2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 86-V Заңы

      2012 жылғы 19 қыркүйекте Павлодарда жасалған 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. НАЗАРБАЕВ.

2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан
Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы
сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер
енгізу туралы
(2013 жылғы 31 шілдеде күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2013 ж., № 5, 55-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,
      1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден Одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік туралы шартты, 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру туралы шартты, 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығын ұйымдастыру, басқару, олардың жұмыс істеу және даму тәртібі туралы келісімді негізге ала отырып,
      2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі - Келісім) шеңберінде мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы қатынастарды дамыту мақсатында,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
      а) 6 және 7-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«6-бап

      Тараптар Қазақстан Республикасының ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында бекітілген мұнай өнімдерінің индикативтік баланстарына сәйкес көлемде Тараптардың құзыретті органдарымен келісілген номенклатура бойынша Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізу үшін жағдай жасайды.
      Қазақстан Тарапы Қазақстан Республикасына әкелінген мұнай өнімдері үшін Ресей Федерациясына мұнайды қарсы жеткізуді жүзеге асырады.
      Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкелінген мұнай өнімдері үшін Ресей Федерациясына мұнайды қарсы жеткізу тәртібі осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын әдістемемен белгіленеді.

7-бап

      Осы Келісімнің ережелерін қолдануға немесе түсіндіруге байланысты даулар Тараптар арасындағы консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда қарауға Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотына беріледі.»;
      б) мынадай мазмұндағы қосымшамен толықтырылсын:

«2010 жылғы 9 желтоқсандағы     
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Ресей Федерациясының Үкіметі    
арасындағы Қазақстан Республикасына
мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу
саласындағы сауда-экономикалық  
ынтымақтастық туралы келісімге  
қосымша              
Мәскеу қаласы           

Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясынан әкелінетін мұнай
өнімдері үшін Ресей Федерациясына мұнайды қарсы жеткізу
Әдістемесі

      1. Осы әдістеме 2010 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің 6-бабына сәйкес әзірленді және Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкелінетін мұнай өнімдеріне қатысты Ресей Федерациясының федералдық бюджетінің шығасысын өтеу тетігін айқындайды.
      2. Осы әдістеменің мақсаттары үшін мынадай негізгі терминдер пайдаланылады:
      «тауар» - Ресей Федерациясынан Кеден одағының шегінен тысқары жерлерге шығару кезінде шығарудың кеден баждары белгіленген, мұнай өнімдерінің жыл сайынғы индикативтік балансына енгізілген және оны Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкету кезінде Ресей Федерациясының федералдық бюджетінің шығасысын Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына мұнайдың қарсы жеткізілімі есебінен өтеу міндеттемесі туындайтын мұнай өнімдері;
      «қарсы жеткізілетін мұнай көлемі» - Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына есепті тоқсан ішінде жеткізілген тауарлар үшін осы Әдістеменің ережелеріне сәйкес есептелген Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына жеткізілетін мұнайдың көлемі.
      3. Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына шығарылатын тауарларға қатысты Ресей Федерациясының федералдық бюджетінің шығасысын өтеу 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап, Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына мұнайдың қарсы жеткізілімі арқылы жүзеге асырылады.
      Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына шығарылатын тауарларға қатысты есепті кезең үшін Ресей Федерациясының федералдық бюджетінің шығасысы шамасының есептемесі шығарылатын тауарларға Ресей Федерациясының кеден органы кедендік декларацияны тіркеу күнінде Ресей Федерациясында қолданыстағы кеден бажы ставкалары негізге алынып жүргізіледі.
      Ресей Тарапының құзыретті органы Қазақстан Тарапының құзыретті органын тауарларға шығару кеден баждарының ставкаларын белгілеу және (немесе) өзгерту және оның күшіне ену мерзімдері туралы шешім қабылданғаны туралы ол қабылданған күннен бастап 10 күннен кешіктірмей хабарлайды.
      Егер Ресей Федерациясында тауарларға шығару кеден баждары ставкалары АҚШ долларымен белгіленсе, Ресей Федерациясының федералдық бюджетінің шығасысы шамасының есептемесін жүзеге асыру үшін шығару кеден баждарын есептеу Кеден одағының Кеден кодексінде белгіленген тәртіппен АҚШ долларымен жүзеге асырылады.
      4. Тоқсан сайын, есеп берілетін тоқсаннан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей, Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы және Ресей Тарапынан - Ресей Федерациясы Энергетика министрлігі, Федералдық кеден қызметі, Ресей Федерациясы Қаржы министрлігі, «Ресей темір жолдары» ашық акционерлік қоғамы мен «Транснефть» мұнай тасымалдау жөніндегі акционерлік компания» ашық акционерлік қоғамы Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына шығарылған тауарлардың көлемі туралы мәліметтерді салыстыруды жүргізеді және көрсетілген деректер негізінде Ресей Федерациясының федералдық бюджетінің шығасысы шамасын есептеуді жүзеге асырады.
      Жүргізілген салыстыру нәтижелері бойынша Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы және Ресей Тарапынан - Ресей Федерациясы Энергетика министрлігі, Федералдық кеден қызметі, Ресей Федерациясы Қаржы министрлігі, «Ресей темір жолдары» ашық акционерлік қоғамы мен «Транснефть» мұнай тасымалдау жөніндегі акционерлік компания» ашық акционерлік қоғамы мұнайдың қарсы жеткізілімінің көлемін алдын ала есептеу үшін пайдаланатын еркін нысанда 2 данадағы аралық салыстыру актісіне қол қояды.
      Мұнайдың қарсы жеткізілімі көлемінің әр тоқсандағы түпкілікті есептемелері және Ресей Федерациясының федералдық бюджетінің шығасысы шамасы Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына шығарылған тауарлардың көлемі туралы ақпаратты қамтитын есепті жыл үшін жиынтық салыстыру актісі негізінде жүргізіледі.
      Есепті жыл үшін жиынтық салыстыру актісіне Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы және Ресей Тарапынан - Ресей Федерациясы Энергетика министрлігі, Федералдық кеден қызметі, Ресей Федерациясы Қаржы министрлігі, «Ресей темір жолдары» ашық акционерлік қоғамы және «Транснефть» мұнай тасымалдау жөніндегі акционерлік компания» ашық акционерлік қоғамы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін, еркін нысандағы 2 данаға қол қояды.
      Атап санамаланған ұйымдардың қайсы бірі жиынтық салыстыру актісіне қол қоюдан бас тартқан жағдайда, Тараптар жағдайды реттеу және соттан тыс тәртіппен уағдаластыққа қол жеткізу үшін барлық мүмкін болатын шараларды қолданады.
      Қол қойылған аралық және (немесе) жиынтық салыстыру актісінің деректері негізге алына отырып, мұнайдың қарсы жеткізілімі көлемінің есептемесі мына формула бойынша жүзеге асырылады:
                  Ресей                Ресей               Ресей
             Федерациясының       Федерациясының      Федерациясының
               тауарларға        тауарларға шығару      тауарларға
              шығару кеден       кеден баждарының      шығару кеден
               баждарының        есепті тоқсанның       баждарының
            есепті тоқсанның     екінші айындағы     есепті тоқсанның
                 бірінші        есептемелік сомасы   үшінші айындағы
                айындағы          (АҚШ доллары)        есептемелік
  Мұнайдың    есептемелік                                сомасы
   қарсы        сомасы                                (АҚШ доллары)
жеткізілімі  (АҚШ доллары)
   -нің   = _______________ + ___________________ + ________________
   көлемі         Ресей               Ресей                Ресей
  (тонна)*   Федерациясының      Федерациясының       Федерациясының
              шикі мұнайға        шикі мұнайға         шикі мұнайға
              шығару кеден        шығару кеден         шығару кеден
               баждарының       баждарының есепті       баждарының
                 есепті         тоқсанның екінші     есепті тоқсанның
               тоқсанның             айында            үшінші айында
             бірінші айында       қолданылатын         қолданылатын
              қолданылатын          ставкасы             ставкасы
                ставкасы          (тонна үшін          (тонна үшін
              (тонна үшін         АҚШ доллары)         АҚШ доллары)
              АҚШ доллары)
* Мұнайдың қарсы жеткізілімінің көлемі жиынтық салыстыру актісінің негізінде нақтылануы мүмкін.
      5. Қазақстан Республикасынан мұнайды қарсы жеткізу көлемінің осы Әдістемеге сәйкес жүргізілген есептемесі негізінде Тараптардың құзыретті органдары ағымдағы тоқсанда мұнайды қарсы жеткізу көлемі туралы ақпаратты есепті тоқсан ішінде Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына жеткізуді жүзеге асыратын ресейлік ұйымдардың арасында сол қарсы жеткізілетін мұнай көлемінің үлестірілетіндігі туралы Қазақстан Тарапынан оператор-компанияның («ҚазМұнайГаз» - өңдеу және маркетинг акционерлік қоғамының немесе Қазақстан Тарапы тағайындаған өзге ұйымның) және Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына мұнай жеткізуді жүзеге асыратын ресейлік ұйымдардың назарына жеткізеді, олар көрсетілген ақпарат берілгеннен кейін 10 күн ішінде Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына тиісті көлемде мұнай жеткізуге шарттар жасасады. Шарттардың өзге елеулі талаптарын оператор-компаниялар екіжақты келіссөздер барысында белгілейді.
      Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына есепті тоқсанда мұнай жеткізуді жүзеге асыратын ресейлік ұйымдар арасында қарсы жеткізілген мұнай көлемін үлестіруді Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі есепті тоқсанда Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына қарсы жеткізілген мұнай көлемдеріне үйлесімді түрде жүзеге асырады.
      Ағымдағы тоқсаннан кейінгі тоқсанда жоғарыда аталған мұнай жеткізу шарттарын жасасқан ресейлік ұйымдарға Ресей Федерациясының табиғи монополиялар саласындағы заңнамасының талаптарын ескере отырып, тоқсан сайын тиісті көлемде Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі белгіленген тәртіппен бекітетін Ресей Федерациясының аумағынан тыс жерлерге магистралдық құбырлар арқылы мұнай тасымалдау кестесінде көрсетілген мұнай тасымалдау көлемінен астам мұнай тасымалдау қызметтеріне рұқсат беріледі.
      Ресейлік ұйымдар қарсы мұнай жеткізудің бағасын белгілегенде, аталған ұйымдар Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына мұнайды жеткізу кезіндегі сондай баға белгілеу тәртібі қолданылады.
      Шарттардың елеулі өзге де жағдайлары Тарап мемлекеттердің шаруашылық субъектілерімен келіссөздер барысында белгіленеді.
      6. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі жыл сайын Қазақстан Тарапынан оператор-компанияға мұнай жеткізуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың тізбесін бекітеді.
      7. Тоқсан сайын қарсы жеткізуге тиіс мұнай көлемі анықталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі осы Әдістеме шеңберінде Қазақстан Тарапынан оператор-компанияға жеткізуге тиіс көлемді әрбір жер қойнауын пайдаланушы үшін бекітеді.
      8. Мұнайдың қарсы жеткізілімі кезінде:
      компания-оператор және Қазақстан Тарапынан жер қойнауын пайдаланушылар осы Әдістемеге сәйкес жеткізілетін мұнайдың бекітілген көлемінен экспортқа рента салығын төлемейді;
      Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдаланушылары осы Әдістемеге сәйкес сатылатын мұнай көлеміне Қазақстан Республикасының ішкі нарығына шикі мұнайды сату және (немесе) беру кезіндегідей төмендетілген 0,5 коэффициентін қолдана отырып пайдалы қазбалар өндіруге салық төлейді;
      осы Әдістемеге сәйкес берілетін тауар мен мұнайдың бағасы Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасымен реттеуге жатпайды.
      Осы шарттар Қазақстандық Тараптың мұнайды оператор-компанияларға және (немесе) жер қойнауын пайдаланушыларға осы ұйымдардың қарсы жеткізу бойынша міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.
      9. Қазақстан Тарапы мұнай өнімдерінің индикативтік балансымен бекітілген нормалардан тыс тауарларды жеткізуден бас тартып, аталған шешім туралы Ресей Тарапына хабарлауға құқылы.
      Келісім және осы Әдістеме шеңберінде тауар жеткізу теміржол көлігімен жүзеге асырылады.
      Тауар жеткізіліміне бақылау мен мониторингті Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мұнай өнімдерінің жылдық индикативтік балансы негізінде Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі бекіткен және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігімен келісілген тауарлар жеткізу кестелері негізінде жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының теміржол әкімшілігі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы арқылы Қазақстан Республикасының тиісті үкіметтік органдарының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының межелі станциясына тауар жеткізу көлеміне шектеу енгізуге құқылы.».

2-бап

      Осы Хаттама ратификациялауға жатады және Тараптардың оның күшіне енуіне қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап, бірақ 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы Келісім күшіне енгеннен кейін ғана күшіне енеді.

      2012 жылғы 19 қыркүйектегі Павлодар қаласында және 2012 жылғы «___» ________________ қаласында және әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде түпнұсқа екі данада жасалды, әрі екі мәтіннің күші бірдей.

      Қазақстан Республикасының            Ресей Федерациясының
            Үкіметі үшін                       Үкіметі үшін

      2012 жылғы 19 қыркүйектегі Павлодар қаласында жасалған 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың куаландырылған көшірмесі екенін растаймын.

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрлігі
      Халықаралық құқық департаменті
      Директорының Орынбасары                    Н. Сакенов

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 274514
    Қазақ тілінде 136912
    Орыс тілінде 136598
    Ағылшын тілінде 1004
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы