Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 59 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылы 15 маусымда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6290 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 10 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Бағалы қағаздар нарығындағы инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында, сондай-ақ «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі,   «Инвестициялық қорлар туралы» және «Секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру ережесі бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
      4. Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын ұйымдар осы қаулының қосымшасы болып табылатын Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру ережесі күшіне енген күннен бастап үш ай iшiнде өз қызметтерін оның талаптарына сәйкес келтiрсiн.
      5. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                     Бахмутова Е.Л.

Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2010 жылғы 30
сәуірдегі № 59 қаулысының 
1-қосымшасы        

Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру ережесі

      Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы Заң), «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі (бұдан әрі – Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы Заң), «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі (бұдан әрі – Инвестициялық қорлар туралы Заң), «Секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы (бұдан әрі – Секьюритилендіру туралы Заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасында инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру талаптары мен тәртiбiн белгiлейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) арнайы қаржы компаниясы - секьюритилендiрудiң бір немесе бірнеше мәмiлесiн жүзеге асыру, сондай-ақ бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсiмдердi инвестициялау үшiн «Секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын заңды тұлға;
      2) басқарушы агент - инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның негiзiнде, бөлінген активтер бойынша арнайы қаржы компаниясының уақытша бос түсiмдердi инвестициялау жөнiндегi қызметiн көрсететін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;
      3) инвестициялық декларация - инвестициялау объектілерінің тізбесін, клиенттің активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсаттарын, стратегиясын, талаптары мен шектеулерін, активтерді хеджирлеу мен әртараптандыру талаптарын айқындайтын құжат;
      4) инвестициялық портфель - инвестициялық портфельді басқарушының меншiгiндегi немесе басқаруындағы әр түрлі қаржы құралдары түрлерiнiң не өзге де мүлiктiң жиынтығы;
      5) инвестициялық портфельді басқарушы - клиенттің мүддесінде және оның есебінен өзінің атынан азаматтық құқық объектілерін басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;
      6) инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi шарт - шарт, оған сәйкес клиент мүлiктi инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға табыстайды, ал инвестициялық портфельді басқарушы осы мүлiктi клиенттің мүддесінде басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді;
      7) инвестициялық портфельді басқарушының есепке алу жүйесі - инвестициялық портфельді басқарушының клиенттердің инвестициялық шотындағы клиентті және оның активтерін, инвестициялық портфельдің құрылымын және белгiлi бір уақытқа клиенттің активтерімен жасалған мәмiлелердi бiрегейлендiрудi қамтамасыз ететін мәлiметтердiң жиынтығы;
      8) инвестициялық шешім - инвестициялық портфельді басқарушының клиенттің активтерін басқару процесінде қабылданатын, оның активтерімен мәмілелер жасау туралы шешiмi;
      9) клиент - инвестициялық портфельді басқарушының қызметiн пайдаланатын немесе пайдалануға ниет бiлдiрген тұлға, сондай-ақ активтері инвестициялық портфельді басқарушының басқаруындағы инвестициялық қор;
      10) клиенттің активтері - инвестициялық портфельді басқарушының басқаруындағы активтердің жиынтығы;
      11) мүдделер қайшылығы - инвестициялық портфельді басқарушының және оның клиентінің (клиенттерінің) мүдделері өзара сәйкес келмейтін жағдай;
      12) уәкiлеттi орган - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      13) iшкi құжаттар - инвестициялық портфельді басқарушының, оның органдарының, құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдарының, өкілдіктерінің), қызметкерлерiнiң қызмет ету талаптары мен тәртiбiн, қызмет көрсетуді және оларға ақы төлеу тәртiбiн реттейтін құжаттар.
      2. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен реттелмеген бөлігінде инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызмет егер олар Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін болса, инвестициялық портфельді басқарушының ішкі құжаттарына, инвестициялық портфельді басқарушы мен оның клиенттерінің арасында жасалған инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi шартта өзгеше көзделмесе, инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті басқа инвестициялық портфельді басқарушыға тапсыруына жол берілмейді.
      Инвестициялық портфельді басқарушының клиентпен жасасқан инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi шартында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 883-бабына сәйкес мүлікті сенімгерлікпен басқару ұйымдастырылған кезде осы клиенттің портфелін басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыруды басқа инвестициялық портфельді басқарушыға не сенімгерлікпен басқарушыға тапсыру мүмкіндігі көрсетілген жағдайда, инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi шартта клиенттің алдындағы міндеттемелер бойынша клиенттің осы шартты жасасқан инвестициялық портфельді басқарушы жауап беретіні көрсетіледі.
      4. Инвестициялық портфельді басқарушының ұйымдық құрылымына мынадай құрылымдық бөлімшелер кіреді:
      1) мынадай:
      корпоративтік стратегияны, инвестициялық декларацияны және инвестициялық портфельді басқарушының меншікті активтерін инвестициялау саясатын әзірлеу, клиенттердің активтерін не инвестициялық портфельді басқарушының меншікті активтерін инвестициялау лимиттерін анықтау және қайта қарау, клиенттердің инвестициялық басқаруға қабылданған активтерінің және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының меншікті активтерінің есебінен мәмілелер жасау туралы шешімдерді қабылдау кезінде жасалатын ұсынымдарды (бұдан әрі – ұсынымдар) дайындау үшін қажетті ақпаратты жинау, өңдеу және талдау;
      ұсынымдар әзірлеу;
      инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық комитеті отырыстарының қорытындылары бойынша қабылданған инвестициялық шешімдерді және хаттамаларды ресімдеу;
      клиенттердің инвестициялық басқаруға қабылданған активтерінің есебінен сатып алынған қаржы құралдарын есепке алу;
      клиенттерге инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi шартта көзделген тәртіпте инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтің нәтижелері туралы есептерді дайындау;
      клиенттердің инвестициялық портфелін басқаруды жүзеге асыру барысында басқа қаржы ұйымдарымен өзара іс-әрекет жасау функцияларын қосқанда, бірақ олармен шектелместен, инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын бөлімшелер;
      2) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімше;
      3) ішкі аудит қызметі;
      4) инвестициялық портфельді басқарушының ішкі құжаттарында көзделген басқа да бөлімшелер.
      5. Инвестициялық портфельді басқарушы инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметін номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқарған кезде инвестициялық портфельді басқарушының осы Ереженің 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген бөлімшелер қызметкерлерінің номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға әрекеттестірілген бөлімшелер қызметкерлерінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыруына жол берілмейді.
      6. Инвестициялық портфельді басқарушының осы Ереженің 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген бөлімшелер қызметкерлеріне инвестициялық портфельді басқарушының басқа бөлімшелерінің функциялары мен міндеттерін жүктеуге жол берілмейді.
      Инвестициялық портфельді басқарушы инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметін номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқарған кезде осы Ереженің 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген бөлімшелер тәуекелдерді басқару және ішкі аудит функцияларын жүзеге асырады.

2-тарау. Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi шарт

      7. Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi шарт (бұдан әрi – шарт) жазбаша нысанда жасалуы тиіс. Шартқа Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 44-тарауына сәйкес мүлiктi сенімгерлікпен басқару шарты туралы нормалар қолданылады.
      8. Шартта мыналар көзделеді, бірақ олармен шектелмейді:
      1) шарт тараптарының құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiктерi;
      2) пайда алушы немесе шарт бұзылған жағдайда клиенттің активтерін алатын тұлға туралы нұсқау;
      3) клиенттің активтерін енгізу, толықтыру және алу тәртiбi;
      4) клиент активтерiнiң ағымдағы құнын және инвестициялық портфельдің құрылымын айқындау тәртiбi мен кезеңдiлiгi;
      5) инвестициялық портфельді басқарушының сыйақы алу мөлшері және тәртiбi;
      6) инвестициялық портфельді басқарушының клиентке есептерді және осындай есептердің нысандарын беру тәртiбi мен мерзiмдерi;
      7) клиенттің активтерін есепке алуды және сақтауды жүзеге асыратын кастодиан туралы мәліметтер немесе клиенттің инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға табыс етілген бағалы қағаздарын есепке алуды жүзеге асыратын номиналды ұстаушы туралы мәліметтер;
      8) шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртiбi мен талаптары;
      9) шарттың қолданылу мерзiмi;
      10) осы Ереженің 13-тармағында көзделген тұрақсыздық айыбының мөлшері және оны төлеу тәртібі;
      11) форс-мажор жағдайлары;
      12) шарттың қолданылуын тоқтату, оның iшiнде инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе одан айырылған жағдайдағы тәртiбi мен талаптары және осыған байланысты активтерді клиентке қайтару не клиенттің активтерін басқа инвестициялық портфельді басқарушыға тапсыру рәсімдері болуы тиіс.
      9. Инвестициялық портфельді басқарушының акционерлік инвестициялық қормен немесе инвестициялық пай қорының инвесторымен жасасатын инвестициялық қордың активтерін сенімгерлікпен басқару шартын жасау тәртiбi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Инвестициялық қорлар туралы Заңда белгiленедi.
      10. Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларды жүзеге асыратын шетелдік ұйым (бұдан әрі – шетелдік номиналды ұстаушы) Қазақстан Республикасының резиденті емес клиенттің қаржы құралдарын есепке алған және сақтаған жағдайда, инвестициялық портфельді басқарушы бұл жөнінде уәкiлеттi органды хабардар етеді.
      Инвестициялық портфельді басқарушы мен шетелдік номиналды ұстаушының арасында жасалған қаржы құралдары мен ақшаны есепке алу және сақтау шартында мыналар:
      1) инвестициялық портфельді басқарушының өзiнiң есепке алу жүйесі деректерiнiң шетелдік номиналды ұстаушының деректеріне сәйкестiгiн салыстырып тексеруді, бірақ айына бір реттен кем емес жүргізу тәртiбi мен мерзiмдерi;
      2) шетелдік есепке алу ұйымының инвестициялық портфельді басқарушыға Қазақстан Республикасының резиденті емес клиенттің шоттарындағы қаржы құралдарының қалдықтары туралы ақпаратты және оның шоты бойынша қаржы құралдарының қозғалысы туралы мәлiметтердi ұсыну тәртiбi мен мерзiмдерi;
      3) шетелдік номиналды ұстаушының инвестициялық портфельді басқарушының және (немесе) уәкiлеттi органның сұратуы бойынша кез келген уақытта Қазақстан Республикасының резиденті емес клиенті, оның шотындағы қаржы құралдары туралы, сондай-ақ қаржы құралдарының қозғалысы және қаржы құралдарына ауыртпалық салудың бар не жоқ екені туралы мәлiметтердi ұсыну мiндетi белгiленедi.
      11. Шарт жасасқан кезде клиент инвестициялық портфельді басқарушыға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) жеке тұлға-клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) заңды тұлға-клиенттер (Қазақстан Республикасының резиденттері) үшін:
      жарғының, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің көшірмелері;
      заңды тұлғаның (оның ішінде заңды тұлғаның клиентің атынан шартқа өзгерістер мен толықтыруларға, инвестициялық басқаруға қабылдау-тапсыру акілеріне және клиент пен инвестициялық портфельді басқарушының өзара іс-әрекет жасауы барысында өзге де құжаттарға қол қою құқығы бар өкілдерінің) қол қою және мөр бедерінің үлгілері бар нотариат куәландырған құжат;
      3) заңды тұлға-клиенттер (Қазақстан Республикасының резиденттері емес) үшін:
      жарғының көшірмесі;
      Қазақстан Республикасының резиденті емес мемлекеттің уәкілетті органы берген, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      заңды тұлғаның (оның ішінде заңды тұлғаның клиенттің атынан шартқа өзгерістер мен толықтыруларға, инвестициялық басқаруға қабылдау-тапсыру актілеріне және клиент пен инвестициялық портфельді басқарушының өзара іс-әрекет жасауы барысында өзге де құжаттарға қол қою құқығы бар өкілдерінің) қол қою және мөр бедерінің үлгілері бар құжат;
      заңды тұлғаның шарт жасасатын және (немесе) өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асыратын өкіліне қатысты заңды тұлғаның уәкілетті органының сенімхаты немесе шешімі;
      инвестициялық портфельді басқарушының ішкі құжаттарында көзделген өзге де құжаттар.
      Клиент Ереженің осы тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қазақ және (немесе) орыс тілдерге нотариат куәландырған аудармасымен Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес заңдастырылған немесе апостирленген түрде ұсынады.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      12. Инвестициялық портфельді басқарушы клиенттің шарт жасасу мақсатында ұсынған құжаттарын осы шарт бұзылған күннен бастап бес жыл ішінде сақтауы тиіс.
      13. Инвестициялық портфельді басқарушы егер мұндай операцияны жүзеге асыру немесе мұндай мәмілені орындау мүдделер қайшылығының туындауына алып келетін болса, клиенттердің активтерімен операцияларды немесе мәмілелерді жасамайды.
      Ереженің осы тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талапты бұзған жағдайда, инвестициялық портфельді басқарушы клиентке соңғының осындай бұзушылық нәтижесінде ұшыраған шығындарын және шартта белгіленген тұрақсыздық айыбын төлейді.
      14. Шарттың қолданылу кезеңінде инвестициялық портфельді басқарушы клиентпен келісім бойынша клиентке ақпараттық, талдау және консультация беру қызметтерін көрсетеді. Инвестициялық портфельді басқарушы осы қызметтерді көрсету кезінде клиентке шартқа сәйкес қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша кiрiс алатынына немесе шығындардың болмайтынына кепiлдiк бермейді.
      15. Инвестициялық портфельді басқарушы осы Ереженің 16-22-тармақтарында белгіленген тәртіпте өздерінің клиенттеріне осы инвестициялық портфельді басқарушымен шарттық қатынастарда болу бойынша және (немесе) осындай қатынастарды қолдау бойынша шешім қабылдау үшін қажетті ақпаратты жария етеді.
      16. Инвестициялық портфельді басқарушының бас офисі мен филиалдарының клиенттер үшін оңай қол жетімді болатын орындарында мыналар:
      1) инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыруға лицензиясының нотариат куәландырған көшiрмесi;
      2) осы Ереженің 17-тармағына сәйкес инвестициялық портфельді басқарушының клиенттің бiрiншi талап етуі бойынша оған танысу үшiн ұсынатын құжаттарының тізбесі орналастырылады.
      17. Инвестициялық портфельді басқарушы клиенттің бiрiншi талап етуі бойынша оған танысу үшiн:
      1) өзінің соңғы есепті кезеңдегі қаржылық есептілігін;
      2) инвестициялық портфельді басқарушының пруденциалдық нормативтерді сақтау деңгейі туралы мәліметтерді;
      3) уәкілетті органның соңғы он екі ай ішінде осы инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты қолданған шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялары туралы мәліметтерді. Әкімшілік жаза түріндегі санкциялар бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап соңғы он екі ай ішінде осы инвестициялық портфельді басқарушыға немесе оның лауазымды тұлғаларына әкімшілік жаза қолдану туралы мәліметтер ұсынылады;
      4) соңғы он екі ай ішінде осы инвестициялық портфельді басқарушыға не оның қызметкерлеріне қатысты қабылданған өзін-өзі реттейтін ұйымның шешімдерін;
      5) инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілер, инвестициялық портфельді басқарушының ішкі құжаттарын ұсынады.
      18. Инвестициялық портфельді басқарушының клиентке осы Ереженің 17-тармағында көрсетілген құжаттардың көшiрмелерiн беруден бас тартуына жол берілмейді. Инвестициялық портфельді басқарушы осы Ереженің 17-тармағында көрсетілген құжаттардың көшiрмелерiн клиентке бергені үшiн оларды дайындауға кеткен шығыстардың өлшемінен аспайтын мөлшерде ақы алады.
      19. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, инвестициялық портфельді басқарушы шартты жасау және орындау барысында өзiнiң клиенті туралы мәлiметтердiң құпиялылығын, сондай-ақ клиенттен алынған ақпараттың құпиялылығын сақтайды.
      20. Инвестициялық портфельді басқарушы шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде клиентке:
      1) өзiнiң қаржылық жағдайының нашарлау және пруденциалдық нормативтердің бұзылу фактiлерi және себептері;
      2) инвестициялық портфельді басқарушының есепке алу жүйесiндегi клиенттің активтері туралы мәлiметтердiң клиенттің инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға тапсырылған активтерін есепке алуды жүзеге асыратын кастодианның немесе номиналды ұстаушының мәліметтеріне сәйкес келмеуі және осы сәйкессiздiктiң пайда болу себептері;
      3) уәкілетті органның соңғы он екі ай ішінде осы инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты қолданған шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялары. Әкімшілік жаза түріндегі санкциялар бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап соңғы он екі ай ішінде осы инвестициялық портфельді басқарушыға немесе оның лауазымды тұлғаларына әкімшілік жаза қолдану туралы мәліметтер ұсынылады;
      4) өзін-өзі реттейтін ұйымның қолданған ықпал ету шаралары;
      5) мүдделер қайшылығының пайда болу мүмкіндіктері және фактілері туралы хабарлайды.
      21. Осы Ереженің 20-тармағында көзделген хабарламалар жазбаша түрде ресiмделедi және көрсетілген жағдайлардың бiрi пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні iшiнде почта байланысымен және (немесе) электронды почтамен және (немесе) факсимильдік және (немесе) телекстік және (немесе) телеграфтық хабарламамен немесе шартта немесе инвестициялық пай қорының ережесінде айқындалған байланыстың өзге де ықтимал түрлерімен клиентке жiберiледi. Сондай-ақ осы Ереженің 20-тармағының 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген хабарламалар көрсетілген жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Интернет желісінде инвестициялық портфельді басқарушының веб-сайтында орналастырылады.
      22. Инвестициялық портфельді басқарушының жарнамалық ақпаратты таратуы «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына және Инвестициялық қорлар туралы Заңның талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Инвестициялық портфельді басқарушының қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелердің параметрлері (бағасы, көлемі және басқа да ықтимал параметрлері) туралы, клиенттердің активтерін инвестициялау кезіндегі кірістілік көрсеткіштері және инвестициялық портфельді басқарушының қызметін сипаттайтын басқа да көрсеткіштер туралы дәйексіз немесе жаңылдыратын мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауына немесе өзгеше түрде таратуына жол берілмейді.
      Инвестициялық портфельді басқарушының өзінің қызметі туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында немесе өзгеше түрде жариялауы кезінде өзінің толық атауын, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның берілген күнін және нөмірін көрсетеді.
      23. Инвестициялық пай қорының активтерін сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушы уәкілетті органның лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы хабарламасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы қордың активтерін есепке алуды жүзеге асыратын кастодианға кредиторлық және дебиторлық берешектердің, оның ішінде «репо» операцияларына қатысқан кредиторлар, дебиторлар мен тұлғалар туралы мәліметтерді қосқанда, «репо» операцияларын ашу аясында пайда болғандарының сомалары туралы ақпаратты жібереді.
      24. Инвестициялық портфельді басқарушының ішкі құжаттарында осы инвестициялық портфельді басқарушының оның клиенттеріне ақпаратты жария ету жөніндегі қосымша талаптар (осы Ереженің 16-23-тармақтарында белгіленген міндеттерден өзге) белгіленеді.

3-тарау. Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру талаптары

      25. Клиенттің инвестициялық портфелін басқару Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңға, Инвестициялық қорлар туралы Заңға, осы Ережеге және клиенттің инвестициялық декларациясына сәйкес жүзеге асырылады.
      26. Жинақтаушы зейнетақы қорларының, екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру ұйымдарының және өзге де қаржы ұйымдарының меншікті активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде инвестициялық портфельді басқарушы осы Ережеде белгіленген талаптарға қосымша жинақтаушы зейнетақы қорларының, екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру ұйымдарының және өзге де қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
      Қазақстан Республикасының заңнамасында Ереженің осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген клиенттердің активтерімен жасалатын мәмілелерге қатысты ерекше талаптар мен шектеулер белгіленген жағдайда, осындай клиенттің инвестициялық портфелін басқару көрсетілген шектеулер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      27. Клиенттің инвестициялық декларациясында Агенттік Басқармасының 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 209 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5844 тіркелген) қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықтың (бұдан әрі – Тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуы жөніндегі талаптар туралы нұсқаулық) 29-тармағында көзделген мәліметтер болады.
      Инвестициялық қорлардың инвестициялық декларациясына қойылатын талаптар «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  39-бабында белгіленген.
      28. Егер клиентпен жасалған шартта осы көзделген болса, инвестициялық декларацияда инвестициялық басқаруға тапсырылған активтердің инвестицияланатын мерзіміне және клиенттің шотында қалуы мүмкін ақшаның барынша көп қалдығының мөлшеріне қойылатын талаптар болады.
      29. Инвестициялық портфельді басқарушының қаржы ұйымдары болып табылатын клиенттерінің инвестициялық декларациялары осы қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы ескеріліп жасалады және оны қаржы ұйымының директорлар кеңесі бекітеді.
      30. Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру барысында клиенттің активтеріне және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының меншiктi активтеріне қатысты инвестициялық шешiмдердi инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық комитеті қабылдайды.
      Клиенттің активтеріне және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының меншiктi активтеріне қатысты инвестициялық шешiмдердi қабылдау тәртібі, ұсынымның және инвестициялық шешімнің жасалу тәртібіне және мазмұнына қойылатын талаптар Тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуы жөніндегі талаптар туралы нұсқаулықта белгіленген.
      31. Егер инвестициялық портфельді басқарушының іс-әрекеттеріне байланысты емес жағдайлардың нәтижесінде клиенттің инвестициялық портфелінің құрылымы Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) клиенттің инвестициялық декларациясында белгіленген талаптарға сәйкес келуін тоқтатқан жағдайда, инвестициялық портфельді басқарушы осындай сәйкес келмеуді ушықтыратын қызметті дереу тоқтатады және бір күн iшiнде осы сәйкес келмеуді жою жөнiндегi іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып, осы сәйкессіздік фактiсi және себептері туралы уәкiлеттi органға және клиентке хабарлайды.
      Инвестициялық портфельді басқарушы клиенттің инвестициялық портфелінің құрылымын Ереженің осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, уәкiлеттi органмен келісілген іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімдерде, не осы іс-шаралар жоспарын қарау нәтижелері бойынша уәкiлеттi орган белгілеген мерзімдерде Қазақстан Республикасы заңнамасының және (немесе) клиенттің инвестициялық декларациясының талаптарына сәйкес келтiредi.
      32. Инвестициялық портфельді басқарушы инвестициялық шешiмдi бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға қолданылып жүрген лицензиясы болған кезде дербес орындайды.
      33. Инвестициялық портфельді басқарушы мынадай:
      1) клиенттің инвестициялық басқаруға табыс етілген активтерінің есебінен бағалы қағаздарды және инвестициялық портфельді басқарушының меншiгiндегi өзге де мүлікті сатып алу жөнiндегi;
      2) өзiнiң меншiгiне клиенттің активтерін иелiгiнен шығару жөнiндегi;
      3) инвестициялық портфельді басқарушы бір мезгілде өз клиентінің мүдделерін және оның клиенті болып табылмайтын үшінші тұлғаның мүдделерін білдіретін;
      4) клиенттің активтері есебінен инвестициялық портфельді басқарушы шығарған қаржы құралдарын және (немесе) инвестициялық қорлардың осы инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық басқаруындағы бағалы қағаздарын сатып алу жөнiндегi;
      5) клиенттің активтері есебінен тарату барысында тұрған эмитенттердің бағалы қағаздарын сатып алу жөнiндегi;
      6) клиенттің активтері есебінен эмитенттің дефолты болған (эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге де міндеттемелерін эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау мақсатында шығарылған осы эмитенттің бағалы қағаздарына айырбастауды қоспағанда), эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізімінің «буферлік санат» санатына ауыстырылған, қор биржасы осы бағалы қағаздармен сауда-саттықты тоқтата тұрған күннен бастап бағалы қағаздарды сатып алу жөнiндегi;
      7) клиенттің инвестициялық басқаруға қабылданған активтеріне қатысты мәмілелер жасау кезінде төлемді отыз күнтiзбелiк күннен асатын мерзімге кейінге қалдыру немесе ұзарту көзделетін;
      8) осы клиенттің инвестициялық басқаруға қабылданған активтерін өзінің меншікті міндеттемелерін немесе үшінші тұлғалардың клиенттің инвестициялық портфелін басқару жөнiндегi қызметпен байланысты емес міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуге пайдалануды болжайтын;
      9) клиенттің активтерін өтеусіз иелiгiнен шығару жөнiндегi;
      10) клиенттің активтері есебінен клиентке тиесілі емес қаржы құралдарын сату туралы шарттарды жасасу жөнiндегi («қысқа сату»);
      11) инвестициялық қор болып табылмайтын клиенттің активтерінің құрамына ашық сауда-саттық әдістерімен қор биржасының сауда жүйесінде жасалған мәмілелерді қоспағанда, инвестициялық қорлардың осы инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық басқаруындағы активтерін сатып алу жөнiндегi;
      12) нәтижесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) клиенттің инвестициялық декларациясында белгіленген талаптар бұзылатын мәмiлелердi жүзеге асырмайды.
      34. Инвестициялық портфельді басқарушы осы Ереженің 33-тармағында белгіленген талаптардан өзге, Инвестициялық қорлар туралы Заңда көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Инвестициялық қорлар туралы Заңның 41-бабында көзделген инвестициялық қордың активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырумен байланысты тыйым салуларды сақтайды.
      35. Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру және сату жөнiндегi бұйрықтарға инвестициялық қордың активтерін есепке алуды қамтамасыз ететін кастодиан бөлiмшесiнiң басшысы қол қояды және олар мөрмен расталады не кастодиан тіркеушіге (номиналды ұстаушыға) өзінің инвестициялық портфельді басқарушының бұйрығын жазбаша растағанын жібере отырып растайды.
      Егер осылай кастодиандық қызмет көрсету және бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмі жүйесін жүргізу жөнiндегi шарттардың талаптарында көзделген жағдайда, инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру және сатып алу барысында мәмiленi инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар тiзiлiмiнде тіркеген сәттен бастап үш жұмыс күнінен кеш емес мерзімде кастодианның пайларды есептен шығару (есепке алу) бойынша мәмілелер жасауға келiсiмiн растайтын, қағаз тасымалдауыштағы құжаттардың түпнұсқаларын мiндеттi түрде бере отырып, факсимильді байланыс құралдарын пайдалануға жол берiледi.
      Егер осылай кастодиандық шартта және бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмі жүйесін жүргізу жөнiндегi шартта көзделген жағдайда, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес электрондық құжат айналымы жүйесін пайдаланумен инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру және сатып алу жөніндегі бұйрықты электронды түрде жасауға және беруге жол беріледі.
      Ескерту. 35-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 215 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4-тарау. Есепке алуды ұйымдастыру тәртібі

      36. Кастодиан жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру ұйымдарының меншікті активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельді құрайтын активтерді есепке алу және сақтауды, сондай-ақ инвестициялық қорлардың активтерін және арнайы қаржы компаниясының активтерін есепке алу және сақтауды кастодиан мен инвестициялық портфельді басқарушының арасында жасалған кастодиандық шарт негізінде жүзеге асырады.
      Инвестициялық портфельді басқарушы мен номиналды ұстаушының арасында жасалған номиналды ұстау туралы шарттың негізінде бағалы қағаздарды номиналды ұстау жөнiндегi қызметтерді көрсететін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы (бұдан әрі – номиналды ұстаушы) Ереженің осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген инвестициялық портфельді басқарушының клиенттерін қоспағанда, клиенттердің бағалы қағаздарын есепке алуды жүзеге асырады.
      Кастодиан бағалы қағаздардан басқа, клиенттердің өзге активтерін есепке алу және сақтауды жүзеге асырады.
      37. Инвестициялық портфельді басқарушының ішкі есепке алу жүйесінде клиенттің активтері инвестициялық портфельді басқарушының меншiктi активтерінен оларды инвестициялық портфельді басқарушының баланстан тыс шоттарына есепке алу арқылы оқшауланады және олар инвестициялық портфельді басқарушының мiндеттемелерi бойынша өндiрiп алынбайды.
      Баланстан тыс шот Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2010 жылғы 1 ақпандағы № 4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6090 тіркелген) қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқаруды немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулыққа және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес инвестициялық портфельді басқарушының әрбір клиентіне инвестициялық портфельді басқарушының ішкі есепке алу жүйесінде ашылады.
      38. Инвестициялық портфельді басқарушының ішкі есепке алу жүйесін жүргізу, клиентке ішкі есепке алу жүйесінде шот ашу және ішкі есепке алу жүйесін актуалды жағдайда ұстап тұру тәртiбi инвестициялық портфельді басқарушының iшкi құжаттарында белгiленедi.
      39. Инвестициялық портфельді Басқарушының клиенттеріне тиесілі ақшаны есепке алу және сақтау инвестициялық басқаруға берілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін есепке алу мен сақтауды қоспағанда, инвестициялық портфельді Басқарушы өзімен үлестес емес, бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және мынадай талаптардың біріне сәйкес келетін:
      Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВ-»-тен темен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі немесе Мооdу's Investors Service, Fіtch агенттіктерінің немесе олардың еншілес рейтингілік ұйымдарының (бұдан әрі - басқа рейтингілік агенттіктер) осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе Standard & Рооr's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша «kzВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар;
      Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «А-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар резиденті емес-бас банктің Қазақстан Республикасының резиденті-еншілес банктері болып табылатын;
      Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын, қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы) санатына енгізілген эмитент-банктер болып табылатын банктерде ашқан банк шоттарында жүзеге асырылады.
      Инвестициялық портфельді басқарушыға басқаруға берілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін есепке алу және сақтау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шетелдік кастодиан-банктерде ашылған шоттарында жүзеге асырылады.
      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыcымен.
      40. Қазақстан Республикасының резиденті емес клиенттерiнiң шетелдік қаржы құралдарын есепке алу және сақтауды «Standard & Poor's» агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша «А-» санатынан төмен емес ұзақ мерзiмдi және (немесе) қысқа мерзiмдi жеке рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетелдік номиналды ұстаушылар жүзеге асыруы мүмкін.
      41. Инвестициялық портфельді басқарушы айына кемінде бір рет өзiнiң ішкі есепке алу жүйесiнiң деректерін олардың клиенттердің активтерін есепке алуды және сақтауды жүзеге асыратын кастодиандардың деректеріне және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының клиенттерінің бағалы қағаздарын есепке алуды жүзеге асыратын номиналды ұстаушының деректеріне сәйкес келуін салыстырып тексереді.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген деректер бойынша салыстырып тексеру нәтижелері мынадай мәліметтер бар салыстырып тексеру актісімен ресімделеді:
      1) салыстырып тексеру актісінің жасалу күні;
      2) салыстырып тексеру жүзеге асырылатын кезең;
      3) салыстырып тексеру актісінің жасалу күніндегі шоттардағы (қосалқы шоттардағы) активтердің қалдығы туралы ақпарат;
      4) салыстырып тексеру жүзеге асырылатын кезеңдегі активтердің, шоттардағы (қосалқы шоттардағы) активтердің қозғалысы туралы ақпарат.
      Салыстырып тексеру актісі екі данада жасалады, оған салыстырып тексеруді жүзеге асыратын тараптардың өкілдері қол қояды және олардың мөрлерімен куәландырылады.
      42. Инвестициялық портфельді басқарушының ішкі есепке алу жүйесінің деректерін шетелдік номиналды ұстаушының деректерімен салыстырып тексеру халықаралық банкаралық ақпарат беру жүйесі арқылы және SWIFT - хабарламалармен алмасу не шетелдік номиналды ұстаушымен жасалған шартта көзделген басқа да байланыс құралдары арқылы төлемдер жасау жолымен жүзеге асырылады және мәні Қазақстан Республикасының резиденті емес клиенттерге тиесілі және шетелдік номиналды ұстаушының шоттарындағы қаржы құралдарын салыстырып тексеруді жүргізу күніндегі қалдықтарды инвестициялық портфельді басқарушының ішкі есепке алу жүйесінің деректерімен салыстырып тексеруде болады.
      Олардың негізінде салыстырып тексеру жүргізілген құжаттар, оның ішінде SWIFT – хабарламалар салыстырып тексеру жүргізілген күннен бастап бес жыл ішінде сақталуы тиіс.
      43. Осы Ереженің 41 және 42-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылатын салыстырып тексерудің нәтижелері бойынша сәйкес келмеушіліктер болған жағдайда, салыстырып тексеруді жүзеге асырған тараптар оларды жою бойынша шаралар қабылдайды.
      44. Инвестициялық портфельді басқарушы оның қызметіне қатысты барлық құжаттарды шынайы және актуалды есепке алуды:
      1) инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi жасалған шарттар және оларға енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар;
      2) жасалған ұсыныстар;
      3) инвестициялық шешімдер, олардың орындалуы (орындалмауы);
      4) клиенттердің активтерімен және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының меншiктi активтерімен жасалған мәмілелер, олардың орындалуы (орындалмауы);
      5) инвестициялық шешiмдердi орындау мақсатында брокерге берілген құжаттар не инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқарған жағдайда сауда бөлімшесіне жіберілген өкімдер;
      6) клиенттердің қаржы құралдары және олардың санының өзгеруі;
      7) бағалы қағаздар бойынша кiрiстердiң түсуі және бөлiнуi;
      8) клиенттерге берілген есептер;
      9) ішкі есепке алу жүйелерін олардың кастодиандардың және (немесе) номиналды ұстаушылардың және (немесе) шетелдік номиналды ұстаушылардың деректеріне сәйкес келуін салыстырып тексерулер;
      10) клиенттердің инвестициялық портфельді басқарушыға шағымдары және оларды жою жөнiндегi іс-шаралар бар өтiнiштерi туралы (жөнiндегi) мәліметтер бар журналдарды жүргізу арқылы жүргiзедi.
      45. Ұсынымдар олардың негiзiнде берілген құжаттармен (материалдармен) бірге, инвестициялық шешімдер және инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметке қатысты өзге де құжаттар хронологиялық тәртіппен жеке тiркегiш файлдарда сақталады.

5-тарау. Арнайы қаржы компаниясының жаңа басқарушы агентке берiлетiн активтерін салыстырып тексеру рәсiмiн жүргізу тәртiбi

      46. Арнайы қаржы компаниясының жаңа басқарушы агентке берiлетiн активтерін салыстырып тексеруді кастодианның, басқарушы агенттің және арнайы қаржы компаниясының уәкiлеттi өкiлдерi жүзеге асырады.
      47. Жаңа басқарушы агентке берiлетiн активтерді салыстырып тексеру үшiн:
      1) берiлетiн активтердің тiзбесi;
      2) берiлетiн құжаттардың тiзбесi;
      3) салыстырып тексеру актiсi жасалады.
      Берiлетiн активтерге салыстырып тексеру сәтіне басқарудағы активтер кiредi.
      48. Инвестициялық басқарудың барлық кезеңінде жаңа басқарушы агентке берiлетiн активтерді салыстырып тексеру кезінде:
      1) басқарушы агенттің бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын (жүзеге асырған) ұйымдарға арнайы қаржы компаниясының активтері есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасасуға берген тапсырмаларының көшiрмелерi;
      2) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын (жүзеге асырған) ұйымдардың басқарушы агенттің арнайы қаржы компаниясының активтері есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасасуға тапсырмаларын орындауы туралы есептерiнiң көшiрмелерi;
      3) басқарушы агент арнайы қаржы компаниясының активтері есебінен қаржы құралдарымен өз бетімен мәмілелер жасасқан кезде - мұндай мәмiлелердiң жасалуын растайтын құжаттардың көшiрмелерi;
      4) инвестициялық шоттан кастодиан берген үзiндi жазбалардың көшiрмелерi;
      5) арнайы қаржы компаниясының кастодианның жеке шоты шеңберінде ашылған қосалқы шотынан «Бағалы қағаздар орталық депозитарийi» АҚ берген үзiндi жазбалардың көшiрмелерi;
      6) арнайы қаржы компаниясының берiлетiн активтерін салыстырып тексеру күніне арнайы қаржы компаниясының активтері есебінен екiншi деңгейдегі банктермен жасалған қолданыстағы банктік салым шарттарының түпнұсқалары;
      7) арнайы қаржы компаниясының берiлетiн активтерін салыстырып тексеру күніне мерзiмi өтіп кеткен арнайы қаржы компаниясының активтері есебінен екiншi деңгейдегі банктермен жасалған банктік  салым шарттарының көшiрмелерi;
      8) басқарушы агенттің арнайы қаржы компаниясының активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельді басқаруға қатысты өзге де құжаттар берiледi.
      49. Салыстырып тексеру қорытындылары бойынша салыстырып тексеру актiсi жасалады, оның ішінде мыналар туралы ақпарат болады:
      1) бағалы қағаздардың ұлттық сәйкестендіру нөмiрлерi көрсетіле отырып, олардың саны (данамен) туралы;
      2) депонент-банктердiң атауы, салым сомалары, банктік салым шартының жасалу күні мен оның нөмiрi, салым мерзiмi, сыйақы ставкалары көрсетіле отырып екiншi деңгейдегі банктердегі салымдар туралы;
      3) инвестициялық шоттардағы теңгемен және шетел валютасында ақша қозғалысы туралы;
      4) қаржы құралдарының сатып алу құны туралы;
      5) инвестициялардың ағымдағы құны туралы;
      6) әрбір қаржы құралы бойынша есептелген және алынған инвестициялық кiрiстiң сомасы туралы;
      7) комиссиялық сыйақы сомасы туралы;
      8) инвестициялық шоттардағы ақша қалдығы туралы;
      9) инвестициялық қызметке қатысты берiлетiн құжаттардың түпнұсқалары туралы;
      10) инвестициялық қызметке қатысты өзге де мәліметтер.
      50. Салыстырып тексеру актiсi:
      1) бір данадан арнайы қаржы компаниясы, жаңа басқарушы агент, басқарушы агент, кастодиан, уәкiлеттi орган үшiн бес дана етіп  инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шартты бұзу күніне жасалады;
      2) арнайы қаржы компаниясының, басқарушы агенттің және жаңа басқарушы агенттің бiрiншi басшылары мен бас бухгалтерлері қол қояды;
      3) арнайы қаржы компаниясының, басқарушы агенттің және жаңа басқарушы агенттің мөрімен куәландырылады;
      4) кастодианның бiрiншi басшысының немесе арнайы қаржы компаниясының активтеріне кастодиандық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын бөлімшеге жетекшiлiк ететін басшы қызметкерiнiң қолымен және кастодианның мөрімен куәландырылған салыстырып тексеру актiсi деректерiнiң дұрыстығы туралы белгiсi болуы тиіс.
      51. Осы Ереженiң 49 және 50-тармақтарының талаптарына сәйкес ресімделген салыстырып тексеру актiсiнiң данасы оған қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні iшiнде уәкiлеттi органға ұсынылады.

6-тарау. Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе одан айырылған жағдайда инвестициялық портфельді басқарушының іс-әрекет жасау тәртібі

      52. Инвестициялық портфельді басқарушы лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе одан айырылған жағдайда уәкiлеттi органның тиісті хабарламасын алған күннен бастап екі жұмыс күні iшiнде бұл туралы:
      1) жеке хабарлама жіберу және клиенттер үшін оңай қол жетімді болатын орындарында (бас офистің және филиалдардың үй-жайларында, сондай-ақ Интернет желісінде осы инвестициялық портфельді басқарушының веб-сайтында (бар болса)) тиісті хабарландырулар орналастыру арқылы өзінің клиенттеріне;
      2) номиналды ұстаушыларға және осы инвестициялық портфельді басқарушының клиенттерінің шоттары ашылған кастодиандарға хабарлайды.
      53. Инвестициялық портфельді басқарушы лицензиядан айырылған жағдайда уәкiлеттi органның хабарламасын алған сәттен бастап отыз күнтізбелік күн iшiнде клиенттің бұйрығы негізінде активтерін клиентке қайтарады немесе жасалған шарт болған кезде активтерді жаңа инвестициялық портфельді басқарушыға табыс етеді.

Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2010 жылғы 30
сәуірдегі № 59 қаулысының 
      2-қосымшасы        

Күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 21 сәуiрдегi № 137 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2335 тіркелген) қаулысы.
      2. Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 2335 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 137 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 жылғы 25 қазандағы № 298 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3230 тіркелген, 2005 жылы Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағының № 9-13 санында жарияланған, 42-бет) қаулысы.
      3. Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» 2003 жылы 21 сәуірдегі № 137 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 97 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4230 тіркелген) қаулысы.
      4. Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 137 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 12 тамыздағы № 149 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4392 тіркелген, 2006 жылғы 29 қыркүйекте «Заң газеті» газетінің № 174 (980) санында жарияланған) қаулысы.
      5. Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 137 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы» 2007 жылғы 30 наурыздағы № 69 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4641 тіркелген, 2007 жылғы сәуір-мамырда Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында және 2007 жылғы 1 маусымда «Заң газеті» газетінің № 82 (1111) санында жарияланған) қаулысы.
      6. Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 137 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2008 жылғы 29 қазандағы № 167 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5373 тіркелген) қаулысы.
      7. Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 27 наурыздағы № 59 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5634 тіркелген) қаулысы.
      8. Агенттік Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 209 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5844 тіркелген) қаулысының 3-тармағы.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 280076
    Қазақ тілінде 139469
    Орыс тілінде 139188
    Ағылшын тілінде 1419
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы