Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 3 желтоқсандағы № 505-ІV Заңы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар):

      1) 282-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы «егер бұл әрекеттер» деген сөздерден кейін «аса ірі мөлшерде зиян келтірумен ұштасып,» деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 288-баптың үшінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
      «Қылмыс жасалу сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен елу мың есе асып түсетін және одан да көп залал аса ірі залал деп танылады.»; 

      3) 292-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы «зақымдау» деген сөзден кейін «, егер осы әрекет аса ірі залал келтірсе» деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында:
      мынадай мазмұндағы үш жүз алпыс сегізінші абзацпен толықтырылсын:
      «240-2-бап. Экологиялық рұқсатта көрсетілген табиғат пайдалану шарттарын орындамау»;
      мынадай мазмұндағы үш жүз жетпіс бірінші және үш жүз жетпіс екінші абзацтармен толықтырылсын:
      «243-1-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квотаның белгіленген көлемінен асып түсу
      243-2-бап. Аккредиттелген тәуелсіз ұйымдардың парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация (детерминация) туралы дәйексіз деректерді ұсынуы»;
      мынадай мазмұндағы төрт жүз қырық бірінші абзацпен толықтырылсын:
      «306-3-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалардың дәйексіз деректерді ұсынуы»;

      2) 69-баптың бірінші бөлігінде «алты ай» деген сөздер «бір жыл» деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 122-баптың бірінші абзацы «жасау,» деген сөзден кейін «егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса,» деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 240-1-баптың екінші абзацы «жиырма бес,» деген сөздерден кейін «лауазымды адамдарға,» деген сөздермен толықтырылсын;

      5) мынадай мазмұндағы 240-2-баппен толықтырылсын:

      «240-2-бап. Экологиялық рұқсатта көрсетілген табиғат
                  пайдалану шарттарын орындамау

      1. Экологиялық рұқсатта көрсетілген табиғат пайдалану шарттарын орындамау, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштің жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған және (немесе) қоршаған ортаға аса ірі залал келтірумен, халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірумен ұштасқан iс-әрекеттер, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштің қырықтан елуге дейiнгi мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға экологиялық рұқсаттың қолданылуы тоқтатыла тұрып не онсыз екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Жеке және заңды тұлғалардың экологиялық рұқсаттың қолданылуы тоқтатыла тұруына қатысты бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймауы экологиялық рұқсаттан айыруға әкеп соғады.
      Ескерту: Егер табиғат пайдаланушыға экологиялық рұқсат бірнеше өндірістік объектілерге берілген жағдайда, экологиялық рұқсаттың қолданылуы табиғат пайдаланушының табиғат пайдалану шарттарын орындамауға жол берген объектісі бойынша тоқтатыла тұрады.»;

      6) 241-баптың екінші абзацы «жиырма бес,» деген сөздерден кейін «лауазымды адамдарға,» деген сөздермен толықтырылсын;

      7) мынадай мазмұндағы 243-1 және 243-2-баптармен толықтырылсын: 

      «243-1-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квотаның
                  белгіленген көлемінен асып түсу

      Парниктік газдар шығарындыларына квотаның белгіленген көлемінен асып түсу, -
      заңды тұлғаларға басқа табиғат пайдаланушылардан сатып алынған квоталардың бірліктерімен және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жобаларды іске асыру нәтижесінде алынған көміртегі бірліктерімен өтелмеген, квотаның белгіленген көлемінен асатын әрбір бірлігі үшін он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      243-2-бап. Аккредиттелген тәуелсіз ұйымдардың парниктік
                 газдарды түгендеу, верификация және валидация
                 (детерминация) туралы дәйексіз деректерді ұсынуы

      Аккредиттелген тәуелсіз ұйымдардың парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация (детерминация) туралы дәйексіз деректерді ұсынуы, -
      лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің елуден бір жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуы тоқтатыла тұрып, айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуы тоқтатыла тұрып, айлық есептік көрсеткіштің төрт жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

      8) 244-баптың екінші абзацында:
      «жиырмадан елуге» деген сөздер «елуден жетпіске» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «жүзден екі жүзге» деген сөздер «екі жүзден екі жүз елуге» деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 245-баптың екінші абзацында «елуден екі жүзге» деген сөздер «үш жүз елуден бес жүзге» деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 246-бапта:
      бірінші бөліктің екінші абзацында:
      «орта кәсіпкерлік субъектілері» деген сөздерден кейін «немесе коммерциялық емес ұйымдар» деген сөздермен толықтырылсын;
      «он бестен отызға» деген сөздер «жиырмадан қырыққа» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктің екінші абзацында:

      «отыздан алпысқа» деген сөздер «алпыстан сексенге» деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 248-баптың екінші бөлігінің екінші абзацында:
      «жиырмадан қырыққа» деген сөздер «елуден алпысқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «елуден» деген сөз «жетпістен» деген сөзбен ауыстырылсын;

      12) 250-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацында «жиырмадан қырыққа» деген сөздер «отыздан елуге» деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) мынадай мазмұндағы 306-3-баппен толықтырылсын:

      «306-3-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды
                  орындау мен қызметтер көрсететін жеке және заңды
                  тұлғалардың дәйексіз деректерді ұсынуы

      1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалардың эмиссиялар нормативтерін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы мен олар бойынша есептерді әзірлеу кезінде дәйексіз деректерді ұсынуы, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі, заңды тұлғаларға - жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, айлық есептік көрсеткіштің жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға - лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып не онсыз, айлық есептік көрсеткіштің екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді жасау, олар қоршаған ортаға ірі залал келтіруге әкеп соқса не үш реттен артық жасалса және егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - лицензиядан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға - лицензиядан айыра отырып, үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

      14) 356-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацында «он беске» деген сөздер «жиырмаға» деген сөзбен ауыстырылсын;

      15) 541-баптың бірінші бөлігі:
      «237-1,» деген цифрлардан кейін «240-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
      «306-2,» деген цифрлардан кейін «306-3 (екінші және үшінші бөліктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын;

      16) 554-бапта:
      бірінші бөлікте:
      «240-246 (бірінші бөлігінде),» деген сөздер «240, 240-1, 241 – 246 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «306-1 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде),» деген сөздерден кейін «306-3 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттiк экологиялық инспекторлары және мемлекеттiк экологиялық аға инспекторлары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға - екі жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экологиялық инспекторлары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жетпіске дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экологиялық аға инспекторлары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырыққа дейiнгi, лауазымды адамдарға – үш жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға - бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттiк экологиялық бас инспекторлары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - бір жүз елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға - екі мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүргізілген операция сомасынан не қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасынан пайызбен көрсетілген айыппұл салуға;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экологиялық бас инспекторы және оның орынбасары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - бір жүз елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға екі мыңға дейiнгi мөлшерiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүргізілген операция сомасынан не қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасынан пайызбен көрсетілген айыппұл салуға құқылы.»;

      17) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының оныншы абзацында:
      «мемлекеттiк бақылау органдарының» деген сөздер «уәкілетті органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «246» деген цифрлардың алдынан «240-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
      «317-1» деген цифрлардың алдынан «306-3 (екінші және үшінші бөліктері),» деген сөздермен толықтырылсын.

      3. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат, 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында:
      отыз жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «27-бап. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгiндiлерiнiң жол берiлетiн шектi нормативтерi, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері»;
      мынадай мазмұндағы қырық алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      «34-1-бап. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы стандарттар»;
      тоқсан бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «77-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беруден бас тарту, оны тоқтата тұру, жою, одан айыру және қайта жалғастыру»;
      мынадай мазмұндағы жүз оныншы – жүз жиырма екінші абзацтармен толықтырылсын:
      «9-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу
      94-1 бап. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі ережелері
      94-2-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар
      94-3-бап. Парниктік газдар шығарындыларына сертификат
      94-4-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және парниктік газдар шығарындыларына сертификатты қайта ресімдеу
      94-5-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары
      94-6-бап. Табиғат пайдаланушыларды әкімшілендіру субъектілері
      94-7-бап. Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңірудің нарықтық тетігі
      94-8-бап. Тәуелсіз ақпарат беруші
      94-9-бап. Көміртегі бірліктерінің саудасына қойылатын талаптар
      94-10-бап. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобалар
      94-11-бап. Мониторинг рәсімі
      94-12-бап. Экологиялық (жасыл) инвестициялар»;
      жүз жиырма үшінші абзацтағы «106-бап. Халықаралық деңгейде квоталар саудасы» деген сөздер «106-бап. Алып тасталды.» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жүз жетпіс бірінші және жүз жетпіс екінші абзацтармен толықтырылсын:
      «145-1-бап. Мемлекеттік бақылау жасау желісін қорғау
      145-2-бап. Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің жұмысы»;
      мынадай мазмұндағы жүз сексен сегізінші – жүз тоқсан екінші абзацтармен толықтырылсын:
      «20-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік бағалау жүйесі
      158-1-бап. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу жүйесі
      158-2-бап. Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастры
      158-3-бап. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі
      158-4-бап. Верификация және валидация (детерминация), парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растау»;
      мынадай мазмұндағы үш жүз қырық бесінші абзацпен толықтырылсын:
      «288-1-бап. Қалдықтарды басқару бағдарламасы»;
      мынадай мазмұндағы үш жүз елуінші абзацпен толықтырылсын:
      «293-1-бап. Жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтарды сақтау кезіндегі экологиялық талаптар»;
      үш жүз алпыс сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «45-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен озонды бұзатын заттар саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу»;
      үш жүз жетпіс екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «313-бап. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды регламенттеу»;
      үш жүз жетпіс төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «314-1-бап. Қондырғыға қойылатын талаптар
      315-бап. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды мемлекеттік есепке алу»;
      үш жүз жетпіс алтыншы абзацтағы «317-бап. Парниктік газдарды мемлекеттік түгендеу және парниктік газдардың мемлекеттік кадастры» деген сөздер «317-бап. Алып тасталды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      үш жүз жетпіс жетінші абзацтағы «Парниктік газдар және озонды» деген сөздер «Озонды» деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      1. Осы Кодексте мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) атмосфераға ластаушы заттарды шығарудың жылжымалы көзі - әр түрлі отынмен жұмыс істейтін, ішкі жану қозғалтқыштарымен жарақтандырылған көлік құралдары, техника және өзге де жылжымалы құралдар мен қондырғылар;
      2) байқау пункті - қоршаған ортаның метеорологиялық, агрометеорологиялық және гидрологиялық сипаттамаларын байқаудың стационарлық немесе жылжымалы пункті;
      3) белгіленген мөлшер - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелер шеңберінде айқындалған парниктік газдар сіңірулері ескерілген, парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлемі;
      4) белгіленген мөлшер бірлігі - Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасы үшін парниктік газдар шығарындыларының көлемін айқындауға пайдаланылатын көміртегі бірлігі;
      5) биологиялық әртүрлiлiк - бiр түр аясындағы, түрлер арасындағы және экологиялық жүйелердегi жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi объектiлерiнiң әртүрлiлiгi;
      6) биологиялық ресурстар - генетикалық ресурстар, организмдер немесе олардың бөлiктерi, популяциялар немесе экологиялық жүйелердiң адамзат үшiн нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар кез келген басқа да биотикалық компоненттерi;
      7) бірлесіп жүзеге асыру тетігі - парниктік газдар шығарындыларын шектеу және (немесе) азайту бойынша сандық міндеттемелері бар елдердің заңды тұлғалары арасында көміртегі бірліктерін беруге мүмкіндік беретін, Қазақстан Республикасының бірлесіп жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі халықаралық шарттарында көзделген рәсім;
      8) валидация (детерминация) - аккредиттелген тәуелсіз ұйым жүзеге асыратын, парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру жөніндегі жобаларды әзірлеу шеңберінде жобалық шешімдер мен құжаттамалардың әдістемелерін пайдаланудың және оларды дайындау тәртібінің Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру;
      9) верификация - парниктік газдар шығарындыларын азайту саласында қабылданған ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес аккредиттелген тәуелсіз ұйым жүзеге асыратын, парниктік газдар шығарындыларының көлемін азайтуға қатысты деректерді растау процесі;
      10) генетикалық түрлендiрiлген организмдер - тұқым қуалайтын генетикалық материалдың өсiмiн молайтуға немесе оларды беруге қабiлеттi, табиғи организмдерден ерекшеленетін, гендiк инженерия әдiстерi қолданыла отырып алынған және құрамында гендiк-инженерлiк материал (гендер, олардың фрагменттерi немесе гендер комбинациясы) бар организмдер;
      11) генетикалық түрлендiрiлген өнiмдер - құрамында жансыз генетикалық түрлендiрiлген организмдер немесе олардың компоненттерi бар, гендiк инженерия әдiстерi пайдаланыла отырып, өсiмдiктерден және (немесе) жануарлардан алынған өнiмдер;
      12) ең озық қолжетiмдi технологиялар - қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн қамтамасыз етуге дейiн шаруашылық қызметтiң қоршаған ортаға терiс әсерiнiң деңгейiн азайтуға бағытталған, ұйымдастыру және басқару шараларын қамтамасыз ететiн, пайдаланылатын және жоспарланатын салалық технологиялар, техника мен жабдық;
      13) жойылуы қиын органикалық ластауыштар - ыдырауға төзімді, биожинақтағыштығымен сипатталатын және ауа, су және көшпелі түрлері арқылы трансшекаралық таралу объектісі болып табылатын, сондай-ақ құрлық экожүйелерінде және су экожүйелерінде жинақтала келіп, өздерінің шығарынды көздерінен алыс қашықтықта шөгетін, тірі организмдердің иммундық, эндокриндік жүйесінің бұзылуына және онкологиялық ауруларды қоса алғанда, түрлі ауруларға алып келетін неғұрлым қауіпті органикалық қосылыстар;
      14) квота бірлігі - квота көлемін есептеу үшін қолданылатын көміртегі бірлігі;
      15) коммуналдық қалдықтар - елдi мекендерде, оның iшiнде адамның тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде түзілген тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен түзілу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндiрiс қалдықтары;
      16) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган – коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру мәселелері бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      17) көміртегі бірлігі - көміртегі қостотығының бір тоннасына тең келетін есептік бірлік;
      18) көміртегі бірліктері мемлекеттік тізілімінің операторы - көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым;
      19) көміртегі бірліктерінің қайталама айналымы - парниктік газдар шығарындылары нарығы субъектілерінің арасында көміртегі бірліктерін беру, сату және басқа да айналымы процесінде қалыптасатын құқықтық қатынастар;
      20) көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі - көміртегі бірліктерін айналымға енгізуге, сақтауға, беруге, сатып алуға, резервке қоюға, жоюға, айналымнан шығаруға байланысты операцияларды есепке алу жүйесі;
      21) қалдықтарды есепке алу - қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамалары және олармен жұмыс iстеу тәсiлдерi туралы ақпаратты жинау және беру жүйесi;
      22) қалдықтарды жою - қалдықтарды көму және жою жөнiндегi операциялар;
      23) қалдықтарды залалсыздандыру - механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу арқылы қалдықтардың қауiптi қасиеттерiн азайту немесе жою;
      24) қалдықтарды кәдеге жарату - қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретiнде пайдалану;
      25) қалдықтарды көму - қалдықтарды қауiпсiз сақтау үшiн арнайы белгiленген орындарда шектеусiз мерзiм iшiнде жинап қою;
      26) қалдықтардың түрi - шығу көзiне, қасиеттерiне және жұмыс iстеу технологиясына сәйкес ортақ белгiлерi бар, қалдықтар сыныптауышы негiзiнде айқындалатын қалдықтар жиынтығы;
      27) қалдықтарды орналастыру - өндiрiс және тұтыну қалдықтарын сақтау немесе көму;
      28) қалдықтарды өңдеу - сұрыптауды қоса алғанда, қалдықтардан кейіннен тауарларды немесе өзге де өнімдерді өндіру (дайындау) үшін пайдаланылатын шикізат және (немесе) өзге де материалдар алуға, сондай-ақ қалдықтармен жұмыс iстеудi жеңiлдету, олардың көлемiн немесе қауiптi қасиеттерiн азайту мақсатында қалдықтардың қасиеттерін өзгертуге бағытталған физикалық, химиялық немесе биологиялық процестер;
      29) қалдықтарды сақтау - қалдықтарды кейiннен кәдеге жарату, қайта өңдеу және (немесе) жою үшін арнайы белгіленген орындарда жинап қою;
      30) қалдықтарды сыныптау - қалдықтардың қоршаған ортаға және адам денсаулығына қауiптiлiгiне сәйкес оларды деңгейге жатқызу тәртiбi;
      31) қалдықтармен жұмыс iстеу - қалдықтардың түзілуінің алдын алуды және оларды барынша азайтуды, қалдықтарды есепке алу мен бақылауды, олардың жиналып қалуын, сондай-ақ қалдықтарды жинауды, қайта өңдеудi, кәдеге жаратуды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды (жинап қоюды) және жоюды қоса алғанда, қалдықтармен байланысты қызмет түрлерi;
      32) қалдықтар сыныптауышы - қалдықтарды сыныптау нәтижелерi қамтылған, қолданбалы сипаттағы ақпараттық-анықтамалық құжат;
      33) қауiптi емес қалдықтар - қауiптi қасиеті жоқ қалдықтар;
      34) қауiптi қалдықтар - құрамында қауiптi қасиеттерi (уыттылығы, жарылыс қаупi, радиоактивтiлiгi, өрт қаупi, жоғары реакциялық қабiлетi) бар зиянды заттарды қамтитын және дербес немесе басқа заттармен қосылған кезде қоршаған ортаға және адамның денсаулығына тiкелей немесе ықтимал қауiп төндiретiн қалдықтар;
      35) қауiптi қалдықтар паспорты - қалдықтардың шығу көзi бойынша пайда болу процестерiнiң, олардың сандық және сапалық көрсеткiштерiнiң, олармен жұмыс iстеу қағидаларының, оларды бақылау әдiстерiнiң, осы қалдықтардың қоршаған ортаға, адам денсаулығына және (немесе) тұлғалар мүлкiне зиянды әсер ету түрлерiнiң стандартталған сипаттамасы, қалдықтарды шығарушылар, меншiгiнде қалдықтар бар өзге де тұлғалар туралы мәлiметтер қамтылған құжат;
      36) қауіпті химиялық заттар - адам денсаулығына және қоршаған ортаға тікелей немесе ықтимал зиянды әсер ете алатын қасиеттері бар заттар;
      37) қолайлы қоршаған орта - жай-күйi экологиялық қауiпсiздiктi және халықтың денсаулығын сақтауды, биологиялық әртүрлiлiктi сақтауды, ластануды болғызбауды, экологиялық жүйелердiң тұрақты жұмыс iстеуiн, табиғи ресурстарды молықтыруды және тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ететiн қоршаған орта;
      38) қондырғы - парниктік газдар шығарындыларының нақты көзі;
      39) қондырғы операторы - жұмыс істеуі парниктік газдар шығарындыларын көздейтін, Қазақстан Республикасы аумағында меншігінде немесе заңды пайдалануында қондырғысы бар заңды тұлға;
      40) қондырғы паспорты - парниктік газдар шығарындыларын жүзеге асыратын қондырғының географиялық орналасқан жері туралы деректерді, пайдаланылатын технологияның қызмет түрлері мен сипаттамаларын, шығарындылардың базалық көлемі мен оларды есептеу әдістемесін, сондай-ақ мониторинг жоспары мен қондырғыларды есепке алу үшін қажетті өзге де мәліметтерді қамтитын құжат;
      41) қоршаған орта - атмосфералық ауаны, Жердiң озон қабатын, жер бетiндегi және жер астындағы суларды, жердi, жер қойнауын, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн, сондай-ақ олардың өзара іс-әрекетiнен туындайтын климатты қоса алғанда, табиғи және жасанды объектiлердiң жиынтығы;
      42) қоршаған ортаға келтiрiлетiн залал - табиғи ресурстардың жұтаңдануы мен сарқылуын немесе тiрi организмдердiң қырылуын туындатқан немесе туындататындай етiп қоршаған ортаны ластау немесе табиғи ресурстарды белгiленген нормативтерден артық алу;
      43) қоршаған ортаға эмиссиялар - ластаушы заттардың шығарындылары, төгiндiлерi, қоршаған ортада өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, зиянды физикалық әсер ету, күкіртті қоршаған ортада ашық түрде орналастыру және сақтау;
      44) қоршаған ортаға эмиссияларға арналған лимиттер - қоршаған ортаға белгiлi бiр мерзiмге белгiленетiн эмиссиялардың нормативтiк көлемi;
      45) қоршаған ортаға эмиссияларға квота - нақты табиғат пайдаланушыға белгiлi бiр мерзiмге бөлiнетін қоршаған ортаға эмиссияларға арналған лимиттiң бөлiгi;
      46) қоршаған ортаны қорғау - қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтiруге, шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған ортаға терiс әсерiн болғызбауға және оның зардаптарын жоюға бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық шаралар жүйесi;
      47) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган - қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыру мәселелерi бойынша басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ оның аумақтық органдары;
      48) қоршаған ортаны ластау - қоршаған ортаға ластаушы заттардың, радиоактивтi материалдардың, өндiрiс және тұтыну қалдықтарының түсуi, сондай-ақ шудың, тербелiстердiң, магнит өрiстерiнiң және өзге де зиянды физикалық әсерлердiң қоршаған ортаға әсері;
      49) қоршаған ортаның авариялық ластануы - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыруы кезiнде болған авариядан туындаған және зиянды заттарды атмосфераға шығару және (немесе) суға ағызу салдары немесе жер бетi учаскесiнде, жер қойнауында қатты, сұйық немесе газ түрiндегi ластаушы заттардың жайылуы немесе иiстiң, шудың, тербелiстiң, радиацияның пайда болуы немесе сол уақыттағы жол берiлетiн деңгейден асатын электромагниттiк, температуралық әсер ету, жарықтың әсерi немесе өзге де физикалық, химиялық, биологиялық зиянды әсер ету арқылы қоршаған ортаны кенеттен абайсызда ластауы;
      50) қоршаған ортаның ластану учаскелерi - жер бетін, жер қойнауын және жерасты суларын ластауды болдырмайтын, қалдықтарды орналастыру және сарқынды суларды ағызу үшін жабдықталған және соған арналған объектілерді қоспағанда, белгiленген нормативтерден артық қауiптi химиялық заттармен ластанған жер бетiнiң шектеулi учаскелерi және су объектiлерiнiң учаскелерi;
      51) қоршаған ортаның сапасы - қоршаған орта жай-күйінің сипаттамасы;
      52) қоршаған орта сапасының нормативтерi - қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы жай-күйiн сипаттайтын көрсеткiштер;
      53) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi - қоршаған ортаның сапасын бiртiндеп жақсарту қажеттiгiн ескере отырып, қоршаған ортаның белгiлi бiр уақыт кезеңiне нормаланатын параметрлерiнiң шектi деңгейiн сипаттайтын көрсеткiштер;
      54) мекендеу ортасы – қандай да бір организмнiң немесе популяцияның табиғи мекендейтiн жерiнiң тұрпаты немесе орны;
      55) мемлекеттік бақылау жасау желісі - қоршаған ортада болып жатқан физикалық және химиялық процестерді қадағалауға, оның метрологиялық, климаттық, аэрологиялық, гидрологиялық, гелиогеофизикалық, агрометеорологиялық сипаттамаларын айқындауға арналған қадағалаудың стационарлық және жылжымалы пункттер, зертханалар, орталықтар жүйесі;
      56) мемлекеттiк экологиялық бақылау - уәкiлеттi органның өз құзыретi шегiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметi;
      57) озонды бұзатын заттар - өз бетінше немесе қоспада болатын, шаруашылық және өзге қызметте пайдаланылатын не осы қызметтің өнімі болып табылатын және озон қабатына зиянды әсер етуі мүмкін химиялық зат;
      58) озонды бұзатын заттарды залалсыздандыру - озон қабатын қоса алғанда, қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтін, үнемі түрленуіне немесе компоненттерге бөлінуіне әкелетіндей бұзу арқылы озонды бұзатын заттардың қауіпті қасиеттерін жою;
      59) озонды бұзатын заттарды кәдеге жарату - қалпына келтіруге болмайтын озонды бұзатын заттарды қайтадан пайдалану немесе залалсыздандыру мақсатында, оларға техникалық қызмет көрсету барысында немесе есептен шығару алдында тетіктерден, жабдықтардан, контейнерлерден және басқа да құрылғылардан алынатын озонды бұзатын заттарды жинауға және сақтауға бағытталған іс-шаралар кешені;
      60) өндіріс қалдықтары - шикізаттың, материалдардың, өзге де бұйымдар мен өнімдердің өндіріс процесінде түзілген және бастапқы тұтыну қасиетін толық немесе ішінара жоғалтқан қалдықтары;
      61) өндiрiс пен тұтынудың орнықты моделi - қайта жаңартылмайтын ресурстарды тұтынуды азайту, қайта жаңартылатын ресурстарды қалпына келтiру және қоршаған ортаның антропогендiк ластануын азайту кезiнде өндiрiстiң өсуiмен сипатталатын әлеуметтiк-экономикалық модель;
      62) парниктік газдар - атмосфераның табиғи және (немесе) антропогендік түрде шығатын, жылу беретін инфрақызыл сәулені сіңіретін және (немесе) оның шығу көзі болып табылатын, газ тәрізді құрамдас бөліктері;
      63) парниктік газдарды сіңіру бірлігі - парниктік газдардың сіңірілуін есептеу үшін қолданылатын көміртегі бірлігі;
      64) парниктік газдарды түгендеу - парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің көлемін айқындау;
      65) парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастры - парниктік газдар шығарындылары көздерін, олар шығарған шығарындылар мөлшерін, сондай-ақ қондырғы операторы үшін белгіленген шекара шегіндегі парниктік газдар сіңірулері мөлшерін есепке алу жүйесі;
      66) радиоактивтi қалдықтар - мөлшерi мен жинақталуы Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында белгiленген радиоактивтi заттар үшiн регламенттелген мәндерден асатын радиоактивтi заттарды қамтитын қалдықтар;
      67) сараптама объектiсiн iске асыру - жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасында көзделген шешiмдерге сәйкес өнеркәсiптiк және өзге де объектiлердi салу, пайдалану, жою, қызметтер көрсету, бұйымдар мен технологиялардың шаруашылық айналымға түсуi жөнiндегi жұмыстардың басталуы мен жүргізілу барысы, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актiнiң қолданысқа енгiзiлуi, сараптама объектiсiнiң өзге де нақты жүзеге асырылуы;
      68) сарқынды сулар - өндірістік немесе тұрмыстық мұқтаждықтарға пайдаланылған және бұл ретте олардың бастапқы құрамын немесе физикалық қасиеттерін өзгерткен қосымша қоспа (кір) қосылған сулар. Атмосфералық жауын-шашын түскен сәтте елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумағынан, көшелерге су себу кезінде немесе одан кейін ағатын сулар, пайдалы қазбаларды өндіру кезінде пайда болған сулар да сарқынды сулар болып есептеледі;
      69) су объектілері - құрлық бетінің рельефінде және жер қойнауында шоғырланған, шекаралары, көлемі мен су режимі бар сулар;
      70) сұйық қалдықтар – сарқынды сулардан басқа сұйық түрдегі кез келген қалдықтар;
      71) табиғат пайдаланушы - табиғи ресурстарды пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      72) табиғи объектiлер - шекарасы, көлемi және тiршiлiк режимi бар табиғи объектiлер;
      73) табиғи ресурстар - тұтыну құндылығы бар табиғи объектiлер: жер, жер қойнауы, су, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi;
      74) табиғи ресурстарды қорғау - табиғи ресурстардың әрбiр түрiн олардың тұтыну қасиеттерiн жоғалтуға әкеп соғатын тиiмсiз пайдаланудан, құрып кетуден, жұтаңданудан қорғауға бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық шаралар жүйесi;
      75) табиғи ресурстардың сарқылуы - табиғи ресурстар қорларының сандық және сапалық сипаттамаларының iшiнара немесе толық жоғалуы;
      76) таза даму тетігі - парниктік газдар шығарындыларын шектеу және (немесе) азайту бойынша сандық міндеттемелері жоқ елдер аумағында парниктік газдар шығарындыларын шектеу және (немесе) азайту бойынша сандық міндеттемелері бар елдердің заңды тұлғалары қаржыландыратын, парниктік газдар шығарындыларын шектеу және (немесе) азайту жөніндегі жобаларды жүзеге асыру тетігі;
      77) тәуелсіз ақпарат беруші - парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласында жобалық тетіктерді есепке алу, мониторингтеу және іске асыру жөніндегі кәсіби қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
      78) тұрмыстық қатты қалдықтар - қатты нысандағы коммуналдық қалдықтар;
      79) тұтыну қалдықтары - өнімдерді, бұйымдарды және өзге де заттарды тұтыну немесе пайдалану процесінде түзілген қалдықтар, сондай-ақ өзінің бастапқы тұтыну қасиеттерін толық немесе ішінара жоғалтқан тауарлар (өнім);
      80) шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрi - нәтижесiнде қоршаған ортаны авариялық ластайтын немесе ластауы мүмкiн жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қызметi;
      81) шығарындылар квоталарымен сауда - парниктік газдар шығарындыларын азайтудың және сіңірудің нарықтық тетігі шеңберінде парниктік газдар шығарындылары квоталарын сатып алу және сату;
      82) шығарындыларды азайту бірлігі - бірлесіп жүзеге асыру тетігі шеңберінде жүзеге асырылатын жобаны іске асыру нәтижесінде алынған көміртегі бірлігі;
      83) шығарындылардың сертификатталған азайту бірлігі - таза даму тетігі шеңберінде жүзеге асырылатын жобаны іске асыру нәтижесінде алынған көміртегі бірлігі;
      84) шығарындыларды ішкі азайту бірлігі - парниктік газдар шығарындыларын азайтудың және (немесе) сіңірудің ішкі жобаларын іске асыру нәтижесінде қол жеткізілген, парниктік газдар шығарындыларын азайтудың және (немесе) сіңірудің көлемін айқындау мақсатында қолданылатын көміртегі бірлігі;
      85) экологиялық ағарту iсi - қоғамда экологиялық мәдениет негiздерiн қалыптастыру мақсатында экологиялық бiлiмді, қоршаған ортаның, табиғи ресурстардың жай-күйi, экологиялық қауiпсiздiк туралы ақпаратты тарату;
      86) экологиялық аудит – аудиттелетiн субъектiлердiң шаруашылық және өзге де қызметiн экологиялық тәуекелдердi анықтау мен бағалау және олардың қызметiнiң экологиялық қауiпсiздiк деңгейiн арттыру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеуге бағытталған тәуелсiз тексеру;
      87) экологиялық бiлiм беру - жеке адамның қоршаған ортаның жай-күйi үшiн экологиялық жауапкершiлiгiн қамтамасыз ететiн бiлiм мен дағды жүйесiн, құндылық бағдарларын, адамгершілік-эстетикалық көзқарасын қалыптастыруға бағытталған, жеке адамды тәрбиелеудiң, оқытудың, оның өз бетінше бiлiм алуының және дамуының үздiксiз процесi;
      88) экологиялық (жасыл) инвестициялар - бірліктердің белгіленген мөлшерін беруден, Парниктік газдар шығарындаларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервін басқарудан алынған қаражатты парниктік газдар шығарындыларын азайтуға немесе сіңірілуін арттыруға бағытталған жобаларға, бағдарламаларға және іс-шараларға инвестициялау;
      89) экологиялық жүйе (экожүйе) - бiрыңғай функционалдық тұтастық ретiнде өзара іс-әрекет ететін организмдердiң және олар мекендейтiн тіршіліксіз ортаның өзара байланысты жиынтығы;
      90) экологиялық қауiп - антропогендiк және табиғи әсерлер ықпалынан, оның iшiнде дүлей зiлзалаларды қоса алғанда, зiлзалалар мен апаттар салдарынан қоршаған ортаның жай-күйi бұзылуының, өзгеруiнiң болуымен немесе ықтималдығымен сипатталатын, жеке адам мен қоғамның өмiрлiк маңызы бар мүдделерiне қауiп төндiретiн жай-күй;
      91) экологиялық қауiпсiздiк - қоршаған ортаға антропогендiк және табиғи әсер ету нәтижесiнде туындайтын қатерлерден жеке адамның, қоғамның және мемлекеттiң өмiрлiк маңызы бар мүдделерi мен құқықтарының қорғалуының жай-күйi;
      92) экологиялық қауiптi объект - салынуы және қызметi адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсерiн тигiзуi мүмкiн немесе зиянды әсерiн тигiзетiн шаруашылық объектiсi және өзге де объект;
      93) экологиялық қауiптi техника мен жабдық - шаруашылық немесе өзге де қызметте пайдаланылатын және қоршаған ортаға қауiп төндiретiн тетіктер, машиналар, құрылғылар, аспаптар;
      94) экологиялық қауiптi технологиялар - өндiрiс процесiнде жүзеге асырылатын және қоршаған ортаға қауiп төндiретiн шикiзатты, материалды немесе жартылай фабрикатты өңдеу, жасау, олардың жай-күйiн, қасиеттерiн, нысанын өзгерту әдiстерiнiң жиынтығы;
      95) экологиялық менеджмент - қоршаған ортаны қорғауды әкiмшiлiк басқару, ол кәсiпорынның экологиялық саясатын әзiрлеуге, енгiзуге, орындауға, талдауға және қолдауға арналған ұйымдастыру құрылымын, жоспарлауды, жауапкершiлiктi, әдiстердi, рәсiмдердi, процестер мен ресурстарды қамтиды;
      96) экологиялық мониторинг - қоршаған ортаның жай-күйiн және оған әсер етудi жүйелi түрде қадағалау мен бағалау;
      97) экологиялық нормалау - қағидалардың (нормалардың) және олардағы қамтылған қоршаған орта жай-күйiнiң және оған әсер ету дәрежесiнiң сандық және сапалық көрсеткiштерiнің (нормативтерiнің) жүйесi;
      98) экологиялық рұқсат - жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру құқығын куәландыратын құжат;
      99) экологиялық сараптама - көзделiп отырған шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған орта сапасының нормативтерiне және экологиялық талаптарға сәйкестiгiн белгiлеу, сондай-ақ осы қызметтiң қоршаған ортаға тигiзуi мүмкiн қолайсыз әсерлерiнiң және олармен байланысты әлеуметтiк салдарлардың алдын алу мақсатында экологиялық сараптама объектiсiн iске асыруға жол берiлуiн айқындау;
      100) экологиялық таза өнiм белгiсi - таңбаланған өнiмнiң экологиялық таза өнiм стандарттарына сәйкестiгiн растайтын тiркелген белгi;
      101) экологиялық талаптар - осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi мен нормативтiк-техникалық құжаттарында қамтылған, қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына терiс әсер ететін шаруашылық және өзге де қызметтi шектеу және оларға тыйым салу;
      102) экологиялық таңбалау - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен сәйкестiгi растаудан өткен өнiмге экологиялық таза өнiм белгiсiн беру;
      103) экологиялық тәуекел - белгiлi бiр факторлардың әсері салдарынан қоршаған орта және (немесе) табиғи объектiлер жай-күйiнiң қолайсыз өзгерiстерге ұшырау ықтималдығы;
      104) эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi - ел экономикасы үшiн қолдануға болатын шығындар кезiнде қоршаған ортаға эмиссияларды нақты техникалық құралдармен қамтамасыз ету мүмкiндiгiн негiзге ала отырып айқындалатын, олардың уақыт бiрлiгiндегі немесе шығарылатын өнiм бiрлiгiндегі немесе басқа да көрсеткiштердегі шамалары;
      105) эмиссиялар нормативтерi - қоршаған орта сапасы нормативтерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге жол берiлетiн эмиссиялар көрсеткiштерi.»;

      3) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) - 7-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «7-1) парниктік газдар шығарындыларын квоталауды;
      7-2) парниктік газдарды түгендеуді;
      7-3) парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңірудің нарықтық тетігін белгілеуді;
      7-4) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің нақты көлемінің мониторингі жүйесін;»;

      4) 16-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттары бойынша міндеттемелерін орындау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;»;
      2) тармақша алып тасталсын;
      5) тармақша «қорғау жөнiндегi» деген сөздерден кейін «сондай-ақ, гидрометеорология, климатты және Жердің озон қабатын қорғау саласындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
      7) тармақшаның тоғызыншы абзацындағы «қағидаларын бекітеді.» деген сөздер «қағидаларын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы оныншы – он бесінші абзацтармен толықтырылсын:
      «Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарын;
      парниктік газдарды түгендеу мониторингі мен оған бақылау жасау тәртібін;
      парниктік газдар шығарындалары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыру тәртібін;
      қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу қағидаларын;
      Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын;
      Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;»;
      9) тармақшада:
      төртінші абзац алып тасталсын;
      алтыншы абзацтағы «парниктік газдарды атмосфераға шығаруды және» деген сөздер алып тасталып, «тұтыну көздерін» деген сөздер «тұтынуды» деген сөзбен ауыстырылсын;
      оныншы абзацтағы «тәртібін белгілейді.» деген сөздер «тәртібін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он бірінші – он алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
      «мемлекеттік реттеу объектілері болып табылатын парниктік газдар тізбесін;
      белгіленген мөлшердің бір бөлігін, парниктік газдар шығарындыларын азайту бірліктерін, шығарындыларының сертификатталған азайту бірліктерін, сіңірулерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген басқа да туынды бірліктерді құру және айналымы тәртібін;
      парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіруге бағытталған жобаларды қарау, мақұлдау және іске асыру тәртібін;
      белгіленген мөлшер резерві мен Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервін қалыптастыру тәртібін;
      парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру тәртібін;
      экологиялық (жасыл) инвестицияларды іске асыру тәртібін белгілейді;»;
      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «11-1) жобаларды іске асыру кезінде алынған парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру бірліктерінің бөлігін басқа елдердің тізіліміне беруді және (немесе) оларды квоталардың белгіленген мөлшер резервіне немесе Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервіне беруді шектеу туралы шешім қабылдайды.»;

      5) 17-бапта:

      «1-1) республикалық деңгейде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, сондай-ақ гидрометеорология, климатты және Жердің озон қабатын қорғау саласында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді;»;
      8) тармақшадағы «экологиялық» деген сөздің алдынан «өз құзыреті шегінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      13) тармақша алып тасталсын;
      20) тармақшадағы «Парниктік газдардың мемлекеттік кадастрын және» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 20-1) - 20-3), 28-2) - 28-8) тармақшалармен толықтырылсын:
      «20-1) көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;
      20-2) парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;
      20-3) қалдықтарды кәдеге жаратуды ынталандыру және олардың түзілу көлемін азайту жөніндегі іс-шаралар тізбесін айқындайды;»;
      «28-2) парниктік газдарды түгендеу мониторингі мен оған бақылау жасау тәртібін әзірлейді;
      28-3) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асырудың тәртібін әзірлейді;
      28-4) Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарын әзірлейді;
      28-5) парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу тәртібін әзірлейді;
      28-6) қалдықтарды басқару бағдарламаларын әзірлеу тәртібін әзірлейді;
      28-7) Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді;
      28-8) Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді;»;
      29) тармақшада:
      сегізінші және он екінші абзацтар алып тасталсын;
      он үшінші абзацтағы «талаптарды белгілейді.» деген сөздер «талаптарды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он төртінші – жиырма төртінші абзацтармен толықтырылсын:
      «парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру тәртібін;
      парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу тәртібін және олар жүзеге асырылуы мүмкін экономика салалары мен секторларының тізбесін;
      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде квоталар бірліктерін және өзге де көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру тәртібін;
      парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау тәртібін;
      сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу тәртібін;
      қондырғы паспортының нысанын;
      парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысанын;
      парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау тәртібін;
      парниктік газдар шығарындыларын, шығарындыларын азайтуды және сіңіруді есептеу әдістемесін;
      жойылуы қиын органикалық ластауыштармен және олар құрамында бар қалдықтармен жұмыс істеу қағидаларын;
      көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін белгілейді;»;
      30) тармақшада:
      үшінші абзац алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      «парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңірудің нарықтық тетігінің субъектілері үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталарды белгілейді;»;
      мынадай мазмұндағы 36-1) - 36-4), 38-1) – 38-6) тармақшалармен толықтырылсын:
      «36-1) Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттарын іске асыруды жүзеге асырады;
      36-2) Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттарын іске асыру жөніндегі жұмыс органын айқындайды;
      36-3) Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру жөніндегі жобаларды мақұлдайды;
      36-4) парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру саласында кәсіби верификациялық және валидациялық (детерминациялық) қызметті, сондай-ақ парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауды жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттейді;»;
      «38-1) Қазақстан Республикасының табиғи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі халықаралық шарттарын іске асыру бойынша орталық атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді;
      38-2) Қазақстан Республикасының жойылуы қиын органикалық ластауыштар туралы халықаралық шарттарын іске асыруды ұйымдастырады;
      38-3) Қазақстан Республикасының халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негізделген келісім рәсімі туралы халықаралық шарттарын іске асыру жөніндегі ұлттық органның функциясын жүзеге асырады;
      38-4) метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізу үшін нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді;
      38-5) қоршаған ортаға эмиссияларды есептеу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді, қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін есептеу үшін бағдарламалық кешендерді қолдануды келіседі;
      38-6) Қазақстан Республикасының жойылуы қиын органикалық ластауыштар туралы, қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және олардың жойылуын бақылау туралы және халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты негізделген алдын ала келісім рәсімі туралы халықаралық шарттарының міндеттемелерін орындау шеңберінде, жойылуы қиын органикалық ластауыштарды қоса алғанда, қауіпті химиялық заттарды мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады.»;

      6) 19-бапта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) қоршаған орта сапасының әкімшілік-аумақтық бірлік шегіндегі нысаналы көрсеткiштерiн өз құзыретi шегiнде бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) аумақтарды дамыту бағдарламаларын және парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру жөніндегі жобаларды бекітеді;»;

      7) 20-бапта:
      3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-1) өз құзыреті шегінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар береді, оларда қоршаған ортаға эмиссияларға лимиттер белгілейді;»;
      мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
      «18) аумақтарды дамыту бағдарламаларын және парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру жөніндегі жобаларды әзірлейді және оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келіседі.»;

      8) 25-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «нормативтері жатады.» деген сөздер «нормативтері;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) күкіртті қоршаған ортада ашық түрде орналастыру нормативтері жатады.»;

      9) 26-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Атмосфераға ластаушы заттарды шығарудың жылжымалы көздері үшін эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері техникалық регламенттерде белгіленеді.»;

      10) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «27-бап. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгiндiлерiнiң
               жол берiлетiн шектi нормативтерi, өндіріс және
               тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері

      1. Парниктік газдар шығарындыларын қоспағанда, ластаушы заттар шығарындылары мен төгiндiлерiнiң жол берiлетiн шектi, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері қоршаған орта сапасының нормативтерiне қол жеткiзудi қамтамасыз ететiндей шартпен эмиссиялардың әрбiр стационарлық көзi және тұтастай кәсiпорын үшін есептеулер негiзiнде белгiленетiн эмиссиялардың шамалары болып табылады.
      2. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгiндiлерiнiң жол берiлетiн шектi нормативтерi, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері қоршаған ортаға эмиссияларға арналған рұқсаттар беру кезiнде стационарлық және жылжымалы көздер, технологиялық процестер мен жабдықтар үшін эмиссиялардың нормативтерінің есептеу мәндерiн, техникалық үлестік нормативтерінiң белгiленген мәндерiн қамтитын жобалар құрамында пайдаланылады. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгiндiлерiнiң жол берiлетiн шекте белгіленген қолданылу мерзімі, өндіріс және тұтыну қалдықтарын нормативтік орналастыру мерзімі жобаларда қамтылған нормативтерге берiлген мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысының қолданылу мерзiмiмен айқындалады.»;

      11) 28-баптың 1 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоршаған ортаға эмиссия нормативтері көзделген шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау құрамында не жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар үшін жеке құжаттар түрінде негізделеді.»;
      «6. Атмосфераға ластаушы заттар шығарудың жылжымалы көздерінен туындайтын эмиссия нормативтерi белгіленбейді. Шығарылған газдардағы атмосфералық ауаны ластайтын негiзгi заттардың шектi концентрациясы Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасымен айқындалады.»;

      12) мынадай мазмұндағы 34-1-баппен толықтырылсын:

      «34-1 бап. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері
                 саласындағы стандарттар

      1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның келісімімен Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация (детерминация) жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы стандарттарын қолдануға рұқсат ету және тану қағидалары мен өлшемдерін әзірлейді және бекітеді.
      2. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы мемлекеттік реттеу субъектілері өз қызметінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган таныған және рұқсат еткен стандарттарды басшылыққа алады.»;

      13) 38-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Тапсырыс беруші мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдарының дәйектілігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.»;

      14) 39-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы «атмосфералық» деген сөздің алдынан «парниктік газдар шығарындыларының әсерін қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;

      15) 41-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «, ниеті туралы декларацияны» деген сөздер алып тасталсын;

      16) 47-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Парниктік газдар шығарындылары мемлекеттік экологиялық сараптама объектісі болып табылмайды.»;

      17) 51-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік экологиялық сараптаманың міндетті сипаты болады және табиғат пайдалану мен қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсер ету тұрғысынан құқықтық, ұйымдастырушылық және шаруашылық шешімдерді қабылдаудан бұрын жүргізілуге тиіс. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болмаса, жобаны іске асыруға тыйым салынады.»;
      3-тармақтағы «ол белгiлеген мерзiмде» деген сөздер алып тасталсын;

      18) 57-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін І және ІІ санаттағы объектілер үшін әзірленген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары қоғамдық тыңдауға шығаруға жатады.»;

      19) 60-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Парниктік газдар шығарындылары қоғамдық экологиялық сараптама объектісі болып табылмайды.»;

      20) 68-бап мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Эмиссиялардың барлық стационарлық көздерінен қоршаған ортаға эмиссияларды экологиялық рұқсатсыз жүзеге асыруға тыйым салынады.
      Парниктік газдар шығарындылары экологиялық рұқсаттың нысанасы болып табылмайды.»;

      21) 70-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру бөлігінде қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру кезінде табиғат пайдалану шарттарына қалдықтарды басқару бағдарламасының рұқсаттың қолданылу кезеңінде қалдықтар көлемінің азаюын және олардың қоршаған ортаға зиянды әсерінің төмендеуін бейнелейтін көрсеткіштері енгізіледі.
      Күкіртті орналастыру бөлігінде қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру кезінде табиғат пайдалану шарттарына рұқсаттың қолданылу кезеңінде күкірттің жинақталған көлемін азайту және оның қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету жөніндегі бағдарламаның көрсеткіштері енгізіледі.»;
      1-тармақтың 4) тармақшасындағы «iс-шаралар бағдарламасын» деген сөздер «іс-шаралар жоспарын» деген сөздермен ауыстырылсын;

      22) 71-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Өндірістік объектілердің санитариялық сыныпталуына сәйкес сыныпталмайтын қызмет түрлері ІІ санатқа жатады.»;
      3-тармақтағы «хабарлау декларациясының негізінде» деген сөздер алып тасталсын;

      23) 72-бапта:
      2-тармақта:
      2) тармақша алып тасталсын және 6) тармақшадағы «бағдарламасының жобасын;» деген сөздер «бағдарламасының жобасын қамтиды.» деген сөздермен ауыстырылып, 7) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Табиғат пайдаланушы өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру тұрғысынан қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін қалдықтарды басқару бағдарламасын да ұсынады.
      Мұнай операцияларын жүзеге асыратын табиғат пайдаланушы күкіртті орналастыру тұрғысынан қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін аумағында күкіртті орналастыру жүзеге асырылатын облыстың жергілікті атқарушы органымен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген, күкірттің жинақталған көлемін азайту және оның қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуді төмендету жөніндегі бағдарламаны да ұсынады.»;
      3-тармақтың 4) тармақшасындағы «бағдарламасының жобасын;» деген сөздер «бағдарламасының жобасын қамтиды.» деген сөздермен ауыстырылып, 5) тармақша алып тасталсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. IV санаттағы объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар үшiн қоршаған оpтаға эмиссияларға рұқсат алу үшiн құжаттар топтамасы:
      1) рұқсат алуға арналған өтінімді;
      2) қоршаған ортаға эмиссиялардың есептік немесе аспаптық жолмен белгіленген және негізделген нормативтерін қамтиды.»;
      5-тармақтағы «және хабарлау декларациясының» деген сөздер алып тасталсын;

      24) 73-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Табиғат пайдаланушы экологиялық рұқсатқа енгізілген табиғат пайдалану шарттарының орындалуы туралы есепті рұқсат берген органға тоқсан сайын ұсынып отыруға міндетті.»;

      25) 74-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Рұқсат алуға өтінім беру осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімнен кеш берілген жағдайда, рұқсаттың қолданылу мерзімі берілген күннен бастап есептеледі.
      Рұқсатта белгіленген эмиссиялар лимиттері, рұқсаттың қолданылу мерзімі ескеріле отырып, эмиссиялар нормативтеріне сәйкес болуға тиіс.»;

      26) 75-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Егер табиғат пайдаланушы рұқсат алуға қажетті өтінімді және қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін ұсынған болса, оған IV санаттағы объектiге қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат берiлуге тиiс.»;

      27) 77-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «77-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беруден бас
               тарту, оны тоқтата тұру, жою, одан айыру және қайта
               жалғастыру

      1. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беретiн органдар мынадай:
      1) рұқсат алу үшiн ұсынылған материалдар толық емес және дәйексіз болған;
      2) сұратылып отырған табиғат пайдалану шарттары осы Кодекстiң 73-бабында көрсетiлген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда рұқсат беруден бас тартады.
      2. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беруден бас тартуға байланысты даулар мен келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаралады.
      3. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
      Егер табиғат пайдаланушыға рұқсат бірнеше өндірістік объектілерге берілген жағдайда, рұқсаттың қолданылуы бұзушылыққа жол берілген объект бойынша тоқтатыла тұрады.
      4. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат берген орган оны жаңа рұқсат берiлген күннен бастап жояды.
      5. Табиғат пайдаланушыны қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады.»;

      28) 78-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресiмдеу қоршаған ортаға жүктемені арттыруға әкеп соқтырмайтын, табиғат пайдаланушының атауын немесе ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерткен, ол қайта ұйымдастырылған жағдайларда бір ай мерзімде жүзеге асырылады.»;

      29) 79-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Кешендi экологиялық рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру және одан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.»;

      30) 80-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Парниктік газдар шығарындылары экологиялық аудит жүргізу кезінде талдау нысанасы болып табылмайды.»;

      31) 89-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «89-бап. Экологиялық аудиторлар палатасы

      1. Экологиялық аудиторлар палатасы экологиялық аудиторлардың және мемлекеттік органдарда экологиялық аудиторлық ұйымдардың құқықтарын қорғау және заңды мүдделерін білдіру үшін құрылады.
      Экологиялық аудиторлар палатасы өз мүшелерінің жалпы жиналысында бекітілетін жарғысының негізінде әрекет ететін және мүшелік жарналар есебінен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден қаржыландырылатын коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіптік және өзін-өзі басқаратын ұйым болып табылады.
      2. Экологиялық аудиторлар палатасының негізгі міндеттері:
      1) экологиялық аудиторлардың қызметін материалдық-техникалық, анықтамалық-ақпараттық және әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету;
      2) экологиялық аудиторлық қызметтің жүзеге асырылуына кәсіби бақылауды ұйымдастыру болып табылады.
      3. Экологиялық аудиторлар палатасы экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдардың қызметін реттейді, халықаралық тәжірибе негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық аудит стандарттарын әзірлейді.
      4. Экологиялық аудиторлық ұйымдардың экологиялық аудиторлар палатасына мүшелігі міндетті болып табылады. Экологиялық аудиторлар экологиялық аудиторлық қызметті дара кәсіпкер ретінде жүзеге асырған жағдайда олар мүшелікке қабылданады.
      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге арналған лицензиясы болған кезде экологиялық аудиторлар палатасына қабылдаудан бас тартуға болмайды.
      5. Экологиялық аудиторлар палатасынан шығару:
      1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге арналған лицензиядан айырылған немесе оның қолданысы тоқтатылған;
      2) экологиялық аудитор немесе экологиялық аудиторлық ұйым Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын және нормаларын өрескел не бірнеше рет бұзған;
      3) экологиялық аудитор немесе экологиялық аудиторлық ұйым біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан өздерінің кәсіби міндеттерін орындай алмайтыны анықталған жағдайларда;
      4) экологиялық аудиторлар палатасының құрылтай құжаттарында көзделген өзге де жағдайларда жүргізіледі.
      6. Экологиялық аудиторды немесе экологиялық аудиторлық ұйымды осы баптың 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша шығару қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның талап-арызы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылатын, экологиялық аудиторлық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданылуын тоқтатуға әкеп соғады.»;

      32) мынадай мазмұндағы 9-1-тараумен толықтырылсын:

      94-1-бап. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері
                саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі ережелері

      Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласында мемлекеттік реттеу:
      1) табиғат пайдаланушыларға парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлуді;
      2) парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңірулерінің нарықтық тетіктерін белгілеуді;
      3) табиғат пайдаланушыларды әкімшілендіруді қамтиды.

      1. Қызметін экономиканың мұнай-газ, энергетика, тау-кен металлургиясы, химия салаларында, ауыл шаруашылығында және көлікте жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылардың парниктік газдар шығарындыларын жылына көміртегі қостотығының жиырма мың тоннасына тең келетін мөлшерден асатын парниктік газдар шығарындыларына квоталар алмай қызметті жүзеге асыруына тыйым салынады.
      2. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына сәйкес беріледі.
      3. Табиғат пайдаланушы есепті кезең ішінде жұмыс істеп тұрған әрбір қондырғыға парниктік газдар шығарындыларының көлеміне квота алады.
      4. Парниктік газдар шығарындыларына квота қондырғы паспортының деректері негізінде айқындалады және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін парниктік газдар шығарындыларына сертификатта жазылады.
      5. Табиғат пайдаланушыларға, осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті кезеңдегі парниктік газдар шығарындыларына сертификатта белгіленген квотадан асып түсуге тыйым салынады.
      6. Табиғат пайдаланушылар есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға есепті кезеңдегі парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің нақты көлемі туралы есепті, сондай-ақ сатып алынған және иеліктен шығарылған квоталар бірлігі, жобаларды іске асыру нәтижесінде алынған және берілген көміртегі бірліктері туралы мәліметтерді ұсынуға тиіс.
      7. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар белгіленген көлемнен асып түскен жағдайда табиғат пайдаланушы парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі өз міндеттемелерін парниктік газдар шығарындыларына квоталардың белгіленген көлемінің резерві бар басқа табиғат пайдаланушыдан сатып алған квоталар бірліктерімен және (немесе) жобаларды іске асыру нәтижесінде алынған көміртегі бірліктерімен өтеуге құқылы.
      8. Егер табиғат пайдаланушыда парниктік газдар шығарындыларына квоталардың белгіленген көлемімен және парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі міндеттемелерімен салыстырғанда парниктік газдар шығарындыларына квоталар резерві бар болған жағдайда, ол квоталар бірліктерін басқа табиғат пайдаланушыларға сата алады.
      Белгіленген көлеммен салыстырғанда өндірісті азайту есебінен алынған квоталар резерві сауда нысанасы болып табылмайды.
      9. Табиғат пайдаланушылар парниктік газдар шығарындыларына квоталар алу және көміртегі бірліктерінің саудасына қатысу мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға тәуелсіз аккредиттелген ұйым растаған мынадай құжаттарды ұсынуға міндетті:
      1) есепті жыл үшін парниктік газдарды түгендеу туралы есеп;
      2) қондырғы паспорты;
      3) парниктік газдар шығарындыларын азайту бағдарламасы;
      4) парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі жобаларды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары.

      94-3-бап. Парниктік газдар шығарындыларына арналған сертификат

      1. Парниктік газдар шығарындыларына сертификат табиғат пайдаланушыға парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі өз міндеттемелерін орындау және көміртегі бірліктерінің саудасына қатысу мақсатында берілетін парниктік газдар шығарындыларының рұқсат етілген көлемін белгілейтін құжат болып табылады.
      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 94-2-бабының 9-тармағында көзделген құжаттарды алған күннен бастап бір ай мерзімде қондырғыдан (қондырғылардан) не оның бөліктерінен шыққан парниктік газдар шығарындыларына құқық беретін сертификат береді.
      Парниктік газдар шығарындыларына сертификат бір оператор басқаратын, сол бір өнеркәсіптік алаңдағы бір немесе бірнеше қондырғыға берілуі мүмкін.
      3. Сертификат мынадай ақпаратты қамтиды:
      1) қондырғы операторының атауы және мекенжайы;
      2) қызмет түрлерінің сипаттамасы және парниктік газдар шығарындылары квоталарының көлемі;
      3) қондырғыға қолданылатын мониторинг стандарты көрсетілген мониторингке қойылатын талаптар;
      4) есептілікке қойылатын талаптарды, сондай-ақ сертификатты және осы қондырғының парниктік газдар шығарындыларының есепті жылдағы нақты көлемі туралы аккредиттелген тәуелсіз ұйым растаған есепті тапсыру мерзімі.
      4. Парниктік газдар шығарындыларына сертификатты берген кезде көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде жазба жүргізіледі.

      94-4-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту
                және парниктік газдар шығарындыларына арналған
                сертификатты қайта ресімдеу

      1. Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға есепті кезең ішінде қондырғылардың сипатында немесе жұмыс істеуінде жоспарланған өзгерістер болған немесе парниктік газдардың жаңа көздерін енгізген жағдайларда парниктік газдар шығарындыларына берілген квоталар көлемін қайта қарау үшін өтініш жасайды.
      2. Қондырғының операторы ауысқан (заңды тұлға иеліктен шығарылған, қайта ұйымдастырылған, ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы өзгерген) жағдайларда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган растаушы құжаттар негізінде, өтініш беруші жүгінген кезден бастап бір ай мерзімде жаңа оператордың атауын және мекенжайын көрсете отырып, сертификатты қайта ресімдейді.
      Сертификатта белгіленген міндеттемелер міндетті түрде жаңа операторға өтеді.
      3. Таратылған заңды тұлғаның парниктік газдар шығарындыларына квотасы Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервіне өтеді.
      4. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және парниктік газдар шығарындыларына сертификатты қайта ресімдеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      94-5-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар
                бөлудің ұлттық жоспары

      1. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті кезеңге бекітеді.
      2. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарында экономика салалары бойынша парниктік газдар шығарындыларына квоталардың жалпы көлемі және табиғат пайдаланушылар үшін квоталар көлемі белгіленеді.
      3. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидаларына сәйкес әзірленеді және табиғат пайдаланушылар қондырғылары паспорттарының деректеріне негізделеді.
      4. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын экономиканың басым секторларында жаңа қондырғылар пайдалануға берілген жағдайда шығарындыларға квота бөлу үшін қажетті квота көлемінің резервін құрайды.
      Квоталар көлемінің резерві опцион шартымен сату үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы ұйымға басқаруға беріледі.

      1. Табиғат пайдаланушыларды әкімшілендіру субъектілері (бұдан әрі - әкімшілендіру субъектілері) экономиканың мынадай салаларында: мұнай-газ, энергетика, тау-кен металлургиясы, химия салаларында, ауыл шаруашылығында, көлікте, сондай-ақ тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығында көлемі жылына көміртегі қостотығының жиырма мың тоннасына тең келетін мөлшерден аспайтын парниктік газдар шығарындыларымен байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар болып табылады.
      2. Осы Кодекс нормаларының күші, осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлуді субъектілер жүзеге асыратын рәсімдер бөлігінде әкімшілендіру субъектілеріне қолданылмайды.
      3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әкімшілендіру субъектілері шығарған парниктік газдар шығарындыларының мөлшерін бақылауды жүзеге асырады.
      4. Әкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға қатысу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

      94-7-бап. Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңірудің
                нарықтық тетігі

      1. Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңірудің нарықтық тетігі:
      1) парниктік газдар шығарындыларына квоталармен сауданы;
      2) парниктік газдарды сіңіру, шығарындыларды сертификатталған азайту, шығарындыларды азайту, шығарындыларды ішкі азайту бірліктерінің саудасын;
      3) парниктік газдар шығарындыларына шектеу және (немесе) азайтулар бар елдер және олардың заңды тұлғалары арасындағы белгіленген мөлшердегі бірліктердің халықаралық саудасын қамтиды.
      2. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға қатысатын заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес биржалық саудаға қатысушылар парниктік газдар шығарындылары нарығының субъектілері болып табылады.
      3. Көміртегі бірлігі тауар болып табылады.
      4. Парниктік газдар сіңірулері, шығарындыларды сертификатталған азайту, шығарындыларды азайту, квоталар, шығарындыларды ішкі азайту бірліктерін екінші айналымда сату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын ұйымдастырылған тауар алаңдарында (биржаларда) жүргізіледі.

      94-8-бап. Тәуелсіз ақпарат беруші

      Тәуелсіз ақпарат берушілердің негізгі міндеті консультациялық қызмет көрсету, сондай-ақ табиғатты пайдаланушыларға парниктік газдар шығарындыларын басқару бойынша, оның ішінде парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға жәрдемдесу болып табылады.

      1. Парниктік газдар шығарындыларына квоталардың сауда жүйесіне қатысушы квоталар бірліктері тек қана ішкі сауда нарығында басқа да елдердің белгіленген мөлшердегі есепке алу жүйесіне беру құқығынсыз айналымда болады. Квоталар бірліктері басқа да халықаралық биржалық алаңдарда оларға баға белгілеу мақсатында пайдаланылуы мүмкін.
      Халықаралық шарттар екіжақты негізде қабылданған жағдайда, парниктік газдар шығарындыларының жыл сайынғы көлемінен аспайтын көлемдегі Қазақстан Республикасының көміртегі бірліктері белгіленген мөлшердегі есепке алу жүйесінен шығарылуы мүмкін.
      2. Азайтудың сертификатталған бірліктері және шығарындыларды азайту бірліктері ішкі және халықаралық сауда мақсаттарында пайдаланылуы және белгіленген мөлшердегі мемлекеттік есепке алу жүйесінен басқа да елдердің есепке алу жүйесіне өтуімен қамтамасыз етілуі мүмкін.

      94-10-бап. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі
                 ішкі жобалар

      1. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды заңды тұлғалар өздерінің меншігі болып табылмайтын немесе өздерінің заңды пайдалануында жоқ және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған қондырғыларға қатысты ғана Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырады.
      2. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобалар экономиканың мынадай салаларында:
      1) тау-кен металлургиясында (шахталық метанды кәдеге жарату жобалары бөлігінде);
      2) ауыл шаруашылығында;
      3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта;
      4) орманды және далалы аумақтарды көгалдандыруда;
      5) жердің тозуының алдын алуда;
      6) жаңартылатын энергия көздерінде;
      7) коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеуде;
      8) көлікте;
      9) энергия тиімді жұмсалатын құрылыста іске асырылуы мүмкін.
      3. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингке дайындау қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      94-11-бап. Мониторинг рәсімі

      1. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу субъектілері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемелер негізінде мониторинг жоспарларын әзірлеуге және осы жоспарларды орындауға міндетті.
      2. Мониторинг жоспарларын әзірлеу және орындау парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктер шеңберінде іске асырылатын парниктік газдар шығарындыларын азайту және сіңіру жөніндегі жобалар үшін міндетті болып табылады.
      3. Мониторинг жүргізудің, парниктік газдарды түгендеу туралы есептер әзірлеудің дұрыстығын қадағалауды аккредиттеген тәуелсіз ұйым уәкілетті орган бекіткен өлшемдер мен әдістемелерге сәйкес жүзеге асырады.

      94-12-бап. Экологиялық (жасыл) инвестициялар

      1. Парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлемінің бір бөлігінен белгіленген мөлшердегі бірліктер резерві құрылады, оны қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      2. Резерв қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы ұйымға басқаруға беріледі.
      3. Жобаларды экологиялық (жасыл) инвестициялар тетігі шеңберінде инвестициялау резервтен белгіленген мөлшердегі бірліктерді іске асырудан немесе пайдаланудан алынған қаражат көлемінде жүзеге асырылады.»;

      33) 95-бапта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) қоршаған ортаға эмиссияларды басқарудың нарықтық тетіктері;»;
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін азайтудың нарықтық тетiктері;»;

      34) 96-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен және 8) тармақшадағы «ықпал ететін іс-шаралар жатқызылады.» деген сөздер «ықпал ететін;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) жойылуы қиын органикалық ластауыштарды қоса алғанда, қауіпті химиялық заттарды қауіпсіз басқаруды қамтамасыз етуге бағытталған;»;
      «9) парниктік газдар шығарындыларының көлемін азайтуға және (немесе) парниктік газдардың сіңірілуін арттыруға бағытталған іс-шаралар жатқызылады.»;

      35) 98-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Аумақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламалары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының стратегиялық жоспарлары оларды бекіткенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен, осы орган белгілеген тәртіппен келісуге жатады.»;

      36) 106-бап алып тасталсын;

      37) 108-баптың 3-тармағы «су» деген сөзден кейін «, жер» деген сөзбен толықтырылсын;

      38) 114-бапта:
      19) тармақшадағы «сондай-ақ, климатты және Жердiң озон қабатын қорғау мәселелерi бойынша,» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «20-1) парниктік газдар шығарындыларын жүзеге асырған кезде талаптардың сақталуына;»;

      39) 116-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
      Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы;
      Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторының орынбасары;
      Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттік экологиялық инспекторлары жатады.»;
      1-1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк экологиялық бақылау бөлiмшелерi мемлекеттiк қызметшiлерiнiң санаттарын осы баптың 1-тармағында көрсетілген лауазымды адамдарға жатқызу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
      5-тармақтағы «жоғары тұрған мемлекеттiк органға және (немесе) лауазымды адамға» деген сөздер «мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын жоғары тұрған мемлекеттік органның лауазымды адамына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторында, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттік экологиялық инспекторларында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және өз атауы жазылған құжаттардың бланкілері болады.»;

      40) 117-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) қоршаған ортаға және (немесе) халықтың денсаулығына аса ірі залал келтiруге әкеп соққан, табиғат пайдаланушы экологиялық нормалар мен талаптарды, экологиялық рұқсатта көзделген табиғат пайдалану шарттарын бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензияны тоқтата тұру немесе одан айыру және (немесе) табиғи ресурстарды пайдалану және алу шартын (келiсiмшартты) бұзу жөнінде, табиғат пайдалануға экологиялық және өзге де рұқсаттарды тоқтата тұру немесе одан айыру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;»;

      41) 119-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын;
      «1-1. Инспекторлық экологиялық тексерулерді жүргізуге мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар ғана жіберіледі.»;

      42) мынадай мазмұндағы 145-1 және 145-2-баптармен толықтырылсын:

      1. Мемлекеттік бақылау жасау желісі, оның ішінде желіге бөлінген жер учаскелері мен акватория бөліктері, сондай-ақ мүлік тек қана мемлекеттік меншікке жатады және мемлекеттің қорғауында болады әрі жекешелендіруге жатпайды.
      2. Стационарлық және жылжымалы бақылау жасау пункттерінің қызметін ұйымдастыру, олардың орналасқан жерін (дислокациялау орнын) айқындау жергілікті атқарушы органдардың келісімімен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның шешіміне сәйкес жүзеге асырылады. Көрсетілген бақылау жасау пункттерінің қызметін тоқтату тек қана қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Қоршаған ортаның жай-күйі, оның ластануы туралы дәйекті ақпарат алу мақсатында стационарлық бақылау жасау пункттерінің айналасында шаруашылық қызметке шектеу қойылатын қорғау аймақтары құрылады. Стационарлық бақылау жасау пункттері туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      4. Мемлекеттік бақылау жасау желісіне кіретін стационарлық байқау пункттеріне өту немесе көлікпен өту жүзеге асырылатын болса, ол жер учаскелеріне Қазақстан Республикасының жер заңнамасында айқындалған тәртіппен сервитуттар белгіленуі мүмкін.

      145-2 бап. Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің жұмысы

      1. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет мемлекеттік бақылау жасау желісін пайдалана отырып метеорологиялық және гидрологиялық мониторингті жүргізуді қамтамасыз етеді. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет бюджет қаражаты есебінен құрылады және жұмыс істейді.
      2. Гидрометеорологиялық қызмет осы Кодекске, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың бірыңғай мемлекеттік жүйесінің құрамына кіреді және өзінің қызметін төтенше жағдайларда Қазақстан Республикасының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
      4. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет осы Кодекске және «Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне ақпарат ұсынады.»;

      43) мынадай мазмұндағы 20-1-тараумен толықтырылсын:

      158-1-бап. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін
                 мемлекеттік түгендеу жүйесі

      1. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу жүйесі парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің тиісті кезеңдегі нақты көлемін айқындауға қажетті деректерді жинау, өңдеу, сақтау және талдау жөніндегі ұйымдастырушылық іс-шаралардың жиынтығын білдіреді.
      2. Парниктік газдарды мемлекеттік түгендеу үшін ақпарат жинау статистикалық есептілікке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қондырғылар паспортында ұсынылатын деректерге негізделеді.
      3. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу жүйесінің жұмысын ұйымдастыруды және үйлестіруді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
      4. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығына, айқындығына және дәйектілігіне Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен жыл сайын бақылау жүргізіледі.

      158-2-бап. Парниктік газдар шығарындылары көздерінің
                 және сіңірулерінің мемлекеттік кадастры

      1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын әзірлеуді және жүргізуді ұйымдастырады.
      2. Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастры парниктік газдар шығарындыларының көздері, қондырғы операторлары, парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің мөлшері туралы мәліметтерді қамтиды.
      3. Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрының деректері негізінде парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін талдауды және болжауды жүзеге асырады, парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері көлемдеріне мемлекеттік бақылау жүйесін ұйымдастыруды, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының жыл сайынғы есептілік міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етеді.

      1. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің негізгі функциялары айналымға енгізілген, сақтауда жатқан, берілген, сатып алынған, жойылған және айналымнан алынған көміртегі бірліктерінің нақты есебін қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа да ұлттық тізілімдермен деректер алмасу болып табылады.
      2. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы ұйым болып табылатын оператор қалыптастырады және жүргізеді.

      158-4-бап. Верификация және валидация (детерминация),
                 парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растау

      1. Верификацияны, валидацияны (детерминацияны) және парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауды жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.
      2. Тәуелсіз аккредиттелген ұйым түгендеу, верификация және валидация (детерминация) туралы деректердің дәйектілігі үшін жауаптылықта болады.
      3. Табиғат пайдаланушыларды түгендеу туралы жыл сайынғы есеп қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген тәуелсіз ұйымның міндетті растауына жатады.
      Түгендеуді, верификацияны және валидацияны (детерминацияны) растау табиғат пайдаланушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      4. Парниктік газдар шығарындыларын азайтудың және сіңірудің сол бір жобасының верификациясын және валидациясын (детерминациясын) сол бір тәуелсіз аккредиттелген ұйым жүргізе алмайды.»;

      44) 199-бапта:
      2-тармақтағы «пайдалануға беруге» деген сөздер «пайдалануға» деген сөзбен ауыстырылсын;
      10-тармақ «шығарылған» деген сөзден кейін «және төгілген» деген сөздермен толықтырылсын;

      45) 215-баптың 5-тармағындағы «сараптаманың» деген сөз «және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

      46) 219-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жерасты сулары минералға қаныққан жер астындағы сутұтқыш белдеулерге сарқынды суларды ағызуды қоспағанда, нормативтiк көрсеткiштерге жеткізіліп тазартылмаған шаруашылық-ауыз су үшін, бальнеологиялық, техникалық қажеттіліктер үшін, ирригация және мал шаруашылығы мақсатында пайдаланылмайтын немесе пайдалануға болмайтын, сондай-ақ қосымша ілесіп шыққан карьердің суын арнайы жинақтағыштарға ағызуды қоспағанда, ол үшін заттардың нормативтерін белгілеу талап етілмейтін және су мөлшері тек қана текше метрмен нормаланатын сарқынды суларды жер қойнауына ағызуға тыйым салынады.
      Пайдалы қазбалармен ілесіп шыққан суды кері ағызу, сондай-ақ мемлекеттік экологиялық сараптаманың және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да сараптамалардың оң қорытындысын алған жобалар мен технологиялық регламенттерде көзделген пайдалы қазбалармен ілесіп шыққан суды жер қойнауына кері ағызу сарқынды суларды төгу болып табылмайды.»;

      47) 220-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) мұнай операцияларын жүргізу кезінде күкірттің көлемін азайту және оның қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету жөніндегі шаралар көзделуге тиіс;»;

      48) 225-бапта:
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Жинақталған сарқынды суды кәдеге жаратудың немесе қалдықсыз өндіріске ауыстырудың басқа әдістерін қолданудың мүмкін еместігі негізделген кезде жаңа жинақтауыш-буландырғыштар құруға (қолданыстағыларын кеңейтуге) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының рұқсаты бойынша жол беріледі.
      Жобаланған (пайдалануға жаңадан берілетін) өндірістік сарқынды суларды жинақтауыш-буландырғыштарға:
      1) сүзгіге қарсы экранның болуы;
      2) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар жобалық шешімдерге сәйкес нормативтік-тазартылған сарқынды суды орналастыру талаптары қойылады.»;
      4-тармақтағы «Ашық» деген сөз «Беткі» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
      «7. Сарқынды суды су объектілеріне, жер қойнауына, сарқынды су жинақтауыштарға, жергілікті жердің рельефіне ағызуды жүзеге асыратын немесе су бөлудің тұйықталған циклінде жұмыс істейтін табиғат пайдаланушылар Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес су көлемін есептеу аспаптарын пайдалануға және су тұтыну мен су бөлуді есепке алу журналын жүргізуге тиіс.
      8. Тау-кен металлургиясы кәсіпорындарының карьер суын, сондай-ақ сумен суыту үшін пайдаланылатын суларды сумен жабдықтаудың тұйықталған (айналымды) жүйесінде орналасқан су жинақтауыштарға төгуді қоспағанда, сарқынды суларды алдын ала тазартусыз су объектілеріне, сарқынды су жинақтауыштарға, жергілікті жердің рельефіне ағызуға тыйым салынады.»;

      49) 237-баптың 4-тармағындағы «, жаңа техника, технология, материалдар мен заттар енгізу» деген сөздер алып тасталсын;

      50) 239-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген, құрамында жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге және пайдалануға тыйым салынады. Осы заттардың экспорты мен импортына оларды жою мақсатында ғана рұқсат етіледі.»;

      51) 245-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жануарлар санын реттеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;

      52) 259-баптың 1-тармағындағы ««Мұнай туралы» және «Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына» деген сөздер ««Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын;

      53) 262-бапта:
      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
      «9-1. Бекітілген жобалық құжаттарда көзделген, қыртыс қысымын сақтау арқылы мұнай беруді ұлғайтуды қамтамасыз ететін Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі ілеспе мұнай газын нормадан тыс жер қойнауына айдауға, сондай-ақ ілеспе газды жобалық көрсеткіштен артық айдауға тыйым салынады.»;
      11-тармақта:
      «не қоқысты жағуға арналған қондырғы көзделуге» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
      «Бұрғылау платформаларында (баржаларда) қоқысты жағуға тыйым салынады.»;
      мынадай мазмұндағы 25-тармақпен толықтырылсын:
      «25. Теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде, мұнай мен құрамында мұнай бар жүктерді тасымалдайтын әрбір теңіз құрылысында және әрбір кемеде төгілудің зардаптарын шектеу және жинау үшін материалдар мен абсорбенттер орналастырылуға тиіс.»;

      54) 264-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      «7. Теңізде өндіретін мұнай операцияларын жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен ұңғымалар сағаларында қадағалау және өлшеу арқылы өндірістік процестерге мониторинг жүргізуге міндетті.»;

      55) 267-бапта:
      1-тармақтағы «мемлекеттiк экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардан» деген сөздер «экологиялық тексеруден және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық сараптамадан» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы «Сусыма» деген сөз «Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу заңнамасының талаптарына сәйкес сусымалы» деген сөздермен ауыстырылсын;

      56) 268-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Пайдаланудан шығарылған қазба үйінділері аралдарын жою туралы шешім, жою жөніндегі жұмыстардың қоршаған ортаға әсеріне жүргізілген бағалаудың негізінде қабылдануға тиіс.»;

      57) 269-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында шаруашылық қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы өндірістік қызметті жоспарлау және одан әрі жүзеге асыру кезеңінен бастап жыл сайын (төрт климаттық маусым бойынша) барлық келісімшарт аумағы бойынша қоршаған ортаға өндірістік мониторинг жүргізуге міндетті.»;
      3-тармақтың бірінші абзацы және 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мұнай операцияларының әрбiр кезеңiнің (геофизикалық зерттеулер, инженерлік–геологиялық іздестірулер, бұрғылау, құрылыс, жайластыру, пайдалану, жою және өзгелері) қоршаған ортаға әсерін бағалау материалдарында өндірістік мониторинг жүргізу көзделуге тиіс, онда:
      1) мұнай операцияларының әрбір кезеңінде өндірістік объектілердегі қоршаған ортаның жай-күйіне тікелей зерттеулер;»;

      58) 270-баптың 2-тармағындағы «алдын ала» деген сөздер алып тасталсын;

      59) 280-бапта:
      «Ықтимал қауіпті» деген сөздер «1. Ықтимал қауіпті» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
      «2. Жойылуы қиын органикалық ластауыштарды қамтитын немесе оны пайдалану нәтижесінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жойылуы қиын органикалық ластауыштар түзілетін өнімді өндіруге және импорттауға тыйым салынады.
      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған химиялық заттарды өндіруге және пайдалануға шектеу қойылады.»;

      60) 283-бапта:
      4-тармақтағы «кәдеге жарату,» деген сөздерден кейін «қайта өңдеу, сақтау,» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Меншік иесінің қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру немесе жою жөнiндегi операцияларды орындайтын субъектiлерге қалдықтарды беруі, егер тараптар келісімді өзгеше жағдайда жасамаған болса, қалдықтарға меншік құқығының бір мезгілде осындай субъектілерге ауысуын білдіреді.»;

      61) 284-бапта:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Иесіз қалдықтар табылған жағдайда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы қалдықтарды республикалық немесе коммуналдық меншікке түскен деп тану туралы талаппен де сотқа жүгіне алады.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Иесіз қауіпті қалдықтар сот шешімімен республикалық меншікке түседі. Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Мұндай қалдықтарды басқаруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы ұйым жүзеге асырады.»;

      62) 286-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «286-бап. Өндіріс пен тұтыну қалдықтары және олардың түрлері

      1. Өндiрiс пен тұтыну қалдықтары қауiптiлiк дәрежесі бойынша қауiптi және қауiпсіз болып бөлiнедi.
      2. Осы тараудың күші, пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және өңдеу кезінде түзілген, олардан пайдалы қазбаларды өндіруге келісімшарт жасалған, олармен жұмыс істеу Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасымен реттелетін техногендік минералдық түзілімдерге, сондай-ақ беткі қабаты эффузивті және интрузивті әртүрлі жастағы шөгінді жыныстарға (аршынды жыныстарға), радиоактивті қалдықтарға қолданылмайды.»;

      63) 288-бапта:
      3-тармақтағы «орналастыру» деген сөз «уақытша сақтау» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, қалдықтардың меншік иесі қалдықтардың көлемін бірте-бірте азайту мақсатында оларды басқару бағдарламасын әзірлеуге міндетті.»;
      мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
      «9. Қазақстан Республикасының жойылуы қиын органикалық ластауыштар туралы халықаралық шарттарында көзделген пайдалану нәтижесінде жойылуы қиын органикалық ластауыштарды қамтитын қалдықтар түзілетін өнімді өндіруге және импорттауға тыйым салынады.»;

      64) мынадай мазмұндағы 288-1-баппен толықтырылсын:

      «288-1-бап. Қалдықтарды басқару бағдарламасы

      1. Қалдықтарды басқару бағдарламасын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен, І және ІІ санаттағы объектілері бар жеке және заңды тұлғалар әзірлейді.
      2. Қалдықтарды кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді немесе олардың көлемін және қауіпті қасиеттерін өзге де тәсілдермен азайтуды жүзеге асыратын, сондай-ақ өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырумен байланысты қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу міндетті.
      3. Қалдықтарды басқару бағдарламасында түзілген және орналастырылған қалдықтардың көлемі мен құрамы туралы, оларды сақтау, кәдеге жарату, көму, рекультивациялау немесе жою әдістері туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
      4. Қалдықтарды басқару бағдарламасында:
      1) өндірістік процестерді, оның ішінде аз қалдықты технологияларды енгізу есебінен жетілдіру;
      2) қалдықтарды қайтадан пайдалану не оларды пайдалануға мүдделі жеке және заңды тұлғаларға беру;
      3) қолжетімді озық технологияларды пайдалана отырып қалдықтарды қайта өңдеу арқылы қалдықтардың көлемін бірте-бірте азайтуды қамтамасыз ету бойынша көлемдері мен оларды орындау мерзімдері көрсетілген шаралар көзделеді.
      5. Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша қолжетімді озық технологиялардың тізілімін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мүдделі орталық атқарушы органдардың, басқа да заңды тұлғалардың қатысуымен әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      6. Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша қолжетімді озық технологиялар болмаған кезде қалдықтарды басқару бағдарламасында қалдықтар орналастырылған жерді рекультивациялау жөніндегі іс-шаралар көзделуге тиіс.
      7. Қалдықтар орналастырылған жерді рекультивациялаудың технологиялық мүмкіндігі болмаған кезде қалдықтарды басқару бағдарламасында олардың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту жөніндегі іс-шаралар көзделуге тиіс.
      8. Қалдықтарды басқару бағдарламасы он жылдан аспайтын мерзімге әзірленеді және ол қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.»;

      65) 291-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) оларды қайта өңдеу, кәдеге жарату, залалсыздандыру және қауіпсіз жою не осы іс-шараларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға беру арқылы оларды азайту жөніндегі шараларды көздейтін қалдықтарды орналастыру нормативтерінің жобасын әзірлеуге;»;

      66) 293-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қалдықтарды көму кезінде топырақ сеуіп, тығыздап жабу үшін қауіпсіз қалдықтарды қолдану жағдайларын қоспағанда, қауіпті қалдықтарды қауіпсіз қалдықтармен, сондай-ақ әртүрлі қауіпті қалдықтарды өндіру, тасымалдау және сақтау процесінде оларды өзара араластыруға тыйым салынады.»;

      67) мынадай мазмұндағы 293-1-баппен толықтырылсын:

      «293-1 бап. Жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар
                  қалдықтарды сақтау кезіндегі экологиялық талаптар

      1. Жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтарды сақтау пункттері жойылуы қиын органикалық ластауыштардың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерін болғызбауды қамтамасыз ететін қорғаныс құралдарымен жабдықталуға тиіс.
      2. Жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтарды есепке алу қатаң есептілік журналында жүргізілуге тиіс.
      3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтың меншік иелерін ауыстыруға тыйым салынады.
      4. Жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтар кадастрын жүргізу Қалдықтардың мемлекеттік кадастры шеңберінде жеке бөлім болып жүргізіледі.»;

      68) 297-баптың 2-тармағындағы «айқындай алады» деген сөздер «айқындайды» деген сөзбен ауыстырылсын;

      69) 298-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Қазақстан Республикасының жойылуы қиын органикалық ластауыштар туралы халықаралық шарттарында көзделген жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтарды көмуге тыйым салынады. Мұндай қалдықтардың экспортына және импортына оларды жою мақсатында ғана рұқсат етіледі.»;

      70) 299-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында «инертті» деген сөз «тұрмыстық қатты» деген сөздермен ауыстырылсын;

      71) 300-бапта:
      1-тармақтағы «Инертті» деген сөз «Қауіпсіз» деген сөзбен алмастырылсын;
      3-тармақтағы «қауіпті емес және инертті» деген сөздер «қауіпсіз» деген сөзбен ауыстырылсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Белгіленбеген орындарға қалдықтарды жинап қоюға және кездейсоқ қоқыстарды түзуге тыйым салынады.»;
      11-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Жою қоры жоқ полигонды пайдалануға тыйым салынады.»;

      72) 301-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) рекультивациялау кезiнде тұрақтандырушы материал ретiнде қолданылуын қоспағанда, пайдаланылған тұтастай шиналар және олардың бөліктері;»;

      73) 305-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының әрбір секциясы үшін газ мониторингі жүргізіледі.»;

      74) 45-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      75) 313-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «313-бап. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды регламенттеу

      1. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды мемлекеттiк реттеу мақсатында озонды бұзатын заттарды шығарудың және тұтынудың жол берiлетiн лимиттерi (квоталары) белгiленедi.
      Озонды бұзатын заттарды тұтыну лимиттерін (квоталарын) Қазақстан Республикасының озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі халықаралық шарттарына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
      2. Озонды бұзатын заттарды экспорттау және импорттау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган беретiн рұқсаттар негiзiнде жүзеге асырылады.»;

      76) 314-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
      «3. Озонды бұзатын заттарды және (немесе) озонды бұзатын заттары бар өнімді өндіретін, импорттайтын және (немесе) экспорттайтын заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер:
      1) өнімге «озон қабатын бұзады» деген жазба жазуға және озонды бұзатын заттар немесе озонды бұзатын заттары бар өнімдер сақталатын не тасымалданатын ораманы осындай жазбамен анық көрінетіндей етіп таңбалауға;
      2) олардың қауіпсіз сақталуын және тасымалдануын қамтамасыз етуге;
      3) тауарға ілеспе құжаттамада, өнімде бар заттарды қоса алғанда, озонды бұзатын заттардың атауы мен санын көрсетуге;
      4) озонды бұзатын заттарды кәдеге жарату және (немесе) залалсыздандыру мақсатында жинау және оларды герметикалық ыдыста сақтау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және орындауға міндетті.
      4. Озонды бұзатын заттарды кәдеге жаратуға және (немесе) залалсыздандыруға арналған объектілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұтыну үшін шектеу қойылған немесе тыйым салынған озонды бұзатын заттар тізбесіне енгізілген, озонды бұзатын заттармен жұмыс істеу көзделетін технологияларды, жабдықтарды, заттар мен материалдарды пайдалана отырып, объектілерді жобалауға, реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға, кеңейтуге, жаңадан салуға тыйым салынады.»;

      77) мынадай мазмұндағы 314-1-баппен толықтырылсын:

      1. Қондырғы операторы аккредиттелген тәуелсіз ұйым растаған парниктік газдарды түгендеу туралы жыл сайынғы есепті ұсынуға міндетті, оның негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанда қондырғы паспорты әзірленеді.
      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қондырғы паспортын бекітеді.
      3. Қондырғы паспортының деректері парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрының ажырамас бөлігі болып табылады.»;

      78) 315-бапта:
      тақырыбындағы «Атмосфераға парниктiк газдар шығарындылары көздерiнің және озонды» деген сөздер «Озонды» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мәтініндегі «Атмосфераға парниктiк газдар шығарындыларының көздерi бар және озонды» деген сөздер «Озонды» деген сөзбен ауыстырылсын;

      79) 317-бап алып тасталсын;

      80) 318-бапта:
      тақырыбындағы «Парниктік газдарды және озонды» деген сөздер «Озонды» деген сөзбен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы «парниктік газдарды және», «парниктік газдардың және» деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармақтағы «парниктік газдар мен», «парниктік газдарды және» деген сөздер алып тасталсын;

      81) 321-бап мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
      «7. Жер бетінің, жер қойнауының және жерасты суларының ластануын болғызбайтын, қалдықтарды орналастыру және сарқынды суды ағызу үшін жабдықталған және соған арналған объектілерге қалдықтарды нормативтен тыс орналастыру жағдайлары және ластаушы заттарды нормативтен тыс ағызу жағдайлары қоршаған ортаға залал ретінде қарастырылмайды.
      8. Химиялық заттардың жер бетіне, жер қойнауына және жерасты суларына түсуін болғызбайтын қорғаныш құрылыстарымен шектелген өндірістік алаңдарға түсу немесе оларға сарқынды судың төгілу жағдайлары қоршаған ортаға залал ретінде қарастырылмайды.»;

      82) 324-бап мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
      «7. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің бірінші ұлттық жоспары 2013 жылға бекітіледі.
      8. Жойылуы қиын органикалық ластауыштарды қамтитын қалдықтардың иелері және меншік иелері қаржыландыру көздерін айқындай отырып, оларды 2025 жылға дейін жою жөніндегі бағдарлама әзірлеуге және оны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға осы тармақ қолданысқа енгізілген немесе осы қалдықтарды меншікке немесе иелікке сатып алған күннен бастап үш ай мерзім ішінде ұсынуға тиіс.».

      4. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 494-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «494-бап. Салық салу объектісі

      Қоршаған ортаға эмиссиялардың:
      1) ластаушы заттар шығарындыларының;
      2) ластаушы заттар төгінділерінің;
      3) өндіріс пен тұтынудың орналастырылған қалдықтарының;
      4) мұнай операцияларын жүргізу кезінде түзілетін, орналастырылған күкірттің белгіленген нормативтері шегінде және (немесе) одан да көп мөлшерде қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады.»;

      2) 495-бапта:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:

Р/с

Қалдықтардың түрлері

Төлемақы ставкалары (АЕК)

1 тонна үшін

1 гигабек-керель (Гбк) үшін

1

2

3

4

1.

Өндіріс және тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда орналастырғаны үшін:

1.1.

Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылғыларының кәріздік тұнбасы)

 0,19

1.2.

Қауіптілік деңгейін ескере отырып, өнеркәсіптік қалдықтар:

1.2.1

«қызыл» тізім

7

1.2.2

«жақұт» тізім

4

1.2.3

«жасыл» тізім

1

1.2.4

сыныпталмағандар

0,45

1.3.

Бұдан басқа:

1.3.1

аршынды жыныстар

0,002

1.3.2

жанас таужыныстары

0,013

1.3.3

байыту қалдықтары

0,01

1.3.4

шлактар, шламдар

0,019

1.3.5

күл мен күлшлактар

0,33

1.3.6

ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары

0,009

2.

Радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк):

2.1.

Трансуранды

0,38

2.2.

Альфа-радиоактивті

0,19

2.3.

Бета-радиоактивті

0,02

2.4.

Шынақты радиоактивті көздер

0,19

                                                                   »;
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      «6-1. Күкіртті орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары бір тонна үшін 3,77 АЕК-ті құрайды.».

      5. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      145-баптың 7) тармақшасы «объектілердің» деген сөзден кейін «және қауіпті химиялық заттардың, оның ішінде жойылуы қиын органикалық ластауыштардың» деген сөздермен толықтырылсын.

      6. «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 9-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
      74-баптың 4-тармағының 4) тармақшасындағы «мүлік енгізілмейді.» деген сөздер «мүлік;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде көзделген шығарындыларды азайту, шығарындылардың сертификатталған азайтулары, шығарындыларды ішкі азайту, парниктік газдарды сіңіру квоталарының бірліктері енгізілмейді.».

      7. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
      27-баптың 2-тармағының 16) тармақшасындағы «беруге міндетті.» деген сөздер «беруге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
      «17) қоршаған ортаға эмиссияны жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес экологиялық рұқсат алуға міндетті.».

      8. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат):
      17-баптың 4-тармағы 1) тармақшасының бесінші абзацындағы «болуын» деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      «мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) және (немесе) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнім стандартына сәйкестікті растаудың болуын;».

      2-бап. Осы Заң, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 7) тармақшасының екінші - төртінші абзацтарын, 3-тармағы 21) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 23) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 32) тармақшасының тоғызыншы, он үшінші - он алтыншы абзацтарын, 64) тармақшасының төртінші абзацын, 82) тармақшасының үшінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. НАЗАРБАЕВ

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 259703
    Қазақ тілінде 129770
    Орыс тілінде 129106
    Ағылшын тілінде 827
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы