Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 12 маусымдағы № 209-V ҚРЗ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат):
      1) 14-1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында және 16-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында:
      «құбырлар» деген сөз «құбыржолдар» деген сөзбен ауыстырылып, «жобалары,», «жобалары» деген сөздерден кейін тиісінше «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық басым жобаларды іске асыру», ««Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық басым жобаларды іске асыру» деген сөздермен толықтырылсын;
      «, «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру» деген сөздер алып тасталсын;
      2) 48-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «инвестициялық стратегиялық жобаларды» деген сөздер «инвестициялық басым жобаларды» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұнында:
      5-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-бөлім. Қызметін арнайы экономикалық аймақтардың аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға және инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйымға салық салу»;
      мынадай мазмұндағы 17-1-тараудың, 152-1 және 152-2-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
      «17-1-тарау. Инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйымға салық салу
      152-1-бап. Жалпы ережелер
      152-2-бап. Инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйымға салық салу»;
      2) 46-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Осы Кодекстің 17-1-тарауын қолданған кезде инвестициялық басым жобаны іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшарттың қолданылу кезеңі ішінде және осы инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзімі өткен немесе қолданылуы өзгеше тоқтатылған күннен бастап бес жыл ішінде салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын есептеуге, есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомаларын қайта қарауға салық төлеуші міндетті, ал салық қызметінің органы құқылы.
      Осы тармақтың ережелері қосылған құн салығы және акциз бойынша салық міндеттемесін орындауға қолданылмайды.»;
      3) 123-баптың 2-тармағы 5) тармақшадағы «болып табылмаса, преференция объектілеріне жатқызылады.» деген сөздер «болып табылмаса;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2014 жылғы 31 желтоқсаннан кейін жасалған инвестициялық келісімшарт бойынша инвестициялық басым жоба шеңберінде пайдалануға берілген активтер болып табылмаса, преференция объектілеріне жатқызылады.»;
      4) 137-бап мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
      «10. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшарт шеңберінде инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым шеккен залалдар осындай инвестициялық келісімшарттың қолданылуы тоқтатылған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдеріне ауыстырылмайды.»;
      5) мынадай мазмұндағы 17-1-тараумен толықтырылсын:

      1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін заңды тұлға:
      1) жаңадан құрылған заңды тұлға инвестициялық басым жобаны іске асыруды және салықтар бойынша преференциялар беруді көздейтін инвестициялық келісімшартты Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес жасаса және инвестициялық басым жобаны іске асырса;
      2) жүзеге асырылатын қызмет түрлері инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін айқындалған қызметтің басым түрлерінің тізбесіне толық көлемде сәйкес келсе;
      3) инвестициялық басым жобаны іске асыру жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алынуға жататын (алынған) кірістер заңды тұлғаның жиынтық жылдық кірісінің кемінде 90 пайызын құраса, инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым болып табылады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы салық заңнамасының өзгерістері және (немесе) толықтырулары салықтар, алымдар және төлемдер мөлшерлемелерін ұлғайтуды көздейтін болса, инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасасқан ұйым осы инвестициялық келісімшартты жасасу күні қолданыста болған салықтар (қосылған құн салығы мен акциздерден басқа), алымдар және төлемдер мөлшерлемелерін қолданады.
      3. Инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату жағдайлары Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.
      4. Инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттың қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, салықтар бойынша преференциялар және салық заңнамасы тұрақтылығының кепілдігі оны жасасқан күннен бастап күшін жояды.
      Инвестициялық келісімшарт мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде салық төлеуші инвестициялық келісімшарт бұзылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осы инвестициялық келісімшарт жасалған күннен бастап оны бұзу күнін қоса алғанда, салық кезеңдері үшін бюджетке төленуге жататын салықтар мен төлемдер сомаларын ұлғайтуды көздейтін қосымша салық есептілігін табыс етуге міндетті.
      152-2-бап. Инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйымға
                 салық салу
      1. Инвестициялық басым жобаны іске асыратын және арнаулы салық режимін қолданбайтын ұйым:
      1) осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады;
      2) топтардың (кіші топтардың) құндық баланстары бойынша амортизациялық аударымдарды осы Кодекстің 120-бабының 2-тармағында белгіленген амортизацияның шекті нормаларының кемінде 50 пайызы мөлшерінде амортизация нормаларын салық кезеңінің соңында топтардың (кіші топтардың) осындай құндық баланстарына қолдану арқылы айқындайды.
      Осы тармақтың ережелері инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартта корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту көзделген жағдайда қолданылады.
      Осы тармақтың қолданылуының шекті мерзімі:
      1) инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдың 1 қаңтарынан басталады;
      2) инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан келетін он жылдан кешіктірмей аяқталады.
      2. Инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын есептеген кезде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолданады.
      Осы тармақтың ережелері инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартта жер салығының мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану көзделген жағдайда қолданылады.

      1) инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған айдың 1 күнінен басталады;
      2) инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін, қатарынан келетін он жылдан кешіктірмей аяқталады.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын жер учаскесін немесе оның бір бөлігін (ондағы үйлермен, құрылыстармен, ғимараттармен бірге не оларсыз) жалға, өзге де негіздерде пайдалануға беру жағдайларында қолданылмайды.
      3. Инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілген объектілер бойынша мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептейді.
      Осы тармақтың ережелері:
      1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында ескерілетін және Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшартқа қосымша болып табылатын жұмыс бағдарламасында көзделген активтерге қатысты қолданылады;
      2) инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартта мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептеу көзделген жағдайда қолданылады.

      1) бірінші актив халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында ескерілген айдың 1 күнінен басталады;
      2) бірінші актив халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында ескерілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан келетін сегіз жылдан кешіктірмей аяқталады.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға беру жағдайларында қолданылмайды.»;
      6) 387-баптың 3-1-тармағы алып тасталсын;
      7) 398-баптың 6-тармағы алып тасталсын;
      8) 583-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес жасалған және инвестициялық басым жобаларды іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшарттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы инвестициялық келісімшарттардың қолданылуы тоқтатылғаны туралы мәліметтерді және өзге де мәліметтерді инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысандар бойынша уәкілетті органға ұсынуға міндетті.».
      3. «Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 3-баптың 10)22) және 30) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) орташа мерзімді кезең – бір жылдан асатын төрт жылды қоса алғанға дейінгі уақыт аралығы;»;
      «22) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейі – ұзақ мерзімді кезеңге бекітілетін, табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметіне (тауарына, жұмысына) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) ең жоғары шамасы;»;
      «30) ұзақ мерзімді кезең – бес жыл және одан көп уақыт аралығы;»;
      2) 7-бапта:
      бірінші бөліктің 2-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-3) уәкілетті орган бекіткен тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейлері бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтер ұсынуға;»;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2-3) тармақшасында көзделген мiндет қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне, жаңадан құрылған табиғи монополиялар субъектілеріне және өңірлік электр желісі компанияларына қолданылмайды.»;
      3) 15-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Салыстырмалы талдау әдісі қолданылатын тариф электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен салыстырмалы талдау әдісі қолданылатын тарифті есептеу әдістемесіне сәйкес әрбір өңірлік электр желісі компаниясы үшін жылдарға бөле отырып бес және одан көп жылға бекітіледі және оның қызметінің тиімділігі ескеріліп, жыл сайын түзетіледі.».
      4. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      1) 1-баптың 24) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «24) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны;»;
      2) 11-баптың 1-тармағында:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Iшкi еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квота белгiлейдi.»;
      екінші бөлік мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттар жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларында жұмыс істейтін, сондай-ақ аталған заңды тұлғалар (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында (іздену және жобалау қызметін, инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда) көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде инвестициялық қызмет объектісі пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейінгі мерзімге тартатын ұйымдарда басшылар және жоғары білімі бар мамандар ретінде, сондай-ақ инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттарда айқындалатын кәсiптер тізбесіне және санға сәйкес білікті жұмысшылар ретінде жұмыс істейтін;».
      5. «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 4-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 6, 46-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат):
      1) 1-бапта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жұмыс бағдарламасы – инвестициялық келiсiмшартқа өндіріс пайдалануға берілгенге дейін инвестициялық жобаны iске асыру жөнiндегi жұмыстардың күнтiзбелiк кестесiн, сондай-ақ өндіріс пайдалануға берілгеннен кейін жобаның негізгі өндірістік көрсеткіштерін айқындайтын қосымша;»;
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) инвестициялық басым жоба – тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен белгілі бір қызметтің басым түрлері бойынша жаңадан құрылған заңды тұлға іске асыратын және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыруды көздейтін инвестициялық жоба;»;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) инвестициялық келiсiмшарт – инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға арналған шарт;»;
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-1) инвестициялық омбудсмен – Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу жөніндегі функциялар жүктелетін лауазымды адам;»;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) инвестициялық преференциялар – Қазақстан Республикасының инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлетiн атаулы сипаттағы артықшылықтар;»;
      мынадай мазмұндағы 10-1) және 11-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «10-1) инвестициялық субсидия – инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына өтеусіз және қайтарылмайтын негізде инвестициялық преференция ретінде берілетін бюджеттік субсидия түрі;»;
      «11-1) инвестор үшін «бір терезе» қағидаты – инвесторлардың құжаттарды жинау мен дайындауға қатысуын барынша азайтуды және олардың мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілерімен тікелей байланысын шектеуді көздейтін, инвестициялық басым жобаларды іске асыратын инвесторларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуда уәкілетті орган тарапынан жәрдемдесудің орталықтандырылған нысаны;»;
      13) және 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) мемлекеттiк заттай гранттар – Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылатын, кейiннен меншiкке не жер пайдалануға өтеусiз берiле отырып, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына инвестициялық жобаны iске асыру үшiн уақытша өтеусiз пайдалануға берiлетін не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен ұсынылатын мүлік;»;
      «16) технологиялық жабдық – инвестициялық жобаның технологиялық процесiнде пайдалануға арналған тауарлар.»;
      2) 2-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Инвестордың жасалған инвестициялық келісімшарт бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуына байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту заңнамасында реттеледі.»;
      3) 12-бап мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «2-1. Уәкілетті орган инвестициялық басым жобаларды іске асыратын инвесторлармен инвестор үшін «бір терезе» қағидаты бойынша өзара іс-қимыл жасайды.
      2-2. Уәкілетті орган мүдделі заңды тұлғалар тарапынан кепілдендірілген тапсырысты қамтамасыз етуде уәкілетті орган мен инвестор арасында жасалған инвестициялық келісімшартқа сәйкес инвесторларға жәрдемдеседі.»;
      4) мынадай мазмұндағы 12-1-баппен толықтырылсын:
      «12-1-бап. Инвестициялық омбудсмен
      1. Инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында инвестициялық омбудсмен:
      1) Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелер бойынша инвесторлардың өтініштерін қарайды және оларды шешу үшін, оның ішінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, ұсынымдар шығарады;
      2) туындайтын мәселелерді соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіппен шешуде инвесторларға жәрдем көрсетеді;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдарды тұжырымдайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
      2. Инвестициялық омбудсмен қызметі туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
      5) 1314 және 15-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «13-бап. Инвестициялық преференциялардың түрлері
      1. Инвестициялық жоба (оның ішінде инвестициялық басым жоба) бойынша инвестициялық преференциялардың мынадай түрлері беріледі:
      1) кедендік баждарды салудан босату;
      2) мемлекеттік заттай гранттар.
      2. Инвестициялық басым жоба бойынша инвестициялық преференциялардың мынадай түрлері (бұдан әрі – инвестициялық басым жоба үшін инвестициялық преференциялар) беріледі:
      1) салықтар бойынша преференциялар;
      2) инвестициялық субсидия.
      14-бап. Инвестициялық преференцияларды алу тәртібі
      1. Инвестициялық преференцияларды алу үшін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы уәкілетті органға инвестициялық преференциялар беруге өтінім және өтінім берушінің осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттарды уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жібереді.
      2. Инвестициялық преференциялар уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының инвестициялық жобаны іске асыратын заңды тұлғасы арасында жасалған инвестициялық келісімшарт негізінде беріледі.
      Уәкілетті органның инвестициялық басым жобаны іске асыратын инвесторларға «бір терезе» қағидаты бойынша инвестициялық преференциялар беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      15-бап. Инвестициялық преференциялар беру шарттары
      1. Инвестициялық преференциялар:
      1) инвестициялық жоба бойынша – Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына;
      2) инвестициялық басым жобаға – Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасына беріледі.
      Инвестициялық басым жоба үшін инвестициялық преференцияларды қолдану мақсаттары үшін мынадай шарттарға сәйкес келетін заңды тұлға:
      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік он екі айдан аспай жүзеге асырылса;
      2) заңды тұлға инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін айқындалған басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген қызмет түрлерін жүзеге асырса;
      3) инвестициялық басым жобаны іске асыру бір инвестициялық келісімшарт шеңберінде ғана жүзеге асырылса, Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасы болып табылады.
      2. Инвестициялық преференциялар заңды тұлға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызметтің басым түрлерінің тізбесіне енгізілген қызмет түрлері бойынша инвестициялық жобаны іске асыру кезінде беріледі.
      Қызметтің басым түрлерін айқындау техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады.
      Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қызметтің басым түрлері тізбесінің құрамында басым жобалардың тізбесі бекітіледі, ол Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес қалыптастырылады.
      Инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін айқындалған басым қызмет түрлерінің тізбесіне мынадай қызмет түрлері енгізілуге жатпайды:
      1) ойын бизнесі саласындағы қызмет;
      2) жер қойнауын пайдалану саласындағы қызмет;
      3) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 279-бабы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды шығаруды, жинауды (жинақтауды) қоспағанда, акцизделетін тауарлар шығару жөніндегі қызмет.
      Инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін айқындалған қызметтің басым түрлерінің тізбесін қоса алғанда, қызметтің басым түрлерінің тізбесі жылына бір реттен артық қайта қаралмайды.
      3. Инвестициялық басым жоба үшін инвестициялық преференциялар мынадай шарттар сақталған кезде:
      1) мыналарды:
      Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілерін;
      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес дербес білім беру ұйымдарын;
      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күнге қолданыста болатын, айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыратын, инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім берілген күнге әрекет ететін Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасы алушы болып табылса;
      2) инвестициялық басым жоба үшін инвестициялық преференциялар алуға өтінім берген, Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) мемлекет және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісі болып табылмаса;
      3) инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін қаржыландыру көздері не кепілдіктері ретінде бюджет қаражаты тартылмаса;
      4) инвестициялық қызмет концессия шарты шеңберінен тыс жүзеге асырылса;
      5) әрбір инвестициялық басым жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің инвестициялық субсидия беру туралы шешімі болса беріледі.
      4. Инвестициялық преференцияларды қолдану мерзімі осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленеді және инвестициялық келісімшартта инвестициялық преференциялардың әрбір түрі бойынша көрсетіледі.
      5. Инвестициялық преференциялар инвесторға осы Заңның 19-бабында көзделген, инвестордың қойылатын талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттар ұсынылған кезде беріледі.
      6. Инвестициялық преференцияларды қолдану осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.»;
      6) 17-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Инвестициялық келісімшарт шеңберінде инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Кеден одағының заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес технологиялық жабдықтың, оның жинақтауыштары мен қосалқы бөлшектерінің, шикізаттың және (немесе) материалдардың импорты кезінде кедендік баждар салудан босатылады.»;
      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерінің, шикізаттың және (немесе) материалдардың импорты кезінде 5 жылға дейінгі мерзімге кедендік баж салудан босату тіркелген активтерге инвестициялардың көлеміне қарай және инвестициялық жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызметтің басым түрлерінің тізбесіне сәйкес келген жағдайда Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына беріледі.»;
      7) 18-1 және 18-2-баптар алып тасталсын;
      8) мынадай мазмұндағы 18-3, 18-4 және 18-5-баптармен толықтырылсын:
      «18-3-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген кездегі
                 тұрақтылыққа кепілдік
      1. Инвестициялық басым жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға:
      1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасы;
      2) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы шетелдік жұмыс күшін тарту саласында өзгерген кезде, тұрақтылыққа кепілдік беріледі.
      2. Инвестициялық келісімшарттың қолданылуы осы Заңда белгіленген тәртіппен мерзімнен бұрын тоқтатылған жағдайда, Қазақстан Республикасы заңнамасының тұрақтылығына кепілдіктің қолданылуы күшін жояды.
      18-4-бап. Салықтар бойынша преференциялар
      1. Салықтар бойынша преференциялар инвестициялық басым жобаларды іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда беріледі.
      2. Салықтар бойынша преференциялардың түрлері:
      1) есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту;
      2) жер салығы мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану;
      3) мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептеу.
      3. Инвестициялық келісімшартта салықтар бойынша преференциялардың әрбір түрінің қолданылу мерзімі белгіленеді, бірақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес айқындалған оларды қолданудың шекті мерзімінен аспайды.
      4. Инвестициялық келісімшарттың қолданылуы осы Заңда белгіленген тәртіппен мерзімнен бұрын тоқтатылған жағдайда, салықтар бойынша преференциялардың қолданылуы күшін жояды.
      18-5-бап. Инвестициялық субсидия
      1. Өңірлік дамуға жәрдемдесу мақсатында инвестициялық субсидия Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде инвестициялық басым жобаны іске асыратын инвесторға беріледі.
      2. Инвестициялық субсидия қосылған құн салығы мен акциздер есепке алынбай, растайтын құжаттар негізінде құрылыс-монтаж жұмыстарына және жабдық сатып алуға арналған, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бар жобалау алдындағы құжаттамада көзделген шығындардың құнынан аспайтын іс жүзіндегі шығындардың орнын 30 пайызға дейін толтыру арқылы беріледі.
      3. Мыналар инвестордың іс жүзіндегі шығындарын растайтын құжаттар болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген бастапқы есепке алу құжаттары;
      2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ресімделген шот-фактуралар;
      3) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ресімделген кедендік декларациялар.
      4. Инвестициялық субсидияны төлеу кестесі мен жылдық көлемі инвестициялық субсидияны инвестициялардың көлемі мен инвестициялық басым жобаның рентабельділігіне қарай кезеңге, бірақ өндіріс пайдалануға берілгеннен кейін және инвестициялық келісімшарттың қолданылуы тоқтатылғанға дейін кемінде үш жылға тең үлестермен бөлу арқылы инвестициялық келісімшарт шеңберінде белгіленеді.
      5. Инвестор өндірісті іске қосу бойынша міндеттемелерді орындаған жағдайда инвестициялық келісімшартта белгіленген инвестициялық субсидияны толық көлемде төлеу өндіріс пайдалануға берілгеннен кейін жылдың қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
      Инвестор өндірісті іске қосу бойынша жұмыс бағдарламасында белгіленген жылдық көрсеткішті орындамаған жағдайда, инвесторға осы көрсеткішті орындау пайызына тепе-тең келетін субсидия көлемі төленеді.
      6. Инвестициялық субсидия беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
      9) 19-бапта:
      4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) инвестициялық жобаның уәкiлеттi орган белгiлейтiн талаптарға сәйкес жасалған бизнес-жоспары;
      5) инвестициялық жобаны iске асыру кезiнде пайдаланылатын құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құнын және тiркелген активтердi, шикiзатты және (немесе) материалдарды сатып алуға шығындарды негiздейтiн, тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленетiн құжаттардың заңды тұлға басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған көшiрмелерi;»;
      6) тармақша алып тасталсын;

      «9) салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екендiгi туралы тiркеу орны бойынша салық органының анықтамалары болған жағдайда қабылдайды және тiркейдi.»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімде инвестициялық субсидия беру көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы осы баптың бірінші бөлігінде көзделген құжаттардан басқа, заңды тұлға басшысының қолымен, мөрімен куәландырылған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптама қорытындысы бар жобалау алдындағы құжаттаманы ұсынады.»;
      10) 21-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Инвестициялық келісімшартты уәкілетті орган тіркеген күн оның жасалған күні болып табылады.»;
      11) 21-1-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      «7-1. Қазақстан Республикасының инвестициялық келісімшарт жасасқан заңды тұлғасы жұмыс бағдарламасын іске асыруды аяқтағаннан кейін уәкілетті органға аудиторлық есеп ұсынады, онда мыналар қамтылуға тиіс:
      1) жұмыс бағдарламасына сәйкес инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат;
      2) жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған тіркелген активтер бойынша таратып жазу;
      3) жұмыс бағдарламасының орындалғанын растайтын құжаттардың жиынтық тізілімі;
      4) инвестициялық келісімшарт талаптарының орындалуы туралы мәліметтер.»;
      12) 22-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Инвестор инвестициялық келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған кезде, уәкілетті орган инвесторға инвестициялық келісімшартқа өзгерістер енгізу үшін инвестициялық жобаның одан әрі іске асырылуы мүмкіндіктерін негіздейтін құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хат жібереді.
      Егер хатты алған кезден бастап үш ай ішінде инвестор құжаттарды ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган инвесторға хабарлама жіберілген кезден бастап екі ай өткен соң инвестициялық келісімшарттың қолданылуы біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатылатыны туралы хабарлама жібереді.
      Инвестициялық келісімшарт бұзылған жағдайда, аталған заңды тұлға инвестициялық келісімшарт бойынша берілген инвестициялық преференциялардың нәтижесінде бюджетке төленбеген салықтар мен кедендік баждар сомаларын төлейді.
      4. Қазақстан Республикасының инвестициялық келiсiмшарт жасасқан заңды тұлғасының бастамасы бойынша инвестициялық келiсiмшарт бiржақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде көрсетілген заңды тұлға инвестициялық келiсiмшарт бойынша берiлген инвестициялық преференциялар нәтижесінде төленбеген салықтар мен кедендік баждар сомаларын төлейдi.».
      6. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 20, 151-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 15-құжаттар; 2013 ж., № 15, 76, 82-құжаттар; № 20, 113-құжат):
      1) 1-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) концессионер – концессия шартын жасасқан, оның ішінде өз қызметін бірлескен қызмет (жай серіктестік) туралы шарт негізінде жүзеге асыратын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға және (немесе), мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда (концессиялық жобаларды қаржыландыру жөніндегі ұйымдардан басқа), заңды тұлға;»;
      2) 8-бап мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-2) концессиялық жобаларды қаржыландыру жөніндегі ұйымдарды айқындайды;».
      7. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 114-құжат; № 23-24, 116-құжат):
      1) 1-баптың 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «22) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны;»;
      2) 8-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілейді;»;
      3) 37-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Шетелдік жұмыс күшін тарту кәсіптік және біліктілік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін квота негізінде жүзеге асырылады.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота белгілеудің тәртібі мен мерзімдерін, шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар берудің шарттары мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.».
      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
      2-бап. Осы Заң, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 2-тармағын, 5-тармағы 8) тармақшасының жетінші – он екінші, он жетінші, жиырма үшінші және жиырма төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                     Н.Назарбаев

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 264356
    Қазақ тілінде 131947
    Орыс тілінде 131489
    Ағылшын тілінде 920
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы