Тауар биржалары туралы

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы N 155-IV Заңы.

      Қолданушылар назарына!
      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін РҚАО мазмұнды жасады.

МАЗМҰНЫ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 31-баптың 1-тармағынан қараңыз.

      Осы Заң тауар биржалары қызметі және биржалық сауданы жүзеге асыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, тауар биржаларының ашық және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, биржалық саудаға қатысушылардың құқықтарын және олардың арасындағы адал бәсекелестікті қорғау мақсатында тауар биржаларының қызметін реттеу және мемлекеттік бақылау тәртібін белгілейді.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      1-1) биржалық брокер (бұдан әрi – брокер) – тауар биржасында өз қызметiн жүзеге асыратын және клиенттiң тапсырмасы бойынша, соның есебiнен және мүддесi үшiн биржалық тауармен мәмiлелер жасайтын заңды тұлға;

      2) биржалық дилер (бұдан әрi – дилер) – тауар биржасында өз қызметiн жүзеге асыратын және өзінің мүддесі үшін және өзінің есебiнен биржалық тауармен мәмiлелер жасайтын заңды тұлға;

      2-1) биржалық қамтамасыз ету – жасалатын биржалық мәмілелер бойынша өздерінің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін тауар биржасының клирингтік орталығына биржалық саудаға қатысушылардың қайтарым негізінде енгізетін ақшалай қамтылымы;

      3) биржалық сауда – тауар биржасында электрондық нысанда биржалық сауда-саттықтар өткізу, мәмілелерді тіркеу және ресімдеу арқылы жүзеге асырылатын биржалық тауарларды, стандартталмаған тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;

      4) биржалық сауда қағидалары – биржалық сауданың үлгi қағидалары негiзiнде әзiрленген, әрбiр тауар биржасы үшiн биржалық сауда жүргiзу тәртiбiн белгiлейтiн құжат;

      5) биржалық сауда-саттықтар – биржалық мәмілелер жасасу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін тауар биржасының электрондық сауда жүйесіне берілген электрондық өтінімдер негізінде биржалық тауарлар, стандартталмаған тауарлар бойынша мәмілелер жасауға бағытталған, биржалық сауда қағидалары шеңберінде жүргізілетін процесс;

      6) биржалық саудаға қатысушылар - биржалық сауданың белгіленген ережелері бойынша тауар биржасында өзара әрекет ететін клиенттер, брокерлер және дилерлер;

      7) биржалық тауар – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына енгізілген стандартталған біртекті тауар, оның бірліктері барлық жағынан да бір-біріне сәйкес келеді, сол бір функцияларды орындауына мүмкіндік беретін ұқсас сипаттамалары болады және ұқсас құрамдастардан тұрады, түрлі өндірушілерден шыққан бірін-бірі толық алмастыратын қасиетке ие партиялар, сондай-ақ мерзімді келісімшарт;

      8) биржалық тауарларға баға белгілеу - тауар биржасында белгілі бір уақыт кезінде биржалық тауарлар бойынша жарияланған сұраныстың және (немесе) ұсыныстың бағасы;

      9) бұйрық – клиент тауар биржасында нақты биржалық тауарларға қатысты белгілі бір әрекетті жүзеге асыруды көрсете отырып, брокерге ұсынатын құжат;

      9-1) кепілдік беру қоры – биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында биржаның өз қаражаты есебінен қалыптастыратын ақша қоры;

      9-2) алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      10) клиент – биржалық тауармен мәмілелер жасау үшін брокердің көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;

      11) алып тасталды - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      11-1) кросс-мәміле – брокер екі әртүрлі клиенттің тапсырмасы бойынша әрекет ете отырып, сатушы тарапынан да, сатып алушы тарапынан да әрекет ететін биржалық мәміле;

      11-2) қосарланған қарсы аукцион режимі – биржалық мәмілелер сатушылар мен сатып алушылар бәсекелестігі нәтижесінде анонимді түрде жасалатын, ал биржалық немесе стандартталмаған тауарға баға сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі деңгейінде белгіленетін сауда режимі;

      12) мерзімді келісімшарт – орындау мерзімі кейінге қалдырылған базалық активті шартсыз немесе шартты сатып алу-сатуға арналған келісімшарт, оған фьючерс, опцион жатады;

      13) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      14) опциондық мәміле – объектісі опцион болып табылатын биржалық мәміле;

      14-1) өзін-өзі реттейтін ұйым – брокерлердің немесе дилерлердің ерікті қатысуына негізделген және тауар биржалары саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізіліміне енгізілген, қауымдастық (одақ) нысанындағы коммерциялық емес ұйым;

      14-2) сақтандыру қоры – биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында биржа және (немесе) оның клирингтік орталығы биржа мүшелерінің міндетті жарналары есебінен қалыптастыратын ақша қоры;

      15) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - сауда қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді және үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      16) спот-тауар - шұғыл берілетін немесе алдағы уақытта берілетін, қоймада тұрған тауар;

      16-1) стандартталмаған тауар – биржалық тауарларды, жылжымайтын мүлiкті және зияткерлік меншiк объектілерін қоспағанда, айналымнан алынбаған немесе айналымы шектелмеген, тауар биржасы биржалық саудаға жiберген тауар;

      16-2) стандартты аукцион режимі – стандартталмаған тауарлар бойынша биржалық мәмілелер төмендетуге немесе жоғарылатуға арналған аукцион барысында сатып алушы (сатушы) – аукционның бастамашысы үшін ең үздік баға бойынша жасалатын сауда режимі;

      17) тауар биржасының мүшесі - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауар биржасының ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен биржалық тауармен мәмілелерді жүзеге асыруға құқығы бар брокер және (немесе) дилер;

      18) тауар биржасының сауда жүйесi – тауар биржасының материалдық-техникалық құралдары, электрондық сауда жүйесі, iшкi құжаттары және өзге де қажеттi активтер мен рәсiмдер кешенi, тауар биржасындағы сауда-саттыққа қатысушылар арасында биржалық тауарлармен мәмiлелер жасай отырып, сауда-саттық соларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады;

      19) тауар биржасының ішкі құжаттары - тауар биржасына қатысушылар қызметінің шарттары мен тәртібін, тауар биржасының, оның органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын, қызмет көрсетулер, оларға ақы төлеудің тәртібі мен мөлшерін реттейтін құжаттар;

      19-1) тауар биржасының электрондық сауда жүйесi – биржалық сауда-саттықты өткізуге қажетті және биржалық мәмілелер жасасу, сондай-ақ ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ашу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін, тауар биржасының есептеу құралдары, бағдарламалық қамтылымы, дерекқорлары, телекоммуникациялық құралдары және басқа да жабдықтары кешені;

      20) фьючерстiк мәмiле – объектісі фьючерс болып табылатын биржалық мәмiле;

      21) алып тасталды - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.07.2012 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 364-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

2-тарау. ТАУАР БИРЖАЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

3-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тауар биржалары қызметі саласындағы құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) тауар биржаларының қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;

      2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      3) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      4) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      6-1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      6-2) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      6-3) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      7) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

      Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

4-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Уәкілетті орган:

      1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      2) тауар биржаларының қызметін реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;

      2-1) биржа саудасының үлгілік қағидаларын бекітеді;

      2-2) биржалық тауарлардың тізбесін бекітеді, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;

      3) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      3-1) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      3-2) тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарды әзірлейді және бекітеді;

      3-3) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      3-4) кепілдік беру және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      3-5) тауар биржаларының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін әзірлейді;

      3-6) тауар биржасы клирингтік орталығының аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;

      4) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      4-1) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      5) тауар биржаларының қызметін талдауды және оған мониторингті жүргізеді;

      5-1) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарын келіседі;

      6) коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тауар биржаларының қызметі және биржалық сауда мәселелері жөніндегі ақпаратты жариялайды;

      6-1) тауар биржасындағы брокерлерді және (немесе) дилерлерді аккредиттеу қағидаларын келіседі;

      7) тауар биржалары саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      7-1) тауар биржасында халықаралық биржа сауда-саттығын дамыту үшін жағдайлар жасайды;

      8) алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 N 188-IV Заңымен.

      9) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      10) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;

      10-1) тауар биржаларының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;

      10-2) өзiн-өзi реттейтiн ұйымдардың тiзiлiмiн жүргiзедi;

      11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-1-бап. Ақпарат алу жөніндегі өкілеттіктер

      Ескерту. 2-тарау 4-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4-2-бап. Биржалық тауарлар тізбесіне кірген тауарларды өткізу

      Ескерту. 2-тарау 4-2-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

5-бап. Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау

      Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3-тарау. ТАУАР БИРЖАСЫН ҚҰРУ

6-бап. Тауар биржасы

      1. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, сауда-саттықтарды ұйымдық және техникалық қамтамасыз етуді тауар биржасының сауда жүйесін пайдалана отырып тікелей жүргізу жолымен жүзеге асыратын заңды тұлға тауар биржасы болып табылады.

      Тауар биржасы сауда-саттық жүргізуді биржалық сауданың белгіленген ережелері бойынша қамтамасыз етеді.

      Тауар биржасы өз қызметін уәкілетті орган беретін лицензия негізінде жүзеге асырады.

      2. Тауар биржасының атауында "тауар биржасы" деген сөздер болуға тиіс.

      3. Күші жойылды - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

      4. Тауар биржасының жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде үш жүз мың еселенген мөлшерін құрайды.

      Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан енгізіледі).

7-бап. Тауар биржасының жарғысы

      1. Тауар биржасының жарғысы Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында көзделген тәртіппен бекітіледі.

      2. Тауар биржасының жарғысында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мәліметтерден басқа тауар биржасын мамандандыруға нұсқау болуға тиіс.

8-бап. Тауар биржасындағы дауларды шешу

      1. Биржалық мәмілелер жасасумен байланысты дауларды шешу үшін тауар биржасы Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік құрады.

      2. Биржалық төреліктің қызметі Қазақстан Республикасының төрелік туралы заңнамасында реттеледі.

      Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 08.04.2016 № 489-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

9-бап. Тауар биржаларының сыныптамасы

      Мамандануы бойынша тауар биржалары:

      1) биржалық сауда-саттыққа әртүрлі тауарларды қабылдайтын әмбебап;

      2) тауардың белгілі бір түрінің айналымына қызмет көрсететін мамандандырылған болуы мүмкін.

10-бап. Биржалық сауданың үлгі ережелері

      1. Биржалық сауданың үлгі ережелері тауар биржасы мүшелерінің биржалық тауарлармен биржалық мәмілелер жасау кезіндегі қызметінің тәртібін айқындайды.

      2. Биржалық сауданың үлгі ережелері мыналарды:

      1) тауар биржасының мүшелерін аккредиттеу, оларды аккредиттеуді тоқтата тұру және тоқтату шарттары мен тәртібін;

      2) биржалық сауда-саттықтарды осы Заңның 15-1-бабында белгіленген сауда режимінде жүргiзу тәртiбiн;

      2-1) биржалық сауда-саттықты мерзімді келісімшарттармен жүргізу тәртібін;

      3) биржалық сауда-саттықта тауарлармен жасасылған мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібін;

      3-1) өзін-өзі реттейтін ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ брокерлер мен дилерлердің биржалық мәміленің заңдылығын қамтамасыз етуін;

      4) тауар биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қайта жаңартудың шарттары мен тәртібін;

      5) биржалық төрелік қызметін қалыптастыру мен ұйымдастыру тәртібін, сондай-ақ биржалық тауарлармен биржалық мәмілелер жасасуға байланысты дауларды шешу тетіктерін;

      6) биржалық сауда бойынша құжаттарды қабылдау (бекіту) тәртібін;

      7) тауар биржасындағы мәмілелерді есепке алу және тіркеу тәртібін;

      8) тауар биржасының уәкілетті органға есептерді ұсыну тәртібін;

      9) тауар биржасы арқылы мемлекеттік және өзге де сатып алуды жүргізу тәртібін;

      10) өткізілетін сауда-саттықтар туралы ақпаратты тауар биржасының интернет-ресурсына орналастыру тәртібін қамтиды.

      Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

11-бап. Тауар биржасының мүшелері

      1. Алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Тауар биржасына мүшелік осы Заңға сәйкес биржалық сауда-саттыққа қатысуға құқық береді.

      3. Тауар биржасымен үлестес заңды тұлғалар тауар биржасының мүшелері бола алмайды.

      Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

12-бап. Тауар биржасының қызметкерлері

      1. Тауар биржасымен еңбек қатынастарында тұрған және жұмысты еңбек шарты бойынша тікелей орындайтын жеке тұлғалар тауар биржасының қызметкерлері болып табылады. Тауар биржасының қызметкеріне бір мезгілде тауар биржасының мүшелерімен еңбек қатынастарында тұруға тыйым салынады.

      2. Тауар биржасының қызметкерлеріне биржалық мәмілелерге қатысуға, сондай-ақ коммерциялық ақпаратты өз мүдделерінде пайдалануға тыйым салынады.

      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-тарау. ТАУАР БИРЖАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ

13-бап. Тауар биржасының қызметі

      1. Тауар биржасының негізгі қызметінің түрі биржалық сауда-саттықты ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.

      2. Тауар биржасы мынадай функцияларды:

      1) сауда-саттықты ұйымдастыруды және жүргізуді;

      2) тауар биржасында жасалатын мәмілелерді, оның ішінде спорт-тауарлармен жасалатын мәмілелерді тіркеуді және ресімдеуді;

      2-1) бағамен айла-шарғы жасау фактілерін анықтауды;

      2-2) биржалық баға белгілеуді қалыптастыруды;

      2-3) тауар биржасының мүшелеріне аккредиттеу жүргізуді;

      2-4) тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің биржалық сауда қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкестігін, олардың көрсетілген қағидалардың талаптарын сақтауын бақылауды;

      3) биржалық мәмілелер бойынша есеп айырысуларды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды;

      4) тауар биржасында жүргізілген сауда-саттық нәтижесінде тауарға биржалық бағаны тіркеуді;

      5) биржалық сауданың үлгі ережелері негізінде биржалық сауданың ережелерін әзірлеуді және бекітуді;

      6) биржалық сауда-саттық арқылы сатылатын биржалық тауардың сапасына биржалық саудаға қатысушының талабы бойынша сараптама ұйымдастыруды;

      7) биржалық саудамен байланысты ұйымдастырушылық, консультациялық, ақпараттық, әдістемелік қызметтер көрсетуді;

      8) биржалық тауарлар нарығына талдамалық зерттеулер жүргізуді;

      9) биржалық қызмет туралы ақпаратқа жататын баспа өнімін шығаруды;

      10) биржалық тауар нарығының қатысушыларын оқыту және олардың біліктілігін арттыру жөнінде оқу курстарын ұйымдастыруды;

      11) тауар биржасының сауда жүйесін пайдалануды;

      12) халықаралық биржалық сауда-саттықты дамытуды жүзеге асырады.

      3. Тауар биржасы өз қызметін брокерлік, дилерлік және депозитарлық қызметпен, сондай-ақ бағалы қағаздарды басқару жөніндегі қызметпен қоса атқаруға құқылы емес.

      4. Тауар биржасы осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерімен өзіне берілген құқықтар шегінде өз атынан шетелдіктермен және басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалармен ынтымақтастық туралы келісімдер жасасуға құқылы.

      Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

13-1-бап. Тауар биржасы арқылы мемлекеттік сатып алу

      1. Тауар биржасындағы мемлекеттік сатып алу биржалық сауданың үлгілік қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      2. Тауар биржасындағы мемлекеттік сатып алу қосарланған қарсы аукцион режимінде жүзеге асырылады.

      3. Тапсырыс беруші үшін тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қызметтері тапсырыс берушінің тиісті жылға арналған бюджетінде көзделген қаражаттар шеңберінде өтеулі негізде көрсетіледі.

      4. Алып тасталды - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. 4-тарау 13-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 364-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

13-2-бап. Тауар биржасының құқықтары мен міндеттері

      1. Тауар биржасының:

      1) осы Заңның 15-1-бабына сәйкес биржалық сауда-саттықты өзі өткізетін сауда режимдерін айқындауға;

      2) биржалық сауда-саттықты фьючерстермен, опциондармен өткізуге;

      3) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

      2. Тауар биржасы:

      1) тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарды сақтауға;

      2) өз интернет-ресурсын иеленуге;

      2-1) өзінің интернет-ресурсында тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің жаңаланған тізбесін орналастыруға міндетті.

      Тізбеде тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің атауы, орналасқан жері, басшысы мен қызметкерлерінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) туралы ақпарат қамтылуға тиіс.

      Тауар биржасы мүшелерінің атауы, орналасқан жері өзгерген, сондай-ақ басшысы ауысқан және (немесе) қызметкерлерінің құрамы өзгерген кезде, тауар биржасына тауар биржасының мүшелерінен ақпарат келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде тауар биржасы тізбені жаңартады;

      3) коммерциялық құпияны жария етпеуге;

      4) биржалық сауда-саттықтың нәтижелерін сауда-саттық күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей өз интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.

      5) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 4-тарау 13-2-баппен толықтырылды - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

14-бап. Тауар биржасының кірістері

      1. Тауар биржасының кірістері тауар биржасы мүшелерінің кіру жарналары мен жыл сайынғы жарналары, биржа мүлкін пайдаланғаны, биржалық мәмілелерді тіркегені және ресімдегені үшін төлемдер есебінен және заңнамамен тыйым салынбаған басқа да түсімдер есебінен құралады.

      2. Тауар биржасы мыналарды:

      1) тауар биржасы мүшелерінің кепілдік жарналарының мөлшері мен оларды енгізу тәртібін;

      2) биржалық сауданың ережелеріне сәйкес сауда-саттыққа қатысқаны үшін төлемдердің мөлшерін;

      3) алыпсатарлық әрекеттерді болдырмау мақсатында сауда-саттықты тоқтата тұру үшін алдыңғы сауда-саттық нәтижесінде қалыптасқан бағаларды ескере отырып, бір сауда күні шеңберінде нақты биржалық тауарға бағалар деңгейлерінің ең аз және ең көп шектерін белгілеуге құқығы бар.

      3. Тауар биржасына биржалық мәмілелердегі делдалдық үшін брокерлер және дилерлер алатын сыйақы мөлшерін белгілеуге тыйым салынады.

      4. Тауар биржасының мүшелерінен алынатын төлемдердің мөлшері биржалық сауданың ережелерімен айқындалады және биржалық сауданың кез келген қатысушысының танысуы үшін қолжетімді болуға тиіс.

15-бап. Биржалық мәміле

      1. Биржада айналымға жіберілген мүлік нысанасы болып табылатын және Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына және биржалық сауда ережелеріне сәйкес ол жүргізетін сауда-саттыққа қатысушылармен жасалатын мәміле биржалық мәміле болып танылады.

      2. Тауар биржасында жасалған, бірақ осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес емес мәмілелер биржалық болып табылмайды.

      3. Биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлармен тауар биржаларынан тыс жасалған мәмілелер мүдделі адамдардың, уәкілетті органның не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылады.

      4. Биржалық мәмілелер тауар биржасының атынан және оның есебінен жасалмайды.

      5. Биржалық тауарлардың тізбесінде мыналар қамтылады:

      1) биржалық тауарлардың қысқаша атаулары және олардың Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес кодтары;

      2) жекелеген биржалық тауарлар бойынша – беру партиясының ең төмен мөлшері, ол тең болған немесе одан асып кеткен кезде, оларды өткізу тауар биржасында ғана жүзеге асырылуға жатады;

      3) жекелеген биржалық тауарлар бойынша – тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізілуге жататын ең аз үлес, сондай-ақ өздеріне осындай мiндет қолданылатын субъектiлер санаты.

      Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

15-1-бап. Биржалық сауда-саттықтарды жүргізу режимдері

      1. Биржалық сауда-саттық мынадай сауда режимдерінде жүргізіледі:

      1) стандартты аукцион режимі;

      2) қосарланған қарсы аукцион режимі.

      2. Алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Стандартты аукцион режиміндегі биржалық сауда-саттықтар:

      1) жалпыға белгілі болып табылатын аукционның бастамашысы туралы ақпаратты қоспағанда, биржалық саудаға қатысушылар туралы ақпаратты немесе оның құпиялығын ашу;

      2) аукциондарды бағаның төмендеуіне немесе көтерілуіне қарай жүргізу;

      3) стандартталмаған тауарды сатып алушының немесе сатушының тапсырысы бойынша аукцион өткізу;

      4) аукционға тапсырыс берушіні қоса алғанда, аукционға кемінде аукционға қатысушының үшеуінің қатысуы;

      5) аукцион қорытындылары бойынша стандартталмаған тауардың биржалық мәміле жасалатын бағасын қалыптастыру және оны төмендетуге арналған аукционға қатысушылар ұсынған бағалар арасында ең төмен баға және жоғарылатуға арналған аукционға қатысушылар ұсынған бағалар арасында ең жоғары баға ретінде айқындау;

      6) егер биржалық сауда қағидалары бойынша өзгеше көзделмесе, биржалық қамтылымды енгізу ескеріле отырып жүргізіледі.

      4. Қосарланған қарсы аукцион режиміндегі биржалық сауда-саттықтар:

      1) биржалық саудаға қатысушылар туралы ақпараттың құпиялығы;

      2) кросс-мәміле жасасуға тыйым салу;

      3) сатып алушылар, сатушылар ұсыныстары бәсекелестігі процесінде биржалық мәміле жасалатын биржалық тауарға арналған бағаны қалыптастыру және сатып алушы үшін ең жақсы баға (сатушы ұсынған ең төменгі баға) ретінде немесе сатушы үшін ең жақсы баға (сатып алушы ұсынған ең жоғары баға) ретінде оны айқындау;

      4) биржалық қамтылымды енгізу ескеріле отырып жүргізіледі.

      5. Сауда режиміндегі биржалық сауда-саттықты өткізу тәртібі биржалық сауданың үлгілік қағидаларында айқындалады.

      6. Тауар биржалары стандартталмаған тауарлар бойынша жасалатын мәмілердің жеке есебін жүргізеді.

      Ескерту. 4-тарау 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

16-бап. Биржалық мәмілелердің түрлері

      Тауар биржасында:

      1) халықаралық іскерлік операцияларымен өзара байланысты мәмілелерді қоса алғанда, спорт-тауарларға қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара беріп отыратын мәмілелер;

      2) фьючерстік мәмілелер;

      3) опциондық мәмілелер;

      4) қоймалық құжаттарға қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара беріп отыратын мәмілелер жасалады.

16-1-бап. Тауар биржасының биржалық мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қорлары

      Биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тауарлық биржа кепілдік беру және сақтандыру қорларын құрады.

      Ескерту. 4-тарау 16-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

17-бап. Биржалық мәмiлелер бойынша клирингтік қызмет

      1. Биржалық мәмiлелер бойынша клирингтік қызметті тауар биржасының клирингтік орталығы жүзеге асырады.

      2. Тауар биржасы клирингтік қызмет көрсету туралы шарт жасасқан дербес клирингтік ұйым тауар биржасының клирингтік орталығы болып табылады. Бұл ретте шетелдік заңды тұлғаның тауар биржасына оның клирингтік орталығы функцияларын орындай отырып, клирингтік қызмет көрсетуіне жол берілмейді.

      3. Алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Тауар биржасы клирингтік орталығының биржалық мәмілелер бойынша қызметі Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.

      5. Тауар биржасының клирингтік орталықтарының өз қызметін жүзеге асыру үшін клирингтік қызмет процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін және уәкілетті орган белгілеген талаптарға жауап беретін аппараттық-бағдарламалық кешені болуға тиіс.

      6. Клирингтік қызмет жүзеге асырылатын биржалық мәмілелерге байланысты тауар биржасының клирингтiк орталықтары мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) жасасқан биржалық мәмілелер бойынша ақпарат жинауды және оны өңдеуді жүзеге асырады;

      2) жасасқан биржалық мәмілелер шарттарының есебін және растауын жүргізеді;

      3) биржалық мәмiлелер жасау нәтижесiнде жүзеге асырылатын есеп айырысуларға қатысушы тараптардың өзара талаптары мен мiндеттемелерiнiң есебiн жүзеге асырады;

      4) биржалық сауда-саттыққа қатысушылардың биржалық қамтылымын қабылдайды және оның есебін жүргізеді;

      5) тараптардың биржалық мәмілелер бойынша талаптарын және (немесе) міндеттемелерін айқындайды, олар бойынша есеп айырысуды ұйымдастырады;

      6) биржалық мәмілелердің орындалуына қолдау көрсетеді.

      7. Биржалық мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

      8. Осы баптың талаптары фьючерстiк және опциондық мәмiлелер жөніндегі клирингтік қызметке қолданылмайды, оларды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасымен реттеледі.

      Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

18-бап. Биржалық баға

      1. Тауарға биржалық баға биржалық тауарлардың бағасын белгілеу нәтижесінде қалыптасады.

      2. Тауар биржалары биржалық тауарларға баға белгiлеудi өз интернет-ресурстарында орналастырады.

      Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

5-тарау. БРОКЕРЛІК ЖӘНЕ ДИЛЕРЛІК ҚЫЗМЕТ. ТАУАР БИРЖАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰПИЯ

19-бап. Брокердің және дилердің қызметін жүзеге асыру тәртібі

      1. Тауар биржасындағы брокерлік және дилерлік қызмет тауар биржасында аккредиттеу негізінде жүзеге асырылады.

      Тауар биржасында аккредиттеуден теріс себептер бойынша шығарылған кезде, брокерлер және (немесе) дилерлер екі жыл бойы басқа тауар биржаларында аккредиттеле алмайды.

      2. Брокер және дилер осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде, тауар биржасының ішкі құжаттарында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.

      3. Брокер мен оның клиенттері арасындағы қатынастар брокерлік қызметтер көрсету туралы, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормалары қолданылатын шарттың негізінде туындайды.

      4. Жеке тұлға екі және одан көп брокердің және (немесе) дилердің басшысы бола алмайды.

      Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

19-1-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметі және өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелік (қатысу)

      1. Өзін-өзі реттейтін ұйым өз қызметін осы Заңға, "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысына, стандарты мен қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

      2. Өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелік (қатысу) ерікті негізде жүзеге асырылады.

      3. Брокерлер немесе дилерлер өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) болып табылады. Брокерлер мен дилерлер тек бір өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) бола алады.

      4. Өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) қабылдау және ондағы мүшелікті (қатысуды) тоқтату шарттары мен тәртібі өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында, стандарты мен қағидаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.

      Өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) қабылдаудан бас тарту, мүшелерінен (қатысушыларынан) шығару туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      5. Өзін-өзі реттейтін ұйым өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелерінің (қатысушыларының) тізбесін өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті. Тізбеде мүшелердің (қатысушылардың) атауы, басшысы мен қызметкерлерінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) туралы ақпарат қамтылуға тиіс.

      Мүшелердің (қатысушылардың) басшысы ауысқан және (немесе) қызметкерлерінің құрамы өзгерген кезде, өзін-өзі реттейтін ұйым үш жұмыс күні ішінде тізбені жаңартады.

      6. Өзін-өзі реттейтін ұйымның өз мүшелерінің (қатысушыларының) қызметін бақылауы "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және негіздерде жүзеге асырылады.

      Бұл ретте өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) тексеруді ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі өзін-өзі реттейтін ұйымның уәкілетті органмен келісілген қағидаларында айқындалады.

      7. Өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелік (қатысу) мынадай негіздер бойынша:

      1) брокердің және дилердің өтініші бойынша;

      2) мүшесі (қатысушы) осы Заңды, биржалық сауда қағидаларын, өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысын, стандарттары мен қағидаларын бірнеше рет бұзған жағдайда тоқтатылады.

      Өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелігі (қатысуы) теріс себептермен тоқтатылған мүшелері (қатысушылары), сондай-ақ осы Заңды бұзған басшылар мен қызметкерлер кемінде екі жыл мерзімде биржалық саудаға қатыса алмайды.

      8. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінен шығару Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және негіздерде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-тарау 19-1-баппен толықтырылды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

20-бап. Брокердің және дилердің мәмілелер жасауы

      1. Брокер биржалық мәмілелер жасауды – клиенттің бұйрығына сәйкес, дилер өз мүддесі үшін және өз есебінен жүзеге асырады. Клиенттердің бұйрықтарының түрлері, олардың мазмұны мен ресімделуі тауар биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.

      2. Брокер клиенттің бұйрығын орындауды осы бұйрықта көрсетілген мәмілелерді жасау шарттарын сақтай отырып жүзеге асырады. Егер мәміле жасау кезінде мәміле шарттарын өзгерту қажеттігі туындаса, брокер өз әрекеттерін клиентпен келісуге міндетті.

      Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

21-бап. Тауар биржасында брокер мен оның клиенттерінің арасындағы қатынастар

      Тауар биржасы өз өкілеттіктері шегінде брокерлер мен олардың клиенттерінің өзара қатынастарын регламенттейді, биржалық сауданы бұзушыларға шаралар қолданады.

      Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

22-бап. Брокерлер мен дилерлердің ішкі құжаттарына және жасалатын биржалық мәмілелердің есебін жүргізуге қойылатын талаптар

      1. Брокерлер мен дилерлерге арналған тауар биржасының ішкі құжаттары тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ететін, биржалық саудаға қатысушылардың, олардың өкілдерінің немесе үшінші тұлғалардың мүдделері үшін пайдалануға жол бермейтін шарттарды қамтуға тиіс.

      2. Брокерлер жасалатын биржалық мәмілелердің есебін әрбір клиент бойынша жеке жүргізуге және осы мәмілелер туралы мәліметтерді мәміле жасалған күннен бастап бес жыл бойы сақтауға міндетті.

      Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

23-бап. Тауар биржасындағы коммерциялық құпия

      1. Коммерциялық құпия:

      1) тіркелген биржалық саудаға қатысушылар туралы мәліметтерді;

      2) тауар биржасында жасалатын мәмілелер туралы мәліметтерді қамтиды.

      2. Брокерлер мен дилерлер табиғи баға белгілеуді бұзуға және тауар нарығының тұрақсыздануына әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттерге (әрекетсіздіктерге) жол беруге құқылы емес.

      3. Өзінің қызметтік жағдайына байланысты көрсетілген ақпаратты алуға мүмкіндігі бар адам коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа ие адам болып табылады.

24-бап. Тауар биржаларының қызметі туралы коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді ұсыну

      1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер жария етілуге жатпайды.

      2. Коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер биржалық саудаға қатысушыға оның құқықтарына қатысты не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхат негізінде оның өкіліне берілуі мүмкін.

      3. Тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер:

      1) анықтау және алдын ала тергеу органдарына: прокурордың санкциясымен олардың іс жүргізуіндегі қылмыстық істер бойынша;

      1-1) прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына және Мемлекеттік күзет қызметіне: барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, оларды әшкерелеу және жолын кесу үшін қажетті ақпаратты беру туралы олардың талап етуі бойынша;

      2) соттарға: ұйғарым, қаулы негізінде олардың іс жүргізуіндегі істер бойынша;

      3) прокурорға: оның құзыреті шегінде тексеру ісін жүргізу туралы қаулы негізінде оның қарауындағы материалдар бойынша;

      4) мемлекеттік және жеке сот орындаушыларына: әділет органының мөрімен немесе жеке сот орындаушысының мөрімен куәландырылған және прокурор санкциялаған сот орындаушысының қаулысы негiзiнде өздерінің іс жүргiзуіндегі атқарушылық іс жүргізу істері бойынша;

      5) уәкілетті органға: оның сұрау салуы бойынша өз құзыреті шегінде;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармақты 5-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

      6) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға: "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен;

      7) монополияға қарсы органға: Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген мақсаттарда және тәртіппен ұсынылуға тиіс.

      Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізілді), 2012.06.21 N 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-тарау. ТАУАР БИРЖАЛАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ

25-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау

      1. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау жоспардан тыс тексеріс, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, сондай-ақ бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

      2. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметін мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерістер және профилактикалық бақылау арқылы жүзеге асырылады.

      3. Жоспардан тыс тексеріс және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

26-бап. Тауар биржаларының қызметіне тексеру жүргізудің тәртібі

      Ескерту. 26-бап алынып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

27-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі

      1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган олардың қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру жолымен жүзеге асырады.

      2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың жолын уақтылы кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өзі дербес жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға салынатын әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.

      3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау бақылау субъектілері ұсынатын есепті, сондай-ақ бақылау субъектісінің қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау арқылы жүргізіледі.

      4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша тауар биржалары саласындағы бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, бақылау органы бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным ресімдейді және жібереді.

      5. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:

      1) қолма-қол – ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;

      2) поштамен – тапсырыс хатпен;

      3) электрондық тәсілмен – уәкілетті орган сұрау салған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жіберілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

      6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.

      7. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, ұсынымды жіберген уәкілетті органға қарсылық жіберуге құқылы.

      8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді.

      9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.

      Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

28-бап. Уәкілетті органның нұсқамалары

      Уәкілетті органның нұсқамаларын тауар биржалары нұсқамаларда көзделген мерзімде, бірақ оларды алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей орындайды.

7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

29-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

30-бап. Өтпелі ережелер

      1. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған тауар биржалары 2010 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде өз қызметін осы Заңға сәйкес келтіруге міндетті.

      2. Осы баптың 1-тармағының талаптарын орындамау уәкілетті органның заңды тұлғаны тарату туралы сотқа талап қоюына негіз болып табылады.

31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. "Тауар биржалары туралы" 1995 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 26-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 11, 143-құжат; 2003 ж., N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н. Назарбаев

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 259445
    Қазақ тілінде 129658
    Орыс тілінде 128961
    Ағылшын тілінде 826
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы