Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы Қазақстан Республикасында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 31-VІ ҚРЗ.

      БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ

      2015 жылғы 27 тамызда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы Қазақстан Республикасында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Төмен байытылған уран банкін құру туралы келісім ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н.Назарбаев

Қазақстан Реcпубликасының Үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі
халықаралық агенттік арасындағы Қазақстан Республикасында Атом
энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Төмен байытылған
уран банкін құру туралы келісім

      (2017 жылғы 31 қаңтарда күшіне енген - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2017 ж., № 1, 14-құжат)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі "Қазақстан" деп аталатын) және Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (бұдан әрі "МАГАТЭ" деп аталатын) бұдан әрі бірлесіп "Тараптар", ал жеке алғанда - "Тарап" деп аталатын;

      МАГАТЭ өз Жарғысына сәйкес бүкіл әлемде атом энергиясын бейбіт мақсатта дамытуға және іс жүзінде қолдануға жағдай жасауға және жәрдемдесуге және МАГАТЭ Жарғысының ережелеріне сәйкес оны пайдалану үшін МАГАТЭ-ге мүше мемлекеттерге ядролық материалды жеткізу туралы уағдаласуға уәкілетті екенін;

      МАГАТЭ Басқарушылар кеңесінің (бұдан әрі "Басқарушылар кеңесі" деп аталатын) атап айтқанда "Кепілдік берілген жеткізілімдерді қамтамасыз ету: мүше мемлекеттерге ТБУ жеткізу үшін МАГАТЭ төмен байытылған уран банкін (ТБУ) құру" 2010 жылғы 26 қарашадағы GOV/2010/67 құжатында қамтылған, ұсынылып отырған шешімдер қабылданған 2010 жылғы 3 желтоқсандағы "Ядролық отынды кепілдік беріп жеткізу" GOV/2010/70 қарарын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;

      Қазақстан бұл жөнінде МАГАТЭ іс-қимылын қолдауды қалайтынын және осыған байланысты МАГАТЭ "Кепілдік берілген жеткізілімдерді қамтамасыз ету: МАГАТЭ төмен байытылған уран банкі. Қабылдаушы мемлекеттің таңдауы" 2011 жылғы 31 мамырдағы GOV/INF/2011/7 құжатында, сондай-ақ Басқарушылар кеңесінің 2010 жылғы 26 қарашадағы GOV/2010/67 және 2010 жылғы 3 желтоқсандағы GOV/2010/70 құжаттарында баяндалған талаптарға сәйкес МАГАТЭ ТБУ банкі үшін қабылдаушы мемлекет болуға мүдделілік білдіргенін НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;

      Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы келісімнің (INFCIRC/9/Rev.2) тарапы болып табылатынын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;

      Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа байланысты кепілдіктерді қолдану туралы келісімге (INFCIRC/504) (бұдан әрі "Кепілдіктер туралы келісім" деп аталатын) 1994 жылғы 26 шілдеде қол қойылғанын және 1995 жылғы 11 тамызда күшіне енгенін, ал оған Қосымша хаттамаға (INFCIRC/504/Add.1) 2004 жылғы 6 ақпанда қол қойылғанын және 2007 жылғы 9 мамырда күшіне енгенін (бұдан әрі "Қосымша хаттама" деп аталатын) НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;

      Қазақстан Республикасы Ядролық залал үшін азаматтық жауаптылық туралы Вена конвенциясының (INFCIRC/500) және Ядролық залал үшін азаматтық жауаптылық туралы Вена конвенциясына түзетулер енгізу туралы хаттаманың (INFCIRC/566) тарапы болып табылатынын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;

      төмендегілер туралы келісті:

І бап
АНЫҚТАМАЛАР

      Осы Келісімде төменде келтірілген терминдердің мағынасы мынадай:

      а. "құзыретті органдар" Қазақстан Республикасының заңнамасының түпмәтінінде және оған сәйкес құзыретті болып табылатын Қазақстан орталық немесе жергілікті органдарын білдіреді;

      b. "МАГАТЭ мұрағаттары" МАГАТЭ-ге тиесілі немесе МАГАТЭ иелігіндегі МАГАТЭ ТБУ банкінің жұмыс істеуіне байланысты барлық есептерді, хат-хабарды, құжаттарды, қолжазбаларды, компьютерлік және мультимедиялық деректерді, фотосуреттерді, кинофильмдерді бейне және дыбыс жазуларды, сондай-ақ Тараптар арасындағы уағдаластық бойынша МАГАТЭ мұрағаттарына жататын кез келген басқа материалдарды білдіреді;

      с. "Бас директор" МАГАТЭ бас директорын немесе оның атынан әрекет етуге уәкілетті кез келген лауазымды адамды білдіреді;

      d. "Қондырғы операторы" МАГАТЭ ТБУ қоймасын пайдаланумен айналысатын және осы ретте Қазақстанмен консультацияда МАГАТЭ мен Қондырғы операторы арасында жасалатын техникалық келісімге сәйкес (бұдан әрі "Қондырғы операторының көрсетілетін қызметтері туралы техникалық келісім" деп аталатын) МАГАТЭ-ге қызметтер көрсететін заңды тұлғаны білдіреді;

      е. "МАГАТЭ ТБУ банкінің жұмыс істеуі" МАГАТЭ ТБУ және МАГАТЭ басқа мүлкін алуды, тиеуді, түсіруді және Қондырғы операторының алаңына жайғастыруды және сақтауды, МАГАТЭ ТБУ үшін цилиндрлер өлшеуді және олардан сынамалар алуды, ядролық материалды есепке алуды, ядролық қауіпсіздік пен физикалық ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, МАГАТЭ ТБУ тасымалдауды, жөнелтуге, импортқа және экспортқа дайындауды және МАГАТЭ ТБУ банкінің орын ауыстыруын және осымен байланысты есеп, инспекциялар, есептілік жүргізудің, тәуекел менеджментінің және қызмет көрсетудің барлық операцияларын қамтитын, Тараптармен келісілген қызметті білдіреді;

      f. "МАГАТЭ ТБУ" МАГАТЭ ТБУ банкінің жұмыс істеуімен байланысты МАГАТЭ-ге тиесілі U-235 бойынша 4,95% дейін қоса алғанда, нақтылы байытылған уран гексафториді (UF6) түріндегі төмен байытылған уранды білдіреді;

      g. "МАГАТЭ ТБУ банкі" МАГАТЭ ТБУ қоймасындағы 30В типіндегі немесе неғұрлым кеш модификациядағы ең көп көлемі 60 (алпысқа) дейінгі толық цилиндр болатын МАГАТЭ ТБУ нақты қорын білдіреді;

      h. "МАГАТЭ ТБУ-ға арналған цилиндрлер" тасымалдау мен сақтау мақсатында МАГАТЭ ТБУ ыдысқа салуға арналған МАГАТЭ-ге тиесілі цилиндрлерді білдіреді;

      і. "МАГАТЭ ТБУ қоймасы" Қондырғы операторының көрсететін қызметтері туралы техникалық келісімде сипатталғандай Қазақстан МАГАТЭ-ге берген МАГАТЭ-нің ерекше пайдалануына және МАГАТЭ ТБУ банкі тұрған жердегі Қондырғы операторының алаңында (бұдан әрі "Қондырғы операторының алаңы" деп аталатын) орналасқан қойма үй-жайын білдіреді;

      j. "МАГАТЭ мүлкі" МАГАТЭ ТБУ-ды, МАГАТЭ ТБУ-ға арналған цилиндрлерді, сондай-ақ МАГАТЭ-ге тиесілі немесе өзінің жарғылық функцияларын және осы Келісімді орындаған кезде МАГАТЭ иелігіндегі не басқаруындағы ақша қаражатын және өзге де активтерді және МАГАТЭ-нің барлық кірістерін қоса алғанда, МАГАТЭ-нің барлық мүлкін білдіреді;

      k. "МАГАТЭ өкілдігі" осы Келісімнің мақсаты үшін МАГАТЭ-нің Қазақстан Республикасында құрылған кеңсесін білдіреді және МАГАТЭ ол туралы Қазақстанды хабардар етеді;

      l. "МАГАТЭ өкілі" Қазақстан Республикасында МАГАТЭ-ні білдіретін, МАГАТЭ-нің лауазымды тұлғасын немесе МАГАТЭ тағайындаған басқа тұлғаны білдіреді және МАГАТЭ ол туралы Қазақстанды хабардар етеді;

      m. "Қазақстан заңнамасы" белгіленген тәртіппен қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білдіреді;

      n. "МАГАТЭ-нің лауазымды адамдары" жергілікті жерде сағат бойынша ақы төлеу шартымен жалданған адамдарды қоспағанда, МАГАТЭ-нің Бас директоры мен барлық қызметкерлерін білдіреді.

II бап МАГАТЭ ТБУ БАНКІ

      1. Осы Келісімге сәйкес МАГАТЭ Қазақстан Республикасында МАГАТЭ ТБУ банкін құрады.

      2. а. МАГАТЭ мынадай шығыстарды:

      і) осы баптың 2-тармағының b. тармақшасында көзделген шығыстарға қатысты Қазақстанның міндеттемелеріне залал келтірмей, МАГАТЭ ТБУ-ды, жабдықты, техникалық құралдарды және МАГАТЭ ТБУ банкін құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету мен қызмет көрсету үшін қажетті кез келген басқа тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстарды көтереді. Олар байланысты қолдауға шығыстарды және мониторинг үшін жабдықты пайдаланумен МАГАТЭ ТБУ банкінің жұмыс істеуі кезеңіндегі МАГАТЭ ерекше талаптарына және МАГАТЭ ТБУ арналған цилиндрлермен жұмыс істеуге немесе оларды инспекциялауға қатысты МАГАТЭ талаптарымен байланысты талаптар сияқты негізделген өзге де шығыстарды көтереді;

      іі) МАГАТЭ ТБУ-дың, МАГАТЭ ТБУ арналған бос цилиндрлердің және МАГАТЭ ТБУ жойылмайтын қалдықтары бар цилиндрлердің импортына және экспортына байланысты барлық шығыстарды қоса алғанда, осы баптың 2-тармағының b (iv) тармақшасына сәйкес МАГАТЭ ТБУ банкінің орын ауыстыруына байланысты шығыстарды қоспағанда, МАГАТЭ ТБУ қоймасына және кері МАГАТЭ ТБУ-ды жеткізуге арналған шығыстарды көтереді. Осы тармақшада санамаланған шығыстар көлік құжаттарын дайындауға, МАГАТЭ ТБУ-ды Қондырғы операторының алаңында орын ауыстыруға, қайта конденсаттауға, гомогендеуге, сынамаларды іріктеуге және МАГАТЭ ТБУ-ды талдауға тікелей байланысты шығыстарды қамтиды;

      ііі) МАГАТЭ беретін персоналға жұмсалатын шығыстарды, МАГАТЭ кеңестерін ұйымдастыруға арналған шығыстарды және МАГАТЭ ішінде ақпарат таратуға арналған шығыстарды қоса алғанда, МАГАТЭ ТБУ банкінің жұмыс істеуі мен қызмет көрсетуін қамтамасыз етумен байланысты және МАГАТЭ көтеретін үстеме шығыстарды;

      іv) МАГАТЭ ТБУ банкін құруға, оның жұмыс істеуімен және қызмет көрсетуін қамтамасыз етумен байланысты МАГАТЭ-ден өндіріліп алынатын және олардан МАГАТЭ осы Келісімнің VI бабына сәйкес босатылмайтын салықтарды, алымдар мен баждарды төлеу жөніндегі шығыстарды;

      v) осы баптың 2-тармағының b. (і) тармақшасында айтылған, сақтағаны үшін шығыстар есебіне жыл сайын бір еуро;

      vі) мүлікті, оның ішінде МАГАТЭ мүлкін әкетуді және/немесе кәдеге жаратуды қоса алғанда, МАГАТЭ өтініші бойынша МАГАТЭ ТБУ банкінің Қазақстан Республикасының шегінде орын ауыстыруына байланысты шығыстарды;

      vіі) осы баптың 2-тармағының b. (іv) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, МАГАТЭ осы Келісімнің ережелерін бұзған жағдайда осы Келісімнің XIX бабының 3-тармағына немесе 4-тармағының а. тармақшасына не осы Келісімнің XIX бабының 4-тармағының b. тармақшасына сәйкес осы Келісімнің мерзімінің өтуіне немесе қолданылуы тоқтатылғанына орай МАГАТЭ ТБУ банкінің Қазақстан Республикасының шегінен тыс орын ауыстыруына байланысты шығыстарды;

      vііі) Кепілдіктер туралы келісімге және Қосымша хаттамаға сәйкес МАГАТЭ ТБУ банкіне қатысты кепілдіктерді қолдану жөніндегі міндеттемелерді МАГАТЭ-нің орындауына байланысты шығыстарды;

      іх) МАГАТЭ өтейтін ретінде осы Келісімде тікелей көзделетін өзге де шығыстарды көтереді.

      b. Қазақстан мынадай шығыстарды:

      i) Осы баптың 2-тармағының а.(v) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, қажетті қызметтік үй-жайларды, электрмен жабдықтау, жылыту төлемақысын және персоналға жұмсалатын шығыстарды қоса алғанда, МАГАТЭ ТБУ банкінің жұмыс істеуіне байланысты Қазақстан немесе оның мекемелері беретін МАГАТЭ ТБУ сақтауға тікелей қатысты барлық шығыстарды;

      іі) осы Келісімді орындау үшін Қазақстан заңнамасына сәйкес Қазақстан жүзеге асыратын қызметпен байланысты шығыстарды;

      ііі) мүлікті, оның ішінде МАГАТЭ мүлкін әкетуді және/немесе кәдеге жаратуды қоса алғанда, Қазақстанның өтініші бойынша МАГАТЭ ТБУ банкін Қазақстан Республикасының шегінде орын ауыстыруына байланысты шығыстарды;

      іv) осы баптың 2-тармағының а. (vіі) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, МАГАТЭ ТБУ банкінің орын ауыстыруына алып келетін осы Келісімнің ережелерін Қазақстанның бұзуы салдарынан осы Келісімнің XIX бабының 4-тармағының b. тармақшасына сәйкес осы Келісім қолданылуының тоқтатылғанына орай МАГАТЭ ТБУ банкінің Қазақстан Республикасының шегінен тыс орын ауыстыруына байланысты шығыстарды;

      v) Кепілдіктер туралы келісімге және Қосымша хаттамаға сәйкес МАГАТЭ ТБУ банкіне қатысты кепілдіктерді қолдану жөніндегі Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындауға байланысты шығыстарды;

      vі) Қазақстан өтейтін ретінде осы Келісімде тікелей көзделетін өзге де шығыстарды көтереді.

      3. Қазақстан МАГАТЭ иелігінде осы Келісімге сәйкес МАГАТЭ ТБУ банкінің жұмыс істеуіне байланысты қызметтер көрсетуге Қазақстан заңнамасының негізінде берілген лицензиясы бар Қондырғы операторының тұрақты түрде болуы үшін қажетті қызметтерді көрсетуге қойылатын талаптарға сай келетін білікті персоналмен қамтамасыз етеді.

      4. Қазақстан құзыретті органдар бекіткен Қондырғы операторының алаңы бойынша жобалық құжаттамаға сәйкес келетін және МАГАТЭ ТБУ банкінің жұмыс істеуі мақсаты үшін МАГАТЭ талап ете алатын толық жұмыс күйінде ұсталатын жабдық және техникалық құралдар МАГАТЭ үшін үнемі қолжетімді болуды қамтамасыз етеді. Осы баптың 2-тармағын ескере отырып, осындай жабдық пен техникалық құралдарды беру шарттары Қондырғы операторының көрсететін қызметтері туралы техникалық келісімде МАГАТЭ-мен және Қондырғы операторымен келісіледі.

      5. Осы Келісімнің IX бабының 1-тармағында аталатын адамдар осы Келісімнің XIV бабында көзделген қажетті қауіпсіздік және физикалық қауіпсіздік талаптары сақталған жағдайда, МАГАТЭ ТБУ банкінің жұмыс істеуіне байланысты қажетті МАГАТЭ ТБУ банкіне, МАГАТЭ ТБУ қоймасына, жабдықты қоса алғанда, МАГАТЭ мүлкіне, МАГАТЭ мұрағаттарына, Қондырғы операторы алаңының бөліктеріне үнемі кедергісіз қолжетімділік немесе МАГАТЭ ТБУ банкінің жұмыс істеуіне байланысты қажетті кез келген басқа да қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Қазақстан өз қалауы бойынша осындай адамдармен ілесіп жүру салу құқығын өзінде қалдырады. Егер МАГАТЭ бұл қажет деп есептесе, МАГАТЭ өзінің осындай мүлкін құлыптармен және мөрлермен қорғау құқығын өзіне қалдырады.

      6. Тараптар осы Келісімнің XVII бабының 1-тармағына сәйкес МАГАТЭ ТБУ банкінің Қазақстан Республикасының шегіндегі басқа алаңға орын ауыстыруын келісуі мүмкін.

      7. Осы Келісімнің VI бабының 4-тармағы және XIV бабының 2-тармағы сақталған жағдайда Қазақстан МАГАТЭ ТБУ банкінің жұмыс істеуіне арналған осы Келісім бойынша МАГАТЭ-нің кез келген мүлкін сақтау және оның орын ауыстыруы үшін ешқандай кедергі жасамайды және ешқандай шектеулер белгілемейді. Қазақстан өзі арқылы немесе өзінен МАГАТЭ ТБУ, МАГАТЭ ТБУ-ға арналған цилиндрлердің және МАГАТЭ ТБУ банкінің жұмыс істеуіне байланысты МАГАТЭ-нің кез келген басқа мүлкінің Қазақстан Республикасына орын ауыстыруына байланысты рәсімдердің мүмкіндігінше қысқа мерзімде орындалуын қамтамасыз етеді.

ІІІ бап
МАГАТЭ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ

      Қазақстан МАГАТЭ-нің құқық субъектілігін, және атап айтқанда: а) келісімшарттар жасасуға; b) жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алуға және осындайларға ие болу; с) сот істерін қозғауға оның құқықтық қабілеттілігін мойындайды.

IV бап ҚОЛ СҰҒЫЛМАУШЫЛЫҚ

      1. Қазақстан МАГАТЭ-нің МАГАТЭ өкілдігіне юрисдикциясы мен бақылауын мойындайды. МАГАТЭ ТБУ және МАГАТЭ ТБУ банкі МАГАТЭ-нің ресми заңды иелігінде және оның бақылауында болады.

      2. МАГАТЭ ТБУ банкіне және МАГАТЭ өкілдігінің шегінде, осы Келісімде арнайы айтылғандарды қоспағанда, барлық жағдайларда Қазақстан заңнамасы қолданылады.

      3. Осы Келісімде арнайы айтылғандарды қоспағанда, барлық жағдайларда МАГАТЭ өкілдігінің шегінде немесе МАГАТЭ ТБУ банкіне байланысты жасалатын әрекеттер мен мәмілелерге Қазақстанның қолданыстағы заңнамасында көзделгендей соттардың немесе басқа да құзыретті органдардың юрисдикциясы қолданылады.

      4. а. МАГАТЭ және МАГАТЭ мүлкі қайда және кімнің иелігінде болса да сот араласуының кез келген нысанынан иммунитетті пайдаланады, тек МАГАТЭ қандай да бір жеке жағдайда иммунитеттен ашық бас тартқанда, бұл ретте иммунитеттен ешбір бас тарту сот шешімдерін орындау шараларына қолданылмайды.

      b. МАГАТЭ мүлкі қайда және кімнің иелігінде болса да атқарушылық, әкімшілік, сот немесе заңнамалық болса да әрекеттер арқылы тінтуге, реквизициялауға, тәркілеуге, экспроприяциалауға және араласудың кез келген басқа нысанына жатпайды.

      5. МАГАТЭ ТБУ банкі, МАГАТЭ ТБУ және МАГАТЭ өкілдігі қол сұғылмаушылыққа ие, Қазақстан немесе Қондырғы операторы өкілдерінің немесе кез келген басқа тұлғалардың Бас директордың келісімінсіз және ол бекіткен шарттарда МАГАТЭ ТБУ банкіне, МАГАТЭ ТБУ-ға қол жетімділігі болмауға немесе МАГАТЭ өкілдігіне қандайда бір қызметті жүзеге асыру үшін кірмеуге тиіс.

      Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, Бас директордың МАГАТЭ ТБУ банкіне және МАГАТЭ ТБУ-ға қол жеткізуге келісімі мыналарға:

      а. Қазақстан осы Келісімнің XIV бабына сәйкес реттеуші инспекциялық бақылау бойынша өзінің міндеттерін орындау үшін МАГАТЭ ТБУ банкімен немесе МАГАТЭ ТБУ-мен байланыста жүзеге асыратын қызметке;

      b. Қондырғы операторы өзінің Қондырғы операторының көрсететін қызметтері туралы Техникалық келісім бойынша міндеттерін орындау үшін МАГАТЭ ТБУ банкімен немесе МАГАТЭ ТБУ-мен байланыста жүзеге асыратын қызметке;

      с. Қазақстан шұғыл шаралар қабылдауды қажет ететін авариялық жағдайлар немесе қауіп-қатер, немесе олардың пайда болу қатері туындаған жағдайда жүзеге асыратын қызметке қатысты талап етілмейді.

      Қазақстан осы тармақтың а.-с. тармақшаларында сипатталған қызметті жүзеге асыру үшін МАГАТЭ ТБУ банкіне немесе МАГАТЭ ТБУ-ға кез келген осындай кіруді Қондырғы операторының мүмкіндігінше қысқа мерзімде тіркеуін және МАГАТЭ-ге хабарлауын қамтамасыз етеді.

      6. Қазақстан тек қана осы баптың 5-тармағының а.-с. тармақшаларында сипатталған қызметтерді жүзеге асыру үшін МАГАТЭ ТБУ қоймасына кіруге рұқсат береді. Қазақстан Қондырғы операторы барлық осындай кіру және қызмет жағдайларына тіркеу жүргізуін және МАГАТЭ өтінішін алған соң мүмкіндігінше қысқа мерзімде осы МАГАТЭ деректерін беруін қамтамасыз етеді.

      7. Жеке мүлікке тыйым салуды қоса алғанда, сот шешімдерін орындау, МАГАТЭ өкілдігінің шегінде Бас директордың тікелей келісімімен және ол бекіткен шарттарда болуы мүмкін емес.

      8. МАГАТЭ ТБУ банкі, МАГАТЭ ТБУ қоймасы және МАГАТЭ өкілдігі осы Келісімде тікелей көзделгендіктен МАГАТЭ ТБУ банкінің жұмыс істеу мақсаты үшін ғана пайдаланылуы мүмкін. МАГАТЭ, МАГАТЭ өкілдігін Қазақстан заңнамасының негізінде тыйым салудан жалтаратын, Қазақстан басқа елге беру үшін талап ететін немесе сот шешімін орындаудан жалтаруға тырысатын адамдардың баспанасы ретінде пайдалануға жол бермейді.

      9. МАГАТЭ мұрағаттарына қай жерде болса да қол сұғылмайды.

V бап ҚАРЖЫЛЫҚ ЖЕҢІЛДІКТЕР

      1. Қаржылық бақылаумен, қағидалармен немесе мароторийдің қандай түрімен болса да шектелмеген, МАГАТЭ:

      а. ақша қаражаты, алтын немесе кез келген түрдегі валюта болады және кез келген валютада операция жүргізе алады;

      b. өзінің ақша қаражатын, алтынын немесе валютасын бір елден екіншісіне немесе кез келген елдің шегінде еркін аударады және өзінің иелігіндегі кез келген валютаны кез келген басқа валютаға айналдыра алады.

      2. МАГАТЭ осы баптың 1-тармағына сәйкес өзінің құқықтарын жүзеге асыра отырып, Қазақстанның ұсыныстарына осындай ұсыныстарды МАГАТЭ мүддесіне нұқсан келтірмей жүзеге асырылатындай шамада тиісінше көңіл аударады.

VI бап САЛЫҚТАРДАН, АЛЫМДАРДАН, БАЖДАРДАН, ТЫЙЫМ САЛУЛАР МЕН ШЕКТЕУЛЕРДЕН БОСАТУ

      1. МАГАТЭ және МАГАТЭ мүлкі барлық салық салу түрлерінен босатылады, алайда салықтардан осындай босату болған жағдайда МАГАТЭ иелігіндегі немесе басқаруындағы және пайдалануындағы мүліктердің меншік иелеріне, немесе оған осындайларды жалға беретін басқа да адамдарға қолданылмайды. Бұдан басқа, МАГАТЭ іс жүзінде коммуналдық қызметтердің төлемі ғана болып табылатын салықтардан босатуды талап етпейді деп тұспалданады.

      2. МАГАТЭ МАГАТЭ сатып алатын тауарлар мен МАГАТЭ көрсететін қызметтер құнының бір бөлігін құрайтын жанама салықтардан босатылмайды. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан Қазақстан МАГАТЭ өкілдігі арқылы Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерге қатысты қолданылатын өтеу тәртібіне сәйкес біржолғы сомаларды кемінде жылына бір рет төлеумен қосылған құн салығын МАГАТЭ-ге өтейді.

      3. Мәмілелерді жүзеге асыру және МАГАТЭ ТБУ банкінің жұмыс істеуімен байланысты құжаттарды орындау кезінде МАГАТЭ барлық тіркеу алымдарынан және мемлекеттік баж алымдарынан босатылады.

      4. Осы Келісімге байланысты МАГАТЭ әкелетін немесе әкететін МАГАТЭ мүлкі кедендік алымдар мен баждардан, импорттық және экспорттық тыйым салулар мен шектеулерден босатылады. МАГАТЭ жоғарыда айтылғандарға залал келтірместен Қазақстанға МАГАТЭ мүлкінің кез келген әкелімі немесе әкетіліміне дейін кемінде 90 (тоқсан) күнтізбелік күн ішінде әкелімге немесе әкетілімге жататын МАГАТЭ мүлкінің тізбесін ұсынады. Мұндай ақпарат орыс тілінде ұсынылады және Тауарларды сипаттау мен оларға код белгілеудің үйлестірілген жүйесіне (алты таңбалы кодтарына) сәйкес олардың кодтары көрсетілген тауарлардың дәл атауын қамтитын болады. МАГАТЭ мүлкін әкелгенге немесе әкеткенге дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде МАГАТЭ тасымалдау әдістері мен әкелу және/немесе әкету пункттері туралы ақпаратты Қазақстанға ұсынатын болады.

      5. Осы баптың 1, 2 және 4-тармақтарында жазылған жағдайларда МАГАТЭ әкелетін немесе сатып алатын МАГАТЭ мүлкі, егер Қазақстан өзгеше келісім бермесе Қазақстан Республикасында сатуға, жалға беруге немесе басқаша жолмен иеліктен айыруға жатпайды.

VII бап МАГАТЭ ТБУ БАНКІНІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

      1. Құзыретті органдар Бас директордың негізді өтініші шегінде өздерінің МАГАТЭ ТБУ қоймасын және МАГАТЭ өкілдігін Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне ұсынылатын, МАГАТЭ өкілдігі үшін тиісті ең төмен мөлшерлемеден аспайтын мөлшерлеме бойынша қажетті көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету бойынша өкілеттіктерін жүзеге асырады. Осындай көрсетілетін қызметтер авариялық ден қою саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, электр және сумен жабдықтауды, канализацияны, пошта байланысын, телефон байланысына сенімді тұрақты қосуды және жоғары жылдамдықты Интернетке қосуды, жерсеріктік байланыс арнасына кедергісіз қол жеткізуді, тиісті көлік инфрақұрылымын, сарқынды суларды жоюды, қоқыс шығаруды, өртке қарсы қорғануды, кірме жолдарды қардан тазартуды және қауіпсіздік пен күзетті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді қамтиды. МАГАТЭ ақылға қонымды шекте осыған байланысты жәрдем көрсетеді.

      2. Қызмет көрсетуде қандай да болмасын кідіріс немесе кідіріс қаупі болған жағдайда құзыретті органдар Қазақстанның маңызды үкіметтік мекемелерінің қажеттілігі сияқты сондай маңызы бар МАГАТЭ қажеттілігін мойындайды және МАГАТЭ ТБУ банкіне байланысты МАГАТЭ жұмысына зиян келтірмеу үшін шаралар қабылдайды.

      3. Осы Келісімнің IV бабының 5-тармағын сақтаған жағдайда Бас директор өтініштер түскен кезде тиісті қызмет көрсетуші ұйымдардың уәкілетті өкілдеріне МАГАТЭ өкілдігінің немесе онымен байланыстылардың шегінде, бұл себепсіз оның жұмыс істеуін бұзбауы үшін қондырғыларды, құбырларды, магистральдарды және канализациялық құбырларды қарап шығу, жөндеу, дұрыс ұстау, қайта істеу және ауыстыру мүмкіндігін беру үшін тиісті шаралар қабылдайды.

VIII бап БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ КӨЛІК

      1. МАГАТЭ өзінің ресми байланыстары үшін Қазақстан қатысушысы болып табылатын кез келген халықаралық конвенциялардың, қаулылар мен уағдаластықтардың ережелері шегінде пошталық жөнелтімдерге, каблограммаларға, жеделхаттарға, радиограммаларға, фототелеграфтық хабарламаларға, теледидарға, телефонға, Интернетке және басқа да байланыс құралдарына артықшылықтар мен тарифтерге, сондай-ақ баспасөз бен радиоға ақпарат беру кезінде баспасөз үшін белгіленген тарифтерге қатысты осындай басқа үкіметтің дипломатиялық өкілдігін қоса алғанда, Қазақстан кез келген басқа ұйымға немесе үкіметке беретінінен қолайлылығы кем емес режимді пайдаланады.

      2. МАГАТЭ-нің өзінің қызметтік мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының теміржол көлігі құралдарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелеріне берілетін тиісті ең төмен тарифтерден аспайтын тарифтер бойынша пайдалану құқығы бар.

      3. МАГАТЭ-ге немесе оның кез келген лауазымды адамдарына жіберілетін барлық ресми хабарламалар және МАГАТЭ-нің барлық шығатын ресми хабарламалары қандай құралдармен және қандай түрде берілмесін цензурадан немесе жолдан ұстап алудың кез келген түрлерінен немесе олардың құпиясын бұзудан иммунитетті пайдаланады.

      4. МАГАТЭ шифрді пайдалануға және дипломатиялық курьерлер мен дипломатиялық вализаларға қолданылатын артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланатын курьер немесе мөр басылған вализалар арқылы хат-хабарды және басқа да ресми хабарларды алуға және жөнелтуге құқылы.

IX бап КЕЛУ ЖӘНЕ КЕТУ

      1. Қазақстан Қазақстан Республикасының аумағына келуді және онда болуды жеңілдету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды және осы Келісімде көзделген функцияларды орындау мақсатында төменде тізбеленген адамдардың:

      а. МАГАТЭ-нің лауазымды адамдарының;

      b. Біріккен Ұлттар Ұйымының немесе МАГАТЭ Жарғысының ХVІ.А бабын орындау үшін онымен қарым-қатынас орнатқан кез келген басқа ұйымның МАГАТЭ ТБУ банкісіне байланысты МАГАТЭ-мен қызметтік істері бар лауазымды адамдарының;

      с. МАГАТЭ-нің лауазымды адамдары болып табылмайтын, бірақ МАГАТЭ атынан өкілеттіктер бойынша МАГАТЭ ТБУ банкісімен байланысты миссияларды орындайтын сарапшылардың Қазақстан Республикасының аумағынан кетуіне кедергі жасамайды.

      2. Осы баптың 1-тармағында аталатын және виза талап етілуі мүмкін адамдарға бір реттік виза немесе МАГАТЭ-нің өтініші бойынша бір жылға дейін немесе одан да көп мерзімге келуді және кетуді қарастыратын көп реттік виза беріледі. Визалар барынша жылдам және тегін беріледі.

      3. Осы баптың 1-тармағында көзделгендей, МАГАТЭ-мен жұмыс бойынша байланысты осы бапта аталатын адамдардың ешқандай қызметті әрекеті олардың Қазақстан Республикасының аумағына келуіне, одан шығуына жол бермеу үшін және олардың Қазақстан Республикасының аумағын тастап кетуін талап ету үшін негіз бола алмайды. Осы Келісімде арнайы ескертілгендерді қоспағанда, барлық жағдайларда Қазақстан осы баптың 1-тармағында айтылатын адамдардың Қазақстан Республикасына келуін, сондай-ақ сондай адамдардың елдің шегінде одан әрі болуы немесе тұруы жағдайларын толық бақылайды және реттейді.

      4. Осы бап құзыретті органдардың тарапынан осы бапта берілетін құқықтарға талаптанатын адамдар осы баптың 1-тармағында айтылатын санаттарға жататынына жеткілікті дәлелдеме талап етуге кедергі келтірмейді; ол карантиндік және санитариялық-гигиеналық қағидаларды қолдануға да кедергі келтірмейді.

      5. МАГАТЭ инспекторларының кепілдіктер бойынша Қазақстан Республикасына кіру жағдайларын қоспағанда, олардың болжалды болу мерзімімен бірге олар келгенге дейін жіберілетін хабарламаны МАГАТЭ дипломатиялық арналар арқылы осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың Қазақстан Республикасына келуі туралы және олардың Қазақстан Республикасында болуының болжалды мерзімдері туралы алдын ала хабарламаны барынша жылдам Қазақстанға жібереді.

X бап АРТЫҚШЫЛЫҚТАР МЕН ИММУНИТЕТТЕР

      1. МАГАТЭ-нің лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының шегінде және өзіне қатысты мынадай артықшылықтар мен иммунитеттерді:

      а. МАГАТЭ ТБУ банкінің жұмыс істеуіне байланысты өзінің ресми адам ретінде сөздеріне, айтқандарына немесе жазғандарына және жасаған әрекеттеріне қатысты сот қудалауының барлық нысандарынан иммунитетті пайдаланады; бұл иммунитет көрсетілген адамдар МАГАТЭ-нің лауазымды адамдары болмаса да сақталады;

      b. жеке басын тұтқындаудан және ұстаудан иммунитетті;

      с. олардың жеке және қызметтік багажына тыйым салудан иммунитетті;

      d. қызметтік багажды тексеріп қараудан иммунитетті және егер МАГАТЭ-нің лауазымды адамында Біріккен Ұлттар Ұйымы айлықақыларының Халықаралық азаматтық қызмет жөніндегі комиссия ұсынған шәкіліне сәйкес мамандар санатының С - 5 және одан жоғары сыныбы болса, - егер жеке немесе қызметтік пайдалануға арналмаған заттар немесе импортына немесе экспортына заңмен тыйым салынған немесе Қазақстанның карантиндік қағидаларында реттелетін заттар бар екенін болжауға елеулі негіз болмаса, жеке багажды тексеріп қараудан иммунитетті пайдаланады. Мұндай тексеріп қарау лауазымды адамның немесе оның уәкілетті өкілінің қатысуымен ғана жүргізіледі;

      е. барлық қағаздарға, құжаттарға және өзге қызметтік материалдарға қол сұғылмаушылықты;

      f. өздері МАГАТЭ-ден алатын айлықақылар мен сыйақыларға салынатын салықтардан босатуды;

      g. МАГАТЭ-мен барлық қатынастар кезінде шифрді пайдалану және курьермен немесе мөр басылған вализамен қағаздарды, хат-хабарды немесе өзге де қызметтік материалдарды жөнелту немесе алу құқығын;

      h. иммиграциялық шектеулерден, шетелдіктер ретінде тіркеуден және мемлекеттік борыш міндетін атқарудан босатуды;

      і. валюталық және айырбастаудағы жеңілдіктерге байланысты тиісті дәрежесі бар Қазақстанда тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлеріне берілетін артықшылықтарды;

      j. халықаралық дағдарыстар уақытында еліне оралу кезінде тиісті дәрежесі бар Қазақстанда тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлеріне жасалатындай қорғау мен жеңілдіктерді пайдаланады.

      2. Осы Келісімнің IX бабының 1-тармағының b. және с тармақшаларында аталған адамдар Қазақстан Республикасының шегінде және өзіне қатысты мынадай артықшылықтар мен иммунитеттерді:

      а. жеке басын тұтқындау және ұстау және олардың жеке және қызметтік багажына тыйым салу иммунитетін;

      b. МАГАТЭ ТБУ банкіне байланысты өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезіндегі сөздеріне, айтқандары мен жазғандарына және жасаған барлық әрекеттеріне қатысты сот қудалауының барлық түрлерінен иммунитетті; бұл иммунитет көрсетілген адамдар МАГАТЭ атынан өкілеттіктер бойынша миссияларға тартылмаса да сақталады;

      с. барлық қағаздарға, құжаттарға және өзге қызметтік материалдарға қол сұғылмаушылықты;

      d. МАГАТЭ-мен барлық қатынастар кезінде шифрді пайдалану және курьермен немесе мөр басылған вализамен қағаздарды, хат-хабарды немесе өзге де қызметтік материалдарды жөнелту немесе алу құқығын;

      е. уақытша қызметтік миссияларды орындайтын шетелдік үкіметтердің өкілдеріне берілетін валюталық шектеулерге және ақша айырбастау шектеулеріне қатысты жеңілдіктерді;

      f. Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің тиісті дәрежесі бар қызметкерлеріне жеке және қызметтік багажына қатысты берілетін иммунитеттер мен жеңілдіктерді пайдаланады.

      3. Осы бапта көрсетілген артықшылықтар мен иммунитеттер көрсетілген адамдардың жеке пайдасы үшін емес МАГАТЭ-нің мүдделері үшін беріледі. Бас директордың пікірінше бұл иммунитет сот төрелігін іске асыруға кедергі келтіретін және одан МАГАТЭ-нің мүдделеріне нұқсан келтірмей бас тартуға болатын барлық жағдайларда, Бас директор осы бапқа сәйкес кез келген осындай адамға берілетін иммунитеттен бас тартады.

      4. а. МАГАТЭ осы бап қолданылуға жататын адамдардың тізімін Қазақстанға жібереді және қажеттілігіне қарай осындай тізімді қайта қарайды;

      b. МАГАТЭ-нің өтініші бойынша Қазақстан осы бап қолданылуға жататын адамдарға ұсынушының фотосуреті бар аккредиттеу куәлігін береді. Бұл құжат ұсынушының барлық құзыретті органдармен қатынасында функционалдық міндеттері мен лауазымын куәландырады.

      5. МАГАТЭ осы бапта аталған артықшылықтармен, иммунитеттермен және жеңілдіктермен байланысты сот төрелігін тиісінше іске асыруды және полицияның ұйғарымдарын сақтауды және қандай да бір қиянаттың алдын алуды қамтамасыз етуде құзыретті органдармен тұрақты түрде ынтымақтасады.

      6. Осы Келісімнің IX бабы 1-тармағының а тармақшасында аталатын және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын МАГАТЭ-нің лауазымды адамдары Қазақстан Республикасында осы баптың 1-тармағының а., е. және g тармақшаларына сәйкес берілетін артықшылықтар мен иммунитеттерді ғана пайдаланады. Осы Келісімнің IX бабы 1-тармағының b. және с тармақшаларында аталатын және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдар Қазақстан Республикасында осы баптың 2-тармағының b., с. және d тармақшаларына сәйкес берілетін артықшылықтар мен иммунитеттерді ғана пайдаланады.

      7. Басқа халықаралық ұйымның лауазымды тұлғасы болып табылатын МАГАТЭ өкілі өзінің қызметіне қатысты МАГАТЭ өкілі ретінде Қазақстан мен осындай халықаралық ұйым арасында жасалған қолданыстағы халықаралық шартқа сәйкес өзіне берілген артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады.

XI бап АРТЫҚШЫЛЫҚТАРДЫ ТЕРІС ПАЙДАЛАНУ

      Егер Қазақстан осы Келісімде көзделген қандай да бір артықшылықты немесе иммунитетті теріс пайдалану орын алды деп тапқан жағдайда, Тараптардың арасында мұндай теріс пайдалану орын алғанын анықтау үшін консультациялар өткізіледі, егер ол солай болса, осындай теріс пайдаланудың қайталануын болдырмаудың жолдары қарастырылады. Егер мұндай консультациялардың нәтижелері Тараптар үшін қанағаттарлықсыз болып шықса, артықшылықты және иммунитетті теріс пайдалану болғаны не болмағаны туралы мәселе осы Келісімнің XVIII бабында көзделген рәсімге сәйкес шешіледі. Теріс пайдалану фактісі анықталған жағдайда Қазақстан бұл туралы МАГАТЭ-ге хабарлағаннан кейін тиісті адамға теріс пайдаланудың нысанасы болған артықшылықты немесе иммунитетті бермеуге құқылы. Алайда артықшылықтарды немесе иммунитеттерді беруден бас тарту МАГАТЭ-нің өз негізгі қызметін жүзеге асыруға немесе МАГАТЭ-ге өзінің негізгі функцияларын орындауына кедергі жасамауға тиіс.

XII бап РҰҚСАТНАМА

      Қазақстан осы Келісімнің IX бабының 1-тармағының а. және b тармақшаларында айқындалғандай МАГАТЭ-нің лауазымды адамдарына, Біріккен Ұлттар Ұйымының лауазымды адамдарына және басқа да ұйымдардың лауазымды адамдарына берілетін Біріккен Ұлттар Ұйымының рұқсатнамасын жарамды жол жүру құжаттары ретінде мойындайды және қабылдайды.

XIII бап МАГАТЭ ТБУ БАНКІН; МАГАТЭ ТБУ ҚОЙМАСЫН ЖӘНЕ МАГАТЭ ӨКІЛДІГІН КҮЗЕТУ

      1. Құзыретті органдар МАГАТЭ ТБУ банкіне заңсыз рұқсат алуға немесе МАГАТЭ ТБУ қоймасына және МАГАТЭ өкілдігіне заңсыз кіруге немесе оларға тікелей жақын жерде тәртіпсіздік жасауға тырысқан ешбір адамның немесе адамдар тобының МАГАТЭ ТБУ банкінің, МАГАТЭ ТБУ қоймасының және МАГАТЭ өкілдігінің тыныштығын, қол сұғылмаушылығын және қауіпсіздігін бұзуына жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдайды және МАГАТЭ ТБУ қоймасының және МАГАТЭ өкілдігінің шекараларында және олардың маңында осы мақсат үшін қажет болуы мүмкін полицейлік және/немесе басқа күзетті қамтамасыз етеді.

      2. Бас директордың өтініші бойынша құзыретті органдар МАГАТЭ ТБУ қоймасының және МАГАТЭ өкілдігінің шекараларында және олардың маңында құқықтық тәртіпті сақтау үшін полиция және/немесе өзге де күзет қызметкерлерінің жеткілікті санын береді.

XIV бап ҚАУІПСІЗДІК, ФИЗИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ КЕПІЛДІКТЕР

      1. МАГАТЭ ТБУ банкі және МАГАТЭ ТБУ қоймасы қауіпсіздік, физикалық қауіпсіздік және кепілдік мәселелерімен айналысатын құзыретті органдардың жауапкершілігінде болады.

      2. Қазақстан Келісім күшінде қалатын кезең ішінде ядролық қауіпсіздіктің және физикалық ядролық қауіпсіздіктің барабар мемлекеттік, құқықтық және нормативтік базасының болуын қамтамасыз етеді. Қазақстан қажет болған жағдайларда МАГАТЭ ТБУ банкіне және МАГАТЭ ТБУ қоймасына және МАГАТЭ ТБУ қатысты МАГАТЭ Қауіпсіздік негіздерінің және Қауіпсіздік талаптарының қолдануға келетін ережелерін, сондай-ақ Физикалық ядролық қауіпсіздік негіздерінің және қайта-қайта өзгертуге және толықтыруға немесе Қазақстан заңнамасына түзету енгізу арқылы неғұрлым кеш нұсқалармен ауыстыруға болатын МАГАТЭ физикалық ядролық қауіпсіздік ұсынымдарының қолдануға келетін ережелерінің қолданылуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, қажет болған жағдайларда Қазақстан МАГАТЭ ТБУ банкіне, МАГАТЭ ТБУ қоймасына және МАГАТЭ ТБУ қатысты МАГАТЭ қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтарының, Физикалық ядролық қауіпсіздік жөніндегі практикалық нұсқаулықтардың және қайта-қайта өзгертуге және толықтыруға немесе Қазақстан заңнамасына түзету енгізу арқылы неғұрлым кеш нұсқалармен, не балама шараларға ауыстыруға болатын МАГАТЭ-нің техникалық жетекші материалдарының ережелерінің қолданылуын қамтамасыз етеді. МАГАТЭ жоғарыда аталған нормалар мен құжаттардың қолдануға келетін ережелерінің қолданылуын растау мақсатында міндеті Қазақстанмен қауіпсіздік пен физикалық қауіпсіздікті қарау жөніндегі консультациялар өткізуге құқылы.

      3. МАГАТЭ Жарғысының ХІІ.А-бабында көзделген кепілдіктер саласындағы құқықтары мен міндеттері МАГАТЭ ТБУ банкіне, МАГАТЭ ТБУ қоймасына және МАГАТЭ ТБУ-на қолданылады және сақталады. МАГАТЭ ТБУ банкіне, МАГАТЭ ТБУ қоймасына және МАГАТЭ ТБУ-на Кепілдіктер туралы келісімге және Қосымша хаттамаға сәйкес МАГАТЭ-нің кепілдіктері қолданылады. МАГАТЭ ТБУ қоймасы МАГАТЭ кепілдіктерін қолдану мақсаты үшін Қондырғы операторының алаңында орналасқан басқа қондырғылардан бөлек, қондырғы ретінде құрылады.

      4. МАГАТЭ МАГАТЭ ТБУ банкіне және МАГАТЭ ТБУ қоймасына қатысты МАГАТЭ-ге іріткі салуды және күштеп тартып алуды қоса алғанда, табиғи құбылыстар мен басқа да қауіп-қатердің, заңсыз орын ауыстырудың немесе заңсыз мақсатта пайдаланудың, бүлінудің немесе жойылудың әсерінен қорғау үнемі қамтамасыз етілетіндігіне көз жеткізу мүмкіндігін беретін жабдық орнатуға құқылы. Қазақстан осы жабдықты орнатуға, пайдалануға және қызмет көрсетуіне жәрдемдеседі. Жоғарыда көрсетілген жабдықты орната отырып, МАГАТЭ физикалық ядролық қауіпсіздік үшін жауапты болмайды.

      5. Тараптар МАГАТЭ ТБУ МАГАТЭ МАГАТЭ ТБУ банкі құрылғанына көз жеткізгенге дейін МАГАТЭ ТБУ қоймасына орналастырылмайтынына келіседі.

XV бап АВАРИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ ДЕН ҚОЮ

      1. МАГАТЭ ТБУ банкі жұмыс істеуін бастағанға дейін Қазақстан Қондырғы операторының алаңында, МАГАТЭ ТБУ қоймасында және МАГАТЭ ТБУ банкінде болатын немесе оларды жанап өтетін ядролық және радиологиялық тосын оқиғалар мен авариялық жағдайлардың зардаптарын жою үшін алаңдағы және оның сыртындағы авариялық жағдайларға ден қоюдың тиісті жоспарларын қолданысқа енгізуді, мерзімдік қайта қарауды және жаңартуды қамтамасыз етеді. Авариялық ден қою жоспарлары МАГАТЭ ТБУ тасымалдау сияқты, осы қондырғылармен байланысты қызметті қамтуы тиіс. Авариялық ден қою жоспарлары Қондырғы операторының алаңымен, МАГАТЭ ТБУ қоймасымен және МАГАТЭ ТБУ банкімен байланысты және тиісті түрде әдеттегі авариялық жағдайларға ден қою механизмімен байланысты болуы мүмкін ауқыммен және қауіп-қатер сипатымен шамалас болуы тиіс.

      2. Қазақстан Қондырғы операторы негізі МАГАТЭ ТБУ банкі болып табылатын радиациялық, химиялық немесе басқа қауіп-қатермен байланысы болуы мүмкін тосын оқиғалар мен авариялық жағдайлар туралы, немесе негізі МАГАТЭ ТБУ банкі болып табылмайтын, бірақ МАГАТЭ ТБУ банкінің қауіпсіздігі мен физикалық қауіпсіздігіне теріс әсер етуі мүмкін тосын оқиғалар мен жағдайлар туралы құзыретті органдар мен МАГАТЭ-ге шұғыл және іле-шала хабарлауы үшін қамтамасыз етеді. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан Қазақстан осы бапта көрсетілген кез келген тосын оқиғалар мен авариялық жағдайлар туралы МАГАТЭ-ге дереу хабарлайды.

XVІ бап
ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТУ

      1. Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілікке қатысты барлық мәселелер Қазақстан Республикасы тарапы болып табылатын Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясына түзетулер енгізу туралы хаттамада реттеледі (бұдан әрі "Хаттама" деп аталатын), Хаттаманың мақсаты үшін Қазақстан Республикасы МАГАТЭ ТБУ қоймасына қатысты қондырғыға жауапты мемлекет болып табылатынын, ал Қондырғы операторы МАГАТЭ ТБУ қоймасының операторы болып табылатынын түсіну керек.

      2. Қазақстан Республикасы Хаттаманың күшін жойған жағдайда, осы Келісімнен туындайтын ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілікке қатысты Хаттаманың ережелерін қолдануды ол бұрынғыдай оның тарапы болып қалғандай жалғастырады.

      3. Қазақстан осы баптың 1-тармағын сақтаған жағдайда, Қондырғы операторын қоса алғанда, Қазақстанның, оның лауазымды адамдарының немесе оның мекемелерінің әрекеттері немесе қателіктері салдарынан осы Келісімнен туындайтын жауапкершілікке жауапты болады, және осыған байланысты барлық шығыстарды көтереді. Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік жағдайларын қоспағанда, Қазақстан МАГАТЭ, оның лауазымды адамдарының немесе МАГАТЭ ТБУ банкіне байланысты миссияны орындайтын адамдардың әрекеттері немесе қателіктері салдарынан туындайтындар жауапкершілікке жауапты болмайды. Қазақстан ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілікті қоспағанда осы Келісімнен туындайтын сақтандыру өтемі үшін үшінші тараптың алдында жауапкершілікті барабар сақтандыруды қамтамасыз етеді. Осындай сақтандыру полисінде МАГАТЭ қосымша сақтандырылған тұлға ретінде көрсетіледі және МАГАТЭ-ге қатысты сақтандыру компаниясы сақтандырушысының құқықтарын суброгациялаудан бас тарту көзделеді.

      4. Осы баптың 1-тармағын сақтаған жағдайда Қазақстан МАГАТЭ-ні және осы Келісімнің IX бабының 1-тармағында аталған лауазымды адамдарды жауапкершіліктен босатады, оларды жауапкершілікке жатпайтындар деп таниды және оларды одан қауіпсіздендіруге міндеттенеді, сондай-ақ Қондырғы операторын қоса алғанда, Қазақстанның, оның лауазымды адамдарының немесе оның мекемелерінің әрекеттері немесе қателіктері салдарынан туындайтын онымен байланысты шығындарды және шығыстарды қоса алғанда, кез келген түрдегі барлық қуынуларға, наразылықтарға, талаптарға және жауапкершілікке қатысты өз есебінен қорғауды қамтамасыз етеді. Қазақстанның осы тармақ бойынша жауапкершілігі шектелмейді және қандай да бір қолданыстағы сақтандыру шарттарымен анықталмайды.

      5. Осы баптың 3-тармағын сақтаған жағдайда, МАГАТЭ ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік жағдайларын қоспағанда, МАГАТЭ-нің және осы Келісімнің IX бабының 1-тармағында аталған адамдардың әрекеттері мен қателіктері салдарынан туындайтын жауапкершілікке жауапты болады, және осымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. МАГАТЭ осы Келісімнен туындайтын жауапкершілікті сақтандыру өтемі үшін үшінші тараптың алдында жауапкершілікті барабар сақтандыруды қамтамасыз етеді.

      6. Қазақстан өз аумағына МАГАТЭ ТБУ банкін орналастыру саладарынан Қазақстан Республикасы МАГАТЭ-ге мүше мемлекет ретінде орындайтын халықаралық міндеттемелерден бөлек, өздерінің міндеттері шегінде әрекет ететін немесе әрекеттерден тартынатын осы Келісімнің IX бабының 1-тармағында аталған адамдардың әрекеттері мен қателіктері үшін халықаралық жауапкершілікті мойнына алмайды.

XVII бап ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1. МАГАТЭ ТБУ банкісін қозғауы мүмкін Қондырғы операторының алаңына және/немесе оның ұйымдастырушылық құрылынын немесе ресурстарын қоса алғанда, Қондырғы операторына қатысты кез келген ұсынылатын өзгеріс, сондай-ақ осы Келісімнің ІІ бабының 6-тармағына сәйкес МАГАТЭ ТБУ банкін Қазақстан Республикасының шегінде басқа алаңға орын ауыстыруы Тараптар оларды жүзеге асырғанға дейін өзара келісімге қол жеткізген кезде және осы Келісімде және МАГАТЭ ТБУ банкіне қатысты кез келген техникалық келісімде қамтылған барлық техникалық және құқықтық талаптарды сақтаған және осы баптың 4-тармағында көзделген, немесе оларды осы Келісімнің XIX бабының 2-тармағына сәйкес осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар немесе кез келген техникалық келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы өзге де түрде сақтаған жағдайда жүргізіледі.

      2. Қазақстан осы Келісім бойынша туындайтын өзінің барлық міндеттемелерінің үздіксіз орындалуын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды, оның ішінде осы Келісімнің II бабының 3-тармағында аталған лицензияға байланысты шараларды үнемі қолданады. Егер Қондырғы операторы жұмыс істеуін тоқтатқан немесе Қондырғы операторының көрсететін қызметтер туралы техникалық келісім бойынша өз міндеттемелерін орындай алмайтын жағдайда Қазақстан Қондырғы операторының барлық міндеттемелері Қондырғы операторының көрсететін қызметтері туралы техникалық келісімде көзделгеніндей орындалуын қамтамасыз етеді.

      3. Қазақстан Қазақстанның кез келген реттеуші талаптары және/немесе заңнамасы туралы, олардың өзгеруін қоса алғанда, осы Келісімнің II бабының 3-тармағында аталатын олардың өзгерістерін және лицензияның ережелері мен шарттарының өзгерістері туралы және Қазақстан Республикасының аумағында МАГАТЭ ТБУ немесе МАГАТЭ ТБУ банкін қозғай алатын кез келген басқа тиісті лицензия туралы МАГАТЭ-ні дереу хабардар етеді.

      4. МАГАТЭ мен Қазақстанның құзыретті органдар және/немесе мекемелері осы Келісімді жүзеге асыру шеңберінде МАГАТЭ ТБУ банкіне қатысты кез келген қажетті техникалық келісімді жасай алады.

XVIII бап ДАУЛАРДЫ РЕТТЕУ

      Осы Келісімді келіссөздер арқылы немесе басқа да келісілген әдіспен реттелмеген түсіндіруге немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы кез келген дау түпкілікті шешім шығару үшін біреуін Бас директор, екіншісін Қазақстан, ал сот төрағасы болып табылатын үшіншісін алғашқы екі төреші сайлайтын үш төрешіден тұратын сотқа беріледі. Егер Тараптардың кез келгені екінші Тарап төрешіні тағайындағаннан кейінгі 6 (алты) ай ішінде өз төрешісін сайламаса, немесе егер алғашқы екі төреші үшіншісі жөнінде алғашқы екі төреші тағайындалғаннан кейінгі 6 (алты) ай ішінде келіспесе, онда екінші немесе үшінші төрешіні МАГАТЭ-нің немесе Қазақстанның өтініші бойынша Халықаралық Соттың төрағасы сайлайды.

XIX бап ОСЫ КЕЛІСІМНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

      1. Осы Келісім Тараптар оны күшіне енгізу үшін қажетті рәсімдерді орындағаны туралы дипломатиялық арналар арқылы соңғы жазбаша хабарламаны алған күні күшіне енеді.

      2. Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Мұндай өзгерістер мен толықтырулар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын жеке хаттамамен тұжырымдалады және осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен күшіне енеді.

      3. Осы Келісім 10 (он) жыл бойы күшінде қалады және егер Тараптардың бірде біреуі өзінің осы Келісімнің қолданылуын ұзартпау туралы ниеті туралы тиісті 10 жылдық мерзім өткенге дейін 1 (бір) жылдан кешіктірмей екінші Тарапты жазбаша түрде дипломатиялық арналар арқылы хабардар етпесе автоматты түрде келесі 10 жылдық мерзімге ұзартылады.

      4. Осы Келісімнің қолданылуы осы баптың 3-тармағына қарамастан:

      а. Тараптардың жазбаша түрде ресімделген өзара келісімі бойынша;

      b. хабардар етуші Тараптың осы Келісімді екінші Тараптың елеулі бұзуы салдарынан осы Келісімнің қолданылуын тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарламасы алынған күннен бастап 1 (бір) жыл өткен соң тоқтатылады. Осы тармақшаға сәйкес осы Келісімнің қолданылуының тоқтатылуына байланысты туындайтын кез келген дау осы Келісімнің XVII бабына сәйкес шешіледі.

      5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарына қарамастан Тараптардың осы Келісімнің XVI және XVIII баптары бойынша міндеттемелері Хаттаманың 8-бабында көрсетілген мерзімдер ішінде, егер Тараптар тікелей жазбаша түрде өзгеше келісімге келмейінше қолданылуын жалғастырады. Бұдан басқа осы Келісім бойынша қызметті тоқтату үшін қажет Келісімнің ережелері күшінде қалуын жалғастырады. Тараптар қызметтің тоқтатылуы мүмкіндігінше қысқа мерзімде аяқталуын қамтамасыз ету үшін ынтымақтасады.

      ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШІН тиісті түрде Тараптардың уәкілеттік берілген өкілдері осы Келісімге қол қойды.

      Осы Келісім екі мың он бесінші жылғы осы 27 күні тамыз айында Астанада әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.

       ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АТОМ ЭНЕРГИЯСЫ ЖӨНІНДЕГІ

       ҮКІМЕТІ ҮШІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГЕНТТІГІ

       ҮШІН

       ___________________ _______________________

       (қолы) (қолы)

       (Аты-жөні және лауазымы) (Аты-жөні және лауазымы)

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұдан әрі Келісімнің ағылшын тіліндегі мәтіні берілген.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 271707
    Қазақ тілінде 135538
    Орыс тілінде 135186
    Ағылшын тілінде 983
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы