтықтан зондтау технологиясы есебінен, сондай-ақ топырақты агрохимиялық зерттеп-қарауды жүргізу тәсілдерін қайта қарай отырып, ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету жүйесін жетілдіру жолымен қарқынды мал шаруашылығын дамытуға көшуді қамтамасыз етеді.

      пандемиялық қауіп-қатер жағдайында тамақ өнімдерінің негізгі түрлері бойынша импортты алмастыратын инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен елдің азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз ету басымдыққа ие болады;

      АӨК салаларын техникалық жарақтандыруды сапалы арттыру, ғылыми негізделген агротехнологияларды сақтау, ғылыми қамтамасыз етуді және инновациялық әзірлемелерді енгізуді күшейту, нақты сектордың қажеттіліктеріне сәйкес кадрлық қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін қабылдау арқылы аграрлық өндірісті индустрияландыру;

      ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік жүйелерін; ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау және сақтау жүйесін дамытуды; АӨК-тің қаржылық және сақтандыру инфрақұрылымын дамытуды қамтитын АӨК-тің заманауи инфрақұрылымын дамыту;

      АӨК өнімдерінің өнімділігі мен сапасының өсу катализаторы тік және көлденең интеграция резервтерін пайдалану негізінде АӨК басым бағыттары бойынша экожүйелерді дамыту болады.

      Халықаралық тәжірибені, сондай-ақ АӨК-ті дамытудағы жаһандық үрдістерді ескере отырып, отандық ауыл шаруашылығы бәсекеге қабілеттіліктің өсуін және сектордың жаһандық сын-қатерлерге орнықтылығын ынталандыруға бағдарланатын болады. Осы процестерді ынталандыратын заңнамалық база құрылады, мемлекеттік қолдау жүйесінің тиімділігі артып, білімді таратудың тиімді жүйесі қалыптастырылатын болады, бұл ауылдық жерлер тұрғындарының табысын арттыру үшін жағдай жасайды.

      Ауыл шаруашылығы өндірісінің құрылымы бәсекеге қабілеттілікті дамытуға, сыртқы нарықтардың қажеттіліктеріне сәйкес теңгерімділікке және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруден барынша пайда алуға негізделетін болады.

      Агроөнеркәсіптік сектор реформаларының негізі мыналар болады:

      саланың ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізуге ілеспе шығыстар саясатын қайта бағдарлау;

      өнімділік драйверлері ретінде білім мен цифрландыруға назар аудару;

      назарды жекелеген өндірістерден құн жасау тізбектеріне ауыстыру.

      Мемлекет бәсекелестікті күшейту, неғұрлым өнімді кәсіпорындарды таңдау және жедел технологиялық жаңартуды қамтамасыз ету есебінен өсуді ынталандыруға мүмкіндік беретін ашық сауда мен инвестицияларға қатысты бейілділік саясатын жалғастырады.

      Ауыл шаруашылығындағы көлеңкелі экономиканың үлесін қысқарту мақсатында саланы цифрландыру жөніндегі шаралар қабылданып, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімін қадағалап отыру жүйесі енгізіледі. Бұдан басқа қадағаланбайтын өнімнің басым бөлігі жеке қосалқы шаруашылықтарда өндірілетінін ескере отырып, "Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы" заң қабылданатын болады, оның шеңберінде жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтерге біріктіруді ынталандыру (ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алу кезінде кооперативтерді субсидиялау) жөніндегі шаралар көзделетін болады және тиісінше кооператив өздері өндірген өнімнің есебін жүргізіп, салық төлейтін болады. Аталған шаралар ауыл шаруашылығындағы "сұр" айналымды барынша азайтуға мүмкіндік береді.

      4.1. Өсімдік шаруашылығы

      Климаттың өзгеруіне бейімделген жоғары және тұрақты түсімділігі мен рентабельділігі бар орнықты қарқынды өсімдік шаруашылығы құрылады.

      Мыналар:

      егістік алаңдарының құрылымын әртараптандыру;

      отандық өндірістің жоғары сапалы тұқымдарын пайдалануды арттыру;

      суармалы жер алаңдарын кеңейту және суарудың су үнемдейтін технологияларын кеңінен енгізу;

      машина-трактор паркін жаңарту қарқынын жеделдету арқылы өндіріс факторларын пайдаланудың жоғары экономикалық тиімділігіне қол жеткізіледі.

      4.2. Мал шаруашылығы

      Мықты жемшөп базасын, малдың генетикалық әлеуетін құру және жасыл өсу қағидаттары негізінде заманауи технологияларды енгізу негізінде мал шаруашылығын дамытудың тұрақтылығын мыналар арқылы арттыру:

      малдың өсімін молайтудың алдыңғы қатарлы технологияларын енгізу. Жайылымдық алқаптардың өнімділігін арттыру және жаңа жайылымдарды игеру;

      жаңартылған білім беру бағдарламалары негізінде мал шаруашылығы саласы үшін мамандар даярлау;

      шағын және орта фермерлік шаруашылықтарды шаруашылық жүргізудің үздік орнықты практикалары мен технологияларына оқыту;

      секторда экологиялық мониторингті дамыту, атап айтқанда, парниктік газдар эмиссиялары;

      эпизоотиялық саламаттылықты қамтамасыз ету;

      мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық нарықтарын дамыту;

      жеке ветеринариялық көрсетілетін қызметтер нарығын дамыту үшін жағдайлар жасау;

      ветеринария саласындағы ақпараттық жүйелерді әзірлеу мен енгізу және процестер мен құжаттаманы автоматтандыру;

      ветеринария мамандарының жалақысын көтеру.

      Мал шаруашылығы саласын тиімді дамыту мақсатында етті және сүтті мал шаруашылығында, сондай-ақ қой және құс шаруашылығында жол карталары әзірленетін болады.

      Мәселен, етті мал шаруашылығында жол картасы шеңберінде отбасылық және оқыту фермаларын (фермерлерді оқыту үшін заманауи технологиялармен жарақтандырылатын модельдік фермалар) құру, асыл тұқымды емес жануарлардың генетикасын жақсарту үшін фермерлерді асыл тұқымды бұқалармен қамтамасыз ету, малды өнеркәсіптік сою тізбегін құру – дайын өнім өндіру – өнімді терең өңдеу, теріні өңдеу, жайылымдарды ұтымды пайдалану, фермерлерді кеңінен оқыту, сиыр еті экспортының тұрақты өсуі үшін нарықтарды игеру бойынша индикаторлар мен іс-шаралар көзделетін болады;

      қой шаруашылығында селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс есебінен қойлардың сапасын жақсартуға, отбасылық қой өсіру шаруашылықтарын құруға, жайылымдық алқаптарды игеру жолымен шалғайдағы қой шаруашылығын дамытуға; тері мен жүнді өңдеуге, қой еті мен қозы етінің экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған іс-шаралар көзделетін болады;

      құс шаруашылығында іс-шаралар жоғары өнімді және технологиялық кростар (тұқымдар) мен әртүрлі құс түрлерінің будандарын өсіруге, заманауи 2-санаттағы асыл тұқымды шаруашылықтар және ата-енелік табындар құруға, ет және жұмыртқа құстарының өнімділігін арттыруға, салқындатылған ет пен терең өңдеу өнімдерінің көлемін ұлғайтуға бағытталатын болады.

      Бұдан басқа селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты жүргізуді мемлекеттік қолдау жолымен селекцияның тиімді әдістерін енгізу, фермерлік шаруашылықтарда жылқы шаруашылығы мен түйе шаруашылығындағы селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты ынталандыру бойынша жұмыстар, қолда бар мал басының сапалық құрамын жақсартуға, өнімді өндіру мен өңдеуге бағытталған жұмыстар жүргізілетін болады.

      4.3.Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу

      Мыналар:

      ауыл шаруашылығы шикізатының сапасын арттыру;

      өңдеу кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасын жаңғырту;

      өндірілетін өнім желісін кеңейту;

      кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

      қалдықсыз өңдеу технологияларын енгізу;

      жаңа өндірістер салу арқылы өңдеу өнімдерін өндіру факторларын пайдаланудың жоғары экономикалық тиімділігіне қол жеткізіледі.

      Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласын тиімді дамыту мақсатында Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту жөніндегі жол картасы әзірленетін болады. Жол картасы шеңберінде инвестициялық салымдар кезінде шығындардың бір бөлігін субсидиялау мен негізгі және айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау арқылы өңдеу өндірістерін құруға және жаңғыртуға, жаңа нарықтар ашу арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған іс-шаралар көзделетін болады.

      4.4. Нарықтарды дамыту

      Ішкі нарықты отандық азық-түлік тауарларымен толықтыру.

      АӨК-тің отандық өнімін ішкі және сыртқы нарықтарда ілгерілету үшін:

      сауда-логистикалық инфрақұрылым желісін, көтерме-тарату орталықтарын дамыту;

      сыртқы нарықтардағы сауда кедергілерін, оның ішінде мемлекеттік қорғау есебінен жою және өткізу нарықтарын кеңейту арқылы оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде шаралар қабылдау қажет.

      4.5. Техникалық жарақтау

      Мынадай қолдау шараларын іске асыру арқылы ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қарқынын арттыру:

      сатып алынған ауыл шаруашылығы техникасы құнының бір бөлігін инвестициялық субсидиялау бағдарламаларын іске асыру, лизингтік бағдарламаларды іске асыру үшін "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ даму институттарын қорландыру арқылы ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің ауыл шаруашылығы техникасын (оның ішінде отандық өндіріс) сатып алуын ынталандыру;

      ауыл шаруашылығы техникасына кредит берудің/лизингтің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау;

      жеңілдікті кредит беру бағдарламаларын дамыту;

      ауыл шаруашылығы техникасының айналымына (сатып алу, лизинг, пайдалану, техникалық жай-күйі) байланысты процестерді есепке алу бойынша бірыңғай интеграцияланған дерекқорды құрылады.

      4.6. Ауыл шаруашылығы кооперациясы, АӨК инфрақұрылымы

      Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту пайымының негізінде фермерлер, өңдеушілер мен тұтынушылар арасындағы тізбектегі байланыстарды нығайту арқылы қосылған құн тізбектерін дамытуға, сондай-ақ инновацияларды тарату, оқыту, сапаны басқару, экожүйелер деп аталатын нарыққа қол жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі платформалар мен институттарды дамытуға баса назар аударылады.

      Экожүйе – бұл зәкірлі стратегиялық кәсіпорын, әдетте, ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеушілер негізінде салалық тізбектер буындарының үздіксіз өзара іс-қимылы.

      Экожүйе мыналарды қамтиды:

      зәкірлік кәсіпорын (стратегиялық инвестор, ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу кәсіпорны);

      зәкірлік кәсіпорынды шикізатпен және жемшөппен қамтамасыз ететін АШТӨ (бордақылау алаңдары, репродукторлар, жылыжайлар және т.б.), ЖҚШ;

      өткізу нарықтары (КТО, СЛО, трейдерлер);

      дайындаушы ұйымдар, өнімді сақтау жөніндегі объектілер;

      тұқымдар, тыңайтқыштар, пестицидтер өндірушілер, техника шығарушылар;

      ғылыми және білім беру ұйымдары;

      ветеринариялық және фитосанитариялық сүйемелдеу.

      Экожүйені құруды сипаттайтын негізгі өлшемшарттар (әрбір экожүйе бойынша жеке айқындалатын болады) мыналар болып табылады:

      АӨК өнімдерін өндіру көлемі;

      тартылған отбасылық және фермерлік шаруашылықтар саны;

      жұмыс орындары.

      Ет, жемістер, көкөністер, қант, дәнді, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және өңдеу бойынша ірі азық-түлік экожүйелері қалыптастырылады.

      Зәкірлі кәсіпорындар табиғи-климаттық және экономикалық факторларға сәйкес былайша орналасатын болады:

      Солтүстік Қазақстан облысында – қуаты 300 мың тонна астық дақылдарын өндіру және терең өңдеу;

      Алматы және Ақтөбе облыстарында – қуаты 15 мың тонна қой еті мен қуаты 20 мың тонна сиыр етін өндіру және өңдеу;

      Ақмола, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында – жалпы қуаты 700 мың тонна майлы дақылдар өндіру және өңдеу;

      Алматы, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында – жалпы қуаты 204 мың тонна сүт өндіру және өңдеу;

      Жамбыл облысында – қуаты 5 мың тонна жемістер мен көкөністер өндіру және өңдеу;

      Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында – жалпы қуаты 5 мың тонна жеміс-жидек өндіру және өңдеу;

      Алматы және Жамбыл облыстарында – жалпы қуаты 150 мың тонна қант өндіру.

      Ақпараттық платформада 7 ірі экожүйені қалыптастырудың қадамдық көрінісі, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтында, оның ішінде экожүйелерді құру процесінде іске қосылған және қажетті стейкхолдерлер бойынша ақпаратты ай сайын орналастыру қамтамасыз етілетін болады.

      Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісінің инфрақұрылымы немесе қызмет көрсету саласы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кооперативтері және осы кооперативтердің бірлестіктері негізінде құрылуға тиіс.

      Жеке қосалқы шаруашылықтардың кооперативтерін құрудан бастау керек, олардың үлесіне саланың жалпы өнімінің жартысына жуығы тиесілі. Сонымен қатар ЖҚШ кооперативтері әр ауылдық округте құрылуға тиіс. Бастапқыда 2-3 облыстың 3-6 ауданының 30-60 ауылдық округінде пилоттық кооперативтер құрған жөн.

      Мұндай кооперативтің функцияларына:

      ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындауды, сақтауды, бастапқы өңдеуді, сақтауды, көтерме өткізуді ұйымдастыру;

      өзінің ЖҚШ-ның мүшелерін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге қажетті тауарлық-материалдық құндылықтармен – тұқымдармен, тыңайтқыштармен, пестицидтермен, ЖЖМ-мен, құрамажеммен және т.б. қамтамасыз ету;

      ветеринария, механикаландыру, мелиорациялау, жемшөп дайындау және т.б. саласында қызметтер көрсету;

      жаңа тұқымдарды, сұрыптарды, технологияларды қолдану, заңнамадағы өзгерістер мәселелері бойынша консультация беру;

      мемлекеттік қолдау шараларын жеткізу кіруге тиіс.

      Екінші кезеңде ЖҚШ кооперативтеріндегідей функциялармен ауылдық аудандар деңгейінде шағын шаруа қожалықтары кооперативтері құрылады. Бұдан басқа, осы кезеңде неғұрлым шағын міндеттерді орындау үшін өңдеу кәсіпорындарын құру, мамандандырылған қызметтер көрсету, мысалы, ветеринария, өсімдіктерді қорғау саласында көрсетілетін қызметтер және т.б. үшін ЖҚШ ауылдық кооперативтерінің аудандық бірлестіктерін құруға кірісу қажет. Аудандық кооперативтерге шағын шаруа қожалықтарының кооперативтері де кіреді.

      Үшінші кезеңде облыстар деңгейінде орта және ірі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер кооперативтерін құру қажет. Осы кезеңде аудандық кооперативтердің облыстық бірлестіктері де құрылады.

      Кооперацияны ынталандыру үшін мемлекеттік қолдаудың мынадай шаралары қажет:

      кооперативтердің өз мүшелеріне қызмет көрсетуі үшін сатып алатын жабдықтардың құнын инвестициялық субсидиялау;

      кооперативтердің өз мүшелеріне көрсететін қызметтерінің құнын субсидиялау;

      білімді тарату жөніндегі іс-шараларды бюджеттік қаржыландыру –кооперативтер мүшелерін ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету.

      Шағын шаруа және жеке қосалқы шаруашылықтарда және олардың кооперативтерінде ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын жаңарту қарқынын жеделдетуге олар сатып алатын қуаты 60 а.к. дейінгі тракторларға және осы сыныптағы тракторлармен агрегатталатын тіркеме/аспалы жабдыққа мөлшерлемесі 50 %-ға дейін жоғарылатылған инвестициялық субсидиялауды қолдануға ықпал ететін болады.

      Ауылдық аумақтарды, бірінші кезекте, ауылдық елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аудару қажет. Ауылдық аумақтардың үйлесімді дамуы (инфрақұрылым, бос уақыт, өмір сапасы) да топырақ құнарлылығы, технологиялар, ғылым және субсидиялар сияқты маңызды фактор болып табылады.

      4.7. АӨК-ті ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету

      Аграрлық ғылымның әлеуетін:

      халықаралық тәжірибе негізінде әлеуметтік-экономикалық маңыздылықты ескере отырып, АӨК-ті технологиялық жаңғыртудың басымдықтары мен міндеттерін ғылыми негіздеп белгілеу;

      АӨК-те бизнес қажеттіліктеріне бағдарланған іргелі және қолданбалы ғылыми бағдарламаларды нақты қаржыландыру;

      аграрлық ғылыми зерттеулерді қаржыландыруды ұлғайту (ауыл шаруашылығы ЖӨ-сінің кемінде 1 %-ы);

      агрокәсіпорындардың инновациялық белсенділігін ынталандыру;

      бизнес тарапынан бірлесіп қаржыландыру және олардың қолданбалы ҒТБ шығындарын субсидиялау тетігін әзірлеу;

      қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламалар нәтижелерін және роялти тетіктерін коммерцияландыру жүйесін дамыту;

      қолданбалы зерттеулерді салалық гранттық қаржыландыруды енгізу;

      ЖОО, ҒЗИ, ОПХ, АШТС материалдық-техникалық базасын жаңғырту;

      білімді тарату жүйесін дамыту, ҒҒТҚН трансферті және коммерцияландыру және роялти тетіктері.

      4.8. Жер ресурстары

      Жерді ұтымды және тиімді пайдалану мақсатында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді алып қою мерзімдерін 2 жылдан 1 жылға дейін қысқарту.

      Қазақстан Республикасы азаматтарының меншігінде және жер пайдалануында болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ең жоғары мөлшерлерінің нормативтерін әзірлеу.

      4.9. АӨКі цифрландыру

      АӨК-ті цифрландыру фермердің міндеттерін шешу бойынша агрономиялық және нарықтық ақпаратқа, сондай-ақ қарыз және саудалық қаржыландыруға қол жеткізе отырып, барлық жерде қолданылатын құралға айналады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен процестерді автоматтандыру субсидиялар мен көрсетілетін қызметтерді үйден шықпай-ақ электрондық форматта алуға мүмкіндік береді.

      Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін ақпараттық қызметтер көрсете отырып, бірыңғай ұлттық платформа базасында бірыңғай тауар өткізу желісін құра отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін қадағалап отыру жүйесі енгізіледі.

      Субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі құрылады, онда тегін негізде мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілетін болады.

      4.10. Мемлекеттік қолдау

      Өңірлерді мамандандыру схемасы негізінде АӨК-ге мемлекеттік қолдау көрсету кезінде өңірлерді мамандандыру қағидаты қамтамасыз етіледі, ол база ретінде пайдаланылатын болады, оның негізінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірудің ірі ауқымды аймақтары қалыптастырылады. Бұл табиғи-климаттық және басқа да факторларға байланысты мемлекеттік саясатты әртарапты және неғұрлым тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.

      Сондай-ақ "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның кредиттік саясатын қайта қарау бойынша жұмыс жүргізіледі, ол да мамандандыру схемасын ескеруге тиіс.

      Мамандандыру схемасында көзделмеген кез келген басқа өнімдерді өндіруге тыйым салынбайды, бірақ мұндай өндіріс мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылмайды.

      Қолданыстағы мемлекеттік қолдау шараларын одан әрі дамыту және жетілдіру жоспарлануда. Атап айтқанда:

      салық салуды сақтау және одан әрі жетілдіру;

      жеңілдетілген кредит беру, лизингтік бағдарламалар көлемдерін одан әрі кеңейту және құралдарын жетілдіру, олардың АӨК субъектілері үшін қолжетімділігін арттыру;

      басым дақылдарды өсіруді ынталандыру, астықтың резервтік қорын, жем қорын, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және қолдау үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу жөніндегі жұмысты жалғастыру;

      қысқа мерзімді және орта мерзімді бюджеттік кредит шеңберінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін қаржыландыруды жалғастыру;

      ауыл шаруашылығы жануарларының зиянкестері мен карантиндік объектілеріне, аса қауіпті ауруларына қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жалғастыру, мемлекет есебінен білімді тарату, сондай-ақ олардың тетіктерін одан әрі жетілдіру;

      АӨК-ті сақтандыру институтын жетілдіру;

      субсидиялау тетіктерін жетілдіру және мемлекеттік қолдаудың жаңа нысандарын енгізу;

      жаңа өндірістік қуаттар құруды ынталандыру;

      аграрлық ғылымды дамыту және АӨК үшін кадрлар даярлау жөніндегі іс-шараларды жалғастыру.

      Мемлекеттік қолдау шараларын алу кезінде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қағидаларға, үлгілік шарттарға, ішкі нормативтік құжаттарға мемлекеттік қолдау алушының банктік құпияны ашуға келісімінің болуын көздейтін тиісті нормаларды енгізу арқылы сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымдары мен "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ-ның банктік құпияны құрайтын мәліметтеріне қол жеткізуі қажет. Бұл ретте бұл шарт мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың барлық деңгейлерінде қамтамасыз етілуге тиіс.

5. Дамудың негізгі қағидаттары мен тәсілдемелері

      АӨК-ті дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасының қағидаттары

      теңгерімді орнықты даму: тиімді өндіріс, табиғи ресурстарды сақтау және адами капиталды дамыту;

      тәуекелдерді есепке алу, аграрлық саясаттың тұрақтылығы мен сабақтастығы, саланы қолдаудың жиынтық әсері;

      инклюзивтілік қағидаты: мемлекет ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің мөлшері мен ұйымдық нысанына қарамастан нарықтың тең құқылы қатысушылары болуы үшін тиісті жағдайлар жасайды және қолдайды;

      нарықтың барлық адал қатысушылары үшін әмбебап жағдайлар жасау;

      АШТӨ үшін АӨК-тегі жаңа білімдерге қолжетімділік;

      цифрландыру және сапаны бақылау негізінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тетіктерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсылығы.

      АӨК-ті дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған басымдықтары

      азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өнім сапасын арттыру;

      7 орнықты азық-түлік экожүйесін құру;

      қолдау тетіктерін оңтайландыру, бәсекеге қабілетті өнімге бағдарлану;

      технологиялық, цифрландыру, экологиялылық және адами капиталды дамыту негізінде саланың тартымдылығын қалыптастыру;

      АӨК-тің қажеттіліктеріне бағытталған бірыңғай жүйені құру: ғылым → кадрларды даярлау → білімді тарату (зертхана → аудитория → танап);

      коммерцияландыру және трансферттеу жүйесін дамыту;

      орындаушылар құзыретінің сапасы және олар ұсынатын қойылған міндеттерді шешу тәсілдері негізінде ғылыми зерттеулер мен экстеншнға ресурстарды объективті бөлу;

      фитосанитариялық және ветеринариялық қызметті дамыту және нығайту;

      АӨК өнімдерін өндіру үшін жер мен суды пайдаланудың тиімді жүйесін қалыптастыру;

      ауыл халқы табысын және тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйелері деңгейін өсіру, ауыл инфрақұрылымын дамыту;

      өндіріс пен өткізудің орнықты тізбектерін құру.

      5.1. Өсімдік шаруашылығы

      Өңдеуші кәсіпорындардың жүктемесін ұлғайту, бәсекеге қабілетті өнім экспортының көлемін ұлғайту, мал шаруашылығы саласының жемшөп базасын кеңейту мақсатында өсімдік шаруашылығында нақты әртараптандыру қамтамасыз етіледі, ол монодақылдардың, суды көп қажет ететін дақылдардың (күріш, мақта) алаңдарын оңтайландыруды (қысқартуды) және баламалы жоғары рентабельді дақылдарды (майлы, дәнді-бұршақты, жармалық, жемдік-астық, көкөніс-бақша, жемшөп және т.б.) кеңейтуді көздейді, бұл олардың өндірісін ұлғайтуға жәрдемдеседі.

      Өндірісті әртараптандыру жер пайдаланушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жандандыру және жер заңнамасы талаптарының орындалуын бақылауды күшейту есебінен қамтамасыз етіледі.

      Бақылауды күшейтуге ғарыш түсірілімдерін толық жазудың шетелдік әдістемесін, танаптардағы өсімдіктердің түрлік құрамын айқындау бойынша жерді қашықтықтан зондтау технологиясын бейімдеу және практикаға енгізу есебінен, сондай-ақ топырақты агрохимиялық зерттеп-қарауды жүргізу тәсілдерін қайта қарай отырып, ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету жүйесін жетілдіру жолымен қол жеткізілетін болады.

      Тыңайтқыштарды қолдану көлемін ұлғайту мақсатында минералдық тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бойынша мемлекеттік қолдау жалғасады, сондай-ақ өнеркәсіптік өндірістің органикалық тыңайтқыштарын сатып алуды субсидиялау енгізіледі, минералдық тыңайтқыштарды өткізу желісі дамиды, отандық өндіріс тыңайтқыштарының түр-түрі кеңейтіледі. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік мекеме көрсететін ақылы қызмет түрлеріне тарифтерді белгілеу жөніндегі функциясы заңнамалық түрде бекітіледі.

      Ауыл шаруашылығы дақылдарының негізгі түрлерінің тұқыммен қамтамасыз етілуінің төмендеуі бойынша проблема бар екенін, сондай-ақ кейбір дақылдардың (рапс, қант қызылшасы және көкөніс дақылдары бойынша тапшылық 90 %-дан асады) отандық тұқымдармен қамтамасыз етілу пайызының төмен екенін ескере отырып, тұқым шаруашылығында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді отандық өндірістің жоғары репродукциялы тұқымдарымен қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шаралар қабылданады.

      Сондай-ақ тұқым шаруашылықтарының үйлесімді желісі мен тұқымдарды цифрлық форматта қадағалап отыру жүйесі құрылатын болады.

      Сорт сынау желісі халықаралық деңгейге дейін жаңғыртылады және заманауи ДНҚ-жабдықтарымен жасақталатын болады, бұл мемлекеттік сорт сынаудың тиімділігі мен сапасын арттыру есебінен ауыл шаруашылығы өндірісіне жоғары өнімді сорттарды енгізуге мүмкіндік береді.

      Суармалы егіншілікті дамыту мақсатында су үнемдеуші суару технологияларын кеңінен енгізу жолымен су ресурстарын үнемдеу қамтамасыз етіледі, сондай-ақ суармалы жерлерге мониторинг жүргізу кезінде материалдық-техникалық базаны жақсарту және олардың қызмет аймағын кеңейту жолымен гидрогеологиялық-мелиорациялық қызметтің жұмысы жетілдіріледі.

      Айталық, талдау гидрогеологиялық-мелиорациялық қызметтердің материалдық-техникалық жабдықталуы агромелиорациялық тексеруді толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтінін көрсетеді, өйткені қамтамасыз ету суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізудің заттай нормаларының 30 %-ын құрайды (материалдық-техникалық база 10 жылдан астам жаңартылмаған). Бұл ретте гидрогеологиялық-мелиорациялық қызметтердің барлық негізгі құралдары 100 % тозған, ғимараттар мен үй-жайлар, автокөлік авариялық жағдайда немесе тиісті техникалық жай-күйде емес.

      Бұған суару техникасын өндіру бойынша қазіргі уақытта іске асырылып жатқан жоба да бағытталатын болады.

      Орта есеппен 76 %-ды құрайтын машина-трактор паркінің тозуы жөніндегі проблеманы шешу мақсатында (тракторлар паркі бойынша 80 %, комбайндар бойынша 72 %) отандық ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамытуды ынталандыру жөніндегі шараларды ескере отырып, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды, жеңілдікті лизингті субсидиялау бағдарламаларын ауқымды іске асыру жалғасады.

      Ауыл шаруашылығы техникасының барлық санаттарына қатысты бірыңғай құндық лимиттерді белгілей отырып, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды субсидиялау кезінде бірыңғай тәсіл қамтамасыз етілетін болады.

      Инвестициялық субсидиялар шеңберінде шекті құн лимиттерін қайта қарау және өзектендіру оларды көптеген алушылар, оның ішінде шағын шаруашылықтар үшін қолжетімді етеді.

      Органикалық егіншілікке көшуге негізінен өндіріске "жасыл" технологияны енгізу, органикалық тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғаудың биологиялық әдістерін қолдану есебінен қол жеткізілетін болады.

      Органикалық ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі жол картасы бекітіледі. Экспортқа бағдарланған экологиялық таза ауыл шаруашылығын қолдау жөніндегі пилоттық бағдарлама Алматы және Жамбыл облыстарында іске асырылуда.

      Биоагенттердің (энтомофагтардың) айналысын реттеу және биоагенттерді (энтомофагтарды) өнеркәсіптік өсірумен және өткізумен байланысты жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қызметін жүзеге асыру үшін рұқсат беру құжатын алу талап етілетін реттелетін түрлерге жатқызудың орындылығы мәселесі қаралады. Сондай-ақ өсімдіктерді қорғау құралдарының қозғалысын қадағалап отыруды енгізу шаралары қабылданады.

      Фитосанитариялық қауіпсіздік фитосанитариялық өңдеудің далалық іс-шараларын мониторингтеу, болжау, ұйымдастыру және жүргізу, қызмет құрылымын реформалау, сондай-ақ фитосанитариялық жағдайды бақылау және бағалау, мемлекеттік органдардың азық-түлік және фитосанитариялық қауіпсіздік, өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы инспекторлары мен АӨК қатысушыларының құзыретін арттыру жүйелерін қайта құрылымдау есебінен қамтамасыз етілетін болады.

      Уәкілетті органның ведомствосына генетикалық түрлендірілген тұқымдар мен отырғызу материалдарының айналысын бақылау функцияларын заңнамалық бекіту жөнінде шаралар қабылданатын болады.

      Фитосанитариялық тәуекелдерді басқару жүйесін цифрландыру жүргізіледі, ол болжам, бақылау, қадағалау мәселелерін шешуге көмектеседі.

      Фитосанитариялық қызметті жаңғырту шеңберінде карантиндік және фитосанитариялық сараптамаларды ақылы жүргізуге көшу мәселесі қаралады.

      Шегірткелерді және басқа да зиянкестерді, аурулар мен арамшөптерді тексеру, оларға мониторинг жүргізу, карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалау нәтижелері, карантиндік аймақтарды белгілеу және т.б. жөніндегі деректерді жинауды автоматтандыруды және цифрландыруды көздейтін фитосанитариялық қадағалаудың ақпараттық жүйесі енгізіледі. Шегірткеге қарсы өңдеулерді уақтылы жүргізбеуге байланысты тәуекелдерді болдырмау және олардың таралуына байланысты шығындарды болдырмау мақсатында шегірткеге қарсы өңдеулерді жүргізу жөніндегі қызметтерді мемлекеттік монополияға ауыстыру жүзеге асырылатын болады, сондай-ақ "Фитосанитария" РМК-ны қажетті материалдық және техникалық құралдармен толық жарақтандыру жөнінде шаралар қабылданады, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігінің зиянды және аса қауіпті зиянды организмдермен күрес тізбесін айқындау құзыреті көзделетін болады.

      Ведомстволық бағынысты ұйымдар арасында іске асырылатын функциялардың қайталануын болдырмау және аражігін нақты ажырату үшін фитосанитариялық қызметті және ведомстволық бағынысты ұйымдарды реформалау жүргізіледі.

      Ел аумағында жалған және тіркелмеген пестицидтер айналымының жолын кесу мақсатында осындай пестицидтерді алып қою және жою тәртібін регламенттеу, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту жөнінде шаралар қабылданатын болады.

      Отандық агроөнеркәсіптік кешен үшін жағдай жасау мақсатында өсімдік шаруашылығының жекелеген бағыттарын дамыту жөніндегі, оның ішінде әртараптандырудың төмен деңгейінің, селекциялық жұмыстың және тұқым шаруашылығы жүйесінің артта қалуының, отандық селекцияның тұқымдарымен қамтамасыз етілмеуінің, топырақ құнарлылығының нашарлауының, су үнемдеуші технологияларды суаруда қолданудың, саланың техникалық және технологиялық жарақтандырылуының және т.б. проблемаларын шешуге бағытталған егжей-тегжейлі жол карталары әзірленетін болады.

      Әртараптандыру жоғары рентабельді, сұранысқа ие дақылдар өндірісін ұлғайтуды көздейтін болады, олар да импортты алмастыруға және ішкі нарықты молықтыруға бағытталады. Осылайша облыстар әкімдіктері, ҰАҒБО және Ауыл шаруашылығы министрлігі арасында негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары, оның ішінде майлы дақылдар (күнбағыс, соя, мақсары, зығыр және т.б.), жемдік астық (арпа, сұлы және т.б.), дәнді-бұршақты (жүгері, бұршақ және т.б.), азықтық және басқа да дақылдар алаңдары бойынша нақты көрсеткіштер көзделетін ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын әртараптандыру бойынша меморандумдар жасалатын болады.

      5.2. Мал шаруашылығы

      Ауыспалы егісте азықтық дақылдардың үлес салмағын арттыруға өсімдік шаруашылығын әртараптандыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде қол жеткізіледі.

      Селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты жетілдіру үшін жануарлардың ДНҚ-талдауы мен геномдық бағалау әдістемесі өндіріске кеңінен енгізілетін болады.

      Дамыған елдердің тәжірибесін пайдалана отырып және бұл процеске стратегиялық трансұлттық компанияны тарта отырып, етті мал шаруашылығын жедел дамыту жөнінде жүйелі шаралар қабылданады.

      Мал шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ табиғи ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру, экологияға әсерді азайту мақсатында су және биоресурстарды сақтауға бағдарланған инвестицияларды қолдауға арналған мемлекеттік шығыстардың үлесі біртіндеп ұлғаятын болады.

      Фермерлерді оқытудың ауқымды бағдарламасы жүргізіледі және жануарларды күтіп-бағу мен күту, тиімді азықтандыру мен азықтарды дайындау, селекция мен жасанды ұрықтандырудың заманауи әдістері, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін жақсарту, жайылымдарды тұрақты басқару және басқа да сұранысқа ие практикалар бойынша шаруашылық жүргізудің озық әлемдік практикалары мен технологияларын енгізу үшін консультациялық қолдау көрсетіледі.

      Тозған жайылымдарды қалпына келтіру оларды түбегейлі және жер бетін жақсарту, мал жаю практикасын жақсарту және пайдаланылмайтын жайылымдық алқаптарды суландыру арқылы айналымға тарту есебінен мемлекеттік ынталандырудың қолданыстағы шараларын одан әрі жетілдіру және осы іс-шаралардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа тәсілдерді қолдану жолымен жүзеге асырылатын болады.

      Мал шаруашылығы өнімінің экспортын дамыту үшін кедергілерді алып тастау мақсатында бір жағынан, мемлекеттік қолдау күшейтіледі, ал екінші жағынан, ет саласына қаражат инвестициялауға ниет білдірген стратегиялық трансұлттық компанияның мүмкіндіктері барынша пайдаланылатын болады.

      Импортқа тәуелділікті төмендету мақсатында тауарлық сүт фермалары желісін және құс етін өндіру жөніндегі қуаттарды дамыту бойынша басталған жұмыс жалғасады.

      Ветеринария саласында ветеринария жүйесіне реформа жүргізіледі. Атап айтқанда, жеке ветеринариялық қызметтер нарығын дамыту үшін жағдай жасалады. Мемлекеттік басқару деңгейлері (орталық, өңір) арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату жоспарлануда. Сонымен қатар, мал дәрігерлерінің жауапкершілігі мен жалақысы, сондай-ақ кадрлар даярлау артады.

      Ветеринария саласындағы процестерді цифрландыру, деректерді жинау мен беруді автоматтандыру жүргізіледі.

      Отандық мал шаруашылығын дамыту үшін жағдай жасау мақсатында етті және сүтті мал шаруашылығын, қой шаруашылығын, құс шаруашылығын, сондай-ақ мал шаруашылығының басқа да бағыттарын дамыту бойынша берік азықтық базаның, тұқымдық түрлендірудің және т.б. проблемаларын шешуге бағытталған шараларды қамтитын егжей-тегжейлі жол карталары әзірленеді.

      5.3. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу

      Өңдеуші кәсіпорындар үшін инвестициялық шығындарды, айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және жабдықтар лизингін, өңдеу, оның ішінде тереңдете өңдеу өнімдерін өндіру үшін сатып алынатын ауыл шаруашылығы шикізатының жекелеген түрлерінің құнын субсидиялау жалғастырылады.

      Субсидиялау қағидаларында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді өңдеу кәсіпорындарына өнімді басым тәртіппен өткізуге ынталандыратын нормалар көзделетін болады.

      Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жекелеген түрлерін, оның ішінде ет, сүт, астық, жемістер, көкөністер және т.б. өңдеуді дамыту бойынша сапалы шикізат көлемінің шектеулілігі мен айналым қаражатының жетіспеуі, негізгі құралдардың моральдық және табиғи тозуы және т.б. салдарынан қуаттардың толық жүктелмеу проблемаларын шешуге бағытталған егжей-тегжейлі жол карталары әзірленеді.

      5.4. Нарықтарды дамыту

      Көтерме-тарату орталықтарын (КТО) және көкөніс қоймаларын салу есебінен азық-түлікті сақтау және бөлу инфрақұрылымын дамыту қамтамасыз етіледі. Жалпы ұлттық тауар өткізу жүйесі шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдана отырып, КТО желісін құру жоспарлануда.

      Сауда кедергілерін жою, ветеринариялық және фитосанитариялық талаптарды келісуге әлеуетті импорттаушылармен, шетелдік әріптестермен келіссөздер процестерін жандандыру, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың (ДСҰ, ХЭБ, ӨКҚХК, Codex Alimentarius, FiBL және IFOAM комиссиялары) жұмысына қатысу есебінен қол жеткізілетін болады.

      Халықаралық сапа стандарттарын енгізу және сертификаттау жөніндегі жұмыс жалғасады.

      5.5. Техникалық жабдықтау

      Ауыл шаруашылығының техникалық паркін жаңарту қарқынын жеделдету ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру есебінен, оның ішінде инвестициялық субсидиялау бағдарламасының қолданыстағы паспорттарында ауыл шаруашылығы техникасын субсидиялаудың құндық лимиттерін өзектендіру, ауыл шаруашылығы техникасының отандық өндірісін оқшаулау үлесін ұлғайту, отандық өндіріс техникасына жеңілдікті кредит беру бағдарламаларын дамыту және кеңейту арқылы жүзеге асырылатын болады.

      5.6. Ауыл шаруашылығы кооперациясы және АӨК инфрақұрылымы

      Ұйымдасқан шаруашылықтар кооперациясының екі тетігі: көлденең кооперация және тік (зәкірлік) кооперация өндіріс тиімділігін арттырудың түйінді құралы болып табылады. ЖҚШ кооперацияға ЖК, ШҚ, ФҚ нысандарында кәсіпкерлік субъектілері ретінде қатыса алады.

      Осы іс-шаралар шеңберінде қаржылық қолдау көрсету үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қатысуы арқылы жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперациялау есебінен ауыл халқының табысын арттыру бойынша Жамбыл облысының тәжірибесі таратылатын болады.

      Кооперацияны дамытуда кооперацияны дамыту орталықтары маңызды рөл атқарады, олардың функцияларына кооперативтерді әлеуметтік, экономикалық, мәдени қолдау, оның ішінде оларды тұрақты, толық қолдау және кооперативтерді сүйемелдеу кіретін болады.

      ЖҚШ мәртебесін айқындайтын "Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы" заң жобасы әзірленеді. Осы заң жобасын қабылдау ЖҚШ жүргізу кезінде туындайтын қатынастарды реттеуге, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге, сондай-ақ ЖҚШ мемлекеттік қолдау шараларына қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді.

      Кооперативтік қозғалысты дамыту мақсатында жаңа агробизнесті қаржыландыру бөлігінде кредиттік кооперативтер мен МҚҰ-ны институционалдық күшейту жөніндегі жоба іске қосылады.

      5.7. АӨК-ті ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету

      Аграрлық ғылыми зерттеулерді жеткілікті түрде жыл сайын мемлекеттік қаржыландыру қамтамасыз етіледі (ауыл шаруашылығы ЖӨ-сінің кемінде 1 %-ы).

      АӨК технологиялық жаңғыртудың басымдықтары мен міндеттерін айқындаудың тұрақты жұмыс істейтін кәсіби жүйесі – АШМ Ахуалдық орталығы құрылады.

      "AgriTech" платформасын сүйемелдеу бойынша АӨК-те технологиялық құзыреттер орталығы іске қосылады.

      АӨК-тегі ҒҒТҚН-ы коммерцияландыру жүйесі дамитын болады.

      АӨК субъектілерін жоғары қамти отырып, білім таратудың ұлттық жүйесі құрылады.

      ЖОО, ҒЗИ, АШТӨ және ТӨШ инфрақұрылымын жаңғырту жүзеге асырылады.

      Заманауи технологияларды қолданатын АӨК субъектілері үшін ынталандыру жүйесі әзірленеді.

      ЖОО-ның білім беру бағдарламаларының мазмұны мен инфрақұрылымы, оның ішінде шетелдік жетекші университеттермен және агробизнеспен әріптестікте жаңғыртылатын болады.

      Үш саты (бакалавриат, магистратура, докторантура) бойынша кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының құны тиісті бағдарламаларды іске асыруға жұмсалған нақты шығындарға сүйене отырып, тұрақты негізде түзетілетін болады.

      Әрбір колледж үшін АӨК саласындағы құзыреттерді жаңғырту бағдарламасы әзірленіп, іске асырылатын болады. Колледждер мен университеттердің білім беру бағдарламалары үндестіріледі, университеттерден құзыреттерді колледждерге беру тетігі кеңейтіледі.

      АӨК субъектілерінің ғылыми әзірлемелерді енгізуге арналған шығындарын субсидиялауды енгізу жоспарлануда, бұл заманауи технологиялар мен инновацияларды енгізу үшін қосымша экономикалық ынталандырулар тудырады.

      5.8. Жер ресурстары

      Жер заңнамасы жер учаскелерін беру тәртібінің рәсімдерін оңайлату, жер қатынастары саласындағы қызметтерді цифрландыру арқылы қызмет алушылардың мемлекеттік қызметшілермен өзара іс-қимылын барынша азайту, бос жер учаскелері туралы мәліметтерге қол жеткізу бойынша жетілдіріледі.

      Орталық уәкілетті органға жер қатынастары саласындағы құрылымдардың қызметін үйлестіру және басқару жөніндегі функция бекітілетін болады.

      Жер ресурстарының сапалық жай-күйін талдау және жер ресурстарын басқарудың тиімді жүйесі жөніндегі мамандандырылған қызметтерді ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесін ескере отырып, Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрамында топырақты және геоботаникалық зерттеу, жер мониторингі және материалдық-техникалық базасы бар топырақ бонитетін айқындау жөніндегі функцияларды беру жолымен шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын түрінде бейінді кластерлік топырақ қызметін құру ұсынылады.

      Бұл ретте Жерді қашықтықтан зондтау әдістерін енгізуді және мемлекеттік органдардың геоақпараттық жүйелерінде пайдаланылатын мемлекеттік жер кадастрының деректерін цифрландыруды ескере отырып, топырақ жамылғысының шөлейттенуі мен эрозиясына қарсы заманауи талдау және күрес әдістемелері енгізіледі.

      АӨК субъектілерінің ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану жөніндегі міндеттемелерді орындау мониторингін цифрландыру пысықталатын болады.

      Ол үшін ауыспалы егіс схемасын көрсете отырып, шаруашылық танаптарының картасына мониторинг жүргізіледі. Фермерлердің мұндай міндеттемесі олардың жауапкершілігін күшейтуге және ауыспалы егісті сақтауға мүмкіндік береді, бұдан басқа электрондық форматтағы жүктеме ауыл шаруашылығы дақылдары егістерінің кезектесуін қадағалауға және жоғары рентабельді және азықтық дақылдар үлесін ұлғайта отырып, ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыруға мүмкіндік береді.

      5.9. АӨКі цифрландыру

      Өсімдік шаруашылығы өнімін қадағалаудың толық тізбегін құру мақсатында мемлекет ішінде де, сол сияқты өнім импорты шеңберінде де өткізілетін өнімді бақылауды және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін АШЖБ мысалы бойынша жаңа жүйе (ӨШАЖ) базасында өсімдік шаруашылығы өндірісі объектілерін паспорттау жүйесін әзірлеу және енгізу жөніндегі жоба іске асырылатын болады.

      Бұдан басқа, өнімнің өткізілуін оңайлату және карантинге жатқызылған өнімді және ветеринариялық өнімді тексеру мен тексеру процестерінің ашықтығы мақсатында ӨШАЖ жобасы шеңберінде ТБЖ – тәуекелдерді басқару жүйесі іске асырылатын болады. Ол машиналық оқытудың көмегімен өткізілетін өнімді тексеру мен қарап-тексерудің жиілігі мен дәлдігін анықтауға мүмкіндік береді.

      Мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы бағыттарында нақты ауыл шаруашылығын енгізу бойынша жұмыс жалғасады және "цифрлық" фермалар жобасын елдің барлық өңірлерінде тарату міндеті қойылады.

      "Цифрлық" шаруашылықтар үшін кадр қажеттілігіне байланысты проблемаларды шешу жөніндегі жұмыс жалғасады. Бастапқы кезеңде қолданыстағы аграрлық мамандықтардың оқу бағдарламаларына заманауи пәндер енгізіледі, ұзақ мерзімді перспективада "агро-информатик", "аграрлық кәсіпорынның әкімшісі", "смарт-жылыжай операторы", "агро-дрон инженері" және т.б. сияқты жаңа мамандықтарды енгізу жоспарлануда.

      Мемлекеттік қолдау шараларын цифрландыру шеңберінде барлық бизнес-процестерді автоматтандыру және мемлекеттік қолдау шараларын тек электрондық форматта көрсетуді қамтамасыз ету жоспарлануда.

      Цифрлық жабдықтың жұмыс қағидаттарын егжей-тегжейлі көрсете отырып, "Нео Номад" іскерлік ойыны форматында тренингтер өткізілетін болады. Оның барысында "цифрлық" ферманы жобалау, цифрлық жаңғырту және шығындарды азайту бойынша есептеулер жүргізу, сондай-ақ сатып алынған жабдықтың өтелу мерзімін анықтау міндеті қойылады.

      5.10. Мемлекеттік қолдау

      Қолданыстағы салық преференциялары сақталады. Жеңілдікті кредит беруді кеңейту, оның ішінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ даму институттары және кредиттік серіктестіктер желісін дамыту, лизингтік бағдарламалардың жаңа бағыттарын әзірлеу бойынша шаралар қабылданатын болады.

      Кепілдікті қамтамасыз ету ретінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға алу құқығын пайдаланудың жаңа тетіктерін әзірлеу және енгізу есебінен кредиттік ресурстардың қолжетімділігі артады.

      КТО желісін дамытумен форвардтық сатып алу көлемі бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары есебінен кеңейтілетін болады.

      Зиянкестермен және карантиндік объектілермен, сондай-ақ жануарлардың аса қауіпті ауруларымен күрес жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көлемі мен тізбесі елдегі және шектес мемлекеттердің шекара аймақтарындағы қалыптасқан фитосанитариялық және эпизоотиялық ахуал ескеріле отырып реттелетін болады.

      Аграрлық ғылымды дамыту оны қаржыландыру деңгейін ауыл шаруашылығы ЖӨ-сінің кемінде 1 %-ына арттыру есебінен қамтамасыз етіледі.

      Білімді тарату жөніндегі жұмысты дамытуға және одан әрі жетілдіруге оның жаңа ұлттық жүйесінің жұмыс істеуін құру есебінен қол жеткізіледі.

      АӨК субъектілері арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту есебінен сақтандыру институты дамиды, ал оны жетілдіру – сақтандыру өнімдерінің санын кеңейту есебінен дамиды.

      Субсидиялау тетіктерін дамыту мен жетілдіруге мыналардың есебінен қол жеткізілетін болады:

      ауыл шаруашылығын технологиялық қайта жарақтандыруды ынталандыру, инновацияларды енгізу құралдарын жетілдіру есебінен мемлекеттің өнеркәсіптік саясатымен өзара байланыстыру;

      субсидиялау тәртібі мен тетіктерін олардың ашықтығын, шағын және орта шаруашылықтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету тұрғысынан өзгерту;

      нормативтік базаны нығайту, тиімді жоспарлау және мониторинг жүйесін енгізу;

      субсидиялаудың қолданыстағы бағыттарын оңтайландыру;

      субсидиялар алу рәсімдерін оңайлату және цифрландыру;

      субсидиялардың кейбір түрлері бойынша белгіленген индикаторларға қол жеткізу бойынша қарсы міндеттемелер қабылдау;

      нақты басымдықтар мен өлшенетін индикаторларды айқындай отырып, субсидияларды беруге және нысаналы пайдалануға жауапты бірыңғай органды айқындау;

      алдағы жылға субсидиялау үшін қаржы ресурстарының қажетті көлемін жоспарлау тетіктерін енгізу және оларды мемлекеттік бюджеттің мүмкіндіктерімен байланыстыру.

      Жаңа өндірістік қуаттарды құруға инвестициялық субсидиялау тетіктерін жетілдіру, кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, қарыздарды кепілдендіру және сақтандыру, жеңілдікті қаржыландыру құралдары мен субсидиялау бағыттарын кеңейту, кредиттік серіктестіктер жүйесін институционалдық дамыту арқылы қол жеткізілетін болады.

      Тұжырымдаманы басым тәртіппен іске асыру кезінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тиісті саланың ұлттық жобаларында көрсетілген индикаторларға/көрсеткіштерге қол жеткізуге қаражат бөлінеді.

      Басқа іс-шараларға қаражат экономиканың дамуын және бюджеттің кіріс базасын ұлғайту әлеуетін ескере отырып бөлінеді.

6. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер

      Нысаналы индикаторлар:

      1) азық-түлік тауарларымен (оның ішінде әлеуметтік маңызы бар) қамтамасыз етілу деңгейі кемінде 90 %;

      2) агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын 2020 жылмен салыстырғанда 3 есе ұлғайту;

      3) ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 2020 жылмен салыстырғанда 3 есе арттыру;

      4) ауыл, орман және балық шаруашылығындағы қадағаланбайтын (көлеңкелі) экономиканың үлесі – ЖІӨ-нің 0,5 %-ы;

      5) АӨК-те инвестициялар ағынын 2020 жылмен салыстырғанда 4 есе ұлғайту;

      6) 2030 жылы бидай түсімділігі – 20 ц/га;

      7) ауыл шаруашылығы алқаптарының құрамындағы эрозияға ұшыраған жерлердің алаңы 2030 жылы жердің жалпы алаңына пайыздық қатынаста – 28,4 млн га.

      Күтілетін нәтижелер

      Логистика объектілері мен ұсақ өндірістерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қажетті инфрақұрылым құру.

      Ет, жеміс, көкөніс, қант, дәнді дақылдар, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және өңдеу бойынша жеті ірі экожүйені қалыптастыру.

      Пайдаланылмайтын учаскелерге салықтық жүктемені ұлғайта отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану. Егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыру бойынша жұмыстарды жеделдету, топырақты мелиорациялау мен қалпына келтіру тәсілдерін жаңғырту.

      Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің кооперациясын дамытуды ынталандыру жөніндегі тетіктерді – өңірлік азық-түлік хабтарын енгізу.

  Қазақстан Республикасының
агроөнеркәсіптік кешенін
дамытудың 2021 – 2030
жылдарға арналған
тұжырымдамасына
қосымша

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары

Р/с №

Реформалардың/
негізгі іс-шаралардың атауы

Аяқталу нысаны

Аяқтау мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

1-нысаналы индикатор. Азық-түлік тауарларымен (оның ішінде әлеуметтік маңызы бар) қамтамасыз етілу деңгейі кемінде 90 %.
2021 жылы – кемінде 80 %;
2022 жылы – кемінде 80 %;
2023 жылы – кемінде 80 %;
2024 жылы – кемінде 80 %;
2025 жылы – кемінде 80 %;
2026 жылы – кемінде 82 %;
2027 жылы – кемінде 84 %;
2028 жылы – кемінде 86 %;
2029 жылы – кемінде 88 %;
2030 жылы – кемінде 90 %.

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

1.

Картоп пен көкөністерді сақтау қуаттылықтарын салу және жаңғырту

пайдалануға беру актісі

2022 – 2025 жылдар

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

2.

"Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ-ның дайын азық-түлік тауарларын (қант), оның ішінде оффтейк-келісімшарт жасасу арқылы сатып алуы

оффтейк-келісімшарт

2024 жылғы желтоқсан

АШМ, "Азық-түлік корпорациясы" АҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

3.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу бойынша кемінде 7 ірі экожүйе қалыптастыру

7 экожүйе

2025 жылғы желтоқсан

4.

Өңірлерде заманауи ет комбинаттарын салу

пайдалануға беру актісі

2027 жылғы желтоқсан

АШМ, облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша)

5.

Қант өндіретін кемінде бір зауыт салу

пайдалануға беру актісі

2024 жылғы желтоқсан

АШМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша)

6.

Қазақстанда органикалық өндірістің жүйелі және жедел проблемаларын шешудегі кешенді тәсілді іске асыру мақсатында ҰКП базасында Органикалық өндірісті қолдау жөніндегі ғылыми-технологиялық және практикалық орталық ("ORGANIC" жобалық офисі) құру:
- "ORGANIC" жобалық офисі туралы ережені әзірлеу және бекіту;
- "ORGANIC" жобалық офисінің 2022 – 2023 жылдарға арналған жұмыс жоспарын жасау және бекіту

"ORGANIC" жобалық офисі
 
2022 жылғы наурыз

АШМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

7.

Халықаралық және өңірлік құжаттар мен стандарттардың ережелерімен және нормаларымен үндестірілген "Органикалық өнім өндіру және оның айналымы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жаңа редакциясын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2022 жылғы желтоқсан

АШМ, СИМ, ДСМ, ҰЭМ, Қаржымині, облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

8.

Органикалық ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі жол картасын әзірлеу

МО бірлескен бұйрығы

2020 жылғы сәуір
 
АШМ, СИМ, ДСМ, ЭГТРМ, ИИДМ, СІМ, АҚДМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "ҰАҒБО" КеАҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

9.

200 мың тонна көлемінде жем қорын құру

жем
қоры

2022 жылғы қаңтар

АШМ, облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ (келісу бойынша),

2-нысаналы индикатор. Агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын 2020 жылмен салыстырғанда 3 есе ұлғайту:
2021 жылы – 3,5 млрд АҚШ доллары;
2022 жылы – 4,2 млрд АҚШ доллары;
2023 жылы – 4,8 млрд АҚШ доллары;
2024 жылы – 5,5 млрд АҚШ доллары;
2025 жылы – 6,6 млрд АҚШ доллары;
2026 жылы – 7,4 млрд АҚШ доллары;
2027 жылы – 8,1 млрд АҚШ доллары;
2028 жылы – 8,6 млрд АҚШ доллары;
2029 жылы – 9,2 млрд АҚШ доллары;
2030 жылы – 9,9 млрд АҚШ доллары.

АШМ, СИМ, ИИДМ, Қаржымині, облыстардың,

10.

Мыналар:
өсімдіктер карантині саласындағы бақылауды және рұқсат құжаттарын беруді ақылы жүргізуге көшу;
бизнес пен мемлекет мүдделерінің теңгерімін ескере отырып, фитосанитариялық ахуалдың нашарлауына шұғыл ден қою тетігін енгізу;
шегірткеге қарсы өңдеу жүргізуді мемлекеттік монополияға көшіру жөніндегі мәселелерді заңнамалық реттеу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2024 жылғы шілде

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, БҚДА (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

11.

Шегіртке тектестер мен басқа да зиянкестерді, аурулар мен арамшөптерді зерттеп-қарау, мониторингтеу жөніндегі деректерді, фитосанитариялық іс-шаралардың жүргізілуін бақылау мен қадағалау нәтижелерін жинау жүйесін автоматтандыруды және цифрландыруды енгізу

пайдалануға беру актісі

2024 жылғы желтоқсан

АШМ, ЦДИАӨМ

12.

Қайталануды болдырмау үшін жүктелген функцияларды ескере отырып, АӨК МИК ведомстволық бағынысты ұйымдарын біріктіру бойынша ұсыныстар енгізу

Үкіметке ақпарат

2023 жылғы желтоқсан

АШМ, Қаржымині, МҚІА (келісу бойынша)

13.

Фитосанитариялық тәуекелді басқару мен фитосанитариялық қадағалап отырудың ақпараттық жүйесін енгізу

пайдалануға беру актісі

2024 жылғы наурыз

АШМ, ЦДИАӨМ

14.

Барлық аумақтық инспекциялар мен фитосанитариялық бақылау бекеттерінің интернетке шығуын қамтамасыз ету

интернетпен 100 % қамту

2022 жылғы желтоқсан

ЦДИАӨМ, АШМ

15.

"Сұр" пестицидтердің айналымын болдырмау үшін өсімдіктерді қорғау құралдарының айналымын бақылаудың ақпараттық жүйесін енгізу

ақпараттық жүйе құру

2024 жылғы тамыз

АШМ, ЦДИАӨМ

16.

Ветеринария жүйесін:
орталық пен өңірлер арасындағы функциялар мен өкілеттіктердің аражігін нақты ажырату;
ветеринария саласындағы процестерді цифрландыру, деректерді жинау мен беруді автоматтандыру;
ветеринарлардың жалақысын кезең-кезеңімен арттыру бөлігінде реформалау бойынша ұсыныстар енгізу

Үкіметке ақпарат

2022 – 2026 жылдар

АШМ, ЦДИАӨМ, ҰЭМ, Қаржымині, БҒМ, Еңбекмині, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

17.

АӨК өнімдері үшін экспорттық нарықтарды ашу

ветеринариялық және фитосанитариялық сертификаттар

жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 10 наурызына дейін

АШМ, СИМ, СІМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

18.

Биоагенттердің (энтомофагтердің) айналысын реттеу мен жеке және (немесе) заңды тұлғалардың биоагенттерді (энтомофагтерді) өнеркәсіптік өсіруге және өткізуге байланысты қызметін жүзеге асырылуы үшін рұқсат беру құжатын алу талап етілетін реттелетін қызмет түрлеріне жатқызудың орындылығы мәселесін пысықтау

Үкіметке ақпарат

2025 жылғы желтоқсан

АШМ, ҰЭМ, СИМ

3-нысаналы индикатор. Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 2020 жылмен салыстырғанда 3 есе арттыру:
2021 жылы – 3 430 мың теңге;
2022 жылы – 4 075,3 мың теңге;
2023 жылы – 4 876 мың теңге;
2024 жылы – 5 906,7 мың теңге;
2025 жылы – 6 165 мың теңге;
2026 жылы – 6 570 мың теңге;
2027 жылы – 7 000 мың теңге;
2028 жылы – 7 498 мың теңге;
2029 жылы – 8 238,8 мың теңге;
2030 жылы – 9 168 мың теңге.

АШМ, ҰЭМ, ЭГТРМ, Қаржымині, ИИДМ, ЦДИАӨМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "ҰАҒБО" КеАҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

4-нысаналы индикатор. Бидай түсімділігі:
2021 жылы – 9,3 ц/га;
2022 жылы – 10,2 ц/га;
2023 жылы – 11,4 ц/га;
2024 жылы – 12,6 ц/га;
2025 жылы – 13,8 ц/га;
2026 жылы – 15,0 ц/га;
2027 жылы – 16,2 ц/га;
2028 жылы – 17,4 ц/га;
2029 жылы – 18,6 ц/га;
2030 жылы – 20,0 ц/га.

19.

Жоғары рентабельді (майлы дақылдар, көкөніс, бақша дақылдары, жемшөп дақылдары) дақылдар алқаптарын ұлғайтуды және суды көп қажет ететін ауыл шаруашылығы дақылдарын (күріш, мақта) қысқартуды көздейтін өсімдік шаруашылығында әртараптандыру жүргізу

майлы, көкөніс, бақша, жемшөп дақылдары алқаптарын ұлғайту және күріш пен мақта алқаптарын азайту

2022–2027 жылдар

АШМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

20.

Форвардтық сатып алу бағдарламалары арқылы егіс алқаптарын әртараптандыруды дамыту

тікелей түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу туралы Қаржыминіне есеп

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП, "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ (келісу бойынша)

21.

Тұқымдарды қадағалап отырудың ақпараттық жүйесін құру және енгізу

пайдалануға беру актісі

2024 жылғы наурыз

АШМ, ЦДИАӨМ, облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

22.

Сорт сынау желісін жаңғырту

пайдалануға беру актісі

2025 жылғы желтоқсан

АШМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

23.

Қазақстанның Өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау жөніндегі халықаралық одаққа қосылуын регламенттейтін заңнамалық шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2024 жылғы шілде

АШМ, ҰЭМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

24.

Қазақстан Республикасында ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізудің рұқсат беру (шектеу) сипатына қайтуды регламенттеудің орындылығын қарау

Үкіметке ақпарат
 
2024 жылғы шілде

АШМ, ҰЭМ

25.

Инвестициялық субсидиялау шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасының шекті құнының лимиттерін қайта қарау

"Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 2018 жылғы 23 шілдедегі
№ 317 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

2022 жылғы шілде

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, ИИДМ, СЖРА (келісу бойынша), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

26.

Генетикалық түрлендірілген тұқымдардың, отырғызылатын материалдың және өсімдіктен алынатын өнімдердің айналымын бақылау мәселелерін заңнамалық реттеу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2023 жыл

5-нысаналы индикатор. Ауыл шаруашылығы алқаптарының құрамындағы эрозияға ұшыраған жерлердің жалпы жер алаңына пайыздық қатынаста алаңы
2021 жылы – 29,3 млн га;
2022 жылы – 29,2 млн га;
2023 жылы – 29,1 млн га;
2024 жылы – 29,0 млн га;
2025 жылы – 28,9 млн га;
2026 жылы – 28,8 млн га;
2027 жылы – 28,7 млн га;
2028 жылы – 28,6 млн га;
2029 жылы – 28,5 млн га;
2030 жылы – 28,4 млн га.

АШМ, ҰЭМ, ЦДИАӨМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Азаматтарға арналған үкімет" (келісу бойынша)

27.

Гидрогеологиялық-мелиоративтік қызметтің материалдық-техникалық базасын олардың қызмет аймағының кеңеюіне байланысты жақсарту

суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін жақсарту жөніндегі ұсынымдар

жыл сайын

АШМ, Қаржымині

28.

"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына енгізу:
- суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекемелердің ақылы қызметтерді сатудан түскен ақшаны жұмсауы бөлігінде өзгерістер;
- ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласында мемлекеттік мекеме көрсететін қызметтердің ақылы түрлеріне тарифтерді белгілеу бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласында уәкілетті органның құзыретін бекіту бөлігінде өзгерістер;
- өнеркәсіптік өндірістің органикалық тыңайтқыштарын сатып алуды субсидиялауды мемлекеттік қолдауды бекіту бөлігінде өзгерістер.

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2023 жылғы желтоқсан
 
2025 жылғы желтоқсан
 
2027 жылғы желтоқсан
 
АШМ, ҰЭМ, Қаржымині
АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, ИСМ, облыстардың,

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, ИИДМ, облыстардың,

29.

АШТӨ-ні агротехникалық жұмыстар кезеңінде уақтылы қамтамасыз ету үшін минералдық тыңайтқыштарды өткізу желісін дамыту

құрылған өткізу желісі

ИИДМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

30.

Отандық минералдық тыңайтқыштар өндірісінің көлемін ұлғайту және олардың ассортиментін кеңейту

жаңа кәсіпорындарды пайдалануға беру және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту актілері

жыл сайын, есепті жылдан кейінгі 10 қаңтарға дейін

ИИДМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

31.

Агрохимиялық қызметтің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының қызметін жетілдіру
- оның материалдық-техникалық базасын жетілдіру

"Ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 4-6/295 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

2022 жылғы желтоқсан

АШМ, Қаржымині

32.

Тұқым шаруашылығын, агрохимияны, мелиорацияны дамытуды және саланың техникалық жарақтандырылуын арттыруды көздейтін Өсімдік шаруашылығын дамыту жөніндегі жол картасын әзірлеу

МО бірлескен бұйрығы

2022 жылғы наурыз

АШМ, ҰЭМ, ИИДМ, Қаржымині, облыстардың,

33.

Мыналарды:
"Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" және "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына;
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын;
селекциялық-асылдандыру жұмысын қадағалау жүйесін жетілдіру жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру.

Қазақстан Республика сының заңдарына өзгерістер мен толықтыру
лар енгізу "Асыл тұқымды мал шаруашылы ғын дамытуды, мал шаруашылы ғының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республика сы Ауыл шаруашылы ғы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республика сы Ауыл шаруашылы ғы министрінің бұйрығы "Республикалық мал шаруашылығы жүйесі" ақпараттық жүйесін түзету

2023 жылғы желтоқсан
 
2022 жылғы
наурыз
 
2023 жылғы желтоқсан

АШМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)
 
34.

Құс шаруашылығын дамыту жөніндегі жол картасын әзірлеу

35.

Қой шаруашылығын дамыту жөніндегі жол картасын әзірлеу

МО бірлескен бұйрығы

2022 жылғы сәуір

36.

Етті мал шаруашылығын дамыту жөніндегі жол картасын әзірлеу

МО бірлескен бұйрығы

2022 жылғы мамыр

37.

Сүтті мал шаруашылығын дамыту жөніндегі жол картасын әзірлеу

МО бірлескен бұйрық

2022 жылғы маусым

38.

Ішкі нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компания шеккен шығыстарды өтеуді субсидиялау

Қазақстан Республика
сы Заңының жобасы

2022 жыл

АШМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Азық-түлік корпорациясы" АҚ (келісу бойынша)

39.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту жөніндегі жол картасын әзірлеу

МО бірлескен бұйрық

2022 жылғы наурыз

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

40.

ЖОО-лар, ҒЗИ, тәжірибе шаруашылықтары, колледждер және агроқұрылымдар базасында жұмыс істеп тұрған білім тарату орталықтарының желісін, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері бойынша шетелдік консультанттардың оқыту семинарларын өткізу практикасын кеңейту

АШТӨ-ні оқыту туралы есеп

жыл сайын, есепті жылдан кейінгі 20 маусым

АШМ, Қаржымині, ҰЭМ, БҒМ, "ҰАҒБО" КеАҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), ЖАО, білім беру ұйымдары

41.

Бағдарламалық-нысаналы және гранттық қаржыландыру арқылы АӨК-ті ғылыми қамтамасыз ету

ғылыми-техникалық бағдарламалар

жыл сайын

АШМ, БҒМ, Қаржымині, ҰЭМ, "ҰАҒБО" КеАҚ (келісу бойынша)

42.

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған салалық гранттарды енгізу

коммерцияландыру жөніндегі жобалар

жыл сайын

АШМ, БҒМ, Қаржымині, ҰЭМ, "ҰАҒБО" КеАҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

43.

Аграрлық жоғары оқу орындарында білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту

жаңартылған білім беру бағдарламалары

жыл сайын

АШМ, БҒМ, "ҰАҒБО" КеАҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

44.

Мемлекеттік тапсырма арқылы АӨК-те білім тарату орталықтарын дамыту

АШТӨ-ні оқыту туралы есеп

жыл сайын

АШМ, Қаржымині, ҰЭМ, БҒМ, БҚДА (келісу бойынша), "ҰАҒБО" КеАҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), ЖАО, білім беру ұйымдары

45.

Трансфертті цифрландыруды және агротехнологияларды коммерцияландыруды дамыту

есеп

жыл сайын

АШМ, ЦДИАӨМ, "ҰАҒБО" КеАҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

46.

АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің әкімшілендіруімен жер ресурстарын басқарудың тік орнықты жүйесін құру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2022 жыл

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, "Азаматтарға арналған үкімет" КеАҚ (келісу бойынша), облыстардың,

47.

Мемлекеттік субсидиялау жүйесін әзірлеу және енгізу

пайдалануға беру актісі

2022 – 2023 жылдар

АШМ

48.

Жаңа цифрлық аграрлық мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу

білім беру бағдарламаларының тізілімі

2030 жылға дейін

АШМ, БҒМ, "ҰАҒБО" КеАҚ (келісу бойынша), аграрлық ЖОО-лар (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

49.

6-нысаналы индикатор. Ауыл, орман және балық шаруашылығындағы қадағаланбайтын (көлеңкелі) экономиканың үлесі – ЖІӨ-нің 0,5 %-ы:
2021 жылы – 2,0 %;
2022 жылы – 1,9 %;
2023 жылы – 1,7 %;
2024 жылы – 1,6 %;
2025 жылы – 1,4 %
2026 жылы – 1,2 %;
2027 жылы – 1 %;
2028 жылы – 0,8 %
2029 жылы – 0,6 %;
2030 жылы – 0,5 %.

АШМ, ЦДИАӨМ, Қаржымині, ҰЭМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "ҰАҒБО" КеАҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

50.

АӨК-ті талдаумен болжауға арналған АШМ ахуалдық орталығын құру және оның жұмыс істеуі

АӨК ахуалдық орталығы

2022 – 2030 жылдар

АШМ, Қаржымині, ҰЭМ, "ҰАҒБО" КеАҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

51.

АӨК-те қадағалап отыру жүйесін енгізу

пайдалануға беру актісі

2022 – 2023 жылдар

АШМ

52.

Мемлекеттік қолдау шараларын автоматтандыру

ақпараттық жүйе

2022 – 2023 жылдар

АШМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша)

53.

Ауыл шаруашылығы саласында ақпараттық технологияларды енгізу және цифрландыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру ("AgriTech" технологиялық платформасы)

"AgriTech" технологиялық платформасы

54.

Кооперацияны дамыту орталықтарын құру

пилоттық кооперация орталықтары

55.

Жеке қосалқы шаруашылықтардың мәртебесін айқындайтын "Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2021 жылғы желтоқсан

56.

7-нысаналы индикатор. АӨК-ке инвестициялар ағынын 2020 жылмен салыстырғанда 4 есе ұлғайту:
2021 жылы – 824 млрд теңге;
2022 жылы – 1 076 млрд теңге;
2023 жылы – 1 271 млрд теңге;
2024 жылы – 1 507 млрд теңге;
2025 жылы – 1 799 млрд теңге;
2026 жылы – 1 981 млрд теңге;
2027 жылы – 2 163 млрд теңге;
2028 жылы – 2 344 млрд теңге;
2029 жылы – 2 526 млрд теңге;
2030 жылы – 2 715 млрд теңге.

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

57.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен трансұлттық компания арасындағы инвестициялар туралы келісімге қол қою

келісім

2022 жылғы желтоқсан

АШМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың,

58.

"Жамбыл облысы ауыл халқының табысын арттыру" пилоттық жобасын тарату
 
жаңа бюджеттік бағдарлама шеңберінде тікелей түпкі нәтижелерге қол жеткізу туралы Қаржыминіне есеп

2023 – 2025 жылдар, жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 10 наурызына дейін

59.

Кредиттік серіктестіктер жүйесін институционалдық дамыту

60.

АӨК субъектілерінің инвестициялық жобаларын, оның ішінде кредиттік серіктестіктерді, микроқаржы ұйымдарын, екінші деңгейдегі банктерді және басқа да қаржы институттары мен даму институттарын қорландыру жолымен олардың қамтылуын кеңейту арқылы қаржыландыру

кредит беру шарттары

2027 жылғы желтоқсан

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша)

61.

Көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін АӨК субъектілерін орта мерзімді қаржыландыруды енгізу

түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу туралы Қаржыминіне есеп
 
АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ( келісу бойынша), "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (келісу бойынша)

62.

Бюджеттік және бюджеттен тыс қаражат есебінен лизингтік бағдарламаларды қаржыландыру көлемін ұлғайту

қаржылық лизинг шарттары

63.

Белгіленген индикаторларға қол жеткізу жөніндегі қарсы міндеттемелерді енгізе отырып, субсидия алушыларды түпкілікті нәтиже алуға ынталандыру жөніндегі тетіктерді әзірлеу

АШМ бұйрықтары

2022 жылғы желтоқсан

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, СЖРА (келісу бойынша), ИИДМ, ЦДИАӨМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

           Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

"Азаматтарға арналған үкімет" КеАҚ

-

"Азаматтарға арналған үкімет" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

"Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ

-

"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

"Атамекен" ҰКП

-

"Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы

АӨК

-

агроөнеркәсіптік кешен

АӨК МИК

-

Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

АШТӨ

-

ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ

-

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы

БҒМ

-

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Еңбекмині

-

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ИИДМ

-

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

ІҚМ

-

ірі қара мал

КеАҚ

-

коммерциялық емес акционерлік қоғам

Қаржымині

-

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

МҚҰ

-

микроқаржы ұйымдары

СИМ

-

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі

"ҰАҒБО" КеАҚ

-

"Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

ҰК

-

ұлттық компания

ҰЭМ

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

ЦДИАӨМ

-

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

ЭГТРМ

-

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

Назад к документу

Заңдар - Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы (өзгертулер 30 желтоқсан 2021) P2100000960

Соңғы құжаттар
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 341211
    Қазақ тілінде 169086
    Орыс тілінде 170118
    Ағылшын тілінде 2007
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Astana уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы