Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 3 мамырдағы № 150-VІ ҚРЗ.

      2013 жылғы 20 қарашада Санкт-Петербургте жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығы туралы келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ

      Бейресми аударма

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығы туралы
КЕЛІСІМ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері,

      ТМД Мемлекеттері басшылары кеңесінің 2008 жылғы 10 қазандағы шешімімен бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ақпараттық кауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығы тұжырымдамасының ережелерін орындау кезінде өзара іс-қимылды жүзеге асыру мақсатында,

      ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздігіне төнетін қатерлерге қарсы іс-қимылды күшейту үшін жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды бірлесіп және тиімді пайдаланудың маңыздылығын мойындай отырып,

      Тараптардың ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығын және өзара іс-қимылын одан әрі дамыту қажеттілік болып табылатынын және олардың мүдделеріне сай келетінін ескере отырып,

      ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздігіне төнетін қатерлерді шектеуге, мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мүдделерін қамтамасыз етуге ұмтыла отырып,

      адамның және азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарын іске асыру үшін ақпараттық қауіпсіздіктің аса маңыздылығын назарға ала отырып,

      ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығының құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін құруға ниеттене отырып,

      ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерімен үйлеспейтін және мемлекеттердің азаматтық, сондай-ақ әскери салалардағы қауіпсіздігіне залал келтіріп, олардың инфрақұрылымының тұтастығына теріс ықпал етуге қабілетті мақсаттарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану мүмкіндігін болдырмау қажеттігін мойындай отырып,

      ақпараттық қоғамда құқық бұзушылықтармен тиімді күресу үшін ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің уәкілетті органдарының неғұрлым ауқымды, жедел және жақсы жолға қойылған ынтымақтастығы қажет болатынын болжай отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Келісімге қатысушы мемлекеттерде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен үйлестірілген іс-шаралар өткізу осы Келісімнің мақсаты болып табылады.

2-бап

      Осы Келісімнің мақсаты үшін келтірілген терминдердің мағыналары мынадай:

      ақпаратқа ықпал ету - ақпараттың берілу нысанын және/немесе мазмұнын өзгерту жөніндегі әрекет;

      ақпаратқа қолжетімділік - ақпаратты алу және оны пайдалану мүмкіндігі;

      ақпаратты қорғау - субъектілердің ақпаратқа құқықтарын қорғауға, оған санкцияланбаған қолжетімділікті және/немесе қорғалатын ақпараттың жария болуын, оған санкцияланбаған және/немесе алдын ала ықпал етуді болғызбауға бағытталған әрекет;

      қорғалатын ақпарат - ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің заңнамасына және/немесе осы ақпаратты иеленуші белгілеген талаптарға сәйкес қорғалуға жататын ақпарат;

      ақпараттық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің және олардың мүдделерінің ақпараттық кеңістікте қауіп-қатерлерден, бұзушы және өзге де теріс ықпал етуден қорғалуының жай-күйі;

      ақпараттық инфрақұрылым - ақпаратты қалыптастырудың, құрудың, өзгертудің, берудің, пайдалану мен сақтаудың техникалық құралдары мен жүйелерінің жиынтығы;

      ақпараттық қылмыстылық - ақпараттық ресурстарды құқыққа қайшы мақсатта пайдалану және/немесе оларға ақпараттық кеңістікте ықпал ету;

      ақпараттық жүйе - нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық процестер арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын құралдардың ұйымдастырушылық ретке келтірілген жиынтығы;

      ақпараттық қару - ақпараттық соғыс жүргізу мақсатында қолданылатын ақпараттық технологиялар, құралдар мен әдістер;

      ақпараттық кеңістік - ақпаратты қалыптастырумен, құрумен, өзгертумен, берумен, пайдаланумен, сақтаумен байланысты, оның ішінде жеке және қоғамдық санаға, ақпараттық инфрақұрылымға және ақпараттың өзіне ықпал ететін қызмет саласы;

      ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - есептеу техникасының құралдары мен телекоммуникация құралдары қолданыла отырып жүзеге асырылатын ақпараттық процестер және ақпаратпен жұмыс істеу әдістері;

      ақпараттық процестер - ақпаратты қалыптастыру, іздеу, жинау, өңдеу, сақтау, тарату және пайдалану процестері;

      ақпараттық ресурстар - ақпараттық инфрақұрылым, сондай-ақ ақпараттың өзі және оның ағындары;

      ақпараттық технологиялар - ақпаратты жинауды, құруды, сақтауды, жинақтауды, өңдеуді, іздеуді, шығаруды, көшіруді, беруді, таратуды және қорғауды қамтамасыз ететін технологиялық кешенге біріктірілген әдістердің, өндірістік процестердің және бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы;

      ақпараттық терроризм-ақпараттық ресурстарды террористік мақсаттарда пайдалану және/немесе оларға ақпараттық кеңістікте ықпал ету;

      ақпарат - ұсынылу нысанына қарамастан, адамдар, заттар, фактілер, оқиғалар, құбылыстар және процестер туралы мәліметтер;

      қолжетімділігі шектеулі ақпарат - ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің заңнамасында не олардың халықаралық шарттарында қолжетімділігіне шектеу қойылған ақпарат;

      мемлекетаралық ақпараттық жүйе - бірлескен меншік, бірлесіп иелену немесе бірлесіп (ортақ) пайдалану құқығында ТМД органдарына, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер субъектілеріне тиесілі мемлекетаралық ақпараттық алмасуда іске қосылған жүйе;

      ақпаратқа санкцияланбаған қолжетімділік — қорғалатын ақпаратқа оның иеленушісі, иесі белгілеген және/немесе ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің заңнамасында белгіленген құқықтарды немесе қағидаларды бұза отырып қол жеткізу;

      ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету - ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерді анықтау, олардың іске асырылуын болғызбау, осындай қауіп-қатерлерді іске асырудың жолын кесу және жою бойынша құқықтық, ұйымдастырушылық-техникалық және ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттағы шаралар жүйесі;

      ақпаратты қорғау жөніндегі талаптарға сәйкестікті сертификаттау - осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген ақпаратты қорғау жөніндегі талаптарға бағалау объектілерінің сәйкестігін растау нысаны;

      ақпаратты қорғау құралы - ақпаратты қорғауға арналған немесе пайдаланылатын техникалық, бағдарламалық, бағдарламалық-техникалық құрал, зат және/немесе материал;

      ақпаратты трансшекаралық беру - ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік шекаралары арқылы оператордың ақпаратты мемлекеттің билік органына, жеке немесе заңды тұлғасына беруі;

      ақпараттық кауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлер - ақпараттық кеңістікте жеке адамға, қоғамға, мемлекетке және олардың мүдделеріне қауіп төндіретін факторлар;

      Осы Келісімнің мақсатында ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлер деп, оның ішінде ақпараттық қаруды әзірлеу және қолдану, ақпараттық терроризм және ақпараттық қылмыстылық түсініледі;

      уәкілетті органдар - Тараптардың тиісті құзыреттер мен өкілеттіктер берілген, ақпараттық қауіпсіздік саласында қызметті үйлестіруді жүзеге асыратын органдары.

3-бап

      Тараптар мынадай негізгі бағыттар:

      осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерін және нормативтік-әдістемелік кұжаттарын жақындастыру;

      осы Келісімге қатысушы мемлекеттерде ақпараттық кауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, ақпараттық кеңістікте бірлескен үйлестірілген іс-шаралар жүргізу үшін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

      ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін нормативтік құжаттарды әзірлеу және пайдаланушыларға жеткізу;

      бағдарламалық-техникалық құралдар мен ақпаратты қорғау құралдарының жасап шығарылуын дамытуды нормативтік құқықтық қамтамасыз ету;

      ақпараттық қауіпсіздік саласында халықаралық стандарттарға үйлесімді мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу;

      әртүрлі қолданбалы мақсаттағы қорғалған ақпараттық жүйелерді құру; ақпаратты трансшекаралық беруді ұйымдастыру;

      ақпараттық жүйелер мен ресурстарды ықтимал және нақты қатерлерден қорғау технологиясын жетілдіру;

      ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігіне қатерлерді талдау және бағалау;

      ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуіне қауіп төндіретін құрылғылар мен бағдарламаларды анықтау және бейтараптандыру саласындағы қызметті жетілдіру;

      ақпараттық жүйелерде орналасқан ақпаратқа санкцияланбаған қол жеткізуді және техникалық арналар бойынша оның жария болуын жол болғызбауға бағытталған келісілген іс-шараларды іске асыру;

      қорғалу сыныптары әртүрлі ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы кезінде қолжетімділігі шектеулі ақпарат пен ақпараттық технологияларды қорғауды қамтамасыз ету;

      осы Келісімге қатысушы мемлекеттерге тиесілі мемлекетаралық ақпараттық жүйелер сегменттерін және оларды бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңғырту;

      ақпаратты қорғау құралдарын сертификаттаудың және сертификаттау нәтижелерін өзара танудың келісілген тәртібін белгілеу;

      ақпараттық қауіпсіздік саласындағы перспективалы ақпараттық технологияларды әзірлеу;

      ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға, ғылыми-техникалық өнімге сараптама жүргізу;

      ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы кадрларды кәсіптік қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру;

      озық тәжірибелерді қорыту, тарату және енгізу;

      ғылыми конференциялар, симпозиумдар және кеңестер ұйымдастыру және өткізу бойынша өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты ұйымдастырады.

4-бап

      Тараптар ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге қатысты бейбіт уақытта да және қатер төнетін кезеңде де құқыққа қайшы және өзге де бұзушы әpeкет жасау мақсатында ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалану қатерлеріне қарсы іс-қимыл жасау бойынша шоғырландырылған күш-жігер қолданады.

      Тараптар ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін кешенді шешуді қамтамасыз ететін мемлекетаралық бағдарламаларды және өзара мүдделерді білдіретін ынтымақтастықтың нақты бағыттарын іске асыру бойынша жекелеген жобаларды әзірлейді және іске асырады.

      Тараптар осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында жүргізілетін жұмыстар туралы деректер алмасу тәртібін оңайлатуға ұмтылады.

      Тараптар ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарға мемлекеттік органдар мен меншік нысанына қарамастан, ұйымдардың белсенді қатысуы үшін жағдай жасайды.

      Тараптар тең құқықтылық және өзара пайдалылық қағидаттарында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірлескен іс-шаралар жүргізеді.

      Тараптар ынтымақтастықты үйлестіру және оның тиімділігін арттыру мақсатында осы Келісім негізінде консультациялар өткізеді.

5-бап

      Тараптар осы Келісімді кезең-кезеңімен іске асыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуді көздейтін шараларды жүзеге асырады.

      Тараптар бірінші кезеңде осы Келісімнің 3-бабында көрсетілген ынтымақтастық бағыттарын іске асыру үшін қажетті ақпаратты жинауды, талдауды және алмасуды қамтамасыз етеді, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және басқа Тараптардың уәкілетті органдарына жеткізеді.

      Тараптар ақпараттық қауіпсіздік саласында жүргізілетін жұмыстар туралы ақпарат алмасу тәртібін оңайлатуға келісілген шаралар қабылдайды.

      Тараптар келесі кезеңдерде осы Келісімнің 3-бабында көрсетілген ынтымақтастық бағыттарын келісілген мерзімдерде іске асыруды ұйымдастырады.

6-бап

      Тараптар осы Келісімді іске асыру процесінде өздеріне белгілі болған, қолжетімділігі шектеулі ақпаратты жарияламауға және тиісінше қорғауды қамтамасыз етуге міндеттенеді.

      Осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің заңнамасымен мемлекеттік құпияға (мемлекеттік сырларға) жатқызылған мәліметтерді беру осы Келісім шеңберінде жүзеге асырылмайды.

7-бап

      Егер әрбір нақты жағдайда өзгеше тәртіп келісілмесе, Тараптар осы Келісімнің ережелерін іске асыру барысында туындайтын шығыстарды дербес көтереді.

8-бап

      Уәкілетті органдар осы Келісімді іске асыру үшін жауапты болып табылады, олардың тізбесін әрбір Тарап айқындайды және осы Келісімнің немесе қосылу туралы құжаттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы хабарламаны тапсыру кезінде депозитарийге береді.

      Тараптардың әрқайсысы 30 күн ішінде депозитарийді уәкілетті органдардың тізбесіндегі өзгерістер туралы жазбаша хабардар етеді.

9-бап

      Уәкілетті органдар осы Келісімнің 3-бабында келтірілген өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша өзара ақпарат алмасады.

      Уәкілетті органдар ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және басқа да ақпараттық технологиялар, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдары мәселелері бойынша Тараптар арасында тәжірибе алмасуды жүзеге асырады.

10-бап

      Осы Келісім Тараптардың әрқайсысының мемлекеті қатысушысы болып табылатын басқа халықаралық шарттардан өзі үшін туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

11-бап

      Осы Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша, тиісті хаттамамен ресімделетін, оның ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

12-бап

      Осы Келісімді қолдану және түсіндіру кезінде туындайтын Тараптар арасындағы даулы мәселелер мүдделі Тараптардың консультациялары мен келіссөздері арқылы шешіледі.

13-бап

      Осы Келісім оған қол қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Келісім депозитарий тиісті құжаттарды алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

14-бап

      Осы Келісім күшіне енгеннен кейін ТМД-ға кез келген қатысушы мемлекеттің қосылу туралы құжатты депозитарийге беру арқылы қосылуы үшін ашық.

      Қосылатын мемлекет үшін осы Келісім депозитарий қосылу туралы құжатты алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

15-бап

      Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады. Тараптардың әрқайсысы шыққанға дейін 6 айдан кешіктірмей өзінің осындай ниеті туралы жазбаша хабарламаны депозитарийге жібере отырып және осы Келісім қолданылған кезде туындаған міндеттемелерді реттей отырып, осы Келісімнен шығуға құқылы.

      2013 жылғы 20 қарашада Санкт-Петербург қаласында бір төлнұсқа данада орыс тілінде жасалды. Төлнұсқа дана Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Келісімге қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

Әзербайжан Республикасының
Үкіметі атынан

Ресей Федерациясының
Үкіметі атынан

Армения Республикасының
Үкіметі атынан

Тәжікстан Республикасының
Үкіметі атынан

Беларусь Республикасының
Үкіметі атынан

Түрікменстан Республикасының
Үкіметі атынан

Қазақстан Республикасының
Үкіметі атынан

Өзбекстан Республикасының
Үкіметі атынан

Қырғыз Республикасының
Үкіметі атынан

Украинаның Үкіметі атынан

Молдова Республикасының
Үкіметі атынан

      Осы арқылы беріліп отырған мәтін 2013 жылғы 20 қарашада Санкт-Петербург қаласында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкіметтері басшыларының Кеңесі отырысында қабылданған ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына катысушы мемлекеттер ынтымақтастығы туралы Келісімнің түпнұсқалы көшірмесінің бейресми аудармасы болып табылатынын куәландырамын. Жоғарыда аталған Келісімнің түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталған.

      ТМД атқарушы хатшысы – Атқарушы
комитет Төрағасының Бірінші орынбасары
В. Гаркун

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 261194
    Қазақ тілінде 130431
    Орыс тілінде 129889
    Ағылшын тілінде 874
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы