Қазақстан Республикасының Халықаралық валюта қорына, Халықаралық қайта құру және даму банкісіне, Халықаралық қаржы корпорациясына, Халықаралаық даму қауымдастығына, Инвестициялар кепілдігінің көп жақты агенттігіне және Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталыққа мүшелігі туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1992 жылғы 26 маусым N 1433-ХІІ. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2001.12.06. N 265 Заңымен. ~Z010265

      Осы Заң Қазақстан Республикасының Халықаралық валюта қорының, Халықаралық қайта құру және даму банкісінің, Халықаралық қаржы корпорациясының, Халықаралық даму қауымдастығының, Инвестициялар кепілдігінің көп жақты агенттігінің және Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың мүшелігіне қабылдануы үшін қажетті жағдай жасау мақсатында қабылданады.
 
      1-бап
 
      1. Қазақстан Республикасының Президентіне Халықаралық валюта қорының, (бұдан былай "Қор" делінеді), Халықаралық қайта құру және даму банкісінің (бұдан былай "Банк" делінеді), Халықаралық қаржы корпорациясының (бұдан былай "Корпорация" делінеді), Халықаралық даму қауымдастығының (бұдан былай "Қауымдастық" делінеді), Инвестициялар кепілдігінің көп жақты агенттігінің (бұдан былай "Агенттік" делінеді) және Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың мүшелігін тиісінше барлық түзетулермен бірге Қор, Банк, Корпорация, Қауымдастық Келісімінің Баптарын, Агенттікті құру туралы Конвенцияны және Мемлекеттер мен басқа мемлекеттер азаматтары арасындағы инвестициялар саласындағы дауларды реттеу туралы Конвенцияны /ІСSID Конвенциясы/ қабылдай отырып - бұлардың текстері осы Заңның N 1-6 қосымшаларында келтірілген - Қазақстан Республикасы атынан қабылдауға уәкілдік берілген, сондай-ақ тиісінше Қор, Банк, Корпорация, Қаумдастық және Агенттік Басқарушылар Кеңесінің Қазақстан Республикасының осы ұйымдарға мүшелігіне қатысты Қарары ережелері мен шарттарын қабылдайды.
      2. Қазақстан Республикасының Президентіне немесе Президент тағайындаған адамға:
      Қор, Банк, Корпорация және Қауымдастық Келісімдері Баптарының, Агенттікті құру жөніндегі Конвенция мен ISCID Конвенциясының түпнұсқаларына қол қоюға;
      осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының мүшелігіне қатысы бар қабылдау немесе бекіту туралы құжат пен басқа да құжаттарға Қазақстан Республикасы атынан қол қоюға және оларды табыс етуге уәкілдік берілген.
      3. Қазақстан Республикасының Қорға қабылданған кезінен бастап Қазақстан Республикасының Президентіне Қор Келісімінің Баптарына ұсынылған үшінші түзетуді Қазақстан Республикасы атынан қабылдауға уәкілдік берілген, оның тексі осы Заңның N 7 қосымшасында келтірілген және бұл түзету Қор Келісімінің Баптарына енгізілуге тиіс.
 
      2-бап
 
      1. Қазақстан Республикасының Президенті Қордың Қарыз алуға арнаулы құқықтары бөлімінің қызметіне Қазақстан Республикасы қатысуы үшін қажетті шаралар қолданады.
      2. Қазақстан Республикасының Президенті Қордың Қарыз алуға арнаулы құқықтары бөліміне қатысушының барлық міндеттемелерін Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының өзіне қабылдайтынын растайтын және Қазақстан Республикасы Қарыз алуға арнаулы құқықтар бөліміне қатысушының барлық міндеттемелерін орындауға өзіне мүмкіндік беретін барлық қажетті шараларды қолданғанын куәландыратын қатысу туралы құжатқа Қазақстан Республикасы атынан қол қойып, оны Қорға табыс етеді.
 
      3-бап
 
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік банкісіне кредит алуға немесе кез-келген лайықты жолмен сатып алуға және Қазақстан Республикасының атынан Қорға, Банкіге, Корпорацияға, Қауымдастық пен Агенттікке Қазақстан Республикасының осы ұйымдарға мүшелігіне қатысты Қарарлар шарттары мен ережелеріне, әрі Келісімнің немесе Конвенцияның тиісті Баптарына сәйкес сомалардың мерзімдік төлемін қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қордың Қарыз алуға арнаулы құқықтар бөлімінің қызметіне Қазақстан Республикасының қатысуына байланысты төлемдерді жүзеге асыруға уәкілдік берілген.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік банкісіне Қор, Банк, Корпорация мен Қауымдастық Келісімнің Баптарына және Агенттікті құру жөніндегі Конвенцияға сәйкес кез-келген берілмейтін процентсіз вексельдер шығаруға уәкілдік берілген, олар Қазақстан Республикасының Қорға, Банкке, Корпорацияға, Қауымдастыққа немесе Агенттікке мүшелігіне қажет болуы немесе сәйкес келуі мүмкін.
 
      4-бап
 
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік банкісі Қор Келісімі Баптарының V бабының, 1-параграфының және Банк Келісімі Баптарының ІІІ бабының, 2-параграфының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының қаржы органы ретінде жұмыс істейді және оған тиісінше Қазақстан Республикасы атынан Қор және Банк Келісімі Баптарының әртүрлі ережелерінде рұқсат етілген барлық операциялар мен мәмілелерді орындауға уәкілдік берілген.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік банкісіне Қор Келісімі Баптарының Ү бабына, 2-параграфына, (б) тармағына сәйкес Қордың қабылдауы мүмкін қаржылық борыш міндеттемелерінің сондай үлгілерін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы атынан барлық операциялар мен мәмілелерді орындауға уәкілдік берілген.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік банкісі Корпорация Келісімі Баптарының ІҮ бабында, 10-параграфында, Қауымдастық Келісімі Баптарының ҮІ бабында, 10-параграфында және Агенттікті құру жөніндегі Конвенцияның 38-бабында аталған байланыс арнасы түрінде тағайындалады.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік банкісі Қордың, Банктің, Корпорацияның, Қауымдастықтың және Агенттіктің Қазақстан Республикасында пайдаланылатын валюта қаражатының ұстаушысы түрінде тағайындалады.
      5. Қазақстан Республикасының Президенті Қор Басқарушылары Кеңесіне Қазақстан Республикасының өкілі түрінде Қазақстан Республикасы бойынша Басқарушы міндеттерін орындауы үшін Министрді немесе тиісті лауазымдық дәрежедегі адамды, сондай-ақ Басқарушы жоқ кезде оның міндеттерін атқаруы

үшін барлық өкілеттік берілген орынбасарын тағайындайды.

     5-бап

     Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік банкісі Қазақстан

Республикасы атынан Қор және Банк Келісімі Баптарының ережелерімен рұқсат

етілген операциялар мен мәмілелерді жүзеге асырған кезде Қазақстан

Республикасына төленуі немесе аударылуы мүмкін кез-келген соманы алуға

құқылы.

     6-бап

       Қазақстан Республикасы үшін Қор, Банк, Корпорация Қауымдастық

Келісімінің Баптары мен ICSID Конвенциясы осы ұйымдарға Қазақстан

Республикасы қабылданған тиісті күндерден бастап күшіне енеді.

     7-бап

     Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттік өкімет

пен басқару органдары осы Заңның 1-бабында аталған Келісім Баптарын,

Конвенциялар мен Қарарларды сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы

міндеттемелерін орындау үшін қажетті нормативтік актілер шығарады.

     Қазақстан Республикасының

           Президенті

     Оқығандар:

     Қасымбеков Б.А.

     Багарова Ж.А.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 282816
    Қазақ тілінде 140747
    Орыс тілінде 140557
    Ағылшын тілінде 1512
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы