Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебін жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 маусымдағы N 153 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 19 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2953. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы 196 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңының 49-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қаржы рыногын мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Заңының 13-бабының 3-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебін жүргізу ережесі бекітілсін (осы қаулының 1-қосымшасы).

      2. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер күшін жойды деп танылсын.

      3. Қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы (Жұрынова С.Р.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бұқаралық баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің баспасөз басылымдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш ай мерзім өткен соң қолданысқа енетін Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебін жүргізу ережесінің 4 және 6 тармақтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енеді.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасының Қаржы  
нарығын және қаржы ұйымдарын    
реттеу мен қадағалау жөніндегі  
агенттігі Басқармасының      
"Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы
салымшылардың (алушылардың) жеке
зейнетақы шоттарында жинақталған
зейнетақы қаражатының есебін   
жүргізу ережесін бекіту туралы" 
2004 жылғы 12 маусымдағы    
N 153 қаулысына        
1-қосымша           

Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебін жүргізу ережесі

      Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебін жүргізу жөніндегі осы ереже жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебін жүргізу жөніндегі тәртібін белгілейді.

      1. Жинақталған зейнетақы қаражатының есебін тиісінше қамтамасыз ету мақсатында жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі - қор) әр салымшысына (алушысына) жеке зейнетақы шоты ашылады.

      2. Жеке зейнетақы шотын ашудың негіздемесі болып мыналар табылады:
      1) қор және салымшы (алушы) арасында жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт;
      2) мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қордың салымшыларының (алушыларының) зейнетақы активтерін басқа жинақтаушы зейнетақы қорына өткізу жөніндегі келісім.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 115 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Қор сонымен қатар бір мезгілде салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотын электронды түрде тіркеуді жүзеге асырады.

      4. Қордың автоматтандырылған ақпарат жүйесінің деректер базасында әрбір салымшы (алушы) бойынша мынадай ақпарат сақталуы тиіс:
      1) жеке зейнетақы шотының нөмірі;
      2) салымшының (алушының) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні;
      3) салымшының (алушының) жынысы;
      4) жеке сәйкестендіру нөмірі;
      5) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың нөмірі және жасалған күні;
      6) салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжат нөмірі, оны берген мемлекеттік орган туралы мәліметтер, берілген күні;
      7) салымшының (алушының) мекенжайы, тұрғылықты жері;
      8) төлем тапсырмасында көрсетілген агенттің атауы (тегі), аты, әкесінің аты (бар болса) және басқа деректемелері;
      9) жеке зейнетақы шотына келіп түскен барлық сома;
      10) инвестициялық портфельдің түрі.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.12.26 № 219 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыcымен.

      5. Салымшыға (алушыға) жеке зейнетақы шоты зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасқан күні ашылады және ол теңгемен жеке зейнетақы жарналарының түрлері бойынша (міндетті зейнетақы жарналары/ерікті зейнетақы жарналары/ерікті кәсіби зейнетақы жарналары) жүргізіледі. Қор зейнетақы жарналарының әр түрі бойынша салымшыға (алушыға) бір ғана жеке зейнетақы шотын ашады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.01.25. N 3 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      6. Жеке зейнетақы шотының құрылымында мынадай міндетті деректер болуы тиіс:

                  А ВВВВВВ СС DD..., онда:
____________________________________________________________________
A      - зейнетақы               зейнетақы жарнасының мынадай
       жарнасының       1 саны   түрлерін білдіреді
       түрін белгілеу            "1" - міндетті зейнетақы жарналары,
                                 "2" - ерікті зейнетақы жарналары,
                                 "3" - ерікті кәсіби зейнетақы
                                 жарналары,

ВВВВВВ  - баланс       2, 3, 4,  Шоттар жоспарының шотын білдіреді
       шотының нөмірі  5, 6, 7
                       сандары

С С    - аймақ         8, 9      Зейнетақымен қамсыздандыру шарты
       (облыс) коды    сандары   жасалған аймақтың мынадай кодын
                                 білдіреді
                                 "01" - Алматы қ., Алматы облысы;
                                 "02" - Астана қ., Ақмола облысы;
                                 "03" - Солтүстік Қазақстан облысы;
                                 "04" - Павлодар облысы;
                                 "05" - Қостанай облысы;
                                 "06" - Шығыс Қазақстан облысы;
                                 "07" - Қараганды облысы;
                                 "08" - Ақтөбе облысы;
                                 "09" - Батыс Қазақстан облысы;
                                 "10" - Атырау облысы;
                                 "11" - Маңғыстау облысы;
                                 "12" - Қызылорда облысы;
                                 "13" - Оңтүстік Қазақстан облысы;
                                 "14" - Жамбыл облысы.

DD     - қордың коды   10, 11     Қордың қолданылып жүрген
                       сандары   лицензиясының нөмірін білдіреді

       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.29 N 162 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

       7. Қор жинақталған зейнетақы қаражатын есепке алуды зейнетақы активтері құнының үлестік шамасы ретінде айқындалатын шартты бірлік құнын инвестициялық портфельдің әрбір түрі бойынша жеке-жеке қайта бағалау жолымен жүзеге асырады.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.12.26 № 219 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыcымен.

      8. Салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотына сома келіп түскен кезде қор келіп түскен соманы оның келіп түскен күнінің басындағы тиісті инвестициялық портфель түрінің шартты бірлігінің ағымдағы құнымен инвестициялық портфельдің әрбір түрі бойынша жеке-жеке айқындалатын шартты бірліктердің балама санына қайта есептейді. Қор салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотынан сомаларды есептен шығару операцияларын есептен шығару күнінің басындағы тиісті инвестициялық портфель түрінің шартты бірлігінің ағымдағы құны бойынша жүзеге асырады.
      «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңы 9-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғалардың жеке зейнетақы шоттарындағы сомаларын қалыпты инвестициялық портфельден консервативті инвестициялық портфельге аударған кезде қор аталған тұлғалар зейнеткерлік жасқа толған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сомаларды ақшамен аударуды жүзеге асырады және консервативті инвестициялық портфельге сомалар келіп түскен күннің басындағы шартты бірліктің ағымдағы құны бойынша оларды шартты бірліктердің балама санына қайта есептейді.
      «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңы 9-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген тұлғалардың жеке зейнетақы шоттарындағы сомаларын қалыпты инвестициялық портфельден консервативті инвестициялық портфельге аударған кезде қор аталған тұлғалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі № 661 қаулысымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсіптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесiнің және Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеуді жүзеге асыру әдiстемесiнің 14-тармағында көрсетілген құжаттарды қорға ұсынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сомаларды ақшамен аударуды жүзеге асырады және консервативті инвестициялық портфельге сомалар келіп түскен күннің басындағы ағымдағы құн бойынша оларды шартты бірліктердің балама санына қайта есептейді.
      Салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотындағы сомаларды қалыпты инвестициялық портфельден консервативті инвестициялық портфельге қате аударған жағдайда қор екі жұмыс күні ішінде қалыпты инвестициялық портфельге қате аударылған соманы қалыпты инвестициялық портфельден аударым жасалған күннің басындағы шартты бірліктің ағымдағы құны бойынша қайтарады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.12.26 № 219 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыcымен.

      9. Қорлар шартты бірліктің ағымдағы құнын есептеуді Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы № 181 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5793 тіркелген) бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықтың 20-тармағына сәйкес формуламен инвестициялық портфельдің әрбір түрі бойынша жеке-жеке жүргізеді.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.12.26 № 219 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыcымен.

      10. Қор күн сайын инвестициялық портфельдің әрбір түрі бойынша шартты бірліктің ағымдағы құны мен зейнетақы активтерінің сомасын қайта бағалаудың есеп айырысуын жүргізеді.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.12.26 № 219 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыcымен.

      11. Қор шартты бірліктің ағымдағы құнының күн сайынғы есебін инвестициялық портфельдің әрбір түрі бойынша шартты бірліктің күні мен сомалық санын көрсете отырып жүргізеді.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.12.26 № 219 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыcымен.

      12. Қор кем дегенде айына бір рет инвестициялық портфельдің әрбір түрі бойынша салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаты сомасы ретінде есептелген зейнетақы активтерінің құнын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен салыстырып тексереді. Егер қор зейнетақы активтерін инвестициялық басқару қызметін өз бетінше жүзеге асырған жағдайда, салыстырып тексеруді функцияларына осы операцияны жүзеге асыру кіретін қордың тиісті бөлімшесі жүзеге асырады.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.12.26 № 219 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыcымен. 

      13. Қор заңсыз есепке алынған зейнетақы жарналары мен жинақтарының сомасынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 3,5 есе кері қаржыландыру ставкасы мөлшеріндегі тұрақсыздық айыбын өз қаражаты есебінен бір жолғы төлем жасау арқылы заңсыз қолданудың әрбір күні үшін заңсыз есепке алынған зейнетақы жарналары мен жинақтарын қайтаруды жүзеге асырады.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.01.25. N 3 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      14. Салымшының (алушының) енгізілген міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін арналған жеке зейнетақы шоты:
      1) салымшылардың міндетті зейнетақы қаражатын салымшының жинақталған зейнетақы қаражаты аударылатын қордан (бұдан әрі - Жөнелтуші қор) салымшының "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы қормен жасалған зейнетақы шартының негізінде жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасайтын қорға аударым жасау функциясын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметімен уәкілетті заңды тұлғаның хабарламаны алған қордағы салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотында жинақталған зейнетақы қаражаты жоқ болған жағдайда, жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы электрондық хабарламасын алған күні;
      2) аударым жасаған күннен кейінгі күннен кешіктірмей Жөнелтуші қор жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасағаннан кейін жабылады.
       Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізіді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.12.29 N 245 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
       14-1. Жөнелтуші қорда салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотында жинақталған зейнетақы қаражаты жоқ болған жағдайда, ерікті және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт бұзылады және жеке зейнетақы шоты жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы өтініш түскен күні жабылады.
       Ескерту. 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.12.29 N 245 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      15. Қордың автоматтандырылған ақпарат жүйесінің деректер базасында жеке зейнетақы шотын жабу себебі және күні көрсетілген зейнетақы шотын жабу жөнінде белгі қойылады.

      16. Жеке зейнетақы шоты жабылғаннан кейін жабылған жеке зейнетақы шотының нөмірі қордың басқа салымшысына (алушысына) берілмейді.

      17. Жеке зейнетақы шоты жабылғаннан кейін қорға зейнетақы жарналары немесе басқа сомалар келіп түскен жағдайда аталған сомалар кері қайтару себебі көрсетіліп, жіберушіге қайтарылуы тиіс.

      18. Қор жинақталған зейнетақы қаражатының талап етілмеген сомаларын осы соманы алушы немесе оның мұрагерінің (мұрагерлері) талап етуі бойынша есептен шығармайды.

      19. Осы ереже бойынша реттелмейтін мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіп бойынша шешіледі.

Қазақстан Республикасының Қаржы  
нарығын және қаржы ұйымдарын    
реттеу мен қадағалау жөніндегі  
агенттігі Басқармасының      
"Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы
салымшылардың (алушылардың) жеке
зейнетақы шоттарында жинақталған
зейнетақы қаражатының есебін   
жүргізу ережесін бекіту туралы" 
2004 жылғы 12 маусымдағы    
N 153 қаулысына        
2-қосымша           

      Күші жойылды деп табылған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі:
      1) Еңбек және Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы ұлттық зейнетақы агенттігінің "Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы жинақталған зейнетақы қаражатына есеп жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 1997 жылғы 14-қазандағы N 11-Б бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 414 тіркелген, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы бойынша нормативтік құқықтық және нормативтік актілер жинағында 2001 жылғы наурызда жарияланған, 4-том);
      2) "Еңбек және Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы ұлттық зейнетақы агенттігінің 1997 жылғы 14-қазандағы N 11-Б бұйрығымен бекітілген "Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы жинақталған зейнетақы қаражатына есеп жүргізу жөніндегі Тәртіпке енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" Еңбек және Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы ұлттық зейнетақы агенттігі Директоратының 1998 жылғы 18-желтоқсандағы N 173-Б бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 672 тіркелген, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы бойынша нормативтік құқықтық және нормативтік актілер жинағында 2001 жылғы наурызда жарияланған, 4-том);
      3) "Еңбек және Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы ұлттық зейнетақы агенттігінің 1997 жылғы 14-қазандағы N 11-Б бұйрығымен бекітілген "Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы жинақталған зейнетақы қаражатына есеп жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Еңбек және Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі Комитет Төрағасының 2000 жылғы 29-ақпандағы N 14-Б бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1133 тіркелген, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы бойынша нормативтік құқықтық және нормативтік актілер жинағында 2001 жылғы наурызда жарияланған, 4-том).

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 280076
    Қазақ тілінде 139469
    Орыс тілінде 139188
    Ағылшын тілінде 1419
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы