Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне қаржы лизингі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы N 532 Заңы

      Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексiне  (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 14, 103-құжат; N 15, 138, 139-құжаттар):

      565-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен лизинг шартының жекелеген түрлерiнiң ерекшелiктерi белгiленуi мүмкiн.".

      2. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Азаматтық iс жүргiзу кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 21-22, 281-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат, 2003 ж., N 10, 49-құжат; N 14, 109-құжат; N 15, 138-құжат):

      140-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "7-1) егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес лизинг нысанасын даусыз талап ету туралы талап мәлiмделген болса;".

      3. "Қаржы лизингі туралы" 2000 жылғы 5 шiлдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 10, 247-құжат; 2003 ж., N 15, 139-құжат):

      1) 2-бапта:
      екiншi-бесiншi, оныншы және он екiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "қаржы лизингi (бұдан әрi - лизинг) - лизинг беруші сатушыдан өз меншiгіне сатып алған және лизинг шартымен келiсiлген лизинг нысанасын лизинг алушыға белгiлi бiр төлемақысына және белгiлi бiр талаптармен уақытша иеленуге және кәсiпкерлiк мақсаттар үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге пайдалануға беруге мiндеттенетiн инвестициялық қызметтiң түрi. Бұл орайда лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын беру мына талаптардың бiрiне немесе бiрнешеуiне сай келуге тиiс:
      1) лизинг нысанасын лизинг алушының меншiгіне беру және (немесе) лизинг алушыға тiркелген баға бойынша лизинг нысанасын сатып алу құқығын беру лизинг шартымен айқындалады;
      2) лизинг мерзiмi лизинг нысанасының пайдалы қызмет ету мерзiмiнiң 75 процентiнен асады;
      3) лизинг төлемдерiнiң лизингтің бүкiл мерзiмi ішіндегі ағымдық (дисконтталған) құны лизингтiң берiлген нысанасы құнының 90 процентiнен асады;
      лизинг бepуші - тартылған ақша және (немесе) өз ақшасы есебiнен лизинг нысанасын меншiгіне сатып алатын және оны лизинг алушыға лизинг шартының талаптарымен беретiн лизинг мәмiлесiне қатысушы. Бiр лизинг мәмiлесінің шеңберiнде, лизинг берушi бiр мезгiлде оның басқа қатысушысы ретiнде iс-қимыл жасауға құқылы емес;";
      "сатушы - лизинг берушi лизинг нысанасын сатып алу - сату шарты немесе лизинг шарты негiзiнде лизинг нысанасын алатын лизинг мәмiлесiне қатысушы. Сатушы бiр мезгiлде лизинг нысанасының лизинг алушысы (қайтарымды лизинг) ретiнде iс-қимыл жасай алады;";
      "лизинг мәмiлесiне қатысушылар - жеке кәсiпкерлер болып табылатын жеке тұлғалар мен лизинг беруші және лизинг алушы ретiнде iс-әрекет жасайтын заңды тұлғалар, сондай-ақ лизинг нысанасын сатушы ретiнде iс-қимыл жасайтын жеке және заңды тұлғалар;";
      он бiрiншi абзац алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы он үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "лизинг мерзiмi - лизинг нысанасы лизинг шартына сәйкес лизинг алушыға уақытша иеленуге және пайдалануға берiлетiн мерзiм. Бұл орайда лизинг берушiде лизинг нысанасына меншiк құқығының сақталуы кезiнде лизинг шартының мерзiмiнен бұрын бұзылуы лизинг мерзiмiн өзгертуге әкеп соқпайды.";

      2) 3-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасындағы "лизинг берушi, лизинг алушы және сатушы" деген сөздер "лизинг берушi мен лизинг алушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      1) тармақшадағы "керi қайтарып" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1) және 3-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) қайталама лизинг - лизинг берушiнiң өз меншiгiнде қалған лизинг нысанасы, лизинг шарты тоқтатылған немесе бұзылған жағдайда, осы Заңның 2-бабына сәйкес басқа лизинг алушыға лизингке берiлетiн лизингтiң бiр түрi;";
      "3-1) сублизинг - лизинг алушы (сублизинг берушi) осы Заңның 2-бабына сәйкес, бұрын лизинг шарты бойынша лизинг берушiден алынған және лизинг нысанасын құрайтын мүлiктi төлемақысына және сублизинг шартының талаптарына сәйкес мерзiмге уақытша иеленуге және кәсiпкерлiк мақсаттар үшiн үшiншi тұлғаларға (сублизинг берушiлерге) пайдалануға беретiн лизингтiң бiр түрi;";

      3) 4-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Лизинг берушiнiң меншiгiнде қалған лизинг нысанасы, лизинг шарты тоқтатылған немесе бұзылған жағдайда оны лизинг беруші басқа лизинг алушының лизингіне одан әрi беру үшiн пайдалануы мүмкiн.
      Мұндай лизинг нысанасын лизингке одан әрi берген кезде сатушыны және лизинг нысанасын таңдауды лизинг берушi жүзеге асырды деп есептеледi.";

      4) 5-бапта:
      1-тармақ "құқығы" деген сөзден кейiн ", лизинг алушы лизинг шарты бойынша өзiнiң барлық ақшалай мiндеттемелерiн орындаған жағдайда жүзеге асыратын, лизинг шартының қолданылу мерзiмi өткенге дейiн (егер лизинг шартында мұндай өту көзделген болса) лизинг алушының меншiгiне лизинг нысанасы ауысқан жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Лизинг алушы жойылған немесе банкротқа ұшыраған кезде лизинг нысанасы лизинг берушiге қайтарылуға тиiс.
      Лизинг алушы банкротқа ұшыраған кезде лизинг нысанасы конкурстық массаға енгiзiлмейдi.
      Лизинг нысанасына тыйым салуға және оны тәркiлеуге жол берiлмейдi.";
      6-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Бұл орайда лизинг шартында айқындалған лизинг берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi жаңа меншiк иесiне көшедi.";

      5) 6-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде немесе лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, лизинг алушы лизинг берушінің жазбаша келiсiмiмен лизинг нысанасын сублизингке өткiзуге құқылы. Бұл орайда сублизинг беруші мен сублизинг алушы лизинг берушi мен лизинг алушы ретiнде әрекет етедi және лизинг мәмiлесiне осы қатысушылар үшiн осы Заңда айқындалатын құқығы бар және жауаптылықта болады.
      Бұл орайда лизинг алушының лизинг шарты бойынша лизинг төлемдерiн төлеу жөнiндегi өз мiндеттемелерiн сублизинг алушыға аударуына лизинг берушінің жазбаша келiсiмiмен ғана жол берiледi.";
      4-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Бұл орайда сублизинг алушы сублизинг шартына сәйкес өзiнiң пайдалануындағы лизинг нысанасына тоқтатылған лизинг шартының талаптарына сәйкес келетiн талаптармен сублизингтің қалған мерзiмi шегінде лизинг берушiмен лизинг шартын жасасуға құқылы.";

      6) 9-бап алып тасталсын;

      7) 11-бапта:
      1-тармақтың 4) тармақшасындағы "осы Заңда" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      2) тармақшадағы "сатып алушыға" деген сөздер "лизинг алушыға (сублизинг алушыға)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) лизинг нысанасы жаңа лизинг алушының иеленуi мен пайдалануына берiлгенi (қайталама лизинг, сублизинг, мiндеттемедегi тұлғалардың өзгеруi) туралы осындай берiлу кезiнен бастап бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша сатушыны жазбаша хабардар етуге;";
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Лизинг шартында лизинг берушінiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн.";

      8) 12-бапта:
      1-тармақтың 3)-5) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) егер лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, лизинг беруші лизинг шартының талаптарын елеулi түрде бұзған жағдайда лизинг берушi лизинг шарты бойынша лизинг алушы алдындағы өз мiндеттемелерiн орындағанға дейiн төленуге тиiстi лизинг төлемдерiн тоқтата тұруға;
      4) егер лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, лизинг берушi лизинг шартын бiржақты тоқтатқан жағдайда, ол аванс ретiнде төлеген лизинг төлемдерiн керi қайтаруды талап етуге;
      5) егер лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, лизинг нысанасы жеткiзiп берiлмеген, мерзiмi едәуiр өткiзiлiп жеткiзiлiп берiлген немесе лизинг нысанасы мақсаты бойынша пайдалануға кедергі келтiретiн кемшiлiктерi жойылмай жеткiзiп берiлген жағдайларда, лизинг алушының сатушыны және лизинг нысанасын таңдау жағдайын қоспағанда, лизинг нысанасынан бас тартуға не лизинг нысанасын ауыстыруды талап етуге, лизинг шартын бұзуға;";
      "7) егер лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, егер лизинг алушы жауап бермейтiн жағдаяттарға байланысты лизинг шартында көзделген пайдалану талаптары елеулi түрде нашарлап кетсе, лизинг сомалары мен лизинг төлемдерiн тиiсiнше азайтуды талап етуге құқылы.";
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Лизинг шартында лизинг алушының Қазақстан Республикасының заң актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн.";

      9) 13-баптың бiрiншi бөлiгі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Сатушының құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының заңдарына және сатып алу-сату шартына сәйкес белгіленеді.";

      10) 14-баптың 4-тармағындағы "сатып алу-сату нысанасы болып табылатын мүлiктi лизингке тапсыру туралы" деген сөздер "осы Заңның 11-бабы 2-тармағының 2) және 2-1) тармақшаларына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 15-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Лизинг берушi лизинг шарты бойынша сатушыдан өз меншiгiне сатып алған және лизинг алушымен келiсiлген лизинг нысанасын төлемақысына кәсiпкерлiк мақсаттар үшiн лизинг алушының уақытша иеленуiне және пайдалануына беруге мiндеттенедi.";
      2-тармақта:
      2) тармақшадағы "сатушыны" деген сөзден кейiн "және лизинг нысанасын" деген сөздермен толықтырылсын;
      9)-13) тармақшалар алып тасталсын;

      12) 16-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Лизинг шартының мерзiмiн осы Заңның 2-бабында белгiленген ережелердi ескере отырып, тараптар айқындайды.";

      13) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-бап. Лизинг шартын өзгерту және бұзу

      Лизинг шартын өзгерту және бұзу Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында немесе лизинг шартында айқындалатын тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырылады.";

      14) 19-баптың 2-4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Егер лизинг шартында өзгеше көзделмесе, лизинг нысанасы лизинг алушыға оның барлық керек-жарағымен және оған қатысты құжаттармен (жинақталымын, қауiпсiздігін, сапасын, монтаждалуын, жөнге келтiрiлуiн, пайдаланылуын және басқаларын куәландыратын құжаттарымен) бiрге берiледi.
      3. Сатушы лизинг нысанасын сатып алу-сату шарты бойынша мiндеттемелердi бұзған жағдайда, егер лизинг шартында өзгеше көзделмесе, осыған байланысты залалдарды лизинг шартының сатушыны таңдаған тарабы көтередi.
      4. Лизинг нысанасы лизинг шарты бойынша оны пайдалану мақсаттарына сәйкес келмеген жағдайда, егер лизинг шартында өзгеше көзделмесе, осыған байланысты залалдарды лизинг шартының лизинг нысанасын таңдаған тарабы мойнына алады.";

      15) 20-бапта:
      тақырып пен 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-бап. Лизинг нысанасына байланысты мүлiктiк тәуекелдер

      1. Лизинг нысанасының сақталуы үшiн, сондай-ақ оны техникалық құжаттамада көзделген көлемде пайдалануға болмайтын жағдайға әкеп соқтырған оның жойылуына, жоғалуына, бүлiнуiне, мерзiмiнен бұрын қирауына, ұрлануына және лизинг нысанасын монтаждау, жинау немесе пайдалану кезiнде жiберiлген ағаттықтарға байланысты тәуекелдер және лизинг нысанасын нақты қабылдау кезiндегi басқа да мүлiктiк тәуекелдер үшiн жауапкершiлiктi, егер шартта өзгеше көзделмесе, лизинг алушы мойнына алады.";
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Лизинг нысанасының жойылуы, жоғалуы, бүлiнуi, ұрлануы немесе лизинг нысанасының өз функцияларын жоғалтуы немесе егер лизинг алушы жауап бермейтiн жағдаяттарға байланысты мүлiк пайдалануға жарамсыз күйде болса, лизинг алушыны лизинг шарты бойынша мiндеттемелерден босатпайды және, егер лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, лизинг алушының талабы бойынша лизинг шартын мерзiмiнен бұрын бұзуға негiз болып табылмайды.";

      16) 21-баптың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Лизинг төлемдерi - лизинг шартын жасаған кездегi баға бойынша лизинг нысанасы құнының барлық немесе елеулi бөлiгiнiң өтелуiн ескере отырып есептелуге тиiс және лизинг шартының қолданылу мерзiмi бойына жүзеге асырылатын, лизинг шарты қолданылуының бүкiл мерзiмi iшiнде лизинг шарты бойынша төлемдердiң жалпы сомасын бiлдiретiн мерзiмдiк төлемдер, оған мыналар енедi:";

      17) 23-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Лизинг алушы лизинг нысанасын, егер лизинг шартында лизинг алушының лизинг нысанасын өз меншiгiне сатып алу құқықтары мен мiндеттерi көзделмесе не ол лизинг нысанасын сатып алудың көзделген құқығын пайдаланбаса не лизинг шарты сот тәртiбiмен мерзiмiнен бұрын тоқтатылса, сондай-ақ лизинг шартында және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда қайтаруға тиiс.";

      18) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "24-бап. Лизинг нысанасын талап ету

      1. Лизинг берушiнiң, егер лизинг шартында өзгеше көзделмесе, лизинг нысанасын, шартта немесе Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде айқындалатын жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен талап етуге құқығы бар.
      2. Лизинг берушiнiң лизинг нысанасын мына жағдайларда:
      1) егер лизинг алушының лизинг нысанасын пайдалануы лизинг шартының талаптарына немесе лизинг нысанасының арналған мақсатына сәйкес келмесе;
      2) егер лизинг алушы лизинг берушiнiң лизинг нысанасына қол жеткiзуiн шектесе;
      3) егер лизинг алушы белгiленген көлемдегi лизинг шарты бойынша лизинг төлемдерiн шартта көзделген мерзiмде қатарынан екi немесе одан көп рет төлемесе даусыз талап етуге құқығы бар.
      3. Лизинг нысанасын даусыз талап ету Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу  кодексiне  сәйкес бұйрық iсiн жүргiзу тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      4. Сот бұйрығын шығару үшiн лизинг берушi:
      1) өтiнiш;
      2) лизинг шартын;
      3) өтiнiш берерден кемiнде бiр ай бұрын лизинг алушыға жiберiлген лизинг нысанасын ықтимал талап ету туралы жазбаша ескертудi;
      4) лизинг алушының лизинг төлемдерiн нақты төлегенiн растайтын құжаттарды тапсырады.
      5. Лизинг алушы сот бұйрығының көшiрмесiн алған күннен бастап он күн мерзiм iшiнде лизинг нысанасын талап ету туралы мәлiмделген талапқа бiлдiрген қарсылығын кез келген байланыс құралдарын пайдалана отырып, бұйрық шығарған сотқа жiберуге құқылы.";

      19) 25-баптың 1-тармағындағы "шетелдiк инвестициялар туралы және тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" деген сөздер "инвестициялар туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20) мынадай мазмұндағы 25-1-баппен толықтырылсын:

      "25-1-бап. Осы Заңды бұзғаны үшін жауапкершiлiк

      Осы Заңды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.".

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 262881
    Қазақ тілінде 131244
    Орыс тілінде 130743
    Ағылшын тілінде 894
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы