Жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті тарату ережесін бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 80 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 5 мамырда тіркелді. Тіркеу N 4224. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 132 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Ұсынылып отырған Жинақтаушы зейнетақы қорларын ерiктi тарату ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енедi.
      3. Қаржылық ұйымдарды тарату департаментi (Мұқашева А.М.):
      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне жiберсiн.
      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық баспасөз құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

      Келісілді                               
      Қазақстан Республикасының               
      Ұлттық Банкі
      Төраға

      5 сәуір 2006 жыл
      ___________________________
      (қолы, күні, елтаңбалы мөрі)            

      Келісілді
      Қазақстан Республикасының
      Мәдениет және ақпарат
      министрлігінің
      Ақпарат және мұрағаттар
      комитеті
      Төраға

      7 сәуір 2006 жыл
      __________________________
     (қолы, күні, елтаңбалы мөрі)

Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттiгi
Басқармасының      
2006 жылғы 25 наурыздағы N 80
қаулысымен бекiтiлген  

Жинақтаушы зейнетақы қорларын ерiктi тарату ережесi

      Осы Ереже "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Заң) 45, 45-1-баптарына сәйкес әзiрлендi және қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган ) жинақтаушы зейнетақы қорын ерiктi таратуға рұқсат беру тәртiбiн, ерiктi таратылып отырған жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы қызметiнiң ерекшелiктерiн, ерiктi таратылып отырған жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлар комитетi қызметiнiң қалыптасу ерекшелiктерiн анықтайды.
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасы төрағасының 2008.11.28. N 188 қаулыcымен.

1-тарау. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы
қорын ерiктi таратуға рұқсат беру тәртiбi

      1. Жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрi - қор) акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi негiзiнде Заңның 45-1-бабының 1-тармағында көрсетiлген құжаттарды қоса бере отырып, оны ерiктi таратуға рұқсат беру туралы уәкiлеттi органға өтiнiш бередi.

      2. Қорды ерiктi таратуға рұқсат алу туралы өтiнiштi уәкiлеттi орган тиiсiнше ресiмделген құжаттарды алған күннен бастап бiр ай iшiнде қарайды.

      3. Уәкiлеттi органның ерiктi таратуға рұқсат беру туралы шешiмi өтiнiш иесi оны алған күннен бастап күшiне енедi және уәкiлеттi органның оған осының алдында берген лицензиясының қолданылуын тоқтатуға негiз болады.

      4. Уәкiлеттi орган ерiктi таратуға рұқсат беру туралы шешiмнен бас тартқан жағдайда қордың басшы қызметкерлерi мен акционерлерiне жiберiлетiн дәлелдi шешiм шығарады.

      5. Қорды ерiктi таратуға рұқсат алу туралы өтiнiштен бас тартуды уәкiлеттi орган мынадай кез-келген негiздемелер бойынша жасайды:
      1) Заңның 45-1-бабының 1-тармағында көрсетiлген құжаттарды бермеу;
      2) қордың мiндеттемелерi бойынша есеп айырысу үшiн қаражатының жеткiлiксiздiгi.

2-тарау. Қорды ерiктi тарату процесiнiң басы

      6. Қор уәкiлеттi органнан ерiктi тарату туралы рұқсат алғаннан кейiн:
      1) уәкiлеттi органның осының алдында берген лицензиясының түпнұсқасын осы шешiм күшiне енген сәттен бастап үш жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға қайтарады;
      2) он күндiк мерзiм iшiнде заңды тұлғаларды тiркеудi жүзеге асыратын әдiлет органына қордың таратылатындығы туралы жазбаша хабардар етедi.

      7. Ерiктi тарату процесiнiң басталуы қордың тарату комиссиясының құрылған күнi болып табылады.

      8. Қордың тарату комиссиясы қор акционерлерiнiң жалпы жиналысы арқылы, қордың филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, уәкiлеттi органның қорды ерiктi таратуға рұқсат беру туралы шешiмi күшiне енген күннен бастап қырық бес күнтiзбелiк күн мерзiмiнен кешiктiрмей құрылады.
      Қордың тарату комиссиясының құрамын өзгерту қор акционерлерiнiң жалпы жиналысы арқылы жүзеге асырылады.

      9. Қордың тарату комиссиясы құрылған күннен бастап және қорды тарату процесi аяқталғанға дейiн:
      1) ерiктi таратылатын қордың акционерлерiнiң жалпы жиналысының, басқа органдарының және лауазымды тұлғалардың , оның iшiнде қордың мүлiктi басқару және мiндеттемелердi өтеу жөнiндегi өкiлеттiктерiнiң, сондай-ақ олардың қор ұйымын басқару жөнiндегi құқықтары осы Ережеде көзделгеннен басқа жағдайларда тоқтатылады;
      2) таратылатын қордың кредиторлық берешектерiнiң барлық түрлерi бойынша тұрақсыздық айыбын және сыйақыны есептеуге тыйым салынады;
      3) таратылатын қордың мүлкiне өндiрiп алуға белгiленген заңды шектеулердiң бәрi алынып тасталады.

3-тарау. Тарату комиссиясы

      10. Тарату комиссиясы құрылған күннен бастап оған таратылатын қордың iсiн және мүлкiн басқару жөнiндегi барлық өкiлеттiктер көшедi.
      Тарату комиссиясы қордың iсiн, оның iшiнде оның кредиторлармен және акционерлермен есеп айырысуын қамтамасыз етуiн аяқтау үшiн шаралар қабылдайды.
      Тарату комиссиясы таратылатын қордың атынан iс-әрекет жасайды және өзiнiң құзырына кiретiн мәселелер бойынша шешiм қабылдау кезiнде дербес бола алады.
      Тарату комиссиясының шешiмi хаттамамен ресiмделедi.

      11. Тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясының жұмысын басқарады, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес қызмет етуiне жеке жауап бередi. ( K990409 K970167 K010155 )
      Қор ұйымдарының тарату комиссиясының төрағасы болмаған кезде оның мiндеттерiн орынбасары орындайды.

      12. Қордың филиалы не өкiлдiктерi болса, оларды сол жерде құрылатын қордың тарату комиссиясының бөлiмшесi (бұдан әрi - бөлiмше) таратады.
      Бөлiмше құрамы тарату комиссиясы мүшелерiнiң арасынан қалыптасады және тарату комиссиясы төрағасының бұйрығымен тағайындалады.

      13. Бөлiмшенi тарату комиссиясы мүшелерiнiң iшiнен тағайындалған басшы (бұдан әрi - бөлiмше басшысы) басқарады.
      Бөлiмше басшысы өзiнiң қызметiн тарату комиссиясының төрағасы берген сенiмхат негiзiнде жүзеге асырады.
      Бөлiмше басшысы және бөлiмше тарату комиссиясының төрағасына есеп бередi.

      14. Бөлiмше басшысы бөлiмшенiң қызметiне жауап бередi және қордың филиалын және (немесе) өкiлдiгiн Қазақстан Республикасының заң шығару актiлерiне сәйкес таратады.

      15. Тарату комиссиясы мүшесiнiң, бөлiмше басшысының, тарату комиссиясының тартылған қызметкерiнiң еңбекақы төлемiнiң талаптарын қосқандағы құқықтары мен мiндеттерi тарату комиссиясының төрағасымен жасалатын жеке еңбек шартында белгiленедi.( Z990493 9-бап 12-бап )
      Жұмысқа қабылдау қордың тарату комиссиясы төрағасының бұйрығымен ресiмделедi.

      16. Қордың тарату комиссиясының төрағасы шұғыл басшылық жасайды, бөлiмше басшыларының жұмысын және бөлiмшенiң қызметiн бақылайды.

      17. Тарату комиссиясының бөлiмшесiнiң төрағасы, басшысы және мүшелерi қорға келтiрген зиян үшiн, өкiлеттiктердiң заңсыздықтары үшiн, сондай-ақ қорды тарату барысындағы басқа да тәртiп бұзушылықтарға, олқылықтарға Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленгендей жауап бередi.

      18. Тарату комиссиясы:
      1) Қазақстан Республикасының барлық аумағына тарататын екi мерзiмдiк баспасөз басылымында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде кредиторлардың шағым-талаптарын беру тәртібін, мерзімдерін және қор кредиторларының өз талаптарын қоюға құқылы мекен-жайларын міндетті
түрде көрсете отырып, қордың ерiктi таратылатындығы туралы ақпаратты жариялайды.
      Талап-шағымды көрсету мерзiмi тарату туралы ақпарат жарияланған сәттен бастап екі айдан кем болмауы тиiс;
      2) қордың басшылығынан қордың құқықтық негiздi құжаттарын, мөртабандарын, мөрлерiн, ақпаратты электронды тасушылар, бағдарламалық қамтамасыз ету, бланктерiн және басқа да құжаттарды қабылдау-өткiзу актiсiн жасай отырып, тез арада құжаттар мен құндылықтарды қабылдайды;
      3) қордың меншiктi активтерiн қабылдайды;
      4) қордың кассасын тез арада түгендейдi, ақша қалдығын қордың ағымдағы шоттарына есептейдi;
      5) қорда тарату процесi басталған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде қордың банктiк шоттарын салыстырады және оларды жабады және бас офис тұрған жердегi екiншi деңгейдегi банкте теңгеде және шетел валютасында таратылып отырған қордың ағымдағы шоттарын ашады және оларға меншiктi қаражат есебi бойынша банктiк шоттардағы ақша қалдығын аударады;
      6) уәкiлеттi органның қорды ерiктi таратуға, қордың тарату комиссиясын тағайындау туралы акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмдерiнiң көшiрмелерiн қордың салымшыларына (кредиторларына) көрiнетiн көрнекi жерге орналастырады;
      7) тарату комиссиясын құрған күнге электронды түрде жасалған есеп-бухгалтерлiк ақпаратты басып шығарады. Осы ақпарат электронды түрде болмаған жағдайда негiзге осы күнгi қағаз тасымалдағыштағы ақпарат алынады;
      8) толық материалдық жауапкершiлiктерi бар адамдар тобын, оның iшiнде қордың бухгалтерлiк есептi жүргiзудiң электронды жүйесiне және қаржылық және өзге де есеп берудi өңдеуге кiруге рұқсаты бар тұлғаларды анықтайды;
      9) бағдарламалық қамтамасыз етудiң сақталуын және қордың ақпаратын электронды тасымалдағыштарын, сондай-ақ басқа да ақпаратын сақталуын қамтамасыз етедi;
      10) қор қызметкерлерiн Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларына сәйкес жұмыстан шығарады;
      11) өз функциялары мен мiндеттерiн орындауды қамтамасыз ету үшiн қажеттi қызметкерлердi жалдайды;
      12) кредиторлардың тiзiмiн жасайды, бар құжаттар бойынша олардың мекен-жайларын белгiлейдi және талдамалық есеп деректерiмен салыстырады;
      13) қордың кредиторларын оның ерiктi таратылатындығы туралы жазбаша хабарландырады;
      14) кредиторлар туралы деректер болмаған жағдайда бар деректемелердi және жазбаша хабарландырудың мүмкiндiгiнiң жоқтығының себептерiн көрсетiп акт жасайды;
      15) таратылатын қордың кредиторларының талаптарының заңдылығын белгiлейдi және оларды бекiтiлген қордың аралық тарату балансына және кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне сәйкес қанағаттандырады;
      16) қорды таратудың барлық кезеңiнде қордың мүлкiн және құжаттарын сақтау жөнiнде шаралар қабылдайды;
      17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қордың дебиторларынан берешектердi алу үшiн шаралар қабылдайды; K990411
      18) уәкiлеттi органға жасалған жұмыс туралы есептi, сондай-ақ тарату процесiне қатысты басқа да мәлiметтердi бередi; V011698
      19) кредиторлардың талаптарын толық қанағаттандыру yшiн мүлiктiң жеткiлiксiз болу фактiсi анықталған жағдайда сотқа қорды банкрот деп тану туралы өтiнiш бередi; ( Z970067 3-бап 18-бап 19-бап )
      20) тарату туралы есеп, тарату балансы жасайды және оны қор ұйымы акционерлерiнiң жалпы жиналысының бекiтуiне ұсынады;
      21) қорды тарату iсi аяқталған соң қордың құжаттарын сақтау үшiн белгiленген тәртiппен архивке бередi және бұл туралы уәкiлеттi органды хабардар етедi;
      22) осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтары мен мiндеттерi болады.
       Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасы төрағасының 2008.11.28. N 188 қаулыcымен.

      19. Заңсыздық немесе және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасы бұзылғандығы фактiлерi анықталған жағдайда қордың тарату комиссиясы белгiленген тәртiп бойынша құқық қорғау органдарына немесе сотқа өтiнiш жасайды, сондай-ақ уәкiлеттi органды хабардар етедi.

      20. Тарату жоспарында және кестесiнде белгiленген мерзiмдер бұзылған жағдайда тарату комиссиясы он күндiк мерзiмде уәкiлеттi органға тиiстi құжаттардың көшiрмелерiмен қоса тиiстi жазбаша түсiнiктеме, сондай-ақ акционерлердiң жалпы жиналысы қайта бекiткен тарату жоспары мен кестесiн ұсынуға тиiс.

4-тарау. Тарату комиссиясының ерiктi таратылатын қордың
зейнетақымен қамсыздандыру шарттарына сәйкес зейнетақы
активтерiн және мiндеттемелерiн беру тәртiбi

       Ескерту. 4-тарау алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасы төрағасының 2008.11.28. N 188 қаулыcымен.

5-тарау. Тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру
және бекiту

      26. Қорды ерiктi таратуға байланысты барлық шығыстар осы қордың ғана қаражаты есебiнен жасалады.
      Тарату өндiрiсiне байланысты, оның iшiнде қордың тарату комиссиясының қызметiн қамтамасыз етуге байланысты шығыстар, сондай-ақ таратылатын қордың негiзгi функцияларын қамтамасыз ету қажеттiгiне байланысты туындайтын шығыстар кезектен тыс және тұрақты жасалады.
      Тарату массасын мақсатсыз жұмсауға жол берiлмейдi.

      27. Тарату комиссиясының қызметi кезеңiндегi таратылатын қордың шығыстарын ретке келтiру мақсатында тарату комиссиясының тарату шығыстарының сметасы жасалады.

      28. Тарату комиссиясы, кредиторлар комитетi таратылатын қордың тарату комиссиясының тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру және бекiту кезiнде нақтылық, негiздiлiк, мақсаткерлiк және шынайылық принциптерiн басшылыққа алады.
      Тарату шығыстарының нақтылық принципi тарату шығыстарын қалыптастыру кезiнде таратылатын қордың нақты қаржылық жағдайын, оның iшiнде кредиторлар алдындағы берешек көлемiн негiзге алу керектiгiн болжалдайды.
      Тарату шығыстарының негiздiлiк принципi тарату өндiрiсiнiң белгiлi бiр кезеңiнде болжалданатын объективтi қажеттiлiк деп түсiнуге болады.
      Тарату шығыстарының мақсаткерлiк принципi мынаны бiлдiредi, яғни тарату комиссиясы жасаған шығындар қойылған мақсатқа сәйкес келетiндiгiн бiлдiредi, бұл тарату өндiрiсiн және қордың кредиторларымен және акционерлерiмен есеп айырысуды аяқтауға бағытталып отыр деген сөз.
      Тарату шығыстарының шынайылық принципi тарату комиссиясының жасалған шығындарды құжаттамалық растауын бiлдiредi.

      29. Тарату комиссиясы тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру кезiнде таратылатын қордың қандай да бiр кәсiпкерлiк қызметпен айналыспайтындығын негiзге алады және тарату комиссиясының негiзгi мiндетi - таратылып отырған қордың iстерiн аяқтау барысында Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын сақтай отырып, қор кредиторлары мен акционерлерiнiң есеп айырысулары бойынша шаралар қабылдау болып табылады.

      30. Тарату шығыстары сметасында қажеттiлiкке байланысты мынадай шығын баптары көзделедi:
      1) қызметкердiң еңбегiне ақы төлеу шығыстары;
      2) бюджетке аударым жасау;
      3) әкiмшiлiк шығыстар;
      4) тарату өндiрiсiн жүзеге асыру үшiн қажет тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу жөнiндегi шығыстар;
      5) iссапарлық шығыстар.

      31. Қызметкердiң еңбегiне ақы төлеу шығыстары мынадай шығындарды көздейдi: тарату комиссиясы төрағасы мен мүшелерiнiң еңбегiне ақы төлеу, таратылатын қордың бар филиалдарын ескере отырып, тарату комиссиясына тартылған қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу.
      Шығыстарда мынадай сомалар көрсетiледi:
      1) лауазымды жалақы;
      2) мемлекеттiк бюджетке аударылатын табыс салығы;
      3) мiндеттi зейнетақы жарналары.

      32. Еңбекке ақы төлеу бөлiгiндегi тарату шығыстары сметасын қалыптастыру кезiнде есеп айырысулар жасалған жеке еңбек шартына және жұмысқа қабылдау жөнiндегi бұйрыққа негiзделедi.
      Қызметкердiң еңбегiне ақы төлеу шығыстарының бабы штат кестесiне сәйкес қалыптасады.

      33. Бюджетке төленетiн салықтар және басқа да мiндеттi төлемдер бойынша шығыстар Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасының талаптарына сәйкес жасалады.

      34. Әкiмшiлiк шығыстар мыналар үшiн көзделуi мүмкiн:
      1) қызметтiк және шаруашылық қажеттiлiктер үшiн көлiк жалдау қызметi;
      2) байланыс қызметi (телекоммуникациялық шығыстар, телефонды, телеграфты пайдаланғаны үшiн абоненттiк төлем, қалааралық және халықаралық сөйлесулер, почта және анықтамалық қызмет бойынша шығыстар);
      3) үйлер мен ғимараттарды (меншiк және кепiл мүлiктi) күзету және сигнализация қызметi;
      4) көлiктi күзету қызметi;
      5) көлiк үшiн тұрақ ұсыну қызметi;
      6) көлiктi тiркеу қызметi;
      7) көлiктi техникалық жағынан қарау қызметi;
      8) көлiктi сақтандыру қызметi;
      9) коммуналдық қызмет;
      10) ағымдық жөндеу, мердiгерлiк тәсiлмен жүзеге асырылатын негiзгi құрал-жабдықтарға техникалық, сервистiк қызмет көрсету (қарау);
      11) үй-жайды жалдау;
      12) тiркеу органдарында жылжымайтын мүлiктi және тиiстi құжаттаманы тiркеу жөнiндегi қызмет;
      13) мүлiктi бағалау жөнiндегi қызмет;
      14) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөнiндегi қызмет;
      15) жылу жүйесiн iске қосуға дайындық жасау қызметi;
      16) сантехникалық жұмыстар;
      17) мүлiктi сақтау жөнiндегi қызмет;
      18) мемлекеттiк баж салығын төлеу;
      19) нотариатта куәландыру жөнiндегi қызмет;
      20) мүлiктi тасымалдау, тиеу, түсiру жөнiндегi қызмет;
      21) терезе, есiктерге торкөз дайындау және қою жөнiндегi жұмыстар;
      22) аукциондар өткiзу жөнiндегi қызмет;
      23) сараптама жасау жөнiндегi қызмет;
      24) аудит өткiзу жөнiндегi қызмет;
      25) құжаттарды аудару жөнiндегi қызмет;
      26) телефон нөмiрлерiн қою, ауыстыру және қолға алып жүру жөнiндегi қызмет;
      27) акционерлердiң тiзiлiмiн актуалды жай-күйде ұстау үшiн қажет тiркеушi қызметi;
      28) құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу жөнiндегi қызмет және оларды мұрағатқа өткiзу;
      29) таратуды тiркеу үшiн алым төлеу қызметi.
      Жұмыс пен қызметке төлем жасау тұрақты және бiр жолғы сипатта болуы мүмкiн.

      35. Ағымдағы қажеттiлiктердi қанағаттандыруға бағытталған және мыналар үшiн қажеттi жол берiлген барынша төмен қор құру үшiн тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу жөнiндегi шығыстар:
      1) жұмыс жағдайындағы офистiк жабдықтарды ұстау;
      2) көлiк құралдарын ұстау;
      3) үй-жайды ұстау;
      4) қағаз және бланктiк өнiмдердi сатып алу;
      5) кеңсе тауарларын сатып алу.

      36. Тарату комиссиясы сатып алу үшiн әртүрлi қызмет пен тауар-материалдық құндылықтарды шығыстар сметасына енгiзу кезiнде есеп айырысу осы өңiрде белгiленген тарифтiк сеткалар мен орта рыноктық бағалар негiзiнде жасалады.

      37. Тарату комиссиясы қызметкерлерiнiң шығу шығыстары тарату шығыстарының сметасында көзделген қаражат шегi бойынша жүзеге асырылады.

      38. Жоспарланып отырған және жасалған шығыстарды тарату комиссиясы уәкiлеттi органға шарттар, шот-фактуралар, чектер және өзге растаушы құжаттарды беру жолымен растайды.

      39. Тарату комиссиясы тағайындалғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде тарату шығыстары сметасын қалыптастырады. Кредиторлар комитетiн құрғанға дейiн тарату шығыстарының сметасын тарату комиссиясының төрағасы бекiтедi.

      40. Филиалдық желiсi бар қордың тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясы бөлiмшелерiнiң қызметiн тарату шығыстарының шоғырландырылған сметасына енгiзу үшiн тарату комиссиясының бөлiмшелерi бөлiгiнде тарату шығыстары сметасын жасау бойынша тарату комиссиясы бөлiмшелерiнiң қызметiн үйлестiредi.

      41. Кредиторлар комитетiнiң құрамы бекiтiлген соң тарату комиссиясы тарату шығыстарының сметасын тоқсан сайын жоспарланып отырған кезеңнiң алдындағы айдың бесiнен кешiктiрмей кредиторлар комитетiне бекiтуге бередi.
      Тарату шығыстарының сметасы тоқсан аясындағы әрбiр ай бөлiгi бойынша жасалады.

      42. Кредиторлар комитетi тарату комиссиясы ұсынған тарату шығыстарының сметасын жоспарланып отырған кезеңнiң алдындағы айдың он бесiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде қарайды және бекiтедi.

      43. Кредиторлар комитетi, тарату комиссиясының төрағасы бекiткен тарату шығыстарының сметасын тарату комиссиясы оны бекiткен күннiң келесi күнiне уәкiлеттi органға ұсынады.

      44. Тарату комиссиясының төрағасы бекiтiлген тарату шығыстарының сметасына алдын-ала мiндеттi түрде кредиторлар комитетi бекiтетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзе алады.

      45. Тарату шығыстарының сметасын келiскен және бекiткен орган оның орындалуына бақылау жасайды.

6-тарау. Тарату комиссиясының кассалық тәртiп
сақтау талаптары

      46. Тарату комиссиясының төрағасы, бас бухгалтерi, кассирi, ал бөлiмшелерде - бөлiмше басшысы қолма-қол ақша мен құндылықтардың сақталуын, бухгалтерлiк есептiң дұрыс жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi, тарату комиссиясының кассасына түскен ақшаның уақтылы кiрiске алынуына бақылауды жүзеге асырады.

      47. Тарату комиссиясының төрағасы бухгалтерлiк құжаттарға қол қою құқығы бар тұлғаларды анықтайды.
      Бiр кассирi бар тарату комиссияларында оны ауыстыру қажет болған жағдайда, кассирдiң мiндетiн атқару тарату комиссиясы төрағасының жазбаша бұйрығымен басқа қызметкерге жүктеледi.

      48. Қолма-қол ақша операцияларымен жұмысты орындап отырған, сондай-ақ өзге құндылықтарға рұқсаты бар тарату комиссиясының қызметкерiмен толық материалдық жауапкершiлiк туралы шарт жасалады.

      49. Қолма-қол ақшаны және құндылықтарды сақтау тиiсiнше жағдайда күзет, өрт және дабыл сигнализациясы құралдармен бекiтiлген және жабдықталған, сейфтермен немесе жанбайтын металл шкафтармен жабдықталған үй-жайда жүзеге асырылады.

      50. Ақшаны және құндылықтарды сақтайтын үй-жай мынадай талаптарға сәйкес болуы тиiс:
      1) қабырғалары, еденi, төбесi - мықты жасалған, үй-жайдың барлық периметрлерi бойынша торкөзi 150х150 миллиметр болатын шыбығының диаметрi 16 миллиметр металл торкөзбен қапталған болуы керек;
      2) терезе ойықтары торкөзi 150х150 миллиметр болатын шыбығының диаметрi 16 миллиметр металл торкөзбен бекiтiлуi керек;
      3) кiретiн есiктер екi құлыпты металдан жасалған болуы тиiс (материалының қалыңдығы екi жағынан да 2 миллиметр кем болмауы керек).
      Осы есiктiң ойығында құлыпқа жабылатын торкөзi 150х150 миллиметр болатын шыбығының диаметрi 16 миллиметр металл торкөзбен қапталған торкөздi есiк болуы керек;
      4) үй-жай осы қызмет түрiне тиiстi лицензиясы бар күзет ұйымының орталықтандырылған пультiне қосылған үш қатарлы күзетпен, дабылмен және өрт сигнализациясымен жабдықталады.

      51. Тарату комиссиясының кассасының (бұдан әрi - касса) жұмысы аяқталған соң ақшаны және құндылықтарды сақтайтын үй-жай бiр комплектiсi кассирде, екiншiсi - бас бухгалтерде, не тарату комиссиясының төрағасында болатын кiлттермен жабылады және тарату комиссиясының мөрiмен жабылады.

      52. Кассада жасалатын қолма-қол ақшамен операциялардың есебi "Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , қаржылық есеп берудiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жасалады.

      53. Кассадағы қолма-қол ақша қалдығының күнделiктi лимитi бекiтiлген ай сайынғы шығыстар сомасын негiзге алып, мына шектер бойынша анықталады:

ай сайынғы шығыстар       касса қалдығының      бөлiмшелердегi касса
                          күн сайынғы лимитi    қалдығының күн
                                                сайынғы лимитi

5 миллион теңгеге дейiн           -20 мың теңге       -20 мың теңге
5-тен 10 миллион теңгеге дейiн    -40 мың теңге       -20 мың теңге
10-нан 20 миллион теңгеге дейiн   -100 мың теңге      -20 мың теңге
20 миллион теңгеден жоғары        -150 мың теңге      -20 мың теңге

      54. Осы Ереженiң 53-тармағында белгiленген күн сайынғы лимит сомасы жоғарылап кеткен кезде тарату комиссиясының кредиторлармен есеп айырысу жүргiзу мақсатында екiншi деңгейдегi банктерден алынған қолма-қол ақшаны сақтауы қызмет көрсетушi банктен ақшаны алған күндi қоспағанда үш жұмыс күнiнен аспайтын мерзiм iшiнде жүзеге асырылады.

      55. Қолма-қол ақшаны кассаға қабылдау тарату комиссиясының бас бухгалтерi және кассирi қол қойған кассалық кiрiс құжаты бойынша (қолма-қол ақшаны алып жүруге хабарлама және кассалық кiрiс ордерi) жасалады және кассалық кiрiс журналында күн iшiнде жалпы сомасы көрсетiледi.
      Кассаға басқа құндылықтарды қабылдау баланстан тыс ордерлермен ресiмделедi.

      56. Кассаға қабылданған қолма-қол ақша (оның iшiнде дебиторлық берешектi өтеу есебiнен және мүлiктi сатудан алынған ақша) кассаға сол күнi кiрiске алынады және келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей тарату комиссиясының ағымдағы шотына аударылады.

      57. Кассадан қолма-қол ақшаны беру кассалық шығыс ордерлерi бойынша жасалады.
      Басқа құндылықтарды беру баланстан тыс ордер бойынша ресiмделедi.

      58. Ақшаны кассалық шығыс ордерi бойынша беру кезiнде кассир немесе оның орнындағы адам алушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуiн талап етедi, құжаттың атауын және нөмiрiн, кiм және қашан бергенiн жазып алады.

      59. Қолма-қол ақшаны кассир немесе оның орнындағы адам тек кассалық шығыс ордерiнде көрсетiлген адамға ғана бередi.

      60. Егер ақшаны беру белгiленген тәртiп бойынша ресiмделген сенiмхат бойынша жасалса, онда ордер мәтiнiндегi ақшаны алушының фамилиясы, аты-жөнiнен кейiн кассир ақшаны алуға сенiм бiлдiрiлген адамның фамилиясы, аты-жөнiн көрсетедi. Егер ақша ведомость бойынша берiлген болса, онда ақшаны алу үшiн қол қоятын орынның алдына кассир "сенiмхат бойынша" деп жазба жасайды.
      Сенiмхат кассирде қалады және кассалық шығыс ордерiне немесе ведомоске қосылып тiгiледi.

      61. Кассалық операциялар нәтижесiнде пайда болған және кассалық құжаттар бойынша ресiмделмеген ақшаның және құндылықтардың артық шығуы немесе кем шығуы тиiсiнше кiрiске алынады немесе акт жасала отырып, кассирден төлеттiрiп алынады.

      62. Қолма-қол ақшаны беруге арналған құжаттарға тарату комиссиясының төрағасы, бас бухгалтерi және кассирi қол қояды, ал бөлiмшелерде - бөлiмше басшысы қол қояды.

      63. Тарату комиссиясы қызметкерлерiнiң және тартылған қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу әрбiр алушыға кассалық шығыс ордерi жасалмай төлем (есеп айырысу-төлем) ведомосi бойынша жасалады.

      64. Төлем (есеп айырысу-төлем) ведомосiнiң бiрiншi бетiнде (аты көрсетiлген) қолма-қол ақшаның берiлгендiгi туралы рұқсат беру жазбасы тарату комиссиясының төрағасының және бас бухгалтерiнiң қолмен, қолма-қол ақшаны беру мерзiмiн және сомасын жазбаша көрсету арқылы жасалады.

      65. Жалақы төлеудiң белгiленген мерзiмi өткен соң кассир:
      1) төлем жасалмаған адамның фамилиясының қарсы тұсына штамп қояды немесе қолымен "депонирленген" деп белгi қояды;
      2) депонирленген соманың тiзiлiмiн жасайды;
      3) ведомостiң аяғында жалақының нақты төленген сомасы мен депонирлеуге жататын жалақының алынбаған сомасы туралы жазба жасайды, осы сомаларды төлем ведомосiнiң жалпы жиынтық сомасымен салыстырады және өзiнiң қолымен бекiтедi;
      4) ведомостегi нақты төленген соманы және кассалық шығыс ордерiнiң нөмiрiн көрсетедi.

      66. Тарату комиссиясының қызметкерлерiне қолма-қол ақша тарату өндiрiсiне байланысты мақсаттар үшiн есептi түрде берiледi.
      Ақшаны есептi түрде берудiң негiздемесi тарату комиссиясының бас бухгалтерi және төрағасы қол қойған осы шығыстардың (тарату комиссиясының баянжазбасы, есептерi, хаттамалары және басқалар) қажеттiгiн негiздейтiн құжаттарды тиiстi жағдайда ресiмдеу болып табылады.

      67. Алынған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде есептi түрде берiлген сомалар, iссапар мерзiмi аяқталған күнгi iссапарлық шығыстар бойынша есептi тұлғалар алынған сомалардың қойылған мақсат бойынша жұмсалғанын растайтын құжаттарды бередi (барлық растаушы құжаттар қоса берiлген аванстық есептер, тауарлардың төлемi және көрсетiлген қызмет туралы чектер).

      68. Кассалық кiрiс құжаттары, кассалық шығыс ордерлерi және баланстан тыс ордерлер нақты және түсiнiктi етiп толтырылады. Бұл құжаттарда ешқандай өшiру, түзетiс немесе түзету, тiптi келiсiлгендерiне де жол берiлмейдi.
      Кассалық шығыс ордерлерiнде оларды жасау негiздемелерi және оған қоса берiлiп отырған құжаттар атап көрсетiледi.

      69. Кассалық кiрiс және шығыс ордерлерi қосымшаларымен бiрге күнi, айы және жылы көрсетiлiп, кассирдiң немесе оның орнындағы адамның "Алынды" немесе "Төлендi" деген қолымен немесе штамппен мiндеттi түрде жабылады.

      70. Жұмыс күнiнiң соңында кассир кассалық кiрiс және шығыс ордерлерi негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес күн iшiндегi кассалық айналымдар мен құндылықтар қалдықтары туралы жиынтық анықтама жасайды және оның қорытындысын бухгалтерлiк есептiң деректерiмен салыстырады. Салыстыру тарату комиссиясының бас бухгалтерi мен кассирiнiң қолдарымен расталады.

      71. Тарату комиссиясы қолма-қол ақшаның жылжуы мен мақсатты пайдаланылу есебi үшiн осы Ереженiң қосымшасына сәйкес белгiленген нысан бойынша кассир қабылданған және берiлген ақшаның (құндылықтардың) есеп кiтабын (бұдан әрi - касса кiтабы) жүргiзедi, ол нөмiрленуi, тiгiлуi және мөрмен жабылуы тиiс. Касса кiтабындағы парақтар саны төрағаның, бас бухгалтердiң және кассирдiң қолдарымен расталады.

      72. Касса кiтабында өшiруге, келiсiлмеген түзетулерге жол берiлмейдi. Қате түзетiлген жағдайда "Түзетiлдi" деген жазба жасалады да, ол түзетiлген күнi көрсетiлiп, тарату комиссиясының бас бухгалтердiң және кассирдiң қолдарымен расталады.
      Касса кiтабын дұрыс және уақытылы жүргiзуiне бақылау тарату комиссиясы төрағасының бұйрығымен бас бухгалтерге жүктеледi.

      73. Күн сайын жұмыс күнiнiң аяғында кассир касса кiтабындағы күн iшiндегi операциялардың (кiрiс және шығыс бойынша) қорытындысын есептейдi, қолма-қол ақшаның қалдығын, сондай-ақ басқа құндылықтардың келесi күнге қалған қалдығын шығарады, ол түзетiлген күнi көрсетiлiп, төрағаның, бас бухгалтердiң және кассирдiң қолдарымен расталады.

      74. Кассадағы қолма-қол ақша қалдығы мен бухгалтерлiк есеп деректерi арасында алшақтықтар болған жағдайда бас бухгалтер бұл туралы алшақтық себептерiн анықтау шараларын көру үшiн дереу тарату комиссиясының төрағасына хабарлайды. Артық шығу немесе кем шығу расталған жағдайда акт жасалады. V032685

      75. Касса жинақталған соң кассир касса құжаттарын қалыптастырады және жинақтап тiгедi. Қалыптастыру кезiнде кассалық құжаттар баланстық шоттар (нөмiрлеудiң өсу ретiмен) бойынша және кiрiс және шығыс бойынша жеке-жеке iрiктеледi. Мемориалдық құжаттар баланстан тыс шоттардың нөмiрi бойынша iрiктеледi - басында кiрiс, содан соң шығыс деп.

      76. Касса құжаттары келесi жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей әр күн үшiн жеке папкаларға қалыптастырылады. Жинақталып тiгiлген құжаттардың жинақталған деректерi саналады және күн iшiндегi касса айналымы туралы жиынтық анықтама деректерiмен салыстырылады.
      Жауапты қызметкерлер қол қойған кассалық және мемориалдық кiрiс және шығыс ордерлерiнiң күн iшiндегi кассалық айналымдары туралы анықтамалар кассалық құжаттардан бұрын, папканың басына орналастырылады.

      77. Тарату комиссиясының төрағасы белгiлеген, бiрақ тоқсанына бiр реттен кем емес мерзiмде қолма-қол ақшаны толық қайта санау арқылы (банкнотты - парақтап, монеталарды - топтамалар бойынша) және басқа құндылықтардың болуын тексеру арқылы кассаға ревизия жасалады. Кассаны ревизиялау өндiрiсi үшiн төрағаның бұйрығымен акт жасаушы комиссия тағайындалады. V011482

      78. Ревизия барлық құндылықтарға тексеру жүргiзу және құндылықтар мен ақшаны талан-таражға салу және кем шығу мүмкiндiгiн жасыра алмайтын бiрiздiлiк бойынша жасалады. Кассада кем шығу немесе артық шығу анықталған жағдайда актiде кем шығу немесе артық шығу сомасы, олардың пайда болу жағдайлары көрсетiледi.

7-тарау. Қордың меншiктi активтерiн басқару және
талап-шағымдарды қарау

      79. Тарату комиссиясы кiдiрiссiз, осы Ережеге және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес, таратылатын қордың уәкiлеттi қызметкерлерiнiң қатысуымен қордың меншiктi активтерiн (бұдан әрi - активтер) түгендейдi. Түгендеу қорытындысы бойынша акт жасалады. V970455

      80. Түгендеу жолымен анықталған таратылатын қордың барлық активтерi тарату массасына енгiзiлуi тиiс.
      Уәкiлеттi орган қорды ерiктi таратуға рұқсат беру туралы шешiмдi қабылдаған күнде банктiң балансына енгiзiлмеген және түгендеу барысында анықталған активтер таратылып отырған қордың аралық тарату балансында көрсетiлуi тиiс.

      81. Мiндеттемелер және қордың активтерi жөнiндегi барлық шарттар олардың есебi мен бар құжаттардың түгел екендiгi туралы мәлiметтердi нақтылап салыстыра отырып жазылуы тиiс. Алшақтықтар анықталған, не құжаттар болмаған жағдайда акт жасалады.

      82. Тарату комиссиясы қордың мүлкiне баға беру қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны тарта отырып баға бередi.

      83. Егер таратылатын қордың ақшасы кредиторлардың және акционерлердiң талаптарын қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болса, тарату комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте және кредиторлардың комитетi бекiткен мүлiктi iске асыру жоспарына сәйкес көпшiлiк сауда-саттық тәртiбiмен мүлкiн сатады. K941000 Z980253
      Таратылатын қорда кредиторлардың комитетi болмаған жағдайда, мүлiктi iске асыру туралы шешiмi, сондай-ақ таратылатын қордың мүлiгiн iске асыру жоспарын тарату комиссиясының төрағасы бекiтедi және уәкiлеттi органға мәлiметтер үшiн жiбередi.

      84. Тарату комиссиясы таратылатын қордың мүлкiн мынадай талаптар мен мақсаттарды ескере отырып сатады:
      1) сатылатын мүлiкке осы өңiрдегi мүлiктiң ұқсас түрiне рыногтың бағасынан кем емес баға белгiлеу;
      2) мүлiктiң мүмкiндiгiнше неғұрлым жоғары бағамен сатылуы;
      3) мүлiктi сату кезiнде аз шығын жұмсалуы.

      85. Берешектерiн өтеу есебiнде қордың мүлкiн беруi, оның iшiнде сот шешiмiн орындау үшiн берген күнгi мүлiктi бағалау актiсi болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

      86. Мүлiктiк құқығы және заңды мүддесi қор ерiктi тарату туралы шешiм қабылдауы нәтижесiнде бұзылуы ықтимал заңды және жеке тұлғалар, қормен дауларды тiкелей реттеу мақсатында оның тарату комиссиясына құжаттарды растайтын көшiрмелерiн қоса отырып жазбаша шағым-талап бередi.
      Кредиторлардың талаптарында талаптың мөлшерi (негiзгi борыштың мөлшерi туралы жеке, сыйақы, тұрақсыздық айыбы және өзге айыппұл санкциялары, шығындар), талаптың негiздемесiн және мөлшерiн растайтын құжаттарын қоса отырып (күшiне енген сот шешiмдерi, шарттардың көшiрмелерi және басқа құжаттар) болуы тиiс.

      87. Талап-шағым оны алған күннен бастап, егер басқа мерзiмдер қормен және оның кредиторы арасындағы жасалған шартпен келiсiлмеген болса екi апталық мерзiмде қаралуы тиiс.

      88. Қордың тарату комиссиясы талап-шағымды қарау кезiнде қойылған талаптың заңдылығын және оның негiздiлiгiн тексеруi тиiс.
      Егер талап-шағымға өтiнiш иесiнiң қойған талаптарын растайтын құжаттар қоса берiлмесе, онда өтiнiш иесiне құжатты ұсынудың жолдағы почталық жiберiлiм уақытын қоспағанда бес жұмыс күнiнен кем болмауы тиiс мерзiмiн көрсете отырып сұрату жiберiледi. Талап-шағымда көрсетiлген мерзiмде талап етiлген құжаттар алынбаған жағдайда қолда бар құжаттар бойынша қаралады.

      89. Талап-шағымды алған тарату комиссиясы өтiнiш иесiнiң негiзделген талаптарын мойындауға және оны талап-шағымды қарау нәтижелерi туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
      Талап-шағымға берiлген жауапта:
      1) заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты-жөнi және бар болса әкесiнiң аты, талап-шағым берген өтiнiш иесiнiң және жауап жiберiп отырған қордың пошта деректемелерi, жауап берiлiп отырған талап-шағымның жазылған күнi мен нөмiрi;
      2) егер талап-шағым толық немесе iшiнара заңды деп танылған жағдайда мойындалған сома, егер ол ақшалай бағалауға жатпайтын болса, шағым-талапты қанағаттандыру мерзiмi мен әдiсi көрсетiледi;
      3) талап-шағымды толық немесе iшiнара қайтарылған жағдайда - талап-шағымды қабылдамауға негiз болатын тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер мен құжаттарға сiлтеме жасаумен қабылдамау негiзi;
      4) жауапқа қоса берiлген құжаттар мен өзге дәлелдемелердiң тiзбесi көрсетiледi.

      90. Егер шағым толық немесе iшiнара қабылданбаған жағдайда өтiнiш иесiне талап-шағыммен қоса алынған құжаттар қайтарылады, сондай-ақ талап-шағымның қайтарылуын негiздейтiн құжаттар, егер олар талап-шағым берген өтiнiш иесiнде жоқ болса жiберiледi.

      91. Жауап арнайы немесе бағалы хатпен, оның жiберiлуiн белгiлеудi қамтамасыз ететiн басқа да байланыс құралдарымен жiберiледi.

      92. Талап-шағымды беруге арналған мерзiм қордың ерiктi таратылуы жөнiндегi хабарландыру баспасөзде жарияланған және талап-шағымды беруге арналған мерзiм белгiленген күннен бастап есептеледi.
      Тарату комиссиясы дәлелдi себептерге байланысты мерзiмi өтiп кеткен жағдайда талап-шағымды Ереженiң 86-90 тармақтарымен белгiленген тәртiппен қарайды.

      93. Талап-шағымдарды беруге, сондай-ақ барлық берiлген шағым-талаптарды қарауға арналған мерзiм өткеннен кейiн, тарату комиссиясы бiр ай мерзiмде таратылатын қор мүлкiнiң құрамы туралы мәлiметтер, кредиторлар мәлiмдеген шағым-талаптар тiзбесi, оларды қараудың нәтижелерi және қор кредиторлары талап етпеген берешектер, кредиторлар талаптарының тiзiлiмi көрсетiлген активтер мен мiндеттемелерге жүргiзiлген түгендеу нәтижелерiн ескере отырып аралық тарату балансын жасайды.
      Филиалдары және (немесе) өкiлдiктерi бар қордың аралық тарату балансы филиалдар мен өкiлдiктердiң аралық тарату баланстарын ескере отырып жасалады.
      Тарату комиссиясы аралық тарату балансын және оның қосымшаларын, оның iшiнде кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн уәкiлеттi орган бекiткен нысанда жасайды және акционерлердiң жалпы жиналысында бекiтедi. Аралық тарату баланстың қосымшаларымен бекiтiлген көшiрмесiн тарату комиссиясы уәкiлеттi органға ұсынады.

      94. Тарату комиссиясы кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн кредиторлар талаптарын қанағаттандыру, олардың мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында жасайды және Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасымен белгiленген кезектiлiкке сәйкес келуi тиiс.
      Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне даусыз болып табылатын қор кредиторларының талаптары кiредi.

      95. Соттардың шешiмдерi бойынша орындаушы құжаттар мойындалған талаптар болып табылады және аралық тарату балансы мен орындалмаған сома мөлшерiне сәйкес кезектiлiкпен кредиторлар талаптарының тiзiлiмiнде ескерiледi.
      Ерiктi таратылатын қордың ағымдағы шотына ұсынылған, заңды күшiне енген соттардың шешiмдерi бойынша атқарушы құжаттар кредиторлардың талаптарын есепке алу үшiн тарату комиссиясының төрағасына берiледi.

8-тарау. Ерiктi таратылатын қордың кредиторларының
талаптарын қанағаттандыру

      96. Таратылатын қор кредиторларымен есеп айырысуды аралық тарату балансы мен оның қосымшаларына бекiткен күннен бастап тарату комиссиясы жүзеге асырады.

      97. Тарату комиссиясы қор кредиторларының орынды деп танылған талаптарын Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген кезектiлiк бойынша қанағаттандыруға тиiс.

      98. Әр кезектiң талаптарын алдыңғы кезектiң талаптары толық қанағаттандырғаннан кейiн қанағаттандырылады.

      99. Кредиторлардың талаптары бiр кезекте қанағаттандырылған кезде ақша (мүлiк) олардың арасында қанағаттандыруға жататын талаптар сомасына сайма-сай бөлiнедi.

      100. Тиiсiнше кезегi келген кезде кредитор талабы оның келiсiмiмен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн тәсiлмен оның iшiнде ақша түрiнде және (немесе) табиғи нысанда есеп берудiң үйлесiмдi қағидатын сақтай отырып мүлiктердi беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкiн.
      Талап-шағымдарды беру үшiн тарату комиссиясы белгiлеген мерзiмi өткеннен кейiн, бiрақ тарату балансын бекiткенге дейiн берiлген кредиторлардың танылған талаптары белгiлеген мерзiмде өтiнiш берiлген кредиторлар талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған қор мүлiктерiнен қанағаттандырылады.

      101. Тарату комиссиясы кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудан бас тартқан не оларды қараудан жалтарған жағдайда кредитор қордың тарату балансы бекiтiлгенге дейiн тарату комиссиясына талап-шағыммен сотқа өтiнiш беруге құқығы бар.
      Кредиторлар белгiленген мерзiмде өтiнiш берiп, бiрақ тарату комиссиясы орынды деп танымаған, оларды қанағаттандыру туралы сот шешiм шығарған талап-шағымдары кредиторлармен есеп айырысу үшiн белгiленген кезектiлiк тәртiбiмен орындалады. Көрсетiлген талаптарды толық қанағаттандырғанға дейiн есеп айырысу жасалып жатқан кезектегi кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру тоқтатылады.

      102. Қор ерiктi таратылған жағдайда талап-шағымы тарату комиссиясымен мойындалған және кредитор талаптарының тiзiлiмiне енгiзiлген кезде, нотариус депозитiне борышты енгiзу арқылы кредитор алдындағы мiндеттемелердi орындау Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 291-бабымен белгiленген жағдайларда ғана мүмкiн болады.

      103. Кредиторлардың тарату балансы бекiтiлгенге дейiн ұсынылмаған шағым-талаптары өтелген болып саналады.
      Сондай-ақ, егер кредитор сотқа шағымданбаса тарату комиссиясы мойындамаған кредитордың талаптары және сот шешiмiмен кредиторға қанағаттандырудан бас тартылған талаптар да өтелген болып саналады.

      104. Таратылатын қор кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған мүлкiн тарату комиссиясы "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен акционерлер арасында бөледi.

9-тарау. Өз еркiмен таратылатын қордың кредиторлар
комитетiн қалыптастыру ерекшелiгi және қызметi

      105. Қордың ерiктi таратылуы кезiнде кредиторлардың мүдделерiн қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешiмдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитетi құрылады.

      106. Ерiктi таратылатын қордың кредиторлар комитетi құрамының тiзiмiн тарату комиссиясы кредиторлар талаптарының тiзiлiмi бекiтiлген күннен бастан он күндiк мерзiмде жасайды және оған тарату комиссиясының төрағасы қол қойып, бекiту үшiн уәкiлеттi органға жiберiледi.

      107. Кредиторлар комитетiнiң құрамына Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 51-бабымен көзделгендей кредиторлардың әрбiр кезегiнен бiр өкiл бойынша кредиторлар талаптарының тiзiмiне енгiзiлген талаптарының ең жоғары сомасы бар кредиторлар енгiзiледi.
      Кредиторлар комитетiнiң құрамына таратылатын қордың басшы қызметкерлерi енгiзiлмейдi.

      108. Кредиторлар комитетi мүшелерi үш адамнан аспайтын тақ саннан тұрады.
      Кредитордың талабы толық қанағаттандырылған жағдайда, ол кредиторлар комитетiнiң құрамынан алынып тасталады. Мұндай жағдайда тарату комиссиясы уәкiлеттi органға бекiтуге кредиторлар комитетiнiң тiзiмiн кейiннен ұсыну арқылы кредиторлар комитетiнiң құрамына өзгерту енгiзедi.

      109. Тарату комиссиясы комитеттiң бiрiншi мәжiлiсiн өткiзу орны мен күнi жөнiнде кредиторлар комитетiнiң барлық мүшелерiне хабардар етедi.
      Кредиторлар комитетiнiң бiрiншi мәжiлiсi кредиторлар комитетiнiң құрамы бекiтiлген күннен бастап он күннен кешiктiрмей өткiзiлуi тиiс. Кредиторлар комитетi бiрiншi мәжiлiсте комитеттiң төрағасын сайлайды. Кредиторлар комитетiнiң төрағасы комитеттiң жұмыс жоспарын жасайды және бекiтедi.

      110. Кредиторлар комитетi:
      1) таратылу өндiрiсiнде жасалатын барлық құжаттармен танысуға;
      2) кредиторлар құқықтары мен мүдделерiнiң бұзылуы жөнiнде шағымдарын қарастыруға қатысуға;
      3) қор өндiрiсiнiң таратылуы барысында кредиторлардың құқықтарының, мүдделерiнiң және заңнамаларының бұзылуы жөнiнде, оның iшiнде тарату комиссиясы төрағасының және (немесе) мyшелерiнiң өз мiндеттемелерiн орындамағандығы және (немесе) тиiстi түрде орындамағаны жөнiнде уәкiлеттi органды хабардар етуге;
      4) тарату комиссиясының iс-әрекетiне сотқа және уәкiлеттi органдарға шағым беруге;
      5) тарату комиссиясының мәжiлiсiне және мүлiктердi өткiзу бойынша сауда-саттықпен қоса, кез келген тарату рәсiмдерiн жүргiзген кезде оған қатысуға құқығы бар кредиторлар комитетiнiң мүшелерi арасынан кредиторлардың өкiлдерiн сайлауға;
      6) тарату комиссиясынан қаржы жағдайы жөнiнде ақпаратты талап етуге;
      7) таратылатын қордың дебиторлық берешегiнен өндiрiп алу мүмкiн емес көлемiн бекiтуге;
      8) тарату комиссиясы ұсынған қор мүлiктерiн сату жоспарын бекiтуге;
      9) қордың қаржылық жағдайын ескере отырып, тарату шығыстарының сметасын бекiтуге;
      10) жекелеген кредиторларды хабардар ету мүмкiн еместiгi жөнiнде тарату комиссиясының актiсiн бекiтуге;
      11) қордың балансынан мүлiктердi есептен шығару туралы тарату комиссиясының актiсiн бекiтуге құқылы.
      12) Осы ережелерге сәйкес өзге өкiлеттiлiгi бар.

10-тарау. Таратылатын қордың құжаттарын сақтауға және
мұрағатқа беруiн ұйымдастыруға қойылатын талаптар

      111. Қордың тарату комиссиясы жинақтаушы зейнетақы қорларына есеп берудi, сақталуы тиiс құжаттарды ресiмдеу және сақтауды қамтамасыз ету, оның iшiнде мұрағаттарды және құжаттарды басқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес тарату комиссиясының қызметiне байланысты мәселелер бойынша қойылатын барлық талаптарды орындауды қамтамасыз етедi.

      112. Қордың тарату комиссиясының құрамы өзгерген жағдайда сақталуы тиiс iстердi және құжаттарды қабылдау-өткiзу тарату комиссиясының жаңа құрамына (оның жеке мүшелерiне) таратылатын қордың iстерiн және құжаттарын қабылдау-өткiзу актiсi негiзiнде жүргiзiледi.

      113. Қордың қызметi нәтижесiнде пайда болатын құжаттардың тiзбесiн сақтандыру мерзiмiн көрсете отырып, уәкiлеттi орган бекiтедi.

      114. Iстер мен құжаттардың сақтау мерзiмiн есептеу iс жүргiзу аяқталған жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан басталады.

      115. Сақтауға жатқызылмайтын құжаттарды жою мұрағаттарды және құжаттаманы басқару жөнiндегi тиiстi органның сараптамалық-тексеру комиссиясының келiсiмi бойынша тарату комиссиясының төрағасы бекiтетiн актiмен ресiмделедi.

      116. Құжаттарды тиiсiнше ресiмдемей және келiспей жоюға, сондай-ақ уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген құжаттарды сақтау мерзiмiн бұзуға жол берiлмейдi.

      117. Таратылған қордың таратылуы толық аяқталу сәтiнде сақтау мерзiмi өтпеген уақытша сақталуы тиiс құжаттары уәкiлеттi органның аймақтық өкiлдiктерiне қабылдау-өткiзу актiсi бойынша берiледi.

      118. Таратылатын қордың тұрақты сақталуы тиiс құжаттары тиiсiнше ресiмделедi және мұрағаттарды және құжаттаманы басқару уәкiлеттi мемлекеттiк органына сақтауға берiледi.

      119. Iстердi мұрағаттық сақтауға беруге дайындау кезiнде құжаттардың есебi мен сақталуын ұйымдастыруға жауапты тұлға олардың ресiмделуiнiң, жасалуының дұрыстығын және таратылатын қордың iс номенклатурасына сәйкес расталған iстер санына, тiзiмдемеге енгiзiлген iстер санының сәйкестiгiн тексередi. Құжаттарды беру тiзiмдемелер бойынша жүзеге асырылады және актiмен ресiмделедi.
      Егер таратылатын қордың құжаттарын өңдеудiң жай-күйi және сапасы тиiсiнше жағдайға сай болмаса, онда тарату комиссиясы оны тәртiпке келтiрудi ұйымдастырады.
      Таратылатын қордың құжаттарын сақтауды ұйымдастыру жөнiндегi шығыстар таратылатын қордың қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

11-тарау. Таратуды аяқтау

      120. Таратылатын қордың тарату комиссиясы кредиторларымен және акционерлерiмен есеп айырысқаннан кейiн тарату комиссиясы қор акционерлерiнiң жалпы жиналысымен бекiтiлетiн уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiлеген нысандар бойынша тарату балансы мен есептi жасайды. V011698

      121. Тарату комиссиясы тарату балансы мен қорды тарату туралы есеп бекiтiлгеннен кейiн оларды жетi күндiк мерзiм iшiнде заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органға және әдiлет органына ұсынуға мiндеттi.

      122. Тарату комиссиясының өкiлеттiгi әдiлет органының қорды таратуды тiркеу туралы, қор құжаттарын мұрағатқа сақтауға өткiзу туралы бұйрықты алғаннан кейiн және осы туралы уәкiлеттi органға хабарлама жасағаннан соң тоқтатылады.

12-тарау. Қорытынды ережелер

      123. Осы Ережелермен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасы заңнамаларының нормаларына сәйкес шешiледi.

                                              Жинақтаушы зейнетақы
                                             қорларын ерiктi тарату
                                                ережесiне қосымша

      ________________________________________
      Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының
      атауы

           Кассирдiң қабылдаған және берген ақшаларын
                  (құндылықтарды) есеп алу
                           Кiтабы
                    __________________________________

                                            Басталды:__________
                                            Аяқталды:__________

   Кiтаптағы жазба оны толық пайдаланғанға дейiн жүргiзiледi

Кiрiс

Келiп
түскен
күнi

Кiмнен
қабыл-
данып
алды
(аты-
жөнi)
 
Кiрiс
құжат-
тары-
ның
саны
(дана-
мен)
 
Санмен
сомасы
(валюта
түрiн
көрсете
отырып,
бiрлiк-
термен)
 
Жазба-
мен
сомасы

Мақ-
сатты
пайда-
лануы

Кас-
сирдiң
қолы

Бас
бух-
гал-
тердің
қолы

Төра-
ғаның
қолы

қалды-
ғы

қалды-
ғы

..күн-
дегi
жиын-
тығы

Шығыс

Беріл-
ген
күнi

Кімге
беріл-
ді
(аты-
жөнi)
 
Шығыс
құжат-
тары-
ның
саны
(дана-
мен)
 
Санмен
сомасы
(валюта
түрле-
рін
көрсете
отырып,
бiрлiк-
термен)
 
Жазба-
мен
сомасы

Мақ-
сатты
пайда-
лануы

Кас-
сирдiң
қолы

Бас
бух-
гал-
тердің
қолы

Төра-
ғаның
қолы

қалды-
ғы

қалды-
ғы

Күнде-
гi
жиын-
тығы

..күн-
дегi
жиын-
тығы

                            Растау жазбасы

20____жылғы "______"___________ жазбаға арналған
             (күнi)    (айы)
осы кiтаптың жиынтығы_______________________________________________
                    (таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының атауы)
______нөмiрден бастап_______нөмiрдi қосқандағы нөмiрленген,
тiгiлген және мөрмен жабылған__________________________парақтар бар.

20____жылғы "_____"________________

Төраға_____________________________(фамилиясы, аты-жөнi)
                  қолы
Бас бухгалтер______________________(фамилиясы, аты-жөнi)
                  қолы
Кассир_____________________________(фамилиясы, аты-жөнi)

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 280076
    Қазақ тілінде 139469
    Орыс тілінде 139188
    Ағылшын тілінде 1419
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы