< Назад к документу

Қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекітуі туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды хабардар ету қағидаларын, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 137 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 9 қыркүйекте № 14221 болып тіркелді.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.12.2019 № 249 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.12.2019 № 249 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекітуі туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды хабардар ету қағидалары, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.12.2019 № 249 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Қаржы ұйымдарының қаржылық қызметтерді тұтынушыларға қаржы өнімдерін, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының өздерінің тұтынушыларына микрокредиттерді ұсынуы үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісім беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 203 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9899 тіркелген, 2014 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосуға жіберуді;

      3) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік

      жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап бекітілген қаржы өнімдеріне қолданылады.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      __________________ Д. Абаев

      2016 жылғы 25 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы "___" ___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрінің

      міндетін атқарушы

      ________________ М. Құсайынов

      2016 жылғы 5 тамыз

  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық Банкі Басқармасының
  2016 жылғы 30 мамырдағы
  № 137 қаулысымен
  бекітілді

Қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекітуі туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды хабардар ету қағидалары, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесі

      Ескерту. Тізбенің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.12.2019 № 249 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекітуі туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды хабардар ету қағидалары, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесі (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-1-бабына, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-1-бабына, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 31-1-бабына, "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-1-бабына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы ұйымдарының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды (бұдан әрі – уәкілетті орган) қаржы өнімдерінің бекітілуі туралы хабардар ету тәртібін және хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесін айқындайды.

      Қағидалардың талаптары Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарына да, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына да қолданылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 22.02.2021 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қаржы ұйымы уәкілетті органды Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13852 болып тіркелген "Қаржы ұйымы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды бекітілуі туралы хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 136 қаулысында көзделген қаржы өнімдерінің бекітілуі туралы хабардар етеді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.12.2019 № 249 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Қаржы ұйымы қаржы өнімін оны бекітуге уәкілетті қаржы ұйымының органы бекіткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға қаржы ұйымының қаржы өнімдерін бекітуі туралы хабарламаны (бұдан әрі – Хабарлама) жібереді.

      Хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

      1) оны бекітуге уәкілетті қаржы ұйымының органы бекіткен қазақ және орыс тілдеріндегі қаржы өнімін ұсыну туралы шарттың (бұдан әрі – шарт) нысаны (қаржы ұйымының ішкі құжаттарында шарттардың нысандарын бекіту туралы талаптар болған кезде);

      2) дауыс беру қорытындыларын көрсете отырып, қаржы ұйымы органдарының шартты бекіту туралы шешімінен үзінді-көшірме.

      4. Қаржы ұйымдары Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, хабарламаны әрбір қаржы өнімі бойынша жеке-жеке ұсынады.

      5. Қаржы өнімінің талаптарына, оның ішінде шартқа өзгерістер және (немесе) енгізілген жағдайда да Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, Хабарламаны жіберу талап етіледі, оған мынадай жағдайлар кірмейді:

      1) шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келтіру;

      2) Хабарламаның 6-тармағында көрсетілген қаржы өнімінің талаптарына әсер етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу.

      Хабарламаның 6-тармағында көзделген қаржы өнімінің талаптарына шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге әкеп соқпайтын өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде, қаржы ұйымы қаржы өнімінің талаптарына енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса берместен хабарлама жібереді.

      6. Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттар қоса берілген хабарлама рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы ұсынылады.

      7. Қаржы ұйымы өтініш жасаған кезде уәкілетті орган оны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қаржы ұйымына рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен ол жіберген хабарлама туралы үзінді-көшірмені береді.

  Қаржы ұйымдарының қаржы
өнімдерін бекітуі туралы қаржы
нарығы мен қаржы ұйымдарын
реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды
хабардар ету қағидаларына,
сондай-ақ хабарламаға қоса
берілетін құжаттардың тізбесіне
қосымша

      Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.12.2019 № 249 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Нысан

Қаржы ұйымының қаржы өнімдерін бекітуі туралы
хабарлама

      1. Қаржы ұйымының атауы

      _______________________________________________________________

      2. Қаржы ұйымының орналасқан жері, телефондары

      3. Уәкілетті органның операцияларды және қаржы нарығында қызметті жүргізуге лицензиясының нөмірі мен күні

      4. Қаржы ұйымының бизнес-сәйкестендіру нөмірі____________________

      5. _____________________________________________________________

      (қаржы өнімінің атауы)

      6. қаржылық өнімнің шарттары:

      1) жеке тұлғалардың қарыздары бойынша

      қарыздың мақсаты_______________________________________________;

      қарыздың шекті мерзімдері:_______________________________________;

      қарыздың шекті сомасы:__________________________________________;

      сыйақы мөлшерлемесінің түрі және оның шекті шамалары:____________;

      қарызды өтеу әдістері:___________________________________________;

      жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін, қарыз беру және қарызға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге төлемдер тізбесі және олардың шекті мөлшерлері: ____________________________________________________________________;

      қарызды қамтамасыз етудің болуына қойылатын талаптар_____________;

      оны бекітуге уәкілетті, қаржы ұйымының органы бекіткен қаржы өнімін беруді регламенттейтін қаржы ұйымының ішкі құжатының (ішкі құжаттарының) деректемелері:_________________________________________;

      2) жеке тұлғалардың мерзімді салымдары бойынша:

      салым валютасы:________________________________________________;

      салым сомасының шекті шамалары:________________________________;

      салым мерзімінің шекті шамалары:_________________________________;

      сыйақы есептеу және төлеу тәртібі:________________________________;

      салымды толтыру және алу тәртібі:_________________________________

      3) ерікті сақтандыру бойынша:

      сақтандыру объектісі:____________________________________________;

      сақтандыру сыйақыларының шекті мөлшерлері______________________;

      франшизаның шекті мөлшерлері:__________________________________;

      4) клиенттің тапсырмаларына сәйкес брокердің бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелерін жасауын болжайтын шарттың негізінде көрсетілетін брокерлік қызметтер бойынша, олар бойынша есеп айырысуды брокер клиентке қайтарымдылық және төлемділік (маржалық мәмілелер) талаптарында берілген ақшаны немесе бағалы қағаздарды пайдалана отырып жүргізеді:

      брокердің және (немесе) дилердің комиссиялары мен тарифтердің шекті мөлшерлері:_________________________________________________________;

      7. Хабарламаға: _____________________________________ қоса беріледі

      (құжаттардың атауы мен парақтар саны көрсетіледі)

      8. ______________________________осы хабарламамен қаржы өнімдерін

      (қаржы ұйымының атауы)

      бекітуге уәкілетті _____________________________________________ бекіткен

      (қаржы ұйымы органының атауы)

      _________________________________ Қазақстан Республикасы заңнамасының

      (қаржы өнімінің атауы)

      талаптарына сәйкес келетінін растайды

      Қаржы ұйымының бірінші басшысы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам):

      ___________ ______________________________ ______________

      (лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)

      20____ жылғы "_____" ______________

Назад к документу

Заңдар - Қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекітуі туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды хабардар ету қағидаларын, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесін бекіту туралы (өзгертулер 30 мамыр 2016) V1600014221

Соңғы құжаттар
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 322320
    Қазақ тілінде 160018
    Орыс тілінде 160356
    Ағылшын тілінде 1946
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Nur-Sultan уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы