Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 19 ақпандағы N 230 Заңы

       РҚАО-ның ескертуі. Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз.

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексіне  (Жалпы бөлім)(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж. N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж. N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат):

      1) 61-баптың 2-тармағының екінші бөлігінде:
      "құрылтайшылары" деген сөз "қатысушылары" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "құрылтайшылары" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 79-баптың 2-тармағының 6) тармақшасында»"құжаттарды" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 91-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      3-тармақтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Акционерлік қоғам қамтамасыз етілген облигациялар және қамтамасыз етілмеген облигациялар шығаруға құқылы.".

      2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексіне  (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат, N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж.,.№N 10, 102-құжат; 2003 ж. N 1-2, 7-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 14, 103-құжат; N 15, N 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 3-4, 16-құжат; N 5, 25-құжат; N 6, 42-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 21-22, 87-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 4, 24, 25-құжаттар; N 8, 45-құжат; N 11, 35-құжат; N 13, 85-құжат):

      728-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Банктерге осы банк эмитенті болып табылатын акциялармен қамтамасыз етілген заемдар беруге не осы акцияларды сатып алуға арналған заемдар беруге тыйым салынады.".

      3. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу  кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 21-22, 281-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; N 14, 109-құжат; N 15, 138-құжат; 2004 ж., N 5, 25-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 140-құжат; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 13, 53-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72-құжат; N 13, 86-құжат):

      159-баптың 1-тармағында:
      1) тармақша "ақшаға" деген сөзден кейін "және сауда-саттық ұйымдастырушылар ашық сауда-саттық әдісімен сауда жүйелерінде жасасқан»репо»операциясы бойынша нысана болып табылатын мүлікке де" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) тармақша "адамның" деген сөзден кейін "(Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің немесе қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) одан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі актілерін, сондай-ақ олардың жазбаша нұсқамаларын қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын.

      4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18,   241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 жылғы 17 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 30 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2007 жылғы 24 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 25 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      1) 168-2-бап мынадай мазмұндағы он екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "12. Клиенттермен жасалатын шарттарда банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық қызмет бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептелген сыйақы ставкаларын көрсету жөніндегі, сондай-ақ қаржылық қызметтер бойынша сыйақының шамалары туралы ақпаратты тарату, оның ішінде оны жариялау кезіндегі міндеттерін орындамауы,-
      лауазымды адамға - отыз айлық, заңды тұлғаға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      2) мынадай мазмұндағы 172-2-баппен толықтырылсын:

      "172-2-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының ықпал етудің
                  шектеу шараларын қолдану арқылы жүктелген
                  міндеттемелерді орындамауы

      Жинақтаушы зейнетақы қорларының өздеріне уәкілетті орган ықпал етудің шектеу шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттемелерді орындамауы, -
      лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      3) 187-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "187-бап. Резиденттің валютаны репатриациялау жөніндегі
                міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етпеуі

      Резидент өзі тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) экспортына төлеуге алған не резидент емес міндеттемелерді мәміле талаптарында көзделген мерзімдерде орындамаған және (немесе) толық орындамаған жағдайда, тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) импорты бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін резидент еместің пайдасына резидент аударған ұлттық және шетелдік валютаны уәкілетті банктегі банк шоттарына есептеуді қамтамасыз етпеуі, -
      жеке және лауазымды адамдарға, жеке кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Осы бапта көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылық есептелмеген валюта он мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып кеткен жағдайларда және егер осы іс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса туындайды.";

      4) 190-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "190-бап. Инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану

      Инсайдерлердің инсайдерлік ақпаратты үшінші тұлғаларға беру немесе оны заңсыз ашу бойынша іс-әрекеттері, сондай-ақ үшінші тұлғаларға бағалы қағаздармен мәмілелер жасасу туралы инсайдерлік ақпаратқа негізделген ұсынымдар беру, егер олар үлкен зиян келтірмесе, -
      айлық есептік көрсеткіштің бір жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      5) 193-баптың бірінші бөлігінде:
      "уәкілетті органның ұйғарымын" деген сөздер "уәкілетті органның ықпал етудің шектеу шараларында көрсетілген талаптарын бағалы қағаздар нарығы субъектісінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "заңды тұлғаларға" деген сөздердің алдынан "лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде," деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 194-баптың бірінші бөлігі "(дивидендтер төлеу)" деген сөздерден кейін ", бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 541-баптың бірінші бөлігіндегі "197, 199," деген цифрлар алып тасталсын;

      8) 555-баптың бірінші бөлігіндегі "187 (бірінші бөлігінде)" деген сөздер алып тасталсын;

      9) 572-баптың бірінші бөлігіндегі "(екінші бөлігінде)" деген сөздер алып тасталсын;

      10) 573-баптың бірінші бөлігінде:
      "168-2 (бірінші - тоғызыншы" деген сөздерден кейін ", он екінші" деген сөзбен толықтырылсын;

      "196-1," деген цифрлардан кейін "197," деген цифрлармен толықтырылсын;

      "198," деген цифрлардан кейін "199," деген цифрлармен толықтырылсын;

      11) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасының жиырма төртінші абзацындағы "197, 199" деген цифрлар алып тасталсын.

      5. 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының  Бюджет кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 8-9, 53-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар; N 13, 86-құжат; N 16, 97-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 жылғы 17 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 30 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2007 жылғы 24 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 25 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      1) 40-баптың 6-тармағының үшінші бөлігіндегі "1) тармақшасында" деген сөздер "1) және 1-1) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 117-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттердің мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың тиісті бюджетті іске асыру туралы актілерін қабылдау жолымен өзгертілген;".

      6. Қазақстан Республикасы Президентінің "Шаруашылық серіктестіктері туралы" 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255 заң күші бар  Жарлығына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 7, 49-құжат; N 15-16, 109-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 205, 210-құжаттар; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 24, 178-құжат):

      1) актінің нысаны және тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шаруашылық серіктестіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы";

      2) кіріспе алып тасталсын;

      3) бүкіл мәтін бойынша "Жарлықты", «Жарлықтан", "Жарлықтағыдан", "Жарлықпен", "Жарлықтың", "Жарлыққа", "Жарлықта" деген сөздер тиісінше "Заңды", "Заңнан", "Заңдағыдан", "Заңмен", "Заңның", "Заңға", "Заңда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 2-бапта:
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасының шаруашылық серіктестіктері туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.";

      3-тармақта:
      бірінші бөліктегі "- банктердің, сақтандыру қоғамдарының, бірлескен кәсіпорындардың және басқаларының" деген сөздер алып тасталсын;

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "осы Заңда қамтылатын шаруашылық серіктестіктері туралы жалпы ережелер олардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген ерекшеліктері ескеріле отырып, шаруашылық серіктестіктердің жекелеген түрлеріне қолданылады.";

      5) 4-бапта:
      7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Шаруашылық серіктестігінің құрылтай шартында серіктестік қатысушыларының тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса), тұрғылықты жері және жеке тұлғалар болып табылатын құрылтайшылардың жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылатын құрылтайшылардың атауы және орналасқан жері көрсетілген тізбесі қамтылуға тиіс.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Шаруашылық серіктестігінің жарғысын құрылтайшылар бекітеді, бұл құрылтай шартында көрсетіледі.
      Шаруашылық серіктестігінің жарғысында мыналар айқындалады: серіктестіктің түрі, оның атауы, орналасқан жері, қызмет мерзімі (егер ол серіктестікті құру кезінде белгіленсе), басшысының өкілеттіктері, басқару және бақылау органдары, олардың құзыреті, мүлікті құрау тәртібі, пайданы бөлу және залалдарды өтеу тәртібі, серіктестіктің қатысушыларына құжаттарды және серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты, сондай-ақ үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты беру тәртібі мен мерзімдері; серіктестік қатысушыларының құқықтары мен міндеттері, серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекіту тәртібі және оларды қабылдау рәсімдері, серіктестік органдарының шешімдер қабылдау және олардың күшін жою тәртібі, серіктестіктің қызметін тоқтату (қайта ұйымдастыру немесе тарату) шарттары, сондай-ақ серіктестік пен құрылтайшылар (қатысушылар) арасындағы өзара қатынастар.
      Шаруашылық серіктестігінің жарғысында серіктестік қатысушыларының тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса), тұрғылықты жері және жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (жеке тұлғалар үшін), сондай-ақ атауы және орналасқан жері (заңды тұлғалар үшін) көрсетілген тізбесі қамтылуға тиіс.
      Жарғыда Қазақстан Республикасының заңдары немесе құрылтайшылар көздеген басқа да ережелер қамтылуы мүмкін.";

      6) мынадай мазмұндағы 8-1 және 8-2-баптармен толықтырылсын:

      "8-1-бап. Шаруашылық серіктестіктерінің ақпарат беруі

      1. Шаруашылық серіктестігі өзінің қатысушыларының талап етуі бойынша серіктестіктің қызметі туралы, оның қатысушыларының мүдделерін қозғайтын ақпарат беруге міндетті.
      Шаруашылық серіктестіктері қатысушыларының мүдделерін қозғайтын ақпарат деп:
      1) серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысында қабылданған, серіктестіктің байқау кеңесінің, атқарушы органының, тексеру комиссиясының (ревизорының) шешімдері және қабылданған шешімдердің орындалуы туралы ақпарат;
      2) серіктестіктің өз капиталы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп процентін құрайтын мөлшерде серіктестіктің қарыз алуы;
      3) жасалған мәміле нәтижесінде серіктестіктің өз меншігіндегі капиталы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп процентін құрайтын сомадағы мүлік сатып алынатын немесе иеліктен шығарылатын ірі мәмілені немесе өзара байланыстағы мәмілелерді серіктестіктің жасауы;
      4) серіктестіктің қандай да болсын қызметтің түрін жүзеге асыруға және (немесе) белгілі бір іс-әрекеттер жасауға лицензиялар алуы, олардың қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату, сондай-ақ серіктестіктің қандай да болсын қызметтің түрін жүзеге асыруға және (немесе) белгілі бір іс-әрекеттер жасауға бұрын алған лицензияларынан айыру;
      5) серіктестіктің мүлкіне тыйым салу;
      6) нәтижесінде серіктестіктің баланстық құны қоғам активтері жалпы мөлшерінің он немесе одан да көп процентін құрайтын мүлкі жойылған төтенше сипаттағы жағдайлардың басталуы;
      7) серіктестікті және (немесе) оның лауазымды тұлғаларын
әкімшілік жауапкершілікке тарту;
      8) серіктестікті мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы шешім;
      9) аудиторлық есеп (ол бар болса);
      10) серіктестіктің жарғысына сәйкес серіктестік қатысушыларының мүдделерін қозғайтын өзге де ақпарат танылады.
      2. Шаруашылық серіктестігінің қызметі туралы, оның қатысушыларының мүдделерін қозғайтын ақпаратты беру осы Заңға және серіктестіктің жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Үлестерді сатып алушыларға шаруашылық серіктестігінің қызметі туралы ақпаратты беру серіктестіктің жарғысына сәйкес жүзеге асырылады. Ақпаратты беру тәртібі мен көлемі жарғыда және үлестерді сатып алу туралы алдын ала жасалған шартта белгіленеді.

      8-2-бап. Шаруашылық серіктестігінің қызметі туралы құжаттар

      1. Шаруашылық серіктестігінің қызметіне қатысты құжаттарды серіктестік өз қызметінің бүкіл мерзімі ішінде серіктестіктің атқарушы органы орналасқан жер бойынша немесе оның жарғысында айқындалған өзге жерде сақтауға тиіс.
      2. Мынадай құжаттар сақталуға тиіс:
      1) серіктестіктің жарғысы, серіктестіктің жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар;
      2) құрылтай жиналыстарының хаттамалары;
      3) құрылтай шарты, құрылтай шартына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар;
      4) шаруашылық серіктестігін заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік;
      5) серіктестіктің статистикалық карточкасы;
      6) серіктестіктің белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуына және (немесе) белгілі бір іс-әрекет жасауына арналған лицензиялар;
      7) серіктестіктің оның балансындағы (балансында болған) мүлікке құқығын растайтын құжаттар;
      8) серіктестіктің филиалдары мен өкілдіктері туралы ереже;
      9) серіктестік қатысушылары жалпы жиналыстарының хаттамалары, серіктестік қатысушылары жалпы жиналыстары күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдар;
      10) серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысын өткізу үшін ұсынылған серіктестік қатысушыларының тізімі;
      11) байқау кеңесі күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдары, бақылау кеңесі отырыстарының хаттамалары (сырттай отырыстарының шешімдері);
      12) атқарушы орган отырыстарының хаттамалары (шешімдері).
      3. Өзге құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзім ішінде сақталады.
      4. Серіктестік шаруашылық серіктестігі қатысушысының талап етуі бойынша оған осы Заңда көзделген құжаттардың көшірмелерін серіктестіктің жарғысында белгіленген тәртіппен беруге міндетті.";

      7) 11-бапта:
      1-тармақтың 5) тармақшасында "құқығы бар." деген сөздер ";" тыныс белгісімен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) осы Заңда және (немесе) серіктестіктің жарғысында көзделген өз құқықтарын бұзатын серіктестік органдарының шешімдеріне сот тәртібімен дау айтуға құқығы бар.";

      4-тармақтың 5) тармақшасындағы "міндетті." деген сөз ";" тыныс белгісімен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) серіктестіктің атқарушы органына тұрғылықты жерінің және жеке басын куәландыратын құжат деректерінің өзгергені туралы жазбаша хабарлауға міндетті.";

      8) 27-бапта:
      1-тармақтың 4) тармақшасындағы "құқығы бар." деген сөздер ";" тыныс белгісімен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
      "5) серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға;
      6) осы Заңда және (немесе) серіктестіктің жарғысында көзделген өз құқықтарын бұзатын серіктестік органдарының шешімдеріне сот тәртібімен дау айтуға құқығы бар.";

      4-тармақтың 3) тармақшасындағы "міндетті." деген сөз ";" тыныс белгісімен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) серіктестіктің атқарушы органына жеке тұлғалар үшін - тұрғылықты жерінің және жеке басын куәландыратын құжат деректерінің, заңды тұлғалар үшін атауының және орналасқан жерінің өзгергені туралы жазбаша хабарлауға міндетті.".

      7. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжаттар; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 11, 55-құжат; N 16, 99-құжат):

      1) 2-бапта:
      3) тармақшаның екінші абзацындағы "банк" деген сөз "банктің дауыс беретін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) тармақшада:
      бірінші абзацтағы "жағдайларды" деген сөзден кейін ", сондай-ақ осы Заңда көзделген" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші абзацтағы "банк" деген сөз "банктің дауыс беретін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
      "12) жарғылық капиталға қатысу үлестерін жанама иелену не заңды тұлғалардың акцияларын иелену (акцияларымен дауыс беру) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның ірі қатысушысының немесе басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерімен) иелену (акцияларымен дауыс беру) арқылы бірлесіп заңды тұлғаның ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін анықтау мүмкіндігі;
      13) мінсіз іскерлік бедел - кәсіпқойлықты, адалдықты, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстары немесе орташа ауырлықтағы, ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы жоқ екенін растайтын фактілердің болуы.";

      2) 6-баптың 1-тармағының в) тармақшасы "өкілдіктеріне," деген сөзден кейін "банктердің еншілес ұйымдарына," деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 8-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Осы баптың 1-тармақта белгіленген тыйым салу:
      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларымен;
      уәкілетті орган белгілеген рейтинг агенттіктерінің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі бар облигациялармен мәмілелерді жүзеге асыруға қолданылмайды.";

      4) 11-1-баптың 5-тармағында:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) банктің көзделетін еншілес ұйымдарының болуы нәтижесінде құрамына банк кіретін банк конгломератының пруденциалдық нормативтерді сақтамауы;";

      6) тармақша "пруденциалдық нормативтерді" деген сөздерден кейін "және басқа да сақталуға міндетті нормативтер мен лимиттерді," деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 16-баптың 8-тармағының бірінші бөлігінде:
      "келесі үш күнтізбелік ай бойы" деген сөздер алып тасталсын;

      6) 17-баптың 4-тармағындағы "келесі үш күнтізбелік ай бойы" деген сөздер алып тасталсын;

      7) 17-1) бапта:
      1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Банктің орналастырылған акцияларының он немесе одан да көп процентін тікелей иеленуші немесе ең төменгі талап етілетін рейтингі бар банктің дауыс беретін он немесе одан да көп акцияларымен дауыс беру мүмкіндігіне ие банктің ірі қатысушысының акцияларын (қатысу үлестерін) иелену (акцияларымен дауыс беру) арқылы банктің орналастырылған акцияларының он немесе одан да көп процентін жанама иеленуді немесе банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп акцияларымен жанама дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға үшін аталған рейтингтің болуы талап етілмейді.
      Банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғалар банк акцияларын өздеріне меншік құқығымен тиесілі мүліктің құнынан аспайтын мөлшерде төлейді.";

      4-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2) және 3-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3-1) банктің қаржы жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайларында банкті қайта капиталдандыру жоспарын;
      3-2) растайтын құжаттар көшірмелері қоса тіркелген мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;
      3-3) жеке тұлға тұратын елдің салық органдары немесе өзге де уәкілетті тұлғалары растаған кірістер мен мүлік туралы мәліметтерді;

      4) тармақшадағы ", сотталғандығының бар-жоғы туралы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, қаржы, салық салу саласында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны" деген сөздер алып тасталсын;

      5-тармақта:
      2) тармақшадағы "1)-3)" деген цифрлар "1), 2), 3) және 3-1)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) өзінің басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;";

      4) тармақшадағы ", сотталғандығының бар-жоғы туралы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, қаржы, салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны" деген сөздер алып тасталсын;

      6-тармақта:
      1) тармақшада:
      "1)-3)" деген цифрлар "1), 2), 3) және 3-1)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "3)-6)" деген цифрлар "2-1), 3), 4), 5) және 6)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақша "тізбесін" деген сөздің алдынан ", осы баптың 1-тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      9-тармақта:
      оныншы абзац "тұлғада" деген сөзден кейін ", осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      оныншы абзацтағы "болмауы негіз болып табылады." деген сөздер "болмауы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он бірінші және он екінші абзацтармен толықтырылсын:
      "банктің қаржы жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайларында банкті қайта капиталдандырудың ұсынылған жоспарының тиімсіздігі;
      өтініш берушіде - жеке тұлғада, өтініш берушінің басшы қызметкерінде - заңды тұлғада мінсіз іскерлік беделдің болмауы негіз болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
      "12-1. Мынадай:
      1) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы сотқа талап-арызбен жүгіну;
      2) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелер енгізу;
      3) директорлар кеңесінің отырысын шақыру;
      4) өз есебінен қоғамға аудиторлық ұйымның аудит өткізуі мәселелері бойынша акционерлердің шешім қабылдауын көздейтін олардың арасында жасалған келісім негізінде әрекет ететін банктің дауыс беруші акцияларының жиынтығы он және одан да көп проценті өздеріне тиесілі акционерлер банктің ірі қатысушылары болып табылмайды.";

      18-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне тиесілі банк акциялары санының банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының санына және (немесе) банктің дауыс беретін акцияларының санына проценттік арақатынасы ұлғаю жағына қарай өзгерген жағдайда банктің ірі қатысушысы, банк холдингі уәкілетті органға растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркеп, банк акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері туралы ақпарат ұсынуға тиіс.";

      8) 20-бапта:
      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;";

      4-тармақта:
      бірінші бөліктің 1) тармақшасындағы "тәуелсіз директоры," деген сөздер алып тасталсын;

      екінші бөліктегі "Тәуелсіз директорды қоспағанда, директорлар" деген сөздер "Директорлар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      9-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы "қолдану негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы." деген сөздер "қолдану;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) уәкілетті органның осы бапта аталған адамдарды банктің аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде қызметтік міндеттерді орындаудан шеттету негіздері бойынша кері шақыртып алуға құқылы.";

      9) 29-бапта:
      2, 8, 11, 13 және 14-тармақтардағы "он төрт" деген сөздер "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6-тармақта:
      2) тармақшада "тіркелген күннің" деген сөздерден кейін "және филиал туралы ережеде банктің жұмыс істеп тұрған филиалының, оның ішінде бірнеше мекен-жайдағы қосымша үй-жайларының санын көбейту бөлігіндегі қосымшалардың әділет органдарында тіркелген күнінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      "3) уәкілетті органның филиал әділет органдарында есептік тіркелген күннің және филиал туралы ережеде банктің жұмыс істеп тұрған филиалының, оның ішінде бірнеше мекен-жайдағы қосымша үй-жайларының санын көбейту бөлігіндегі қосымшалардың әділет органдарында тіркелген күнінің алдындағы үш ай ішінде банкке осы Заңның 47-бабы 2-тармағының б)-з) тармақшаларында көзделген санкцияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  168-2-бабының  2, 3, 5, 7 және 8 бөліктерінде және  356-бабында  көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза түріндегі санкцияларды қолданбауы;";

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
      "8-1. Банк - Қазақстан Республикасының резиденті Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органының ақпарат алмасу туралы келісімі болған жағдайда ғана филиал ашуға құқылы.";

      10) 31-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Банктердің кредит беру жөніндегі құжаттаманы жүргізу тәртібі және қажетті құжаттар тізілімі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.";

      11) 32-баптың 4-тармағы алып тасталсын;

      12) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "39-бап. Ставкалар мен тарифтер

      1. Сыйақылар мен комиссиялардың ставкаларын, сондай-ақ банк қызметі көрсетілгені үшін тарифтерді банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар дербес белгілейді.
      2. Банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар тәртібін уәкілетті орган белгілейтін шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептелетін сыйақы ставкаларын клиенттермен жасалған шарттарда, сондай-ақ қаржылық қызмет бойынша сыйақының шамалары туралы ақпаратты тарату, оның ішінде оны жариялау кезінде көрсетуге міндетті.
      Аталған талаптар сақталмаған жағдайда уәкілетті орган банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға осы Заңның 47-бабында көзделген санкцияларды қолдануға құқылы.";

      13) 42-бапта:
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Банк немесе банк конгломератының қатысушысы уәкілетті органның қаржы және (немесе) өзге де есептілік деректерін түзету жөнінде жазбаша нұсқамада көрсетілген талаптарын орындамаған жағдайда, пруденциалдық нормативтердің және басқа міндетті нормалар мен лимиттердің есебін уәкілетті орган өзі түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.";

      5-тармақтың екінші бөлігіндегі "холдингі" деген сөзден кейін ", банктің ірі қатысушысы - банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған (банктің артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес проценттен астамын тікелей немесе жанама иеленуші жеке тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 46-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Осы бапта келтірілген шаралар, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына қатысты, олар осы Заң талаптарын бұзған жағдайларда, сондай-ақ егер уәкілетті орган осы тұлғалардың, олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз әрекеттері немесе әрекетсіздігі банктің қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаған жағдайда қолданылуы мүмкін.";

      15) 47-бапта:
      2-тармақта:
      д) тармақшасындағы "және осы Заңның 48-бабы 1-тармағының г) тармақшасында көзделген негіздемелер бар болса," деген сөздер алып тасталсын;

      е) тармақшасында:
      "осы мәселені банктің тиісті органы қарағанға дейін," деген сөздер алып тасталсын;

      "осы" деген сөздің алдынан "банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін бір мезгілде кері қайтарып ала отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

      16) 47-1-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "банк холдингтеріне" деген сөздерден кейін "және банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) жиырма бес процентінен астамын тікелей және жанама иеленетін банктің ірі қатысушыларына - жеке тұлғаларға" деген сөздермен толықтырылсын;

      17) 48-бапта:
      1-тармақтың м-1) тармақшасында "банк холдингінің" деген сөздерден кейін "банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) жиырма бес процентінен астамын тікелей және жанама иеленетін, банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғалардың" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Ұлттық Банктің немесе уәкілетті органның барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру не одан айыру туралы шешімдеріне шағым жасауы аталған шешімдерді орындауды тоқтата тұрмайды.";

      18) 50-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Банк құпиясы бар ақпараттар ақпараттарды алмасу көзделетін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде беріледі.";

      19) 54-1-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Есептілікті ұсынудың тәртібі және нысандары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Банктің ірі қатысушысы - заңды тұлға немесе банк холдингі басшы қызметкерлерінің құрамы өзгерген жағдайда банктің ірі қатысушысы - заңды тұлға немесе банк холдингі растайтын құжаттарды тіркей отырып, басшы қызметкерлердің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді ұсынады.";

      20) 65-баптың 1-тармағының а) және в) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "а) осы банк эмитенті болып табылатын банк акционерлерінің акцияларды пайдалану мен билік ету жөніндегі құқықтары тоқтатыла тұрады;";

      "в) банкті басқару жөніндегі барлық өкілеттік, сондай-ақ осы банк эмитенті болып табылатын банк акционерлерінің акцияларды пайдалану жөніндегі құқықтары уақытша әкімшілікке (уақытша басқарушыға) көшеді;";

      21) 10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер";

      22) мынадай мазмұндағы 76-1-баппен толықтырылсын:

      "76-1-бап. Өтпелі ережелер

      Осы Заңның 57-бабы 1-1-тармағы үшінші бөлігінің талаптары 2005 және 2006 жылдардың қорытындылары бойынша банк конгломераты қатысушыларына аудитті жүзеге асыруда қолданылмайды.".

      8. "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; 2003 ж., N 11, 67-құжат; 2005 ж., N 23, 104-құжат):

      5-3-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Ипотекалық ұйымдар уәкілетті органның қаржылық және (немесе) өзге де есептілігіндегі деректерді түзету бойынша жазбаша нұсқамасында көрсетілген талаптарын орындамаған жағдайда уәкілетті орган пруденциалдық нормативтерді есептеуді олардың түзетілген есептілігі негізінде жүзеге асырады.".

      9. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1, 1-құжат; N 23-24, 198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 139-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; N 11, 39-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 69-құжат; N 23, 141-құжат):

      1) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) мінсіз іскерлік бедел - кәсібилікті, адалдықты, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар немесе ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың жоқ екендігін растайтын фактілердің болуы;";

      15-4) тармақшада:
      бірінші абзацтағы "(мемлекет осындай иеленуші болып табылатын жағдайларды" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды" деген сөздермен толықтырылсын;

      "процентімен" деген сөздің алдынан "дауыс беретін" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 15-5) тармақшамен толықтырылсын:
      "15-5) заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін жанама иелену не акцияларын иелену (олармен дауыс беру) - басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін иелену (олармен дауыс беру) арқылы заңды тұлғаның, заңды тұлғаның ірі қатысушысының немесе бірлесіп заңды тұлғаның ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі;";

      2) 35-баптың 2, 8 және 9-тармақтарындағы "он төрт" деген сөздер "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 36-1-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
      "Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының он немесе одан да көп процентін тікелей иеленетін немесе ең аз талап етілетін рейтингі бар ашық жинақтаушы зейнетақы қорының он немесе одан да көп процентпен дауыс беру мүмкіндігі бар ашық жинақтаушы зейнетақы қоры ірі қатысушысының акцияларын (қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп процентін жанама иеленуді немесе ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп процентімен жанама дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға үшін аталған рейтингтің болуы талап етілмейді.
      Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушылары - жеке тұлғалар ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын өздеріне меншік құқығымен тиесілі мүлік құнынан аспайтын мөлшерде төлейді.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Жинақтаушы зейнетақы қорының он немесе одан да көп проценті жиынтығымен тиесілі және мынадай:
      1) акционерлердің жалпы жиналысын шақыру немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы сотқа талап-арызбен жүгіну;
      2) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелерді енгізу;

      4) өз есебінен қоғамның аудитін аудиторлық ұйымның жүргізуі мәселелері бойынша олардың шешім қабылдауын көздейтін өздерінің арасында жасалған келісімнің негізінде әрекет ететін акционерлер жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы болып табылмайды.";

      4-тармақ:

      "3-1) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайы нашарлауы ықтимал жағдайларында осы қордың қайта капиталдандыру жоспарын;
      3-2) растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;
      3-3) жеке тұлға тұратын елдің салық органдары немесе өзге де уәкілетті тұлғалары куәландырған кірістері мен мүліктері туралы мәліметтерді;";

      4) тармақшадағы "сондай-ақ сотталғандығы бар-жоғы туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, қаржы, салық салу саласында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылғандығы туралы" деген сөздер алып тасталсын;

      "2-1) оның басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;";

      4) тармақшада "сондай-ақ сотталғандығы бар-жоғы туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, қаржы, салық салу саласында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылғандығы туралы" деген сөздер алып тасталсын;

      6-тармақта:
      1) тармақшадағы "1)-3)" деген цифрлар "1), 2), 3) және 3-1)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақша "тізбесін" деген сөздің алдынан "осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      13-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына тиесілі ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акциялары санының ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының санына проценттік қатынасының ұлғаю жағына өзгеруі жағдайында, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы уәкілетті органға растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркей отырып, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері туралы ақпарат ұсынуға тиіс.";

      4) 36-2-бапта:
      1-тармақта:
      10) тармақша "тізбесін" деген сөздің алдынан "осы Заңның 36-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      10) тармақшадағы "болмауы негіз болып табылады." деген сөздер "болмауы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
      "11) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жай-күйінің ықтимал нашарлауы жағдайында ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ұсынылған қайта капиталдандыру жоспарының тиімсіздігі;
      12) өтініш беруші - жеке тұлғада, өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкерлерінде мінсіз іскерлік беделдің болмауы негіз болып табылады.";

      5) 40-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы бірінші бөлікпен толықтырылсын:
      "1. Жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті түрде мынадай алқалы органдарды қалыптастырады:
      1) директорлар кеңесі - басқару органы;
      2) басқарма - атқарушы орган;
      3) ішкі аудит қызметі - бақылаушы орган.";

      9-тармақтың бірінші бөлігінде:
      2) тармақша "басшы қызметкерге" деген сөздерден кейін "және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорына" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) тармақшадағы "қолдану негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы." деген сөздер "қолдану;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) уәкілетті орган осы бапта көрсетілген тұлғаларды жинақтаушы зейнетақы қорының аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін жеткілікті деректердің негізінде қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.";

      6) 41-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органның жазбаша нұсқамасында көрсетілген қаржылық және (немесе) өзге де есептіліктегі деректерді түзету жөніндегі талаптарды орындамаған кезде, пруденциалдық нормативтерді және басқа да міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуді уәкілетті орган өздері түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.";

      7) 42-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "42-бап. Уәкілетті орган қолданатын ықпал етудің шектеулі
               шаралары және санкциялар

      1. Уәкілетті орган пруденциалдық нормативтердің және басқа да сақталуға міндетті нормалар мен лимиттердің бұзылғандығын, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің бұзылғандығын тапқан, жинақтаушы зейнетақы қорының лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттері немесе әрекетсіздіктері анықталған жағдайларда уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорына ықпал жасаудың мынадай шектеулі шараларының бірін қолдануға:
      1) анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жою жөнінде орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беруге;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерін қызметінен шеттету туралы акционерлер алдында мәселе қоюға;
      3) міндеттеме-хат талап етуге;
      4) жинақтаушы зейнетақы қорымен жазбаша келісім жасауға құқылы.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттеме-хатында орын алған кемшіліктерді мойындау фактісі және жинақтаушы зейнетақы қоры басшыларының оларды қатаң белгіленген мерзімде жою және (немесе) жоспарланған іс-шаралардың тізбесін көрсете отырып, алдағы уақытта мұндай кемшіліктерді болдырмау жөнінде кепілдігі қамтылуға тиіс.
      3. Жазбаша келісім - бұл анықталған кемшіліктерді дереу жою қажеттігі туралы және осыған байланысты бірінші кезектегі шараларды бекіту жөнінде жинақтаушы зейнетақы қоры мен уәкілетті орган арасындағы келісім.
      4. Жинақтаушы зейнетақы қоры міндеттеме-хаттың немесе жазбаша келісімнің осы құжатта көрсетілген мерзімде орындалғандығы жөнінде уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
      5. Ықпал етудің шектеулі шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
      6. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорына оған бұрын қолданған ықпал ету шараларына қарамастан санкция қолдануға құқылы.
      7. Уәкілетті орган санкция ретінде мынадай шаралар қолдануға:
      1) Осы Заңның 42-1, 42-2, 42-3, 42-4, 42-5 және 42-6-баптарында белгіленген негіздемелер бойынша және тәртіппен консервациялау енгізуге;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айыппұл салуға және өндіртіп алуға;
      3) лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға не одан айыруға;
      4) жинақтаушы зейнетақы қорының аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтіндігін тану үшін жеткілікті деректердің негізінде, сонымен бір мезгілде жинақтаушы зейнетақы қорының басқарушы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып ала отырып, осы Заңның 40-бабында көрсетілген адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуге құқылы.
      8. Уәкілетті орган мынадай негіздемелердің кез-келгені бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметке лицензияның қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы:
      1) негіздемесі бойынша лицензия берілген ақпараттың дәйексіздігі;
      2) лицензия берілген сәттен бастап жинақтаушы зейнетақы қоры қызметінің басталуын бір жылдан астам уақытқа кешіктіруі;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт бойынша міндеттемелерін жүйелі түрде (күнтізбелік он екі ай ішінде қатарынан үш және одан да көп жағдайларда) орындамауы немесе тиісті дәрежеде орындамауы;
      4) уәкілетті орган белгілеген нормативтерді және жинақтаушы зейнетақы қоры орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде (күнтізбелік он екі ай ішінде қатарынан үш және одан да көп жағдайларда) бұзуы;
      5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ережелерін жүйелі түрде (күнтізбелік он екі ай ішінде қатарынан үш және одан да көп жағдайларда) бұзуы не уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын орындамауы;
      6) жүргізілген аудит туралы аудиторлық ұйымдардың есебінде көрсетілген бұзушылықтарды жинақтаушы зейнетақы қорының осы Заңның 49-3-бабының 2-тармағында көрсетілген мерзімде жоймауы;
      7) есептілік пен мәліметтер бермеу немесе қасақана дәйексіз
есептілік пен мәліметтер беру.
      9. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметті жүзеге асыру және бұрын тартылған салымшыларға зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру құқығын сақтай отырып, жаңа салымшыларды тартуға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық қызметін жүзеге асыруына тыйым салуға әкеп соғады.
      10. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметіне берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы уәкілетті орган қабылдаған шешімді жинақтаушы зейнетақы қоры екі баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде хабарлама жариялау арқылы он күн ішінде салымшылар мен алушыларды хабардар етеді.
      11. Жинақтаушы зейнетақы қоры лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұруының себептерін белгіленген мерзімде жоймаса, уәкілетті органның лицензиядан айыруы үшін негіз болып табылады.
      12. Өзіне қатысты уәкілетті орган ықпал етудің шектеулі шараларын немесе санкция қолданған жинақтаушы зейнетақы қоры, оның шешіміне сот тәртібімен шағымдануға құқылы. Уәкілетті органның аталған шешімдеріне шағымдану, оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
      13. Егер уәкілетті орган ірі қатысушылардың немесе олардың
лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің тәртіп бұзушылығы, заңсыз іс-әрекеттері немесе әрекетсіздігі ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайын нашарлатқандығын айқындаса, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында келтірілген шаралар ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларына да қолданылады.";

      8) 42-4-баптың 1-тармағында:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) эмитенті аталған қор болып табылатын жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерінің акцияларды пайдалану және оған билік ету бойынша құқығы тоқтатыла тұрады;";

      "3) жинақтаушы зейнетақы қорын басқару жөніндегі жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерінің барлық құқықтары, сондай-ақ эмитенті аталған қор болып табылатын акцияларды пайдалану құқығы уақытша әкімшілікке (жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша меңгерушісіне) өтеді.";

      9) 49-2-бапта:

      "2-1. Есептілікті ұсыну тәртібі мен оның нысандары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының - заңды тұлғасының басшы қызметкерлерінің құрамы өзгерген жағдайда, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы - заңды тұлғасы растаушы құжаттарды қоса бере отырып, басшы қызметкерлердің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді табыс етеді.";

      10) 55-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы "шарттарды" деген сөзден кейін ", сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды" деген сөздермен толықтырылсын;

      11) 57-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Зейнетақы активтерін немесе жинақтаушы зейнетақы қорын инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын ұйымдар, қаржылық және (немесе) өзге де есептілік мәліметтерін түзету бойынша жазбаша нұсқамада көрсетілген уәкілетті органның талаптарын орындамаған жағдайда, пруденциялдық нормативтердің және басқа да міндетті нормалар мен лимиттердің есебін уәкілетті орган өздері түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.".

      10. "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 5-6, 49-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2002 ж. N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат;№ 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; 2005 ж., N 14, 58-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24, 25-құжаттар; N 8, 45-құжат):

      1) 11-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "тоқтатуға құқылы." деген сөздер "тоқтатуға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) осы Заңда және (немесе) серіктестіктің жарғысында көзделген олардың құқықтарын бұзған серіктестік органдарының шешімдеріне сот тәртібімен дау айтуға құқылы.";

      2) 12-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "етпеуге міндетті." деген сөздер "етпеуге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) серіктестікке қатысушылардың тізілімін жүргізген жағдайда осы Заңның 17-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген мәліметтердің өзгергені туралы атқарушы органға, сондай-ақ тіркеушіге жазбаша хабарлауға міндетті.";

      3) 17-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасындағы "тәртібі болуға тиіс." деген сөздер "тәртібі;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
      "7) серіктестікке қатысушыларға және үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібі және мерзімі;
      8) серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері болуға тиіс";

      4) 29-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Серіктестік мүлкіндегі үлес кепілін тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Тіркеуші серіктестікке қатысушылардың тізілімін жүргізген жағдайда серіктестік мүлкіндегі үлес кепілін тіркеу осы Заңның және (немесе) серіктестік жарғысының талаптарын сақтаған кезде тіркеушінің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.";

      5) 43-бапта:
      2-тармақта:
      5) тармақшадағы "серіктестіктің" деген сөздің алдынан "оларды бекіту серіктестіктің жарғысында серіктестіктің өзге органдарының құзыретіне жатқызылған құжаттардан басқа;" деген сөздермен толықтырылсын;

      11) тармақшасындағы "шешім шығару жатады." деген сөздер "шешім шығару;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      "12) серіктестікке қатысушыларға және үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібін және мерзімдерін бекіту жатады.";

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Қатысушылардың жалпы жиналысы, егер серіктестіктің жарғысында өзгеше айқындалмаса, серіктестіктің ішкі қызметіне қатысты мәселелер бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өзге де органдарының кез келген шешімінің күшін жоюға құқылы.";

      6) 46-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Жалпы жиналыстың күн тәртібіне "әр түрлі", "өзге де", "басқа" және осыларға ұқсас тұжырымдауларды қоса алғанда, жалпылама ұғымдағы мәселелерді енгізуге тыйым салынады.";

      7) 50-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "50-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік органдарының
               шешімдеріне дау айту";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өзге де органдарының шешімдеріне дау айту осы баптың бірінші бөлігінде көзделген тәртіп пен мерзімдерде жүзеге асырылады.";

      8) 65-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
      "3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қайта құру нәтижесінде құрылған акционерлік қоғам қоғамның акцияларын тек қана жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары арасында орналастырады (сатады). Қайта құрылған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушыларына берілетін акциялардың саны әрбір қатысушының үлесінің баланстық құнының қайта ұйымдастырылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің меншікті капиталының жалпы мөлшеріне арақатынасы негізінде айқындалады.
      4. Құрылатын акционерлік қоғамның жарғылық капиталы оған қабылдау-тапсыру актісіне сәйкес берілген активтер мен міндеттемелер арасындағы айырмаға тең болады және "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  10-бабында  белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.".

      11. "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 13, 195-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 23, 922-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 142-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; N 11, 67-құжат; 2004 ж., N 24, 153-құжат; 2006 ж., N 11, 55-құжат):

      1) 15-бап мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен
толықтырылсын:
      "7-1) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру туралы немесе қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу бойынша шешім қабылдаған;
      7-2) сот банкті, жинақтаушы зейнетақы қорының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғаған;";

      2) 39-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Сауда-саттық ұйымдастырушыларының сауда-саттық жүйелерінде ашық сауда-саттық әдісімен жасалған "репо" операциялары бойынша оның нысанасы болып табылатын мүлікке тыйым салу осы "репо" операциялары жабылғаннан кейін ғана қолданылуы мүмкін.";

      3) 40-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Сауда-саттық ұйымдастырушыларының сауда-саттық жүйелерінде ашық сауда-саттық әдісімен жасалған "репо" операциялары бойынша оның нысанасы болып табылатын мүлікке тыйым салу азаматтық іс жүргізу барысында осы "репо" операциялары жабылғаннан кейін ғана қолданылуы мүмкін.".

      12. "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 22, 309-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 5-құжат; N 8, 52-құжат; 2002 ж., N 23-24, 193-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 86-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 23, 138-құжат; 2005 ж., N 14, 58-құжат; 2006 ж., N 8, 45-құжат):

      1) 16-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасындағы "жүзеге асырмау негіздеме болып табылады." деген сөздер "жүзеге асырмау;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның өтінішхаты негіздеме болып табылады.";

      2) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:

      "18-1-бап. Қаржы ұйымының аудитін жүргізу ерекшеліктері

      1. Қаржы ұйымының аудиторлық есебін жасау және оны уәкілетті органға ұсыну мерзімдері қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.
      2. Қаржы ұйымының аудиторлық есебі бір мезгілде қаржы ұйымына және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ұсынылады.
      3. Қаржы ұйымының аудиторлық есебін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ұсынудың белгіленген мерзімдері бұзылған жағдайда қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган аудиторлық есепті белгіленген мерзімде ұсыну туралы жазбаша нұсқама жіберуге құқылы.
      4. Аудиторлық ұйым жазбаша нұсқаманы орындамаған жағдайда қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган лицензияның қолданылуын тоқтата тұру қажеттілігі туралы өтінішхатпен уәкілетті органға жүгінуге құқылы.".

      13. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 22, 406-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 85-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; 2005 ж., N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 25-құжат; N 8, 45-құжат; N 13, 85-құжат; N 16, 99-құжат):

      1) 3-бапта:
      он үшінші абзац "жағдайларды" деген сөзден кейін ", сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтармен толықтырылсын:
      "мінсіз іскерлік бедел - кәсібилілікті, адалдықты, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар немесе ауырлығы орташа қылмыстар, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың жоқ екендігін растайтын фактілердің болуы;
      заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін жанама иелену не акцияларын иелену (олармен дауыс беру) - басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін иелену (олармен дауыс беру) арқылы заңды тұлғаның, заңды тұлғаның ірі қатысушысының немесе бірлесіп заңды тұлғаның ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі;";

      2) 26-бапта:

      "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп процентін тікелей иеленетін немесе ең аз талап етілетін рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп процентімен дауыс беру мүмкіндігі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының акцияларын (қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп процентін жанама иеленуді немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп процентімен жанама дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғасы үшін аталған рейтингтің болуы талап етілмейді.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары - жеке тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын өздеріне меншік құқығында тиесілі мүлік құнынан аспайтын мөлшерде төлейді.";

      "3-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайларында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қайта капиталдандыру жоспарын;
      3-2) растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, мінсіз іскерлік бедел туралы мәліметтерді;
      3-3) жеке тұлға тұратын елдің салық органдары немесе өзге де уәкілетті тұлғалары растаған кірістер мен мүлік туралы мәліметтерді;";

      4-тармақшадағы ", сондай-ақ сотталғандығы бар-жоғы туралы, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, қаржы, салық салу саласында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны туралы" деген сөздер алып тасталсын;

      "1-3)" деген цифрлар "1), 2), 3) және 3-1)" деген сөздермен, "3-6)" деген цифрлар "2-1), 3), 4), 5) және 6)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
      "11-1. Мыналар бойынша:
      1) кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысын шақыру немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы сотқа талап-арызбен жүгіну;

      4) аудиторлық ұйымның қоғамның өз есебінен аудит өткізуі мәселелері бойынша акционерлердің шешім қабылдауын көздейтін олардың арасында жасалған келісім негізінде әрекет ететін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиынтығы он және одан да көп проценті өздеріне тиесілі акционерлер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары болып табылмайды.";

      "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары санының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының санына проценттік қатынасының ұлғаю жағына өзгеруі жағдайында, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы уәкілетті органға растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері туралы ақпарат ұсынуға тиіс.";

      3) 26-1-баптың 1-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйінің ықтимал нашарлауы жағдайында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұсынылған қайта капиталдандыру жоспарының тиімсіздігі;
      3-2) өтініш беруші - жеке тұлғада, өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкерінде мінсіз іскерлік беделдің болмауы;";

      10) тармақша "тізбесін" деген сөздің алдынан "осы Заңның 26-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 33-баптың 2, 7, 10, 12 және 13-тармақтарындағы "он төрт" деген сөздер "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) 34-бапта:

      1) тармақшаның бірінші бөлігіндегі "тәуелсіз директоры" деген сөздер алып тасталсын;

      9-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы "қолдануы негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы." деген сөздер "қолдануы;" деген сөзбен ауыстырылып, бөлік мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) осы бапта аталған тұлғаларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.";

      6) 43-бап мынадай мазмұндағы 3-5) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы жөнінде талаптар белгілейді;";

      7) 46-бап мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
      "11-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы уәкілетті органның жазбаша нұсқамада көрсетілген, қаржылық және (немесе) өзге де есептілікке деректерді түзету жөніндегі талаптарын орындамаған кезде, пруденциялдық нормативтерді және басқа да міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуді уәкілетті орган өзі түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.";

      8) 53-2-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
      "Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағымдану оны орындауды тоқтата тұрмайды.";

      9) 53-3-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "сатуды қолдануға құқылы." деген сөздер "сатуды;" деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) осы Заңның 34-бабында аталған тұлғаларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін қолданыстағы заңнаманың талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде бір мезгілде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерінің лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді кері қайтарып ала отырып, қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуді қолдануға құқылы.";

      10) 54-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шараларының талаптарын орындамаған;";

      11) 59-баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-1) уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шараларының талаптарын орындамаған;";

      12) 74-1-бапта:

      "2-1. Есептілікті ұсыну тәртібі мен нысандары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.";

      "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы - заңды тұлғаның басшы қызметкерлерінің құрамы өзгерген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы - заңды тұлға растайтын құжаттарды тіркей отырып, басшы қызметкерлердің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметті ұсынады.".

      14. "Инвестициялар туралы" 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 1-2, 4-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "8-1) миноритарлық инвестор - дауыс беретін акциялардың он процентінен аз (қатысушылар дауысының жалпы санының он процентінен аз) мөлшерінде инвестицияны жүзеге асырған инвестор;";

      2) 2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Инвестицияларды жүзеге асыру кезінде туындайтын және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының қолданылатын аясына қатысты қатынастарға осы Заңның ережелері Қазақстан Республикасының осындай заңдарына қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.";

      3) 3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Инвесторлардың кәсіпкерлік қызметтің инвестициялар жүзеге асырылатын объектілері мен түрлеріне қатысты құқықтары мен міндеттері осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде және тиісті шарттарда белгіленеді.";

      4) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-бап. Мемлекеттік органдардың инвесторларға қатысты
              қызметінің жариялылығы және инвесторлардың
              инвестициялық қызметті жүзеге асыруға байланысты
              ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету

      1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының инвесторлардың мүдделерін қозғайтын ресми хабарлары және нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жарияланады.
      2. Миноритарлық инвесторларды қоса алғанда, инвесторлардың заңды тұлғаларды тіркеу туралы, олардың жарғылары туралы, жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді тіркеу туралы, берілген лицензиялар туралы ақпаратқа, сондай-ақ олардың инвестициялық қызметті жүзеге асыруымен байланысты коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтымайтын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген өзге де ақпаратқа еркін қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.".

      15. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 10, 55-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 14, 58-құжат; 2006 ж., N 10, 52-құжат; N 16, 99-құжат):

      1) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 6-2) және 6-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6-2) корпоративтік веб-сайт - Интернет желісіндегі қоғамға тиесілі және уәкілетті орган белгілеген талаптарға жауап беретін ресми электронды сайт. Жария компаниялар үшін корпоративтік веб-сайттың болуы міндетті;
      6-3) корпоративтік хатшы - директорлар кеңесінің мүшесі болып табылмайтын акционерлік қоғамның не қоғамның атқарушы органының қызметкері, оны қоғамның директорлар кеңесі тағайындайды және қоғамның директорлар кеңесіне есеп береді, сондай-ақ өз қызметі шеңберінде акционерлер жиналысының және қоғамның директорлар кеңесінің отырыстарын дайындауды және жүргізуді бақылайды, акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды және қоғамның директорлар кеңесінің отырысына материалдарды қалыптастыруды қамтамасыз етеді, оларға қол жеткізудің қамтамасыз етілуін бақылайды. Корпоративтік хатшының құзыреті және қызметі қоғамның ішкі құжаттарымен айқындалады;";

      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "11-1) миноритарлық акционер - акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының он процентінен азы тиесілі акционер;";

      12) тармақшада "ұйымдардың - сол қоғамның аффилиирленген тұлғаларының лауазымды адамдарымен бағыныштылығы жағынан байланысты емес;" деген сөздерден кейін "мемлекеттік қызметші болып табылмайтын;" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:

      "4-1-бап. Жария компания

      1. Мынадай өлшемдерге сәйкес келетін қоғам жария компания болып танылады:
      1) қоғам өзінің жай акцияларын, осы акцияларды инвесторлардың шектеусіз тобына ұсына отырып, бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған және (немесе) ұйымдастырылған нарығына орналастыруды жүзеге асыруға тиіс;
      2) қоғамның орналастырылған жай акцияларының жалпы санының кемінде отыз проценті, олардың әрқайсысы қоғамның орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан қоғамның жай акцияларының бес процентінен аспайтын акционерлерге тиесілі болуға тиіс;
      3) қоғамның жай акцияларының сауда-саттық көлемі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс;
      4) қоғамның акциялары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының тізімдер санатында болуға тиіс, енгізілуі және онда болуы үшін қор биржасының ішкі құжаттарымен бағалы қағаздарға және олардың эмитенттеріне арнайы (листингілік) талаптар белгіленеді не олар Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы арнайы сауда алаңдарының тізіміне енгізіледі.
      2. Жария компанияның жарғысында:
      1) корпоративтік басқару кодексінің;
      2) корпоративтік хатшы лауазымының;
      3) корпоративтік веб-сайттың;
      4) "алтын акцияға" тыйым салудың болуы көзделуге тиіс.
      3. Уәкілетті орган қоғамды жария компания деп тануды немесе одан жария компанияның мәртебесін қайтарып алуды қоғамның өтініші негізінде өзі белгілеген тәртіппен жүргізеді.
      4. Қоғам мынадай:
      1) қатарынан соңғы үш айдың ішінде осы баптың 1-тармағының 2) және (немесе) 3) тармақшаларындағы талаптарды сақтамаған;
      2) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес келмеген жағдайларда жария компания мәртебесінен айырылады.";

      3) 6-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      4-1) қоғамның акцияларына айырбастауға жататын қоғамның бағалы қағаздарын айырбастаудың шарттары мен тәртібін белгілейді;
      4-2) осы Заңға сәйкес қоғам акцияларды сатып алған кезде олардың құнын белгілеудің әдістемесін бекітеді;";

      4) 14-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "тіркеушіден" деген сөз "қоғамның тіркеушісінен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 15-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасындағы "тіркеуші мен" деген сөздер "қоғамның тіркеушісіне және" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "тіркеуші" деген сөз "қоғамның тіркеушісі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 18-бапта:
      1-тармақтың үшінші бөлігінде ", ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында сату" деген сөздер "не бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында өткізілетін жазылу немесе аукционда сату" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "1-1. Акционер артықшылықпен сатып алу құқығына сәйкес оған акцияны немесе қоғамның жай акцияларына айналдырылатын басқа бағалы қағазды сатып алуға өтініш беру үшін берілген отыз күннің ішінде акцияны немесе қоғамның жай акцияларына айналдырылатын басқа бағалы қағазды иеліктен айырған кезде, егер акцияның бұрынғы иесі мұндай өтініш бермеген жағдайда осы құқық акцияның немесе қоғамның жай акцияларына айналдырылатын басқа бағалы қағазды жаңа иесіне ауысады.";

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Жазылу арқылы қоғам орналастыратын акциялар, акцияларды артықшылықты сатып алу құқығына сәйкес сатып алатын акционерлерді қоспағанда, осы орналастыру шегінде акцияларды сатып алатын барлық тұлғалар үшін бірдей сату бағасы бойынша сатылуға тиіс.
      Акционерлер акцияларды артықшылықты сатып алу құқығына сәйкес орналастыру туралы шешім қабылдаған қоғамның органы белгілеген бірыңғай орналастыру бағасы бойынша сатып алады.
      3. Акцияларды орналастыру туралы шешім қабылдаған қоғамның органы осы орналастыру үшін белгілеген акцияларды орналастыру бағасы осы акциялардың сатылуы мүмкін неғұрлым төменгі бағасы болып табылады.";

      7) 22-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
      "Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша бағалы қағаздармен дивидендтер төлеуге жол берілмейді.";

      "Төленбеген дивидендтері бар акцияларды иеліктен алу, егер акцияларды иеліктен алу туралы шартта өзгеше көзделмесе, акцияның жаңа иесінің оларды алу құқығымен жүзеге асырылады.";

      8) 23-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Егер қоғамның жарғысында осындай төлем көзделген болса, қоғамның жай акциялары бойынша тоқсан немесе жарты жылдық қорытындылары бойынша дивидендтер төлеу тек қана акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен ғана жүзеге асырылады.";

      үшінші бөлікте "аталған органдары" деген сөздер "акционерлерінің жалпы жиналысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Бұл ретте жария компаниялар осы шешімді өздерінің корпоративтік веб-сайтында да жариялауға тиіс.";

      9) 25-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Бұл ретте жария компанияның акционерлеріне ұсыныс корпоративтік веб-сайтта жариялануға тиіс.";

      10) 26-баптың 1-тармағында "акционерлердің жалпы жиналысы бекіткен әдістемесіне сәйкес" деген сөздер "осы Заңда белгіленген тәртіпке сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 27-баптың 1-1-тармағында "акционерлердің жалпы жиналысы бекіткен әдістемесіне сәйкес" деген сөздер "осы Заңда белгіленген тәртіпке сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 30-баптың 3-тармағында "проспектісімен белгіленеді" деген сөздер "проспектісінде көрсетіледі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 33-баптың 4-тармағы алып тасталсын;

      14) 35-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Акционерлердің жыл сайынғы жалпы жиналысында:
      1) қоғамның жылдық қаржылық есептілігі бекітіледі;
      2) қоғамның аяқталған қаржы жылы үшін таза кірісін бөлу тәртібі және қоғамның бір жай акциясына есептелген дивиденд мөлшері айқындалады;
      3) акционерлердің қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы мәселе қаралады.
      Директорлар кеңесінің төрағасы директорлар кеңесінің және қоғамның атқарушы органының мүшелеріне сыйақы беру мөлшері және олардың құрамы туралы қоғамның акционерлеріне хабарлайды.
      Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы олар бойынша шешімдер қабылдау акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған басқа мәселелерді де қарауға құқылы.";

      15) 36-баптың 1-тармағында:

      "3-1) қоғамның бағалы қағаздарын айырбастау шарттары мен тәртібін, сондай-ақ оларды өзгертуді айқындау;";

      8) тармақшада "жыл қорытындылары бойынша" деген сөздер алып тасталсын;

      14) тармақшада "әдістемесін бекіту" деген сөздер "әдістемесіне өзгерістерді бекіту (егер оны құрылтай жиналысы бекітпесе, әдістемені бекіту)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 41-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға не оларға жіберілуге тиіс. Егер компания акционерлерінің саны елу акционерден аспаса, хабарлама акционерге жазбаша хабарлама жолдау арқылы жіберілуге тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Миноритарлық акционер акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібінде көрсетілген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кезінде басқа акционерлермен бірігу мақсатында қоғамның тіркеушісіне өтініш жасауға құқылы.
      Миноритарлық акционердің өтініш беру және қоғам тіркеушісінің басқа акционерлерге ақпарат тарату тәртібі бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі шартта белгіленеді.";

      17) 43-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігінде "кешіктірілмей" деген сөзден кейін "немесе осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Күн тәртібінде, "әр түрлі", "өзге", "басқалары" деген сөздерді қоса алғанда, жалпылама ұғымдағы тұжырымдамаларды және осыларға ұқсас тұжырымдамаларды пайдалануға тыйым салынады.";

      18) 44-бапта:

      "2-1) қоғамға аффилиирленгені туралы мәліметтер;";

      "Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қоғамның директорлар кеңесін (директорлар кеңесінің жаңа мүшесін) сайлау туралы мәселе енгізілген жағдайда материалдарда мыналар: директорлар кеңесінің мүшелігіне ұсынылып отырған кандидат қандай акционердің өкілі болып табылатындығы және (немесе) ол қоғамның тәуелсіз директоры лауазымына кандидат болып табылатын-табылмайтындығы көрсетілуге тиіс.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдар акционерлер танысуы үшін қоғамның атқарушы органы орналасқан жерде жиналыс өткізілетін күннен он күн бұрын дайын әрі қол жетімді болуға тиіс, ал акционердің сауал салуы болған кезде - сауал салу алынғаннан кейін оған үш жұмыс күні ішінде жіберілуге тиіс, егер жарғыда өзгеше көзделмесе, құжаттар көшірмелерін жасауға және құжаттарды жеткізуге кеткен шығыстар акционерге жүктеледі.";

      19) 49-баптың 2-тармағында "Қоғамның" деген сөз "Жария компанияларды қоспағанда, қоғамның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20) 52-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Жалпы жиналыста қоғамның директорлар кеңесін (директорлар кеңесінің жаңа мүшесін) сайлау туралы мәселе қаралған жағдайда жалпы жиналыстың хаттамасында: директорлар кеңесінің сайланған мүшесі қандай акционердің өкілі болып табылатыны және (немесе) директорлар кеңесінің сайланған мүшелерінің қайсысы тәуелсіз директор болып табылатыны көрсетіледі.";

      21) 53-баптың 2-тармағында:
      6) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "10-1) корпоративтік хатшыны тағайындау, оның өкілеттік мерзімін айқындау, оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ корпоративтік хатшының лауазымдық жалақысы мөлшерін және сыйақы шарттарын айқындау;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "11) аудиторлық ұйымның, сондай-ақ қоғамның акцияларын төлеуге берілген не ірі мәміле нысанасы болып табылатын мүліктің нарықтық құнын бағалау жөніндегі бағалаушының қызметіне ақы төлеу мөлшерін айқындау;";

      13) тармақшадағы "бекіту (бұған қоғам қызметін ұйымдастыру мақсатында атқарушы орган қабылдайтын құжаттар қосылмайды)" деген сөздер "(бұған қоғам қызметін ұйымдастыру мақсатында атқарушы орган қабылдайтын құжаттар қосылмайды), оның ішінде аукциондар өткізу және қоғамның бағалы қағаздарына қол қою шарттары мен тәртібін белгілейтін ішкі құжатты бекіту" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "15) қоғамның басқа заңды тұлғалардың акцияларының он және одан да көп процентін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сатып алу туралы шешімдерін қабылдау, сондай-ақ олардың қызметі мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;";

      17) тармақшадағы "бұрынғы тіркеушімен" деген сөздер "қоғамның бұрынғы тіркеушісімен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22) мынадай мазмұндағы 53-1-баппен толықтырылсын:

      "53-1-бап. Директорлар кеңесінің комитеттері

      1. Директорлар кеңесінің неғұрлым маңызды мәселелерін қарау және ұсынымдарын дайындау үшін жария компанияларда:
      1) стратегиялық жоспарлау;
      2) кадрлар және сыйақылар;
      3) ішкі аудит;
      4) әлеуметтік мәселелер;
      5) қоғамның ішкі құжатында көзделген өзге мәселелер бойынша директорлар кеңесінің комитеттері құрылады, ал өзге қоғамдарда құрылуы мүмкін.
      2. Директорлар кеңесінің комитеттері директорлар кеңесінің мүшелерінен және нақты комитетте жұмыс істеу үшін қажетті кәсіби білімі бар сарапшылардан тұрады.
      Атқарушы органның басшысы директорлар кеңесі комитетінің төрағасы бола алмайды.
      3. Директорлар кеңесі комитеттерін қалыптастыру және олардың жұмыс істеу тәртібі, сондай-ақ олардың сандық құрамы директорлар кеңесі бекітетін қоғамның ішкі құжатымен белгіленеді.";

      23) 57-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Директорлар кеңесінің отырысын өткізу туралы директорлар кеңесінің мүшелеріне хабарлама жіберу тәртібін - директорлар кеңесі, ал "алтын акция" иесіне хабарлама жіберу тәртібін қоғамның жарғысы айқындайды.";

      24) 58-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Жария компанияның директорлар кеңесінің отырысына міндетті түрде тәуелсіз директорлардың жалпы санының жартысынан кем емес мөлшерде тәуелсіз директорлар ұсынылуға тиіс.";

      25) 59-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Атқарушы органның басшысы не қоғамның атқарушы органының функциясын жеке дара жүзеге асыратын адам атқарушы орган басшысының не басқа заңды тұлғаның атқарушы органының функциясын жеке дара жүзеге асыратын адамның лауазымын атқаруға құқығы жоқ.";

      26) 62-бап мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) егер қоғамның ішкі құжаттарында өзгеше белгіленбесе, қоғамның қызметі туралы ақпараттың құпиялылығын, оның ішінде қоғамдағы жұмыс тоқтатылған сәттен бастап үш жылдың ішінде сақтауға тиіс.";

      27) 63-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "63-бап. Қоғамның лауазымды адамдарының жауапкершілігі

      1. Қоғамның лауазымды адамдары өздерінің әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) келтірілген зиян үшін, оның ішінде:
      1) қателесуге әкеліп соқтыратын ақпарат немесе көрінеу жалған ақпарат берудің;
      2) осы Заңда белгіленген ақпарат беру тәртібін бұзудың нәтижесінде келтірілген зиян үшін қоғам мен акционерлер алдында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      2. Қоғам акционерлердің жалпы жиналысының шешімі негізінде олардың қоғамға келтірген зиянын не залалын лауазымды тұлғаға өтету туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
      3. Қоғамның не акционердің залалға ұшырауына әкеп соқтырған қоғамның органы қабылдаған шешімге қарсы дауыс берген немесе дауыс беруге қатыспаған жағдайда қоғамның лауазымды тұлғалары жауапкершіліктен босатылады.";

      28) 64-бапта:
      1-тармақта:
      2) тармақшада "лауазымды тұлғасы" деген сөздердің алдынан ", тәуелсіз директорды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      3) тармақшада:
      "қоғамның немесе" деген сөздерден кейін ", тәуелсіз директорды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Осы баптың ережелері коммерциялық емес ұйым болып табылатын қоғамдарға және кредиттік бюроларға қолданылмайды.
      Мыналар:
      1) коммерциялық емес ұйымның немесе кредиттік бюроның ірі акционерлері (қатысушылары) болып табылатын тұлғалар;
      2) іс-әрекетке қабілетсіз және іс-әрекетке қабілеті шектеулі тұлғалар аффилиирленген тұлғалар болып табылмайды.";

      29) 79-бапта:

      "2-1. Жария компания осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 9) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты корпоративтік веб-сайтқа орналастыруға міндетті.";

      "Қоғам қызметтік немесе коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа ие қоғам қызметкерлерінің тізімін міндетті түрде жүргізуді қамтамасыз етеді.";

      30) 80-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігінің 14) тармақшасындағы "хаттамалары сақталуға тиіс." деген сөздер "хаттамалары;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
      "15) бар болған жағдайда, корпоративтік басқару кодексі сақталуға тиіс.";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Қоғамның қызметтік, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпарат қамтылған бағалы қағаздарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және айырбастаудың жекелеген мәселелерін регламенттейтін құжаттар оның талабы бойынша танысу үшін акционерге берілуге тиіс.";

      31) 86-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Акциялар шығарылымының күші жойылған күні қоғамның тіркеушісі жасаған акционерлер тізіміне енгізілген тұлғалар акционерлік қоғамнан қайта құрылған жаңа заңды тұлғаның қатысушылары болады.".

      16. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 14, 119-құжат; 2004 ж., N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат):

      1) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) мінсіз іскерлік бедел - кәсіби білікті, адалдығын растайтын факторлардың болуы, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін немесе ауырлығы орташа қылмыстар, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы;";

      23), 25) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 26-2) және 26-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "26-2) инсайдер - эмитенттің немесе оның аффилиирленген тұлғасының акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлесін) иеленуіне, эмитенттің немесе оның аффилиирленген тұлғасының басқару органдарына мүше болуына, эмитентпен немесе оның аффилиирленген тұлғасымен еңбек шартын немесе азаматтық-құқықтық шартын жасауына, оған мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы ретінде берілген өкілеттіктерге байланысты инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізе алатын тұлға;
      26-3) инсайдерлік ақпарат - эмиссиялық бағалы қағаздар және олармен жасалған мәмілелер туралы, сондай-ақ осы бағалы қағаздардың эмитенті және ол жүзеге асыратын қызмет туралы үшінші тұлғаларға белгісіз, жария етілуі негізгі активтері осы бағалы қағаздар болып табылатын осы бағалы қағаздардың немесе туынды бағалы қағаздардың рыноктағы бағасына елеулі түрде әсер етуі мүмкін кез келген ақпарат;";

      31) тармақша алып тасталсын;

      81) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа жіберілген" деген сөздер "халықаралық қаржылық есептілік стандарттарымен айқындалған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 3-баптың 2-тармағында:
      18) және 20) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "22-1) қор биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қалпына келтірудің шарттары мен тәртібін айқындайды;";

      3) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:

      "3-1-бап. Уәкілетті орган қолданатын ықпал етудің шектеулі
                шаралары және санкциялар

      1. Уәкілетті орган пруденциалдық нормативтердің және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің бұзылғандығын, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің бұзылғандығын тапқан, бағалы қағаздар рыногының субъектілері лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттерін немесе әрекетсіздіктерін анықтаған жағдайларда уәкілетті орган бағалы қағаздар рыногының субъектілеріне ықпал етудің мынадай шектеулі шараларының бірін қолдануға:

      2) акционерлер алдына бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің басшы қызметкерлерін қызметінен шеттету туралы мәселе қоюға;
      3) міндеттеме-хат талап етуге;
      4) бағалы қағаздар рыногының субъектісімен жазбаша келісім жасауға құқылы.
      2. Бағалы қағаздар рыногы субъектісінің міндеттеме-хатында орын алған кемшіліктерді мойындау фактісі және бағалы қағаздар рыногы субъектісі басшылығының оларды қатаң айқындалған мерзімдерде жою және (немесе) жоспарланған іс-шаралардың тізбесін көрсете отырып, алдағы уақытта мұндай кемшіліктерді болдырмау жөніндегі кепілдігі болуға тиіс.
      3. Жазбаша келісім - бұл бағалы қағаздар рыногының субъектісі мен уәкілетті органның арасындағы анықталған кемшіліктерді шұғыл жою қажеттігі туралы және осыған байланысты бірінші кезектегі шараларды бекіту жөніндегі келісім.
      4. Жазбаша нұсқама - бағалы қағаздар рыногының субъектісіне белгіленген мерзімде анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған, орындалуға міндетті түзету шараларын қабылдау туралы нұсқау.
      Сотта уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағымдану оның орындалуын тоқтатпайды.
      5. Бағалы қағаздар рыногының субъектісі міндеттеме-хаттың, жазбаша нұсқаманың немесе жазбаша келісімнің осы құжатта көрсетілген мерзімде орындалғандығы туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
      6. Ықпал етудің шектеулі шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
      7. Уәкілетті орган бағалы қағаздар рыногының субъектісіне оған бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан санкция қолдануға құқылы.
      8. Уәкілетті орган санкция ретінде мынадай шаралар қолдануға:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айыппұл салуға және оны өндіртіп алуға;
      2) лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға;
      3) лицензиядан айыруға;
      4) бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің басқарушы қызметкерлерін тағайындауға уәкілетті органның келісімін қайтарып алуға құқылы.";

      4) 4-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында "уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен" деген сөздер алып тасталсын;

      5) 9-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) эмитенттің жарғылық капиталындағы үлестің он және одан да көп процентіне иелік ететін ірі акционерлері және (немесе) қатысушылары туралы;";

      2-тармақта:
      бірінші бөлікте "(Эмитенттің)" деген сөз "Қоғам оларды сатып алу кезіндегі акциялардың құнын айқындау әдістемесі, сондай-ақ эмитенттің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Аяқталған қаржы жылының қаржылық есептілігінің аудиторлық есебі болмаған жағдайда ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 маусымына дейінгі кезеңде қоғам уәкілетті органға аяқталған соңғы жылдың алдындағы екі жылдың қаржылық есептілігін және аталған кезеңдегі қаржылық есептілігінің аудиторлық есебін ұсынады (аяқталған қаржылық жылдың аудиттік есебін және қаржылық есептілігін қоғам жылдық қаржылық есептілікті акционерлердің жалпы жиналысы бекіткен күннен бастап бір ай ішінде ұсынады).";

      6) 11-баптың 7-тармағында "барлық жарияланған акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті (есептерді)" деген сөздер  "қоғам құрылтайшыларының акцияларды төлеу жөніндегі міндеттемелерінің орындалғанын растайтын жарияланған акцияларды орналастырудың қорытындылары туралы есепті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 14-баптың 1-тармағында:
      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Эмитент мынадай талаптарды сақтаған жағдайда ғана:";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) облигациялар шығару туралы шешім қабылдаған күні міндеттемелерді орындамау фактілері болмаған;";

      8) 22-баптың 3-тармағының екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Аукциондар немесе жазылуды өткізу шарттары мен тәртібі эмитенттің ішкі құжаттарымен белгіленеді және ол орналастырылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуға ниеті бар инвесторларға қойылатын талаптарды қамтуға тиіс.";

      9) 22-1-бапта:
      1-тармақта:
      4) тармақшасының бірінші абзацындағы "акцияларды" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ акционерлік қоғамның бастамасы бойынша немесе оның қатысуымен шығарылатын және базалық активтері осы акционерлік қоғамның акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) тармақша алып тасталсын;

      "1-1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар және (немесе) тиімді басқару орны (нақты басқару органдары) Қазақстан Республикасында орналасқан өзге де заңды тұлғалар осы Заңның мақсатында Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары болып танылады.
      Заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу үшін негізгі басқару және қажетті стратегиялық коммерциялық шешімдер қабылдау жүзеге асырылатын орын тиімді басқару орны (нақты басқару органы) болып танылады.";

      10) 23-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі алып тасталсын;

      11) 25-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "бұзылған жағдайларда эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға" деген сөздер "бұзылған;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) сыйақы төлеу немесе бұрын шығарылған облигацияларды өтеу жөніндегі міндеттемелерді уақтылы орындамау немесе орындамау фактілері болған жағдайларда эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға құқылы.";

      12) 30-бапта:
      1-тармақтағы "таратылуына байланысты, не" деген сөздерден кейін "осы Заңда белгіленген өзге де жағдайларда, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Уәкілетті орган акциялар шығарылымын жою туралы шешімді эмитентке, тіркеушіге және орталық депозитарийге жібереді.
      Жарияланған акциялар шығарылымының жойылуына байланысты эмитенттің бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерін тіркеуді тоқтату тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.";

      13) мынадай мазмұндағы 30-1-баппен толықтырылсын:

      "30-1-бап. Облигациялар шығарылымын жою

      1. Облигациялар шығарылымын жою туралы шешімді уәкілетті орган облигациялар шығарылымын жою туралы шешім қабылдаған эмитент органының шешімі негізінде осы шығарылымның бір де бір облигациясы орналастырылмаған жағдайда қабылдайды.
      2. Облигациялар шығарылымын жою тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.";

      14) 34-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Базалық активі аталған ұйымдардың эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын, депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығару және орналастыру арқылы Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының бағалы қағаздарын қайталама рынокта сатуды жоспарлаушы тұлға шығарылым туралы уәкілетті органды оның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен хабардар етуге міндетті.";

      2-тармақтағы "Эмитент не эмитенттердің -" деген сөздер алып тасталып, "шығаруды жүзеге асырған эмитент не өзге де тұлға" деген сөздер "орналастыруды жүзеге асырған Қазақстан Республикасының резидент ұйымы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "депозитарийге" деген сөзден кейін "және уәкілетті органға оның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;

      15) 36-бапта:
      1-тармақтағы "осы Заңға" деген сөздерден кейін "және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақ алып тасталсын;

      3-тармақтағы "мәмілені тіркеуді, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда," деген сөздер "мәмілені және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжаттарды тіркеуді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 41-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "41-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпия

      1. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны мынадай (осы баптың 2-тармағында белгіленгендерді қоспағанда):
      1) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесіндегі және нақтылы ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шоттардағы акционерлік қоғамның жай акциялары мен оның жай акцияларына айналдырылған эмиссиялық бағалы қағаздарының қалдықтары мен қозғалысы туралы;
      2) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесіндегі және нақтылы ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шоттардағы, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілгендерден басқа, эмиссиялық бағалы қағаздардың болу-болмауы және олардың иелері туралы, осы шоттардағы эмиссиялық бағалы қағаздардың қалдықтары мен қозғалысы туралы ақпарат құрайды.
      2. Мынадай:
      1) акционерлік қоғамның ірі акционерлеріне қатысты бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесіндегі және нақтылы ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шоттардағы жай акциялардың қалдықтары мен қозғалысы туралы;
      2) осы Заңның 19-тарауына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ашуға жататын эмиссиялық бағалы қағаздар мен олардың ұстаушылары туралы;
      3) қор биржасының ережелеріне сәйкес оған берілуге тиіс эмиссиялық бағалы қағаздар мен олардың ұстаушылары туралы;
      4) осы бағалы қағаздар бойынша төлемдерді жүзеге асыру мақсатында ашуға жататын эмиссиялық бағалы қағаздар мен олардың ұстаушылары туралы ақпарат бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны құрамайды.";

      17) мынадай мазмұндағы 47-1-баппен толықтырылсын:

      "47-1-бап. Лицензиат органдары

      Лицензиат (Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген тіркеушіні, трансфер-агентті, сондай-ақ брокерді және (немесе) дилерді қоспағанда) міндетті түрде мынадай алқалы органдарды қалыптастырады:

      18) 48-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) өтініш берушінің оны құру мақсаттарын ашатын бизнес-жоспарының болуы, қызметінің негізгі бағыттарын және оған өтініш беруші бағдар жасаған рынок сегменті, қызмет түрлері, маркетинг жоспары, өтініш берушінің кәсіптік қызметімен байланысты тәуекелдер және оларды азайтудың тәсілдері, қаржылық перспективасы (есептік балансы, алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы кірістер мен шығыстардың есептері), еңбек ресурстарын тарту жоспары;";

      3-тармақ алып тасталсын;

      19) 49-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Лицензиат уәкілетті органның жазбаша нұсқамасында көрсетілген қаржылық және (немесе) өзге де есептіліктегі деректерді түзету жөніндегі талаптарды орындамаған кезде, пруденциалдық нормативтерді және басқа да міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуді уәкілетті орган өздері түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.";

      20) 54-бапта:
      1-тармақтағы "басқармасының бірінші басшысы" деген сөздерден кейін "(тіркеушінің атқарушы органының, трансфер-агенттің функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға)" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақта:
      2) тармақша алып тасталсын;

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) мінсіз іскерлік беделі жоқ;";

      5) тармақшадағы "басқармасының бірінші басшысы" деген сөздерден кейін "(тіркеушінің атқарушы органының, трансфер-агенттің функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға)" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақта:
      1) тармақшаның бірінші бөлігінде:
      "тәуелсіз директоры," деген сөздер алып тасталсын;
      "басқармасының бірінші басшысы" деген сөздерден кейін "(тіркеушінің атқарушы органының, трансфер-агенттің функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға)" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөлікте "Тәуелсіз директорды қоспағанда, директорлар" деген сөздер "Директорлар" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "8-1. Уәкілетті орган осы бапта көрсетілген тұлғаларды өтініш берушінің (лицензиаттың) аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін жеткілікті деректердің негізінде қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуге құқылы.";

      9-тармақтың бірінші бөлігінде:
      2) тармақша "басшы қызметкерге" деген сөздерден кейін "және (немесе) лицензиатқа" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) тармақшадағы "қолдануы негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы." деген сөздер "қолдану;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) уәкілетті орган осы бапта көрсетілген тұлғаларды өтініш берушінің (лицензиаттың) аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін жеткілікті деректердің негізінде қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.";

      21) 56-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) инсайдерлік ақпарат пайдаланылып жасалған бағалы қағаздармен мәмілелер бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау мақсатында жасалған мәмілелер деп танылады.";

      22) мынадай мазмұндағы 56-1-баппен толықтырылсын:

      "56-1-бап. Инсайдерлік ақпаратқа билік етуді және оны
                 пайдалануды шектеу

      1. Инсайдерлік ақпаратқа осы Заңға сәйкес оны ашқан сәтке дейін коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат жатады.
      Жалпыға бірдей қолжетімді ақпараттың негізінде жүргізілген эмитенттің бағалы қағаздардың құнын бағалау және (немесе) эмитенттің мүліктік жағдайын бағалау қамтылған ақпарат инсайдерлік ақпаратқа жатпайды.
      2. Инсайдерлер, сондай-ақ олардың аффилиирленген тұлғалары:
      1) инсайдерлік ақпаратты пайдалану арқылы өз мүдделерінде немесе үшінші тұлғалардың мүдделерінде бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, инсайдерлік ақпаратты немесе оған негізделген ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге немесе үшінші тұлғалар үшін қол жетерліктей жасауына;
      3) үшінші тұлғаларға инсайдерлік ақпаратқа негізделген бағалы қағаздармен мәмілелер жасасу туралы ұсынымдар беруге құқығы жоқ.";

      23) 61-баптың 3-тармағы алып тасталсын;

      24) 63-баптың 6-тармағы алып тасталсын;

      25) 64-бапта:

      "2-1. Уәкілетті орган берген банкілік қарыз беру операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар брокер және (немесе) дилер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен факторинг операцияларын (төленбеу тәуекелін қабылдай отырып, (тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) сатып алушыдан төлем талап ету құқықтарын сатып алуды) және форфейтинг операцияларын (сатушыға айналымсыз вексельді сатып алу арқылы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алушының борыштық міндеттемесін төлеуді) жүзеге асыруға құқылы.";

      6-тармақта:
      бірінші абзацтағы "қағаздар шығарылымын" деген сөздер "қағаздарды" деген сөзбен, 2) тармақшадағы "олардың шығарылымын" деген сөздер "оларды" деген сөзбен, 3) тармақшадағы "қағаздар шығарылымын" деген сөздер "қағаздарды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1) тармақшадағы "бағалы қағаздардың бүкіл шығарылымын" деген сөздер "барлық орналастырылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      26) 65-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Тіркеушінің лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған, одан айырған жағдайларда уәкілетті орган бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесін жүргізу жөнінде эмитент жаңа шарт жасасқан тіркеушіге оларды кейіннен беру үшін бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесін құрайтын деректердің резервтік көшірмелерін алып қоюға құқылы.";

      27) 67-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Лицензияның қолданылуы бір айдан астам мерзімге тоқтатыла тұрған, сондай-ақ лицензиядан айырған жағдайда бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі шарт бұзылады.";

      28) 72-баптағы "тиісті санаттағы біліктілік куәліктері бар қызметкерлерден тұратын, саны кемінде үш адам болатын" деген сөздер "құрамында кемінде үш адам болатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      29) 80-бапта:
      1-тармақта:
      2) тармақшадағы "оның депоненттерінің" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті лицензиясыз брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын өзге тұлғалардың" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша қаржы құралдарындағы және (немесе) ақшадағы клиринг қызметін көрсетеді.";

      2-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "қаржы құралдары бойынша кірісті төлеу жөніндегі және оларды өтеу кезінде төлем агентінің функцияларын орындауды;";

      3) тармақшадағы "ашуды;" деген сөз "ашуды жүзеге асырады." деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақша алып тасталсын;

      30) 81-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы алып тасталсын;

      31) 84-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Қор биржасы акционерлерінің жалпы жиналысы акцияларды шоғырландыру (қор биржасының орналастырылған акцияларының жалпы санына қарай әрбір акционерге тиесілі акциялардың сандық арақатынасы сақталған кезде, осы қор биржасының жарияланған акцияларының санын азайту) мақсатында олардың шығарылымын тіркеумен бір мезгілде жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою туралы шешім қабылдауға құқылы. Шығарылатын акциялардың жиынтық құны акциялар шығарылымының күші жойылған күнгі қор биржасының жарғылық капиталының мөлшеріне сәйкес келуге тиіс.";

      32) 85-баптың 4-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) қор биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қайта бастаудың шарттары мен тәртібін;";

      7) тармақша алып тасталсын;

      33) 88-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы "функцияларын" деген сөз алып тасталып, тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "8-1) қор биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қайта бастаудың шарттары мен тәртібін айқындау функцияларын;";

      34) 18-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"18-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы өзін-өзі реттейтін
ұйымдар және өзара сақтандыру қоғамдары";

      35) мынадай мазмұндағы 100-1-баппен толықтырылсын:

      "100-1-бап. Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының
                  жауапкершілігін өзара сақтандыру қоғамдары

      1. Инвесторларға бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары келтірген залалдарды өтеуді қамтамасыз ету мақсатында бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен өзара сақтандыру қоғамдарын құруға құқылы.
      2. Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының өзара сақтандыру қоғамдарын құрудың және олардың жұмысының ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.";

      36) 101-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) акционерлік қоғамның бағалы қағаздарының аукциондары мен оған жазылудың шарттарын және өткізу тәртібін белгілейтін ішкі құжатта қамтылған;";

      37) 106-бапта:
      1-1) және 3) тармақшадағы "себептері туралы;" деген сөздер "себептері туралы ақпаратты өзінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес атап көрсетуге тиіс." деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақша алып тасталсын;

      "Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының ақпарат алмасу көзделетін халықаралық шарттары негізінде бағалы қағаздар рыногындағы қызметтік және коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді береді.";

      38) мынадай мазмұндағы 113-2-баппен толықтырылсын:

      "113-2-бап. Нақтылы ұстаушының клиенттері туралы
                  ақпаратты ашу

      Нақтылы ұстаушы "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне бағалы қағаздар нарығы және акционерлік қоғамдардың мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған нақтылы ұстау туралы шартқа сәйкес нақтылы ұстаушыға өзі туралы мәліметтерді ашуға құқық бермеген клиенттің орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі тиісті қосалқы шотын ашу үшін міндетті түрде қажет болатын деректемелерін оларды орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі тиісті қосалқы шотта көрсету үшін орталық депозитарийге ұсынуға міндетті.".

      17. "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 15, 132-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 16, 91-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 13, 85-құжат; N 15, 95-құжат):
       РҚАО-ның ескертуі. Осы Заңның 1-бабы 17-тармағының қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз.

      1) 1-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) қаржы қызметтері - сақтандыру рыногына, бағалы қағаздар рыногына, жинақтаушы зейнетақы қорларына қатысушылардың қызметі, банк қызметі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялар негізінде жүзеге асырылатын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізу жөніндегі ұйымдардың қызметі, сондай-ақ орталық депозитарийдің және лицензиялауға жатпайтын өзара сақтандыру қоғамдарының қызметі.";

      2) 9-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "заң актілерінде", "кері қайтарып алу", "кері қайтарып алады" деген сөздер тиісінше "лицензиялау туралы заңнамасында", "айыру", "одан айырады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 10-бапта:

      "жеке және заңды тұлғалардың банктің және банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуына келісім беру және келісім беруден бас тарту, банктердің еншілес ұйым құруына және оған ие болуына рұқсат беру тәртібін айқындайды, аталған келісімдерді және рұқсаттарды береді не беруден бас тартады;";

      5) тармақша алып тасталсын;

      10) тармақшадағы "лицензияны кері қайтарып алу туралы" деген сөздер "лицензиядан айыру туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 11-бапта:

      "1) жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуына келісім беру және келісім беруден бас тарту, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйым құруына және оған ие болуына рұқсат беру тәртібін айқындайды, аталған келісімдерді және рұқсаттарды береді не оларды беруден бас тартады;";

      5) 12-бапта:
      5)-7) тармақшалар алып тасталсын;

      9) тармақшадағы "және бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру құқығына берілген біліктілік куәліктерінің тізілімін" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 14-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "14-2) бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуы жөніндегі талаптарды белгілейді;";

      6) 13-бапта:

      "4) жеке және заңды тұлғалардың ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуына келісім беру және келісім беруден бас тарту тәртібін, аталған келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды айқындайды, осындай келісімді береді не беруден бас тартады;";

      мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4-1) жинақтаушы зейнетақы қорларының еншілес ұйым құруына және ие болуына рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, жинақтаушы зейнетақы қорының басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына едәуір қатысуына рұқсат беру тәртібін айқындайды, аталған рұқсаттарды береді не беруден бас тартады;
      4-2) жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуы жөніндегі талаптарды белгілейді;";

      7) тармақшадағы "лицензиясын қайтарып алу туралы" деген сөздер "лицензиясынан айыру туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 13-1-бапта:
      тақырыбындағы "бағалы қағаздар эмитенттерін," деген сөздерден кейін "кредиттік бюроларды," деген сөздермен толықтырылсын;

      1-тармақта:
      орыс тілдегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      "бағалы қағаздар эмитенттерін," деген сөздерден кейін "кредиттік бюроларды," деген сөздермен толықтырылсын;

      10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Ұйым тексеру тобынан сауалды алған күні не сауалда белгіленген мерзімдерде тексеру нәтижелері туралы аралық және қорытынды есептерге қоса тіркеу үшін барлық қажетті мәліметтер мен құжаттарды, соның ішінде олардың көшірмелерін табыс етуге міндетті.";

      12-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Уәкілетті орган қажет болған жағдайда тексеру нәтижелері туралы қорытынды есеп жасау мерзімін ұзарта алады.".

       2-бап.
      1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      2. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш айдың ішінде заңды тұлғалар өз қызметін оның ережелеріне сәйкес келтірсін.
      3. Осы Заңның 1-бабы 17-тармағының 2) тармақшасы, 3) тармақшасының жетінші абзацы, 4) тармақшасының төртінші абзацы, 6) тармақшасының жетінші абзацы ол ресми жарияланған күннен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 259284
    Қазақ тілінде 129582
    Орыс тілінде 128892
    Ағылшын тілінде 810
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы