< Назад к документу

"Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға нарядтар беру нысанын және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 747 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № 7 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 қаңтарда № 22063 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға нарядтар беру нысанын және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 747 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12516 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 31 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге нарядтар беру нысанын және қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 860 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларының 39-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мына:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге наряд нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге нарядтар беру қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немес кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге наряд нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге нарядтар беру қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2021 жылғы 11 қаңтардағы
№ 7 бұйрығына 1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 747 бұйрығына 1-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге № ___ наряд 20___ жылғы "_____" ___________

      Кімге__________________________________________________________

      Мекенжайы_____________________________________________________

      Жүк жіберуші___________________________________________________

      Жүк алушы _____________________________________________________

      Төменде көрсетілген мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары немесе кәдеге жаратылған тауарлары

Р/с №

Материалдық құндылықтардың немесе кәдеге жаратылған тауарлардың атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Бірлік үшін бағасы, теңге

Сомасы, теңге

      _________ (жазбаша) сомасына оның ішінде қосылған құн салығы ___________ теңге.

      Шығару: жаңартуға байланысты (оның ішінде: "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, сараптама жүргізу үшін, басқа мемлекеттік органдардың балансына беру үшін), қарызға беру тәртібімен, броньнан шығару тәртібімен, кәдеге жаратылған тауарларды өткізу тәртібімен жүргізіледі (қажеттісінің астын сызу керек).

      Материалдық құндылықтарды шығарудың немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізудің негізі:____________________________________________

      Материалдық құндылықтарды (жаңартуға байланысты және мемлекеттік материалдық резервтің номенклатурасы өзгерген кезде броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде) немесе кәдеге жаратылған тауарларды (кәдеге жаратылған тауарларды өткізу кезінде) шығару мерзімі______________________________________________________________

      Ескертпе: Материалдық құндылықтарды немесе кәдеге жаратылған тауарларды уақтылы шығармаған жағдайда Комитет шарттың талаптарына сәйкес айыппұл санкцияларын есептейді.

      Нарядқа қол қоюға уәкілетті адамдар:

      _________________ _____________________________________ _____________

      (лауазымы)      (аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі            (қолы)

      Мөрдің орны

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2021 жылғы 11 қаңтардағы
№ 7 бұйрығына 1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 747 бұйрығына 2-қосымша

Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге нарядтар беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге нарядтар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 860 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Операциялар жүргізу қағидалары), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 859 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару және кәдеге жарату (жою) қағидаларына (бұдан әрі – Есептен шығару қағидалары) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 1108 қаулысымен бекітілген Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидаларына сәйкес әзірленді және мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге нарядтар берудің тәртібін айқындайды.

      2. Нарядтар беруді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті (бұдан әрі – Комитет) мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды оларды жаңартуға байланысты (оның ішінде, "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңы) 39-бабы 3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару кезінде материалдық құндылықтардың сапалық жай-күйі мен техникалық регламенттерінің талаптарына және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкестігі бойынша сараптама жүргізу үшін, басқа мемлекеттік органдардың балансына беру үшін), қарызға беру, броньнан шығару және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу кезінде жүзеге асырады.

      3. Материалдық құндылықтарды оларды жаңартуға байланысты шығару кезінде наряд беру сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама, мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару жөніндегі аукцион жеңімпазымен сатып алу-сату шарты, шарт талаптарында көзделген иеліктен шығарылатын материалдық құндылықтар құнының толық төленгенін растау негізінде жүзеге асырылады.

      Жаңартылуға жататын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың балансына беру үшін материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд беру алушы мемлекеттік органдармен және мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімімен өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 39-бабы 3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес жаңарту тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд беру мемлекеттік сатып алу туралы шарт және иеліктен шығарылатын материалдық құндылықтардың шарт талаптарында көзделген құны толық төленгенін растайтын құжат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін жаңарту тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд беру мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану туралы шарттың негізінде жүзеге асырылады.

      4. Қарызға беру тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд беру "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - "Азаматтық қорғау туралы" Заңы) 11-бабының 42) тармақшасына сәйкес қабылданатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі және мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын қарызға беру туралы алушымен шарт (келісім-шарт) негізінде жүзеге асырылады.

      5. Броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд беру мынадай жағдайларда:

      1) табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау;

      2) гуманитарлық көмек көрсету;

      3) босқындарға көмек көрсету;

      4) нарыққа реттеушілік ықпал ету;

      5) мемлекеттік материалдық резервтің номенклатурасын өзгерту;

      6) кәдеге жарату немесе жою кезінде жүзеге асырылады.

      6. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд беру "Азаматтық қорғау туралы" Заңның 12-бабы 1-тармағының 45) тармақшасына сәйкес қабылданатын азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.

      Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай мен оның салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд беру "Төтенше жағдай туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 3-1-бабының 5-1-тармағына сәйкес қабылданатын әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.

      Гуманитарлық көмек көрсету, босқындарға көмек көрсету үшін броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд беру "Азаматтық қорғау туралы" Заңның 11-бабының 42) тармақшасына сәйкес қабылданатын Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      Нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд беру "Азаматтық қорғау туралы" Заңның 11-бабының 42) тармақшасына сәйкес қабылданатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі және сауда қызметінің субъектілерімен нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару жөніндегі шарттың, шарт талаптарында көзделген иеліктен шығарылатын материалдық құндылықтардың құны толық төленгенін растайтын құжаттың негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік материалдық резервтің номенклатурасы өзгерген кезде броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд беру сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама, мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару жөніндегі аукцион жеңімпазымен сатып алу-сату шарты, шарт талаптарында көзделген иеліктен шығарылатын материалдық құндылықтардың құны толық төленгенін растау негізінде жүзеге асырылады.

      Кәдеге жарату үшін броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд беру кәдеге жарату қызметтерін көрсету туралы шарт негізінде жүзеге асырылады.

      Жою үшін броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде жүзеге асырылады.

      7. Кәдеге жаратылған тауарларды аукцион өткізу тәртібімен өткізу кезінде наряд беру сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама, аукцион жеңімпазымен сатып алу-сату шарты, шарт талаптарында көзделген иеліктен шығарылатын кәдеге жаратылған тауарлардың құны толық төленгенін растайтын құжат негізінде жүзеге асырылады.

      Кәдеге жаратылған тауарларды басқа мемлекеттік органдардың балансына беру арқылы өткізу кезінде наряд беру мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      8. Материалдық құндылықтарды беру Операциялар жүргізу қағидаларының 39-тармағына сәйкес наряд негізінде жүзеге асырылады.

      Кәдеге жаратылған тауарды өткізу Есептен шығару қағидаларының 72-тармағына сәйкес наряд негізінде жүзеге асырылады.

      9. Сақтау филиалы Комитеттің мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтауды жүзеге асыратын ведомстволық бағынысты ұйымының оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

      10. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар (бұдан әрі – сақтау пункттері) болып мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтауды және сақтауға байланысты қызметтер көрсетуді шарт негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғалар табылады.

2-тарау. Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге нарядтар беру мерзімдері

      11. Сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттаманың негізінде жаңартуға байланысты және мемлекеттік материалдық резервтің номенклатурасы өзгерген кезде броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд сақтау филиалына/сақтау пунктіне мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталына шарт талаптарында көзделген иеліктен шығарылатын материалдық құндылықтар құнының толық төленгені туралы ақпарат енгізілгеннен кейін немесе кепілдік жарна шарт бойынша сату бағасына тең болған немесе одан асып кеткен жағдайда, сатып алу-сату шарты жасалғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде пошта арқылы немесе электрондық нысанда жіберіледі.

      Сараптама жүргізу үшін материалдық құндылықтарды шығару немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізу кезінде наряд шығарылатын көлем үшін төлем алынғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде беріледі.

      Жаңартылуға жататын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың балансына өтеусіз негізде беру үшін материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд алушы мемлекеттік органдармен және мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісуден кейін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган шешім шығарған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде беріледі.

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 39-бабы 3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес жаңарту тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд мемлекеттік сатып алу туралы шарт талаптарында көзделген иеліктен шығарылатын материалдық құндылықтар құнының толық төленгенін растайтын құжат Комитетке келіп түскеннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде беріледі.

      Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін жаңарту тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану туралы шартты жасасқаннан кейін 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде беріледі.

      12. Материалдық құндылықтарды қарызға беру тәртібімен шығару кезінде наряд Комитет оларды шығаруға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде беріледі.

      13. Материалдық құндылықтарды гуманитарлық көмек көрсету, босқындарға көмек көрсету үшін броньнан шығару тәртібімен шығару кезінде наряд Комитет оларды шығаруға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде беріледі.

      Материалдық құндылықтарды нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін броньнан шығару тәртібімен шығару кезінде наряд Комитетке шарт талаптарында көзделген иеліктен шығарылатын материалдық құндылықтардың құны толық төленгенін растайтын құжат келіп түскеннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде беріледі.

      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд Комитет азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның оларды шығаруға шешімін алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде беріледі.

      Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай мен оның салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд Комитет әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік органның оларды шығаруға шешімін алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде беріледі.

      Кәдеге жарату үшін броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд кәдеге жарату көрсетілетін қызметін өнім берушімен шарт жасасқаннан кейін 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде беріледі.

      Жою үшін броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд Қазақстан Республикасының Үкіметі шешім қабылдағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде беріледі.

      14. Кәдеге жаратылған тауарларды аукцион өткізу тәртібімен өткізу кезінде наряд Комитетке шарт талаптарында көзделген иеліктен шығарылатын кәдеге жаратылған тауарлардың құны толық төленгенін растайтын құжат келіп түскеннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде беріледі.

      Кәдеге жаратылған тауарларды басқа мемлекеттік органдардың балансына беру арқылы өткізу кезінде наряд мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның кәдеге жаратылған тауарларды басқа мемлекеттік органдардың балансына беру туралы шешім қабылдағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде беріледі.

3-тарау. Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге нарядтар беру тәртібі

      15. Сақтау филиалдарынан материалдық құндылықтарды шығару немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізу кезінде нарядқа Комитеттің бірінші басшысы, оның орынбасары, Комитеттің мемлекеттік материалдық резервті есепке алуды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің басшысы және наряд беруге жауапты қызметкері, Комитеттің бас бухгалтері, Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымының бірінші басшысы, оның орынбасары, Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымының бас бухгалтері және Комитеттің мемлекеттік материалдық резервті есепке алуды жүзеге асыратын ведомстволық бағынысты ұйымының құрылымдық бөлімшесінің басшысы, олар болмаған жағдайда, оларды ауыстыратын адамдар өз қолымен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды.

      Сақтау пункттерінен материалдық құндылықтарды шығару немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізу кезінде нарядқа Комитеттің бірінші басшысы, оның орынбасары, Комитеттің мемлекеттік материалдық резервті есепке алуды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің басшысы және наряд беруге жауапты қызметкері, Комитеттің бас бухгалтері, олар болмаған жағдайда, оларды ауыстыратын адамдар өз қолымен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды.

      16. Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізу кезінде мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге нарядты Комитеттің мемлекеттік материалдық резервті есепке алуды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі жазып береді.

      17. Материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге берілген нарядтарды Комитеттің мемлекеттік материалдық резервті есепке алуды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды немесе кәдеге жаратылған тауарларды шығаруға нарядтар беру журналына (бұдан әрі – нарядтар беру журналы) тіркейді.

      Нарядтар беру журналы тігіледі, нөмірленеді және мөрмен бекітіледі.

      Нарядтар беру журналы Комитеттің мемлекеттік материалдық резервті есепке алуды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің нарядтар беруге жауапты қызметкерінде сақталады.

      18. Комитет сақтау филиалдарынан мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге төрт данада наряд жазып береді.

      Нарядтың бір данасы Комитеттің мемлекеттік материалдық резервті есепке алуды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінде қалады, екіншісі - Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымына, үшіншісі материалдық құндылықтарды немесе кәдеге жаратылған тауарларды алушыға (бұдан әрі – уәкілетті өкіл) беріледі, төртіншісі сақтау филиалына жіберіледі.

      19. Комитет сақтау пункттерінен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге үш данада наряд жазып береді.

      Нарядтың бір данасы Комитеттің мемлекеттік материалдық резервті есепке алуды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінде қалады, екіншісі сақтау пунктіне жіберіледі, үшіншісі уәкілетті өкілге беріледі.

      20. Нарядтың сақтау филиалына/сақтау пунктіне арналған данасы наряд жазып берілген күні кейіннен нарядтың түпнұсқасын тапсырысты хатпен жібере отырып, олардың электрондық поштасына сканерленген түрде жіберіледі.

      21. Материалдық құндылықтарды немесе кәдеге жаратылған тауарларды саны, сапасы және жиынтықтылығы бойынша беру уәкілетті өкілдің қатысуымен жүргізіледі, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау-тапсыру актісімен ресімделеді.

      Материалдық құндылықтарды немесе кәдеге жаратылған тауарларды сақтау филиалдарынан беру кезінде қабылдау-тапсыру актісінің төрт данасына уәкілетті өкіл, сақтау филиалының басшысы, бас бухгалтері, материалдық-жауапты адам қол қояды және ол мөрмен расталады.

      Материалдық құндылықтарды немесе кәдеге жаратылған тауарларды сақтау пунктінен беру кезінде қабылдау-тапсыру актісінің үш данасына уәкілетті өкіл, сақтау пунктінің басшысы, бас бухгалтері, материалдық-жауапты адам қол қояды және ол мөрмен расталады.

      22. Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізу жөнінде уақтылы есептілікті қамтамасыз ету үшін сақтау филиалы/сақтау пункті осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нарядты орындау актісін ресімдейді.

      Нарядты орындау актісіне сақтау филиалының/сақтау пунктінің басшысы, бас бухгалтері және материалдық-жауапты адам қол қояды және ол мөрмен расталады.

      23. Қабылдау-тапсыру актісін және нарядты орындау актісін сақтау филиалы/сақтау пункті Комитетке мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығарған немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жібереді.

  Мемлекеттік материалдық
резервтен материалдық
құндылықтарды шығаруға
немесе кәдеге жаратылған
тауарларды өткізуге нарядтар
беру қағидаларына 1-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге нарядтар беру журналы

Р/с №

Нарядтың нөмірі мен күні

Жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі, заңды тұлғаның атауы

Материалдық құндылықтар немесе кәдеге жаратылған тауарлар шығарылатын сақтау филиалының/сақтау пунктінің атауы және орналасқан жері

Шығару (жаңарту, жалға беру броньнан шығару тәртібімен) немесе өткізу тәртібі, наряд беруге негіздеме

Нарядтар даналарының саны

Орындаушы

Жеке басын куәландыратын құжат, нөмірі және күні

Нарядты алған күні және нарядты алған адамның қолы

  Мемлекеттік материалдық
резервтен материалдық
құндылықтарды шығаруға
немесе кәдеге жаратылған
тауарларды өткізуге нарядтар
беру қағидаларына 2-қосымша
  Нысан

№ _____ қабылдау-тапсыру АКТІСІ

      20 ____ жылғы " _____ " ________                        ________________ қ.

      __________________________________________________________________________

      (сақтау филиалының/сақтау пунктінің атауы; басшысының лауазымы және аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі)

      бас бухгалтер _____________________________________________________________,

      аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі

      және материалдық-жауапты адам _____________________________________________,

      _____________ жылғы № ______ ________________________________________ сәйкес

      мемлекеттік материалдық резервтен мынадай материалдық құндылықтардың немесе кәдеге жаратылған тауарлардың шығарылуын жүргізді:

Р/с

      ____________________________________________________(жазбаша) сомасына теңге

      Шығарды:

      Ұйым басшысы __________________________________________ __________________

      аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі            (қолы)

      Бас бухгалтер ____________________________________________ _________________

      Материалдық-жауапты адам ________________________________ _________________

      Қабылдады:

      Уәкілетті өкіл: ____________________________________________ _________________

      Ескертпе: Қабылдау-тапсыру актісін сақтау филиалы/сақтау пункті шығарылған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Комитетке жібереді.

  Мемлекеттік материалдық
резервтен материалдық
құндылықтарды шығаруға
немесе кәдеге жаратылған
тауарларды өткізуге нарядтар
беру қағидаларына 3-қосымша
  Нысан

20 ___ жылғы " ___" ______________ № ______ нарядты орындау

АКТІСІ

      20 ___ жылғы " ___" ______________                        _______________ қ.

      бас бухгалтер ____________________________________________________________,

      20 ___ жылғы "_____" ____________ № ___ нарядтың негізінде мемлекеттік материалдық резервтен төменде көрсетілген материалдық құндылықтарды немесе кәдеге жаратылған тауарларды шығару туралы осы актіні жасады:

Р/с

Материалдық қүндылықтардың немесе кәдеге жаратылған тауарлардың атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Бірлік үшін бағасы, теңге

Сомасы, теңге

      Сомасы (жазбаша) _____________________________________________________ теңге

      Бас бухгалтер ____________________________________ _______ __________________

      Материалдық-жауапты адам ________________________ _______ __________________

      Ескертпе: Нарядты орындау актісін сақтау филиалы/сақтау пункті шығарылған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Комитетке жібереді.

Назад к документу

Заңдар - "Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға нарядтар беру нысанын және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 747 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы (өзгертулер 11 қаңтар 2021) V2100022063

Соңғы құжаттар
t.Recent updates
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 300487
    Қазақ тілінде 149455
    Орыс тілінде 149452
    Ағылшын тілінде 1580
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы