Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы N 9000 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 74 (қолданысқа енгізілу тәртібін 46-баптан қараңыз) Заңымен

       ЕСКЕРТУ. Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N 134-I  Заңымен  енгiзiлген толықтырулар мен өзгертулер 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне кiредi.
      Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2005.07.08.  N 74 (қолданысқа енгізілу тәртібін 46-баптан қараңыз) Заңымен.

  I бөлiм. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

       1-бап. Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк

      1. Қазақстан Республикасын қарулы агрессиядан қорғау мемлекеттiң аса маңызды мiндеттерiнiң бiрiне жатады, әрi Қазақстанның күллi халқының iсi болып табылады. Қазақстан Республикасын қорғау - ұлтына және әлеуметтiк тегiне, тұратын жерiне, мүлiктiк және лауазымдық жағдайына, нәсiлiне, тiлiне, бiлiмiне, дiни көзқарасына, жұмысының түрi мен сипатына, саяси және өзге де нанымына, қоғамдық ұйымдар мен бiрлестiктерге жататындығына қарамастан оның әрбiр азаматының қасиеттi борышы және мiндетi болып табылады. 
      2. Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiн, Iшкi істер министрлігінің ішкі әскерлерiн, Республикалық ұланын, Азаматтық қорғаныстың, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің басқару органдары мен бөлiмдерiн және басқа әскери құрамаларын (бұдан былай Қазақстан республикасының Қарулы Күштерi, басқа әскерлерi мен әскери құрамалары) жасақтауды, сондай-ақ халықты Республиканы қорғауға даярлауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгiленедi.
      Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк мыналарды қамтиды:
      - азаматтарды әскери қызметке даярлау;
      - шақыру учаскелерiне тiркеу;
      - әскери қызметке шақыру;
      - әскери қызметтен өту;
      - запастағы қызмет;
      - запаста жаттығу жиындарынан өту;
      - соғыс кезiнде азаматтарды жалпыға бiрдей мiндеттi әскери
үйрету. 
      3. Осы Заңның орындалуы Қазақстан Республикасының азаматтарына, мемлекеттік органдарға, меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдары мен өзге де ұйымдарға жүктеледі. 
      Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасында тұратын басқа мемлекеттердiң азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының мүдделерi үшiн әскери қызмет атқара алады. 
      4. Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiкке қатынасы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары мынадай категорияларға бөлiнедi: 
      - шақыруға дейiнгiлер - шақыру учаскесiне тiркелгенге дейiн әскери қызметке даярлықтан өтетiн 15 жасқа толған жасөспiрiмдер: 
      - шақырылушылар - шақыру учаскелерiне тiркелген адамдар; 
      - әскери қызметшiлер - әскери қызметтен өтушi адамдар; 
      - әскери мiндеттiлер - запастағы адамдар; 
      - әскери мiндеттi еместер - әскери есепке алынбаған немесе одан шығарылған адамдар. 
      5. Денсаулық жағдайы мен жасы бойынша әскери қызметтен өтуге жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары: 
      - осы Заңмен белгiленген жасқа жеткенде әскери есепке тұруға; 
      - әскери-техникалық комиссариаттың шақыруы бойынша шақыру учаскелерiне тiркелу, медициналық куәландырудан өту, әскери мамандық алуға арнап даярлыққа жiберу, әскери қызметке немесе жиынға шақыру үшiн келуге; 
      - әскери қызметке даярлықтан, әскери қызметтен өтуге және запастағы әскери мiндеттi орындауға; 
      - әскери есеп ережелерiн орындауға мiндеттi. 
      6. Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тiзбе бойынша тиiстi әскери мамандықпен төркiндес мамандығы бар әйелдер әскери есепке тұруға тиiс.
      Әйелдер бейбiт кезде әскери қызметке шарт бойынша ерiктi түрде кiре алады. Әскери есепте тұрған немесе жалпыға бiрдей әскери үйретуден өткен әйелдер соғыс кезiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмiмен әскери қызметке шақырылуы мүмкiн.
       ЕСКЕРТУ. 2-5-тармақттар ұзгерді - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.11.14. N 2635 заң күші бар  Жарлығымен.
       ЕСКЕРТУ. 1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.01.29. N 287  Заңымен.

       2-бап. Әскери қызмет

      1. Әскери қызмет - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде басқа әскерлерi мен әскери құрамаларында өздерiнiң мемлекет пен халық алдындағы қасиеттi борышын және мiндеттерiн орындауымен байланысты мемлекеттiк қызметтiң айрықша түрi. 
      Әскери қызметтен өту кезi жалпы үздiксiз жұмыстың стажына сондай-ақ мамандық бойынша жұмыс стажына есептеледi. 
      Әскери қызметтiң түрлерi: 
      - солдаттар мен матростардың, сержанттар мен старшиналардың мерзiмдi әскери қызметi; 
      - шарт бойынша өтетiн әскери қызметi; 
      - офицерлер құрамының әскери қызметi. 
      Келісім-шарт бойынша әскери қызметтің ерекшеліктері "Келісім-шарт бойынша әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. 
      2. Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiне халықаралық шарттарға сәйкес бiрiккен (коалициялық) қарулы күштер (әскерлер топтары) құрамында әскери қызмет атқаруға рұқсат етiледi. 
      Егер бұл халықаралық шарттарда көзделмеген болса, Қазақстан Республикасының азаматтарына басқа мемлекеттердiң Қарулы Күштерiнде әскери қызмет атқаруға тыйым салынады. 
      3. Әскери қызметке бiрiншi рет шақырылған немесе еркiмен кiрген Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан халқына адалдыққа әскери ант қабылдайды.
      Бұрын әскери ант қабылдамаған әскери мiндеттiлер жиындары немесе жұмылдыру кезiнде ант қабылдайды.
      Әскери анттың сөзiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
       ЕСКЕРТУ. 2-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.11.14. N 2635 заң күші бар  Жарлығымен.
       ЕСКЕРТУ. 2-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.20. N 166  Заңымен.

       3-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, 
            басқа әскерлерi мен әскери құрамаларын әскери
             қызметшiлерiмен жасақтау

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа әскерлерi мен әскери құрамалары әскери қызметшiлерiмен шақыру бойынша жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк негiзiнде, сондай-ақ контракт бойынша дербес аумақтық және аумақтық принциптердi ұштастыра отырып жасақталады.
      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң басқа әскерлерi мен әскери құрамаларының адам құрамын жұмылдыру бойынша және соғыс кезiнде қосымша жасақтау үшiн әскери мiндеттiлерден әскери үйретiлген резерв құрылады.
       ЕСКЕРТУ. 3-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.11.14. N 2635 заң күші бар  Жарлығымен.
       ЕСКЕРТУ. 3-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.01.29. N 287  Заңымен.

       4-бап. Әскери қызметшiлер мен әскери мiндеттiлер құрамы

      Әскери қызметшiлер мен әскери мiндеттiлер қатардағы құрамға, сержанттар мен старшиналар құрамына, прапорщиктер мен мичмандар құрамына, офицерлер құрамына бөлiнедi.
      Офицерлер құрамы кiшi, аға және жоғары болып бөлiнедi.

       5-бап. Әскери атақтар

      1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде басқа әскерлерi мен құрамаларында мынадай әскери атақтар белгiленедi:
      Әскери                  Кеме 
                 Солдаттар, матростар
      қатардағы жауынгер         матрос, 
      ефрейтор                   аға матрос, 
 
                   Сержанттар мен старшиналар
      кiшi сержант            2-сатылы старшина,
      сержант                 1-сатылы старшина,
                              сержант
      аға сержант             бас старшина,
      старшина                бас кеме старшинасы,
      3-сыныпты сержант       3-сыныпты старшина 
      2-сыныпты сержант       2-сыныпты старшина 
      1-сыныпты сержант       1-сыныпты старшина 
      штаб сержанты           ӘТК-нің штаб 
                              старшинасы 
                  шебер-сержант
                  Прапорщиктер мен мичмандар
      прапорщик               мичман
      аға прапорщик           аға мичман

                 Кiшi офицерлер құрамы

     кiшi лейтенант          кiшi лейтенант
     лейтенант               лейтенант
     аға лейтенант           аға лейтенант, 
     капитан

                 Аға офицерлер құрамы

      майор                   3-дәрежелi капитан,
      подполковник            2-дәрежелi капитан,
      полковник               1-дәрежелi капитан,

                 Жоғары офицерлер құрамы
 
        генерал-майор           контр-адмирал, 
      генерал-лейтенант       вице-адмирал,
      генерал-полковник       адмирал,                      
      армия генералы
 
        Қазақстан Республикасының маршалы
 
        2. Медициналық немесе заңдық әскери-есеп мамандығы бар офицерлер үшiн әскери атақтарына тиiсiнше "медицина қызметiнiң, әдiлет" деген сөздер қосылады. 
      Авиация жоғары офицерлерi құрамының (ұшқыш, инженерлiк-авиациялық даярлығы бар инженерлiк) әскери атақтарына "авиация" сөзi қосылады. 
      Ұлан бөлiмдерiнде, ұлар кемелерiнде қызметтен өтушi әскери қызметшiлер үшiн тиiстi әскери атақтың алдына "ұлан" деген сөз қосу жолымен ерекше ұландық әскери атақтар белгiленедi. 
      Запастағы азаматтардың әскери атағының алдында "запастағы" деген сөз, ал отставкадағыларға - "отставкадағы" деген сөз қосылады. 
      3. Жоғары офицерлер құрамының әскери атақтарын Қазақстан Республикасының Президентi бередi. Басқа лауазымды адамдардың әскери қызметшiлердiң қалған санаттарына әскери атақтар беру жөнiндегi құқығы әскери қызмет өткеру туралы ережелермен белгiленедi. 
      4. Әскери қызметшiлер мен әскери мiндеттiлер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жалпы әскери жарғылары мен әскери қызмет өткеру туралы ережелерде белгiленген тәртiппен әскери атақтарынан айырылуы, сондай-ақ олардың әскери атағының төмендетiлуi немесе қайта қалпына келтiрiлуi мүмкiн. 
       ЕСКЕРТУ. 5-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.11.14. N 2635 заң күші бар  Жарлығымен.
       ЕСКЕРТУ. 5-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.01.29. N 287  Заңымен.

       6-бап. Әскери лауазымдар

      1. Әскери лауазымдар (әскери қызметшiлер атқаруға жататын штаттық лауазымдар) және соларға сәйкес әскери атақтар әскери бөлiмдердiң, кемелердiң, басқару органдарының, мекемелердiң, әскери-оқу орындарының штаттарында көзделедi. 
      Жоғары офицерлер құрамы атқаруға жататын лауазымдар тізбесін - Қазақстан Республикасының Президенті, ал басқа әскери қызметшілер лауазымдарының тізбесін - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің бастығы, Республикалық ұланының қолбасшысы, Бас прокуроры, басқа әскерлері мен әскери құралымдарының бірінші басшылары бекітеді. 
      Офицерлер құрамының адамдары қызметтерiн атқаруға тиiс сот органдары әскери қызметшiлерi лауазымдарының тiзбесi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес белгiленедi. 
      2. Әскери лауазымдар былай бөлiнедi: 
      - қатардағы құрам лауазымы; 
      - сержанттар мен старшиналар құрамының лауазымы; 
      - прапорщиктер мен мичмандар лауазымы; 
      - офицерлер құрамының лауазымы. 
      3. Жоғары офицерлер құрамының адамдары атқаруға жататын лауазымдарға (құрамалар, бiрлестiктер командирлерiн және соларға теңестiрiлгендердi, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң басқа әскерлерi мен әскери құрамаларының басшы құрамын) тағайындауды Қазақстан Республикасының Президентi жүргiзедi. 
      Басқа да әскери лауазымдарға тағайындау тәртібін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің бастығы, Республикалық ұланының қолбасшысы, Бас прокуроры, басқа әскерлері мен әскери құралымдарының бірінші басшылары белгілейді. 
      4. Әскери қызметшiлер әскери қызметте қалдырыла отырып, қорғаныс сипатындағы жұмыстарды орындау үшiн өздерiнiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерi негiзiнде мемлекеттiк органдарға жiберiлуi мүмкiн. 
      Әскери қызметшiлер: 
      Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары және мәслихаттардың босатылған негізде жұмыс істейтін депутаттары болып сайланған әскери қызметшiлер әскери қызметтен шығарылады. Олар өздерiнiң депутаттық өкiлеттiктерi аяқталған соң әскери қызметке белгiленген тәртiппен қайта қабылдануы мүмкiн. 
      Жергiлiктi өкiлдi органдардың депутаттары болып сайланған әскери қызметшiлер осы органдар жұмысы (сессиясы) кезеңiнде өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатылады. 
      Әскери қызметте қалдырыла отырып қорғаныс сипатындағы жұмыстарды орындау үшiн мемлекеттік органдарға iссапарға жiберiлген әскери қызметшiлердi әскери үлестiң барлық түрлерiмен қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың әскери қызметтен өту тәртiбi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен реттеледi. 
       ЕСКЕРТУ. 6-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.05.19. N 2283 заң күші бар Жарлығымен.
       ЕСКЕРТУ. 6-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.11.14. N 2635 заң күші бар  Жарлығымен.
       ЕСКЕРТУ. 6-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.01.29. N 287  Заңымен.

       7-бап. Әскери қызметшiлердiң әскери киiм үлгiсi мен
            айырым белгiлерi

      1. Әскери қызметшiлер, сондай-ақ жиындарда әскери мiндеттiлер әскери атақтар мен әскерлер (қызмет) түрiне сәйкес айырым белгiлерi бар әскери киiм үлгiсiн киедi. 
      Қарулы Күштердiң, басқа әскерлер мен әскери құрамалардың әскери киiм үлгiсi мен айырым белгiлерiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi, олармен жабдықтау нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Әскери киiм үлгiсiн киiп жүру ережесiн Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi, ал оның жекелеген түрлерiн киiп жүру және айырым белгiлерiн тағу ерекшелiктерiн басқа әскерлерi мен әскери құрамаларына бiрiншi басшылары белгiлейдi. 
      2. Басқа барлық мемлекеттік органдарға және меншік нысанына қарамастан ұйымдарға әскери қызметшiлердiң киiм үлгiсi мен айырым белгiлерi сияқты киiм үлгiлерi мен айырым белгiлерiн енгiзуге тыйым салынады. 
      3. Әскери киiм киюге құқығы жоқ азаматтардың оны киюiне тыйым салынады және заңмен қудаланады.
       ЕСКЕРТУ. 7-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.11.14. N 2635 заң күші бар  Жарлығымен.
       ЕСКЕРТУ. 7-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.01.29. N 287  Заңымен.

  II бөлiм. АЗАМАТТАРДЫ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ДАЯРЛАУ

       8-бап. Шақыруға дейiнгiлер мен шақырылушыларды
             әскери қызметке даярлау

      1. Шақыруға дейiнгiлер мен шақырылушыларды әскери қызметке даярлау мыналарды қамтиды:
      - бастапқы әскери даярлық; 
      - шақырылушыларды әскери-техникалық мамандықтар бойынша
даярлау;
      - жоғары оқу орындарының студенттерiн запастағы офицерлер
бағдарламасы бойынша әскери даярлау;
      - дене даярлығы;
      - жалпы бiлiм даярлығы деңгейiн арттыру;
      - патриоттық тәрбие. 
      2. Шақыруға дейінгілер мен шақырылушыларды әскери қызметке даярлауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің басшылығымен өздерінің құзыреті шегінде мемлекеттік органдар ұйымдастырады және меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдары мен өзге де ұйымдарда жүзеге асырылады. 
      Республикада шақыруға дейiнгiлердi және шақырылушыларды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыруды, жүргiзудi және олардың нәтижелерiн бақылауды бастапқы әскери даярлықты бағдарламалық және әдiстемелiк жағынан қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi жүзеге асырады. 
      Мемлекеттік органдар өздерінің құзыреті шегінде және бастапқы әскери даярлықты жүргiзу үшiн материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi, оқу-материалдық базасын жасауды, жетекшiлердi, оқытушыларды, тәрбиешiлердi, нұсқаушыларды, өндiрiстiк оқыту шеберлерiн және басқа да мамандарды iрiктеу мен даярлауды жүзеге асырады әрi шақыруға дейiнгiлердi әскери қызметке даярлау жөнiнде осы Заңмен өздерiне жүктелген шаралар кешенiн орындау үшін жауапты болады. 
      Меншiк түрiне қарамастан кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң және оқу орындарының басшылары шақыруға дейiнгi мен шақырылушылардың әскери қызметке даярлықтан өту мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
       ЕСКЕРТУ. 8-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.11.14. N 2635 заң күші бар  Жарлығымен.
       ЕСКЕРТУ. 8-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.06.11. N 207  Заңымен.
       ЕСКЕРТУ. 8-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.01.29. N 287  Заңымен.

       8-1-бап. Бастапқы әскери даярлық

      Әскерге шақырылуға дейiнгi және әскерге шақырылу жасындағы жiгiттермен және қыздармен бастапқы әскери дайындықты жалпы бiлiм беретiн мектептерде, бағыныстылығына және меншiк нысанына қарамастан, кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарында штаттағы оқытушылар жүргiзедi. 
      Оқу орындарында бастапқы әскери даярлықтан өтпеген жасөспiрiмдер оны мерзiмдi әскери қызметке шақырылу алдында жергiлiктi атқару органдарының шешiмi бойынша құрылатын оқу пункттерiнде өтедi. 
      Шақыруға дейiнгiлер мен шақырылу жасындағы жасөспiрiмдермен бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру мен жүргiзу тәртiбi жастарды бастапқы әскери даярлау туралы Қазақстан Республикасы Үкiметi бекiткен Ережемен белгiленедi. 
       ЕСКЕРТУ. Заң жаңа мазмұнындағы 8-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.11.14. N 2635 заң күші бар  Жарлығымен.

       9-бап. Шақырылушыларды әскери-техникалық мамандықтар
             бойынша даярлау

      1. Шақырылушыларды әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдарында даярлық жағдайы мен сипатына қарай өндiрiстен қол үзе отырып, сондай-ақ қол үзбей жүргiзiледi. 
      Шақырылушыларды даярлау Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен келiсiлген бағдарламалар мен жоспарлар бойынша шарттық негiзде әскери-қолданбалы бағыттағы қоғамдық бірлестiктерде жүзеге асырылуы мүмкiн. 
      Меңгерген әскери-техникалық мамандығы бойынша әскери қызметке денсаулығы жарамды және оқуын бiтiрген соң мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақырылуға жататын шақырылушылар даярлыққа тартылады. 
      2. Өндiрiстен қол үзе отырып әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлықтан өтiп жатқан шақырылушыларға оқу кезеңiнде жұмыс орны, атқаратын қызметi сақталады және негiзгi жұмыс орны бойынша орташа жалақысы төленедi. 
      Өндiрiстен қол үзбей оқытуға тартылған шақырылушыларға, даярлық кезеңiне кешкi мектептерде оқитын адамдар үшiн заңда көзделген ережелерге сәйкес жұмыс күнiнiң қысқартылған ұзақтығы белгiленедi. Емтихандарға даярлық пен оны тапсыру кезеңiне оларға негiзгi жұмыс орны бойынша орташа жалақысы төлене отырып ұзақтығы 10-15 жұмыс күнiн құрайтын (мамандығына және оқу бағдарламаларының көлемiне қарай) демалыс берiледi. 
      Жеке меншiкке негiзделген ұйымдардың осы шақырылушыларға орташа жалақы төлеу жөнiндегi шығыстары аталған мамандар өздерiне арнап даярланатын мемлекеттік органдардың қаражаты есебiне өтеледi. 
      3. Әскери-техникалық мамандықтар бойынша оқытуға тартылған шақырылушылардың сабаққа қатысуы мiндеттi болып табылады. 
       ЕСКЕРТУ. 9-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы       Президентiнiң 1995.11.14. N 2635 заң күші бар  Жарлығымен.
       ЕСКЕРТУ. 9-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.06.11. N 207  Заңымен.
       ЕСКЕРТУ. 9-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.01.29. N 287  Заңымен.

       10-бап. Жоғары оқу орындары студенттерiнiң әскери
              даярлығы

      1. Жоғары оқу орындары студенттерiнiң әскери даярлығын әскери кафедраларда өткiзедi. Әскери даярлыққа 27 жасқа дейiнгi, денсаулығы жөнiнен әскери қызметке жарамды студенттер, ал Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi белгiлейтiн бiрқатар әскери мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарының студент қыздары да тартылады. 
      2. Студенттер әскери даярлықтан өткiзiлетiн жоғары оқу орындарының тiзбесiн, сондай-ақ Әскери кафедра туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 
      Әскери даярлық оқу түрлерiнiң бiрi болып табылады және дербес оқу пәнi ретiнде жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына кiргiзiледi. 
      3. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың толық курсынан өтiп, белгiленген емтихандарды тапсырған студенттерге запастағы офицердiң тиiстi алғашқы әскери атағы берiледi. 
      Мерзiмдi әскери қызметтен не әскери кафедрада даярлықтан өтпеген студенттер жоғары оқу орнын бiтiрген соң мерзiмдi әскери қызметке шақырылады. Олар профилi жөнiнен әскери мамандығына жуық алынған бiлiмiне сәйкес өздерiне офицерлiк атақ берiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi бекiткен тәртiппен және мамандықтар бойынша офицерлер ретiнде әскери қызметке шақырылуы мүмкiн. 
       ЕСКЕРТУ. 10-баптың 2-абзацы толықтырылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.11.14. N 2635 заң күші бар  Жарлығымен.

       11-бап. Дене даярлығы. Емдеу-сауықтыру жұмысы.
              Патриоттық тәрбие

      1. Шақыруға дейiнгiлер мен шақырылушылардың дене даярлығын жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, меншiк нысанына қарамастан бiлiм беру, дене мәдениетi және спорт органдары, спорт органдары, спорт ұйымдары мен басқа да ұйымдастырып, жүргiзедi. 
      2. Жасөспiрiмдермен емдеу-сауықтыру жұмысын олардың тұрғылықты жерi, оқу немесе жұмыс орны бойынша емдеу-профилактика және емдеу-сауықтыру мекемелерiнде жас жеткiншектер емханаларын, бөлiмшелерiн және кабинеттерiн құра отырып, денсаулық сақтау органдары мен мекемелерi ұйымдастырады. 
      15 жастан бастап жасөспiрiмдердi медициналық куәландыруды дәрiгер-мамандар жыл сайын жүргiзiп отырады. Қажет болған жағдайда сауықтыру шаралары жүргiзiле отырып, жасөспiрiмдерге қажеттi ем тағайындалады. 
      3. Шақыруға дейiнгi және шақырылу жасындағы жасөспiрiмдерге патриоттық тәрбие берудi тұрғылықты жерi, оқу немесе жұмыс орны бойынша барлық мемлекеттiк ұйымдар мен меншiк нысанына қарамастан басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлер жүзеге асырады. 
       ЕСКЕРТУ. 11-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.11.14. N 2635 заң күші бар  Жарлығымен.

  III БӨЛIМ. АЗАМАТТАРДЫ ШАҚЫРУ УЧАСКЕЛЕРIНЕ ТIРКЕУ.
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ (ТҮСУ)

       12-бап. Азаматтарды шақыру учаскелерiне тiркеу

      1. Азаматтарды шақыру учаскелерiне тiркеудi жасөспiрiмдердi әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесiн айқындау, жалпы бiлiм деңгейiн, алған мамандығы мен дене даярлығын анықтау мақсатында жүргiзедi тұрғылықты жерi бойынша аудандық (қалалық) әскери комиссариат. 
      Азаматтарды тiркеудi жүргiзу үшiн аудандарда (қалаларда) шақыру учаскелерi құрылады. 
      2. Әр жылы қаңтар - наурыз iшiнде тiркелетiн жылы 17 жасқа толатын азаматтар шақыру учаскелерiне тiркеледi. 
      17 жасқа толатын жылдың 1 сәуiрiне дейiн дәлелдi себептермен әскери есепке тұрмаған шақыруға дейiнгiлер әскери есепке қоюдан жалтарған деп есептелiп, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапты болады. 
      3. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары, меншiк түрiне қарамастан ұйымдар әскери мiндеттiлердiң, шақырылушылардың сондай-ақ шақыруға дейiнгi жастардың бастапқы есебiн алуды жүргiзедi және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi белгiлеген мерзiмде жыл сайын тиiстi аудандық (қалалық) әскери комиссариаттарға шақыру учаскелерiне тiркеуге жататын жасөспiрiмдер тiзiмiн табыс етедi. 
      Осы органдардың және ұйымдардың лауазымды адамдары бастапқы әскери есепке алу ережелерiн бұзғаны және аудандық (қалалық) әскери комиссариаттардың шақыру учаскелерiне тiркелуге жататын жасөспiрiмдердiң тiзiмдерiн уақтылы табыс етпегенi үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауап бередi. 
      4. Азаматтар шақыруға дейiнгiлердi әскери есепке қоюға байланысты мiндеттердi орындау үшiн қажеттi уақытқа олардың тұрақты жұмыс (оқу) орны бойынша орташа табысы (стипендиясы) сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босатылады. 
      5. Азаматтарды аудандардағы (қалалардағы) шақыру учаскелерiне тiркеудi жүргiзу үшiн жергiлiктi атқарушы орган әкiмiнiң шешiмiмен мына құрамда тиiстi комиссиялар құрылады: 
      - комиссия төрағасы - аудандық (қалалық) жергiлiктi атқарушы орган әкiмiнiң орынбасары; 
      - комиссия төрағасының орынбасары - аудандық (қалалық) әскери комиссар. 
      Комиссия мүшелерi: 
      - азаматтарды медициналық куәландыруға қатысушы дәрiгерлер; 
      - әскери комиссариаттың өкiлi. 
      - комиссия хатшысы. 
      Тiркеу жөнiндегi аудандық (қалалық) комиссияның жеке құрамын, бұл жұмысты өткiзу және қамтамасыз ету тәртiбiн жыл сайын жергiлiктi атқарушы орган әкiмi бекiтедi.
      6. Шақыру учаскелерiне тiркеу кезінде азаматтар әскери есепке алынады және шақырушылар санатына өтедi.
      7. І және II топтағы мүгедектер болып табылатын азаматтарға шақыру учаскелерiне тiркеуден өткен кезде белгiленген тәртiппен комиссия шешiмiнiң негiзiнде "әскери мiндеттi емес" деген белгi соғылған куәлiк берiледi. 
       ЕСКЕРТУ. 12-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.11.14. N 2635 заң күші бар  Жарлығымен.
       ЕСКЕРТУ. 12-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.01.29. N 287  Заңымен.

       13-бап. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру

      1. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы негiзiнде жылына екi рет, сәуiр-маусымда және қазан-желтоқсан айларында өткiзiледi. Шақыру мерзiмiн кейiнге қалдыру немесе одан босатылуға құқығы жоқ 18-ден 27 жасқа дейiнгi азаматтар шақыруға жатады. 
      2. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды ауданның (қаланың) және облыстың жергiлiктi өкiлдi органдарымен бiрлесе отырып, тиiстi әскери комиссариат арқылы жергiлiктi атқарушы орган әкiмi ұйымдастырып, қамтамасыз етедi. 
      Азаматтарды мерзiмдi шақыруды ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi осы Заңмен және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен жастарды әскери қызметке даярлау және шақыруды өткiзу туралы Ережемен белгiленедi. 
      3. Меншiк нысанына қарамастан бiлiм беру ұйымдары мен өзге де ұйымдардың басшылары шақырылушыларды iссапардан (демалыстан) шақырып алуға, оларды хабардар етудi ұйымдастыруға және шақыру учаскесiне уақтылы келуiн қамтамасыз етуге мiндеттi. 
      4. Мерзiмдi әскери қызметке шақырылуға жататын шақырушылар әскери комиссариаттың шақыруы бойынша шақыру және медициналық комиссияларынан өту әрi әскерге жөнелтiлу үшiн шақыру учаскесiне келуге мiндеттi. 
      Азаматтардың әскери комиссариаттар белгiлеген мерзiмде шақыру учаскелерiне келмеуiне: 
      - еңбек қабiлетiн жоғалтуымен байланысты науқастануы (жарақат алуы); 
      - жақын туысының қайтыс болуы немесе ауыр науқастануы; 
      - апат сипатындағы кедергiлер немесе азаматтың өзiнiң келу мүмкiндiгiн болғызбаған басқа да жағдайлар дәлелдi себептер деп танылады. 
      Келмеудiң себептерi тиiстi құжаттармен расталуға тиiс. 
      5. Қазақстан Республикасының уақытша шет елде тұратын азаматтарын мерзiмдi әскери қызметке шақыру, олардың кейiнге қалдыру құқы болмаған жағдайда, олар Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұрғылықты жерiне қайтып келген соң осы Заң белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады. 
       ЕСКЕРТУ. 13-бап өзгерді - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.11.14. N 2635 заң күші бар  Жарлығымен .
          ЕСКЕРТУ. 13-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.01.29. N 287  Заңымен.

       14-бап. Шақыру комиссиялары

      1. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен өткiзу үшiн аудандық (қалалық) жергiлiктi атқарушы орган әкiмiнiң шешiмiмен аудандарда (қалаларда) мына құрамда шақыру комиссиялары құрылады: 

      - комиссия төрағасының орынбасары - аудандық (қалалық) әскери комиссар; 
      Комиссия мүшелерi; 
      - аудандық (қалалық) iшкi iстер бөлiмiнiң өкiлi; 
      - медицина қызметкерлерiнiң жұмысына басшылық ететiн дәрiгер-медициналық комиссияның төрағасы; 
      - комиссия хатшысы. 
      Комиссия құрамына, сонымен қатар мемлекеттiк ұйымдардың, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi енгiзiлуi мүмкiн. 
      Аудандық (қалалық) шақыру комиссиясының адам құрамын және мерзiмдi әскери қызметтен өту үшiн азаматтарды шақыру кестесiн жергiлiктi атқарушы орган әкiмi бекiтедi. 
      2. Аудандық (қалалық) шақыру комиссияларының қызметiне басшылық ету және бақылау жасау үшiн облыстарда және Астана және Алматы қалаларында", "(Астана және Алматы қалаларында - қалалық) шақыру комиссиялары құрылады: 
      - комиссия төрағасы - облыстық (Алматы қаласында - қалалық) жергiлiктi атқарушы орган әкiмiнiң орынбасары;
      - комиссия төрағасының орынбасары - облыстық (Алматы қаласында - қалалық) әскери комиссар.
      Комиссия мүшелерi:
      - облыстық (Алматы қаласында - қалалық) iшкi iстер басқарма бастығының орынбасары;
      - облыстық (Алматы қаласында - қалалық) денсаулық сақтау басқармасы (департаментi) бастығының орынбасары;
      - әскери комиссариаттың дәрiгерi (медицина қызметiнiң офицерi) - медициналық комиссияның төрағасы;
      - комиссия хатшысы.
      Комиссия құрамына сонымен қатар мемлекеттiк ұйымдардың, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi енгiзiлуi мүмкiн.
       ЕСКЕРТУ. 14-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.11.14. N 2635 заң күші бар  Жарлығымен.
       ЕСКЕРТУ. 14-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.01.29. N 287  Заңымен.

       15-бап. Шақыруды кейiнге қалдыру

      1. Мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру азаматтарға аудандық (қалалық) шақыру комиссиясының шешiмi бойынша:
      - отбасы жағдайына қарай;
      - оқу орындарында бiлiм алуын жалғастыру үшiн;  
      - денсаулық жағдайына байланысты;
      - басқа да себептер бойынша берiледi.
      2. Отбасы жағдайына қарай мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру: 
      а) басқа адамның көмегiне мұқтаж және мемлекеттiң толық асырауында емес отбасы мүшелерiне қарайласатын шақырылушыларға заң бойынша олармен бiрге немесе бөлек тұратынына қарамастан, аталған отбасы мүшелерiн асырауға мiндеттi. Қазақстан Республикасы аумағында тұратын жақын туыстары немесе басқа адамдары болмаған жағдайда берiледi. 
      Басқа адамның көмегi мен күтiмiне мұқтаж отбасы мүшелерi мыналар: 
      - зейнеткерлiк жасына жеткен немесе бiрiншi не екiншi топтағы мүгедектер болып табылатын әкесi, анасы, әйелi, сондай-ақ шақырылушының ата-анасы болмаған ретте, егер олар өзiнiң асырауында болса атасы мен әжесi; 
      - 18 жасқа толмаған iнi-қарындастары немесе бұл жастан асқан аға-апалары, егер олар бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер болса; 
      - шақырылушыдан басқа бір не одан көп 18 жасқа толмаған немесе бұл жастан асқан, бiрақ бiрiншi не екiншi топтағы мүгедек болып табылатын балалары бар және оларды күйеусiз (әйелсiз) тәрбиелеп отырған анасы (әкесi); 
      - асырауында жасына қарай еңбекке жарамсыз немесе бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер болып табылатын бір не одан көп жалғыз басты жақын туыстары (әкесi, анасы, аға-апалары, iнi-қарындастары) бар және оларды күйеусiз (әйелсiз) күтiп отырған анасы (әкесi); 
      - күтiмiнде бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедек болып табылатын әйелi (күйеуі) бар және шақырылушыдан басқа 18 жасқа толмаған бір не одан көп балалар тәрбиелеп отырған ата-ананың бiрi; 
      б/ өзiнiң асырауында: 
      - анасыз тәрбиелеген баласы; 
      - бір не одан көп балалары; 
      - ата-анасының қайтыс болуына, сондай-ақ оларды ата-аналық құқығынан айыруға немесе соттың оларды бас бостандығынан айырып соттауына байланысты шақырылушы кемiнде бес жыл бойы тәрбиесiнде және күтiмiнде болған адамдары бар шақырылушыларға берiледi. 
      3. Оқу орындарында бiлiм алуды жалғастыру үшiн мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру: 
      а) бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына лицензиясы бар, жалпы бiлiм беретiн мектептер мен кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта бiлiм беру ұйымдарында күндiзгi оқыту нысаны бойынша оқитын әскерге шақырылушыларға, оларды бiтiргенге дейiн; 
      б) меншiк нысаны мен бағыныстылығына қарамастан бiлiм беру iсiн жүргiзуге бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органның лицензиясын алған жоғары оқу орындарының күндiзгi (өндiрiстен қол үзiп оқитын) бөлiмдерiнде, сондай-ақ басқа мемлекеттердiң жоғары оқу орындарында оқып жүрген, жоғары оқы орнында оқып жатқандығын растайтын құжаттарды табыс еткен ретте 27 жасқа дейiнгi шақырылушыларға берiледi. 
      Жоғары оқу орындарынан үлгірмегендiгi, тәртiпсiздiгi үшiн немесе өзiнiң тiлегi бойынша шығарылған шақырылушылардың жоғары оқу орнына қайта түскен (қалпына келтiрiлген) ретте, оқуын жалғастыру үшiн шақыруды кейiнге қалдыру құқығы болмайды. 
      4. Денсаулық жағдайына қарай мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру медициналық куәландыру кезiнде, әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылған шақырылушыларға бiр жылға дейiнгi мерзiмге берiледi. 
      5. Басқа себептерге байланысты мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру: 
      а) ауылдық (селолық) жерлерде орналасқан жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта бiлiм беру ұйымдарының кәсiптiк орта немесе кәсiптiк жоғары педагогтiк бiлiмi бар және мамандығы бойынша жұмыс iстеп жүрген мұғалiмдерiне (оқытушыларына), барлық жұмыс iстеген кезеңiне; 
      б) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе жергiлiктi өкiлдi органдардың депутаттарына депутаттық өкiлеттiгi мерзiмiне; 
      в) ол жөнiнде анықтау алдын-ала тергеу жүргiзiлiп жатқан немесе қылмыстық iсi сотта қаралып жатқан адамдарға, тергеу аяқталғанға немесе сот шешiмi жарияланғанға дейiн; 
      г) күндiзгi жоғары және орта дiни оқу орындарында оқып жүрген, сондай-ақ тiркелген дiни конфессиялардың бiрiнде дiни атағы немесе штаттық қызметi бар шақырушыларға оқу немесе дiни қызметi мерзiмiне; 
      д) басқа санаттағы шақырушыларға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен, ал жекелеген шақырылушыларға дербес түрде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң шешiмi бойынша берiледi. 
      6. Шақырылушылардың шақыруды кейiнге қалдырудан бас тартуға құқығы бар және егер олар жеке өтiнiшi мен мүдделi адамдармен халықты әлеуметтiк қорғау орындарына нотариалды куәландырған тиiстi құжаттарды ұсынса, мерзiмдi әскери қызметке шақырылуы мүмкiн.
       ЕСКЕРТУ. 15-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы    Президентiнiң 1995.11.14. N 2635 заң күші бар  Жарлығымен.
       ЕСКЕРТУ. 15-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N 134-1  Заңымен.
       ЕСКЕРТУ. 15-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.06.11. N 207  Заңымен.
       ЕСКЕРТУ. 15-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.01.29. N 287  Заңымен.

       16-бап. Мерзiмдi әскери қызметке шақырудан босату

      1. Бейбiт кезеңде мерзiмдi әскери қызметке шақырудан:
      а) денсаулық жағдайына қарай әскери қызметке жарамсыз деп танылған;
      б) 27 жасқа жеткен кезде мерзiмдi әскери қызметке заңды негiздерде шақырылмаған; 
      в) әскери қызметiн өткерiп жүрген кезiнде қызметтiк мiндеттерiн орындау үстiнде жақын туыстарының бiрi (әкесi, анасы, аға-iнiсi немесе апа-қарындасы) қаза тапқан, қайтыс болған немесе бiрiншi және екiншi топтағы мүгедек болып қалған азаматтар босатылады. 
      Шақырудан босатылуға құқығы бар шақырылушылар өз тiлектерiне орай мүдделi адамдардан нотариалды куәландырылған тиiстi құжаттар мен жеке өтiнiшiн ұсынған ретте мерзiмдi әскери қызметке шақырылуы мүмкiн. 
      2. Ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн өтелмеген және заңмен белгiленген тәртiпте алып тасталмаған соттылығы бар, сондай-ақ екi және одан да көп соттылығы бар шақырылушылар бейбiт кезде мерзiмдi әскери қызметке шақыруға жатпайды. 
      3. Кейiнге қалдыруды пайдалану негiздерiн түгескен шақырылушылар, сондай-ақ осы Заңның 15 және 16-баптарында көзделген кейiнге қалдыру құқығы немесе шақырудан босату үшiн негiздерi жоқ және мерзiмдi әскери қызметке белгiленген мерзiмде шақырылмаған адамдар кезектi шақыру жүргiзiлген кезде шақырылады. 
       ЕСКЕРТУ. 16-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы     Президентiнiң 1995.11.14. N 2635 заң күші бар  Жарлығымен.
       ЕСКЕРТУ. 16-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.01.29. N 287  Заңымен.

       17-бап. Запастағы офицерлердi әскери қызметке шақыру

      Әскери қызметке жарамды 29 жасқа дейiнгi запастағы офицерлер бейбiт кезеңде Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының негiзiнде офицерлiк құрам лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшiн белгiленген тәртiппен шақырылады. 
      Жекелеген жағдайларда жоғары даярлығы және мол жұмыс тәжiрибесi бар запастағы офицерлер Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларына 29 жастан асса да шақырылуы мүмкiн.
      Әскери-есеп мамандықтары бойынша әскери қызметке шақырылуға жататын запастағы офицерлердiң санын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
       ЕСКЕРТУ. 17-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.11.14. N 2635 заң күші бар  Жарлығымен.

       18-бап. <*>
       ЕСКЕРТУ. 18-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi және 2-бөлiкпен        толықтырылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.11.14. N 2635 заң күші бар  Жарлығымен.
       ЕСКЕРТУ. 18-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2001.03.20. N 166  Заңымен.

  IV Бөлiм. Әскери қызметтен өту

       19-бап. Әскери қызмет мерзiмi

      Әскери қызмет мерзiмi күнтiзбелiк есеппен былай белгiленедi:
      а/ мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер үшiн:
      - жоғары бiлiмi барларға - 1 жыл;
      - жоғары бiлiмi жоқтарға - 2 жыл; 
      - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi теңiз бөлiмдерiнiң корабльдерi мен кемелерiнiң матростары мен старшиналарына - 2 жыл 6 ай; 
      - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi әскери-техникалық мектептерiнiң түлектерiне - 1 жыл 6 ай. 
      б/ шақыру бойынша әскери қызмет атқарып жүрген офицерлер үшiн - 3 жыл;
      в) <*>
      Контракт әскери қызметте болудың шектi жасына жеткенге дейiнгi мерзiмге жасалуы немесе ұзартылуы мүмкiн.
       ЕСКЕРТУ. 19-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы     Президентiнiң 1995.11.14. N 2635 заң күші бар  Жарлығымен.
       ЕСКЕРТУ. 19-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.03.20. N 166  Заңымен.
       ЕСКЕРТУ. 19-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.01.29. N 287  Заңымен.

          20-бап. Әскери қызметте болу жасының шегi

      1. Әскери қызметте болу жасының шегi былай белгiленедi:
      а/ мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер үшiн - 29 жас; 
      б/ қатардағы жауынгер, сержант және старшина құрамының лауазымында шарт бойынша әскери қызметтен өтiп жүрген әскери қызметшiлер үшiн - 45 жас; 
      в/ прапорщиктер, мичмандар мен кiшi офицерлер үшiн - 45 жас; 
      г/ майор және подполковник әскери атағы бар аға офицерлер үшiн - 45 жас, полковник - 50 жас; 
      д/ генерал-лейтенантты қоса алғандағы әскери атағы бар жоғары офицерлер үшiн - 55 жас, генерал-полковник - 60 жас. 
      2. Ғылым кандидаты /доцент/ офицерлерге, сондай-ақ жоғары кәсiби даярлығы, атқарып отырған қызметiнде практикалық жұмыс тәжiрибесi бар және денсаулығы жөнiнен әскери қызметтен өтуге жарамды басқа әскери қызметшiлерге Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi және басқа әскерлер мен әскери құрамалардың бiрiншi басшылары қызмет мерзiмiн 5 жылға дейiн, ал ғылым докторларына /профессорларға/ - 10 жылға дейiн ұзарта алады.
      3. Әскери қызметте болу жасының шегiне жеткен әскери қызметшiлер әскери қызмет өткеру туралы Ережелермен белгiленген тәртiппен запасқа шығаруға жатады.
       ЕСКЕРТУ. 20-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы  Президентiнiң 1995.11.14. N 2635 заң күші бар  Жарлығымен.

       21-бап.<*>
       ЕСКЕРТУ. 21-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы      Президентiнiң 1995.11.14. N 2635 заң күші бар  Жарлығымен.
       ЕСКЕРТУ. 21-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2001.03.20. N 166  Заңымен.

       22-бап. Әскери қызметтен босату

      1. Әскери қызметтен босату былай жүргiзiледi:
      - мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi - белгiленген
мерзiмдi атқарып бiткен соң;
      - запастан әскери қызметке 3 жыл мерзiмге шақырылған офицерлердi - белгiленген мерзiмдi атқарып бiткен соң. 
      2. Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мына реттерде қызметтен мерзiмiнен бұрын босатылады:
      - денсаулық жағдайына қарай - әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы /қаулысы/ негiзiнде; 
      - отбасы жағдайына қарай - отбасы жағдайының өзгеруi салдарынан әскери комиссариаттардың отбасы жағдайын тексеру негiзiнде шақыруды кейiнге қалдыру құқығы пайда болған ретте; 
      - бас бостандығынан айыруға сотталуына байланысты. 
      - отбасы құрамында шет елге тұрақты тұру үшiн кетуiне байланысты немесе Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұрақты тұратын отбасымен қайта қосылу үшiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес кетуiне құқық беретiн растайтын құжаттары болғанда; 
      - рақымшылық актiсi негiзiнде. 
      3. Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерi төтенше жағдай енгiзiлген ретте Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша әскери қызметте екi айға дейiнгi мерзiмге кiдiртiлуi мүмкiн. 
      4. <*>
      5. Осы бапта аталған әскери қызметшiлердi әскери қызметтен босатуды Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген құқықтарына сәйкес лауазымды адамдар жүргiзедi.
       ЕСКЕРТУ. 22-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.11.14. N 2635 заң күші бар  Жарлығымен.
       ЕСКЕРТУ. 22-баптың 4-тармағының а)-тармақшасы жаңа редакцияда
- Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N 134-I  Заңымен.
       ЕСКЕРТУ. 22-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.03.20. N 166  Заңымен.
       ЕСКЕРТУ. 22-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.01.29. N 287  Заңымен.

  V Бөлiм. Запастағы қызмет

       23-бап. Запасқа шығару. Запас категориясы

      1. Әскери қызметтен босатылған /отставкаға шығуына немесе қылмыс жасағаны үшiн соттың соттауына байланысты босатылғандардан басқалары/, мерзiмдi әскери қызметке шақырудан босатылған /денсаулық жағдайына қарай әскери есептен шығарылғандардан басқалары/, сондай-ақ бейбiт кезде мерзiмдi әскери қызметке шақыруға жатпайтын /16-бап/ азаматтар запасқа шығарылады.
      2. Запастағы қызметке жиындарды өткеру және әскери қызметке шақыру тәртiбi мен ережелерiн орындау жатады.
       ЕСКЕРТУ. 23-бапқа өзгерiс енгiзiлдi және 2-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.11.14. N 2635 заң күші бар  Жарлығымен.

       24-бап. Запаста болу жасының шегi. Запас топтары

      1. Әскери мiндеттiлердiң жасына қарай запаста болуы үш топқа бөлiнедi. Топтар запаста болу негiзiнде белгiленедi.
      2. Қатардағы жауынгерлер, сержант және старшина құрамындағылар, прапорщиктер мен мичмандар мынадай жас шегiне дейiн запаста болады:
      - бiрiншi топ - 35 жасқа дейiн;
      - екiншi топ - 45 жасқа дейiн;
      - үшiншi топ - 50 жасқа дейiн;
      3. Офицерлер мынадай жас шегiне дейiн запаста болады:
      а/ бiрiншi топтағы запаста:
      - кiшi офицерлер - 45 жасқа дейiн;
      - аға офицерлер - 50 жасқа дейiн;
      - жоғары офицерлер - 55 жасқа дейiн.
      б/ екiншi топтағы запаста:
      - кiшi офицерлер - 50 жасқа дейiн;
      - аға офицерлер - 55 жасқа дейiн;
      - жоғары офицерлер - 60 жасқа дейiн.
      в/ үшiншi топтағы запаста:
      - кiшi офицерлер - 55 жасқа дейiн;
      - аға офицерлер - 60 жасқа дейiн;
      - жоғары офицерлер - 65 жасқа дейiн. 
      4. Әскери қызметшi-әйелдер оларға берiлген әскери атақтарға қарамастан үшiншi топтағы запасқа есептеледi. Олардың запаста болу жасының шегi былай белгiленедi: офицерлер құрамындағылар үшiн - 50 жас, қатардағы жауынгер, сержант және старшина құрамындағылар, прапорщиктер мен мичмандар үшiн - 45 жас. 

       25-бап. Жиындардан өту

      1. Әскери мiндеттiлер запаста болған кезде жаттығу, тексеру және арнаулы жиындарға шақырылады.
      2. Әскери комиссариаттар офицерлер құрамының әскери атақтары
жоқ әскери мiндеттiлердi:
      - бiрiншi топты - әр жолы екi айға дейiнгi мерзiмге бес ретке дейiн;
      - екiншi топты - әр жолы екi айға дейiнгi мерзiмге үш ретке дейiн;
      - үшiншi топты - бiр айға дейiнгi мерзiмге бiр рет әскери жиындарға шақырады.
      Запастағы офицерлер құрамының адамдары запаста болған кезде жаттығу жиындарына: 
      - бiрiншi топ - жыл сайын екi айға дейiнгi мерзiмге әскери-есеп мамандықтарының жетiспеушiлiгi ескерiле отырып; 
      - екiншi топ - әр жолы екi айға дейiнгi мерзiмге екi рет; 
      - үшiншi топ - бiр ай мерзiмге бiр рет шақырылуы мүмкiн. 
      3. Әскери мiндеттiлердiң жаттығу жиындарын өткiзу мерзiмi мен уақытын осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi белгiлейдi. 
      4. Әскери мiндеттер жаттығу жиындары аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң жоспары бойынша 10 күнге дейiнгi мерзiмге өндiрiстен қол үздiре тексеру жиындары мен командирлiк даярлыққа тартылуы мүмкiн. 
      5. Запаста болған уақыт iшiнде жиындардың жалпы мерзiмi қатардағы жауынгер, сержант және старшина құрамындағылар, прапорщиктер мен мичмандар үшiн 18 айдан, офицерлер үшiн 24 айдан аспауы керек. Бұл орайда жаттығу жиындарында болудың жалпы мерзiмiне тексеру жиындарында болған кез де есептеледi. 
      6. Әскери мiндеттiлер төтенше жағдай енгiзiлген ретте Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша мiндеттердi шешу 4 айға дейiнгi мерзiмге арнаулы жиындарға шақырылуы мүмкiн. 
      7. Әскери мiндеттiлердiң жиындарда болған кезеңiне ұйымдардағы жұмыс орны, атқаратын қызметi және орташа жалақысы сақталады. Жеке меншiкке негiзделген ұйымдардың осы әскери мiндеттiлерге орташа жалақы төлеу жөнiндегi шығыстары осы аталған мамандар өздерiне арнап даярланатын мемлекеттiк органдардың қаражаты есебiнен өтеледi. Дәлелдi себептерсiз бөлiмнен (жиын орнынан) тыс жерде болған уақыт жиында болған мерзiмге есептелмейдi және ақы төленуге жатпайды. 
       ЕСКЕРТУ. 25-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы     Президентiнiң 1995.11.14. N 2635 заң күші бар  Жарлығымен.
       ЕСКЕРТУ. 25-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.01.29. N 287  Заңымен.

       26-бап. Жиындардан өтуден босату

      Жаттығу жиындарынан өтуден мыналар босатылады: 
      а) шаруашылық жүргiзушi субъект үшiн бронь алған әскери мiндеттiлер; 
      б) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесінің комитеті, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi, Ұлттық қауіпсiздiк комитетi, Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерi мен Республикалық ұланы, Президенттiң Күзет қызметi органдарында, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк органдарда Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты лауазымдарда жұмыс iстеп жүрген адамдар. 
      в) азаматтық авиация жүйесi тасымалды тiкелей қамтамасыз ететiн және ұшақтар мен аэродром техникасы, сондай-ақ жаттығу авиация клубтарына қызмет көрсетумен әрi жөндеумен айналысатын ұшқыш және техник құрамы, жұмысшылары мен қызметшiлерi; 
      г) жүзу маусымы кезiнде теңiз және өзен флоты мен балық өнеркәсiбi флоты кемелерiнiң жүзушi құрамы; 
      д) ауыл шаруашылығында жұмыс iстейтiн, сондай-ақ ауыл шаруашылық техникасын жөндеу жөнiндегi кәсiпорындарда айналысатын адамдар - егiн егу және жинау кезеңдерiнде; мал шаруашылығында жұмыс iстейтiн шопандар мен олардың көмекшiлерi; 
      е) бiлiм беру ұйымдарының педагогтары - оқу жылы кезеңiнде; 
      ж) күндiзгi оқыту нысаны бойынша оқытатын барлық бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушылар; 
      з) аспиранттар мен докторанттар - аспирантура мен докторантурадағы оқу кезеңiнде; 
      и) әскери мiндеттi - әйелдер; 
      к) әскери мiндеттiлер запасқа шыққаннан кейiн екi жыл бойы; 
      л) 18 жасқа дейiнгi үш және одан да көп баласы бар әскери мiндеттiлер; 
      м) өздерi жөнiнде анықтау, алдын ала тергеу жүрiп немесе қылмыстық iсi сотта қаралып жатқан адамдар; 
      н) әскери мiндеттiлер депутаттық қызметiне байланысты. 
      Жекелеген реттерде, дәлелдi себептер болып, әскери мiндеттiлер негiздi құжаттар табыс еткен жағдайда, олар әскери есепте тұрған аудандық (қалалық) әскери комиссар жаттығу жиындарынан өтуден босату туралы шешiм қабылдайды. 
      Осы баптың "а", "л" тармақтарында көрсетiлген әскери мiндеттiлер арнаулы жиындардан өтуден босатылмайды.
       ЕСКЕРТУ. 26-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.11.14. N 2635 заң күші бар  Жарлығымен.
       ЕСКЕРТУ. 26-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.06.11. N 207  Заңымен .
       ЕСКЕРТУ. 26-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.07.16. N 244  Заңымен.
       ЕСКЕРТУ. 26-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.01.29. N 287  Заңымен.

  VI бөлiм. ӘСКЕРИ МIНДЕТТIЛЕР МЕН ШАҚЫРЫЛУШЫЛАРДЫҢ
ӘСКЕРИ ЕСЕБI

       27-бап. Әскери есептiң жалпы ережелерi

      Барлық әскери мiндеттiлер мен шақырылушылар әскери есепке тұруға жатады. 
      Әскери мiндеттiлер мен шақырылушылардың әскери есебi мемлекеттегi әскери қызметке жарамды шақыру ресурстарын есепке алу мен талдаудың жалпымемлекеттiк жүйесi болып табылады. Әскери есеп жүйесiнiң жұмысын Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Қазақстан Республикасының iшкi iстер министрлiгi, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар қамтамасыз етедi. 
      Әскери мiндеттiлер мен шақырылушыларды әскери есепке алуды жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдар әскери мiндеттiлер мен шақырылушыларды әскери есепке алу туралы ережеде белгiленген тәртiппен олардың тұрғылықты жерi бойынша жүргiзедi. Әскери есепке алуды қамтамасыз ету жөнiндегi шығыстар осы органдар мен ұйымдардың қаражаты есебiнен өтеледi. 
       ЕСКЕРТУ. 27-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi және 3-бөлiкпен        толықтырылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.11.14. N 2635 заң күші бар  Жарлығымен.

       28-бап. Мемлекеттiк органдардың, меншiк нысанына
              қарамастан ұйымдардың лауазымды адамдар
              мен әскери мiндеттiлердiң әскери есеп
              ережелерiн орындау жөнiндегi мiндеттерi

      1. Әскери комиссариаттары жоқ жерлердiң жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, меншiк түрiне қарамастан бiлiм беру ұйымдары мен өзге де ұйымдардың басшылары әскери комиссариаттардың талап етуiмен әскери мiндеттiлер мен шақырылушыларға олардың әскери комиссариаттарға шақырылғандығын хабарлауға және осы шақыру бойынша дер кезiнде жетуiн қамтамасыз етуге мiндеттi. 
      2. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, iшкi iстер органдары өз құзыры шегiнде: 
      - әскери мiндеттiлер мен шақырылушыларды тұрғылықты жерi бойынша тiркеудi олардың әскери есеп құжаттарында әскери комиссариаттардың әскери есепке алу немесе одан шығару туралы белгiлерi болған жағдайда ғана жүзеге асыруға; 
      - әскери комиссариаттарға шақыруға дейiнгiлердi әскери есепке алуға, азаматтарды әскери қызметке (жиындарға) шақыруға; олардың әскери есеп ережелерiн орындауын бақылауды әрi шақырылушылар мен әскери мiндеттiлер арасында осы ережелердi бұзған адамдарды табуға көмектесуге; 
      - жалпыға бiрдей әскери мiндеттi орындаудан жалтарған адамдарды iздеуге, ұстауға мiндеттi. Ұсталғандарды iздеу мен жеткiзу жөнiндегi шығындар сол ұсталған адамдардың есебiнен төленедi. 
      3. Азаматтық хал актiлерiн жазу органдары әскери мiндеттiлер мен шақырылушылардың фамилиясы, аты-жөнi өзгергенi, азаматтық хал актiлерi жазуына олардың туған күнi мен туған жерi туралы өзгерiстер енгiзiлгенi, сондай-ақ әскери мiндеттiнiң немесе шақырылушының қайтыс болғанын тiркеу жағдайлары туралы аудандық (қалалық) әскери комиссариаттарға жетi күн мерзiм iшiнде хабарлауға мiндеттi. 
      4. Анықтау және алдын ала тергеу органдары немесе алдын ала тергеу жүргiзiлiп жатқан шақырылушылар туралы, ал соттар - қылмыстық iсi сотта қаралып жатқан шақырылушылар туралы, сондай-ақ әскери мiндеттiлер мен шақырылушылар жөнiнде заңды күшiне енген үкiмдер туралы аудандық (қалалық) әскери комиссариаттарға жетi күн мерзiм iшiнде хабарлауға мiндеттi. 
      5. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшелері мүгедек деп танылған барлық әскери мiндеттiлер мен шақырылушылар туралы тиiстi аудандық (қалалық) әскери комиссариаттарға жетi күн мерзiм iшiнде хабарлауға мiндеттi. 
      Емдеу мекемелерi шақыруды өткiзу кезiнде тұрақты емделуде жатқан шақыру жасындағы барлық азаматтар туралы тиiстi аудандық (қалалық) әскери комиссариаттарға үш күн мерзiм iшiнде хабарлауға мiндеттi. 
      6. Тұрғын үй пайдалануды меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың басшылары, тиiстi әскери комиссариаттарға, жергiлiктi атқарушы органдарға әскери мiндеттiлер мен шақырылушылар туралы қажеттi мәлiметтердi дер кезiнде табыс етуге, шақырылушылар мен әскери мiндеттiлердiң әскери есеп ережелерiн орындауын қадағалауға, сондай-ақ оларға әскери комиссариаттарға шақырылғаны туралы хабарлауға және олардың шақыру комиссиясынан өту мен әскерге (жиынға) жөнелтiлу үшiн келуiн қамтамасыз етуге мiндеттi. 
      7. Әскери мiндеттiлер мен шақырылушылар аты-жөнi, отбасы жағдайы, денсаулық жағдайы, мекен-жайы, бiлiмi, жұмыс орны мен қызметi өзгерген ретте өздерi әскери есепте тұратын органға бұл туралы жетi күн мерзiм iшiнде өзi хабарлауға мiндеттi. 
      8. Мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыруды жүргiзу кезiнде Жастарды әскери қызметке даярлау және шақыру жүргiзу туралы Ережеде белгiленген жағдайларды қоспағанда, әскери комиссариаттарда шақырылушыларды әскери есептен шығару жүргiзiлмейдi.  
       ЕСКЕРТУ. 28-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi, 8-тармақпен    толықтырылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.11.14. N 2635 заң күші бар  Жарлығымен.
       ЕСКЕРТУ. 28-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.01.29. N 287  Заңымен.
       ЕСКЕРТУ. 28-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.03.21. N 308  Заңымен.

  VII бөлiм. ЖҰМЫЛДЫРУ БОЙЫНША ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ.
ЖҰМЫЛДЫРУДЫ ТОҚТАТУ

       29-бап. Жұмылдыру бойынша әскери қызметке шақыру 
              және соғыс кезiнде одан кейiнгi әскери
              қызметке шақыру

      1. Қазақстан Республикасының аумағында жұмылдыруды Қазақстан Республикасының Президентi әскери шабуылды тойтару және агрессияға қарулы соққы беру мақсатында жариялайды. Қазақстан Республикасының Президентi заңда көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген аймақтарында әскери мiндеттiлердiң қажеттi санын запастан әскери қызметке шақыра отырып соғыс жағдайын енгiзедi. 
      Азаматтарды жұмылдыру бойынша әскери қызметке шақыру, сондай-ақ соғыс кезiнде және ерекше жағдайларда әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтары негiзiнде жүргiзiледi. 
      2. Жұмылдыру жарияланған тұста сол кезде әскери қызметте тұрған және әскери жиындарда жүрген барлық азаматтар ерекше өкiм болғанша әскери бөлiмдерде кiдiре тұрады, ал әскери мiндеттiлер әскери қызметке шақырылады. Әскери қызметшiлердiң демалысы тоқтатылады, ал демалыстағы әскери қызметшiлер өз әскери бөлiмдерiне керi шақырып алынады. 
      Жұмылдыру немесе жауласу жағдайы жарияланысымен шақыруды кейiнге қалдыру мен одан босату туралы бұрын қабылданған шешiмдердiң күшi жойылады. Денсаулық жағдайына қарай шақыруды кейiнге қалдырулар мен одан босатулардан басқа, осы Заңның 15 және 16-баптарымен белгiленген шақыруды кейiнге қалдырулар мен одан босатуларды бұдан әрi қолдану тоқтатылады. 
      3. Соғыс кезiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен запаста болу жасының шегi жоғарылатылуы мүмкiн. 
      4. Соғыс уақытындағы жұмылдыру кезiнде Қазақстан Республикасы экономикасының қалыпты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн бейбiт кезеңде осы мақсаттарға қажеттi мамандарға бронь беру жүргiзiледi. Әскери мiндеттiлерге бронь беру мамандықтардың тiзбесi бойынша және Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады. 
      Соғыс кезiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлер үшiн кадрлар броньдауды ұйымдастыру мен оның дұрыс жүргiзiлуiн бақылау әскери комиссариаттарға жүктеледi. 
      Жұмылдыру бойынша және соғыс кезiнде әскери қызметке шақырылған азаматтар жұмылдыру бұйрығында немесе әскери комиссариаттардың шақыру қағаздарында көрсетiлген пункттерге әрi мерзiмiнде келуге мiндеттi. 
      Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, сондай-ақ бағыныстылығы мен меншiк түрiне қарамастан кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелер мен оқу орындарының басшылары жұмылдыру жүргiзiлген тұста, соғыс кезiнде және ерекше жағдайларда әскери мiндеттiлер мен шақырылушыларға дер кезiнде хабарлауға және оларды жиналу пункттерiне немесе әскери бөлiмдерге жеткiзуге мiндеттi. 
      5. Жұмылдыру бойынша және соғыс кезiнде әскери қызметке шақырылған әскери мiндеттiлермен және шақырылушылармен жұмыс (қызмет) iстеген жерi толық есеп айырысады, нақты жұмыс iстеген уақытына жалақы, қызметтен шығарда берiлетiн белгiленген жәрдемақы және пайдаланылмаған демалыс үшiн өтем төленедi. Жұмылдыру бойынша және соғыс кезiнде шақырылған азаматтарға өздерi тұратын тұрғын алаңы сақталады. 
      Әскери қызметке жұмылдыру бойынша және соғыс кезiнде шақырылған азаматтардың отбасыларын мемлекеттiк қамсыздандыру (жәрдемақы, зейнетақы) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары негiзiнде жүргiзiледi. 
       ЕСКЕРТУ. 29-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.11.14. N 2635 заң күші бар  Жарлығымен.

       30-бап. Жұмылдыру бойынша және соғыс кезiнде шақыру
              ережелерiн бұзғандық үшiн жауаптылық

      1. Жұмылдыру және соғыс кезiнде шақырғанда көрсетiлген жиын пункттерiне әрi мерзiмiнде дәлелдi себептерсiз келмеген азаматтар соғыс кезiнiң заңдары бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. 
      2. Жұмылдыру бойынша және соғыс кезiнде шақырылғандардың дер кезiнде келуiне кедергi жасаған лауазымды адамдар мен азаматтар соғыс кезiнiң заңдары бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. 

       31-бап. Жұмылдыруды тоқтату бойынша босату

      1. Жұмылдыруды тоқтатуға байланысты босату Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы негiзiнде жүргiзiледi. 
      2. Жұмылдыруды тоқтату бойынша әскери қызметтен босатылатын әскери қызметшiлер мемлекет есебiнен киiмнiң толық жиынымен қамтамасыз етiледi. Бұл әскери қызметшiлердi тұрғылықты жерлерiне жеткiзу және жолай тамақпен қамтамасыз ету мемлекет есебiнен жүзеге асырылады. 

       32-бап. Азаматтардың жалпыға бiрдей әскери жаттығуы

      1. Халықты азаматтық қорғаныс шараларынан орындауға үйрету соғыс кезiнде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн басқа әскерлерi мен әскери құрамаларын жасақтауға қажеттi контингент әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша 16-дан 55 жасқа дейiнгi ерлердi, балалары жоқ немесе 10 жастан асқан балалары бар 18-ден 45 жасқа дейiнгi әйелдердi барлық азаматтарға мiндеттi жалпыға бiрдей әскери жаттықтыру енгiзiледi. 
      Азаматтардың жалпыға бiрдей әскери жаттығуы жұмыс, оқу және тұратын орны бойынша өндiрiс пен оқудан қол үзбей жүргiзiледi. 
      2. Жалпыға бiрдей әскери жаттығуды ұйымдастыру және оған басшылық ету Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарына жүктеледi. Мемлекеттiк органдар, меншiк нысанына қарамастан ұйымдар Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесе отырып жаттығу-материалдық базасын жасайды, әскери жаттығу жетекшiлерiн iрiктеу мен даярлауды қамтамасыз етедi. 
      3. Жалпыға бiрдей әскери жаттығуды өткiзу тәртiбi мен одан босатылған адамдардың аясын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
       ЕСКЕРТУ. 32-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.11.14. N 2635 заң күші бар  Жарлығымен .
       ЕСКЕРТУ. 32-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.01.29. N 287  Заңымен.

  VIII БӨЛIМ. АЗАМАТТАР МЕН ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРДЫҢ ЖАЛПЫҒА
БIРДЕЙ ӘСКЕРИ МIНДЕТТIЛIК ЖӘНЕ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ
ЗАҢДЫ БҰЗҒАНЫ ҮШIН ЖАУАПТЫЛЫҒЫ

       33-бап. Азаматтардың, лауазымды адамдардың жалпыға
             бiрдей әскери мiндеттiлiк туралы заңды бұзғаны
             үшiн жауаптылығы

      1. Әскери комиссариаттың шақыруы бойынша көрсетiлген мерзiмде келмеген, сондай-ақ дәлелдi себепсiз әскери есепке тұру тәртiбiн бұзған азаматтар әскери мiндетiн орындаудан жалтарған деп саналып, әкiмшiлiк жауапқа тартылады, ал әскери қызметке шақырудан жалтарған азаматтар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес қылмыстық жауапқа тартылады. 
      2. Әскери мiндеттiлер жиындардан жалтарғаны үшiн, сондай-ақ жиындар өткеру кезiнде әскери қызмет өткерудiң белгiленген тәртiбiне қарсы құқық бұзғандығы үшiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапқа тартылады. 
      3. Әскери қызметке шақыру мәселелерi жөнiнде заңды бұзуға жол берген шақыру комиссияларының мүшелерi, әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтарды медициналық куәландыруға және тексеруге қатысқан дәрiгерлер, сондай-ақ басқа да адамдар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапқа тартылады. 
      4. Азаматтардың жалпыға бiрдей әскери мiндеттi орындаудан жалтаруына көмектескен және олардың әскери қызметiн өткеруiне кедергi жасаған, сондай-ақ Заңда белгiленген мiндеттердi орындамаған адамдар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады. 
      5. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, меншiк нысанына қарамастан бiлiм беру ұйымдары мен өзге де ұйымдардың лауазымды адамдары осы Заңда белгiленген талаптарды орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапқа тартылады. 
       ЕСКЕРТУ. 33-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы      Президентiнiң 1995.11.14. N 2635 заң күші бар  Жарлығымен.
       ЕСКЕРТУ. 33-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.01.29. N 287  Заңымен.

       34-бап. Әскери қызметшiлердiң әскери қызмет өткеру
              ережесiн бұзғаны және құқық бұзғандығы
              үшiн жауаптылығы

      1. Әскери қызметшiлер әскери тәртiптi бұзғаны, құқық бұзғандығы үшiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары мен Қарулы Күштерiнiң жалпы әскери жарғыларына сәйкес тәртiптiк, материалдық, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапқа тартылады. 
      2. Бөлiмдi өз бетiмен тастап кеткен мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiнiң бөлiмнен тыс жерде болған уақыты мерзiмдi әскери қызмет мерзiмiне есептелмейдi және оның бөлiмде болмаған уақытына ұзартылады. Қызмет мерзiмiн ұзартуды әскери прокуратура шешiм қабылдағаннан кейiн немесе әскери сот бас бостандығынан айырумен байланысты емес үкiм шығарған соң бөлiм командирi жүргiзедi. Әскери бөлiмдердi өз бетiмен тастап кеткендердi iздестiру мен әскери қызмет орнына жеткiзуге байланысты шығыстар заңда белгiленген тәртiппен өтеледi. 
      3. Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұратын басқа мемлекеттердiң азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Республика заңдарында көзделмеген әскери (әскерилендiрiлген) құрамаларға қатысуы, сондай-ақ жалдамалылық заңмен қудаланады. 
       ЕСКЕРТУ. 34-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы     Президентiнiң 1995.11.14. N 2635 заң күші бар  Жарлығымен.

  IХ бөлiм. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      35-бап. "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери
              қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын
              орындауға байланысты шараларды қаржымен және
              материалдық жағынан қамтамасыз ету

      1. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар азаматтарды тiркеу және әскери қызметке шақыру кезiнде медициналық жағынан куәландыру, шақырылғандарды әскери бөлiмдерге жөнелту үшiн әскери комиссариаттарды жабдықталған шақыру (жинау) пункттерiмен, дәрi-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медицина және шаруашылық мүлкiмен, автомобиль көлiгiмен, байланыс құралдарымен қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртiптi қорғауға, қажеттi мөлшерде медициналық және техникалық қызметкерлер, қызмет көрсетушi адамдар, сондай-ақ азаматтарды медициналық тексеруден өткiзу үшiн емдеу-профилактика мекемелерiнен орындар, хабар беру мен шақырылушыларды iздестiру топтарын бөлуге және облыстарда тұрақты жұмыс iстейтiн медициналық комиссиялар құруға мiндеттi. Аталған iс-шараларды орындауға байланысты шығыстар жергiлiктi бюджет есебiнен жасалады. 
      2. Соғыс кезi жағдайында жұмылдыру жоспарын орындау үшiн жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар және солардың шешiмi бойынша меншiк нысанына қарамастан бiлiм беру ұйымдары мен өзге де ұйымдар бейбiт кезде әскери комиссариаттармен бiрге әскери мiндеттiлерге хабар беру мен оларды жинау учаскелерiн, сондай-ақ техника жинау пункттерiн құрады, оларды жұмыс орны бойынша мiндеттерiн орындаудан босатпай адам құрамымен жасақтайды және олардың кәсiптiк машықталуына жәрдемдеседi. 
      3. Шақыруға дейiнгiлердi шақыру учаскелерiне тiркеу жөнiндегi комиссиялардың, шақыру комиссияларының мүшелерiне, медициналық, техникалық қызметкерлерге, сондай-ақ қызмет көрсетушi адамдарға осы мiндеттердi орындаған барлық уақытқа жұмыс орны, атқарған қызметi және орташа табысы сақталады. 
      Егер аталған адамдардың өз мiндеттерiн орындауы тұрғылықты жерiнен кетумен байланысты болса, онда әскери комиссариаттар олардың тұрғылықты жерiнен жұмыс орнына бару-қайтуға, тұрғын жай жалдауына жұмсаған шығындарын өтейдi және қызмет iссапары үшiн белгiленген нормалар бойынша тәулiкақы төлейдi. 
      4. Әскери қызмет өткеруге байланысты iс-шараларды қаржылай және материалдық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Республикалық ұланының, Бас прокуратурасының және Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының  қаражаты есебiнен жүргiзiледi. 
       ЕСКЕРТУ. 35-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.11.14. N 2635 заң күші бар  Жарлығымен.
       ЕСКЕРТУ. 35-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.01.29. N 287  Заңымен.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 269023
    Қазақ тілінде 134237
    Орыс тілінде 133807
    Ағылшын тілінде 979
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы