Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне магистральдық құбыр және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы № 21-V Заңы

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат):
      1) 117-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі «ғарыш объектiлерi» деген сөздерден кейін «, магистральдық құбырлардың желілік бөлігі» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 193-1-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «мұнай құбырлары; магистральдық газ құбырлары» деген сөздер «құбырлар» деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат):
      1) 52-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Осы баптың 1-тармағының ережелерi мемлекеттiк жер пайдаланушыларға бекiтiп берiлген «Байқоңыр» кешенiнiң үйлерiне (құрылыстарына, ғимараттарына), сондай-ақ магистральдық құбырлардың желілік бөліктеріне меншік құқығына қолданылмайды.»;
      2) 69-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) магистральдық құбырлардың желілік бөлігін орналастыру және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдалану;»;
      3) 118-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «118-бап. Құбыр көлігінің жерлері
      Құбыр көлiгiнiң мұқтаждарына арналған жерлерге су құбырларын, газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырлары мен жербеті және жерасты үйлерiн, құрылыстарын, ғимараттарын, құрылғыларын пайдалану, күтiп-ұстау, салу, реконструкциялау, жөндеу, кеңейтiп ұлғайту үшiн қажеттi объектiлердi және құбыр көлiгiнiң басқа да объектiлерiн орналастыру үшiн бөлiнiп берiлген жерлер жатады.
Аталған жерлерге шекаралары Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттары бар магистральдық құбырлардың күзет аймақтарын қоса алғанда, магистральдық құбырлардың мұқтаждарына арналған жерлер де жатады.
      Күзет аймақтары жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерiн алып қоймай-ақ белгiленуi мүмкiн.
      Магистральдық құбырлардың желілік бөлігін орналастыру және пайдалану мақсаттарында жер учаскелерін бөлу қауымдық сервитут қағидалары бойынша (осы Кодекстің 69-бабының 4-тармағы) жүзеге асырылады.».
      3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат):
      1) 244-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, жолаушыларды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге, экспортталатын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдауды бірнеше көлік ұйымы жүзеге асырған жағдайда, Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдауды жүзеге асыратын көлік ұйымының жолаушыларды тасуы, тауарларды (почтаны, багажды) тасымалдауы басталған орын халықаралық тасымалдау басталған орын деп танылады.
      Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, жолаушыларды Қазақстан Республикасының аумағына, импортталатын тауарларды (почтаны, багажды) тасымалдауды бірнеше көлік ұйымы жүзеге асырған жағдайда, оның көлігімен Қазақстан Республикасының аумағына жолаушыларды, тауарларды (почтаны, багажды) әкелген көлік ұйымы жүзеге асыратын тасымалдау халықаралық тасымалдауға жатады.»;
      2) 245-бапта:
      1-тармақтың төртінші бөлігіндегі «бапта» деген сөз «тармақта» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «1-1. Нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы осы Кодекстiң 308-1-бабының 1-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының өндірген және өткізген тұрақсыз конденсатты Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше басқа мемлекеттердiң аумағына өткізуі бойынша айналымға салынады.
      Осы тармақта көрcетiлген қосылған құн салығын төлеушiлердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      1-2. Нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы газ саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушінің бұрын осы салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткен және Кеден одағына мүше осындай басқа мемлекет аумағында өңдеген алыс-беріс шикізатынан өңделген өнімдерін Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағында өткізуі бойынша айналымға салынады.
      Осы тармақта көрсетілген қосылған құн салығын төлеушілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
      мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
      «3. Осы баптың 1-1-тармағында көрсетілген тұрақсыз конденсаттың өткізілуін растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттердің аумағына әкетілген (әкетілетін) тұрақсыз конденсатты беруге арналған шарт (келісімшарт);
      2) құбырлар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат санын есепке алу құралдарының көрсетілімдерін алу актісі;
      3) Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттердің аумағына құбырлар жүйесі арқылы әкетілген тұрақсыз конденсатты қабылдау-тапсыру актісі.
      Құбырлар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат санын есепке алу құралдарының көрсетілімдерін алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      4. Осы баптың 1-2-тармағында көрсетілген тауарлардың өткізілуін растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
      1) алыс-беріс шикізатын өңдеуге арналған шарттар (келісімшарттар);
      2) олардың негізінде өңдеу өнімдерін өткізу жүзеге асырылатын шарттар (келісімшарттар);
      3) алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстардың орындалу фактісін растайтын құжаттар;
      4) алыс-беріс шикізатының Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына әкетілуін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері.
      Алыс-беріс шикізаты магистральдық құбырлар жүйесі арқылы әкетілген жағдайда, тауарға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына осындай алыс-беріс шикізатын қабылдау-тапсыру актісі беріледі;
      5) аумағында алыс-беріс шикізатын өңдеу жүзеге асырылған кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі – оларды сатып алушыға өңдеу өнімдерінің тиеп жөнелтілгенін растайтын құжаттар;
      6) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашылған банк шоттарына өткізілген өңдеу өнімдері бойынша валюталық түсімнің түсуін растайтын құжаттар;
      7) осы Кодекстің 276-13-бабының 8-тармағында көзделген, тиісті уәкілетті мемлекеттік органның кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында тауарларды өңдеу шарттары туралы қорытындысы.
      Қайтарылуға жататын қосылған құн салығынан асып кеткен соманы айқындау кезінде Қазақстан Республикасының салық қызметі органының сұрау салуы бойынша кеден одағына мүше мемлекеттің салық қызметі өңдеу өнімдерін сатып алушыға қатысты жүзеге асырған салықтық тексерудің нәтижелері ескеріледі.»;
      3) 255-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ғарыш қызметіне қатысушылар әкелетін ғарыш объектілерінің, жербеті ғарыш инфрақұрылымының объектілері жабдықтарының импорты қосылған құн салығынан босатылады. Осы тармақшаның ережелері нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, ғарыш қызметінің мақсаттары үшін осындай ғарыш объектілері мен жабдықтарын әкелу туралы ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның растауы негізінде қолданылады;»;
      4) 276-11-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Кодекстің 245-бабының 1-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағына өңдеу үшін бұрын әкетілген алыс-берiс шикiзатын өңдеу өнімдерін кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында өткізген жағдайда, өңдеу өнімдерінің экспортын растау мынадай құжаттардың:»;
      5) 276-14-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Көрсетілген баптың 1-тармағында белгіленген мерзімнен асып кеткен жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына өңдеу үшін әкетілген алыс-беріс шикізаты салық салу мақсатында өткізу бойынша салық салынатын айналым деп танылады және осы Кодекстің 245-бабының 1-2-тармағында және осы Кодекстің 276-11-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан алыс-беріс шикізаты әкетілген күннен бастап осы Кодекстің 268-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынуға жатады.
      Осы тармақтың мақсаттарында белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағына қайта әкелінбеген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімдерінің көлеміне келетін алыс-беріс шикізаты бойынша салық салынатын айналымның мөлшері халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген есепке алу саясаты негізінде осындай өңдеу өнімдерінің өзіндік құнына енгізілген алыс-беріс шикізаты құнының мөлшерінде айқындалады.
      Осы бапты қолдану мақсаттары үшін салық төлеушінің есепке алу саясатында белгіленген өзіндік құнды айқындау әдісі күнтізбелік бір жыл ішінде өзгертілуге жатпайды.»;
      6) 300-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «300-бап. Төлеушілер
      Мыналар:
      1) осы Кодекстiң 308-1-бабының 1-тармағында көрсетiлген келісімшарттар шеңберiнде өндiрiлген шикi мұнай, газ конденсаты көлемiн экспорттайтын жер қойнауын пайдаланушыларды;
      мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган айқындаған көлемде және кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімімен бұрын орналастырылған шикі мұнайға экспорттың кедендік рәсімін қолданған, тізбесін мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган белгілейтін заңды тұлғаларды қоспағанда:
      шикi мұнайды, газ конденсатын экспортқа өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар экспортқа рента салығын төлеушiлер болып табылады.
      Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өнімдерді қоспағанда, егер кеден аумағынан тыс жерде шикі мұнайды өңдеудің кедендік рәсімі аяқталғаннан кейін заңды тұлға тауарларды кеден аумағынан тыс жерде өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілген көлемде оның өндеу өнімдерін Қазақстан Республикасына іс жүзінде әкелуді жүзеге асырмаған жағдайда, мұндай заңды тұлға осы Кодекстің 332-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде өңдеуге берілген шикі мұнайдың барлық көлемі бойынша экспортқа рента салығын төлеуші болып табылады;
      2) көмiрдi экспортқа өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар экспортқа рента салығын төлеушiлер болып табылады.»;
      7) 332-бапта:
      2-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде өңдеуге берілген шикі мұнайға – салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдаланушы өндірген және жер қойнауын пайдаланушы кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшін берген не кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытында өңдеуге кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізілген шикі мұнайдың көлеміне бөлінеді.
      Осы тармақшаның мақсаттары үшін кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшін шикі мұнайды беруді не кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытында өңдеуге кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың тізбесін, сондай-ақ кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарының тізбесін және олардың шикі мұнайды өңдеу шарттарын мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өнімдерді қоспағанда, егер кеден аумағынан тыс жерде шикі мұнайды өңдеудің кедендік рәсімі аяқталғаннан кейін тауарларды кеден аумағынан тыс жерде өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілген көлемде оның өңдеу өнімдері Қазақстан Республикасына іс жүзінде әкелінбеген жағдайда, кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде өңдеуге берілген шикі мұнайдың барлығы пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу мақсаттары үшін тауарлы шикі мұнай ретінде қаралады.»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) тауарлы шикi мұнайға, газ конденсатына және табиғи газға – егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, осы тармақтың 1)2)2-1)3)4)5) және 5-1) тармақшаларында көрсетiлген шикi мұнай, газ конденсаты мен табиғи газ көлемдерiн шегере отырып, жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт шеңберiнде өндiрген шикi мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың жалпы көлемiне бөлiнедi.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Жер қойнауын пайдаланушының осы баптың 2-тармағының 2-1) тармақшасында көрсетілген кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде өңдеу үшін кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытына бергенін не кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытында өңдеуге кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізгенін растау үшін жер қойнауын пайдаланушыда тауарлардың және олардың өңдеу өнімдерінің нақты көлемі және оларды тиісті кедендік рәсіммен орналастыру фактісін растайтын мынадай құжаттардың:
      тауарларды және олардың өңдеу өнімдерін тиісті кедендік рәсіммен орналастыруды растайтын, тауарларға арналған декларациялардың;
      тауарларды кеден аумағынан тыс жерде өңдеу шарттары туралы құжаттың;
      нақты жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген және кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытында өңдеуге кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізілуге жататын шикі мұнай көлемі туралы, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылар бөлігінде шикі мұнайды өңдеу үшін әкетуге жататын, көрсетілген көлемнен алынатын өңдеу өнімдерінің көлемі туралы мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган қорытындысының;
      кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімін қолдану туралы есептердің;
      тауарлар мен өңдеу өнімдеріне арналған коммерциялық және тауарға ілеспе құжаттардың және (немесе) қабылдау-тапсыру актілерінің;
      нақты жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген және кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытында өңдеуге кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізген шикі мұнай көлемінен алынған өңдеу өнімдерінің нақты әкелінген көлемі туралы мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган қорытындысының түпнұсқалары немесе нотариат куәландырған көшірмелері болуға міндетті.
      Құжаттардың осындай түпнұсқалары немесе олардың нотариат куәландырған көшірмелері болмаған жағдайда, шикі мұнайдың тиісті көлемі пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсаттары үшін тауарлы шикі мұнай ретінде қаралады.»;
      8) 334-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) жер қойнауын пайдаланушы кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшін шикі мұнай берген не кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытында өңдеуге кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізген кезде – жер қойнауын пайдаланушы кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу ретінде берген не кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауытында өңдеуге кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізген шикі мұнайдың нақты көлемі мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын өнім бірлігін өндірудің 20 пайызға ұлғайтылған өндірістік өзіндік құнының көбейіндісі ретінде;»;
      9) 336-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Шикі мұнайды осы Кодекстің 332-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген тәртіппен өткізген және (немесе) берген жағдайда, белгіленген мөлшерлемелерге 0,5 төмендету коэффициенті қолданылады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өнімдерді қоспағанда, егер кеден аумағынан тыс жерде шикі мұнайды өңдеудің кедендік рәсімі аяқталғаннан кейін тауарларды кеден аумағынан тыс жерде өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілген көлемде оның өңдеу өнімдерін Қазақстан Республикасына нақты әкелу жүзеге асырылмаған жағдайда, осы бапта көзделген төмендету коэффициенті осы Кодекстің 332-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде өңдеуге берілген барлық шикі мұнайға қолданылмайды.»;
      10) 635-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы тармақтың салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасының аумағындағы екiншi деңгейдегі банктердегі банк шоттарына валюталық түсімнің түсуi жөніндегі талаптары осы Кодекстiң 245-бабының 1-1-тармағында аталған салық төлеушiлерге қолданылмайды.».
      4. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж, № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат):
      1) 2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы Заңның күшi табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға мынадай:
      1) қызметі тек жеке өзiнiң ғана мұқтаждарына арналған объектiлердi салу мен пайдалануға байланысты болатын;
      2) осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген қызмет:
      осындай қызметтен түскен кірістер күнтізбелік бір жыл ішінде барлық қызметтен түскен кірістің бір пайызынан аспауға тиіс;
      табиғи монополия саласына жатқызылған қызметтерге 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған тарифтің деңгейін ұстау шарттарының жиынтығы сақтала отырып, жүзеге асырылатын жағдайлардың бірінде қолданылмайды.»;
      2) 7-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) тәртібі «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленетін өнімді магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтерге қол жеткізуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар ескеріле отырып, реттелiп көрсетiлетiн қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жағдайларынан басқа, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларға тең жағдайларды, оның iшiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен тәртiппен реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсынуға;».
      5. «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 65-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):
      1) 10-баптың 10-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Мәміле бағасының осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) – 3) тармақшаларына сәйкес белгіленген және (немесе) қалыптастырылған бағадан ауытқуы кезінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді түзету осы Заңда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.»;
      2) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
      «10-1-бап. Жекелеген жағдайларда нарықтық бағаны айқындау
                 және салық салу объектілерін және (немесе) салық
                 салумен байланысты объектілерді түзету
      1. Мәміле бағасы Қазақстан Республикасының Үкіметі 2012 жылғы 30 маусымға дейін бекіткен жеңілдікті салық салынатын елдерде тіркелген тараптармен жасалған мәмілелерді қоса алғанда, өнімді бөлу туралы келісімдер шеңберінде өткізілетін тауарлардың нарықтық бағасын айқындау тәртібіне (әдістемесіне) сәйкес қалыптастырылған құқықтық қатынастар субъектілеріне осы Заңда белгіленген нарықтық бағаны айқындау әдістері қолданылмайды.
      Мәміле бағасы жеңілдікті салық салынатын елдерде тіркелген тараптармен жасалған мәмілелерді қоса алғанда, өнімді бөлу туралы келісімдер шеңберінде өткізілетін тауарлардың нарықтық бағасын айқындау тәртібіне (әдістемесіне) сәйкес қалыптастырылған бағадан ауытқыған кезде салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді түзету осындай тәртіпке (әдістемеге) сәйкес айқындалатын бағаға дейін жүргізіледі.
      2. Осы бап өнімді бөлу туралы келісім күшіне енген күннен бастап жасалған мәмілелерге қолданылады.».
      6. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 6, 43-құжат):
      1) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-бап. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 428-бабы 1-тармағының қолданылуы 2013 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңiнде көрсетiлген баптың 1-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсiн:
      «1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші салықтарды есептеу мен төлеудiң, сондай-ақ олар бойынша салықтық есептеме берудiң төменде көрсетiлген тәртiптерiнiң бiреуiн ғана дербес таңдауға құқылы:
      1) жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп;
      2) бiржолғы талон негiзiндегi арнаулы салық режимi;
      3) патент негiзiндегi арнаулы салық режимi;
      4) оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi.
      Осы Заңның 36-бабының 1-тармағында көрсетілген, дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар салықтарды есептеу мен төлеудiң, сондай-ақ олар бойынша салықтық есептеме берудiң төменде көрсетiлген тәртiптерiнiң бiреуiн ғана дербес таңдауға құқылы:
      1) бiржолғы талон негiзiндегi арнаулы салық режимi;
      2) патент негiзiндегi арнаулы салық режимi;
      3) оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi.»;
      2) 25-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы тармақтың қосылған құн салығын төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашылған банк шоттарына валюталық түсімнің түсуі жөніндегі талаптары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 245-бабының 1-1-тармағында аталған салық төлеушілерге қолданылмайды.»;
      3) 36-баптың 1, 3, 7, 9, 10, 12 және 13-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, бiржолғы талон негiзiндегi арнаулы салық режимiн:
      1) қызметi ауық-ауық сипатта болып, қызметтiң мынадай түрлерiн:
      газеттер мен журналдар, тұқым, сондай-ақ отырғызылатын материал (екпелер, көшет), бақша дақылдарын, саяжай және үй маңындағы учаскелерде өсiрiлген табиғи гүлдердi, қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшалық және саяжай учаскелерi өнiмдерiн, жануарлар мен құстардың жемдерiн, сыпыртқыларды, сыпырғыларды, орман жидектерiн, балды, саңырауқұлақтар мен балық өткізуді (стационарлық үй-жайларда жүзеге асырылатын қызметтердi қоспағанда);
      жер учаскелерiн өңдеу бойынша жеке тракторлар иелерiнiң көрсететiн қызметiн;
      үй жануарлары мен құстарын бағуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар;
      2) нарық аумағындағы дүңгiршектердегi, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) өткізуді қоспағанда, нарықтарда тауарлар өткiзу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар қолданады.
      Осы тармақта көрсетілген, дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар патент немесе оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданған жағдайда біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін қолдануға құқылы емес.»;
      «3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар дара кәсiпкерлер ретiнде тіркелмеуге құқылы.»;
      «7. Бiржолғы талондарды жергiлiктi атқарушы органдар айқындаған органдар қызметтi жүзеге асыруды бастағанға дейiн бередi.
      Салық төлеушiнiң қалауы бойынша бiржолғы талон бiр күнге немесе одан да ұзақ мерзiмге, бiрақ күнтiзбелiк тоқсан күннен аспайтын мерзiмге берiлуі мүмкін.
      Бiржолғы талон бiр күннен асатын мерзiмге берілген жағдайда, оның құны жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмiмен белгiленген құнды бiржолғы талон қолданылатын күндер санына көбейту жолымен айқындалады.
      Бiржолғы талондарды беру:
      2013 жылғы 1 қаңтарға дейiн – салық төлеушiнiң куәлiгiн;
      2013 жылғы 1 қаңтардан бастап сәйкестендiру нөмiрi бар құжатты көрсеткенде жүргiзiледi.
      Бұл ретте, осы баптың 1-тармағында көрсетілген жеке тұлғалар салық органдарының патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану туралы осы тұлғаларға берген шешімдерін ұсынған жағдайда, біржолғы талондар берілмейді.
      Бiржолғы талонның қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн қызметі тоқтатылған, қызметі уақытша тоқтатыла тұрған немесе оны жүзеге асыру шарттары өзгерген кезде бiржолғы талон құнының төленген сомасы қайтаруға және қайта есептеуге жатпайды.
      Бiржолғы талон бiржолғы талонда көрсетiлген қызметтi жүзеге асыру орны бойынша жарамды.
      Бiржолғы талонның нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi.»;
      «9. Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер осы арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде кiрiстер мен шығыстардың бөлек есебiн жүргiзуге және жалпыға бірдей белгiленген тәртiппен не Салық кодексінің 62 және 63-тарауларында көзделген тәртіппен қызметтiң көрсетiлген түрлерi бойынша салықты есептеу мен төлеудi жүргiзуге мiндеттi.
      Бұл ретте аталған салық төлеушілер нарықта тауарларды өткiзуден, жұмыстарды орындаудан және қызметтерді көрсетуден түскен кiрiстер мен шығыстарды, Салық кодексінің 62-тарауында көзделген тәртіппен салықты есептеу мен төлеу жағдайларынан басқа, салық салынатын кірісті айқындау кезінде есепке алады.
      Көрсетiлген жағдайларда жеке немесе корпоративтiк табыс салығының есептелген сомасы бiржолғы талон бойынша төленген жеке табыс салығының сомасынан төмен болмауға тиiс.
      10. Нарықта біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсiпкерлердің немесе заңды тұлғалардың қызметкерлерi тауарлар өткiзген, жұмыстар орындаған, қызметтер көрсеткен жағдайда, бiржолғы талон дара кәсiпкерге немесе заңды тұлғаға берiледi.
Көрсетiлген жағдайда қызметкер бiржолғы талонды алу үшiн:
      2013 жылғы 1 қаңтарға дейiн – дара кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның салық төлеушi куәлiгiнiң көшiрмесiн;
      2013 жылғы 1 қаңтардан бастап дара кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның сәйкестендiру нөмiрi бар құжатының көшiрмесiн қоса берiп, бiржолғы талонды алу құқығына нотариат куәландырған сенiмхатты ұсынуы қажет.
      Дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген және біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызмет бойынша жеке табыс салығы декларациясын тапсырмайды.
      Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген, біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсiпкерлер осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызмет бойынша жеке табыс салығы декларациясын тапсырмайды.»;
      «12. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген салық төлеушiлер біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін қолданған жағдайда, сатып алушының талап етуі бойынша берiлген және тауарды өткiзу, жұмысты орындау, қызметті көрсету фактiсiн растайтын құжатта нарықтың атауын, бiржолғы талонның сериясы мен нөмiрiн, бiржолғы талонның берiлген күнiн көрсетуге мiндеттi.
      13. Қосылған құн салығын төлеушiлердi қоспағанда, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген салық төлеушiлер біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін қолданған жағдайда, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 77-бабы 4-тармағының 5) тармақшасында белгiленген салық тiркелiмiн жүргiзуге мiндеттi.».
      7. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат):
      1) 1-бапта:
      63) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «63) магистральдық құбыр – өнімді қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ететін желілік бөлік пен объектілерден тұратын, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар талаптарына сай келетін бірыңғай өндірістік-технологиялық кешен;»;
      64) және 65) тармақшалар алып тасталсын;
      2) 16-баптың 50) тармақшасы алып тасталсын;
      3) 18-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) қажеттілік болған жағдайда, ішкі нарықтың жанар-жағармай материалдарына қажеттіліктерін жабуға қажетті көлемде Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тысқары жерлерде өңдеуге арналған мұнай мөлшерін кестелермен (жылдық және ай сайынғы) айқындау;»;
      4) 10-тарау алып тасталсын.
      8. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат):
      көрсетілген Заңға қосымшада:
      1-тармақта:
      35) тармақша алып тасталсын;
      96) тармақшадағы «саласында жүзеге асырылады.» деген сөздер «саласында;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 97) тармақшамен толықтырылсын:
      «97) Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасын сақтауда жүзеге асырылады.»;
      2-тармақтың 16) тармақшасындағы «саласында жүзеге асырылады.» деген сөздер «саласында;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
      «17) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жүзеге асырылады.».
      9. «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат):
      1) 1-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) мұнай беруші – осы Заңда белгіленген шарттармен өздері өндірген, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес заттай нысанда төленетін салықтар ретінде Қазақстан Республикасы алған, импортталған немесе жер қойнауын пайдаланушыдан тікелей сатып алынған шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын мұнай өнімдерін өндірушіге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына беретін жеке немесе заңды тұлға;»;
      2) 7-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) Қазақстан Республикасының ішкі нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мұнай өнімдерін өндірушілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын жеткізіп беру кестелерін жер қойнауын пайдаланушыларға арнап бекітеді;»;
      3) 18-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген өтінімдер ескеріле отырып, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган мұнай берушілерге арнап шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын жеткізіп беру кестесін бекітеді, онда мұнайды өңдеу жоспарын қамтамасыз ету мақсатында мұнай өнімдерін өндірушілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын беру көлемдері мен мерзімдері көрсетіледі. Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын жеткізіп берудің алдағы күнтізбелік жылға арналған кестесін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган жыл сайын 15 желтоқсанға дейін бекітеді және бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны мұнай берушілер мен мұнай өнімдерін өндірушілердің назарына жеткізеді. Мұнай берушілер шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын беруді шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын жеткізіп берудің бекітілген кестесіне сәйкес жүзеге асыруға міндетті.».
      10. «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 8-құжат):
      1) 15-баптың 14-тармағы 7) тармақшасындағы «газды иелiктен шығару жағдайларына қолданылмайды.» деген сөздер «газды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) ережелері иеліктен шығарылатын шикі және (немесе) тауарлық газды сатып алуға мемлекеттің артықшылықты құқығын көздейтін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 308-1-бабына сәйкес салық режимінің тұрақтылығын иеленетін, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жер қойнауын пайдаланушы өндірген шикі және (немесе) тауарлық газды иелiктен шығару жағдайларына қолданылмайды.»;
      2) 20-баптың 9-тармағы 3) тармақшасындағы «алынған тауарлық газды өткiзу жөнiндегi қатынастарға қолданылмайды.» деген сөздер «алынған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) ережелері иеліктен шығарылатын шикі және (немесе) тауарлық газды сатып алуға мемлекеттің артықшылықты құқығын көздейтін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 308-1-бабына сәйкес салық режимінің тұрақтылығын иеленетін, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жер қойнауын пайдаланушы өндірген тауарлық газды өткiзу жөнiндегi қатынастарға қолданылмайды.»;
      3) 26-баптың 2-тармағы 3) тармақшасындағы «иелерi жүзеге асыруға құқылы.» деген сөздер «иелері;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) газ желісі ұйымдары жүзеге асыруға құқылы.»;
      4) 27-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы «иелеріне» деген сөзден кейін «, сондай-ақ осы баптың 6-тармағы екінші бөлігінің ережелері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге» деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ «иелеріне» деген сөзден кейін «, сондай-ақ осы баптың 6-тармағы екінші бөлігінің ережелері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге» деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарына сәйкес өткізілетін сұйытылған мұнай газын сатып алу құқығына газ желісі ұйымдары ие болады.
      Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарына сәйкес сатып алынған сұйытылған мұнай газының көлемін газ желісі ұйымдары тек қана Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізеді.».
      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.03.2014 N 177-V Заңымен (03.07.2012 бастап қолданысқа енгізіледі).
      2-бап.
      1. Осы Заң:
      1) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 2) тармақшасының екінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 10) тармақшасын5-тармағын, 6-тармағының 2) тармақшасын;
      2) 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 2) тармақшасының тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтарын;
      3) 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 1) тармақшасын2) тармақшасының алтыншы, жетінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші және жиырма үшінші абзацтарын, 4) және 5) тармақшаларын;
      4) 2011 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 3) тармақшасын;
      5) 2012 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 1) тармақшасын;
      6) 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағының 1) және 3) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      2. Осы Заңның 1-бабы 3-тармағының 6), 7), 8) және 9) тармақшалары 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                   Н. НАЗАРБАЕВ

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 259284
    Қазақ тілінде 129582
    Орыс тілінде 128892
    Ағылшын тілінде 810
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы