2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 30 маусымдағы № 215-V ҚРЗ

      2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2013 жылғы 24 желтоқсанда Мәскеуде жасалған хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

2010 ж. 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан
Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы
сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер
енгізу туралы
ХАТТАМА

(2015 жылғы 21 қаңтарда күшіне енді - Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттары бюллетені, 2015 ж., № 2, 13-құжат)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі (бұдан әрі - Тараптар)
      2007 ж. 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шартты басшылыққа ала отырып,
      2010 ж. 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 8-бабына сәйкес,
      Кеден одағына мүше мемлекеттердің Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын құрайтын өзге халықаралық шарттарын ескере отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) Келісімнің 3-бабы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әрі - КО СЭҚ ТН) 27-тобында сыныпталатын, 2014 ж. 1 қаңтардан бастап Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкетілетін мұнай және мұнай өнімдері есепке алу мақсатында Ресей Федерациясында, егер олар Кеден одағының кеден аумағынан тысқары жерлерге әкетілетіндей түрде кедендік декларациялануға жатады.»;
      2) Келісімнің 6-бабының екінші және үшінші абзацтары мынадай мазмұндағы мәтінмен ауыстырылсын:
      «Қазақстан Тарапы 2012 ж. 1 қаңтардан бастап 2013 ж. 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасына әкелінген мұнай өнімдері үшін Ресей Федерациясына мұнайды қарсы жеткізуді жүзеге асырады.
      2012 ж. 1 қаңтардан бастап 2013 ж. 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасына әкелінген мұнай өнімдері үшін Ресей Федерациясына мұнайды қарсы жеткізу тәртібі осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясынан әкелінетін мұнай өнімдері үшін Ресей Федерациясына мұнайды қарсы жеткізу әдістемесімен белгіленеді.
      2014 ж. 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасына жеткізілген мұнай өнімдері үшін Ресей Федерациясына мұнайды қарсы жеткізу жүзеге асырылмайды.»;
      3) Келісім мынадай мазмұндағы 61-баппен толықтырылсын:

«61-бап

      Қоршаған табиғи ортаның қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында 2014 ж. 1 қаңтардан бастап осы Келісімге 2-қосымша болып табылатын тізбеге сәйкес мұнай өнімдерін Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкетуге тыйым салынады. Көрсетілген тізбеге Тараптардың құзыретті органдарының келісуі бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін.
      Қазақстан тарапы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап осы Келісімге 3-қосымша болып табылатын тізбеге сәйкес мұнай өнімдерінің Қазақстан Республикасынан Кеден одағының кеден аумағынан тысқары жерлерге экспортына тыйым салуды қамтамасыз етеді. Көрсетілген тізбеге Тараптардың кұзыретті органдарының келісуі бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін.
      Қазақстан тарапы 2014 ж. 31 желтоқсанға дейін осы Келісімге 3-қосымшада көрсетілген мұнай өнімдеріне кедендік әкету баждарының мөлшерлемелерін көрсетілген мұнай өнімдеріне Ресей Федерациясында белгіленген кедендік әкету мөлшерлемелерінен төмен емес мөлшерде белгілеуді қамтамасыз етеді.»;
      4) 8-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Келісім 2015 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады. Осы Келісімнің қолданысын ұзарту туралы шешім осы Келісімге хаттамалармен ресімделеді.»;
      5) Келісімге қосымшаға «1» реттік нөмірі берілсін;
      6) Келісім мынадай мазмұндағы 2 және 3-қосымшалармен толықтырылсын:

«2010 ж. 9 желтоқсандағы    
Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Ресей Федерациясының Үкіметі
арасындағы Қазақстан Республикасына
мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу
саласындағы сауда-экономикалық 
ынтымақтастық туралы келісімге 
2-ҚОСЫМША           

Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкетуге тыйым
салынған мұнай өнімдерінің
ТІЗБЕСІ

КО СЭҚ ТН* коды

Позицияның атауы

2710 19 480-2710 19 680

ауыр дистилляттар

2710 20 310-2710 20 390

2710 19 510 1

мазуттар

2710 19 550 1

2710 19 620 1

2710 19 640 1

2710 19 660 1

2710 19 680 1

2710 20 310 1

2710 20 350 1

2710 20 370 1

2710 20 390 1

2710 91 000 0

өңделген мұнай өнімдері

2710 99 000 0

2712

вазелин және парафиндер

2710 19 710 0

жағар майлар, өзге майлар

2710 19 750 0

2710 19 920 0

2710 19 980 0

2902 20 000 0

бензол

2902 30 000 0

толуол

2902 41 000 0 - 2902 44 000 0

ксилолдар

2713 20 000 0

мұнайлық битум

2713 90 900 0

мұнай немесе мұнай өнімдерін қайта өңдеуден қалған, битуминозды жыныстардан алынған (жылына 280 мың тоннаға дейінгі көлемдегі мұнайлық гудроннан басқа) өзге қалдықтар

____________________
*Осы қосымшаны қолдану мақсаттары үшін тауарлар тек КО СЭҚ ТН кодтарымен ғана айқындалады. Позициялардың атауы пайдалануда қолайлы болу үшін ғана келтірілді.

«2010 ж. 9 желтоқсандағы     
Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Ресей Федерациясының Үкіметі
арасындағы Қазақстан Республикасына
мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу
саласындағы сауда-экономикалық 
ынтымақтастық туралы келісімге 
3-ҚОСЫМША           

Қазақстан Республикасынан Кеден одағының кеден аумағынан
тысқары жерлерге экспортына тыйым салынған мұнай өнімдерінің
ТІЗБЕСІ

КО СЭҚ ТН* коды

Позицияның атауы

2710 12 110 0 - 2710 12 250

тура айдалатын бензиндер

2710 12 900 9

2710 20 900 0-ден

2710 12 900 1

пропиленнің тримерлері мен тетрамерлері

2710 12 310 0

жеңіл дистилляттар;

2710 12 700 0

орташа дистилляттар;

2710 19 110 0 - 2710 19 460 0

дизель отыны;

2710 20 110 0 - 2710 20 190 0,

газойлдар

2710 20 900 0-ден

2710 12 410 0 - 2710 12 590 0,

тауарлық бензиндер

2710 20 900 0-ден

2710 19 820 0

мотор майлары

2710 19 860 0

ақшырайлы майлар

2710 19 880 0

тегершік үшін майлар

2710 19 840 0

гидравликалық мақсаттарға арналған сұйықтар

2710 19 940 0

электр изоляциялық майлар

___________________________
*Осы қосымшаны қолдану мақсаттары үшін тауарлар тек КО СЭҚ ТН кодтарымен ғана айқындалады. Позициялардың атауы пайдалануда қолайлы болу үшін ғана келтірілді.».

2-бап

      Осы Хаттама Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.
      Келісімнің осы Хаттама арқылы өзгертілетін ережелері 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап уақытша түрде қолданылады.

      2013 жылғы "24" желтоқсанда Мәскеу қаласында әрқайсысы орыс және қазақ тілдерінде екі данада жасалды.

      Қазақстан Республикасының             Ресей Федерациясының
             Үкіметі үшін                       Үкіметі үшін

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 275102
    Қазақ тілінде 137206
    Орыс тілінде 136888
    Ағылшын тілінде 1008
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы