Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21 мамырдағы N 323 Заңы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 

      1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық  K941000_  кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат):

      1) 105-баптың 2-тармағындағы "егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе" деген сөздер "егер заң актiлерiнде қосымша қаржыландыру көздерi белгiленбесе" деген сөздермен ауыстырылсын; 

      2) 139-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Акционерлік қоғамдарда акционерлердің құрылтай немесе жалпы жиналысы жарғылық капиталды қалыптастыруға және дивидендтер алуға қатыспайтын "алтын акция" енгізуі мүмкін. "Алтын акция" иесінің жалпы жиналыстың, басқарманың және директорлар кеңесінің қоғам жарғысымен белгіленетін мәселелер жөніндегі шешімдеріне вето қоюға ғана құқығы болады.
      "Алтын акциямен" куәландырылған вето қою құқығы берілуге жатпайды.";

      3) 192-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бір түрiнен екiншiсiне беру Қазақстан Республикасының Yкiметi белгілейтін тәртiппен жүзеге асырылады.";

      4) 200-бапта:
      1-тармақта:
      "мемлекеттiк органның" деген сөздерден кейiн "жазбаша" деген сөзбен толықтырылсын;
      "кәсiпкерлiк қызметтiң мына түрлерiн жасауға" деген сөздер алып тасталсын;
      1) тармақшада:
      "өзге адамдарға сатуға және беруге, айырбастауға" деген сөздер "иеліктен айыруға немесе өзгеше әдiспен билiк етуге (осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда)," деген сөздермен ауыстырылсын;
      "қорларын" деген сөз "құралдарын" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) тармақша "филиалдар" деген сөзден кейін ", өкілдіктер" деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) оған тиесiлi акцияларға (осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ дебиторлық берешекке билiк етуге;";
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) заемдар беруге;";
      2-тармақта:
      "қорларға" деген сөз "құралдарға" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсіпорынның мемлекеттiк кәсіпорынның негізгі құралдарына жататын мүлiкке қатысты, сондай-ақ оған тиесілi акцияларды сатуға және сыйға беру мәмiлелерiн жасасуға құқығы жоқ.";

      5) 206-бапта: 
      2-тармақта: 
      "сол мүліктің меншік иесінің келісуімен ғана иеліктен айыруға немесе оған өзгеше әдіспен билік етуге" деген сөздер ", сол мүліктің меншік иесінің жазбаша келісімімен ғана иеліктен айыруға немесе оған өзгеше әдіспен билік етуге, сондай-ақ дебиторлық берешекті, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, беруге және есептен шығаруға" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: 
      "3. Қазыналық кәсіпорынның өзінің негізгі құралдарына жататын мүлікті сатуға және оған қатысты сыйға беру мәмілелерін жасасуға құқығы жоқ.". 

      2. 1999 жылғы 1 шілдедегі  K990409_  Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат):

      910-баптың 1-тармағындағы бірінші бөлікте "саудаластық негізінде (тендер, аукцион)" деген сөздер "тендер, аукцион әрі саудаластықтың Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген өзге де нысандары негізінде" деген сөздермен ауыстырылсын. 

      3. Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар  Жарлығына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 66-құжат; N 24, 164-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 183-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 22, 789-құжат; N 23, 916-құжат; 2001 ж., N 10, 126-құжат):

      1) кiрiспе алып тасталсын;

      2) 2-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі "әкімдер" деген сөз "атқарушы органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-бап. Мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк 
              басқару және мемлекеттiк меншiк құқығын жүзеге 
              асыру

      1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты республикалық меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын республикалық мемлекеттiк меншiкке билiк етуге Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) орындайды. 
      Министрлiктер, агенттiктер, ведомстволар және Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген өзге де мемлекеттiк органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органдары (бұдан әрi - мемлекеттік басқару органдары) болып табылады. 
      2. Коммуналдық меншiк құқығы субъектiсiнiң коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты функцияларын тиiсті әкімшілік-аумақтық бөліністің әкiмияты (бұдан әрi - уәкілетті орган) жүзеге асырады. 
      Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөліністің әкiмияты не жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, әкiм уәкiлеттік берген атқарушы орган (бұдан әрi - мемлекеттiк басқару органы) коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органы болып табылады.";

      4) 4-баптың 1-тармағындағы "әкімнің" деген сөз "атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 6-бапта: 
      1-тармағының екінші бөлігі "жарғысын" деген сөзден кейін "мемлекеттік басқару органының ұсынуы бойынша" деген сөздермен толықтырылсын және "уәкілді органы" деген сөздер "уәкілетті органы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      2-тармағында: 
      "(уәкiлдi органы)" және "(уәкiлдi орган)" деген сөздер тиісінше "(уәкiлеттi органы) және мемлекеттiк басқару органы" және "(уәкілетті орган), кәсiпорын мен мемлекеттiк басқару органы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      2-тармағындағы екінші өзгеріс қазақша мәтіндегі күйінде қалдырылсын;

      6) 8-баптың 1-тармағында: 
      бiрiншi бөлiк "мақсатын" деген сөзден кейiн ", мемлекеттiк басқару органының ұсынуы бойынша," деген сөздермен толықтырылсын, "(уәкілді органы)" деген сөздер "(уәкілетті органы)" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Мемлекеттік кәсіпорындарға мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын беруге жол берілмейді.";

      7) 9-бапта: 
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "1. Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органының мыналарға: 
      1) мемлекеттiк кәсiпорын қызметiнiң басым бағыттарын айқындауға; 
      2) мемлекеттiк кәсiпорынның шаруашылық қызметiнiң ағымдағы және перспективалық жоспарларын, оның iшiнде жоспарлы қаржылық көрсеткiштерiн, оларды берудiң мерзiмдiлiгi мен тәртiбiн қарауға және бекiтуге; 
      3) уәкілетті органға тиiстi есептi ол белгілеген мерзiмде табыс ете отырып, мемлекеттiк кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарлы көрсеткiштерiнiң орындалуын бақылауға және талдауға; 
      4) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейтін тәртiппен мемлекеттiк басшыны тағайындауға және оны аттестаттаудан өткiзуге; 
      5) мемлекеттiк кәсiпорын мүлкiнiң мақсатқа сай пайдаланылуын және сақталуын бақылауды жүзеге асыруға; 
      6) осы Жарлықпен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерімен өзінің құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдауға өкілеттіктері болады."; 
      2-тармақтағы "оның уәкілдi органы тағайындайтын және оған есеп беретiн" деген сөздер "мемлекеттiк басқару органына есеп беретiн" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "3. Мемлекеттік басқару органы кәсіпорынның басшысымен қатынасты Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына сәйкес жеке еңбек шартын жасасу арқылы ресімдейді. 
      Жеке еңбек шартында оның қолданылу мерзімінен, еңбек, демалыс жағдайларынан, материалдық жағынан қамтамасыз етілуінен, Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарында көзделген кепілдіктер ескеріле отырып, атқаратын қызметінен босату негіздерінен басқа, кәсіпорын басшысының құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі, оның ішінде таза табыстың белгіленген бөлігін мемлекеттік бюджетке уақтылы аудармағаны және қаржы-шаруашылық есептілігі туралы мәліметтер бермегені үшін жауапкершілігі айқындалады."; 
      4-тармақ "меншiк иесiнiң" деген сөздерден кейiн "және мемлекеттiк басқару органының" деген сөздермен толықтырылсын; 
      6-тармақ "кәсiпорынның мүлкiне" деген сөздердiң алдынан "осы Жарлықпен белгiленген шектерде" деген сөздермен толықтырылсын; 
      7-тармақтың екiншi бөлiгiндегi "уәкілдi орган" деген сөздер "мемлекеттiк басқару органы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      8-тармақтың бiрiншi бөлiгіндегi "уәкiлдi орган" деген сөздер "мемлекеттiк басқару органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 10-бапта: 
      1-тармақтағы "қорлар мен" деген сөздер "және" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын: 
      "4. Мемлекеттiк кәсiпорындардың негiзгi құралдарға жататын, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында бекiтiлген мүлiкке, сондай-ақ оларға тиесiлi акцияларға қатысты сатуға және сыйға беру мәмiлелерiн жасасуға құқығы жоқ. 
      5. Шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы мүлiктi алып қою туралы шешiмде уәкiлеттi орган мемлекеттiк кәсiпорынға кейіннен мүлiктi баланстан шығара отырып, оны өзге тұлғаға бергенге дейін ұстаудың және сақталуын қамтамасыз етудің мерзімдерiн белгiлеуге құқылы.";

      9) 12-баптың 3-тармағында: 
      ", оны оқшаулау жөнiндегi мәмiлелердi қоспағанда" деген сөздер алып тасталсын; 
      "әкiмнiң" деген сөз "атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 13-баптың 2-тармағындағы "уәкiлдi орган" деген сөздер "мемлекеттiк басқару органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 14-бапта: 
      ", оған уәкiлдi органның рұқсаты алынбаған" деген сөздер алып тасталсын; 
      "уәкілдi органның немесе өзге де құзыреттi органның шешімі бойынша" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 16-баптың 1-тармағында: 
      бірінші бөлігіндегі "әкімнің" деген сөз "атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      үшiншi бөлiгiндегi "уәкiлдi орган" деген сөздер ", егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша мемлекеттік басқару органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 21-бапта:
      тақырыбындағы және мәтiнiндегi "қорлары", "қорының", "қордың", "қорды", "қорын", "қорлардың" деген сөздер тиісінше "капиталдары", "капиталының", "капиталдың", "капиталды", "капиталын", "капиталдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы "белгіленген" деген сөзден кейін "айлық" деген сөзбен толықтырылсын; 

      14) 23 және 24-баптар алып тасталсын; 

      15) 25-бапта:
      1-тармақта:
      бiрiншi бөлiгiнде:
      "меншiк иесiнiң немесе уәкiлдi органның келiсiмiнсiз кәсiпкерлiк қызметтiң мына түрлерiн жасауға" деген сөздер "уәкілетті органның жазбаша келiсiмiнсiз" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
      "1) өзіне тиесілі үйлерді, ғимараттарды, жабдықтарды және кәсіпорынның басқа да негізгі құралдарын иеліктен айыруға немесе өзге де әдiспен оларға билiк етуге (осы Жарлықтың 10-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда), ұзақ мерзімді (үш жылдан астам) жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге;"; 

      мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын: 
      "2-1) өзіне тиесiлi акцияларға (осы Жарлықтың 10-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ дебиторлық берешекке билiк етуге; 
      2-2) үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша кепiлгерлiк немесе кепiлдiк беруге;"; 

      "3) заемдар беруге құқы жоқ."; 
      екiншi бөлiгi алып тасталсын; 
      3-тармақтағы "қорларға" деген сөз "құралдарға" деген сөзбен ауыстырылсын;

      16) 26-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгiндегi "уәкiлдi органның" деген сөздер "мемлекеттiк басқару органының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 27-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "2. Республикалық мемлекеттiк кәсіпорындардың (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң мемлекеттік кәсіпорындарын қоспағанда) таза табысының бір бөлігін аудару нормативін мемлекеттік басқару органы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің келісімімен жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейін белгілейді. 
      Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін мемлекеттік басқару органы жергілікті қаржы органдарының келісімімен жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейін белгілейді. 
      Мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігі белгiленген нормативтер бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бюджетке есептелуге тиіс. 
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының таза табысының бір бөлiгi өздері белгілейтін мерзiмде, мөлшерде және тәртiппен оның бюджетiне есептелуге тиіс.";

      18) 28-бапта: 
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "1. Кәсіпорынның еңбекке ақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын мемлекеттік басқару органы белгілеп отырады."; 
      2-тармақтың екінші бөлігіндегі "уәкiлдi орган" деген сөздер "мемлекеттiк басқару органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 29-бап алып тасталсын;

      20) 30-баптың үшінші бөлігінің бірінші сөйлеміндегі "Құрылтайшының (уәкілді органның)" деген сөздер "Құрылтайшының (уәкілетті органның) немесе мемлекеттік басқару органының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      21) 35-бапта: 
      2-тармақта "уәкiлдi органның келiсiмiнсiз негiзгi қорға" деген сөздер "мемлекеттiк басқару органының жазбаша келiсiмiнсiз негiзгi құралдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қазыналық кәсiпорын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейтін тәртiппен банк заемдарын пайдалануға құқылы.";

      22) 36-бап алып тасталсын;

      23) 38-бапта:
      бiрiншi бөлiгіндегi "уәкiлдi органның келісуімен" деген сөздер ", осы Жарлықтың 10-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік басқару органының жазбаша келісімімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiк алып тасталсын; 

      24) 39-баптағы "уәкiлдi органдар" деген сөздер "мемлекеттiк басқару органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      25) 40-баптағы "уәкiлдi орган" деген сөздер "мемлекеттiк басқару органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      26) 41-баптың 1-тармағындағы "уәкiлдi орган" деген сөздер "мемлекеттiк басқару органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      27) 42-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "42-бап. Қазыналық кәсiпорын қызметкерлерiнiң еңбегiне
               ақы төлеу

      Қазыналық кәсiпорынның еңбекке ақы төлеу қорын мемлекеттiк басқару органы белгiлейдi.
      Қазыналық кәсiпорын қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi."; 

      28) 43-бап алып тасталсын;

      29) 45-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық кәсiпорынды қазыналық кәсiпорын етiп қайта құру мемлекеттiк басқару органының уәкiлетті органмен келiсiлген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен, коммуналдық кәсiпорынды қайта құру жергiлiктi атқарушы органның шешiмімен жүргiзiледi."; 
      2-тармақ алып тасталсын;

      30) 49-баптың 1-тармағында: 
      бірінші бөліктегі "Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетінің" деген сөздер "баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі орталық атқарушы органның" деген сөздермен, "уәкілді орган" деген сөздер "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      екінші бөліктегі "әкімнің" деген сөз "атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      31) 50-бапта: 
      1-тармағындағы "(осы Жарлықтың 24-бабы)" деген сөздер ", осы Жарлықтың 25-бабы 1-тармағының 1), 2-1) тармақшаларында көзделген, негiзгi кәсiпорынның уәкiлетті органымен келiсiлетiн жағдайларын қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын; 
      2-тармақтың екiншi бөлiгiндегi "әкiмнiң" деген сөз "атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын. 

      4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721  U952721_  заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 163-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 189-құжат; 1999 ж., N 21, 786-құжат; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 21, 396-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат):

      1) кіріспе алып тасталсын;

      2) 2-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "4. Жүзеге асырылуы жекешелендіру объектісін сату шарты болып табылатын қызмет түрлерімен айналысуға Қазақстан Республикасының заң актілеріне немесе құрылтай құжаттарына сәйкес құқығы жоқ заңды тұлғалар жекешелендіру кезінде сатып алушы бола алмайды.";

      3) 5-бапта: 
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: 
      "1. Мемлекеттiк мүлiктiң мынадай түрлерi: 
      1) мүлiктiк кешен ретiндегi мемлекеттiк кәсiпорын немесе мемлекеттiк мекеме (бұдан әрi - кәсiпорын); 
      2) жекешелендiрілуі тұйық технологиялық тiзбекті бұзбайтын мүлiктiк кешен ретiндегi кәсiпорынның өндiрiстiк және өндiрiстiк емес бөлiмшелерi мен құрылымдық бiрлiктерi; 
      3) кәсiпорынның мүлкi; 
      4) акциялар; 
      5) жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы үлестер; 
      6) мемлекетке тиесiлi акцияларға құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздар; 
      7) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен мемлекеттiк мекемелерге бекiтіліп берілген өзге де мемлекеттiк мүлiк жекешелендiру объектілерi болып табылады. 
      2. Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес тек мемлекеттiк меншiкте ғана болуы мүмкін мемлекеттiк мүлiк, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнің және (немесе) Yкiметiнiң шешiмдерiне сәйкес жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк мүлiк жекешелендiру объектiсi болуы мүмкін емес."; 
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: 
      "Табиғи монополия субъектілері немесе тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие болып отырған рынок субъектілері болып табылатын не Республика экономикасының жекелеген саласы (секторы) үшiн стратегиялық маңызы бар ұйымдардың мүлiктiк кешендерiн немесе акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн жекешелендiру туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Yкiметi қабылдайды және онда жекешелендiрудiң түрiне арналған нұсқау болуға тиiс. Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының (секторларының) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.";

      4) 7, 8 және 9-баптар алып тасталсын;

      5) 10-бапта: 
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-бап. Мемлекетке тиесiлi акциялар және мемлекеттiң 
               жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық 
               капиталындағы үлестерi";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "1. Мемлекетке тиесiлi акцияларды және мемлекеттiң жауапкершілiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы үлестерiн сату Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдар, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер және бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарында белгiленген талаптар сақтала отырып жүргiзiлуге тиiс.";

      6) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-бап. Жекешелендiрудiң түрлерi

      1. Жекешелендiру мынадай түрлерде: 
      1) аукцион, тендер, қор биржасындағы сауда-саттық, екі кезеңді рәсiмдер жолымен өтетiн конкурс, туынды бағалы қағаздарды сату нысанындағы сауда-саттықта сату;
      2) тiкелей бәсiрелi сату түрлерінде жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк мүлiктi сатуға тiкелей алып келмейтiн, бiрақ оның кейiннен сатылуын көздейтiн әрекеттер (жабық үлгідегі акционерлiк қоғамды ашық үлгiдегі акционерлік қоғамға өзгерту, мемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға) беру не оны тиiсiнше жалдаушының (жалгердің) не сенiм бiлдiрiлген басқарушының кейiннен сатып алу құқығымен сенiм бiлдiрiлген басқаруға беру) жекешелендiрудiң түрлерi ретiнде емес, оның алдын ала жүргізілетін сатылары ретiнде қарастырылады.";

      7) 13-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: 

      "13-бап. Сауда-саттық өткізудің талаптары"; 

      1-тармақтың бiрiншi бөлігіндегі бірінші сөйлем алып тасталсын; 
      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Сауда-саттық ашық болуға тиіс, оны өткізу тәртібі осы Жарлықтың 14-14-3-баптарымен" белгіленеді.";

      8) 14-бапта:
      1-тармақта:
      "шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық қорларындағы акциялары мен үлестерi" деген сөздер "мемлекетке тиесiлi акциялар және мемлекеттің жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы үлестерi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      "республикалық ресми баспасөзде қазақ және орыс тілдерінде" деген сөздер "ресми басылымдарда мемлекеттiк тілде және орыс тілінде" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын: 
      "6-1. Сатып алу-сату шарты Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпиясы бар мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, мүдделі адамдарға танысу үшін берілуге тиіс."; 
      8-тармақ алып тасталсын; 
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "9. Егер осы Жарлықта өзгеше көзделмесе, сауда-саттық өткiзу кезiнде осы бапта белгiленген ережелер қолданылады.";

      9) мынадай мазмұндағы 14-1, 14-2 және 14-3 баптармен толықтырылсын:

      "14-1. Қор биржасындағы сауда-саттық

      1. Мемлекетке тиесiлi бағалы қағаздарды қор биржасында сату Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарына және биржалық сауда ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. 
      Мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды шет мемлекеттердің қор биржаларында сатуға жол беріледі. 
      2. Сату туралы хабарлама қор биржасында сауда-саттық өткізу басталғанға дейін кем дегенде он бес күн бұрын ресми басылымдарда мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялануға және онда сауда-саттық басталатын күн, сауда-саттық өткізілетін орын, сату объектісі мен оның мөлшері туралы мәліметтер болуға тиіс. 
      Сатушы хабарламада мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сатуға қатысты өзге де мәліметтерді көрсетуге құқылы. 
      3. Сатушының бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысымен жасалатын шартында мемлекетке тиесiлi бағалы қағаздарды сатушы белгiлеген ең төменгі бағадан төмен болмайтын бағамен сатуға мiндеттеме болуға тиiс.

      14-2-бап. Екi кезеңдi рәсiмдер жолымен өткізілетін конкурс

      1. Екi кезеңдi рәсiмдер жолымен өткізілетін конкурс (бұдан әрi - конкурс) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жекешелендiрудің баға басымдығын және (немесе) өзге талаптарын айқындайтын шешiмi бойынша қаржы кеңесшiсiнiң қатысуымен өткiзiледi. 
      2. Конкурс мынадай iс-шаралар жоспарын: 
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен қаржы кеңесшiсiн тартуды; 
      2) жекешелендiру объектiсiн жан-жақты талдауды, оның құнын бағалауды және әлеуетті сатып алушылар (инвесторлар) үшiн сату объектiсi туралы деректердің ақпараттық базасын қалыптастыруды; 
      3) сатушының жекешелендiру объектiсiн сату туралы хабарламаны ресми басылымдарда мемлекеттiк тілде және орыс тiлiнде жариялануын, сондай-ақ қаржы кеңесшiсiнiң әлеуетті сатып алушыларға (инвесторларға) сату туралы ұсынысты жіберуін; 
      4) қаржы кеңесшiсiнiң әлеуетті сатып алушылардың (инвесторлардың) ұсыныстар бар өтiнiмдерiнің тiзбесiн қалыптастыруын; 
      5) келiссөздер барысында ең жақсы ұсыныстар берген (конкурстың бірінші кезеңі) кемiнде екi әлеуетті сатып алушыны (инвесторды) анықтау мақсатында қаржы кеңесшiсiнiң қатысуымен сатушының әлеуетті сатып алушылармен (инвесторлармен) өтiнiмдердiң тiзбесi бойынша келiссөздер өткiзуiн; 
      6) қаржы кеңесшiсiнiң қатысуымен сатушының бұрын ұсынылған талаптарды жақсарту тұрғысында конкурстың бiрiншi кезеңiнiң жеңiмпаздарымен келiссөздер өткiзуiн (конкурстың екiншi кезеңi) қамтиды. 
      3. Сатушы, қаржы кеңесшiсi және конкурстың барлық қатысушылары өткiзген келiссөздердiң әрбiр кезеңiнiң қорытындылары бойынша оның нәтижелерi туралы хаттамаға қол қойылады. 
      4. Конкурстың екінші кезеңінің барысында ең жақсы талаптар ұсынған әлеуетті сатып алушы (инвестор) конкурста жеңіп шыққан болып танылады. 
      5. Конкурстың жеңiмпазы сатушы белгiлеген мерзiмде сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқан немесе жалтарған жағдайда, ұсынысы конкурс жеңімпазынан кейінгі ең жақсы ұсыныс болып танылған әлеуетті сатып алушы (инвестор) сатып алу-сату шартына қол қояды.

      14-3-бап. Мемлекетке тиесiлi акцияларға құқықты 
                куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату

      1. Мемлекетке тиесілі акцияларға құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды (бұдан әрi - туынды бағалы қағаздар) сату Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады. 
      2. Туынды бағалы қағаздарды сатудың негізгi талаптарын сатушы Қазақстан Республикасының Үкiметіне бекiтуге табыс етеді. 
      3. Туынды бағалы қағаздарды сату туралы шешiмде туынды бағалы қағаздар шығарылған мемлекетке тиесiлi акциялардың саны, сатылатын туынды бағалы қағаздардың үлгісі, аумағында туынды бағалы қағаздарды сату жүзеге асырылады деп көзделіп отырған шет мемлекет (шет мемлекеттер), мәмiленi аяқтаудың ең ұзақ мерзiмдерi, туынды бағалы қағаздардың меншiк иелерiнiң құқықтарын іске асырудың талаптары мен тәртiбi және қажет болған жағдайда, өзге де талаптар туралы мәлiметтер болуға тиiс.";

      10) 15-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші бөлігіндегі "жалға", "жалгерге" деген сөздер тиісінше "мүлiктiк жалдауға (жалға)", "жалдаушыға (жалгерге)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жекешелендіру объектілерін жалдаушыға (жалгерге) және сенім білдірілген басқарушыға сатуға олар тиісті шартты ойдағыдай орындаған жағдайда ғана жол беріледі.";
      2-тармақта:
      "аренда" деген сөз "мүлiктiк жалдау (жал)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "кәсiпорынды" деген сөз алып тасталсын;
      3-тармақ алып тасталсын;

      11) 16-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мыналар:
      1) осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайда жабық акционерлiк қоғам үлгісін ашық акционерлік қоғамға өзгерту;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мүліктің сенім білдірілген басқаруға немесе кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға) берілуі жекешелендірудің алдын ала жүргізілген сатылары болып танылады."; 
      2, 3, 4-тармақтардағы "жалгер", "жалға беру", "жалгермен", "жалгердің", "жалдау" деген сөздер тиісінше "жалдаушы (жалгер)", "мүлiктiк жалдауға (жалға) беру", "жалдаушымен (жалгермен)", "жалдаушының ("жалгердің"), "мүліктік жалдау (жалдау)" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын: 
      "6. Егер мемлекетке жабық акционерлiк қоғамның сатуға жататын, шығарылған дауыс берiлетiн акцияларының кемiнде үштен екiсi тиесiлi болса, бұл акционерлiк қоғам Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен ашық акционерлiк қоғам болып қайта құрылуға тиіс.";

      12) 17-бапта: 
      2-тармақтың 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "2) сатып алушының талап етуi бойынша жекешелендiру объектiлерiнiң ауыртпалықтары туралы, сондай-ақ жекешелендiру объектiсi мүлiктiк кешен ретіндегі кәсiпорын болса, жекешелендірілетін кәсіпорынның жасалған келiсiм-шарттары мен шарттарындағы кредиторлық және дебиторлық берешектерiнің сомасы туралы ақпаратты әзiрлейдi және табыс етеді;"; 

      "3. Жарғылық капиталдарындағы мемлекеттiң акциялары мен қатысу үлесi сату объектiсi болатын мемлекеттiк заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың лауазымды адамдары сатушының сауал салуы бойынша объектiнi сатуға дайындау үшiн қажеттi мәлiметтердi ол белгілейтін мерзімдерде табыс етуге міндетті. 
      Табыс етілген мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн жауапкершiлiк осы тармақта тізіп келтірілген заңды тұлғалардың лауазымды адамдарына жүктеледi.";

      13) 18-бап алып тасталсын;

      14) 20-баптың 1-тармағындағы "мемлекеттік бюджет кірісіне" деген сөздер "мемлекеттік бюджетке" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 22-баптың 2-тармағында: 
      бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: 
      "2. Шарт талаптарының орындалуын бақылау сатып алушының мiндеттемелердi орындап біткен кезіне дейiн жүргiзiледi."; 
      екiншi бөлiк "сатып алу-сату шартын" деген сөздерден кейiн ", оның iшiнде өзiнiң қолданысын тоқтатқан шартты" деген сөздермен толықтырылсын;

      16) 26-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "2. Егер сатып алу-сату шартының бұзылуына тараптардың біреуінің оны едәуір бұзуы негіз болса, тараптар мәміле бойынша өздерінің орындағанын қайтаруды және оларға келтірілген залалдың өтелуін талап етуге құқылы.". 

      5. "Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуiрдегi  Z980220_  Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 5-6, 49-құжат; 1999 ж. N 20, 727-құжат):

      8-бапта: 
      2-тармақ "Мемлекеттiк органдардың" деген сөздерден кейiн "(Қазақстан Республикасының Үкiметiн немесе тиiсті әкімшiлiк-аумақтық бөліністің жергілікті атқарушы органын қоспағанда) және мемлекеттiк кәсiпорындардың" деген сөздермен толықтырылсын; 
      3-тармақ алып тасталсын. 

      6. "Акционерлiк қоғамдар туралы" 1998 жылғы 10 шiлдедегi  Z980281_  Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 17-18, 223-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; N 24, 1072-құжат; 2001 ж., N 23, 321-құжат):

      1) 9-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "2. Қазақстан Республикасының Үкiметiн, жергiлiктi атқарушы органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн қоспағанда, мемлекеттік органдар мен мемлекеттiк мекемелер қоғамның құрылтайшысы немесе қатысушысы ретінде әрекет ете алмайды.";

      2) 17-баптың 1-тармағындағы "Ашық қоғам" деген сөздер "Қоғам" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 22-баптың 4-тармағында: 
      "құрылтайшылары" деген сөз "акционерлерiнiң құрылтай немесе жалпы жиналысы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      "қоғам органдарының" деген сөздер "жалпы жиналыстың, басқарманың және директорлар кеңесінің" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: 

      4) мынадай мазмұндағы 46-1-баппен толықтырылсын:

      "46-1-бап. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамды 
                 басқарудың ерекшеліктері

      1. Республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілетті мемлекеттік орган өзге мемлекеттік органға Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе Ұлттық Банктің шешімі бойынша ғана беруі мүмкін. 
      2. Коммуналдық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы жергілікті атқарушы органның шешімімен өзге мемлекеттік органға берілуі мүмкін. 
      3. Акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асырушы мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша акционер ретінде мемлекет мүдделерін білдіреді. 
      Қазақстан Республикасының Үкіметі акциялардың мемлекеттік пакеттерін иеленуді және пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мемлекет қатысатын акционерлердің жалпы жиналысында қабылдауға ұсынылатын шешімдердің жобаларын Қазақстан Республикасының Үкіметімен және (немесе) мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілетті мемлекеттік органмен алдын ала жазбаша келісіп алуды қамтамасыз етуге міндетті болатын мәселелердің тізбесін белгілейді. 
      4. Ұлттық компаниялардың қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарларын бекіту міндетті болып табылады. 
      Ұлттық компанияларды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі қоғамның директорлар кеңесі қоғамның атқарушы органының ұсынуы бойынша қоғамның қаржы-шаруашылық қызметінің орта мерзімді және ағымдағы (жылдық) жоспарларын бекітеді. 
      Ұлттық компаниялардың индикативтік жоспарлары және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамдардың қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарлары мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде табыс етіледі. 
      5. Қазақстан Республикасының өзге заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ұлттық экономиканың негізін құрайтын стратегиялық маңызды салаларда құрылған акционерлік қоғам ұлттық компания болып табылады. 
      Ұлттық компаниялардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 
      6. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамның атқарушы органы аталған акцияларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органға акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер мөлшерінің болжамды көрсеткіштерін жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1 сәуіріне дейін табыс етуге міндетті.";

      5) 48-бапта: 
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын: 
      "19-1) "алтын акцияны" енгiзу және күшiн жою;"; 
      2-тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң бірінші сөйлеміндегі "білікті көпшілігі" деген сөздерден кейін ", ал инвестициялық жекешелендіру қорларын қайта ұйымдастыру процесінде құрылған қоғамдарда - дауыс беруге қатысқан акциялардың кемінде үштен екісі мөлшеріндегі көпшілік даусымен" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 51-бапта: 
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: 
      "2-1. Қоғам "алтын акцияның" иесін акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы жазбаша хабарлама жіберу арқылы хабардар етуге міндетті. 
      Қоғамнан ақпарат алу бөлігінде "алтын акция" иесінің акционерлермен бірдей құқығы бар."; 
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: 
      "5-1) инвестициялық жекешелендiру қорларын қайта ұйымдастыру процесiнде құрылған қоғамдар үшiн - инвестициялық жекешелендiру қорларының қоғам болып қайта ұйымдастырылғанға дейiнгі толық атауы мен лицензияларының нөмiрi;";

      7) 53-бапта: 
      2-тармақтың бірінші сөйлемі "немесе сондай акционерлердің өкілдері" деген сөздерден кейiн ", осы баптың 2-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын; 

      "2-1. Инвестициялық жекешелендiру қорын (инвестициялық жекешелендiру қорларын) қайта ұйымдастыру жолымен құрылған қоғам акционерлерiнiң қайтадан өтетін жалпы жиналысының, егер оған қатысу үшiн тiркеу аяқталған кезде дауыс беретiн акциялардың бес жүзден астам иесi, оның iшiнде сырттай дауыс беретiн акционерлер (немесе осындай акционерлер өкілдерi) тiркелген болса, шешiм қабылдауға құқығы бар.";

      8) 57-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: 
      "2-1. Он мыңнан астам акционерлерi бар қоғамдар, сондай-ақ инвестициялық жекешелендiру қорлары және инвестициялық жекешелендiру қорлары қайта ұйымдастыру жолымен құрылған қоғамдар осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзімде кемінде қырық мың дана таралыммен шығарылатын республикалық баспа басылымдарында сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді таратуға құқылы.";

      9) 61-баптың 2-тармағы "қоғамның директорлар кеңесінің" деген сөздерден кейiн "мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 62-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: 
      "3. Директорлар кеңесі өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша директорлар кеңесінің құрамындағы кемінде үштен бір бөлігін құрайтын мүшелерiнiң талап етуiмен қоғамның қаражаты есебінен тәуелсіз сарапшылар, консультанттар тартуға мiндеттi.";

      11) 63-баптың 5-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң бірінші сөйлеміндегі "Ашық қоғам" деген сөздердiң алдынан "Қоғамның барлық дауыс беретiн акцияларын иеленетін жалғыз акционерi бар қоғамдарды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын, "Ашық" деген сөз кіші әріппен жазылсын;

      12) 67-баптың 1-тармағы "директорлар кеңесiнiң мүшелерiне" деген сөздерден кейiн "және алтын акцияның иесіне" деген сөздермен толықтырылсын;

      13) 72-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: 
      "Атқарушы органның басшысы немесе оның атынан және оның тапсыруымен әрекет ететiн адам, қоғамның атқарушы органы қабылдайтын шешiмдердi өздерiне қатысты вето құқығы белгiленген мәселелер бойынша "алтын акция" иесiмен келiсуге мiндеттi.";

      14) 86-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: 
      "2. Жылдық қаржылық есептiлiк бухгалтерлiк балансты, қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелерi туралы есептi, сондай-ақ қоғам ақшасының қозғалысы туралы есептi қамтиды.";

      15) мынадай мазмұндағы 88-1-баппен толықтырылсын:

      "88-1-бап. Директорлар кеңесiнiң мүшелерiне қоғамның 
                 ақпарат беруi

      Қоғамның атқарушы органы, директорлар кеңесiнiң мүшелерiне, өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезiнде сауал салуды алған кезiнен бастап он күн мерзімнен кешiктiрмей, қоғамның қызметi туралы, оның iшiнде құпия сипаты бар ақпаратты уақтылы берудi қамтамасыз етедi.". 

       2-бап.  Осы Заң қолданысқа енгiзілгенге дейiн құрылған жабық акционерлiк қоғамдардың резервтiк капиталдары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап екi жыл iшiнде қалыптастырылуға тиiс. 

       3-бап.  Осы Заң оның ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 260954
    Қазақ тілінде 130322
    Орыс тілінде 129765
    Ағылшын тілінде 867
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы