Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін мекемелерде ұстау негіздерін, тәртібі мен шарттарын бекіту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы N 375-IV Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат):

      1) 94-баптың 3-тармағындағы «немесе соттың шешімі бойынша» деген сөздер алып тасталсын;

      2) 119-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      «Мәжбүрлі тәртіппен ауруханаға жатқызылған адамға диагнозды психиатр дәрігерлер комиссиясы қояды.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Дәрігер психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамға, егер ол жазылған ақпараттың мәнісін дұрыс қабылдай алатын болса, немесе оның заңды өкіліне психиканың бұзылуының (ауруының) сипаты, емдеу мақсаттары мен әдістері туралы жазбаша ақпаратты, сондай-ақ ұсынылатын емдеудің ұзақтығы, ықтимал ауруды сезіну, жанама әсерлер туралы және күтілетін нәтижелер туралы деректерді психиатриялық куәландыру жүргізілген кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде береді. Медициналық құжаттамада берілген ақпарат туралы жазба жасалады. Қалған жағдайларда бұл ақпарат осы Кодекстің 95-бабының 4-тармағына сәйкес ұсынылуы мүмкін.»;
      7-тармақта:
      «еріксіз» деген сөз «мәжбүрлеп» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
      «Адамды оның келісімінсіз ауруханаға жатқызу кезінде оны психиатриялық ұйымға орналастырған кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде психиатр дәрігерлер комиссиясының емдеу тәртібі туралы шешімді қабылдау қамтамасыз етілуге тиіс.»;

      3) 123-бапта:
      3-тармақтағы «Заңды өкілі» деген сөздер «Тексерілетін адамның немесе кәмелетке толмаған адамның заңды өкілі» деген сөздермен ауыстырылып, «кәмелетке толмаған адамды» деген сөздер алып тасталсын;
      8-тармақтағы «психиатр дәрігер» деген сөздер «психиатр дәрігерлер комиссиясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      10 және 11-тармақтар алып тасталсын;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Психиатриялық куәландыру туралы өтініш жазбаша түрде болуға, онда мұндай куәландырудың қажеттігін негіздейтін толық мәліметтер және ол адамның (не оның заңды өкілінің) психиатр дәрігерге көрінуден бас тартатыны туралы деректер қамтылуға тиіс. Психиатр дәрігер шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер сұратуға құқылы. Психиатр дәрігер өтініште осы баптың 5-тармағында көзделген мән-жайлардың жоқ екенін анықтап, психиатриялық куәландырудан жазбаша түрде дәлелді себеппен бас тартады.»;

      4) 124-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Динамикалық байқауды тоқтату туралы мәселені қарау психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамның өзінің бастамасы бойынша, сондай-ақ оның заңды өкілінің бастамасы бойынша осы баптың 3-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылуы мүмкін.»;

      5) 125-бапта:
      мәтін бойынша «еріксіз түрде» деген сөздер «мәжбүрлеп» деген сөзбен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы «не сот ұйғарымы» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызуға сот шешімінің негізінде жол беріледі.
      Сот шешім шығарғанға дейін адамды психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызуға тек қана осы Кодекстің 94-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген салдарға жол бермеу мақсатында жол беріледі.
      Сот шешімінсіз ауруханаға мәжбүрлеп жатқызудың әрбір жағдайында психиатриялық ұйымның әкімшілігі адамды психиатриялық стационарға орналастырған кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде прокурорға жазбаша хабарлама жібереді.
      Жұбайы-зайыбы, жақын туыстары және (немесе) заңды өкілдері туралы мәліметтер болған кезде психиатриялық ұйымның әкімшілігі адамды психиатриялық стационарға орналастырған кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде оларды хабардар етеді.»;
      5-тармақ алып тасталсын;
      6-тармақ «жүзеге асырылады,» деген сөздерден кейін «ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылданған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жазбаша хабарланып,» деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 126-бапта:
      1-тармақтағы «Заңды өкілдерінің өтініші бойынша немесе олардың жазбаша келісімімен психиатриялық» деген сөздер «Психиатриялық» деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы «бұл туралы» деген сөздер «көрсетілген мән-жайлар анықталған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде бұл туралы прокурорға және» деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 127-баптың мәтініндегі «еріксіз» деген сөз «мәжбүрлеп» деген сөзбен ауыстырылсын;

      8) 128-бапта:
      3-тармақта:
      «еріксіз түрде» деген сөздер «мәжбүрлеп» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «қорытындысы» деген сөзден кейін «, сот шешімі не прокурордың қаулысы бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақтағы «еріксіз түрде» деген сөздер «мәжбүрлеп» деген сөзбен ауыстырылсын;

      9) 129-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Кәмелетке толмаған адамды психоневрологиялық ұйымға орналастыру үшін - психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы; сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адам үшін психиатр дәрігердің қатысуымен дәрігерлік комиссияның қорытындысы негізінде қабылданған қорғаншы және қамқоршы органның шешімі негіз болып табылады.
      Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші, бірақ әрекетке қабілетсіз деп танылмаған, кәмелетке толған адамды психоневрологиялық ұйымға орналастыру сот шешімі бойынша жүзеге асырылады.
      Қорытындыда адамның оны әлеуметтік қамсыздандыруға арналған мамандандырылмаған ұйымда болу мүмкіндігінен айыратындай болып психикасының бұзылғаны (ауруы) туралы, ал адамның әрекетке қабілеттілігіне қатысты - сот алдында оны әрекетке қабілетсіз деп тану туралы мәселе қоюға негіздің жоқтығы туралы мәліметтер де куәландырылуға тиіс.».

      2. «Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққан ауруларды еріксіз емдеу туралы» 1995 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 32-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 23, 142-құжат):

      1) бүкіл мәтін бойынша:
      «мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерінде», «Мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерінде», «Мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелеріне», «мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесіне», «мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесінде», «Мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерінен», «Мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесінде», «мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелеріне», «мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемелерінен», «Мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемелерінен» деген сөздер тиісінше «мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарда», «Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарда», «Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарға», «мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымға», «мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымда», «Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдардан», «Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымда», «мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарға», «мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдардан», «Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдардан» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «наркологиялық мекемелеріне», «наркологиялық мекемеге», «Наркологиялық мекемеге», «наркологиялық мекемелерге» деген сөздер тиісінше «наркологиялық ұйымдарына», «наркологиялық ұйымға», «Наркологиялық ұйымға», «наркологиялық ұйымдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын:

      «1-1-бап. Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым

      Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым - негізгі міндеті сот оларға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданған адамдарды емдеу болып табылатын медициналық денсаулық сақтау ұйымы.
      Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымның күзетін ұйымдастыру ұйымның әкімшілігіне жүктеледі және Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;

      3) 5-бапта:
      бірінші бөліктегі «аудандық (қалалық) халық соты» деген сөздер «сот» деген сөзбен ауыстырылсын;
      алтыншы бөлікте:
      «60-тан асқан ерлер мен 55-тен асқан әйелдерге,» деген сөздер алып тасталсын;
      «Денсаулық сақтау министрлігі» деген сөздер «Үкіметі» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «жүйке және ағза ауруларымен ауыратындарға» деген сөздер «медициналық қарсы айғақтары барларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «6-бап. Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарда
              емдеуді ұйымдастыру

      Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарға мәжбүрлеп емдеуге жіберілген ауруларды емдеу тәртібі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым туралы ережемен регламенттеледі.»;

      5) мынадай мазмұндағы 6-1, 6-2, 6-3 және 6-4-баптармен толықтырылсын:

      «6-1-бап. Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдағы
                алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен
                ауыратындардың тәртіп қағидасы және оларды
                орналастыру шарттары

      1. Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымда алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындардың медициналық ұйғарымдарды орындауын, оларды үнемі қадағалауды қамтамасыз ететін және олардың өз бетімен кетіп қалу мүмкіндігін болғызбайтын шарттар белгіленеді.
      2. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын аурулардың мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымның аумағынан шығуына тек емдеу-диагностикалық, оңалту іс-шараларын жүргізу және еңбек қызметін жүзеге асыру үшін медициналық персоналдың, күзет қызметкерлерінің немесе мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым өкілдерінің бірге ілесіп жүруімен ғана рұқсат етіледі.
      3. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындар қажетті материалдық-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етіледі, оларға жеке жатын орын мен төсек жабдығы беріледі. Олар жынысы мен климаттық жағдайлар ескеріле отырып, маусымдық киіммен, іш киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етіледі.
      Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Ас қорыту органдары ауруларына шалдыққан адамдар диеталық тамақпен қамтамасыз етіледі.
      4. Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарға ақшаны және тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, сақтауға тыйым салынған заттарды өзімен бірге ұстауға рұқсат етілмейді. Алып қойылған ақша мен сақтауға тыйым салынған заттар туысқандарына қайтарылады, ал олар болмаған жағдайда мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымның сақтау камерасына тапсырылып, науқас шыққанға дейін сақталады.
      5. Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдағы алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарды ұстау шарттары денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін ішкі тәртіп қағидасында белгіленеді.
      6. Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан, ішкі тәртіп қағидасын бұзатын немесе емдеуден жалтарған алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындар, егер олардың іс-әрекеті айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына немесе тікелей өзіне қауіп төндірсе, арнайы палатаға орналастырылады. Арнайы палатаға орналастыру адамды орналастырған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде прокурорға хабарланып, мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым басшысының жазбаша өкімі бойынша он тәулікке дейінгі мерзімге жүргізіледі. Басшы жұмыс орнында болмаған жағдайда, арнайы палатаға орналастыру туралы шешімді, кейіннен басшыға баяндаухат жаза отырып, мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымның лауазымы жоғары қызметкері қабылдайды, басшы арнайы палатада ұстау мерзімін жазбаша өкіммен айқындайды.
      7. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындардың мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымнан өз бетімен кетіп қалуы, сол сияқты ұйымға белгіленген мерзімде келмеуі емделуден жалтару болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады. Оларды мәжбүрлеп емдеуге әкелуді сот қаулысының негізінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жүзеге асырады.
      Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындардың  мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымды өз бетімен тастап кеткен кезеңі емделу мерзіміне есептелмейді.

      6-2-бап. Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан

               ауыратындарға медициналық-санитариялық қызмет көрсету

      Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарға медициналық-санитариялық қызмет көрсету Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      6-3-бап. Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан

               ауыратындардың еңбек қызметін ұйымдастыру

      Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындар өздерінің қалауы бойынша жұмыспен қамтамасыз етіледі, оларға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы қолданылады.

      6-4-бап. Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан

               ауыратындардың құқықтары мен міндеттері

      1. Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындар азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген барлық құқықтары мен бостандықтарын пайдаланады.
      Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруын шектеуге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ғана жол беріледі.
      2. Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындардың:
      1) мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымның ішкі тәртіп қағидаларымен және осы мекемеде болу тәртібін регламенттейтін өзге де құжаттармен танысуға;
      2) тамақтануға, оларға материалдық-тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетілуіне;
      3) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға;
      4) дербес жеке шотындағы қаражаты есебінен тамақ өнімдерін  және бірінші кезектегі қажеттілік заттарын, сондай-ақ мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымның аумағында сақтауға және пайдалануға тыйым салынбаған өзге де заттарды сатып алуға;
      5) ішкі тәртіп қағидаларында айқындалған тәртіппен жақын туысқандарымен кездесуге;
      6) шектеусіз хат-хабар алмасуға;
      7) ішкі тәртіп қағидаларында айқындалған тәртіппен сәлемдемелер алуға, жөнелтімдер жіберуге және алуға;
      8) өздерінің жеке шотына аударылатын ақша аударымдарын алуға;
      9) емдеу нәтижелі болған жағдайда, он тәулікке дейінгі қысқа мерзімді демалыс алуға;
      10) ішкі тәртіп қағидаларының және мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымда ұсталушы басқа да адамдардың құқықтарының
сақталуы шартымен діни жоралар жасауға;
      11) күн сайын серуендеуге;
      12) ұйым қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға, прокуратура органдарына, сотқа шағымдануға құқығы бар.
      3. Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындар:
      1) белгіленген ішкі тәртіп қағидаларын сақтауға;
      2) мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым әкімшілігінің  және медициналық персоналдың заңды талаптарын орындауға;
      3) белгіленген емді қабылдауға;
      4) ұйымның мүлкіне ұқыпты қарауға;
      5) мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымда тазалық пен тәртіп сақтауға, сондай-ақ оның аумағында аптасына екі сағаттан аспайтын жинау жұмыстарын жүзеге асыруға;
      6) жеке гигиенаны сақтауға міндетті.
      4. Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындар құқық бұзушылықтар жасағаны және (немесе) материалдық нұқсан келтіргені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.»;

      6) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «7-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен
              ауыратындарды мәжбүрлеп емдеуді тоқтату негіздері мен
              тәртібі

      1. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындар  мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдардан:
      1) сот айқындаған мәжбүрлеп емдеу мерзімі аяқталғаннан кейін;
      2) соттың қаулысы бойынша - мәжбүрлеп емдеуді жүргізуге кедергі келтіретін ілеспелі ауыр аурулардың анықталуына байланысты;
      3) соттың қаулысы бойынша - нәтижелі емделуіне байланысты мерзімінен бұрын, бірақ кемінде алты айдан кейін шығарылады.
      Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымда жатқан алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындар емделуден жалтарған жағдайда, наркологиялық ұйым әкімшілігінің медициналық қорытындыға негізделген өтініші негізінде олардың болу мерзімі соттың шешімі бойынша бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Бұл ретте наркологиялық ұйымда болу уақыты екі жылдан аспауға тиіс.
      2. Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымнан шығарылған адамдарға олардан алып қойылған және ұйымның сақтау камерасында сақталған құжаттары, ақшасы мен заттары қайтарылады.
      Еңбек кітапшасында мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымда болған кезеңіндегі еңбек қызметі туралы белгі қойылады, ал еңбек кітапшасы болмаған жағдайда анықтама беріледі.
      3. Ұйым әкімшілігі тұрмыстық жағдайына және еңбекке орналастыруда көмек көрсету үшін тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органға және байқауды қамтамасыз ету үшін тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау ұйымына мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымнан босатылатын адамдар туралы хабарлайды.».

      3. «Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; 2009 ж., № 24, 128, 130-құжаттар):

      1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы»;

      2) мынадай мазмұндағы кіріспемен толықтырылсын:
      «Осы Заң қоғамнан уақытша оқшаулауды заңды негіздерде қамтамасыз ететін арнаулы мекемелер қызметінің құқықтық негіздерін айқындайды, сондай-ақ оларда ұсталатын адамдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.»;

      3) 1-бап алып тасталсын;

      4) 2 және 3-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) арнаулы қабылдау орны - ішкі істер органдарының әкімшілік қамауға алынған адамдарды қабылдауға және ұстауға арналған арнаулы мекемесі;
      2) арнаулы мекемелер - тергеу изоляторы, уақытша ұстау изоляторы, қабылдау-бөлу орны, арнаулы қабылдау орны;
      3) әкімшілік қамауға алынған адам - өзіне қатысты сот әкімшілік қамауға алуды қолдану туралы қаулы шығарған адам;
      4) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адам - Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген немесе тұрғын үйі жоқ адам;
      5) бір адамдық камера - күзетке алынған бір адамды барынша толық және қатаң оқшаулау мақсатында ұстауға арналған арнаулы үй-жай;
      6) жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу - белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамға қатысты, ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінде оны уақытша оқшаулаудан тұратын құқық бұзушылықтың жеке профилактика шарасы;
      7) карцер - күзетте ұстаудың белгіленген тәртібін қасақана бұзған адамды ұстауға арналған бір адамдық камера;
      8) қабылдау-бөлу орны - ішкі істер органдарының белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды, оның іс-әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылық және қылмыс белгілері болмаған кезде және олардың жеке басын өзге де тәсілдермен анықтау мүмкін болмаған кезде оларды қабылдауға және ұстауға арналған арнаулы мекемесі;
      9) камера - қабылдау-бөлу орнына, арнаулы қабылдау орнына, уақытша ұстау изоляторына, тергеу изоляторына орналастырылған адамдарды ұстауға арналған үй-жай;
      10) күзетте ұстау - адамдарды сот санкциясымен арнаулы мекемелерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақытша оқшаулау;
      11) тергеу изоляторы - бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылған, қылмыстың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды, сондай-ақ шаруашылық қызметтер көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін қалдырылған сотталғандарды ұстауға арналған арнаулы мекеме;
      12) уақытша ұстау изоляторы - қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдарды күзетте ұстауға арналған арнаулы мекеме.

      3-бап. Адамдарды арнаулы мекемелерде ұстау мақсаты

      Адамдарды арнаулы мекемелерде ұстау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды орындау мақсатында жүзеге асырылады.»;

      4-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «Күзетте», «күзетте» деген сөздер тиісінше «Арнаулы мекемелерде», «арнаулы мекемелерде» деген сөздермен ауыстырылсын;

      5 және 6-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «5-бап. Адамдарды арнаулы мекемелерге орналастыру негіздері

      Адамдарды арнаулы мекемелерге орналастыру негіздері:
      1) бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылған, қылмыстың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды тергеу изоляторына орналастыру судьяның қаулысы бойынша жүзеге асырылады;
      2) қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталғандарды уақытша ұстау изоляторына орналастыру тергеуші не анықтаушы толтырған ұстау хаттамасы бойынша жүзеге асырылады.
      Бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылған күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталушыларды уақытша ұстау изоляторына орналастыру алыс болуына немесе тиісті жол қатынасының болмауына байланысты тергеу изоляторына жеткізу мүмкін болмаған жағдайларда, судьяның қаулысы бойынша жүзеге асырылады;
      3) әкімшілік қамауға алынған адамдарды арнаулы қабылдау орындарына орналастыру судьяның оларды қамауға алу туралы қаулысының негізінде жүзеге асырылады;
      4) белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды қабылдау-бөлу орнына орналастыру ішкі істер органдарының сот санкциялаған қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

      6-бап. Арнаулы мекемелерде ұсталушы адамдардың құқықтық жағдайы

      1. Арнаулы мекемелерде ұсталушы адамдар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген шектеулермен, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады.
      2. Арнаулы мекемелерде ұсталушы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Конституцияда, заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады.»;

      7) 7-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      «7-бап. Қылмыстың жасалуына күдікті, айыпталушы адамдарды
              күзетте ұстау орындары»;

      8) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:

      «9-1-бап. Ішкі істер органдарының қабылдау-бөлу орындары және
                арнаулы қабылдау орындары

      1. Қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады.
      2. Қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары қызметінің тәртібі мен ұйымдастырылуын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайды.
      3. Қабылдау-бөлу орындарын және арнаулы қабылдау орындарын қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;

      9) 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-тарау. Қылмыстың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау»;

      10) мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тараулармен толықтырылсын:

      «3-1-тарау. Адамдарды қабылдау-бөлу орындарында ұстау

      46-1-бап. Қабылдау-бөлу орындарына жеткізілген адамдарды
                қабылдау және тіркеу

      1. Белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды қабылдау ішкі істер органдары қаулысының негізінде жүзеге асырылады.
      2. Егер қабылдауға бөлінген мерзім ішінде жеке басы анықталмаса, ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бекітетін тәртіппен іс-шаралар кешенін жүргізеді.
      Адамның тұрғылықты жерін және (немесе) жеке басын анықтау мүмкін болмаған кезде ішкі істер органдары сотқа мұндай адамға қатысты жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеуді қолдану туралы қаулыны ол ұсталған кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде жібереді.
      Сот санкциясы алынғаннан кейін қаулы белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамға қолхат ала отырып дереу хабарланады. Сот жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеуді қолдану туралы қаулыны санкциялаудан бас тартқан жағдайда, мұндай адам қабылдау-бөлу орнынан дереу босатылады.
      3. Жанында балалары бар, белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамды ұстаған кезде сот Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның тұрып жатқан жерін анықтау жөніндегі шараларды қолданады.
      4. Шетелдіктерді қабылдау-бөлу орындарына орналастырған кезде ұстауды жүзеге асырған мемлекеттік орган бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Сыртқы істер министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және Ішкі істер министрлігіне дереу хабарлайды.
      5. Қабылдау-бөлу орнына жеткізілген және орналастырылған әр адам жеке тексеріледі, медициналық куәландырудан, санитариялық өңдеуден өткізіледі, дактилоскопияланады және суретке түсіріледі.
      6. Жеке тексеру, медициналық куәландыру, санитариялық өңдеу, дактилоскопиялау, суретке түсіру тәртібі, сондай-ақ алып қоюға жататын заттар тізбесі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бекітетін қабылдау-бөлу орнындағы ішкі тәртіп қағидаларында айқындалады.

      46-2-бап. Қабылдау-бөлу орындарына орналастырылған адамдарды
                тексеру

      1. Қабылдау-бөлу орнына орналастырылған, белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адам жеке басын анықтау мақсатында тексеріледі.
      2. Қабылдау-бөлу орнына орналастырылған адамнан жауап алу ол қабылдау-бөлу орнында болған тәулік ішінде жүргізіледі. Жауап алудың нәтижелері жауап алынушының және жауап алуды жүргізген қызметкердің қолы қойылатын хаттамамен ресімделеді.

      46-3-бап. Қабылдау-бөлу орнында ұстау мерзімдері, одан босату
                тәртібі мен негіздері

      1. Белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адам қабылдау-бөлу орнына ішкі істер органының жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеуді қолдану туралы сот санкциялаған қаулысы негізінде отыз тәулікке дейінгі мерзімге орналастырылады.
      2. Белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адам қабылдау-бөлу орнынан осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімнен бұрын, мынадай:
      1) жеке басы анықталған;
      2) қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасауға қатыстылығы анықталған;
      3) адамның кәмелетке толмағандығы анықталып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына жіберілген жағдайларда босатылады.
      3. Белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адам қабылдау-бөлу орнынан босатылған кезде қабылдау-бөлу орнының бастығы немесе оның орынбасары қаулы шығарады, онда жеке басын анықтау бойынша тексеру нәтижелері баяндалады. Босатылған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде прокурор, сот және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы жазбаша түрде хабардар етіледі.
      Қабылдау-бөлу орнынан босатылған, белгілі бір тұрғылықты жері  және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамға одан сақтауға алып қойылған, сақталуы заңсыз болып табылатын нәрселер мен заттарды қоспағанда, құжаттары, ақшасы және заттары қолхат ала отырып қайтарылады.
      4. Қабылдау-бөлу орнынан босатылған кезде белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарға одан әрі орналасатын жеріне жету уақытына қабылдау-бөлу орнында ұстау үшін көзделген тамақтану нормалары бойынша құрғақ азық-түлік және босатылғаны туралы анықтама беріледі.

      46-4-бап. Қабылдау-бөлу орындарында ұстау режимі

      1. Қабылдау-бөлу орындарында ұсталушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және олардың өз бетінше кету мүмкіндігін болғызбайтын режим белгіленеді. Қабылдау-бөлу орнында ұстау, үй-жайды жабдықтау шарттары, күн тәртібі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бекітетін қабылдау-бөлу орнындағы ішкі тәртіп қағидаларында айқындалады.
      2. Қабылдау-бөлу орындарында ұсталушы, белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдар күзетте ұсталатындар және уақытша ұстау изоляторындағылар үшін белгіленген нормалар бойынша тамақпен қамтамасыз етіледі.
      Егер ұсталғандармен бірге балалар болса, олар сот шешімі бойынша бөлек камераға бірге орналастырылып, Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы туралы заңнамасына сәйкес тамақпен қамтамасыз етілуі мүмкін.
      3. Қабылдау-бөлу орнына орналастырылған ер адамдар әйел адамдардан бөлек ұсталады.
      4. Қабылдау-бөлу орнында ұсталушы адамдарға «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дене күші және арнайы құралдар қолданылуы мүмкін.

      46-5-бап. Қабылдау-бөлу орындарында ұсталушы адамдардың
                құқықтары мен міндеттері

      1. Қабылдау-бөлу орындарында ұсталушы адамдардың:
      1) өздерінің құқықтары мен міндеттері, қабылдау-бөлу орнында ұсталу режимі, ұсыныстар, арыздар мен шағымдар беру тәртібі туралы ақпарат алуға;
      2) қабылдау-бөлу орнында болу кезеңінде жеке басының қауіпсіздігіне;
      3) ішкі тәртіп қағидаларында бекітілетін нормалар бойынша оларға материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитариялық қызмет көрсетілуіне;
      4) түнгі уақытта сегіз сағат ұйықтауға;
      5) күніне кемінде екі сағат күнделікті серуенге;
      6) ішкі тәртіп қағидаларының және қабылдау-бөлу орнында ұсталушы басқа да адамдардың құқықтарының сақталуы шартымен діни жоралар жасауға;
      7) қабылдау-бөлу орнының әкімшілігіне, прокуратура органдарына, сотқа өздерін ұстаудың заңдылығы мен негізділігі, сондай-ақ өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы мәселелері бойынша жүгінуге құқығы бар.
      2. Қабылдау-бөлу орындарына орналастырылған адамдар ішкі тәртіп қағидаларын орындауға міндетті.
      3. Белгіленген ішкі тәртіп қағидаларын бұзған адамдарға теріс қылығының сипатына немесе ауырлығына байланысты мынадай ықпал ету
шаралары:
      1) ескерту;
      2) қабылдау-бөлу орнының үй-жайларын жинау бойынша кезектен тыс наряд қолданылады.
      Ықпал ету шараларын қолдану туралы шешімді қабылдау-бөлу орнының бастығы қабылдайды және дәлелді қаулымен ресімделеді.

      3-2-тарау. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды арнаулы қабылдау орындарында ұстау

      46-6-бап. Әкімшілік қамауға алынған және арнаулы қабылдау
                орындарына жеткізілген адамдарды қабылдау мен тіркеу

      1. Әкімшілік қамауға алынған адамдар арнаулы қабылдау орнына түскен кезде:
      1) судьяның өзі қол қойған және соттың мөрімен бекітілген қамауға алу туралы қаулысының;
      2) арнаулы қабылдау орындарында сақтауға тыйым салынған алып қойылған заттарын жеке тексеру хаттамасының;
      3) әкімшілік қамауға алынған адамның жеке басын куәландыратын құжаттарының болуы тексеріледі.
      2. Арнаулы қабылдау орнына жеткізілген адамдарды тіркеу, жеке тексеру жүргізу, медициналық куәландыру, дактилоскопиялау, суретке түсіру тәртібі, сондай-ақ алып қоюға жататын заттар тізбесі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бекітетін арнаулы қабылдау орнындағы ішкі тәртіп қағидаларында айқындалады.
      3. Әкімшілік қамауға алынған адамдардың арнаулы қабылдау орнына орналастырылғаны немесе олардың тиісті медициналық ұйымдарға жіберілгені туралы арнаулы қабылдау орнының әкімшілігі бір тәулік ішінде олардың жақын туысқандарына тұрғылықты жері бойынша хабарлайды.
      4. Әкімшілік қамауға алынған адамдардың сотқа, прокуратура органдарына немесе басқа да мемлекеттік органдарға жазған өтініштері қаралмайды және олар берілген уақытынан бастап жиырма төрт сағат ішінде мекенжайы бойынша жіберіледі.

      46-7-бап. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды ұстау режимі

      1. Әкімшілік қамауға алынған адамдар есіктерінде берік ілмектері және қарау тесіктері болуға тиіс камераларда ұсталады, терезелер металл тормен жабдықталады. Әр камерада арнаулы қабылдау орнындағы ішкі тәртіп қағидалары ілінеді.
      2. Арнаулы қабылдау орындарында тәулік бойы кезекшілікті қамтамасыз ететін және онда ұсталушы адамдардың мекеменің шегінен тысқары жерлерге өз бетінше кету мүмкіндігін болғызбайтын режим белгіленеді.
      Әкімшілік қамауға алынған адамдарға «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дене күші және арнайы құралдар қолданылуы мүмкін.
      3. Арнаулы қабылдау орындарында ұсталушы, әкімшілік қамауға алынған адамдар күзетте ұсталатындар және уақытша ұстау изоляторындағылар үшін белгіленген нормалар бойынша тамақпен қамтамасыз етіледі. Тамақ өнімдерін күн сайын ведомость бойынша кезекші береді.
      4. Арнаулы қабылдау орындарына орналастырылған ер адамдар әйел адамдардан бөлек орналастырылады.
      5. Туберкулездің жұқпалы түрімен, сөз және басқа да инфекциялық аурулармен ауыратындар әкімшілік қамауға алынған басқа адамдардан оқшауландырылады.

      46-8-бап. Арнаулы қабылдау орындарында ұсталушы, әкімшілік
                қамауға алынған адамдардың құқықтары мен міндеттері

      1. Арнаулы қабылдау орындарында ұсталушы, әкімшілік қамауға алынған адамдардың:
      1) өздерінің құқықтары мен міндеттері, арнаулы қабылдау орнында ұсталу режимі, ұсыныстар, арыздар мен шағымдар беру тәртібі туралы ақпарат алуға;
      2) арнаулы қабылдау орнында болу кезеңінде жеке басының қауіпсіздігіне;
      3) арнаулы қабылдау орнындағы ішкі тәртіп қағидаларында бекітілетін нормалар бойынша материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитариялық қызмет көрсетілуіне;
      4) хаттар, жөнелтімдер, бандеролдар мен сәлемдемелер алуға;
      5) түнгі уақытта сегіз сағат ұйықтауға;
      6) күніне кемінде екі сағат күнделікті серуендеуге;
      7) арнаулы қабылдау орнындағы ішкі тәртіп қағидаларының және басқа да адамдардың құқықтарының сақталуы шартымен діни жоралар жасауға;
      8) арнаулы қабылдау орнының әкімшілігіне, прокуратура органдарына, сотқа өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы мәселелері бойынша жүгінуге құқығы бар.
      2. Арнаулы қабылдау орындарына орналастырылған, әкімшілік қамауға алынған адамдар арнаулы қабылдау орнындағы ішкі тәртіп қағидаларын орындауға міндетті.

      46-9-бап. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды арнаулы қабылдау
                орнынан босату

      1. Әкімшілік қамауға алынған адамдар арнаулы қабылдау орнынан судьяның қаулысымен белгіленген әкімшілік қамау мерзімін өтегеннен кейін босатылады.
      2. Босатылған адамдарға олардан сақталуы заңсыз болып табылатын заттардан басқа, сақтауға алып қойылған құжаттары, ақшасы мен заттары қолхат ала отырып қайтарылады.
      3. Әкімшілік қамауға алынған адамдар атыс қаруын немесе суық қаруды, жарылғыш, қатты әсер ететін немесе улы заттарды және есірткі заттарын заңсыз сақтаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешімдер қабылданады.
      4. Босатылған адамға оның арнаулы қабылдау орнында болғаны туралы анықтама беріледі.»;

      11) 49-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «49-бап. Адамдарды арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен
               шарттарын қадағалау

      Адамдарды арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттарын қадағалауды прокуратура органдары жүзеге асырады.»;

      12) мынадай мазмұндағы 50 және 51-баптармен толықтырылсын:

      «50-бап. Қоғамдық бақылау

      1. Қоғамдық бірлестіктер арнаулы мекемелерде ұсталушы адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ұсталу шарттары, медициналық-санитариялық қамтамасыз етілуі, еңбегін, бос уақыты мен оқуын ұйымдастыру бөлігінде құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруда оларға жәрдемдесу мақсатында қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.
      2. Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қоғамдық бақылау комиссиялары құрылады.
      3. Қоғамдық бақылау комиссиялары арнаулы мекемелердің әкімшілігіне оларда ұсталушы адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау мақсатында жәрдемдесуге құқылы.
      4. Қоғамдық бақылау және қоғамдық бақылау комиссияларының арнаулы мекемелер әкімшілігінің қызметіне жәрдемдесуі еріктілік, тең құқылық және заңдылық қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
      5. Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде арнаулы мекемелердің қызметіне, сондай-ақ жедел-іздестіру, қылмыстық-іс жүргізу қызметіне және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуге араласуға жол берілмейді.

      51-бап. Қоғамдық бақылау комиссиясының өкілеттіктері

      1. Қоғамдық бақылау комиссиясы, сондай-ақ қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері:
      1) қоғамдық бақылау комиссиясының кемінде екі мүшесінің құрамында орталық атқарушы органдар айқындайтын тәртіппен арнаулы мекемелерге кедергісіз баруға;
      2) арнаулы мекемелерде ұсталушы адамдардың келісімі болған кезде олармен әңгімелесуге, сондай-ақ олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы мәселелері бойынша өтініштер мен шағымдар қабылдауға;
      3) арнаулы мекеме әкімшілігіне және (немесе) прокуратура органдарына арнаулы мекемелерде ұсталушы адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша өтініштермен жүгінуге құқылы.
      2. Арнаулы мекемелерде ерекше шарт режимі енгізілген кезеңде қоғамдық бақылау комиссиясының аталған мекемелерге бару жөніндегі өкілеттіктері тоқтатыла тұрады.
      3. Өз өкілеттіктерін орындау кезінде қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері арнаулы мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілердің ережелерін сақтауға, сондай-ақ аталған мекемелер әкімшілігінің заңды талаптарына бағынуға міндетті. Қоғамдық бақылау іс-шараларын өткізу іс жүргізушілік іс-әрекеттерді жүзеге асыруға кедергі келтірмеуге тиіс.».

      4. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж. № 18, 105-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; 2010 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:

      «14-1-бап. Кәмелетке толмағандарды арнаулы мекемелер мен
                 ұйымдардан шығару (босату) негіздері

      1. Кәмелетке толмағандар арнаулы білім беру ұйымдарынан мынадай жағдайда:
      1) сот айқындаған мерзім аяқталғанда;
      2) кәмелеттік жасқа толуына байланысты мерзімінен бұрын;
      3) мерзімінен бұрын, егер сот мекеме әкімшілігінің не кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық комиссия ұсынысының негізінде кәмелетке толмағанға осы шараны одан әрі қолданудың қажеті жоқ деген қорытындыға келсе;
      4) кәмелетке толмаған ерекше ұстау режиміндегі білім беру ұйымына жіберілгенде;
      5) осы Заңға сәйкес аталған мекемеде кәмелетке толмағанның болуы мүмкін болмайтын мән-жайлар туындағанда шығарылады.
      2. Кәмелетке толмағандар ерекше ұстау режиміндегі білім беру ұйымдарынан мынадай жағдайда:
      1) сот айқындаған мерзім аяқталғанда;
      2) кәмелетке толуына байланысты мерзімінен бұрын;
      3) мерзімінен бұрын, егер сот мекеме әкімшілігінің немесе кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық комиссия ұсынысының негізінде кәмелетке толмаған осы шараны өзін түзеуге одан әрі қолдануды қажет етпейді деген қорытындыға келсе;
      4) осы Заңға сәйкес аталған мекемеде кәмелетке толмағанның болуы мүмкін болмайтын мән-жайлар туындағанда шығарылады.
      3. Кәмелетке толмағандар Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарынан мынадай жағдайда:
      1) ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері анықталғанда;
      2) арнаулы білім беру ұйымдарына, ерекше ұстау режиміндегі білім беру ұйымдарына орналастырылғанда;
      3) балалар үйіне (интернатқа) орналастырылғанда;
      4) сот үкімі заңды күшіне енгенде;
      5) осы Заңға сәйкес аталған мекемеде кәмелетке толмағанның болуы мүмкін болмайтын мән-жайлар туындағанда босатылады.»;

      2) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «22-бап. Өздеріне қатысты жеке профилактика шаралары
               қолданылатын адамдардың құқықтары

      1. Өздеріне қатысты жеке профилактика шаралары қолданылатын кәмелетке толмағандар, олардың ата-аналары немесе заңды өкілдері, сондай-ақ өзге де адамдар Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде кепілдік берілген құқықтармен және бостандықтармен қамтамасыз етіледі.
      2. Арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше ұстау режиміндегі білім беру ұйымдарында және Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұсталушы кәмелетке толмағандардың осы баптың 1-тармағында аталған құқықтармен қатар, белгіленген тәртіппен:
      1) өздерінің арнаулы мекемелер мен ұйымдарға орналастырылғандары туралы ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне хабарлауға;
      2) кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесі органдары мен мекемелерінің қызметкерлері қабылдаған шешімдерге аталған жүйенің жоғары тұрған органдарына, сондай-ақ прокуратура органдарына, сотқа шағымдануға;
      3) өзінің құқықтары мен міндеттері, ұстау режимі мен тәртіптік талаптар туралы ақпарат алуға;
      4) арнаулы мекемелер мен ұйымдарда, сондай-ақ олардың орналасқан жеріне, тұрғылықты жеріне не тұрмыстық орналасатын жеріне бара жатқандағы жеке қауіпсіздігіне;
      5) ізгілікті, адамның ар-намысын кемсітпейтін қарым-қатынас жасалуына;
      6) саны шектелмеген телефонмен сөйлесулер және кездесулер арқылы отбасымен байланыс жасап тұруға, саны шектелмеген жөнелтімдер, бандеролдар, сәлемдемелер алуға және хаттар мен жеделхаттар алуға және жіберуге;
      7) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нормалар бойынша тегін тамақпен, киіммен, аяқ киіммен және басқа да заттай ризықпен қамтамасыз етілуге;
      8) ата-анасымен не олардың орнындағы адамдармен, туысқандарымен және өзге де адамдармен кездесуге;
      9) түнгі уақытта сегіз сағат ұйықтауға, ал үштен жеті жасқа дейінгі балалардың күндізгі уақытта қосымша екі сағат ұйықтауға;
      10) ұзақтығы кемінде екі сағат күнделікті серуендеуге;
      11) арнаулы білім беру ұйымдарында және ерекше ұстау режиміндегі білім беру ұйымдарында болу кезеңінде бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуға;
      12) арнаулы мекемелерде белгіленген ішкі тәртіп қағидаларының және ұстау режимінің сақталуы шартымен діни жоралар жасауға;
      13) арнаулы мекемелер мен ұйымдарда бар әдебиеттер мен мерзімді баспасөз басылымдарын пайдалануға;
      14) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысуға;
      15) өндірістік практика кезеңінде атқарған жұмысы үшін ақшалай сыйақы алуға құқығы бар.»;

      3) мынадай мазмұндағы 22-1, 22-2, 22-3, 22-4, 22-5, 22-6, 22-7 және 22-8-баптармен толықтырылсын:

      «22-1-бап. Кәмелетке толмағандардың жеке қауіпсіздігін
                 қамтамасыз ету

      Кәмелетке толмағанның өмірі мен денсаулығы үшін қатер төнген кезде арнаулы мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері оның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды шұғыл қабылдауға міндетті.

      22-2-бап. Қорғаушыларымен, туысқандарымен және өзге адамдармен
                кездесулер

      1. Кәмелетке толмағандар арнаулы мекемелер мен ұйымдарға орналастырылған кезден бастап оларға қорғаушысымен оңаша және жасырын кездесуге мүмкіндік беріледі.
      2. Кездесулер арнаулы мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің бақылауымен жүзеге асырылады. Кәмелетке толмағанға тыйым салынған нәрселерді, заттарды және тамақ өнімдерін не қылмыс жасауға ықпал етуі мүмкін мәліметтер беруге әрекет жасалған жағдайда, кездесулер мерзімінен бұрын тоқтатылады.
      3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының шешімі бойынша шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің ресми өкілдерінің өзі өкілі саналатын мемлекеттің азаматы болып табылатын шетелдік кәмелетке толмағанға баруға құқығы бар.

      22-3-бап. Хат-хабар алмасу

      1. Кәмелетке толмағандарға туысқандарына және өзге де адамдарға саны шектелмеген хат немесе жеделхат алуға, жіберуге рұқсат етіледі.
      2. Кәмелетке толмағандардың хат-хабар алмасуы арнаулы мекемелер мен ұйымдардың әкімшілігі арқылы ғана жүзеге асырылады.
      3. Арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұсталушы кәмелетке толмағандардың атына келіп түскен хаттарды тапсыруды, сондай-ақ оның хаттарын адресаттарға жіберуді арнаулы мекемелер мен ұйымдардың әкімшілігі мереке және демалыс күндерін қоспағанда, хат келіп түскен немесе оны кәмелетке толмаған тапсырған күннен бастап үш күн мерзімнен кешіктірмей жүргізеді.
      4. Жақын туысқанының қайтыс болуы немесе ауыр сырқаттануы туралы мәліметтер кәмелетке толмағанға олар алынысымен дереу хабарланады.
      5. Арнаулы мекемелер мен ұйымдардан кеткеннен кейін кәмелетке толмағанның атына келген хаттар алынғаннан кейін үш күн мерзімнен кешіктірілмей, оның кеткен жеріне жіберіледі.

      22-4-бап. Өтініштерді жіберу

      1. Кәмелетке толмағандардың мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарына жазған өтініштері арнаулы мекемелер мен ұйымдардың әкімшілігі арқылы жіберіледі.
      2. Сотқа, прокуратура органдарына және мемлекеттік органдарға жазылған өтініштерді арнаулы мекемелер мен ұйымдардың әкімшілігі жиырма төрт сағаттан кешіктірмей адресатқа жібереді.
      3. Өтініштерге келген жауаптар кәмелетке толмағандарға қолхат ала отырып хабарланады және жеке ісіне тігіледі.
      4. Құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына байланысты жазған өтініштері үшін кәмелетке толмағандарды кез келген нысанда қудалауға жол берілмейді. Мұндай қудалауға кінәлі арнаулы мекемелер мен ұйымдардың лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

      22-5-бап. Тамақтану, тамақ өнімдерін және бірінші кезектегі
                қажеттілік заттарын сатып алу

      1. Арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұсталушы кәмелетке толмағандар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын нормалар бойынша тамақпен, киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз етіледі.
      2. Тамақтану ойын және жатын бөлмелерден бөлек үй-жайларда (асханаларда) жүзеге асырылады.
      3. Арнаулы мекемелер мен ұйымдардың әкімшілігі кәмелетке толмағандарға гигиена, санитария және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келетін жағдайлар жасауға міндетті.
      4. Арнаулы мекемелер мен ұйымдар кәмелетке толмағандарға арналған, гигиена, санитария және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келетін, сондай-ақ арнаулы мекемелер мен ұйымдардан кәмелетке толмағандардың өз бетімен кетіп қалу жағдайларын болғызбайтын ойын залдарымен, жатын үй-жайлармен, тамақтануға арналған үй-жайлармен, оқу сыныбымен және серуендеу аулаларымен жарақтандырылуға тиіс.
      5. Кәмелетке толмағандар оқу құралдарымен, әдебиетпен, кеңсе заттарымен және міндетті орта білім алу үшін қажетті басқа құралдармен қамтамасыз етіледі.

      22-6-бап. Медициналық-санитариялық қамтамасыз ету

      1. Арнаулы мекемелер мен ұйымдардың әкімшілігі белгіленген санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптардың сақталуын, кәмелетке толмағандардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.
      2. Кәмелетке толмағандарға медициналық, оның ішінде психиатриялық көмек көрсетуді арнаулы мекемелер мен ұйымдардың медицина қызметкерлері жүзеге асырады.
      3. Ауруханаға жатқызу қажеттілігі анықталған кезде кәмелетке толмаған тиісті медициналық ұйымға жіберіледі.
      4. Кәмелетке толмағандар дене жарақатын алған жағдайда куәландыруды арнаулы мекемелер мен ұйымдардың медицина қызметкерлері шұғыл жүргізеді. Медициналық куәландыру нәтижелері белгіленген тәртіппен тіркеледі және жәбірленушіге, аумақтық қорғаншы және қамқоршы органға немесе ата-анасына не оларды алмастыратын адамдарға хабарланады. Арнаулы мекемелер мен ұйымдар әкімшілігінің немесе орган басшысының шешімі бойынша куәландыруды медициналық ұйымдардың қызметкерлері жүргізеді.
      5. Кәмелетке толмаған ауыр сырқаттанған не қайтыс болған жағдайда арнаулы мекемелер мен ұйымдардың әкімшілігі бұл туралы жақын туысқандарына, прокуратура органдарына, аумақтық қорғаншы және қамқоршы органға хабарлайды. Қайтыс болған адамның мәйіті патологиялық-анатомиялық зерттеуден, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген іс-әрекеттер жүргізілгеннен кейін оны сұраған адамдарға беріледі.
      Қайтыс болып, мәйіті сұралмаған кәмелетке толмағанды жерлеу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      6. Кәмелетке толмағанның қайтыс болуы мүмкін ауыр науқасы байқалған жағдайда медициналық қорытынды болса арнаулы мекемелер мен ұйымдар әкімшілігінің кәмелетке толмағанды ұстау режимін өзгерту туралы, сондай-ақ емдеуден өту үшін оны денсаулық сақтау ұйымына жіберу туралы мәселе қоюға құқығы бар.

      22-7-бап. Арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұсталушы кәмелетке
                толмағандардың міндеттері

      1. Арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұсталушы кәмелетке толмағандар:
      1) осы Заңда және ішкі тәртіп қағидаларында белгіленген арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұстау режимін сақтауға;
      2) арнаулы мекемелер мен ұйымдар әкімшілігінің заңды талаптарын орындауға;
      3) гигиена және санитария талаптарын сақтауға;
      4) өз өміріне және басқа адамдардың денсаулығына қауіп төндіретін қасақана іс-әрекеттер жасамауға;
      5) арнаулы мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің ар-намысын қорлайтын іс-әрекеттер жасамауға;
      6) арнаулы мекемелер мен ұйымдар қызметкерлеріне өз қызметтік міндеттерін атқаруына кедергі келтірмеуге;
      7) өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға;
      8) арнаулы мекемелер мен ұйымдардың мүлкіне ұқыпты қарауға;
      9) оқу сабақтарына баруға міндетті.
      2. Арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұсталушы кәмелетке толмағандарға адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін немесе қылмыс құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін не осы мекемелерде кәмелетке толмағандарды ұстау мақсаттарына кедергі келтіретін нәрселерді, заттарды және тамақ өнімдерін өзімен бірге ұстауына тыйым салынады.
      3. Кәмелетке толмағандарды оқу-тәрбие процесіне және әлеуметтік оңалтуға байланысты емес іс-шараларға тартуға тыйым салынады.

      22-8-бап. Арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұсталушы кәмелетке
                толмағандарға көтермелеу және жазалау шараларын
                қолдану

      1. Арнаулы мекемелер мен ұйымдарда мынадай көтермелеу шаралары белгіленеді:
      1) ауызша немесе бұйрықпен алғыс жариялау, ол кәмелетке толмағанның жеке ісіне тігіледі;
      2) бұрын тағайындалған жазаны мерзімінен бұрын алу;
      3) грамотамен марапаттау;
      4) Құрмет тақтасына енгізу;
      5) тәрбиеленушінің жақсы мінез-құлқы мен оның оқудағы және еңбектегі жетістіктері туралы ата-анасына, олардың орнындағы адамдарға не бұрын оқыған жеріне хабарлау;
      6) үздік сыныпқа немесе топқа жалауша, грамота беру;
      7) «Үздік маман» атағын беру.
      2. Режимді және ішкі тәртіп қағидаларын бұзғаны үшін кәмелетке толмағандарға мынадай жазалау шаралары қолданылуы мүмкін:
      1) ескерту;
      2) ауызша немесе бұйрықпен сөгіс жариялау, ол кәмелетке толмағанның жеке ісіне тігіледі;
      3) кәмелетке толмағандардың, топтың немесе сыныптың жалпы жиналысында, ерекше ұстау режиміндегі білім беру ұйымының не арнаулы білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде талқылау.».

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 262743
    Қазақ тілінде 131171
    Орыс тілінде 130678
    Ағылшын тілінде 894
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы