Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне зияткерлiк меншiк құқықтары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы N 90 Заңы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат):

      1) 175-баптың ескертуiнiң 2-тармағы "Осы" деген сөзден кейiн "Кодекстiң 184, 184-1-баптарын қоспағанда, осы" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 184-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "184-бап. Авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу

      1. Авторлықты иеленiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл әрекет авторға немесе өзге құқық иеленушiге елеулi залал келтiрсе немесе олардың құқықтарына немесе заңды мүдделерiне айтарлықтай зиян келтiрсе, -
      жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не жүз сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
      2. Авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану, сол сияқты өткiзу мақсатында туындылардың және (немесе) фонограммалардың контрафактілік даналарын елеулі мөлшерде жасалған сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе дайындау, -
      бес жүзден жеті жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
      3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген:
      а) бiрнеше рет;
      б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен;
      в) iрi мөлшерде немесе iрi залал келтiрген;
      г) адамның өз қызмет бабын пайдалануымен жасалған әрекеттер, -
      мүлкi тәркiленiп немесе онсыз екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      3) мынадай мазмұндағы 184-1-баппен толықтырылсын:

      "184-1-бап. Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк
                  үлгiлерге, селекциялық жетiстiктерге немесе
                  интегралдық микросхемалар топологияларына
                  құқықтарды бұзу

      1. Өнертабыстың, пайдалы модельдiң, өнеркәсiптiк үлгiнiң, селекциялық жетiстiктiң немесе интегралдық микросхема топологиясының мәнiн, олар туралы мәлiметтер ресми түрде жарияланғанға дейiн автордың немесе арыз берушiнiң келiсiмiнсiз жария ету, сол сияқты авторлықты иеленiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер осы әрекеттер авторға немесе өзге құқық иеленушiге елеулi залал келтiрсе немесе олардың құқықтарына немесе заңды мүдделерiне айтарлықтай зиян келтiрсе, -
      жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не жүз сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
      2. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi, селекциялық жетiстiктi немесе интегралдық микросхема топологиясын елеулi мөлшерде жасалған заңсыз пайдалану, -
      бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткішке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.

      мүлкi тәркiленiп немесе онсыз екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту.
      1. Егер залалдың мөлшерi немесе зияткерлiк меншiк объектiлерiн пайдалану құқықтарының құны не туындылардың және (немесе) фонограммалар даналарының немесе өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгiлерді, селекциялық жетiстiктердi немесе интегралдық микросхемалар топологияларын қамтитын тауарлардың құны қылмыс жасалу сәтiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен жүз есе acca, осы Кодекстiң 184, 184-1-баптарында көзделген әрекеттер елеулi залал келтiрген немесе елеулi мөлшерде жасалған деп танылады.
      2. Егер залалдың мөлшерi немесе зияткерлiк меншiк объектiлерiн пайдалану құқықтарының құны не туындылардың және (немесе) фонограммалар даналарының немесе өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгiлердi, селекциялық жетiстiктердi немесе интегралдық микросхемалар топологияларын қамтитын тауарлардың құны қылмыс жасалу сәтiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз есе acca, осы Кодекстiң 184, 184-1-баптарында көзделген әрекеттер iрi залал келтiрген немесе iрi мөлшерде жасалған деп танылады.".

      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139-құжат; N 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., N 13, 53-құжат):

      1) 34-баптың бiрiншi бөлiгi "184-бабында (бiрiншi бөлiгiнде)," деген сөздерден кейiн "(184-1-бабында (бiрiншi бөлiгiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 192-баптың төртiншi бөлiгi "184," деген цифрлардан кейiн "184-1," деген цифрлармен толықтырылсын.

      3. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексіне  (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23; 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 14, 103-құжат; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 3-4, 16-құжат; N 5, 25-құжат; N 6, 42-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат):

      1) 961-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) эфирлiк және кәбiлдiк хабар тарату ұйымдарының орындаушылығы, қойылымдары, фонограммалары мен хабарлары;";

      2) 971-бапта:
      2-тармақта:
      3) тармақшадағы "және бейне жазу" деген сөздер "немесе бейне жазу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) тармақшадағы "басқа да" деген сөздер "өзге де" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ "оның атауын" деген сөздерден кейiн ", кейiпкерлердiң атауларын" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 972-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақшадағы "(әдеби-көркем, ғылыми, оқу, публицистикалық және т.б.)" деген сөздер алып тасталсын;

      5) тармақшадағы "және" деген сөз "немесе" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) тармақшадағы ", (кино, теле және бейне фильмдер, диафильмдер және басқа кино, теле туындылар), радио туындылар" деген сөздер алып тасталсын;

      3-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Туынды және құрастырылған шығармалар оларға негiз болған немесе олар қамтыған шығармалардың авторлық құқық объектiлерi болу-болмауына қарамастан авторлық құқықпен қорғалады";

      4) 975-бапта:
      тақырыбы "Ресми құжаттардың," деген сөздерден кейiн "мемлекеттiк" деген сөзбен толықтырылсын;

      1-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде:
      "Ресми құжаттардың," деген сөздерден кейiн "мемлекеттiк" деген сөздермен толықтырылсын;

      "жобаны" деген сөз "жобаларды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақтың екiншi бөлiгi "Ресми құжаттарды,", "ресми құжатты," деген сөздерден кейiн "мемлекеттiк" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Құзыреттi орган жобаны қабылдағаннан кейiн ол әзiрлеушiнiң есiмi көрсетiлмей-ақ және авторлық сыйақы төленбестен пайдаланылуы мүмкiн.";

      5) 978-бапта:
      2-тармақтың 2) тармақшасында "жалға" деген сөз "прокатқа (жалға)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Егер заңды түрде жарияланған туындының даналары оларды сату арқылы азаматтық айналымға енгiзiлсе, онда Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды одан әрi таратуға автордың келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төленбестен жол берiледі.";

      6) 982-баптың 1, 2-тармақтарындағы, 3-тармағының бiрiншi бөлiгiндегi және 5-тармағындағы "елу" деген сөз "жетпiс" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7) 983-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгi алып тасталсын;

      8) 986-бапта:
      2-тармақтағы "Фонограмма жасаушы," деген сөздерден кейiн "эфирлiк және кабельдiк" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақтағы "Фонограмманы, орындау жазбаларын жасаушы" деген сөздер "Фонограмма шығарушы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Егер өзгеше дәлелденбесе, фонограммада және (немесе) оның қорабында есiмi немесе атауы көрсетiлген жеке немесе заңды тұлға фонограмма шығарушы болып танылады.";

      9) 987-бапта:
      2-тармақтың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде:
      "орындау" деген сөз "фонограмма" деген сөзбен ауыстырылсын; "жазбаны жасаушының құқығы" деген сөздер "фонограмма шығарушының құқықтары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "орындау жазбасын шығару құқығы" деген сөздер "фонограмма шығару құқықтары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Өзге де шетелдiк орындаушылардың, фонограммалар шығарушылардың, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымдарының құқықтары Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес қорғалады.";

      10) 988-бапта "орындау жазбаларын немесе фонограмманы жасаған адамдардың" деген сөздер "фонограмма шығарушының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 989-бапта:
      1, 2, 3, 4-тармақтағы "елу" деген сөз "жетпiс" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "Орындау жазбасын, фонограмма жасаушыға" деген сөздер "Фонограмма шығарушыға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 990-бапта:
      тақырыбындағы "орындау жазбаларын жасаушылардың" деген сөздер "фонограммалар шығарушылардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "орындау жазбаларын, фонограммалар жасаушылардың" деген сөздер "фонограммалар шығарушылардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 1006-баптың 3-тармағындағы "1000-1003" деген цифрлар "1000-1004" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының  Кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат):

      1) 128 және 129-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "128-бап. Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк
                үлгiлерге, селекциялық жетiстiктерге, интегралдық
                микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу

      1. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi, селекциялық жетiстiктi, интегралдық микросхема топологиясын заңсыз пайдалану, автордың немесе арыз берушiнiң келiсiмiнсiз өнертабыстың, пайдалы модельдiң, өнеркәсiптiк үлгiнiң, селекциялық жетiстiктiң, интегралдық микросхема топологиясының мәнiн олар туралы мәлiметтер ресми түрде жарияланғанға дейiн жария ету, сол сияқты авторлықты иеленiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерiнде, заңды тұлғаларға төрт жүзден жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      129-бап. Авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу

      1. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану, сол сияқты өткiзу мақсатында туындылардың және (немесе) фонограммалардың контрафактiлiк даналарын сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе дайындау, авторлықты иеленiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      туындылардың және фонограммалардың даналары, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың қаруы болған заттар тәркiленiп, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлік жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      туындылардың және фонограммалардың даналары, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың қаруы болған заттар тәркіленіп, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң oннaн жиырмаға дейiнгі мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiне сәйкес туындылар мен фонограммалардың тәркiленген даналары, авторлық немесе сабақтас құқықтар иесiне оның өтiнiшi бойынша берiлетiн жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 628-бабында көзделген тәртiппен жойылуға тиiс.";

      2) 145-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "145-бап. Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын,
                тауар шығарылған жердiң атауын немесе фирмалық
                атауын заңсыз пайдалану

      1. Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын немесе тауар шығарылған жердiң атауын, немесе бiртектес тауарлар немесе қызметтер үшiн оларға ұқсас белгiлердi заңсыз пайдалану, сондай-ақ бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдалану, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - отыздан елуге дейiнгi мөлшерінде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      3) 551-бапта:
      тақырыбындағы "Авторлық құқықтар жөнiндегi органдар" деген сөздер "Әдiлет органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бірінші бөлiктегi "Авторлық және сабақтас құқықтар жөніндегі органдар" деген сөздер "Әділет органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға зияткерлік меншік құқығы саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, облыстық, Астана және Алматы қалалары әдiлет органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.";

      4) 636-баптың бiрiншi бөлiгi 1) тармақшасының отыз төртiншi абзацы алып тасталсын.

      5. 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының  кодексiне  (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат):

      1) 61-бап мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
      "8-1. Туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым.";

      2) мынадай мазмұндағы 75-1-тараумен толықтырылсын:

      "75-1-тарау. Туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiне
                   құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар
                   объектiлерiн пайдалануға лицензиялық шарттарды
                   мемлекеттiк тiркеу үшiн алым

      422-1-бап. Жалпы ережелер

      1. Туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін алым (бұдан әрі - алым) туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу кезінде, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді (бұдан әрі - тіркеу) куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
      2. Тiркеудi зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырады.

      422-2-бап. Алымды төлеушiлер

      Жеке және заңды тұлғалар алымды төлеушiлер болып табылады, тiркеушi орган солардың мүддесi үшiн тiркеудi жүргiзедi.

      422-3. Алымды есептеу, төлеу және төленген
             сомаларды қайтару тәртiбi

      1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тiркеушi органға тиiстi құжаттар берiлгенге дейiн төленедi.
      2. Алым сомасы салық төлеушiнiң тiркеу есебiне алынған жерi бойынша бюджетке енгiзiледi.
      3. Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
      Бұл ретте қайтару аталған тұлғаның тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды табыс етпегенiн растайтын, тиiстi тiркеу органы берген құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн жүргiзiледi.";

      3) 495-баптың 1-тармағының 13) тармақшасындағы "үшiн мемлекеттiк баж алынады." деген сөздер "үшiн;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
      "14) зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi органның осы Кодекстiң 499-1-бабында көзделген заңды мәнi бар iс-әрекеттердi жасағаны үшiн мемлекеттiк баж алынады.";

      4) мынадай мазмұндағы 499-1-баппен толықтырылсын:

      "499-1-бап. Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi органның
                  заңды мәнi бар iс-әрекеттер жасағаны үшiн
                  мемлекеттiк баж ставкалары

      Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi органның заңды мәнi бар iс-әрекеттер жасағаны үшiн мынадай мөлшерде:
      1) алдын ала патент, патент, куәлiк бергенi үшiн - 100 процент;
      2) жалпыға белгiлi тауар таңбасына сертификат бергенi үшiн - 100 процент;
      3) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға байланысты басқаға беру, кепiл шарттарын, лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркегенi үшiн - 150 процент;
      4) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттағаны үшiн - 1500 процент;
      5) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi тiркеу туралы куәлiк бергенi үшiн - 100 процент мемлекеттiк баж алынады.";

      5) мынадай мазмұндағы 505-1-баппен толықтырылсын:

      "505-1-бап. Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi орган
                  заңды мәнi бар iс-әрекеттер жасаған кезде
                  мемлекеттiк баж төлеуден босату

      Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi орган заңды мәнi бар iс-әрекеттер жасаған кезде:
      1) қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде тұратын қарттар мен мүгедектер;
      2) мектеп-интернаттардың, кәсiптiк мектептер мен кәсiптiк лицейлердiң мемлекет толық қамсыздандыратын және жатақханаларда тұратын оқушылары;
      3) оралмандар (репатрианттар) - Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн;
      4) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, үш дәрежелi Даңқ және үш дәрежелi Еңбек Даңқы, "Алтын Қыран", "Халық қаhарманы", "Отан" ордендерiмен марапатталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;
      5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес оларға теңестiрiлген адамдар, бала кезiнен мүгедектер, I және II топтағы мүгедектер, Чернобыль апаты салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.";

      6) 507-баптың 2-тармағының 10, 11) тармақшаларындағы "дейiн төленедi." деген сөздер тиiсiнше "дейiн;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      "12) зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi органның алдын ала патенттер, патенттер, куәлiктер, сертификаттар беруге, шарттарды тiркеуге, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттауға және тiркеуге байланысты заңды мәнi бар iс-әрекеттер жасағаны үшiн тиiстi құжаттар берiлгенге дейiн төленедi.".

      6. 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Бюджет кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 8-9, 53-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 14, 55-құжат):

      46-баптың 1-тармағының 31) тармақшасындағы "баж болып табылады." деген сөздер "баж;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13-1), 32) тармақшалармен толықтырылсын:
      "13-1) туындыларға және сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін алым;";

      "32) зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті органның заңды мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж болып табылады.".

      7. "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 237-құжат; 2004 ж., N 17, 100-құжат):

      1) 2-бапта:
      8) тармақшада "сым немесе сымсыз байланыс құралдары арқылы" деген сөздер "сым арқылы немесе сымсыз байланыс құралдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) тармақшада:
      "өзге құқық иеленушiнiң" деген сөздер "сабақтас құқықтар иеленушiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "орындаушылықты," деген сөзден кейiн "қойылымды," деген сөзбен толықтырылсын;

      18) тармақша "прокатқа" деген сөзден кейiн "(жалға)" деген сөзбен толықтырылсын;

      20) тармақша "орындаушылықтарды," деген сөздерден кейiн "қойылымдарды," деген сөздермен толықтырылсын;

      29) тармақшаның екiншi сөйлемi алып тасталсын;

      2) 6-бапта:
      2-тармақта:
      5) тармақшада:
      "түрiндегi жарияланған туындыларға да, жарияланбаған туындыларға да қолданылады." деген сөздер алып тасталсын;

      "(мүсiн, үлгi, макет, ғимарат және сол сияқты)" деген сөздерден кейiн нүктелi үтiр қойылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) өзге де нысанда жария болған да (жарияланған, жарыққа шыққан, баспадан шыққан, көпшiлiк алдында орындалған, көпшiлiк алдында көрсетiлген), жарияланбаған да туындыларға қолданылады.";

      3-тармақ "оның атауымен" деген сөздерден кейiн ", кейiпкерлердiң атауларымен" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 7-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы "мүсiндеме, кескiндеме" деген сөздер "кескiндеме, мүсiндеме" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 9-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Қолжазбаларды тапсыру, қабылдау және сақтау тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.";

      5) 13-баптың 3-тармағындағы "жалға" деген сөз "прокатқа (жалға)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 16-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында "жалға" деген сөз "прокатқа (жалға)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 18-бапта:
      1-тармақ "тек өз мақсаты үшін" деген сөздерден кейін "және табыс алмай" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақтың 4) тармақшасы "репродукциялауға" деген сөзден кейiн "(репрографиялық қайта шығаруға)" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 26-баптың 1-тармағында:
      "орындаушының" деген сөзден кейiн ", дыбыс-бейнежазу туындысын шығарушының" деген сөздермен толықтырылсын;

      "жеке мақсатта" деген сөздерден кейiн "және табыс алмай" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 28-баптың 1, 4, 5, 6, 9-тармақтарындағы "елу" деген сөздер "жетпiс" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 35-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Егер өзгеше дәлелденбесе, фонограммада және (немесе) оның қорабында есiмi немесе атауы көрсетiлген жеке немесе заңды тұлға фонограмма шығарушы болып танылады.";

      11) 37-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасында "орындаушының" деген сөздiң алдынан "орындаушылықты немесе қойылымды" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақта:
      бiрiншi абзац, 1) - 4) тармақшалар "орындаушылықты", "орындаушылықтың", "орындаушылық" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "немесе қойылымды", "немесе қойылымның", "немесе қойылым" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) тармақшада:
      "орындаушылық" деген сөзден кейiн "немесе қойылым" деген сөздермен толықтырылсын;

      "жазу туралы" деген сөздер "жазуға" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6-тармақта "дайындаушы" деген сөз "шығарушы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      12) 38-баптың 2-тармағының 5-тармақшасы "жеткiзудi" деген сөзден кейiн "жүзеге асыру," деген сөздермен толықтырылсын;

      13) 40-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Хабарды пайдалануға айрықша құқықтар мынадай iс-әрекеттердi:
      1) хабарды эфирге берудi;
      2) жалпы жұрт назарына жеткiзу үшiн хабарды кәбiл арқылы хабарлауды немесе хабарды эфирге берудi;
      3) хабарды жазып алуды;
      4) хабардың жазбасын көшiрмелеудi;
      5) жалпы жұрт назарына жеткізу үшін хабарды ақы төлеп кіретін  жерлерде хабарлауды;
      6) хабарды жалпы жұрт назарына жеткізуді жүзеге асыру, мұндай iс-әрекеттердi жүзеге асыруға рұқсат ету немесе тыйым салу құқықтарын бiлдiреді.";

      3-тармақтың 1) тармақшасында "және" деген сөз "немесе" деген сөзбен ауыстырылсын;

      14) 41-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы "орындаушылықтан," деген сөзден кейiн "қойылымнан," деген сөзбен толықтырылсын;

      15) 42-бапта:
      1-4-тармақтардағы "елу" деген сөздер "жетпiс" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтағы "елу" деген сөз "жетпiс" деген сөзбен ауыстырылсын;

      16) 48-бапта орыс тiлiндегi мәтiнге түзету енгiзiлдi, қазақ тiлiндегi мәтiн өзгермейдi;

      17) 49-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы "жалақының жиырмадан елу мыңға дейiнгi ең төменгi", "жалақының бес жүзден елу мыңға дейiнгi ең төменгi" деген сөздер тиiсiнше "ең төмен жалақының жиырмадан елу мыңға дейiнгi", "ең төмен жалақының бес жүзден елу мыңға дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. "Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы" 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 19, 655-құжат; 2004 ж., N 17, 100-құжат):

      1) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:

      "17-1-бап. Бұрынғыша пайдалану құқығы

      1. Селекциялық жетiстiкке басымдық берiлген күнге дейiн автордан тәуелсiз жасалған селекциялық жетiстiкке ұқсас өсiмдiк сортын немесе жануар тұқымын Қазақстан Республикасының аумағында адал пайдаланған немесе осыған қажеттi әзiрлiктер жасаған тұлғаның осындай пайдалану көлемiн кеңейтпей оны өтеусіз пайдалану құқығы (бұрынғыша пайдалану құқығы) сақталады.
      Бұрынғыша пайдалану құқығы басқа тұлғаға ұқсас өсiмдiк сорты немесе жануар тұқымы пайдаланылған немесе осыған қажеттi әзiрлiктер жасалған өндiрiспен бiрге ғана берiлуi мүмкiн.
      2. Басымдық берiлген күннен кейiн, бiрақ патент беру туралы мәлiметтер жарияланған күнге дейiн селекциялық жетiстiктi пайдалануды бастаған тұлға патент иесiнiң талабы бойынша одан әрi пайдалануды тоқтатуға мiндеттi. Бiрақ, мұндай тұлға патент иесiне осы пайдаланудың нәтижесiнде келтiрiлген шығындарды өтеуге мiндеттi емес.";

      2) 25-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Уәкілетті органның патент беру, шарттарды тіркеу жөніндегі іс-әрекеттер жасағаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк  баж  алынады.".

      9. "Қазақстан Республикасының патент заңы" туралы 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 20, 718-құжат; 2004 ж., N 17, 100-құжат):

      1) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "35-бап. Мемлекеттiк баж және сараптама ұйымының
               iс-әрекеттерiне ақы төлеу

      Уәкiлеттi органның күзет құжаттарын беру, шарттарды тiркеу, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттау және патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тiркеу туралы куәлiк беру жөнiндегi iс-әрекеттер жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк  баж  алынады.
      Сараптама ұйымының осы Заңда көзделген, күзет құжаттарын беруге өтiнiмдер қабылдауды, оларды тiркеудi, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне сараптама жүргiзудi және оларға қатысушылар үшiн құқықтар мен мiндеттер туындататын өзге де iс-әрекеттердi қамтитын iс-әрекеттердi жүзеге асырғаны үшiн сараптама ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақы алады.";

      2) 36-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгiндегi "және тiркеу" деген сөздер ", тiркеу және патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тiркеу туралы куәлiк бepy" деген сөздермен ауыстырылсын.

      10. "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы" 1999 жылғы 26 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 21, 776-құжат; 2004 ж., N 17, 100-құжат):

      1) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "45-бап. Мемлекеттiк баж және сараптама ұйымының
               iс-әрекеттерiне ақы төлеу

      Уәкiлеттi органның куәлiктердi, сертификаттарды беру, шарттарды тiркеу, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi aттecтaттay және патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тiркеу туралы куәлiк беру жөнiндегi iс-әрекеттер жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк  баж  алынады.
      Сараптама ұйымының осы Заңда көзделген, тауар таңбасын тiркеуге өтiнiмдер, тауар шығарылған жерлердiң атауларын пайдалану құқығын тiркеуге және беруге өтiнiмдер қабылдауды, сараптама жүргiзудi және оларға қатысушылар үшiн құқықтар мен мiндеттер туындататын өзге де іс-әрекеттерді қамтитын іс-әрекеттерді жүзеге асырғаны үшін сараптама ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақы алады.";

      2) 46-баптың 1-тармағында "және тiркеу" деген сөздер ", тiркеу және патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тiркеу туралы  куәлiк  беру" деген сөздермен ауыстырылсын.

      11. "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" 2001 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 13-14, 181-құжат; 2004 ж., N 17, 100-құжат, N 23, 142-құжат):

      11-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Уәкiлеттi органның куәлiктер беру және шарттарды тiркеу жөнiндегi iс-әрекеттер жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк  баж  алынады.".

       2-бап.  Осы Заң, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 5 және 6-тармақтарды қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 264499
    Қазақ тілінде 132014
    Орыс тілінде 131563
    Ағылшын тілінде 922
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы