Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті органдардың мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі құзыретінің аражігін ажырату және бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы № 495-IV Заңы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 3-бапта:
      мынадай мазмұндағы 14-1), 17-1), 17-2), 29-1) және 29-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «14-1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган – бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
      «17-1) бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы – салалық сараптаманың қорытындысы және Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың қорытындылары негізінде жүргізілетін, жобаның жүзеге асырылуын және тиімділігін айқындау тұрғысынан техникалық-экономикалық негіздемеде ұсынылған ақпаратты кешенді бағалау;
      17-2) бюджеттік инвестициялық жоба бойынша экономикалық қорытынды – бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасының қорытындылары негізінде дайындалған, бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың экономикалық орындылығы, оның ел экономикасына әсері мен стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның қорытындысы;»;
      «29-1) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытынды – заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптама қорытындылары негізінде әзірленген, бюджеттік инвестицияларды жүзеге асырудың экономикалық орындылығы, олардың ел экономикасына әсері мен стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның қорытындысы;
      29-2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы – іс-шаралардың салалық сараптамасының қорытындысы және Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың қорытындылары негізінде жүргізілетін негізділік және нәтижелілік критерийлеріне сәйкестігі тұрғысынан қаржылық-экономикалық негіздемеде ұсынылған ақпаратты кешенді бағалау;»;
      30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «30) инвестициялық ұсыныс – бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзірлейтін тиісті іс-шаралар жиынтығын қоса алғанда, оның мақсатын, оған қол жеткізу жолдарын көрсететін бюджеттік инвестициялық жобаның тұжырымдамасы;»;
      мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «30-1) инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды – инвестициялық ұсыныста қамтылған инвестициялық жобаны бюджеттiк инвестициялық жоба ретінде іске асырудың экономикалық орындылығы, жоба мақсаттарының стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарда белгіленген экономика саласын (аясын) дамыту басымдықтарына сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның қорытындысы;»;
      55) тармақшадағы «, экономикалық және бюджеттік жоспарлау» деген сөздер «және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын тұжырымдау мен қалыптастыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
      66) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «66) сақтандыру шарты - сақтандыру ұйымының бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган алдындағы мемлекет кепілгерлігі немесе мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді орындауға республикалық бюджеттен қаражат бөлу нәтижесінде туындаған залалды өтеу жөніндегі міндеттемесін көздейтін шарт;»;

      2) 14-баптың 1-тармағындағы «қоры трансферттерiнiң» деген сөздер «қорының кепiлдендірілген трансфертінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 19-баптың 6-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Резерв түрлерінің біріне көзделген қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервтері қаражатының жалпы көлемін қайта бөлу арқылы тиісті резервтің жоспарлы мақсаттылығын ұлғайтады.»;

      4) 23-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;

      5) 24-бапта:
      3-тармақ:
      «бюджетті түзету арқылы» деген сөздерден кейін «азаматтық-құқықтық мәмілелері осы Кодекстің 96-бабының 5-тармағына сәйкес жасалған» деген сөздермен толықтырылсын;
      «бюджетінде бекітілген» деген сөздерден кейін «ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен» деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақ «өткен қаржы жылының» деген сөздерден кейін «ағымдағы бюджеттік бағдарламалары,» деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 26-баптың 3 және 4-тармақтарындағы, 30-баптың 3-тармағындағы «мемлекеттік жоспарлау» деген сөздер «бюджеттік жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Бюджеттік бағдарламалардың бір әкімшісінің құзыретіне жатқызуға болмайтын, экономиканың әртүрлі салаларындағы жобаларды іске асыруды көздейтін, ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтің жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру жоспарланған бюджеттік бағдарламалар бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әкімші болады.»;

      8) 32-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жоспарлы кезеңге арналған бюджет қаражатын жоспарлау көлемдері, нәтижелілік және тиімділік көрсеткіштері бар бюджеттік бағдарламаларын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзірлейді және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі және тиісті жергілікті атқарушы органдар бекітеді.»;
      6-тармақтағы «Мемлекеттік жоспарлау» деген сөздер «Бюджеттік жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 45-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін тиісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар айқындайды.»;

      10) 46-бапта:
      2-тармақтың 1) тармақшасы «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң» деген сөздерден кейін «, облыстың өкілді және атқарушы органдарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
      «12-1. Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасының әкімшісі Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай ішінде осы Кодекстің 154 және 156-баптарының талаптарына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға құжаттама ұсынылғанға дейін осы Кодекстің 79-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған нысаналы даму трансферттері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органмен жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім жасаспайды.»;

      11) 49-баптың 4-тармағының 2) тармақшасындағы «трансферттер» деген сөз «кепілдендірілген трансферт» деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 53-баптың 1-тармағында:
      1) тармақшаның тоғызыншы абзацы «конкурстық іс қозғамастан борышкерді тарату рәсімін өткізуді» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген негіздер бойынша сот шешімімен тарату рәсімдерін өткізуді» деген сөздермен толықтырылсын;
      9) тармақша мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
      «сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы бақылау;»;

      13) 54-баптың 1-тармағы 9) тармақшасының екінші абзацындағы «және бақылау» деген сөздер алып тасталсын;

      14) 55-баптың 1-тармағы 9) тармақшасының екінші абзацындағы «және бақылау» деген сөздер алып тасталсын;

      15) 59-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган тиісінше бюджет комиссияларының жұмыс органдары болып табылады.»;

      16) 60-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік жоспарлау бойынша әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.»;

      17) 61-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы үш жылға арналған бюджеттік параметрлермен өзара байланыстырылған стратегиялық мақсаттарды ескере отырып, елдің, өңірдің орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық даму параметрлерін және мемлекеттің экономикалық саясатын айқындайтын құжат болып табылады.»;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен Қазақстан Республикасы Президентінің елдегі жағдай және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын ескере отырып, жылжымалы негiзде бес жылдық кезеңге арналып жыл сайын әзiрленедi және мыналарды:
      1) мемлекеттiк басқарудың орталық деңгейiнде:
      экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі жағдайларын;
      орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салықтық-бюджеттік саясаттың мақсаттары мен міндеттерін;
      бес жылға арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салықтық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттары мен шараларын;
      бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын;
      шоғырландырылған, мемлекеттік және республикалық бюджеттер түсімдері мен шығыстарының болжамын, бюджет тапшылығын қамтитын үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік параметрлердің болжамын;
      әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын;
      басым бюджеттік инвестициялар тізбесін;
      2) мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде:
      өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын, үрдiстерiн, басымдықтарын, нысаналы индикаторлары мен көрсеткiштерiн;
      мыналарды:
      тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң негiзгi параметрлерiн;
      өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын;
      басым жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесін қамтуға тиіс үш жылға арналған бюджеттік параметрлерді қамтиды.
      Нысаналы индикаторлар мен көрсеткiштер сандық және сапалық нәтижелердi айқындау үшiн негiзгi бағыттар (салалар) бойынша белгiленеді, бес жылдық кезең iшiнде Қазақстан Республикасының немесе өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық саясаты осы нәтижелерге қол жеткiзуге бағытталуға тиiс.»;
      4-тармақ «болжамын» деген сөзден кейін «тиісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар әзірлейді және» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5, 6, 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
      «5. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын қалыптастыру үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері үш жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары бойынша, оның ішінде басым бюджеттік инвестициялар тізбесіне енгізу үшін бюджеттік инвестициялар бойынша негіздемелері бар ұсыныстарды және басқа да қажетті ақпаратты ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға ұсынады. Бұл ретте жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарды беру нысандары мен тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
      6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
      7. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар осы баптың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау нәтижелері бойынша әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын айқындайды және әлеуметтік-экономикалық даму болжамына енгізу үшін басым бюджеттік инвестициялардың тізбесін қалыптастырады.
      Басым бюджеттік инвестициялардың тізбесінде әрбір жоба бойынша жылдарға бөлместен жалпы сома және жобаны іске асырудың басталу мерзімі көрсетіледі.
      8. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;

      18) 62-бапта:
      3-тармақ алып тасталсын;
      4-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, мәслихаттардың аппараттары және ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар стратегиялық жоспарларды әзірлемейді.»;
      5-тармақтың бірінші бөлігі және 6-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;

      19) 64-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Республикалық бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әлеуметтік-экономикалық даму болжамын, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын қарау нәтижелері бойынша қорытындыларын ескере отырып, жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.»;

      «1-1. Жергілікті бюджеттерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.»;
      2-тармақтағы «және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және» деген сөздер «, мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдар мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;

      20) 65-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Санаттар, бірыңғай бюджеттік жіктеудің сыныптары мен кіші сыныптары бойынша мемлекеттік және республикалық бюджеттерге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдерді болжауды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып жүзеге асырады.»;

      «1-1. Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып жүзеге асырады.»;
      3-тармақтағы «мемлекеттік жоспарлау» деген сөздер «бюджеттік жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын;

      21) 66-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «66-бап. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін бюджеттік
               бағдарламалардың әкімшілері ұсынатын құжаттар

      1. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілері:
      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ағымдағы қаржы жылының 1 сәуіріне дейінгі мерзімде стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын;
      бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде бюджеттік өтінімдерді және стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындыларын ескере отырып, стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын ұсынады.
      2. Стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді ұсынады.
      3. Нәтижелерді бағалау жүргізілген жағдайда осы бапта көрсетілген құжаттарға бағалау нәтижелері қоса беріледі.»;

      22) 67-бапта:
      6-тармақта:
      4) тармақшадағы «мемлекеттік жоспарлау» деген сөздер «бюджеттік жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) тармақшадағы «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздер «бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақтағы «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздер «бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      11-тармақ алып тасталсын;
      13-тармақтағы «мемлекеттік жоспарлау» деген сөздер «бюджеттік жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын;

      23) 68-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «68-бап. Стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе
               стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар
               жобаларын және бюджеттік өтінімдерді қарау

      1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдар стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
      2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе оларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын қарау нәтижелері бойынша қорытындыны қалыптастырады және оны бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне жібереді.
      Қорытындының нысанын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
      3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын ескере отырып, стратегиялық жоспардың жобаcын немесе стратегиялық жоспарға өзгерістер мен толықтырулардың жобаcын пысықтайды, бюджеттік өтінімді жасайды және осы Кодекстің 66-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
      4. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар:
      бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттiк өтiнiмдерiн олардың Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына, әлеуметтiк-экономикалық даму болжамына, мемлекеттiк қызмет көрсетудің қолданылып жүрген заттай нормаларына және стандарттарына сәйкестiгi тұрғысынан;
      стратегиялық жоспарлар жобаларының немесе стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулар жобаларының құрамында ұсынылған бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштерін олардың стратегиялық мақсаттармен, стратегиялық бағыттардың міндеттерімен өзара байланысы тұрғысынан қарайды.
      5. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын ескере отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары бойынша қорытындыны қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына жібереді.
      Бұл ретте бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының көлеміне әлеуметтік-экономикалық даму болжамында көзделмеген жаңа бастамаларға арналған шығыстар енгізілмеуге тиіс.
      6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе оларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша олар жөнінде бюджеттік қорытындыларды қалыптастырады және бюджет комиссиясының қарауына жібереді.
      7. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдар, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган арасындағы келіспеушіліктерді тиісті бюджет комиссиясы қарайды.
      Тиісті бюджет комиссиясы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шығыстары бойынша қорытындыны қарайды және ол бойынша ұсыныстар әзірлейді.
      8. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға пысықталған бюджеттік өтінімдерді, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға пысықталған стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын ұсынады.
      9. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға пысықталған бюджеттік өтінімдерді және стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын ұсынады.»;

      24) 70-баптың 1-тармағы «мекемелер,» деген сөзден кейін «спорт саласында мамандандырылған Қарулы Күштер,» деген сөздермен толықтырылсын;

      25) 71-баптың 1 және 6-тармақтарындағы «Мемлекеттік жоспарлау» деген сөздер «Бюджеттік жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын;

      26) 74-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) бюджеттік бағдарламалардың бюджеттік кіші бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының жұмсалу бағытын нақтылайтын ақпаратты және республикалық бюджеттің жобасына енгiзiлген шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны ұсынады.»;
      3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «мемлекеттік жоспарлау» деген сөздер «бюджеттік жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын;

      27) 75-бапта:
      1-тармақтың үшінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) бюджеттік бағдарламалардың бюджеттік кіші бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының жұмсалу бағытын нақтылайтын ақпаратты және жергiлiктi бюджет жобасына енгiзiлген шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны ұсынады.»;
      3-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші сөйлеміндегі «шығаруға құқылы» деген сөздер «шығарады» деген сөзбен ауыстырылсын;
      5-тармақта:
      «бір апта мерзімде» деген сөздер «күнтізбелік жеті күн ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «жергілікті бюджеттік» деген сөздер алып тасталсын;

      28) 79-бапта:
      1-тармақтың үшінші бөлігіндегі «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті уәкілетті орган» деген сөздер «тиісінше бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      екінші бөлікте:
      1) тармақша «бюджеттерге» деген сөзден кейін «ағымдағы» деген сөзбен толықтырылсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) объектілер бойынша бюджеттік инвестицияларды, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша нысаналы даму трансферттері мен кредиттерді қоса алғанда, жоспарлы кезеңге арналған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі;»;
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, осы Кодекстің 152 және 156-баптарында белгіленген жоспарлау сатыларынан өтпеген, бірақ Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар объектілер бойынша жоспарлы кезеңге арналған инвестициялық жобаларды, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша нысаналы даму трансферттері мен кредиттерді қоса алғанда, басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі қоса беріледі.
      Тиісті құжаттама белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайларда бюджеттік инвестициялар республикалық бюджетті нақтылау немесе түзету кезінде одан алып тасталады. Бұл ретте көрсетілген бюджеттік инвестицияларды іске асыруға көзделген сомалар бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің басқа бюджеттік инвестициялары арасында қайта бөлінуі мүмкін;»;
      үшінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) объектілер бойынша инвестициялық жобаларды, сондай-ақ аудандар, облыстық маңызы бар қалалар бойынша нысаналы даму трансферттерін қоса алғанда, жоспарлы кезеңге арналған басым жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесі;»;

      29) 80-баптың 3-тармағындағы «мемлекеттік жоспарлау» деген сөздер «бюджеттік жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын;

      30) 81-бапта:
      1-тармақ алып тасталсын;
      2-тармақта:
      «Тиiстi» деген сөз «Қазақстан Республикасының Президенті төтенше немесе соғыс жағдайын енгізген кезде тиісті» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «мемлекеттік жоспарлау» деген сөздер «бюджеттік жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3 және 4-тармақтардағы «Мемлекеттік жоспарлау», «мемлекеттік жоспарлау» деген сөздер тиісінше «Бюджеттік жоспарлау», «бюджеттік жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын;

      31) 85-баптың 9-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Бюджеттің атқарылуы барысында бюджет қаражатының үнемделуі пайда болған жағдайда бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаражатты бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның келісімі бойынша, осы Кодекстің 157-бабы 5-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, бір бюджеттік бағдарлама шегінде бюджеттік кіші бағдарламалар арасында, сондай-ақ бір бюджеттік бағдарлама шегінде бюджеттік инвестициялық жобалар арасында тиісті бюджет комиссиясында қарамастан, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен қайта бөлуге құқылы.»;

      32) 96-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік мекеме Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай ішінде осы Кодекстің 154-бабының 2-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға құжаттаманы ұсынғанға дейін осы Кодекстің 79-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген тізбеге енгізілген бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша міндеттемелер қабылдамайды.»;
      5-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
      «осы Кодекстің 79-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген тізбеге енгізілген бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай ішінде осы Кодекстің 154-бабының 2-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға құжаттаманы ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік мекеме Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай ішінде осы Кодекстің 156-баптың 2-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға құжаттаманы ұсынғанға дейін осы Кодекстің 79-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген тізбеге енгізілген акцияларды және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін төлеу бойынша міндеттемелер қабылдамайды.»;

      33) 106-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «көзделген жағдайларда жүргізіледі.» деген сөздер «көзделген;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестициялар бойынша осы Кодекстің 154 және 156-баптарында көрсетілген тиісті құжаттама ұсынылмаған жағдайларда жүргізіледі.»;

      34) 107-бапта:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Республикалық бюджет комиссиясының ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы ұсынысын ескере отырып, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бес жұмыс күні ішінде әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары бойынша ұсыныстарды, оның ішінде басым бюджеттік инвестициялардың тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарды, стратегиялық жоспарға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын - мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға, өзгерістер енгізу көзделетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімді бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.»;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы баптың 4-тармағында көрсетілген тиісті құжаттарды республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оларды қарайды және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсыну үшін олар бойынша қорытындылар дайындайды.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісілген, стратегиялық жоспарға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын және бюджеттік өтінімдерді ұсынғаннан кейін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган оларды он жұмыс күні ішінде қарайды, олар бойынша қорытындылар дайындайды және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;
      6 және 7-тармақтардағы «мемлекеттік жоспарлау», «Мемлекеттік жоспарлау» деген сөздер тиісінше «бюджеттік жоспарлау», «Бюджеттік жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын;

      35) 111-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.» деген сөздер «көзделген;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестициялар бойынша осы Кодекстің 154 және 156-баптарында көрсетілген тиісті құжаттама ұсынылмаған жағдайларда жүзеге асырылады.
      Бұл ретте көрсетілген бюджеттік инвестицияларды іске асыру үшін көзделген сомалар бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің бір бюджеттік бағдарламасы шеңберінде басқа бюджеттік инвестициялық жобалар арасында қайта бөлінуі мүмкін.»;

      36) 112-бапта:
      5-тармақта:
      «Үкіметіне,» деген сөз «Үкіметіне және» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «және мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органдарға» деген сөздер алып тасталсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Тиісті бюджеттiң атқарылуы туралы талдамалық есептiң нәтижелерi тиісті бюджеттi әзірлеу немесе нақтылау кезінде ескеріледі.»;

      37) 124-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган өз құзыреті шегінде бюджеттік есептіліктің қосымша нысандарын белгілейді.»;

      38) 151-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      «8. Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, осы Кодекстің 152 және 156-баптарында белгіленген жоспарлау кезеңдерінен өтпеген, бірақ Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестициялар республикалық бюджеттің жобасына енгізілуі мүмкін.
      Бұл ретте бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай ішінде осы Кодекстің 154 және 156-баптарында көрсетілген тиісті құжаттаманы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
      Тиісті құжаттама белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік инвестицияларды нақтылау және түзету кезінде республикалық бюджеттен алып тастайды. Бұл ретте көрсетілген бюджеттік инвестицияларды іске асыруға көзделген сомалар бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің басқа бюджеттік инвестициялары арасында қайта бөлінуі мүмкін.
      Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестицияларды әзірлеу, қарау және іріктеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;

      39) 152-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестициялық жобалар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жетіспейтін құжаттаманы Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай ішінде ұсынуы туралы кейінге қалдыру шартымен бюджет жобасына енгізіледі.»;

      40) 153-бапта:
      3-тармақ «жөнiндегi» деген сөзден кейін «орталық немесе жергілікті» деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге (түзетуге) арналған инвестициялық ұсыныстарын жобаның экономикалық орындылығы, оның мақсаттарының стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарда белгіленген, экономиканың салаларын (аясын) дамыту басымдықтарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жібереді.»;
      мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «6-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік инвестициялық жобаларды әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ олардың техникалық-экономикалық негіздемелеріне қажетті сараптамалар жүргізуге арналған оң экономикалық қорытындының негізінде инвестициялық ұсыныстар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      6-2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган инвестициялық ұсыныстарды қарау нәтижелері бойынша қорытындыларды қалыптастырады және оларды бюджет комиссиясының қарауына жібереді.»;
      7-тармақ «жөнiндегi» деген сөздерден кейін тиісінше «орталық немесе жергілікті» деген сөздермен толықтырылсын;

      41) 154-бапта:
      1-тармақтағы «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздер «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;

      «1-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларын қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне жібереді.»;
      2-тармақта:
      бірінші абзацтағы «Мыналардың» деген сөз «Осы Кодекстің 152-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мыналардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «бюджеттік инвестициялық жоба бойынша оң экономикалық қорытындысының;»;
      мынадай мазмұндағы 5-1 және 8-1-тармақтармен толықтырылсын:
      «5-1. Осы Кодекстің 152 және 154-баптарында белгіленген рәсімдер сақталмай тиісті бюджетте бекітілген, іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша экономикалық сараптама мен қорытынды талап етілмейді.»;
      «8-1. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша экономикалық қорытындыны Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаның экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган дайындайды.»;
      9-тармақта:
      «жобалардың» деген сөзден кейін «техникалық-экономикалық негіздемесінің» деген сөздермен толықтырылсын;
      «жүзеге асырады» деген сөздер «жүзеге асыруы мүмкін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
      «9-1. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері мен республикалық бюджеттен берілетін кредиттер есебінен қаржыландырылуы жоспарланатын жобалардың экономикалық қорытындысын, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар тартылған жағдайда, солардың экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган дайындайды.»;
      12-тармақтағы «сараптаманың» деген сөз «қорытындының» деген сөзбен ауыстырылсын;

      42) 155-1-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық ұсыныстарды концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға сараптамаға жібереді.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2 және 3-3-тармақтармен толықтырылсын:
      «3-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы баптың 3-тармағында көрсетілген сараптаманың қорытындысын, егер жоба республикалық болса, тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына, сондай-ақ, егер жоба жергілікті болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
      3-2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы баптың 3-тармағында көрсетілген сараптаманың оң қорытындысының негізінде концессиялық жобаларды әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ олардың техникалық-экономикалық негіздемелеріне қажетті сараптамалар жүргізуге арналған концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      3-3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган осы баптың 3-тармағында көрсетілген сараптаманың оң қорытындысының негізінде концессиялық жобаларды әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемелеріне қажетті сараптамалар жүргізуге арналған концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;
      4-тармақ «жөніндегі» деген сөздерден кейін тиісінше «орталық немесе жергілікті» деген сөздермен толықтырылсын;

      43) 155-2-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігі «жөніндегі» деген сөзден кейін «орталық немесе жергілікті» деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақтағы «уәкілетті» деген сөз «орталық уәкілетті» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға экономикалық сараптамаға жібереді.»;

      «3-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы баптың 3-тармағында көрсетілген экономикалық сараптаманың қорытындысын, егер жоба республикалық болса, тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына, сондай-ақ, егер жоба жергілікті болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
      3-2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы баптың 3-тармағында көрсетілген, осы жобаны бюджеттен қоса қаржыландыру мүмкіндігі туралы ұсынымдарды қамтитын экономикалық сараптаманың оң қорытындысының негізінде концессиялық жобалар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      3-3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган осы баптың 3-тармағында көрсетілген осы жобаны бюджеттен бірлесіп қаржыландыру мүмкіндігі туралы ұсынымдарды қамтитын экономикалық сараптаманың оң қорытындысының негізінде концессиялық жобалар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;
      4-тармақ «талаптарды» деген сөзден кейін «сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп» деген сөздермен толықтырылсын;

      44) 155-3-бапта:
      1-тармақтағы «тиісті» деген сөз «орталық немесе жергілікті» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ «жөніндегі» деген сөзден кейін «орталық немесе жергілікті» деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақтағы «уәкілетті орган», «уәкілетті органның» деген сөздер тиісінше «орталық немесе жергілікті уәкілетті орган», «орталық немесе жергілікті уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;

      45) 156-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестицияларды заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жүзеге асыру туралы ұсыныстарын және олардың қаржылық-экономикалық негіздемелерін стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындылар дайындайды.
      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның экономикалық қорытындысының негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестицияларды заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жүзеге асыру туралы ұсыныстарын және олардың қаржылық-экономикалық негіздемелерін Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, заңды тұлғаның қаржы шығындары мен кірістерін бағалауды қамтитын қаржылық сараптаманы жүзеге асырады және кейіннен Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізу үшін олар бойынша қорытындылар дайындайды.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган кейіннен тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген оң экономикалық қорытындының негізінде заңды тұлғаның қаржылық шығындары мен кірістерін бағалауды қамтитын, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыруға жоспарланатын бюджеттік инвестициялар бойынша қорытындыларды қалыптастырады.»;
      4-тармақта:
      «іске асыруға» деген сөздер алып тасталсын;
      «бюджеттiк инвестициялардың қаржылық-экономикалық негiздемесi жөнiндегi экономикалық сараптаманың қорытындысы» деген сөздер «, осы баптың 4-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытынды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2, 4-3 және 5-1-тармақтармен толықтырылсын:
      «4-1. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жоспарланатын бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытынды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаның экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде дайындалады.
      4-2. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын, аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестициялар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жетіспейтін құжаттаманы Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай ішінде ұсынуы туралы кейінге қалдыру шартымен бюджет жобасына енгізіледі.
      4-3. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асырылатын, осы бапта белгіленген рәсімдер сақталмай тиісті бюджетте бекітілген бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық сараптама мен қорытынды талап етілмейді.»;
      «5-1. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері мен республикалық бюджеттен бөлінетін кредиттер есебінен қаржыландыру жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың экономикалық қорытындысы, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар тартылған жағдайда, солардың экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде дайындалады.»;
      6-тармақтағы «жүзеге асырады» деген сөздер «жүзеге асыруы мүмкін» деген сөздермен ауыстырылсын;

      46) 157-бапта:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеде немесе бюджеттік инвестициялық жобаның үлгілік жобасында көзделмеген, қосымша бюджет шығыстарына әкеп соғатын қосымша компоненттерді енгізуге байланысты бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнын бюджет комиссиясының қарауынсыз және ұсынысынсыз ұлғайтуға жол берілмейді.»;
      7 және 8-тармақтар алып тасталсын;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жаңа объектілер құру (салу), жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялау кезеңінде жүзеге асырады.
      Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін жүргізу кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
      Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін жүргізу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
      Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
      мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
      «11. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын жобалардың іске асырылу мониторингін және оны бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.»;

      47) 159-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылу мониторингін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылу мониторингін жүргізу кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
      Заңды тұлғаның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылу мониторингін жүргізу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
      Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалауды жүргізу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттік инвестициялардың және республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері есебінен жүзеге асырылатын инвестициялардың іске асырылу мониторингін және оны бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.»;

      48) 187-бапта:
      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның ұсыныстарын ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындауды;
      2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік кредиттеу арқылы іске асыруды ұсынатын бюджеттік бағдарламаларды олардың бюджеттік кредиттеу критерийлеріне сәйкестігі тұрғысынан қарауын;»;
      3) тармақшадағы «мемлекеттік жоспарлау» деген сөздер «бюджеттік жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын;

      49) 203-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігінде:
      «мемлекеттік жоспарлау» деген сөздер «бюджетті атқару» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «бюджетті атқару» деген сөздер «мемлекеттік жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын;

      50) 215-баптың 3-тармағы «заңды тұлғалар үшін» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар үшін» деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      557-баптың 3-тармағының 4) тармақшасындағы «мемлекеттік жоспарлау» деген сөздер «бюджеттік жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. «Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 9, 85-құжат; 2003 ж. № 11, 56-құжат; № 12, 83-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 15, 85-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 11, 37-құжат; № 23, 105-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат):
      20-баптың 3) тармақшасындағы «бюджеттi атқару және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органдарға» деген сөздер «бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға» деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат»):

      1) 1-баптың 8-5) тармақшасындағы «, экономикалық және бюджеттік жоспарлау» деген сөздер «және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын әзірлеу мен қалыптастыру» деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 9-бапта:
      1) тармақшаның екінші абзацындағы «экономикалық» деген сөз алып тасталсын;
      4) тармақша алып тасталсын;
      7) тармақша:
      «конкурстық құжаттаманы» деген сөздерден кейін «, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде,» деген сөздермен толықтырылсын;
      «және концессия шарттарының жобаларын» деген сөздерден кейін «, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде» деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 10-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) концессиялық міндеттемелердің қаржылық шектерін және оларды қабылдаудың басымдықтарын белгілейді;»;

      4) 15-1-бапта:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган концессиялық ұсыныстарға сараптама жүргiзу үшiн концессия мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйымды тартады.»;
      мынадай мазмұндағы 5-1, 5-2 және 5-3-тармақтармен толықтырылсын:
      «5-1. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы баптың 5-тармағында көрсетілген сараптаманың қорытындысын, егер жоба республикалық болса, тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына, сондай-ақ, егер жоба жергілікті болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
      5-2. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы баптың 5-тармағында көрсетілген сараптаманың оң қорытындысы негізінде концессиялық жобаларды әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ олардың техникалық-экономикалық негіздемелеріне қажетті сараптамалар жүргізуге арналған концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      5-3. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган осы баптың 5-тармағында көрсетілген сараптаманың оң қорытындысы негізінде концессиялық жобаларды әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ олардың техникалық-экономикалық негіздемелеріне қажетті сараптамалар жүргізуге арналған концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;

      5) 15-2-бап мынадай мазмұндағы 7, 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын:
      «7. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы баптың 5-тармағында көрсетілген экономикалық сараптаманың қорытындысын, егер жоба республикалық болса, тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына, сондай-ақ, егер жоба жергілікті болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
      8. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы баптың 5-тармағында көрсетілген, осы жобаны бюджеттен қоса қаржыландыру мүмкіндігі туралы ұсынымды қамтитын экономикалық сараптаманың оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      9. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган осы баптың 5-тармағында көрсетілген, осы жобаны бюджеттен қоса қаржыландыру мүмкіндігі туралы ұсынымды қамтитын экономикалық сараптаманың оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.».

      5. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат):
      5-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 79-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көзделген жағдайларда, осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында бекітеді. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 154-бабының 2-тармағы орындалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді.».

      2-бап. Осы Заң, 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 28) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын, 32)33)35)38) және 39) тармақшаларын45) тармақшасының он бірінші абзацын, 2004 жылғы 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін және 2011 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болатын 1-баптың 1-тармағы 41) тармақшасының оныншы абзацын және 45) тармақшасының он екінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. НАЗАРБАЕВ

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 259703
    Қазақ тілінде 129770
    Орыс тілінде 129106
    Ағылшын тілінде 827
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы