Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 4 шілдедегі N 150 Заңы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:

      1. "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 66-құжат; N 24, 164-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 183-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 22, 789-құжат; N 23, 916-құжат; 2001 ж., N 10, 126-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 11, 71-құжат; 2004 ж., N 11-12, 65-құжат):

      9-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жекелеген мемлекеттiк бiлiм беру кәсiпорындарының бiрiншi басшыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн тәртiппен басшыны тағайындауға және оны аттестаттаудан өткiзуге;".

      2. "Бiлiм туралы" 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 13, 429-құжат; N 23, 927-құжат; 2001 ж., N 13-14, 173-құжат; N 24, 338-құжат; 2004 ж., N 18, 111-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "23-1) "Болашақ" халықаралық стипендиясы - Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелдiк жоғары оқу орындарында күндiзгi оқу нысанында оқыту үшiн Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын стипендия;";

      2) 13-баптың 3-тармағының екiншi бөлiгiнде:
      2) тармақшадағы "осы Заңның 35-бабының 6-тармағында аталғандарға жатпайтын адамдар үшiн" және "өткiзіледi." деген сөздер алып тасталып, сөйлем соңына ";" деген тыныс белгiсi қойылсын;
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) осы Заңның 35-бабы 6-тармағының үшiншi бөлiгiнде белгiленген тәртiппен халықаралық олимпиадалардың қатысушыларына ағымдағы жылғы берiлген сертификаттар баллдарының негiзiнде өткiзiледi.";

      3) 25-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен жыл сайын бекiтiлетiн мамандықтардың тiзбесiне сәйкес шетелдiк жоғары оқу орындарында күндiзгі оқу нысанында жоғары кәсiптiк бiлiм алу үшiн "Болашақ" халықаралық стипендиясына конкурстық негiзде ие болуға құқығы бар.";

      4) 26-баптың 2-тармағы "нысанында" деген сөзден кейін "және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жыл сайын бекiтiлетiн мамандықтардың тiзбесiне сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаттарын шетелдiк жоғары оқу орындарына күндiзгi оқу нысанында оқытуға жiберу жолымен" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 29-бап мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшiн үмiткерлердi iрiктеу ережесiн бекiтедi;";

      6) 30-бапта:
      мынадай мазмұндағы 16-3) тармақшамен толықтырылсын:
      "16-3) білiм деңгейi (сатысы) және (немесе) бiлiктiлiк туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланктерiне тапсырыс берудi ұйымдастырады, жоғары кәсiптiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылатын бiлiм беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етедi және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;";
      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "19) Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жекелеген мемлекеттiк жоғары оқу орындарының бiрiншi басшыларын қоспағанда, ведомостволық бағыныстағы мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының бiрiншi басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;";

      7) 31-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) бiлiм және (немесе) бiлiктілiк деңгейi (сатысы) туралы мемлекеттiк үлгідегi құжаттардың бланктерiне тапсырыс берудi ұйымдастырады, олармен жалпы негiзгi және жалпы орта, кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарын қамтамасыз етедi және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;";

      8) 34-бапта:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жекелеген мемлекеттiк жоғары оқу орындарының бiрiншi басшыларын қоспағанда, бiлiм беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      Бiрiншi басшыларын Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жекелеген мемлекеттiк жоғары оқу орындарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.";

      5-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жекелеген мемлекеттiк жоғары оқу орындарының бiрiншi басшыларын аттестаттаудан өткiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.";

      9) 35-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Қазақ тілiнде және орыс тiлiнде оқыған жалпы орта білім беру ұйымдарының бiтiрушiлерi жыл сайын бiрыңғай ұлттық тестiлеудi тапсыруға жiберiледi.
      Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы жылғы халықаралық олимпиадалардың қатысушылары бiрыңғай ұлттық тестiлеудi тапсырудан босатылады.
      Білiм беру гранттарын алу құқығы конкурсына қатысу үшiн халықаралық олимпиадалардың қатысушыларына сертификат Қазақстан Республикасының білiм беру саласындағы орталық атқарушы органы комиссиясының шешiмi негiзiнде беріледi. Сертификаттардың баллдары Қазақстан Республикасының білiм беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiткен шкала бойынша бiлiм алушының жылдық бағасын аудару жолымен белгiленедi.
      Жалпы орта бiлiм беретiн оқу орындарын өткен жылдарда бiтiрушiлердiң, сондай-ақ бiрыңғай ұлттық тестiлеудi тапсырмаған, халықаралық оқушылар алмасу желiсi бойынша шетелде оқығандардың, ана тiлiнде (қазақ тiлiнен және орыс тiлiнен басқа) оқытатын жалпы орта бiлiм беретiн оқу орындарын бiтiрушілердiң, республикалық музыкалық мектеп-интернаттарды, кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта оқу орындарын бiтiрушiлердiң кешендi тестiлеудi Yлгiлiк қабылдау ережелерiне сәйкес тапсыруға құқықтары бар.";

      10) мынадай мазмұндағы 35-2-баппен толықтырылсын:

       "35-2-бап. Бiлiм беру жүйесiн басқару органдарын
                ақпараттық қамтамасыз ету

      1. Бiлiм беру жүйесiн басқару органдарын толық, анық, салыстырмалы ақпаратпен уақтылы қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында бiлiм берудi тиiмдi басқарудың мүмкiндiктерiн қамтамасыз ететiн бiлiм берудiң бiрыңғай ақпараттық жүйесi құрылады және жұмыс iстейдi.
      2. Бiлiм берудiң бiрыңғай ақпараттық жүйесi белгiленген көрсеткiштер бойынша бiлiм беру жүйесiндегi есепке алудың деректерін, білiм беру мониторингiнiң деректерiн және Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы, жергiлiктi атқарушы органдар, бiлiм беру ұйымдары өз мiндеттерiн жүзеге асыру кезiнде алған өзге де деректердi қамтиды.";

      11) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын:

       "45-бап. Бiлiм беру ұйымдарының кәсіпкерлiк қызметi

      1. Бiлiм беру ұйымдары жарғыға сәйкес кiрiс келтiретiн қызметпен айналыса алады.
      Қызмет көрсетулердiң бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi.
      Білiм беру ұйымы осы қызметтен түсетiн кiрiстi бөлу тәртiбiн өз жарғысына сәйкес дербес белгілейдi.
      2. Ақылы қызмет көрсетулердi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын негiзгi бiлiм беру қызметiнiң орнына көрсетуге болмайды.
      3. Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерi мынадай:
      1) қосымша бiлiм беру бағдарламалары бойынша оқыту;
      2) арнаулы курстар мен пән циклдарын қосымша оқыту;
      3) жекелеген білiм алушылармен оқу жоспары бойынша сағат санынан тыс пәндер бойынша жеке тәртіппен қосымша сабақтар өткізу;
      4) оқушылардың пәндердi қосымша тереңдетiп зерделеуi (мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттардың тиiстi білім беру бағдарламалары шеңберiнен тыс);
      5) балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған қосымша дене шынықтыру-сауықтыру бағдарламалары;
      6) жазғы демалысты ұйымдастыру, соның iшiнде мектеп жанындағы лагерьлерде ұйымдастыру;
      7) үйiрме қызметiн ұйымдастыру (базистiк оқу жоспары шеңберiнен тыс);
      8) білiм алушылар арасында спорттық және мәдени-көпшiлiк iс-шараларды өткізу, төрешілік жасау, медициналық қызмет көрсетудi жүзеге асыру, спорттық және мәдени-көпшiлiк iс-шараларға қатысушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру;
      9) мәдениет пен өнер саласындағы жоғары оқу орындары мен колледж оқытушыларының бiлiктілігiн арттыру;
      10) кәсiптiк бастауыш бiлiмi бар мамандарды қайта даярлау;
      11) музыкалық аспаптарды, техникаларды және басқа да жабдықтарды пайдалануға беру;
      12) мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнiң энергиялық қондырғылары мен қазандықтарынан берiлетiн жылу энергиясын жiберу;
      13) оқу-қосымша, оқу-тәжiрибе, қосалқы учаскелер мен шаруашылықтардың өнiмдерiн өндiру және сату;
      14) оқу-әдiстемелiк әдебиеттi сату;
      15) бiлiм алушыларды тамақтандырумен қамтамасыз ету;
      16) Интернет-байланыс қызметiн көрсету бойынша ақылы қызмет көрсетулер ұсынуға құқылы.
      Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнiң ақылы қызмет көрсетулерiнiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      4. Мемлекеттiк емес бiлiм беру ұйымының білім беру қызметiн, соның iшiнде бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттары шегiнде iске асырғаны үшiн ақы алуға құқығы бар.
      5. Ақылы қызмет көрсетулердi ұсынудың тәртiбi мен шарттары білім беру ұйымы мен бiлiм алушының (оның заңды өкiлдерiнiң) арасында жасасылатын ақылы қызмет көрсетулер шартында белгiленедi, оның үлгiлiк нысанын Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiтедi.
      6. Жеке педагогтiк қызмет кәсiпкерлiк ретiнде қарастырылады, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттiк тiркелуге жатады.
      Жеке педагогтiк қызмет лицензияланбайды.".

      3. "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы  Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 9, 95-құжат; 2004 ж., N 14, 83-құжат; N 17, 101-құжат; 2005 ж., N 6, 7-құжат; N 23, 105-құжат):
      27-1-баптың 1-тармағының 26) тармақшасы "акциздiк маркаларды" деген сөздерден кейін ", мемлекеттiк үлгiдегi білiм туралы құжаттарды" деген сөздермен толықтырылсын.

       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 262983
    Қазақ тілінде 131292
    Орыс тілінде 130797
    Ағылшын тілінде 894
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы