Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану, газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 297-VІ ҚРЗ

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50,51-құжаттар; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнындағы 124-2-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "124-2-бап. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың шекті бағасын бекіту";

      2) 116-баптың 3-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың шекті бағасын бекітуге;";

      3) 124-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "124-2-бап. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың шекті бағасын бекіту

      Мемлекет Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың шекті бағасын бекітеді.".

      2. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 23-IV, 112-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат):

      1) мазмұнындағы 98-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "98-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия";

      2) 94-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "94-бап. Аукцион өткізуге арналған өтініш

      1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға мүдделі тұлға құзыретті органға көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге аукцион өткізуге арналған өтінішті береді, онда мыналар қамтылуға тиіс:

      1) жеке тұлғалар үшін – өтініш иесінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, азаматтығы, өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжат;

      2) заңды тұлғалар үшін – өтініш иесінің атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді көшірме немесе өтініш иесі шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжат), басшылары туралы мәліметтер, өтініш иесін тікелей немесе жанама бақылайтын заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, мемлекеттер және халықаралық ұйымдар туралы мәліметтер;

      3) мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасында көрсетілген аукцион негізінде көмірсутектерді барлау мен өндіру немесе өндіру үшін берілетін жер қойнауы учаскесінің сұралатын аумағының атауы (егер ол мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасында көрсетілсе) және географиялық координаттары.

      2. Аукцион өткізуге арналған өтініш құзыретті органға келіп түскен күнінен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган осы Кодекстің 95-бабына сәйкес аукцион өткізу туралы хабарламаны жылына екі реттен асырмай жариялайды не мынадай негіздер бойынша:

      1) егер сұралатын жер қойнауы учаскесінің аумағы аукцион негізінде көмірсутектерді барлау мен өндіру немесе өндіру үшін берілуі мүмкін жер қойнауы учаскесінің шегіндегі аумақ ретінде мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасында көрсетілмесе не мұндай аумаққа сәйкес келмесе;

      2) егер өтініш иесі өтініш бергенге дейін үш жыл ішінде аукцион өткізуге басқа өтініш берсе, бірақ аукционға қатысушы ретінде тіркелмесе;

      3) осы Кодекстің 97-бабы 3-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 8) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша өтінішті қараудан бас тартады.

      Аукцион өткізу туралы хабарлама жарияланған жағдайда өтініш иесі осы Кодекстің 96-бабында белгіленген талаптарға сәйкес құзыретті органға аукционға қатысуға өтініш береді.

      3. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционды құзыретті орган ұйымдастырады және көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторы өткізеді.

      Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторы – құзыретті орган айқындайтын, осы Кодексте көзделген тәртіппен көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге аукциондар өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға.

      Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторын айқындау жөніндегі өлшемшарттарды құзыретті орган бекітеді.";

      3) 95-баптың 1, 5 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Аукцион өткізу туралы және оны өткізу шарттары туралы хабарлама қазақ және орыс тілдерінде құзыретті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      Аукционға қатысуға мүдделі тұлғалардың қатысуға өтініш берудің түпкілікті мерзімінен кешіктірмей, аукционды өткізу тәртібімен байланысты ақпаратты алуға құқығы бар.";

      "5. Аукционға қатысу жарнасының мөлшерін құзыретті орган аукционды дайындауға, өткізуге және қорытындыларын шығаруға арналған шығындар құнын негізге ала отырып, табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.

      6. Аукционға қатысу жарнасы көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторына төленеді және қайтарылуға жатпайды.";

      4) 98-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "98-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия

      1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторы қалыптастыратын электрондық аукциондар қорытындыларының тізілімдері негізінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін құрылған, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады.

      2. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия туралы ереже мен оның құрамын құзыретті орган бекітеді.

      3. Комиссияны төраға басқарады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.

      4. Комиссияның отырыстары, егер оларға комиссия мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, құқықты деп есептеледі.

      5. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссияның негізгі міндеті электрондық аукциондар қорытындыларының тізілімі негізінде көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге аукционға қатысушылар арасынан жеңімпазды айқындау болып табылады.

      6. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссияның:

      1) аукцион жеңімпазын электрондық аукциондар қорытындыларының тізілімі негізінде тануға;

      2) осы Кодексте белгіленген негіздер бойынша аукционды өткізбей тастауға немесе аукционды өтпеді деп тануға құқығы бар.";

      5) 99-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "99-бап. Аукцион өткізу

      1. Егер осы Кодекстің 95-бабында көрсетілген мерзімдерде аукционға қатысуға бірде-бір өтініш берілмеген және (немесе) егер өтініштерді қарау қорытындылары бойынша аукционға қатысуға бірде-бір өтініш иесі (аукцион өткізуге өтініш берген тұлғадан басқа) жіберілмеген жағдайларда, көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия аукционға қатысуға өтініштерді беру үшін берілген мерзім аяқталған не аукционға қатысуға өтініштерді қарау аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аукционды өткізбеу туралы шешім қабылдайды. Бұл жағдайда аукцион өткізуге өтініш берген тұлға қол қою бонусының бастапқы мөлшерін төлеген кезде аукцион жеңімпазымен келісімшарт жасасу үшін осы Кодекстің 100-бабында белгіленген тәртіппен осындай тұлғамен жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасалады.

      Аукционды өткізбеу туралы ақпарат көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия тиісті шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде құзыретті органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.

      2. Аукционға қатысуға жіберілген және көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының интернет-ресурсында аукционға қатысушылар ретінде тіркелген өтініш иелері аукционға қатысады.

      3. Аукцион аукционды өткізу туралы хабарламада көрсетілген күнге сәйкес күні өткізіледі.

      4. Құзыретті орган аукцион өткізілетін күнге дейін кемінде он жұмыс күні бұрын, аукционға қатысуға жіберілген өтініш иелеріне аукционның өткізілетін күні мен уақыты туралы хабарлайды.

      5. Аукцион көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының интернет-ресурсы пайдаланыла отырып, құзыретті орган айқындайтын тәртіппен электрондық нысанда өткізіледі.

      6. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторы:

      1) құзыретті орган аукционға қатысуға жіберген өтініш иелерін тіркеуді;

      2) электрондық аукциондардың сауда жүйесінде тіркеу үшін өтініш иелерінен құжаттарды қабылдауды;

      3) электрондық аукциондардың сауда жүйесінде жұмыс істеу бойынша нұсқаулық жүргізуді;

      4) аукционға қатысушылар үшін электрондық аукциондардың сауда жүйесіне қол жеткізудің тең жағдайларын;

      5) интернет-ресурсты пайдалана отырып, электрондық аукциондарды қашықтықтан өткізуді;

      6) электрондық аукциондар қорытындыларының тізілімін қалыптастыруды;

      7) электрондық аукциондар қорытындыларының тізілімін интернет-ресурста жариялауды;

      8) электрондық аукциондардың сауда жүйесінің тиісті жұмыс істеуі үшін техникалық құралдар кешенін, жүйелік және технологиялық бағдарламалық қамтылымды тұрақты жұмыс жағдайында ұстауды;

      9) электрондық аукциондар өткізуді регламенттейтін ішкі техникалық құжаттарды әзірлеу мен бекітуді;

      10) электрондық аукциондар өткізу мәселелері бойынша құзыретті органмен өзара іс-қимыл жасауды;

      11) электрондық аукциондар өткізу туралы ақпаратты көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының интернет-ресурсында орналастыруды;

      12) электрондық аукциондар өткізу бойынша жаңа бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді және (немесе) қолданыстағысын жаңғыртуды ұйымдастыруды;

      13) құзыретті орган айқындайтын тәртіппен электрондық аукциондарды өткізуді тоқтата тұруды, ауыстыруды немесе өткізбеуді қамтамасыз етеді.";

      6) 100-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Аукцион нәтижелері ол өткізілген күні жарияланады және комиссияның барлық қатысқан мүшесі қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Хаттаманың көшірмесі аукцион жеңімпазына табыс етіледі.

      Аукцион нәтижелері ол өткізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде құзыретті органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.";

      7) 101-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Аукционды өтпеді деп тану комиссияның барлық қатысқан мүшесі қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Аукционды өтпеді деп тану туралы хабарландыру хаттама ресімделген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде құзыретті органның интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.";

      8) 140-баптың 5 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Орталық комиссия базалық жобалау құжатын немесе әзірлеуді талдауды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны тәуелсіз сараптама жүргізуді ұйымдастыру үшін базалық жобалау құжаттарының тәуелсіз сараптама операторына жібереді.

      Базалық жобалау құжаттары мен әзірлеуді талдауларға тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыруға және жүргізуге арналған шығындарды жер қойнауын пайдаланушы тәуелсіз сараптама операторымен жасалған шарт негізінде өтейді.

      Тәуелсіз сараптама операторының базалық жобалау құжаттары мен әзірлеуді талдауларға тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыруға және жүргізуге арналған шығындарын айқындау тәртібі табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес белгіленеді.

      6. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, базалық жобалау құжаттары мен әзірлеуді талдаулардың тәуелсіз сараптама операторы тәуелсіз сарапшылардың қызметін ұйымдастыруды және оларды құзыретті орган бекіткен талаптарға сәйкес біліктілігі жағынан іріктеуді жүзеге асырады, сондай-ақ келіп түскен базалық жобалау құжатына немесе әзірлеуді талдауға тәуелсіз сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыны шарттық негізде айқындайды.";

      9) 277-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін мазмұнындағы 98-баптың тақырыбын, 94-баптың 3-тармағын, 95-баптың 5 және 6-тармақтарын, 98-баптың тақырыбын, 1, 2, 5 және 6-тармақтарын, 99-бапты;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы Кодекстің 99-бабы 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "99-бап. Аукцион өткізу

      1. Егер осы Кодекстің 95-бабында көрсетілген мерзімдерде аукционға қатысуға бірде-бір өтініш берілмеген және (немесе) егер өтініштерді қарау қорытындылары бойынша аукционға қатысуға бірде-бір өтініш иесі (аукцион өткізуге өтініш берген тұлғадан басқа) жіберілмеген жағдайларда, аукциондар өткізу жөніндегі комиссия аукционға қатысуға өтініштерді беру үшін берілген мерзім аяқталған күннен бастап не аукционға қатысуға өтініштерді қарау мерзімі аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аукционды өткізбеу туралы шешім қабылдайды. Бұл жағдайда аукцион өткізуге өтініш берген тұлға қол қою бонусының бастапқы мөлшерін төлеген кезде аукцион жеңімпазымен келісімшарт жасасу үшін осы Кодекстің 100-бабында белгіленген тәртіппен осындай тұлғамен жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасалады.

      Аукционды өткізбеу туралы ақпарат комиссия тиісті шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде құзыретті органның интернет-ресурсында орналастырылуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымында жариялануға тиіс.

      2. Аукционға қатысуға жіберілген және аукционға қатысушылар ретінде тіркелген өтініш иелері аукционға қатысады.

      4. Құзыретті орган аукцион өткізілетін күнге дейін кемінде он жұмыс күні бұрын, аукционға қатысуға жіберілген өтініш иелеріне аукционның өткізілетін күні, уақыты мен орны туралы хабарлайды.

      5. Аукционға қатысуға жіберілген өтініш иелерінің өкілдерін тіркеу аукцион өткізу басталардан бір сағат бұрын басталады және бес минут бұрын аяқталады.

      6. Аукционның тіркелген қатысушылары өткізілетін аукционның аудио- және бейнетіркеуін жүргізуге құқылы.

      7. Аукцион аукционға қатысушылардың аукцион қадамына аукционды өткізу туралы хабарламада көрсетілген қол қою бонусының бастапқы мөлшерінен бастап, қол қою бонусы мөлшерінің шамасы бойынша өз ұсыныстарын жариялауы арқылы ашық нысанда өткізіледі.

      Аукцион қадамының шамасы қол қою бонусының бастапқы мөлшерінің бестен елуге дейінгі пайызын құрайды.

      8. Аукционды тікелей өткізу комиссия тартатын не комиссия құрамынан сайланған аукционшыға тапсырылуы мүмкін.

      9. Аукционға қатысушыларға тіркеу нөмірлері бар тақтайшалар беріледі, егер олар қол қою бонусы мөлшерінің кезекті шамасы жарияланғаннан кейін сол соманы мәлімдеуге дайын болса, олар тақтайшаларды көтереді.

      10. Аукцион аукционға қатысушылардың санын, жер қойнауы учаскесі, оның негізгі сипаттамалары туралы мәліметтерді, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығын беру шарттарын, аукцион өткізу тәртібін, қол қою бонусының бастапқы мөлшерін және аукцион қадамын жариялаудан басталады.

      11. Аукцион өткізу кезінде аукционға қатысушылар қол қою бонусының мөлшері туралы ағымдағы ең төмен ұсынысты аукцион қадамының шамасына арттыруды көздейтін қол қою бонусының мөлшері туралы ұсыныстар береді.

      12. Аукционшы қол қою бонусы мөлшерінің аукцион қадамының шамасына ұлғайтылған оның бастапқы мөлшеріне тең алғашқы мәнін жариялайды.

      13. Егер қол қою бонусы мөлшерінің алғашқы мәні жарияланғаннан және сол мән үш рет қайталанғаннан кейін аукционға қатысушылардың ешқайсысы өзінің тіркеу нөмірі бар тақтайшасын көтермесе, аукцион тоқтатылады және өтпеді деп танылады.

      14. Ағымдағы ең төмен ұсыныс болмаған жағдайда, аукционға қатысушы аукцион қадамының шамасына қарамастан, қол қою бонусының бастапқы мөлшерінен жоғары қол қою бонусының мөлшері туралы ұсыныс беруге құқылы.

      15. Бір тақтайша көтерілген жағдайда, аукционшы өз тақтайшасын көтерген аукционға қатысушының тіркеу нөмірін атайды. Бірнеше тақтайша көтерілген жағдайда, аукционшы өз тақтайшасын бірінші болып көтерген аукционға қатысушының тіркеу нөмірін атайды.

      16. Аукцион қадамдарының өту ведомосына аукционшы атаған аукционға қатысушының нөмірі ғана енгізіледі.

      17. Қол қою бонусы мөлшерінің әрбір кейінгі мәнін аукционшы ағымдағы мәнді аукцион қадамының шамасына ұлғайту арқылы белгілейді.".

      3. "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-II, 131-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 70-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 14, 54-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 31-9) тармақшамен толықтырылсын:

      "31-9) электр станцияларының тізбесі – осы Заңда белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін энергия өндіруші ұйымдардың бекітілген тізбесі;";

      2) 5-бап мынадай мазмұндағы 70-37) және 70-38) тармақшалармен толықтырылсын:

      "70-37) тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      70-38) электр станцияларының тізбесін бекітеді;";

      3) 15-5-баптың 8-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Тізілімге енгізілген тұтынушылардың электр қуатын құру бойынша осы баптың 6-тармағында көзделген міндеттемелері тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне, оның ішінде электр станцияларының тізбесіне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілері құрған электр қуатының шамасына жиынтығында мынадай шарттар орындалған кезде:";

      4) мынадай мазмұндағы 15-7-баппен толықтырылсын:

      "15-7-бап. Электр станцияларының тізбесін қалыптастыру

      1. Энергия өндіруші ұйым өлшемшарттарға сәйкес келген және осы бапта көрсетілген құжаттар болған кезде электр станцияларының тізбесіне енгізіледі.

      2. Электр станцияларының тізбесіне енгізу үшін энергия өндіруші ұйым жиынтығында мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:

      1) электр қуатының жабылмайтын тапшылығы бар және (немесе) болжанатын Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің аймағында жаңа электр қуаттары құрылады және 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға беріледі;

      2) жаңа құрылған электр қуаттарында электр энергиясын өндіру үшін отын ретінде тауарлық газ пайдаланылады немесе пайдаланылатын болады;

      3) жаңа құрылған электр қуаттары электр қуатын автоматты түрде реттеуге қосылады және реттеу диапазоны белгіленген электр қуатынан кемінде жиырма пайыз болады.

      3. Электр станцияларының тізбесіне енгізу үшін энергия өндіруші ұйым уәкілетті органға жаңа электр қуаттарын автоматты түрде реттеуге қосу талаптарын қамтитын, тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу қағидаларына сәйкес жүйелік оператордан алынған немесе онымен келісілген техникалық шарттарды қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне қосуға өтініш береді.

      4. Жаңа электр қуаттары пайдалануға берілгеннен кейін он жыл бойы электр станцияларының тізбесіне енгізілген энергия өндіруші ұйым мен жүйелік оператор арасында жыл сайын жүйелік оператордың шартты жасасқан жылдың алдындағы күнтізбелік жыл ішінде электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуының орташа өлшемді шартты бағасына тең баға бойынша, ұлғайтуға немесе төмендетуге белгіленген электр қуатынан кемінде жиырма пайыз реттеу диапазонында осы қызметтерді көрсетуге арналған шарт жасалады.".

      4. "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 66-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар):

      3-баптың 2-тармағы 2) тармақшадағы "өндіру жөніндегі қатынастарға қолданылмайды." деген сөздер "өндіру жөніндегі;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін өткізуі кезінде туындайтын қатынастарға қолданылмайды.".

      5. "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 8-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 72-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 49-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат):

      1) 1-бапта:

      25) тармақша алып тасталсын;

      26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "26) көтерме саудада өткізу – тауарлық, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды одан әрi өткiзу мақсатында iшкi нарықта не Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде өткiзу жөнiндегi, сондай-ақ газ тарату ұйымының газын нормативтік техникалық ысыраптарға және электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушыларға өткізген жағдайлардағы кәсiпкерлiк қызмет;";

      мынадай мазмұндағы 28-1) және 30-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "28-1) мұнай-газ-химия өнімдері – химиялық процестерді жүзеге асыру жолымен көмірсутек шикізаты (мұнай және газ) негізінде алынатын және дайын өнім ретінде де (жанар-жағармай материалдарын қоспағанда), кейіннен химиялық өзгертулер үшін шикізат ретінде де пайдаланылатын өнім;";

      "30-1) өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор – мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін тауарлық газды сатып алатын және уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген заңды тұлға, сондай-ақ тұтынушыларға одан әрі өткізу мақсатында сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газ өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын заңды тұлға;";

      39) және 40) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "39) тұтынушы – тұрмыстық, коммуналдық-тұрмыстық, өнеркәсіптік тұтынушы, өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор немесе электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушы;

      40) уәкілетті орган – газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;";

      мынадай мазмұндағы 44) тармақшамен толықтырылсын:

      "44) электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушы – "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электр станцияларының тізбесіне енгізілген, электр энергиясын өндіру үшін отын ретінде тауарлық газды пайдаланып жүрген немесе пайдаланатын заңды тұлға.";

      2) 6-бапта:

      мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7-1) мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      7-2) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен, табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;";

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) газ және газбен жабдықтау саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;";

      3) 7-бапта:

      1-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақта:

      бірінші абзацтағы "монополиялар" деген сөз "монополиялардың тиісті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін келіседі;";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган:

      1) мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін келіседі;

      2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";

      5-тармақ мынадай мазмұндағы 6-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-3) мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін келіседі;";

      4) 8-баптың 4-тармағы 8) тармақшадағы "өнеркәсіптік тұтынушылары тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің субъектілері болып табылады." деген сөздер "өнеркәсіптік тұтынушылары;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:

      "9) өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар;

      10) электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің субъектілері болып табылады.";

      5) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11) газ және газ конденсаты кен орындарында көмірсутектерді барлау мен өндіруді немесе өндіруді жүзеге асырады.";

      6) 14-баптың 7-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) автогаз толтыру компрессорлық станцияларын және өнеркәсіптік тұтынушылардың және өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлардың газ тұтыну жүйелерін иеліктен шығаруға;";

      7) 15-баптың 5, 7 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың шекті бағасы уәкілетті органның сараптауына және бекітуіне жатады.";

      "7. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және (немесе) тауарлық газдың шекті бағасының есеп-қисаптарын сараптау нәтижелері бойынша уәкілетті орган материалдарды алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде жыл сайын 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және (немесе) тауарлық газдың шекті бағасын бекітеді және жер қойнауын пайдаланушыға шикі және (немесе) тауарлық газдың шекті бағасын бекіту туралы хабарлама не оны өзгерту қажеттігі туралы дәлелді қорытынды жібереді.

      8. Жер қойнауын пайдаланушылар мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және (немесе) тауарлық газдың уәкілетті орган бекіткен шекті бағасынан асырмауға міндетті.";

      8) 17-баптың 6-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) тауарлық және сұйытылған мұнай газын коммуналдық-тұрмыстық, өнеркәсіптік тұтынушыларға, өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторларға және электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушыларға;";

      9) 19-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Өнеркәсіптік тұтынушылар, өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар және электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар өздеріне тиесілі газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсету үшін білікті персонал, сондай-ақ газ тұтыну жүйелерінің қауіпсіз жұмысына жауапты адам ұстауға не газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған мамандандырылған ұйыммен өздеріне тиесілі газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті.";

      10) 20-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тауарлық газды iшкi нарықта көтерме саудада өткiзудiң шектi бағалары Қазақстан Республикасының өңiрлерiн газбен жабдықтаудың экономикалық және әлеуметтiк жағдайлары ескерiле отырып, әрбiр облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, тұтынушыларға одан әрі өткізу мақсатында сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газ өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар үшін жыл сайын 1 шілдеде жеке белгiленедi.

      Қазақстан Республикасының тауарлық газбен жабдықталмаған өңiрлерi үшін тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасының деңгейі есептелмейді.";

      мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "2-1. Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар үшін тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағалары кейіннен жыл сайын 1 шілдеге белгілене отырып, жобалар пайдалануға енгізілген күннен бастап 1 шілдеге дейінгі мерзімге әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін жеке белгіленеді.

      2-2. Электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар үшін тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағалары электр станцияларының тізбесіне енгізілген әрбір тұтынушы үшін жаңа электр қуаттары пайдалануға берілген күннен бастап кемінде он жыл мерзімге жеке белгіленеді.";

      3-тармақтағы "монополиялар" деген сөз "монополиялардың тиісті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "3-1. Уәкiлеттi орган табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсу бойынша мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор үшін тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткiзудiң шектi бағаларын кейіннен жыл сайын 15 мамырдан кешiктiрiлмейтiн мерзімде бекіте отырып, жоба пайдалануға енгізілген күнге дейін отыз жұмыс күнінен кешiктiрмей бекiтедi.

      3-2. Уәкiлеттi орган табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсу бойынша электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушы үшін тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткiзудiң шектi бағаларын жаңа электр қуаттары пайдалануға берілген күнге дейін отыз жұмыс күнінен кешiктiрмей бекiтедi.";

      6-тармақтағы "монополиялар" деген сөз "монополиялардың тиісті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 21-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) сатып алынған шикі және тауарлық газдың көлемдері туралы мәліметтерді жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей;";

      12) 25-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар, электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар пайдаланатын тауарлық газдың көлемін есепке алу тауарлық газды қабылдау (беру) пункттерінде орнатылған есепке алу аспаптары бойынша жүргізіледі.".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 274627
    Қазақ тілінде 136991
    Орыс тілінде 136631
    Ағылшын тілінде 1005
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы