Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 484-V ҚРЗ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 102, 103, 105-құжаттар; 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140; 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат):
      1) мазмұнында 721-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «721-бап. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган»;
      2) 720-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік кіріс органдары осы Кодекстiң 91 (алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 92 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 151 (бірінші бөлігінде 152, 155, 157, 174 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 177, 178, 179, 180, 181, 194, 195, 196, 203, 205, 221, 233 (бірінші бөлігінде), 239 (бірінші және екінші бөліктерінде), 246-1, 266, 269, 270, 271, 272, 273, 274, 275, 276, 277, 278, 279, 280, 280-1, 281 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 282 (бірінші, екінші, бесінші, сегізінші, оныншы және он екінші бөліктерінде), 284, 285, 286, 287, 288, 464 (бірінші бөлігінде), 471, 472, 473, 474, 521, 522, 523, 524, 525, 526, 527, 528 (екінші және үшінші бөліктерінде), 529, 530, 531, 533, 534, 535, 536, 537, 538, 539, 540, 542, 543 (екінші бөлігінде), 546, 547, 548 (бірінші бөлігінде), 551 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 552 (бірінші бөлігінде), 553, 554, 555, 556, 557, 558 және 571-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
      3) 721-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «721-бап. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган
      1. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстiң 274473475-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы мен оның орынбасарлары, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.»;
      4) 747-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Заңды тұлғаның өкiлi жүргiзуінде іс жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуден жалтарған жағдайда, аталған адамға жүргiзуінде iс жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негiзiнде iшкi iстер (полиция), сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеп-тексеру қызметі органдары күштеп әкелуді қолдануы мүмкiн.»;
      5) 787-баптың 11) тармақшасы алып тасталсын;
      6) 790-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Күштеп әкелуді әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негiзiнде тиісінше Қазақстан Республикасының Iшкi iстер, Мемлекеттік қызмет істері, Қаржы министрліктері белгiлеген тәртiппен көрсетілген органдардың қарауында жатқан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iшкi iстер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеп-тексеру қызметі жүргiзедi.»;
      7) 804-баптың бірінші бөлігінің 30), 31), 60) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «30) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтiң (658, 659, 660, 661, 662, 665, 667-баптар);
      31) мемлекеттік кіріс органдарының (150, 151 (екінші бөлігі), 153, 154, 158, 174 (екінші бөлігі), 176, 182, 183, 190 (үшінші және төртінші бөліктері), 246 (бесінші және алтыншы бөліктері), 281 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктері), 282 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, он бірінші және он үшінші бөліктері), 283, 357, 398, 462, 463, 464 (екінші бөлігі), 467, 489 (бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктері), 528 (бірінші бөлігі), 532, 541, 543 (бірінші және үшінші бөліктері), 544, 545, 548 (екінші бөлігі), 549, 550, 551 (екінші бөлігі), 552 (екінші бөлігі), 590 (төртінші бөлігі), 654, 658, 659, 660, 661, 662, 665, 667, 679-баптар), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жасалған, 400 (екінші бөлігі) және 425 (екінші бөлігі)-баптарда көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша);»;
      «60) мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның (99, 154, 173, 462 (үшінші және төртінші бөліктері), 465, 661, 676, 677, 678, 679, 680, 681-баптар);».
      2. «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-V, 156-құжат):
      22-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органда, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінде арнаулы мемлекеттік архивтер құрылуы мүмкін.».
      3. «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17, 98-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат):
      14-6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «14-6-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу
      1. Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарының қорытындылары бойынша жүргізіледі.
      Мыналар:
      1) тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын жүргізу үшін мәлімделген пестицидтің (улы химикаттың) химиялық құрамының, рецептурасының және өндіру технологиясының пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуге ұсынылған пестицидтің (улы химикаттың) химиялық құрамына, рецептурасына және өндіру технологиясына сәйкес келмеуі;
      2) пестицидтерге (улы химикаттарға) жататын өнертабыстарға патент иеленушілер құқықтарының бұзылуы пестицидтi (улы химикатты) мемлекеттiк тiркеуден уәжді бас тарту үшін негіздер болып табылады.
      Мемлекеттік тіркеуден өткен пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдануға рұқсат етіледі және уәкілетті орган пестицидтер (улы химикаттар) тізіміне енгізеді.
      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми-зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) негізінде тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтары және (немесе) ғылыми-зерттеулер үшін әкелінетін тәжірибелік үлгілерді қоспағанда, мемлекеттік тіркеуден өтпеген пестицидтерді (улы химикаттарды), сондай-ақ тіркелмеген пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге арналған бастапқы компоненттерді өндіруге (формуляциялауға), әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге және қолдануға тыйым салынады. Тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтары және (немесе) ғылыми зерттеулер үшін әкелінетін пестицидтердің (улы химикаттардың) санын уәкілетті орган айқындайды.
      Пестицидтердің (улы химикаттардың) тiркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын жүргiзу жоспарларында тіркелмеген пестицидтердің (улы химикаттардың) болмауы тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми-зерттеулерді жүргізуге арналған пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркелмеген үлгілерін әкелуге уәжді бас тарту үшін негіз болып табылады.».
      4. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат):
      16-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Геодезиялық пункттердің тығыздығы, бұрыннан бар геодезиялық желіні дамыту және жаңарту перспективалары болмаған кезде уәкілетті орган геодезиялық пункттерді бұзудан немесе қайта салудан (орнын ауыстырудан) бас тартуға міндетті.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидаларды уәкілетті орган бекітеді.».
      5. «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 176-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 23, 178-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-V, 156-құжат):
      12-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «11-1) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды;».
      6. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 7, 34, 36-құжаттар; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8; 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16; 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-V, 154-құжат):
      1) 1-баптың 12-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12-2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет – мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге бағытталған қызметті жүзеге асыратын жедел-тергеу бөлімшелері;»;
      2) 40-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің нормативтік жүктемелерін айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.».
      7. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат):
      15-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі органдар – мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтер көрсету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;».
      8. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 5-6, 29-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 21-I, 121-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 23-II, 170-құжат):
      1) 13-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бекітілген немесе оған толықтырулар енгізілген күннен бастап үш ай ішінде әзірленеді және бекітіледі.»;
      2) 16-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Көрсетілетін қызметті берушілердің қызметін ұйымдастыру үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде орталық мемлекеттік органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін әзірлейді және бекітеді.»;
      3) 19-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.»;
      4) мынадай мазмұндағы 19-1-баппен толықтырылсын:
      «19-1-бап. Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартуы
      1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жібереді.
      2. Көрсетілетін қызметті берушілер мынадай негіздер:
      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
      3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
      3. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының қайта жүгінуіне болады.
      4. Осы баптың 2-тармағының қолданысы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен лицензия алу жағдайларына қолданылмайды.
      5. Қазақстан Республикасының заңдарымен мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартудың өзге де негіздері белгіленуі мүмкін.».
      9. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат):
      41-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Екінші санаттағы рұқсатты беруден бас тарту Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.».
      10. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-I, 138-құжат):
      1) 9-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген міндеттерге қосымша ретінде орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қоспағанда) басшылары, әкімдер және ұлттық жоғары оқу орындарының басшылары халық алдында атқарылған жұмыс туралы есеп беруге міндетті.»;
      2) 10-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) орталық атқарушы органдар (Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қоспағанда) басшыларының, әкімдердің және ұлттық жоғары оқу орындары басшыларының есептерін тыңдау және талқылау;»;
      3) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «14-бап. Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің және ұлттық жоғары оқу орындары басшыларының есептері
      Орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қоспағанда) басшылары, әкімдер және ұлттық жоғары оқу орындарының басшылары жылына бір реттен сиретпей атқарылған жұмыс туралы халық алдында есеп береді.
      Есепті кездесулерді өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.».
      11. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-II, 147-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат):
      1) 1-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган – өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласын үйлестіру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы орталық атқарушы орган; оның ведомствосы, аумақтық бөлімшелері;»;
      2) 17-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастырады және оны әрі қарай Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну үшін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.»;
      3) 19-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге бағытталған қызметті жүзеге асыратын жедел-тергеу бөлімшелері.»;
      4) 20-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) жыл сайын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманы, әрі қарай Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну үшін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді;»;
      5) 21-бапта:
      1-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтырады және істерді қарайды;»;
      2-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша жедел-іздестіру және тергеу қызметінің практикасына, сотқа дейінгі тергеп-тексеруге талдау жүргізуге;»;
      6) тармақша алып тасталсын;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрестің нысандары мен әдістерін жетілдіруге, жедел-іздестіру қызметінің стратегиясы мен тактикасын айқындауға, оның тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеуге және іске асыруға;».
      12. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 153-құжат):
      1) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «9-1) мансаптық жоспарлау – «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің лауазымдық орын ауыстыру және кәсіптік даму кезеңдерін анықтауға бағдарланған үрдіс;»;
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік қызмет саласында біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
      2) 5-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттiк қызмет iстерi жөніндегі органдардың бiрыңғай жүйесін уәкiлеттi орган, оның ведомствосы, аумақтық бөлімшелері, уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйымдар құрайды.»;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2), 7-3), 7-4) және 7-5) тармақшалармен толықтырылсын:
      «7-1) мемлекеттік қызметшілерді халықаралық және басқа ұйымдарға іссапармен жіберу тәртібін әзірлейді;
      7-2) лауазымдық жалақы белгілеуге құқық беретін мемлекеттік қызметшілердің жұмыс өтілін есептеу тәртібін әзірлейді;
      7-3) «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін мансаптық жоспарлау тәртібін әзірлейді;
      7-4) жыл сайын Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұлттық баяндаманы қалыптастырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әрі қарай Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;»;
      3) 15-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, қызметтегі судьялар, өз өкілеттіктерін тоқтатқан, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған Парламент депутаттары, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттары, сондай-ақ мемлекеттiк саяси қызметшiлер, халықаралық қызметшілер, судьялар «А» және «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшілiк лауазымдарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес, кадр резервіне іріктеу және конкурс өткізілместен, уәкілетті комиссияның шешімі бойынша орналаса алады.
      Қазақстан Республикасының Президенті осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарды кадр резервіне іріктеу жүргізбестен және уәкілетті комиссияның шешімінсіз, оларға тағайындау өзімен жүзеге асырылатын «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындауға құқылы.
      Белгіленген біліктілік талаптарына сай келетін «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті комиссияның келісімімен конкурс өткізілместен орналаса алады.»;
      мынадай мазмұндағы Ескертпемен толықтырылсын:
      «Ескертпе.
      Осы бапта халықаралық қызметшілер деп қызметін халықаралық ұйымдарда жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық қызметшілер болып мойындалатын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын азаматтары танылады.»;
      4) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:
      «24-1 бап. «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мансаптық жоспарлау
      «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін мансаптық жоспар құрылады.
      А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін мансаптық жоспарлау тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.»;
      5) 29-баптың 4-тармағында:
      бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары көмекшілерінің немесе кеңесшілерінің, баспасөз хатшыларының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен орналасуға жол беріледі.»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Аталған адамдардың мемлекеттік органның, аумақтық бөлімшелерін қоса алғанда, оның ведомствосының ішінде одан кейінгі ауысуларына жол берілмейді.»;
      6) 34-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында және олардың филиалдарында, сондай-ақ өңірлік қайта даярлау және біліктілікті арттыру жөніндегі орталықтарда жүзеге асырылады.»;
      7) 38-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қызметтік қажеттілікке байланысты мемлекеттік қызметшіге атқаратын мемлекеттік лауазымынан босатпай, осы Заңда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, басқа мемлекеттік лауазымның міндеттері уақытша жүктелуі мүмкін.»;
      8) 39-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік органдардың алдына қойылған міндеттерді орындау мақсатында олардың бірінші басшыларымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, шетелдегі мекемелеріне және өзге де ұйымдарға іссапарға жіберілуі мүмкін.»;
      9) 53-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақыларын белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілі Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен есептеледі.»
      10) 56-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      «7-1. Басқару құрылымының өзгеруі, лауазымдар атауларының өзгертілуі, мемлекеттік орган штатының, нақты саны қысқартылмай және (немесе) еңбек жағдайлары елеулі өзгермей, қысқартылуы мемлекеттік әкімшілік қызметшінің мемлекеттік қызметті тоқтатуына негіз болып табылмайды.
      Көрсетілген жағдайларда мемлекеттік әкімшілік қызметші Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен бұрынғы лауазымына тең дәрежелі, бұрын атқарған лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес келетін лауазымға жаңа штаттық кесте бойынша тағайындалады.
      Тең дәрежелі лауазым жоқ болған жағдайда, мемлекеттік қызметшінің келісімімен оған мемлекеттік органның штаттық бірлігінде көзделген төмен тұрған мемлекеттік лауазым ұсынылуы мүмкін.».
      13. «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-II, 173-құжат):
      4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын Төрағадан және басқа да адамдардан тұрады.
      Қазақстан Республикасының Президенті Жоғарғы Соттың Төрағасын, Бас Прокурорды, Әділет министрін, Мемлекеттік қызмет істері министрін, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің тиісінше тұрақты комитеттерінің төрағаларын лауазымы бойынша Кеңес мүшелері етіп тағайындайды.
      Қазақстан Республикасының Президенті Кеңес құрамына басқа да адамдарды, оның ішінде ғалым заңгерлерді, адвокаттарды, шетелдік сарапшыларды, Судьялар одағының өкілдерін де тағайындауы мүмкін.».
      2-бап. Осы Заң, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 12567101112 және 13-тармақтарын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 12-тармағының 3) және 9) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 259444
    Қазақ тілінде 129657
    Орыс тілінде 128961
    Ағылшын тілінде 826
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы