Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 203-VІ ҚРЗ.

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 16, 55-құжат; № 19, 62-құжат):

      1) 50-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеген жеке тұлғалардан облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша алынатын жеке табыс салығы;";

      2) 51-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеген жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы;";

      3) 52-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеген жеке тұлғалардан облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша алынатын жеке табыс салығы;".

      2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат):

      35-бапта:

      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы баптың 3 және 4-тармақтарында аталған тұлғаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, санамаланған дара кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркеусіз қызметіне тыйым салынады.";

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші деп танылған жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылы.".

      3. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-I, 22-II, 107-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат):

      1) мазмұны мынадай мазмұндағы 24-бөлімнің, 89-тараудың, 774, 775 және 776-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:

      "24-бөлім. Бірыңғай жиынтық төлем

      89-тарау. Бірыңғай жиынтық төлем

      774-бап. Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер

      775-бап. Бірыңғай жиынтық төлемді есептеу мен төлеу тәртібі

      776-бап. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бірыңғай жиынтық төлем шеңберіндегі құзыреті";

      2) 1-баптың 1-тармағы 20) тармақшасының бірінші бөлігіндегі "жалақының 55 еселенген ең төмен мөлшері" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіштің 647 еселенген мөлшері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 26-бап мынадай мазмұндағы 23-тармақпен толықтырылсын:

      "23. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган "Aстана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар туралы мәліметтерді салық органдарына уәкілетті орган ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынуға міндетті.";

      4) 93-баптың 1-тармағы бірінші бөлігі 1) тармақшасының төртінші абзацындағы "жалақының 12 еселенген ең төмен мөлшерінен" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіштің 141 еселенген мөлшерінен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 241-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігінде:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, дивидендтер;";

      24) тармақшадағы "кірістері алып тасталуға жатады." деген сөздер "кірістері;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:

      "25) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған венчурлік қор өтеусіз алған және осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаларға өтеусіз беруге арналған мүліктің құны алып тасталуға жатады.";

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) егер тұтастай алғанда дивидендтер төлейтін заңды тұлға бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасында 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі 50 және одан көп пайыз болу шартымен, өзінде азайту жүргізілген кезең үшін осындай дивидендтер есепке жазылған жағдайда, осындай азайту көзделген қызмет бойынша есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды жүргізетін заңды тұлға төлейтін дивидендтер алып тасталуға жатпайды.

      Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғалар төлейтін дивидендтерге қолданылмайды.";

      6) 288-баптың 2-тармағында:

      8) тармақшаның бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "9) тармақшасында" деген сөздер "9) және 11) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11) осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғалар шығарған акцияларды, осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаларға қатысу үлестерін өткізуден туындаған залалдарға азайтылған, осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғалар шығарған акцияларды, осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаларға қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер.";

      7) 293-бапта:

      1-тармақ 5) тармақшасындағы "болып табылатын салық төлеушілер қолданады." деген сөздер "болып табылатын;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар болып табылатын салық төлеушілер қолданады.";

      мынадай мазмұндағы 4-3-тармақпен толықтырылсын:

      "4-3. "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар корпоративтік табыс салығының бюджетке төленуге тиісті сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.

      Осы Кодекстің мақсаттары үшін "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушыларға бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:

      1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар ретінде тіркелген;

      2) кірістерді ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерін жүзеге асырудан ғана алатын заңды тұлғалар жатады.

      Осы тармақта көзделген, корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын азайту "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушы кірістерді ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерін жүзеге асырудан ғана алған жағдайда, депозиттер бойынша сыйақы, оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып түсуі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлеріне сәйкес келетін қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін өтеусіз алынған мүлік түріндегі кірістер бойынша да қолданылады.

      Бұл ретте "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар тауарларды өндірген және өткізген жағдайда, мұндай тауарлар меншікті өндірістің өлшемшарттарына сәйкес келуге тиіс.

      Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесін және меншікті өндірістің өлшемшарттарын ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.

      Осы тармақта көзделген шарттар бұзылған жағдайда, "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушы ретінде тіркелген күннен бастап жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданады.";

      8) 300-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғалар шығарған акцияларды, осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаларға қатысу үлестерін өткізуден туындаған залалдар осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғалар шығарған акцияларды, осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаларға қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер есебінен өтеледі.";

      9) 305-баптың 2-тармағы 7) тармақшасындағы "салық төлеушілер орындамайды." деген сөздер "салық төлеушілер;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) осы Кодекстің 293-бабы 4-3-тармағының шарттарына сай келетін салық төлеушілер орындамайды.";

      10) 317-бап мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:

      "6. Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеу осы Кодекстің 78-тарауында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүргізіледі.

      7. Бiрыңғай жиынтық төлемдi төлеушi осы Кодекстiң 774-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерiн жүзеге асырудан алған (алуға жататын) кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу мен төлеу осы Кодекстiң 775-бабына сәйкес жүргiзiледi.

      Мұндай тұлға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кірістер бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық есептілікті ұсынбайды.";

      11) 341-баптың 1-тармағында:

      11) тармақшадағы "ең төмен жалақы мөлшерінің 50 пайызы" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) тармақшадағы "республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына болатын ең төмен жалақы мөлшерінде" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 12 еселенген мөлшерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) тармақшаның бірінші бөлігіндегі "ең төмен жалақының 24 еселенген мөлшері" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіштің 282 еселенген мөлшері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23) тармақшаның бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "ең төмен жалақының 8 еселенген мөлшері" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      32) тармақшаның бірінші бөлігіндегі "ең төмен жалақының мөлшері" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіштің 12 еселенген мөлшері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 53) тармақшамен толықтырылсын:

      "53) осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғалар жұмыскерлерінің кірістері.";

      12) 342-бапта:

      3-тармақтағы "ең төмен жалақының 48 еселенген мөлшерінен" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіштің 564 еселенген мөлшерінен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ескертпедегі "ең төмен жалақы мөлшері" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 346-баптың 1-тармағында:

      1) тармақша "бір ең төмен жалақы", "ең төмен жалақының" деген сөздердің алдынан "республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) тармақшаның бірінші бөлігінің алтыншы абзацындағы "ең төмен жалақының 75 еселенген мөлшері" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіштің 882 еселенген мөлшері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақшаның бірінші бөлігінің бесінші абзацындағы "ең төмен жалақының 75 еселенген мөлшері" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіштің 882 еселенген мөлшері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 347-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Көп балалы отбасы үшін салықтық шегерім күнтізбелік жылға айқындалған айлық есептік көрсеткіштің 282 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде жиынтығында екі ата-анаға мынадай тәртіптердің бірімен:

      1) көп балалы отбасы ата-анасының біріне – әрбір ай үшін айлық есептік көрсеткіштің 23 еселенген мөлшерінде;

      2) көп балалы отбасы ата-анасының әрқайсысына әрбір ай үшін айлық есептік көрсеткіштің 12 еселенген мөлшерінде қолданылады.";

      15) 349-баптың 3-тармағындағы "ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіштің 118 еселенген мөлшерінен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 350-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Медицинаға арналған салықтық шегерім күнтізбелік жылға айқындалған айлық есептік көрсеткіштің 118 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде қолданылады.

      Бұл ретте медицинаға арналған салықтық шегерімнің және осы Кодекстің 341-бабы 1-тармағының 23) тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның медициналық көрсетілетін қызметтерге (косметологиялықтан басқа) шығыстарын жабу үшін кірісті түзетудің жалпы сомасы жиынтығында күнтізбелік жылда республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 118 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.";

      17) 351-баптың 2-тармағындағы "ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіштің 118 еселенген мөлшерінен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 356-баптың 2-тармағында:

      бірінші бөліктегі "ең төмен жалақының 24 еселенген мөлшерінен" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіштің 282 еселенген мөлшерінен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктің екінші абзацындағы "ең төмен жалақының 24 еселенген мөлшерінен" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіштің 282 еселенген мөлшерінен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 373-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы бірінші абзацындағы "мыналардың" деген сөз "мыналарға" деген сөзбен, екінші абзацындағы "ұйымдарының" деген сөз "ұйымдарына" деген сөзбен, үшінші абзацындағы "білім беру ұйымдарының жұмыстары орындалса және қызметтері көрсетілсе" деген сөздер "білім беру ұйымдарына;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша бекітетін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін осындай жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартымен осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаларға жұмыстар орындалса және қызметтер көрсетілсе;";

      20) 394-баптың бірінші бөлігі 44) тармақшасындағы "қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады." деген сөздер "қызметтерді;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 45) және 46) тармақшалармен толықтырылсын:

      "45) осы Кодекстің 293-бабы 4-3-тармағының шарттарына сай келетін "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар өндіретін және өткізетін тауарларды;

      46) осы Кодекстің 293-бабы 4-3-тармағының шарттарына сай келетін "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар өткізетін жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.";

      21) 399-баптың 1-тармағы 16) тармақшасындағы "шикізат тауарларының импорты қосылған құн салығынан босатылады." деген сөздер "шикізат тауарларының;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:

      17) бір мезгілде мынадай шарттарға сай келген кезде:

      тауарлар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган бекіткен, импорты қосылған құн салығынан босатылатын тауарлардың тізбесіне енгізілсе;

      тауарларды әкелу Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес құжаттармен ресімделсе;

      тауарлар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдалану мақсатында ғана әкелінсе, "Aстана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар болып табылатын салық төлеушілер әкелген тауарлардың импорты қосылған құн салығынан босатылады.";

      22) 484-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы "кірістерді" деген сөзден кейін ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жұмыскерлердiң кірістері бөлігінде осы Кодекстiң 341-бабы 1-тармағының 53) тармақшасында белгіленген кірістерді" деген сөздермен толықтырылсын;

      23) 630-баптың 5-тармағында:

      3) тармақшадағы "ең төмен жалақының 160 еселенген мөлшерінен" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіштің 1882 еселенген мөлшерінен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақшадағы "ең төмен жалақының 500 еселенген мөлшерінен" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіштің 5880 еселенген мөлшерінен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) 631-бапта:

      1-тармақта:

      4) тармақшадағы "ең төмен жалақының 500 еселенген мөлшері" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіштің 5880 еселенген мөлшері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) тармақшадағы "ең төмен жалақының 500 еселенген мөлшеріне" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіштің 5880 еселенген мөлшеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтың 1) тармақшасындағы "ең төмен жалақының 500 еселенген мөлшерінен" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіштің 5880 еселенген мөлшерінен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      25) 633-баптың 3-тармағында:

      4) тармақшадағы "ең төмен жалақының 160 еселенген мөлшерінен" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіштің 1882 еселенген мөлшерінен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) тармақшадағы "ең төмен жалақының 500 еселенген мөлшерінен" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіштің 5880 еселенген мөлшерінен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      26) 644-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) және 4-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-1) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаның кірісін қоспағанда, осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлға төлейтін консультациялық, маркетингтік, инжинирингтік қызметтерді, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қызметтерді көрсетуден, деректерді өңдеу орталықтарын құру жөніндегі жұмыстарды орындаудан түсетін кіріс.

      Осы тармақшаның ережесі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган бекітетін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін осындай жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартымен қолданылады;";

      "4-1) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаның кірісін қоспағанда, бейрезидент-заңды тұлғаның осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлға төлейтін роялти түріндегі кірісі.

      Осы тармақшаның ережесі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган бекітетін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген қызметті жүзеге асыру мақсатында төленетін, роялти түріндегі кіріске қолданылады;";

      27) 645-баптың 9-тармағы 4) тармақшасының екінші бөлігі "Егер" деген сөзден кейін ", осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаны қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      28) 646-бапта:

      1-тармақтың бірінші абзацындағы "2-тармағында" деген сөздер "2 және 3-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғалар шығарған акцияларды, осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаларға қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер, сондай-ақ осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғалардан алынған дивидендтер 5 пайыз мөлшерлемесі бойынша төлем көзінен салық салуға жатады.";

      29) 654-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) егер осы баптың 3) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің резиденті болып табылатын тұлғаға төленетіндерді қоспағанда, бір мезгілде мынадай:

      дивидендтерді есепке жазу күніне салық төлеушінің дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;

      дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлғаның дивидендтер төленетін кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;

      дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлғаның активтері құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi дивидендтер төлеу күнiне 50 пайыздан аспауы талаптары орындалған кездегі дивидендтер.

      Егер, осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаны қоспағанда, дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлға есептелген корпоративтік табыс салығын қызмет бойынша, оның ішінде осындай азайту көзделген инвестициялық келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша 100 пайызға азайтуды жүргізген жағдайда, онда осы тармақшаның ережелері мынадай тәртіппен қолданылады:

      егер тұтастай алғанда дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлға бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасындағы 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі 50 және одан көп пайызды құраса, онда осы тармақшада көзделген осындай заңды тұлға төлейтін дивидендтерді босату қолданылмайды;

      егер тұтастай алғанда дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлға бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасындағы 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі 50 пайыздан аз болса, онда осы тармақшада көзделген осындай заңды тұлға төлейтін дивидендтерді босату дивидендтердің бүкіл сомасына қолданылады.

      Осы тармақшаның ережелері резидент-заңды тұлғадан:

      акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын кіріс;

      резидент-заңды тұлға өзінің құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза кірістің бір бөлігі;

      құрылтайшы, қатысушы жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүліктi қоспағанда, резидент-заңды тұлға таратылған кезде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерін пропорционалды азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерін толық немесе ішінара өтеу арқылы жарғылық капиталды азайту кезінде, сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы резидент-заңды тұлғадағы қатысу үлесін алып қойған кезде мүлікті бөлуден түсетін кіріс түрінде алынған дивидендтерге ғана қолданылады.

      Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлғаның активтері құнындағы үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады.

      Осы тармақшаның мақсатында жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;";

      30) 658-баптың 5-тармағының бесінші бөлігіндегі "ең төмен жалақы мөлшерінің" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіштің 12 еселенген мөлшерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      31) 683-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) арнаулы салық режимі үшін салықтық кезеңдегі кірісі:

      патент негізінде – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 3 528 еселенген мөлшерінен;

      оңайлатылған декларация негізінде – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 24 038 еселенген мөлшерінен;

      тіркелген шегерімді пайдаланумен – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 144 184 еселенген мөлшерінен аспайтын;";

      32) 687-баптың 2-тармағындағы "ең төмен жалақының, дара кәсіпкерлерде – кемінде 2 еселенген, заңды тұлғаларда кемінде 2,5 еселенген мөлшерін" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіштің дара кәсіпкерлерде – кемінде 23 еселенген, заңды тұлғаларда кемінде 29 еселенген мөлшерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      33) 694-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі "ең төмен жалақының 4 еселенген мөлшерінен" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіштің 47 еселенген мөлшерінен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      34) мынадай мазмұндағы 24-бөліммен толықтырылсын:

      1. Дара кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:

      1) бірыңғай жиынтық төлемді төлеген;

      2) жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

      3) қызметтерді салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана көрсететін және (немесе) акцизделетін өнімдерді қоспағанда, жеке қосалқы шаруашылықтың өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнiмiн салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер деп танылады.

      2. Бiрыңғай жиынтық төлемді төлеушінің осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерін жүзеге асыру нәтижесінде алатын кірісінің күнтiзбелiк жылдағы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1175 еселенген мөлшерінен аспауға тиiс.

      3. Мыналар бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер ретінде танылмайды:

      1) коммерциялық жылжымайтын мүлiк объектiлерiнің, сондай-ақ сауда объектілерінің, оның iшiнде меншік, жалдау, пайдалану, сенiмгерлiк басқару құқығындағы объектілердің аумағында осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар;

      2) тұрғынжайды қоспағанда, мүлікті мүлiктiк жалға (жалдауға) беретін адамдар;

      3) жеке практикамен айналысатын адамдар;

      4) оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;

      5) дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген адамдар.

      4. Жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлемді төлеу жүргізілген күннен бастап мұндай төлемді төлеу жүргізілген айдың соңғы күніне дейін бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер деп танылады.

      1. Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің төленуге жататын сомалары бірыңғай жиынтық төлемге қосылады.

      2. Бір айдағы бірыңғай жиынтық төлем сомасы республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада – айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшерін және басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшерін құрайды.

      Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.

      3. Бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші осы Кодекстің 774-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алған (алуға жататын) кірістер бойынша оның жеке табыс салығы бірыңғай жиынтық төлем сомасының 10 пайызын құрайды.

      4. Бірыңғай жиынтық төлем екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының банктік шотына аудару жолымен жалпы сомамен төленуге жатады.

      Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер түрінде бірыңғай жиынтық төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ оларды қайтару Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

      776-бап. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бірыңғай жиынтық төлем шеңберіндегі құзыреті

      1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бірыңғай жиынтық төлем шеңберінде мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

      1) жеке сәйкестендіру нөмірі базасында бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілерді дербестендірілген есепке алуды жүргізеді;

      2) бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілерді дербестендірілген есепке алуды жаңартып отырады;

      3) бірыңғай жиынтық төлемнің сомасын бөледі және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және төлеушінің тұрғылықты жері бойынша тиісті бюджетке аударады;

      4) бірыңғай жиынтық төлемнің қате (артық) төленген сомаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қайтаруды жүзеге асырады.

      2. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларын орталық мемлекеттік органдар қатарынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган монополияға қарсы органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша белгілейді.".

      4. "Жедел-іздестіру қызметі туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 147-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 17, 83-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 7, 33-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; № 21, 102-құжат; 2018 ж., № 16, 56-құжат):

      23-бапта:

      7-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "- қаза болған адам өтеусіз негізде ынтымақтасып қызмет істеген кезде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 411 еселенген мөлшерінде бiржолғы жәрдемақы төленедi.";

      8-баптың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "- өтеусіз негізде ынтымақтасып қызмет iстеген адамдар үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 706 еселенген мөлшерiнде бiржолғы жәрдемақы төленедi.".

      5. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат; 1999 ж., № 8, 239-құжат; № 23, 925-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 1-2, 13-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат):

      13-баптың 3-тармағы "жоғары" деген сөзден кейін "және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі" деген сөздермен толықтырылсын.

      6. "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 8, 238-құжат; № 23, 925-құжат; 2000 ж., № 23, 411-құжат; 2001 ж., № 2, 14-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2004 ж., № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат):

      1) 4-бап мынадай мазмұндағы 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-2) "Халық қаһарманы" атағына ие болған адамдар;

      4-3) "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдар;";

      2) 7-баптың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 10-1) және 10-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10-1) "Халық қаһарманы" атағына ие болған адамдарға – 138,63 айлық есептік көрсеткіш;

      10-2) "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдарға – 138,63 айлық есептік көрсеткіш;".

      7. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 21-I, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-I, 47, 49-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 8, 16-құжат; № 13, 45-құжат; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 жылғы 7 қарашада "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      36-1-баптың 9-тармағы екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 294 еселенген мөлшерінен аспауға тиiс кандидаттың өз қаражаты;

      2) жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 588 еселенген мөлшерінен аспауға тиiс Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтары құрайды.".

      8. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 23, 117-құжат; 2011 ж., № 10, 86-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 14, 42-құжат):

      1-баптың 1-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-2) әлеуметтік келісімшарт – жұмыссыздар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, сондай-ақ "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда өзге адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не оралман мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу туралы, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;".

      9. "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1, 4-құжаттар; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 13, 45-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 14, 42-құжат):

      1) 1-бапта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi – төлеушi) – осы Заңда белгiленген тәртiппен әлеуметтiк аударымдарды есептеудi және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеудi жүзеге асыратын жұмыс берушi, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлға;";

      13-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-3) жеке практикамен айналысатын адам – жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор;";

      мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "23-1) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын заңды тұлға;";

      2) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-бап. Мiндеттi әлеуметтік сақтандыруға жататын адамдар

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған адамдарды қоспағанда, жұмыскерлер, дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында кіріс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жатады.";

      3) 10-1-баптың 1-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға төлеушілердің келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдарының тізілімдерін ұсынуды;";

      4) 11-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) әлеуметтік аударымдарды есептеу мен аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді;";

      5) 13-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларды қоспағанда, төлеуші:";

      6) 14-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өз пайдасына өздері төлейтін әлеуметтік аударымдардың мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 20 пайызын құрайды.";

      7) 15-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мыналар жеке практикамен айналысатын адамдар, дара кәсіпкерлер үшiн әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектілері болып табылады:

      өзі үшін – алатын кірісінің әлеуметтік аударымдарды өз пайдасына есептеу мақсаттары үшін өздері дербес айқындайтын, бірақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен артық емес сомасы;

      жалдамалы жұмыскерлер үшін – Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, еңбекке ақы төлеу ретіндегі кірістер түрінде жұмыскерге төленетін шығыстар.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада – айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшері және басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектілері болып табылады.

      Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.";

      3-тармақтың бірінші бөлігіндегі "он еселенген" деген сөздер "жеті еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 16-бап мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:

      "2-2. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар әлеуметтік аударымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен төлейді.";

      9) 17-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалардың төлемдерін қоспағанда, әлеуметтiк аударымдардың уақтылы аударылмаған сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндiрiп алады немесе төлеушi оларды мерзiмi өткен әрбір күн үшiн (Қорға төлеу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі мөлшерiнде есепке жазылған өсiмпұлмен бірге Қордың шотына аударуға тиiс.";

      10) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-бап. Жүргізілген аударымдар туралы хабарлау

      Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларды қоспағанда, төлеушi мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн есепке жазылған әлеуметтiк аударымдар жөнiндегі мәліметтер көрсетілген жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мерзімде тоқсан сайын тапсырады.

      Декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекiтедi.";

      11) 21-баптың 5-тармағында:

      бірінші бөліктегі "сексен пайызын" деген сөздер "елу бес пайызын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өзінен әлеуметтiк аударымдар жүргізілген әрбір айдағы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген бiр ең төмен жалақы мөлшерінің деңгейiнде қабылданады.";

      12) 22-баптың 8-тармағында:

      13) 23-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем өзіне әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретiнде тiркеуге өтiнiш жасаған күннен бастап тағайындалады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылмайды.";

      14) 23-1-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      15) 23-2-баптың 5-тармағында:

      төртінші бөліктегі "он еселенген" деген сөздер "жеті еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын.

      10. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 17, 18-құжаттар; № 13, 45-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар):

      52-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне тиісті дипломы болған кезде негізгі жұмыс орны бойынша:

      философия докторы (РhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі үшін – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 17 еселенген мөлшерінде;

      ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі үшін – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 17 еселенген мөлшерінде, ғылым докторы ғылыми дәрежесі үшін айлық есептік көрсеткіштің 34 еселенген мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді.".

      11. "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 21-ІІІ, 136-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; № 16, 56-құжат):

      61-баптың 2-тармағындағы "ең төменгi жалақыдан" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан" деген сөздермен ауыстырылсын.

      12. "Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 4, 36-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 119-құжат; № 21-III, 135-құжат; 2018 ж., № 15, 47-құжат):

      12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған мемлекеттік тапсырманы немесе мемлекеттік тапсырысты орындайтын ғылыми қызметкерлерге ғылыми дәрежелері, дәрежелері үшін ғылым кандидатына, философия докторына (PhD), бейіні бойынша докторға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 17 еселенген мөлшерінде, ғылым докторына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 34 еселенген мөлшерінде мемлекеттік бюджеттен ай сайын қосымша ақы белгіленеді.".

      13. "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 114-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 15, 50-құжат):

      28-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген ең төмен жалақыдан" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан" деген сөздермен ауыстырылсын.

      14. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 50-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 8-І, 65-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж. № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар):

      1) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) жеке практикамен айналысатын адам – жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор;";

      17) тармақшадағы "тағайындалған және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар" деген сөздер "және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерi тағайындалған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      28) тармақша мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған салық агенттері (бұдан әрі – салық агенттері) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент ретінде қарастырылады;";

      2) 4-бапта:

      1-тармақтағы ", одан кейiнгi кезеңдерде зейнетақы төлемдерi осы Заңның 15-бабының 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын болады" деген сөздер алып тасталсын;

      2-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы "жойылған" деген сөзден кейін ", еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алатын" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 13-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:

      "18) Қазақстан Республикасына тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында келген этностық қазақтардың шығу еліндегі еңбек қызметі.";

      4) 24-бапта:

      2-тармақ 4) тармақшасындағы "алушылар босатылады." деген сөздер "алушылар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар босатылады.";

      7-тармақта:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2), 5) және 6) тармақшаларында аталған тұлғалардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар жұмыскерлерге, сондай-ақ нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жеке тұлғаларға төленген кірістерден – кірістер төленген айдан кейiнгi айдың 25-інен кешiктiрмей;

      2) дара кәсiпкерлер (осы тармақтың 5) тармақшасында аталған дара кәсіпкерлерден басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар өзінің пайдасына – есептi айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрмей;";

      3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;

      7) тармақшадағы "25-күнінен кешіктірмей аударады." деген сөздер "25-інен кешіктірмей;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде аударады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Осы баптың 7-тармағының 8) тармақшасында аталған тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді қоспағанда, мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) осы Заңның 28-бабының 1-тармағына сәйкес есепке жазылған өсiмпұлды төлеудің толық және уақтылы жүзеге асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.";

      5) 25-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын мiндеттi зейнетақы жарналары міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кірістің 10 пайызы мөлшерінде белгiленедi.

      Бұл ретте мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

      Бұл ретте мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын ең жоғары жиынтық жылдық кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінің он екі мөлшерінен аспауға тиіс.";

      "4. Осы Заңның 24-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, жеке практикамен айналысатын адамдар, дара кәсіпкерлер, сондай-ақ нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар үшiн өз пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын мiндеттi зейнетақы жарналары алынатын кірісінің 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнiң 10 пайызынан кем емес және ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгiленедi.

      Шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшесiнiң (қатысушысының) және басшысының пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын, салықтық кезеңнiң әрбiр айы үшiн есептелетiн мiндеттi зейнетақы жарналары республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнiң 10 пайызынан кем емес және ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгiленедi. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерiнiң (қатысушыларының) пайдасына мiндеттi зейнетақы жарналары олар кәмелетке толған жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың басынан бастап есептелуге және төленуге жатады.

      Жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ дара кәсiпкер өз пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн дербес айқындайтын кіріс алатын кіріс болып табылады.

      Кіріс болмаған жағдайда, жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің 10 пайызы есебімен өз пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өз пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналары республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада – айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшерінің және басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшерінің 30 пайызын құрайды.

      6) 29-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі "белгіленбесе," деген сөзден кейін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 37-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шотын ашу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына агенттер ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері негізінде жүзеге асырылады.";

      "2-1. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шотын ашу бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларында көзделген нысан бойынша жасалған салымшының өтініші негізінде жүзеге асырылады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жөніндегі мәліметтерді міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізу үшін Мемлекеттік корпорацияға жеке зейнетақы шотын ашу туралы электрондық хабарлама жібереді.

      Салымшы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жөніндегі мәліметтерді міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізгені туралы Мемлекеттік корпорацияның электрондық хабарламасын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алған күннен бастап міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледі.";

      8) 39-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу үшін жеке тұлға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініш беруге міндетті.

      Жеке тұлғада міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған жеке зейнетақы шоты болған жағдайда, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотын ашуға қайта өтініш берілмейді.";

      10-тармақтағы "Агенттер" деген сөз "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларды қоспағанда, агенттер" деген сөздермен ауыстырылсын.

      15. "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 10, 49-құжат; № 15, 78-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 152-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 14, 53-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 15, 48-құжат; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат):

      17-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын.

      16. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасының Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат):

      1) 1-баптың 19-тармағы 1) тармақшасының он жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сақтандыру ұйымы агент ретінде қарастырылады. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған салық агенттері (бұдан әрі – салық агенттері) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент ретінде қарастырылады;";

      2) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:

      "2-1-бап. Осы Заңның 1-бабының 19-тармағы 13) тармақшасының жиырма тоғызыншы абзацы, 18) тармақшасының үшінші абзацы 26) тармақшасының отыз бірінші абзацы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "8. Осы баптың 7-тармағының 8) тармақшасында аталған тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын төлеуін қоспағанда, мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) осы Заңның 28-бабының 1-тармағына сәйкес есепке жазылған өсiмпұлды төлеудің толық және уақтылы жүзеге асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.";

      "1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларды қоспағанда, агенттер міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есептелген, ұстап қалған (есебіне жазылған) сомалары жөніндегі мәліметтерді көрсететін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде тоқсан сайын тапсырады.";

      "10. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларды қоспағанда, агенттер міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы есептеуге, ұстап қалуға (есепке жазуға) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуге міндетті.".

      17. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-I, 142-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат):

      1) 1-бапта:

      7-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-1) жеке практикамен айналысатын адам – жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор;";

      мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-2) инвестициялық кіріс – қор активтерін инвестициялау нәтижесінде алынған олардың ақшалай көріністегі өсімі;";

      2) 5-бап:

      "2-1. Осы баптың 2-тармағының ережелері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқық алу үшін осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген адамдар медициналық көмек алған күннің алдында кемінде үш ай қатарынан қорға жарналар төлеуге міндетті.";

      3) 14-бапта:

      2-тармақтың бірінші бөлігінде:

      бірінші абзацтағы "Жарналарды төлеушілер" деген сөздер "Мыналар жарналарды төлеушілер болып табылады" деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) жеке практикамен айналысатын адамдар;";

      5), 6) және 7) тармақшалар алып тасталсын;

      9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) мыналарды:

      осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 8) және 10) тармақшаларында;

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрғандардан немесе әрекетсіз деп танылғандардан басқа, осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында;

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрғандардан басқа, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен Қазақстан Республикасының азаматтарынан және Қазақстан Республикасында өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылатын азаматтардан басқа, осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, жарналарды дербес төлейтін адамдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі – дербес төлеушілер);

      10) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар.";

      3, 4-1 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және қорға аударуды жұмыс берушілер жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің кірістері есебінен жүзеге асырады.";

      "4-1. Жеке практикамен айналысатын адамдардың, дара кәсіпкерлердің, дербес төлеушілердің жарналарын есептеуді және аударуды олардың өздері не олардың пайдасына үшінші тұлға жүзеге асырады.";

      "6. Төлеушілер (осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2), 8), 9) және 10) тармақшаларында аталған тұлғаларды қоспағанда):

      1) аударымдарды және (немесе) жарналарды, сондай-ақ аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды уақтылы және толық көлемде есептеуге (ұстап қалуға) және аударуға;

      2) қорға төленетін аударымдардың және (немесе) жарналардың мөлшерлерін есептеу мен қайта есептеуді дербес жүзеге асыруға міндетті.";

      7-тармақ "жұмыскерлерді", "жұмыскерлердің" деген сөздерден кейін тиісінше ", оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілерді",

      ", оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 26-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың мақсаттары үшін кәсіпкерлік қызметті немесе еңбек қызметін жүзеге асырмайтын және кірісі жоқ адамдар жұмыс істемейтін адамдар деп түсініледі.";

      5) 27-баптың 2-тармағы "жұмыскерге" деген сөзден кейін ", оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшіге" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 28-бапта:

      1, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалардың қорға төлеуге жататын жарналары мынадай мөлшерде белгіленеді:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 1 пайызы;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 2 пайызы.";

      "3. Дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың жарналары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      4. Дербес төлеушілердің жарналары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалардың жарналары республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада – айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшерінің және басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшерінің 40 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалардың осы Заңның 29-бабына сәйкес есептелген кірістері олардың жарналарын есептеу объектілері болып табылады.

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған жеке практикамен айналысатын адамдарды және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған дара кәсіпкерлерді қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 1,4 еселенген мөлшері дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың жарналарын есептеу объектісі болып табылады.

      6. Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшері дербес төлеушілердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған жеке практикамен айналысатын адамдардың және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған дара кәсіпкерлердің жарналарын есептеу объектісі болып табылады.";

      7) 29-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы баптың 4-тармағында белгіленген кірістерді қоспағанда, жұмыс берушілер есепке жазған кірістер жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің аударымдар мен жарналарды есептеу үшін қабылданатын кірістері болып табылады.";

      3-тармақта:

      бірінші, екінші және үшінші бөліктердегі "жалақының он бес еселенген ең төмен" деген сөздер "ең төмен жалақының 10 еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың талаптары:

      1) дербес төлеушілер;

      2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылмайды.";

      8) 30-бапта:

      1-тармақ "Жұмыскерлердің" деген сөзден кейін ", оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың ай сайынғы жарналарын есептеу және төлеу Мемлекеттік корпорацияның қордың шотына кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.";

      6-тармақта:

      "1) дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (осы тармақтың 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар – кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;

      2) дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген тұлғалардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;";

      6) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен азаматтар, сондай-ақ өзге де төлеушілер" деген сөздер "дербес төлеушілер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 31-баптың 6-тармағындағы "жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар" деген сөздер "жеке практикамен айналысатын адамдар" деген сөздермен ауыстырылсын.

      18. "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 155-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 20, 96-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат):

      13-1-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркінің тіркелген жерінде болуға тиіс.".

      19. "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-I, 48-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат):

      1) 1-бапта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) әлеуметтік келісімшарт – жұмыссыздар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не оралман мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал осы Заңда көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу туралы, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;";

      мынадай мазмұндағы 5-2), 7-1), 9-1) және 12-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-2) еңбек ресурстарын болжамдау ұлттық жүйесі – жұмыс күшіне болжамды тұрғыдан сұранысты және ұсынысты айқындауға мүмкіндік беретін, қолданылатын әдістер мен тәсілдер кешені;";

      "7-1) жалдамалы жұмыскер – еңбек шарты бойынша жұмысты орындайтын не тәртіптемені және жұмыс істелген уақыт не өндірілген тауардың бірлігі үшін не көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуді тапсырыс беруші айқындайтын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;";

      "9-1) жеке практикамен айналысатын адам – жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат және кәсіпқой медиатор;";

      "12-1) жұмыспен қамтылған адам – ақы үшін немесе мүлікті пайдалану, тауарларды өндіру және сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету арқылы кіріс алу жолымен қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;";

      16) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – жұмыссыздар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың және халықты жұмыспен қамтамасыз етудің, мемлекеттік қолдаудың Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылатын шаралары;";

      "19) жұмыссыз адам – жұмыс іздеуді жүзеге асыратын және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;";

      29) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "30-1) тәуелсіз жұмыскер – дара кәсіпкерлерді, жеке практикамен айналысатын адамдарды, шаруашылық серіктестігінің құрылтайшыларын (қатысушыларын) және акционерлік қоғамның құрылтайшыларын, акционерлерін (қатысушыларын), өндірістік кооператив мүшелерін қоспағанда, өз қызметін мемлекеттік тіркеусіз кіріс алу мақсатында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру (өткізу) жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын жеке тұлға;";

      2) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-бап. Жұмыспен қамтылған адамдар

      Жұмыспен қамтылған адамдарға мыналар жатады:

      1) жалдамалы жұмыскерлер, сондай-ақ ақы төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдар;

      2) дара кәсіпкерлер;

      4) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын, жалдамалы жұмыскерлерге жатпайтын жеке тұлғалар;

      5) шаруашылық серіктестіктерінің құрылтайшылары (қатысушылары) және акционерлік қоғамдардың құрылтайшылары, акционерлері (қатысушылары), сондай-ақ өндірістік кооперативтердің мүшелері болып табылатын жеке тұлғалар;

      6) тәуелсіз жұмыскерлер;

      7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеріп жүргендер.";

      3) 7-бап мынадай мазмұндағы 26-4) және 26-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "26-4) "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсын қолдап отыруды және оның жұмыс істеуін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      26-5) еңбек ресурстарын болжамдау ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      4) 8-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсын қолдап отыруды;";

      5) 2-тарау мынадай мазмұндағы 11-1 және 11-2-баптармен толықтырылсын:

      "11-1-бап. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия

      1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияны (бұдан әрі – өңірлік комиссия) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында жергілікті атқарушы орган құрады.

      2. Өңірлік комиссия облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейіндегі кәсіподақтардың аумақтық бірлестігінің және облыс, республикалық маңызы бар қала, астана өңірлік кәсіпкерлер палаталарының, өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың өкілдерінен қалыптастырылады.

      3. Өңірлік комиссия облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында орналасқан мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.

      4. Өңірлік комиссияның қызметі халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының тиімді іске асырылуын қамтамасыз етуге және оларды облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауға бағытталған.

      11-2-бап. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия

      1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссияны (бұдан әрі – аудандық (қалалық) комиссия) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жергілікті атқарушы орган құрады.

      2. Аудандық (қалалық) комиссия ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының, аудан, қала деңгейіндегі кәсіподақтардың аумақтық бірлестігінің және тиісті облыстардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аудандарындағы өңірлік кәсіпкерлер палаталары филиалдарының, өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың өкілдерінен қалыптастырылады.

      3. Аудандық (қалалық) комиссия ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында орналасқан мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.

      4. Аудандық (қалалық) комиссияның қызметі халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының тиімді іске асырылуын қамтамасыз етуге және оларды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауға бағытталған.";

      6) 14-баптың 6-тармағы 4) тармақшасындағы "адамдар жұмыссыз адам ретінде тіркелмейді." деген сөздер "адамдар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) осы Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға үміткер студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары жұмыссыз ретінде тіркелмейді.";

      7) 18-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарын, оралмандарды, сондай-ақ студенттерді, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларын әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жеке адамның кәсіптік білімдерін, дағдыларын, қызығушылықтарын және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіп таңдауда, қызмет түрін ауыстыруда практикалық көмек көрсету және біліктілігін арттыру мақсатында бюджет қаражаты шегінде жүргізіледі.";

      8) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "23-бап. Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу

      1. Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдем жұмыссыздарға және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарына кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, жобаны қолдап отыру бойынша сервистік қызметтер көрсету, қайтарымды негізде микрокредиттер беру арқылы оларға мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну жолымен көрсетіледі.

      2. Жұмыссыздар және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары қатарынан мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін:

      1) ауылдық жерлерде, моно және шағын қалаларда тұратын адамдардың;

      2) мүгедектердің, егер медициналық қорытынды бойынша олардың денсаулық жағдайы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтірмесе не олардың денсаулығына және (немесе) басқа адамдардың еңбек қауіпсіздігіне қауіп төндірмесе;

      3) зейнеткерлік жасқа толғанға дейін елу жастан асқан адамдардың;

      4) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастардың басым құқығы бар.";

      9) 24-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарының және олардың отбасы мүшелерінің жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдеседі.".

      20. "Қарсы барлау қызметі туралы" 2016 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 24, 125-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат):

      18-бапта:

      5-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қаза болған адам өтеусіз негізде ынтымақтасып жұмыс істеген кезде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1411 еселенген мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.";

      6-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "өтеусіз негізде ынтымақтасып жұмыс істегендер үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 706 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.".

      21. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-ІІІ, 108-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар):

      33-баптың 2) тармақшасында:

      мынадай мазмұндағы он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтармен толықтырылсын:

      "5. Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеу осы Кодекстің 78-тарауында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүргізіледі.

      6. Бiрыңғай жиынтық төлемдi төлеушi осы Кодекстiң 774-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерiн жүзеге асырудан алған (алуға жататын) кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу мен төлеу осы Кодекстiң 775-бабына сәйкес жүргiзiледi.

      төрт жүз он бесінші абзацтағы "ең төмен жалақы мөлшерінің 50 пайызы" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төрт жүз он алтыншы абзацтағы "ең төмен жалақы мөлшерiнде" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіштің 12 еселенген мөлшерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төрт жүз жиырма бірінші абзацтағы "ең төмен жалақының 24 еселенген мөлшері" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіштің 282 еселенген мөлшері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төрт жүз жетпіс алтыншы абзацтағы "ең төмен жалақының 8 еселенген мөлшері" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төрт жүз сексен тоғызыншы абзацтағы "ең төмен жалақы мөлшері" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіштің 12 еселенген мөлшері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы бес жүз жиырма бірінші абзацпен толықтырылсын:

      "50) осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғалар жұмыскерлерінің кірістері.";

      бес жүз отыз тоғызыншы абзацтағы "ең төмен жалақы мөлшері" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бес жүз елу жетінші абзац "бір ең төмен жалақы", "ең төмен жалақының" деген сөздердің алдынан "республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын" деген сөздермен толықтырылсын;

      бес жүз алпыс үшінші абзацтағы "ең төмен жалақының 75 еселенген мөлшері" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіштің 882 еселенген мөлшері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бес жүз алпыс тоғызыншы абзацтағы "ең төмен жалақының 75 еселенген мөлшері" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіштің 882 еселенген мөлшері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бес жүз сексен үшінші абзацтағы "ең төмен жалақының 8 еселенген мөлшерінен" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшерінен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бес жүз сексен төртінші абзацтағы "ең төмен жалақының 8 еселенген мөлшерінен" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшерінен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жеті жүз қырық сегізінші абзацтағы "ең төмен жалақының 12 еселенген мөлшерінен" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіштің 141 еселенген мөлшерінен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      22. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 14, 42-құжат):

      1) 5-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "52) жұмыскердің салық салынатын кірісі – осы тармақшада көзделген түзету ескерілмей айқындалған осындай кіріс сомасының 90 пайызы мөлшерінде.";

      2) 28-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "49) жұмыскердің салық салынатын кірісі – осы тармақшада көзделген түзету ескерілмей айқындалған осындай кіріс сомасының 90 пайызы мөлшерінде.".

      2-бап.

      1. Осы Заң, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1, 2, 3, 4, 6 және 7-тармақтарын, 9-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацын, 2), 5) және 6) тармақшаларын, 7) тармақшасының алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14) және 15) тармақшаларын, 10, 11, 12 және 13-тармақтарын, 14-тармағы 4) тармақшасының тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші абзацтарын, 5) және 6) тармақшаларын, 8) тармақшасының жетінші абзацын, 15-тармағын, 17-тармағының 2) және 3) тармақшаларын, 6) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он үшінші абзацтарын, 7) тармақшасының бесінші және тоғызыншы абзацтарын, 20, 21 және 22-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. Мыналар:

      1) осы Заңның 1-бабының 1 және 2-тармақтары, 3-тармағы 10) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары, 26) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары, 34) тармақшасы, 9-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацы, 2), 5) және 6) тармақшалары, 7) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтары, 8) және 9) тармақшалары, 10) тармақшасының үшінші абзацы, 11) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары, 12) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары, 13) және 14) тармақшалары, 15) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары, 14-тармағы 4) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтары, 5) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтары, 17-тармағының 2) тармақшасы, 3) тармақшасының он бірінші абзацы, 6) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтары, 7) тармақшасының тоғызыншы абзацы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;

      2) осы Заңның 1-бабы 3-тармағының 3) тармақшасы, 5) тармақшасының бесінші, алтыншы және тоғызыншы абзацтары, 6), 7), 8) және 9) тармақшалары, 11) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтары, 19), 20), 21) және 22) тармақшалары, 26) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары, 27), 28) және 29) тармақшалары 2029 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 262565
    Қазақ тілінде 131083
    Орыс тілінде 130588
    Ағылшын тілінде 894
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы