Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 169 Заңы.

МАЗМҰНЫ

      Осы Заң депозиторлар - жеке тұлғалардың, оның ішінде дара кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауға бағытталған және ол, талап етуге дейінгі процентсіз депозиттерді және ислам банктерінде орналастырылған инвестициялық депозиттерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесi жұмыс iстеуiнiң құқықтық негiздерiн, депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның құрылу және оның қызмет ету, екiншi деңгейдегi банктердiң депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қатысу тәртiбiн, сондай-ақ жүйеге қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының өзге де мәселелерiн айқындайды.

      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді – ҚР 2009.02.12 № 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) агент банк - депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң қатысушысы болып табылатын және депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйыммен жасалған келiсiмнiң негiзiнде депозиторларға кепiлдiк берiлген өтем төлеу жөнiндегi рәсiмдердi орындайтын банк;

      2) банк - екiншi деңгейдегi банк;

      3) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесi - осы Заңда көзделген, қатысушы банктер депозиторларының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған ұйымдық-құқықтық шаралар кешенi;

      4) жарналар - депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға қатысушы банктердiң осы Заңның талаптарына сәйкес төлейтiн төлемдерi;

      5) кепiлдiк берiлген депозит - осы Заңға сәйкес депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру объектiсi болып табылатын депозит;

      6) кепiлдiк берiлген өтем - осы Заңға сәйкес депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым кепiлдiк берiлген депозит бойынша депозиторға төлейтiн ақша сомасы;

      7) қатысушы банк - депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң қатысушысы болып табылатын, тартылған депозиттерiн қайтару жөнiндегi мiндеттемелерiне осы Заңға сәйкес кепiлдiк берiлетiн банк;

      8) қатысушы банктiң куәлiгi - депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым қатысушы банкке беретiн және оның депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қатысатынын куәландыратын құжат;

      9) қосылу шарты - банктiң депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қосылу шарты, оның талаптарын депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым айқындайды және олар жүйеге кiретiн барлық банктер үшiн стандартты болып табылады;

      10) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Қазақстан Республикасының депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

3-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң мақсаттары мен принциптерi

      Ескерту. 3-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң мақсаты қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету, соның iшiнде қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған жағдайда депозиторларға кепiлдiк берiлген өтемдi төлеу арқылы банк жүйесiне деген сенiмдi қолдау болып табылады.

      2. Мыналар:

      1) жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауды, банк шоттарын ашуды және жүргiзудi жүзеге асыратын банктердiң депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қатысу мiндеттiлiгi;

      2) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң айқындығын қамтамасыз ету;

      3) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң жұмыс iстеуiне байланысты тәуекелдердi азайту;

      4) арнайы резервтi қалыптастырудың жинақтаушы сипаты депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң негiзгi қағидаттары болып табылады.

      Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

2-тарау. ДЕПОЗИТТЕРГE МIНДЕТТI КЕПIЛДIК БЕРУДI ЖҮЗЕГЕ
АСЫРАТЫН ҰЙЫMHЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСI ЖӘНЕ OHЫҢ ҚЫЗМЕТI

4-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымды құру

      1. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым акционерлiк қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын және өз қызметiн осы Заңның, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерінiң және жарғының негiзiнде жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым болып табылады.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшысы – жалғыз акционерi болып табылады.

      Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның негiзгi мiндеттерi мен функциялары

      1. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның негiзгi мiндеттерi:

      1) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге қатысу;

      2) қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған жағдайда кепiлдiк берiлген депозиттер депозиторларының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау болып табылады.

      2. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым өзiнiң негiзгi мiндеттерiн орындау үшiн мынадай функцияларды орындайды:

      1) осы Заңның талаптарына сәйкес кепiлдiк берiлген өтемдi төлейдi;

      2) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы банктердiң тiзiлiмiн жүргiзедi;

      2-1) осы Заңның 16-бабында көзделген жағдайда банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізуге қатысады;

      3) активтерді инвестициялайды;

      4) арнайы резерв қалыптастырады;

      5) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындаған тәртіппен конкурстық негізде агент банкті таңдайды;

      6) қатысушы банктi консервациялау кезеңiнде тағайындалатын уақытша әкiмшiлiктiң құрамына қатысады;

      7) қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргiзу лицензиясынан айыру кезеңiнде тағайындалатын уақытша әкiмшiлiктiң құрамына қатысады;

      8) тарату комиссиясы депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым алдында ол төлеген (төлейтiн) кепiлдiк берiлген өтем сомасы бойынша берешектi өтеген кезге дейiн мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктiң тарату комиссиясының құрамына қатысады;

      9) тарату комиссиясы депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым алдында ол төлеген (төлейтiн) кепiлдiк берiлген өтем сомасы бойынша берешектi өтеген кезге дейiн мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктiң кредиторлар комитетiнiң құрамына қатысады.

      Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.12. № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның кепiлдiктерi

      1. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күннен бастап оның депозиторларына кепiлдiк берiлген өтемдi төлеу жөнiнде өзiне мiндеттеме қабылдайды.

      2. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның депозиторларға кепiлдiк берiлген өтемдi төлеу жөнiндегi мiндеттемелерi қатысушы банктi мәжбүрлеп тарату туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тiзiлiмiне енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн, бiрақ қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күннен бастап кем дегенде бес жылдан кейiн тоқтатылуға жатады.

      Уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның осындай банктің депозиторларына кепілдік берілген өтемді төлеу жөніндегі міндеттемелері тоқтатылады.

      Бұл ретте қатысушы банктің депозиторлар алдындағы міндеттемелері депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым төлеген кепілдік берілген өтем сомасына азайтылады.

      Уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылуына байланысты кепілдік берілген өтемді төлеу жүзеге асырылмаған депозиторлар алдындағы қатысушы банктің міндеттемелері осы Заңның 21-бабының 5-тармағына сәйкес жүргізілген кепілдік берілетін депозит сомасы мен қарсы талаптар сомасын есепке жатқызу нәтижелері ескеріле отырып сақталады.

      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның құқықтары мен мiндеттерi

      1. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым:

      1) қатысушы банктердiң жарналар төлеуiн талап етуге;

      1-1) қатысушы банктердің қосылу шартының талаптарын тиісінше орындауын талап етуге;

      2) өз депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін орнықсыз қаржылық жағдайы бар банк санатына жатқызылған және (немесе) төлеуге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған қатысушы банктен, банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктен (банкті уақытша басқарушыдан) жеке тұлғалардың депозиттері бойынша мәліметтерді, сондай-ақ кредитор мен борышкер бір тұлға болған жағдайда олардың міндеттемелері жөніндегі, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді сұратуға;

      3) алып тасталды - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3-1) осы Заңның 8-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты алуға;

      4) осы Заңның 9-бабына сәйкес уәкiлеттi органнан қатысушы банктердiң қаржылық жай-күйi туралы ақпаратты қоса алғанда, депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi ақпарат алуға;

      5) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      6) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      7) Осы Заңның 23-бабында көзделген жағдайда қарыз алуды жүзеге асыруға;

      8) қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру кезеңінде тағайындалатын уақытша әкімшіліктен, қатысушы банктің тарату комиссиясынан кепiлдiк берiлетiн депозиттер бойынша депозиторлардың тiзiмiн, сондай-ақ кепiлдiк берiлетiн депозиттер бойынша кепiлдiк берілген өтемнің есеп-қисабын уақтылы ұсынуды талап етуге;

      9) қатысушы банк Қазақстан Республикасының депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы заңнамасының талаптарын бұзған жағдайда уәкiлеттi органның алдында оған ықпал ету шараларын және санкциялар қолдану туралы өтiнiшхат беруге;

      10) уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда, барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған қатысушы банктен осы банктің депозиторларына төленген кепілдік берілген өтем сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.

      2. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым:

      1) қосылу шартының талаптарын айқындауға;

      2) қатысушы банктердiң жарналарды толық әрi уақтылы төлеуiне бақылау жасауға;

      3) барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған қатысушы банктiң депозиторларына осы Заңда көзделген тәртiппен кепiлдiк берiлген өтем төлеуге;

      3-1) банк мүлкінің мөлшері мен басқа банкке (банктерге) берілетін кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелердің мөлшері арасындағы айырманы толтыруға;

      4) өзінің функцияларын жүзеге асыру процесінде мәлім болған қатысушы банктер және олардың клиенттері туралы ақпаратты тек қызметтік мақсаттарда ғана пайдалануға;

      5) уәкiлеттi органға қатысушы банктердiң Қазақстан Республикасының депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы заңнамасын бұзу фактiлерi туралы хабарлауға;

      5-1) осы Заңның 8-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты беруге;

      5-2) осы Заңның 9-бабына сәйкес уәкілетті органға депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты беруге;

      6) депозиторларға осы Заңның 21-бабында көзделген ақпаратты беруге және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуге;

      7) арнайы резервтегі активтердің және меншікті активтердің бөлек бухгалтерлік есебін жүргізуге;

      8) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына және осы Заңның 13-бабы 2-тармағының 5) және 5-1) тармақшаларына сәйкес алынған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.

      3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым бұрынғы қызметкерлерді қоса алғанда, өз қызметкерлерін, олардың екінші деңгейдегі банктердің уақытша әкімшіліктері мен тарату комиссиялары мүшелерінің міндеттерін атқарған кезеңдегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдер қабылдауына байланысты оларға қарсы талап арыздар берілген жағдайда, оларды құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның өзара iс-қимыл жасау негiздерi

      Ескерту. 8-бап алып тасталды - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның өзара іс-қимыл жасау негіздері

      1. Өз функцияларын тиiсiнше және уақтылы орындау мақсатында депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді сұратады және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне оның сұрау салуы бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты береді. Бұл ретте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алған мәліметтер жария етуге жатпайды.

      2. Осы Заңда көзделген жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен қарыз алуға құқылы.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның активтерін инвестициялау тәртібін айқындайды.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым өз қызметін үйлестіреді, қабылданатын құжаттарды келіседі және депозиттерге міндетті кепілдік беру жөнінде жүргізілетін іс-шаралар туралы бір-біріне хабарлайды.

      Ескерту. 2-тарау 8-1-баппен толықтырылды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

9-бап. Уәкiлеттi орган мен депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның өзара iс-қимыл жасау негiздерi

      1. Уәкiлеттi орган мен депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым өз қызметтерiн үйлестiредi, қабылданатын құжаттарын келiседi және депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру бойынша жүргiзiлетiн iс-шаралар жөнiнде бiр-бiрiн хабардар етедi.

      2. Өз функцияларын тиiсiнше және уақтылы орындау мақсатында депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беруді жүзеге асыратын ұйым уәкiлеттi органнан депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді сұратады және уәкілетті органға оның сұрау салуы бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты береді. Бұл ретте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алған мәліметтер жария етуге жатпайды.

      3. Алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      4. Алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-тарау. БАНКТЕРДIҢ ДЕПОЗИТТЕРГЕ МIНДЕТТI КЕПIЛДIК БЕРУ
ЖҮЙЕСIНЕ ҚАТЫСУ ТӘРТIБI

10-бап. Банктердiң депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне кiруi

      1. Банк депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне кiру үшiн уәкiлеттi органның жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға, банк шоттарын ашу мен жүргiзуге берген лицензиясын алған күннен кейiнгi күннен кешiктiрмей депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға аталған лицензияның нотариалдық жолмен куәландырылған көшiрмесiн табыс етедi.

      2. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне кiретiн банк уәкiлеттi органның жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға, банк шоттарын ашу мен жүргiзуге берген лицензиясын алған күнi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген нысан бойынша жасалған өтiнiш беру арқылы қосылу шартына қосылуға мiндеттi.

      Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне кiретiн банк қосылу шартына қосылу туралы өтiнiшiн бермеген жағдайда депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым екi жұмыс күнi iшiнде осы фактi туралы уәкiлеттi органды хабардар етедi.

      3. Уәкiлеттi орган қосылу шартына қосылу туралы өтiнiш бермеген банкке Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес санкциялар қолдану туралы мәселенi қарайды.

      4. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым банктен оның қосылу шартына қосылуы туралы өтiнiшiн алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оған қатысушы банктiң куәлiгiн бередi.

      Қатысушы банк куәлiгi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы банктер тiзiлiмiне ақпарат енгiзiлген күнi берiледi.

      5. Банк мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы банктер тiзiлiмiне ақпарат енгiзiлген күннен бастап депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң қатысушысы болады.

      6. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы банктер тiзiлiмiне тиiстi ақпарат енгiзу арқылы қатысушы банктердiң берiлген және күшi жойылған куәлiктерiнiң есебiн жүргiзедi.

      7. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің тізілімі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.

      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

11-бап. Қосылу шарты

      1. Банктiң қосылу шартына қосылуы оның депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қатысуының мiндеттi шарты болып табылады.

      2. Қосылу шартында:

      1) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның толық атауы, оның орналасқан жерi және банктiк деректемелерi туралы мәлiметтер;

      2) шарттың нысанасы;

      3) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;

      4) жарналарды төлеу тәртiбi;

      5) қатысушы банктің депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға өз міндеттері мен функцияларын орындау үшін қажетті мәліметтерді, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді ұсыну тәртібі, шарттары және мерзімдері, сондай-ақ депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның оларды сақтау тәртібі;

      5-1) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындайтын, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қатысушы банктердің шарт талаптарын орындау сәйкестігін анықтау жөніндегі, оның ішінде қатысушы банктің кепiлдiк берiлетiн депозиттер бойынша міндеттемелерін және кепілдік берілген өтем сомаларын автоматтандырылған есепке алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібі;

      6) қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған жағдайда қатысушы банктердiң кепiлдiк берiлетін депозиттер және солар бойынша депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым өтейтiн сомалар бойынша өз мiндеттемелерiн есептеу тәртiбi;

      7) шартты тоқтату талаптары;

      8) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның қатысушы банктiң банктік шоттарынан толық немесе iшiнара төленбеген жарналар сомасын, сондай-ақ қатысушы банк шарт бойынша өз міндеттемелерiн орындамағаны үшiн тұрақсыздық айыбын акцептсіз тәртiппен есептен шығару құқығын қоса алғанда, тараптардың шартты бұзғаны үшiн жауаптылығы туралы талаптар;

      9) уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым төлеген кепілдік берілген өтем сомасын қайтару тәртібі мен шарттары қамтылуға тиіс.

      3. Қосылу шарты депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң қатысушы банктер тiзiлiмiне ақпарат енгiзiлген кезден бастап күшiне енедi және қатысушы банктi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығарған жағдайда тоқтатылады.

      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

12-бап. Қатысушы банктер жарналарының түрлерi және оларды төлеу тәртiбi

      1. Қатысушы банк осы Заңға және қосылу шартына сәйкес депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға мынадай жарналар төлеуге мiндеттi:

      1) мiндеттi күнтiзбелiк жарналар - қатысушы банктердiң тоқсан сайынғы төлемдерi;

      2) қосымша жарналар - депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның кепiлдiк берiлген өтемдi төлеу үшiн арнайы резервi жеткiлiксiз болған жағдайда қатысушы банк төлейтiн бiр жолғы төлемдер;

      3) төтенше жарналар - қатысушы банктердiң депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым осы Заңның 23-бабында белгiленген тәртiппен алған қарыз сомасын және ол бойынша есептелген сыйақыны толық өтеуге арналған төлемдерi.

      Төтенше жарналарды төлеу қатысушы банктердiң мiндеттi күнтiзбелiк жарналарды төлеу мiндеттемелерiн тоқтатып қоймайды.

      2. Қатысушы банктiң жарналарды төлеу тәртiбi мен мөлшерiн депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындайды.

      Қатысушы банктiң мiндеттi күнтiзбелiк жарнасының мөлшерi есеп берiлген тоқсаннан кейiнгi айдың бiрi күнгi жағдай бойынша қатысушы банктiң кепiлдiк берiлген депозиттерi сомасының 0,5 процентiнен аспауға тиiс.

      Қатысушы банктiң қосымша жарнасының мөлшерi аталған қатысушы банк депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға өткен тоқсан үшiн төлейтiн мiндеттi күнтiзбелiк жарнаның екi еселенген мөлшерiнен аспауға тиiс.

      Қатысушы банктiң төтенше жарнасының жылдық мөлшерi аталған қатысушы банк депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға тоқсан сайын төлейтiн мiндеттi күнтiзбелiк жарнаның жылдық мөлшерiнен аспауға тиiс.

      3. Қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күннен бастап қатысушы банктің жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелері тоқтатылады.

      4. Қатысушы банктердiң қосылу шартына сәйкес төлеген жарналары қайтарылмайды.

      Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.12. № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

13-бап. Қатысушы банктiң құқықтары мен мiндеттерi

      1. Қатысушы банк:

      1) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымнан жарна ставкалары және оларды төлеу мерзiмi жөнiндегi мәлiметтердi, сондай-ақ депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру мәселелерi бойынша банктiк және заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын ақпараты жоқ өзге де мәлiметтердi алуға;

      2) агент банктi таңдау жөнiндегi конкурсқа қатысуға;

      3) бұқаралық ақпарат құралдарында өзiнiң депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қатысатыны туралы мәлiметтердi таратуға құқылы.

      2. Қатысушы банк:

      1) осы Заңға сәйкес жарналарды уақтылы және толық көлемде төлеуге;

      2) клиенттердi қатысушы банк куәлiгiнiң нөмiрi мен берiлген күнiн көрсете отырып өзiнiң депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қатысатыны туралы, сондай-ақ кепiлдiк берiлген өтемдi төлеу шарттары туралы хабардар етуге;

      3) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға кепiлдiк берiлген депозиттердi қайтару жөнiндегi мiндеттемелерiн толық және уақтылы орындау мүмкiн болмай қалуына әкеп соғатын жағдайдың туындағаны туралы мұндай жағдай туындаған кезден бастап күнтiзбелiк бес күн iшiнде хабарлауға;

      4) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға өздерi төлеген жарналар бойынша есептердiң дұрыстығын растайтын мәлiметтердi ұсынуға;

      5) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның сұрау салуы бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де ақпаратты, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді беруге;

      5-1) қатысушы банк орнықсыз қаржылық жағдайы бар банктер санатына жатқызылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның сұратуы бойынша жеке тұлғалардың депозиттері жөніндегі мәліметтерді, сондай-ақ кредитор мен борышкер бір тұлға болған жағдайда олардың міндеттемелері жөніндегі, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді ұсынуға;

      6) қосылу шартының талаптарын сақтауға;

      7) уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым төлеген кепілдік берілген өтем сомасын қосылу шартында көзделген тәртіппен қайтаруға міндетті.

      3. Қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру кезеңінде тағайындалатын уақытша әкімшілік қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күннен бастап жиырма бес жұмыс күні ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру күніне жасалған кепілдік берілетін депозиттер бойынша депозиторлар тізімін, сондай-ақ кепілдік берілетін депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемнің есеп-қисабын ұсынуға міндетті.

      Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

14-бап. Қатысушы банктiң атауын өзгерту салдары

      1. Қатысушы банк депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға өз атауының өзгергенi туралы мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтаманы алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде хабарлайды.

      2. Қатысушы банктiң атауы өзгерген жағдайда депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым қатысушы банктен растайтын құжаттарды алған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң қатысушы банктер тiзiлiмiне тиiстi өзгерiстер енгiзе отырып қатысушы банктiң куәлiгiн ауыстырады. Бұл ретте, мұндай банкке бұрын берiлген қатысушы банк куәлiгiнiң күшi жойылуға тиiс.

      Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

4-тарау. Қатысушы банктердi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығару тәртiбi және депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның банк активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру жөніндегі операция жүргізуге қатысуы

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

15-бап. Қатысушы банктi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығару

      1. Қатысушы банктi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығаруға мыналар:

      1) уәкiлеттi органның қатысушы банкті жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға, олардың банк шоттарын ашу мен жүргiзуге арналған лицензиясынан не барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыруы;

      2) қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен қатысушы банктiң қызметiн тоқтату;

      3) қатысушы банктiң уәкiлеттi органға жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға, банк шоттарын ашу мен жүргiзуге берiлген лицензияны ерiктi түрде қайтарып беруi;

      4) қатысушы банктің осы Заңның 13-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген міндетті орындамауы негіз болып табылады.

      2. Қатысушы банк:

      1) уәкiлеттi орган қатысушы банкті жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға, банк шоттарын ашу мен жүргiзуге арналған лицензиясынан не барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырған кезде - уәкiлеттi органның осындай лицензиядан айыру туралы шешiмi күшiне енген күннен бастап;

      2) қатысушы банк мәжбүрлеп қайта ұйымдастырылған кезде - қатысушы банктi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап;

      3) қатысушы банк ерiктi түрде қайта ұйымдастырылған кезде – қатысушы банктiң ерiктi түрде қайта ұйымдастырылуына уәкiлеттi органның рұқсатында көрсетілген күннен бастап;

      3-1) қатысушы банк ерiктi түрде таратылған кезде – қатысушы банктiң ерiктi түрде таратылуына уәкiлеттi органның рұқсаты алынған күннен бастап;

      4) қатысушы банк уәкiлеттi органға жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға, банкте шоттарын ашуға және жүргiзуге арналған лицензияны ерiктi түрде қайтарған кезде - оның ерiктi түрде қайтарылуына байланысты лицензияның қолданылуы тоқтатылғаны туралы уәкiлеттi органның шешiмi күшiне енген күннен бастап;

      5) қатысушы банк осы Заңның 13-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген міндетті орындамаған кезде – депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы шешім қабылдаған күннен бастап депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығарылуға жатады.

      3. Қатысушы банктi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығару депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң қатысушы банктердiң тiзiлiмiне қатысушы банктiң куәлiгiн жою туралы жазба енгiзу арқылы жүзеге асырылады.

      4. Қатысушы банктi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығару депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның қатысушы банкте ол жүйеден шығарылған күнге дейiн жатқан кепiлдiк берiлген депозиттер бойынша мiндеттемелерiн тоқтатпайды.

      Уәкілетті органның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға және жүргізуге берілген лицензиядан айыруы, ерікті қайта ұйымдастыру негіздері бойынша, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша қатысушы банктi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығарған кезде жүйеден шығарылған банк оны шығарған күннен бастап үш ай iшiнде жеке тұлғалардың депозиттерiн тiкелей төлеу арқылы не Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, оларды басқа қатысушы банкке аудару арқылы қайтарып беруге мiндеттi.

      Осы баптың 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша қатысушы банкті депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығарған кезде жүйеден шығарылған банк Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес депозиттерді қайтарып беруге міндетті.

      Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.12. № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.10.23 № 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.04.2015 № 311-V (01.09.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

16-бап. Кепiлдiк берiлген депозиттер бойынша мiндеттемелердiң бiр бөлiгiн және мәжбүрлеп таратылатын банктiң мүлкін бiр мезгiлде беру ерекшелiктерi

      1. Депозиторлардың мүдделерiн қорғау мақсатында банк активтері мен міндеттемелерін жеке және (немесе) заңды тұлғалар алдында ішінара не толық көлемде басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру операциясын жүргізуге жол берiледi, оны жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының банк заңнамасында айқындалады.

      2. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Егер осы баптың 1-тармағына сәйкес берiлетiн кепiлдiк берiлген депозиттер бойынша мiндеттемелердiң мөлшерi банк мүлкінің мөлшерiнен асып кетсе, депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым арнайы резерв қаражаты есебiнен пайда болған айырманың орнын толтыруға міндетті.

      4. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым осы баптың 3-тармағына сәйкес беретiн қаражат мөлшерi кепiлдiк берiлген өтем ретiнде төленуге жататын, осы Заңның 18-бабына сәйкес айқындалатын сомадан аспауға тиiс.

      Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.10.23 № 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-тарау. ДЕПОЗИТТЕРГЕ МIНДЕТТI КЕПIЛДIК БЕРУ ОБЪЕКТIЛЕРI.
КЕПIЛДIК БЕРIЛГЕН ӨТЕМДI ТӨЛЕУ МӨЛШЕРI МЕН ТӘРТIБI

17-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру объектiлерi

      Қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған жағдайда, банк шоттарында жатқан және банктік шот және (немесе) банктік салым шарттарымен куәландырылған жеке тұлғалардың теңге мен шетел валютасындағы депозиттерiн және қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күнге есепке жазылған осындай депозиттер бойынша сыйақыны қайтару бойынша қатысушы банктiң мiндеттемелерi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру объектiлерi болып табылады.

      Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

18-бап. Кепiлдiк берiлген өтем

      1. Қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік берілетін депозиттер бойынша депозиторларға:

      ұлттық валютадағы жинақ салымдары (депозиттері) бойынша – он бес миллион теңгеден аспайтын;

      ұлттық валютадағы өзге де депозиттер бойынша – он миллион теңгеден аспайтын;

      шетел валютасындағы депозиттер бойынша – бес миллион теңгеден аспайтын қалдықтар сомасында кепілдік берілген өтем төлейді.

      Депозитордың қатысушы банкте түрі мен валютасы бойынша әртүрлі бірнеше кепілдік берілетін депозиті болған кезде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым олар бойынша он бес миллион теңгеден аспайтын сомада жиынтық кепілдік берілген өтем төлейді.

      2. Кепілдік берілетін депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді төлеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі. Шетел валютасындағы депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді есептеу үшін валюта айырбастаудың қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру күніне айқындалған нарықтық бағамы пайдаланылады.

      Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

19-бап. Депозиторлардың кепiлдiк берiлген өтем алу құқықтары

      1. Депозитор осы Заңда белгiленген мөлшерде және тәртiппен кепiлдiк берiлген депозит бойынша кепiлдiк берiлген өтем алуға құқылы.

      2. Алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Депозитор бiрнеше қатысушы банктерде депозиттер ашқан жағдайда депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым кепiлдiк берiлген өтемдi әрбiр қатысушы банк бойынша жеке-жеке төлейдi.

      Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.10.23 № 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 № 524-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

20-бап. Агент банк

      1. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым кепiлдiк берiлген өтемдi қатысушы банктер арасынан конкурстық негiзде таңдап алынған агент банк (банктер) арқылы төлейдi.

      Агент банктi таңдау жөнiндегi конкурсты өткiзу тәртiбiн және агент банкке қойылатын талаптарды депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындайды.

      2. Егер қатысушы банктердiң бiрде-бiреуi агент банкке қойылатын талаптарға сай келмеген немесе конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдер болмаған жағдайда депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым кепiлдiк берiлген өтемдi Ұлттық пошта операторы арқылы төлейдi.

      Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

21-бап. Кепiлдiк берiлген өтемдi төлеу тәртiбi

      1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялау арқылы кепілдік берілген өтемді төлеуді жүзеге асыратын агент банктің (агент банктердің) не Ұлттық пошта операторының (агент банктi таңдау мүмкiн болмаған жағдайда) атауын көрсете отырып, кепілдік берілген өтемді төлеу басталатын күн, төлеу кезеңі мен орны (орындары) туралы не осы Заңның 23-бабында көзделген жағдайда, кепілдік берілген өтем төлеуді бастауды кейінге қалдыру туралы хабарлайды.

      Кепілдік берілген өтемді төлеу басталатын күн депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым хабарландыруды жариялаған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым кепiлдiк берiлген өтемдi төлей бастау мерзiмiн кейiнге қалдырған жағдайда Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде таралатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялау арқылы төлеудiң басталуы, кезеңi, орны (орындары) және шарттары туралы депозиторларға қосымша хабарлайды.

      Депозитор аталған ақпаратты депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымнан тiкелей алуға құқылы.

      2. Агент банк не Ұлттық пошта операторы кепілдік берілген өтемді төлеуді кепілдік берілген өтемді агент банк не Ұлттық пошта операторы арқылы төлеу туралы келісімнің қолданылу мерзімі ішінде жүзеге асырады.

      Депозитор агент банк не Ұлттық пошта операторы арқылы кепiлдiк берiлген өтемді төлеу туралы келісімнің қолданылу мерзімі ішінде өзiне кепiлдiк берiлген өтемді төлеу туралы жазбаша өтiнiш беруге құқылы. Агент банк не Ұлттық пошта операторы кепiлдiк берiлген өтемді төлеуді депозитор өзінің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде ғана жүргізедi.

      3. Депозитордың барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған қатысушы банкке талап ету құқықтары расталған кезде агент банк не Ұлттық пошта операторы кепiлдiк берiлген өтемдi құжаттар агент банкке не Ұлттық пошта операторына келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей төлейдi.

      4. Кепілдік берілген өтемді агент банк не Ұлттық пошта операторы арқылы төлеу туралы келісімнің қолданылу мерзімі өткен соң депозитор кепілдік берілген өтемді алу үшін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға өтініш жасауға құқылы.

      5. Егер барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған қатысушы банк депозиторға қатысты кредитор немесе кепiлдiк берушi болса, кепiлдiк берiлген өтемнiң мөлшерi қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күнге кепiлдiк берiлетін депозит сомасы мен аталған қатысушы банктiң қарсы талаптарының сомасын есепке жатқызу нәтижелерi бойынша шыққан айырма сомасына сүйене отырып айқындалады.

      Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-тарау. ДЕПОЗИТТЕРГЕ МIНДЕТТI КЕПIЛДIК БЕРУДI ЖҮЗЕГЕ
АСЫРАТЫН ҰЙЫМНЫҢ КЕПIЛДIК БЕРIЛГЕН ӨТЕМДI ТӨЛЕУГЕ АРНАЛҒАН
АРНАЙЫ РЕЗЕРВI

22-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервi

      1. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым осы Заңда көзделген қатысушы банк депозиторларының мүдделерін қорғау жөніндегі қызметтi жүзеге асыру үшiн:

      1) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталы мөлшерінің жетпіс пайызы шегiнде оның шығыстары;

      2) қатысушы банктердiң жарналары;

      3) қосылу шарты бойынша мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн қатысушы банктерге қолданылған тұрақсыздық төлемi;

      4) мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктiң төленген (төленетiн) кепiлдiк берiлген өтем сомалары бойынша депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның талаптарын қанағаттандыру тәртiбiмен алынған ақша;

      5) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервінің активтерiн орналастырудан түскен кiрiс;

      6) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның жарғысында көзделген тәртiппен оның шығыстар мен аударымдар сомасына азайтылған меншікті активтерін орналастырудан түскен кiрiс;

      7) уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда одан алынған, депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым төлеген кепілдік берілген өтем сомасы мөлшеріндегі ақша шегiнде және есебiнен арнайы резерв қалыптастырады.

      2. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнаулы резервiнiң нысаналы мөлшерi қатысушы банктердегi бүкiл кепiлдiк берiлген депозиттер сомасының бес процентiнен кем болмайды.

      3. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервi кепілдік берілген өтемді төлеу және банк мүлкінің мөлшері мен басқа банкке (банктерге) берілетін кепілдік берілетін депозиттер бойынша міндеттемелердің мөлшері арасындағы айырманы толтыру үшін пайдаланылуы мүмкін.

      Ескерту. 22-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

23-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның қарыз алуы

      Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервiнiң қаражаты депозиторларға кепiлдiк берiлген өтем төлеуге жеткiлiксiз болса және жетiспейтiн соманы қатысушы банктердiң қосымша жарналары есебiнен жабу мүмкiн болмаған жағдайда, депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен жетiспейтiн ақша сомасында қарыз алуға құқылы.

      Депозиторларға кепiлдiк берiлген өтемді төлеуді бастау уәкiлеттi органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келiсу бойынша қарыз алу үшiн қажеттi, бiрақ қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзiмге кейінге қалдырылады.

      Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

24-бап. Дауларды қарау тәртiбi

      Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жөнiндегi қарым-қатынастардан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаралады.

25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      1. Осы Заң 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн банктер жеке тұлғалармен жасасқан банктiк шот және (немесе) банктiк салым шарттарынан туындайтын қарым-қатынастарға қолданылады.

      2. Осы Заң қолданысқа енгiзiлген кезде депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң қатысушылары болған банктер осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап үш ай iшiнде депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйыммен осы Заңда белгiленген тәртiппен қосылу шартын жасасуға мiндеттi.

      3. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн қатысушы банктермен жасасқан мiндеттi күнтiзбелiк, қосымша және төтенше жарналарды төлеу, жеке тұлғалардың тартылған депозиттерi бойынша сыйақының ең жоғары ставкалары және банктiң депозит саясаты жөнiндегi мәлiметтердi ұсыну туралы шарттар қатысушы банкпен осы Заңда белгiленген тәртiппен қосылу шартын жасасқан кезге дейiн қолданылады.

Қазақстан Республикасының
Президентi

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 274514
    Қазақ тілінде 136912
    Орыс тілінде 136598
    Ағылшын тілінде 1004
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы