Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметі және сыныптық шендер, әскери және арнаулы атақтар беру, әскери қызметшiлердiң және өзге де мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң нысанды киiм киiп жүру құқығы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 379-IV Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; 2010 жылғы 24 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 23 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      531-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «Мемлекеттік органдардың айырым белгілері және (немесе) нышандары бар нысанды әскери киімді, сондай-ақ нысанды және арнаулы киім-кешекті немесе нысанды киімді», «мемлекеттік органдардың айырым белгілері және (немесе) нышандары бар нысанды әскери киім, сондай-ақ нысанды және арнаулы киім-кешек немесе нысанды киім» деген сөздер тиісінше «Айырым белгілері және (немесе) нышандары бар нысанды әскери киімді, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешекті», «айырым белгілері және (немесе) нышандары бар нысанды әскери киім, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешек» деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасының Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж, № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):

      1) 12-бап мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
      «15) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекітеді.»;

      2) 21-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нысанды киіммен (погонсыз) және қызметтік қарумен қамтамасыз етіледі.
      Нысанды киім (погонсыз) киіп жүру құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;

      3) 69-баптың 5-тармағындағы «нысанды киім-кешекпен» деген сөздер «нысанды киіммен (погонсыз)» деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж,, № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж, № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж, № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат):
      116-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік экологиялық инспекторлар белгіленген тәртіппен нысанды киіммен (погонсыз) қызметтік куәліктермен, омырау белгілерімен және белгіленген үлгідегі мөрлермен және пломбирлермен қамтамасыз етіледі.
      Нысанды киім (погонсыз) киіп жүру құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.».

      4. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж, № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж, № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж, № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат):
      1) орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
      2) орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.

      5. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І; 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж, № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат, № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат, № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат, 2010 ж, № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат, № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат, № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2010 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 4 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      156-баптың 1-тармағында:
      8) тармақшадағы «ішкі істер органдарының, қаржы полициясының, қылмыстық-атқару жүйесі және мемлекеттік өртке қарсы қызметі органдары мен мекемелерінің» деген сөздер «құқық қорғау органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-1) әскери, арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар қызметтік міндеттерін басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда, құқық қорғау органдарында атқаруына байланысты алатын төлемдердің барлық түрі;».

      6. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж, № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат):

      1) мазмұнының жүз алпыс төртінші абзацындағы «ішкі істер органдарының, әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің, өртке қарсы қызметтің, қаржы полициясының» деген сөздер «құқық қорғау органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 135-баптың тақырыбындағы және 1-тармағындағы «ішкі істер органдарының, әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің, өртке қарсы қызметтің, қаржы полициясының» деген сөздер «құқық қорғау органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2010 ж., № 14, 79-құжат):

      1) мазмұнында:
      бес жүз елу бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «483-бап. Кеден органдары лауазымды адамдарының нысанды киімі»;
      бес жүз елу екінші - бес жүз елу алтыншы, бес жүз елу тоғызыншы - бес жүз алпыс төртінші, бес жүз жетпісінші және бес жүз жетпіс бірінші абзацтар алып тасталсын;

      2) 6-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган қылмыстар профилактикасы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғау, халық тарапынан сенім мәселелеріне басымдық беріп, өкілді органдар мен жұртшылық беретін сыртқы бағалау тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингтік бағасын енгізіп, есептілік және қызметті бағалау жүйесін жетілдіреді, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын белгілейді.»;

      3) 478-баптың 2-тармағы:
      «Кодекспен,» деген сөзден кейін «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен,» деген сөздермен толықтырылсын;
      «Кодекске» деген сөзден кейін «, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 479-баптың 5-тармағы алып тасталсын;

      5) 483-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «483-бап. Кеден органдары лауазымды адамдарының нысанды киімі

      1. Құқық қорғау органдарының функцияларын атқаратын кеден органдарының лауазымды адамдарына арнаулы атақтар беріледі.
      Құқық қорғау органдарының функцияларын атқаратын кеден органдарының арнаулы атақтар берілетін лауазымды адамдарының тізбесін және соларға сәйкес шекті арнаулы атақтарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген лауазымды адамдарды қоспағанда, кеден органдарының лауазымды адамдары нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етіледі.
      3. Нысанды киімнің және нысанды киімнің (погонсыз) үлгілерін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Нысанды киім және нысанды киім (погонсыз) киіп жүру тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;

      6) 484485486487 және 488-баптар алып тасталсын;

      7) 490-бапта:
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) денсаулық жағдайына байланысты;»;
      3-тармақ алып тасталсын;

      8) 59-тарау алып тасталсын;

      9) 496-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      10) 497-баптың 1-тармағының он бірінші абзацы алып тасталсын;

      11) 500 және 501-баптар алып тасталсын.

      8. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж, № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат):
      25-баптың 17) тармақшасында:
      екінші бөлік «нысандық киім» деген сөздер «нысанды киім (погонсыз)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оны киіп жүру тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
      Нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.».

      9. «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 6, 45-құжат; № 14, 98-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 925-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат):
      8-баптың үшінші абзацындағы «бұрыңғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының» деген сөздер «бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын.

      10. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат;):

      1) 5-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын;
      «7-2) қылмыстар профилактикасы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғау, халық тарапынан сенім мәселелеріне басымдық беріп, өкілді органдар мен жұртшылық беретін сыртқы бағалау тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингтік бағасын енгізіп, есептілік және қызметті бағалау жүйесін жетілдіреді, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын белгілейді;»;

      2) 3 және 4-тараулар алып тасталсын;

      3) 5-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      «5-тарау. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің құқықтық жағдайы

      20-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің және өзге де
              жұмыскерлерінің еңбегін құқықтық реттеу

      Ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріліп, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.
      Ішкі істер органдарының өзге де жұмыскерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.

      21-бап. Ішкі істер органдары үшін кадрлар даярлау

      1. Ішкі істер органдары үшін кадрлар даярлауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылатын, қайта құрылатын және таратылатын Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдары, сондай-ақ өзге де білім беру ұйымдары жүзеге асырады.
      2. Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібін тиісті түрдегі білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік ережелеріне сәйкес Ішкі істер министрі айқындайды.

      22-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің арнаулы атақтары

      Ішкі істер органдарының негізгі міндеттері мен функцияларын атқаратын ішкі істер органдарының лауазымды адамдарына арнаулы атақтар беріледі.
      Ішкі істер органдарының арнаулы атақтар берілетін лауазымды адамдарының тізбесін, сондай-ақ орталық және аумақтық бөлімшелердегі соларға сәйкес шекті арнаулы атақтарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      23-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің өкілеттіктері

      1. Ішкі істер органдарының қызметкерлері Республиканың бүкіл аумағында, атқаратын лауазымына және ішкі ведомстволық бағыныстылығына, уақытына қарамастан, азаматтар мен лауазымды адамдар оларға құқық бұзушылық туралы арыз немесе хабар берген жағдайда не осындай әрекет тікелей анықталған ретте құқық бұзушылықтың жолын кесу және құқық бұзушыларды ұстау, көмекке мұқтаждарға жәрдем беру, оқиға болған орынды күзету, сондай-ақ таяу жердегі ішкі істер органын хабардар ету үшін өзіне берілген құқықтарды толығымен пайдалануға міндетті.
      2. Учаскелік полиция инспекторы, ішкі істер органы желілік пунктінің бастығы, патрульдік учаскенің бастығы, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскеде немесе аумақта ішкі істер органдарының барлық міндеттерін, оның ішінде ұйымдар үшін әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған міндетті ұсыныстар әзірлей отырып, өз құзырының көлемі мен шегінде атқаруды ұйымдастырады және жүзеге асырады.
      3. Ішкі істер министрлігінің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы лауазымы бойынша Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бас мемлекеттік инспектор болып табылады.
      4. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің азаматтардың құқықтарын уақытша шектейтін іс-әрекеттері «Заң атымен» деген сөздерді айта отырып жасалады. Кез келген адам мұндай жағдайда белсенді іс-әрекетті тоқтатып, ішкі істер органдары қызметкерлерінің талаптарына мүлтіксіз бағынуға және оның қызметтік міндеттерін орындаумен байланысты нұсқауларын орындауға міндетті.»;

      4) 6-тарау алып тасталсын.

      11. «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 15, 208-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж, № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж, № 15-16, 63-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат):

      1) 11-бапта:
      4) тармақша «қызметкерлері» деген сөзден кейін «және жұмыскерлері» деген сөзбен толықтырылсын;
      10) тармақша «қызметкерлерін» деген сөзден кейін «және жұмыскерлерін» деген сөзбен толықтырылсын;

      2) 12-бапта:
      3-тармақтағы «қызметкерлерінің» деген сөз «қызметкерлері мен жұмыскерлерінің» деген сөзбен ауыстырылсын;
      5-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) қылмыстар профилактикасы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғау, халық тарапынан сенім мәселелеріне басымдық беріп, өкілді органдар мен жұртшылық беретін сыртқы бағалау тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингтік бағасын енгізіп, есептілік және қызметті бағалау жүйесін жетілдіреді, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын белгілейді;»;

      3) 17-баптың 4-тармағы «қызметкерлері» деген сөзден кейін «мен жұмыскерлері» деген сөзбен толықтырылсын;

      4) 11-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11-тарау. Прокуратура органдарындағы қызмет»;

      5) 48-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «48-бап. Прокурорлар, прокуратура органдарының қызметкерлері

      1. Прокурор - өз құзыреті шегінде заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының, өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің, әкімшілік және атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды, сотта мемлекет мүдделерін білдіруді, сондай-ақ заңда белгіленген жағдайларда, тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын лауазымды адам.
      Мыналар прокурорлар болып табылады: Республиканың Бас Прокуроры, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары, аға көмекшілері мен көмекшілері, ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшілері, прокуратура органдары департаменттерінің, басқармалары мен бөлімдерінің бастықтары және олардың орынбасарлары, барлық төмен тұрған прокурорлар, олардың орынбасарлары, аға көмекшілері мен көмекшілері, қадағалау саласындағы прокурорлар, прокуратура органдарының басқармалары мен бөлімдерінің аға прокурорлары және прокурорлары, сондай-ақ әскери, уәкілетті және арнаулы прокурорлар.
      Әскери, табиғат қорғау, көлік, сондай-ақ арнайы объектілердің прокуратуралары мамандандырылған прокуратуралар болып ұғынылады.
      2. Прокуратура органдарының негізгі міндеттері мен функцияларын атқаратын прокуратура органдарының лауазымды адамдарына сыныптық шендер немесе әскери атақтар беріледі.
      Прокуратура органдарының сыныптық шендер немесе әскери атақтар берілетін лауазымды адамдарының тізбесін, сондай-ақ орталық және аумақтық бөлімшелердегі соларға сәйкес шекті сыныптық шендерді немесе әскери атақтарды Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
      3. Әскери міндетті прокуратура қызметкерлері прокуратура органдарында арнаулы есепте тұрады.»;

      6) 49-бап алып тасталсын;

      7) 50-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «50-бап. Прокуратура органдары қызметкерлерін құқықтық қорғау

      1. Прокурор жасаған әкімшілік құқық бұзушылық фактісі туралы хабарламаны кез келген тексеру прокуратура органдары өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады.
      2. Қызметтік міндеттерін атқаруы кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, прокурорды әкімшілік ұстауға, жеке тексеріп қарауға, оның заттары мен пайдалануындағы көлігін тексеріп қарауға жол берілмейді.»;

      8) 51-бап алып тасталсын;

      9) 52-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) прокуратура органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріліп, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі;»;

      10) 53-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «53-бап. Прокуратура органдарының қызметкерлерін материалдық
               және әлеуметтік қамсыздандыру

      1. Прокуратура органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде белгіленеді.
      2. Прокуратура органдарының қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру, оларға мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».

      12. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 223-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат):
      17-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Әскери атақтар берілетін, ұлттық қауіпсіздік органдарының негізгі міндеттері мен функцияларын атқаратын лауазымды адамдардың тізбесін, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының орталық, аумақтық бөлімшелеріндегі және өзге де бөлімшелеріндегі соларға сәйкес шекті әскери атақтарды Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.».

      13. «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 368-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 20, 728-құжат; № 23, 931-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; № 24, 177-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 13, 67-құжат):

      1) 5-бапта:
      он жетінші абзацтағы «нысанды» деген сөз «нысанды киімнің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы он сегізінші абзацпен толықтырылсын:
      «казармалық жағдайдағы өрт-техникалық оқу орындарының курсанттарын тамақтандыруды қамтамасыз ету жөніндегі нормаларды бекітеді.»;

      2) 6-бапта:
      8) және 9-1) тармақшалар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «15-1) қылмыстар профилактикасы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғау, халық тарапынан сенім мәселелеріне басымдық беріп, өкілді органдар мен жұртшылық беретін сыртқы бағалау тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингтік бағасын енгізіп, есептілік және қызметті бағалау жүйесін жетілдіреді, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын белгілейді;»;

      3) 3-1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      «3-1-тарау. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің құқықтық жағдайы

      10-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары
              қызметкерлерінің және өзге де жұмыскерлерінің еңбегін
              құқықтық реттеу

      Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріліп, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.
      Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының өзге де жұмыскерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.

      11-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары
              қызметкерлерінің арнаулы атақтары

      Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне арнаулы атақтар беріледі.
      Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің арнаулы атақтар берілетін лауазымды адамдарының тізбесін, сондай-ақ орталық және аумақтық бөлімшелердегі соларға сәйкес шекті атақтарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      11-1-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын
                қаржыландыру

      Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қаржыландыру бюджет қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.»;

      4) 3-2-тарау алып тасталсын.

      14. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; № 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат):

      1) 101-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Көрсетілген жеңілдіктер кемінде жиырма жыл қызмет атқарған, арнаулы атақтар алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға да қатысты қолданылады.»;

      2) 118-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) судьяларға, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тең дәрежеде беріледі.».

      15. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат):

      1) 5-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамдарға төленеді.»;

      2) 8-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «адамдарға;» деген сөз «адамдарға - еңбек стажына бара-бар мөлшерде;» деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      3) 22-баптың 3-2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-2. Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден:
      1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы төлемдері тағайындалған;
      2) осы Заңның 61-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Орталықтан зейнетақы төлемдері тағайындалған әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлері, арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар босатылады.»;

      4) 4-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      «4-бөлім. Әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандырудың ерекшеліктері

12-тарау. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығы

      60-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін
              алу құқығы

      1. Әскери қызметшілердің (мерзімді қызмет атқаратын әскери қызметшілерді қоспағанда), құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың:
      1) әскери қызметте, арнаулы атақтар, сыныптық шендер беріліп, құқық қорғау органдарындағы қызметте кемінде жиырма бес жыл еңбек сіңірген, қызметте тұрудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекті жасына жеткен;
      2) әскери қызметте, арнаулы атақтар, сыныптық шендер беріліп, құқық қорғау органдарындағы қызметте кемінде жиырма бес жыл еңбек сіңірген, штаттың қысқартылуына, өз қалауы бойынша және денсаулық жағдайына байланысты босатылған;
      3) құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген офицерлері, прапорщиктері (мичмандары), орта, аға және жоғары басшы құрамындағы адамдары, сондай-ақ әскери қызметті келісімшарт бойынша өткеріп жүрген, әскери қызметте және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беріліп, құқық қорғау органдарындағы қызметте тұрудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекті жасына жетуіне, штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайына байланысты босатылған, жиырма бес және одан да көп жыл жалпы еңбек стажы бар, оның кемінде он екі жыл алты айын әскери қызметте және құқық қорғау органдарында үздіксіз қызмет атқарған адамдардың еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.
      2. Қызметтен босатылған және 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он және одан да көп жыл еңбек сіңірген әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлеріне, арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға осы баптың 1-тармағына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алуға құқығы болмаған жағдайда Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері осы Заңға сәйкес жалпы негіздерде тағайындалады.
      3. Әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар арасынан зейнеткерлерді әскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен бере отырып мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде зейнетақы төлеу лауазымға тағайындалған күннен бастап тоқтатылады.
      4. Әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің осы баптың 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша 2012 жылғы 1 қаңтарда әскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен бойынша тіркелген осы санаттағы адамдар үшін әскери және құқық қорғау қызметтерінде тұрудың тиісті шекті жасына жетуіне байланысты еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.

      61-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін Орталықтан төленетін
              зейнетақы төлемдерінің мөлшері

      1. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері:
      1) осы Заңның 60-бабының 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамдарға әскери қызмет стажы, құқық қорғау органдарындағы қызмет стажы 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жыл және одан да көп болғанда - толық көлемде;
      2) осы Заңның 60-бабының 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша зейнетақы төлемдеріне құқығы бар адамдарға әскери қызмет стажы, құқық қорғау органдарындағы қызмет стажы 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша он жылға жетпейтін болса, толық емес көлемде тағайындалады.
      2. Орталықтан толық көлемде төленетін зейнетақы төлемдері осы Заңның 63-бабына сәйкес белгіленетін ақшалай қаражаттың елу проценті есебінен белгіленеді.
      3. Орталықтан толық емес көлемде төленетін зейнетақы төлемдері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек сіңірген жылдарының және еңбек стажының әр жылына шаққанда осы Заңның 63-бабына сәйкес белгіленетін ақшалай қаражаттың екі проценті есебінен белгіленеді.
      4. Әскери қызметте, құқық қорғау органдарындағы қызметте жиырма бес жылдан астам еңбек сіңірген жылдарының әр жылы үшін осы Заңның 60-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес тағайындалған толық көлемдегі зейнетақы төлемдерінің мөлшері осы Заңның 63-бабына сәйкес белгіленетін ақшалай қаражаттың екі процентіне, еңбек стажының әр жылы үшін бір процентіне көбейтіледі. Жиырма бес жылдан астам жалпы еңбек өтілінің әр жылы үшін осы Заңның 60-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тағайындалған толық көлемдегі зейнетақы төлемдерінің мөлшері осы Заңның 63-бабына сәйкес белгіленетін ақшалай қаражаттың бір процентіне көбейтіледі.
      5. Осы баптың 1-4-тармақтарына сәйкес есептеп шығарылған зейнетақы төлемдерінің жалпы мөлшерін осы Заңның 63-бабына сәйкес белгіленетін ақшалай қаражаттың алпыс бес процентінен асыруға болмайды. Әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға айлық зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшерін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз төрт еселенген мөлшерінен асыруға болмайды.

      62-бап. Еңбек сіңірген жылдарды есептеу

      Әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сіңірген жылдары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен есептеп шығарылады.
      Бұл ретте зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, күнтізбелік жылдар бойынша есептеледі.

      63-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру үшін ескерілетін
              ақшалай қаражатының мөлшері

      1. Әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін ескерілетін ақшалай қаражатының мөлшері қызметтен босатылған (жеке құрам тізімінен шығарылған) күнге белгіленеді.
      2. Әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін ескерілетін ақшалай қаражатының мөлшеріне лауазымдық жалақысы, әскери (арнаулы) атағы, сыныптық шені бойынша жалақысы (қосымша ақы) кіреді.
      3. Кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін ескерілетін ақшалай қаражатының мөлшері соңғы қызмет атқарған жерінің тиісті қаржылық органының белгіленген үлгідегі анықтамасымен расталады.

      64-бап. Зейнетақы төлемдерін тағайындау және оны жүзеге
              асыру мерзімдері

      1. Әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға тағайындалған зейнетақы төлемдерін бюджет қаражаты есебінен төлеу қызметтен босатылған (жеке құрам тізімінен шығарылған) күннен бастап, бірақ оларға ақшалай қаражат төленген күннен кейін жүзеге асырылады.
      2. Әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға тиісті қызметтерді қамтуға көзделген қаражат есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру алушылардың еңбекақысы немесе басқа да табысы болуына қарамастан толық жүргізіледі.
      3. Әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға жеке жинақтаған зейнетақы қаражатының есебінен зейнетақы төлемдері зейнетақы шартына сәйкес жүргізіледі.
      4. Әскери қызметшілер, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген және Қазақстан Республикасының ішкі істер, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті, прокуратура органдарының, Кеден комитетінің, Төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп қолданылатын прокуратура органдарының, ішкі істер органдарының және Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері арасынан зейнеткерлерге бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдері жаңартылған кезде немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақыға Орталықтан зейнетақы қайта тағайындалған жағдайда зейнетақы еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақыны төлеу тоқтатылған кезде белгіленген мөлшерде, зейнетақы төлеу тоқтатыла тұрған кезең үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген индекстеу ескеріле отырып төленеді.
      5. Әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар арасынан зейнеткерлерге бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдері жаңартылған кезде немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақыға Орталықтан зейнетақы қайта тағайындалған жағдайда зейнетақы еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақыны төлеу тоқтатылған кезде белгіленген мөлшерде, зейнетақы төлеу тоқтатыла тұрған кезең үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген индекстеу ескеріле отырып төленеді.

      65-бап. Қаражат және зейнетақы төлеу тәртібі

      1. Әскери қызметшiлер, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген және прокуратура органдарының, iшкi iстер және бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті органдарының қызметкерлерi үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiп қолданылатын құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасынан 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнеткерлікке шыққан адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру зейнетақының белгіленген мөлшері сақталып бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      2. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылдан астам әскери қызмет немесе құқық қорғау органдарындағы қызмет стажы бар әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      3. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылдан астам әскери қызмет немесе прокуратура, ішкі істер және бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті органдарындағы қызмет стажы бар әскери қызметшiлердi, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген және прокуратура органдарының, ішкі істер және бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті органдарының қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiп қолданылатын құқық қорғау органдарының қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      4. Бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әскери қызметтегі, құқық қорғау органдарындағы қызметтегі стажы он жылға жетпейтiн әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға бюджет қаражаты есебiнен осы Заңның 63-бабының 2-тармағында белгiленген ақшалай қаражаттың жиырма проценті мөлшерiнде жинақтаушы зейнетақы қорына салымшының таңдауы бойынша жеке зейнетақы шотына мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару тәртiбi енгiзiледi.
      Әскери қызметшiлерге және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлеу жеке зейнетақы жинақтары негізге алынып жинақтаушы зейнетақы қорларынан, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      5. 1998 жылғы 1 қаңтардан кейiн алғаш рет қызметке қабылданған әскери қызметшiлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар үшiн осы баптың 3-тармағына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражатын қалыптастыру тәртiбi қолданылады. Оларға зейнетақы төлемдерi жеке жинақтаған зейнетақы қаражаты негiзге алына отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленедi.

      66-бап. Әскери қызметшiлерді және құқық қорғау органдарының
              қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыруды жүзеге
              асыратын органдар

      1. Әскери қызметшiлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындауды тиiстi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырады.
      2. Әскери қызметшiлерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi және ерiктi зейнетақылық жарналар есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру осы Заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.».

      16. «Cот приставтары туралы» 1997 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., 13-14, 201-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат):
      1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «1-бап. Сот приставтарының құқықтық жағдайы

      1. Сот приставы - мемлекеттiк қызметте тұратын және өзiне осы Заңмен жүктелген мiндеттердi орындайтын лауазымды адам.
      2. Сот приставына нысанды киiм (погонсыз), куәлiк және жетон берiледi, олардың үлгiлерiн соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтеді.
      Сот приставтарын нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекітеді.
      3. Сот приставының заңды талаптары барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.».

      17. «Өсiмдiктер карантинi туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат; № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 4, 30-құжат; 2003 ж., № 15, 121-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат):
      11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ведомствоның және оның фитосанитариялық бақылау бекеттері бар аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік қадағалауды тікелей жүзеге асыратын лауазымды адамдары нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етіледі.
      Нысанды киiм (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдардың тiзбесiн, нысанды киiм (погонсыз) үлгiлерiн және оны киiп жүру тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
      Нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекітеді.».

      18. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар):
      29-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының төртінші абзацындағы «тәртiпте нысанды киiм кию құқығы және әскери немесе өзге де арнайы» деген сөздер «тәртiппен нысанды киiм киіп жүру құқығы және әскери немесе өзге де арнаулы» деген сөздермен ауыстырылсын.

      19. «Темiр жол көлiгi туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):

      1) 14-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «15-1) темiр жол көлiгiндегі мемлекеттiк бақылау қызметкерлерiн нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту;»;
      2-тармақтың 28) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «28) нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар темiр жол көлiгiндегі мемлекеттiк бақылау қызметкерлерi лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киімнің (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін және айырым белгілерін бекіту;»;

      2) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «24-бап. Нысанды киiм (погонсыз) және айырым белгiлерi

      Темiр жол көлiгiнiң жолаушыларға, жүк жөнелтушiлерге және жүк алушыларға қызмет көрсетуге байланысты, сондай-ақ поездар қозғалысына тiкелей байланысты қызметкерлерiне жұмыс берушiнiң есебiнен тиiстi айырым белгiлерi бар нысанды киiм (погонсыз) берiлуге тиiс.
      Нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар темiр жол көлiгi қызметкерлерi лауазымдарының (кәсіптерінің) тiзбесiн, нысанды киім (погонсыз) мен айырым белгілерінің үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін және онымен қамтамасыз етудің нормаларын уәкілетті орган бекітеді.»;

      3) 32-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Магистралдық, станциялық және кiрме жолдардағы жүру қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын тексерудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      Уәкілетті органның лауазымды адамдары мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде белгіленген үлгідегі нысанды киім (погонсыз) киюге, олардың қызметтік куәліктері болуға тиіс.».

      20. «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
      4-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «10-1) теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерін нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекiту;»;
      3-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) нысанды киiм (погонсыз) берілетін теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киiмнің (погонсыз) және айырым белгiлерiнің үлгiлерiн, нысанды киiм (погонсыз) киiп жүру тәртiбiн бекiту;».

      21. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат):

      1) 6-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі қылмыстар профилактикасы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғау, халық тарапынан сенім мәселелеріне басымдық беріп, өкілді органдар мен жұртшылық беретін сыртқы бағалау тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингтік бағасын енгізіп, есептілік және қызметті бағалау жүйесін жетілдіреді, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын белгілейді.»;

      2) 4-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      « 4-тарау. Әділет органдарының кадрлары және олардың құқықтық жағдайы

      25-бап. Әдiлет органдарының кадрлары

      Әдiлет органдарының кадрларын әдiлет органдарының мемлекеттiк қызметшiлер болып табылатын қызметкерлерi, қылмыстық-атқару жүйесi органдарының осы Заңға сәйкес өзге құқықтық мәртебесi бар қызметкерлерi, сондай-ақ еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттелетiн өзге де адамдар құрайды.

      26-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының персоналы

      Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының персоналын:
      1) қылмыстық-атқару жүйесi органдарының қызметкерлерi;
      2) қылмыстық-атқару жүйесiнде қызмет атқаратын мемлекеттiк қызметшiлер;
      3) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiмен және органдарымен еңбек қатынастарында тұратын қылмыстық атқару жүйесiнiң жұмыскерлерi құрайды.

      27-бап. Қылмыстық-атқару жүйесі органдары
              қызметкерлерінің еңбегін құқықтық реттеу

      Қылмыстық-атқару жүйесі органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріліп, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.

      28-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары
              қызметкерлерiнiң арнаулы атақтары

      Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының қызметкерлерiне арнаулы атақтар берiледi.
      Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының арнаулы атақтар берілетін лауазымды адамдарының тізбесін, сондай-ақ орталық және аумақтық бөлімшелердегі соларға сәйкес шекті арнаулы атақтарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      29-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнде қызмет атқарудың
              ерекше жағдайлары

      1. Қылмыстық-атқару жүйесiнде қызмет атқарудың ерекше жағдайлары деп төтенше немесе әскери жағдай режимi енгiзiлген, сезiктi, айыпталушы және сотталған адамның қашуы, адамдарды кепiлге алуы, жаппай тәртiпсiздiк, топтасып бағынбау не осылардың туындау қаупi кезiнде мекеме қызметкерлерiнiң оларды жою үшiн қажеттi мерзiмдегi жұмысы түсiнiледi.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары қызметкерлерiнiң қызмет атқарудың ерекше жағдайларындағы жұмысы үш айдан аспауы керек және демалыс күндерi беріліп өтеледi. Қызметкерлердi қызметтiң ерекше жағдайларында қызмет атқару жұмысына тартудың тәртiбi мен шектi ұзақтығы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
      3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының қызметкерлерi қылмыстық-атқару қызметi саласындағы мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен қылмыстық-атқару жүйесi органдарының кадрында қалдырылып, мемлекеттiк органдар мен халықаралық ұйымдарға iс-сапарға жiберiлуi мүмкiн.

      30-бап. Әдiлет органдары қызметкерлерiн материалдық және
              әлеуметтiк жағынан қамсыздандыру

      1. Әдiлет органдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен бiрыңғай еңбекке ақы төлеу жүйесiне сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Әдiлет органдарының қызметкерлерiне ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күн болатын жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары берiледi.
      3. Әдiлет органдарының «Мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мемлекеттiк қызметшiлер мәртебесiнен ерекшеленетiн құқықтық мәртебесi бар қызметкерлерiнiң материалдық қамтамасыз етiлуi мен әлеуметтiк қорғалуы Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.

      31-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының қызметкерлерiн
              әлеуметтiк қорғаудың өзге шаралары

      Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының туберкулезге қарсы мекемелерiнде және қылмыстық-атқару жүйесiнiң басқа да мамандандырылған учаскелерi мен мекемелерiнде қызмет атқаратын қызметкерлерiне осы санаттағы медицина қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер қолданылады.».

      22. «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» 2002 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 145-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 62-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):

      1) 2-баптың 3) тармақшасы «мемлекеттік» деген сөзден кейін «және құқықтық» деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 6-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-1) қылмыстар профилактикасы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғау, халық тарапынан сенім мәселелеріне басымдық беріп, өкілді органдар мен жұртшылық беретін сыртқы бағалау тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингтік бағасын енгізіп, есептілік және қызметті бағалау жүйесін жетілдіреді, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын белгілейді;»;

      3) 4-тарау алып тасталсын;

      4) 5-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      «5-тарау. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің құқықтық жағдайы

      13-бап. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнің және
              өзге де жұмыскерлерінің еңбегiн құқықтық реттеу

      Қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріліп, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.
      Қаржы полициясы органдарының өзге де жұмыскерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.

      14-бап. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң
              арнаулы атақтары

      Қаржы полициясы органдарының қызметкерлеріне арнаулы атақтар беріледі.
      Қаржы полициясы органдарының арнаулы атақтар берілетін лауазымды адамдарының тізбесін, сондай-ақ орталық және аумақтық бөлімшелердегі соларға сәйкес шекті арнаулы атақтарды Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.»;

      5) 6-тарау алып тасталсын;

      6) 24-бап алып тасталсын.

      23. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар, 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат):
      20-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар қызметтік міндеттерін атқару кезінде нысанды киім (погонсыз) киіп жүреді.
      Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Нысанды киiм (погонсыз) үлгiлерiн, оны киiп жүру тәртiбiн уәкілетті орган бекітеді.».

      24. «Автомобиль көлiгi туралы» 2003 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат):

      1) 12-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның лауазымды адамдарын нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекітеді;»;

      2) 15-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдары автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде нысанды киiм (погонсыз) киюге, олардың нөмiрлi омырау белгiлерi және қызметтiк куәлiктерi болуға тиiс.
      Автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның нысанды киiм (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдарының тізбесін, нысанды киiмнің (погонсыз), нөмiрлi омырау белгiлерiнің, қызметтiк куәлiктiң үлгiлерiн уәкiлеттi орган бекiтедi.».

      25. «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 176-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
      12-баптың 3-тармағының 11) тармақшасындағы «ұйымдарды арнайы есепке алу iсiн жүргiзудi жүзеге асырады.» деген сөздер «ұйымдарды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      «12) мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу iсiн жүргiзудi жүзеге асырады.».

      26. «Iшкi су көлiгi туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):

      1) 8-бап мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «15-1) нысанды киім (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар мемлекеттiк қадағалау қызметкерлерiн онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту;»;

      2) 9-баптың 1-тармағының 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) нысанды киім (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар мемлекеттiк қадағалау қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киiмнің (погонсыз) және айырым белгiлерiнің үлгiлерiн, сондай-ақ оны киiп жүру тәртiбiн бекіту;».

      27. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат):
      131-баптың 2-тармағы «нысанды киiммен» деген сөздерден кейін «(погонсыз)» деген сөзбен толықтырылсын.

      28. «Сыртқы барлау туралы» 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 10, 46-құжат):
      7-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) сыртқы барлау органының әскери атақтар берілетін лауазымдарының тізбесін бекітеді;».

      2-бап.
      1. Осы Заң 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, жекелеген адамдардың әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтарын жоятын нормаларды қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      2. Әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың:
      1) қызмет еткен мерзімі кемiнде жиырма жыл болғанда қызмет өткеруді аттестацияланған лауазымдарда аяқтауға;
      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен әлеуметтік қамсыздандырудың, зейнеткерлікке шыққан кезде барлық жеңілдіктер мен артықшылықтардың сақталуына;
      3) бұрынғысынан төмен емес және бұған дейін тағайындалған үстемақылары ескерілген лауазымдық жалақы алуға құқығы бар.
      3. Осы Заңның зейнетақымен қамсыздандыру және жеңілдікті салық салу бөлігіндегі нормалары кеден органдарының қызметкерлеріне қолданылмайды, ал прокуратура органдарының қызметкерлеріне 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                       Н. Назарбаев

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 259444
    Қазақ тілінде 129657
    Орыс тілінде 128961
    Ағылшын тілінде 826
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы