Реклама +7(700) 388 81 09
< Назад к документу

Қаржылық ұйымдарға қатысты бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 62 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 мамырда № 10956 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 85 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.02.2017 № 85 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Бәсекелестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қаржылық ұйымдарға қатысты бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін осы бұйрықтың күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. "Қаржылық ұйымдарға қатысты бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының 2013 жылғы 31 мамырдағы № 148-НҚ бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Банкінің Төрағаның

      міндетін атқарушы

      ___________ Қ. Қожахметов

      2015 жылғы "___"___________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 62 бұйрығымен бекітілген

Қаржылық ұйымдарға қатысты бәсекелес ортаның жай-күйіне
талдау және бағалау жүргізу әдістемесі
1. Жалпы ережелер

      1. Қаржылық ұйымдарға қатысты бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Бәсекелестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-бабының 14) тармақшасында көзделген негізгі ережелерді іске асыру мақсатында әзірленді, қаржы ұйымдары көрсететін қаржы қызметтері (бұдан әрі – Көрсетілетін қаржы қызметтері) нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу рәсімін айқындайды және мынадай:

      1) осы нарықтардағы бәсекелестіктің жай-күйін (экономикалық шоғырлануды) айқындау мақсатында көрсетілетін қаржы қызметтері нарығына талдау жүргізу және Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі - Тізілім) қалыптастыру кезінде;

      2) экономикалық шоғырлануды мемлекеттік бақылау кезінде;

      3) үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін мәжбүрлеп бөлу (бөліп шығару) туралы сотқа жүгінген жағдайларда қолданылады.

      2. Осы Әдістемеде "Бәсекелестік туралы" және "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында, сондай-ақ қаржы нарығын реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалық актілерінде айқындалған ұғымдар пайдаланылады.

      3. Көрсетілетін қаржы қызметтері нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) көрсетілетін қаржы қызметтерінің бірін-бірі өзара алмастыру критерийлерін айқындау;

      2) көрсетілетін қаржы қызметтері нарығының шекараларын айқындау;

      3) көрсетілетін қаржы қызметтері нарығын зерттеудің уақыт аралығын айқындау;

      4) көрсетілетін қаржы қызметтері нарығында жұмыс істейтін нарық субъектілерінің құрамын айқындау;

      5) көрсетілетін қаржы қызметтері нарығының көлемі мен нарық субъектілерінің үлесін есептеу;

      6) көрсетілетін қаржы қызметтері нарығының шоғырлану деңгейін айқындау;

      7) көрсетілетін қаржы қызметтері нарығына кіру тосқауылдарын айқындау;

      8) көрсетілетін қаржы қызметтері нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйін бағалау;

      9) көрсетілетін қаржы қызметтері нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйін талдау және бағалау нәтижелері бойынша талдамалық есепті жасау.

2. Көрсетілетін қаржы қызметтерінің бірін-бірі өзара
алмастыру критерийлерін айқындау

      4. Нақ сол бір нарықта көрсетілетін, алмастырушысы немесе бірін-бірі өзара алмастыратын қызметтері жоқ көрсетілетін қаржы қызметінің бірін-бірі өзара алмастыру критерийлерін айқындау рәсімі мыналарды қамтиды:

      1) қаржы қызметін алдын ала айқындау;

      2) тұтынушының таңдауын айқындайтын көрсетілетін қаржы қызметінің тұтынушылық қасиеттерін және осы көрсетілетін қаржы қызметі үшін әлеуетті бірін-бірі өзара алмастыратын болып табылатын көрсетілетін қызметтерді айқындау;

      3) бірін-бірі өзара алмастыратын көрсетілетін қызметтерді айқындау.

      5. Көрсетілетін қаржы қызметін алдын ала айқындау:

      1) қаралатын көрсетілетін қаржы қызметі оның мәні болып табылатын қаржы қызметін көрсету шарттарының;

      2) лицензиялар беру туралы шешімнің; лицензияның болуын растайтын құжаттардың;

      3) тиісті қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілердің;

      4) өнімнің, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің экономикалық қызмет түрлерінің қазақстандық жіктеуіштерінің;

      5) қаржы сөздіктерінің және осы бағытқа сәйкес келетін өзге де анықтамалық әдебиеттің;

      6) қаржы ұйымдарының қауымдастықтары (қоғамдық бірлестіктері) қорытындыларының негізінде жүргізілуі мүмкін.

      6. Тұтынушының таңдауын айқындайтын көрсетілетін қаржы қызметінің тұтынушылық қасиетін анықтау кезінде:

      1) функционалдық міндеті, оның ішінде көрсетілетін қаржы қызметін тұтынудың мақсаты және оның негізгі тұтынушылық қасиеттері;

      2) алынған көрсетілетін қаржы қызметін қолдану (оның ішінде қайта сату немесе жеке тұтыну не кәсіби пайдалану);

      3) көрсетілетін қаржы қызметін көрсету жүйесіндегі сапалық ерекшеліктер;

      4) көрсетілетін қаржы қызметін жеткізудің шарттары;

      5) көрсетілетін қаржы қызметінің бағасы (сыйақының тиімді мөлшерлемесі, тариф, комиссия);

      6) көрсетілетін қызметтерді өткізудің шарттары мен тәсілдері жолданады.

      Тұтынушының таңдауын айқындайтын көрсетілетін қаржы қызметінің тұтынушылық қасиетінің құрамы және көрсетілетін қаржы қызметінің сипаттамасын бөлудің қажетті дәрежесі жүргізілетін зерттеудің мақсатына, сондай-ақ талданатын нарықтың ерекшелігіне байланысты болады.

      7. Осы көрсетілетін қаржы қызметі үшін әлеуетті бірін-бірі өзара алмастыратын болып табылатын қызметтерді айқындау:

      1) сарапшылар қорытындыларын пайдалану;

      2) қаралатын көрсетілетін қаржы қызметімен бірге экономикалық қызмет түрінің қазақстандық жіктеуішінің бір жіктеуіш тобына кіретін көрсетілетін қызметтердің елеулі қасиеттері бойынша салыстырылатын талдау арқылы жүзеге асырылады.

      Осы қызметке тиісті дәл жіктеуіш ұстанымын белгілеу мүмкін болмаған жағдайда, жіктеуіш ұстанымдарының тобы қаралады.

      8. Бірін-бірі өзара алмастыратын көрсетілетін қаржы қызметтерін айқындау олардың функционалдық міндетін, қолдануды, сапалық сипаттамаларын, бағасын және басқа да параметрлерін ескере отырып, тұтынушының көрсетілетін қызметтерді нақты ауыстыруына немесе тұтынушының тұтыну процесінде бір көрсетілетін қаржы қызметтерін басқасымен алмастыру әзірлігіне негізделеді.

      Егер тұтыну процесінде көрсетілетін қаржы қызметін басқа да көрсетілетін қызметтермен ауыстыру үшін тұтынушының елеулі шығындары (қызмет бағасының 10 пайызынан асатын) болса, онда мұндай көрсетілетін қызметтер бірін-бірі өзара алмастыратындарға жатқызылмайды.

      9. Бірін-бірі өзара алмастыратын көрсетілетін қаржы қызметтерін айқындау кезінде тұтынушылардың түрлі топтары пікірлерінің сәйкес келмеуі ескеріледі.

      Тұтынушылардың топтары:

      1) қаржы ұйымдары клиенттерінің құрамы бойынша;

      2) көрсетілетін қаржы қызметін алу орны бойынша;

      3) көрсетілетін қаржы қызметіне қойылатын талаптар бойынша бөлінеді.

      10. Көрсетілетін қаржы қызметтері нарығын бақылау және нәтижелерінің негізінде шекаралар айқындалатын экономикалық - статистикалық есептеулер:

      1) "гипотетикалық монополистің тесті" рәсімін;

      2) баға белгілеу және бағалар серпінін талдауды, қаралып отырған көрсетілетін қызметке бағалардың өзгеруі кезінде сұраныс көлемінің өзгеруін қамтиды.

      11. "Гипотетикалық монополистің тестін" өткізу кезінде (көрсетілетін қаржы қызметтері нарығының шекараларын анықтау үшін) қаралатын көрсетілетін қаржы қызметіне шамалы, бірақ елеулі және ұзақ уақыт бағаның көтерілуі болжанады. Зерделеудің уақыт аралығы ішінде әрі сақталатын, бәсекенің өзге тең шарттарында (бұл ретте инфляцияның әсері алынып тасталады) бағаның 5-10 пайызға артуы осындай деп танылады.

      Мыналар айқындалады:

      1) көрсетілген бағаның өсу нәтижесінде тұтынушы (тұтынушылар) қаралып отырған көрсетілетін қаржы қызметін басқа көрсетілетін қызметтермен алмастыра ма (алмастыруға дайын ба);

      2) бағаны осылай көтеру қаржы ұйымдары мен тұтынушы (тұтынушылар) үшін тиімсіз ететін, қызметтер көрсету көлемінің азаюы болуда ма (болады ма).

      Егер көрсетілген шарттар орындалса, онда қаралып отырған көрсетілетін қаржы қызметіне қасиеттері бойынша неғұрлым жақын болып табылатын көрсетілетін қаржы қызметтерін бірін-бірі өзара алмастыратын тауарлар тобының құрамына енгізу қажет.

      Көрсетілген рәсім жеткізушінің пайдасын төмендетпей бағасы 5-10 пайызға артуы мүмкін көрсетілетін қызметтер тобы анықталғанға дейін жүзеге асырылады. Мұндай топқа кіретін көрсетілетін қаржы қызметтері бірін-бірі өзара алмастыратын көрсетілетін қызметтер деп танылады.

      Бірін-бірі өзара алмастыратын көрсетілетін қызметтер тобы ретінде "Гипотетикалық монополистің тестін" жүргізу кезінде көрсетілетін қызметтердің ең аз жиынтығын қарастыру қажет осы үшін қаржы ұйымы бағаның аталған көтерілуін жүзеге асыра алады.

      12. Көрсетілетін қаржы қызметтері нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне перспективалық талдау және бағалау жүргізу кезінде зерттеу жүргізу сәтінде қалыптасқан нарықтық бағалар қолданылады.

      13. Нарықты сұраныс тарапынан зерделеу нақты қаржы ұйымының клиенттер тобын - көрсетілетін қаржы қызметтерін тұтынушыларды айқындауды қамтиды.

      Нарықты ұсыныс тарапынан зерделеу талданатын нарық шекараларында қызметтер көрсететін бәсекелестерді - қаржы ұйымдарын айқындауды қамтиды.

      Белгілі бір бірін-бірі өзара алмастыратын көрсетілетін қаржы қызметтерін нақтылау мақсатында қаржы ұйымдарының клиенттері мен бәсекелестеріне (іріктеп және (немесе) жаппай) сауал жүргізу, сондай-ақ сарапшыларды тарту жүргізіледі. Кейін көрсетілетін қаржы қызметін асыра сегменттеуге әкеп соғатын клиенттер мен бәсекелестердің көрсетілетін қаржы қызметтеріне қоятын субъективті талаптары әртүрлі болған жағдайда, көрсетілетін қаржы қызметтері нарығының тауар шекаралары туралы түпкілікті шешім (сегменттеу және агрегаттау дәрежесі) салалық реттеуішпен келісе отырып нарық талдауын жүргізетін монополияға қарсы орган ведомствосының шешіміне негізделеді.

      14. Көрсетілетін қаржы қызметтері нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау мен бағалау жүргізу кезінде тиісті көрсетілетін қаржы қызметтері нарығына операцияларды жүзеге асыратын қаржы ұйымдарының қызметтері ескеріледі.

3. Көрсетілетін қаржы қызметтері нарығының шекараларын айқындау

      15. Көрсетілетін қаржы қызметтері нарығының шекаралары, егер оны осы аумақтан тысқары жерлерде сатып алу экономикалық, технологиялық және басқа да себептер бойынша орынсыз болса, тұтынушылар көрсетілетін қаржы қызметін немесе бiрiн-бiрi өзара алмастыратын қызметтерді сатып алатын аумақты айқындайды.

      16. Көрсетілетін қаржы қызметтеріне талдау жүргізу кезінде нарық шекаралары болып Қазақстан Республикасының аумағы белгіленеді.

      17. Көрсетілетін қаржы қызметтері нарығының шекаралары көрсетілетін қаржы қызметтерін сатып алудың қолжетімділігі ескеріле отырып, мынадай:

      1) тиісті аумақта көрсетілетін қаржы қызметін сатып алудың мүмкіндігі;

      2) көрсетілетін қаржы қызметінің құнына қатысты шығындардың негізділігі мен өзін ақтайтындығы;

      3) осы қызметті көрсету/алу кезінде көрсетілетін қаржы қызметінің тұтынушылық қасиеттері мен шарттарының сақталуы;

      4) көрсетілетін қаржы қызметін өткізу жүзеге асырылатын аумақта бәсекелестікке тең жағдайдың болуы өлшемдері бойынша айқындалады.

      18. Көрсетілетін қаржы қызметтерінің шекараларын айқындау кезінде оларды қызмет түрлеріне байланысты бөлу қажет.

      19. Бұл ретте көрсетілетін қаржы қызметтері нарығы мынадай негізгі секторларға бөлінеді:

      1) екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар көрсететін қаржы қызметтері нарығы;

      2) сақтандыру ұйымдары көрсететін қаржы қызметтері нарығы;

      3) бағалы қағаздар нарығында қаржы ұйымдары көрсететін қаржы қызметтері нарығы;

      4) микроқаржылық ұйымдар ұсынатын қаржы қызметтері нарығы;

      5) кредиттік бюролар көрсететін қызметтер нарығы.

4. Көрсетілетін қаржы қызметтері нарығын зерттеудің
уақыт аралығын айқындау

      20. Көрсетілетін қаржы қызметтері нарығын зерттеудің уақыт аралығы зерттеу мақсатына, нарықтың ерекшеліктеріне және ақпараттың қолжетімділігіне байланысты айқындалады.

      21. Көрсетілетін қаржы қызметтері нарығында монополияға қарсы заңнаманың және бәсекелестікті қорғау туралы өзге де құқықтық актілердің бұзылуына байланысты көрсетілетін қаржы қызметтері нарығын зерделеу кезінде өтініште баяндалған, немесе осындай бұзушылық туралы өтінішті алу күніне оқиғаның (фактінің) алдындағы кезеңді айқындау ұсынылады.

      Көрсетілетін қаржы қызметтері нарығының сипаттамалары айқындалатын уақыттың бөлігі ретінде күнтізбелік жыл қабылдануы мүмкін. Өзге де уақыт аралықтарын таңдау мүмкіндігіне жол беріледі.

      Көрсетілетін қаржы қызметтері нарығының факт бойынша барлық сипаттамалары бір уақыт аралығы үшін айқындалады. Көрсетілетін қаржы қызметтері нарығының даму перспективаларын зерделеу кезінде барлық сипаттамалар алдағы бір уақыт аралығы үшін дәл осылай айқындалады.

      Көрсетілетін қаржы қызметтері нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштерді есептеу кезінде нақты уақыт аралығына қатысты деректер пайдаланылуға тиіс. Уақыт аралығын таңдау зерттеу мақсатына, зерделенетін көрсетілетін қаржы қызметтері нарығының тұрақтылығына, бастапқы деректердің болуына және басқа факторларға байланысты болады.

      22. Осы Әдістеменің 1-тармағының 2), 3) тармақшалары бойынша қаралатын тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау, сондай-ақ мемлекеттік бақылау жүзеге асырылатын іс-әрекеттер жасалғаннан кейінгі бәсекелес ортаның жай-күйін ескеретін перспективалық талдау жүргізіледі.

      23. Егер тұтынушылар уақыттың бір кезеңінде сатып алынатын көрсетілетін қаржы қызметін тұтынуда уақыттың басқа кезеңінде сатып алынатын сол қызметпен ауыстырмаса және ауыстыруға дайын болмаса, онда уақыт аралығын таңдау кезінде осы таңдауға байланысты нарық сипаттамалары ескріледі, оның ішінде:

      1) жыл ішінде қаржы қызметтерін көрсетудің маусымдылығы;

      2) жыл ішінде қаржы қызметтерін көрсетудің тұрақтылығы;

      3) ең жоғары және ең төмен сұраныс кезеңдері мен шарттары (оның ішінде қысқа мерзімді), осы кезеңдерде тұтынушылар саны арасындағы арақатынас;

      4) тұтынушылардың түрлі уақыт кезеңдерінде әртүрлі бағалар белгілеу мүмкіндігі;

      5) келісімшарттардың қолданыс мерзімдері;

      6) нарықта көрсетілетін қаржы қызметінің пайда болу уақыты.

      24. Қаржы қызметтері нарығының барлық сипаттамалары белгіленген уақыт аралығының шегінде айқындалады.

5. Көрсетілетін қаржы қызметтері нарығында жұмыс істейтін
нарық субъектілерінің құрамын айқындау

      25. Көрсетілетін қаржы қызметтері нарығында жұмыс істейтін нарық субъектілерінің құрамына оның шекараларында белгілі уақыт аралығы шеңберінде қызмет көрсететін барлық нарық субъектілері енгізіледі.

      26. Көрсетілетін қаржы қызметтері нарығында жұмыс істейтін және тұлғалар тобын құрайтын нарық субъектілері бір нарық субъектісі ретінде қаралады.

      27. Зерттеудің уақыт аралығын анықтау кезінде бірін-бірі өзара алмастыру критерийлерін анықтау кезінде және қаржы қызметтері нарығының шекараларын анықтау кезінде алынған ақпараттың негізінде мыналарды:

      1) толық атауын (ұйымдық-құқықтық нысанын көрсете отырып);

      2) мекенжайын (орналасқан орнын);

      3) тұлғалар тобына тиесілілігін;

      4) осы қызметті тұтынушылар немесе тауар шекаралары деректерін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін, қаралатын тауар нарығында жұмыс істейтін нарық субъектілері айқындалады.

      28. Көрсетілетін қаржы қызметтері нарығында жұмыс істейтін нарық субъектілерінің құрамын айқындау кезінде қаралатын нарықта жұмыс істейтін жеткізушілерден көрсетілетін қызметті сатып алатын тұтынушылар тобының құрамы (саны) нақтылануы мүмкін.

      Егер көрсетілетін қаржы қызметтері нарығында негізгі тұтынушылардың шамалы саны (15-тен кем) жұмыс істейтін болса, онда көрсетілетін қызметтерді негізгі жеткізушілер мен тұтынушылардың тұлғалардың бір тобына кіретіні айқындалады.

      29. Егер қаржы нарығының субъектісі қаржы нарығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бірнеше лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асырса, онда көрсетілетін қаржы қызметтері нарығын талдау кезінде ол ең алдымен негізгі қызмет жүзеге асырылатын сектор субъектісі (банк, сақтандыру, бағалы қағаздар) ретінде қаралады.

      Бұл ретте, егер түрлі сектор субъектілері нақ сол бір қызмет түрін, мысалы банктер мен банк болып табылмайтын брокерлер және (немесе) дилерлер бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асырса, онда көрсетілетін қызметтердің тиісті нарығы көрсетілетін қаржы қызметтерінің бір нарықтары ретінде қаралады, тиісінше көрсетілетін қаржы қызметтерінің жекелеген нарығындағы көрсеткіштер (көлем және бағалар және т.б.) басқа көрсетілетін қаржы қызметтері нарығын талдау кезінде ескерілмейді.

      30. Көрсетілетін қаржы қызметтері нарығының құрылымы мен қаржы ұйымдары клиенттерінің құрамы көрсетілетін қаржы қызметтері нарығының анықталған шекаралары шегінде айқындалады.

      Көрсетілетін қаржы қызметтері нарығының құрылымын айқындау үшін қаржы ұйымдарының саны мен құрамы олардың қызмет түріне байланысты анықталады.

      Көрсетілетін қаржы қызметтері нарығындағы қаржы ұйымдары, оның ішінде өз филиалдары арқылы қызметтер көрсететін қаржы ұйымдар анықталады.

      Көрсетілетін қызметті нақты қаржы ұйымынан сатып алатын клиенттердің (тұтынушылардың) негізгі топтары қажеттілік құрылымын саралаудың негізінде айқындалады.

      Егер зерттеу міндетіне көрсетілетін қаржы қызметтері нарығының даму перспективаларын айқындау кіретін болса, қаржы ұйымдарының саны мен құрамының және олардың клиенттерінің өзгеруі мүмкіндігін ескеру қажет.

      Осы географиялық нарықта жұмыс істейтін қаржы ұйымдарының белгілі бір қаржы қызметін көрсетуінің әлеуетті мүмкіндіктері анықталады. Осы нарыққа басқа қаржы ұйымдары мен тұтынушылардың кіруінің әлеуетті мүмкіндігі айқындалады.

      Әлеуетті бәсекелестерге мыналар жатады:

      1) көрсетілетін қаржы қызметтері нарығының қаралып отырған шекараларында жұмыс істейтін қаржы ұйымдары;

      2) көрсетілетін қаржы қызметтері нарығында қызметті жүзеге асыруға тиісті лицензиясы жоқ, бірақ мұндай лицензияны алуға тең бәсекелестік мүмкіндігі бар көрсетілетін қаржы қызметтерінің қаралатын шекараларында жұмыс істейтін ұйымдар;

      3) көрсетілетін қаржы қызметтері нарығында жұмыс істейтін және Қазақстан Республикасы заңнамасының негізінде қаржы нарықтарында қызметін жүзеге асыруға лицензия алуға мүмкіндігі бар ұйымдар.

6. Көрсетілетін қаржы қызметтерінің көлемін және
нарық субъектілерінің үлестерін есептеу

      31. Көрсетілетін қаржы қызметтері нарығының сыйымдылығы және қаржы ұйымының үлесі көрсетілетін қаржы қызметтері нарығының анықталған шекаралары, клиенттер (тұтынушылар) және бәсекелестер құрамы шеңберінде айқындалады.

      Қаржы нарығының сыйымдылығы белгілі бір кезеңде барлық қаржы ұйымдары жүзеге асыратын көрсетілетін қаржы қызметтері көлемінің жиынтығы ретінде айқындалуы мүмкін:

      n

      Vfr = SUM Vi,

      i=1

      мұндағы:

      Vfr - көрсетілетін қаржы қызметтері нарығының сыйымдылығы;

      Vi – i-ші қаржы ұйымының көрсетілетін қаржы қызметтерінің көлемі;

      i = 1, 2,..., n - көрсетілетін қаржы қызметтері нарығында жұмыс істейтін қаржы ұйымдарының саны.

      Көрсетілетін қаржы қызметтері нарығының сыйымдылығын есептеуде пайдаланылатын көрсеткіштер заттай да, құндық та мәнде өлшенеді.

      32. Қаралып отырған көрсетілетін қаржы қызметтері нарығындағы қаржы ұйымының үлесі ол көрсеткен белгілі бір қаржы қызметі түрінің белгілі бір кезеңде қызметтердің белгілі түрі нарығының жалпы сыйымдылығына пайыздық қатынасы ретінде айқындалады

      Di = Vi / Vfr*100

      Нарық субъектісінің үлесін есептеуде пайдаланылатын көрсеткіштер нарық көлемін есептеудегі өлшем бірліктерінде келтіріледі.

      Көрсетілетін қаржы қызметтері нарығының көлемін анықтау кезінде талданатын нарықты көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар тобы бойынша бөлуге болады.

      Бұдан басқа, жекелеген жағдайларда банк секторы қызметтерін зерттеу кезінде клиенттер мынадай топтар бойынша жіктеледі: шағын, орта және ірі бизнес субъектілері.

      33. Бір тұлғалар тобына кіретін, нақ сол бір көрсетілетін қаржы қызметтері нарығында жұмыс істейтін қаржы ұйымдарының нарықтағы үлесі тұлғалар тобы үшін жиынтығында айқындалады. Осылайша, шешім қабылдауда тәуелсіз, дербес қаржы ұйымдарының құрамын анықтауда нарықта жұмыс істейтін қаржы ұйымдарының жалпы саны азаяды және біріктірілген қатысушылар пайда болады.

      Көрсетілетін қаржы қызметтері нарығының тәуелсіз қатысушыларының белгілі бір санына сүйене отырып, нарықтың шоғырлану көрсеткішін есептеу қажет.

      Көрсетілетін қаржы қызметтері нарығындағы нарық субъектісінің (тұлғалар тобының) үлесі белгіленген уақыт аралығына, қаралып отырған көрсетілетін қаржы қызметтері нарығының шекараларына қатысты айқындалады.

      34. Екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар көрсететін қызметтерінің негізгі түрлерінің көлемін есептеу кезінде мынадай шарттар қабылданады:

      1) банктік қарыз операциялары: баға көрсеткіші – сыйақының жылдық орташа тиімді мөлшерлемесі (бұдан әрі – СЖТМ), үлес көрсеткіші (Vi) – құндық мәнде берілген кредиттер көлемі және жасалған шарттар саны;

      2) аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың төлем және ақша аударымы бойынша тапсырмаларын орындау: баға көрсеткіші – тарифтерге сәйкес аударымдар құны, үлес көрсеткіші (Vi) – аударым сомалары және операциялар саны.

      Егер банктер де, банктік емес ұйымдар да көрсететін қызмет тұтынушы үшін бірін-бірі өзара алмастыратын болып табылса, онда мұндай қызмет біртұтас нарық ретінде айқындалады.

      35. Сақтандыру қызметтерінің негізгі түрлерінің көлемін есептеу кезінде мынадай шарттар қабылданады.

      1) баға көрсеткіші – сақтандыру тарифтері (сақтандыру сыйақысының сақтандыру сомасына қатынасы), үлес көрсеткіші (Vi) – сақтандыру сыйақыларының көлемі;

      2) сақтандырудың бірнеше сыныптарын біріктіретін сақтандыру өнімдері көрсетілетін қаржы нарықтарында сақтандырудың әрбір сыныбы бойынша ескеріледі.

      Міндетті сақтандыру қызметтерін көрсетудің (оның ішінде олардың баға белгілеуі) нақты регламенттелгенін және уәкілетті мемлекеттік органдар реттейтінін ескере отырып, монополияға қарсы органның ведомствосы мемлекеттік реттеу кезінде олар бойынша монополиялық жоғары және төмен бағаларды есептеу жүргізілмейді.

      Сақтандыру қызметтері нарығын талдау сақтандыру сыныптары бөлінісінде егжей-тегжейлі өткізіледі.

      Сақтандыру ұйымдары және сақтандыру брокерлері қызметтері жеке нарық ретінде қаралады.

      36. Бағалы қағаздар нарығы қызметтерінің негізгі түрлері көлемін есептеуде мынадай шарттар қабылданады.

      1) брокерлер көрсететін қызметтер үшін – баға көрсеткіші – жасалған мәмілелер комиссиялары; көрсетілген қызметтер көлемінің көрсеткіші (Vi) – жасалған мәмілелер көлемі және брокерлік қызметтер көрсету туралы жасалған шарттардың саны.

      Дилерлік операцияларды брокер-дилерлер тек өз есебінен және өз мүддесі үшін жүзеге асыратынын ескере келе, монополияға қарсы орган ведомствасы мемлекеттік реттеу кезінде олар бойынша монополиялық жоғары және төмен бағаларды есептеу жүргізілмейді;

      2) ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқарушылар көрсететін қызметтер үшін – баға көрсеткіші – кіріс комиссиясы; көрсетілген қызметтер көлемінің көрсеткіші (Vi) –

      басқарудағы активтер көлемі және активтерді басқаруға жасалған шарттар саны;

      3) кастодиан көрсететін қызметтер үшін – баға көрсеткіші – операциялар комиссиясы (тарифтері); көрсетілген қызметтер көлемінің көрсеткіші (Vi) – кастодиандық қызмет көрсету үшін жасалған шарттардың саны;

      4) тіркеуші көрсететін қызметтер үшін – баға көрсеткіші – операциялар комиссиясы (тарифтері); көрсетілген қызметтер көлемінің көрсеткіші (Vi) – бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімін жүргізуге жасалған шарттар саны;

      5) трансфер-агенттер көрсететін қызметтер үшін – баға көрсеткіші – құжаттарды (ақпаратты) кабылдап алу-беру комиссиясы (тарифтері); көрсетілген қызметтер көлемінің көрсеткіші (Vi) – трансфер-агенттік қызмет көрсетуге жасалған шарттар саны;

      6) орталық депозитарий көрсететін қызметтер үшін – баға көрсеткіші – жасалған операциялар комиссиясы (тарифтері); көрсетілген қызметтер көлемінің көрсеткіші (Vi) – номиналды ұстаушылар жеке шоттарының саны;

      7) қор биржасы көрсететін қызметтер үшін - баға көрсеткіші - жасалған мәмілелер комиссиясы (тарифтері); көрсетілген қызмет көлемінің көрсеткіші (Vi)- сауда-саттық (жасалған мәмілелер) көлемі және қор биржасының сауда жүйесінде айналымға жіберілген бағалы қағаздар эминентінің саны;

      8) ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельдерді басқарушылар көрсететін қызметтер үшін (ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры) – баға көрсеткіші – операциялар комиссиясы (тарифтері); көрсетілген қызметтер көлемінің көрсеткіші (Vi) – салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны және зейнетақы жинақтарының көлемі.

      Бағалы қағаздар нарығында қаржы ұйымдары көрсететін қаржы қызметтері нарығы көрсетілетін қызметтің лицензияланатын түрлері бойынша сегменттеледі.

7. Көрсетілетін қаржы қызметтері нарығының шоғырлану деңгейін айқындау

      37. Нарықтың шоғырлану деңгейін айқындау үшін:

      1) нарықтық шоғырлану коэффициенті (CR) қолданылады. Көрсетілетін қызметті өткізу (жеткізу) көлемінің ірі жеткізушілерінің белгілі бір санымен осы қаржы қызметтері нарығындағы барлық жеткізушілердің тауарды өткізудің (жеткізудің) жалпы көлеміне пайыздық қатынасы ретінде есептеледі.

      Үш (CR - 3) ірі жеткізушілердің шоғырлану деңгейін пайдалану ұсынылады.

      2) Герфиндаль – Гиршман нарықтық шоғырлану индексі (НН) нарықта жұмыс істеп тұрған барлық жеткізушілер иеленетін үлестердің квадраттары жиынтығы ретінде есептеледі.

      38. Герфиндаль – Гиршман шоғырлану коэффициенттері мен индекстерінің түрлі мәндеріне сәйкес үш нарық түрі бөлінеді:

      1) 1-түрі – жоғары шоғырланған нарықтар:

      70% < CR – 3 < 100 %; 2000 < НН < 10 000, немесе НН = 10 000 мәндер саласын қамтиды.

      Бұл нарықтар бәсекелестік дамымаған немесе жоқ нарықтар ретінде сипатталады, нарық субъектілерінің үстем немесе монополиялық жағдайы орын алады. Нарықтың монополиялану дәрежесі жоғары.

      2) 2-түрі – орташа шоғырланған нарықтар:

      45% < CR – 3 < 70 %; 1000 < НН < 2000.

      Нарықта бәсекелестік бар, бірақ ол жеткіліксіз дамыған, онда нарық субъектілерінің болуының біркелкі еместігі орын алады.

      3) 3-түрі – төмен шоғырланған нарықтар:

      CR – 3 < 45 %; НН < 1000.

      Аталған нарықтар бәсекелестік дамыған нарықтар деп сипатталады, әдетте нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие субъектілер жоқ. Нарықтың монополиялану дәрежесі төмен.

      Осылайша, нарықтың шоғырлану көрсеткіштері нарықтың монополиялану дәрежесін, онда нарық субъектілерінің болуының бір деңгейлігін (немесе түрлі деңгейлігін) алдын ала бағалауға мүмкіндік береді. Тиісті тауар нарығында түрлі ауқымды қызмет көрсетумен өнім берушілер неғұрлым көп болса, санамаланған көрсеткіштердің мәні соғұрлым аз болады.

      Бір тұлғалар тобына кіретін нарық субъектілерінің үлестері қосылады және бір нарық субъектісінің үлесі ретінде есептеледі.

      39. Нарықтың нарықтық шоғырлануын айқындау кезінде тиісті көрсетілетін қаржы қызметтері нарығындағы тұлғалар тобын, атап айтқанда оларға қатысты Заңда көзделген шарттар орындалатын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтығын белгілеу жөнінде жұмыстар жүргізіледі.

8. Көрсетілетін қаржы қызметтері нарығына кіру тосқауылдарын айқындау

      40. Көрсетілетін қаржы қызметтері нарығының құрылымын сипаттайтын сапалық көрсеткіштер мыналар болып табылады:

      1) әлеуетті бәсекелестер үшін нарыққа кіру тосқауылдарының болуы (немесе болмауы), оларды еңсеру мүмкіндігі;

      2) нарықта жұмыс істейтін бәсекелестер үшін нарықтан шығу тосқауылдарының болуы (немесе болмауы);

      3) қаржы ұйымдары мен клиенттердің (тұтынушылардың) деңгейлес және сатылас интеграциясы, көрсетілетін қаржы қызметтері нарығына қатысушылардың аффилиирленуі;

      4) ақпараттың бара-барлығы (ақпараттық қолжетімділік дәрежесі, ақпарат көздері).

      41. Нарық субъектілеріне көрсетілетін қаржы қызметтері нарығында қызметті бастауға кедергі келтіретін немесе қиындық тудыратын және шектейтін мән-жайларды немесе іс-қимылдарды анықтау рәсімі мыналарды қамтиды:

      1) қаралып отырған көрсетілетін қызметтер нарығына кіру тосқауылдарының болуын (немесе болмауын) анықтау;

      2) қаралып отырған көрсетілетін қызметтер нарығына кірудің анықталған тосқауылдарының еңсерілуін айқындау.

      42. Көрсетілетін қаржы қызметтері нарығына кіру тосқауылдарына мыналар жатады:

      1) осы нарықтың құрылымдық ерекшеліктері (бастапқы және ағымдағы шығындар, сұраныс көлемі, нарықтың дамығандығы, бәсекелестіктің түрі);

      2) мемлекеттік реттеу процесінде мемлекеттік билік органдарының іс-әрекеттері (лицензиялау, салық салу және басқалар);

      3) нарықта жұмыс істеп жатқан ұйымдар тарапынан келісімдер мен іс-әрекеттер.

      Көрсетілетін қаржы нарығының құрылымдық ерекшеліктеріне және мемлекеттік реттеу процесінде мемлекеттік билік органдарының іс-әрекеттеріне негізделген тосқауылдарға мыналар жатады:

      1) нарықтың сыйымдылығын шектеу - нарықтың жоғары толыққанын да, тұтынушының төмен төлеу қабілеттілігін де көрсететін сұранысты қанағаттандырудың жоғары дәрежесі нарықты әлеуетті бәсекелестердің игеруі үшін едәуір кедергі болып табылады және осы нарықты жаңа қаржы ұйымдары үшін тартымдылығын төмендетеді;

      2) бастапқы шығындардың жоғары дәрежесі – нарыққа кіру мүмкіндігінің шешуші шектеулерінің бірі;

      3) шығындар деңгейіндегі артықшылық - қаржы ұйымдары нарығына қайта кірген ұйымдарға қарағанда жұмыс істеп жатқан қаржы ұйымдарының қаржы қызметтерін жүзеге асыруға шығындары; мыналардың салдарынан:

      нарықтағы бастапқы шарттардың теңсіздігі;

      нарықта жұмыс істейтін қаржы ұйымдарының әлеуетті бәсекелестер алдында технологиялық артықшылықтары;

      жарнама мен филиал желісін дамытуға шығындар;

      ауқым әсері – егер осы нарықта қызметтің ең жоғары тиімді ауқымы жоғары болса, онда нарыққа қайта кірген қаржы ұйымдарының бастапқы кезеңде нарықта жұмыс істейтін қаржы ұйымдарына қарағанда анағұрлым айтарлықтай жоғары үлес шығындары болады және тиісінше бәсекелестікке қабілеттілігі төмен болады;

      нарықта жұмыс істейтін қаржы ұйымдарының деңгейлес және сатылас интеграциясы. Сатылас немесе деңгейлес құрылымдарға интеграцияланған қаржы ұйымдары жиынтық инвестициялық, қаржы және ақпарат ресурстарына қолжетімділігі түрінде ішкі корпоративтік байланыстың барлық артықшылықтарын пайдаланады;

      4) экономикалық және ұйымдық шектеулер - мемлекеттің инвестициялық, кредиттік, салықтық, бағалық, кедендік саясаты.

      Салық салу қағидалары осылайша тұтынушының түрлі қаржы ұйымдарының салыстырмалы артықшылықтарына әсер ете отырып, тұтынушы (клиент) үшін көрсетілетін түрлі қаржы қызметтерінің салыстырмалы тиімділігіне әсер етеді;

      5) әкімшілік шектеулерге, оның ішінде қаржы ұйымдарын лицензиялау (қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін шектеулер мен қағидалар), тіркеудің күрделенген тәртібі және басқалар жатады.

      Тауар нарықтарымен салыстырғанда реттеуші органдар қаржы нарықтарындағы сұранысқа және қаржы нарықтарындағы бәсекелестер санына елеулі әсер етеді. Қаржы ұйымдарына қойылатын лицензиялық талаптар нарықтың шоғырлану деңгейі мен қатысушылар құрамына әсер ете отырып, қаржы нарықтарына кіру тосқауылдарының биіктігін көрсетеді.

      43. Нарықта жұмыс істейтін қаржы ұйымдарының қызметіне негізделген, оған жаңа бәсекелестердің кіруінің алдын алу бойынша тосқауылдар, оның ішінде:

      1) нарықта жұмыс істейтін қаржы ұйымының жаңа бәсекелестің пайда болуына, мысалы пайыз мөлшерлемелері саясатындағы өзгерістерге жауап ретінде қабылдайтын шаралары;

      2) қаржы ұйымдарының, оның ішінде мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бәсекелестікке қарсы келісімдері және келісілген іс-әрекеттері;

      3) мемлекеттік билік органдарында нарыққа әлеуетті бәсекелестердің кіруін шектейтін, қаржы нарығының сол және өзге де секторына лицензиялау критерийлерін немесе өзге де критерийлерді мүдделік қорғау.

      44. Осы қаржы нарығына кіру тосқауылдарын анықтау процесінде талданатын факторлар тізбесі қаржы ұйымдары қызметінің негізгі түрлерінің ерекшеліктеріне және өңірдің өзгешелігіне байланысты санамаланғаннан кеңдеу (немесе тарлау) болуы, ерекшеленуі мүмкін.

      45. Көрсетілетін қаржы қызметтері нарығына кіру тосқауылдарының еңсерілуі осы тосқауылдарды еңсеру мерзімі мен мөлшерінің негізінде бағаланады.

      Егер қаралатын нарыққа кіру тосқауылдарын еңсеру шығындары осы нарыққа кіретін нарық субъектісі алатын (алуды болжайтын) кірістермен (артықшылықтармен) экономикалық түрде ақталса, нарыққа кіру тосқауылдары еңсеріледі деп есептеледі.

      46. Көрсетілетін қаржы қызметтері нарығына кіру тосқауылдарының еңсерілу дәрежесін бағалау кезінде әрбір қаржы ұйымы үшін тосқауылдың әртүрлілігін, оның уақытша немесе тұрақты сипатын ескеру қажет.

      47. Көрсетілетін қаржы қызметтері нарығын талдау жұмыс істейтін тұрған қаржы ұйымдарының нарықтан шығуын, оның ішінде:

      1) нарықта сұранысты қанағаттандыру және қаржы ұйымын сақтау қажеттілігіне байланысты;

      2) қызметті тоқтату немесе оның бағытын өзгерту және т.б. үшін елеулі қаржы ресурстарын тарту қажеттілігімен байланысты тосқауылдарды талдауды қамтиды.

      48. Қаржы ұйымдары мен тұтынушылардың сатылас және деңгейлес интеграциясын анықтау нарыққа қатысушылардың аффилиирленген тұлғаларын талдауға негізделеді.

      Аффилиирленуді талдау Заңның 7-бабына сәйкес айқындалған тұлғалардың қызметіне қандай да бір дәрежеде әсер ететін экономикалық айналым субъектілері арасындағы мүліктік және басқарушылық тәуелділікті анықтауды болжайды.

      Қаржы ұйымдарының аффилиирленуін, тұлғалар тобын сәйкестендіруді талдау негізінде көрсетілетін қаржы қызметі нарығындағы шоғырлану көрсеткіштерінің есебі нақтыланады, қаржы ұйымының әлеуеті негізделеді.

      49. Қаржы ұйымдарының арасындағы бәсекелестікке әсер ететін маңызды фактор ақпараттың барабарлығы болып табылады, ол әлеуетті клиентке (тұтынушыға) көрсетілетін қаржы қызметін алумен байланысты тәуекелдерді бағалауға мүмкіндік береді. Осы көрсетілетін қаржы қызметімен байланысты күтілетін кiрiстiлiк және тәуекелді бағалау нарықты жалпы бағалау мен онда жұмыс істейтін қаржы ұйымдарының сипатына тәуелді болады.

      Ақпараттың бара-барлығы зерттеу жүргізген кезде ақпарат көздерінің болуын анықтау және оларды көрсетілетін қаржы қызметтерін тұтынушылардың түрлі топтарына қолжетімділігі тұрғысынан саралау, ақпараттың сапасы мен уақтылығын бағалау қажет.

9. Көрсетілетін қаржы қызметтері нарығындағы бәсекелес
ортаның жай-күйін бағалау

      50. Көрсетілетін қаржы қызметтері нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйін бағалау:

      1) қаралатын нарықтың көрсетілетін қаржы қызметтері нарығының қай түріне: бәсекелестік дамыған нарыққа, бәсекелестік жеткіліксіз дамыған нарыққа немесе бәсекелестік дамымаған нарыққа жататындығы туралы қорытындыны;

      2) қаралатын нарықта бәсекелес ортаның өзгеру перспективаларының бағасын (осы Әдістемедегі 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда);

      3) қаралатын нарықта бәсекелестікті дамыту жөнінде мемлекеттік органдарға ұсынымдарды (қажет болған жағдайда) қамтиды.

      51. Қаралып отырған көрсетілетін қаржы қызметтері нарығының қаржы қызметтері нарықтарының қай түріне жататыны туралы қорытынды нарықтың шоғырлану деңгейінің көрсеткішіне, нарыққа кіру тосқауылдарының болуы мен еңсерілуінің негізінде беріледі.

      Егер көрсетілген сипаттамалар қаралып отырған көрсетілетін қаржы қызметтері нарығының қаржы қызметтері нарықтарының қай түріне жататыны туралы қорытынды үшін жеткіліксіз болса, онда нарық субъектілерінің іс-әрекеті және шаруашылық қызметінің нәтижелері, сондай-ақ бәсекелестікті шектейтін факторлардың болуы талданады.

      52. Қаралып отырған көрсетілетін қаржы қызметтері нарығындағы нарық субъектілерінің іс-әрекетін талдау, оның ішінде:

      1) жеткізушілердің инновациялық қызметі мен маркетингтік стратегиясын зерделеуді;

      2) бәсекелесетін нарық субъектілерінің өзара тәуелділік дәрежесін анықтауды;

      3) жеткізушілердің жекелеген тұтынушыларға (тұтынушылар тобына) жеңілдіктер беру фактілерін белгілеуді;

      4) көрсетілетін қаржы қызметтері нарығында жұмыс істейтін нарық субъектілерінің келісімдерін анықтауды қамтиды.

      53. Шаруашылық қызмет нәтижелерін талдау кезінде:

      1) қаралып отырған көрсетілетін қаржы қызметтері нарығында 35 пайыздан астам үлесі бар нарық субъектілері үшін капитал тартуға пайда мен шығыс мөлшерінің арақатынасы;

      2) қаралып отырған көрсетілетін қаржы қызметтері нарығындағы бағалар серпіні;

      3) қаралып отырған көрсетілетін қаржы қызметтері нарығының көлемі мен сұраныстың серпіні;

      4) қаралып отырған көрсетілетін қаржы қызметтері нарығының өңіраралық және халықаралық сауда үшін ашықтығы;

      5) қаралып отырған көрсетілетін қаржы қызметтері нарығында жаңа жеткізушілердің пайда болу жиілігі;

      6) қаралып отырған көрсетілетін қаржы қызметтері нарығында жұмыс істейтін нарық субъектілерінің техникалық даму деңгейі қаралады.

      54. Нарықтың бәсекелес ортасының өзгеру перспективаларын бағалау кезінде оларды жасау нәтижесінде:

      1) Заңда белгіленген тыйым салуларды бұзу үшін мүмкіндік жасалса;

      2) қаралатын нарықтың шоғырлану деңгейі орташадан жоғары деңгейге көтерілсе;

      3) шоғырлану деңгейі жоғары немесе орташа тауар нарығына кіру тосқауылдары еңсерілмейтін болса;

      4) қаралып отырған көрсетілетін қаржы қызметтері нарығындағы нарық субъектілерінің іс-әрекеттерін үйлестіру үшін қолайлы алғышарттар жасалса;

      5) осы көрсетілетін қызметтердің шектеулі ұсынысында тұтынушының (тұтынушылардың) бір көрсетілетін қызметті басқаларымен (бірін-бірі алмастыратын тауарлар тобынан) алмастыру мүмкіндігі төмендесе;

      6) табиғи монополия субъектісінің оның жеткізушілері немесе тұтынушылары болып табылатын нарық субъектілерімен сатылас интеграциясы туындаса, мәмілелер, актілер және іс-әрекеттер бәсекелестікті шектейді деп танылады.

      55. Жасалатын мәмілелерден оң әсерді алу кезінде оның ішінде мынадай өзгерістер қаралады:

      1) осы көрсетілетін қаржы қызметін көрсетудің пайдасы мен шығыстары (тиімділіктің, рентабельділіктің көрсеткіштері);

      2) осы көрсетілетін қызметті іске асырудың көлемі;

      3) сұраныстың қамтамасыз етілуі;

      4) осы көрсетілетін қызметті жеткізушілердің техникалық және ұйымдастырушылық даму деңгейі;

      5) осы көрсетілетін қызметтің сапасы;

      6) қаралатын нарықта осы қызметті жеткізушілер саны;

      7) осы қызметті көрсету кезіндегі жұмыс орындарының саны.

      Жасалып жатқан мәмілелердің оң әсері ұзақ мерзімді (екі жылдан кем емес) сипатқа ие және мәміле жасалған кезден бастап бір жыл ішінде алынды.

      Жасалатын мәмілелердің оң әсері тұтынушыларға іріктеп сауал жүргізудің және сараптамалық бағалардың негізінде анықталады.

      Әрбір нақты жағдайда бәсекелес ортаның жай-күйін бағалау рәсімі көрсетілетін қаржы нарығының ерекшелігіне, талдау мақсатына байланысты түрлі көлемде және реттілікте жүзеге асырылуы мүмкін. Сондай-ақ жекелеген кезеңдерге жол берілуі мүмкін (егер көрсетілетін қаржы қызметтері нарығының бірін-бірі өзара алмастыру критерийлері және шекаралары анықталған болса).

      Әрбір кезең өткеннен кейін қажет болған жағдайда алдыңғы кезеңде анықталған көрсеткіштерді түзету жүзеге асырылады.

      Жүргізілген зерттеулер нәтижелері бойынша нарықтың құрылымы туралы, қаржы қызметтері нарығындағы бәсекелестіктің дамуы немесе дамымауы, жағдайдың өзгеруіне монополияға қарсы орган ведомствосының ықпал етуінің орындылығы мен нысандары туралы қорытынды шығарылады.

10. Көрсетілетін қаржы қызметтері нарығындағы бәсекелес ортаның
жай-күйін талдау және бағалау нәтижелері бойынша талдамалық
есепті жасау

      56. Талдамалық есепте осы тауар нарығындағы бәсекелес орта жай-күйінің негізделген бағаны қоса алғанда, көрсетілетін қаржы қызметтері нарығына жүргізілген талдаудың нәтижелері келтіріледі.

      Талдамалық есеп:

      1) зерттеудің уақыт аралығын;

      2) нарықтың бірін-бірі өзара алмастыру критерийлерін;

      3) нарық шекараларын;

      4) қаралатын нарықта жұмыс істейтін нарық субъектілерінің құрамын;

      5) нарықтың көлемін және нарық субъектілерінің үлесін;

      6) нарықтың шоғырлану деңгейін;

      7) нарыққа кіру тосқауылдарын;

      8) көрсетілетін қаржы қызметтері нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйін бағалауды қамтиды.

      57. Егер көрсетілетін қаржы қызметтері нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізген кезде жекелеген кезеңдер өткізілмесе, онда талдамалық есепке тиісті бөлімдер енгізілмейді.

      58. Нарықтың бәсекелес ортасының жай-күйіне, оның ішінде талдаудың жекелеген кезеңдерінің құрамында жүргізілген талдау мен бағалаудың нәтижелері бойынша нарықтың жай-күйінің және ондағы бәсекелестікті дамытудың қысқаша сипаттамасы (тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне шолу) жасалуы мүмкін.

      59. Көрсетілетін қаржы қызметтері нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйін қорытынды бағалау зерделенетін көрсетілетін қаржы қызметтері нарығының қаржы құрылымының қай түріне жататынын, осы көрсетілетін қаржы қызметтері нарығындағы бәсекелестіктің даму (дамымау) дәрежесін бағалауға мүмкіндік беретін қаржы қызметтері нарығының сандық және сапалық сипаттамаларын салыстыру және талдауды қамтиды.

      Көрсетілетін қаржы қызметтері нарығының алынған сипаттамасының негізінде бәсекелестіктің дамуының жай-күйі және перспективалары туралы, нарыққа мемлекеттік ықпал етудің орындылығы мен нысандары туралы қорытынды шығарылады.

      60. Көрсетілетін қаржы қызметтері нарығының шоғырлану дәрежесіне байланысты түрлі нарықтарға және онда жұмыс істейтін қаржы ұйымдарына қатысты монополияға қарсы орган ведомствосының іс-әрекеті сараланады.

      Жоғары шоғырланған нарықтар үшін мынадай шаралар мақсатқа сай келеді:

      1) көрсетілетін қаржы қызметтері нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие қаржы ұйымдарының нарықтық іс-әрекеттерін бақылау;

      2) көрсетілетін қаржы қызметтері нарығына кіру тосқауылдарын төмендету жөніндегі, қызметтің тең шарттарын құру жөніндегі іс-әрекеттер;

      3) қаржы ұйымының үстем жағдайын теріс пайдалануының алдын алу және жолын кесу;

      4) қаржы ұйымдарын біріктіруге, қосуға және қаржы ұйымдарының жарғылық капиталындағы шектеуші және бақылаушы акциялар пакетін сатып алуға тыйым салу;

      5) тиісті мемлекеттік органдарға көрсетілетін қаржы қызметтері нарығында бәсекелестікті дамытуға бағытталған іс-шараларды өткізу жөнінде ұсынымдар.

      Орташа шоғырланған нарықтар үшін мынадай шаралар мақсатқа сай келеді:

      1) шоғырлану көрсеткіштері серпінін бақылау. Шоғырлану процесі күшейген кезде жоғары шоғырланған нарықтар үшін көзделген шараларға өту қажет;

      2) қаржы қызметтері нарығында үстем жағдайға ие қаржы ұйымдарының нарықтық іс-әрекеттерін бақылау.

      61. Талдамалық есепке қаралатын нарықтың сипаттамаларын анықтау үшін пайдаланылған құжаттар тізбесі қоса беріледі.

Назад к документу

Заңдар - Қаржылық ұйымдарға қатысты бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесін бекіту туралы (өзгертулер 30 қаңтар 2015) V1500010956

Соңғы құжаттар
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 340637
    Қазақ тілінде 168790
    Орыс тілінде 169849
    Ағылшын тілінде 1998
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Nur-Sultan уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы