Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 287-VІ ҚРЗ.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 121, 124-құжаттар; № 21-ІІ, 130, 132-құжаттар; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 16, 55-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 5 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      53-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай мазмұндағы он жетінші абзацпен толықтырылсын:

      "бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;".

      2. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 67, 70-құжаттар; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 7, 36-құжат; № 8, 46-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұны мынадай мазмұндағы 142-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "142-1-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік";

      2) 1-баптың 1-тармағында:

      37-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "37-3) денсаулық сақтау саласындағы концессия объектісіне функционалдық қызмет көрсету – концессия шартында айқындалған тәртіппен және шарттарда концессия объектісін концессия объектісінің нысаналы мақсатына сәйкес, оның ішінде тауарларды өндіру және (немесе) жұмыстарды орындау және (немесе) қызметтерді көрсету мақсаттарында пайдалану;";

      мынадай мазмұндағы 37-5) тармақшамен толықтырылсын:

      "37-5) денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау – тиісті маман сертификатын бере отырып, медицина жұмыскерлерінің клиникалық мамандыққа сәйкес келетінін айқындауға және оларды клиникалық практикаға (пациенттермен жұмыс істеуге) жіберуге, денсаулық сақтау менеджерлеріне арналған міндетті рәсім;";

      59-3) және 59-4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "59-3) консилиум – кемінде үш дәрігердің қатысуымен диагноз қою, емдеу тактикасын айқындау және ауруды болжау мақсатында адамды зерттеу;

      59-4) контрацепция – қаламаған жүктіліктің алдын алу әдістері мен құралдары;";

      мынадай мазмұндағы 59-5) және 59-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "59-5) концессиялық жобаны іске асыру нәтижесінде құрылған денсаулық сақтау объектісін (концессия объектісі) пайдалану – денсаулық сақтау саласындағы концессия объектісін пайдалану, ол концессия шартында айқындалған тәртіппен және шарттарда техникалық және функционалдық қызмет көрсетуді көздеуі мүмкін;

      59-6) концессия объектісіне техникалық қызмет көрсету – концессия шартында айқындалған тәртіппен және шарттарда денсаулық сақтау саласындағы концессия объектісін оған функционалдық қызмет көрсету үшін ақаусыз, қауіпсіз, жарамды күйде ұстауға бағытталған, технологиялық және ұйымдастырушылық іс-шаралар кешенін жүзеге асыра отырып, денсаулық сақтау саласындағы концессия объектісін пайдалану, сондай-ақ оны ағымдағы және (немесе) күрделі жөндеуді жүзеге асыру, сервистік және (немесе) қосалқы қызметті басқару, орындау;";

      60), 61) және 112-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "60) көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына арналған шекті баға – дәрілік заттың саудалық атауына арналған баға, оны одан жоғары бағамен көтерме саудада өткізуді жүзеге асыруға болмайды;

      61) күн сайынғы дәрігерлік конференция – медициналық ұйымның өткен тәуліктердің қорытындысын шығару, клиникалық жағдайларды талқылау және талдау, сондай-ақ ұжымға медицина ғылымы мен клиникалық практиканың жаңа жетістіктері туралы ақпарат беру мақсатындағы жоспарлы кеңесі;";

      "112-2) функционалдық оператор – концессия объектісіне функционалдық қызмет көрсетуге байланысты қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, концессия шартының тарапы болып табылмайтын, жарғылық қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын мемлекеттік заңды тұлға не жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға немесе жарғылық капиталындағы дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы оған меншік құқығымен тиесілі оның еншілес ұйымы;";

      мынадай мазмұндағы 112-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "112-3) халықтың декреттелген тобы – халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін және айналасындағы адамдарға инфекциялық және паразиттік аурулар жұқтырудың барынша қаупін төндіретін адамдар;";

      3) 23-тарау мынадай мазмұндағы 142-1-баппен толықтырылсын:

      "142-1-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік

      1. Денсаулық сақтау объектілерін құру (реконструкциялау) және пайдалану Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іске асыру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

      2. Концессиялық жобаны іске асыру нәтижесінде құрылған денсаулық сақтау объектісін (концессия объектісін) пайдалануды концессионермен қатар функционалдық оператор да жүзеге асыра алады.

      Мұндай жағдайда концессионердің концессия объектісіне техникалық қызмет көрсету шеңберінде өндірілген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу үшін шығындарды өтетуге және кірістер алуға құқығы бар.

      3. "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасы негізінде концессия шартын жасасуды көздейтін концессиялық жобаларды іске асыру кезінде:

      1) концедент құрылған концессия объектісін концессия шартында айқындалған тәртіппен функционалдық қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шарты бойынша функционалдық операторға береді;

      2) концессионер концессия шартында көзделген тәртіппен және шарттарда концессия объектісіне техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;

      3) концессионерді таңдау жөніндегі конкурс өткізілгенге дейін айқындалатын функционалдық оператор концессия шартында көзделген тәртіппен және шарттарда концессия объектісіне функционалдық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

      4. "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасы негізінде жасалған концессия шарты функционалдық оператор туралы ережені, сондай-ақ концессионер мен функционалдық оператордың концессия объектісін бірлесіп пайдалану тәртібін қамтуға тиіс.

      5. Функционалдық оператордың осындай қызмет үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рұқсат беру құжаттары болуға тиіс не оларды концессия объектісін нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану басталғанға дейін алуы тиіс.

      6. Функционалдық оператор:

      1) концессия объектісіне функционалдық қызмет көрсету мақсатында жасалған мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шартында көзделген шарттарда концессия объектісіне қатысты құқықтарды жүзеге асыруға;

      2) концессионермен бірлесіп концессия объектісін концессия шартында көзделген тәртіппен және шарттарда пайдалануға;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      7. Функционалдық оператор:

      1) концессия объектісінің бейінін сақтауға;

      2) мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шартында көзделген тауарларды өндіруге және (немесе) жұмыстарды орындауға және (немесе) қызметтерді көрсетуге;

      3) Қазақстан Республикасының экология және еңбек заңнамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын сақтауға;

      4) концессия объектісіне өз кінәсі бойынша келтірілген залалды өтеуге;

      5) концессия объектісін концессия шартында көзделген тәртіппен концессионермен бірлесіп пайдалану шарттарын сақтауға;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында және мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шартында белгіленген өзге де талаптар мен шарттарды сақтауға міндетті.".

      3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 17, 91-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 7, 33-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):

      114-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сотталған әйелдер Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүктiлiкке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз етiледi.".

      4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; № 23-І, 166, 169-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-І, 49, 50-құжаттар; № 7-ІІ, 53, 57-құжаттар; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 5 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      92-баптың екінші бөлігінің 1) тармақшасындағы "әлеуметтік аударымдар жүргiзiлетiн" деген сөздер "өздерінің пайдасына әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өндіріп алынатын" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 8, 238-құжат; № 23, 925-құжат; 2000 ж., № 23, 411-құжат; 2001 ж., № 2, 14-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2004 ж., № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      8-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-1-бап. Жәрдемақыға құқықтың сақталуы

      2018 жылғы 1 қаңтарға дейін жәрдемақы тағайындалған, құрамында бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасылар осы Заңның 6-бабының 2-тармағына сәйкес жәрдемақы алу құқығын 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтап қалады.

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген отбасыларға "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.".

      6. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1. Осы Заң міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға, міндетті әлеуметтік сақтандыруға байланысты қатынастарды реттемейді.";

      2) 27-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы хабарлама өтініш берушіге және Корпорацияға жіберіледі.".

      7. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 23, 117-құжат; 2011 ж., № 10, 86-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 14, 42-құжат; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат):

      1) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-2) кепілдік берілген әлеуметтік топтама – бір жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар табысы аз отбасыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын түрлерде және көлемдерде көрсетілетін көмек;";

      4) тармақшадағы "ақшалай нысанда беретін төлем" деген сөздер "беретін көмек" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-1) тармақшадағы "отбасыға" деген сөз "адамға (отбасыға)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 2-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Атаулы әлеуметтік көмек мыналарға:

      1) табысы аз болып табылмайтын адамдарға (отбасыларға);

      2) осы баптың 6-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасыға – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай бойы;

      3) алушының кінәсі бойынша бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылған және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайларда, адамға (отбасыға) – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш жасаудың алдындағы алты ай бойы;

      4) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар берген адамдарға (отбасыларға) – оларды ұсынған күннен бастап алты ай бойы;

      5) материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша дайындалған учаскелік комиссияның қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек беруге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.";

      4-тармақтың 2) тармақшасындағы "жеті" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6-тармақтың 4) тармақшасындағы "жеті жасқа дейінгі балаларды" деген сөздер "үш жасқа дейінгі баланы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шартсыз немесе шартты ақшалай көмек алатындар қатарындағы:

      атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңінде бір жастан алты жасқа дейінгі балалары бар;

      тиісті оқу жылы кезеңінде орта білім беру ұйымдарында білім алатын, алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар, табысы аз отбасыларға беріледі.

      Шартсыз немесе шартты ақшалай көмектің төленуін тоқтату осы тармақтың бірінші бөлігінің үшінші абзацында көрсетілген отбасыларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама беруді тоқтатуға негіз болып табылмайды.";

      3) 3-бапта:

      1-тармақта:

      екінші бөлік алып тасталсын;

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінде құжаттардың электрондық көшірмелері болмаған жағдайда, өтініш беруші мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде жоқ мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынады, ал өтініш берушіде мұндай мүмкіндік болмаған кезде тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы, ауылдық жерде – әкім тиісті мемлекеттік органға және (немесе) ұйымға жазбаша сұрау салуды ресімдейді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен тоқсан сайын расталады.";

      4) 4-бапта:

      1-тармақта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Заңның мақсаттары үшін отбасы құрамына:

      1) мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі;

      2) мерзімді әскери қызметтегі;

      3) бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлі емдеудегі адамдарды қоспағанда, некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге нысанынан туындайтын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтармен және міндеттермен байланысқан, бірге тұратын отбасы мүшелері, сондай-ақ шын мәнінде бірге тұратын, бірақ некеде тұрмайтын адамдар енгізіледі.";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бірге тұру фактісі:

      отбасының тұрғылықты жерінен тыс жерде еңбек қызметін жүзеге асыратын еңбекке қабілетті отбасы мүшелеріне;

      мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегілерден басқа, интернат ұйымдарында білім алатын, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) Қазақстан Республикасының орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балаларға талап етілмейді.";

      5-тармақтың бірінші бөлігіндегі "өтініш беруші ұсынған құжаттарды халықты жұмыспен қамту орталығы" деген сөздер "халықты жұмыспен қамту орталығы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін ақпараттық жүйелерден, жазбаша нысанда тиісті мемлекеттік органдардан және (немесе) ұйымдардан алынған мәліметтер, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде мәліметтердің болмауына байланысты өтініш беруші ұсынған құжаттар қоса берілген өтінішті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақтағы "өтініш берушіден қабылданған құжаттарды," деген сөздер "атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін ақпараттық жүйелерден, жазбаша нысанда тиісті мемлекеттік органдардан және (немесе) ұйымдардан алынған мәліметтер, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде мәліметтердің болмауына байланысты өтініш беруші ұсынған құжаттар қоса берілген өтінішті," деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақтағы "он екі айға" деген сөздер "шартты ақшалай көмек тағайындау кезеңіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11-тармақтың бірінші және екінші бөліктеріндегі "алты айға", "әлеуметтік келісімшарттың қолданылу кезеңіне" деген сөздер тиісінше "ағымдағы тоқсанға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісімшарт табысы аз адам (отбасы) әлеуметтік келісімшарттың талаптарын және жеке жоспардың іс-шараларын, оның ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу және жұмысқа орналастыру жөніндегі іс-шараларды толық көлемде орындамаған, сондай-ақ, шартты ақшалай көмекті заңсыз тағайындауға және (немесе) төлеуге әкеп соққан жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар ұсынған кезде бұзылады.

      Әлеуметтік келісімшартты бұзу адамға (отбасыға) шартты ақшалай көмектің төленуін тоқтатуға негіз болып табылады.";

      5) 5-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Учаскелік комиссиялар өз қызметін жергілікті өкілді органдармен келісу бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары бекітетін учаскелік комиссиялар туралы ережелерге, сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықты айқындау өлшемшарттарына сәйкес жүзеге асырады.

      Учаскелік комиссиялар туралы үлгі ережені, сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықты айқындау өлшемшарттарын орталық атқарушы орган бекітеді.

      4. Учаскелік комиссиялар халықты жұмыспен қамту орталығынан немесе кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімінен атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті, құжаттардың электрондық көшірмелерін, олардың мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінде болмауына байланысты өтініш беруші ұсынған құжаттардың көшірмелерін алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар және (немесе) өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері негізінде қорытынды дайындайды және оны халықты жұмыспен қамту орталығына немесе кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне береді.";

      6) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, үй малын, құсты және жер учаскесін (жер үлесін) табыс бермейді деп айқындауға құқылы.";

      7) 7-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Адамға (отбасыға) атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа кіріс пен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада отбасының әрбір мүшесіне есептегенде белгіленген кедейлік шегі арасындағы айырма түрінде есептейді.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде берілетін көмектің түрлері мен көлемдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Өтініш жасау алдындағы тоқсандағы жан басына шаққандағы орташа кіріс пен тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері:

      отбасының құрамы өзгерген жағдайда – отбасы құрамы өзгерген күннен бастап;

      өтініш берушінің атаулы әлеуметтік көмекті алу мақсатында жалған мәліметтерді және (немесе) анық емес құжаттарды беруін қоспағанда, отбасының жиынтық кірісін айқындау кезінде ескерілмеген фактілер немесе мәліметтер анықталған жағдайда – өтініш жасалған айдан бастап қайта есептеледі.

      Атаулы әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары – ерікті түрде, ал одан бас тартылған жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға жатады.

      Атаулы әлеуметтік көмекті одан әрі алу кезінде артық төленген сомалар келесі төлемдерден ұсталады.";

      4-тармақтың бірінші бөлігі "және төлеу" деген сөздерден кейін ", оның ішінде кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы беру" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:

      "8-1-бап. Өтпелі ережелер

      2020 жылға 1 қаңтарға дейін атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған адамдарға (отбасыларға):

      бұрын тағайындалған атаулы әлеуметтік көмекті төлеу 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады;

      жасалған әлеуметтік келісімшарт 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап өз қолданысын тоқтатады, атаулы әлеуметтік көмек 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тағайындалады және төленеді.".

      8. "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8, 18-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-V, 152, 158-құжаттар; № 23-ІІ, 170-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат):

      1) 7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы мүгедектерге өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекітеді;";

      2) 20-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мүгедектер мен мүгедек балаларды жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеумен қамтамасыз ету осы Заңның 32-1-бабына сәйкес оның құнын жергілікті атқарушы органдардың толық немесе ішінара өтеуі жолымен жүзеге асырылады.";

      3) 21-баптың 1-тармағында:

      4) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) жүріп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектер үшін жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жеке көмекшінің әлеуметтік көрсетілетін қызметтерін осы Заңның 32-1-бабына сәйкес олардың құнын жергілікті атқарушы органдардың толық немесе ішінара өтеуі жолымен ұсынуды қамтиды.";

      4-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1) есту кемістігі бар мүгедектер үшін жеке оңалту бағдарламасына сәйкес ымдау тiлi маманының әлеуметтік көрсетілетін қызметтерін осы Заңның 32-1-бабына сәйкес олардың құнын жергілікті атқарушы органдардың толық немесе ішінара өтеуі жолымен жылына алпыс сағатқа ұсынуды;";

      4) 22-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету осы Заңның 32-1-бабына сәйкес олардың құнын жергілікті атқарушы органдардың толық немесе ішінара өтеуі жолымен жүзеге асырылады.";

      5) 3-тарау мынадай мазмұндағы 32-1 және 32-2-баптармен толықтырылсын:

      "32-1-бап. Санаторийлік-курорттық емдеудің, протездік-ортопедиялық көмектің, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының, сондай-ақ жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік көрсетілетін қызметтерінің құнын өтеу

      1. Жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің порталы арқылы санаторийлік-курорттық емдеуді, протездік-ортопедиялық көмекті, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды, арнаулы жүріп-тұру құралдарын, сондай-ақ жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік көрсетілетін қызметтерін сатып алу кезінде мүгедектің олардың құнын, бірақ осы баптың 2-тармағында көзделген кепілдік берілген сома мөлшерінен асырмай жергілікті атқарушы органдарға өтетуге құқығы бар.

      Мүгедектер жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы санаторийлік-курорттық емдеуді, протездік-ортопедиялық көмекті, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды, арнаулы жүріп-тұру құралдарын, сондай-ақ жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік көрсетілетін қызметтерін кепілдік берілген сомадан асатын бағамен сатып алған кезде кепілдік берілген сома мен сатып алынған тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің іс жүзіндегі құны арасындағы айырманы мүгедек меншікті қаражаты есебінен дербес өзі төлейді.

      2. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде берілетін кепілдік берілген сома мынадай мөлшерлерде:

      санаторийлік-курорттық емдеуге, протездік-ортопедиялық көмекке, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарға, арнаулы жүріп-тұру құралдарына – өнім берушілер әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу кезінде оларды мүгедектерге өткізу үшін берген бағалардың халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен есептелетін орташа мәні мөлшерінде;

      жеке көмекшінің әлеуметтік көрсетілетін қызметтеріне – бір сағатқа, бірақ күніне сегіз сағаттан асырмай, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманның жалақысы мөлшерінің есебімен;

      ымдау тілі маманының әлеуметтік көрсетілетін қызметтеріне – бір сағатқа, бірақ жылына алпыс сағаттан асырмай, тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің он бес пайызы есебімен төленеді.

      32-2-бап. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы

      1. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бір бөлігі болып табылады және мүгедектерге санаторийлік-курорттық емдеуді, протездік-ортопедиялық көмекті, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды, арнаулы жүріп-тұру құралдарын, сондай-ақ жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік көрсетілетін қызметтерін сатып алу мүмкіндігін беретін автоматтандырылған ақпараттық жүйені білдіреді.

      2. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар мен олардың филиалдары әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілер бола алады.

      Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында мынадай:

      1) салықтық берешегі және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ;

      2) банкроттық не тарату рәсіміне жатпайтын;

      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілмеген;

      4) міндетті сертификаттауға жататын тауарларды беру кезінде сәйкестік сертификаты бар;

      5) медициналық бұйымдарды беру кезінде тіркеу куәлігі бар;

      6) тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді өткізу үшін баға ұсынған өнім берушілер тіркеле алады.

      Өнім беруші:

      1) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығару туралы өтініш берген;

      2) қызметті тоқтатқан немесе қайтыс болған;

      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген;

      4) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өзіне алған міндеттемелерді орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайларда, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығарылады.

      Осы тармақтың үшінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетілген жағдайда, мүгедек өзіне өнім берушінің өз міндеттемелерін бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына тиісті ақпаратты орналастырады. Осы ақпаратты жергілікті атқарушы орган құратын комиссия орналастырылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды, ол өнім беруші тарапынан бұзушылықтардың болғанын немесе болмағанын айқындайды.

      Өнім беруші осы тармақтың үшінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығарылған жағдайда, оның әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында келесі тіркелуі Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінен ол туралы мәліметтер алып тасталғаннан кейін мүмкін болады.

      Өнім беруші осы тармақтың үшінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығарылған жағдайда, оның әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында келесі тіркелуі тіркеуден шығарылған күннен бастап бір жылдан кейін ғана мүмкін болады.

      Өнім берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу, сондай-ақ әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығару халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

      3. Мүгедектер мен өнім берушілер арасындағы санаторийлік-курорттық емдеуді, протездік-ортопедиялық көмекті, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды, арнаулы жүріп-тұру құралдарын, сондай-ақ жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік көрсетілетін қызметтерін әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алуға байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен, сондай-ақ әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында жасалатын шартпен реттеледі.

      4. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын дамытуды, қолдап отыруды және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясатты ақпараттық және талдамалық қолдауды қамтамасыз ететін заңды тұлға жүзеге асырады.".

      9. "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 12, 44-құжат; 2007 ж., № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-баптың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы);";

      2) 4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы;";

      3) 5-баптың 4-тармағының екінші бөлігі "тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы," деген сөздерден кейін "көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы," деген сөздермен толықтырылсын;

      4) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:

      "8-1-бап. Көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеу

      1. Көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақыны тағайындауға өтініш жасау кез келген уақытта қандай да бір мерзіммен шектелмей жүзеге асырылады.

      2. Көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақыны төлеу барлық растаушы құжаттар болған кезде өтініш жасалған күннен бастап ағымдағы айға және осы жәрдемақы тағайындалған шарттар сақталған кезеңге жүргізіледі. Осы Заңның 11-1-бабына сәйкес жәрдемақы алушы өзгерген жағдайларды қоспағанда, алушы қайтыс болған жағдайда көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы қайтыс болған айды қоса алғанда төленеді.

      3. Көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы растаушы құжаттарды ұсынбаған немесе анық емес деректері бар құжаттарды ұсынған адамдарға тағайындалмайды.

      4. Көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақыны тағайындау кезінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалар бірге тұру фактісіне қарамастан отбасының құрамында есепке алынады.

      5. Көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақыны тағайындауға негіздер жоғалған жағдайларда, оны төлеу тоқтатылады.";

      5) 9-2-баптың 1-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;

      6) 10-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы:

      төрт балаға – 16,03 айлық есептік көрсеткіш;

      бес балаға – 20,04 айлық есептік көрсеткіш;

      алты балаға – 24,05 айлық есептік көрсеткіш;

      жеті және одан көп балаға – 28,06 айлық есептік көрсеткіш;";

      екінші бөліктегі "2) және" деген сөздер "2), 2-1) және" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың екінші бөлігі "бала күтіміне байланысты жәрдемақының," деген сөздерден кейін "көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақының," деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 11-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзацтағы "2) және" деген сөздер "2), 2-1) және" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасында көрсетілген жәрдемақыны төлеу үшін осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, баланың кәмелеттік жасқа толуы, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғаннан кейін орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын баланың оқудан шығуы;";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасында көрсетілген жәрдемақыны тағайындау үшін негіздер сақталған кезде, оны төлеу осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 1-1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда тоқтатылмайды.";

      3-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "3) және" деген сөздер "2-1), 3) және" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "2) және" деген сөздер "2), 2-1) және" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) мынадай мазмұндағы 11-1 және 12-1-баптармен толықтырылсын:

      "11-1-бап. Жәрдемақыларды алушының өзгеруі

      1. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген жәрдемақыларды алушы қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған), ата-ана құқықтарынан айырылған немесе оның ата-ана құқықтары шектелген, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген жағдайларда, жәрдемақыларды төлеу баланы (балаларды) мемлекеттің толық қамтамасыз етуіне белгілеу жағдайларын қоспағанда, баланың (балалардың) заңды өкіліне жүргізіледі.

      Бала кезінен бірінші топтағы мүгедек немесе оның заңды өкілі оған күтімді жүзеге асыратын адамды ауыстыру туралы өтінішпен күнтізбелік жыл ішінде екі реттен асырмай жүгінуге құқылы.

      Заңды өкіл немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтімін жүзеге асыратын адам ауысқан жағдайда, осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жәрдемақыны төлеу заңды өкілге немесе бірінші топтағы мүгедектің күтімін жүзеге асыратын адамға жүргізіледі.

      2. Жәрдемақыларды алушыны өзгерту үшін осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдар осы Заңның 5-бабына сәйкес тиісті өтінішпен Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінеді.";

      "12-1-бап. Өтпелі ережелер

      2018 жылғы 1 қаңтарға дейін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған, құрамында бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасылардың көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақыны тағайындауға өтініш жасауы және растаушы құжаттарды ұсынуы талап етілмейді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген отбасыларға көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде бар мәліметтер негізінде тағайындалады және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап төленеді.".

      10. "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 20, 151-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 15-құжаттар; 2013 ж., № 15, 76, 82-құжаттар; № 20, 113-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 20, 96-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 15, 47-құжат; № 24, 93-құжат):

      1) 2-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Денсаулық сақтау саласындағы концессия "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңға сәйкес реттеледі және жүзеге асырылады.";

      2) 21-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) концессионердің концессия объектісін құруын және концессионердің концессия объектісін "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес айқындалған функционалдық оператормен бірлесіп пайдалануын көздейтін денсаулық сақтау саласындағы концессия шарты;".

      11. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 17, 18-құжаттар; № 13, 45-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 24,115-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 3-4, 16-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 46-құжат; 2019 жылғы 5 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 4-баптың 21) тармақшасындағы "бір пайызы" деген сөздер "екі пайызы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 6-бапта:

      2-тармақтың 11) тармақшасындағы "бір пайызы" деген сөздер "екі пайызы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтың 11) тармақшасындағы "бір пайызы" деген сөздер "екі пайызы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтың 11) тармақшасындағы "бір пайызы" деген сөздер "екі пайызы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      12. "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; № 16, 56-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      98-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "15-1) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылардан;".

      13. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-I, 99-құжат; № 19-II, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 145, 148-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45, 46-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 5 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      79-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда концессия объектісі оған функционалдық қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін функционалдық операторға өтеусіз пайдалануға конкурссыз берілуі мүмкін.".

      14. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 50-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 8-І, 65-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-баптың 23-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "23-1) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры – әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды, асыраушыдан айырылған жағдайда, отбасы мүшелерін – асырауындағыларды қоса алғанда, өздеріне қатысты әлеуметтік тәуекел жағдайы басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді тағайындауды және жүзеге асыруды жүргізетін заңды тұлға;";

      2) 25-бапта:

      4-тармақтың бірінші бөлігіндегі "Осы Заңның 24-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, жеке практикамен айналысатын адамдар, дара кәсіпкерлер, сондай-ақ нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар" деген сөздер "Жеке практикамен айналысатын адамдар, дара кәсіпкерлер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Осы Заңның 24-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар үшiн бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын мiндеттi зейнетақы жарналары алынатын кірісінің 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгiленедi.";

      3) 28-бапта:

      "4-1. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда:

      1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған агент – өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған агент өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде хабарлама жіберген мемлекеттік кіріс органына өздерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімдерін ұсынады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы баптың 4-1-тармағына сәйкес агент ұсынған тізімдердің негізінде мемлекеттік кіріс органы тізімдер алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей агенттердің банктік шоттарынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомаларын мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алады.

      Агенттердің банктік шоттарынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу агент ұсынған тізімдер қоса беріле отырып, мемлекеттік кіріс органының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.

      Банктік шотта (шоттарда) клиентке қойылатын барлық талапты қанағаттандыру үшін ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда, банк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен клиенттің ақшасын алып қоюды жүргізеді.

      Агенттің ұлттық валютадағы банктік шотында ақша болмаған жағдайда, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кіріс органдары ұлттық валютада ұсынған инкассолық өкімдер негізінде агенттің шетел валютасындағы банктік шоттарынан жүргізіледі.";

      4) 29-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Агент тиісті кезеңде мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшыларына және өздерінің пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары төленетін жұмыскерлерге тиесілі болған жалақының құрамдас бөліктері туралы ай сайын хабарлай отырып, оларға есептелген және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ұстап қалынған (есепке жазылған) мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының сомалары туралы мәлiметтердi ұсынуға мiндеттi.";

      5) 39-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларды қоспағанда, агенттер:

      1) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы есептеуге, ұстап қалуға (есепке жазуға) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуге;

      2) өздерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімдерін осы Заңның 28-бабының 4-1-тармағында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік кіріс органдарына ұсынуға міндетті.";

      6) 64-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың күші осы баптың 5-тармағында көрсетілген, "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты 2012 жылғы 1 қаңтар – 2015 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде прокуратура органдарындағы қызметтен қайтадан шығарылған адамдарға қолданылады.";

      7) 74-баптың 2-1-тармағының бірінші абзацындағы "2020 жылғы 1 қаңтарға дейін" деген сөздер "2023 жылғы 1 қаңтарға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.

      15. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-баптың 19-тармағында:

      15) тармақшада:

      он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтардағы "Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар", "Адвокат, жеке сот орындаушысы, жекеше нотариус, кәсіби медиатор", "адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар" деген сөздер тиісінше "Жеке практикамен айналысатын адамдар", "Жеке практикамен айналысатын адам", "жеке практикамен айналысатын адамдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      он бесінші абзацтағы "Арнайы салық режимi қолданылатын шаруа" деген сөздер "Шаруа" деген сөзбен ауыстырылсын;

      18) тармақшаның алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Агент тиісті кезеңде мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшыларына және өздерінің пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары төленетін жұмыскерлерге тиесілі болған жалақының құрамдас бөліктері туралы ай сайын хабарлай отырып, оларға есептелген және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ұстап қалынған (есепке жазылған) мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының сомалары туралы мәлiметтердi ұсынуға мiндеттi.";

      26) тармақшада:

      отыз бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Агенттер:";

      мынадай мазмұндағы отыз екінші және отыз үшінші абзацтармен толықтырылсын:

      "1) міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы есептеуге, ұстап қалуға (есепке жазуға) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуге;

      2) өздерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімдерін осы Заңның 28-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік кіріс органдарына ұсынуға міндетті.";

      2) 2-баптың 2-2), 2-3) тармақшаларындағы және 3) тармақшасының бірінші абзацындағы "2020 жылғы 1 қаңтарға дейін" деген сөздер "2023 жылғы 1 қаңтарға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 2-1-бапта:

      бірінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1-бап. Осы Заңның 1-бабы 19-тармағының 13) тармақшасы жиырма тоғызыншы абзацының, 18) тармақшасы үшінші абзацының, 26) тармақшасы отыз бірінші, отыз екінші және отыз үшінші абзацтарының қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:";

      "10. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларды қоспағанда, агенттер:";

      мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

      4) 3-баптың 2) тармақшасында:

      "отызыншы және отыз бірінші абзацтарын" деген сөздер "отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші және отыз үшінші абзацтарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "2020 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздер "2023 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.

      16. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-I, 142-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 22, 83-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат):

      1) 31-бапта:

      "4-1. Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек өтелмеген жағдайда:

      1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеуші өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеуші өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде хабарлама жіберген мемлекеттік кіріс органына өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар жүргізілетін жұмыскерлердің тізімін ұсынады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы баптың 4-1-тармағына сәйкес төлеуші ұсынған тізімнің негізінде мемлекеттік кіріс органы тізім алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей төлеушінің банктік шоттарынан аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек сомаларын мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алады.

      Төлеушілердің банктік шоттарынан аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті өндіріп алу төлеуші ұсынған тізім қоса беріле отырып, мемлекеттік кіріс органының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.

      Төлеушінің ұлттық валютадағы банктік шотында ақша болмаған жағдайда, аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кіріс органдары ұлттық валютада ұсынған инкассолық өкімдер негізінде төлеушінің шетел валютасындағы банктік шоттарынан жүргізіледі.";

      2) 32-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жұмыс беруші тиісті кезеңде жұмыскерге тиесілі болған жалақының құрамдас бөліктері туралы ай сайын хабардар ете отырып, оған қорға есептелген (ұстап қалынған) аударымдар және (немесе) жарналар туралы мәліметтерді ұсынуға мiндеттi.".

      17. "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-II, 171-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 72-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 18-құжат; № 14, 51-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 5 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 39-баптың 3-тармағы 54) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "54) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және (немесе) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құратын ұйымдардан мүгедекке арналған таксидің көрсетілетін қызметтерін сатып алу.";

      2) 51-баптың 2-тармағында:

      1) тармақша алып тасталсын;

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тауарлар өндіретін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және (немесе) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектердің мұқтаждарына арналған тауарларды қоспағанда, тауарларды ағымдағы жылы осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген жалпы қаражат көлемінің кемінде елу пайызы көлемінде;".

      18. "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-I, 48-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 15-16, 67-құжат):

      1-бапта:

      22) тармақшадағы "өздеріне әлеуметтік аударымдар жүргізілген" деген сөздер алып тасталсын;

      27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "27) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры – әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды, асыраушыдан айырылған жағдайда, отбасы мүшелерін – асырауындағыларды қоса алғанда, өздеріне қатысты әлеуметтік тәуекел жағдайы басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді тағайындауды және жүзеге асыруды жүргізетін заңды тұлға;".

      19. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 12, 36-құжат):

      2-баптың үшінші абзацындағы "2020 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздер "2023 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.

      20. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-ІІІ, 108-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат):

      3-бапта:

      2) тармақшада:

      бірінші абзацтағы "3)," деген цифр алып тасталсын;

      екінші абзац алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) Салық кодексінің 1-бабының 1-тармағы 3) тармақшасының қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "3) әлеуметтік төлемдер – Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін әлеуметтік аударымдар, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар;".".

      21. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-ІІІ, 109-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат):

      1) 1-баптың 37-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):

      1-баптың 19-тармағында:

      1) тармақшаның он бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "26) мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек – осы Заңда белгіленген мерзімдерде есептелген, ұстап қалынған (есепке жазылған) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылмаған мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары, сондай-ақ төленбеген өсімпұл сомалары;";

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "28-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы ұстап қалмағаны және аудармағаны үшiн жауаптылық

      1. Іс жүзінде төленген және жұмыскер кіріс алған жағдайда, агент уақтылы ұстап қалмаған (есепке жазбаған) және (немесе) аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын мемлекеттік кіріс органдары мерзімі өткен әрбір күн үшін (Мемлекеттік корпорацияға төлеу күнін қоса алғанда) уәкілетті орган белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі мөлшерінде есепке жазылған өсімпұлмен бірге өндіріп алады немесе агент оларды міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздерінің пайдасына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін жұмыскерлердің пайдасына аударуға тиіс.

      2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары немесе орташа деңгейі санатына жатқызылған агентте міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек түзілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік кіріс органы агентке берешек сомасы туралы хабарлама жібереді.

      Хабарламаның нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.

      3. Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда, мемлекеттік кіріс органы:

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған агентке хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң – осы агенттің;

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған агентке хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң осы агенттің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.

      Мемлекеттік кіріс органдарының өкімі бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен агенттердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға және міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды және (немесе) жарналарды, салықтық берешекті және кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешекті және өсімпұлды аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті.

      Мемлекеттік кіріс органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі агенттің түсетін қолма-қол ақшаны түскен күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей Мемлекеттік корпорацияға аудару жолымен бұлжытпай орындауына жатады.

      Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.

      4. Мемлекеттік кіріс органының агенттің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерінің күшін осындай өкімдерді шығарған мемлекеттік кіріс органы міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.

      5. Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда:

      2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған агент өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде хабарлама жіберген мемлекеттік кіріс органына өздерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімдерін ұсынады.

      6. Осы баптың 5-тармағына сәйкес агент ұсынған тізімдердің негізінде мемлекеттік кіріс органы тізімдер алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей агенттердің банктік шоттарынан міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомаларын мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алады.

      Агенттердің банктік шоттарынан міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу агент ұсынған тізімдер қоса беріле отырып, мемлекеттік кіріс органының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.

      Агенттің ұлттық валютадағы банктік шотында ақша болмаған жағдайда, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кіріс органдары ұлттық валютада ұсынған инкассолық өкімдер негізінде агенттің шетел валютасындағы банктік шоттарынан жүргізіледі.

      7. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары агенттердің банктік шоттарынан есептен шығарылған күні осы сомаларды Мемлекеттік корпорация арқылы аударуға міндетті.

      8. Мемлекеттік кіріс органдары агенттің сәйкестендіру нөмірін, басшысының тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасын көрсете отырып, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша туындаған күнінен бастап алты айдан астам мерзімде өтелмеген берешегі бар агенттердің тізімдерін жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.";

      2) 11-бапта:

      8) тармақшадағы ", 37-тармағын" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 37-тармағын;".

      2-бап.

      Осы Заңның 1-бабы 8-тармағының 2) тармақшасы екінші абзацының, 3) тармақшасы үшінші және бесінші абзацтарының, 4) тармақшасы екінші абзацының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтардан 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "Мүгедектер мен мүгедек балаларды жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеумен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады немесе осы Заңның 32-1-бабына сәйкес оның құнын жергілікті атқарушы органдардың толық немесе ішінара өтеуі жолымен әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады. Қамтамасыз ету тәсілін жергілікті атқарушы орган айқындайды.";

      "4) жүріп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектер үшін жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жеке көмекшінің әлеуметтік көрсетілетін қызметтерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұсынуды немесе осы Заңның 32-1-бабына сәйкес олардың құнын жергілікті атқарушы органдардың толық немесе ішінара өтеуі жолымен әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы ұсынуды қамтиды. Қамтамасыз ету тәсілін жергілікті атқарушы орган айқындайды.";

      "4-1) есту кемістігі бар мүгедектер үшін жеке оңалту бағдарламасына сәйкес ымдау тiлi маманының әлеуметтік көрсетілетін қызметтерін жылына алпыс сағатқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұсынуды немесе осы Заңның 32-1-бабына сәйкес олардың құнын жергілікті атқарушы органдардың толық немесе ішінара өтеуі жолымен әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы ұсынуды қамтиды. Қамтамасыз ету тәсілін жергілікті атқарушы орган айқындайды;";

      "Протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады немесе осы Заңның 32-1-бабына сәйкес олардың құнын жергілікті атқарушы органдардың толық немесе шінара өтеуі жолымен әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады. Қамтамасыз ету тәсілін жергілікті атқарушы орган айқындайды.".

      3-бап.

      Осы Заң:

      1) 2020 жылғы 3 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағының 2) тармақшасын;

      2) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 17-тармағын қоспағанда, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 282177
    Қазақ тілінде 140425
    Орыс тілінде 140245
    Ағылшын тілінде 1507
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы