Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 21 наурыздағы N 142-IV Заңы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұл келісім Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енген күнінен бастап қолданылуын тоқтатады - ҚР 14.10.2014 N 240-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 113-баптан қараңыз).

      Мәскеуде 2008 жылғы 25 қаңтарда қол қойылған Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісім ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев

Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке
қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы
келісім (2010 жылғы 1 шілдеде күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары Бюллетені, 2010 ж., № 5, 37-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің үкіметтері,

      төмендегілер туралы келісті:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

I. Жалпы ережелер

1-бап Қолдану саласы

      1. Осы Келісім шет мемлекеттерден шығарылатын және Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына арналған тауарларға қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын енгізуге және қолдануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.

      2. Осы Келісім зияткерлік меншік объектілеріне қызметтер көрсетумен, жұмыстарды орындаумен, айрықша құқықтарды берумен немесе зияткерлік меншік объектілерін пайдалануға арналған құқықты берумен, инвестицияларды, валюталық және экспорттық бақылауды жүзеге асырумен байланысты қатынастарды реттемейді.

      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

1-1-бап Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары бойынша Кеден одағының құқықтық базасы

      1. Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары бойынша Кеден одағының құқықтық базасы:

      1) осы Келісімнен және Тараптар мемлекеттерінің Кеден одағын қалыптастыру шеңберінде жасалған және осы Келісімнің ережелеріне қайшы келмейтін бөлігінде арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттарынан;

      2) осы Келісімге және (немесе) Тараптар мемлекеттерінің Кеден одағын қалыптастыру шеңберінде жасалған халықаралық шарттарына сәйкес қабылданатын Кеден одағы органдарының шешімдерінен тұрады.

      Ескерту. Келісім 1-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

2-бап Негізгі терминдер

      Осы Келісімде пайдаланылатын терминдер мыналарды білдіреді:

      "ұқсас тауар" – тергеу (қайта тергеу) объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауарға толықтай сәйкес келетін тауар не мұндай тауар жоқ болғанда тергеу (қайта тергеу) объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауардың сипаттамасына жақын сипаттамасы бар басқа тауар;

      "демпингке қарсы шара" – демпингке қарсы баж, оның ішінде алдын ала демпингке қарсы баж енгізу немесе экспорттаушы қабылдаған баға міндеттемелерін мақұлдау арқылы Кеден одағы комиссиясының шешімі бойынша қолданылатын демпингтік импортқа қарсы іс-қимыл шарасы;

      "демпингке қарсы баж" – демпингке қарсы шараны енгізу кезінде қолданылатын және Тараптар мемлекеттерінің кеден органдары кедендік әкелу бажына қарамастан алатын баж;

      "демпингтік маржа" – тауардың экспорттық бағасын шегергенде мұндай тауардың оның экспорттық бағасына қалыпты құнының пайызымен көрсетілген қатынасы не тауардың қалыпты құны мен оның экспорттық бағасының арасындағы абсолюттік көрсеткіштермен көрсетілген айырмасы;

      "импорттық квота" – тауардың санына және (немесе) құнына қатысты оның Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына импортын шектеу;

      "шет мемлекет" – осы Келісімнің қатысушысы болып табылмайтын мемлекет (мемлекеттердің бірлестігі), сондай-ақ Кеден одағының комиссиясы бекітетін Әлем елдерінің жіктеуішіне енгізілген аумақ;

      "өтемақы шарасы" – Кеден одағы комиссиясының шешiмi бойынша өтемақы бажын, оның iшiнде алдын ала өтемақы бажын енгізу не субсидиялаушы шет мемлекеттiң уәкiлеттi органы немесе экспорттаушы қабылдаған мiндеттемелерді мақұлдау арқылы қолданылатын Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласына экспорттаушы шет мемлекеттiң ерекше субсидия әсерiн бейтараптандыру шарасы;

      "өтемақы бажы" – өтемақы шарасын енгізу кезінде қолданылатын және Тараптар мемлекеттерінің кеден органдары кедендік әкелу бажына қарамастан алатын баж;

      "Тараптар мемлекеттерiнiң экономикасы саласына материалдық залал" - атап айтқанда Тараптар мемлекеттерiнде ұқсас тауар өндiрiсi көлемiнiң және Тараптар мемлекеттерiнiң нарығында оны өткiзу көлемiнiң қысқаруымен, мұндай тауар өндiрiсi рентабельдiлiгiнiң төмендеуiмен, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерi экономикасының осы саласындағы тауар қорларына, жұмыспен қамтуға, жалақының деңгейiне және Тараптар мемлекеттерi экономикасының осы саласына инвестициялардың деңгейiне келеңсiз әсер етумен байқалатын Тараптар мемлекеттерi экономикасының дәлелдермен расталған нашарлауы;

      "тікелей бәсекелес тауар" – өзінің мақсаты, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары бойынша, сондай-ақ тергеу (қайта тергеу) объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауарды тұтыну процесінде сатып алушы оны ауыстыратындай не ауыстыруға дайын болатындай басқа да негізгі қасиеттері бойынша тергеу (қайта тергеу) объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауарға толық сай келетін тауар;

      "сауданың кәдімгі барысы" – өндірістің орташа өлшемді шығындарына және орташа өлшемді сауда, әкімшілік және жалпы шығындарға негізделе отырып айқындалатын соған ұқсас тауардың орташа өлшемді өзіндік құнынан төмен емес баға бойынша экспорттаушы шет мемлекеттің нарығындағы соған ұқсас тауарды сатып алу-сату;

      "Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласы" – Тараптар мемлекеттерінде ұқсас тауардың (демпингке қарсы және өтемақылық тергеу мақсаттары үшін) не ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың (арнайы қорғау тергеуі мақсаттары үшін) барлық өндірушілері не олардың Тараптар мемлекеттеріндегі өндірістің жалпы көлеміндегі үлесі тиісінше ұқсас тауардың не ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың елеулі бөлігін, бірақ кемінде 25 пайызын құрайтын кейбіреулері;

      "арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын (оның ішінде алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы баждарын) төлеушілер" – Кеден одағының Кеден кодексіне, Тараптар мемлекеттерінің халықаралық шарттарына және (немесе) Тараптар мемлекеттерінің заңнамаларына сәйкес Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына шет мемлекеттерден әкелінетін, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждары (оның ішінде алдын ала арнайы, алдын ала демпингтік және алдын ала өтемақы баждары) қолданылатын тауарларға қатысты кедендік әкелу баждары мен салық төлеу жөніндегі міндет жүктелген декларант немесе өзге тұлғалар;

      "алдыңғы кезең" – қажетті статистикалық деректері бар тергеуді жүргізу туралы өтініш берілген күннің тікелей алдындағы 3 күнтізбелік жыл;

      "байланысты тұлғалар" – төменде келтірілген бір немесе бірнеше өлшемдерге сай келетін тұлғалар:

      осы тұлғалардың әрқайсысы басқа тұлғаның қатысуымен құрылған ұйымның қызметкері немесе басшысы болып табылады;

      тұлғалар іскер әріптестер болып табылады, яғни шарттық қатынастармен байланысты болады, кіріс алу мақсатында іс-әрекет жасайды және бірлескен қызметті жүзеге асырумен байланысты шығыстар мен залалдарды бірлесіп көтереді;

      тұлғалар бір ұйымның жұмыс берушілері және жұмыскерлері болып табылады;

      қандай да бір тұлға дауыс беретін акциялардың 5 және одан да көп пайызының немесе екі тұлғаның үлестерін тікелей немесе жанама түрде иеленеді, бақылайды немесе атаулы ұстаушысы болып табылады;

      тұлғалардың біреуі екінші тұлғаны тікелей немесе жанама түрде бақылайды;

      екі тұлғаны да үшінші тұлға тікелей немесе жанама түрде бақылайды;

      екі тұлға бірлесіп үшінші тұлғаны тікелей немесе жанама түрде бақылайды;

      тұлғалар неке қатынастарында, туыстық немесе бала асыраушы немесе асырап алынған, сондай-ақ қамқоршы және қамқорлықтағы қатынастарда болады.

      Бұл ретте тікелей бақылау деп мынадай:

      - оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыру;

      - заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу шарттарын айқындау құқығын алу;

      - заңды тұлғаның жарғылық (қоймалық) капиталын (қорын) құрайтын акцияларға (үлестерге) тиесілі дауыстардың жалпы санының

      5 пайызынан астамына иелік ету іс-қимылдарының бірі немесе бірнешеуі арқылы заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді заңды немесе жеке тұлғаның айқындауы мүмкіндігі түсініледі;

      Жеке немесе заңды тұлға арқылы не арасында тікелей бақылау бар бірнеше заңды тұлғалар арқылы заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді заңды немесе жеке тұлғаның айқындауы мүмкіндігі жанама бақылау деп түсініледі.

      "Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласына елеулі залал" – Тараптар мемлекеттерінде ұқсас немесе тікелей бәсекелесуші тауарды өндірумен байланысты жағдайдың жалпы нашарлауынан көрінетін және әдетте, алдыңғы кезең ішінде айқындалатын Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласының өндірістік, сауда және қаржы жағдайының елеулі нашарлауы;

      "арнайы қорғау шарасы" – импорттық квотаны немесе арнайы бажды, оның ішінде алдын ала арнайы бажды енгізу арқылы Кеден одағы комиссиясының шешімі бойынша қолданылатын Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына тауардың өскен импортын шектеу жөніндегі шара;

      "арнайы баж" – арнайы қорғау шарасын енгізген кезде қолданылатын және Тараптар мемлекеттерінің кеден органдары кедендік әкелу бажына қарамастан алатын баж;

      "субсидияланатын импорт" – өндірілуі, экспортталуы немесе тасымалдануы кезінде экспорттаушы шет мемлекеттің ерекше субсидиясы пайдаланылған тауардың Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына импорты;

      "субсидиялаушы орган" – экспорттаушы шет мемлекеттің мемлекеттік органы немесе жергілікті өзін-өзі басқару органы не тиісті мемлекеттік органның не жергілікті өзін-өзі басқару органының тапсырмасы бойынша әрекет ететін немесе құқықтық актіге сәйкес немесе нақты мән-жағдайларға орай тиісті мемлекеттік орган не жергілікті өзін-өзі басқару органы уәкілеттік берген тұлға;

      "Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласына материалдық залал келтіру қауіпі" – Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласына материалдық залал келтірудің дәлелдемелермен расталған шарасыздығы;

      "Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласына елеулі залал келтіру қауіпі" – Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласына елеулі залал келтірудің дәлелдемелермен расталған шарасыздығы;

      "экспорттық баға" – Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына тауардың импорты кезінде шетел өндірушілерімен немесе экспорттаушыларымен байланысты тұлғалар болып табылмайтын сатып алушылар төлеген немесе төлеуге тиіс баға.

      Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

3-бап Тергеу

      1. Тауарлардың импорты кезінде арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын енгізу алдында осы Келісімге сәйкес өткізілетін тергеу болады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тергеу:

      Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына өспелі импорттың және осыған байланысты Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласына елеулі залалдың немесе оны келтіру қауіпінің болуын;

      Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына демпингтік немесе субсидияланатын импорттың болуын және осыған байланысты Тараптар мемлекеттері экономикасының саласына материалдық залалдың немесе оны келтіру не Тараптар мемлекеттері экономикасының саласын құрудың баяулауы қауіпінің болуын анықтау мақсатында жүргізіледі.

      3. Алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы немесе алдын ала өтемақы бажын енгізу және қолдануды қоса алғанда, арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын енгізу және қолдану туралы, арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қайта қарастыру немесе күшін жою туралы не осы Келісімнің 40-бабының ережелеріне сәйкес шара қолданбау туралы шешімді Кеден одағының комиссиясы қабылдайды.

      4. Тергеу жүргізуге жауапты органды (бұдан әрі – тергеу жүргізетін орган) Кеден одағының комиссиясы айқындайды.

      5. Тергеу жүргізетін орган өзіне осы Келісімде және осы Келісімге және (немесе) Кеден одағын қалыптастыру аясында жасалған Тараптардың өзге халықаралық шарттарына сәйкес қабылданатын Кеден одағы органдарының шешімдерінде берілетін өкілеттіктер шеңберінде әрекет етеді.

      6. Тергеу жүргізетін орган тергеу нәтижелері бойынша Кеден одағы комиссиясына арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын енгізу мен қолданудың немесе арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қайта қарастыру немесе күшін жоюдың орындылығы туралы ұсынысы бар, Кеден одағы комиссиясының тиісті шешімінің жобасы қоса берілген баяндаманы ұсынады.

      7. Осы Келісімнің 6, 14 және 24-баптарында көзделген жағдайларда тергеу жүргізетін орган тергеу аяқталғанға дейін Кеден одағының комиссиясына алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы немесе алдын ала өтемақы бажын енгізу мен қолданудың орындылығы туралы ұсынысы бар баяндаманы ұсынады.

      8. Тергеуге қатысты дәлелдемелер, мәліметтер мен хат алмасулар тергеу жүргізетін органға орыс тілінде ұсынылуға тиіс, ал шетел тілінде жасалған құжаттардың түпнұсқалары ұсынылған аудармасы растала отырып, орыс тіліне аударылуға тиіс.

      Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

II. Арнайы қорғау шаралары

4-бап Арнайы қорғау шараларын қолданудың жалпы принциптері

      1. Арнайы қорғау шаралары тауарға, егер тергеу нәтижесі бойынша импорттаушы Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына осы тауардың импорты осындай ұлғаймалы санда жүзеге асырылатыны (Тараптар мемлекеттерінде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың жалпы көлеміне абсолюттік немесе салыстырмалы көрсеткіштердегі) белгіленетін жағдайда және Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына елеулі залал келтіретін немесе мұндай залал келтіру қатерін тудыратын осындай жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.

      2. Арнайы қорғау шаралары, егер мұндай елден бұл тауар импортының үлесі олардың әрқайсының үлесіне Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына осы тауар импортының жалпы көлемнің кемінде 3 проценті келетін дамушы елдерден шығатын бұл тауар импортының жиынтық үлесі Кеден одағының кеден аумағына бұл тауарлар импортының жалпы көлемінің 9 процентінен аспайтын жағдай кезінде, Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына бұл тауар импортының жалпы көлемінің 3 процентінен аспаса, Кеден одағының тарифтік преференциялар жүйесін пайдаланушы дамушы елдерін шығатын тауарларды қоспағанда, олардың шығарылатын еліне қарамастан экспорттаушы шетел мемлекетінен Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына импортталатын тауарға қолданылады.

      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

5-бап Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына елеулі залалды немесе өспелі импорттың салдарынан болатын мұндай залалды келтіру қатерін белгілеу

      1. Тергеу барысында тергеу жүргізетін орган Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына өспелі импорт салдарынан болған Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының елеулі залалын немесе мұндай залалды келтіру қатерін белгілеу мақсатында сандық көрсеткіштерде көрсетілуі мүмкін объективті факторларды бағалайды және Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының экономикалық жағдайына, оның ішінде:

      1) Тараптар мемлекеттерінің ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды өндірудің немесе тұтынудың жалпы көлеміне абсолюттік көрсеткіштердегі және салыстырмалы көрсеткіштердегі тергеу объектісі болып табылатын тауар импорты өсуінің қарқыны мен көлеміне;

      2) Тараптар мемлекеттерінің осы тауарды және ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды сатудың жалпы көлемінде тергеу объектісі болып табылатын импорттық тауардың үлесіне;

      3) Тараптар мемлекеттерінде өндірілетін ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар бағасының деңгейімен салыстырғанда тергеу объектісі болып табылатын импорттық тауарға баға деңгейіне;

      4) Тараптар мемлекеттерінде шығарылатын ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарларды Тараптар мемлекеттерінің нарығында сату көлемін өзгерту;

      5) Тараптар мемлекеттерінің экономика саласындағы ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар өндірісінің көлемін, өнімділігін, өндірістік қуаттардың жүктемесін, пайда мен зиянның мөлшерлерін, сондай-ақ жұмыспен қамту деңгейін өзгертуге әсер етеді.

      2. Өспелі импорттың салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына елеулі залалы немесе мұндай залалды келтіру қатері іске қатысты және тергеу жүргізетін органның иелігінде бар барлық айғақтар мен мәліметтерді талдау нәтижелері негізінде белгіленуге тиіс.

      3. Тергеу жүргізетін орган өспелі импорттан басқа осының салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына сол кезеңде елеулі залал келтірілетін немесе мұндай залал келтіру қатері жасалатын басқа да белгілі факторларды талдайды. Көрсетілген залалды Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағына өспелі импорт салдарынан Кеден одағының экономика саласына келтірілген залалға жатқызбауға тиіс.

      Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

6-бап Алдын ала арнайы бажды енгізу

      1. Арнайы қорғау шарасын қолдануды кешіктіру Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласына кейіннен жою қиынға соғатын елеулі залал келтіруі мүмкін сындарлы мән-жайларда Кеден одағының комиссиясы тиісті тергеу аяқталғанға дейін тергеу жүргізетін органның алдын ала қорытындысының негізінде 200 күннен аспайтын мерзімге алдын ала арнайы бажды енгізу және қолдану туралы шешім қабылдай алады, оған сәйкес тергеу объектісі болып табылатын тауар импортының өсуі Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласына елеулі залал келтіргеніне немесе келтіретініне айқын дәлелдемелер бар. Тергеу жүргізген органның түпкілікті қорытындысын алу мақсатында тергеу жалғастырылуы тиіс.

      2. Тергеу жүргізетін орган экспорттаушы шет мемлекеттiң уәкiлеттi органын, сондай-ақ басқа да оған белгiлi мүдделi тұлғаларды алдын ала арнайы бажды енгізу мүмкіндігі туралы жазбаша нысанда хабардар етедi.

      3. Экспорттаушы шет мемлекеттiң уәкiлеттi органының алдын ала арнайы бажды енгiзу мәселесi бойынша консультациялар өткiзу туралы сұрау салуы бойынша мұндай консультациялар Кеден одағының комиссиясы алдын ала арнайы бажды енгiзу туралы шешiмдi қабылдағаннан кейiн басталуға тиiс.

      4. Егер тергеу нәтижелерi бойынша арнайы қорғау шараларын енгiзу үшiн негiздер жоқ екені анықталса, алдын ала арнайы баж сомасы осы Келісімнің 28-1-бабының 6-тармағында белгiленген тәртiппен төлеушiге қайтарылуға тиiс.

      5. Егер тергеу нәтижелері бойынша арнайы қорғау баж шарасын (оның ішінде импорт квотасын енгізу арқылы) қолдану туралы шешім қабылданса, алдын ала арнайы баждың қолданылу мерзімі арнайы қорғау шарасы қолданылуының жалпы мерзіміне есептеледі, ал тергеу нәтижелері бойынша қабылданған арнайы қорғау шарасын қолдану туралы шешім күшіне енген күннен бастап алдын ала арнайы баж сомасы осы баптың 6 және 7-тармақтарының ережелерін ескере отырып, осы Келісімнің 28-1-бабының 5-тармағында белгіленген тәртіппен есептелуге және бөлінуге тиіс.

      6. Егер тергеу нәтижелері бойынша алдын ала арнайы баж мөлшерлемесіне қарағанда, арнайы баждың барынша төмен мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылса, арнайы баждың белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген арнайы баж сомасына сәйкес келетін алдын ала арнайы баж сомалары осы Келісімнің 28-1-бабының 5-тармағында айқындалған тәртіппен есептелуге және бөлінуге тиіс.

      Арнайы баждың белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген арнайы баж сомаларынан асатын алдын ала арнайы баж сомалары осы Келісімнің 28-1-бабының 6-тармағында айқындалған тәртіппен төлеушіге қайтарылуға тиіс.

      7. Егер тергеу нәтижелері бойынша алдын ала арнайы баж мөлшерлемесіне қарағанда, арнайы баждың барынша жоғары мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылса, арнайы баж бен алдын ала арнайы баж сомалары арасындағы айырмашылық алынбайды.

      Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

7-бап Арнайы қорғау шараларын қолдану

      1. Арнайы қорғау шарасы Кеден одағы комиссиясының шешімі бойынша Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына елеулі залалды немесе мұндай залалды келтіру қатерін жою үшін, сондай-ақ өзгермелі экономикалық жағдайға Тараптар мемлекеттерінің экономика саласын бейімдеу процесін жеңілдету үшін қажетті мөлшерде және мерзім ішінде қолданылады.

      2. Егер арнайы қорғау шарасы импорттық квотаны белгiлеу арқылы қолданылса, мұндай импорттық квотаның мөлшері Тараптар мемлекеттерiнiң экономикасы саласына елеулi залалды немесе мұндай залалды келтiру қаупiн жою үшiн импорттық квотаның аз мөлшерiн белгiлеу қажеттiлiгi жағдайларын қоспағанда, алдыңғы кезеңде жүргізілген тергеу объектiсi болып табылатын тауар импортының (сан немесе құн түрінде көрсетілген) орташа жылдық көлемiнен төмен болмауы тиiс.

      3. Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына тергеу объектісі болып табылатын тауарды жеткізуді жүзеге асыруға мүдделі экспорттаушы шет мемлекеттер арасындағы импорттық квотаны бөлу кезінде олардың арасында импорттық квотаны бөлу мәселесі бойынша консультациялар жүргізу үшін мүмкіндік беріледі.

      4. Егер осы баптың 3-тармағында көзделген импорттық квотаны бөлу мәселесі бойынша консультациялар жүргізу мүмкін болмайтын немесе аталған консультациялар барысында мұндай уағдаластыққа қол жеткізілмеген жағдайда импорттық квота сандық немесе құндық көріністегі осы тауар импортының жалпы көлемі негізіндегі тергеу жүргізуге өтінішті беру күнін алдындағы күнтізбелік 3 жыл үшін экспорттаушы шетел мемлекетінен осы тауардың импорты кезінде қалыптасқан шамада тергеу объектісі болып табылатын тауарды Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына экспортқа мүдделігі бар экспорттаушы шетел мемлекеттерінің арасында бөлінеді.

      Бұл ретте осы тауардың саудасы барысына ықпал етуі мүмкін немесе ықпал ете алатын кез келген ерекше факторлар есепке алынады.

      5. Егер жекелеген экспорттаушы мемлекеттерден шетел мемлекеттерінің тергеу объектісі болып табылатын тауар импортының өсуіне қатысты процентте статистикалық деректері бар өтінішті беру күніне келетін 3 жыл үшін осы тауар импортының жалпы өсуіне қатысты тең еместей ұлғайған жағдайда Кеден одағының комиссиясы осындай мемлекеттерден Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына осы тауардың импорты өсуінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін ескере отырып, мұндай мемлекеттер арасындағы импорттық квотаны бөле алады.

      Осы тармақтың ережелері тергеу жүргізетін орган Тараптар мемлекеттері экономикасының саласына елеулі залалдың болуын анықтаған жағдайда ғана қолданылады.

      6. Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына арнайы қорғау шаралары ретінде импорттық квотаны белгілеу туралы шешім қабылданған тауардың импорты импортына сандық шектеулер белгіленген тауарлар үшін Кеден одағының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген лицензия негізінде жүзеге асырылады.

      7. Алып тасталды - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.
      8. Алып тасталды - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.
      9. Алып тасталды - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.
      Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

8-бап Арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі және қайта қарау

      1. Арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі осы баптың 2-тармағына сәйкес осындай шараның қолданылу мерзімін ұзарту жағдайын қоспағанда, 4 жылдан аспауға тиіс.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі, егер Кеден одағының комиссиясы жүргізген қайта тергеу нәтижесі бойынша Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына елеулі залалды немесе мұндай залал келтіру қаупі жою үшін арнайы қорғау шараларын қолдану мерзімі ұзартылуы қажет және өзгермелі экономикалық жағдайларға осы саланың бейімделуіне жәрдемдесетін Тараптар мемлекеттері экономика тиісті саласымен шаралар қолданылу туралы дәлелдемелер бар екендігін белгіленсе, тергеу жүргізетін органның шешімі бойынша ұзартылуы мүмкін.

      Тиісті айырмашылықтарды ескере отырып, қайта тергеу жүргізу кезінде тергеу жүргізуге қатысты ережелер қолданылады.

      3. Кеден одағы комиссиясының арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешімді қабылдауы кезінде мұндай шара арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешімді қабылдау күніне қолданылатын арнайы қорғау шарасынан аса шектелмеуге тиіс.

      4. Егер арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі бір жылдан асқан жағдайда, Кеден одағы комиссиясы осындай шараның қолданылу мерзімі ішіндегі тең уақыт аралығымен осындай арнайы қорғау шарасын біртіндеп жеңілдетеді.

      Егер арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі 3 жылдан асқан жағдайда, мұндай шараның қолданылу мерзімінің жартысы аяқталғаннан кейін тергеу жүргізетін орган нәтижесінде арнайы қорғау шарасы сақталуы, жеңілдетілуі немесе жойылуы мүмкін қайта тергеуді жүргізеді.

      Осы баптың мақсаттары үшін арнайы қорғау шарасын жеңілдету деп импорттық квотаның көлемін ұлғайту немесе арнайы баждың ставкасын төмендету түсініледі.

      5. Алдын ала арнайы баждың қолданылу мерзімі мен арнайы қорғау шарасының қолданылуы ұзартылатын мерзімді қоса алғанда, арнайы қорғау шарасы қолданылуының жалпы мерзімі 8 жылдан аспауға тиіс.

      6. Арнайы қорғау шарасы бұрынғы арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзіміне тең мерзім ішінде оған бұрынғы арнайы қорғау шарасы қолданылған тауарға қайта қолданылуы мүмкін емес. Бұл ретте, бұрынғы арнайы қорғау шарасы қолданылмайтын мерзім 2 жылдан кем болуы мүмкін емес.

      7. Осы баптың 6-тармағында белгіленген ережелерге қарамастан қолданылу мерзімі 180 немесе одан аз күнді құрайтын арнайы қорғау шарасы, егер алдыңғы арнайы қорғау шарасын енгізген күннен бастап кемінде бір жыл өтсе және арнайы қорғау шарасы жаңа арнайы қорғау шарасын енгізген күннің тікелей алдындағы 5 жыл ішінде 2 реттен астам мұндай тауарға қолданылмаса, сол тауарға қайта қолданылуы мүмкін.

      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

III. Демпингке қарсы шаралар

9-бап Демпингке қарсы шараны қолданудың жалпы принциптері

      1. Егер тергеу нәтижелері бойынша Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына осындай тауардың импорты Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына материалдық залал келтіретіндігі, осындай залалды келтіру қаупін тудыратыны немесе Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының құрылуын елеулі түрде тежейтіндігі белгіленсе демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауарға демпингке қарсы шара қолданылуы мүмкін.

      2. Тауар, егер осындай тауардың экспорттық бағасы тауардың қалыпты құнынан төмен болса, демпингтік импорттың мәні болып табылады.

      3. Осы бөлімнің мақсаттары үшін тергеу кезеңі, әдетте тергеу жүргізу туралы өтініш берілген күннің алдындағы 12 айға тең мерзімге белгіленеді, бірақ кез келген жағдайда 6 айдан кем болмауға тиіс.

      Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

10-бап Демпингтік маржаны айқындау

      1. Тергеу жүргізетін орган мыналарды:

      1) тауардың орташа өлшемді қалыпты құнын тауардың орташа өлшемді экспорттық бағасымен;

      2) жеке мәмілелер бойынша тауарлардың экспорттық бағаларының жеке мәмілелері бойынша тауарлардың қалыпты құнымен;

      3) сатып алушыларға, өңірге немесе тауарды жеткізу кезеңіне байланысты тауардың бағасында елеулі ерекшеліктер болған жағдайда тауардың жеке мәмілелер бойынша экспорттық бағаларымен тауардың орташа өлшенген қалыпты құнымен салыстыру негізінде демпингтік маржаны айқындайды.

      2. Оның қалыпты құнымен тауардың экспорттық бағасын салыстыру сауда операциясының сол сатысында және бір уақытта мүмкіндігі бойынша орын алған тауарды сату жағдайына қатысты жүзеге асырылады.

      3. Оның қалыпты құнымен тауардың экспорттық бағасын салыстыру кезінде бағаның салыстырмалығына әсер ететін айырмашылықтарды, оның ішінде, жеткізулердің, салық салудың жағдайлары мен сипаттамаларын, сауда операциялары кезеңдерінің, сандық көрсеткіштердің, физикалық сипаттамалардың айырмашылықтарын, сондай-ақ оларға қатысты бағаның салыстырмалығына олардың әсер етуін айғақтауы берілетін басқа кез келген айырмашылықтарды ескере отырып, оларды түзету жүзеге асырылады.

      Осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайларда шығыстарды, оның ішінде, импорт пен тауарды қайта сату арасындағы кезеңде төленген баждар мен салықтарды, сондай-ақ алынған пайданы ескеру қажет.

      Тергеу жүргізетін орган жоғарыда аталған факторлар ескерілген түзетулер тауардың қалыпты құнымен экспорттық бағаны салыстыру нәтижесін бұрмалай отырып, бір-бірін қайталамайтындығына көз жеткізеді.

      Тауардың экспорттық бағасын оның қалыпты құнымен тиісті салыстыруды қамтамасыз ету үшін, тергеу жүргізетін орган қажетті ақпаратты мүдделі тұлғалардан сұратуға құқылы.

      4. Экспорттаушы шетел мемлекетінің нарығындағы сауданың кәдімгі барысында ұқсас тауарды сатып алу-сату мәмілесі болмаған жағдайда немесе, егер сауданың кәдімгі барысы кезінде ұқсас тауарды сатудың төменгі көлемінің күшіне немесе экспорттаушы шетел мемлекетінің нарығындағы ерекше жағдай күшіне экспорттаушы шетел мемлекетінің нарығындағы сату кезінде тауардың экспорттық бағасын ұқсас тауардың бағасымен тиісті салыстыру жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, тауардың экспорттық бағасы ұқсас тауардың бағасы репрезентативтік болып табылатын жағдайда, экспорттаушы шетел мемлекетінен басқа шет мемлекетке импортталатын ұқсас тауар бағасымен немесе қажетті әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды және экономиканың осы саласы үшін тән пайданы ескере отырып, оның шығу еліндегі тауар өндірісінің шығынымен салыстырылады.

      5. Егер тауар оның шығу елі болып табылмайтын шетел мемлекетінен Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына импортталған жағдайда, осындай тауардың экспорттық бағасы шетел мемлекеттің нарығындағы ұқсас тауардың салыстырмалы бағасымен салыстырылады.

      Тауардың экспорттық бағасын салыстыру, егер осы тауар Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағына экспортталып, шетел мемлекеті арқылы қайта жіберілсе ғана немесе мұндай тауарды өндіру осы шетел мемлекетінде жүзеге асырылмаса не онда ұқсас тауардың салыстырмалы бағасы жоқ болса, оның шығу елінде ұқсас тауардың салыстырмалы бағасымен жүргізілуі мүмкін.

      6. Егер, тауардың экспорттық бағасын оның қалыпты құнымен салыстыру кезінде олардың шамасын бір валютадан екіншісіне қайта есептеу талап етілсе, мұндай қайта есептеу валютаның тауарды сату күніндегі ресми бағамын пайдаланып, жүргізіледі.

      Егер шетелдік валютаны сату тауарды тиісті экспорттық жеткізумен тікелей байланысты болған және мерзімінде жүзеге асырылған жағдайда, мерзімде валютаны сату кезінде қолданылатын валюта бағамы қолданылады.

      Тергеу жүргізетін орган валюта бағамының ауытқуын ескермейді және тергеу барысында экспорттаушыларға тергеу кезеңінде валюта бағамдарының тұрақты өзгерістерін ескере отырып, олардың экспорттық бағаларын түзету үшін кемінде күнтізбелік 60 күннен береді.

      7. Тергеу жүргізетін орган, әдетте, жеке демпингтік маржаны айқындауға мүмкіндік беретін қажетті мәліметті берген тауардың әрбір белгілі экспорттаушы және (немесе) өндіруші үшін жеке демпингтік маржаны айқындайды.

      8. Егер тергеу жүргізетін орган тауарларды экспорттаушылардың, өндірушілердің немесе импорттаушылардың жалпы санының, тауардың әр түрлілігі немесе қандай да бір басқа себеп бойынша тауарды әрбір белгілі экспорттаушы және (немесе) өндіруші үшін жеке демпингтік маржаны айқындаудың қолайсыздығы туралы қорытындыға келген жағдайда, ол мүдделі тұлғалардың қолайлы санынан шығатын жеке демпингтік маржаны айқындау шектігін пайдалануы немесе статистикалық репрезентативтік және тергеу барысын бұзбай зерттелуі мүмкін болып табылатын тергеу жүргізетін органның иелігіндегі бар ақпарат бойынша әрбір экспорттаушы шетел мемлекетінен тауарды таңдауға қатысты демпингтік маржаны айқындауы мүмкін.

      Осы тармақтың ережелерінде белгіленген жеке демпингтік маржаны айқындауды шектеу мақсаты үшін мүдделі тұлғаларды іріктеуді тергеу объектісі болып табылатын тауарды тиісті шетелдік экспорттаушылардың, өндірушілердің және импорттаушылардың консультациясы негізінде және олардың келісімімен тергеу жүргізетін орган жүзеге асырады.

      Егер тергеу жүргізетін орган осы тармақтың ережелеріне сәйкес шектеуді пайдаланса, шетелдік экспорттаушылар және (немесе) шетелдік өндірушілер санының көптігінен тергеу жүргізу органының тиісті тергеу жүргізу мерзімін бұзуға әкелуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, бастапқыда таңдалмаған, бірақ қажетті мәліметтерді қараудың белгіленген мерзімінде оларды ұсынған әрбір шетелдік экспорттаушыға немесе шетелдік өндірушіге қатысты жеке демпингтік маржаны айқындайды.

      Осындай шетелдік экспорттаушылардың және (немесе) шетелдік өндірушілердің ерікті түрде ұсынған жауаптарын тергеу жүргізетін орган қайтармауға тиіс.

      9. Егер тергеуді жүргізетін орган осы баптың 8-тармағына сәйкес жеке демпингтік маржаны айқындауды шектеуді пайдаланса, жеке демпингтік маржаны айқындау үшін таңдалмаған, бірақ тергеу барысында осы үшін белгіленген мерзімде қажетті мәліметтерді ұсынған демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауардың шетелдік экспорттаушыларға немесе шетелдік өндірушілерге қатысты есептелген демпингтік маржаның мөлшері жеке демпингтік маржаны айқындау үшін таңдалған демпингтік импорт мәні болып табылатын тауарды шетелдік экспорттаушыларға немесе шетелдік өндірушілерге қатысты айқындалған орташа өлшемді демпингтік маржаның мөлшерінен аспауы тиіс.

      10. Егер тергеу объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушы немесе өндіруші тергеу жүргізетін органға талап ету түрінде және белгіленген мерзімде сұралған ақпаратты бермесе немесе олар берген ақпарат тексеріле алмайтын не шындыққа сәйкес келмейтін жағдайда, тергеу жүргізетін орган оның иелігіндегі басқа қолда бар ақпараттың негізінде демпингтік маржаны айқындай алады.

      11. Жеке демпингтік маржаны айқындауға мүмкіндік беретін қажетті мәліметті берген тауардың әрбір белгілі экспорттаушы және (немесе) өндіруші үшін жеке демпингтік маржаны айқындаудан басқа, тергеу жүргізетін орган тергеу барысында белгіленген ең жоғары демпингтік маржаның негізінде тергеу объектісі болып табылатын тауардың барлық басқа экспорттаушылар және (немесе) өндірушілер үшін бірыңғай демпингтік маржаны айқындай алады.

      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

11-бап Тауардың қалыпты құнын айқындау

      1. Тауардың қалыпты құнын тергеу жүргізетін орган экспорттаушы шетел мемлекетінің ішкі нарығында осындай шет мемлекеттің резиденті болып табылатын өндірушілермен және экспорттаушылармен байланысты тұлғалар болып табылмайтын сатушыларға сату кезінде, сауданың кәдімгі барысында бәсекелестік жағдайларда экспорттаушы шетел мемлекеттерінің кеден аумағында пайдалану үшін ұқсас тауардың бағалар негізінде айқындайды.

      Қалыпты құнды айқындау мақсаттары үшін осындай шет мемлекеттің резиденті болып табылатын өндірушілермен және экспорттаушылармен байланысты тұлғалар болып табылатын сатып алушылардың сатуы кезінде, егер аталған байланыс шетелдік өндірушінің және (немесе) экспорттаушының баға саясатына әсер етпейтіндігі белгіленген жағдайда, ұқсас тауардың бағалар есепке алынуы мүмкін.

      2. Экспорттаушы шетел мемлекетінің нарығындағы сауданың кәдімгі барысында ұқсас тауарды сатудың көлемі, егер бұл көлем экспорттаушы шетел мемлекетінен Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына тауарлар экспортының жалпы көлемінен кемінде 5 проценті құраса, тауардың қалыпты құнын айқындау үшін жеткілікті ретінде қаралады.

      Сауданың кәдімгі барысында ұқсас тауарды сатудың барынша төменгі көлемі, егер мұндай көлем сауданың кәдімгі барысында тауардың экспорттық бағасын осындай тауардың бағасымен тиісті салыстыруды қамтамасыз ету үшін жеткілікті деген айғақ бар тауардың қалыпты құнын айқындау үшін қолайлы деп саналады.

      3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес тауардың қалыпты құнын айқындау кезінде сатып алушының экпорттаушы шетел мемлекетінің ішкі нарығында сатуы кезіндегі тауардың бағасы тергеу кезеңі ішінде сатып алушыларға экспорттаушы сатқан ұқсас тауардың орташа өлшемді бағасы немесе осы кезең шеңберіндегі сатып алушының әрбір сатуы бойынша бағасы болып табылады.

      4. Әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды ескере отырып, ұқсас тауар бірлігін өндірудің өзіндік құнынан төмен баға бойынша экспорттаушы шетел мемлекетінің нарығында немесе экспорттаушы шетел мемлекетінен басқа шет мемлекетке ұқсас тауарды сату, егер тергеу жүргізетін орган ұқсас тауарды мұндай сату осы кезеңде барлық шығындарды өтеуді қамтамасыз етпейтін елеулі көлемде және бағалар бойынша тергеу кезеңінде жүзеге асырылатынын белгілейтін жағдайда ғана, тауардың қалыпты құнын айқындау кезінде ескерілмеуі мүмкін.

      5. Егер оны сату сәтінде әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды ескере отырып, ұқсас тауар бірлігін өндірудің өзіндік құнынан төмен осындай тауардың бағасы, тергеу кезеңінде әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды ескере отырып, тауар бірлігінің орташа өлшемді өзіндік құнынан асып кеткен жағдайда, мұндай баға тергеу кезеңі ішіндегі барлық шығындарды өтеуді қамтамасыз ету ретінде қаралады.

      6. Әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды ескере отырып, ұқсас тауарды өндірудің өзіндік құнынан төмен баға бойынша ұқсас тауарды сату, егер тауардың қалыпты құнын айқындау кезінде ескерілетін мәмілелер бойынша ұқсас тауардың орташа өлшемді бағасы әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды ескере отырып, осындай тауардың бірлігін өндірушінің орташа өлшемді өзіндік құнынан төмен және баға бойынша сату көлемі осындай өзіндік құнынан төмен жағдайда, тауардың қалыпты құнын айқындау кезінде ескерілетін мәмілелер бойынша сату көлемінің кемінде 20 процентін құрайды.

      7. Әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды ескере отырып, тауар бірлігін өндірудің өзіндік құны мұндай деректердің экспорттаушы шетел мемлекетіндегі бухгалтерлік есеп пен есептіліктің жалпы қабылданған принциптері мен ережелеріне сәйкес келуі және тауарды шығарумен және сатумен байланысты шығындарды толық көрсету шартымен тауарды экспорттаушы және өндіруші берген деректер негізінде есептеледі.

      8. Тергеу жүргізетін орган, шығындарды мұндай бөлу әдетте, тергеу объектісі болып табылатын, атап айтқанда, амортизацияның тиісті кезеңін, өндірісті дамытуға басқа да шығындарды жабу мен капитал салуға аударымдар белгілеуге қатысты осындай тауарды экспорттаушыға немесе өндірушіге қолданылуы шартымен тергеу объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушы немесе өндіруші берген деректерді қоса алғанда, өндіріс шығындарын әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды бөлу дұрыстығының оның иелігіндегі барлық айғағын ескереді.

      9. Өндіріс шығындары, әкімшілік, сауда және жалпы шығындар өндірісті дамытуға байланысты бір жолғы шығыстарды немесе өндірісті ұйымдастыру кезеңінде жүзеге асырылатын тергеу кезіндегі операциялардың әсер ететін шығындардың жағдайларын ескере отырып, түзетіледі. Мұндай түзетулер өндірісті ұйымдастыру кезеңінің аяғындағы, ал егер өндірісті ұйымдастыру кезеңі тергеу кезеңінен асып кеткен болса, тергеу жүргізу кезеңіне келетін өндірісті ұйымдастырудың барынша кеш кезеңі үшін шығындарды көрсетуге тиіс.

      10. Әкімшілік, сауда және жалпы шығындардың жиынтық сандық көрсеткіштері және экономиканың осы саласына тән пайда демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауарды экспорттаушы немесе өндіруші беретін сауданың кәдімгі барысында осындай тауарды өндіру және сату туралы нақты деректер негізінде айқындалады.

      Егер мұндай жиынтық сандық көрсеткіштерді көрсетілген жолмен айқындауға болмайтын болса, олар мыналардың:

      1) экспорттаушы шетел мемлекетінің нарығында тауардың сол санатын өндіруіне және сатуына байланысты тергеу объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушы немесе өндіруші алған және жұмсаған нақты сома;

      2) осындай тауарды басқа да экспорттаушы немесе өндіруші экспорттаушы шетел мемлекетінің нарығында ұқсас тауардың өндіруіне және сатуына байланысты алынған және жұмсалған орташа өлшемді нақты сома;

      3) осындай жолмен айқындалған пайда сомасы экспорттаушы шетел мемлекетінің нарығындағы сол санаттағы оны сату кезінде әдетте басқа да экспорттаушылар немесе өндірушілер алатын пайдадан аспайтын жағдай кезінде өзге әдіс негізінде айқындалуы мүмкін.

      11. Демпингтік импорт нарықтағы бағаларды мемлекет тікелей реттейтін немесе сыртқы сауданың мемлекеттік монополиясы бар экспорттаушы шетел мемлекетінен болған жағдайда, тауардың қалыпты құны бағаның немесе тиісті шет мемлекетте есептелген ұқсас тауарлар құнына (көрсетілген экспорттаушы шет мемлекетпен тергеу мақсаттары үшін салыстырылатын) не мұндай шет мемлекеттерден басқа шет мемлекеттерге, оның ішінде Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағына жеткізу кезіндегі ұқсас тауар бағасының негізінде белгіленуі мүмкін.

      Егер тауардың қалыпты құнын айқындау осы тармақтың ережелеріне сәйкес мүмкін болмаған жағдайда, тауардың қалыпты құны Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кеден аумағындағы ұқсас тауарға төленген немесе төленуге жататын және табысты ескере отырып түзетілген бағаның негізінде айқындалуы мүмкін.

      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

12-бап Тауардың экспорттық бағасын айқындау

      1. Тауардың экспорттық бағасы тергеу кезеңінде оны сату туралы деректер негізінде айқындалады.

      2. Демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауардың экспорттық бағасы туралы деректер жоқ болған кезде не тергеу жүргізетін органның осы тауардың экспорттық бағасы туралы мәліметтердің шынайылығына негізді күмәні пайда болып, осының салдарынан тауарды экспорттаушы мен импорттаушы тұлғалармен, оның ішінде олардың әрқайсысының үшінші тұлғамен байланысына орай не осы тауардың экспорттық бағасына қатысты ымыраласу нысанында шектеулі іскерлік тәжірибе болған кезде, оның экспорттық бағасы, егер импортталушы тауар тәуелсіз сатып алушыға қайта сатылмаса немесе Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына қандай түрде импортталса, сондай түрде қайта сатылмаса тергеу жүргізетін орган анықтайтын импортталушы тауар бірінші рет тәуелсіз сатып алушыға сатылатын баға негізінде есептелуі мүмкін.

      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

13-бап Демпингтік импорт салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының залалын белгілеу

      1. Демпингтік импорт салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына залал демпингтік импорт көлемін талдау нәтижелері, Тараптар мемлекеттерінің нарығында ұқсас тауарлар бағасына және Тараптар мемлекеттерінің ұқсас тауар өндірушілеріне әсері негізінде белгіленеді.

      2. Осы бөлімнің мақсаттары үшін Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының залалы деп Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының материалдық залалы, осындай залалды келтіру қатері немесе Тараптар мемлекеттерінің экономика саласын құруды айтарлықтай кідіртуді түсініледі.

      3. Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының залалы тергеу жүргізу барысындағы кезеңінде үшін айқындалады.

      Тергеу барысында тергеуді бастау туралы өтініш берілген күнінің алдындағы 3 жыл ішінде Тараптар мемлекеттерінің нарығындағы үрдіс те ескеріледі.

      4. Демпингтік импорт көлемін талдау кезінде тергеу жүргізетін орган тергеу объектісі болып табылатын (абсолюттік көрсеткіштерде не Тараптар мемлекеттеріндегі ұқсас тауарды өндіруге немесе тұтынуға қатысты) тауардың демпингтік импортының елеулі ұлғаюының болған, болмағанын айқындайды.

      5. Тараптар мемлекеттерінің нарығындағы ұқсас тауардың бағасына демпингтік импорттың әсер етуін талдау кезінде тергеу жүргізетін орган:

      1) демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауар бағалары Тараптар мемлекеттерінің нарығындағы ұқсас тауар бағаларынан елеулі төмен болды ма;

      2) демпингтік импорт Тараптар мемлекеттерінің нарығында ұқсас тауар бағасының елеулі төмендеуіне алып келді ме;

      3) демпингтік импорт осындай импорт болмаған жағдайда орын алатын Тараптар мемлекеттерінің нарығында ұқсас тауар бағасының елеулі өсуіне кедергі келтірді ме, белгілейді.

      6. Егер бір уақытта жүргізілген тергеудің мәні бір экспорттаушы шетел мемлекетінен көп Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына тауардың импорты болып табылатын жағдайда, тергеу жүргізетін орган мұндай импорттың жиынтық әсер етуін, егер:

      1) тергеу объектісі болып табылатын тауар импортына қатысты айқындалған демпингтік маржа әрбір экспорттаушы шетел мемлекетінен ең аз рұқсат етілетін демпингтік маржасынан асса, ал әрбір экспорттаушы шетел мемлекетінен осы тауар импортының көлемі осы Келісімнің 31-бабының 2-тармағының ережелерін ескере отырып, елеусіз болып табылмаса;

      2) тауар импортының жиынтық әсер етуін бағалау импорттық тауарлар арасындағы бәсекелестік шарттарын және Тараптар мемлекеттерінде өндірілген импорттық тауар мен ұқсас тауар арасындағы бәсекелестік шарттарын ескере отырып, мүмкін болып табылса ғана бағалауы мүмкін.

      7. Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына демпингтік импорттың әсер етуін талдау Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының жай-күйіне қатысы бар барлық экономикалық факторларды, қоса алғанда:

      оған бұрын орын алған демпингтік немесе субсидияланған импорттың әсер етуінен кейін Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының экономикалық жағдайын қалпына келтіру деңгейі;

      болған немесе болашақта болуы мүмкін өндірістің қысқаруы, тауарды сатуды, оның Тараптар мемлекеттерінің нарығындағы үлесін, пайдасын, өнімділігін, тартылған инвестициялардан түсетін кірістерді немесе өндірістік әлеулеттілікті пайдалануды;

      Тараптар мемлекеттерінің нарығындағы тауар бағасына әсер ететін факторларды;

      демпингтік маржаның мөлшері;

      болған немесе болашақта болуы мүмкін тауар өндірісі өсу қарқынына, тауар қорына, жұмыспен қамту деңгейіне, еңбекақына, инвестиияларды тарту мүмкіндігіне және қаржылық жай-күйіне жағымсыз әсерін, бағалаудан тұрады.

      Сонымен қатар, бір де бір фактор демпингтік импорт салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына залалды белгілеу мақсаты үшін шешуші мәнге ие бола алмайды.

      8. Тараптар мемлекеттерінің экономика саласындағы демпингтік импорт пен залал арасындағы себеп-салдарлық байланыстың болуы туралы қорытынды тергеу жүргізетін органның қол астында іске қатысты барлық айғақтар мен мәліметтерді талдауында негізделуге тиіс.

      9. Тергеу жүргізетін орган демпингтік импорттан басқа, оның салдары сол кезеңде Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына залал келтіретін кез келген басқа белгілі факторларды да талдайды.

      Іске қатысты ретінде қаралуы мүмкін факторлар атап айтқанда, демпингтік бағалар бойынша сатылмаған импортталатын тауардың көлемі мен бағасын, тұтыну құрылымындағы сұраныстың қысқаруын немесе өзгерісті, шектеулі сауда практикасын, технологиялық жетістіктерді, сондай-ақ, Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының экспорттық көрсеткіштері мен өнімділігін қамтиды.

      Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының осы факторлары салдарынан келтірілген залал демпингтік импорт салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына келтірілген залалға жатқызылуға тиіс емес.

      10. Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына демпингтік импорттың әсер етуі, егер қолда бар деректер өндірістік процесс, оны өндірушілердің ұқсас тауарды сатуы және пайда сияқты осындай өлшемдер негізінде ұқсас тауарды өндіруді бөліп көрсетуге мүмкіндік берсе, Тараптар мемлекеттеріндегі ұқсас тауарды өндіруге қатысты бағаланады.

      Егер қолда бар деректер ұқсас тауар өндірісін бөліп көрсетуге мүмкіндік бермеген жағдайда, Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына демпингтік импорттың әсер етуі ұқсас тауарды қамтитын және ол туралы қажетті деректер бар тауарлардың неғұрлым қысаң тобын немесе номенклатурасын шығаруға қатысты бағаланады.

      11. Демпингтік импорт салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына материалдық залал келтіру қатерін анықтаған кезде тергеу жүргізетін орган қолда бар барлық факторларды, оның ішінде:

      1) мұндай импорттың бұдан әрі ұлғаюының нақты мүмкіндігі туралы куәландыратын демпингтік импорттың өсу қарқынын;

      2) демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауарды экспорттаушыда жеткілікті экспорттық мүмкіндіктердің немесе басқа экспорттық нарықтардың осы тауардың кез келген қосымша экспортын қабылдау мүмкіндігін ескере отырып, осы тауардың демпингтік импортын ұлғайтудың нақты мүмкіндігі туралы куәландыратын оларды ұлғайтудың анық бұлтартпаушылығының болуын;

      3) егер мұндай баға деңгейі Тараптар мемлекеттерінің нарығында ұқсас тауар бағасының төмендеуіне немесе оны ұстап тұруға және тергеу объектісі болып табылатын тауарға сұраныстың одан әрі өсуіне алып келуі мүмкін болса, тергеу объектісі болып табылатын тауар бағасының деңгейін;

      4) тергеу объектісі болып табылатын тауар қорының экспорттаушыда болуын ескереді.

      12. Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына материалдық залал келтіру қатерінің бар болуы туралы шешімі, егер осы баптың 11-тармағында көрсетілген факторларды талдау нәтижелері бойынша тергеу барысында тергеу жүргізетін орган демпингтік импортты жалғастырудың бұлтартпастығы және мұндай импортқа демпингке қарсы шараларды қолданбаған жағдайда Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына материалдық залал келтіргені туралы қорытындыға келген жағдайда қабылданады.

      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

14-бап Алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу

      1. Егер тергеу аяқталғанға дейін алынған ақпарат демпингтік импорттың бар болуы туралы және Тараптар мемлекеттерінің экономика саласында залалының байланыстығын куәландырған жағдайда, алдын ала қорытынды мазмұндалған тергеу жүргізетін орган баяндамасының негізінде Кеден одағының комиссиясы тергеу жүргізу кезеңінде демпингтік импорт келтірген Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының залалы болғызбау мақсатында алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы шешім қабылданады.

      2. Алдын ала демпингке қарсы баж тергеу басталған күннен бастап күнтізбелік 60 күннен ерте енгізілуі мүмкін емес.

      3. Алдын ала демпингке қарсы баждың ставкасы Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының залалын жою үшін жеткілікті, бірақ, алдын ала есептелген демпингтік маржаның мөлшерінен жоғары болмауға тиіс.

      4. Егер алдын ала демпингтік баждың ставкасы алдын ала есептелген демпингтік маржаның мөлшеріне тең болған жағдайда, алдын ала демпингтік баждың қолданылу мерзімі, егер бұл мерзім, үлесі тергеу объектісі болып табылатын тауардың демпингтік импорты көлемінде үлкен бөлігін құраған экспорттаушылардың өтініші негізінде 6 айға дейін ұзартылатын жағдайды қоспағанда, 4 айдан аспауға тиіс.

      5. Егер алдын ала демпингке қарсы баж ставкасы алдын ала есептелген демпингтік маржадан аз жағдайда, алдын ала демпингке қарсы баждың қолданылу мерзімі, егер бұл мерзім, үлесі тергеу объектісі болып табылатын тауардың демпингтік импорты көлемінде үлкен бөлігін құраған экспорттаушылардың өтініші негізінде 9 айға дейін ұзартылатын жағдайды қоспағанда, 6 айдан аспауға тиіс.

      6. Егер тергеу нәтижелері бойынша тергеу жүргізетін орган демпингке қарсы шараны енгізу үшін негіздер жоқ деп белгілеген жағдайда, алдын ала демпингке қарсы баждың сомасы осы Келісімнің 28-1-бабының 6-тармағында айқындалған тәртіппен төлеушіге қайтаруға жатады.

      7. Егер тергеу нәтижелері бойынша демпингке қарсы шара қолдану туралы шешім қабылданса, тергеу нәтижелері бойынша қабылданған, демпингке қарсы шара қолдану туралы шешім күшіне енген күннен бастап алдын ала демпингке қарсы баж сомалары осы баптың 8 және 9-тармақтарындағы ережелерді ескере отырып, осы Келісімнің 28-1-бабының 5-тармағында айқындалған тәртіппен есептелуге және бөлінуге тиіс.

      8. Егер тергеу нәтижелері бойынша алдын ала демпингке қарсы баж мөлшерлемесіне қарағанда, демпингке қарсы баждың неғұрлым төмен мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылса, демпингке қарсы баждың белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген алдын ала демпингке қарсы баж сомасына сәйкес келетін алдын ала демпингке қарсы баж сомалары осы Келісімнің 28-1-бабының 5-тармағында айқындалған тәртіппен есептелуге және бөлінуге тиіс.

      Демпингке қарсы баждың белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген демпингке қарсы баждың сомасынан асатын алдын ала демпингке қарсы баж сомалары осы Келісімнің 28-1-бабының 6-тармағында айқындалған тәртіппен төлеушіге қайтарылуға тиіс.

      9. Егер тергеу нәтижелері бойынша алдын ала демпингке қарсы баж мөлшерлемесіне қарағанда, демпингке қарсы баждың неғұрлым жоғары мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылса, демпингке қарсы баж бен алдын ала демпингке қарсы баж сомалары арасындағы айырмашылық алынбайды.

      10. Алдын ала демпингке қарсы баж тергеуді бір мезгілде жалғастырған жағдайда қолданылады.

      Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

15-бап Тергеу объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушының баға міндеттемелерін қабылдауы

      1. Тергеуді тергеу жүргізетін орган тергеу объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушыдан осындай тауарға бағаны қайта қарау немесе Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына алдын ала демпингке қарсы баж немесе оның қалыпты құнынан төмен баға бойынша экспорттауды тоқтату туралы жазбаша нысанда баға міндеттемелерін алған кезде (Тараптар мемлекеттерінде экспорттаушымен байланысты адамдар болған кезде бұл адамдардың осы міндеттемелерді қолдайтыны туралы өтініші де қажет), егер тергеу жүргізетін орган осындай міндеттемелерді қабылдау демпингтік импортпен келтірілген залалды қалпына келтіреді деген қорытындыға келсе және Кеден одағының комиссиясы оларды мақұлдау туралы шешім қабылдаса, тоқтатуы немесе тоқтата тұруы мүмкін.

      Тауар бағасының деңгейі осы міндеттемелерге сәйкес демпингтік маржаны жою үшін бұл қажеттіге қарағанда жоғары болмауға тиіс.

      Тауар бағасының көтерілуі егер, мұндай көтерілу Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының залалын жою үшін жеткілікті болып табылса демпингтік маржадан аз болмауы мүмкін.

      2. Кеден одағының комиссиясы баға міндеттемелерін мақұлдау туралы шешімді демпингтік импорттың бар болуы мен тергеу жүргізетін орган Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына залалдың болғандығы туралы алдын ала қорытындыға келмегенге дейін шығармайды.

      3. Кеден одағының комиссиясы баға міндеттемелерін мақұлдау туралы шешімді, егер тергеу жүргізетін орган қабылдау тауарды нақты немесе әлеуетті экспорттаушылардың өте көп болуына байланысты немесе өзге де себептер бойынша қабылдауға болмайтын болса, шығармайды.

      Тергеу жүргізетін орган экспорттаушыларға олардың баға міндеттемелерін мақұлдау қолайсыз деп танылғанын хабарлайды және экспорттаушыларға олардың баға міндеттемелерін мақұлдаудан бас тартуымен байланысты өз түсініктемелерін беру мүмкіндіктерін ұсынады.

      3-1. Тергеу жүргізетін орган баға міндеттемелерін қабылдаған әрбір экспорттаушыға тиісті сұрауды алған жағдайда оны мүдделі тұлғаларға ұсыну мүмкіндігі болу үшін олардың құпия емес нұсқасын беру туралы сұрауды жібереді.

      4. Тергеу жүргізетін орган экспорттаушыларға баға міндеттемелерін қабылдауды ұсына алады, бірақ оны талап ете алмайды.

      5. Кеден одағының комиссиясы баға міндеттемелерін мақұлдаған жағдайда, демпингке қарсы тергеу тауар экспорттаушының өтініші бойынша немесе тергеу жүргізетін органның шешімі бойынша жалғастырылуы мүмкін.

      Егер тергеудің нәтижесі бойынша демпингтік импорттың немесе онымен Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына залалдың жоқтығы туралы қорытынды жасалса, егер жасалған қорытынды елеулі деңгейде осы міндеттемелердің қолдануының нәтижесі болып табылатын жағдайды қоспағанда, баға міндеттемелерін қабылдаған экспорттаушы осындай міндеттемелерден автоматты түрде босатылады. Егер жасалған қорытынды елеулі деңгейде осы міндеттемелерді қолдануының нәтижесі болып табылатын жағдайда, Кеден одағының комиссиясы міндеттемелер қажетті уақыт кезеңінің ішінде күшінде қалуға тиіс екендігі туралы шешім қабылдауы мүмкін.

      6. Егер тергеудің нәтижесі бойынша тергеу жүргізетін орган демпингтік импорттың бар екендігі және онымен Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына залалдың болғаны туралы қорытындыға келсе, экспорттаушы қабылдаған баға міндеттемелерін олардың шарттарына және осы Келісімнің ережелеріне сәйкес әрекет етуді жалғастырады.

      7. Тергеу жүргізетін орган экспорттаушыдан экспорттаушының баға міндеттемелерін орындауына қатысты мәліметтерді, сондай-ақ осындай мәліметтерді тексеруге келісім сұрауға құқылы.

      Сұрау салынатын мәліметтерді тергеу жүргізетін орган белгілеген мерзімде бермеу, сондай-ақ мәліметтерді тексеруге келіспеу экспорттаушының өзі қабылдаған баға міндеттемелерін бұзғаны болып есептеледі.

      8. Экспорттаушы баға міндеттемелерін бұзған немесе қайтарып алған жағдайда, Кеден одағының комиссиясы, егер тергеу әлі аяқталмаса, алдын ала демпингке қарсы бажды немесе тергеудің түпкілікті нәтижелері оны енгізу үшін негіз бар екендігі туралы куәландырса, демпингке қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы шешім қабылдауы мүмкін.

      Экспорттаушы қабылдаған баға міндеттемелерін бұзған жағдайда, оған осындай бұзушылыққа байланысты өзінің түсіндірмесін беруге мүмкіншілік беріледі.

      9. Баға міндеттемелерін мақұлдау туралы Кеден одағы комиссиясының шешімінде осы баптың 8-тармағына сәйкес енгізілуі мүмкін алдын ала демпингке қарсы баж немесе демпингке қарсы баж ставкасы айқындалуы тиіс.

      Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

16-бап Демпингке қарсы бажды енгізу және қолдану

      1. Демпингке қарсы баж баға міндеттемелері осы Келісімнің 15-бабының ережелеріне сәйкес Кеден одағының комиссиясы мақұлдаған экспорттаушылар жеткізетін тауарларды қоспағанда, барлық экспорттаушылар жеткізетін және Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына залал келтіретін демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауарға қатысты қолданылады.

      2. Демпингке қарсы баждың мөлшері Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының залалын жою үшін жеткілікті болуға тиіс, бірақ есептелген демпингтік маржадан жоғары болмауға тиіс.

      Егер мұндай мөлшер Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының залалын жою үшін жеткілікті болып табылса, Кеден одағының комиссиясы есептелген демпингтік маржаның мөлшерінен аз мөлшерде демпингке қарсы бажды енгізу туралы шешім қабылдауы мүмкін.

      3. Кеден одағының комиссиясы жеке демпингтік маржа есептелген демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауардың әрбір экспорттаушысы немесе өндірушісі жеткізетін тауарға қатысты демпингке қарсы баж мөлшерлемесінің жеке мөлшерін белгілейді.

      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген демпингке қарсы баж мөлшерлемесінің жеке мөлшерін белгілеуден басқа, Кеден одағының комиссиясы тергеу барысында есептелген ең жоғарғы демпингтік маржа негізінде жеке демпингтік маржа есептемеген экспорттаушы шет мемлекеттен тауардың басқа барлық экспорттаушылары немесе өндірушілері әкелетін тауарға демпингке қарсы баждың бірыңғай мөлшерлемесін белгілейді.

      Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

17-бап Демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі және қайта қаралуы

      1. Демпингке қарсы шара демпингтік импорт салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының залалын жою үшін қажетті мөлшерде және мерзім ішінде Кеден одағы комиссиясының шешімі бойынша қолданылады.

      2. Демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі осындай шараны қолдану басталған күннен немесе өзгермелі жағдайларға байланысты бір мезгілде демпингтік импорттың талдауына қатысты және Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына келген залалмен байланысты өткізілген қайта тергеу аяқталған күннен бастап 5 жылдан аспауға тиіс.

      3. Демпингтік шараның қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеу Келісімнің 29-бабына сәйкес берілген жазбаша нысандағы өтініштің негізінде немесе тергеу жүргізетін органның өз бастамашылығы бойынша жүргізіледі.

      Демпингтік шараның қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеу өтініште демпингтік импортты жаңарту не жалғастыру және демпингтік шараның қолданысын тоқтату кезінде Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына залал келтіру мүмкіндігі туралы мәліметтер болған кезде жүргізіледі.

      Демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеу жүргізу туралы өтініш демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін 6 айдан кешіктірілмей беріледі.

      Қайта тергеу демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін басталуға тиіс және ол басталған күннен бастап 12 ай ішінде аяқталуға тиіс.

      Осы тармақтың ережелеріне сәйкес жүргізілетін қайта тергеу аяқталғанға дейін демпингке қарсы шараны қолдану Кеден одағы комиссиясының шешімі бойынша ұзартылады. Алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіпте тиісті демпингке қарсы шараны қолдану ұзартылатын мерзім ішінде әрекет ету мерзімі қайта тергеу жүргізуге байланысты ұзартылатын, демпингке қарсы шараларды қолданумен байланысты белгіленген демпингке қарсы баж мөлшерлемелері бойынша демпингке қарсы баждар төленеді.

      Егер демпингке қарсы шараның қолдану мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеу нәтижелері бойынша тергеу жүргізетін орган демпингке қарсы шараны қолдану үшін негіз жоқ деп белгілеген болса, демпингке қарсы шараны қолдану ұзартылған мерзім ішінде алдын ала демпингке қарсы баждар алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын демпингке қарсы баж сомалары осы Келісімнің 28-1 бабының 6-тармағында айқындалған тәртіппен төлеушіге қайтарылуға тиіс.

      Егер демпингке қарсы шараны қолдану мерзімінің аяқталуына байланысты тергеу жүргізетін орган қайта тергеу нәтижелері бойынша демпингтік импортты жаңарту не жалғастыру және Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына залал келтіру мүмкіндігін анықтаса, Кеден одағы комиссиясы демпингке қарсы шараның қолданылуын ұзартады. Демпингке қарсы шараны ұзарту туралы Кеден одағы комиссиясының шешімі күшіне енген күннен бастап демпингке қарсы шараны қолдану ұзартылған мерзім ішінде алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын демпингке қарсы баждар сомаларын осы Келісімнің 28-1-бабының 5-тармағында айқындалған тәртіппен есептелуге және бөлінуге тиіс.

      4. Тергеу жүргізетін органның бастамасы бойынша немесе мүдделі адамдардың өтініші бойынша, егер демпингке қарсы шараны енгізгеннен кейін кемінде бір жыл өткен жағдайда демпингке қарсы шараны қолдануды жалғастырудың орындылығын айқындау және (немесе) оны қайта қарау, оның ішінде өзгерген жағдайларға байланысты жеке демпингке қарсы баж мөлшерлемесінің көлемін қайта қарау мақсатында қайта тергеу жүргізілуі мүмкін.

      Көрсетілген қайта тергеуді жүргізу туралы өтінішті беру мақсатына байланысты мұндай өтініш өзгерген жағдайларына байланысты:

      демпингке қарсы шараны қолдануды жалғастыру демпингтік импортқа қарсы іс-әрекет және демпингтік импорт салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін талап етілмейтін; немесе

      демпингке қарсы шараның қолданыстағы мөлшері демпингтік импортқа қарсы іс-әрекет және демпингтік импорт салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін жеткілікті мөлшерден асатын; немесе

      қолданыстағы демпингке қарсы шара демпингтік импортқа қарсы іс-әрекет және демпингтік импорт салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін жеткіліксіз деген дәлелдемелерді қамтуға тиіс.

      Осы тармаққа сәйкес жүргізілетін қайта тергеу басталған күнінен бастап 12 екі ай ішінде аяқталуға тиіс.

      5. Қайта тергеу тергеу жүргізу кезеңінде демпингтік импорт мәні болып табылатын тауарды жеткізуді жүзеге асырмаған экспорттаушы немесе өндіруші үшін жеке демпингтік маржаны белгілеу мақсатында да жүргізілуі мүмкін.

      Тергеу жүргізетін орган мұндай қайта тергеуді аталған экспорттаушы немесе өндіруші оны жүргізу туралы, экспортаушы немесе тауар өндіруші демпингке қарсы шара қолданылатын экспорттаушы және өндірушімен байланысты еместігін және осы экспорттаушы немесе өндіруші тергеу объектісі болып табылатын тауарды Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына жеткізуді жүзеге асыратындығын немесе тоқтатылуы немесе кері қайтарылуы осы экспорттаушы немесе тауар өндіруші үшін едәуір шығынға немесе айтарлықтай айыппұл санкциясына әкеп соқтыратын Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында мұндай тауардың елеулі көлемін жеткізу туралы шартты міндеттемелерімен байланысты екендігін дәлелдейтін дәлелдемелерін қамтитын өтініш берген жағдайда бастауы мүмкін.

      Экспорттаушы немесе өндіруші үшін жеке демпингтік маржаны белгілеу мақсатында қайта тергеу жүргізу кезінде Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына тергеу объектісі болып табылатын тауарды жеткізуге қатысты демпингке қарсы шара осы экспорттаушыға немесе өндірушіге қолданылмайды.

      Осы тармақта көзделген қайта тергеу мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі және кез келген жағдайда бұл мерзім 12 айдан аспайтын болады.

      Кеден одағының комиссиясы тиісті қайта тергеу басталғаннан кейін демпингке қарсы бажды алу мүмкіндігін қамтамасыз ету бойынша, атап айтқанда, осы экспорттаушы немесе өндіруші жүзеге асыратын тергеу объектісі болып табылатын тауарды жеткізуден осындай баждарды төлеу бойынша міндеттемелерді қабылдау нысанында шаралар қабылдай алады.

      6. Дәлелдерді ұсыну мен демпингке қарсы тергеуді жүргізуге қатысты осы Келісімнің V-бөлімнің ережелері тиісті айырмашылықтарды ескере отырып, осы бапта көзделген қайта тергеуге қолданылады.

      7. Осы баптың ережелері тиісті айырмашылықтарды ескере отырып, осы Келісімнің 15-бабына сәйкес экспорттаушы қабылдаған міндеттемелерге қолданылады.

      Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

18-бап Демпингке қарсы шарадан айналып өтуді белгілеу

      1. Осы баптың мақсаттары үшін демпингтік шарадан айналып өту деп демпингке қарсы бажды төлеуден не экспорттаушы қабылдаған баға міндеттемелерін орындаудан айналып өтуді үшін тауарды жеткізу тәсілін өзгерту түсініледі.

      2. Демпингке қарсы шарадан айналып өтуді белгілеу мақсатында қайта тергеу мүдделі тұлғаның өтінішінің негізінде не тергеу жүргізетін органның өз бастамасы бойынша жүргізіледі.

      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген өтініш мынадай дәлелдемелерді қамтуға тиіс:

      1) демпингке қарсы шарадан айналып өту;

      2) демпингке қарсы шараның әрекетін одан айналып өту және осы фактордың ұқсас тауар өндірісінің көлеміне және (немесе) оны сатуға және (немесе) оның бағасына әсер ететіндігінің салдарын бейтараптау;

      3) демпингке қарсы шарадан айналып өту нәтижесінде тауардың (осындай тауардың құрамдас және (немесе) туынды бөліктерінің) демпингтік импортының болуы. Бұл ретте тауардың, оның құрамдас және туынды бөліктерінің қалыпты құны ретінде салыстыру мақсатында нәтижелері бойынша Кеден одағының комиссиясы тиісті түзетулерді ескере отырып, демпингке қарсы шара енгізген тергеу барысында есептелген олардың қалыпты құны қабылданады.

      4. Демпингке қарсы шарадан айналып өтуді белгілеу мақсатында қайта тергеу ол басталған күнінен бастап 9 ай ішінде аяқталуға тиіс.

      5. Осы бапқа сәйкес жүргізілген қайта тергеу кезеңінде Кеден одағының комиссиясы экспорттаушы шет мемлекеттен Кеден одағының бірыңғай кеден аумағынан импортталатын, демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауардың құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына, сондай-ақ басқа экспорттаушы шет мемлекеттен Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына импортталатын демпингтік импорттың мәні болып табылған тауарға және (немесе) оның құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына алдын ала демпингке қарсы бажды алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын демпингке қарсы бажды енгізуі мүмкін.

      6. Егер осы бапқа сәйкес жүргізілген қайта тергеудің нәтижелері бойынша тергеу жүргізетін орган демпингке қарсы шарадан айналып өтуді анықтамаса, осы бапқа сәйкес және алдын ала демпингке қарсы бажды алу үшін белгіленген тәртіпте төленген демпингке қарсы баж сомалары осы Келісімнің 28-1-бабының 6-тармағында белгіленген тәртіпте төлеушіге қайтарылуға тиіс.

      7. Демпингке қарсы шара осы бапқа сәйкес жүргізілген қайта тергеу нәтижелері бойынша осы Келісімге сәйкес қолданылатын демпингке қарсы шарадан айналып өту белгіленген жағдайда Кеден одағының Комиссиясы демпингтік импорттың мәні болып табылған тауардың экспорттаушы шет мемлекеттен Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына импортталатын құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына, сондай-ақ демпингтік импорттың мәні болып табылған тауарға және (немесе) басқа экспорттаушы шет мемлекеттен Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына импортталатын оның құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына қолданылуы мүмкін. Кеден одағы комиссиясының осы тармақта көрсетілген демпингке қарсы шараны енгізу туралы шешімі күшіне енген күннен бастап алдын ала демпингке қарсы баждарды, демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіпте төленген сома осы Келісімнің 28-1-бабы 5-тармағында айқындалған тәртіппен есептелуге және бөлінуге тиіс.

      Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

ІV-тарау
Өтемақы шаралары

19-бап Өтемақы шараларын қолданудың жалпы принциптері

      Егер тергеу жүргізетін орган жүргізген тергеу нәтижелері бойынша Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына осындай тауардың импорты Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына материалдық залал келтіретіндігі, осындай залалды келтіру қаупін тудыратындығы немесе Тараптар мемлекеттерінің экономика саласын құруды елеулі тежейтіндігі белгіленсе, өтемақы шарасы өндіру, экспорттау немесе тасымалдау кезінде экспорттаушы шетел мемлекетінің ерекше субсидиясы қолданылған импортталатын тауарға қолданылуы мүмкін.

      Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

20-бап Субсидияны айқындау

      Мыналар:

      1) субсидия алушыға қосымша артықшылық беретін, тікелей немесе жанама нәтижесі тауардың экспорттаушы шетел мемлекетінен тауар экспортын ұлғайту немесе осындай экспорттаушы шетел мемлекетіне ұқсас тауар импортын қысқарту болып табылатын кірістерді немесе бағаларды қолдаудың кез келген нысаны;

      2) субсидиялаушы орган жүзеге асыратын, субсидия алушыға қосымша артықшылық беретін және экспорттаушы шетел мемлекетінің аумағы шегінде мынадай нысанда көрсетілетін қаржылық жәрдемдесу:

      ақша қаражатын (оның ішінде дотация, қарыздар және акцияларды сатып алу түрінде) немесе осындай қаражатты (оның ішінде қарыздар бойынша кепілдеме түріндегі) аудару бойынша міндеттемелерді тікелей аудару;

      экспортталатын тауарды ішкі тұтыну үшін арналған ұқсас тауардан алынатын салықтар мен баждан босату не осындай салықтардың немесе баждардың мөлшерін нақты төленген сомалардан аспайтын мөлшерде азайту немесе қайтару жағдайларын қоспағанда, экспорттаушы шетел мемлекетінің кірісіне түсуге тиіс болатын, оның ішінде салықтық кредиттерді ұсыну жолымен қаражатты есептен шығару немесе алып қоюдан толық немесе жартылай бас тарту;

      жалпы инфрақұрылымды, яғни нақты өндірушімен және (немесе) экспорттаушымен байланысты емес инфрақұрылымды қолдау мен дамытуға арналған тауарларды немесе қызметтерді қоспағанда, тауарларды немесе қызметтерді жеңілдікпен немесе өтеусіз ұсыну;

      тауарларды жеңілдікпен сатып алу субсидия болып табылады.

21-бап Экспорттаушы шетел мемлекетінің субсидияларын ерекше субсидияларға жатқызу принциптері

      1. Егер субсидияланатын органмен немесе экспорттаушы шетел мемлекетінің заңнамасымен субсидияны пайдалануға тек жекелеген ұйымдар жіберілетін болса, экспорттаушы шетел мемлекетінің субсидиясы ерекше болып табылады.

      2. Осы бапта жекелеген ұйымдар деп нақты өндірушіні және (немесе) экспорттаушыны не экспорттаушы шетел мемлекеті экономикасының нақты саласын не өндірушілер және (немесе) экспорттаушылар тобын (одағын, бірлестігін) не экспорттаушы шетел мемлекетінің экономика салаларын білдіреді.

      3. Егер осы субсидияны пайдалануға жіберілген жекелеген ұйымдардың саны субсидиялаушы органның заңды иелігіндегі географиялық өңірде орналасқан ұйымдармен шектелсе, субсидия ерекше болып табылады.

      4. Егер экспорттаушы шетел мемлекетінің заңнамасымен немесе субсидиялаушы орган жалпы объективті өлшемдерді немесе субсидияны алу құқығын және оның мөлшерін (оның ішінде өнімдер өндірумен айналысатын қызметкерлер санына немесе өнімдер шығару көлеміне тәуелді) алуға айқындайтын шарттарды белгілесе және ол қатаң сақталса, субсидия ерекше болып табылмайды.

      5. Кез келген жағдайда экспорттаушы шетел мемлекетінің субсидиясы ерекше субсидия болып табылады, егер мұндай субсидияны ұсыну:

      1) субсидияны пайдалануға рұқсат берілген жекелеген ұйымдар санының шектелуімен;

      2) жекелеген ұйымдардың субсидияны артықша пайдалануымен;

      3) жекелеген ұйымдарға субсидияның мөлшерсіз үлкен сомасын ұсынуымен;

      4) субсидиялаушы органның жекелеген ұйымдарға субсидияны ұсынудың жеңілдік (преференциялдық) тәсілін таңдап алуымен қосталса.

      6. Экспорттаушы шетел мемлекетінің кез келген субсидиясы ерекше субсидия болып табылады, егер:

      1) субсидия экспорттаушы шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес не жалғыз немесе бірнеше шарттың біреуі ретінде тауар экспортымен байланысты болса. Субсидия, егер оны беру экспорттаушы шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес тауар экспортымен байланысты болмаса, іс жүзінде тауардың болған немесе болашақта мүмкін болатын экспортымен не экспорттан түсетін түсіммен байланысты болса, нақты тауар экспортымен байланысты болып есептеледі. Экспорттаушы кәсіпорындарға субсидияны ұсыну фактісінің өзі осы тармақтың мәнінде экспортты субсидияны ұсынуды білдірмейді;

      2) субсидия экспорттаушы шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес не импортты тауарлардың орнына экспорттаушы шетел мемлекетінде шығарылған тауарларды пайдаланудың жалғыз шарты немесе бірнеше шарттары ретінде нақты байланысқан болса.

      7. Құзыретті органның экспорттаушы шетел мемлекетіндегі субсидияны ерекше субсидияға жатқызу туралы шешімі дәлелдемелерге негізделуге тиіс.

22-бап Ерекше субсидиялардың мөлшерін айқындаудың принциптері

      1. Ерекше субсидия мөлшері мұндай субсидия алушыға түсетін пайданың мөлшері негізінде айқындалады.

      2. Ерекше субсидия алушыға түсетін пайданың мөлшері мынадай принциптер негізінде айқындалады:

      1) субсидиялаушы органның ұйымның капиталына қатысуы егер мұндай қатысу экспорттаушы шетел мемлекетінің аумағындағы қалыпты инвестициялық тәжірибеге (тәуекелдік капиталын ұсынуды қоса алғанда) жауап бермейтін ретінде бағалануы мүмкін болмаса пайданы беру ретінде қарастырылмайды;

      2) субсидиялайтын органға берілген кредит, егер кредит алушы ұйым мемлекеттік кредит үшін төлейтін сома мен осы ұйым экспорттаушы шетел мемлекетінің кредиттік нарығында алуы мүмкін салыстырмалы коммерциялық кредит үшін төлейтін соманың арасындағы айырмашылық жоқ болса, пайданы беру ретінде қаралмайды. Бұлай болмаған жағдайда, осы екі соманың арасындағы айырмашылық пайда болып саналады;

      3) субсидиялаушы органның кредитті кепілдендіруі, егер кепілдікті алушы ұйым субсидиялаушы орган кепілдендірген кредит үшін төлейтін сома мен осы ұйым экспорттаушы шетел мемлекетінің кредиттік нарығында алуы мүмкін салыстырмалы коммерциялық кредит үшін мемлекеттік кепілдіксіз төлейтін соманың арасындағы айырмашылық жоқ болса, пайданы беру ретінде қаралмайды. Бұлай болмаған жағдайда комиссиялық айырмашылықта осы екі соманың арасындағы түзетулері бар айырмашылық пайда болып саналады;

      4) субсидиялайтын органның тауарларды немесе қызметтерді жеткізуі, не тауарларды сатып алуы, егер тек қана тауарларды немесе қызметтерді баламалы төлемнен кем жеткізсе, не болмаса сатып алу кемінде баламалы төлемнен асырып жүзеге асырылмаса, пайданы беру ретінде қаралмайды. Төлемнің баламалылығы осындай тауарлар мен қызметтерді экспорттаушы шетел мемлекетінің нарығында сатып алу және сатудың бағаны, сапаны, қолжетімділікті, жоюды, тасымалдауды және тауарды сатып алудың немесе сатудың басқа да шарттарын қоса алғанда, қолданыстағы нарықтық жағдайларға қатысты айқындалады.

23-бап Субсидияланатын импорттың салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының залалын белгілеу

      1. Субсидияланатын импорт салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына келтірілген залал субсидияланатын импорттың көлемін және субсидияланатын импорттың Тараптар мемлекеттерінің нарығында ұқсас тауардың бағасы мен осындай импорттың Тараптар мемлекеттерінің ұқсас тауар өндірушілеріне әсерін талдау нәтижелерінің негізінде белгіленеді.

      2. Осы бөлімнің мақсаты үшін Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының залалы деп материалдық залал, осындай залалды келтіру қаупі немесе Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының құрылуын елеулі тежеуді түсіндіреді.

      2-1. Тараптар мемлекеттері экономикасының саласына залал оны тексеру барысындағы тергеу кезеңінде кезеңде айқындалады.

      3. Субсидияланатын импорттың көлемін талдау кезінде тергеу жүргізетін орган субсидияланатын импортта елеулі ұлғаю болғанын не болмағанын белгілейді (абсолютті көрсеткіштерде не өндіріске немесе Тараптар мемлекеттерінің ұқсас тауарын тұтынуға қатысты).

      4. Егер бір уақытта жүргізілген тергеулердің мәні қандай да бір тауарды біреуден астам экспорттаушы шетел мемлекетінен Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына субсидияланатын импорт болып табылса, тергеу жүргізетін орган, осындай импорттың жиынтықты әсерін бағалай алады, егер:

      1) осы тауарға әрбір экспорттаушы шетел мемлекетіндегі субсидияның мөлшері оның құнынан бір процентінен астамын құрайды, ал әрбір экспорттаушы шетел мемлекетінен субсидияланатын импорт көлемі осы Келісімнің 32-бабының 2-тармағына сәйкес елеусіз болып табылмайды;

      2) субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын тауар импортының жиынтықты әсер етуінің бағасы импорттық тауарлар арасындағы бәсекелестік шарттары мен импорттық тауар және Тараптар мемлекеттерінде шығарылған ұқсас тауар арасындағы бәсекелестік шарттарын есепке алғанда мүмкін болып табылған жағдайда белгілесе.

      5. Тараптар мемлекеттерінің нарығындағы ұқсас тауар бағасына субсидияланатын импорттың әсерін талдау кезінде тергеу жүргізетін орган:

      1) субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын тауар бағасы Тараптар мемлекеттерінің нарығындағы ұқсас тауардың бағасынан елеулі төмен болғандығын;

      2) субсидияланатын импорт Тараптар мемлекеттерінің нарығында ұқсас тауар бағасының елеулі төмендеуіне алып келгендігін;

      3) субсидияланатын импорт мұндай импорт болмаған жағдайда орын алатын Тараптар мемлекеттерінің нарығында ұқсас тауарлардың бағасының елеулі өсуіне кедергі келтіргендігін белгілейді.

      6. Субсидияланатын импорттың Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына келтіретін әсерін талдау Тараптар мемлекеттерінің экономика саласынының жай-күйіне қатысы бар экономикалық факторларды, оның ішінде:

      1) болған немесе жақын арада болуы мүмкін өндірістің қысқартылуын, тауардың сатылуын, Тараптар мемлекеттерінің нарығындағы тауар үлесін, тартылған инвестициялардан табыстарды, өнімділікті, кірістерді немесе өндірістік қуаттылықтарды пайдалануды;

      2) Тараптар мемлекеттерінің нарығындағы тауар бағасына әсер ететін факторларды;

      3) болған немесе келешекте ақша ағыны қозғалысына, тауар қорына, жұмыспен қамту деңгейіне, еңбекақыға, өндірістің өсу қарқынына, инвестицияларды тарту мүмкіндігіне теріс әсерін бағалауды білдіреді.

      7. Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына субсидияланатын импорттың әсері, егер қолда бар деректер өндірістік процесс, тауарды оның өндірушілерінің сатуы мен табысы сияқты өлшемдердің негізінде ұқсас тауарларды өндіруді бөліп алуға мүмкіндік берсе, Тараптар мемлекеттерінде ұқсас тауарды шығаруға қатысты бағаланады.

      Егер қолда бар деректер ұқсас тауарларды өндіруді бөліп алуға мүмкіндік бермесе, субсидияланатын импорттың Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына ықпалы өндіріске неғұрлым шағын топ немесе өзіне ұқсас тауарлар мен олар туралы қажетті деректерді қамтитын тауарлар номенклатурасын қолдана отырып бағаланады.

      8. Субсидияланатын импорттың салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына материалдық залал келтіру қаупін анықтау кезінде тергеу жүргізетін орган қолда бар барлық факторларды, оның ішінде мынадай факторларды:

      1) субсидияның сипатын, мөлшерін немесе субсидияларды және олардың саудаға мүмкін болатын әсерін;

      2) мұндай импорттың одан әрі ұлғаюының нақты мүмкіндігі туралы куәландыратын субсидияланатын импорттың өсу қарқынын;

      3) субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын тауар экспорттаушыда жеткілікті экспорттық мүмкіндіктердің немесе басқа экспорттық нарықтардың осы тауардың кез келген қосымша экспортын қабылдау қабілетін ескере отырып, осы тауардың субсидияланатын импортының ұлғаюының нақты мүмкіндіктері туралы куәландыратын олардың ұлғаюының айқын бұлтартпастығының болуын;

      4) егер мұндай баға деңгейі ұқсас тауар бағасын төмендетуге немесе Тараптар мемлекеттерінің нарығындағы ұқсас тауар бағасының өсімін кідіртуге және субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын тауарға сұраныстың бұдан әрі өсуіне алып келетін болса, субидияланған импорттың мәні болып табылатын тауар бағасының деңгейін;

      5) субидияланған импорттың мәні болып табылатын тауар экспорттаушыдағы қорды ескереді.

      9. Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына материалдық залал келтіру қаупінің бар екендігін белгілеу туралы шешімді, егер осы баптың 8-тармағында көрсетілген факторларды талдау нәтижелері бойынша тергеу барысында тергеу жүргізетін орган субсидияланатын импортты жалғастырудың бұлтартпастығы және мұндай импорттың өтемақы шараларды қабылдамаған жағдайда, Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына материалдық залал келтіретіндігі туралы қорытындыға келген жағдайда қабылдайды.

      10. Мұндай импорттың салдарынан субсидияланатын импорт пен Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының залалы арасындағы себеп-салдарлық байланыстың болуын белгілеу іске қатысы бар барлық талдауға және тергеу жүргізетін органның өкіміндегі дәлелдемелер мен мәліметтерге негізделуге тиіс.

      11. Тергеу жүргізетін орган субсидияланатын импорттан басқа оның салдарынан дәл сол кезеңде Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына залал келтірілетін басқа да белгілі факторларды талдайды.

      Тергеу жүргізетін орган Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының көрсетілген залалын субсидияланатын импорттың салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына келтірілген залалға жатқызбауға тиіс.

      Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

24-бап Алдын ала өтемақы шараларын енгізу

      1. Егер тергеу аяқталғанға дейін тергеу жүргізетін орган алған ақпарат субсидияланатын импорттың бар екендігі және осымен Тараптар мемлекеттерінің экономика саласы залалының шарттасқаны туралы куәландырса, Кеден одағы комиссиясы алдын ала қорытындыда қамтылған баяндама негізінде тергеу жүргізетін орган тергеу жүргізілген кезеңде субсидияланатын импорт келтірген Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының залалын болдырмау мақсатында 4 айға дейінгі мерзімде алдын ала өтемақы бажын енгізу арқылы өтемақы шарасын қолдану туралы шешім қабылдайды.

      2. Алдын ала өтемақы бажы тергеу басталған күннен бастап күнтізбелік 60 күннен бұрын енгізілмеуге тиіс.

      3. Алдын ала өтемақы бажы субсидияланатын және экспортталатын тауардың бірлігіне есептелген экспорттаушы шетел мемлекетінің ерекше субсидиясының алдын ала есептелген шамасына тең мөлшерде енгізіледі.

      4. Егер тергеу нәтижелері бойынша өтемақы шараларын енгізу үшін негіз жоқ екендігі анықталса, алдын ала өтемақы бажының сомасы кеден осы Келісімге 28-1-бабының 6-тармағында айқындалған тәртіппен төлеушіге қайтарылуға жатады.

      5. Егер тергеу нәтижелері бойынша өтемақы шараларын қолдану туралы шешім қабылданса, алдын ала өтемақы бажының сомалары тергеу нәтижелері бойынша қабылданған өтемақы шарасын қолдану туралы шешім күшіне енген күннен бастап, осы баптың 6 және 7-тармақтарындағы ережелерді есепке ала отырып, осы Келісімнің 28-1-бабының 5-тармағында айқындалған тәртіпте есептелуге және бөлінуге тиіс.

      6. Егер тергеу нәтижелері бойынша алдын ала өтемақы бажының мөлшерлемесіне қарағанда, өтемақы бажының анағұрлым төмен мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылған жағдайда өтемақы бажының белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген өтемақы бажының сомасына сәйкес келетін алдын ала өтемақы бажының сомасы осы Келісімнің 28-1-бабының 5-тармағында айқындалған тәртіпте есептелуге және бөлінуге тиіс.

      Өтемақы бажының белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген өтемақы бажының сомасынан асатын алдын ала өтемақы бажының сомасы осы Келісімнің 28-1-бабының 6-тармағында айқындалған тәртіппен төлеушіге қайтарылуға тиіс.

      7. Егер тергеу нәтижелері бойынша алдын ала өтемақы бажының мөлшерлемесіне қарағанда, өтемақы бажының анағұрлым жоғары мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылған жағдайда өтемақы бажы мен алдын ала өтемақы бажы сомалары арасындағы айырмашылық алынбайды.

      8. Алдын ала өтемақы бажы бір уақытта тергеуді жалғастырған жағдайда қолданылады.

      9. Алдын ала өтемақы бажы осы Келісімнің 26-бабына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

25-бап Тергеу объектісі болып табылатын субсидиялаушы шетел мемлекетінің немесе тауар экспорттаушының ерікті міндеттемелерді қабылдауы

      1. Тергеуді Кеден одағы комиссиясы тергеу жүргізетін органның жазбаша нысандағы ерікті міндеттемелерді мақұлдағаны туралы шешім қабылдаған кезде өтемақы бажын енгізбей-ақ тоқтата тұруы немесе тоқтатуы мүмкін, оған сәйкес:

      экспорттаушы шетел мемлекеті субсидиялауды жоюға немесе қысқартуға не болмаса субсидиялау салдарын жою мақсатында тиісті шаралар қабылдауға келіседі немесе

      тергеу объектісі болып табылатын тауар экспорттаушы мұндай тауарға олар белгілеген бағаны қайта қарауға келіседі (Тараптар мемлекеттеріндегі экспорттаушымен тұлғамен байланысты болғанда, осы тұлғалардың экспорттаушының бағаларды қайта қарауы туралы міндеттемелерін қолдауын қамтамасыз етеді), осылайша экспорттаушы қабылдаған міндеттемелерді талдау нәтижесінде тергеу жүргізетін орган осындай ерікті міндеттемелерді қабылдау Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының залалын жояды деген қорытындыға келеді.

      Тергеу объектісі болып табылатын тауар бағасын арттыру, мұндай ерікті міндеттемелерге сәйкес экспорттаушы шетел мемлекетінің субсидияланатын немесе экспортталатын тауар бірлігіне қатысты есептелген ерекше субсидия мөлшерінен аспауға тиіс.

      Тергеу объектісі болып табылатын тауар бағасын арттыру, егер мұндай арттыру Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының залалын жою үшін жеткілікті болып табылса, экспорттаушы шетел мемлекетінің субсидияланатын немесе экспортталатын тауар бірлігіне есептелген ерекше субсидия мөлшеріне қарағанда аз болуы мүмкін.

      2. Кеден одағы комиссиясы ерікті міндеттемелерді мақұлдау туралы шешімді субсидияланатын импорт пен тергеу жүргізетін орган шарттасқан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласы залалының болуы туралы алдын ала қорытындыға келмегенге дейін қабылдамайды.

      Кеден одағы комиссиясы тергеу объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушының ерікті міндеттемелерін мақұлдау туралы шешімді экспорттаушы шет мемлекеттің уәкілетті органы осы баптың 1-тармағының үшінші абзацында көрсетілген міндеттемелерді экспорттаушылар қабылдауға келісім алғанға дейін қабылдамайды.

      3. Кеден одағы комиссиясы ерікті міндеттемелерді мақұлдау туралы шешімді, егер тергеу жүргізетін орган тергеу объектісі болып табылатын тауарды нақты немесе әлеуетті экспорттаушылардың өте көп болуына байланысты немесе өзге де себептер бойынша мұндай ерікті міндеттемелерді қабылдаудың қолайсыздығы туралы қорытындыға келсе қабылдамайды. Тергеу жүргізетін орган экспорттаушыларға мұндай экспорттаушылардың ерікті міндеттерінің мақұлданбағаны жөніндегі себептерін хабарлайды және экспорттаушыларға осыған байланысты өз түсіндірмелерін беруге мүмкіндік береді.

      4. Тергеу жүргізетін орган экспорттаушылардың әрқайсысына және ерікті міндеттемелерді қабылдаған экспорттаушы шетел мемлекетінің уәкілетті органына оны мүдделі тұлғаларға беруге мүмкіндік алу үшін мұндай міндеттемелердің құпия емес болжамын ұсыну туралы сұрау жібереді.

      5. Тергеу жүргізетін орган экспорттаушы шетел мемлекетіне немесе тергеу объектісі болып табылатын тауар экспорттаушысына ерікті міндеттемелерді қабылдауды ұсына алады, бірақ оны қабылдауды талап ете алмайды.

      6. Кеден одағы комиссиясы ерікті міндеттемелерді мақұлдау туралы шешім қабылдаған жағдайда субсидияланатын импорттың бар екендігі мен осымен шарттасқан Тараптар мемлекеттерінің экономика салаларының залалына қатысты тергеуді экспорттаушы мемлекеттің өтініші бойынша немесе Кеден одағы комиссиясының шешімінің негізінде жалғастыруы мүмкін.

      7. Егер тергеу жүргізетін орган тергеудің нәтижелері бойынша субсидияланатын импорттың жоқтығы немесе осымен шарттасқан Тараптар мемлекеттерінің экономика салаларының залалы жоқ екендігі туралы қорытындыға келсе, егер көрсетілген қорытынды елеулі деңгейде мұндай міндеттемелердің бар болуының нәтижесі болып табылатын жағдайды қоспағанда, ерікті міндеттемелер қабылдаған экспорттаушы шетел мемлекеттер немесе экспорттаушылар осындай ерікті міндеттемелерден автоматты түрде босатылады. Егер жасалған қорытынды елеулі деңгейде ерікті міндеттемелердің қолдануының нәтижесі болып табылатын жағдайда Кеден одағы комиссиясы осы міндеттемелер қажетті уақыт кезеңінің ішінде күшінде қалуға тиіс екендігі туралы шешім қабылдауы мүмкін.

      8. Егер тергеудің нәтижесі бойынша тергеу жүргізетін орган субсидияланған импорттың бар екендігі немесе осымен шарттасқан Тараптар мемлекеттерінің экономика салалары залалының бар екендігі туралы қорытындыға келсе, қабылданған ерікті міндеттемелер олардың шартына және осы Келісімнің ережелеріне сәйкес іс-әрекетін жалғастырады.

      9. Тергеу жүргізетін орган, егер олардың ерікті міндеттемелерін Кеден одағы комиссиясы мақұлдаған болса, экспорттаушы шетел мемлекетінен немесе экспорттаушыдан олардың орындауына қатысты мәліметті, сондай-ақ осы мәліметтерді тексеруге келісімді сұратып ала алады.

      Сұрау салынған мәліметтерді тергеу жүргізетін орган белгілеген мерзімде ұсынбау, сондай-ақ осы мәліметтерді тексеруге келісім бермеу экспорттаушы шетел мемлекетінің немесе экспорттаушының қабылдаған ерікті міндеттемелерді бұзғаны болып саналады.

      10. Экспорттаушы шетел мемлекеті немесе экспорттаушы ерікті міндеттемелерді бұзған немесе мұндай міндеттемелерді қайтарып алған жағдайда Кеден одағы комиссиясы егер тергеу әлі аяқталмаса, алдын ала өтемақы бажын немесе егер тергеудің түпкілікті нәтижелері оны енгізу үшін негіз бар екендігі туралы куәландырса, өтемақы бажын енгізу арқылы өтемақы шараларын қолдану туралы шешім қабылдай алады.

      Экспорттаушы шет мемлекетке немесе экспорттаушыға өздері қабылдаған ерікті міндеттемелерді бұзған жағдайда, осындай бұзушылықтарға байланысты өзінің түсіндірмесін беруге мүмкіндік беріледі.

      11. Кеден одағы комиссиясының ерікті міндеттемелерін мақұлдау туралы шешімінде осы баптың 10-тармағына сәйкес енгізілуі мүмкін алдын ала өтемақы бажының немесе өтемақы бажының ставкасы айқындалуға тиіс.

      Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

26-бап Өтемақы бажын енгізу және қолдану

      1. Өтемақы бажын енгізу туралы шешімді Кеден одағы комиссиясы экспорттаушы шетел мемлекетінің ерекше субсидияларының қолданылу мерзімі ішінде қабылдауы мүмкін.

      2. Өтемақы бажын енгізу туралы шешім айрықша субсидия беретін экспорттаушы шетел мемлекетіне консультациялар жүргізу ұсынылғаннан кейін және мемлекет ұсынылған консультациялардан бас тартқан немесе осындай консультациялар барысында өзара тиімді шешімге қол жеткізілмеген жағдайда қолданылады.

      3. Өтемақы бажын барлық экспорттаушылар жеткізетін тауарларға қатысты қолданылады және ерікті міндеттемелерін Кеден одағы комиссиясы мақұлдаған экспорттаушылар жеткізетін тауарларды қоспағанда, Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына залал келтіретін субсидияланатын импорттың мәні болып табылады.

      Жекелеген экспорттаушылар жеткізетін тауарларға қатысты Кеден одағының комиссиясы өтемақы баж мөлшерлемесінің жеке мөлшерін белгілеуі мүмкін.

      4. Өтемақы бажының ставкасы субсидияланатын және экспортталатын тауар бірлігіне есептелген экспорттаушы шетел мемлекетінің ерекше субсидиясының мөлшерінен аспауға тиіс.

      Егер субсидия түрлі бағдарламаларға сәйкес берілген жағдайда, олардың жиынтық мөлшері ескеріледі.

      Өтемақы бажының ставкасы, егер мұндай ставка Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының залалын қалпына келтіру үшін жеткілікті болып табылса, экспорттаушы шетел мемлекетінің ерекше субсидиясының мөлшерінен кем болуы мүмкін.

      5. Өтемақы баж мөлшерлемесін айқындаған кезде экономикалық мүдделеріне өтемақы бажының енгізілуі ықпал етуі мүмкін Тараптар мемлекеттері тұтынушыларының тергеу жүргізетін органға жазбаша түрде түскен пікірі есепке алынады.

      Ескерту. 26-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

27-бап Өтемақы шараларын қолдану мерзімі және қайта қарау

      1. Өтемақы шарасы Кеден одағы комиссиясының шешімі бойынша субсидияланған импорт салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін қажетті мөлшерде және мерзім ішінде қолданылады.

      2. Өтемақы шарасының қолданылу мерзімі осындай шараны қолдану басталған күннен бастап немесе жағдайдың өзгеруіне байланысты жүргізілген және сонымен қатар субсидияланатын импорт пен онымен байланысты Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының залалына қатысты болған немесе өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты жүргізілген қайта тергеудің аяқталған күнінен бастап бес жылдан аспауға тиіс.

      3. Өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеуді осы Келісімнің 29-бабына сәйкес берілген жазбаша нысандағы өтінішінің негізінде не тергеу жүргізетін органның өз бастамасымен жүргізеді.

      Өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеу өтінішінде субсидияланатын импортты жаңарту не жалғастыру және өтемақы шарасының күшін тоқтату кезінде Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына залал келтіру мүмкіндігі туралы мәліметтер бар болған кезде жүргізіледі.

      Өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеу жүргізу туралы өтініш өтемақы шарасының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 6 айдан кешіктірілмей беріледі.

      Қайта тергеу өтемақы шарасының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін басталуға және оның басталған күнінен бастап 12 ай ішінде аяқталуға тиіс.

      Осы тармақтың ережелеріне сәйкес жүргізілетін қайта тергеу аяқталғанға дейін өтемақы шарасын қолдану Кеден одағы комиссиясының шешімі бойынша ұзартылады. Тиісті өтемақы шарасын қолдануға ұзартылатын мерзім ішінде алдын ала өтемақы баждарын алу үшін белгіленген тәртіппен қолданылу мерзімі қайта тергеу жүргізуге байланысты ұзартылатын өтемақы шарасын қолдануға байланысты белгіленген өтемақы баждарының мөлшерлемелері бойынша өтемақы баждары төленеді.

      Егер тергеу жүргізетін орган өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеудің нәтижелері бойынша өтемақы шарасын қолдануға негіз жоқ деп анықтаса, өтемақы шарасын қолдану ұзартылған мерзімнің ішінде алдын ала өтемақы баждарын алу үшін белгіленген тәртіпте алынатын өтемақы бажының сомалары осы Келісімнің 28-1-бабының 6-тармағында айқындалған тәртіпте төлеушіге қайтарылуға тиіс.

      Өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеу нәтижелері бойынша тергеу жүргізетін орган субсидияланатын импортты жаңарту не жалғастыру және Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына залал келтіру мүмкіндігі анықталған жағдайда Кеден одағының комиссиясы өтемақы шарасының қолданылуын ұзартады. Кеден одағы комиссиясының өтемақы шарасын ұзарту туралы шешімі күшіне енген күннен бастап өтемақы шарасын қолдану ұзартылған мерзімінің ішінде алдын ала өтемақы баждарын алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын өтемақы баждарының сомалары осы Келісімнің 28-1-бабының 5-тармағында айқындалған тәртіппен есептелуге және бөлінуге тиіс.

      4. Тергеу жүргізетін органның бастамасы бойынша немесе мүдделі тұлғалардың өтініші бойынша, егер өтемақы шарасын енгізгеннен кейін кемінде бір жыл өткен болса, өтемақы шарасын қолдануды жалғастырудың орындылығын айқындау және (немесе) оны қайта қарау, оның ішінде жағдайлардың өзгеруіне байланысты жеке өтемақы бажының мөлшерлемелері көлемін қайта қарау мақсатында қайта тергеу жүргізілуі мүмкін.

      Жағдайлардың өзгеруіне байланысты қайта тергеу жүргізу туралы өтініш беру мақсатына байланысты мұндай өтініш мынадай нақты дәлелдерді қамтуға тиіс:

      өтемақы шарасын қолдануды жалғастыру субсидияланатын импортқа қарсы әрекет ету және Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына субсидияланатын импорт салдарынан келтірілген залалды жою үшін талап етілмейді; немесе

      өтемақы шарасының қолданыстағы мөлшері субсидияланатын импортқа қарсы әрекет ету және Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына субсидияланатын импорт салдарынан келтірілген залалды жою үшін жеткілікті мөлшерден асады; немесе

      қолданыстағы өтемақы шарасының субсидияланатын импортқа қарсы әрекет ету және Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына субсидияланатын импорт салдарынан келтірілген залалды жою үшін жеткіліксіз.

      Жағдайдың өзгеруіне байланысты қайта тергеу ол басталған күннен бастап 12 ай ішінде аяқталуға тиіс.

      5. Осы Келісімнің V бөлімнің дәлелдемелер беруге және тергеу жүргізуге қатысты ережелері осы бапта көзделген, қайта тергеуге тиісті айырмашылықтарды ескере отырып қолданылады.

      6. Осы баптың ережелері осы Келісімнің 25-бабына сәйкес экспорттаушы шетел мемлекеті немесе экспорттаушы қабылдаған міндеттемелерге тиісті айырмашылықтарды ескере отырып, қолданылады.

      7. Қайта тергеу өтемақы шарасы қолданылатын, бірақ ынтымақтастықтан бас тартудан өзге себептер бойынша тергеу жүргізілмеген экспорттаушы үшін өтемақы бажының жеке мөлшерлемесі көлемін белгілеу мақсатында жүргізілуі мүмкін. Мұндай қайта тергеуді көрсетілген экспорттаушының өтініші бойынша тергеу жүргізетін орган бастауы мүмкін.

      Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

28-бап Өтемақы шарасын айналып өтуді белгілеу

      1. Өтемақы шарасын айналып өту деп өтемақы бажын төлеуден не қабылданған ерікті міндеттемелерді орындаудан айналып өту үшін тауарларды жеткізу тәсілінің өзгеруі түсініледі.

      2. Өтемақы шарасын айналып өтуді белгілеу мақсатында қайта тергеу мүдделі тұлғаның өтініші бойынша немесе тергеу жүргізуші органның жеке бастамасы бойынша басталуы мүмкін.

      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген өтініш мынадай:

      1) өтемақы шарасын айналып өту;

      2) өтемақы шарасының (оны айналып өту салдарын) Тараптар мемлекеттерінің нарығындағы ұқсас тауардың өндіріс көлеміне және (немесе) сатуға және (немесе) бағаға әсерін жою;

      3) тауар өндірушілердегі және (немесе) экспорттаушылардағы (мұндай тауардың оның құрамдас және (немесе) туынды бөліктері) ерекше субсидияларды беруден түсетін пайданы сақтаудың дәлелдемелерін қамтуға тиіс.

      4. Осы бапқа сәйкес жүргізілетін қайта тергеу кезеңіне Кеден одағы комиссиясы алдын ала өтемақы баждарын алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын субсидияланатын импорттың мәні болып табылған тауардың Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына экспорттаушы шет мемлекеттен импортталатын құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына, сондай-ақ субсидияланатын импорттың мәні болып табылған тауарға және (немесе) басқа экспорттаушы шет мемлекеттен Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына импортталатын тауардың және (немесе) оның құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына өтемақы бажын енгізуі мүмкін.

      5. Егер тергеу жүргізетін орган осы бапқа сәйкес қайта жүргізілген тергеу нәтижелері бойынша осы бапқа сәйкес төленген өтемақы шарасын айналып өтуді белгілемесе, алдын ала өтемақы баждарын алу үшін белгіленген тәртіппен төленген өтемақы бажының сомасы осы Келісімнің 28-1-бабының 6-тармағында айқындалған тәртіппен төлеушіге қайтарылуға тиіс.

      6. Осы бапқа сәйкес жүргізілген қайта тергеу нәтижелері бойынша осы Келісімге сәйкес қолданылатын өтемақы шарасын айналып өту анықталған жағдайда өтемақы шарасы Кеден одағының комиссиясы субсидияланатын импорттың мәні болып табылған тауардың экспорттаушы шет мемлекеттен Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына импортталатын құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына, сондай-ақ субсидияланатын импорттың мәні болып табылған тауарға және (немесе) басқа экспорттаушы шет мемлекеттен Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына импортталатын оның құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына қолданылады. Осы тармақта көрсетілген өтемақы шарасын енгізу туралы Кеден одағы комиссиясының шешімі күшіне енген кезден бастап алдын ала өтемақы баждарын, өтемақы баждарын алу үшін белгіленген тәртіппен төленген сомалар осы Келісімнің 28-1-бабының 5-тармағында айқындалған тәртіппен есептелуге және бөлінуге тиіс.

      7. Өтемақы шарасын айналып өтуді белгілеу мақсатындағы қайта тергеу ол басталған күнінен бастап 9 ай ішінде аяқталуға тиіс.

      Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

28-1 бап Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы баждарын төлеу (өндіріп алу) аудару, бөлу және қайтару

      1. Осы бапта пайдаланылатын терминдер Кеден одағының Кеден кодексінде және 2010 жылғы 20 мамырдағы Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (өзге баждарды, баламалы әрекеті бар салықтар мен алымдарды) есепке жатқызу мен бөлудің тәртібін белгілеу және қолдану туралы келісімде айқындалған мәндерде қолданылады.

      2. Кеден одағының комиссиясы кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес талаптары арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдануға байланысты шектеулерді сақтауды көздейтін кедендік рәсімдерге тауарларды орналастыру кезінде арнайы, демпингке қарсы, өтемақы бажын енгізу арқылы арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақы шарасын қолдану туралы шешім қабылдаған жағдайда осы бапта белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, әкелінетін кеден баждары үшін көзделген тәртіпте арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жүргізіледі.

      Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу, бұл баждарды төлеу бойынша міндеттердің пайда болуы мен тоқтатылуы, олардың төлену мерзімін және тәртібін анықтау осы бапта белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, әкелінетін кедендік баждар үшін Кеден одағының Кеден кодексінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімін ұзарту немесе бөліп-бөліп төлеу нысандарында өзгерту жүргізілмейді.

      Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын белгіленген мерзімде төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда оларды өндіріп алу кеден органы кедендік баждарды, өсімпұлды есептей отырып, салықтарды өндіріп алуды жүзеге асыратын әкелінетін кедендік баждар үшін Тарап мемлекетінің заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл ретте өсімпұлды есептеу, төлеу, өндіріп алу және қайтару тәртібі әкелінетін кедендік баждарды төлемеу және толық төлемеуге байланысты төленетін, өндіріп алынатын өсімпұлдар үшін бекітілген тәртіпке ұқсас.

      Осы тармақтың ережелері алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы баждарын есептеу, төлеу және өндіріп алуға қолданылады.

      3. Кеден одағы комиссиясының арнайы, демпингке қарсы, өтемақы шарасын қолдану туралы шешімінің күшіне енген күнінен бастап арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарының (алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы және алдын ала өтемақы баждарын қоспағанда) сомалары Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты төлеу міндеті осы шараны қолдануды бастаған күннен туындады, олар 2010 жылғы 20 мамырдағы Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (өзге баждарды, балама әрекеті бар салықтар мен алымдарды) есепке алудың және бөлудің тәртібін белгілеу мен қолдану туралы келісімде айқындалған тәртіппен және нормативтер бойынша Тараптар мемлекеттерінің бюджетіне есептелуге және бөлінуге тиіс.

      Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, оның ішінде осы баждарды өндіріп алу кезінде Кеден одағының кедендік заңнамасына сәйкес оларға төленуге тиіс сол Тарап мемлекетінің уәкілетті органының бірыңғай шотына ұлттық валютада есепке жатқызылуы тиіс.

      Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдары:

      - арнайы, демпингке қарсы өтемақы баждарының түсімдері (қайтарымдары) сомаларын;

      - басқа Тараптар мемлекеттерінің шетелдік валютасында шоттарға аударылған арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының бөлінген сомаларын;

      - Тарап мемлекетінің бюджетіне осы Тарап мемлекетінің есепке алынған арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын бөлуден түсетін түсімдерінің сомаларын;

      - басқа Тараптар мемлекеттерінен Тарап мемлекетінің бюджетіне түскен арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын оқшау ескереді.

      Жоғарыда көрсетілген түсімдер әрбір Тарап бюджетінің атқарылу туралы есептерінде оқшау көрсетіледі.

      Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органының бірыңғай шотына Тараптар мемлекеттерінің күнтізбелік жылдың соңғы жұмыс күнінде түскен арнайы, демпингке қарсы өтемақы баждарының сомасы есептік жылдың бюджетінің атқарылуы туралы есепте көрсетіледі.

      Тараптар мемлекеттерінің күнтізбелік жылдың соңғы жұмыс күні үшін бөлінген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары сомасы сол Тарап мемлекетінің бюджетіне және басқа Тараптар мемлекеттерінің шетелдік валютадағы шоттарына Тарап мемлекетінің ағымдағы жылдың екінші жұмыс күнінен кешіктірілмей аударылады, сондай-ақ есептік жылдың бюджеттің атқарылуы туралы есебінде көрсетіледі.

      Тараптар мемлекеттерінің бюджетіне басқа Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдарынан күнтізбелік жылдың соңғы жұмыс күнінде түскен арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын бөлуден түскен кірістер ағымдағы жыл бюджетінің атқарылуы туралы есепте көрсетіледі.

      Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеушілер Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес төленуге жататын жеке есеп-айырысу (төлемдік) құжаттар (нұсқаулықтар) бойынша Тарап мемлекеттерінің уәкілетті органының бірыңғай шотына төлейді.

      Арнайы, демпингке қарсы өтемақы баждары, салықтар және алымдар, сондай-ақ басқа да төлемдерді төлеу есебіне жатқызылмайды.

      Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу есебіне Кеден одағының кедендік заңнамасына сәйкес төленуге тиіс. Тарап мемлекетінің уәкілетті органының бірыңғай шотына түскен салықтар және алымдар, сондай-ақ өзге төлемдер (Кеден одағының кедендік аумағынан тысқары әкетілетін, шикі мұнайға және мұнайдан (мұнай өнімдерінен) шығарылатын тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты әкелінетін кеден баждарын, сондай-ақ әкетілетін кеден баждарын қоспағанда) жатқызылуы мүмкін.

      Уәкілетті органның бірыңғай шотындағы ақшалай қаражатты сот актілерінің орындалу тәртібінде немесе қандай да бір өзге тәсілмен өндіріп алу мүмкін емес.

      4. Алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы баждарын кедендік органдары алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы алынатын Тарап мемлекетінің заңнамасында айқындалған шотына ұлттық валютада төлейді (өндіріп алады).

      5. Осы Келісімде белгіленген жағдайларда алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы баждарының төленген (өндіріп алынған), сомалары, сондай-ақ алдын ала баждардың тиісті түрлерін алу үшін белгіленген тәртіппен төленген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомалары Кеден одағы комиссиясының арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақы шарасын қолдану (құрамдас бөліктерге және (немесе) туындыларға ұзарту, қолдану) туралы тиісті шешімі күшіне енген күннен бастап 30 жұмыс күннен кешіктірілмей арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарына есепке алуға және олар төленген сол Тарап мемлекетінің уәкілетті органының бірыңғай шотына есепке жатқызылуға тиіс.

      6. Төлеушіге алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы баждарының сомаларын қайтару осы Келісімде айқындалған жағдайларда, алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы бажы төленген (өндіріліп алынған) Тарап мемлекетінің заңнамасында белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

      7. Төлеушіге артық төленген (өндіріп алынған) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасын қайтару есепті күні орындауға ұлттық (орталық) банк қабылдамаған арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын қайтару сомаларын ескере отырып, уәкілетті органның бірыңғай шотына түскен және есеп беретін күні есепке жатқызатын уәкілетті органның бірыңғай шотынан ағымдағы күні арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомалары шегінде жүргізіледі.

      Төлеушіге Қазақстан Республикасының уәкілетті органының бірыңғай шотынан артық төленген (өндіріп алынған) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасын қайтару есеп беретін күні Қазақстан Республикасының уәкілетті органының бірыңғай шотына қайтаруды жүзеге асыру күні түскен (есепке алынған) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомалары шегінде жүзеге асырылады.

      Ағымдағы күнді қайтаруға жататын арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының қайтарылатын сомасын айқындау келіп түскен арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын Тараптар мемлекеттерінің бюджеттері арасында бөлгенге дейін жүзеге асырылады.

      Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын қайтаруды жүзеге асыру үшін қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, осы тармақтың бірінші және екінші абзацтарына сәйкес қайтаруды Тарап мемлекеті келесі жұмыс күндері жүзеге асырады. Төлеушіге арнайы демпингке қарсы, өтемақы баждары уақтылы қайтарылмағаны үшін өсімпұлдар (пайыздар) төлеушіге осы Тарап мемлекетінің бюджетінен төленеді және арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының құрамына енгізілмейді.

      8. Осы бапта арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есептеу және Тараптардың арасында бөлу тәртібі өсімпұлдарға да қатысты қолданылады.

      9. Тарап мемлекетінің уәкілетті органының арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын Тараптар мемлекеттері арасында бөлу уәкілетті органның бірыңғай шотына арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасы есептелген есеп берілген күннен кейін Тарап мемлекетінің келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Тараптар мемлекеттерінің бюджеттеріне бөлуге жататын арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының жалпы сомасы есеп берілетін күні ұлттық (орталық) банктің арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының қайтару сомасын есептеуге арналған есеп айырысу (төлем) құжаттарын (нұсқаулықтарын) орындауға қабылдамауын ескере отырып, есеп берілетін күні түскен (есепке алынған) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасынан ағымдағы күні төлеушіге қайтарылуға жататын арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасын шегеру жолымен айқындалады.

      10. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын Тараптар мемлекеттеріне аударуды Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдары шетелдік валютамен басқа Тараптар мемлекеттерінің шотына уәкілетті органның бірыңғай шотына есептеу күнінен кейін Тарап мемлекетіндегі келесі жұмыс күні жүзеге асырады.

      Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын Тараптар мемлекеттеріне аударуға арналған есеп айырысу (төлем) құжаты (нұсқаулық) уәкілетті орган ұлттық (орталық) банкке Тараптардың басқа мемлекеттерінің шетелдік валюта шотына одан әрі жіберу үшін Тарап мемлекетінің уәкілетті органның арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есептеу күнінен кейінгі жұмыс күні жергілікті 14 сағатқа дейін Тараптар мемлекеттеріне жіберуге тиіс. Аударуға көрсетілген есептік (төлемдік) құжатта (нұсқаулықта) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары үшін күн және Тараптар мемлекеттерінің бюджеттері арасында ұлттық валютада бөлуге жататын сома көрсетіледі.

      11. Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдары арасында осы Келісімді іске асыруға қажетті ақпарат алмасу, ақпарат алмасу тәртібін, нысандарын және мерзімдерін айқындайтын Кеден одағы комиссиясының шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. Келісім 28-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

V. Тергеу жүргізу

29-бап Тергеу жүргізу үшін негіздер

      1. Өспелі импорттың және осымен шарттасылған Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының елеулі залалының немесе мұндай залал келтіру қаупінің бар екендігін белгілеу мақсатында, сондай-ақ демпингтік немесе субсидияланатын импортты және осымен шарттасылған материалдың залалды, мұндай материалдық залал келтіру қаупін немесе Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының құрылуын елеулі тежеу қаупін белгілеу мақсатында тергеуді тергеу жүргізетін орган жазбаша нысандағы өтініштің негізінде не өз бастамасы бойынша жүргізеді.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген өтінішті мыналар:

      1) Тараптар мемлекеттерінде ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін тауарды (арнайы қорғау шараларын қолдану туралы өтініш берген кезде) не ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану туралы өтініш берген кезде) өндіруші немесе оның уәкілетті өкілі;

      2) қатысушыларының қатарына өндірушілердің елеулі бөлігі, бірақ Тараптар мемлекеттеріндегі ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) не ұқсас тауар (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) өндірісінің жалпы көлемінен кемінде 25 пайыз кіретін өндірушілер бірлестігі немесе оның уәкілетті өкілі береді.

      Осындай өндірушілер мен бірлестіктердің уәкілетті өкілдерінің өтінішпен бірге түпнұсқалары тергеу жүргізетін органға ұсынылатын құжаттармен расталған, тиісінше ресімделген өкілеттіктері болуы тиіс.

      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген өтінішке Тараптар мемлекеттерінде ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін не ұқсас тауарды өндірушілердің өтінішті қолдайтындықтарының дәлелдемесі қоса беріледі. Осындай өтінішті қолдаудың жеткілікті дәлелдемесі ретінде мыналар:

      1) өтінішке Тараптар мемлекеттерінде (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтініш берген кезде) ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды өндірудің жалпы көлемінің көп бөлігін, бірақ кемінде 25 пайызын өтініш берушімен бірге шығаратын Тараптар мемлекеттерінде ұқсас немесе бәсекелес тауарды басқа өндірушілердің өтінішіне қосылғаны туралы құжаттар;

      2) Тараптар мемлекеттерінде (оның ішінде өтініш берушілерге) өндірушілердің өтінішті қолдауда айтылған ұқсас тауарды өндіру үлесі Тараптар мемлекеттеріндегі ұқсас тауар өндірісінің жалпы көлемінің кемінде 25 процентін құрайтындығын, бұл ретте өтінішке қатысты өз пікірін (қолдау немесе келіспейтіндігін) Тараптар мемлекеттерінің өндірушілерінің (оның ішінде өтініш берушінің) өтінішті (демпингке қарсы шараларды немесе өтемақы шараларды қолдану туралы өтінішті беру кезінде) қолдауда айтылған ұқсас тауарды өндіру үлесі Тараптар мемлекеттерінде ұқсас тауар өндірісінің жалпы көлемінің кемінде 50 проценттен астамын құрайтындығын растайтын құжаттар танылады.

      4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген өтініш мыналарды:

      1) өтініш беруші туралы, өтініш берген күннің алдындағы тікелей 3 жыл ішінде Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін тауардың (арнайы қорғау шараларын қолдану туралы өтініш берген кезде), ұқсас тауардың (демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану туралы өтініш берген кезде) сандық және құндық көріністе өндіру көлемі туралы, сондай-ақ Тараптар мемлекеттері өндірушілерінің ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін тауардың (арнайы қорғау шараларын қолдану туралы өтініш берген кезде) немесе ұқсас тауардың (демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану туралы өтініш берген кезде) сандық және құндық көріністе өндіру көлемі туралы және Тараптар мемлекеттерінде ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін тауарды (арнайы қорғау шараларын қолдану туралы өтініш берген кезде), ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану туралы өтініш берген кезде) өндірудің жалпы көлеміндегі олардың үлесі туралы мәліметті;

      2) Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына импортталатын, оған қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын енгізу ұсынылатын тауардың Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының кодын көрсете отырып сипаттамасын;

      3) экспорттаушы шетел мемлекеттерінің немесе кедендік статистика деректерінің негізінде осы тауарды шығарушы не жіберуші мемлекеттердің атауын;

      4) экспорттаушы шетел мемлекеттерінде осы тауарды белгілі өндірушілер және (немесе) экспорттаушылар туралы және Тараптар мемлекеттеріндегі осы тауарды белгілі импорттаушылар мен тауарды негізгі белгілі тұтынушылар туралы мәліметті;

      5) оған қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын енгізу ұсынылатын тауардың Кеден одағының өткен кезеңдегі, сондай-ақ өтініш берген күнге репрезентативті статистикалық деректер қол жетімді одан кейінгі кезеңдегі бірыңғай кеден аумағындағы импорт көлеміндегі өзгерістер туралы мәліметті;

      6) Кеден одағының өткен кезеңдегі, сондай-ақ өтініш берген күнге репрезентативті статистикалық деректер қол жетімді одан кейінгі кезеңдегі бірыңғай кеден аумағынан ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін тауардың (арнайы қорғау шараларын қолдану туралы өтініш берген кезде) не ұқсас тауардың (демпингке қарсы шараларды немесе өтемақы шараларын қолдану туралы өтініш берген кезде) экспорты көлеміндегі өзгерістер туралы мәліметті қамтуға тиіс.

      5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар өтініште ұсынылған шараларға байланысты өтініш беруші мыналарды:

      1) тауардың өспелі импортының дәлелін, Тараптар мемлекеттері экономикасының саласына келтірілген елеулі залалдың болуы немесе тауарлардың өспелі импортының салдарынан осындай залал келтіру қаупінің болу дәлелін, осындай іс-шараның мөлшері және қолдану мерзімін көрсете отырып, арнайы қорғау шараларын енгізу туралы ұсыныс және өтініш беруші ұсынатын арнайы қорғау шарасының қолдану мерзімі ішінде шетелдік бәсекелестік жағдайында Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласын бейімдеу бойынша іс-шаралар жоспарын (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтініште);

      2) тауардың экспорттық бағасы және қалыпты құны туралы мәліметтерді, материалдық залал немесе осындай залал келтіру қаупінің не тауардың демпингтік импорт салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласын құруды елеулі тежеудің бар екендігінің дәлелін, сондай-ақ шараның мөлшері мен қолдану мерзімін көрсете отырып, демпингке қарсы шараны енгізу туралы ұсынысты (демпингке қарсы шараны қолдану туралы өтініште);

      3) экспорттаушы шет мемлекеттің ерекше субсидиясының болуы және сипаттамасы, егер мүмкін болса, оның мөлшері туралы мәліметі, материалдық залал немесе мұндай залал келтірілу туралы тауардың субсидияланатын импорт салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының құрылуын елеулі тежеудің бар екендігінің дәлелі, сондай-ақ шараның мөлшері мен қолдану мерзімін көрсете отырып, өтемақы шарасын енгізу туралы ұсынысты (демпингке қарсы шараны қолдану туралы өтініште көрсетуге тиіс).

      Тараптар мемлекеттерінің экономикасы саласына келтірілген елеулі залалдың немесе залал келтiру қаупi болуының дәлелін (арнайы қорғау шарасын қолдану алдында тергеу жүргізу туралы өтініш берген жағдайда және Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына материалдық залал немесе материалдық залал келтiру қаупі болуының не демпингтік импорт немесе субсидияланатын импорт салдарынан Тараптар мемлекеттерінің экономика саласын құруды елеулі тежеу (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтініште) дәлелі Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының экономикалық жағдайын сипаттайтын объективті факторларға негізделуге және сандық және/немесе құндық көрсеткіштерде (оның ішінде тауар өндірісінің көлемі және оның сатылу көлемі, Тараптар мемлекеттері нарығындағы тауар үлесі, тауар өндірісінің өзіндік құны, тауар бағасы, өндірістік қуаттар жүктемесінің дәрежесі, еңбек өнімділігі, пайда мөлшері, өндірістің рентабельділігі, тауардың сатылу көлемі, Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына инвестициялар көлемі) көрсетілуі тиіс.

      6. Тергеу жүргізетін органда мұндай өтінішті тіркеу күні өтініш беру күні болып саналады.

      7. Салыстыру мақсатында өтініште жазылған көрсеткіштерді көрсету кезінде бірыңғай ақшалай және сандық бірліктер пайдаланылуға тиіс.

      8. Өтініште жазылған мәліметтерді осындай мәліметтерді ұсынған өндірушілердің басшылары, сондай-ақ осы өндірушілерге тікелей қатысты мәліметтер бөлігіндегі бухгалтерлік есепті және бухгалтерлік есептілікті жүргізуге жауапты қызметкерлер қол қойып куәландыруға тиіс.

      9. Оның құпия емес нұсқасы қоса берілген өтініш (егер де өтініште құпия ақпарат бар болса) осы Келісімнің 3-бабы 8-тармағының ережелеріне сәйкес тергеу жүргізетін органға беріледі және осы органға өтініш келіп түскен күні тіркеуге жатады.

      10. Арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану туралы өтініш мынадай:

      өтінішті берген кезде осы баптың 3-5-тармақтарында көрсетілген материалдарды бермеу;

      өтініш берушінің осы баптың 3-5-тармақтарында берілген материалдардың сенімсіздігі негіздер бойынша кері қайтарылады.

      Өзге негіздер бойынша өтінішті кері қайтаруға жол берілмейді.

      11. Тергеу жүргізетін орган тергеу басталғаны туралы шешім қабылдағанға дейін экспорттаушы шетел мемлекетінің демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану туралы өтініштің келіп түскені туралы жазбаша нысанда хабарлайды.

      12. Тергеу жүргізетін орган тергеу басталғандығы туралы шешім қабылдағанға дейін өтінішті тіркеу күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде осы өтініште жазылған дәлелдемелер мен мәліметтердің осы баптың 3-5-тармақтарына сәйкес жеткіліктілігін және дұрыстығын зерделейді. Мұндай мерзімде тергеу жүргізетін орган өтініш берушіден қосымша мәліметтерді алуы қажет болған жағдайда ұзартуға мүмкін, бірақ барлық жағдайларда күнтізбелік 60 күннен аспауға тиіс.

      13. Өтінішті өтініш беруші тергеу басталғанға дейін немесе оны жүргізу барысында қайтарып алуы мүмкін.

      Егер өтініш тергеу басталғанға дейін қайтарылып алынған жағдайда, берілмеген болып саналады.

      Егер өтініш тергеу жүргізу барысында қайтарылып алынған жағдайда, тергеу арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын енгізусіз тоқтатылады.

      14. Тергеудің басталғаны туралы шешім қабылданғанға дейін өтініште жазылған мәлімет жұртшылыққа жариялауға жатпайды.

      Ескерту. 29-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

30-бап Тергеуді бастау және оны жүргізу

      1. Тергеу жүргізетін орган осы Келісімнің 29-бабының 12-тармағында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін тергеуді бастау туралы немесе оны жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      2. Тергеу жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдау кезінде тергеу жүргізетін орган жазбаша нысанда осындай шешім қабылдау күнінен бастап күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде өтініш берушіге тергеу жүргізуден бас тартудың себебі туралы хабарлайды.

      3. Тергеуді бастау туралы шешім қабылдау кезінде тергеу жүргізетін орган экспорттаушы шетел мемлекетінің уәкілетті органына, сондай-ақ оған белгілі басқа да мүдделі тұлғаларға қабылдаған шешім туралы жазбаша нысанда хабарлайды және тергеуді бастау туралы шешім қабылдау күнінен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тергеуді бастау туралы хабарламаны ресми басылымдарда жариялауды қамтамасыз етеді.

      3-1. Тергеудің басталғаны туралы хабарламаның Кеден одағы комиссиясының ресми сайтында жарияланған күні тергеу басталған күн болып есептеледі.

      4. Тергеу жүргізетін орган тергеуді бастау туралы шешімді, оның ішінде өз бастамасы бойынша, егер оның иелігінде өспелі импорттың және осыдан туындаған елеулі залалдың немесе Тараптар мемлекеттерінің экономика саласына елеулі залал келтіру қаупінің бар екендігінің не демпингтік немесе субсидияланған импорттың және осыдан туындаған материалдық залалдың, материалдық залал келтіру қаупінің немесе Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының құрылуын елеулі тежеудің бар екендігінің дәлелдемесі бар болған жағдайда қабылдай алады.

      Егер қолда бар дәлелдемелер жеткіліксіз болған жағдайда, мұндай тергеу жүргізілмеуі мүмкін.

      4-1. Арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолданудың алдындағы тергеу кезеңін тергеуді жүргізетін орган белгілейді.

      5. Мүдделі тұлғалар өзінің тергеуге қатысу ниеті туралы жазбаша нысанда және осы Келісімге сәйкес белгіленген мерзімде өтініш білдіруге құқылы. Олар тергеу жүргізетін органға тергеуге қатысу ниеті туралы өтініш берген күннен бастап тергеуге қатысушылар болып танылады.

      6. Мүдделі тұлғалар тергеу барысын бұзбайтын мерзімдерде тергеу жүргізу үшін қажетті мәліметтерді, оның ішінде мұндай мәліметтерді алу көздерін көрсете отырып, құпия ақпаратты беруге құқылы.

      7. Тергеу жүргізетін орган мүдделі тұлғадан тергеу мақсаттары үшін қосымша мәліметтер сұратуға құқылы.

      Сұрау салуды мүдделі тұлғаның уәкілетті өкіліне табыс еткен кезден бастап не пошта байланысымен жіберген күннен бастап 7 күнтізбелік күн өткеннен соң мүдделі тұлға сұрау салуды алған болып есептеледі.

      Мүдделі тұлғаның жауабы сұрау салуды алған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей тергеу жүргізетін органға ұсынуы тиіс. Тергеу жүргізетін орган мүдделі тұлғаның көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған мәліметтеріне назарға алмауы мүмкін.

      Тергеу жүргізетін орган мүдделі тұлғаның дәлелді және жазбаша нысандағы өтініші бойынша жауап ұсыну мерзімін ұзартуы мүмкін.

      8. Егер мүдделі тұлға тергеу жүргізетін органға қажетті ақпаратты беруден бас тартса, оны белгіленген мерзімде ұсынбаса немесе тергеу жүргізуді елеулі қиындататын анық емес ақпаратты ұсынған жағдайда, мұндай мүдделі тұлға бірлесе жұмыс істемейтін болып танылады және тергеу жүргізетін орган қолда бар ақпараттар негізінде алдын ала немесе түпкілікті қорытынды жасай алады.

      Мүдделі тұлға тергеу жүргізетін органның сұрау салуында айқындалған ақпаратты ұсыну өлшемдерін толық орындай алмайтынын немесе елеулі материалдық залалдарға байланысты екенін дәлелдей алса, сұратылған ақпараттың электрондық түрде немесе тергеу жүргізетін органның сұрау салуда айқындалған электрондық пішінде берілмеуін тергеу жүргізетін орган бірлесе жұмыс істеуден бас тарту деп қабылдамауы тиіс.

      Тергеу жүргізетін орган мүдделі тұлғаның ұсынған ақпаратын осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілгендерден өзге себептер бойынша есепке алмаған жағдайда, бұл тұлға мұндай шешімнің қабылдануының себептері мен негіздемелері туралы хабардар етілуі тиіс және оған тергеу жүргізетін орган белгілейтін мерзімде өзінің түсініктемелерін ұсынуға мүмкіндік берілуге тиіс.

      Егер тергеу жүргізетін орган тауардың қалыпты құнын анықтауды қоса алғанда, (демпингке қарсы тергеу жүргізу кезінде), алдын ала немесе түпкілікті қорытындысын дайындау кезінде осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген ереже қолданылса және ақпарат, оның ішінде өтініш беруші ұсынған ақпарат пайдаланылса, осындай қорытындылар дайындау кезінде пайдаланылған ақпарат үшінші көздерден немесе мүдделі тұлғалардан алынатын қол жетімді ақпаратты пайдалана отырып, тексерілуі тиіс, бұл ретте мұндай тексеру тергеу барысын қиындатпайтын және оның жүргізілу мерзімін бұзбауы тиіс.

      9. Тергеу жүргізетін орган тергеуге қатысушыларға өтініштің көшірмесін немесе, егер де өтініште құпия ақпарат болған жағдайда, оның құпия емес нұсқасын жібереді.

      Тергеу барысында тергеу жүргізетін орган құпия ақпаратты қорғаудың қажеттілігін ескере отырып, тергеуге қатысушыларға олардың өтініші бойынша кез келген мүдделі тұлғаларға осы мәліметтермен танысу үшін тергеудің мәніне қатысы бар дәлелдеме ретінде жазбаша нысанда берілген мәліметтерді береді.

      Тергеу барысында тергеу жүргізетін орган тергеуге қатысушыларға тергеуге қатысы бар және олар тергеу барысында қолданған, бірақ құпия емес ақпарат болып табылатын өзге мәліметтермен танысуға мүмкіндік береді.

      10. Тергеу жүргізетін орган мүдделі тұлғалардың сұрау салулары бойынша жүргізілген тергеу мәні бойынша консультациялар жүргізеді.

      11. Тергеу барысында барлық мүдделі тұлғаларға өз мүдделерін қорғауға мүмкіндік беріледі. Осы мақсатта тергеу жүргізетін орган олардың сұрау салулары бойынша барлық мүдделі тұлғаларға олар қарама-қайшы көзқарастарын білдіруі және теріске шығаруға ұсыныс жасауы үшін кездесу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Мұндай мүмкіншілік құпия ақпараттарды сақтау қажеттігін ескере отырып, беріледі. Кездесуде барлық мүдделі тұлғалар қатысуға міндетті емес және қандай да бір мүдделі тұлғаның қатыспауы оның мүддесіне залал келтіруге алып келмейді.

      12. Тергеу объектісі болып табылатын тауарды өнім өндірісінде пайдаланатын болса тұтынушылар, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, мемлекеттік билік органдары (басқармалары), жергілікті өзін өзі басқару органдары, сондай-ақ өзге тұлғалар тергеуге қатысы бар мәліметті тергеу жүргізетін органға беруге құқылы.

      13. Тергеу жүргізу мерзімі:

      1) арнайы қорғау шараларын қолдану туралы өтініштің негізінде тергеудің басталуы күнінен бастап 9 айдан аспауға тиіс. Бұл мерзімді тергеу жүргізетін орган ұзартуы мүмкін, бірақ 3 айдан аспайтын мерзімге ұзартылады;

      2) демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану туралы өтініштің негізінде тергеудің басталу күнінен бастап 12 айдан аспауға тиіс. Бұл мерзімді тергеу жүргізетін орган ұзартуы мүмкін, бірақ 6 айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.

      14. Тергеуді жүргізу тергеу объектісі болып табылатын тауарды кедендік рәсімдеуге бөгет болмауға тиіс.

      15. Кеден одағы комиссиясының тергеу қорытындылары бойынша баяндамасын және осы Келісімнің 3-бабының 6-тармағында көрсетілген Кеден одағы комиссиясы шешімінің жобасын қарау күні тергеудің аяқталу күні болып табылады.

      Егер тергеу жүргізетін орган арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану, қайта қарастыру немесе күшін жою үшін негіздемелер жоқ екендігі туралы түпкілікті қорытынды жасаған жағдайда тергеу жүргізетін органның тиісті хабарлама жариялаған күні тергеудің аяқталу күні болып танылады.

      Алдын ала арнайы баж, алдын ала демпингке қарсы баж немесе алдын ала өтемақы баж енгізілген жағдайда тергеу тиісті алдын ала баждың мерзімі біткенге дейін аяқталуға тиіс.

      16. Егер тергеу басталған күннің алдындағы тiкелей екі жыл iшiнде осы Келісімнің 29-бабы 1-тармағында көрсетілген өтінішті қолдаған бір өндірушіге (оның 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Бәсекелестiктiң бiрыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келiсiм түсінігіндегі тұлғалар тобына енуін ескере отырып) ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың (арнайы қорғау шараларын қолданудан бұрын тергеу жүргізген кезде) немесе Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілетін бәсекелестік жағдайын бағалау әдістемесіне сәйкес Кеден одағының тиісті тауар нарығында осы өндірушінің (тұлғалар тобына енуін ескере отырып) жағдайы үстем жағдай деп танылуы мүмкін, Бірыңғай экономикалық кеңістіктің бірыңғай бәсекелестік қағидаттарының сақталуын бақылау саласындағы уәкілетті орган тергеу жүргізетін органның сұранымы бойынша Кеден одағының тиісті тауар нарығында бәсекелестікке арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларының ықпал етуі салдарларын бағалауды жүзеге асырады.

      Ескерту. 30-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

31-бап Демпингке қарсы тергеу жүргізудің ерекшеліктері

      1. Егер тергеу жүргізетін орган демпингтік маржа ең төменгі рұқсат етілген демпингтік маржадан аз екендігін не жасалған немесе мүмкін болатын демпингтік импорттың көлемі немесе осындай импорттан туындаған материалдық залалдың не материалдық залал келтіру қауіптерінің немесе Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының құрылуын елеулі тежеудің мөлшері елеусіз болып табылатындығын белгілеген болса, демпингке қарсы тергеу демпингке қарсы шараларын енгізусіз тоқтатылады.

      Бұл ретте ең аз рұқсат етілетін демпингтік маржа деп мөлшері 2 пайыздан аспайтын демпингтік маржа түсініледі.

      2. Белгілі бір эскпорттаушы шет мемлекеттен демпингтік импортының көлемі, егер ол экспорттаушы шет мемлекеттің импорттың жалпы көлеміндегі әрбірінің жеке үлесі Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында тергеу объектісі болып табылатын тауар импортының жалпы көлемінің 3 пайызынан аз көлемін құраған жағдайда, Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында тергеу объектісі болып табылатын тауар импортының жалпы көлемінің 3 пайызынан аз көлемін құраса жиынтығында Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында тергеу объектісі болып табылатын тауар импортының жалпы көлемінің 7 пайыздан аспайтын көлемін құрайды.

      3. Тергеу жүргізетін орган демпингке қарсы тергеу нәтижесі бойынша шешім қабылдағанға дейін тергеуге қатысушыларға түпкілікті қорытындының құпия емес нұсқасын жібереді және өз түсініктемесін беру мүмкіндігін ұсынады.

      Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

32-бап Өтемақы тергеу жүргізудің ерекшеліктері

      1. Егер тергеу жүргізетін орган экспорттаушы шетел мемлекетінің айрықша субсидияларының мөлшері аз болып табылса не жүзеге асырылған немесе мүмкін болатын субсидияланған импорттың көлемі немесе осындай импорттан туындаған материалдық залалдың не материалдық залал келтіру қаупінің немесе Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының құрылуын елеулі тежеудің мөлшері айтарлықтай болып табылмаған болса, тергеу шараларын енгізусіз өтемақы тергеу тоқтатылады.

      2. Айрықша субсидияның мөлшері, егер тергеу объектісі болып табылатын тауар құнының кемінде 1 процентін құрайтын болса ең аз деп танылады.

      Субсидияланатын импорттың көлемі, әдетте экспорттаушы шетел мемлекеттерінде олардың әрқайсының импорттағы жеке үлесі Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына ұқсас тауар импортының жалпы көлемінен кемінде 1 процентін құрайтын, жиынтығында бірыңғай кеден аумағында ұқсас тауар импортының жалпы көлемінің 3 процентінен аспайтыны сәйкес келетін жағдайда, егер ол Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына ұқсас тауар импортының жалпы көлемінің 1 процентін құраса, елеусіз деп танылады.

      3. Субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын және Кеден одағының тарифтік преференциялық жүйесін дамыған пайдаланушы елден шығарылған тауарға қатысты, егер тергеу жүргізетін орган экспорттаушы шетел мемлекетінің айрықша субсидияларының жалпы мөлшерін белгілесе, аталған тауарға қатысты ұсыныстар оның құнының тауар бірлігінің есебінде 2 проценттен асырмайды немесе осындай шет мемлекеттен келген аталған тауар импортының үлесі Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында жалпы көлемінен 4 процентінен аспайтын көлемді құраса, әрбіреуінің үлесі Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына аталған тауар импортының жалпы көлемін дамыған мемлекеттерден, Кеден одағының бірыңғай кеден аумағындағы аталған тауар импортының жиынтық үлесі 4 проценттен аспайтындай тиесілі жағдай кезінде, Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына аталған тауар импортының жалпы көлемін 9 проценттен аспаған жағдайда тауарға қатысты өтемақы тергеу тоқтатылады.

      4. Тергеу жүргізетін орган өтемақы тергеу нәтижесі бойынша шешім қабылданғанға дейін тергеуге қатысушыларға түпкілікті қорытындының құпия емес нұсқасын жібереді және өз түсініктемесін беру мүмкіндігін ұсынады.

      Ескерту. 32-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

33-бап Демпингтік немесе субсидияланған импорт жағдайында Тараптар мемлекеттерінің экономика саласын айқындау ерекшеліктері

      1. Демпингке қарсы немесе өтемақы тергеу жүргізу кезінде Тараптар мемлекеттерінің экономика саласы осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы Келісімнің 2-бабында белгіленген мағынада түсіндіріледі.

      2. Тараптар мемлекеттеріндегі ұқсас тауарды өндірушілері бір уақытта тауарды импорттаушылар болып табылса, болжамды түрде демпингтік немесе субсидияланған импорттың мәні болып табылса Тараптар мемлекеттерінің экономика саласы Тараптар мемлекеттеріндегі ұқсас тауардың қалған өндірушілері ғана ретінде түсіндіріледі.

      Тараптар мемлекеттерінің экономика саласы ретінде мынадай жағдайларда, егер:

      1) Тараптар мемлекеттерінің ұқсас тауарды жекелеген өндірушілері тергеу объектісі болып табылатын тауардың экспорттаушыларды немесе импорттаушыларды тікелей не жанама бақылайтын;

      2) тергеу объектісі болып табылатын тауардың жекелеген экспорттаушылары немесе импорттаушылары Тараптар мемлекеттеріндегі ұқсас тауарды өндірушілерін тікелей немесе жанама бақылайтын;

      3) Тараптар мемлекеттеріндегі ұқсас тауардың жекелеген өндірушілерін және тергеу объектісі болып табылатын тауардың экспорттаушыларын немесе импорттаушыларын үшінші тұлға тікелей немесе жанама бақылайтын;

      4) Кеден одағына мүше мемлекеттерде ұқсас тауарлардың жекелеген өндірушілері және шетелдік өндірушілер, тергеу объектісі болып табылатын тауар экспорттаушыларын немесе импорттаушылар тергеу жүргізетін орган осындай байланыс өндірушілердің әрекетіне байланысты емес ерекше деп болжауға негізі болса, үшінші тұлға тікелей немесе жанама түрде бақылайды.

      3. Айрықша жағдайларда Тараптар мемлекеттерінің экономика саласын айқындау кезінде осы мемлекеттердің аумағы екі немесе бірнеше аумақтық оқшауланған бәсекелес рыногы жұмыс істейтін аумақ ретінде, ал Тараптар мемлекеттеріндегі өндірушілері көрсетілген рыногының біреуінің шегінде, егер мұндай өндірушілер осындай рынокта тұтыну немесе өздері өндіретін ұқсас тауардың кемінде 80 процентін қайта өңдеу мақсаттарында сататын және мұндай рынокта ұқсас тауар сұранысын Тараптар мемлекеттерінің қалған аумағында тұрған осы тауарды өндірушілер елеулі мөлшерде қанағаттандырмайтын болса, Тараптар мемлекеттерінің экономиканың жекелеген саласы ретінде қарастырылуы мүмкін.

      Мұндай жағдайларда материалдық залалдың осындай залал келтіру қаупінің немесе Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының құрылуын елеулі тежеу болған жағдайда демпингтік импорттың немесе субсидияланатын импорттың салдарынан егер Тараптар мемлекеттерінің экономика саласының негізгі бөлігіне залал келтірілмеген болса да, демпингтік немесе субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын тауарды сатуды шоғырландыру кезінде, көрсетілген бәсекелесетін нарықтардың бірінде белгіленуі мүмкін және демпингтік импорт немесе субсидияланған импорт барлығына немесе Тараптар мемлекеттерінің ұқсас тауарды өндірушілерінің барлығына дерлік осындай бір рыноктың шегінде залал келтіреді.

      4. Егер Тараптар мемлекеттерінің экономика саласы осы баптың 3-тармағында белгіленген мағынада түсіндірілетін жағдайда және тергеу нәтижелері бойынша демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы шешім қабылданатын болса, мұндай шара тауардың барлық импортына қатысты Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында қолданылатын болады.

      Бұл жағдайда демпингке қарсы немесе өтемақы бажы тергеу жүргізетін орган тауарды экспорттаушыларға осы аумаққа осындай тауарды демпингтік баға бойынша (демпингтік импорт кезінде) немесе субсидияланған баға бойынша (субсидияланған импорт кезінде) экспортты тоқтату не Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына арналған экспорт шарттарына қатысты тиісті міндеттемелерді өзіне алу мүмкіндігін бергеннен кейін ғана, мұндай мүмкіндікті экспорттаушылар бұрын пайдаланбаған жағдайда енгізіледі.

      Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

34-бап Жария тыңдаулар

      1. Тергеуге қатысушылардың кез келгені жазбаша нысанда ұсынған қолдау хатының және осы Келісімге сәйкес белгіленген мерзімінің негізінде тергеу жүргізетін орган жария тыңдауларды жүргізуді қамтамасыз етеді.

      2. Тергеу жүргізетін орган тергеуге қатысушыларға жария тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны, сондай-ақ жария тыңдауды жүргізу барысында қарастырылатын мәселелердің тізбесін жіберуге міндетті.

      Жария тыңдауларды өткізу уақыты тиісті хабарлама жіберілген күннен бастап күнтізбелік 15 күн өткеннен соң белгіленеді.

      3. Жария тыңдауларға тергеуге қатысушылар немесе олардың өкілдері, сондай-ақ тергеуге қатысты мәліметтерді беру мақсатында өздері тартқан тұлғалар қатысуға құқылы.

      Жария тыңдаулар барысында тергеуге қатысушылар өз пікірлерін білдіре алады және тергеуге қатысты дәлелдемелер бере алады. Тергеу жүргізетін органның өкілі жария тыңдауларға қатысушыларға мәлімдеген фактілерінің нақтылығына қатысты сұрақтар қоюға құқылы. Тергеуге қатысушылар бір-біріне сұрақтар қоюға да құқылы және оларға жауап беруге міндетті. Жария тыңдауларға қатысушылар құпия деп танылған ақпаратты жарияламауға міндетті.

      4. Жария тыңдаулар барысында ауызша нысанда берілген мәліметтер, егер оларды тергеуге қатысушылар жария тыңдаулар өткізілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде тергеу жүргізетін органға жазбаша нысанда ұсынылса, тергеу барысында ескеріледі.

      Ескерту. 34-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

35-бап Тергеу жүргізу барысында ақпараттар жинау

      1. Демпингке қарсы немесе өтемақы тергеулерді бастау туралы шешім қабылдағаннан кейін тергеу жүргізетін орган өзіне белгілі экспорттаушыларға және (немесе) тергеу объектісі болып табылатын тауарды өндірушілерге жауап берулері тиіс сұрақтардың тізбесін жібереді.

      Сұрақтар тізбесі Тараптар мемлекеттерінің ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін тауарды (арнайы қорғау тергеуін жүргізу жағдайында) немесе ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы тергеу жүргізу жағдайында) өндірушілеріне жіберіледі.

      2. Сұрақтар тізбесі жіберілген тауарды экспорттаушылар және (немесе) өндірушілер аталған тізбені алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде тергеу жүргізетін органға өз жауаптарын беруге міндетті.

      Экспорттаушылардың және (немесе) өндірушілердің дәлелденген және жазбаша нысанда жазылған өтініштері бойынша көрсетілген мерзімді тергеу жүргізетін орган күнтізбелік 14 күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.

      3. Сұрақтар тізбесі пошта арқылы жіберілген күннен бастап күнтізбелік 7 күннен кейін немесе экспорттаушының және (немесе) өндірушінің өкіліне тікелей тапсырылған күннен бастап алынды деп саналады.

      Тізбеге енгізілген сұрақтарға жауаптарды, егер олар тергеу жүргізетін органға құпия және құпия емес нұсқаларда осы баптың 2-тармағында көрсетілген 30 күндік мерзім аяқталған күннен күнтізбелік 7 күннен кешіктірмей немесе оны ұзартқан күн аяқталған күннен бастап келіп түскен болса, тергеу жүргізетін орган алды деп саналады.

      4. Тергеу жүргізетін орган тергеу барысында мүдделі тұлғалар ұсынған ақпараттың дәлдігіне және шынайы болуына көз жеткізеді.

      Тергеу барысында ұсынылған мәліметтерді тексеру немесе жүргізіліп жатқан тергеуге байланысты қосымша мәліметтер алу мақсатында тергеу жүргізетін орган қажет болған жағдайда;

      шет мемлекеттің аумағында тергеу объектісі болып табылатын тауарды тиісті шетелдік экспорттаушылардың және (немесе) өндірушілердің келісімін алған жағдайда және алдағы тергеу туралы ресми түрде алдын ала хабардар етілген шет мемлекеттің тарапынан қарсылық болмаған жағдайда;

      Тарап мемлекетінің аумағында тергеу объектісі болып табылатын тиісті тауар импорттаушыларының және (немесе) ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды өндірушілердің тиісті келісімін алған жағдайда және алдағы тергеу туралы ресми түрде алдын ала хабардар етілген Тараптың уәкілетті органы тарапынан қарсылық болмаған жағдайда тексеріс жүргізуі мүмкін.

      Шетелдік өндіруші немесе экспорттаушы осындай жауаптарды жібергенге дейін тексеру жүргізуге өз еркімен келіскен жағдайларды қоспағанда және тиісті шет мемлекеттің тарапынан қарсылық болмаған жағдайда, тексеріс осы баптың 1-тармағының ережелеріне сәйкес тергеу жүргізетін орган жіберген сұрақтар тізбесіне жауап алынғаннан кейін жүргізіледі.

      Тиісті тергеуге қатысушылардың келісімін алғаннан кейін және тексеріс басталғанға дейін оларға тексеруге жіберілген қызметкерге ұсынылуы тиіс құжаттар мен материалдардың тізімі жіберіледі. Тергеу жүргізетін орган шет мемлекетті тексеру жоспарланған шетел экспорттаушыларының немесе өндірушілерінің мекенжайлары және атаулары, сондай-ақ осындай тексерістерді жүргізу күндері туралы хабардар етеді.

      Тергеу барысында сауалдардың жауаптарында ұсынылған ақпараттың шынайылылығын растау үшін қажетті басқа да құжаттар мен материалдар сұратылуы мүмкін.

      Тергеу жүргізу барысында тергеу жүргізетін органның осындай тергеу мақсаттары үшін аталған органның қызметкерлері болып табылмайтын сарапшыларды шақыру ниеті болса, оларға қатысты тексеру әрекеттерін жүзеге асыру көзделген тергеуге қатысушылар тергеу жүргізетін органның бұл шешімі туралы алдын ала хабардар етілуі тиіс. Осындай сарапшылар тергеуге байланысты алынған ақпараттың құпиялылығын бұзғаны үшін оларға санкция қолдануға мүмкіндік болған жағдайда ғана олардың тергеуге қатысуларына жол беріледі.

      5. Тергеу барысында берілген мәліметтерді немесе жүргізілетін тергеумен байланысты алынған қосымша мәліметтерді тексеру мақсатында тергеу жүргізетін орган өз өкілдерін мүдделі тұлғалардың тұратын жерлеріне жіберуге, ақпараттар жинауды, мүдделі тұлғалармен консультациялар мен келіссөздер жүргізуге, тауардың үлгілерімен танысуға және тергеу жүргізу үшін қажетті өзге әрекеттерді қолдануға құқылы.

      6. Тараптар мемлекеттерінің мемлекеттік билік (басқару) органдары тиісті сұраулар бойынша тергеу жүргізетін органға тергеуді жүргізу мақсаттары үшін қажетті осы Келісімде көзделген ақпаратты ұсынуға міндетті.

      Тергеу жүргізу мақсаттары үшін банктік, салықтық, коммерциялық және мемлекеттік құпияны (мемлекеттік құпияларды) қоспағанда, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты не қызмет бабында пайдаланатын ақпаратты тергеу жүргізетін органға ұсынған кезде, тергеу жүргізетін орган осындай ақпаратты пайдаланудың құпиялылығының және оны сақтау қауіпсіздігінің қажетті деңгейін қамтамасыз етеді.

      Алынған ақпаратты тергеу жүргізетін орган тергеу жүргізу барысында және оның нәтижелері бойынша ұсыныстар әзірлеген кезде есепке алады.

      Ескерту. 35-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

36-бап Мүдделі тұлғалар

      1. Тергеу жүргізу кезінде:

      1) Тараптар мемлекеттерінде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау тергеуін жүргізген кезде) не ұқсас тауар өндіруші (демпингке қарсы немесе өтемақы тергеуін жүргізген кезде);

      2) қатысушылардың көпшілігі ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар (арнайы қорғау тергеуін жүргізген кезде) немесе ұқсас тауар өндірушісі (демпингке қарсы немесе өтемақы тергеуін жүргізген кезде) болып табылатын Тараптар мемлекеттеріндегі өндірушілердің бірлестігі;

      3) қатысушылары Тараптар мемлекеттерінде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар (арнайы қорғау тергеуін жүргізетін кезде) не ұқсас тауар (демпингке қарсы немесе өтемақы тергеуін жүргізген кезде) өндірісінің жалпы көлемінің 25 пайызынан аса өндірісін жүзеге асыратын Тараптар мемлекеттері өндірушілерінің бірлестігі;

      4) экспорттаушы, шетелдік өндіруші немесе тергеу объектісі болып табылатын тауарды импорттаушы және қатысушылардың елеулі бөлігі аталған тауарды өндірушілер, экспорттаушылар немесе экспорттаушы шет мемлекеттен немесе тауар шығаратын мемлекеттен импорттаушылар болып табылатын шетелдік тауар өндірушілерінің, экспорттаушыларының немесе импорттаушыларының бірлестігі;

      5) экспорттаушы шет мемлекеттің не тауар шығарылатын мемлекеттің уәкілетті органы;

      6) егер олар өнімді өндірген кезде, осындай тауарды пайдаланса, тергеу объектісі болып табылатын тауардың тұтынушылары және тараптар мемлекеттеріндегі осындай тұтынушылардың бірлестіктері;

      7) егер тауар көбінесе жеке тұлғалардың тұтыну мәні болып табылса, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері мүдделі тұлғалар болып табылады.

      2. Мүдделі тұлғалар тергеу барысында дербес немесе тиісті түрде ресімделген өкілеттігі бар өз өкілдері арқылы әрекет етеді.

      Егер мүдделі тұлға тергеу барысында уәкілетті өкіл арқылы әрекет ететін болса, тергеу жүргізетін орган мүдделі тұлғаға тек осы өкіл арқылы ғана тергеу мәні туралы барлық ақпаратты жеткізеді.

      Ескерту. 36-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

37-бап Құпия ақпарат

      1. Тергеу жүргізетін органға мүдделі тұлға беретін ақпарат осы тұлға, оның ішінде осындай ақпаратты жария ету үшінші тұлғаға бәсекелік артықшылық беретінін не осындай ақпаратты берген тұлға үшін немесе осындай ақпаратты алған тұлға үшін қолайсыз салдарға әкеліп соғатындығын куәландыратын негіздемелер берген кезде құпия ретінде қарастырылады.

      Құпия ақпарат оны берген мүдделі тұлғаның рұқсатынсыз жарияланбайды.

      2. Құпия ақпаратты берген мүдделі тұлғалар онымен бірге осындай ақпараттың құпия емес нұсқасын беруге міндетті.

      Құпия емес нұсқа құпия түрде берілген ақпараттың маңызын оңтайлы түсіну үшін жеткілікті толық болуға тиіс.

      Айрықша жағдайларда мүдделі тұлғалар құпия емес нұсқадағы ақпаратты берудің мүмкін еместігі себептерін мазмұндап, құпия емес түрдегі құпия ақпаратты берудің мүмкін еместігін негіздеп, ұсына алады.

      3. Егер тергеу жүргізетін орган мүдделі тұлға берген негіздемелер берілген ақпаратты құпия ақпаратқа жатқызуға мүмкіндік бермейтіндігін белгілеген жағдайда, не мүдделі тұлға құпия ақпараттың құпия емес нұсқасын бермеген болса, құпия ақпаратты құпия емес нұсқада жазу мүмкін еместігінің негіздемесін бермеген немесе құпия ақпаратты құпия емес түрде берудің мүмкін еместігінің негіздемесі болып табылмайтын мәліметті берген болса тергеу жүргізетін орган бұл ақпаратты есепке алмауы мүмкін.

      4. Өтініш берушілердің, тергеуге қатысушылардың, мүдделі тұлғалар немесе Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары тергеу жүргізу мақсаты үшін тергеу жүргізетін органға ұсынған құпия ақпаратты жария еткені, жеке басының пайдасы үшін пайдаланғаны үшін, өзге мақсатты емес жағдайларда пайдаланғаны үшін тергеу жүргізетін органның лауазымды тұлғалары және органның қызметкерлері 2001 жылғы 31 мамырдағы Еуразия экономикалық қауымдастығының артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияда көзделген артықшылықтар мен иммунитеттерден айырылуы және Кеден одағының комиссиясы бекітетін тәртіппен және ережелер бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

      Осы баптың мақсаттары үшін тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары ретінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден ісі, статистика, салық салу, заңды тұлғаларды тіркеу және басқа салаларда уәкілетті мемлекеттердің мемлекеттік билік (басқару) органдары және мемлекеттік биліктің (басқарудың) аумақтық (жергілікті) органдары, сондай-ақ шет мемлекеттерде тараптар мемлекеттерінің дипломатиялық және сауда өкілдіктері танылады.

      Тергеу жүргізетін органда құпия ақпаратты пайдалану және қорғау тәртібін Кеден одағының комиссиясы бекітеді.

      Ескерту. 37-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

38-бап Экспорттаушы шетел мемлекетінің болжамды ерекше субсидияларының болуын белгілеуге арналған консультациялар

      1. Тергеу жүргізетін орган өтінішті қарауға қабылдағаннан кейін және тергеуді бастау туралы шешім қабылдағанға дейін оған қатысты өтемақы шарасын енгізуді ұсыну және тауар экспортталатын экспорттаушы шетел мемлекетінің уәкілетті органына болжамды ерекше субсидияның болуына, мөлшері мен салдарына қатысты жағдайды нақтылау және өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында консультацияларды жүргізу ұсынылады.

      Мұндай консультациялар тергеу барысында да жалғасуы мүмкін.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген консультацияларды жүргізу тергеудің басталғаны және өтемақы шарасын қолдану туралы шешім қабылдауға бөгет келтірмейді.

      Ескерту. 38-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

39-бап Тергеуге байланысты қабылданатын шешімдер туралы хабарламалар

      1. Тергеу жүргізетін орган тергеуге байланысты қабылданатын шешімдер туралы хабарламаларды Кеден одағы комиссиясының ресми сайтында жарияланады.

      Мұндай хабарламалар экспорттаушы шет мемлекеттің уәкілетті органына және тергеу жүргізетін органға белгілі басқа мүдделі тұлғаларға жіберіледі.

      2. Тергеу басталғаны туралы хабарламада:

      1) тергеу объектісі болып табылатын тауардың толық сипаттамасы;

      2) экспорттаушы шет мемлекеттің атауы;

      3) тергеуді бастау туралы шешімнің қабылдануының орындылығын растайтын фактілерді қысқаша баяндау;

      4) Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында импорттың өсуінің дәлелі (арнайы қорғау тергеуінің басталуы туралы шешім қабылданған кезде);

      5) Тараптар мемлекеттері экономика саласына келтірілген елеулі залалдың немесе елеулі залал келтіру қаупінің болуын куәландыратын фактілердің қысқаша баяндалуы (арнайы қорғау тергеуінің басталуы туралы шешім қабылданған кезде);

      6) демпингтік немесе субсидияланатын импорттың болуы туралы оң қорытынды үшін негіздеменің қысқаша баяндалуы (демпингке қарсы немесе өтемақы тергеуінің басталуы туралы шешім қабылданған кезде);

      7) Тараптар мемлекеттері экономика саласына материалдық залалдың немесе материалдық зала келтіру қаупінің не Тараптар мемлекеттері экономика саласын құруды баяулауының болуын куәландыратын фактілердің қысқаша баяндалуы (демпингке қарсы немесе өтемақылық тергеудің басталуы туралы шешім қабылданған кезде);

      8) мүдделі тұлғалар пікірлерін және тергеуге қатысты мәліметтерді жібере алатын мекенжай;

      9) мүдделі тұлғалар өздерінің тергеуге қатысу ниеті туралы мәлімдей алатын кемінде 30 күнтізбелік күнді құрайтын мерзім;

      10) тергеуге қатысушылар көпшілік алдында тыңдауды өткізу туралы өтініш жасай алатын кемінде 60 күнтізбелік күнді құрайтын мерзім;

      11) мүдделі тұлғалар жазбаша нысанда өздерінің түсініктемелерін және тергеуге қатысты мәліметтерді ұсына алатын кемінде 90 күнтізбелік күнді құрайтын мерзім қамтылуға тиіс.

      3. Алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы немесе алдын ала өтемақы бажын енгізу туралы хабарламада тергеу жүргізетін органның өспелі импорттың және осыған байланысты Тараптар мемлекеттері экономика саласына елеулі залалдың немесе осындай залалды келтіру қаупінің болуы туралы, демпингтік немесе субсидияланатын импорттың және осыған байланысты материалдық залалдың, осындай залал келтіру қаупінің немесе Тараптар мемлекеттері экономика саласын құрудың елеулі баяулауының болуы туралы алдын ала қорытындысының түсіндірмесі, сондай-ақ негізінде алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы немесе алдын ала өтемақы бажын енгізу туралы шешім қабылданған фактілер қамтылуға тиіс.

      Алдын ала демпингке қарсы немесе алдын ала өтемақы бажын енгізу туралы хабарламада мынадай ақпарат:

      1) тергеу объектісі болып табылатын тауар экспорттаушының атауы не егер осындай деректерді келтіру мүмкін болмаса, экспорттаушы шет мемлекеттің атауын;

      2) тергеу объектісі болып табылатын тауардың кедендік ресімдеу мақсаттары үшін жеткілікті сипаттамасын;

      3) демпингтік маржаның көлемі көрсетілген және тауардың қалыпты құны мен оның экспорттық бағасын есептеу және салыстыру әдіснамасын таңдау негіздемесінің сипаттамасы бар демпингтік импорттың болуы туралы оң қорытындының негіздерін (алдын ала демпингке қарсы баж салығын енгізген кезде);

      4) субсидияның болу фактісінің сипаттамасы бар және тауар бірлігіне есептелген субсидия мөлшері көрсетілген субсидияланатын импорттың болуы туралы оң қорытындының негіздерін (алдын ала өтемақы бажын енгізген кезде);

      5) материалдық залалдың, осындай залалды келтіру қаупінің немесе Тараптар мемлекеттері экономика саласын құрудың елеулі баяулауының болуын анықтаудың негіздері;

      6) демпингтік немесе субсидияланатын импорт пен материалдық залалдың, осындай залалды келтіру қаупінің немесе Тараптар мемлекеттері экономикасының саласын құрудың елеулі баяулауының арасындағы себеп-тергеу байланысын анықтаудың негіздерін қамтуға тиіс.

      4. Арнайы қорғау тергеуінің нәтижелері бойынша хабарламада тергеу жүргізетін орган оның иелігіндегі ақпараты талдау негізінде жасаған негізгі қорытындылар қамтылуға тиіс және ол тергеу жүргізетін орган тергеу аяқталған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде, бірақ осы Келісімнің 40-бабының ережелеріне сәйкес Кеден одағы комиссиясының арнайы қорғау шарасын енгізу мен қолдану немесе қайта қарастыру туралы не арнайы қорғау шарасының күшін жою туралы шешімі жарияланған күннен кешіктірмей жариялауы керек.

      5. Нәтижелері бойынша тергеу жүргізген орган демпингке қарсы немесе өтемақы бажын енгізуге негіздің бар екендігі туралы не тиісті міндеттемелерді мақұлдаудың орындылығы туралы қорытынды жасалған тергеудің аяқталғаны туралы хабарлама тергеу аяқталған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде, бірақ Кеден одағы комиссиясының тиісті шешімі жарияланған күннен кешіктірілмей жарияланады және ол:

      1) тергеу жүргізетін органның тергеу нәтижелері туралы соңғы қорытындысының түсіндірмесі;

      2) олардың негізінде осындай қорытынды жасалған фактілерге нұсқамаларды;

      3) осы баптың 3-тармағында көрсетілген ақпаратты;

      4) тергеу объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушылардың және импорттаушылардың тергеу барысында айтылған уәждемелері мен талаптарын қабылдау немесе қабылдамау себептерін көрсетуді;

      5) осы Келісімнің 10-бабының 7-11-тармақтарына сәйкес шешімдер қабылдау себептерін көрсетуді қамтуға тиіс.

      6. Тиісті міндеттемелерді мақұлдауына байланысты тергеуді аяқтау немесе тоқтата тұру туралы хабарлама осындай міндеттемелердің құпия емес нұсқасын қамтуға тиіс.

      7. Осы баптың ережесі тиісті айырмашылықтарды ескере отырып, қайтадан тергеудің басталғаны және аяқталғаны туралы хабарламаларға қолданылады.

      Ескерту. 39-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

40-бап Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолданбау

      1. Тергеудің нәтижелері бойынша Кеден одағының комиссиясы, тіпті егер мұндай шараларды қолдану осы Келісімнің ережелерінде белгіленген өлшемдерге сәйкес келген жағдайда да, осы Келісімде көзделген арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолданбау туралы шешім қабылдауы мүмкін.

      Көрсетілген шешім, егер мұндай шараны қолдану Тараптар мемлекеттерінің мүдделеріне залал келтіруі мүмкін болса және егер осындай шешім қабылдауға негіз болған себептер өзгерген жағдайда қайта қаралуы мүмкін.

      2. Арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолданудың орындылығы туралы қорытынды Тараптар мемлекеттері экономикасының саласы, егер олар осы тауарды өнімді өндірген кезде пайдаланса, тергеу объектісі болып табылатын тауар тұтынушыларының және Тараптардың мемлекеттеріндегі осындай тұтынушылар бірлестіктерінің, егер тауар көбінесе жеке тұлғалардың және осы тауарды импорттаушылардың тұтыну мәні болса, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің, осы тауарлардың импорттаушылардың мүдделерін жиынтық бағалаудың нәтижелеріне негізделуге тиіс. Бұл ретте көрсетілген тұлғаларға осы баптың 3-тармағының ережелеріне сәйкес осы мәселе бойынша өзінің түсініктемелерін ұсыну мүмкіндігі берілгеннен кейін ғана осындай қорытынды жасалады.

      Осындай қорытынды дайындаған кезде өспелі, демпингтік немесе субсидияланатын импорттың сауданың әдеттегі барысына және Тараптар мемлекеттерінің тиісті тауар нарығындағы бәсекелестіктің және Тараптар мемлекеттері экономика саласының жағдайына бұрмалаушы әсерін жою қажеттілігіне ерекше көңіл бөлінуі керек. Осы баптың 1-тармағының ережелерінде көзделген Кеден одағы комиссиясының түпкілікті шешімі тергеу жүргізетін органның мүдделі тұлғалар ұсынған барлық ақпаратты талдау нәтижелері бойынша дайындаған қорытындысы негізінде қабылданады.

      3. Осы баптың 1-тармағының ережелерін қолдану мақсаттары үшін Тараптар мемлекеттеріндегі ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау тергеуін жүргізген кезде) не ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы тергеуін жүргізген кезде) өндірушілер, олардың бірлестіктері, тергеу объектісі болып табылатын тауарды импорттаушылар және импорттаушылар бірлестіктері, егер олар өнімді өндірген кезде мұндай тауарды пайдаланса, Тараптар мемлекеттеріндегі тергеу объектісі болып табылатын тауар тұтынушылар және мұндай тұтынушылардың бірлестіктері, егер тауарды көбінесе жеке тұлғалар тұтыну мәні болса, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері осы Келісімнің 39-бабының 2-тармағына сәйкес жарияланатын хабарламада белгіленген мерзім ішінде осы мәселе бойынша өз түсініктемелері мен ақпаратын ұсынуға құқылы. Тиісті жағдайларда мұндай түсініктемелер мен ақпарат немесе олардың құпия емес нұсқасы осы тармақта көрсетілген өздерінің жауап түсініктемелерін ұсынуға құқылы басқа мүдделі тұлғаларға танысу үшін ұсынылуға тиіс.

      Осы тармақтың ережелеріне сәйкес ұсынылатын ақпарат оның шынайы болуын растайтын объективті фактілер болған жағдайда алынған көзіне қарамастан, назарға алынуы тиіс.

      Кеден одағының комиссиясы осы бап 1-тармағының ережелерінде көзделген шешімді қабылдаған жағдайда тергеу жүргізетін орган негізінде осы шешім қабылданған фактілер мен қорытындыларды көрсете отырып, Кеден одағы комиссиясының арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолданбау туралы шешімін қабылдау себептерінің түсініктемелері қамтылған хабарламаның жариялануын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 40-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

VІ-бөлім. Қорытынды ережелер

41-бап Дауларды шешу

      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар, бірінші кезекте келіссөздер мен консультациялар жүргізу жолымен шешіледі. Егер дау тараптар арасында келіссөздер мен консультациялар жолымен даудың бір тарапы екінші тарапына оларды жүргізу туралы ресми жазбаша өтініш жолдаған күннен бастап 60 күнтізбелік күн ішінде реттелмесе, онда дау тараптары арасында оны шешу тәсіліне қатысты басқа уағдаластық болмаса, даудың кез келген тарапы Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының сотына жүгінуге құқылы.

      Ескерту. 41-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

42-бап Өзгерістер енгізу

      Тараптардың уағдаластықтары бойынша осы Келісімге арнайы хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

43-бап Күшіне ену, қосылу және шығу

      Осы Келісімнің күшіне енуі, оған қосылу және одан шығу тәртібін 2007 жылғы 6 қазанда Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы Хаттама айқындайды.

      Осы Келісімнің 30-бабының 16-тармағы Кеден одағының комиссиясына 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен ережелері туралы келісімге сәйкес бәсекелестіктің бірыңғай ережелерінің сақталуын бақылау бойынша өкілеттілік берілген күннен бастап қолданылады.

      Мәскеу қаласында 2008 жылғы 25 қаңтарда орыс тілінде бір түпнұсқада жасалды.

      Осы Келісімнің түпнұсқалық данасы осы Келісімнің депозитарийі болып табылатын және әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Кеден одағы комиссиясында сақталады.

      Ескерту. 43-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.11.20 № 53-V Заңымен.

Беларусь

Қазақстан

Ресей

Республикасының

Республикасының

Федерациясының

Үкіметі үшін

Үкіметі үшін

Үкіметі үшін

      Мәскеуде 2008 жылғы 25 қаңтарда қол қойылған Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісім мәтіннің түпнұсқасы орыс тіліндегі мәтінге дәлме дәл екенін растаймын.

Қазақстан Республикасы

Индустрия және сауда

министрлігінің Вице-министрі

Е. Мамытбеков

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 259444
    Қазақ тілінде 129657
    Орыс тілінде 128961
    Ағылшын тілінде 826
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы