Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандырудың міндетті түрлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 мамырдағы N 244 Заңы

       Ескерту. Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз.

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексіне  (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 14, 103-құжат; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 3-4, 16-құжат; N 5, 25-құжат; N 6, 42-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 21-22, 87-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 4, 24, 25-құжаттар; N 8, 45-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат; 2007 ж., N 3, 21-құжат; N 4, 28-құжат; 2007 жылғы 14 наурызда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 15 наурызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 2 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      1) 806-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Міндетті сақтандыру - егер сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе, талаптары тараптардың келісімімен айқындалатын, заңнамалық актілердің талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру.";

      2-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақтағы "сақтандырудың осы түрін реттейтін заң актілерінде жазылған" деген сөздер ", егер сақтандырудың осы түрін реттейтін заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе, тараптардың келісімімен айқындалған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: "Сақтандырудың міндетті түрін реттейтін заңнамалық актілерде тәртібі мен талаптары белгіленген міндетті сақтандыру шартын жасасу, егер осы заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, жоғарыда аталған сақтандырушы үшін міндетті болып табылады.";

      2) 807-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "сақтандырудың осы түрін реттейтін" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 815-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "Міндетті сақтандыру туралы заң актілерімен" деген сөздер "Заңнамалық актілермен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 818-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "заңдарда белгіленген мөлшерден артық бола алмайды" деген сөздер "заңнамалық актілермен белгіленеді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 833-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Сақтандырудың міндетті түрлері кезінде сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесінде келтірілген зиянның мөлшеріне бағалау жүргізудің тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен айқындалады.".

      2. "Мұнай туралы" 1995 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 11, 76-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 11, 150-құжат; 1999 ж.,N 21, 787-құжат; 2003 ж., N 6, 34-құжат; N 11, 56-құжат; 2004 ж., N 22, 131-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 16, 70-құжат; 2006 ж., N 16, 99-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 22-құжат):

      55-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы "мыналарға" деген сөз "сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін заңнамалық актілерге сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 23, 148-құжат; Қазақстан Республикасы
Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат):

      1) 30-баптың бірінші бөлігіндегі "міндетті түрде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 31-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) пайдаланушы Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес сақтандыру шарасын жасамаса, жарамсыз деп танылады.".

      4. "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 11-12, 263-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 1999 ж., N 4, 101-құжат; 2000 ж., N 6, 145-құжат; 2003 ж., N 14, 112-құжат; 2004 ж., N 11-12, 67-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат):

      1) 7-бапта:
      алтыншы абзацта:
      "міндетті мемлекеттік әлеуметтік сақтандырылуға," деген сөздер алып тасталсын;

      "орындау" деген сөзден кейін "үшін оларды тарту" деген сөздермен толықтырылсын;

      жетінші абзацта:
      "зейнетақымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 18-баптың екінші бөлігіндегі "міндетті түрде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. "Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы" 1997 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж, N 6, 69-құжат; 1998 ж.,N 24, 436-құжат; 2000 ж.,N 8, 187-құжат; 2004 ж., 11-12, 67-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж.,N 1, 5-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат):

      1) 28-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құтқарушыларды сақтандыру Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Құтқарушылардың отбасы мүшелерін асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік қамсыздандыру Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";

      2) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "30-бап. Ерікті авариялық-құтқару құрамаларының
               құтқарушыларын, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою
               жөніндегі жұмыстарды жүргізуге тартылатын
               құтқарушылар болып табылмайтын азаматтарды
               әлеуметтік қорғау кепілдіктері

      Осы Заңның 28 және 29-баптарында көзделген құқықтық және әлеуметтік кепілдіктер ерікті авариялық-құтқару құрамаларының құтқарушыларына, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге тартылған кезде, құтқарушылар болып табылмайтын азаматтарға қолданылады.".

      6. "Атом энергиясын пайдалану туралы" 1997 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 83-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 18-құжат):

      18-баптың 3-тармағының бесінші абзацындағы "асыруды;" деген сөз "асыруды қамтамасыз етеді." деген сөздермен ауыстырылып, алтыншы абзацы алып тасталсын.

      7. "Сот приставтары туралы" 1997 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 201-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 11, 55-құжат):

      10-бапта:
      тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-бап. Сот приставтарын әлеуметтік қорғау шаралары

      1. Сот приставтарын міндетті сақтандыру бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.";

      2-тармақ алып тасталсын;

      3-тармақтағы "сақтандыру сомасы" деген сөздер "өтемақы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "сақтандыру сомалары" деген сөздер "өтемақылар" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5-тармақта:
      бірінші сөйлемдегі "сақтандыру сомасы" деген сөздер "өтемақы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бұл ретте осы бапта көзделген біржолғы өтемақылар басқа төлемдерге, соның ішінде сақтандыру төлемдері мен зиянды өтеу тәртібімен жасалатын төлемдерге қарамастан төленеді.";

      6-тармақтағы "сақтандыру сомасы" деген сөздер "осы бапта көзделген біржолғы өтемақы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. "Күзет қызметі туралы" 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 14-15, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 34-құжат; N 17, 155-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат):

      6-бапта:
      тақырыптағы "жеке" деген сөз алып тасталсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Күзет қызметін жүзеге асыратын субъектілер қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына зиян келтірумен байланысты тәуекелдерді сақтандыру Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.".

      9. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 22, 406-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 85-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; 2005 ж., N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 25-құжат; N 8, 45-құжат; N 16, 99-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 28, 33-құжаттар):

      1) 6-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Мазмұны мен талаптары Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрін реттейтін заңнамалық актісімен айқындалатын міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жекелеген сыныбы болып табылады.";

      2) 11-1-бапта:
      2-тармақтың 5) тармақшасындағы "өкілеттіктерін айқындауға тиіс." деген сөздер "өкілеттіктерін;" деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6) сақтанушылардың (сақтандырылушылардың), жәбірленушілердің (пайда алушылардың) және олардың өкілдерінің жазбаша және ауызша өтініштерін, сондай-ақ сақтандыру жағдайлары мәселелері бойынша келіп түсіп жатқан өтініштер мен құжаттарды тіркеу тәртібін;
      7) сақтандыру жағдайларының мәселелері жөніндегі өтініштер мен құжаттар бойынша оларды қарау және сақтанушыларға (сақтандырылушыларға), жәбірленушілерге (пайда алушыларға) жауап беру тәртібін;
      8) сақтандыру төлемі туралы шешімді қабылдау рәсімін айқындауға тиіс.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Актуарий өз қызметін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында қоса атқаруға құқылы емес.";

      3) 19-баптың 4-тармағының екінші сөйлемі алып тасталсын;

      4) 26-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      "7-1. Сақтандыру ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін сатып алуға ниеттенген ірі қатысушы мәртебесін алу жөніндегі осы Заңның талабы өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын, Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру ұйымына қолданылмайды.";

      5) 26-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Осы тармақтың 6) тармақшасында көзделген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлғаларға уәкілетті органның келісім беруден бас тарту негізі уәкілетті орган елінің қадағалау органымен ақпарат алмасу туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алатын жағдайларға қолданылмайды.";

      6) 32-бап мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
      "11. Қазақстан Республикасының резиденті емес - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы рейтингтік агенттіктердің біреуінің ең аз талап етілетін рейтингісі болған кезде Қазақстан Республикасының резиденті - еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты бас сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бола алады. Ең аз рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.";

      7) 33-баптың 5-тармағында:
      2) тармақша "пруденциялық нормативтерді" деген сөздерден кейін "(активтерді әртараптандыру нормативін қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру түріндегі қолданыстағы санкцияның болмауы, сондай-ақ филиалды әділет органдарында есептік тіркеген күннің алдындағы үш ай ішінде уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 173-бабының бірінші бөлігінде (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уәкілетті органға есептілікті не өзге де сұралатын ақпаратты ұсынуы мәселелері бойынша), бесінші, сегізінші, оныншы, он бірінші бөліктерінде, 174 және 175-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолдану түріндегі санкцияларды қолданбауы болып табылады.";

      8) 37-баптың 6-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) осы Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелінің берілуін растайтын құжаттарды табыс етеді.";

      9) 43-баптың 9-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "9-2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу тәртібін айқындайды;";

      10) 46-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Уәкілетті орган ипотекалық сақтандыру жөніндегі және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін төлем қабілеттілігі маржасының ең аз деңгейіне, сондай-ақ ипотекалық сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін сақтандыру резервтерін есептеу тәртібіне қосымша талаптар белгілеуге құқылы.";

      11) 48-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы "сатып алудан басқа жағдайларда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға тыйым салынады." деген сөздер "сатып алудан;" деген сөздермен ауыстырылып, тармақ мынадай
мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) сақтандыру ұйымы міндетті сақтандыру шарттары бойынша мәжбүрлеп таратылған кезде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қордың акцияларын сатып алудан басқа жағдайларда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға тыйым салынады.";

      12) 53-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы "шығындылық коэффициенттері" деген сөздер "шығындылықты сипаттайтын коэффициенттер (шығындылық коэффициенті, жұмсалған қаражат коэффициенті, аралас коэффициент)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 54-баптың 1-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) сақтандыру сыйлықақысының негізделмеген мөлшерін қолданудан, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан негізсіз бас тартудан, сақтандыру төлемін уақтылы жүзеге асырмаудан, сақтандырудың міндетті түрлерін жүргізудің талаптары мен тәртібінен туындайтын міндеттерді орындамаудан немесе тиісінше орындамаудан көрінетін сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін бұзу фактісі анықталған;";

      9) тармақша "төтенше жарналарды" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ қосымша жарналарды" деген сөздермен толықтырылсын;

      14) 55-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-2) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін заңнамалық актілерін бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) бұзған;";

      15) 75-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "75-1-бап. Шығындылықты сипаттайтын коэффициенттер

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандырудың барлық не жекелеген сыныптарын (түрлерін) жүргізу кезінде өз қызметіне талдау жасау мақсатында шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат
коэффициентін, аралас коэффициентті) есептейді.
      2. Шығындылықты сипаттайтын коэффициенттер (шығындылық коэффициенті, жұмсалған қаражат коэффициенті, аралас коэффициент) - сақтандырудың барлық не жекелеген сыныптарын (түрлерін) жүзеге асыру кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметінің
шығындылығын көрсететін салыстырмалы көрсеткіштер.
      Шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.";

      16) 76-бапта:
      тақырып "ұйымы" деген сөзден кейін "және сақтандыру брокері" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы" деген сөздерден кейін "және сақтандыру брокері" деген сөздермен толықтырылсын.

      10. "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 3, 18-құжат; 2004 ж., N 2, 10-құжат; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; N 17-18, 76-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 10, 52-құжат; 2007 ж., N 2, 14, 18-құжаттар; N 3, 20-құжат):

      9-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы "заңдарына" деген сөз "заңнамалық актілеріне" деген сөздермен ауыстырылсын.

      11. "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 11, 63-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат; 2006 ж., N 4, 25-құжат; 2007 ж., N 2, 18 құжат):

      1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Заң Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының құқықтық жағдайын, оның құрылуы мен қызметінің тәртібін, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысу шарттарын айқындайды.";

      2) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдері - осы Заңда көзделген жағдайларда өміріне, денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушіге және осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген адамдарға төленетін ақша сомасы;";

      3) тармақшадағы "міндетті сақтандыру туралы" деген сөздер "сақтандырудың міндетті түрін реттейтін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) қосымша жарна - осы Заңда көзделген тәртіппен сақтандыру ұйымы Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына төлейтін, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі түріндегі ақша сомасы;";

      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "9-1) жәбірленуші - өзге тұлғаның көлік құралын пайдалануы нәтижесінде өміріне, денсаулығына зиян келтірілген тұлға;";

      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "10-1) зиянды өтеу резерві - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры бастапқы біржолғы жарналар мен қосымша жарналар есебінен қалыптастыратын, тек қана осы Заңда көзделген жағдайларда жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалатын шығыстарды өтеу үшін пайдаланылатын ақша сомасы;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "11) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві - міндетті жарналар, сондай-ақ Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының талаптарын қанағаттандыру тәртібімен ол мәжбүрлеп таратылған сақтандыру ұйымынан алған және кепілдік, өтемақы төлемдерін, сондай-ақ сақтандыру жағдайын, келтірілген зиян мөлшерін анықтауға байланысты шығыстар мен кепілдік және өтемақы төлемдерін және осы Заңда көзделген жағдайларда жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыруға байланысты шығыстарды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша есебінен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қалыптастыратын ақша сомасы;";

      3) 5-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қатысушы-сақтандыру ұйымдары Қордың акционерлері болып табылады.";
       Ескерту. Осы Заңның 1-бабы 11-тармағы 3) тармақшасы 2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі ( 2-баптан  қараңыз).

      4) 6-бапта:
      1) тармақша "міндетті және төтенше жарналарының" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ осы Заңда көзделген қосымша жарналардың" деген сөздермен толықтырылсын;

      "1-1) осы Заңда көзделген жағдайларда жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдер мөлшерін белгілеу;";

      5) 7-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Қор осы Заңның 8-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерді өз мойнына алады.";
       Ескерту. Осы Заңның 1-бабы 11-тармағы 5) тармақшасы 2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі ( 2-баптан  қараңыз).

      6) 8-бапта:
      тақырыптағы "міндеті" деген сөз "міндеттері" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қордың негізгі міндеттері:
      1) қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
      2) осы Заңда көзделген жағдайларда көлік оқиғасы нәтижесінде өзге тұлға өміріне, денсаулығына зиян келтірген тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
      2. Қор негізгі міндеттерді орындау үшін мынадай функцияларды:
      1) осы Заңға сәйкес кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыруды;
      2) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының міндетті және төтенше жарналарын тартуды;
      3) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қосымша жарналарын тартуды;
      4) осы Заңға сәйкес жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыруды;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен инвестициялық қызметті жүзеге асырады.";

      7) 10-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Қатысушы-сақтандыру ұйымында көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға лицензия болғанда, қатысу шартына мынадай талаптар:
      1) қосымша жарналарды төлеу тәртібі;
      2) тараптардың жауапкершілігі міндетті түрде енгізілуге тиіс.";

      8) 12-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
       Ескерту. Осы Заңның 1-бабы 11-тармағы 8) тармақшасы 2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі ( 2-баптан  қараңыз).
      "Осы Заңда көзделген жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін зиянды өтеу резерві жеткіліксіз болған жағдайда Қор ағымдағы тоқсанның аяғына дейін Қордың директорлар кеңесі белгілеген мөлшерде сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын пайдалануға құқылы. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервін қалпына келтіру үшін Қор сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің пайдаланылған сомасы мөлшерінде төтенше жарналарды тартады.";

      9) мынадай мазмұндағы 5-1-тараумен толықтырылсын:
       Ескерту. Осы Заңның 1-бабы 11-тармағы 9) тармақшасы 2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі ( 2-баптан  қараңыз).

"5-1-тарау. Қордың жәбірленушінің өміріне, денсаулығына
келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге
жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдері

      17-1-бап. Жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген
                зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды
                өтеу бойынша төлемдерді алу құқығы

      1. Қор көлік оқиғасы орнынан жасырынған және жәбірленушіге зиян келтіруге жауапты адам анықталмаған жағдайда жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді (бұдан әрі - зиянды
өтеу бойынша төлем) төлейді.
      Қор жәбірленушінің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша төлемдерді денсаулыққа ауыр зиян келтірілгенде ғана жүзеге асырады.
      2. Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың зиянды өтеу бойынша төлемдерді алуға құқығы бар.
      Осы құқық қолдарында жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарты жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.
      3. Жәбірленушінің не осы баптың 4-тармағында көрсетілген адамдардың зиянды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі талабы, сондай-ақ осы баптың 5-тармағында көрсетілген адамдардың жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу жөніндегі талабы Қорға осы
баптың 1-тармағында көзделген жағдай басталған кезден бастап бір жыл ішінде қойылады.
      4. Жәбірленуші қайтыс болған жағдайда зиянды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі талап ету құқығы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамға (адамдарға)
көшеді.
      5. Қор жәбірленушіні жерлеген адамға осы Заңның 17-2-бабы 2-тармағының 1), 4), 6), 7) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса берілген жазбаша өтініштің негізінде Қордың директорлар кеңесі белгілеген мөлшерден аспайтын жерлеуге жұмсалған нақты шығыстарды өтейді.

      17-2-бап. Қордың зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған
                шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыруы

      1. Жәбірленуші не осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген адамдар зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, тікелей Қорға не қатысушы-сақтандыру ұйымына өтініш беруге құқылы.
      2. Зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдер туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) осы Заңның 17-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайдың басталу фактісін растайтын құжаттың көшірмесі;
      2) жәбірленуші алған жарақат пен мертігулердің сипаты, диагнозы, уақытша еңбекке қабілетсіздік кезеңі көрсетіле отырып, жәбірленушіге көлік оқиғасы нәтижесінде денсаулығына келтірілген зиянға байланысты медициналық көмек көрсетілген денсаулық сақтау ұйымы қорытындысының көшірмесі;
      3) медициналық-әлеуметтік немесе сот-медициналық сараптама мекемелері қорытындысының көшірмесі;
      4) жәбірленушінің қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес зиянды өтету (жәбірленуші қайтыс болған жағдайда) құқығына ие адамның құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;
      6) жерлеуге нақты жұмсалған шығындарды растайтын құжаттар не олардың көшірмелері;
      7) жеке куәліктің көшірмесі.
      3. Жәбірленуші не осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген адамдар не қатысушы-сақтандыру ұйымы зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың толық топтамасын
табыс еткеннен кейін Қор зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру туралы не оларды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      4. Қор зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлем жасау туралы шешімді осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарды алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қабылдайды. Қор зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған
шығыстарды өтеу бойынша төлемді зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлем жасау туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      5. Қор осы баптың 3-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асырумен байланысты қатысушы-сақтандыру ұйымдарының шығыстарын нақты шығыстар мөлшерінде, бірақ бес айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде өтейді.
      6. Жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдердің шекті мөлшерін Қордың директорлар кеңесі айқындайды.
      7. Зиянды өтеу бойынша төлем моральдық зиянның, сондай-ақ мүлікке келтірілген зиянның, жәбірленушінің не осы Заңның 17-1-бабының 4-тармағында көзделген адамдардың жіберіп алған пайдасының, қоршаған ортаға келтірілген залалдың орнын толтырмайды.
      8. Зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалатын шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді тікелей Қор немесе агент-банк арқылы, сондай-ақ жәбірленушінің не осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген адамдардың банк шоттарына қолма-қол емес нысанда
қатысушы-сақтандыру ұйымы жүзеге асырады.
      9. Қор зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерден мынадай жағдайларда:
      1) жәбірленушінің іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен қасақана жасалған қылмыс немесе көлік оқиғасымен себепті байланыста болған әкімшілік құқық бұзушылық деп танылса;
      2) Қорға немесе қатысушы-сақтандыру ұйымына осы Заңның 17-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдай басталған кезден бастап бір жыл өткеннен кейін жүгінгенде;
      3) көлік оқиғасы еңсерілмейтін күштің салдарынан, яғни ядролық жарылыс, радиация немесе радиоактивті улану, әскери іс-қимылдар, азаматтық соғыс, жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, жаппай тәртіпсіздік немесе ереуілдер сияқты төтенше және осындай алдын алуға болмайтын жағдайлар кезінде басталған болса, бас тартуға құқылы.
      Зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асырудан бас тарту үшін негіздер болған кезде, Қор құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесі бар жазбаша нысандағы хабарлама жіберуге міндетті.
      10. Қор осы Заңмен жүктелген функцияларды орындау үшін осы Заңға сәйкес Қордың төлемдерді жүзеге асыруы үшін негіз болған оқиғалармен байланысты ақпаратты беру тәртібі мен мерзімдерін белгілейтін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен ақпарат
алмасу туралы келісімді жасасады.

      17-3-бап. Зиян келтірген адамға кері талап қою құқығы

      Қордың жәбірленушінің не осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген адамдардың зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі талабын қарауға байланысты Қордың шеккен шығыстарын ескере отырып, зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдер шегінде жәбірленушіге зиян келтірген адамға кері талап қою құқығы бар.

      17-4-бап. Зиянды өтеу резервін құру

      1. Қор зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен жүзеге асырады.
      Зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін зиянды өтеу резервінің қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда Қор сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервін осы Заңда көзделген тәртіппен пайдаланады.
      2. Уәкілетті орган белгілеген мөлшердегі бастапқы біржолғы жарналар және Қормен жасалатын қатысу шартына сәйкес сақтандырушылар төлейтін қосымша жарналар зиянды өтеу резервін қалыптастыру көздері болып табылады.
      Қосымша жарналар ставкасын есептеу әдістемесі, оларды төлеу тәртібі мен мерзімдері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
      3. Қосымша жарналардың мөлшері қатысушы-сақтандыру ұйымы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша есептеген сақтандыру сыйлықақылары мен қосымша жарналар ставкаларының көлемін негізге ала отырып
есептеледі.
      4. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру қатысушы-сақтандыру ұйымын қосымша жарналарды төлеуден босатпайды.
      5. Қатысушы-сақтандыру ұйымы өзін мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап қосымша жарналарды төлеуден босатылады.

      17-5-бап. Қосымша жарналарды төлеу жөніндегі міндеттерді
                орындамау немесе тиісінше орындамау

      1. Қосымша жарналарды төлемеген, уақтылы төлемеген не толық көлемде төлемеген жағдайда, Қор қатысушы-сақтандыру ұйымының осы Заң бойынша өз міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны туралы жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
      2. Уәкілетті орган Қордан қатысушы-сақтандыру ұйымының қосымша жарналарды төлеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны туралы хабарлама алған кезде мұндай сақтандыру ұйымына Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген санкцияларды және өзге де ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.".

      12. "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 14, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 25-құжат):

      1) 1-бап:
       Ескерту. Осы Заңның 1-бабы 12-тармағы 1) тармақшасының үшінші  және бесінші абзацтары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі ( 2-баптан  қараңыз).
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) тәуелсіз сарапшы - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган өзі белгілеген тәртіпке сәйкес аккредиттеген, бағалау қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;";

      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "7-1) тікелей реттеу - көлік оқиғасында жәбірленушінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеуді жәбірленушімен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру төлемін жүзеге асыру тетігі;";

      2) 7-баптың 2-тармағында:
      бірінші бөлік "жол полициясының қызметкерлеріне" деген сөздерден кейін "және көлікті бақылау органдарының лауазымды тұлғаларына" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктегі "жол полициясы бөлімшелерінің" деген сөздер "жол полициясы бөлімшелері және көлікті бақылау органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 8-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алғанға дейін сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға:
      1) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын құру және оның қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңында айқындалған тәртіппен аталған Қордың қатысушысы болуға;
      2) осы Заңда және өкілдер кеңесі бекіткен сақтандыру омбудсманының ішкі ережелерінде айқындалған тәртіппен және жағдайда өкілдер кеңесінің құрамына кіруге;
      3) оның астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдары және (немесе) сақтандыру агенттерінің болуы міндетті.";

      5-тармақ алып тасталсын;

      4) мынадай мазмұндағы 8-1 және 8-2-баптармен толықтырылсын:

      "8-1-бап. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық
                жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі
                деректер базасы

      1. Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алғанға дейін осы Заңда айқындалған тәртіппен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі деректер базасының (бұдан әрі - деректер базасы) қатысушысы болуға міндетті.
      2. Деректер базасы - сақтанушы, сақтандырылушы және сақтандырушы туралы ақпараттың жиынтығы.
      Сақтандыру есебі - деректер базасындағы ақпаратты толық немесе ішінара беру нысаны.
      Сақтанушы мен сақтандырылушы деректер базасының субъектілері болып табылады.
      3. Деректер базасын қалыптастыруды және жүргізуді көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар сақтандырушылардың кемінде жетпіс проценті болып табылатын
қатысушылары бар ұйым ғана жүзеге асыруға құқылы.
      Ұйым деректер базасын қалыптастыру мен жүргізу жөніндегі қызметті Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
      4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Заңда көзделген талаптарды іске асыру функцияларын сапалы әрі уақтылы орындауды қамтамасыз ету мақсатында деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан ақпарат, оның ішінде сақтандыру құпиясын құрайтын ақпарат алуға құқылы.
      Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметкерлері өз функцияларын жүзеге асыру барысында алған қызметтік, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауаптылықта болады.
      5. Деректер базасын қалыптастыру үшін:
      1) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушылар;
      2) ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттардың негізінде өзге де тұлғалар ақпаратты жеткізушілер болып табылады.
      6. Ақпаратты жеткізуші:
      1) деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан берілген ақпаратты осы Заңға сәйкес пайдалануды талап етуге;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және (немесе) ақпаратты беру және (немесе) алу туралы шартқа сәйкес өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
      7. Ақпаратты жеткізушілер:
      1) деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарт жасасуға;
      2) осы Заңда және ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттарда айқындалған көлемде әрі тәртіппен деректер базасын қалыптастыру үшін деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға ақпарат беруге;
      3) деректер базасы субъектісінің талап етуі бойынша деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға берілген ақпаратқа түзетулер енгізуге;
      4) деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға деректер базасының субъектісі туралы қолдағы мәліметтерге дәл сәйкес келетін ақпаратты беруге;
      5) ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалануға;
      6) өз қаражаты есебінен ақпаратты алу мен өңдеудің тиісті талаптарын қамтамасыз етуге міндетті.
      8. Мыналар:
      1) сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;
      2) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушылар;
      3) деректер базасының субъектілері;
      4) сақтандыру және актуарийлік есептеулер саласында консультациялық қызметтер көрсететін консалтингтік және ғылыми-зерттеу ұйымдары;
      5) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндетті орындауын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар сақтандыру есебін алушылар болып табылады.
      Осы тармақта көрсетілмеген өзге тұлғаларға ақпарат ұсынуға жол берілмейді.
      9. Осы баптың 8-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар тек қана өздері туралы сақтандыру есебін алуға құқылы.
      Осы баптың 8-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар жасалған сақтандыру шарттарының саны, сақтандыру сыйлықақыларының көлемі, сақтандыру жағдайлары, сондай-ақ сақтандыру төлемдерінің сомалары (мүлік пен денсаулық бойынша төлемдер бөлігінде) бойынша жиынтық ақпаратты қамтитын сақтандыру есебін ғана алуға құқылы.
      10. Ақпарат алушы сақтандыру есебін алуға және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
      Осы баптың 8-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар:
      1) ақпарат алушы ретінде тіркелген кезде өздері ұсынған мәліметтердің өзгеруі туралы хабарлауға;
      2) алынған ақпаратқа қатысты құпиялылықты сақтауға және оны үшінші тұлғаларға жария етпеуге;
      3) алынған ақпаратты тек осы Заңда көзделген мақсаттар үшін пайдалануға;
      4) деректер базасы субъектісінің талабы бойынша оны ақпараттың мазмұнымен таныстыруға не оған ақпарат алушының ішкі ережелеріне сәйкес оның көшірмесін беруге;
      5) тиісті шартпен айқындалған тәртіппен және мөлшерде деректер базасынан ақпаратты беру жөнінде көрсетілген қызметтің ақысын төлеуге;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.

      8-2-бап. Деректер базасын қалыптастыру үшін ұсынылатын ақпарат

      1. Осы Заңның 8-1-бабының 5-тармағында көрсетілген ақпаратты жеткізушілер және осы Заңның 8-1-бабының 8-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар ақпаратты беру жөніндегі өз міндеттемелерін орындау және сақтандыру есептерін алу мақсатында деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттар жасасуға міндетті.
      2. Сақтандырушылар ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартта көзделген тәртіппен, мерзімдерде және көлемде әрбір жасалған сақтандыру шарты бойынша, сақтандыру сыйлықақыларының көлемі, сақтандыру жағдайлары туралы, сондай-ақ сақтандыру төлемдерінің сомалары (мүлік пен денсаулық бойынша төлемдер бөлігінде) туралы ақпарат береді.
      3. Осы баптың 2-тармағында тізіп көрсетілген ақпарат тиісті бағдарламалық қамтамасыз ету біріктірген ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық түрде беріледі.
      4. Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым сақтандырушыларға деректер базасының ақпараттық ресурстарын құруда және оған қол жеткізуде тең жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті.";

      5) 9-бапта:
      1-тармақта:
      "органдарының жол полициясы бөлімшелері" деген сөздер "органдары" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "өкілдеріне" деген сөзден кейін ", сондай-ақ сұратуы бойынша сақтандыру ұйымдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      "сақтандыру жағдайының" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ көлік оқиғасы орнынан жасырынған адам жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына зиян келтірген жағдайдың" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақта:

      "сақтандырушы" деген сөзден кейін "және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" деген сөздермен толықтырылсын;

      "ақпаратты" деген сөзден кейін "жазбаша нысанда, мөрмен куәландырып" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 10-баптың 5-тармағының екінші бөлігі "сақтанушының" деген сөзден кейін "мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін" сөздермен толықтырылсын;

      7) 16-бапта:
      1-тармақтың 4) тармақшасында:
      "сақтандырушы немесе" деген сөздер алып тасталсын;

      "сақтандыру төлемі" деген сөздердің алдынан "сақтандырушы жүзеге асырған" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақта:
      3) тармақша "сақтандыру жағдайының" деген сөздердің алдынан "көлік оқиғасының және" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) көлік оқиғасы жасалған кезде кідіріссіз, бірақ уәкілетті лауазымды тұлғаның жазбаша жолдамасын алған кезден бастап екі сағаттан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну фактісін және мас күйін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуге;";

      8) 17-бапта:

      "3) көлік оқиғасының себептерін және өзге де мән-жайларын анықтауға;";

      4) тармақша алып тасталсын;

      2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) осы Заңда белгіленген мерзімде сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің (пайда алушының) немесе олардың өкілдерінің өтініші бойынша зақымдалған (жойылған) мүлікке тәуелсіз сарапшыда бағалау жүргізуді ұйымдастыруға және бағалау туралы есепті пайда алушыға танысу үшін ұсынуға;";

      9) 18-баптың 1-тармағында:
      2) тармақшадағы "сақтанушымен (сақтандырылушымен) көлік құралы иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан" деген сөздер алып тасталсын;

      4) тармақшада:

      10) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
       Ескерту. Осы Заңның 1-бабы 12-тармағы 10) тармақшасының он  екінші абзацы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі ( 2-баптан  қараңыз).

      "19-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері

      1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде төленуге тиіс жылдық сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін базалық сақтандыру сыйлықақысы пайдаланылады, оған көлік құралының тіркелген жеріне, көлік құралының түріне, сақтанушының (сақтандырылушының) жасына және жүргізу стажына, көлік құралының пайдаланылу мерзіміне, сақтанушының (сақтандырылушының) және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың осының алдындағы шартының қолданылу кезеңінде азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған тұлғалардың кінәсінен сақтандыру жағдайларының болуына немесе болмауына қарай осы баптың 3 - 10-тармақтарында белгіленген коэффициенттер ("бонус-малус" жүйелері) қолданылады.
      Көлік құралы Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген жағдайларда тіркеу аумағы бойынша коэффициенттер қолданылмайды.
      2. Базалық сақтандыру сыйлықақысы 1,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді.
      3. Көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициенттер мынадай мөлшерде белгіленеді:

Р/с

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,
астананың атауы

Көлік құралын тіркеу аумағы
бойынша коэффициент мөлшері
(астана, республикалық және
облыстық маңызы бар қалалар
үшін)

1

2

3

1.

Алматы облысы

1,78

2.

Оңтүстік Қазақстан облысы

1,01

3.

Шығыс Қазақстан облысы

1,96

4.

Қостанай облысы

1,95

5.

Қарағанды облысы

1,39

6.

Солтүстік Қазақстан облысы

1,33

7.

Ақмола облысы

1,32

8.

Павлодар облысы

1,63

9.

Жамбыл облысы

1,00

10

Ақтөбе облысы

1,35

11

Батыс Қазақстан облысы

1,17

12

Қызылорда облысы

1,09

13

Атырау облысы

2,69

14

Маңғыстау облысы

1,15

15

Алматы

2,96

16

Астана

2,2

      4. Осы баптың 3-тармағында аталған облыстардағы өзге де қалалар мен елді мекендер үшін жылдық сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін 0,8 мөлшеріндегі түзету коэффициенті қосымша пайдаланылады.
      5. Көлік құралының түрі бойынша коэффициенттер мынадай мөлшерде белгіленеді:

Р/с

Көлік құралының түрі

Көлік құралының түрі
бойынша коэффициент
мөлшері

1

2

3

1

Жеңіл автомобильдер

2,09

2

Жолаушылар орны 16-ға дейін қоса алғанда автобустар

3,26

3

Жолаушылар орны 16-дан
артық автобустар

3,45

4

Жүк автомобильдері

3,98

5

Троллейбустар, трамвайлар

2,33

6

Мотокөлік

1,00

7

Тіркемелер (жартылай
тіркемелер)

1,00

      6. Жеке тұлғалар үшін жасына және жүргізу стажына қарай коэффициент мөлшері мынадай мөлшерде белгіленеді:

Р/с

Жасы және жүргізу стажы

Жасына және жүргізу стажына
қарай коэффициент мөлшері

1

2

3

1.

25 жастан кіші/жүргізу стажы
2 жылдан аз

1,10

2.

25 жастан кіші/жүргізу стажы 2 жылдан астам

1,05

3.

25 жас және одан үлкен
/жүргізу стажы 2 жылдан аз

1,05

4.

25 жас және одан үлкен /жүргізу стажы 2 жылдан астам

1,00

      7. Заңды тұлғалар үшін осы баптың 6-тармағында көзделген коэффициент 1,2 мөлшерде белгіленеді.
      8. Көлік құралының пайдаланылу мерзіміне қарай коэффициенттер мынадай мөлшерде белгіленеді:

Р/с

Көлік құралының пайдаланылу
мерзімі

Көлік құралының пайдаланылу
мерзіміне қарай коэффициент
мөлшері

1

2

3

1.

7 жылға дейін, қоса алғанда

1,00

7 жылдан жоғары

1,10

      9. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың осының алдындағы шартының қолданылуы кезеңінде азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған тұлғалардың кінәсінен сақтандыру жағдайлары болғанына немесе болмағанына қарай ("бонус-малус" жүйелері) коэффициенттер мынадай мөлшерде белгіленеді:

Сақ-
тан-
дыру-
мер-
зімі
бас-
тал-
ған-
дағы-
сынып

Коэффи-
циент
мөлшері

Сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен
болған сақтандыру жағдайларының болғанын
ескере отырып, сақтандыру мерзімінің аяқталуы
бойынша сынып

0 сақ-
тандыру
жағдайы

1 сақтан-
дыру
жағдайы

2 сақ-
тандыру
жағдайы

3 сақ-
тандыру
жағдайы

4 және
одан
көп
сақтан-
дыру
жағдайы

1

2

3

4

5

6

7

М сы-
ныбы

2,45

0

М

М

М

М

0-сы-
нып

2,30

1

М

М

М

М

1-сы-
нып

1,55

2

М

М

М

М

2-сы-
нып

1,40

3

1

М

М

М

3-сы-
нып

1,00

4

1

М

М

М

4-сы-
нып

0,95

5

2

1

М

М

5-сы-
нып

0,90

6

3

1

М

М

6-сы-
нып

0,85

7

4

2

М

М

7-сы-
нып

0,80

8

4

2

М

М

8-сы-
нып

0,75

9

5

2

М

М

9-сы-
нып

0,70

10

5

2

1

М

10-
сынып

0,65

11

6

3

1

М

11-
сынып

0,60

12

6

3

1

М

12-
сынып

0,55

13

6

3

1

М

13-
сынып

0,50

13

7

3

1

М

      10. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған сақтандыру жағдайларының жиілігіне қарай оған сынып беріледі.
      11. Алғаш көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушыға 3-сынып беріледі.
      12. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жаңа мерзімге жасасқан кезде көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың осының алдындағы шартының қолданылуы кезеңінде туындаған сақтандыру жағдайларының санына қарай төменгі сыныптан ең төменгі М сыныбын беру арқылы арттыратын коэффициент немесе сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен сақтандыру жағдайлары болмаған кезде ең жоғары сыныпты беру арқылы төмендететін коэффициент қолданылады.
      13. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын он екі айдан аз мерзімге жасасқан кезде көлік құралының бірлігіне сақтандыру сыйлықақыларының мынадай мөлшері белгіленеді:

Р/с

Сақтандыру мерзімі

Сақтандыру сыйлықақы-
сының мөлшері (жылдық
сақтандыру сыйлық-
ақысының проценті
есебімен)

1

2

3

1.

5 күн

10

2.

6 күннен - 15 күнге дейін, қоса алғанда

15

3.

16 күннен - 1 айға дейін, қоса алғанда

20

4.

1 айдан - 2айға дейін, қоса алғанда

30

5.

2 айдан - 3айға дейін, қоса алғанда

40

6.

3 айдан - 4айға дейін, қоса алғанда

50

7.

4 айдан - 5айға дейін, қоса алғанда

60

8.

5 айдан - 6айға дейін, қоса алғанда

70

9.

6 айдан - 7айға дейін, қоса алғанда

75

10.

7 айдан - 8 айға дейін, қоса алғанда

80

11.

8 айдан 9 айға дейін, қоса алғанда

85

12.

9 айдан - 10 айға дейін, қоса алғанда

90

13.

10 айдан - 11айға дейін, қоса алғанда

95

14.

11 айдан жоғары

100

      14. Кешенді сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы көлік құралының бір бірлігі үшін төленеді, бұл ретте сақтандыру сыйлықақысының мөлшері сақтандыру полисінде көрсетілген көлік құралдары үшін белгіленген сақтандыру сыйлықақылары мөлшерлерінің ең көп шамасына тең болып айқындалады.";

      11) 20-бапта:
      тақырыптағы "және көбейту" деген сөздер алып тасталсын;

      1-тармақтың бірінші бөлігі "мүгедектер" деген сөзден кейін ", зейнеткерлер" деген сөзбен толықтырылсын;

      2 және 3-тармақтар алып тасталсын;

      12) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:

      20-1-бап. Сақтандырушы көрсететін қосымша қызметтер

      Сақтандырушы сақтанушының келісімі болған кезде сақтанушыға (сақтандырылушыға) зақымдалған көлік құралын жөндеу уақытында көлік құралын беруді, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды жинау бойынша қызмет көрсетуді, сақтанушыға көмек көрсету үшін сақтандырушы өкілінің (авария комиссарының) көлік оқиғасы орнына баруын қоса алғанда, көлік оқиғасы жағдайында көмек көрсетумен байланысты қосымша ақылы қызмет көрсетуге құқылы.";

      13) 22-бапта:
      5, 5-1 және 5-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Мүлік зақымдалған кезде келтірілген зиянның мөлшерін тәуелсіз сарапшы бағалайды, оның бағалау нәтижесі сақтандырушы үшін міндетті болып табылады.
      5-1. Сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері өз бетінше тәуелсіз сарапшының қызметін пайдалануға құқылы. Мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалауға кеткен шығынды сақтандырушы көтереді.
      5-2. Сақтандырушы сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері бағалау жүргізуге берген өтініш пен сақтандыру жағдайының басталу фактісін растайтын құжаттар негізінде үш жұмыс күні ішінде мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін тәуелсіз сарапшының бағалауын өз есебінен ұйымдастырады.
      Өзгеше дәлелдеуге құқығы бар сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері үшін бағалаудың нәтижелері міндетті болып табылмайды.
      Сақтандырушының пайда алушыға тиесілі сақтандыру төлемінен бағалау жүргізуге жұмсалған өз шығыстарын ұстап қалуға құқығы жоқ.";

      мынадай мазмұндағы 5-3-тармақпен толықтырылсын:
      "5-3. Егер сақтандырушы осы баптың 5-2-тармағында белгіленген мерзімде келтірілген зиянды тәуелсіз сарапшының бағалауын ұйымдастырмаса, онда сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің (пайда алушының) немесе олардың өкілдерінің өз бетінше тәуелсіз сарапшының қызметтерін пайдалануына және мүлікті қалпына келтіруді (кәдеге жаратуды) бастауына болады. Сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің (пайда алушының) немесе олардың өкілдерінің тәуелсіз сарапшы қызметіне жұмсаған шығындарын сақтандыру төлеміне қарамастан өтеуге тиіс.";

      6-тармақтағы "немесе тәуелсіз сарапшыға зақымдалған мүлікті қарау және келтірілген зиянды бағалау үшін" деген сөздер "зақымдалған мүлікті қарауға, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыға келтірілген зиянға бағалау жүргізуге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-1-тармақта:
      "бағалаған" деген сөздің алдынан "тәуелсіз сарапшы" деген сөздермен толықтырылсын;

      "не сақтанушының (сақтандырылушының) немесе жәбірленушінің бастамасы бойынша тәуелсіз сарапшы жасаған осындай бағалаудың нәтижелерін алған" деген сөздер алып тасталсын;

      "сақтандыру актісін жасап, оны және" деген сөздер алып тасталсын;

      7-тармақтағы "қылмыстық заңдарына" деген сөздер "Қылмыстық кодексіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын:

      "22-1-бап. Өміріне, денсаулығына зиян келтірілген
                 жәбірленушілер болмаған жағдайда көлік
                 оқиғасы басталған кездегі тұлғалардың
                 іс-әрекеттері

      Көлік оқиғасы жасалған кезде өміріне, денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушілер болмаған жағдайда, оның қатысушылары мүмкіндік болған кезде орын алған көлік оқиғасы туралы сақтандырушыларды хабардар етуге тиіс.
      Сақтандырушылар өз өкілдерін көлік оқиғасы болған орынға жіберуге құқылы.
      Көлік оқиғасына қатысушылар болған мән-жайды бағалауға және болжамды мөлшері елу айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс мүлікке келтірілген зиянның мөлшеріне өзара келісе отырып, оқиғаның схемасын өз бетінше жасауға және оған қол қойып, оны ресімдеу үшін жақын постқа немесе ішкі істер органдарының бөлімшелеріне баруға құқылы.";

      15) 23-бап алып тасталсын;

      16) 24-баптың 1-тармағында:
      1) тармақшада:
      екінші абзацтағы "600" деген цифрлар "1000" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      төртінші абзацтағы "500" деген цифрлар "800" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      бесінші абзацтағы "400" деген цифрлар "600" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      алтыншы абзацтағы "300" деген цифрлар "500" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      жетінші абзацтағы "300" деген цифрлар "500" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      сегізінші абзацта:
      "200" деген цифрлар "300" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "1,5" деген цифрлар "2" деген цифрмен ауыстырылсын;

      2) тармақшадағы "400" деген цифрлар "600" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      3) тармақшада:
      "400" деген цифрлар "600" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "1000" деген цифрлар "2000" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      17) 25-бапта:
      2-тармақта:
      3) тармақша "жәбірленушінің" деген сөздің алдынан "жәбірленушінің өміріне, денсаулығына зиян келтіру фактісі болған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-2) бағалау жүргізуге арналған өтініш;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтініш беруші ұсынған құжаттардың толық тізбесін және олар қабылданған күнді көрсете отырып, екі данада анықтама жасауға міндетті.
      Анықтаманың бір данасы өтініш берушіге беріледі, екінші данасы өтініш берушінің оны алғандығы туралы белгі соғылып, сақтандырушыда қалады.
      Сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері осы баптың 2-тармағында көзделген барлық құжаттарды бермеген жағдайда, сақтандырушы оларды үш жұмыс күні ішінде жетіспейтін құжаттар туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.";

      18) 26-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      19) мынадай мазмұндағы 26-1-баппен толықтырылсын:
       Ескерту. Осы Заңның 1-бабы 12-тармағы 19) тармақшасы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі ( 2-баптан  қараңыз).

      "26-1-бап. Тікелей реттеу

      1. Сақтандыру жағдайы басталған кезде жәбірленуші немесе жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтетуге құқылы тұлға,
сақтандыру жағдайына кінәлі тұлғада сақтандыру полисі болған кезде жәбірленуші көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушыға сақтандыру төлемін алу үшін өтініш жасайды.
      2. Сақтандырушы осы Заңның 25-бабы 2-тармағының 1) - 6) тармақшаларында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемін жүргізеді.
      3. Сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушы өз шығыстарын өтету үшін сақтандыру жағдайына кінәлі тұлғаның сақтандырушысына өтініш жасайды.
      4. Тікелей реттеуді жүзеге асырудың тәртібі мен шарттары осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.";

      20) 28-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы "кетсе, кері талап қоюға құқылы." деген сөздер "кетсе;" деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) көлік құралын жүргізген және психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісін және мас күйін анықтау үшін медициналық куәландыруға жіберілген тұлға дәлелсіз себептермен мұндай куәландырудан өтпесе, кері талап қоюға құқылы.";

      21) 29-баптың 3-тармағындағы "сақтандырушы талап қойылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемі туралы талап қойған тұлғаға" деген сөздер "сақтандырушы өтінішті және осы Заңның 25-бабының 2-тармағында көзделген барлық құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде өтініш берушіге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22) мынадай мазмұндағы 30-1, 30-2, 30-3 және 30-4-баптармен толықтырылсын:

      "30-1-бап. Сақтандыру омбудсманы, оның мәртебесі және оны
                 сайлау

      1. Сақтандыру омбудсманы - көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру мәселелері бойынша сақтандырушылар арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеуді
жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға.
      2. Сақтандыру омбудсманын сайлауды өкілдер кеңесі жүзеге асырады.
      Өкілдер кеңесі:
      1) әрбір сақтандырушының;
      2) уәкілетті органның бір-бір өкілінен құрылады.
      3. Уәкілетті орган сақтандыру омбудсманы лауазымына сайлау үшін кандидатураны ұсынады. Сақтандыру омбудсманы өкілдер кеңесінің көпшілік даусымен сайланады. Өкілдер кеңесінің әрбір мүшесі дауыс беру кезінде бір дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда, уәкілетті орган өкілінің даусы шешуші болып табылады.
      4. Сақтандыру омбудсманы екі жыл мерзімге сайланады.
      Өкілдер кеңесі сақтандыру омбудсманының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
      Сақтандыру омбудсманының өкілеттігін өзінің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын тоқтату өкілдер кеңесіне жазбаша хабарлау негізінде жүзеге асырылады.
      Сақтандыру омбудсманының өкілеттігі аталған хабарламаны өкілдер кеңесі алған кезден бастап тоқтатылады.

      30-2-бап. Сақтандыру омбудсманына қойылатын талаптар

      1. Сақтандыру омбудсманы болып сайлану үшін:
      1) жоғары білімі жоқ;
      2) сақтандыру саласындағы жұмыс өтілі үш жылдан кем;
      3) өтелмеген не заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар;
      4) бұрын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыру ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы,
сақтандыру ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ сақтандыру ұйымын немесе басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе оларды банкрот деп тану туралы шешімдер қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде сақтандыру ұйымының немесе басқа да заңды тұлғаның басшы қызметкері болған тұлға ұсынылмайды.
      2. Сақтандыру омбудсманының сақтандыру ұйымдарындағы кез келген лауазымды қызметті атқаруға және (немесе) сақтандыру ұйымдарының аффилиирленген тұлғасы болуға құқығы жоқ.
      3. Сақтандыру омбудсманының осы бапта көзделген талаптарға сай келмейтіні белгілі болған жағдайда, өкілдер кеңесі сақтандыру омбудсманын қайта сайлауға құқылы.

      30-3-бап. Сақтандыру омбудсманының шешім қабылдау тәртібі

      1. Сақтандыру омбудсманы шешімді жеке-дара қабылдайды, ол сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесінің құрамына кіретін сақтандырушының назарына жазбаша нысанда жеткізіледі.
      Сақтандыру омбудсманы шешімдер қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
      2. Сақтандыру омбудсманының шешімін сақтандырушы орындауға тиіс.
      3. Сақтандырушы сақтандыру омбудсманының шешімін ол
белгілеген мерзімде орындамаған жағдайда, сақтандыру омбудсманы бұл
туралы кідіріссіз, бірақ үш жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілері талаптарының бұзылу фактісін растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
      4. Сақтандырушы сақтандыру омбудсманының шешімімен келіспеген жағдайда осы шешім бойынша сотқа шағымдануға құқылы.

      30-4-бап. Сақтандыру омбудсманының қызметі

      1. Сақтандыру омбудсманының қызметі уәкілетті органмен келісілген және өкілдер кеңесі бекіткен ішкі ережелердің негізінде жүзеге асырылады.
      2. Сақтандыру омбудсманы жүктелген функцияларды тиісінше атқару мақсатында өкілдер кеңесінің келісімі бойынша құрылымды және штатты (сақтандыру омбудсманының қеңсесін) құруға құқылы.".

      13. "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңы  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 14, 102-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 25-құжат):

      1) 7-баптың 3-тармағының екінші бөлігі "жол полициясы бөлімшелері" деген сөздерден кейін "және көліктік бақылау органдары" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 21-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Тасымалдаушы жасаған көліктегі сақтандыру жағдайы туралы актіде мынадай мәліметтер болуға тиіс:
      1) жәбірленушінің тегі, аты, әкесінің аты;
      2) көлік түрі;
      3) рейс нөмірі, поезд нөмірі, кеменің атауы және т.с.с;
      4) жол жүру бағыты;
      5) жәбірленушіде болған жол жүру билетінің сериясы және нөмірі;
      6) сақтандыру жағдайының басталу орны, күні және уақыты;
      7) жәбірленушінің өміріне және денсаулығына келтірілген зақымдардың сипаты;
      8) жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зақымдардың сипаты;
      9) сақтандыру жағдайының мән-жайына қысқаша сипаттама;
      10) тексеру жүргізуді жүзеге асыратын құзыретті органның атауы;
      11) жәбірленуші жіберілген медициналық мекеменің атауы және орналасқан жері;
      12) көлік ұйымы не көлік құралы басшысының тегі, аты, әкесінің аты және қолы;
      13) тексеру жүргізуді жүзеге асыратын құзыретті орган өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және қолы;
      14) тасымалдаушының мөрі.".

      14. "Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 24, 179-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат):

      мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:

      "7-1-бап. Туроператордың және турагенттің жауапкершілігін
                міндетті сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері

      1. Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға туроператордың және турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейін Қазақстан Республикасының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын құру және оның қызметі туралы заңында айқындалған тәртіппен көрсетілген Қордың қатысушысы болуға міндетті.
      2. Туроператордың және турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушы Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын кемінде екі мерзімді баспасөз басылымында мемлекеттік және орыс тілдерінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жылдық қаржылық есептілікті жариялау тәртібі туралы нормативтік құқықтық актісінде көзделген көлемде және мерзімдерде жыл сайын өзінің қаржылық есептілігін жариялап отыруға міндетті.
      3. Сақтандырушылар туроператордың және турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру тәуекелдері, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдері жөніндегі ақпараттық деректер базасын қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымды құруға қатысуға құқылы.".

      15. "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 5, 26-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 16, 100-құжат):

      1) бүкіл мәтін бойынша "қаланың" деген сөздің алдынан "облыстық маңызы бар" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 1-бапта:
      3-1) тармақшадағы "әдістемеге" деген сөз "егістің жойылған алқаптарын айқындау әдістемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақша "су тасқыны," деген сөздерден кейін "су тапшылығы," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
      "17) өсімдік шаруашылығындағы өзара сақтандыру қоғамы (бұдан әрі - қоғам) - өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру саласында өз мүшелерінің мүліктік мүдделерін өзара сақтандыруды жүзеге асыру мақсатында тұтыну кооперативінің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға.";

      3) 2-баптың 1-тармағы "Заңынан," деген сөзден кейін ""Өзара сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңынан," деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 5-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға ағымдағы жылы сақтандырылуға тиіс өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің тізбесін ұсынады;";

      5) мынадай мазмұндағы 5-2-баппен толықтырылсын:

      "5-2-бап. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды
                жүзеге асырудың ерекшеліктері

      1. Осы Заңда қамтылған ережелер қоғамдарға олардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.
      Қоғам мүшелерінің мүліктік мүдделерін сақтандыру өзара сақтандыру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Қоғам мүшелері болып табылатын өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілер сақтандырушыда міндетті сақтандыруға жатпайды.
      3. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушының астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерінің болуы міндетті.
      4. Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бір сақтандырушыға басқалары алдында негізсіз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасалуына бағытталған қызметке жол берілмейді.";

      6) 9-бапта:
      2-тармақта:
      үшінші бөліктегі "сақтандырушы мен" деген сөздер "сақтандырушының немесе қоғамның және" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші бөлік "сақтандырушының" деген сөзден кейін "немесе қоғамның" деген сөздермен толықтырылсын;

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Егістер толық жойылған жағдайда, сақтандырушы осы Заңның 10-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды сақтандырушы алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде сақтанушыға толық көлемде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға міндетті.";

      7) 12-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігі "сақтандырушыларға" деген сөзден кейін "және қоғамдарға" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақтың төртінші бөлігі "сақтандырушыларға" деген сөзден кейін "және қоғамдарға" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 13-бапта:
      1-тармақ "сақтандырушы" деген сөзден кейін "немесе қоғам" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақта:
      бірінші бөлікте:
      үшінші абзацта:
      "телнұсқасы" деген сөз "көшірмесі" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "сақтандырушының мөрімен расталған шығыс ордерінің телнұсқасы" деген сөздер "сақтандырушының немесе қоғамның мөрімен расталған шығыс ордерінің көшірмесі немесе инкассалық өкімнің түпнұсқасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесінші абзац "сақтандырушы" деген сөзден кейін "немесе қоғам" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөлік "сақтандырушыға" деген сөзден кейін "немесе қоғамға" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Агент жүргізілген сақтандыру төлемін өтеуді осы Заңға сәйкес сақтандырушымен жасалған сақтандыру төлемдерін ішінара өтеу тәртібі мен талаптары туралы шарт негізінде жүзеге асырады.";

      3-тармақ "сақтандырушыға" деген сөзден кейін "немесе қоғамға" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақ "Сақтандырушы" деген сөзден кейін "немесе қоғам" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 14-бапта:
      1-тармақтың соңғы абзацындағы "айқындауға құқылы" деген сөздер "айқындауға;" деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "сақтанушы міндетті сақтандыру шартын жасасудың осы Заңның 17-бабының 3-тармағында көзделген мерзімін бұзған жағдайда, бұл шартты жасасудан бас тартуға құқылы.";

      2-тармақтың үшінші абзацы "қолайсыз" деген сөздің алдынан "сақтанушымен осы Заңның 17-бабының 3-тармағында көзделген мерзімде міндетті сақтандыру шартын жасасқан жағдайда," деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 16-бапта:
      2-тармақта:
      төртінші абзац "бөлігін" деген сөзден кейін "сақтандырушыға, қоғамға" деген сөздермен толықтырылсын;

      бесінші абзац "сақтандырушымен" деген сөзден кейін ", қоғаммен" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақта:
      "сақтандырушыларға" деген сөзден кейін ", қоғамдарға" деген сөзбен толықтырылсын;

      "сақтандырушы", "сақтандырушының" деген сөздерден кейін ", қоғам", ", қоғамның" деген сөздермен толықтырылсын;

      11) 17-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Міндетті сақтандыру шарты кемінде бес ай және он екі айдан аспайтын мерзімге екі дана етіп жазбаша нысанда жасалады.";

      3-тармақтағы "егіс аяқталғаннан кейін" деген сөздер "осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы айқындаған егіс мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік" деген сөздермен ауыстырылсын.

      16. "Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 3-4, 2-құжат):

      1) 1-бапта:
      6) тармақшадағы "еңбекке қабілеттілігінен тұрақты айрылуға" деген сөздер "кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) тармақшадағы "еңбекке қабілеттілігінен тұрақты айрылуына" деген сөздер "кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "12) сақтандыру жағдайы - қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі;";

      2) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:

      "6-1-бап. Жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті
                сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері

      1. Сақтандырушының астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдары және (немесе) сақтандыру агенттері болуға міндетті.
      2. Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бір сақтандырушыға басқалары алдында негізсіз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне
қысым жасалуына бағытталған қызметке жол берілмейді.";

      3) 8-бапта:
      2-тармақта:
      1) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары алып тасталсын;

      "1-1) заңды тұлға және дара кәсіпкер мемлекеттік тіркелген кезден бастап он жұмыс күні ішінде сақтандырушымен жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасуға;";

      "2-1) персоналдың санаттары мен қызметкердің (қызметкерлердің) кәсіптік тәуекел сыныбы өзгерген кезден бастап он жұмыс күні ішінде бұл туралы сақтандырушыны хабардар етуге;";

      4) тармақшадағы "сақтандыру жағдайының" деген сөз "жазатайым оқиғаның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 9-баптың 2-тармағының 1), 8) тармақшалары алып тасталып, 7) тармақшасындағы "жүзеге асыруға;" деген сөздер "жүзеге асыруға міндетті." деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 11-бапта:
      3-тармақтың бірінші бөлігіндегі "сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисін беруі арқылы" деген сөздер алып тасталсын;

      4-тармақта:
      "Сақтандыру полисі" деген сөздер "Сақтандыру шарты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Сақтандыру полисі бланкісін дайындауға және оның телнұсқасын ресімдеуге" деген сөздер "Сақтандыру шартының телнұсқасын ресімдеуге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақтың 10) тармақшасындағы "сақтандыру полисінің" деген сөздер "сақтандыру шартының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 13-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "тоқтатылған жағдайларда өз қолданылуын тоқтатады." деген сөздер "тоқтатылған;" деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) сақтандырушы сақтандыру шартында белгіленген жалпы сақтандыру сомасы мөлшеріндегі сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) жүзеге асырған жағдайларда өз қолданылуын тоқтатады.";

      7) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-бап. Сақтандыру сомасы

      1. Сақтандыру сомасы жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартымен айқындалады, бірақ ол жұмыс берушінің міндетті сақтандыру шартын жасасқан кездегі барлық қызметкерлердің еңбекақысының жылдық қорынан кем болмауға тиіс.
      2. Сақтандыру сомасы сақтандыру төлемі мөлшерінің сомасына кемиді.
      3. Сақтандыру сомасы қызметкерлер еңбекақысының жылдық қоры өзгерген жағдайда өзгеруі мүмкін.";

      8) 17-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы осы баптың 2-тармағында белгіленген, персоналдың тиісті санаты бойынша еңбекақы төлеу қорына көбейтілген сақтандыру тарифінің негізінде тараптардың келісімімен айқындалады. Алынған сомалар қосылуға тиіс.
      Егер сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ішінде еңбекақы төлеу қоры өзгерсе, онда тараптардың келісімі бойынша негізгі шарттың қолданылу кезеңіне қосымша келісім жасасу (сақтандыру сомасының және сақтандыру сыйлықақысының мөлшері бөлігінде) арқылы сақтандыру шартына өзгерістер енгізілуі мүмкін. Сақтандыру сыйлықақысы еңбекақы төлеу қорының өзгеру сомасы және негізгі шарттың аяқталуына дейінгі қалған мерзім негізге алына отырып есептеледі. Сақтандыру тарифі сақтандыру шарты (негізгі шарт) жасалған тарифтен қалған сақтандыру кезеңіне барабар есептеледі.";

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданысы ішінде персоналдың санаттары мен қызметкердің кәсіптік тәуекел сыныбы өзгерген жағдайда, сақтандыру сыйлықақысы жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзімі өткенге дейін қалған мерзімге барабар қайта есептеледі.";

      9) 18-бапта:
      тақырыптағы "сақтандыру жағдайын және" деген сөздер алып тасталсын;

      1-тармақ алып тасталсын;

      2-тармақтың бірінші бөлігіндегі "еңбекке қабілеттілігінен тұрақты айрылуына" деген сөздер "оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-бап. Зиян мөлшерін анықтау тәртібі. Жұмыс берушінің
               жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты
               бойынша сақтандыру төлемі

      1. Қызметкердің қайтыс болуына немесе оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесінің белгіленуіне байланысты жалақыдан (кірістен) айрылуына байланысты зиянның мөлшері Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес айқындалады.
      2. Қызметкерге бір жылдан аспайтын немесе одан астам мерзімге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесі белгіленген жағдайда, оның денсаулығының зақымдануынан туындаған шығыстардың, сондай-ақ қызметкерді жерлеуге жұмсалған шығыстардың мөлшерін
сақтандырушы осы шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде айқындайды.
      Жерлеуге жұмсалатын шығыстарды өтеу ретінде тиесілі сақтандыру төлемі 100 айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
      3. Қызметкерге бір жылдан аспайтын мерзімге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге байланысты оның жалақысынан (кірісінен) айрылуына қатысты зиянды өтеу ретінде тиесілі сақтандыру төлемін сақтандырушы Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексіне сәйкес айқындалған мөлшерде дербес жүзеге асырады.
      4. Сақтандырушы қызметкерге бір жылдан аспайтын кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге байланысты, сондай-ақ денсаулығының зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу бойынша сақтандыру төлемін Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес ресімделген құжаттардың негізінде кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеген кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде төлейді.
      Жәбірленуші қызметкер осы тармақта көзделген жағдайларда сақтандыру төлемін алушы болып табылады.
      5. Жерлеуге жұмсалған шығыстарды шеккен тұлға қызметкерді жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша сақтандыру төлемін алушы болып табылады.
      6. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда сақтандырушы қызметкердің не қызметкерді жерлеуге жұмсалған шығыстарды шеккен тұлғаның жазбаша өтініші бойынша өтініш берушінің болашақта жұмсалатын шығыстарының есебіне сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.
      7. Қызметкердің бір жыл және одан астам мерзімге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге байланысты не қызметкердің қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес зиянды өтету құқығы бар тұлғалардың
жалақысынан (кірісінен) айрылуына байланысты зиянды өтеу ретінде тиесілі сақтандыру төлемі осы Заңның 23-бабына сәйкес сақтанушымен жасалған аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшеріне тең мөлшерде жүзеге асырылады.
      Қызметкердің бір жыл және одан астам мерзімге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге байланысты не қызметкердің қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес зиянды өтету құқығы бар тұлғалардың жалақысынан (кірісінен) айрылуына байланысты зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемі пайда алушы таңдаған аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, онымен сақтанушы аннуитет шартын жасасуға міндетті сақтандыру ұйымына аударылады.
      8. Қызметкердің қаза болуына немесе оның денсаулығының зақымдануына байланысты зиян үшін сақтандыру төлемі нақты зиян мөлшерінде, бірақ жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасынан аспайтын мөлшерде төленеді.
      Егер осы баптың 7-тармағына сәйкес айқындалған сақтандыру төлемінің мөлшері аннуитет шартын жасасу үшін жеткіліксіз болса, аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымына сақтанушының есебінен айырмасы төленеді.
      9. Сақтандыру төлемін аударуға байланысты шығыстар сақтандырушының есебінен жүргізіледі.";

      11) 20-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) сақтандыру шартының көшірмесі;";

      2) тармақша "фактісін және" деген сөзден кейін "жәбірленуші" деген сөзбен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы туралы қорытындысының көшірмесі.";

      12) 21-баптың 2-тармағы "сақтанушы" деген сөзден кейін ", жәбірленуші қызметкер" деген сөздермен толықтырылсын;

      13) 23-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жұмыс беруші осы Заңның 19-бабы 7-тармағының талаптарын ескере отырып, қызметкердің бір жыл және одан астам мерзімге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесі белгіленген не ұзартылған (қайта куәландырылған) не ол қайтыс болған жағдайда қызметкердің не қызметкердің қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес зиянды өтету құқығы бар тұлғаның пайдасына аннуитет шартын жасасуға міндетті.".

      17. "Өзара сақтандыру туралы" 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 13, 84-құжат):

      1) 4-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Қоғамдардың сақтандырудың міндетті түрлері жөніндегі қызметі Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.";

      2) 10-баптың 4-тармағындағы "21" деген цифрлар "22" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      3) 13-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы "1)" деген цифрдан кейін "өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 18-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Жалпы жиналыстың шешімі қабылданған кезде қоғамның әрбір мүшесі қоғам мүлкіндегі өз үлесінің шамасына қарамастан, бір дауысқа ие болады.".

       2-бап.

      1. Осы Заң:
      1) 2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабы 11-тармағының 3), 5), 8) және 9) тармақшаларын;
      2) 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 12-тармағы 10) тармақшасының он екінші абзацын;
      3) осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізілетін 1-бабының 12-тармағы 1) тармақшасының үшінші және бесінші абзацтарын, 19) тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      2. Қызметкердің еңбек (қызмет) міндеттерін атқаруы кезінде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды және (немесе) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдарының осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерінің болуы міндетті.

      3. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде:
      1) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі деректер базасының қатысушысы болуға және өкілдер кеңесінің құрамына кіруге;
      2) астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерінің болуы;
      3) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензияны қайта ресімдеуге міндетті.

      4. Осы Заңның 1-бабы 12-тармағының 10) тармақшасына сәйкес көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасуға көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі деректер базасының қатысушысы болып табылатын және өкілдер кеңесінің құрамына кірген көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары ғана құқылы.

      5. Осы Заңның 1-бабы 12-тармағының 10) тармақшасына сәйкес көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасуды мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер және мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырады.

      6. Сақтандыру ұйымдары осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптарын орындамаған жағдайда, уәкілетті орган оларды көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды, қызметкердің еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды және өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясынан Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен айыруға құқылы.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 259445
    Қазақ тілінде 129658
    Орыс тілінде 128961
    Ағылшын тілінде 826
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы