2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенiн құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 13 ақпандағы № 302-VІ ҚРЗ.

      Баспасөз релизі

      2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенiн құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2018 жылғы 22 тамызда Мәскеуде жасалған хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,

      2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 20-бабын басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімнің 2-бабының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешені" - 2016 - 2025 жылдары Ресей Федерациясының федералды ғарыштық бағдарламасында құрылуы көзделген, экологиялық қауіпсіздік деңгейі жоғары, перспективалы ресейлік орта класты тасымалдағыш зымыранмен ғарыш аппараттарын ұшыруға арналған кешен. "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінің құрамына "Байқоңыр" ғарыш айлағының "Зенит-М" ғарыш зымыран кешенінің техникалық құралдарының, құрылыс жайлары мен коммуникацияларының негізінде құрылатын старттық және техникалық кешендер, жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдалану бойынша персоналды дайындаудың оқу-жаттығу құралдары, телекоммуникациялық және ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдағыш зымыранның бөлінетін бөліктерінің құлау аудандары және басқа жерүсті ғарыш және қамтамасыз етуші инфрақұрылым объектілері кіреді;".

2-бап

      Келісімнің 3-бабы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Тараптар Бірлескен кәсіпорынның жарғылық капиталы ұлғайтылған жағдайда Тараптардың әрқайсысының акционерлеріне тиесілі дауыс беретін акциялардың тепе-тең санымен көрсетілетін акциялар саны бойынша теңдікті сақтайды.".

3-бап

      Келісім мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:

"4-1-бап

      Қазақстан Тарапы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мыналарды (мемлекеттік тапсырма нысанында):

      Ресей Тарапы жалға алатын объектілер құрамынан оларды шығарудан кейін, "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру және жұмыс істеуі үшін пайдаланылатын "Зенит-М" ғарыш зымыран кешенінің жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін ұстауды және пайдалануды;

      "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру және одан автоматты және басқарылатын ғарыш аппараттарын ұшыруды жүзеге асыру мақсатында старттық және техникалық кешендерді қоса алғанда, "Зенит-М" ғарыш зымыран кешенінің жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін реконструкциялауды және жаңғыртуды (старттық және техникалық кешендердегі тасымалдағыш зымыранды дайындау кезінде пайдаланылатын бақылау-тексеру аппаратураларын, сондай-ақ қолжеткізу шектелген жүйелер мен агрегаттарды қоспағанда), жерүсті ғарыш инфрақұрылымның жаңа объектілерін салуды, жерүсті ғарыш инфрақұрылымның қолданыстағы объектілерді күрделі жөндеу мен реконструкциялауды;

      старттық және техникалық кешендерді пайдалану бойынша персоналды дайындаудың оқу-жаттығу құралдарын құруды;

      Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдағыш зымыранның бөлінетін бөліктерінің құлау аудандарын бөлуді;

      телекоммуникациялық және ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жаңғыртуды;

      "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін пайдалану үшін қажетті, қамтамасыз етуші инфрақұрылым объектілерін құруды және жаңғыртуды қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

      "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру жобасын қаржыландырудың мерзімдері мен көлемі жобаның техникалық-экономикалық негіздемесімен айқындалады.

      Ресей Тарапы:

      перспективалы орта класты тасымалдағыш зымыранды құруды;

      тасымалдағыш зымыранның құрамдас бөліктерін тасымалдау құралдарының жиынтығын құруды;

      екпіндеткіш блоктың техникалық кешенін, ғарыш аппаратының техникалық кешенін, ғарыштық басты бөліктің техникалық кешенін жаңғыртуды;

      басқарылатын көлік кемесінің техникалық кешенін құруды;

      телеметриялық ақпаратты өлшеу, жинау және өңдеу құралдарының кешенін жаңғыртуды;

      старттық және техникалық кешендердегі перспективалы орта класты тасымалдағыш зымыран үшін бақылау-тексеру аппаратурасын құруды қаржыландыруды қамтамасыз етеді.".

4-бап

      Келісімнің 5-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

"5-бап

      Тараптар 2022 жылы орта класты тасымалдағыш зымыранмен "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінде ұшу сынақтарының басталуын қамтамасыз етеді.".

5-бап

      Келісімнің 6-бабының екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;

      Ресей Тарапынан - "Роскосмос" ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорация.".

6-бап

      Келісімнің 10-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

"10-бап

      Тараптар "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру мақсатында Бірлескен кәсіпорынға Тараптардың құзыретті органдарымен келісу бойынша "Байқоңыр" ғарыш айлағының жерүсті ғарыш инфрақұрылымының қолданыстағы құрылыс жайларына (объектілеріне) ажыратылатын және ажырағысыз жақсартуларды енгізу және жаңа құрылысжайларды (объектілерді) құру құқығын ұсынады.

      Осы Келісімді іске асыру мақсатында "Зенит-М" ғарыш зымыран кешенінің объектілері Тараптардың құзыретті органдары бекіткен тізбеге сәйкес "Байқоңыр" кешенінің Ресей Тарапы жалға алатын объектілерінің құрамынан шығарылады және Жалға беру шартында айқындалған тәртіппен Қазақстан Тарапына 2018 жылғы 1 маусымға дейін беріледі.

      Қазақстан Тарапы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бірлескен кәсіпорынға "Зенит-М" ғарыш зымыран кешенінің көрсетілген объектілерінің сенімгерлік басқаруға берілуін қамтамасыз етеді.

      Қажет болған кезде "Байқоңыр" кешенінің өзге құрылысжайлары (объектілері) Жалға беру шартында айқындалған тәртіппен "Байқоңыр" кешенінің жалға алынатын объектілерінің құрамынан шығарыла отырып, Бірлескен кәсіпорынға берілуі мүмкін.".

7-бап

      Келісімнің 11-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

"11-бап

      Осы Келісімді іске асыру мақсатында құрылатын "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінің объектілерін салу жобасының мемлекеттік сараптамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.".

8-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.

      2018 жылғы 22 тамызда Мәскеу қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің де күші бірдей.

      Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының
      Үкіметі үшін Үкіметі үшін

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 273774
    Қазақ тілінде 136549
    Орыс тілінде 136221
    Ағылшын тілінде 1004
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы