Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қызметкерлеріне сыныптық біліктілікті беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының 2013 жылғы 19 тамыздағы № 256 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 26 қыркүйекте № 8744 тіркелді

      «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» 2002 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қызметкерлеріне сыныптық біліктілікті беру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
      2) Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) (бұдан әрі – Агенттік) сыныптық біліктілік мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережесі осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Агенттіктің Кадрлар басқармасы Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаментімен бірлесіп аталған бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелуін және оның Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары қаржы полициясының генерал-майоры А.И. Лукинге жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                     Р. Түсіпбеков

Қазақстан Республикасы    
Экономикалық қылмысқа және 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
агенттігі төрағасының    
2013 жылғы 19 тамыздағы   
№ 256 бұйрығына       
1-қосымша          

Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдары
қызметкерлеріне сыныптық біліктілікті беру жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдары қызметкерлеріне сыныптық біліктілікті беру туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдары қызметкерлеріне олардың өз мамандықтарын меңгеру бойынша қол жеткізген деңгейлеріне сәйкес сыныптық біліктілікті беру, растау, төмендету, айыру тәртібі мен шарттарын нақтылайды.
      2. Қызметкерлердің қол жеткізген дайындық деңгейлеріне, жұмыс тәжірибесі мен қызмет өтіліне сәйкес реттілігі бойынша келесі сыныптық біліктіліктер беріледі: «2-сыныпты маман», «1-сыныпты маман», «1-сыныпты маман - тәлімгер».
      Сыныптық біліктілікті беру қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің кәсіптілігін жоғарылату, кадрларды бекіту, сондай-ақ қызметкерлерді материалдық ынталандыру мақсатында жүзеге асырылады.
      Сыныптық біліктіліктер:
      1) «2-сыныпты маман», құқық қорғау қызметіндегі қызмет өтілі кемінде 3 жыл және сыныптық біліктілігі жоқ қызметкерлерге;
      2) «1-сыныпты маман», құқық қорғау қызметіндегі қызмет өтілі кемінде 5 жыл «2-сыныпты маман» сыныптық біліктілігі бар қызметкерлерге;
      «2 сыныпты маман» сыныптық біліктілігі жоқ және құқық қорғау органдарында 10 жылдан астам қызмет атқарған қызметкерлерге атқарып отырған лауазымы бойынша кәсіби білімі мен дағдыларының деңгейін ескере отырып «1-сыныпты маман» сыныптық біліктілігі берілуі мүмкін;
      3) «1 сыныпты маман - тәлімгер» кемінде алты ай уақытқа «1 сыныпты маман - тәлімгер» сыныптық біліктілігі бар және кемінде 7 жыл құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі бар, бір немесе одан да көп жас мамандар мен (немесе) жаңадан тағайындалған қызметкерлерге тәлімгер болуды жүзеге асырып жатқан қызметкерлерге беріледі.
      Сыныптық біліктіліктер өзінің қызметтік міндеттерін адал атқаратын, тәртіптік жазалары жоқ, жеке құрамды (тәлімгерлік өтіп жатқан қызметкерді) сапалы оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз етіп жатқан қызметкерлерге тікелей бастықтардың ұсыныстары бойынша беріледі.
      3. Сыныптық біліктілікті беру, растау, төмендету және айыру туралы шешімді қаржы полициясы органдарының (бұдан әрі - ҚПО) басшысы немесе уәкілетті басшысы Сыныптық біліктілік мәселелері жөніндегі комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) ұсынысы бойынша бұйрық шығару арқылы қабылдайды.
      4. Қызметі бойынша үш айға дейінгі аралықтағы үзіліспен ҚПО жаңадан қабылданған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәртіпте бұрынғы орындарына қайта тағайындалған тұлғалардың сыныптық біліктілігі сақталады.
      Құқық қорғау органдарынан шығарылған және қаржы полициясы органдарына жаңадан тағайындалған қызметкерлер осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес болған жағдайда бұрынғы берілген сыныптық біліктілік расталады.
      Қаржы полициясы органдарына қызметке басқа құқық қорғау органдарынан ауысу тәртібімен қабылданған тұлғаларға сыныптық біліктілікті беру (растау) бұдан бұрын бар болған сыныптық біліктерін беру (растау) ұсыныстары негізінде Комиссияның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
      Қызметкер Агенттіктің орталық аппаратына басқа аумақтық қаржы полициясы органдарынан іссапарға жіберу тәртібімен ауыстырылған жағдайда, егер орталық аппараттағы жаңа лауазымы бойынша қызметтік міндеттерін атқаруы қосымша (басқа) білім мен дағдыларды талап еткен болса, ол бір жылдан кейін бұрын берілген сыныптылықты растауға міндетті.
      5. Қызметкерлерге сыныптық біліктілік үшін үстемеақы қызметкерлердің ай сайынғы негізгі ақшалай үлесімен бірге төленеді.
      6. ҚПО қарамағында тұрған, сондай-ақ бала күтімі демалысындағы қызметкерлерге берілген сыныптық біліктіліктері сақталады, ал үстемеақы төлеу еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес төленеді.
      7. Қазақстан Республикасының білім беретін ведомстволық ұйымдарында күндізгі оқу бөлімінде, сондай-ақ шет елдерде оқып жатқан қызметкерлерге берілген сыныптық біліктіліктер үстемеақы төлеусіз бүкіл оқу мерзімінде сақталады.

2. Сыныптық біліктілікті беру, растау, төмендету немесе айыру
тәртібі

      8. ҚПО қызметкерлеріне сыныптық біліктіліктер келесі бұйрықтармен беріледі:
      1) Агенттіктің орталық аппаратының қызметкерлеріне, Астана, Алматы қалалары, облыстар бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттері (қаржы полициялары) (бұдан әрі - ЭСЖКД), Қаржы полициясы академиясы (бұдан әрі - Академия) бастықтарына – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) (бұдан әрі - Агенттік) Төрағасының;
      2) Тиісті ЭСЖКД мен Академия қызметкерлеріне – ЭСЖКД және Академия бастықтарының бұйрықтарымен беріледі.
      9. Агенттік Төрағасының бірінші орынбасарына, орынбасарларына, Аппарат басшысына сыныптық біліктілік Агенттік Төрағасы орынбасарының ұсынысы бойынша, Агенттіктің департаменттері мен дербес басқармаларының бастықтарына – Аппарат басшысының ұсынысы бойынша, ЭСЖКД мен Академия бастықтарына – Кадрлар басқармасы бастығының ұсынысы бойынша, Агенттіктің орталық аппаратының, аумақтық қаржы полициясы органдарының және Академияның қызметкерлеріне – қызмет бастықтарымен келісілгеннен кейін тікелей бастықтарының ұсыныстарымен беріледі.
      10. Қызметкерлер сыныптық біліктілікті беруге келесі мерзімдерде ұсынылмайды:
      1) оның ҚПО қарамағында болған кезде, лауазымға тағайындалғанға дейін;
      2) алынбаған тәртіптік жазасы болғанда;
      3) оған қатысты қызметтік тергеу жүргізу және (немесе) қылмыстық істі тергеу мерзімінде – қызметтік тергеу және (немесе) қылмыстық іс ақтау негіздері бойынша аяқталғанға дейін, ақтау үкімі заңды күшіне енгенге дейін.
      11. Ұсыныста келесілер көрсетіледі:
      1) қызметкер туралы сауалнамалық мәліметтері (қызметкердің аты-жөні, тегі, туылған жылы, білімі(дері), мамандығы(тары), біліктілігі(тері), ғылыми дәрежесі және (немесе) атағы);
      2) еңбек қызметі туралы мәліметтері (орын ауыстыру, біліктілігін жоғарылату, қайта даярлау, жедел-қызметтік әрекетіндегі маңызды нәтижелері туралы мәліметтері);
      3) қызметкердің іскерлік және жеке қасиеттерін бағалау (кәсіби біліктілігі, жұмыс қабілеттілігі, іскерлік және жеке қасиеттері, көтермелеу және жазалау туралы мәліметтер).
      12. Қызметкерге сыныптық біліктілікті беру, растау, төмендету немесе айыру туралы ұсыныстар Комиссияның қарауына енгізіледі.
      13. Қызметкерге сыныптық біліктілікті беру, растау, төмендету немесе айыру туралы мәселесі оң шешілген жағдайда Комиссия ҚПО басшысына немесе уәкілетті басшысына қызметкерге сыныптық біліктілікті беру, растау, төмендету немесе айыруды ұсынады.
      14. Комиссияның шешімімен келіскен жағдайда ҚПО басшысы немесе уәкілетті басшысы қызметкерге сыныптық біліктілікті беру, растау, төмендету немесе айыру туралы бұйрық шығарады.
      15. Қызметкерге сыныптық біліктілікті беру, растау, төмендету немесе айыру туралы бұйрықтың көшірмесі қызметкердің лауазымдық жалақысына тиісті үстемеақы қосу, оның мөлшерін өзгерту немесе төлемді тоқтату үшін ҚПО қаржы қызметіне жолданады.
      16. Қызметкерге сыныптық біліктілікті беру, растау, төмендету немесе айыру күні онда өзгеше ескерілмесе, бұйрыққа қол қойылған күн болып табылады.
      17. Қызметкердің сыныптық біліктілігі келесі жағдайларда төмендетіледі:
      1) қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылған, сондай-ақ атқарып отырған лауазымынан босатылған және (немесе) арнайы атағын бір сатыға төмендетілген жағдайда;
      2) аттестаттау, оның ішінде кезектен тыс аттестаттау қорытындысы бойынша лауазымынан төмендетілген немесе басқа қызметке ауыстырылған жағдайда.
      18. Осы Нұсқаулықтың 17-тармағының 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған мән-жайлар «2-сыныпты маман» сыныптық біліктілігі бар қызметкерлерге қатысты туындаған жағдайда қызметкер сыныптық біліктілігінен айыруға жатады.
      20. Сыныптық біліктіліктен айырылған, сондай-ақ сыныптық біліктіліктері төмендетілген қызметкерлер сыныптық біліктіліктерін беруге (растауға) сыныптық біліктіліктерінен айырылған немесе төмендетілген күннен бастап алты ай өткеннен кейін ғана қайта ұсынылына алады.
      21. Сыныптық біліктілікті беру, растау, төмендету немесе айыру туралы материалдар (комиссия отырысының хаттамасы, сыныптық біліктілікті беру, растау, төмендету, айыруға ұсынылған қызметкерлердің тізімі) ҚПО кадрлар қызметінің номенклатуралық істерінде сақталады.

3. Сыныптық мамандардың көтермелеу және оларды есепке алу
шаралары

      22. Көбірек сыныптық біліктіліктері бар қызметкерлер басқа үміткерлермен тең болған жағдайларда жоғары тұрған лауазымдарға тағайындау және көтермелеу кезінде артықшылыққа ие болады.
      23. Сыныптық біліктіліктері бар қызметкерлерді есепке алуды ҚПО кадр қызметтері жүзеге асырады.
      24. Сыныптық біліктіліктер берілген, расталған, төмендетілген немесе айырылған қызметкерлердің жеке істерінде (қызметтік тізім бөлімінде) бұйрықтың нөмірі мен күні көрсетіле отырып жазба жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы    
Экономикалық қылмысқа және 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
агенттігі төрағасының    
2013 жылғы 19 тамыздағы   
№ 256 бұйрығына       
2-қосымша          

Қазақстан Республикасы Экономикалық
қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің
(қаржы полициясының) Сыныптық біліктілік мәселесі жөніндегі
комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) Сыныптық мәселелері жөніндегі комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) жұмысының тәртібін анықтайды.
      2. Комиссия алқалық-кеңесші орган болып табылады және өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, 2002 жылғы 4 шілдедегі «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы», 2011 жылғы 6 қаңтардағы «Құқық қорғау органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығын, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерін басшылыққа алады.

2. Комиссияның негізгі функциялары мен құқықтары

      3. Комиссия өз құзыреті шеңберінде келесі функцияларды жүзеге асырады:
      1) Сыныптық біліктілікті беру, растау, төмендету және айырудың бекітілген тәртібін сақтайды;
      2) ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын тексереді;
      3) сыныптық біліктілікті беруге ұсынылған қаржы полициясы органдары (бұдан әрі - ҚПО) қызметкерлерінің дайындық деңгейінің сәйкестігін анықтайды;
      4) сыныптық біліктілікті беру, растау, төмендету және айыруға қатысты өтініштер мен арыздарды қарастырады.
      4. Комиссияның құзыреті:
      1) өз отырыстарында сыныптық біліктілікті беруге, растауға, төмендетуге және айыруға ұсынылған ҚПО қызметкерлерін тыңдау;
      2) Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) (бұдан әрі-Агенттік) құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан өз функцияларын орындау үшін қажетті құжаттарды, материалдар мен ақпараттарды сұратып алу.

3. Комиссия қызметін ұйымдастыру

      5. Комиссияның құрамында Комиссия Төрағасы, мүшелері және хатшысы болады.
      Комиссияның жеке құрамы Агенттік Төрағасымен бекітіледі.
      Комиссия мүшелері болмаған жағдайда олардың міндеттерін лауазым бойынша уақытша атқарушы қызметкерлермен алмастыруға рұқсат етіледі.
      6. Комиссия отырысы қажет болған және оның мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі.
      7. Комиссия шешімі Комиссия мүшелерінің көпшілік қарапайым дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, соңғы дауыс беретін Комиссия Төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді, оған Комиссия Төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.
      8. Комиссия Төрағасы:
      1) Комиссияны басқарады, оның жұмысын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      2) Комиссия отырысының күн тәртібін, отырыстың уақыты мен өткізілетін орнын, шақырылған тұлғалардың тобын анықтайды;
      3) Комиссия отырысын шақырады және онда Төрағалық етеді;
      4) шешуші дауыс беру құқығына ие;
      5) Комиссия мүшелерінің функционалдық міндеттерін анықтайды және олардың Комиссия жұмысын ұйымдастыру бойынша жауапкершіліктерін белгілейді;
      6) қажет болған жағдайда Агенттік Төрағасына Комиссияның жұмысы туралы баяндайды;
      7) Комиссияға жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауапкершілікте болады.
      9. Комиссия мүшелерінің құзыреті:
      1) ҚПО қызметкерлеріне сыныптық біліктілікті беру, растау, төмендету немесе айыру туралы келіп түскен материалдарды (ұсыныстарды) зерделеу;
      2) ҚПО қызметкерлеріне сыныптық біліктілікті беру, растау, төмендету немесе айыру туралы мәселелер бойынша Комиссия Төрағасына ұсыныстар енгізу.
      10. Комиссия мүшелері Комиссия отырыстарына және оның ағымдағы жұмыстарына қатысуға міндетті.
      11. Комиссия хатшысы:
      1) Комиссия мүшелеріне Комиссия отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарлайды;
      2) Комиссия отырысына қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайды;
      3) Қабылданатын шешімдердің жобаларын дайындап, Комиссия мүшелерімен келіседі;
      4) Комиссия отырысының хаттамаларын жүргізеді;
      5) Комиссия Төрағасының тапсырмасы бойынша басқа да функцияларды жүзеге асырады.
      Агенттіктің Кадрлар басқармасының қызметкері Комиссия хатшысы болып табылады. Комиссияның барлық материалдары Агенттіктің Кадрлар басқармасының номенклатуралық ісінде сақталады.

4. Комиссия шешіміне шағымдану

      12. ҚПО қызметкері Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда Агенттіктің Төрағасына немесе сотқа шағымдануға құқылы.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 262810
    Қазақ тілінде 131206
    Орыс тілінде 130710
    Ағылшын тілінде 894
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы