Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 286-VІ ҚРЗ.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 40-баптан қараңыз.
      Қолданушыларға қолайлы болуы үшін ЗҚАИ мазмұнды жасады.

      МАЗМҰНЫ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бүкіл мәтін бойынша "оралмандар", "оралмандарға" және "оралман" деген сөздер тиісінше "қандастар", "қандастарға" және "қандас" деген сөздермен ауыстыру көзделген - ҚР 13.05.2020 № 327-VI Заңымен ("Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексіне (Салық кодексі) тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Осы Заң азаматтарды міндетті әлеуметтiк сақтандырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негiздерiн белгiлейдi және әлеуметтік тәуекел жағдайы басталған кезде мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесіне қатысушыларды әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысанын құруға байланысты қатынастарды реттейді.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүліктің тұрған жері бойынша оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) асырауындағылар санының коэффициентi – қайтыс болған (coт хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерiнiң санына қарай айқындалатын коэффициент;

      3) асыраушы – өзiнiң асырауындағы отбасының еңбекке қабiлетсiз мүшелерiн өз кірісі есебiнен асырайтын адам;

      4) әлеуметтiк аударымдар – әлеуметтік аударымдарды төлеушілер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлейтін ақша;

      5) әлеуметтік аударымдар бойынша берешек –Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде есептелген және төленбеген әлеуметтік аударымдар сомалары, сондай-ақ төленбеген өсімпұл сомалары;

      6) әлеуметтiк аударымдар мөлшерлемесі – әлеуметтiк аударымдар есептелетін объектiнiң шамасына пайыздық қатынаспен көрсетiлген, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетiн мiндеттi төлемдердiң тiркелген мөлшерi;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      7) тармақшаның осы редакциясы 01.01.2024 дейін тоқтатыла тұрады - ҚР 26.12.2019 № 286-VI Заңымен (қолданыстағы редакциясын осы Заңның 39-бабы 4-тармағы 1) тармақшасынан қараңыз).

      7) әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi – төлеушi) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әлеуметтiк аударымдарды есептеудi және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеудi жүзеге асыратын жұмыс берушi, дара кәсіпкер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығы, жеке практикамен айналысатын адам;

      8) әлеуметтiк тәуекел – еңбекке қабілеттіліктен айырылуға және (немесе) жұмысынан айырылуға, асыраушысынан айырылуға, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылуға әкеп соқтырған оқиғаның басталуы, соның нәтижесінде мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы не ол қайтыс болған жағдайда, оның асырауында болған отбасы мүшелерi осы Заңға сәйкес әлеуметтiк төлемдердi алу құқығына ие болады;

      9) әлеуметтiк төлемдер – әлеуметтік төлемді алушының пайдасына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асыратын төлемдер;

      10) әлеуметтiк төлемді алушы (бұдан әрi – алушы) – әлеуметтік тәуекел жағдайы басталғанға дейін өзі үшін Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры өзіне қатысты әлеуметтiк төлемдерді тағайындау туралы шешiм шығарған жеке тұлға, ал міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын адам қайтыс болған жағдайда – қайтыс болған (coт хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерi;

      11) еңбекке қабілетсіздік күндері санының коэффициенті – жүктілікке және босануға, сондай-ақ жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты берілген еңбекке уақытша қабілетсіздік парағында көрсетілген күндердің санына қарай айқындалатын коэффициент;

      12) еңбекке қабілеттіліктен айырылу коэффициентi – мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесiне қарай айқындалатын коэффициент;

      13) жеке практикамен айналысатын адам – жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор;

      14) инвестициялық декларация – Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде инвестициялау үшін мақсаттарды, стратегияны, объектілер тізбесін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің шарттары мен шектеулерін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін хеджирлеу және әртараптандыру шарттарын айқындайтын құжат;

      15) инвестициялық кіріс – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін инвестициялау нәтижесінде алынған (алынуға жататын) ақша;

      16) кірісті ауыстыру коэффициентi – әлеуметтік тәуекел жағдайына қарай айқындалатын коэффициент;

      17) қатысу өтілінің коэффициентi – мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне жалпы қатысу өтіліне қарай айқындалатын коэффициент;

      18) қор активтері – осы Заңда көзделген мақсаттарға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары;

      19) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі (бұдан әрі – МӘС бөлімшесі) – міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті органның медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін құрылымдық бөлімшесі;

      20) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi – қор) – әлеуметтік аударымдарды жинақтауды, асыраушысынан айырылған жағдайда, отбасы мүшелерін – асырауындағыларды қоса алғанда, өздеріне қатысты әлеуметтік тәуекел жағдайы басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді тағайындауды және жүзеге асыруды жүргізетін заңды тұлға;

      21) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру – осы Заңда көзделген әлеуметтік тәуекел жағдайы басталған кезде әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру мақсатында әлеуметтік аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің бiр бөлiгiн өтеу үшiн мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепiлдiк беретiн шаралар жиынтығы;

      22) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесi – мемлекет белгiлейтiн және кепiлдiк беретiн, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің субъектілері арасындағы қатынастарды реттейтiн нормалар мен қағидалардың жиынтығы;

      23) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне жалпы қатысу өтілі – әлеуметтiк аударымдар түскен айлардың жалпы саны;

      24) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесіне қатысушы – өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар төленетiн және осы Заңда көзделген әлеуметтiк тәуекел жағдайлары басталған кезде әлеуметтiк төлемдерді алуға құқығы бар жеке тұлға;

      25) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің субъектілері – төлеушi; мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы; алушы; Мемлекеттік корпорация; қор; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi; уәкілетті орган; міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті орган; мемлекеттік кіріс органдары; халықты жұмыспен қамту орталығы;

      26) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті орган – мемлекеттік органның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі;

      27) уәкiлеттi орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты, қордың қызметiн реттеуді, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      28) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға.

2-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғандардан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

      3. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасымен реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының күші қолданылмайды.

3-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың түрлерi

      Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы;

      2) асыраушысынан айырылу жағдайы;

      3) жұмысынан айырылу жағдайы;

      4) жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайы;

      5) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы;

      6) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы.

4-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың негiзгi қағидаттары

      Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың негiзгi қағидаттары мыналар болып табылады:

      1) әлеуметтiк төлемдердi қамтамасыз ету үшiн қолданылатын шараларға мемлекеттiң кепiлдiк беруі;

      2) осы Заңда көзделген шарттарда әлеуметтік аударымдарды төлеудің мiндеттiлiгi;

      3) қордың активтерін осы Заңда белгілеген мақсаттарға пайдалану;

      4) осы Заңда көзделген шарттарда әлеуметтiк төлемдердiң мiндеттiлiгi;

      5) әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн саралау;

      6) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдардың және ұйымдардың қызметiндегi жариялылық.

5-бап. Әлеуметтiк төлемдерді алу құқығы

      Мемлекет осы Заңда көзделген шарттарда мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру түрлерi бойынша әлеуметтiк тәуекел жағдайлары басталған кезде азаматтардың әлеуметтiк төлемдерді алу құқығына кепiлдiк бередi.

      Егер Конституцияда, заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, оралмандар әлеуметтік төлемдерді алу құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең пайдаланады.

6-бап. Қор активтерінің сақталуын қамтамасыз ету

      1. Мемлекет қор активтерінің сақталуына және нысаналы пайдаланылуына кепілдік береді.

      2. Қор активтерінің сақталуы:

      1) қордың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететiн тиiстi нормалар мен лимиттердi белгiлеу жолымен оның қызметiн реттеу;

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы инвестициялық қызметтi жүзеге асыру;

      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде қор активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi барлық операцияларды есепке алу;

      4) қордың меншікті қаражаты мен активтерiнiң бөлек есепке алынуын жүргiзу;

      5) қордың қызметiн қамтамасыз етуге арналған шығыстарға шектеулер енгiзу;

      6) жыл сайынғы аудитті жүргiзудiң мiндеттiлiгi;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қордың ұдайы қаржылық есептiлiгi;

      8) қордың активтерiн инвестициялау үшiн қаржы құралдарының тiзбесi мен лимитін айқындау;

      9) инвестициялық декларацияда қордың активтерін орналастыру кезінде тәуекелдердi әртараптандыру және азайту жөнінде талаптар белгiлеу;

      10) осы Заңға сәйкес қордың басшы жұмыскерлеріне қойылатын талаптарды белгілеу арқылы қамтамасыз етiледi.

7-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жататын тұлғалар

      Мыналар:

      1) жұмыскерлер, сондай-ақ ақы төленетін өзге жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдар;

      2) дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтарының басшылары;

      3) жеке практикамен айналысатын адамдар;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4) тармақша 01.01.2024 дейін қолданылады - ҚР 26.12.2019 № 286-VI Заңымен.

      4) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар;

      5) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында кіріс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ оралмандар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған адамдар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жатпайды.

8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен қорды құру, қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдайды;

      2) қордың комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілейді;

      3) еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін арттыру туралы шешім қабылдайды;

      4) қордың активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесі мен лимиттерін айқындайды;

      5) қордың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді белгілейді;

      6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

9-бап. Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті органның құзыреті

      Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті орган:

      1) жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілейді;

      2) қордың әлеуметтік төлемдерді уақтылы және дұрыс тағайындауын бақылауды қамтамасыз етеді;

      3) Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуын бақылауды қамтамасыз етеді;

      4) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың және алушылардың қор мен өзге де мемлекеттік органдардың немесе ұйымдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағымдарын қарайды.

10-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

      Уәкiлеттi орган:

      1) қордың қаржылық орнықтылығын талдауды, бағалауды және бақылауды жүзеге асырады;

      2) қордың қаржылық және өзге есептілігінің тізбесін, нысандарын, оларды ұсыну мерзімдерін айқындайды;

      3) қордың басшы жұмыскерлерін тағайындауға (тағайындаудан бас тартуға) келісім береді;

      4) қордың қызметi туралы мәлiметтер, сондай-ақ мемлекеттiк органдардан және ұйымдардан өзiнiң бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруы үшін қажеттi мәлiметтер алуға құқылы;

      5) "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қордың қызметін ішкі бақылауды жүзеге асырады;

      6) қордың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді әзірлейді;

      7) қор активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесі мен лимиттерін әзірлейді;

      8) қордың комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеу туралы ұсыныс әзірлейді;

      9) қордың комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шамасын жыл сайын, бірақ жылына екі реттен асырмай белгілейді;

      10) қордың комиссиялық сыйақыны алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      11) әлеуметтік аударымдарды есептеу мен қорға төлеу және олар бойынша өндіріп алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      12) әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      13) еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін арттыру туралы ұсыныс әзірлейді;

      14) құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорацияның қызметін тексеруді жүзеге асырады;

      15) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді қолдап отыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      16) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйелер мен дерекқорларға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      17) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды, олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтiк төлемдерін дербестендірілген есепке алуды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      18) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

11-бап. Мемлекеттік корпорацияның міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы құзыреті

      1. Мемлекеттік корпорация міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

      1) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды, олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтік төлемдерін дербестендірілген есепке алу;

      2) қордың қаражатынан әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру;

      3) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді толықтыру және жаңартып отыру;

      4) ай сайынғы қажеттілікті, әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру графиктерін қалыптастыру және қорға әлеуметтік төлемдерге қаражаттың қажеттігі туралы өтінімдерді жолдау;

      5) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызмет түрлеріне сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және төлеушілерге әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң жай-күйi мен қозғалысы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу тәртібі туралы ақпарат беру;

      6) Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен күнінен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, қорға төлеушілерден түскен әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтiк аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды аудару, әлеуметтік төлемдердің және олардан ұстап қалынған міндетті зейнетақы жарналарының артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын қайтару;

      7) қордың қаражаты Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын төлеушілерге қайтаруды қамтамасыз ету;

      8) мемлекеттік кіріс органына төлеушілердің келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдарының тізілімдерін ұсыну;

      9) жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы үшін төленген әлеуметтік аударымдардың сомаларын төлеушіге қайтару.

      2. Мемлекеттік корпорация:

      1) әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды;

      2) әлеуметтік аударымдардың және олар бойынша өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларының қайтарылуын;

      3) әлеуметтік төлемдерді және олардан ұстап қалынған міндетті зейнетақы жарналарын;

      4) әлеуметтік төлемдердің және олардан ұстап қалынған міндетті зейнетақы жарналарының артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларының қайтарылуын есепке алу және аудару мәселелері бойынша қормен өзара іс-қимыл жасайды және ақпарат алмасуды жүзеге асырады.

      3. Мемлекеттік корпорацияның осы Заңда көзделген қызметтерді көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражатын алуға құқығы бар.

      Бұл ретте Мемлекеттік корпорация көрсететін қызметтердің бағаларын орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті орган монополияға қарсы органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша белгілейді.

      4. Мемлекеттік корпорация:

      1) әлеуметтік төлемдерді тағайындауға қажетті құжаттарды қабылдауды және олардың толықтығын тексеруді жүзеге асыруға, тағайындауға арналған істердің макеттерін қалыптастыруға және оларды қорға беруге;

      2) мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда, әлеуметтік төлемдерді қайта есептеуге, тоқтата тұруға, қайта бастауға және тоқтатуға қажетті құжаттарды қабылдауды және олардың толықтығын тексеруді және оларды қорға беруді жүзеге асыруға;

      3) алушыны әлеуметтік төлемдердің артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын қайтару қажеттігі туралы хабардар етуге;

      4) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жататын және әлеуметтік төлемге құқығы бар адамдарға теңдей қызмет көрсету жағдайларын қамтамасыз етуге;

      5) алушыларға әлеуметтiк төлемдердiң уақтылы және толық аударылуын қамтамасыз етуге;

      6) қордың шешімі негізінде әлеуметтік төлемді жүзеге асыруға, тоқтата тұруға, қайта бастауға және тоқтатуға;

      7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа, әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң жай-күйi мен қозғалысы туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;

      8) міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша қажетті түсіндірмелер беруге;

      9) әлеуметтік төлемді тағайындауға арналған істің электрондық макетін қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңсыз (негізсіз) деп танылған әлеуметтік аударымдардың сомасын есепке алмауға міндетті.

12-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының және алушының құқықтары мен мiндеттерi

      1. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының, ал ол қайтыс болған (coт хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) жағдайда, оның асырауында болған отбасы мүшелерiнің және алушының:

      1) қорға Мемлекеттік корпорация арқылы еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына (егер өтініш жасау кезінде адамның жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленген болса), асыраушысынан айырылу жағдайына, жұмысынан айырылу жағдайына (егер адам жұмыссыз ретінде тіркелген болса), жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтік төлемді тағайындау туралы өтініш беруге;

      2) жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі алғаш рет белгіленген кезде МӘС бөлімшесіне еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді тағайындау туралы өтініш беруге;

      3) жұмыссыз ретінде тіркелген кезде халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді тағайындау туралы өтініш беруге;

      4) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы, жұмысынан айырылу жағдайына (жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде), бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді тағайындау туралы өтініш беруге;

      5) мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алуына қарамастан, қордан осы Заңда көзделген тәртiппен әлеуметтiк төлемдерді алуға;

      6) төлеушіден, Мемлекеттік корпорациядан, қордан, сондай-ақ "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпаратты тегін сұратуға және алуға;

      7) Мемлекеттік корпорациядан және қордан әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу тәртібі туралы ақпаратты тегін сұратуға және алуға;

      8) қордың және осы тармақта көрсетілген өзге мемлекеттік органдардың немесе ұйымдардың осы Заңда белгіленген құқықтарды шектеуге байланысты шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға құқығы бар.

      2. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы, ал ол қайтыс болған (coт хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) жағдайда, оның асырауында болған отбасы мүшелерi және алушы:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әлеуметтік төлемдерді тағайындауға қажетті анық құжаттарды (мәліметтерді) ұсынуға;

      2) әлеуметтік төлемдердің артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын қайтаруды жүргізуге;

      3) әлеуметтік төлемдерді алу кезеңінде Мемлекеттік корпорацияны қордың әлеуметтік төлемдер жөніндегі міндеттемелерінің орындалуына әсер ететін барлық өзгерістер туралы, осындай өзгерістер туындаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде хабардар етуге міндетті.

13-бап. Төлеушiнiң құқықтары мен мiндеттерi

      1. Төлеушiнiң:

      1) әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қайтарып алуға;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік корпорациядан әлеуметтік аударымдардың және (немесе) олар бойынша өсімпұлдың төленген сомалары туралы қажетті ақпаратты тегін сұратуға және алуға;

      3) осы Заңға сәйкес басқа да құқықтарды iске асыруға құқығы бар.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармақтың бірінші абзацының осы редакциясы 01.01.2024 дейін тоқтатыла тұрады - ҚР 26.12.2019 № 286-VI Заңымен (қолданыстағы редакциясын осы Заңның 39-бабы 4-тармағы 2) тармақшасынан қараңыз).

      2. Төлеуші:

      1) әлеуметтiк аударымдарды және әлеуметтiк аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегенi үшiн өсiмпұлды уақтылы және толық көлемде төлеуге;

      2) қорға төленетiн әлеуметтiк аударымдардың сомаларын есептеу мен қайта есептеудi, сондай-ақ әлеуметтiк аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбеген жағдайда, өсiмпұл есептеудi өзі дербес жүзеге асыруға;

      3) мемлекеттік кіріс органдарына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салықтық есептілікті ұсынуға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрбір жұмыскер бойынша есептелген және төленген әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың сомаларын бастапқы есепке алуды жүргізуге;

      5) жұмыскерге тиісті кезеңде тиесілі болған жалақының құрамдас бөліктері туралы ай сайын хабарлай отырып, оған қорға төленген әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары туралы мәліметтер ұсынуға;

      6) қордың сұрау салуы бойынша, әлеуметтік төлем тағайындауға қажетті ақпарат беруге;

      7) мемлекеттік кіріс органдарының талап етуі бойынша осы Заңның 17-бабында белгіленген тәртіппен әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өздерінің пайдасына өндіріп алынатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынуға мiндеттi.

2-тарау. ӘЛЕУМЕТТІК АУДАРЫМДАР

14-бап. Әлеуметтiк аударымдардың мөлшерлемесі

      1. Төлеушілердің мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн және (немесе) өз пайдасына қорға төлеуіне жататын әлеуметтiк аударымдары әлеуметтік аударымдар есептелетін объектiнің 3,5 пайызы, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – әлеуметтік аударымдар есептелетін объектiнің 5 пайызы мөлшерінде белгiленедi.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармақ 01.01.2024 дейін қолданылады - ҚР 26.12.2019 № 286-VI Заңымен.

      2. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өз пайдасына өздері төлейтін әлеуметтік аударымдардың мөлшері әлеуметтік аударымдар есептелетін объектінің 20 пайызын құрайды.

15-бап. Әлеуметтік аударымдар есептелетін объект

      1. Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, жұмыскерлерге, сондай-ақ ақы төленетін өзге жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдарға еңбекке ақы төлеу ретіндегі кірістер түрінде төленетін жұмыс берушінің шығыстары олар үшін әлеуметтік аударымдар есептелетін объект болып табылады.

      Бұл ретте жұмыс берушінің шығыстарына әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ақшалай жабдықталымы кіреді.

      2. Жеке практикамен айналысатын адамдар, дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтары үшін мыналар:

      өзі үшін – алатын кірісінің өз пайдасына әлеуметтік аударымдарды есептеу мақсаттары үшін өздері дербес айқындайтын, бірақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен артық емес сомасы;

      жалдамалы жұмыскерлер үшін – қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, жұмыскерге еңбекке ақы төлеу ретіндегі кірістер түрінде төленетін шығыстар әлеуметтік аударымдар есептелетін объект болып табылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-тармақ 01.01.2024 дейін қолданылады - ҚР 26.12.2019 № 286-VI Заңымен.

      3. Республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада – айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшері және басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдар есептелетін объектілер болып табылады.

      Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш мөлшері қолданылады.

      4. Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында кіріс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ оралмандарға еңбекке ақы төлеу ретіндегі кірістер түрінде төленетін жұмыс берушінің шығыстары олар үшін әлеуметтік аударымдар есептелетін объект болып табылады.

      5. Бір төлеушіден түсетін әлеуметтік аударымдар есептелетін ай сайынғы объект тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерiнен аспауға тиіс.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5-тармақтың екінші бөлігінің осы редакциясы 01.01.2024 дейін тоқтатыла тұрады - ҚР 26.12.2019 № 286-VI Заңымен (қолданыстағы редакциясын осы Заңның 39-бабы 4-тармағы 3) тармақшасынан қараңыз).

      Егер күнтізбелік ай үшін әлеуметтік аударымдар есептелетін объект республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшерінен кем болған жағдайда, онда әлеуметтік аударымдар ең төмен жалақы мөлшері негізге алына отырып есептеледі, төленеді.

      6. Қорға әлеуметтік аударымдар:

      1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабы 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабының 2-тармағында белгіленген;

      2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 9), 10), 12), 14) тармақшаларында, 17) тармақшасының алтыншы абзацында, 21) және 50) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабының 1-тармағында белгіленген кірістерден төленбейді.

      Әлеуметтік аударымдарды есептеу кезінде жұмыскердің салық салынатын кірісіне "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 49) тармақшасында көрсетілген түзетулер қолданылмайды;

      3) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 484-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген кірістерден төленбейді.

16-бап. Әлеуметтiк аударымдарды төлеу

      1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, төлеуші әлеуметтiк аударымдарды қорға ай сайын, әлеуметтік аударымдар төленетін айды көрсете отырып, Мемлекеттік корпорацияның банктік шоты арқылы төлемдерді жүзеге асыру жолымен, есептi айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрмей төлейдi.

      2. Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген мерзімдерде әлеуметтік аударымдардың сомаларын төлейді.

      3. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен әлеуметтік аударымдарды төлейді.

      4. Банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымнан әлеуметтiк аударымдар сомасына төлем тапсырмасының акцептiн алған күн – қолма-қол ақшасыз нысанда, төлеушiнiң банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға әлеуметтiк аударымдарды енгiзген күні қолма-қол ақша нысанында жүзеге асырылатын әлеуметтiк аударымдарды төлеу күнi болып есептеледi.

      5. Әлеуметтік аударымдар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында төленеді.

      6. Әлеуметтік аударымдардың және (немесе) осы Заңның 17-бабының 1-тармағына сәйкес есепке жазылған өсімпұлдың толық және уақтылы төленуін бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.

17-бап. Төлеушінің әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін жауаптылығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақтың осы редакциясы 01.01.2024 дейін тоқтатыла тұрады - ҚР 26.12.2019 № 286-VI Заңымен (қолданыстағы редакциясын осы Заңның 39-бабы 4-тармағы 4) тармақшасынан қараңыз).

      1. Әлеуметтiк аударымдардың уақтылы және (немесе) толық көлемде төленбеген сомаларын мемлекеттік кіріс органдары мерзімі өткен әрбір күн үшiн (қорға төлеу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі мөлшерiнде есепке жазылған өсiмпұлмен бірге өндiрiп алады немесе төлеуші оларды қордың шотына аударуға тиіс.

      2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары немесе орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушіде әлеуметтік аударымдар бойынша берешек түзілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік кіріс органы төлеушіге әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасы туралы хабарлама жібереді.

      Хабарламаның нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекітеді.

      3. Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелмеген жағдайда, мемлекеттік кіріс органы:

      1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеушіге хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң – осы төлеушінің;

      2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушіге хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң осы төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.

      Мемлекеттік кіріс органдарының өкімі бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен төлеушілердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға және міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды және (немесе) жарналарды, салықтық берешекті және кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешекті және өсімпұлды аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті.

      Мемлекеттік кіріс органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі төлеушінің түсетін қолма-қол ақшаны түскен күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей қорға аудару жолымен бұлжытпай орындауына жатады.

      Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекітеді.

      4. Мемлекеттік кіріс органының төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерінің күшін осындай өкімдерді шығарған мемлекеттік кіріс органы әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.

      5. Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелмеген жағдайда:

      1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеуші өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеуші өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде хабарлама жіберген мемлекеттік кіріс органына әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өздерінің пайдасына өндіріп алынатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынады.

      6. Осы баптың 5-тармағына сәйкес төлеуші ұсынған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімі негізінде мемлекеттік кіріс органы тізім алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, төлеушінің банктік шоттарынан әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомаларын мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алады.

      Төлеушілердің банктік шоттарынан әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алу төлеуші ұсынған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімі қоса беріле отырып, мемлекеттік кіріс органының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.

      Банктік шотта (шоттарда) клиентке қойылатын барлық талапты қанағаттандыру үшін ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда, банк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен клиенттің ақшасын алып қоюды жүргізеді.

      Төлеушінің ұлттық валютадағы банктік шотында ақша болмаған жағдайда, әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кіріс органдары ұлттық валютада ұсынған инкассолық өкімдер негізінде төлеушінің шетел валютасындағы банктік шоттарынан жүргізіледі.

      7. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтік аударымдардың сомалары төлеушілердің банктік шоттарынан есептен шығарылған күні осы сомаларды Мемлекеттік корпорация арқылы қорға аударуға міндетті.

      8. Мемлекеттік кіріс органдары төлеушінің сәйкестендіру нөмірін, басшысының тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасын көрсете отырып, әлеуметтік аударымдар бойынша туындаған күнінен бастап алты айдан астам мерзімде өтелмеген берешегі бар төлеушілердің тізімдерін жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

18-бап. Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды қайтару

      1. Төлеуші артық (қате) төлеген әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың сомалары уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, Мемлекеттік корпорацияның қор қаражаты түскен күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей төлеушіге кейіннен аударуы үшін төлеушінің өтініші қорға келіп түскен күннен бастап банктік жеті күн ішінде Мемлекеттік корпорацияның банктік шотына аударылуға жатады.

      2. Әлеуметтік төлемдi тағайындау үшін есепке алынған кезеңге есептелген, төлеуші артық (қате) төлеген әлеуметтік аударымдардың сомалары қайтарылуға жатпайды.

3-тарау. ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР

19-бап. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындауға өтініш жасау және әлеуметтiк төлемдерді тағайындауға арналған құжаттарды қараудың мерзімдері

      1. Әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтініш жасау осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көзделген тиісті мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатпен қоса уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өтініш беру жолымен жүзеге асырылады. Өтінішке тізбесін уәкілетті орган айқындайтын құжаттар қоса беріледі.

      Әлеуметтік төлемдерді "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындаған кезде оларды тағайындау туралы өтініш ұсыну талап етілмейді.

      2. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар ақпараттық жүйелерде сұрау салынған мәліметтердің жоқ екенін растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде, сұрау салуды жүзеге асырған мемлекеттік орган немесе ұйым өтініш берушіні құжаттардың қағаз жеткізгіштердегі түпнұсқаларын ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді.

      3. Мемлекеттік корпорация әлеуметтік төлемдер тағайындауға қажетті құжаттар қабылданған күннен бастап немесе проактивті көрсетілетін қызмет арқылы әлеуметтік төлемдерді тағайындауға келісім алынған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде оларды қорға береді.

      4. Қор құжаттар келіп түскен күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде оларды қарайды және әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Әлеуметтік төлемдерді тағайындаудан бас тартылған жағдайда, қор өтініш берушіні бас тарту себептері туралы хабардар етеді және ұсынылған құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш берушіге қайтарады.

      5. Қордың әлеуметтік төлемдерді тағайындауға, қайта есептеуге, тоқтата тұруға, қайта бастауға және тоқтатуға қажетті құжаттардың (мәліметтердің) анықтығына тексеру жүргiзуге құқығы бap. Осы мақсаттарда қор мемлекеттік органдарға және тиісті ұйымдарға, төлеушіге және өтініш берушіге сұрау салулар жіберуге құқылы. Бұл peттe өтiнiш беруші әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату туралы шешiм қабылдауда орын алған іркіліс және шешiм қабылдаудың ұзартылу, бірақ бiр айдан аспайтын мерзiмге ұзартылу мерзiмдерi туралы жазбаша және (немесе) электрондық нысандарда хабарлануға тиiс.

      6. Келесі өтiнiш жасау кездерінде әлеуметтік төлемдер осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тағайындалады.

      Қордың шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.

      7. Қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдер қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдерге құқық туындаған күннен бастап тағайындалады.

      Қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдерге құқық:

      еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына – МӘС бөлімшесі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеген күннен бастап;

      асыраушысынан айырылу жағдайына – қайтыс болу туралы куәлiкте көрсетiлген қайтыс болған күннен бастап не соттың азаматты – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап не соттың оны хабарсыз кетті деп тану немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешiмiнде көрсетiлген күннен бастап;

      жұмысынан айырылу жағдайына – мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыссыз ретiнде тiркелген күннен бастап;

      жүктiлiкке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайына –жүктiлiк және босану бойынша демалыс берiлген, еңбекке уақытша қабілетсіздік туралы парақта көрсетiлген күннен бастап;

      жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайына – жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге демалыс берiлген, еңбекке уақытша қабілетсіздік туралы парақта көрсетiлген күннен бастап;

      бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына – баланың туу туралы куәлiгiнде көрсетiлген туған күнiнен бастап, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бір жасқа дейінгі баланы (балаларды) асырап алған және балаға қорғаншылық тағайындалған жағдайларда – соттың баланы (балаларды) асырап алу туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншы тағайындалған күннен бастап туындайды.

      Жұмысынан айырылу жағдайына, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайларына қордан төленетін әлеуметтiк төлемдерді тағайындауға, сондай-ақ қиын босанған, екі және одан көп бала туған кезде жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді қайта есептеуге өтініш жасау мерзімдері қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдерге құқық туындаған күннен бастап он екі айдан аспайды.

      Асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлемді тағайындауға өтініш жасау мерзімі он сегiз жасқа толғанға дейiн мүгедек болып қалған адамдарды қоспағанда, әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш жасалған күнге қайтыс болған (сот хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған балаларының, оның iшiнде асырап алған балаларының, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және немерелерінің жиырма үш жасқа толу мерзімінен аспайды.

      8. Өтініш осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік органда немесе ұйымда тіркелген күн немесе әлеуметтік төлемдерді "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындауға келісім алынған күн қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтініш жасалған күн болып есептеледі.

      Әлеуметтік төлемдерді тағайындау мерзімі қажетті барлық құжаттармен қоса өтініш Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күннен бастап немесе әлеуметтік төлемдерді "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындауға келісім алынған күннен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.

      9. Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) қордың кiнәсiнан уақтылы алынбаған не толық алынбаған әлеуметтiк төлемдердің сомасы әлеуметтік төлемдерге құқық туындаған күннен бастап өткен уақыт үшiн мерзiмдерi шектелмей төленеді.

20-бап. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем

      1. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға әлеуметтiк төлем тағайындауға өтiнiш жасалған уақытқа қарай жұмысты тоқтатқанына немесе жалғастырып жатқанына қарамастан тағайындалады.

      2. Адамның жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін куәландыру және белгілеу Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес МӘС бөлімшесінің медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуі жолымен жүзеге асырылады.

      3. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем қордан төленетін әлеуметтiк төлемдерге құқық туындаған күннен бастап еңбекке қабілеттіліктен айырылудың белгiленген бүкіл кезеңіне тағайындалады.

      Жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесi өзгерген жағдайда, әлеуметтiк төлем жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесi өзгерген күннен бастап жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылудың жаңадан белгiленген дәрежесiне сәйкес келетiн мөлшерде жүзеге асырылады. Бұл ретте қор үш жұмыс күнi iшiнде Мемлекеттік корпорацияны әлеуметтiк төлемдер мөлшерiнің өзгергені туралы шығарылған шешiм жөнінде хабардар етеді.

      4. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған ай сайынғы әлеуметтiк төлемнің мөлшерi әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақы мөлшерінің 55 пайызы шегерілген, әлеуметтiк аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшерiн кірісті ауыстырудың, еңбекке қабілеттіліктен айырылудың және қатысу өтілінің тиiстi коэффициенттерiне көбейту жолымен айқындалады.

      Әлеуметтiк аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік жиырма төрт ай ішінде (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістер сомасын жиырма төртке бөлу жолымен айқындалады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4-тармақтың үшінші бөлігі 01.01.2024 дейін қолданылады - ҚР 26.12.2019 № 286-VI Заңымен.

      Осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өзінен әлеуметтiк аударымдар жүргізілген әрбір айдағы кіріс тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгiленген бiр ең төмен жалақы мөлшерінің деңгейiнде қабылданады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4-тармақтың төртінші бөлігі 01.01.2024 дейін қолданылады - ҚР 26.12.2019 № 286-VI Заңымен.

      Сол бір кезең үшін жұмыс берушіден және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғадан әлеуметтік аударымдар келіп түскен жағдайда, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді есептеу кезінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғаның кірісі қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген кіріс деңгейінде қабылданады.

      Бұл ретте кірісті ауыстыру коэффициентi 0,6 болады.

      Еңбекке қабілеттіліктен айырылу коэффициенті 30 пайыздан 100 пайызға дейін белгіленген жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесіне сәйкес келеді.

      Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы үшiн қатысу өтілінің коэффициентi:

      алты айдан кем болғанда – 0,1;

      алты айдан он екі айға дейін – 0,7;

      он екi айдан жиырма төрт айға дейiн – 0,75;

      жиырма төрт айдан отыз алты айға дейiн – 0,85;

      отыз алты айдан қырық сегiз айға дейiн – 0,9;

      қырық сегiз айдан алпыс айға дейiн – 0,95;

      алпыс айдан жетпіс екі айға дейін – 1,0 болады;

      алпыс және одан да көп айға – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілінің әрбір он екі айы үшін 1,0-ге 0,02 қосылып отырады.

21-бап. Асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем

      1. Қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының асырауында болған мына отбасы мүшелерінің:

      1) он сегiз жасқа толмаған және егер он сегiз жасқа толғанға дейiн мүгедек болып қалса, осы жастан асқан балаларының, оның iшiнде асырап алған балаларының, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және немерелерінің асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемдерді тағайындатуға және алуға құқығы бар.

      Бұл ретте, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және немерелерінің, егер олардың еңбекке қабілетті ата-анасы болмаған немесе егер олар ата-анасынан алименттер алмаған жағдайда құқығы бар. Осы тармақшада көрсетілген, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын немесе білім алған, он сегіз жастан асқан адамдардың оқуды бітіретін уақытқа дейін, бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін әлеуметтік төлемдерді тағайындатуға және алуға құқығы бар;

      2) егер қайтыс болған (сот хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының үш жасқа толмаған балаларының, аға-iнiлерiнің, апа-сiңлiлерiнің (қарындастарының) немесе немерелерiнің күтiмімен айналысатын болса, жасына және еңбекке қабiлеттiлiгiне қарамастан, ата-анасының немесе ерлі-зайыптының бiреуiнің не атасының, әжесінің, аға-iнiсiнің немесе апа-сіңлісінің (қарындасының) асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлемдерді тағайындатуға және алуға құқығы бар.

      2. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тағайындалған әлеуметтiк төлемдер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, айырылып қалған әрбiр ата-анасы үшiн асырап алушыға, қорғаншыға төленедi.

      3. Бала кезiнен бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер деп танылған адамдарға әлеуметтiк төлемдер мүгедектiк белгiленген мерзiмге тағайындалады.

      4. Қайтыс болған (сот хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған, асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлемдерді тағайындатуға және алуға құқығы бар отбасының барлық мүшесiне бiр әлеуметтiк төлем тағайындалады.

      5. Қайтыс болған (сот хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшесiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша оның әлеуметтiк төлемдегі үлесi бөлiнедi және оған бөлек төленедi.

      Әлеуметтiк төлемдегі үлесін бөлу қорға өтiнiш жасалған күннен бастап жүргiзiледi.

      6. Қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерiнің саны өзгерген жағдайда, қор әлеуметтiк төлемдердi қайта есептеу туралы шешiм қабылдайды. Бұл peттe әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік төлемдерді алуға құқығы бар отбасы мүшелерiнiң санына қарай тиiсiнше ұлғайтылады немесе азайтылады.

      7. Асыраушысынан айырылу жағдайына арналған ай сайынғы әлеуметтiк төлемнің мөлшерi әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақы мөлшерінің 55 пайызы шегерілген, әлеуметтiк аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшерiн кірісті ауыстырудың, асырауындағылар санының және қатысу өтілінің тиiстi коэффициенттерiне көбейту жолымен айқындалады.

      7-тармақтың үшінші бөлігі 01.01.2024 дейін қолданылады - ҚР 26.12.2019 № 286-VI Заңымен.

      7-тармақтың төртінші бөлігі 01.01.2024 дейін қолданылады - ҚР 26.12.2019 № 286-VI Заңымен.

      Сол бір кезең үшін жұмыс берушіден және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғадан әлеуметтік аударымдар келіп түскен жағдайда, асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді есептеу кезінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғаның кірісі қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген кіріс деңгейінде қабылданады.

      Асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлемдер қайтыс болған (сот хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерiне қайтыс болған (сот хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының отбасы мүшесiнiң (мүшелерiнiң) әлеуметтiк төлемдерді алу құқығы сақталатын уақыт кезеңі бойына ай сайын төленiп тұрады.

      8. Асырауындағылар санының коэффициентi мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы – асыраушы қайтыс болғанға дейiн оның асырауында болған адамдардың санына қарай айқындалады және оның асырауында бiр адам болса – 0,5; асырауында екi адам болса – 0,65; асырауында үш адам болса – 0,8; асырауында төрт және одан көп адам болса – 1,0 болады.

      Бұл ретте, кірісті ауыстыру коэффициентi мен қатысу өтілінің коэффициентi осы Заңның 20-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.

22-бап. Жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем

      1. Жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыссыз ретiнде тiркелген күннен бастап тағайындалады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақтың екінші бөлігі 01.01.2024 дейін қолданылады - ҚР 26.12.2019 № 286-VI Заңымен.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылмайды.

      2. Жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлемнің мөлшерi әлеуметтiк аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшерiн кірісті ауыстырудың және қатысу өтілінің тиiсті коэффициенттерiне көбейту жолымен айқындалады.

      Әлеуметтiк аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшері жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік жиырма төрт ай ішінде (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістер сомасын жиырма төртке бөлу жолымен айқындалады.

      Кірісті ауыстыру коэффициентi 0,4 болады, ал қатысу өтілінің коэффициентi осы Заңның 20-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.

      3. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемдер:

      ол үшін алты айдан он екі айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – бір айға;

      ол үшін он екі айдан жиырма төрт айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – екі айға;

      ол үшін жиырма төрт айдан отыз алты айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – үш айға;

      ол үшін отыз алты айдан қырық сегіз айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – төрт айға;

      ол үшін қырық сегіз айдан алпыс айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – бес айға;

      ол үшін алпыс және одан көп айға әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – алты айға тағайындалады.

      4. Келесі өтініш жасау кезінде жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем жұмысынан айырылу жағдайына арналған, бұрын алып келген әлеуметтік төлемнің әрбір айы үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жалпы қатысу өтілінен он екі айдың шегерілетіні негізге алына отырып тағайындалады.

      5. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссызды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға және кәсіптік оқытуға жіберген жағдайларда, жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемдер тоқтатылмайды.

23-бап. Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтiк төлем

      1. Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтiк төлем қордан төленетін әлеуметтiк төлемдерді алуға құқығы бар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға тағайындалады.

      2. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтік төлем денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен берілген еңбекке уақытша қабілетсіздік туралы парақта көрсетілген бүкіл кезеңге тағайындалады.

      Байқоңыр қаласының міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар болып табылатын тұрғындарына жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтік төлем осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тәртіппен берілген немесе Ресей Федерациясының федералдық денсаулық сақтау ұйымдары мен олардың Байқоңыр қаласы аумағында орналасқан бөлімшелері берген еңбекке уақытша қабілетсіздік туралы парақ негізінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс кезеңіне тағайындалады.

      3. Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтiк төлемнің мөлшерi әлеуметтік аударымдар есептелетін объект ретінде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшерін еңбекке қабілетсіздік күндері санының тиісті коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.

      Әлеуметтiк аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістердің сомасын он екіге бөлу жолымен айқындалады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-тармақтың үшінші бөлігі 01.01.2024 дейін қолданылады - ҚР 26.12.2019 № 286-VI Заңымен.

      3-тармақтың төртінші бөлігі 01.01.2024 дейін қолданылады - ҚР 26.12.2019 № 286-VI Заңымен.

      Сол бір кезең үшін жұмыс берушіден және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғадан әлеуметтік аударымдар келіп түскен жағдайда, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтік төлемді есептеу кезінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғаның кірісі қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген кіріс деңгейінде қабылданады.

      Еңбекке қабілетсіздік күндері санының коэффициенті жүктілікке және босануға, сондай-ақ жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты еңбекке уақытша қабілетсіздік туралы парақ берілген күндер санын күнтізбелік отыз күнге бөлу жолымен айқындалады.

      4. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге берілетін демалысқа, егер бұл еңбек және (немесе) ұжымдық шарттардың талаптарында, жұмыс берушінің актісінде көзделсе, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлем сомасын шегергендегі орташа жалақысын сақтай отырып ақы төлейді.

24-бап. Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем

      1. Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем балаға (балаларға) күтімді жүзеге асыратын және қордан төленетін әлеуметтiк төлемдерді алуға құқығы бар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға тағайындалады.

      Бұл ретте, егер балаға күтімді міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің бірнеше қатысушысы жүзеге асыратын болса, бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем көрсетілген адамдардың біреуіне ғана тағайындалады.

      2. Екi және одан көп бала туған кезде, бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем әр балаға жеке-жеке тағайындалады.

      3. Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем баланың туу туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап ол бір жасқа толған күнді қоса алғанда тағайындалады.

      Бiр жасқа толмаған бала қайтыс болған жағдайда, әлеуметтiк төлемдер қайтыс болған айды қоса алғанда төленедi.

      Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бір жасқа дейінгі баланы (балаларды) асырап алған және балаға қорғаншылық тағайындалған жағдайларда, әлеуметтік төлем соттың баланы (балаларды) асырап алу туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншы тағайындалған күннен бастап бала бір жасқа толған күнді қоса алғанда тағайындалады.

      4. Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған ай сайынғы әлеуметтiк төлемдер әлеуметтік аударымдар есептелетін объект ретінде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшерiн кірісті ауыстыру коэффициентiне көбейту жолымен айқындалады.

      Әлеуметтік аударымдар есептелетін объект ретінде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік жиырма төрт ай ішінде (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістер сомасын жиырма төртке бөлу жолымен айқындалады.

      Сол бір кезең үшін жұмыс берушіден және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғадан әлеуметтік аударымдар келіп түскен жағдайда, бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді есептеу кезінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғаның кірісі қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген кіріс деңгейінде қабылданады.

      Кірісті ауыстыру коэффициенті 0,4 болады.

      Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемнің мөлшері осы Заңның 26-бабына сәйкес ұстап қалуға жататын міндетті зейнетақы жарналары қосымша есептеле отырып, "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес баланың туу кезектілігіне қарай белгіленген, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмайды.

      Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінің 40 пайызынан аспауға тиіс.

      5. Алушы қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған), ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-ана құқықтары шектелген, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген жағдайларда, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылуы жағдайына арналған әлеуметтік төлем баланы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттар негізінде мемлекеттің толық қамтамасыз етуіне белгілеу жағдайларын қоспағанда, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімін жүзеге асыратын адамға жүргізіледі.

25-бап. Әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру тәртібі

      Әлеуметтік төлемдер ағымдағы ай үшін алушының банктік шоттарына аудару жолымен Мемлекеттік корпорация арқылы жүргізіледі.

26-бап. Әлеуметтiк төлемдерден ұстап қалу

      1. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу және (немесе) жұмысынан айырылу жағдайларына, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтiк төлемдерден Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналары ұстап қалынады және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жiберiледi.

      2. Алушының өтініші негізінде ұстап қалу жүргізілетін артық есепке жатқызылған (төленген) әлеуметтік төлемдердің сомалары жағдайларынан басқа, әлеуметтік төлемдерден ұстап қалу атқарушылық іс жүргізу тәртібімен жүргізілуі мүмкін.

      Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтiк төлемдерден атқарушылық іс жүргізу тәртібімен ұстап қалу жүргізілмейді.

      3. Әлеуметтік төлемдерден ұстап қалу төленуге тиесілі сомадан жүргізіледі.

      4. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына арналған әлеуметтік төлемдерден төленуге тиесілі соманың 25 пайызынан асырып ұстап қалуға болмайды.

27-бап. Әлеуметтік төлемдерді тоқтата тұру және қайта бастау

      1. Әлеуметтік төлем:

      1) алушының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты жерге кеткені туралы;

      2) алушының бас бостандығынан айыру түрінде сот тағайындаған қылмыстық жазаны өтеп жатқаны туралы;

      3) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, оралман куәлігінің қолданылу мерзімінің өткені туралы, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған;

      4) іздестірудегі адамдарды хабарсыз кеткен деп тану фактісінің анықталуы туралы, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған;

      5) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға рұқсат алғанға дейін алушының Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту немесе одан шығу фактілерінің анықталуы туралы, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады.

      2. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлем осы баптың 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша, сондай-ақ алушының еңбекке қабілеттіліктен айырылуының белгіленген кезеңі аяқталған күннен бастап еңбекке қабілеттіліктен айырылудың кезекті кезеңі белгіленгенге дейін тоқтатыла тұрады.

      3. Асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлем осы баптың 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша, сондай-ақ:

      1) қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған, бала кезінен бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер деп танылған адамдарға мүгедектік белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап қайта куәландырылғанға дейін;

      2) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы берген, қайтыс болған (coт хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының отбасы мүшелерінің күндізгі оқу нысаны бойынша оқушылар немесе студенттер болып табылатыны туралы анықтаманың қолданылу мерзімі өткен күннен бастап тоқтатыла тұрады.

      4. Әлеуметтік төлем әлеуметтік төлемнің тоқтатыла тұруын туғызған мән-жайлардың аяқталғанын растайтын құжаттардың және (немесе) ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтердің негізінде қайта басталады.

28-бап. Әлеуметтік төлемдерді тоқтату

      1. Әлеуметтік төлем:

      1) алушының қайтыс болуына (соттың хабарсыз кеттi деп тануына немесе қайтыс болды деп жариялауына) байланысты тоқтатылады. Бұл ретте әлеуметтік төлем алушы қайтыс болған айды қоса алғанда (соттың хабарсыз кеттi деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау туралы шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап) жүзеге асырылады;

      2) алушының әлеуметтік төлемді тағайындау туралы шешім қабылдауға негіз болған, анық емес құжаттарды (мәліметтерді) ұсынуына байланысты тоқтатылады. Бұл ретте әлеуметтік төлем тағайындалған күнінен бастап тоқтатылады;

      3) алушының әлеуметтік төлемді тоқтатуға өтініш беруіне байланысты тоқтатылады. Бұл ретте әлеуметтік төлем өтініш берілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.

      2. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлем осы баптың 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша, сондай-ақ:

      1) алушы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған;

      2) МӘС бөлімшесі алушыны еңбекке қабілетті деп тану туралы шешім шығарған күннен бастап тоқтатылады.

      1) қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған адамның қайтыс болуына байланысты тоқтатылады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлем қайтыс болған айды қоса алғанда жүзеге асырылады;

      2) қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған адамның мүгедектігі белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап;

      3) қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған адам (он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болған адамдарды қоспағанда) – он сегіз жасқа, ал көрсетілген адам жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқып жатқан жағдайда жиырма үш жасқа толған күннен бастап;

      4) он сегіз жастан асқан алушының (асырауындағының) білім беру ұйымынан оқудан шығарылуына немесе оны сырттай оқу нысанына ауыстыруға байланысты тоқтатылады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлем алушының (асырауындағының) оқудан шығарылғаны немесе сырттай оқу нысанына ауысқаны туралы, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер алынған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.

      4. Жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлем осы баптың 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша, сондай-ақ:

      1) алушы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған күннен бастап;

      2) алушы халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде есептен шығарылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.

      5. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлем осы баптың 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша, сондай-ақ:

      1) бала (балалар) қайтыс болған ай өткен соң;

      2) бала (балалар) мемлекеттің толық қамтамасыз етуіне белгіленген ай өткен соң;

      3) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда, ата-анасы ата-ана құқықтарынан айырылған немесе олардың ата-ана құқықтары шектелген, асырап алу туралы шешімдер жарамсыз деп танылған немесе олардың күші жойылған, қорғаншылар өз міндеттерін орындаудан босатылған немесе шеттетілген ай өткен соң тоқтатылады.

4-тарау. ҚОРДЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ТӘРТІБІ

29-бап. Қордың мәртебесі

      1. Қор құрылтайшысы мен жалғыз акционері мемлекет болып табылатын, акционерлiк қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.

30-бап. Қордың басшы жұмыскерлеріне қойылатын талаптар

      1. Атқарушы органның бірінші басшысы мен оның орынбасарлары, бас бухгалтер қордың басшы жұмыскерлері деп танылады.

      2. Қордың басшы жұмыскерлеріне мынадай талаптар белгіленеді:

      1) атқарушы органның бірінші басшысы мен оның орынбасарлары үшін:

      білімі – жоғары кәсіптік (заң, қаржылық-экономикалық) білім;

      бағалы қағаздар нарығындағы кәсіптік қызметпен тікелей байланысты басшы лауазымдарда және қаржы нарығында қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілі не халықты әлеуметтік қорғау саласында басшы лауазымдарда кемінде алты жыл жұмыс өтілі болуы;

      2) бас бухгалтер үшін:

      білімі – жоғары кәсіптік (қаржылық, экономикалық) білім;

      қаржылық-бухгалтерлік жұмыста кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

      3. Мыналар:

      1) жоғары кәсіптік білімі және осы баптың 2-тармағында көзделген қызмет салаларында ең аз қажетті жұмыс өтілі жоқ;

      2) мінсіз іскерлік беделі жоқ адам қордың басшы жұмыскері болып сайлана (тағайындала) алмайды.

      Кәсібилікті, адалдықты, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының жоқтығын, оның ішінде соттың өмір бойына қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы жұмыскері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылу құқығынан айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген шешімінің жоқтығын растайтын фактілердің болуы мінсіз іскерлік бедел болып табылады;

      3) бұрын осы адам осы заңды тұлғаның бірінші басшысы, бірінші басшысының орынбасары, бас бухгалтері лауазымында болған кезеңінде банкрот деп танылған немесе санацияға, консервациялауға, мәжбүрлеп таратуға ұшыраған заңды тұлғаның бірінші басшысы, бірінші басшысының орынбасары, бас бухгалтері болған;

      4) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не сайлану (тағайындалу) күніне дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартылған адам қордың басшы жұмыскері болып сайлана (тағайындала) алмайды.

31-бап. Қордың қызметi

      Қор өз қызметiн қордың комиссиялық сыйақысы есебiнен жүзеге асырады.

      Комиссиялық сыйақының шамасы жылына екі реттен артық өзгертілмейді.

      Қордың комиссиялық сыйақысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен әлеуметтік аударымдардан, әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдан, инвестициялық кірістен алынады.

      Қордың меншікті қаражаты қордың жарғылық капиталынан, комиссиялық сыйақыдан қалыптастырылады және солардан тұрады.

      Қор мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

      1) әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды, артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың қайтарылуын, сондай-ақ инвестициялық кірісті есепке алуды жүргізу;

      2) әлеуметтік төлемдерді және әлеуметтік төлемдердің артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларының қайтарылуын есепке алуды жүргізу;

      3) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйені құру және дамыту.

      Осы Заңда реттелмеген бөлікте қордың қызметіне Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасы қолданылады.

32-бап. Қордың құқықтары мен мiндеттерi

      1. Қордың:

      1) әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды жүзеге асыруға;

      2) Осы Заңда белгіленген тәртiппен бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына байланысты қызметпен айналысуға;

      3) міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық және түсіндіру жұмысын жүргізуге;

      4) қордың қызметiн қамтамасыз етуге қордың активтерінен комиссиялық сыйақы алуға;

      5) Мемлекеттік корпорациядан ақпарат алуға;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң субъектілерінен қор қызметiн қамтамасыз етуге қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;

      7) Қазақстан Республикасының аумағында филиалдар ашуға;

      8) осы Заңға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

      2. Қор:

      1) Мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруы үшін қаражаттың уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге;

      2) әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын төлеушіге қайтаруды жүзеге асыруға, сондай-ақ әлеуметтік төлемдердің және олардан ұстап қалынған міндетті зейнетақы жарналарының артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын Мемлекеттік корпорация арқылы қорға қайтаруды қамтамасыз етуге;

      3) әлеуметтік төлемді тағайындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңсыз (негізсіз) деп танылған әлеуметтік аударымдардың сомаларын есепке алмауға;

      4) қордың уақытша бос қаражатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына орналастыруға;

      5) жылдық қаржылық есептілік аудитінің жүргізілуін қамтамасыз етуге;

      6) үш жылда бір рет міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржылық орнықтылығын бағалау аудитін қамтамасыз етуге;

      7) мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен мәліметтер алған жағдайда, әлеуметтік төлемдерді қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату үшін шешімдердің жобаларын қалыптастыруға;

      8) әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату не тағайындаудан бас тарту туралы шешімдер қабылдауға;

      9) қордан төленетін әлеуметтік төлемдерге қажеттілікті есептеу бойынша болжамды деректерді қалыптастыруға;

      10) график бойынша әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін Мемлекеттік корпорацияны күн сайын қаржыландыруды жүргізуге;

      11) әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу мәселелері бойынша қажетті түсіндірмелер беруге;

      12) қордың активтерін есепке алуды жүзеге асыруға арналған бағдарламалық қамтылым түрінде қордың автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне ие болуға, сондай-ақ ақпараттың сақталуын және санкцияланбаған қол жеткізуден қорғалуын қамтамасыз етуге;

      13) ақпаратты сақтауға арналған резервтік орталыққа ие болуға;

      14) ақпараттық жүйелерден алынған, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдердің сомалары туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;

      15) Мемлекеттік корпорацияға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңсыз (негізсіз) деп танылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпарат беруге;

      16) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

      3. Қор:

      1) қордың активтерiн кепiлге беруге;

      2) осы Заңда көзделмеген кәсiпкерлiк және өзге қызметпен айналысуға құқылы емес.

33-бап. Қор активтерiнiң құрылуы

      1. Қордың активтерi қордың қызметiн қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны, әлеуметтік төлемдерге және әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсiмпұлдың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруға жіберілген қаражатты шегере отырып, әлеуметтiк аударымдар, әлеуметтiк аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшiн өсiмпұл, инвестициялық кіріс, әлеуметтік төлемдердің артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын қайтару және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қорға түсетiн өзге де түсiмдер есебінен қалыптастырылады.

      2. Қордың активтерi тек қана мынадай мақсаттарға пайдаланылуы мүмкін:

      1) осы Заңға сәйкес әлеуметтiк төлемдердi жүзеге асыру;

      2) тiзбесi мен лимиттері Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын қаржы құралдарына орналастыру;

      3) әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшiн өсiмпұлдың артық (қате) төленген сомаларын, сондай-ақ қате есепке жатқызылған өзге де қаражаттың сомаларын қайтару.

      3. Қордың активтері:

      1) кепіл нысанасы болмайды;

      2) кредиторлардың талабы бойынша өндіріп алынбайды;

      3) мүлікке тыйым салу немесе өзгеше түрде ауыртпалық салу нысанасы болмайды;

      4) қордың және үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша инкассолық өкіммен өндіріп алынбайды;

      5) осы Заңның 34-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, сенімгерлік басқаруға берілмейді;

      6) мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету нысанасы болмайды.

34-бап. Қордың активтерін басқару тәртібі

      1. Қордың активтерін сенімгерлік басқаруды Экономикалық саясат жөніндегі кеңес мақұлдаған инвестициялық декларацияның және қор мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арасында жасалатын шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған қаржы құралдарының тізбесіне және лимиттеріне сәйкес қордың активтерiн орналастыруды жүзеге асырады.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қордың активтерін шоғырландыру және орналастыру, инвестициялық кiрiс алу жөнiндегi барлық операцияларды есепке алуды жүргiзедi және жасалған шартқа сәйкес тоқсан сайын қорға шоттардың және қор активтерiмен жасалған инвестициялық қызметтің жай-күйі туралы есепті ұсынады.

35-бап. Есепке алу және есептілік

      1. Қор Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қордың меншікті қаражаты мен активтерi бойынша бөлек бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзедi және қаржылық есептілікті ұсынады.

      2. Қор бухгалтерлiк есепке алуда және есептiлiктi жасау кезiнде пайдаланылатын құжаттардың есепке алынуы мен сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Сақталуға жататын негiзгi құжаттардың тiзбесi мен олардың сақталу мерзiмдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленедi.

36-бап. Аудит

      1. Қордың аудитін және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржылық орнықтылығын бағалау аудитін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргiзуге құқықты аудиторлық ұйымдар жүргiзедi.

      2. Аудиторлық есеп коммерциялық құпияны құрамайды.

      3. Қордың міндетті жыл сайынғы аудитінің нәтижелері бойынша аудиторлық ұйым:

      1) қордың меншікті қаражаты;

      2) қордың активтері бойынша екі аудиторлық есеп жасайды.

      4. Қордың міндетті жыл сайынғы аудиті және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржылық орнықтылығын бағалау аудиті бойынша шығыстар қордың меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

37-бап. Дауларды шешу

      Осы Заңды орындау бойынша қордың, Мемлекеттік корпорацияның, мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында туындайтын барлық дау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.

38-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық

      Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.

39-бап. Өтпелі ережелер

      1. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемнің осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін айқындалған мөлшері 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап көбейтілуін қоса алғанда, жыл сайын көбейтілуі ескеріле отырып, әлеуметтік төлем мөлшерін тағайындау кезінде есепке алынған қатысу өтілі мен еңбекке қабілеттіліктен айырылу коэффициенттеріне бөлу және осы Заңға сәйкес көзделген қатысу өтілі мен еңбекке қабілеттіліктен айырылу коэффициенттеріне көбейту жолымен қайта есептелуге жатады.

      2. Асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемнің осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін айқындалған мөлшері 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап көбейтілуін қоса алғанда, жыл сайын көбейтілуі ескеріле отырып, әлеуметтік төлем мөлшерін тағайындау кезінде есепке алынған қатысу өтілі мен асырауындағылар саны коэффициенттеріне бөлу және осы Заңға сәйкес көзделген қатысу өтілі мен асырауындағылар саны коэффициенттеріне көбейту жолымен қайта есептелуге жатады.

      3. Жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемнің осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін айқындалған мөлшері әлеуметтік төлем мөлшерін тағайындау кезінде есепке алынған қатысу өтілі мен кірісті ауыстыру коэффициенттеріне бөлу және осы Заңға сәйкес көзделген қатысу өтілі мен кірісті ауыстыру коэффициенттеріне көбейту жолымен қайта есептелуге жатады.

      Бұл ретте жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемнің ұзақтығы осы Заңның 22-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленеді.

      4. Мыналардың:

      1) осы Заңның 1-бабы 7) тармақшасының қолданысы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "7) әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi – төлеушi) – осы Заңда белгiленген тәртiппен әлеуметтiк аударымдарды есептеудi және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеудi жүзеге асыратын жұмыс берушi, дара кәсіпкер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығы, жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлға;";

      2) осы Заңның 13-бабының 2-тармағы бірінші абзацының қолданысы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "2. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларды қоспағанда, төлеуші:";

      3) осы Заңның 15-бабының 5-тармағы екінші бөлігінің қолданысы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "Егер күнтізбелік ай үшін әлеуметтік аударымдар есептелетін объект республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшерінен кем болған жағдайда, онда осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, әлеуметтік аударымдар ең төмен жалақы мөлшері негізге алына отырып есептеледі, аударылады.";

      4) осы Заңның 17-бабы 1-тармағының қолданысы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалардың төлемдерін қоспағанда, әлеуметтiк аударымдардың уақтылы және (немесе) толық көлемде төленбеген сомаларын мемлекеттік кіріс органдары мерзімі өткен әрбір күн үшiн (қорға төлеу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі мөлшерiнде есепке жазылған өсiмпұлмен бірге өндiрiп алады немесе төлеуші оларды қордың шотына аударуға тиіс.".

40-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      1. Осы Заң 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      2. Осы Заңның 7-бабы бірінші бөлігінің 4) тармақшасы, 14-бабының 2-тармағы, 15-бабының 3-тармағы, 16-бабының 3-тармағы, 20-бабы 4-тармағының үшінші және төртінші бөліктері, 21-бабы 7-тармағының үшінші және төртінші бөліктері, 22-бабы 1-тармағының екінші бөлігі, 23-бабы 3-тармағының үшінші және төртінші бөліктері, 24-бабы 4-тармағының үшінші және төртінші бөліктері 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.

      3. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1, 4-құжаттар; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 14, 42-құжат; № 22, 83-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 282177
    Қазақ тілінде 140425
    Орыс тілінде 140245
    Ағылшын тілінде 1507
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы