Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 106-V Заңы

      БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 жылғы 25 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дербес деректер және оларды қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 21-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) екiншi кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген адамдарға еңбегіне ақы төлеу және өтемақыларды, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектердi төлеу жөнiндегi, адамның табысынан ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөнiндегi есеп айырысулар жүргiзiледi;»;
      2) 45-баптың 1-тармағының бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру (бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) оның мүлкiнің меншiк иесінің немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың), сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлеттiк берiлген органның шешiмi бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сот органдарының шешiмi бойынша жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының заңнамасында қайта ұйымдастырудың басқа да нысандары көзделуi мүмкiн.
      Заңды тұлға – ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын, арнайы қаржы компаниясын қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.»;
      3) 49-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Заңды тұлға мүлкiнің меншiк иесінің немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның, сондай-ақ құрылтай құжаттарында осыған уәкiлеттiк берiлген органының шешiмi бойынша заңды тұлға кез келген негiз бойынша таратылуы мүмкiн.
      Заңды тұлға – ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын, арнайы қаржы компаниясын, мақта өңдеу ұйымын тарату Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру, мақта саласын дамыту туралы заңнамасында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.»;
      4) 51-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) екінші кезекте - Қазақстан Республикасының банкроттық мәселелерін реттейтін заңнамалық актісіне сәйкес талаптар сомаларының бір бөлігі бесінші кезекте қанағаттандырылатын жағдайларды қоспағанда, еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбегіне ақы төлеу және өтемақыларды, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектерді төлеу жөніндегі, жалақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі есеп айырысулар жүргізіледі;»;
      5) 132-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Атаулы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, талапты (цессияны) басқаға беру үшiн белгiленген тәртiппен берiледi. Бағалы қағаз бойынша құқық берушi адам осы Кодекстiң 347-бабына сәйкес тиісті талапты орындау үшiн емес, оның жарамсыздығы үшiн жауапты болады.»;
      6) 389-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамалық актісінде қосылу шартын жасасу ерекшеліктері және оның мазмұнына қойылатын талаптар көзделуі мүмкін.».
      2. 1997 жылғы 16 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13-құжат; № 3, 26, 27-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 21-құжат; 2013 жылғы 25 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дербес деректер және оларды қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      216-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «216-1-бап. Төлем қабілетсіздігіне дейін жеткізу
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, банкті, инвестициялық портфельді басқарушыны мәжбүрлеп таратуға әкеп соққан төлем қабілетсіздігіне әкелген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, банктің, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы - жеке тұлғаның, ірі қатысушысы - заңды тұлғаның бірінші басшысының не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, банктің, инвестициялық портфельді басқарушының басқару органының немесе атқарушы органының функцияларын тұрақты, уақытша не арнайы өкілеттік бойынша орындайтын тұлғаның қасақана іс-әрекеті (әрекетсіздігі) -
      айлық есептік көрсеткіштің үш мыңнан алты мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не айлық есептік көрсеткіштің екі мыңнан төрт мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салынып, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
      3. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат):
      1) 740-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Заңды тұлғалардың (уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) және азаматтардың банктердегі ақшаcына тек қана соттар, тергеу және анықтау органдары мен атқарушылық іс жүргізу органдары өздерінің іс жүргізуіндегі қылмыстық және азаматтық істер және атқарушылық іс жүргізу істері бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу заңнамасында және Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша тыйым салуы мүмкін.»;
      2) 742-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) екiншi кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегіне ақы төлеу, авторлық шарт бойынша сыйақылар төлеу, клиенттiң мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және әлеуметтiк аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына аудару жөніндегі мiндеттемелерi бойынша есеп айырысу үшiн ақша алып қоюды көздейтiн атқару құжаттары бойынша ақша алып қою жүргiзiледi;».
      4. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16,  74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат; № 21-22, 124-құжат):
      159-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      «Міндетті зейнетақы жарналарына, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына (олар бойынша өсімпұлдарға), зейнетақы активтеріне және зейнетақы жинақтарына тыйым салуға жол берілмейді.».
      5. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146,  149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 11-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84,  85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; 2013 жылғы 25 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дербес деректер және оларды қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұнында:
      172172-1179-3 және 201-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «172-бап. Зейнетақы активтерiн мақсатсыз пайдалану
      172-1-бап. Банктердi және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын таратуға байланысты талаптарды бұзу»;
      «179-3-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтердi және (немесе) өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi орындамауы»;
      «201-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының және инвестициялық портфельді басқарушылардың Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасын бұзуы»;
      2) 87-бапта:
      бірінші бөліктегі «үшінші бөлігінде» деген сөздер «үшінші және бесінші бөліктерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
      «5. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, еңбек делдалдығын көрсететін жеке және заңды тұлғаның, сондай-ақ жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау үшін бос жұмыс орындары туралы еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарды қамтитын ақпаратты орналастыруы –
      жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, дара кәсіпкерлерге, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
      жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, дара кәсіпкерлерге, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      3) 88-бапта:
      бірінші және 1-1-бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды жасасу тәртібін, зейнетақы төлемдерін, аударымдарын және алып қоюларын жүзеге асыру мерзімдерін бұзуы –
      лауазымды адамдарға – екі жүз, заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      1-1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Зейнетақы төлеу жөніндегі орталыққа міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған салымшылар туралы мәліметтерді табыс етпеуі, уақтылы табыс етпеуі, сол сияқты көрсетілген салымшылар туралы анық емес мәліметтерді табыс етуі, –
      лауазымды адамдарға – елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
      «2-1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру және бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасын бұза отырып, мәмілелер мен операцияларды жүзеге асыруы –
      лауазымды адамдарға – екі жүз, заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      үшінші бөліктің екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «салық органына мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша пайдасына берешек өндiрiп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тiзiмдерiн табыс етпеуi;
      салық органдарына мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының есептелген, ұстап қалынған (есебіне жазылған) және аударылған сомалары жөнiндегі есеп-қисаптарды Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде табыс етпеуi;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпке сәйкес әрбiр қызметкер бойынша есептелген, ұстап қалынған (есебіне жазылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын бастапқы есепке алуды жүргiзбеуi;
      есептелген, ұстап қалынған (есебіне жазылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары туралы мәлiметтердi салымшыларға Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде табыс етпеуi;
      бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын аудармауы, уақтылы және (немесе) толық есептемеуі, ұстап қалмауы (есебіне жазбауы) және (немесе) төлемеуі (аудармауы);»;
      төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұстап қалынбаған (есебіне жазылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған) мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары сомасының отыз пайызы мөлшерінде, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      бесінші бөліктің үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «міндетті зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары мен өсімпұлдар сомаларын Зейнетақы төлеу орталығына аудару кезінде банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кінәсінен аудармау (есебіне жатқызбау), уақтылы аудармау (банк шоттарынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізгеннен кейінгі күннен кеш) не төлем құжатының деректемелерін толтыру кезінде қателер жіберу;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салық органдарының міндетті зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары мен өсімпұлдар сомаларын өндіріп алуға инкассолық өкімдерін орындамауы түрінде жасаған Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы, –»;
      алтыншы және жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күнгi шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы хабарлауы немесе жариялауы –
      екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген талаптарға, оның мазмұнына сәйкес келмеуі –

      ескерту мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ескерту. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінің мақсаттары үшін тұлға, егер аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұстап қалынбаған (есебіне жазылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған) мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күні қолданыста болатын заңға сәйкес белгiленетiн бір айлық есептік көрсеткіштен аз болған жағдайда, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.»;
      4) 170-баптың ескертуі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ескерту. Осы бапта банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын, инвестициялық портфельді басқарушыны қаржы ұйымдары деп түсінген жөн.»;
      5) 171172 және 172-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «171-бап. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен
                қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ақпаратты
                (мәліметтерді) беру жөніндегі талаптарды бұзу
      Банк, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшыларының (акционерлерінің) және олардың үлестес тұлғаларының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, инвестициялық портфельді басқарушының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы ірі қатысушысының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін жеке немесе заңды тұлғалардың есептілікті, мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты бермеуі, сол сияқты уақтылы бермеуі немесе олардың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының банк заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес берілуі талап етілетін есептілікті, мәліметтері жоқ ақпаратты беруі не олардың анық емес есептілікті немесе мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты беруі –
      жеке тұлғаларға – бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      172-бап. Зейнетақы активтерiн мақсатсыз пайдалану
      1. Инвестициялық портфельді басқарушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген инвестициялау шарттары мен тәртібін бұзуы –
      жеке тұлғаға – төрт жүз, заңды тұлғаға сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Екінші деңгейдегі кастодиан-банктің ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiнiң нысаналы орналастырылуын бақылауды жүзеге асырмауы –
      кастодианның лауазымды адамына екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      172-1-бап. Банктердi және сақтандыру (қайта сақтандыру)
                 ұйымдарын таратуға байланысты талаптарды бұзу
      1. Банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату комиссиясы төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою туралы жазбаша нұсқаманы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген мерзімде орындамауы –
      қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Тарату комиссиясы төрағасының не бөлімшесі басшысының тарату комиссиясының қызметіне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тексеру жүргізуінен жалтаруы не оны жүргізуге кедергі келтіруі –
      жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Тарату комиссиясы төрағасының, бөлімшесі басшысының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгіленген, анық емес есептілікті және ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп рет) беруі, Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгіленген есептілікті және қосымша ақпаратты уақтылы бермеуі, бермеуі –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      6) 172-2-баптың екінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, бағалы қағаздар нарығы субъектісінің, арнайы қаржы компаниясының, исламдық арнайы қаржы компаниясының, инвестициялық қордың өздері қабылдаған және (немесе) өздеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамауы –
      заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      «6. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, инвестициялық портфельді басқарушының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларының, бағалы қағаздар нарығы субъектісінің өздері қабылдаған және (немесе) өздеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамауы –
      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      7) 175-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «175-2-бап. Қаржы ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiнiң
                  ашылғаны және олардың қызметiнiң тоқтатылғаны
                  туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау
                  мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органды уақтылы
                  хабардар етпеу, сондай-ақ қаржы ұйымдарының
                  филиалдарын, өкiлдiктерiн ашу кезiнде Қазақстан
                  Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамау
      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, қаржы ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiнiң ашылғаны және олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органды уақтылы хабардар етпеу, сондай-ақ қаржы ұйымдарының филиалдарын, өкiлдiктерiн ашу кезiнде Қазақстан Республикасының банк заңнамасының, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметi туралы заңнамасының талаптарын сақтамау –
      лауазымды адамдарға – елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      8) 179-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «179-3-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық
                  нормативтердi және (немесе) сақталуға мiндеттi өзге
                  де нормалар мен лимиттердi орындамауы
      1. Инвестициялық портфельді басқарушының есептіліктегі көрсеткіштерді не пруденциялық нормативтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында айқындалған сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді орындау туралы мәліметтерді бұрмалауға әкеп соққан есептілікті жасауы –
      лауазымды адамдарға – бір жүз, заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Инвестициялық портфельді басқарушының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екі ай iшiнде екi және одан да көп рет) орындамауы –
      заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      9) 201-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «201-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті
                жинақтаушы зейнетақы қорларының және инвестициялық
                портфельді басқарушының Қазақстан Республикасының
                бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасын бұзуы
      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылардың (алушылардың) жеке шоттарындағы зейнетақы жинақтарын есепке алу тәртiбiн бұзуы, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының кастодиан-банктермен және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларымен өзара қарым-қатынастардың Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгiленген тәртiбiн iрi залал келтiрмей бұзуы –
      лауазымды адамдарға – екi жүз, заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      10) 541-баптың бірінші бөлігі «86-1,» деген цифрлардан кейін  «87 (бесінші және алтыншы бөліктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
      11) 550-баптың бірінші бөлігіндегі «87» деген цифрлар «87 (бірінші-төртінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) 573-баптың бірінші бөлігі «1-2,» деген цифрлардан кейін «2-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
      13) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының елу үшінші абзацы «87-2» деген цифрлардың алдынан «87 (бесінші және алтыншы бөліктері),» деген сөздермен толықтырылсын.
      6. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат, № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; 2013 жылғы 25 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дербес деректер және оларды қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 7-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, еңбек делдалдығын көрсететін жеке және заңды тұлғаның, сондай-ақ жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау үшін бос жұмыс орындары туралы еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарды қамтитын ақпаратты орналастыруына тыйым салынады.»;
      2) 25-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Жұмысқа қабылдау кезінде осы Кодекстің 7-бабының 2-тармағында көзделген белгілер бойынша еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарды қоюға тыйым салынады.»;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3) тармақшаның қолданысы тоқтатылды (2-баптың 4-т. қараңыз).
      3) 34-баптың 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-1) аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді-көшірмелер;»;
      4) 56-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Жұмыс беруші мен қызметкерлер өкілдерінің тең санынан құрылған комиссияның оң шешімі болмаса, осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша 55 жастан бастап және зейнеткерлік жасқа толғанға дейінгі жастағы қызметкерлермен еңбек шартын бұзуға жол берілмейді.
      Комиссияны құру тәртібі ұжымдық шартта, ал ол болмаған жағдайда, жұмыс берушінің қызметкерлер өкілдерінің келісуі бойынша шығарылған актісінде айқындалады.»;
      5) 284-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 16-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «16-2) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін қызметкердің қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, оның пайдасына жұмыс берушінің қаражаты есебінен ерiктi зейнетақы жарналарын жүзеге асыру туралы;».
      7. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат, № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж. № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; 2013 жылғы 20 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық  актілеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 98-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Инкассолық өкім соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, ұйғарымдарына, қаулыларына, бұйрықтарына сәйкес берілген, сондай-ақ пайда болған салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары немесе әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті, кеден органдары алдындағы берешекті өтеуге байланысты атқарушылық парақты немесе бұйрықты республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттік мекеменің, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектісінің мәжбүрлі түрде орындауына негіз болып табылатын құжатты білдіреді. Инкассолық өкім республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттік мекеме және квазимемлекеттік сектор субъектісі төлемінің негізділігін растайтын құжат болып табылады.»;
      2) 100-баптың 2-тармағының 2) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, жалақы төлеу және басқа да ақшалай төлемдер, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақы, жәрдемақылар, алименттер төлеу, салықтық және әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару, банк қызметін көрсетуге ақы төлеу жүзеге асырылатын шығыстардың түрлерін қоспағанда, осы өкімдер ұсынылған шығыстардың бюджеттік сыныптамасының кодтары бойынша инкассолық өкімдер орындалғанға дейін;»;
      «4) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда, тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі төлеуге берілетін шоттарды бюджеттік кредит бойынша берешектің сомасын қайтаруға оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке ұсынғанға дейін жүзеге асырылады. Азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу және төлемдерді жүргізу жөніндегі операцияларды тоқтата тұру жалақы төлеу және басқа да ақшалай төлемдер, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген ақшалай өтемақы, жәрдемақылар, алименттер төлеу, салықтық және әлеуметтiк аударымдарды, мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару, банк қызметін көрсетуге ақы төлеу жүзеге асырылатын шығыстардың түрлерiн қоспағанда, тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі аппаратының қызметін қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарлама бойынша жүзеге асырылады;».
      8. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, № 22-II, 112-құжат, 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар;  № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4,  21-құжат):
      1) мазмұнында:
      19-тараудың 3-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «§ 3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдері»;
      83 және 84-тараулардың438590591592594598 және  664-баптардың тақырыптарындағы «міндетті зейнетақы жарналарын», «міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың», «міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды», «міндетті зейнетақы жарналары», «әлеуметтік аударымдарды және міндетті зейнетақы жарналарын,» деген сөздер тиісінше «міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын», «міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың», «міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды», «міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 12131920313737-1383939-14041 және 43-баптардағы, 63-баптың 1 және 2-тармақтарындағы, 3-тармағының 2) – 5) тармақшаларындағы67697072737477155437438556557 және 581-баптардағы83-тараудың тақырыбындағы, 588589590591592593594595 және 598-баптардағы84-тараудың тақырыбындағы, 607608611612624627632637638657660 және 664-баптардағы «міндетті зейнетақы жарналарының», «міндетті зейнетақы жарналарын», «міндетті зейнетақы жарналары», «міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың», «міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды», «төлемдер, зейнетақы жарналары», «төлемдерді, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды», «тәртіппен зейнетақы жарналарын» деген сөздер тиісінше «міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының», «міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын», «міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар», «міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың», «міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды», «төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары», «төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды», «тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 18-баптың 1-тармағында:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі – міндетті зейнетақы жарналары) есептеудің, ұстап қалудың және аударудың, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды (бұдан әрі – әлеуметтік аударымдар) есептеудің және төлеудің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету;»;
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (бұдан әрі – міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары) есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету;»;
      4)  110-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Салық төлеушінің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидалары бойынша төлеген міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген шекте шегерімге жатады.»;
      5) 143-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) орналастырылған зейнетақы активтері бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, өмірді сақтандыру саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына, пайлық және акционерлік инвестициялық қорларға және орналастырылған активтер бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін сыйақы;»;
      6) 155-баптың 3-тармағының 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жасасқан сақтандыру сыйлықақыларын (аннуитетті) төлеу үшiн өмiрдi сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдарына жiберген зейнетақы жинақтарының сомалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымдарына жіберілген, зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша құнын өтеп сатып алу сомалары;»;
      7) 156-баптың 1-тармағының 28) және 34) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «28) жеке тұлға басқа жеке тұлғадан сыйға немесе мұраға алған мүліктің құны. Осы тармақшаның ережелері дара кәсіпкер алған және кәсіпкерлік мақсаттарда пайдалануға арналған мүлікке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалған, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары төлейтін зейнетақы жинақтарына қолданылмайды;»;
      «34) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшердегi міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;»;
      8) 160-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерi;»;
      9) 163-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерi;»;
      10) 19-тараудың 3-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      11) 170-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «170-бап. Зейнетақы төлемдері
      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары:
      1) салық төлеушілердің:
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары;
      2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;
      ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт талаптарына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығатын немесе шыққан Қазақстан Республикасының резиденттері жеке тұлғаларға;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығатын немесе шыққан Қазақстан Республикасының резиденттері жеке тұлғаларға;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалған зейнетақы жинақтары түрінде жеке тұлғаларға жүзеге асыратын төлемдер салық салынатын зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа жатады.
      2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері түріндегі, төлем көзінен салық салынатын табыс мыналарды:
      1) осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулерді;
      2) мынадай мөлшерлердегі:
      осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген төлемдер бойынша – төлемдерді жүзеге асырудың кезеңділігіне қарамастан, табысты есебіне жазудың әрбір айы үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және табысты есебіне жазу күні қолданыста болатын бір ең төменгі жалақы мөлшерінде;
      осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген төлемдер бойынша - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және табысты есебіне жазу күнi қолданыста болатын ең төменгi жалақының он екі еселенген мөлшерiнде салық шегерiмдерiн қоспағанда, салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табыс мөлшерінде айқындалады.
      3. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері түріндегі, төлем көзінен салық салынатын табыс салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табыс мөлшерінде айқындалады.»;
      12) 175-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) сақтандыру сыйлықақылары мыналардың:
      бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтары есебінен. Осындай төлемдер бойынша жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төлем көзінен салық салынатын табысты айқындау кезінде төлемдерді жүзеге асырудың кезеңділігіне қарамастан, табысты есебіне жазудың әрбір айы үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және табысты есептеу күні қолданыста болатын бір ең төменгі жалақы мөлшері сомасында салық шегерімі қолданылады;»;
      13) 192-баптың 1-тармағында:
      3) тармақшаның екінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметі;»;
      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «22) резидент бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері;»;
      14) 250-баптың 2-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерікті зейнетақы жарналарын тарту, зейнетақы активтерінен алынған инвестициялық табысты бөлу мен есепке жатқызу бойынша қызмет көрсетулері;»;
      15) 357-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналары салық салу объектісі болып табылмайды.»;
      16) 465-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының тарату конкурстық массасын өткізу жөніндегі аукциондардан;»;
      17) 471-баптың кестесінде:
      1.71 және 1.73-жолдар алып тасталсын;
      1.77-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

1.77

Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметі

40

                                                              »;
      18) 581-баптың 1) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін, арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығаруды қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банк шоттарынан, резидент емес заңды тұлғалардың, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақ шоттарынан және (немесе) шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттарынан басқа, резидент еместі қоса алғанда, салық төлеуші заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға банк шоттарын ашу кезінде, уәкілетті органды сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, көрсетілген шоттардың ашылғаны туралы хабарлардың кепілдікпен жеткізілуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы олардың ашылған күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.»;
      19) 609-баптың 3-1-тармағы 3) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «банктерді – сот мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғаған күннен бастап;»;
      20) 611-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегіне ақы төлеу, авторлық шарт бойынша сыйақылар төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша клиент міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша;»;
      21) 614-баптың 2-тармағы 4) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «банктерді – сот мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғаған күннен бастап;».
      9. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; 2013 жылғы 25 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дербес деректер және оларды қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      162-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегіне ақы төлеу, авторлық шарт бойынша сыйақылар төлеу, клиенттің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару жөніндегі міндеттемелері және әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеу бойынша есеп айырысулар үшін ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша;».
      10. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат):
      1) 101-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «101-бап. Асырап алынған баланың жәрдемақыларға және
                басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығының сақталуы
      Өзі асырап алынған кезге қарай ата-аналарының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтарына, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыларға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығы бар бала осы құқықты асырап алынған кезде де сақтайды.»;
      2) 136-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Патронат тәрбиешілерге берілген бала өзіне тиесілі алименттерге, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін ата-аналарының зейнетақы төлемдеріне, жәрдемақыларға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығын, сондай-ақ тұрғын жайға меншік құқығын немесе тұрғын жайды пайдалану құқығын сақтайды. Патронат тәрбиешілерге берілген баланың тұрғын жайы болмаған кезде Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес оған тұрғын жай берілуіне құқығы бар.».
      11. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат):
      1) 8-бап мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2), 32-1) және 32-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «12-1) меншік иелері қаржы ұйымдары, бағалы металдармен және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлғалар болып табылатын, олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда, бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының сынамаларын (үлгілерін) сақтауды және сынауды жүзеге асырады;
      12-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (келіп түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдауды, қабылдауды, есепке алуды, сақтауды жүзеге асырады;»;
      «32-1) Қазақстанның Ұлттық Банкі мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;
      32-2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне қатысты кастодианның функцияларын жүзеге асырады;»;
      2) 15-бапта:
      екінші бөлік мынадай мазмұндағы 40-1), 55-1), 55-2) және 55-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «40-1) банктердің металл шоттарды ашу, жүргізу және жабу қағидаларын;»;
      «55-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясын, сондай-ақ оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды;
      55-2) Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде қызметін жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушыларға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидаларын;
      55-3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаратын шетелдік ұйымдарға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидаларын;»;
      үшінші бөлік мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «23-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін есепке алу мен сақтау үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің шоттары ашылатын шетелдік кастодиандарды айқындайды;»;
      3) 20-4-баптың 4-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай қаржы ұйымдарының, олардың филиалдары мен үлестес тұлғаларының, Қазақстанның Даму Банкінің, бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, бағалы қағаздар эмитенттерінің, кредиттік бюролардың, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың, төлем жүйелерін пайдаланушылардың, сондай-ақ валюталық операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың, банктердің уақытша әкімшіліктерінің (уақытша әкімшілерінің), тарату комиссияларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (бұдан әрі – тексерілетін субъект) қызметіне тексеру жүргізуді жүзеге асырған жағдайда, лауазымдық өкілеттіктерін нақты және әділ орындауына кедергі келтіруі мүмкін барлық мән-жайлар туралы, оның ішінде:»;
      4) 56-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы алып тасталсын;
      5) 57-баптың бірінші бөлігінде:
      алтыншы және жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «тазартылған алтынды, басқа да бағалы металдарды қабылдау мен сақтауды жүзеге асырады;
      ішкі және сыртқы нарықтарда тазартылған алтынды және басқа да бағалы металдарды сатып алу, сату, сақтауға орналастыру және депозитке салу жөнiндегі, оның ішінде мемлекеттің басым құқығын іске асыру шеңберінде тазартылған алтынды сатып алу жөніндегі операцияларды жүргiзеді;»;
      мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
      «клиенттердің металл шоттарын ашады және жүргізеді;»;
      6) 58-бапта:
      төртінші бөлік мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
      «шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді басқарудың негізгі қағидаттарына сәйкес шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді алтын-валюта резервтеріне аудару;»;
      бесінші бөлік мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
      «шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді басқарудың негізгі қағидаттарына сәйкес алтын-валюта резервтерін шетел валютасындағы және бағалы металдардағы басқа активтерге аудару;»;
      7) 62-4-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген адамдар болмаған және оларға тексеру нәтижелері туралы актіні қол қою үшін тапсыру мүмкін болмаған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы акт тексеруші адамдар тексеру нәтижелері туралы актіге қол қойған күннен бастап ресімделген болып есептеледі.»;
      8) 62-5-баптың 9)12) және 17) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшіліктері (уақытша әкімшілері), тарату комиссиялары беретін есептілік пен өзге де ақпаратты қарау;
      10) мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып, тарату комиссияларының төрағасы мен мүшелерін тағайындау және босату;
      11) мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аралық тарату балансын және кредиторлары талаптарының тізілімін, ерікті түрде немесе мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының кредиторлары комитетінің құрамын бекіту;
      12) мәжбүрлеп таратылатын банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы есепті және оның тарату балансын келісу;»;
      «17) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) орындалған жұмыс туралы есебін бекіту жолымен жүзеге асырады.»;
      9) 70-1-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстанның Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Ол көрсететін мемлекеттік қызметтер үшін ақының мөлшерлері Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.».
      12. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж. № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат):
      14-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тиісінше Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.».
      13. «Шаруашылық серіктестіктері туралы» 1995 жылғы 2 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 7, 49-құжат; № 15-16, 109-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 205, 210-құжаттар; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 56-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат):
      1-баптың 3-тармағы алып тасталсын.
      14. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат):
      1) 8-баптың 9-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) банк пен Қазақстан Республикасының резиденттері сақтандыру ұйымдарының арасында олардың атынан сақтандыру шарттарын жасасуға шарт болған кезде Қазақстан Республикасының резиденттері сақтандыру ұйымдарының атынан сақтандыру шарттарын жасасумен айналысуға құқылы.»;
      2) 11-1-баптың 6-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) банк және (немесе) банк холдингі еншілес ұйымды - Қазақстан Республикасының резиденттері банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, инвестициялық портфельді басқарушыны құрған немесе иемденген жағдайларда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасының резиденттері банк немесе сақтандыру холдингі, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруге қатысты талаптарды сақтамау негіздер болып табылады.»;
      3) 51-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жеке немесе заңды тұлғаның (уәкілетті орган лицензиясынан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензиясынан айырылған ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) банктегi ақшасына және басқа да мүлкiне сот санкция берген анықтау және алдын ала тергеу органдарының қаулылары және атқарушылық iс жүргізу органдары мен жеке сот орындаушыларының қаулылары, сондай-ақ соттардың қаулылары, шешiмдерi, үкiмдерi, ұйғарымдары негiзiнде ғана тыйым салу қолданылуы мүмкiн. Қуыным талаптарын қамтамасыз етуде тыйым салу қолданылған кезде тыйым салу қолданылған ақша сомасы қуыным сомасынан және мемлекеттік баж және соттың шешiмдерiн, үкiмдерiн, ұйғарымдары мен қаулыларын орындауға байланысты шығыстар мөлшерінен аспауға тиiс. Атқарушылық іс жүргізу органдары, жеке сот орындаушысы атқару құжатының орындалуын қамтамасыз етуде тыйым салуды қолданған жағдайда, тыйым салу қолданылатын ақша мен мүлік құнының сомасы өндіріп алушыға ұйғарылған соманы өтеу үшін қажетті сомадан, сондай-ақ атқару құжатын орындау процесінде борышкерге салынған айыппұлдар сомасынан, жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомаларынан және атқару құжатын орындау жөніндегі шығыстар сомаларынан аспауға тиіс.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Зейнетақы активтерiн қоспағанда, жеке және заңды тұлғаның банктегі ақшасы мен басқа да мүлкiн тәркiлеу заңды күшiне енген сот шешiмi (үкімі) негiзiнде ғана жүргiзiлуi мүмкiн.»;
      4) 74-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тарату конкурстық массаны қалыптастыру кезiнде оған үшiншi тұлғаларға тиесiлi және сақтау мен есепке алу үшiн кастодиан-банкке сенiп тапсырылған бағалы қағаздар, сондай-ақ есепке алу мен сақтау үшiн кастодиан-банкке сеніп тапсырылған зейнетақы активтерi, инвестициялық қорлардың активтерi, арнайы қаржы компанияларының бөлінген активтері енгiзiлмейдi. Кастодиан-банкке сақтау мен есепке алу үшін сеніп тапсырылған зейнетақы активтерi, инвестициялық қордың активтерi, арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтері ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, акционерлік инвестициялық қордың, арнайы қаржы компаниясының немесе инвестициялық пай қорын басқарушы компанияның өтiнiшi бойынша басқа банкке аударылады.»;
      5) 74-2-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) төртінші кезекте депозиттер, оның ішінде таратылатын ислам банкінде орналастырылған талап етуге дейінгі пайызсыз депозиттер және ақша аударымдары бойынша жеке тұлғалардың талаптары, сондай-ақ зейнетақы активтері есебінен жүзеге асырылған депозиттер бойынша, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша тартылған қаражат есебінен жүзеге асырылған сақтандыру ұйымдарының депозиттері бойынша талаптар қанағаттандырылады;».
      15. «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж, № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 13; 86-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 9-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат):
      1) 1-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) банкроттық саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – банкроттық саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік орган;»;
      2) 2-баптың 1-тармағының бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Заң қазыналық кәсiпорындардан және мекемелерден, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан, банктерден, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан басқа, заңды тұлғалардың банкроттығы, оларды жеделдетілген оңалту және оңалту туралы iстерге қолданылады.»;
      «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына, банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және кейбір басқа да заңды тұлғаларға қатысты осы Заңда көзделген банкроттық рәсiмдерiн қолдану ерекшелiктерi белгiленуi мүмкiн.».
      16. «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат; 1999 ж., № 8, 239-құжат; № 23, 925-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 1-2, 13-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат):
      1) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мүгедек адамға зейнетақы төлемдері тағайындалған кезде мүгедектiгi бойынша жәрдемақы төлеу тоқтатылады немесе осы Заңның 12-бабының 5-тармағына сәйкес Орталықтан, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан алатын зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi ескерiле отырып, қайта қаралады.»;
      2) 12-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Егер Орталықтан, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін жиынтық зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi мүгедектердiң тиiстi санаты үшiн белгiленген мүгедектiгi бойынша айлық жәрдемақы мөлшерiнен аз болса, жәрдемақы төлеу зейнетақы төлемдерiне мүгедектердiң осы санаты үшiн белгiленген жәрдемақы мөлшерiне дейiнгі тиiстi қосымша төлемдер түрiнде жүргiзiледi.»;
      3) 16-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Егер отбасының еңбекке қабілетсіз мүшесiнiң Орталықтан, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан алатын жиынтық зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша алатын айлық жәрдемақының мөлшерiнен аз болса, жәрдемақы төлеу зейнетақы төлемдерiне отбасының еңбекке қабілетсіз осы мүшелерi үшiн белгiленген жәрдемақы мөлшерiне дейiнгi тиiстi қосымша төлемдер түрiнде жүргiзiледi.»;
      4) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «17-бап. Жәрдемақыларды тағайындау шарттары
      Жасына байланысты жәрдемақылар азаматтарға Орталықтан, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдерiне құқығы болмаған кезде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген жасқа толғанда тағайындалады.».
      17. «Ақша төлемi мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 177-құжат; № 24, 445-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 10, 49, 51-құжаттар; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 13, 116-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат):
      14-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Салық қызметi органдарының мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алуға инкассолық өкiмдерi пайдасына берешек өндiрiлiп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тiзiмдерiмен қоса банктерге табыс етiледi.».
      18. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат):
      5-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан, арнайы қаржы компанияларынан, сондай-ақ табиғи монополия субъектісі үшін осы Заңда рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын өзге де ұйымдардан басқа, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (қатысу үлестерін) иеленуге немесе олардың қызметіне өзге де жолмен қатысуға;».
      19. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат):
      5-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің бесінші және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және инвестициялық портфельді басқарушылар;
      инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары;».
      20. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат):
      14-бап мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
      «3-2. Жұмысқа қабылдау үшін бос жұмыс орындары туралы еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарды қамтитын ақпаратты орналастыруға тыйым салынады.».
      21. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат):
      1) 3-баптың 23-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «23-2) сақтандыру тобы – банк конгломераты болып табылмайтын, сақтандыру холдингінен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, сондай-ақ сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдарынан және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдарынан және (немесе) сақтандыру холдингі және (немесе) оның еншілес ұйымы және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы капиталына қомақты қатысатын ұйымдардан тұратын заңды тұлғалар тобы;»;
      2) 25-бапта:
      2-тармақ алып тасталсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мәмiле нәтижесiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлетi мәселелерiне қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылмайтын жағдайда, акционерлерден меншiктi акцияларын сатып алуға құқылы.»;
      3) 32-баптың 6-тармағының 8) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) уәкілетті орган құжаттарды қарау кезеңінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне және (немесе) иемдену болжанып отырған еншілес ұйымға қатысты қолданған, осы Заңның 53-2-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген қолданыстағы шектеулі ықпал ету шарасының және (немесе) осы Заңның 53-1-бабының 2-тармағында көзделген мәжбүрлеу шарасының және (немесе) осы Заңның 53-3-бабы 2-тармағының 2) – 4) тармақшаларында көзделген санкцияның болуы;
      9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі еншілес ұйымды – Қазақстан Республикасының резиденттері – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, банкті, инвестициялық портфельді басқарушыны құрған немесе иемденген жағдайда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі, зейнетақымен қамсыздандыру және бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасының резиденттері сақтандыру немесе банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, банктің, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруге қатысты талаптарды сақтамау болып табылады.»;
      4) 53-3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру холдингіне, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру брокеріне бұрын оларға қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан, санкциялар қолдануға құқылы.»;
      5) 69-1-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Егер «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының бірде-біреуі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмесе не «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының бірде-біреуі мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру портфелін қабылдау ниеті туралы мәлімдемесе, сақтандыру портфелін мемлекеттің қатысуымен «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымына беру жүзеге асырылады.».
      22. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 17, 136-құжат; № 23, 179-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 21-22, 124-құжат):
      16-баптың 4-тармағы 3) тармақшасындағы «қайта құрылуы жағдайларына қолданылмайды.» деген сөздер «қайта құрылуы;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) мемлекет қатысатын жинақтаушы зейнетақы қорының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры болып қайта құрылуы жағдайларына қолданылмайды.».
      23. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат):
      9-баптың 2-тармағы 5) тармақшасындағы «беруге міндетті.» деген сөздер «беруге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) жұмысқа қабылдау үшін бос жұмыс орындары туралы ақпараттарда еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарға жол бермеуге міндетті.».
      24. «Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 9, 85-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 83-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 15, 85-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 11, 37-құжат; № 23, 105-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат):
      15-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жеке тұлғаларға, кредиттік серіктестіктерге, ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқарушыларға, инвестициялық қорларға, сақтандыру ұйымдарына кредиттер, сондай-ақ олардың міндеттемелері бойынша банктік кепілдіктер, кепілгерліктер және ақшалай нысанда орындалуы көзделетін өзге де міндеттемелер беруіне;».
      25. «Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 17-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж, № 5, 35-құжат; № 13, 91-құжат):
      4-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) зейнетақы төлемдерi мен әлеуметтiк жәрдемақыларды жеткiзу жөнiнде көрсетілетін қызметтер;».
      26. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат):
      1) 19-бап «жеті күн ішінде» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «26-бап. Әлеуметтiк төлемдерден ұстап қалу
      Еңбек ету қабiлетiнен айырылған және (немесе) жұмысынан айырылған, сондай-ақ жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларда берiлетiн әлеуметтiк төлемдерден Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналары ұсталып қалады және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жiберiледi.»;
      3) 29-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «осы Заңда белгіленген тәртіппен» деген сөздер алып тасталсын.
      27. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат):
      53-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «53-1-бап. Директорлар кеңесінің комитеттері
      1. Аса маңызды мәселелерді қарау және директорлар кеңесіне ұсынымдар әзірлеу үшін қоғамда директорлар кеңесінің комитеттері құрылады.
      2. Директорлар кеңесінің комитеттері мынадай мәселелерді қарайды:
      1) стратегиялық жоспарлау;
      2) кадрлар және сыйақылар;
      3) ішкі аудит;
      4) әлеуметтік мәселелер;
      5) қоғамның ішкі құжаттарында көзделген өзге де мәселелер.
      Осы тармақта санамаланған мәселелерді қарау директорлар кеңесінің бір немесе бірнеше комитетінің құзыретіне жатқызылуы мүмкін.
      3. Директорлар кеңесінің комитеттері директорлар кеңесінің мүшелерінен және нақты комитетте жұмыс істеу үшін қажетті кәсіптік білімі бар сарапшылардан тұрады.
      Директорлар кеңесінің комитетін директорлар кеңесінің мүшесі басқарады. Тәуелсіз директорлар функцияларына осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) - 4) тармақшаларында көзделген мәселелерді қарау кіретін директорлар кеңесі комитеттерінің басшылары (төрағалары) болып табылады.
      Атқарушы органның басшысы директорлар кеңесі комитетінің төрағасы бола алмайды.
      4. Директорлар кеңесі комитеттерін қалыптастыру және олардың жұмыс істеу тәртібі, олардың саны, сондай-ақ сандық құрамы қоғамның директорлар кеңесі бекітетін ішкі құжатында белгіленеді.».
      28. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат):
      1) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «26-1) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры – уәкілетті органның лицензиясы негізінде ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;»;
      32) және 34) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «32) инвестициялық комитет – бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының меншікті активтеріне және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға берілген активтерге қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдауды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының (тіркеуші мен трансфер-агентті қоспағанда) алқалы органы;»;
      «34) инвестициялық портфельдi басқарушы – азаматтық құқықтар объектiлерiн басқару жөнiндегi қызметтi клиенттiң мүдделерiн көздеп және соның есебiнен өз атынан жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушы;»;
      2) 2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, осы Заңның нормалары банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, инвестициялық қорлар, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздарды, эмиссиялық бағалы қағаздарды, өзге де қаржы құралдарын шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу процесiнде туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.»;
      3) 3-1-бапта:
      1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1. Осы баптың 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында келтірілген шаралар, егер уәкілетті орган ірі қатысушы белгілері бар тұлғалардың, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларының, олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңға сыйымсыз іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жай-күйін нашарлатқанын анықтаса, ірі қатысушы белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларына да қатысты қолданылуы мүмкін.»;
      8-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) орталық депозитарийдің, тіркеуші мен лицензиаттардың басшы қызметкерлерін тағайындауға уәкілетті органның келісімін кері қайтарып алуға құқылы.»;
      4) 3-2-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Екінші деңгейдегі банктер бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде, оларға осы баптың талаптары қолданылмайды.»;
      5) 5-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Институционалдық инвесторлар, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиялары бар бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушылар көрсететiн қызметтердi пайдалана отырып, инвестицияларды жүзеге асырады.»;
      6) 45-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын;
      7) 46-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын қайта ұйымдастырылуы кезінде лицензиаттың акцияларына ақы төлеуді, сондай-ақ өтініш берушінің «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабында көзделген тәртіппен лицензияны алуын қоспағанда, өтініш берушiнiң (лицензиаттың) акцияларына ақы төлеу тек қана ақшалай Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүзеге асырылады.
      Өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
      Заңды тұлға акцияларға төленген ақы және (немесе) басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесi ретiнде енгiзiлген активтер сомасын шегере отырып, меншікті капиталы шегiнде өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) акцияларын төлеуге құқылы.»;
      8) 47-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрыла алатын және қызметін жүзеге асыра алатын трансфер-агенттерді қоспағанда, лицензиат акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады және қызметін жүзеге асырады.»;
      9) 49-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерін қолдау жөнінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шараларды қолдануға міндетті.
      Инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы уәкілетті органның талабы бойынша инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жағдайын жақсарту, оның ішінде инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталын ұлғайту жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.»;
      10) 50-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Егер лицензия алу үшiн табыс етiлген құжаттарды қарау процесiнде осы құжаттарда өтiнiш берушi, оның құрылтайшылары немесе олардың қызметi туралы анық емес мәлiметтер бар екенi белгілі болса, сондай-ақ уәкілетті органға ұсынылған мәліметтердің анық екендігін тексеру қажет болған кезде, уәкiлеттi орган ол құжаттарды қapaу мepзiмiн тоқтата тұруға құқылы. Өтініш беруші ескертпелердi жойғаннан кейiн және құжаттарды тапсырғаннан кейiн олардың қарау мерзiмi қайта жаңғыртылады. Уәкiлеттi органның құжаттарды кейiнгi қарау мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.»;
      11) 69 және 70-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «69-бап. Инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi
               жүзеге асыру
      1. Инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
      Активтерді сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жалғыз акционері болып табылатын акционерлік қоғамның бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті жүзеге асыру ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      2. Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет қызметтің мынадай кіші түрлерін:
      1) ерікті зейнетақы жарналарын (ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры) тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті;
      2) ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті қамтиды.
      3. Инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызмет клиенттiң мүдделерiн көздеп табыс табу мақсатында жүзеге асырылады.
      4. Инвестициялық портфельдi басқарушылардың басқаруындағы қаржы құралдарына қатысты құқықтарын номиналды ұстаушылар өздерiнiң iшкi құжаттарына сәйкес ескереді.
      70-бап. Инвестициялық портфельдi басқарушылардың функциялары
      1. Инвестициялық портфельдi басқарушылардың функциялары:
      1) уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актiсiнің талаптарына сәйкес ақшаны эмиссиялық бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына инвестициялау туралы шешiмдер қабылдау;
      2) қабылданған инвестициялық шешiмдердi орындау мақсаттарында инвестициялық портфельдi басқару процесiнде бағалы қағаздар нарығының субъектiлерiмен өзара iс-қимыл жасау;
      3) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде және өздерінің iшкi құжаттарында белгiленген тәртiппен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалатын мәмiлелердi есепке алуды жүргiзу;
      4) инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi шарттың талаптарын орындау болып табылады.
      2. Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқарушы осы баптың 1-тармағында көзделген функциялардан басқа, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген функцияларды жүзеге асырады.
      3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, инвестициялық портфельдi басқарушылар басқаруындағы эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарына қатысты пайдалану және билiк ету жөнiндегi құқықтарын жүзеге асыруға құқылы.»;
      12) 72-бапта:
      1 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының меншікті активтеріне және (немесе) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы (инвестициялық портфельді басқарушы) инвестициялық басқаруға қабылдаған активтерге қатысты инвестициялық шешімдер қабылдауды құрамында кемінде үш адам болуға тиіс инвестициялық комитет жүзеге асырады. Инвестициялық комитет мүшелерінің кемінде жартысы өздерін кәсіби қатысушының басшы қызметкерлеріне тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімін алған бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының басшы қызметкерлері болуға тиіс.
      Осы тармақтың талаптары тіркеушіге, трансфер-агентке және бағалы қағаздар нарығында кастодиандық және (немесе) брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар екінші деңгейдегі банкке қолданылмайды.»;
      «3. Инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық комитетінің құрамына осы инвестициялық портфельді басқарушының қызметкерлері болып табылмайтын адамдар кірмеуге тиіс.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқарушының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен жасалған шартқа сәйкес зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық комитетінің құрамына қойылатын қосымша талаптар белгіленеді.»;
      13) мынадай мазмұндағы 72-1, 72-2 және 72-3-баптармен толықтырылсын:
      «72-1-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы
      1. Бірде-бір тұлға дербес өзі немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп инвестициялық портфельді басқарушының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иелене, пайдалана және (немесе) оған билік ете алмайды, сондай-ақ уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмастан инвестициялық портфельді басқарушының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызы мөлшерінде инвестициялық портфельді басқарушының қабылдайтын шешімдеріне бақылау жасай алмайды немесе оларға ықпал ету мүмкіндігі болмайды.
      Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғалар рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингі болған кезде инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушы мәртебесін иемденуге уәкілетті органның келісімін алуы мүмкін. Талап етілетін ең төменгі рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      Инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын жанама иеленуді немесе инвестициялық портфельді басқарушының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызын тікелей иеленетін немесе талап етілетін ең төменгі рейтингі бар инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен дауыс беру мүмкіндігі бар, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену (дауыс беру) арқылы инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен жанама дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға үшін көрсетілген рейтингтің болуы талап етілмейді.
      2. Инвестициялық портфельді басқарушының орналастырылған (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) немесе дауыс беретін акцияларының жиынтығында он немесе одан көп пайызы тиесілі болатын және мынадай:
      1) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы қуыныммен сотқа жүгіну;
      2) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелерді енгізу;
      3) директорлар кеңесінің отырысын шақыру;
      4) инвестициялық портфельді басқарушының аудитін өз есебінен жүргізу мәселелері бойынша олардың шешім қабылдауын көздейтін, өздерінің арасында жасалған келісім негізінде әрекет ететін акционерлер инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары болып табылмайды.
      3. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидаларын, көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
      4. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы болуға ниет білдірген тұлға келісім алу үшін осы баптың 6 – 10-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып, уәкілетті органға инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемдену туралы өтініш беруге міндетті.
      5. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары – жеке тұлғалар инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын оларға меншік құқығында тиесілі мүліктің құнынан аспайтын мөлшерде төлейді. Бұл ретте мүліктің құны инвестициялық портфельді басқарушының бұрын иемденген және иемденетін акцияларының жиынтық құнынан кем болмауға тиіс.
      6. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім алу үшін жеке тұлға мынадай құжаттарды табыс етеді:
      1) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, акцияларды иемдену үшін пайдаланылатын қаражат көздері мен қаражаттың сипаттамасын қоса алғанда, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын, оның ішінде бұрын иемденген акцияларын иемденудің шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер.
      Мыналар:
      кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа да ақы төленетін қызметтен түскен табыстар;
      өтініш берушінің құжаттамамен расталған ақшалай жинақтары инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын иемдену үшін пайдаланылатын қаражат көзі болып табылады.
      Сыйға тарту, ұтыс, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен табыс түрінде алынған, инвестициялық портфельді басқарушының иемденетін акциялары құнының жиырма бес пайызынан аспайтын мөлшердегі ақша инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын иемдену үшін осы тармақшаның екінші бөлігінде көрсетілген қаражат көздеріне қосымша пайдаланылуы мүмкін.
      Өтініш беруші сыйға тарту түрінде алынған мүлік есебінен инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын иемденген кезде сыйға тартушы және көрсетілген мүліктің сыйға тартушыда пайда болу көздері туралы мәліметтерді ұсынады;
      2) өтініш берушінің мүдделерін білдіру тапсырылатын өтініш берушінің өкіліне (ол болған кезде) берілген сенімхат;
      3) өзі ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері;
      4) осы қордың немесе ұйымның қаржы жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайларында инвестициялық портфельді басқарушыны қайта капиталдандыру жоспары;
      5) растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріле отырып, мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер;
      6) табыстары мен мүлкі туралы мәліметтер, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысанға сәйкес өтініш берушінің барлық міндеттемелері бойынша орын алған берешек туралы ақпарат;
      7) білімі, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш беруші туралы қысқаша деректер.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлға инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім алу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа, Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлға тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының осы елдің заңнамасында Қазақстан Республикасы резиденті инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын иемденуге рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының мұндай рұқсат аталған құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін табыс етеді.
      7. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлға мынадай құжаттарды:
      1) өтініш беруші органының инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын иемдену туралы шешімінің көшірмесін, сондай-ақ өтініш берушінің үлестес тұлғаларының тізімін;
      2) заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызын иеленетін, сондай-ақ шарттың күшіне қарай осы заңды тұлғаның шешімдерін айқындауға не өзгеше түрде бақылауға мүмкіндігі бар тұлғалар (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп) туралы мәліметтерді және растайтын құжаттарды;
      3) осы баптың 6-тармағы бірінші бөлігінің 1) – 4) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
      4) басшы қызметкерлердің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;
      5) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушінің ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;
      6) білімі, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді;
      7) аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептілігін, сондай-ақ тиісті өтінішті табыс ету алдындағы аяқталған соңғы тоқсанның қаржылық есептілігін;
      8) ірі қатысушы мәртебесін иемденгеннен кейін өтініш берушінің және инвестициялық портфельді басқарушының болжамды есеп айырысу балансын қоса алғанда, осындай мәртебені иемденудің қаржылық салдарының талдауын, өтініш берушінің жоспарлары мен ұсыныстарын табыс етеді.
      8. Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім алу үшін мынадай құжаттарды:
      1) осы баптың 6-тармағы бірінші бөлігінің 1) – 4) тармақшаларында және 7-тармағының 1), 3), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
      2) осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген заңды тұлғаның кредиттік рейтингі туралы мәліметтерді;
      3) өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаның инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге жазбаша рұқсатын (келісімін) не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының көрсетілген мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат (келісім) талап етілмейтіндігі туралы мәлімдемесін табыс етеді.
      9. Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім алу үшін мынадай құжаттарды:
      1) осы баптың 8-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
      2) өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының өтініш беруші осы елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметін жүзеге асыруға уәкілетті екендігі туралы жазбаша растауын не өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін табыс етеді.
      Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім алу үшін инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иемденуге ниет білдірген, өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы осы тармақта белгіленген құжаттардан басқа, өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауын табыс етеді.
      10. Орналастырылған акциялардың (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес немесе одан көп пайызын иелену үлесімен инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге ниет білдіруші тұлғалар осы бапта көрсетілген құжаттар мен мәліметтерге қосымша, қойылатын талаптарын уәкілетті орган белгілейтін таяудағы бес жылға арналған бизнес-жоспарды табыс етеді.
      Инвестициялық портфельді басқарушының директорлар кеңесі инвестициялық портфельді басқарушының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес немесе одан көп пайызын иелену үлесімен ірі қатысушы ұсынған бизнес-жоспарды осы бапта белгіленген тиісті мәртебені алу шеңберінде қарайды.
      Инвестициялық портфельді басқарушы инвестициялық портфельді басқарушының даму стратегиясына (даму жоспарына) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының бизнес-жоспарын енгізу не енгізбеу туралы тиісті шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде инвестициялық портфельді басқарушының директорлар кеңесінің инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының бизнес-жоспарын қарау нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
      Инвестициялық портфельді басқарушының директорлар кеңесі инвестициялық портфельді басқарушының даму стратегиясының (даму жоспарының) сақталуын қамтамасыз етеді.
      11. Инвестициялық портфельді басқарушының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) жиынтығында он немесе одан көп пайызын иеленетін немесе инвестициялық портфельді басқарушы акцияларының он немесе одан көп пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар және:
      1) инвестициялық портфельді басқарушының шешімдеріне өздерінің арасындағы шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін;
      2) жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылатын;
      3) олардың бірі басқа тұлғаның лауазымды тұлғасы немесе өкілі болып табылатын;
      4) олардың бірі өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес басқа тұлғаға инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген;
      5) жақын туыстар немесе ерлі-зайыптылар болып табылатын;
      6) олардың бірі басқа тұлғаға инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын өздеріне сыйға тартылған ақша немесе өтеусіз алынған мүлік есебінен иемдену мүмкіндігін берген тұлғалар инвестициялық портфельді басқарушының бірлескен ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар деп танылады.
      Егер инвестициялық портфельді басқарушы Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес банк конгломератына кірген жағдайда, инвестициялық портфельді басқарушы Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес шоғырландырылған қадағалауға жатады.
      12. Уәкілетті орган осы баптың талаптарына сәйкес инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алу үшін берілген өтініш бойынша шешімді құжаттардың толық топтамасы табыс етілген күннен бастап үш ай ішінде қабылдауға тиіс.
      Уәкілетті орган өтініш берушіні өз шешімінің нәтижелері туралы жазбаша хабардар етуге міндетті. Бұл ретте тиісті мәртебені иемденуге келісім беруден бас тартылған жағдайда, жазбаша хабарламада бас тарту негіздері көрсетіледі.
      13. Уәкілетті орган келісімнің берілуіне негіз болған анық емес мәліметтер белгілі болған немесе өтініш берушінің ірі қатысушы мәртебесін иемденуі нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптары бұзылған немесе ірі қатысушылар осы Заңның талаптарын сақтамаған жағдайларда, келісімді кері қайтарып алу үшін негіз болып табылатын факт анықталған күннен бастап екі ай ішінде күшін жою туралы шешім қабылдай отырып, осы бапқа сәйкес берілген келісімді кері қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда осындай шара қолданылатын тұлға алты ай ішінде инвестициялық портфельді басқарушы акцияларының өзіне тиесілі санын осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.
      Осы бапқа сәйкес берілген келісім өзінен кері қайтарып алынған тұлға инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын үшінші тұлғаға сенімгерлік басқаруға беруге құқылы емес.
      Уәкілетті орган өздеріне қатысты тиісті келісімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдаған тұлғалар осы тармақтың талаптарын орындамаған жағдайда, уәкілетті органның талаптарын осы тұлғалардың орындауы үшін уәкілетті орган сотқа жүгінуге құқылы.
      14. Егер тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес бола бастаған жағдайда, ол осы баптың ережелеріне сәйкес уәкілетті органның жазбаша келісімін алғанға дейін инвестициялық портфельді басқарушының басшылығына немесе оның саясатына ықпал етуге бағытталған қандай да бір іс-әрекеттер жасауға және (немесе) осындай акциялар бойынша дауыс беруге құқылы емес.
      Аталған жағдайда инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін тұлға инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілеріне өзінің сәйкес келетіні өзіне мәлім болған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органды бұл жөнінде хабардар етуге міндетті.
      Тиісті мәртебені иемдену туралы өтініш инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілеріне өзінің сәйкес келетіні өзіне мәлім болған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер тек осы тұлғаның көрсетілген мерзімде акцияларын иелігінен шығаруға ниеті болмаса ғана, уәкілетті органға табыс етіледі. Акцияларды иеліктен шығару туралы шешім қабылданғаны туралы ақпарат осындай шешім қабылданған күннен бастап уәкілетті органға дереу беріледі.
      15. Уәкілетті орган осы тұлғаның инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетінін көрсететін мәліметтер болған кезде жеке және заңды тұлғалардан ақпарат беруді талап етуге құқылы. Ақпарат оны білетін кез келген тұлғадан, сондай-ақ осындай тұлғалардың бақылауында болатын ұйымдардан талап етілуі мүмкін.
      16. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде растайтын құжаттарды табыс ете отырып, өзіне тиесілі акциялар санының өзі тікелей немесе жанама иелік ететін немесе тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар инвестициялық портфельді басқарушының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) санына пайыздық арақатынасының өзгергені туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
      Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына тиесілі инвестициялық портфельді басқарушы акцияларының саны (пайыздық немесе абсолюттік мәнде) инвестициялық портфельді басқарушының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) санына ұлғаю жағына қарай өзгерген жағдайда, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы уәкілетті органға растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын иемдену үшін  пайдаланылатын қаражат көздері туралы ақпаратты беруге тиіс. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары - жеке тұлғалар инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын иемдену үшін пайдаланатын қаражат көздері осы баптың 6-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында айқындалған.
      Инвестициялық портфельді басқарушы акциялары санының инвестициялық портфельді басқарушының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) санына пайыздық арақатынасы инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына тиесілі он пайыздан аз санға дейін өзгерген жағдайда, уәкілетті орган инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының өтініші бойынша не көрсетілген фактіні дербес өзі анықтаған жағдайда осы факт анықталған күннен бастап екі ай ішінде инвестициялық портфельді басқарушы мәртебесін иемденуге келісім беру үшін көзделген тәртіппен бұрын берілген жазбаша келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдайды.
      17. Инвестициялық портфельді басқарушы инвестициялық портфельді басқарушының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) санына инвестициялық портфельді басқарушы акцияларының ірі қатысушыларға тиесілі санының пайыздық арақатынасын көрсете отырып, өзінің барлық ірі қатысушыларының тізімін есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей уәкілетті органға тоқсан сайын табыс етіп отыруға міндетті.
      18. Инвестициялық портфельді басқарушы уәкілетті органды инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын иеленетін акционерлер құрамының өзгергені туралы өздері осы фактіні анықтаған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде хабардар етуге міндетті.
      19. Инвестициялық портфельді басқарушының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларының, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың осы баптың 14 – 18-тармақтарына сәйкес талап етілетін ақпаратты көрсетілген мерзімдерде уақтылы бермеуі, бермеуі немесе анық емес мәліметтерді беруі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
      72-2-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы
                болуға ниет білдіретін тұлғаларға уәкілетті органның
                келісім беруден бас тарту негіздері
      1. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы болуға ниет білдіретін тұлғаларға уәкілетті органның келісім беруден бас тартуына:
      1) осы Заңның 54-бабының 2-тармағы 4) - 6) тармақшаларының талаптарын сақтамау (жеке тұлғаға немесе өтініш беруші – заңды тұлғаның басшы қызметкерлеріне қатысты);
      2) өтініш берушінің қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;
      3) осы Заңның 72-1-бабында көрсетілген құжаттардың табыс етілмеуі;
      4) өтініш берушінің инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуі нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы талаптарының бұзылуы;
      5) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемдену жөніндегі мәміледе тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлға (оның ірі қатысушысы (ірі акционер) иемденуші тарап болып табылатын жағдайлар;
      6) өтініш берушінің осы Заңда белгіленген инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларына қойылатын өзге де талаптарды сақтамауы;
      7) өтініш беруші – қаржы ұйымы өзі орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайлар;
      8) инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жай-күйінің нашарлайтынын болжайтын, өтініш берушінің инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуінің қаржылық салдарына жасалған талдау;
      9) өтініш беруші – Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымында шыққан елінің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктердің болмауы;
      10) өтініш беруші – Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғада осы Заңның 72-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган айқындайтын халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі қажетті рейтингінің болмауы;
      11) осы қордың немесе ұйымның қаржылық жай-күйінің ықтимал нашарлауы жағдайында инвестициялық портфельді басқарушыны қайта капиталдандырудың ұсынылған жоспарының тиімсіздігі;
      12) өтініш беруші – жеке тұлғада, сондай-ақ өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкерлерінде мінсіз іскерлік беделдің болмауы;
      13) уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлға бұрын ірі қатысушы-жеке тұлға не ірі қатысушы-заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не табылатын жағдайлар негіз болып табылады. Көрсетілген талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады.
      2. Мына жағдайлардың бірінің болуы:
      1) өтініш беруші - заңды тұлғаның өтініш берген күнге дейін екі жылға жетпейтін уақытта құрылуы;
      2) өтініш беруші міндеттемелерінің басқа заңды тұлғалардың акцияларына және жарғылық капиталдарына қатысу үлестеріне орналастырылған және инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын иемденуге көзделген активтер сомасын шегергенде, өзінің активтерінен асып кетуі;
      3) әрбір аяқталған екі қаржы жылының әрқайсысының нәтижелері бойынша залал шегуі;
      4) өтініш беруші міндеттемелері мөлшерінің инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жай-күйіне айтарлықтай қатер төндіруі;
      5) өтініш берушінің инвестициялық портфельді басқарушы алдында мерзімін өткізіп алған және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының балансына жатқызылған берешегінің болуы;
      6) өтініш берушінің инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуінің қаржылық салдарына жасалған талдаудың өтініш берушінің қаржылық жай-күйінің нашарлайтынын болжауы;
      7) инвестициялық портфельді басқарушыға және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларына (алушыларға) залал келтіру ықтималдығы туралы куәландыратын өзге де негіздер өтініш берушінің тұрақсыз қаржылық жағдайының белгісі болып табылады.
      3. Тұлға уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілерін иемденген кезде, уәкілетті орган алты айдан аспайтын мерзімде осы тұлғаға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын өткізу жөніндегі талаптар бөлігінде осы Заңның 72-3-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолданады.
      72-3-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы
                белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ ірі
                қатысушыларына қолданылатын мәжбүрлеу шаралары
      1. Уәкілетті орган инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ ірі қатысушыларына:
      1) ірі қатысушы мәртебесін иемденуге уәкілетті органның келісімін алмаған;
      2) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденгеннен кейін осы Заңның 72-2-бабының 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған;
      3) осы Заңның 3-1-бабы 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларына сәйкес уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын және уәкілетті органмен жасалған жазбаша келісімдерді орындамаған;
      4) инвестициялық портфельді басқарушы белгілері бар тұлға, олардың салдарынан инвестициялық портфельді басқарушыға залал келтірілген немесе келтірілуі мүмкін іс-әрекеттерді жасаған;
      5) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғалардың, сондай-ақ ірі қатысушыларының соның салдарынан инвестициялық портфельді басқарушыға залал келтірілген немесе келтірілуі мүмкін қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;
      6) осы Заңның 3-2-бабында көрсетілген факторлардың анықталуына байланысты инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жағдайы нашарлаған;
      7) инвестициялық портфельді басқарушы мен оның ірі қатысушысы, ірі қатысушысы белгілері бар тұлға арасында уәкілетті органның осы Заңда көзделген бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруына кедергі келтіретін қарым-қатынастар болған;
      8) ірі қатысушы белгілері бар тұлғаның, сондай-ақ ірі қатысушының осы Заңның 49-бабының 5-тармағы талаптарының орындалмауына әкеп соққан іс-әрекеттері немесе әрекетсіздігі жағдайларында мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
      2. Уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар орын алған кезде:
      1) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғадан, сондай-ақ ірі қатысушысынан олардың тікелей немесе жанама түрде иелік ету үлесін инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының он пайызынан төмен деңгейге дейін азайтуды;
      2) инвестициялық портфельді басқарушыдан ірі қатысушыға қатысты инвестициялық портфельді басқарушыны тәуекелге ұрындыратын олардың арасындағы операцияларды (тікелей және жанама түрде) жүзеге асыруды тоқтата тұруды;
      3) инвестициялық портфельді басқарушыдан, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысынан инвестициялық портфельді басқарушыны қосымша капиталдандыру жөнінде шаралар қолдануды талап етуге құқылы.
      3. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы не ірі қатысушысы белгілері бар тұлға осы баптың 2-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкілетті органның шешімі негізінде инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына не ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаға тиесілі инвестициялық портфельді басқарушының акцияларына сенімгерлік басқару тағайындалады. Осы акциялар уәкілетті органға сенімгерлік басқаруға үш айға дейінгі мерзімге беріледі.
      Уәкілетті орган инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына не ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаға тиесілі инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдауға құқылы.
      Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына не ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаға тиесілі инвестициялық портфельді басқарушының акциялары ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға берілген жағдайда, акцияларды сенімгерлік басқару тағайындалатын мерзім уәкілетті органның сенімгерлік басқаруды тағайындау туралы тиісті шешімінде айқындалады.
      Уәкілетті орган не ұлттық басқарушы холдинг инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру кезеңінде акциялардың меншік иесі сенімгерлік басқарудағы акцияларға қатысты қандай да бір іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы емес.
      Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы не ірі қатысушысы белгілері бар тұлға уәкілетті органға инвестициялық портфельді басқарушының барлық өзіне тиесілі акцияларын өтінішхатта көрсетілген тұлғаларға сату туралы өтінішхат беруге құқылы.
      Өтінішхатта көрсетілген акцияларды иемденушілер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарын орындаған жағдайда уәкілетті орган өтінішхатты қанағаттандырады.
      Сенімгерлік басқару белгіленген мерзім өткенге дейін инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сенімгерлік басқаруға беруге негіздер жойылмаған кезде уәкілетті орган не ұлттық басқарушы холдинг сенімгерлік басқарудағы акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында акцияларды өткізу туралы шешім қабылданған күнге қалыптасқан нарықтық құн бойынша оларды өткізу арқылы иеліктен шығарады. Акциялардың нарықтық құны туралы ақпарат болмаған жағдайда, бағалаушы акцияларды өткізу бағасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындауы мүмкін. Аталған акцияларды сатудан түскен ақша акциялары сенімгерлік басқаруға берілген тұлғаларға аударылады.
      Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына не ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаға тиесілі инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сату жөніндегі іс-шаралар инвестициялық портфельді басқарушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      4. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына не ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаға тиесілі инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру, сондай-ақ уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің сенімгерлік басқару кезеңіндегі іс-әрекеттері тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
      14) 73-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметтi кастодиандық қызмет пен сейфтiк операцияларға лицензиялары бар банктер және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асыруға құқылы.»;
      «3. Кастодианның шетелдік клиенттерге қызметтер көрсету жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылмайтын кастодиан өз клиентінің үлестес тұлғасы болмауға тиіс.».
      29. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат, № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат):
      1) 1-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) қаржылық көрсетілетін қызметтер – сақтандыру нарығына, бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі, банк қызметі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялар негізінде жүзеге асырылатын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізу жөніндегі ұйымдардың қызметі, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, орталық депозитарийдің, бірыңғай тіркеушінің және өзара сақтандыру қоғамдарының лицензиялауға жатпайтын қызметі.»;
      2) 9-баптың 2-2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-2. Уәкілетті орган қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсаттарында банктерде, банк холдингтерінде, инвестициялық портфельді басқарушыларда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында, сақтандыру холдингтерінде өз өкілінің (бұдан әрі - өкіл) болуына құқылы.»;
      3) 9-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-1-бап. Өкілдің мақсаты, функциялары, құқықтары мен
                міндеттері
      1. Уәкілетті орган бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсаттарында уәкілетті органның қызметкерлері арасынан өзі тағайындайтын өз өкілін банктерге, банк холдингтеріне, инвестициялық портфельді басқарушыларға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру холдингтеріне жібереді.
      Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қаржы ұйымдарының біріндегі өкілдер санын уәкілетті орган айқындайды.
      2. Өкіл өз қызметінде осы Заңды, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын басшылыққа алады.
      3. Уәкілетті орган банктегі, инвестициялық портфельді басқарушыдағы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы өз өкілін кез келген уақытта ауыстыруға құқылы.
      4. Өкілдің негізгі міндеті уәкілетті органның бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып табылады.
      5. Өкіл өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру мақсаттарында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) банктің, инвестициялық портфельді басқарушының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйін талдайды;
      2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің, сұрау салуларының, нұсқамаларының, талаптарының сақталуын бақылайды;
      3) банкте, инвестициялық портфельді басқарушыда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында тексеру жүргізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      4) банк, инвестициялық портфельді басқарушы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқармасының, директорлар кеңесінің, тұрақты не уақытша жұмыс істейтін комиссияларының (комитеттерінің, жұмыс топтарының) (бұдан әрі - банктің, инвестициялық портфельді басқарушының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдары) отырыстарына байқаушы ретінде қатысады;
      5) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру және өз пікірін білдіру құқығынсыз байқаушы ретінде банк, инвестициялық портфельді басқарушы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысына қатысады.
      6. Өкілдің:
      1) өзіне жүктелген функцияларды орындау мақсаттарында осы баптың 1-тармағында көрсетілген қаржы ұйымдарынан және (немесе) олардың лауазымды адамдарынан ауызша және жазбаша нысандағы мәліметтер мен құжаттарды, оның ішінде қаржылық есептілікті және банктің, инвестициялық портфельді басқарушының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдары отырыстарының (сырттай өткізілгендерін қоса алғанда) материалдарын сұратуға;
      2) деректерді түзету мүмкіндігінсіз (қарау режимінде) автоматтандырылған жүйелер мен дерекқорға қол жеткізуге құқығы бар.
      7. Өкіл:
      1) өзі сұратқан мәліметтер мен құжаттарды осы баптың 1-тармағында көрсетілген қаржы ұйымдарының табыс етпеуі немесе уақтылы табыс етпеуі, уәкілетті орган өкілінің өз функцияларын орындауына кедергі келтіруі, осы қаржы ұйымдарының тарапынан параға сатып алу, қорқыту немесе оған өзге де құқыққа сыйымсыз ықпал ету фактілері туралы уәкілетті органға хабарлауға;
      2) уәкілетті органның банкке, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушыға өз өкілін жіберу туралы шешімінде көрсетілген мәселелер жөнінде уәкілетті органның тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды орындауға міндетті.
      8. Өкіл жіберілетін банк, инвестициялық портфельді басқарушы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы:
      1) өкілге өз функцияларын орындауына жәрдем көрсетуге;
      2) өкілге осы баптың 1-тармағында көрсетілген қаржы ұйымдарының лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің ақпаратты толық және уақтылы беру мүмкіндігін және барлық ақпарат көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге;
      3) өкілден сұрау салуды алған күні не сұрау салуда белгіленген және өздерімен келісілген мерзімдерде барлық қажетті мәліметтер мен құжаттарды табыс етуге;
      4) деректерді түзету мүмкіндігінсіз (қарау режимінде) өздерінің қызметіне қатысты ақпаратқа, оның ішінде автоматтандырылған жүйелер мен дерекқорға қолжетімділікті қамтамасыз етуге;
      5) өкілдерді өзіне жүктелген функцияларды орындауы үшін қажетті құжаттардың көшірмелерімен қамтамасыз етуге міндетті.
      9. Өкіл өзінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында алынған, қызметтік, коммерциялық, банктік құпияны, зейнетақы жинақтары, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, оның ішінде уәкілетті органда жұмысын тоқтатқаннан кейін де үш жыл бойы жауаптылықта болады.
      Өкіл уәкілетті органдағы жұмысын тоқтатқаннан кейінгі бір жыл ішінде өзі өкілі болып табылған банкке, инвестициялық портфельді басқарушыға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына жұмысқа қабылдана алмайды.
      Өкіл банк, инвестициялық портфельді басқарушы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы органдарының отырыстары барысында қабылданатын (қабылданған) нәтижелер мен шешімдер үшін жауапты болмайды.
      10. Осы баптың 2 – 9-тармақтарының талаптары уәкілетті органның банктегі және сақтандыру холдингтеріндегі өкіліне қолданылады.»;
      4) 12-бапта:
      9-1) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-1) жеке және заңды тұлғалардың инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуіне келісімді беру және оны беруден бас тарту тәртібін, аталған келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды айқындайды, мұндай келісімді береді не беруден бас тартады;»;
      «11) инвестициялық портфельді басқарушының және институционалдық инвесторлардың инвестициялау тәртiбiн белгiлейдi;»;
      мынадай мазмұндағы 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «11-1) инвестициялық портфельді басқарушының салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы ерікті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу тәртібін белгілейді;
      11-2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат береді;»;
      5) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «13-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті
               жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн мемлекеттік
               реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi
      Уәкiлеттi орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн мемлекеттік реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсаттарында:
      1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерiне қойылатын талаптарды белгiлейдi;
      2) салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
      3) ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензиядан айырылған жағдайда, салымшылардың ерікті зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару тәртібін белгілейді;
      4) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін айқындайды;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.».
      30. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 10, 51-құжат; 2007 ж., № 17, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат):
      11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Банктер қаржы орталығының қатысушылары болып табылмайды.».
      31. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж, № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 25-құжат; № 12, 84-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат):
      1) 32-бапта:
      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет.
      Аталған қызмет түрі қызметтің мынадай кіші түрлерін:
      ерікті зейнетақы жарналарын (ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры) тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті;
      ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті қамтиды;»;
      13) және 17) тармақшалар алып тасталсын;
      2) 42-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Осы баптың 2-тармағының күші «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабында көзделген тәртіппен лицензия алу жағдайларына қолданылмайды.»;
      3) 45-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Осы баптың 1-тармағының күші «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  73-бабында көзделген тәртіппен лицензия алу жағдайларына қолданылмайды.».
      32. «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат):
      13-баптың 4-тармағы алып тасталсын.
      33. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат):
      4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 31-2) және 36-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «31-2) монетарлық қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;»;
      «36-1) шетелдік депозитарийлердің және өзге де қаржы ұйымдарының көрсетілетін қызметтерін сатып алуды қоса алғанда, депозитарлық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;».
      34. «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 125-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат):
      32-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Осы баптың ережелері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне қолданылмайды.».
      35. «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат):
      1) 3-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары;»;
      2) 4-баптың 2-тармағының 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ерікті зейнетақы жарналарын енгізу, аудару, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру;».
      36. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат):
      1) 42-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) сот банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғаған;»;
      2) 98-бапта:
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) зейнетақы активтерінен;»;
      мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
      «14) салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтарынан өндіріп алуға болмайды.».
      37. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат):
      қосымшаның 1-тармағының 53) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «53) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуіне, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуына;».
      38. «2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 18-19, 118-құжат):
      10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «10-бап. Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі  мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иемденуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 002 «Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.».

      2-бап.
      1. Осы Заң:
      1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры соңғы жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған күннен кейінгі күннен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағының 1) тармақшасын3) тармақшасының жиырма бірінші – жиырма бесінші абзацтарын, 4) – 9) және 12) тармақшаларын, 28-тармағының 6) тармақшасын, 31-тармағы 1) тармақшасының жетінші абзацын;
      1-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бірінші жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы активтері мен міндеттемелерді қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған күннен кейінгі күннен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 31-тармағының 1) тармақшасының бірінші – алтыншы абзацтарын және 2) тармақшасын;
      2) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 3) тармақшасының оныншы-жиырмасыншы, жиырма алтыншы және жиырма жетінші абзацтарын, 8-тармағының 4) тармақшасын7) тармақшасының үшінші абзацын, 11) тармақшасының жетінші абзацын, 37-тармағын;
      3) 1-баптың 8-тармағының 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бөлігінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (есебіне жазудың) және аударудың толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз етуді реттейтін ережелерін қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қоры (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның) лицензиясының қолданысы тоқтатылған күнге дейін осы Заңда салық салу, кедендік реттеу, неке-отбасылық қатынастар, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, міндетті әлеуметтік сақтандыру, заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, атқарушылық іс жүргізу және мемлекеттік бақылау мен қадағалау бөлігінде көзделген нормалар жинақтаушы зейнетақы қорына (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға) қатысты осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған редакцияда қолданылады.
      3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеуді, ұстап қалуды (есебіне жазуды) және аударуды реттейтін нормалары 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
      Бұл ретте 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару жүзеге асырылады.
      4. Осы Заңның 1-бабы 6-тармағы 3) тармақшасының қолданысы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры соңғы жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы активтері мен міндеттемелерді қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған күннен кейінгі күнге дейін тоқтатыла тұрсын.
      Тоқтата тұру кезеңінде аталған тармақша мынадай редакцияда қолданылады:
      «3) 34-баптың 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-1) аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы жинақтаушы зейнетақы қорларынан үзінді-көшірмелер немесе аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді-көшірмелер;».
      5. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін берілген инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялар лицензиаттың еркін нысанда жасалған өтініші негізінде қайта ресімделеді.
      Лицензияны қайта ресімдеуге өтініш 2014 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде бұрынғы лицензияның бланкісімен бірге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беріледі.
      5-1. Инвестициялық портфельді басқарушының акционері болып табылатын және осы Заң қолданысқа енгізілген күннен кейінгі күні «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 72-1-бабына сәйкес инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілеріне сай келетін тұлға, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабының 8-тармағына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларының ірі қатысушылары және инвестициялық портфельді басқаруға лицензия алу үшін өтініш білдірген зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін ірі қатысушы мәртебесін иемденуге уәкілетті органнан келісім алу талап етілмейді.
      6. Осы Заң қолданысқа енгізілген күнге инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар ұйымдар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап лицензияны қайта ресімдеу күнінен кейінгі күнге дейінгі кезеңде ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті бұрынғы лицензия негізінде жүзеге асырады.
      7. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген ұйымдар осы баптың   5-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі оларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолдануға құқылы.
      8. Заңды тұлғалардың өз атауларында «жинақтаушы зейнетақы қоры», «зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым» деген сөздерді қандай тілде болсын толық түрде пайдалануына тыйым салынады.
      Бұл талап зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қабылдау-тапсыру актісіне қол қоймаған жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылмайды.
      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.01.2014 N 156-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                    Н.НАЗАРБАЕВ

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 259703
    Қазақ тілінде 129770
    Орыс тілінде 129106
    Ағылшын тілінде 827
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы