Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы арнайы мақсаттағы бөлімшелердің оқу-жаттығуларын өткізу кезінде қабылдаушы Тараптың қолдау көрсетуі туралы өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 16 наурыздағы № 54-VІ ҚРЗ.

      2016 жылғы 20 қаңтарда Анкарада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы арнайы мақсаттағы бөлімшелердің оқу-жаттығуларын өткізу кезінде қабылдаушы Тараптың қолдау көрсетуі туралы өзара түсіністік туралы меморандум ратификациялансын.
      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы арнайы мақсаттағы бөлімшелердің оқу-жаттығуларын өткізу кезінде қабылдаушы Тараптың қолдау көрсетуі туралы өзара түсіністік туралы меморандум

      (2017 жылғы 3 қазанда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2017 ж., № 5, 80-құжат)
      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі
      1994 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы әскери ғылым, техника және білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) ережелерін назарға ала отырып,
      екі мемлекеттің қарулы күштері арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің оқу-жаттығуларын өткізуіне және қабылдаушы Тараптың қолдау ұсынуына байланысты мәселелерді реттеуді қалай отырып,
      төмендегілер туралы өзара түсіністікке қол жеткізді:

1-бап Анықтамалар

      Осы Меморандумның мақсаттары үшін мынадай анықтамалар мыналарды білдіреді:
      1) жіберуші Тарап - қабылдаушы Тарап мемлекетінің аумағына уақытша әкелуге және онда пайдалануға рұқсат етілген, жіберуші Тараптың меншігі болып табылатын, оқу-жаттығуды өткізу кезеңінде қажетті қару-жарағы және әскери техникасы бар бөлімшені, әуе кемелерін, арнайы құралдарды, оқ-дәрілерді, азық-түлікті, медициналық мүлікті, сондай-ақ басқа да материалдық-техникалық мүлік пен шығыс материалдарын жіберуші Тарап;
      2) қабылдаушы Тарап - өз мемлекетінің аумағында оқу-жаттығуға қатысу үшін жіберуші Тараптың бөлімшесін қабылдайтын және орналастыратын Тарап;
      3) қабылдаушы Тараптың қолдауы - оқу-жаттығуды өткізу уақытында қабылдаушы Тарап жіберуші Тарапқа көрсететін азаматтық және әскери қолдау (көрсетілетін қызметтер);
      4) әскери орган - Тараптардың әрқайсысының оқу-жаттығуды өткізуге жауапты тиісті бөлімшесі;
      5) оқу-жаттығуды өткізу ауданы - қабылдаушы Тарап оқу-жаттығуды өткізу үшін бөлген аумақ, сондай-ақ оның үстіндегі әуе кеңістігі;
      6) жіберуші Тараптың аға өкілі - оқу-жаттығуға қатысатын бөлімшенің жеке құрамын қадағалауды және бақылауды жүзеге асыратын жіберуші Тарап әскери органының өкілі.

2-бап Мақсаты

      1. Осы Меморандумның мақсаты оқу-жаттығуды өткізу уақытында Тараптардың міндеттемелері мен жауапкершілігін, сондай-ақ қабылдаушы Тараптың қолдау көрсетуінің негізгі қағидаттарын айқындау болып табылады. Осы Меморандум сондай-ақ оқу-жаттығуды өткізу уақытында жіберуші Тарап үшін қабылдаушы Тарап ұсынатын қолдау көрсету стандарттарын, типтерін, деңгейлері мен әдістерін түсіндіреді.
      2. Оқу-жаттығулар Тараптардың әскери органдарының өкілдері бекітетін Оқу-жаттығуды өткізу жоспарына сәйкес өткізіледі.
      3. Осы Меморандумның ережелері Тараптардың мемлекеттері қатысушылар болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

3-бап Қабылдаушы Тараптың міндеттемелері

      Осы Меморандумның мақсатында қабылдаушы Тарап оқу-жаттығуды өткізудің бекітілген жоспарына және өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес мыналарды жүзеге асырады:
      1) жіберуші Тарапты оқу-жаттығуға қатысу үшін уақтылы шақырады;
      2) жіберуші Тараптың бөлімшесін белгілі бір кіру/шығу пунктінде (-терінде) қарсы алуды және оның кетуін, сондай-ақ ол өз мемлекетінің аумағына кіргеннен бастап және одан кеткенге дейін оған ілесіп жүруді ұйымдастырады;
      3) белгілі бір аудандар мен жергілікті жерлерде жіберуші Тараптың бөлімшесін өрістетуге жәрдем көрсетеді;
      4) қабылдаушы Тараптың бөлімшесі оқу-жаттығуды өткізу ауданына келгенге дейін қауіпсіздік қағидалары және оқу-жаттығуды өткізуге қатысты қағидалар туралы брифинг ұсынады;
      5) жіберуші Тараптың бөлімшесіне өз мемлекетінің әуе кеңістігін, теміржолдарын және автомобиль трассаларын пайдалануға рұқсат етеді;
      6) оқу-жаттығуға қатысу үшін жіберуші Тараптың бөлімшесіне қажет болатын техниканы, қару мен оқ-дәрілерді әкелуге, ел ішінде алып жүруге және қабылдаушы Тараптың мемлекетінен әкетуге әуеайлақтарды, автомобиль және теміржолдарды пайдалануды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;
      7) қажетті отынды, азық-түлікті, материалдық құралдарды, көлік құралдарын, байланыс құралдарын, ғимараттарды, медициналық көрсетілетін қызметтерді, жұмыс күшін және басқа да, оның ішінде жіберуші Тараптың сұрау салуы бойынша және оның есебінен коммерциялық ұйымдар көрсететін қызметтерді қоса алғанда, жергілікті құралдарды пайдалану құқығын беру жолымен жіберуші Тараптың бөлімшесінің мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті шаралар қабылдайды;
      8) оқу-жаттығуға қатысу үшін қажетті телефондарды, факстар мен радиоқұрылғыларды пайдалануға рұқсат етеді;
      9) жіберуші Тарапқа ұсынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің стандартты және кемінде өз Қарулы Күштеріне ұсынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге балама болып табылатынына мүмкіндігінше кепілдік береді.

4-бап Жіберуші Тараптың міндеттері

      Осы Меморандумның ережелері шеңберінде жіберуші Тараптың бөлімшесі мыналарды жүзеге асырады:
      1) қабылдаушы Тарап мемлекетінің, оның ішінде оқу-жаттығу шеңберінде өткізілетін іс-шаралар кезінде қауіпсіздікті сақтау жөніндегі заңнамасын сақтайды;
      2) оқу-жаттығуды өткізу жоспарына, сондай-ақ әкімшілік сипаттағы мәселелерге қатысты нақтыланған өзара келісілген рәсімдер мен уағдаластықтарды ұстанады;
      3) бөлімше қабылдаушы Тарап мемлекетінің аумағына кірген күнге дейін 45 күн бұрын жоспарланған келу күні мен оның жүру маршруты туралы хабарлайды, сондай-ақ қабылдаушы Тарап мемлекетінің аумағына оқу-жаттығуға қатысу үшін қажетті қару-жарақ пен әскери техниканы, арнайы құралдарды, оқ-дәрілер мен басқа да материалдық-техникалық мүлікті әкелген жағдайда, олардың саны туралы ақпаратты ұсынады;
      4) қабылдаушы Тарап ұсынған қаруды, материалдық құралдарды, жабдықты ұқыпты пайдалануды және оларды оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін қабылдаушы Тараптың әскери органдарына алынған күйінде қайтаруды қамтамасыз етеді;
      5) жіберуші Тарап бөлімшесінің әскери қызметшісі өз орнында 24 сағаттан астам уақыт болмаған жағдай туындаған және оның тұрған жері туралы белгісіз болған жағдайда қабылдаушы Тарапқа дереу хабарлайды;
      6) қабылдаушы Тарап мемлекетінің аумағында саяси қызметке қатыспайды.

5-бап Тылдық қамтамасыз ету және қаржыландыру

      1. Оқу-жаттығу және оқу-жаттығуға дайындық Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес және қабылдаушы Тараптың мүмкіндіктері шегінде жүргізіледі.
      2. Қабылдаушы Тарап жіберуші Тараптың бөлімшесіне осы Меморандумда көзделмеген көрсетілетін қызметтерді ұсынбайды. Жіберуші Тарап қандай да бір тауарды немесе көрсетілетін қызметті ұсыну туралы өтініш жасаған жағдайда жіберуші Тарап оларды өз есебінен сатып алған және осы мақсаттарда коммерциялық ұйымдармен келісімшарт жасасқан жағдайда осы тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер нарықтан сатып алынуы мүмкін.
      3. Жіберуші Тараптың әскери органдары коммерциялық ұйымдармен жасасатын келісімшартқа байланысты тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алған кезде жіберуші Тарап салықтарды төлеуден босату немесе оларды төмендету туралы қандай да бір нысанда өтініш жасамауға тиіс.
      4. Жіберуші Тарап қабылдаушы Тарап ұсынған қамтамасыз ету және қызмет көрсету құралдарын оның жазбаша келісімінсіз үшінші тарапқа уақытша немесе тұрақты пайдалануға бермейді.
      5. Жіберуші Тараптың сұрау салуы бойынша қабылдаушы Тарап қаруды, материалдық құралдарды, жабдық пен оқ-дәрілерді өтеусіз негізде ұсынады.
      6. Тараптар оларды жүзеге асыру қолма-қол ақша немесе ақшалай қаражатты аудару нысанында жүргізілетін екіжақты уағдаластықтар шеңберінде өтеусіз негізде ұсынылмайтын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу шарттарын келіседі. Одан басқа:
      1) жіберуші Тараптың бөлімшелері атынан жеке компаниялардан қабылдаушы Тарап сатып алғаны үшін жүзеге асырған төлем қабылдаушы Тараптың өзінің сатып алуы үшін төлеген сомадан көп болмауға тиіс;
      2) қабылдаушы Тарап жіберуші Тарапқа материалдық құралдар мен көрсетілетін қызметтерді ұсынғаны үшін төлеген сомадан асатын шығыстар қабылдаушы Тарапқа жүктелмейді.
      7. Жіберуші Тараптың атынан кез келген шығыстар жіберуші Тараптың әскери органдарын хабардар етпей төленбейді. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер жіберуші Тараптың әскери органдарын хабардар етпей сатып алынбауға тиіс. Жіберуші Тараптың аға өкілі немесе жіберуші Тараптың әскери органдары тағайындаған басқа да лауазымды адам жіберуші Тараптың атынан тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жүргізілген шығыстар бойынша шоттар мен квитанцияларды бекітеді.
      8. Егер өзгеше ескерілмесе, жіберуші Тарап коммерциялық көздерден сатып алған тамақ, жалдау және кір жуу қызметтері сияқты тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын жіберуші Тарап өзінің бөлімшесі қабылдаушы Тарап мемлекетінен кеткенге дейін төлейді.
      9. Қабылдаушы Тарап жіберуші Тарап бөлімшесінің жеке құрамына өзінің жеке құрамын қамтамасыз етіп отырғандай сападағы тамақ пен орналастыруды ұсынады.
      10. Оқу-жаттығу шеңберінде қауіпті заттар мен оқ-дәрілерді сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату мәселелерінде қабылдаушы Тарап мемлекетінің заңнамасы қолданылады.
      11. Оқу-жаттығуды өткізу барысында жіберуші Тараптың бөлімшесін тамақпен және ауызсумен қамтамасыз етуді қабылдаушы Тарап өтеусіз негізде жүзеге асырады. Бұл ретте жіберуші Тарап бөлімшесінің емдәмдері мен дәстүрлі тағам талғамдары сақталады. Қажеттілігіне қарай оқу-жаттығу уақытында азық-түлік үлесі мен тамақ ұсынылады.
      12. Қабылдаушы Тарап мемлекетіне/мемлекетінен оқу-жаттығуға қатысатын бөлімшенің жеке құрамын тасымалдауға байланысты шығыстарды жіберуші Тарап көтереді.

6-бап Медициналық қызмет көрсету

      1. Жіберуші Тарап оқу-жаттығу басталғанға дейін 45 күннен кешіктірмей жіберуші Тарап бөлімшесінің жеке құрамы оқу-жаттығуға қатысу үшін жарамды жай-күйде екені туралы медициналық қорытынды береді.
      2. Жіберуші Тарап бөлімшесінің жеке құрамы қабылдаушы Тараптың мемлекетіне кіргенге дейін жіберуші Тарап оларға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы айқындаған аурулардан вакцинация жасауды қамтамасыз етеді және осы мақсатта жеке құрамның жанында өздеріне вакцинация жасалғанын көрсететін, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы айқындаған стандартты сертификаттары болады.
      3. Жіберуші Тарап қандай да бір ауруы бар әскери қызметшілердің оқу-жаттығуға қатысуына жол бермейді. Осындай қатысуға кедергі келтірмейтін ауруы бар әскери қызметшілер оқу-жаттығуға қатысқан жағдайда жіберуші Тарап мұндай әскери қызметшілердің қабылдаушы Тарап мемлекетіне қажетті көлемде медициналық препараттармен жіберілуін қамтамасыз етеді.
      4. Қабылдаушы Тарап оқу-жаттығуды өткізу барысында жіберуші Тараптың бөлімшесі қабылдаушы Тарап мемлекетінің аумағында болу уақытында шұғыл медициналық зерттеп-қарау мен емдеуді, стоматологиялық зерттеп-қарау мен емдеуді қамтамасыз етеді. Медициналық көмек:
      1) оқу-жаттығуларды өткізу аумағының шегінен тыс жерлердегі қолжетімді әскери медициналық мекемелер (лазареттер, орталық клиникалар) арқылы;
      2) оқу-жаттығуларды өткізу ауданындағы медпункт арқылы;
      3) жедел жәрдем машинасы мен жүргізушісін беру жолымен көрсетіледі.
      5. Қабылдаушы Тарап мемлекетінің аумағында төтенше жағдай туындаған жағдайда, қабылдаушы Тарап өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес құтқару тікұшақтарын қоса алғанда, жіберуші Тараптың әуе кемелеріне өз әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат ете алады.
      6. Қабылдаушы Тарап мемлекетінің аумағы шегінде әскери медициналық мекемелерде көрсетілетін медициналық зерттеп-қараумен және емдеумен, стоматологиялық зерттеп-қараумен және емдеумен қатар медициналық эвакуациялауды қабылдаушы Тарап өтеусіз негізде ұсынады.
      7. Егер жіберуші Тарап пациентті емдеуге әскери емес медициналық мекемеге немесе басқа мемлекетке тасымалдауға ниеттенген жағдайда, онда таңдап алынған медициналық мекемеге тасымалдауға және емдеуге байланысты жауапкершілік пен шығыстарды жіберуші Тарап көтереді.
      8. Егер Тараптар мемлекеттері арасында медициналық немесе әлеуметтік қамсыздандыру туралы халықаралық шарттар қолданылатынын қоспағанда, жіберуші Тараптың әскери органдары әскери емес медициналық мекемеге авиатасымалдағаны, сондай-ақ қабылдаушы Тарап мемлекетінің аумағында ұсынылатын әскери емес медициналық мекемелерде жеке құрамды емдегені үшін шығыстарды көтереді. Мұндай халықаралық шарттар болмаған жағдайда жіберуші Тараптың әскери органдары шығыстарды қабылдаушы Тараптың тиісті мекемелеріне тікелей төлейді.
      9. Медициналық пункт шұғыл медициналық көмек көрсету қызметтерін және күнделікті қарап-тексеруді жүзеге асырады. Қабылдаушы Тарап шұғыл қызметтердің телефон желілері мен жұмыстан тыс уақыттағы шығулар үшін жедел жәрдем машинасын беруді қамтамасыз етеді.

7-бап Жіберуші Тараптың өкілі қайтыс болған жағдайдағы іс-қимыл тәртібі

      1. Жіберуші Тарап бөлімшесі жеке құрамының адамы қайтыс болған жағдайда қабылдаушы Тарап дереу хабардар етіледі. Қабылдаушы Тараптың дәрігері қайтыс болғаны туралы қорытынды шығарады.
      2. Егер қабылдаушы Тараптың құзыретті органы мәйітті ашу қажет деген қорытындыға келсе, онда осы мақсаттар үшін тағайындалатын дәрігер қабылдаушы Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес мәйітті ашуды орындайды. Мәйітті ашуға қатысу үшін дәрігерді жіберуші Тарап та тағайындауы мүмкін, оның уақыты мен орнын қабылдаушы Тараптың әскери органдары айқындайды.
      3. Жіберуші Тараптың мемлекетіне мәйітті тасымалдау жіберуші Тараптың есебінен қабылдаушы Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

8-бап Қоршаған ортаны қорғау

      1. Жіберуші Тарап оқу-жаттығуды жоспарлау, оған дайындалу мен өткізу кезінде қабылдаушы Тарап мемлекетінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеді. Осы Меморандум шеңберіндегі қызмет нәтижесінде пайда болған қалдықтар бұл үшін арнайы бөлінген орындарға жиналады. Қабылдаушы Тарап оқу-жаттығулар басталғанға дейін бір апта бұрын осындай аймақтар туралы хабардар етеді.
      2. Қоршаған ортаны қорғаудың "шығын түскен жерінде жатады" деген негізгі қағидатына сәйкес қоршаған ортаға келтірілген залалды және қалдықтармен жұмыс істеу шығыстарын өтеуді осы қалдықтарды шығарған Тарап көтереді.
      3. Қабылдаушы Тарап бөлімше келгенге дейін 45 күн бұрын жіберуші Тарапты өз мемлекетінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнамасының талаптары туралы хабардар етеді.

9-бап Заңдық мәселелер

      Осы Меморандумды Іске асыруға байланысты заңдық мәселелер Келісімнің 7-бабымен реттеледі.

10-бап Әскери ақпаратты қорғау

      Осы Меморандум шеңберінде әскери ақпаратты қорғау мәселелері Келісімнің 5-бабымен реттеледі.

11-бап Дауларды шешу

      1. Осы Меморандумның ережелерін түсіндіру немесе қолдану кезінде даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды Тараптардың әскери органдары арасында консультациялар мен келіссөздер арқылы шешеді.
      2. Егер осы Меморандум мен Келісімнің ережелері бір-біріне қайшы келген жағдайда, нақты мәселеге қарай Келісімнің ережелері қолданылады.

12-бап Өзгерістер мен толықтырулар

      1. Осы Меморандумға Тараптардың өзара келісімі бойынша хаттамалармен ресімделетін және осы Меморандумның ажырамас бөліктері болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
      2. Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамалар осы Меморандумның 13-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.

13-бап Күшіне ену, қолданылу мерзімі және оны тоқтату

      Осы Меморандум Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
      Осы Меморандум бір жыл мерзімге жасалады және егер Тараптардың бірі осы Меморандумның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 30 күннен кешіктірмей, оның қолданылуын тоқтату ниеті туралы екінші Тарапты дипломатиялық арналар арқылы жазбаша түрде хабардар етпесе, келесі жылдық кезеңдерге автоматты түрде ұзартылады.
      Егер осы Меморандум оқу-жаттығу кезінде өз қолданысын тоқтатса, осы Меморандумның ережелері жіберуші Тараптың персоналы мен жабдығы қабылдаушы Тарап мемлекетінің аумағын тастап кеткенге дейін өз күшінде болады.
      Осы Меморандумның қолданысын тоқтату Тараптар арасында оқу-жаттығуға байланысты туындайтын кез келген дауларды шешуге әсер етпейді.
      2016 жылғы 20 қаңтарда Анкара қаласында бірдей күші бар, әрқайсысы қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды.
      Осы Меморандумды түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.
      Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Түркия РеспубликасыныңҮкіметі үшін

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 261117
    Қазақ тілінде 130391
    Орыс тілінде 129854
    Ағылшын тілінде 872
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы