Банкроттық туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы N 67 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V Заңымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР 07.03.2014 № 176-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қолданушылар назарына!
      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін РҚАО мазмұнды жасады.

МАЗМҰНЫ

      Осы Заң жеделдетілген оңалту, оңалту рәсiмдерiн өткiзудiң, борышкерді банкрот деп танудың және оны таратудың, сондай-ақ сырттай байқау рәсiмiнiң шарттары мен тәртiбiн айқындайды.
      Ескерту. Кiрiспе жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      Ескерту. Заңның бүкіл мәтіні бойынша "бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер", "бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерге" деген сөздер тиісінше "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер", "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге" деген сөздермен, "несие берушілердің", "несие берушілермен", "несие берушілер", "несие беруші" деген сөздер тиісінше "кредиторлардың", "кредиторлармен", "кредиторлар", "кредитор" деген сөздермен; "конкурстық жиынтық" деген сөздер "конкурстық масса" деген сөздермен; "конкурсты басқарушы" деген сөздер "конкурстық басқарушы" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. № 239 Заңымен.

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) ақшалай міндеттеме - борышкердің кредиторлар жеткізген (беріп жіберген) тауарлардың (орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің) құнын төлеуге, пайдаланғаны үшін сыйақы (мүдде) төлей отырып, қарыз сомасын қайтаруға, сондай-ақ ақшалай сипаттағы өзге де талаптар бойынша төлемдерді жүзеге асыруға міндеттілігі;
      2) ауыл шаруашылығы ұйымы - жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін; мал шаруашылығының, құс шаруашылығының (оның ішінде төлді өсіруден бастап толық циклды асыл тұқымды шаруашылықтардың), бал ара шаруашылығының ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін, осы өнімді, оның ішінде ұқсатылған өнімді өткізуден түсетін табысы жылдық табыстың жалпы сомасының елу процентінен асатын ұйым;
      3) әдейі банкроттық - коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің, сол сияқты дара кәсіпкердің жеке өз мүдделерін немесе өзге тұлғалардың мүдделерін көздей отырып жасаған төлем қабілетсіздігін қасақана жасауы немесе ұлғайтуы;
      4) әкімшілік шығыстар – осы Заңда белгіленген тәртіппен кредиторлар таныған, төленуі жөніндегі міндет банкроттық, оңалту немесе сырттай байқау рәсімі туралы іс қозғалған сәттен бастап және қозғалғаннан кейінгі кезең ішінде туындайтын, тартылатын мамандардың қызмет көрсетуіне ақы төлеу бойынша шығындарды, оңалтушы және конкурстық басқарушыларға, сондай-ақ сырттай байқау әкімшісіне ағымдағы төлемдер сомасын қоса алғанда, сырттай байқау рәсіміне, оңалту рәсiмiне, конкурстық iс жүргiзу рәсіміне, борышкердi конкурстық iс қозғамай тарату рәсiмiне бастамашылық жасаумен және оларды өткiзумен байланысты шығыстар.
      Оңалту рәсімі, конкурстық іс жүргізу рәсімі қолданылған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін салық есептілігіне сәйкес салық төлеуші есептеген, салықтық тексерулер нәтижелері бойынша салық қызметі органы есепке жазған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер де әкімшілік шығыстарға жатады;
      5) банкрот - дәрменсіздігін сот белгілеген борышкер;
      6) банкроттық - борышкердің сот шешімімен танылған оны таратуға негіз болатын дәрменсіздігі;
      7) банкроттық саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – банкроттық саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік орган;
      8) борышкер – төлемге қабілетсіздігі немесе дәрменсіздігі оған осы Заңда көзделген рәсімдерді қолдануға негіз болып табылатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
      9) борышкерді мәжбүрлеп тарату - кредиторлардың, прокурордың өтініштері негізінде сот шешімі бойынша жүзеге асырылатын дәрменсіз борышкердің қызметін тоқтату;
      9-1) біртекті кредиторлар тобы – борышкерге қоятын бірдей талаптары бар және оларды қанағаттандыруда бір-бірінің алдында артықшылығы жоқ кредиторлар тобы.
      Біртекті кредиторлар топтарын:
      өмiрге немесе денсаулыққа келтiрiлген зиянды өтету туралы талаптар бойынша кредиторлар;
      еңбек шарттары бойынша еңбекақы және өтемақылар төлеу, сондай-ақ Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар мен жалақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектерді төлеу бойынша кредиторлар;
      кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредиторлар;
      салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредиторлар;
      тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізу шарттарынан туындайтын талаптар бойынша кредиторлар;
      кепілмен қамтамасыз етілмеген кредит (микрокредит) алуға арналған шарттардан туындайтын талаптар бойынша кредитор – қаржылық ұйымдар құрауы мүмкін;
      10) дәрменсіздік - ақшалай міндеттемелер бойынша кредиторлардың талабын толық көлемде қанағаттандыруға, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін тұлғалармен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысуды жүргізуге, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді қамтамасыз етуге борышкердің сот белгілеген қабілетсіздігі;
      11) жалған банкроттық - коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің, сол сияқты дара кәсіпкердің кредиторларға тиесілі төлемдерді кейінге қалдыру немесе ұзарту немесе борыштардан шегерім жасатқызу үшін, сол сияқты борыштарды төлемеуі үшін кредиторларды жаңылыстыру мақсатында өзінің дәрменсіздігі туралы көрінеу жалған хабарлауы;
      11-1) жеделдетілген оңалту рәсімі – сотқа дейінгі тәртіппен кредиторлармен келісілген оңалту жоспары негізінде борышкерге қолданылатын сот рәсімі;
      12) жоқ борышкер - тұрақты органының, сондай-ақ заңды тұлға оларсыз өз қызметін жүзеге асыра алмайтын құрылтайшыларының, қатысушыларының, менеджерлері мен лауазымды адамдарының тұрғылықты жерін немесе тұрған жерін алты ай ішінде анықтау мүмкін емес борышкер;
      13) кепілді кредитор - талаптары борышкердің мүлкін кепілге салумен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредитор;
      14) конкурстық басқарушы - конкурстық іс жүргізуді жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен тағайындалған адам;
      15) конкурстық кредитор - өзінің мүліктік талаптарын қанағаттандыруда заңнаманың күшімен де, кепіл туралы келісімнің күшімен де артықшылығы жоқ кредитор;
      16) конкурстық масса - борышкердің конкурстық іс жүргізу процесінде шығынды өндіріп алуға болатын мүлкі, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда, өзге де тұлғалардың мүлкі;
      17) конкурстық іс жүргізу - кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру және банкротты (дәрменсіз борышкерді) борыштардан босатылған деп жариялау мақсатында жүзеге асырылатын рәсім;
      18) кредитор - еңбекке ақы төлеу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеу, авторлық сыйақы төлеу, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша міндеттемелерді қоса алғанда, борышкерге азаматтық-құқықтық және өзінің өзге де міндеттемелерінен туындайтын мүліктік талаптары бар тұлға;
      18-1) кәдімгі коммерциялық операциялар – борышкердің күнделікті жұмыс істеуін сақтап тұру мақсатында өндірілетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің айналымымен байланысты, тұрақты сипаты бар іс-әрекеттер;
      19) лауазымды адам - дәрменсіз борышкер - заңды тұлғаның басшысы (басшысының орынбасары), сондай-ақ заңды тұлғаны басқару жөніндегі өкілеттік берілген, заңды тұлғаның алқалы атқарушы органына кіретін өзге де адам;
      19-1) мемлекеттік қолдау шаралары – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен ұйымға қатысты қолданылатын, қаржылық сауықтыруға бағытталған шаралар;
      20) мониторинг - ақпаратты жинауға, өңдеуге және төлем қабілеті жоқ және дәрменсіз ұйымдарға қаржы-экономикалық сауықтыру шараларын уақтылы қолдану және кредиторлардың мүддесін қорғау мақсатында олардың қаржы-экономикалық жай-күйіне талдау жасауға бағытталған іс-шаралар кешені;
      21) оңалтушы басқарушы - осы Заңда белгіленген тәртіппен оңалту рәсімінің кезеңіне дәрменсіз борышкердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі өкілеттік берілетін адам;
      21-1) оңалту жоспары – оңалту рәсімін, жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану кезінде борышкерді сауықтыруға бағытталған және жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру және жұмыс орындарын сақтау мақсатында борышкер мен кредиторлардың, біртекті кредиторлар тобының арасындағы өзара келісім негізінде жүзеге асырылатын, кредиторлар талаптарын өтеу кестесін қоса алғанда, іске асырылу мерзімдері, сондай-ақ қол жеткізілетін нәтижелер, пайдаланылатын ресурстар және ықтимал тәуекелдер көрсетілетін өзара байланысты іс-шаралар кешені;
      22) оңалту рәсімі – сот рәсімі, оның шеңберінде төлемге қабілетсіз борышкерге борышкердің таратылуын болғызбау мақсатында оның төлемге қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған қайта ұйымдастыру, ұйымдастыру-шаруашылық, басқарушылық, инвестициялық, техникалық, қаржылық-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шаралар қолданылады;
      23) санация - оңалту шарасы, оның барысында борышкер мүлкінің иесі (ол уәкілеттік берген орган), кредиторлар немесе өзге де тұлғалар дәрменсіз борышкерге қаржылық көмек көрсетеді, сондай-ақ борышкердің резервтерін жұмылдыру мен оның қаржы-шаруашылық жағдайын жақсарту жөнінде өзге де шаралар кешені іске асырылады;
      24) сырттай байқау - борышкер мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету, әдейі және жалған банкроттық белгілерін анықтау, борышкердің қаржылық жай-күйіне, төлем қабілетін қалпына келтіру мүмкіндігін немесе мүмкіндігінің жоқтығын айқындау, сондай-ақ кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару жөніндегі іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) талдау жүргізу, кредиторлар тарапынан борышкердің қаржы-шаруашылық қызметінің жай-күйіне, оларды қайта ұйымдастыруды жүргізуіне бақылау жасау, негізгі құралдарды иеліктен айыру, мүлікті кепілге немесе жалға беру бойынша мәмілелер, сондай-ақ орындалуы борышкерге залал келтіруі мүмкін нарықтық бағадан айтарлықтай төмен бағамен не жеткіліксіз негіздер бойынша өзге де мәмілелер жасалуына банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін сот енгізетін рәсім;
      25) сырттай байқау әкімшісі - сырттай байқау рәсімін жүргізу үшін белгіленген тәртіппен тағайындалған тұлға;
      25-1) сырттай дауыс беру – дауыс беру тәсілі, онда кредиторлар жиналысы уақытында оның өткізілу орнынан тыс жерде болған кредиторлар жиналысының қатысушысы қаралатын мәселе (мәселелер) бойынша хаттар, факсимильді немесе электрондық хабарламалар алмасу арқылы немесе жіберілетін хабарламалардың тең түпнұсқалығын қамтамасыз ететін өзге байланыс құралдарын пайдалана отырып, жазбаша дауыс беруге құқылы;
      26) төлем қабілетсіздігі - борышкердің ақшалай міндеттемелерін және өзге де ақшалай сипаттағы талаптарды орындау мерзімі басталған кезден бастап үш ай ішінде оларды орындауға қабілетсіздігі.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2001.07.11. № 239 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.04.08. № 542, 2006.01.10. № 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.01.31. № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.07.05 № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      1-1-бап. Қазақстан Республикасының банкроттық туралы
               заңнамасы

      Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      Ескерту. 1-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. № 256, 2008.07.05. № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      2-бап. Заңның қолданылу ерекшелiктерi

      1. Осы Заң қазыналық кәсiпорындардан және мекемелерден, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан, банктерден, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан басқа, заңды тұлғалардың банкроттығы, оларды жеделдетілген оңалту және оңалту туралы iстерге қолданылады.
      Осы Заңда көзделген банкроттық немесе оңалту рәсімдерін үздіксіз өндіріс циклі бар ұйымдарға, сондай-ақ табиғи монополия субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілері болып табылатын ұйымдарға қатысты қолдану ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленуі мүмкін.      
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына, банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және кейбір басқа да заңды тұлғаларға қатысты осы Заңда көзделген банкроттық рәсiмдерiн қолдану ерекшелiктерi белгiленуi мүмкiн.
      Сот банкті банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған жағдайда, оны тарату банк заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын банкрот деп тану туралы шешiм қабылдаған жағдайда оны тарату сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Осы Заң Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасымен реттелмеген бөлiгiнде жеке кәсiпкерлердiң банкроттығына қолданылады.
      3. Банкроттық, оңалту немесе жеделдетілген оңалту туралы iстердi сот банкроттық туралы заңнамада белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қарайды.
      4. Табиғи монополиялар субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын, не Республиканың экономикасы үшін зор стратегиялық маңызы бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға ықпал ете алатын ұйымдар банкрот болған, сондай-ақ мемлекеттің бастамашылығымен банкрот деп танылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтар мен мемлекеттің мүдделерін қорғау мақсатында конкурстық массаны өткізудің ерекше шарттары мен тәртібін және конкурстық масса объектілерін сатып алушыларға қосымша талаптар белгілеуге, сондай-ақ акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған ұйымдардың немесе Республиканың экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар ұйымдардың банкроттығы кезінде конкурстық массаны ұлттық басқарушы холдингтің сатып алуы туралы шешім қабылдауға құқылы.
      5. Шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын заңды тұлғалар банкрот болған кезде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне сәйкес олардың қызметiне мiндеттi экологиялық аудит жүргiзiледi.
      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.07.01 № 256, 2000.12.18 № 128, 2001.03.02 № 162, 2001.07.11 № 239, 2005.07.08 № 71 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.01.10 № 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.01.09 № 213, 2008.07.05 № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.13 № 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      3-бап. Банкроттықты тану

      1. Банкроттықты борышкердiң сотқа берген өтiнiшi негiзiнде сот белгiлейдi.
      2. Банкроттық кредиторлардың немесе осы Заңмен уәкiлдiк берiлген өзге адамдардың сотқа берген өтiнiшi негiзiнде мәжбүр етiп белгiленедi.
      3. Осы Заңда белгiленген жағдайларда борышкер өзiн банкрот деп тану туралы сотқа өтiнiш беруге мiндеттi.
      4. Егер:
      кредитордың салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi борышкердің филиалдары мен өкілдіктерінің берешегін қоса алғанда, салықтық берешегi бойынша талабы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жүз елу айлық есептiк көрсеткiштен кем болмайтын соманы құрайтын болса;
      өзге кредиторлардың борышкерге қоятын талабы жиынтығында дара кәсіпкерлерге – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үш жүз айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын, заңды тұлғаларға – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір мың айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын соманы құрайтын болса, онда банкроттық туралы істерді сот қарайды.
      Осы тармақтың талаптары осы Заңның 94-бабында көзделген жағдайларға қолданылмайды.
      5. Егер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) 49-бабының 1-тармағында белгiленген тәртiппен тарату туралы шешiм қабылданған заңды тұлға мүлкiнiң құны кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға жеткiлiксiз болса, мұндай заңды тұлға осы Заңда белгiленген ережелер бойынша сот тәртiбiмен таратылуға тиiс.
      6. Осы Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда борышкердiң өтiнiш бермеуi борышкердiң басшысына борышкердiң кредиторлар алдындағы мiндеттемелерi бойынша субсидиялық жауапкершiлiктi қолдануға әкеп соғады.
      7. Сот тәртiбiмен борышкердi банкрот деп жариялауға оның дәрменсiздiгi негiз болып табылады.
      Дәрменсiздiк фактiсiн анықтау кезiнде борышкердiң орындау мерзiмi жеткен, сондай-ақ орындауға қабылданған және (немесе) орындалып жатқан мiндеттемелерi ескерiлуге тиiс.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. № 256, 2001.07.11. № 239, 2006.01.10. № 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі),  2008.07.05. № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.11 № 385-IV (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      4-бап. Банкроттық немесе оңалту рәсімдерін қолдану
              негіздері

      1. Борышкердiң төлемге қабiлетсiздiгi кредитордың борышкердi банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негiз болып табылады.
      Егер борышкер мiндеттемені орындау мерзiмi басталған сәттен бастап үш ай iшiнде орындамаса, ол төлемге қабiлетсiз деп есептеледi.
      2. Борышкердiң қалпына келтірілу мүмкіндігі болмаған кездегі төлемге қабілетсіздігі оның өзiн банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негiз болып табылады.
      3. Борышкердiң қалпына келтірілу мүмкіндігі болған кездегі төлемге қабілетсіздігі немесе борышкерге таяу он екі айда ақшалай міндеттемелерді орындау мерзімі басталғанда оларды орындайтындай күйде болмайтын төлемге қабілетсіздік қатерінің төнуі оның оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз болып табылады.
      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5-бап. Әдейi және жалған банкроттық

      1. Борышкер мүлкiнiң иесi (ол уәкiлдiк берген орган), заңды тұлға-борышкердiң құрылтайшысы (қатысушысы) және/немесе лауазымды адамдары борышкердi әдейi төлем қабiлетсiздiгiне (әдейi банкроттыққа) жеткiзгенi үшiн дәрменсiз борышкер кредиторлар алдында өзiне тиесiлi мүлiкпен субсидиялық жауапқа тартылады.
      Банкрот болған заңды тұлғаның лауазымды адамы борышкердi төлем қабiлетсiздiгiне әдейi жеткiзгенi үшiн оның мүлкiнiң меншiк иесiне шығындарды өтейдi.
      2. Егер банкроттықты тану туралы өтiнiштi борышкер сотқа кредиторлардың талаптарын толық көлемiнде қанағаттандыруға мүмкiндiгi болған кезде берсе (жалған банкроттық), кредиторлар борышкерден осы арқылы келтiрiлген шығындарды өтеуiн талап етуге құқылы.
      3. Конкурстық басқарушы әдейі немесе жалған банкроттық жасау белгілерін тапқан жағдайда, ол  лауазымды адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына жүгінуге міндетті.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. № 256, 2001.07.11. № 239, 2006.01.10. № 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

      6-бап. Мүлiктi қайтару және борышкердiң мәмiлелерiн
              жарамсыз деп тану

      1. Борышкердiң өзiн банкрот деп танылғанға дейiн жасаған мәмiлелерi мынадай жағдайларда:
      1) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген негiздер болғанда;
      2) егер борышкердiң жеке кредиторлармен немесе өзге тұлғамен жасаған мәмiлесi банкроттық туралы iс қозғалғаннан кейiн бiр кредиторлардың басқа кредиторлар алдындағы талаптарын бұрын қанағаттандыруға әкеп соқса, уәкілетті органның, кредиторлардың, оңалтуды немесе конкурсты басқарушылардың өтініші бойынша жарамсыз деп танылуға тиіс.
      3) (алып тасталды - ҚР-ның 2008.07.05. № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      Осы тармақтың талаптары жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелеріне жатпайды.
      2. Кредитордың (кредиторлардың) немесе уәкiлеттi органның қолдаухат беру жағдайын қоса алғанда, оңалтушы басқарушы, санацияға қатысушы сотқа мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, сондай-ақ оңалту туралы iс қозғалғанға дейiнгi үш жыл кезең iшiнде борышкер берген, оның iшiнде жалға немесе бұдан бұрын жасалған мәмiлелер бойынша орындауды қамтамасыз етуге берген мүлiктi, бұл мүлiктi өтеусiз, нарықтық бағасынан төмен бағамен не негіздері болмаса да кредиторлардың мүдделерiне нұқсан келтiре отырып алған тұлғалардан қайтару туралы өтініш беруге міндетті.
      2-1. Кредитордың (кредиторлардың) немесе уәкiлеттi органның қолдаухат беру жағдайын қоса алғанда, конкурстық басқарушы сотқа мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, сондай-ақ банкроттық және оңалту туралы iс қозғалғанға дейiнгi үш жыл кезең iшiнде бұл мүлiктi өтеусiз, нарықтық бағасынан төмен бағамен не негіздері болмаса да кредиторлардың мүдделерiне нұқсан келтiре отырып алған тұлғалардан қайтару туралы өтініш беруге міндетті.
      3. Кредитордың (кредиторлардың) немесе уәкiлеттi органның қолдаухат беру жағдайын қоса алғанда, конкурстық және оңалтушы басқарушылар, санацияға қатысушы банкроттық және (немесе) оңалту туралы іс қозғалғанға дейінгі үш жылға дейінгі кезең ішінде берілген борышкердің мүлкін олардың алдындағы міндеттемелері орындалу мерзімі басталардан бұрын басқа кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтіріле отырып орындалған кредиторлардан қайтаруды сот тәртібімен талап етуге міндетті. Бұл жағдайда кредиторлардың құқықтары осы Заңның қағидаларымен қамтамасыз етіледі.
      4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген негiздер бойынша банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiнгi үш жыл iшiнде, шаруашылық серiктестiгiнiң қызметшiлерiне (қызметкерлерiне), қатысушыларына дәрменсiз борышкердiң басшысына берген мүлiк талап етiлуi мүмкiн.
      Осы тармақта белгiленген мүлiктi талап ету туралы ережелер мүлiктi жұбайына, тiкелей өзiнен тарайтын және шыққан тегi бойынша туыстарына беру жағдайларына да қолданылады.
      5. Өз өкiлеттiктерiн жүзеге асырған кезде оңалтуды немесе конкурсты басқарушы осы бапта көзделгендерден басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген негiздер бойынша борышкердiң мүлкiн үшiншi тұлғалардан талап ету туралы, борышкер жасасқан шарттарды бұзу туралы талап қоюға және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген, борышкердiң мүлкiн қайтаруға бағытталған өзге де әрекеттер жасауға құқылы.
      6. Мүлiктiң жоғалуына, бүлiнуiне не оны кейiннен үшiншi тұлғалардың адал жолмен сатып алуына байланысты осы бапта көзделген жағдайларда мүлiктi талап ету мүмкiн болмаған кезде талап етiлетiн мүлiктiң бастапқы сатып алушылары борышкердiң алдында осыған байланысты туындаған зиянды жоғалған, бүлiнген не үшiншi тұлғалар адал жолмен сатып алған мүлiктiң құны шегiнде өтеу жөнiнде жауапты болады.
      Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.07.01. № 256, 2001.07.11. № 239, 2006.01.10. № 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.02.20. № 127 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.07.05. № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 № 539 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      7-бап. Шартты орындаудан бас тарту

      1. Оңалтуды басқарушы банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiн борышкер жасаған, екi жақ та толық немесе iшiнара орындамаған шарттарды орындаудан мына жағдайлардың бiреуi болған кезде:
      1) шартты орындау борышкерге зиян келтiрсе;
      2) салыстырмалы жағдайларда жасалатын ұқсас шарттармен салыстырғанда шартта борышкерге ауыр тиетiн жағдайлар болса;
      3) шарт ұзақ (1 жылдан астам) мерзiмге жасалса не борышкердiң нәтижеге жетуi тек ұзақ мерзiмдi келешекке есептелсе;
      4) борышкердiң шартты орындауы басқа кредиторлар үшiн жағымсыз жағдайларға әкеп соғады деген өзге де негiздер болса, бас тартуға құқылы.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда шартты орындаудан бас тартқан кезде контрагенттiң шартты бұзу арқылы келтiрiлген шығындарды нақты зиян мөлшерiнде өтеудi борышкерден сот тәртiбiмен талап етуiне не бас тарту негiзiне дау айтуына болады.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. № 256 Заңымен.

      8-бап. Банкроттық туралы iстердiң сотта қарауға
              жататындығы

      Банкроттық туралы iстердi соттар борышкердiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленетiн тұрған жерi бойынша қарайды.
      Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2008.07.05. № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      9-бап. Оңалтуды және конкурсты басқарушылар

      1. Оңалту рәсiмiн және конкурстық iс жүргiзудi жүзеге асыру мақсатына қол жеткiзу үшiн оларды жүргiзу кезеңiнде төлемге қабілетсіз және дәрменсiз борышкердiң барлық органдары оны басқарудан шеттетiледi және борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктер оңалтушы не конкурстық басқарушыға (таратушыға) берiледi.
      Оңалтушы және конкурстық басқарушылар (таратушы) борышкердi басқарудың бiрден-бiр органы ретiнде әрекет етедi және өз өкiлеттiктерiн борышкердiң тұрған жерi бойынша жүзеге асыруға мiндеттi.
      Осы тармақтың ережелерi осы Заңның 9-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды.
      2. Алып тасталды - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      3. Оңалтуды және конкурсты басқарушылардың құқықтары мен міндеттері, оның iшiнде сыйақы алуға құқығы, дәрменсiз борышкердiң iстерi мен мүлкiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктер көлемi осы Заңмен және уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша кредиторлар комитетiнің олармен жасасқан келiсiмімен реттеледi.
      4. Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылардың қызметін жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi органда тіркелген дара кәсiпкер оңалтуды және конкурсты басқарушы болып тағайындалады.
      Осы тармақтың талаптары осы Заңның 9-1-бабының 1-тармағында және 55-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды.
      Осы Заңда оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушыларға жүктелген өкілеттіктерді өзге тұлғаларға беруге болмайды.
      5. Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісі қызметін жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi органда тіркеуден өту үшін мынадай:
      1) дара кәсіпкер ретінде тіркелу;
      2) жоғары заң немесе экономикалық білімінің болуы;
      3) білім беру ұйымдарында оңалтуды, конкурсты басқарушылар, сырттай байқау әкімшісі қызметін жүзеге асыру бойынша даярлықтан өту;
      4) экономикалық, қаржы, есептік-талдамалық, бақылау-тексеру, құқық қызметі салаларының бірінде не заңды тұлғаның бірінші басшысы лауазымында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы талаптары белгіленеді.
      6. Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылар және (немесе) сырттай байқау әкімшісі қызметін жүзеге асыру мақсатында тіркеуден өту үшін дара кәсіпкер уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
      1) өтінішті;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      3) жоғары заң және (немесе) экономикалық білімі туралы дипломдардың көшірмелерін;
      4) оңалтуды, конкурсты басқарушылар, сырттай байқау әкімшісі қызметін жүзеге асыру бойынша даярлықтан өткенін растайтын, білім беру ұйымы берген құжаттың көшірмесін;
      5) еңбек қызметін, оның ішінде жұмыс өтілін растайтын құжаттардың көшірмесін;
      6) өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша, оны ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы;
      7) өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша оны ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын наркологиялық және психиатриялық диспансерлер берген медициналық анықтамаларды тапсырады.
      Уәкілетті органға құжаттардың көшірмелері салыстырып тексеру үшін түпнұсқасымен бірге не құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылады.
      Уәкілетті органға тапсырылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі құжаттардың қабылданған күні көрсетіле отырып, өтініш берушіге беріледі (жіберіледі).
      Уәкілетті органда тіркелу кезінде ұсынылған құжаттардың дәйектілігі үшін дара кәсіпкер Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
      Уәкілетті орган тіркеуді осы тармақта бергіленген құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
      Уәкілетті орган осы тармақта көзделген мерзім ішінде өтініш берушіге – тіркелгені туралы растауды, ал тіркеуден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша бас тартудың себептері көрсетілген дәлелді жауап жібереді.
      7. Уәкілетті орган мынадай:
      1) осы баптың 6-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар тапсырылмаған;
      2) өтініш беруші осы бапта белгіленген талаптарға сай болмаған;
      3) өтініш берушіге қатысты осы қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын, заңды күшіне енген сот актісі болған;
      4) өтініш беруші бұрын осы баптың 8-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздердің бірі бойынша тіркеуден шығарылған.
      Осы тармақшаның ережелері осы баптың 8-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша тіркеуден шығарылған өтініш берушіге үш жыл бойы қолданылады;
      5) өтініш берушінің заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар болған;
      6) өтініш беруші сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған жағдайларда тіркеуден бас тартады.
      8. Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылар және (немесе) сырттай байқау әкімшісі қызметін жүзеге асыру мақсатында тіркелген тұлғаны тіркеуден шығаруды уәкілетті орган мынадай:
      1) тіркеуден шығару туралы өтініш ұсынылған;
      2) осы Заңның осы бабы 12-тармағының 1) тармақшасында және (немесе) 41-1-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша бір жыл ішінде бірнеше рет шеттетілген;
      3) еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан шеттетілген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның осы бабы 12-тармағының 2) және 3) тармақшаларында және 41-1-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздердің бірі бойынша шеттетілген;
      4) тіркеу кезінде оның дәйексіз мәліметтер ұсыну фактісі анықталған жағдайларда жүргізеді.
      9. Тіркеу туралы өтініште көрсетілген деректер өзгерген кезде, уәкілетті органда тіркеуде тұрған тұлға уәкілетті органға өзгерістер туралы он жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.
      10. Осы Заңның 2-бабының 4-тармағында көрсетілген ұйымдардың банкроттық рәсiмдерiн жүзеге асыру кезiнде уәкiлеттi орган оңалтуды басқарушыны – табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен, тиiстi орталық атқарушы органмен келiсiм бойынша, ал қала құраушы кәсiпорындар бойынша – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті әкiмiмен келiсiм бойынша тағайындайды.
      11. Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылар етiп:
      1) осы Заңның 9-1-бабының 1-тармағында және 55-бабының 2-тармағында көзделгендерден басқа жағдайларда борышкер немесе кредитор әкiмшiлiгiнiң лауазымды адамын;
      2) осы Заңның осы бабы 12-тармағының 1) тармақшасына сәйкес дәрменсіз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқарудан шеттетілген және (немесе) 41-1-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес сырттай байқау рәсімін жүргізуден шеттетілген сәттен бастап бір жыл өткенге дейін шеттетілген тұлғаны;
      3) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешiм қабылданғанға дейiн бiр жылдан астам басқа заңды тұлғаның басшысы болған адамды.
      Аталған шарт осындай шешiм қабылданған күннен кейiнгi бес жыл бойы қолданылады;
      4) егер серiктестiк, акционерлiк қоғам не кооператив дәрменсiз борышкер немесе оның кредиторы болса, осындай шаруашылық серiктестiкке қатысушылар, акционерлiк қоғамның акционерлерi, кооператив мүшелерi. Осы тармақшаның ережесi осы Заңның 9-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды;
      5) жұбайы (зайыбы), осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген адамдардың жақын туыстарын тағайындауға болмайды.
      12. Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушыларды уәкілетті орган:
      1) кредитордың немесе борышкердің мүдделеріне залал келтірген олардың осы Заңда белгіленген талаптарды бұзушылықтары тексеру нәтижелері бойынша анықталған;
      2) өз өкілеттіктерін орындау: қайтыс болуы; бір айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздығы; сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі, хабарсыз кеткен деп танылуы не қаза болған деп жариялануы; оларға қатысты соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуі салдарынан мүмкін болмаған;
      3) тіркелу кезінде олардың дәйексіз мәліметтерді ұсыну фактісі анықталған;
      4) өзі тағайындалғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде кредиторлар комитетімен келісім жасамаған не кредиторлар комитетімен жасалған келісім бұзылған жағдайларда дәрменсіз борышкердің мүлкі мен істерін басқарудан шеттетуге тиiс.
      Осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушыларды дәрменсіз борышкердiң мүлкi мен істерін басқарудан бір жыл ішінде бірнеше рет шеттету және (немесе) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздердің бірі бойынша шеттету оларды барлық борышкерлерге қатысты осы Заңда көзделген өкілеттіктерді орындаудан бір мезгілде шеттетуге әкеп соғады.
      13. Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылар банкроттық рәсімдерде дәрменсіз борышкерлердiң мүлкi мен iстерiн басқарудан өз еркі бойынша босату туралы өтініш ұсынған кезде кредиторлар комитетінің келісімімен босатылады. Өтінішке кредиторлар комитетімен келісілген олардың қызметі туралы есеп және кредиторлар комитетінің келісімі қоса беріледі.
      Оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылар жүктелген өкілеттіктерді орындаудан шеттетілген немесе босатылған жағдайда жаңадан тағайындалған оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушы алдыңғылардың құқық мирасқорлары болып табылады.
      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      9-1-бап. Оңалту рәсімінде борышкердің мүлкі мен істерін
                басқару

      1. Борышкер мүлкінің меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшылардың (қатысушылардың) өтініші бойынша, кредиторлар жиналысының келісімімен, оңалту жоспары бекітілген сәттен бастап сот борышкердің мүлкі мен істерін басқару құқығын борышкер мүлкінің меншік иесінде, құрылтайшыларда (қатысушыларда) сақтайды.
      Борышкердің мүлкі мен істерін басқару құқықтарын сақтау туралы өтініш кредиторлар жиналысының шешімі қоса тіркеле отырып, оңалту жоспарын ұсынумен бір мезгілде сотқа жіберіледі.
      Кредиторлар жиналысы борышкер мүлкінің меншік иесінің, құрылтайшылардың (қатысушылардың) борышкер мүлкі мен істерін басқару құқығының күшін жою туралы шешім қабылдаған жағдайда, кредиторлар жиналысы уәкілетті органда тіркелген тұлғалар арасынан өздерінің оңалтушы басқарушы кандидатурасын ұсынуға міндетті. Кредиторлар жиналысының борышкер мүлкі мен істерін басқару құқығының күшін жою туралы шешімі оңалту жоспарын ұсынумен бір мезгілде сотқа жіберіледі.
      Борышкер мүлкінің меншік иесі, құрылтайшылар (қатысушылар) борышкердің мүлкі мен істерін басқарудан шеттетілген жағдайда да кредиторлар жиналысы оңалтушы басқарушы кандидатурасын ұсынуға міндетті.
      Борышкердің мүлкі мен істерін басқару құқығы борышкер мүлкінің меншік иесінде, құрылтайшыларда (қатысушыларда) қалған жағдайда, осы Заңның 51-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларын қоспағанда, борышкердің органдарына заңнамада белгіленген құзырет шегінде өкілеттіктер және осы Заңда оңалтушы басқарушы үшін көзделген жауапкершілік қолданылады.
      Кредитор (кредиторлар) органның осы Заңда көзделген міндеттерді бұзғанын анықтаған жағдайда, борышкер мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган), құрылтайшылар (қатысушылар) кредиторлар жиналысының шешімі бойынша борышкердің басқару органдарының мүшелерін ауыстыруға міндетті.
      2. Оңалтушы басқарушының кандидатурасын таңдаған кезде кредиторлар жиналысы уәкілетті органда есепте тұрған тұлғаларға қатысты ұсынымдарды дәрменсіз борышкердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың кәсіптік бірлестіктерінен алуы мүмкін.
      3. Уәкілетті орган кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатураны оңалтушы басқарушы етіп тағайындауға міндетті.
      4. Кредиторлық берешекті өтеу кестесі үш айдан астам мерзімде орындалмаған және (немесе) уәкілетті орган анықтағандарды қоса алғанда, осы Заңды бұзушылықтар анықталған жағдайларда, сот борышкердің мүлкі мен істерін басқару құқығын сақтаған борышкер мүлкінің меншік иесін, құрылтайшыларды (қатысушыларды) кредиторлар жиналысы уәкілеттік берген тұлғаның өтініші бойынша өтініш келіп түскен күннен бастап он бес күн ішінде басқарудан шеттетеді.
      Сот ұйғарымында:
      уәкілетті органға ұйғарым заңды күшіне енген күннен бастап бес күн мерзімде оңалтушы басқарушыны тағайындауды тапсыру туралы;
      борышкердің есепке алу құжаттамасын, құрылтайшылық, сондай-ақ борышкер мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлер мен мөртабандарды беруі туралы нұсқаулар қамтылуға тиіс.
      Ескерту. Заң 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      10-бап. Кредиторлар талаптарының тiзiлiмi

      1. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру және олардың мүдделерiн банкроттық рәсiмдерiне сәйкес қамтамасыз ету мақсатында кредиторлар талаптарының тiзiлiмi жасалады.
      2. Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне кредиторлардың даусыз болып табылатын, сондай-ақ осы баптың 3-тармағына сәйкес негiзделген деп танылған талаптары енгiзiледi.
      Борышкерден ақшаны өндiрiп алу туралы заңды күшiне енген соттың шешiмi немесе атқару құжаттары бар талаптар даусыз болып табылады.
      3. Оңалту немесе банкроттық рәсiмдерiн қолданғаннан кейiн кредиторлардың талаптарын негiздi деп тануды тиiсiнше оңалтушы не конкурстық басқарушылар жүзеге асырады.
      4. Кредиторлардың талаптарын тізілімге енгізу не олардың талаптарының сомасы туралы кредиторлар және оңалтуды немесе конкурстық басқарушылар арасында туындайтын келіспеушіліктерді тиісті кредитордың мәлімдемесі бойынша сот қарайды.
      Соттың шешімі талапты тізілімге енгізу үшін негіз болып табылады.     
      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.07.01 № 256, 2001.07.11 № 239, 2006.01.10 № 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.07.05 № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      10-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің банкроттық
                 саласындағы құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) табиғи монополия субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын не республика экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын, оның ішінде акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттің бастамасымен банкрот деп танылған ұйымдардың банкроттығы кезінде конкурстық массаны сатудың ерекше шарттары мен тәртібін және конкурстық масса объектілерін сатып алушыларға қосымша талаптарды белгілейді;
      1-1) акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған ұйымдардың немесе Республиканың экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар ұйымдардың банкроттығы кезінде конкурстық массаны ұлттық басқарушы холдингтің сатып алуы туралы шешім қабылдайды;
      2) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      3) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      4) борышкердің мүлкін (активтерін) сату бойынша сауда-саттықтар жүргізу тәртібін айқындайды;
      5) заңды тұлғаларды қала негізін қалаушы ұйымдарға жатқызу және олардың тізбесін жүргізу тәртібін айқындайды;
      6) кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру тәртібін белгілейді;
      7) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
      Ескерту. 10-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.07.05 № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2009.02.13 № 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      10-2-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Уәкілетті орган:
      1) оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылар және (немесе) сырттай байқау әкімшісі қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғаларды тіркеуді және оларды тіркеуден шығаруды жүргізеді;
      2)  алып тасталды - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      3) оңалтушы, конкурстық басқарушыларды және сырттай байқау әкімшісін тағайындайды және шеттетеді (босатады);
      4) сырттай байқау рәсімінің, оңалту рәсімінің, конкурстық іс жүргізудің жүргізілуін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      5) - 8) алып тасталды - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      9) оңалтушы басқарушының оңалту рәсімін жүргізу барысы туралы (жасалған мәмілелер туралы ақпаратты талап етеді) және конкурстық басқарушының конкурстық іс жүргізу барысы туралы ағымдағы есептерін, сондай-ақ сырттай байқау әкімшісінің сырттай байқау рәсімінің жүргізілу барысы туралы ағымдағы есептерін қарайды;
      10) конкурстық басқарушының және сырттай байқау әкiмшiсiнiң қорытынды есептерiн келiседi;
      11) алып тасталды - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      12) сырттай байқау әкiмшiсiнiң, оңалтушы және конкурстық басқарушылардың қорытынды есебiнiң нысанын, сондай-ақ сырттай байқау әкiмшiсi мен конкурстық басқарушының қорытынды есебiн келiсу тәртiбiн бекiтедi;
      13) конкурстық іс жүргізу кезінде, сондай-ақ сырттай байқау рәсімі кезінде кредиторлар комитетінің құрамын бекітеді;
      14) кредиторлар талаптарының тізілімін бекітеді;
      15) санацияға қатысушыдан растайтын құжаттарды талап етуге құқылы;
      16) конкурстық іс жүргізу мерзімін ұзартады;
      17) алып тасталды - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      18) осы Заңда белгіленген жағдайларда, оңалтушы, конкурстық басқарушыларды және сырттай байқау әкімшісін шеттету туралы шешім қабылдайды;
      19) борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөніндегі сауда-саттықтың жүргізілу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      20) жалған және әдейі жасалған банкроттықтың белгілерін анықтайды;
      21) оңалтушы, конкурстық басқарушылардың және сырттай байқау әкімшісінің іс-әрекеттеріне шағымдарды қарайды;
      22) осы Заңның 6-бабында көрсетілген мән-жайлар кезінде жасалған мәмілелерді анықтау жөнінде шаралар қолданады;
      23) сырттай байқау әкімшілерін, оңалтушы және конкурстық басқарушыларды білім беру ұйымы арқылы даярлау ережелерін бекітеді;
      23-1) тіркеуге, тіркеуден шығаруға, тіркелген тұлғаның деректеріне өзгерістер енгізуге арналған өтініштердің нысандарын, сондай-ақ тіркелгендігін растау және тіркеуден бас тарту нысандарын белгілейді;
      24) оңалтуды және конкурсты басқарушыларды, сырттай байқау әкімшісін тағайындау және шеттету тәртібін белгілейді;
      24-1) алып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      25) мониторингті, оның ішінде борышкерден оның қаржы-шаруашылық қызметіне қатысты ақпаратты және құжаттарды талап ету арқылы жүзеге асырады;
      26) мемлекеттік органдардан және олардың лауазымды адамдарынан төлем қабілеті жоқ және дәрменсіз борышкерлер туралы ақпаратты сұратады және алады;
      27) осы Заңды бұзушылықтар анықталған жағдайда, сырттай байқау әкімшісінің, конкурстық және оңалтушы басқарушылардың шешімдері мен іс-әрекеттерін (әрекетсіздігін) сотта даулайды;
      28) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетеді;
      29) заңмен белгіленген жағдайларда және тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды және олар туралы істерді қарайды, өз құзыреті шегінде әкімшілік жаза қолданады;
      30) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
      31) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 10-2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.07.05 № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгеріс енгізілді - 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      10-3-бап. Сырттай байқау рәсімінің, оңалту рәсімінің,
                конкурстық іс жүргізудің жүргізілуін
                мемлекеттік бақылау

      1. Уәкілетті органның сырттай байқау рәсімінің, оңалту рәсімінің, конкурстық іс жүргізудің жүргізілуін мемлекеттік бақылауының нысанасы тараптардың Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын сақтауы болып табылады.
      Мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
      Осы Заңның 10-4-бабында реттелмеген тексерулер мәселелері «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттеледі. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Осы баптың мақсаты үшін сырттай байқау рәсімінің, оңалту рәсімінің, конкурстық іс жүргізудің тараптары деп кредиторлар, борышкер, мүліктің меншік иесі немесе ол уәкілеттік берген орган, кредиторлар комитеті, сырттай байқау әкімшісі, конкурстық және оңалтушы басқарушылар түсініледі.
      3. Уәкілетті орган мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары шеңберінде өз құзыретін іске асыру мақсатында сауалдар жасауды жүзеге асыруға құқылы.
      4. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары мынадай:
      1) оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушылар және (немесе) сырттай байқау әкімшісі қызметін жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органда тіркелген тұлғаларды есепке алу;
      2) мониторинг;
      3) камералдық бақылау;
      4) борышкердің мүлкін (активтерін) сату бойынша сауда-саттықтың жүргізілу тәртібінің сақталуын бақылау нысандарында жүзеге асырылады.
      Ескерту. 10-3-бап жаңа редакцияда - 2009.07.17. № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту  енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

       10-4-бап. Сырттай байқау әкімшілерінің, оңалтушы және
                конкурстық басқарушылардың Қазақстан
                Республикасының заңнамасында белгіленген
                сырттай байқау рәсімін, оңалту рәсімін,
                конкурстық іс жүргізуді өткізу талаптарын
                сақтауын тексеру

      1. Тексеру уәкілетті органның немесе оның аумақтық органдарының нұсқамасы негізінде үш ай мерзімді тексерілетін кезеңде бір реттен жиі жүргізілмейді.
      2. Тексеру жүргізуге мынадай деректемелер жазылған нұсқама негіздеме болып табылады:
      1) уәкілетті органда тіркелген күні мен нөмірі;
      2) нұсқаманы берген уәкілетті органның атауы;
      3) тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы;
      4) күші жойылды - ҚР-ның 2008.07.05 № 60-IV (2012.01.01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.     
      5) күші жойылды - ҚР 2012.01.12 № 538-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      5-1) борышкердің - дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), заңды мекенжайы немесе борышкердің - заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері, сондай-ақ оның сәйкестендіру нөмірі;
      6) тағайындалған тексерудің нысанасы;
      7) тексерудің басталған және аяқталған күні;
      8) тексеру жүргізудің құқықтық негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексерілуге тиісті нормативтік құқықтық актілер;
      9) тексерілетін кезең.
      Нұсқамаға уәкілетті органның немесе оның аумақтық органының бірінші басшысы не оны ауыстыратын адамдар қол қоюға және елтаңбалы мөрмен куәландырылуға тиіс.
      3. Бір нұсқаманың негізінде бір тексеру ғана жүргізіледі.
      4. Сырттай байқау әкімшісі, оңалтушы және конкурстық басқарушылар борышкердің аумағына немесе үй-жайына зерттеу жүргізу үшін тексеруші адамдарды жіберуге, сондай-ақ кез келген сұратылған ақпаратты беруге міндетті.
      5. Уәкілетті органның тексерулерге басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тартуға құқығы бар.
      6. Тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адам тексеру нәтижелері бойынша екі данада тексеру нәтижелері туралы акт жасайды, оның біреуін анықталған бұзушылықтармен және басқа да іс-әрекеттермен танысып, оларды жою жөнінде шаралар қолдану үшін сырттай байқау әкімшісіне (оңалтушы немесе конкурстық басқарушыға) береді.
      7. Тексеру актісінде көрсетілген нәтижелер негізінде Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган мұндай бұзылушылықтарды жою мерзімін көрсете отырып, ұсыну шығарады.
      Ескерту. 10-4-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2008.07.05. № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 538-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

2-тарау. КРЕДИТОРЛАР КОМИТЕТI

      Ескерту. 2-тарау жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. № 256 Заңымен.

      11-бап. Кредиторлар комитетін қалыптастыру

      1. Сырттай байқау рәсімінде, жеделдетілген оңалту рәсімінде, оңалту рәсімінде, конкурстық іс жүргізуде кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитеті құрылады.
      Кредиторлар комитетін қалыптастыру:
      1) сырттай байқау кезiнде осы Заңның 41-2-бабымен;
      2) конкурстық iс жүргiзу кезiнде осы Заңның 70-бабымен;
      3) жеделдетілген оңалту рәсімі кезінде осы Заңның 14-3-бабымен;
      4) оңалту рәсімі кезінде осы Заңның 46-1-бабымен реттеледі.
      2. Кредиторлар комитетінің құрамына еңбекақы төлеу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша кредиторлардың өкілі, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредиторлар, кредитордың – мемлекеттік материалдық резервті басқару жөніндегі уәкілетті органның өкілі, сондай-ақ борышкерге қоятын талаптарының сомасы неғұрлым көп конкурстық кредиторлар мен кепілді кредиторлар кіреді.
      Кредиторлар комитетінің қалыптастырылатын құрамына талаптарының сомасы қойылған өсімақылар мен айыппұлдар сомасын есепке алмағанда, тиісті біртекті топ талаптарының жалпы сомасының елу пайызынан асатын біртекті топ кредиторынан (кредиторларынан) ұсынылған тұлға (тұлғалар) енгізілуге тиіс.
      3. Кредитор сырттай байқау рәсіміне, оңалту рәсіміне, конкурстық іс жүргізуге кредиторлар комитетінің мүшесі ретінде қатысудан бас тартуға құқылы.
      4. Сырттай байқау әкімшісінің, конкурстық басқарушының, конкурстық іс жүргізу кезінде кредиторлар комитетінің, борышкер кредиторларының өтініші бойынша уәкілетті орган кредиторлар комитетінің қалыптастырылған және бекітілген құрамына осы баптың талаптарын ескере отырып, өзгерістер енгізуі мүмкін.
      5. Мыналар:
      1) кредиторлар комитеті мүшесінің кредиторлар комитетінің отырыстарына екі реттен артық дәлелсіз себептермен келмей қалуы;
      2) борышкерге қоятын талаптарының үлкен сомасына ие кредитордың анықталуы;
      3) кредиторлар комитеті мүшесінің өзін кредиторлар комитетінің құрамынан шығару туралы өтініші;
      4) кредиторлар комитетінің құрамына кіретін кредитордың алдындағы міндеттемелердің орындалуы;
      5) кредитордың өзін кредиторлар комитетінің құрамына қосу туралы өтініші;
      6) кредиторға кредиторлар комитетінің құрамында болуға кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар (заңды күшіне енген сот актілері, кредитордың таратылуы не қайтыс болуы және басқалар) кредиторлар комитетінің қалыптастырылған және бекітілген құрамына өзгерістер енгізудің негіздері бола алады.
      Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      12-бап. Кредиторлар комитетiнiң отырыстары

      1. Кредиторлар комитетiнiң бiрiншi отырысы кредиторлар комитетiнiң құрамы бекiтiлген күннен бастап он бес күннен аспайтын мерзiмде өткiзiлуге тиiс.
      2. Кредиторлар комитетi бiрiншi отырысында:
      1) дауысқа қою рәсiмiнде дауыстар тең болған жағдайда шешушi дауыс құқығы берiлетiн комитет төрағасын сайлауға;
      2) конкурстық басқарушының кредиторлар комитетінің алдында түгендеу жөнінде есеп беру мерзімін белгілеуге;
      3) сыйақының сомасын және оны конкурстық басқарушыға төлеудiң тәртiбiн белгiлеуге мiндеттi.
      3. Кредиторлар комитетiнiң бұдан кейiнгi отырыстары комитет белгiлейтiн тәртiппен және мерзiмде шақырылады.
      Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. № 239, 2006.01.10. № 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      13-бап. Кредиторлар комитетiнiң өкiлеттiгi

      1. Кредиторлар комитетi мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
      1) келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын конкурстық іс жүргізу рәсімін өткізу бойынша іс-шаралар жоспарын бекітеді;
      2) оңалтушы немесе конкурстық басқарушының iс-әрекеттерiн бақылауды жүзеге асыру үшiн кредиторлар комитетi мүшелерiнiң арасынан кредиторлар өкiлiн сайлайды;
      3) сырттай байқау әкімшісінен, оңалтушы немесе конкурстық басқарушыдан борышкердің қаржылық жағдайы және сырттай байқау рәсімдерін, оңалту рәсімін және конкурстық іс жүргізуді жүзеге асыру барысы туралы ақпарат беруді талап етеді;
      4) оңалтушы немесе конкурстық басқарушының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға және (немесе) сотқа шағымданады, сондай-ақ оларды атқаратын міндеттерінен шеттету туралы уәкілетті органға жүгіну жөнінде шешім қабылдайды;
      5) банкроттың өндiрiп алынуы мүмкiн емес дебиторлық берешегінiң сомасын бекiтеді;
      6) конкурстық басқарушы ұсынған конкурстық массаны сату жоспарын бекiтеді;
      7) аудиторлық тексерудің және түгендеудің нәтижелерін назарға алады;
      8) конкурстық іс жүргізуді өткізу үшін шығыстардың баптары мен сметасын бекітеді;
      9) егер бұл кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтірмесе, конкурстық басқарушыға банкрот деп танылған кәсіпорынның өндірістік қызметін тоқтатпау жөнінде орынды болған жағдайда ұсыным береді;
      10) борышкердің мемлекеттік қолдау шараларына жүгінуі және оңалту рәсімін тоқтата тұру туралы келісім береді;
      11) оңалту жоспарында көзделгендерді қоса алғанда, борышкердің мүлкін (активтерін) кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс сату тәртібін айқындайды;
      12) осы Заңда көзделген өзге де өкілеттіктер.
      2. Кредиторлар комитеті рәсімдерді жүзеге асыру барысы туралы ақпаратты:
      1) сырттай байқау, конкурстық іс жүргізу кезінде – айына кемінде бір рет;
      2) жеделдетілген оңалту рәсімінде, оңалту рәсімінде – кредиторлар жиналысы белгілеген мерзімдерде кредиторлардың назарына жеткізуге міндетті.
      Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      14-бап. Кредиторлар комитетiнiң шешiм қабылдауы

      1. Кредиторлар комитетінің отырысы комитет мүшелерінің немесе олардың сенімді тұлғаларының кемінде 2/3-сі қатысса, құқықты болады.
      2. Кредиторлар комитетінің отырысы оңалту рәсімінде, жеделдетілген оңалту рәсімінде борышкердің мүлкі мен істерін басқару құқығы оларда сақталған жағдайларда, борышкер мүлкінің меншік иесiнің (ол уәкiлеттік берген органның), құрылтайшылардың (қатысушылардың), сырттай байқау әкімшісінің, оңалтушы немесе конкурстық басқарушының, кредиторлар комитеті мүшелерінің бастамасы бойынша шақырылады.
      Кредиторлар комитетінің мүшелері кредиторлар комитетінің отырысы өткізілетіні туралы отырыс өткізуге дейін кемінде жеті жұмыс күні бұрын хабардар етілуге тиіс.
      Хабарламада отырыстың өткізілетін жері, күні мен уақыты туралы мәліметтер, күн тәртібі қамтылуға тиіс.
      3. Кредиторлар комитетінің отырысы хаттамамен ресімделеді.
      Хаттама дауыс беруге қатысқан кредиторлар комитетінің мүшелері туралы мәліметтерді, күн тәртібін, дауыс беру нәтижелерін және қабылданған шешімдерді қамтуға тиіс. Хаттамаға кредиторлар комитетінің дауыс беруге қатысқан барлық мүшелері, сырттай байқау әкімшісі, оңалтушы немесе конкурстық басқарушы қол қояды.
      Сырттай байқау әкімшісі, конкурстық басқарушы хаттамаға кредиторлар комитетінің дауыс беруге қатысқан барлық мүшелері қол қойған сәттен бастап оны үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жібереді.
      4. Жеделдетілген оңалту рәсімі, оңалту, сырттай байқау рәсімі кезінде, сондай-ақ конкурстық іс жүргізу кредиторлары талаптарының тізілімі бекітілгенге дейін кредиторлар комитетінің шешімі «комитеттің бір мүшесі – бір дауыс» қағидаты бойынша кредиторлар комитеті мүшелері жалпы санының жай көпшілік даусымен қабылданады.
      Конкурстық іс жүргізу рәсімі кезінде, кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілгеннен кейін кредиторлар комитетіне қатысатын кредиторлар өз талаптарының кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген кредиторлар талаптарының жалпы сомасына қатысты мөлшеріне барабар дауыс санын иеленеді.
      Міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін қолданылуға жататын тұрақсыздық төлемі (айыппұлдар, өсімпұлдар), төлемнің мерзімін өткізіп алғаны үшін пайыздар, қолдан шығарылған пайда түріндегі шығындар, сондай-ақ өзге де мүлiктiк және (немесе) қаржылық санкциялар кредиторлар комитетінде дауыстар санын анықтау мақсаты үшін есепке алынбайды.
      5. Борышкердiң қалған барлық кредиторларының борышкер кредиторлары комитетінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кредиторлар комитетіне ұсынымдар беру құқығымен кредиторлар комитетiнiң отырысына қатысуға құқығы бар.
      6. Борышкер мүлкi меншік иесiнің (ол уәкiлеттік берген органның), құрылтайшылардың (қатысушылардың) кредиторлар комитетінің отырысына қатысуға және кредиторлар комитетінің шешімдеріне сотқа шағымдануға құқығы бар.
      Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-1 тарау. Жеделдетілген оңалту рәсімі

      Ескерту. Заң 2-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      14-1-бап. Жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану

      1. Жеделдетілген оңалту рәсімі борышкер мынадай шарттарға сәйкес келген:
      1) борышкерге қатысты банкроттық туралы немесе оңалту туралы іс қозғалмаған;
      2) борышкер коммерциялық ұйым болып табылған;
      3) борышкер төлемге қабілетсіз не таяу он екі ай ішінде ақшалай міндеттемелерді орындау мерзімі басталған кезде оларды орындауға қабілетсіз болған кезде қолданылады.
      2. Өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін борышкер жауапты болатын азаматтардың талаптарын қоспағанда, борышкерге қатысты жеделдетілген оңалту рәсімі еңбек шарты бойынша жұмыс істеген тұлғаларға еңбекақы және өтемақылар төлеу, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектерді төлеу бойынша, жалақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын, авторлық шарттар бойынша сыйақыларды төлеу бойынша, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша біртекті кредиторлар тобы (топтары) алдындағы міндеттемелер бойынша енгізілуі мүмкін.
      3. Мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкерге қатысты жеделдетілген оңалту рәсімі осындай шараларды қолдану талаптарына сәйкес кез келген біртекті кредиторлар тобының (топтарының) міндеттемелері бойынша енгізілуі мүмкін.
      4. Жеделдетілген оңалту туралы іске қатысушы тұлғалар:
      1) борышкер;
      2) оңалту жоспарына енгізілген біртекті кредиторлар тобына (топтарына) кіретін кредиторлар болып табылады.
      5. Жеделдетілген оңалту рәсімінде сот:
      1) жеделдетілген оңалту рәсімін қолданады және тоқтатады;
      2) мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкердің жоспарын қоспағанда, оңалту жоспарын бекітеді;
      3) мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкердің жоспарын қоспағанда, оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
      4) борышкер жауапкер ретінде әрекет ететін мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша iстердi өзiнiң іс жүргiзуiне қабылдайды;
      5) жеделдетілген оңалту рәсіміне қатысушылар арасындағы дауларды шешеді;
      6) қорытынды есепті бекітеді.

      14-2-бап. Борышкердің жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану
                туралы өтініші

      1. Төлемге қабілеттілікті қалпына келтіру, төлемге қабілетсіздіктің басталуының алдын алу мүмкіндігі бар болған кезде борышкер жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану туралы сот органына жүгінуге құқылы.
      2. Борышкердің өтініші сотқа жазбаша нысанда беріледі. Оған борышкер басшысы не құрылтай құжаттарына сәйкес оны алмастыратын тұлға қол қояды.
      3. Борышкердің өтініші:
      1) өтініш берілетін соттың атауын;
      2) кредиторлық берешек сомасы туралы мәліметтерді;
      3) кредиторлардың оңалту жоспарын мақұлдағаны туралы ақпаратты;
      4) алдағы төлемдерді уақтылы өтеу мүмкін еместігінің себептерін қоса алғанда, кредиторлар талаптарын қанағаттандыру мүмкін еместігінің негіздемесін;
      5) борышкерде бар мүлік, оның ішінде кепіл ауыртпалығы салынған, жалдауда және (немесе) лизингте тұрған мүлік, банк шоттарындағы ақшалай қаражат туралы мәліметтерді, шоттардың нөмірлерін және банктердің тұрған жерін, дебиторлық берешек сомасы туралы мәліметтерді;
      6) борышкердің орындалу мерзімі басталмаған міндеттемелері туралы мәліметтерді;
      7) шешімдерді қабылдау үшін қажетті ақпаратты кредиторлар алдында ашуы туралы борышкердің жазбаша міндеттемесін;
      8) оңалту жоспарына енгізілмеген біртекті кредиторлардың топтарына жататын кредиторлардың кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінде тиесілі төлемдерді алатыны және ұсынылған оңалту жоспары олардың құқықтарын өзгертпейтіні және қозғамайтыны туралы борышкердің міндеттемесін;
      9) қоса берілетін құжаттардың тізбесін қамтуға тиіс.
      Борышкердің өтінішінде, егер борышкер олар сотта істі қарау үшін қажет деп есептесе, өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін.
      Осы тармақтың 4), 5), 6), 8) тармақшаларының талаптары мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкерге қолданылмайды.
      4. Жеделдетілген оңалту рәсіміне бастамашылық ету жөніндегі шығыстар борышкердің қаражаты есебінен жабылады.
      5. Борышкердің жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішіне:
      1) мемлекеттік баждың белгіленген тәртіппен және мөлшерде төленгенін;
      2) берешектің бар-жоғын не оның басталғанын, сондай-ақ борышкердің кредиторлар талаптарын қанағаттандыруға қабілетсіздігін растайтын басқа да құжаттар;
      3) борышкердің өтініші негізделген өзге де мән-жайларды растайтын құжаттар қоса беріледі.
      Мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкер осындай шаралар қатысушысының мәртебесін растайтын құжатты қосымша түрде табыс етеді.
      Осы тармақтың 2) тармақшасының талаптары мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкерге қолданылмайды.
      6. Борышкердің өтінішіне:
      1) оңалту жоспары;
      2) берешектің сомасы, оның түзілген күні көрсетілген және біртекті кредиторлардың топтары бойынша бөлінген кредиторлар тізбесі;
      3) отырыстың хаттамасы және (немесе) талаптарының сомасы оңалту жоспарына енгізілген біртекті кредиторлардың әрбір тобы (топтары) талаптарының жалпы сомасының елу пайызынан астамын құрайтын кредиторлардың оңалту жоспарын мақұлдағаны туралы жазбаша растауы;
      4) борышкерге қойылған талап арыздарды соттардың іс жүргізуге қабылдағаны туралы, сондай-ақ даусыз (акцептісіз) есептен шығарылуға қойылған талаптар туралы мәліметтер;
      5) егер кредиторлар оңалту жоспарын қарау және келісу кезеңінде кредиторлар органын құрған болса, осындай орган мүшелерінің тізімі;
      6) құрылтай құжаттарының көшірмелері де қоса беріледі.
      Осы тармақтың 2), 3), 4) тармақшаларының талаптары мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкерге қолданылмайды.
      7. Борышкердің өтінішіне қоса берілетін барлық құжаттарға өтініш берген тұлға қол қояды және олар мөрмен куәландырылады.
      8. Борышкердің жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінуін, егер:
      1) борышкер осы Заңның 14-1-бабында белгіленген шарттарға сәйкес келмеген;
      2) өтініш осы бапта белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, сот қарамай қайтарады.

      14-3-бап. Кредиторлардың жеделдетілген оңалту рәсіміне
                 қатысуы

      1. Біртекті кредиторлардың бүкіл тобының (топтарының) мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында жеделдетілген оңалту рәсіміне қатысатын кредиторлардың жиналысы шақырылады.
      2. Кредиторлардың алғашқы жиналысы соттың жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану туралы шешімі шығарылған сәттен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде өткізілуге тиіс.
      3. Мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкерге жеделдетілген оңалту рәсімі қолданылған жағдайда, борышкердің жоғарыда аталған шаралар шеңберінде қалыптастырылған кредиторлар органына кредиторлар жиналысының және комитетінің осы Заңда белгіленген өкілеттіктері қолданылады.
      4. Кредиторлардың жиналыстарын, кредиторлар комитетінің отырыстарын өткізу, кредиторларды хабардар ету жөніндегі шығыстар борышкердің қаражаты есебінен жабылады.
      5. Кредиторлардың жиналысына қатысу құқығы кредиторларға, борышкерге, борышкер мүлкінің меншік иесіне (ол уәкілеттік берген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға) немесе олардың өкілдеріне тиесілі.
      6. Кредиторлар жиналысын ұйымдастыруды және өткізуді борышкердің немесе оны басқару органдарының тұрған жері бойынша борышкер жүзеге асырады.
      7. Осы Заңның мақсаттары үшін кредиторларға, сондай-ақ кредиторлардың жиналысына қатысу құқығына ие өзге де тұлғаларға кредиторлар жиналысы өткізілетіні туралы хабардың кредиторлар жиналысы өткізілетін күнге дейін жеті жұмыс күні бұрын пошта арқылы тапсырыс хатпен жіберілуі тиісінше хабардар ету болып танылады. Егер кредиторлар саны елуден астам болған жағдайда, кредиторлар жиналысы өткізілетіні туралы хабардың Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкер тұрған жері бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгіленген тәртіппен нормативтiк құқықтық актілерді ресми түрде жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында кредиторлар жиналысы өткізілетін күнге дейін жеті жұмыс күні бұрын қазақ және орыс тiлдерiнде жариялануы тиісінше хабардар ету болып танылады.
      Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс жерде орналасқан кредитор үшін кредиторға хабардың кредиторлар жиналысы өткізілетін күнге дейін жеті жұмыс күні бұрын пошта арқылы тапсырыс хатпен жіберілуі тиісінше хабардар ету болып танылады.
      Тұрақты немесе көбінесе тұратын жері немесе тұрған жері бойынша жеке хабардар ету үшін қажет мәліметтерді анықтау мүмкін болмаған кезде не мұндай хабардар етуді мүмкін емес ететін өзге мән-жайлар болған кезде кредиторлар жиналысының өткізілетіні туралы мәліметтерді осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген тәртіппен жариялау осындай тұлғаларды тиісінше хабардар ету болып танылады.
      Борышкерде интернет-ресурс бар болған кезде, кредиторлар жиналысының өткізілетіні туралы хабарламаны кредиторлар жиналысы өткізуге дейін жеті жұмыс күні бұрын аталған интернет-ресурста жариялау міндетті болып табылады.
      Кредиторлар жиналысының өткізілетіні туралы хабарламада мынадай мәліметтер:
      1) борышкердің атауы, тұрған жері және оның мекенжайы;
      2) кредиторлар жиналысының өткізілетін күні, уақыты және орны;
      3) кредиторлар жиналысының күн тәртібі;
      4) кредиторлар жиналысының қарауына жататын материалдармен танысу тәртібі қамтылуға тиіс.
      8. Кредиторлар жиналысының қатысушысы немесе оның сенімді адамы жиналысқа тікелей қатысуы мүмкін болмаған жағдайда, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сырттай дауыс беруге құқылы.
      Кредиторлар жиналысының қатысушысы сырттай дауыс беру тәсілін таңдаған жағдайда, ол жиналыс өткізуге дейін бес жұмыс күні бұрын бұл туралы борышкерге хабарлауға тиіс.
      Борышкер жиналыс өткізуге дейін үш жұмыс күні бұрын күн тәртібіне қатысты материалдарды кредиторлар жиналысының осындай қатысушысына танысу үшін жіберуге немесе табыс етуге міндетті.
      9. Кредиторлар жиналысына қатысатын кредиторлар өз талаптарының жиналысқа қатысушы кредиторлар талаптарының жалпы сомасына қатысты барабар мөлшерінде дауысқа ие болады.
      Міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін қолданылуға жататын тұрақсыздық төлемі (айыппұлдар, өсімпұлдар), төлемнің мерзімін өткізіп алғаны үшін пайыздар, қолдан шығарылған пайда түріндегі шығындар, сондай-ақ өзге де мүлiктiк және (немесе) қаржылық санкциялар кредиторлардың жиналысында дауыстар санын анықтау мақсаты үшін есепке алынбайды.
      10. Кредиторлар жиналысы оған оңалту жоспарына енгізілген біртекті кредиторлардың әрбір тобының жалпы дауыс санының кемiнде жетпiс бес пайызын құрайтын дауыс санына ие кредиторлар қатысқан жағдайда құқықты. Кредиторлардың қайтадан шақырылған жиналысы, кредиторлар жиналысының өткізілу уақыты мен орны туралы кредиторлар тиісінше хабардар етілген жағдайда, оған оңалту жоспарына енгізілген біртекті кредиторлардың әрбір тобының жалпы дауыс санының жартысынан астамына ие кредиторлар қатысқан жағдайда құқықты.
      11. Кредиторлар жиналысының шешімдері кредиторлар жиналысына қатысатын кредиторлардың жалпы дауыс санының көпшілік даусымен қабылданады.
      12. Кредиторлар жиналысының хаттамасы екі данада жасалады, оның біреуі сотқа, екіншісі кредиторлар комитетіне беріледі.
      Кредиторлар жиналысының хаттамасына:
      жиналысқа қатысушылар өкілдерінің өкілеттіктерін растайтын құжаттардың;
      жиналысқа қатысушыларға танысу және (немесе) бекіту үшін ұсынылған материалдардың;
      кредиторлар жиналысының өткізілу күні мен орны туралы кредиторлардың тиісінше хабардар етілгенін айғақтайтын дәлелдемелер болып табылатын құжаттардың;
      борышкердің қалауы бойынша өзге құжаттардың көшірмелері қоса тіркелуге тиіс.
      13. Кредиторлар жиналысының ерекше құзыретіне:
      1) кредиторлар комитетінің санын айқындау, құрамын қалыптастыру және бекіту;
      2) кредиторлар комитетінің құрамына өзгерістер енгізу;
      3) оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды келісу;
      4) кредиторлар комитеті мүшелерінің жеделдетілген оңалту рәсімін жүзеге асыру барысы туралы ақпаратты кредиторлардың назарына жеткізу тәртібін айқындау;
      5) оңалту жоспарында көзделмеген, кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелерді келісу;
      6) жеделдетілген оңалту рәсімін ұзартуды келісу;
      7) қорытынды есепті келісу;
      8) осы Заңда көзделген өзге де өкілеттіктер жатады.
      14. Кредиторлар жиналысының құзыретіне кіретін, осы баптың 13-тармағының 3) және 6) тармақшаларында көзделген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кезінде сырттай дауыс беруге жол берілмейді.
      15. Кредиторлар комитетінің отырысы, оны өткізу және шешімдерді қабылдау осы Заңның 14-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      14-4-бап. Оңалту жоспары

      1. Оңалту жоспары борышкердiң төлемге қабiлеттілігін қалпына келтiру (оңалту шаралары), орындау мерзімі басталмаған міндеттемелерді өтеу мүмкін еместігіне байланысты төлемге қабілетсіздіктің туындауын болғызбау бойынша нақты iс-шараларды және жеделдетілген оңалту рәсіміне қатысатын біртекті кредиторлар топтары алдындағы берешекті өтеу және (немесе) алдағы төлемдер кестесін қамтуға тиіс.
      Оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтырулар кредиторлар жиналысының келісімімен енгізіледі және оларды сот бекітеді.
      2. Оңалту шаралары санацияны, сауда-саттық жүргiзу арқылы мүлiк (активтер) сатуды, борышкердiң талап ету құқықтарын басқаға беруді, негізгі борыш сомасының бір бөлігін есептен шығаруды, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығаруды, борыштарды акцияларға айырбастауды, бiтiмгершiлiк келiсiмін жасасуды және басқаларды қоса алғанда, борышкердің төлемге қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған кез келген ұйымдастырушылық-шаруашылық, техникалық, қаржылық-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де іс-шараларды қамтуы мүмкiн.
      3. Егер оңалту жоспары ақшалай қаражат көзі ретінде кредиттер (микрокредиттер) алуды қамтыған, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын көздеген жағдайда, оңалту жоспарына кредит (микрокредит) алуға арналған шарт не қаржылық ұйымның оң шешімі не мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы мәртебесін алғандығын растайтын құжат қоса тіркеледі.

      14-5-бап. Жеделдетілген оңалту туралы iс бойынша iс
                 жүргізуді қозғау және оның салдары

      1. Сот осы Заңның 14-2-бабында белгiленген талаптарға сай келетін, жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішті алып, өтiнiш келіп түскеннен кейiн бес жұмыс күнінен кешiктiрмей iсті қозғау туралы ұйғарым шығарады.
      2. Жеделдетілген оңалту туралы iс бойынша iс жүргізу қозғалған сәттен бастап:
      1) борышкер мүлкiнің меншiк иесiне (ол уәкiлеттiк берген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға), заңды тұлғаның барлық органдарына мүлікті кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс пайдалануға және өткізуге тыйым салынады;
      2) оңалту жоспарына енгізілген біртекті кредиторлар тобына кіретін кредиторлардың, сондай-ақ борышкер мүлкiнің меншiк иелерiнiң (олар уәкiлеттiк берген органдардың), құрылтайшылардың (қатысушылардың) борышкер мүлкіне қатысты талап арыздары бойынша соттардың, аралық соттардың бұрын қабылданған шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;
      3) оңалту жоспарына енгізілген біртекті кредиторлар тобына кіретін кредитордың (кредиторлардың) өтініші бойынша банкроттық туралы іс қозғауға жол берілмейді;
      4) борышкер мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы мәртебесін алған жағдайда, кредитордың (кредиторлардың) өтініші бойынша банкроттық туралы іс қозғауға жол берілмейді;
      5) борышкер оңалту жоспарына енгізілген біртекті кредиторлар тобының әрбір кредиторына іс бойынша іс жүргізудің қозғалғаны туралы хабарламаны бес жұмыс күні ішінде жіберуге міндетті;
      6) кредиторлар хабарламада көрсетілген кредиторлық берешек сомасымен келіспеген жағдайда, жеделдетілген оңалту туралы істі қарайтын сотқа хабарлама алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы;
      7) жеделдетілген оңалту рәсіміне тартылған кредиторлардың талаптары бойынша, оның ішінде даусыз (акцептісіз) тәртіппен қанағаттандыруға жататын талаптар бойынша борышкердің банктік шоттарынан ақшаны өндіріп алуға, сондай-ақ борышкер мүлкіне өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.
      3. Борышкердің кредиторларға жіберетін хабарламасында:
      1) жеделдетілген оңалту туралы істің қозғалғаны туралы ақпарат;
      2) жеделдетілген оңалту туралы іс қозғау туралы ұйғарым шығарған соттың атауы және оның тұрған жері;
      3) жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішке қоса тіркелген құжаттарда көрсетілген кредитор талаптарының сомасы, сондай-ақ жеделдетілген оңалту рәсіміне қатысатын біртекті кредиторлар тобы (топтары) талаптарының жалпы сомасы;
      4) көрсетілген кредиторлық берешек сомасымен келіспеген жағдайда, кредитордың хабарламаны алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде сотқа қарсылық бере алатыны туралы ақпарат қамтылуға тиіс.
      4. Борышкер жеделдетілген оңалту рәсімі туралы іс бойынша іс қозғалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабарландырулардың көшірмелерін, хабарламалардың түпнұсқаларын оларды кредиторлардың алғанын, не кредитордың тұрған жері бойынша болмауы себепті оларды тапсыру мүмкін болмағанын растаумен бірге, сотқа табыс етуге тиіс.

      14-6-бап. Iстiң сотта қаралуы

      1. Жеделдетілген оңалту туралы iстi сот талқылауына дайындау кезiнде сот Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасында көзделген іс-әрекеттерден басқа, жеделдетілген оңалту рәсіміне тартылған кредиторларды және прокурорды істің сотта қаралатын уақыты мен орны туралы хабардар етеді.
      2. Iстi алдын ала дайындау аяқталғаннан кейiн, бiрақ ол қозғалғаннан кейінгі он бес күннен кешiктiрiлмей, жеделдетілген оңалту туралы iс сот талқылауына тағайындалуға тиiс, бұл туралы сот ұйғарым шығарады.
      Сот жеделдетілген оңалту туралы iсті іс қозғалған күннен бастап бір айдан аспайтын мерзiмде қарауға тиiс.
      3. Жеделдетілген оңалту туралы iсті алдын ала дайындау мерзімі іс қозғалған сәттен бастап он бес күннен аспауға тиіс.
      4. Сот мынадай шарттар орындалған:
      1) сот талқылауы барысында борышкер төлемге қабілетсіздігін не орындау мерзімі таяу он екі айда басталатын ақшалай міндеттемелерді орындаудың мүмкін еместігін дәлелдеген;
      2) борышкер іс бойынша іс жүргізудің қозғалғандығы туралы кредиторларды хабардар ету бойынша талаптарды толық көлемде орындаған;
      3) жеделдетілген оңалту рәсімін қолдануға келісім бермеген кредиторлардың мүліктік мүдделері оңалту жоспарында ескерілген;
      4) оңалту жоспарын мақұлдаған кредиторлардың талаптары біртекті кредиторлардың тиісті тобы (топтары) талаптарының жалпы сомасының елу пайызынан астамын құраған кезде жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімін шығарады.
      Осы тармақтың 1), 4) тармақшаларының талаптары мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкерге қолданылмайды.
      5. Сот шешімі:
      1) борышкердің атауын, оның тұрған жерін, банктік шоттары туралы мәліметтерді, салық төлеушінің тіркеу нөмірін (бизнес-сәйкестендіру нөмірін), басшының тегін, атын, әкесінің атын, телефонның байланыс нөмірін;
      2) жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану туралы нұсқауды;
      3) мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкерге жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану жағдайларын қоспағанда, оңалту жоспарын бекіту туралы нұсқауды;
      4) жеделдетілген оңалту рәсімінің мерзімі туралы мәліметтерді;
      5) оңалту жоспарына енгізілген кредиторлар тізбесін;
      6) оңалту жоспарына енгізілген біртекті кредиторлар тобы (топтары) талаптарының сомасын;
      7) жеделдетілген оңалту рәсімін қолданудың осы Заңда көзделген салдарларының басталғаны туралы нұсқауды;
      8) борышкердің оңалту жоспарын орындау нәтижелері бойынша қорытынды есепті беруі туралы нұсқауды қамтуға тиіс.
      6. Сот мынадай:
      1) сот талқылауы барысында борышкер төлемге қабілетсіздігін және (немесе) алдағы төлемдерді уақтылы өтеу мүмкіндігі жоқтығын растамаған;
      2) борышкер осы Заңның 14-5-бабы 4-тармағының талаптарын орындамаған және борышкер кредиторды оның тұрған жері бойынша болмауы себепті хабардар етудің мүмкін болмағанын дәлелдемеген;
      3) кредиторларға жіберілген іс бойынша істі қозғау туралы хабарламалар осы Заңның 14-5-бабының 3-тармағының талаптарына сәйкес келмеген;
      4) жеделдетілген оңалту рәсімін қолдануға келісім бермеген кредиторлардың мүліктік мүдделері оңалту жоспарында ескерілмеген;
      5) оңалту жоспарына келісім берген біртекті кредиторлар тобына жатпайтын кредиторлардың құқықтарын оңалту жоспары өзгерткен және қозғаған;
      6) борышкер ұсынған құжаттар оңалту жоспарына енгізілген біртекті кредиторлардың әрбір тобы талаптарының жалпы сомасының елу пайызынан астамын білдіретін кредиторлардың оңалту жоспарын мақұлдағанын растамаған жағдайларда, жеделдетілген оңалту рәсімін қолданудан бас тартады.
      Осы тармақтың 5), 6) тармақшаларының талаптары мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкерге қолданылмайды.
      7. Сот талқылауы барысында осы баптың 6-тармағында көрсетілген мән-жайлар анықталмаған жағдайларда, сот жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану туралы шешім шығарады.

      14-7-бап. Жеделдетілген оңалту рәсімінің мерзімі

      Жеделдетілген оңалту рәсімінің жүзеге асырылу ұзақтығы екі жылдан аспауға тиіс. Сот борышкердің өтініші бойынша рәсімнің жүзеге асырылу мерзімін кредиторлар жиналысының келісімімен алты айдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.
      Борышкерге мемлекеттік қолдау шаралары қолданылған жағдайда, сот рәсім мерзімін бекітілген оңалту жоспарына сәйкес белгілейді.

      14-8-бап. Жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану және оңалту
                 жоспарын бекіту салдарлары

      1. Сот жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану туралы шешім шығарған және оңалту жоспарын бекіткен сәттен бастап мынадай салдарлар басталады:
      1) борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне (ол уәкiлеттiк берген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға), заңды тұлғаның барлық органдарына кредиторлар жиналысының немесе борышкерге мемлекеттік қолдау шараларын қолдану кезінде құрылған кредиторлардың өзге органдарының келісімінсіз, оңалту жоспарында көзделгендерді қоспағанда, мүлікті кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс пайдалануға және өткізуге тыйым салынады;
      2) оңалту жоспарына енгізілген біртекті кредиторлар тобына кіретін кредиторлардың, сондай-ақ борышкер мүлкiнің меншiк иелерiнiң (ол уәкiлеттiк берген органдардың), құрылтайшылардың (қатысушылардың) борышкер мүлкіне қатысты талап арыздары бойынша соттардың, аралық соттардың бұрын қабылданған шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;

      4) борышкерге мемлекеттік қолдау шаралары қолданылған жағдайда, кредитордың (кредиторлардың) өтініші бойынша банкроттық туралы іс қозғауға жол берілмейді.
      2. Жеделдетілген оңалту рәсімінің мерзімі ішінде борышкер әр айдың 15-інен кешіктірмей өткен айдағы қаржылық жағдайы, кәдімгі коммерциялық операциялар барысында жүргізілген мәмілелер туралы ақпаратты кредиторлар комитеті мүшелерінің назарына жеткізуге, кредиторлар комитетінің талабы бойынша кез келген ақпаратты ұсынуға міндетті.
      3. Оңалту жоспарына қосылған кредиторлармен есеп айырысу оңалту жоспарында көзделген өтеу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Жеделдетілген оңалту рәсіміне тартылмаған, қалған кредиторлармен есеп айырысу кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінде жүзеге асырылады.

      14-9-бап. Жеделдетілген оңалту рәсімін тоқтату

      1. Жеделдетілген оңалту рәсімін:
      1) кредиторлар жиналысымен келісілген қорытынды есеп табыс етілген;
      2) егер мерзімді ұзарту үшін негіз болмаса, жеделдетілген оңалту рәсімінің мерзімі өткен;
      3) оңалту жоспарын орындау кезінде, сондай-ақ осы Заң нормаларын бұзушылықтар анықталған жағдайда кредиторлар жиналысының шешімі негізінде жиналыс уәкілеттік берген тұлғаның өтініші бойынша;
      4) оған қатысты борышкер өтеу кестесін үш айдан астам мерзім ішінде орындамаған кредитордың өтініші бойынша;
      5) оңалту жоспарына енгізілген біртекті кредиторлар тобына жатпайтын кредитордың не талаптары жеделдетілген оңалту рәсiмiн өткізу кезеңінде туындаған кредитордың өтініші бойынша банкроттық туралы іс қозғалған жағдайларда;
      6) оңалту жоспары құқықтары мен заңды мүдделерін бұзған және (немесе) ескермеген, оңалту жоспарына енгізілген біртекті кредиторлар тобына жататын кредитордың өтініші бойынша сот тоқтатады.
      2. Жеделдетілген оңалту рәсiмi тоқтатылған сәттен бастап осы Заңның 14-8-бабында белгіленген шектеулер алып тасталады, кредиторлар өз құқықтарын іске асыруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.

3-тарау. Банкроттық немесе оңалту туралы істерді сот тәртібімен қарау

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      15-бап. Банкроттық немесе оңалту туралы iс қозғау тәртiбi

      1. Банкроттық туралы iс бойынша іс жүргізу сотта осы Заңның 4-бабында көзделген негiздер болған кезде – борышкердiң, кредитордың (кредиторлардың), осы Заңның 26-бабында көзделген жағдайларда – прокурордың, осы Заңның 53-бабында көзделген жағдайда оңалтушы басқарушының өтiнiшi негiзiнде қозғалады.
      2. Борышкердi банкрот деп тану туралы кредитордың өтiнiшiн сотқа беру құқығына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге қатысты салық және өзге де уәкілетті мемлекеттік орган, сондай-ақ азаматтық-құқықтық және өзге де мiндеттемелер жөнiндегi кредиторлар – жеке және заңды тұлғалар ие болады.
      3. Оңалту туралы іс бойынша іс жүргізу осы Заңның 4-бабында көзделген негіздер бар болған кезде борышкердің өтініші негізінде сотта қозғалады.
      Борышкердің банкроттық туралы іс қозғалғандығы туралы сот ұйғарымының көшірмесін алған күннен бастап он күн мерзім ішінде оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішті сотқа жолдауға да құқығы бар.
      4. Сот борышкердi банкрот деп тану туралы немесе оңалту рәсімін қолдану туралы өтiнiштi iс жүргізуге қабылдау туралы ұйғарым шығарған сәттен бастап банкроттық немесе оңалту туралы iс бойынша iс жүргізу қозғалды деп есептеледi.
      5. Банкрот деп тану туралы борышкер, оңалтушы басқарушы берген өтiнiш соттың тиiстi шешiмiнсiз кері қайтарып алынбайды. Осы Заңның 53-бабында көзделген негіздер бойынша өтініш берілген жағдайларды қоспағанда, кредитордың (кредиторлардың), прокурордың өтiнiшiн ол (олар) борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм қабылданғанға дейiн қайтарып алуы мүмкiн.
      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      16-бап. Банкроттық немесе оңалту туралы іске қатысушы
               тұлғалар

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Мыналар банкроттық немесе оңалту туралы iске қатысушы тұлғалар бола алады:
      1) борышкер;
      2) кредиторлар;
      3) кредиторлардың еңбекке ақы төлеу жөніндегі өкілі;
      4) прокурор;
      5) борышкер мүлкiнiң иесi немесе ол уәкiлдiк берген орган;
      6) уәкiлеттi орган.
      7) <*>
      Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.07.01 № 256, 2001.07.11 № 239, 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

       17-бап. Борышкердiң өтiнiшi

      1. Борышкер өзiн банкрот деп тану туралы:
      1) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарымен уәкiлдiк берiлген органның;
      2) борышкер мүлкi иесiнiң немесе ол уәкiлдiк берген органның шешiмдерi негiзiнде сотқа жүгiнуге құқылы.
      2. Борышкер мүлкiнiң иесi, ол уәкiлдiк берген орган, заңды тұлғаның құрылтайшылары немесе құзыреттi органы, оны тарату туралы шешiм қабылдаған, ал мүлiк кредиторлардың талаптарын толық көлемiнде қанағаттандыруға жеткiлiксiз болған жағдайда, борышкер өзiн банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуге мiндеттi.
      Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. № 256, 2008.07.05. № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       18-бап. Борышкер өтiнiшiнiң нысаны мен мазмұны

      1. Борышкердiң өтiнiшi сотқа жазбаша түрде берiледi. Оған борышкердiң - заңды тұлғаның басшысы немесе құрылтай құжаттарына сәйкес оның орнындағы адам қол қояды.
      2. Борышкердiң өтiнiшi:
      1) өтiнiш берiлетiн соттың атауын;
      2) кредиторлар талаптарын қанағаттандыру мүмкін еместігінің негіздемесін;
      3) борышкерде бар мүлiк, оның iшiнде кепіл ауыртпалығы салынған, жалдауда және лизингте тұрған мүлiк, банк шоттарындағы ақша туралы мәлiметтерді; шоттардың нөмiрлерiн және банктердiң тұрған жерiн, дебиторлардың тұрған жерi мен берешек сомасы көрсетiлген тiзбесiн;
      4) борышкердiң орындалу мерзімі басталмаған мiндеттемелерi туралы мәлiметтерді;
      5) борышкер қызметiнiң табиғи монополия саласына қатысы туралы немесе осы борышкердің тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiсi болып табылатыны туралы ақпаратты;
      6) қоса берілетiн құжаттар тiзбесiн қамтуға тиiс.
      Борышкердiң өтiнiшiнде, егер банкроттық немесе оңалту туралы iстi қарауға қажет болса өзге де мәлiметтер, сондай-ақ өтiнiш берушiде бар қолдаухаттар көрсетiлуi мүмкiн.
      Борышкер уәкiлеттi органға өтiнiштiң және оған қоса берілетiн құжаттардың көшiрмелерiн жiберуге мiндеттi.
      Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1997.07.11 № 154, 1998.07.01 № 256, 2001.07.11 № 239, 2004.04.08 № 542, 2006.01.10 № 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      19-бап. Борышкердiң өтiнiшiне қоса берілетiн құжаттар

      1. Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшiне:
      1) мемлекеттiк баждың белгiленген тәртіппен және мөлшерде төленгенiн;
      2) берешектің бар-жоғын, сондай-ақ борышкердiң кредиторлар талаптарын қанағаттандыруға қабілетсіздігін;
      3) борышкердiң өтiнiшi негiзделетiн өзге мән-жайларды растайтын құжаттар қоса беріледi.
      2. Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшiне:
      1) борышкердiң өзін банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негiз болған, меншiк иесiнiң немесе құрылтайшылардың (қатысушылардың), заңды тұлға органдарының шешiмi;
      2) соңғы үш жылдағы және өтініш берген кезге қаржылық есептілік, көрсетілген кезең үшін борышкердің барлық міндеттемелері бойынша салықтық есептілік, тиісті берешектің сомасы мен түзілу күнін көрсете отырып, барлық кредиторлар мен дебиторлардың тізбесі (салық төлеушінің тіркелу нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі, толық атауы, заңды мекенжайы);
      3) борышкер еңбек ұжымының (қызметкерлерiнің) банкроттық туралы iске қатысу үшiн өкілі жасырын дауыс беру арқылы сайланған жиналысының (конференциясының) хаттамасы;
      4) құрылтай құжаттарының көшірмелері;
      5) егер борышкер табиғи монополия субъектiсi болып табылған жағдайда, табиғи монополия салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның ол борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуi жөнiндегi жазбаша хабарламасын алған кезден бастап он жұмыс күні iшiнде беретiн қорытындысы;
      6) егер борышкер тиiстi тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiсi болып табылған жағдайда, монополияға қарсы органның ол борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуi жөнiндегi жазбаша хабарламасын алған кезден бастап он жұмыс күні iшiнде беретiн қорытындысы;
      7) егер борышкерге қатысты сырттай байқау рәсімі жүргізілсе, сырттай байқау әкімшісінің қорытындысы;
      8) борышкерге қойылған, соттар іс жүргізуге қабылдаған талап арыздар туралы, сондай-ақ даусыз (акцептісіз) есептен шығаруға қойылған талаптар туралы мәліметтер де қоса беріледі.
      3. Оңалту рәсімін тоқтату және борышкерді банкрот деп тану туралы оңалтушы басқарушының өтініші, осы баптың 2-тармағының 1), 3) және 7) тармақшаларында көзделгендерді қоспағанда, осы баптың 1, 2-тармақтарында көзделген мәліметтер мен құжаттарды қамтуға тиіс.
      4. Борышкердің оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішіне:

      2) берешектің бар-жоғын, сондай-ақ борышкердің кредиторлар талаптарын қанағаттандыруға қабілетсіздігін не ақшалай міндеттемелерді орындау мерзімі таяу он екі айда басталған кезде оған оларды орындайтын күйде болмайтын төлемге қабілетсіздік қатерінің төнгенін;
      3) борышкердің өтініші негізделетін өзге де мән-жайларды растайтын құжаттар қоса беріледі.
      5. Борышкердің оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішіне:
      1) борышкердің оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз болған, борышкер мүлкінің меншік иесінің (ол уәкілеттілік берген органның), құрылтайшылардың (қатысушылардың), заңды тұлға органдарының шешімі;
      2) соңғы үш жылдағы қаржылық есептілік, тиісті берешектің сомалары мен түзілген күнін көрсете отырып, барлық кредиторлар мен дебиторлардың тізбесі (салық төлеушінің тіркеу нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі, толық атауы, заңды мекенжайы), сондай-ақ өтініш берілген кездегі активтер, міндеттемелер мен меншікті капитал туралы мәліметтерді қамтитын қаржылық жағдай туралы мәліметтер;
      3) борышкерге қойылған, соттар іс жүргізуге қабылдаған талап арыздар туралы, сондай-ақ даусыз (акцептісіз) есептен шығаруға қойылған талаптар туралы мәліметтер;
      4) егер борышкерге қатысты сырттай байқау рәсімі енгізілген жағдайда, сырттай байқау әкімшісінің төлемге қабілеттікті қалпына келтіру мүмкіндігі туралы қорытындысы;
      5) құрылтай құжаттарының көшірмелері қоса беріледі.
      Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      20-бап. <*>

     Ескерту. 20-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. № 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      21-бап. Борышкер өтiнiшiнiң қаралмай қайтарылуы

      1. Борышкердің банкрот деп тану немесе оңалту рәсімін қолдану туралы, осы Заңның 18 және 19-баптарында көзделген талаптарға сәйкес келмейтiн өтiнiшпен сотқа жүгiнуi өтiнiштi қарамай қайтаруға негiз болып табылады.
      2. Борышкер үшiн банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiну осы Заңға сәйкес мiндеттi болып табылған және қажеттi құжаттар өтiнiшке қоса тiркелмеген жағдайларда мұндай өтiнiштi сот iс жүргiзуге қабылдайды, ал жеткiлiксiз құжаттарды сот қарауына iстi дайындау тәртiбiмен сот сұратып алады.
      Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

       22-бап. Кредитордың (кредиторлардың) өтiнiштi

      1. Азаматтық-құқықтық және өзге де мiндеттемелер бойынша кредитор (кредиторлар) өтiнiштерiнiң негiзiнде банкроттық туралы iс қозғалуы мүмкiн.
      2. Кредитордың өтiнiшi сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жалпы ережелер бойынша берiледi.
      3. Кредитордың өтiнiшiнде мыналар көрсетiлуге тиiс:
      1) өтiнiш берiлiп отырған соттың атауы;
      2) борышкердің - дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тұрғылықты жері немесе борышкердің - заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері;
      3) кредитордың - жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тұрғылықты жері немесе кредитордың - заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері;
      4) борышкердiң кредитор алдындағы оның талабынан туындаған мiндеттемесi, бұл мiндеттеменiң орындалу мерзiмi;
      5) осы кредитордың борышкерге қойған талаптарының мәнi мен сомасы;
      6) мiндеттеме бойынша берешек сомасы және орындамағаны үшiн айып-ақы (айыппұл, өсiм) және борышкерден өндiрiп алуға жататын зияндар осы сомаға есептелген сыйақы (мүдде);
      7) кредитор талаптарының белгіленген құқықтық негіздері (сот шешімі, бұл талаптарды борышкердің мойындауы, ал олар жоқ болған кезде - кредитор талаптарының негізділігін және олардың сомасын растайтын дәлелдемелер);
      8) борышкерде бар мүлiк туралы кредиторға белгiлi мәлiметтер;
      9) қоса тiркелетiн құжаттар тiзбесi;
      10) борышкерге талаптар қою айғағы;
      11) егер банкроттық туралы iстi қарау үшiн қажет болса, өзге де мәлiметтер.
      4. Кредитор борышкерге және уәкiлеттi органға өтiнiштiң және оған қоса тiркелетiн құжаттардың көшiрмесiн жiберуге мiндеттi.
      5. Кредитордың осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген талаптарға сай келмейтiн, сондай-ақ қажеттi құжаттар қоса тiркелмей берiлген өтiнiшiн сот қарамай қайтарады.
      Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. № 154, 1998.07.01. № 256, 2001.07.11. № 239, 2006.01.10. № 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.07.05. № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      23-бап. Кредитордың өтiнiшiне қоса тiркелетiн құжаттар

      Кредитордың борышкердiң банкрот деп тану туралы өтiнiшiне:

      1) мемлекеттiк баждың белгiленген тәртiп пен мөлшерде төленгенiн;
      2) кредитор өтiнiшi көшiрмесiнiң және оған қоса тiркелген құжаттардың борышкерге және уәкілетті органға жiберiлгенiн;
      3) борышкердiң кредитор алдындағы мiндеттемелерi, сондай-ақ осы мiндеттемелер бойынша берешектiң бар-жоғы мен сомасын;
      4) кредитор талаптарының орындылығын (орындау құжаттары, соттың шешiмi немесе кредитордың талаптарын борышкердiң жазбаша түрде мойындауы);
      5) кредитордың өтiнiшi негiзделген өзге де мән-жайларды растайтын құжаттар қоса тiркеледi.
      Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. № 239, 2008.07.05. № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      24-бап. Бiр немесе бiрнеше кредитордың талаптарын
               бiрiктiру

      1. Кредитордың әртүрлi мiндеттемелер бойынша борышкерге қойған бiрнеше талапты бiр өтiнiшке бiрiктiруге құқығы бар.
      2. Кредиторлардың борышкерге қойған өз талаптарын бiрiктiруге және сотқа бiр өтiнiшпен жүгiнуге құқығы бар. Мұндай өтiнiшке өз талаптарын бiрiктiрген кредиторлар қол қояды.

      25-бап. <*>

      Ескерту. 25-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. № 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      26-бап. Прокурордың мәлiмдемесi

      1. Прокурор:
      1) өзi әдейі банкроттық белгiлерiн анықтағанда;
      2) кредитор Қазақстан Республикасының, мемлекеттiк органдардың мүдделерiн көздеп;
      3) жоқ борышкердiң кредиторларының мүдделерiн көздеп борышкердi банкрот деп тану туралы мәлiмдеме жасауға құқылы.
      2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе немесе құқықтық қатынастардың мәнiнен туындамаса, прокурордың мәлiмдемесi сотқа осы Заңда кредитордың өтiнiшiне қатысты көзделген талаптарды сақтай отырып берiледi.
      Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. № 239, 2008.07.05. № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      27-бап. Банкроттық немесе оңалту туралы iс бойынша iс
               жүргізуді қозғау

      1. Борышкердi банкрот деп тану немесе оңалту рәсімін қолдану туралы, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келетiн өтiнiштi ала отырып, сот өтiнiш келіп түскеннен кейiн бес жұмыс күнінен кешiктiрмей iс қозғау туралы ұйғарым шығарады.
      2. Іс қозғау туралы ұйғарым мүлікке құқықты тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік және өзге де органдардың осы Заңның 28-бабының 1-тармағында көзделген шектеулерді қолдану туралы міндетін қамтуға тиіс.
      3. Сот іс қозғау туралы сот ұйғарымының көшірмелерін борышкерге, өтініш берушіге, уәкілетті органға, мүлікке құқықтарды тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік және өзге де органдарға, жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасына және борышкердің тұрған жері бойынша аумақтық атқарушылық іс жүргізу органына жібереді.
      Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      28-бап. Банкроттық немесе оңалту туралы iс бойынша iс
               қозғаудың салдарлары

      1. Банкроттық немесе оңалту туралы iс бойынша iс қозғалған сәттен бастап:
      1) борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне (ол уәкiлеттiк берген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға), заңды тұлғаның барлық органдарына мүлікті кәдімгі коммерциялық операциялардан тыс пайдалануға және өткізуге тыйым салынады;
      2) моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды есептемегенде, өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер жауапты болатын азаматтарға төлемдердi қоспағанда, соттардың, аралық соттардың, салық органдарының, сондай-ақ меншiк иелерiнiң (құрылтайшылардың, қатысушылардың) немесе борышкер органдарының борышкер мүлкіне қатысты бұрын қабылдаған шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;
      3) кредиторлардың борышкерге қоятын кез келген талаптары осы Заңда көзделген банкроттық немесе оңалту рәсiмдерi шегiнде ғана қойылуы мүмкiн;
      4) кредиторлардың, салық органы мен салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органның талаптары, оның iшiнде даусыз (акцептiсiз) тәртіппен қанағаттандырылуға жататын талаптары бойынша борышкердiң банк шоттарынан ақша өндiрiп алуға, сондай-ақ борышкердiң мүлкiне өндiрiп алуды қолдануға жол берiлмейдi;
      5) борышкердiң акцияларын, мүлкiндегi үлестердi иелiктен шығаруға тыйым салынады.
      2. Сот Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында банкроттық немесе оңалту туралы iс бойынша iс қозғалғандығы туралы хабарландыруды қазақ және орыс тiлдерiнде жетi жұмыс күні iшiнде жариялауға мiндеттi.
      Хабарландыруды жариялау борышкерді банкрот деп тану немесе оңалту рәсімін қолдану туралы өтiнiш берген тұлғаның қаражаты есебiнен жүзеге асырылады, ол осы Заңның 40-бабында белгiленген тәртіппен өтелуге жатады.
      Ескерту. 28-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      29-бап. Кредитордың немесе прокурордың мәлiмдемесiне
               борышкердiң жауабы

      1. Борышкер соттың банкроттық туралы iс қозғау жөнiндегi ұйғарымының көшiрмесiн алған күннен бастап он күн мерзiм iшiнде сотқа кредитордың немесе прокурордың мәлiмдемесiне жауап қайтаруға мiндеттi.
      2. Жауапта:
      1) жауап жiберiлiп отырған соттың атауы;
      2) мәлiмдеушiнiң тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе атауы, мәлiмдеменiң нөмiрi мен күнi;
      3) борышкердiң мәлiмдеушi талабына қарсылықтары;
      4) өзге кредиторлар алдындағы мiндеттемелер, борышкер қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды төлеу, салық және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөнiндегi берешектiң жалпы сомасы;
      5) борышкердiң қолында бар мүлiк, оның iшiнде кепiлге берiлген, жалдаудағы немесе лизингтегi мүлiк туралы, банктер шоттарындағы ақша туралы мәлiметтер, шоттардың нөмiрлерi және банктердің тұрғылықты жері, дебиторлардың тұрғылықты жері және олардың берешегінің сомасы көрсетілген тізбесі;
      6) борышкер мойындаған жағдайда мәлiмдеушi талаптарының қанағаттандырылғанына айғақтар.
      3. Борышкердiң жауабына борышкердiң:
      1) орындау мерзiмi жеткен борыштық мiндеттемелерiн орындауға;
      2) орындау мерзiмi борышкердi банкрот деп тану туралы арыз берiлген кезден бастап үш айдың iшiнде келетiн борыштық мiндеттемелерiн орындауға қабiлеттi екенiн растайтын құжаттары қоса берiлуге тиiс.
      4. Борышкер жауабының болмауы не оның осы баптың 1-тармағында көзделген мерзiмдi дәлелдi себепсiз бұза отырып тапсырылуы борышкердiң өзiнiң дәрменсiздiлiгiн мойындауы деп қаралады және соттың борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм шығаруына негiз болуы мүмкін.
      5. Борышкердiң жауабында өзiн дәрменсiз деп тануды бiлдiруi соттың оны банкрот деп тану туралы шешiм шығаруына негiз болады.
      Борышкер жауабында өзiнiң дәрменсiздiгiн мойындаған жағдайда осы баптың 3-тармағында аталған құжаттардың табыс етiлуi мiндеттi емес.
      Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. № 256, 29-бапқа өзгерту енгізілді - 2001.07.11. № 239, 2004.04.08. № 542, 2006.01.10. № 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.07.05. № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      29-1-бап. Банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді
                 тоқтата тұру және қайта бастау

      1. Сот борышкердің банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу шеңберінде оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішін алып, өтініш келіп түскеннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарады.
      2. Соттың банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарымының көшірмелерін сот борышкерге, өтініш иесіне, уәкілетті органға, жеке сот орындаушыларының өңiрлiк алқасына және борышкердiң тұрған жерi бойынша аумақтық атқарушылық iс жүргiзу органына жiбередi.
      3. Сот банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді мынадай:
      1) сот оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішті қараусыз қалдырған;
      2) оңалту рәсiмiн қолданудан бас тарту туралы шешім шығарылған;
      3) осы Заңның 53-бабында көзделген негіздер бойынша оңалту рәсiмiн тоқтатқан жағдайларда қайта бастайды.
      4. Банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу соттың ұйғарымымен қайта басталады.
      Ескерту. Заң 29-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      30-бап. Кредиторлардың талаптарын қамтамасыз ету

      Кредитордың немесе прокурордың не iске қатысушы өзге адамның өтiнiшi бойынша сот кредиторлардың талаптарын қамтамасыз ету жөнiнде мынадай шаралар қолдануға:
      1) борышкерге тиесiлi мүлiкке (оның бiр бөлiгiне), соның iшiнде ақшаға тыйым салуға;
      2) борышкер мүлкiнiң азайып кетуiне не кредиторлардың мүдделерiне өзгеше түрде нұқсан келтiруi мүмкiн iс-әрекеттер жасауына борышкерге тыйым салуға;
      3) өндiрiп алу даусыз (акцептсiз) тәртiппен жүргiзiлетiн орындау құжаттары немесе өзге де құжаттар бойынша өндiрiп алуды тоқтата тұруға құқылы.
      Ескерту. 30-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. № 154, 2002.08.09. № 346 Заңдарымен.

      31-бап. Iстi соттың қарауына дайындау

      1. Кредитордың немесе прокурордың сотқа осы Заңның 29-бабының ережелерiн ескере отырып табыс еткен талабына борышкердiң қарсылық бiлдiрген жауабының болуы iстi сотта қарауға дайындау үшiн негiз болып табылады.
      2. Борышкердiң банкроттығы туралы iстi сотта қарауға дайындау кезiнде Қазақстан Республикасының іс жүргізу заңнамасында көзделген әрекеттермен қатар сот:
      1) iстi сот отырысында қаралатын уақыты мен орнын iске қатысатын уәкілетті органға, кредиторларға, прокурорға және өзге де тұлғаларға хабарлайды;
      2) осы Заңның 18-бабының 2-тармағында және 19-бабында көзделген мәлiметтер мен құжаттарды борышкерден талап етiп алады;
      3) iстi мәнi бойынша қарау үшiн соттың отырысын тағайындайды.
      Ескерту. 31-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. № 256, 31-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. № 239, 2002.08.09. № 346, 2006.01.10. № 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі),  2008.07.05. № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      32-бап. <*>

      33-бап. <*>

      Ескерту. 32, 33-баптар алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. № 256 Заңымен.

      34-бап. Сот талқылауы

      1. Iстi алдын ала дайындау аяқталғаннан кейiн, бiрақ iс қозғалған соң бiр айдан кешiктiрiлмей, банкроттық туралы iс сот талқылауына тағайындалуға тиiс, бұл туралы сот ұйғарым шығарады.
      Банкроттық туралы iс қозғалған күннен бастап екi айдан аспайтын мерзiмде банкроттық туралы іс сот отырысында қаралуға тиiс.
      2. Істі алдын ала дайындау аяқталғаннан кейiн, бiрақ iс қозғалған соң он бес күннен кешiктiрiлмей, оңалту туралы іс сот талқылауына тағайындалуға тиiс, бұл туралы сот ұйғарым шығарады.
      Оңалту туралы іс қозғалған күннен бір айдан аспайтын мерзімде оңалту туралы іс сот отырысында қаралуға тиіс.
      Ескерту. 34-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      35-бап. Соттың банкроттық немесе оңалту туралы iс
               бойынша қаулылары

      1. Сот банкроттық немесе оңалту туралы iстi сот отырысында қарап, мынадай сот актiлерiнiң бiрiн қабылдай алады:
      1) борышкердi банкрот деп тану және конкурстық іс жүргiзуді қозғау туралы шешiм;
      2) борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм;
      3) оңалту рәсімін қолдану туралы шешім;
      4) оңалту рәсімін қолданудан бас тарту туралы шешім;
      5) іс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы ұйғарым.
      2. Соттың осы баптың 1-тармағында көзделген шешiмдерi мен ұйғарымдары, осы Заңда көзделген ерекшелiктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиiс.
      Ескерту. 35-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      36-бап. Борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм

      1. Соттың борышкердi банкрот деп тану және конкурстық iс жүргiзудi қозғау туралы шешiмi мынадай жағдайларда:
      1) iс қозғалған кезден бастап екi айдан аспайтын мерзiмде соттың iстi қарауы барысында борышкер өзiнiң қабiлеттiлiгiн дәлелдей алмағанда;
      2) iс қозғалған кезден бастап отыз күннен аспайтын мерзiмде, оның дәрменсіздігін растайтын құжаттарды қоса борышкердiң өз жауабында дәрменсiздiгiн мойындағанда;
      3) iс қозғалған кезден бастап он күннен аспайтын мерзiмде, оның дәрменсіздігін растайтын құжаттарды қоса борышкер өзiн банкрот деп тану туралы арыз бергенде шығарылады.
      4) алып тасталды - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      5) алып тасталды - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      6) алып тасталды - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      2. Соттың борышкердi банкрот деп тану туралы шешiмiнде:
      1) борышкердi тарату туралы;
      2) уәкілетті органға конкурстық басқарушыны тағайындауға тапсырма беру туралы;
      3) шешiм шығарылғанға дейiн сотқа жүгiнген кредиторлардың мәлiмделген талаптарының сомасы туралы;
      4) борышкердiң лауазымды тұлғаларының құрылтай, қаржы және оның мүлкiне құқық белгiлейтiн құжаттарын, сондай-ақ борышкердiң мөрiн конкурстық басқарушыға ол тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде беру туралы нұсқаулар болуға тиiс.
      2-1. Уәкілетті орган конкурстық басқарушыны соттың борышкерді банкрот деп тану туралы шешімі күшіне енген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тағайындайды.
      3. Конкурстық басқарушы борышкердi банкрот деп тану және конкурстық iс жүргiзуді қозғау туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде өзі тағайындалған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жариялайды.
      Борышкердi банкрот деп тану туралы жарияланымда:
      1) борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм шығарған соттың атауы;
      2) банкроттың атауы және орналасқан жерi;
      2-1) күші жойылды - ҚР 2012.01.12 № 538-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      2-2) банкротты сәйкестендіретін мәліметтер (сәйкестендiру нөмірі, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы);
      3) жарияланым шыққан күннен бастап екi ай мерзiм iшiнде өздерiнiң борышкерге қоятын талаптарын табыс ету қажеттiгi туралы кредиторларға хабарлама болуға тиiс.
      Ескерту. 36-бап жаңа редакцияда - ҚР 1998.07.01 № 256 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2000.12.18. № 128, 2001.03.02. № 162, 2001.07.11. № 239, 2006.01.10. № 115 (ресми жарияланған күнінен бастап  қолданысқа енгізіледі), 2008.07.05. № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз), 2011.01.11 № 385-IV (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 538-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      37-бап. Соттың борышкердi банкрот деп танудан бас тарту
               туралы шешiмi

      1. Егер кредиторлардың қойған талаптарына борышкер қарсылықтарын сот дәлелдi деп таныса, сот борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      2. Соттың борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiмi кредиторларды Қазақстан Республикасының іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртiп бойынша борышкерге өз талаптарын қою құқығынан айырмайды.
      Ескерту. 37-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2008.07.05 № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      37-1-бап. Оңалту туралы іс бойынша шешім

      1. Борышкер сот талқылауы барысында өзінің төлемге қабілетсіздігін немесе ақшалай міндеттемелерді орындау мерзімі таяу он екі айда басталған кезде борышкердің оларды орындайтын күйде болмайтын төлемге қабілетсіздік қатері төнгенін дәлелдеген жағдайда, сот оңалту рәсімін қолдану туралы соттың шешімін шығарады.
      2. Соттың борышкерге оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешімінде:
      1) оңалту рәсiмiн қолдану туралы;
      2) борышкердің оңалту рәсiмiн қолдану туралы ұйғарым заңды күшiне енген күннен бастап он күн мерзiмде оңалту рәсiмiн қолдану туралы және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы жарияланымды Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртіппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде орналастыруы туралы;
      3) борышкердің оңалту рәсiмi қолданылған кезден бастап үш айдан аспайтын мерзімде кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн қалыптастыруы және оны уәкілетті органға бекітуге беруі туралы;
      4) борышкердің оңалту рәсiмi қолданылған кезден бастап төрт айдан кешіктірілмейтін мерзімде кредиторлар жиналысы мақұлдаған борышкерді оңалту жоспарын ұсынуы туралы;
      5) оңалту рәсімін қолданудың осы Заңда көзделген салдарының басталғаны туралы нұсқау қамтылуға тиіс.
      3. Оңалту рәсiмiн қолдану туралы жарияланымда:
      1) оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешімді шығарған соттың атауы;
      2) борышкердің атауы және тұрған жері;
      3) кредиторларға жарияланым күнінен бастап екі ай мерзімде өздерінің борышкерге бар талаптарын қою қажеттігі туралы үндеу қамтылуға тиіс.
      4. Егер борышкер сот талқылауы барысында өзінің төлемге қабілетсіздігін не ақшалай міндеттемелерді орындау мерзімі таяу арадағы он екі айда басталған кезде оларды орындауға мүмкіндігі жоқ екендігін дәлелдемеген жағдайда, сот оңалту рәсiмiн қолданудан бас тартады.
      Соттың оңалту рәсiмiн қолданудан бас тарту туралы шешiмінде кредитордың борышкерден оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтініш беру нәтижесінде келтірілген залалдарының орнын толтыруды талап ету құқығына нұсқау қамтылуға тиіс.
      Ескерту. Заң 37-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      38-бап. Жалған банкроттық кезiндегi сот шешiмi

      1. Жалған банкроттық белгiлерi болған кезде кiнәлi лауазымды адамдардан барлық сот шығындарын өндiрiп ала отырып, сот борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм шығарады.
      2. Сот шешiмiнде жалған банкроттықтан келтiрiлген шығындарды борышкерден өтеудi талап етуге кредиторлардың құқығы көрсетiлуге тиiс (осы Заңның 5-бабының 2-тармағы).

      39-бап. Iс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы ұйғарым

      1. Банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзудi сот Қазақстан Республикасының iс жүргiзу заңнамасында көзделген негiздер бойынша, сондай-ақ борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiш керi қайтарып алынған жағдайда (осы Заңның 15-бабының 5-тармағы) тоқтатады.
      2. Оңалту рәсiмiн қолдану туралы iс бойынша iс жүргiзудi сот Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасында көзделген негiздер бойынша, сондай-ақ:
      1) оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтініш кері қайтарып алынған;
      2) оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтінішке қоса берілген құжаттарда қамтылған дәйексіз мәліметтер ұсынылу фактілері анықталған жағдайларда тоқтатады.
      Ескерту. 39-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      40-бап. Әкiмшiлiк шығыстарын бөлу

      1. Борышкердi банкрот деп тану, оңалту рәсімін қолдану туралы шешiм қабылданған кезде әкiмшiлiк шығыстар борышкердiң мүлкiне жатқызылады және осы мүлiктiң есебiнен кезектен тыс өтеледi. Оңалту рәсiмiн жүргiзу мақсатына қол жеткiзiлуiне байланысты iс жүргiзудi тоқтату туралы ұйғарым шығарылған кезде сот және әкiмшiлiк шығыстары осы тәртіппен өтеледi.
      2. Борышкердiң кредиторлардың талаптарына қарсылықтарын соттың дәлелдi деп тануына байланысты борышкердi банкрот деп танудан бас тартылған жағдайда осы баптың 1-тармағында көзделген шығындар сотқа өтiнiш берген кредиторларға жатқызылады және олардың арасында талаптарына қарай бөлiнедi.
      3. Алып тасталды.
      Ескерту. 40-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.07.01 № 256, 2006.01.10. № 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      41-бап. Сот шешiмiнiң (ұйғарымының) заңды күшiне енуi.
              Шешiмдi (ұйғарымды) қайта қарау

      Сот шешiмiнiң (ұйғарымының) заңды күшiне енуi мен оларды апелляциялық және қадағалау тәртiбiмен қайта қарау азаматтық сот iсiн жүргiзу ережелерi бойынша жүзеге асырылады.
      Ескерту. 41-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. № 256, 2006.01.10. № 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

       3-1-тарау. Сырттай байқау

      Ескерту. 3-1-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. № 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      41-1-бап. Сырттай байқау

      1. Кредитордың не уәкiлеттi органның өтiнiшi бойынша сот сырттай байқау рәсiмiн енгiзу туралы iс қозғау жөнiнде ұйғарым шығарады.
      Борышкерге қатысты сырттай байқау рәсiмi:
      1) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша кредитор немесе сырттай байқау рәсiмiн қолдануға келiсiм бiлдiрген кемiнде үш кредитор, оның iшiнде өтiнiш берушi болған кезде;
      2) борышкердiң төлем қабiлетi болмаған кезде үш айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге енгiзiлуi мүмкiн.
      Бұл ретте, өтiнiш берушiнiң ұсынысы бойынша кредиторлардың болуын борышкерден кредиторлары және олардың мүлiктiк талаптарының мөлшерi туралы мәлiметтi талап ету арқылы сот белгiлейдi.
      Соттың сырттай байқауды енгізу туралы ұйғарымында уәкілетті органға бес жұмыс күні ішінде сырттай байқау әкімшісін тағайындау тапсырылатыны туралы көрсетіледі.
      Сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      2. Сырттай байқау әкiмшiсi қызметін жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi органда тіркелген дара кәсiпкер сырттай байқау әкімшісі болып тағайындалады.
      Сырттай байқау әкімшісі өз өкілеттігін борышкердің орналасқан жері бойынша жүзеге асыруға міндетті.
      Сырттай байқау әкімшісі етіп осы Заңның 9-бабының 11-тармағында көрсетiлген тұлғаларды тағайындауға болмайды.
      Осы Заңда сырттай байқау әкімшісіне жүктелген өкілеттіктерді өзге тұлғаларға беруге болмайды.
      3. Сырттай байқау әкімшісін уәкілетті орган:

      2) өз өкілеттіктерін орындау: қайтыс болуы; бір айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздығы; сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі, хабарсыз кеткен деп танылуы не қаза болған деп жариялануы; оларға қатысты соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуі салдарынан мүмкін болмаған;

      4) өзі тағайындалғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде кредиторлар комитетімен келісім жасамаған не кредиторлар комитетімен жасаған келісім бұзылған жағдайларда шеттетуге тиiс.
      Осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша сырттай байқау әкімшісін сырттай байқау рәсімін жүргізуден бір жыл ішінде бірнеше рет шеттету және (немесе) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздердің бірі бойынша шеттету оны барлық борышкерлерге қатысты осы Заңда көзделген өкілеттіктерді орындаудан бір мезгілде шеттетуге әкеп соғады.
      4. Сырттай байқау әкімшісі сырттай байқау рәсімін жүргізуден өз еркі бойынша босату туралы өтініш ұсынған кезде кредиторлар комитетінің келісімімен босатылады.
      Өтінішке кредиторлар комитетімен келісілген оның қызметі туралы есеп және кредиторлар комитетінің келісімі қоса беріледі.
      Сырттай байқау әкімшісі жүктелген өкілеттіктерді орындаудан шеттетілген немесе босатылған жағдайда жаңадан тағайындалған сырттай байқау әкімшісі алдыңғылардың құқық мирасқоры болып табылады.
      5. Сырттай байқау енгiзiлген кезде мынадай салдар туындайды:
      1) кредиторлардың борышкерге қатысты кез келген талаптары осы Заңда көзделген сырттай байқау рәсiмi шегiнде ғана қойылуы мүмкiн;
      2) борышкердiң лауазымды тұлғаларына өздерiне тиесiлi акцияларды, борышкер мүлкiндегi үлестерiн иелiктен шығаруға тыйым салынады;
      3) борышкердiң кепілге қойылған мүлкінен, оның ішінде соттан тыс тәртіппен өндіріп алуға тыйым салынады.
      6. Сотқа сырттай байқауды енгiзу туралы өтiнiш берген кезде кредитор салық қызметiнiң тиiстi органына хабарлама жiбередi.
      Ескерту. 41-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      41-2-бап. Сырттай байқау рәсімінде кредиторлар комитетiн
                 қалыптастыру

      1. Сырттай байқау кезiнде кредиторлардың мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында кредиторлар комитетi құрылады, оның құрамын осы баптың талаптарына сәйкес сырттай байқау әкiмшiсi құрады және оны уәкiлеттi орган бекiтедi.
      2. Кредиторлар комитетiнiң құрамына борышкерге ең көп талабы бар азаматтық-құқықтық мiндеттемелер бойынша кредиторлар, сондай-ақ  еңбекақы төлеу бойынша және салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша кредиторлардың өкілдері кiруi мүмкiн.
      3. Өтiнiштерi бойынша сырттай байқау рәсiмi енгiзiлген кредиторлар, талаптардың мөлшерiне қарамастан, кредиторлар комитетiнiң құрамына енгiзiледi.
      4. Алып тасталды - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 41-2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.07.05. № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      41-3-бап. Кредиторлар комитетiнiң өкiлеттiктерi

      Кредиторлар комитетiнiң өкiлеттiктерiне:
      1) сырттай байқау әкiмшiсiнiң iс-әрекеттерiн үйлестiру мен бақылау;
      2) борышкердiң негiзгi құралдарды иелiктен айыру, мүлiктi кепiлге немесе жалға беру бойынша мәмiлелер, сондай-ақ олардың орындалуы борышкерге залал келтiруi мүмкiн, нарықтық бағадан айтарлықтай төмен бағамен не жеткiлiксiз негiздер бойынша өзге мәмiлелер жасауына қатысты сырттай байқау әкiмшiсiнiң iс-әрекеттерiн келiсу, қайта ұйымдастыруды жүргiзу;
      3) сырттай байқау әкiмшiсiмен борышкердiң мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз ету, нәтижесiнде борышкердiң төлемге қабiлетсiздiгi туындаған, сырттай байқау рәсiмiн енгiзгенге дейiн жасалған оның мәмiлелерiн және iс-әрекеттерiн анықтау мен талдау, мүлiктi түгендеу актiлерi бойынша салыстыру жүргiзу жөнiндегi iс-шаралар және осы Заңда белгiленген өзге де iс-шаралар туралы уәкiлеттi органмен келiсiлген келiсiм жасау;
      4) уәкiлеттi органға сырттай байқау әкiмшiсiнiң iс-әрекеттерi жөнiнде шағымдану;
      5) сырттай байқау рәсiмiн ұзарту немесе тоқтату туралы сотқа өтiнiш жасау жатады.

      41-4-бап. Сырттай байқау әкiмшiсiнiң өкiлеттiктерi

      1. Сырттай байқау әкiмшiсi:
      1) сотқа борышкер мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде қосымша шаралар қолдану, сондай-ақ мұндай шаралардың күшiн жою туралы өтiнiш жасауға;
      2) түгендеу актiлерi бойынша борышкердiң мүлкiне салыстыру жүргiзуге;
      3) борышкерден берешек сомасы көрсетiлген оның кредиторлары мен дебиторларының толық тiзбесiн, активтерi мен пассивтерi толық көрсетiлген балансын, борышкердiң қаржылық жағдайы туралы есептi және басқа да қажеттi ақпаратты талап етуге;
      4) сот алдында үшiншi тұлғалардан қажеттi құжаттарды, қорытындыларды табыс ету және (немесе) оларды талап ету, олардың борышкердiң алдыңғы үш жылдағы қаржы-шаруашылық қызметiне қатысты өзге мәлiметтердi табыс етуi туралы өтiнiш жасауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, осы мәлiметтермен олардың тұрған жерiнде танысуға;
      5) сырттай байқау рәсiмi енгiзiлгенге дейiнгi алдыңғы үш жыл iшiнде жасалып, борышкердiң қаржылық жағдайын нашарлатқан мәмiлелердi анықтауға, борышкерден оларды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген негiзде және тәртiппен бұзуды талап етуге;
      6) борышкерден осы Заңның 41-7-бабында көзделген өзiнiң мiндеттерiн орындауын талап етуге;
      7) осы Заңда көзделген тәртiппен және мөлшерде сыйақы алуға құқылы.
      2. Сырттай байқау әкiмшiсi:
      1) борышкерге қатысты өз iс-әрекеттерiн кредиторлар комитетiмен келiсуге;
      2) борышкер мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз ету және оны қорғау жөнiнде шаралар қолдануға;
      3) әдейi және жалған банкроттық белгiлерiнiң бар екенiн анықтауға және анықталған белгiлер туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға не борышкерден оның қаржылық жағдайын нашарлатқан мүлiктi иелiктен айыру жөнiндегi мәмiлелердi жарамсыз деп тануын талап етуге;
      4) борышкердiң кредиторлары мен дебиторларын анықтауға, борышкерден дебиторлық берешектi өндiрiп алу жөнiнде шаралар қолдануын талап етуге;
      4-1) уәкілетті органның сұратуы бойынша оған сырттай байқау рәсімі бойынша қажетті ақпарат беруге;
      5) сырттай байқау кезеңі аяқталғаннан кейін кредиторлар комитетімен және уәкілетті органмен келісілген, борышкердің төлем қабілетін қалпына келтіру мүмкіндігі және оған қатысты оңалту рәсімін қолдану туралы не борышкерді банкрот деп тану туралы қорытындысы бар өз қызметі туралы есепті сотқа табыс етуге міндетті.
      Ескерту. 41-4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2008.07.05. № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      41-5-бап. Сырттай байқау әкiмшiсiнiң жауапкершiлiгi

      Сырттай байқау әкiмшiсi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

      41-6-бап. Сырттай байқау шығыстары

      Сырттай байқау әкімшісіне әкімшілік шығыстар мен ағымдағы төлемдер мөлшері кредиторлар мен сырттай байқау әкімшісі арасында жасалатын келісіммен айқындалады.
      Сырттай байқау әкімшісіне әкімшілік шығыстар мен ағымдағы төлемдер сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген елу айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде айына бір рет борышкердің мүлкі есебінен төленеді.
      Ескерту. 41-6-бап жаңа редакцияда - ҚР-ның 2008.07.05. № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      41-7-бап. Борышкердiң мiндеттерi

      Борышкер:
      1) сырттай байқауды енгiзу туралы ұйғарым заңды күшiне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында сырттай байқауды енгiзу туралы жарияланымды қазақ және орыс тiлдерiнде орналастыруға;
      2) сырттай байқау әкiмшiсiнiң талабы бойынша:
      сырттай байқау енгiзiлгенге дейiн жасалған, негiзгi құралдарды иелiктен айыру, мүлiктi кепiлге немесе жалға беру жөнiндегi мәмiлелерге, сондай-ақ құны борышкер активтерi құнының жалпы мөлшерiнiң он және одан да көп процентi болатын басқа да мәмiлелерге қатысты қаржылық-шаруашылық және ұйымдастыру қызметi туралы ақпарат ұсынуға;
      борышкердiң қаржылық жай-күйiн нашарлатқан мүлiктi иелiктен айыру жөнiндегi мәмiлелердi бұзу жөнiнде шаралар қабылдауға;
      3) сырттай байқау әкiмшiсiмен шығыстардың ұлғаюын, бухгалтерлiк есеп стандарттарына сай өз капиталындағы өзгерiстi, қайта ұйымдастыру жүргiзудi, негiзгi құралдарды иелiктен айыру, мүлiктi кепiлге немесе жалға беру жөнiндегi мәмiлелердiң, сондай-ақ борышкер активтерi құнының жалпы мөлшерiнiң он және одан да көп процентi болатын мүлiктi сатып алу немесе иелiктен айыру жөнiндегi мәмiлелердiң жасалуын келiсуге мiндеттi.
      Ескерту. 41-7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.07.05. № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      41-8-бап. Сырттай байқауды тоқтату

      Сырттай байқау:
      1) сырттай байқау мерзiмi бiткен;
      2) сырттай байқау мақсаттарына қол жеткiзiлген жағдайларда сот сырттай байқау әкiмшiсiнiң қорытынды есебiн бекiткен кезде тоқтатылады.
      Сот сырттай байқау рәсімін кредиторлар комитетінің өтініші бойынша тоқтатуы мүмкін.
      Ескерту. 41-8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-тарау. ОҢАЛТУ РӘСIМI

      42-бап. Оңалту рәсiмiн қолдану

      Оңалту рәсiмi сот тәртiбiмен тек коммерциялық ұйымдарға қатысты қолданылады.
      Ескерту. 42-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      43-бап. Оңалту рәсіміне қатысушылар

      Сот, кредиторлар, борышкер, борышкер мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган), құрылтайшылар (қатысушылар), оңалтушы басқарушы, уәкілетті орган және басқа да мүдделі тұлғалар оңалту рәсіміне қатысушылар болып табылады.
      Ескерту. 43-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      43-1-бап. Соттың оңалту рәсіміндегі өкілеттігі

      Сот оңалту рәсімінде:
      1) оңалту рәсімін қолданады, тоқтата тұрады және тоқтатады;
      2) оңалту жоспарын бекітеді;
      3) оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
      4) борышкер жауапкер ретiнде әрекет ететін мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша iсті өзiнiң іс жүргiзуiне қабылдайды;
      5) кредиторлар жиналысының шешімі негізінде борышкер мүлкі меншік иесінде (ол уәкілеттік берген органда), құрылтайшыларда (қатысушыларда) борышкер мүлкін және істерін басқару құқығын сақтап қалады немесе уәкілетті органға оңалтушы басқарушыны тағайындауды тапсырады;
      6) оңалту рәсіміне қатысушылар арасындағы дауларды шешеді.
      Ескерту. Заң 43-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      43-2-бап. Оңалту рәсімін қолданудың салдарлары

      1. Сот оңалту рәсімін қолдану туралы шешім шығарған сәттен бастап мынадай салдарлар басталады:
      1) мүлікпен кәдімгі коммерциялық операциялардың шеңберінен тыс мәмілелер жасасуға тыйым салынады;
      2) борышкер берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық төлемін (өсімпұлдарды, айыппұлдарды), сондай-ақ алынған кредиттер бойынша сыйақыларды есептеу тоқтатылады;
      3) моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды есептемегенде, төлеу мерзімі оңалту рәсімін қолданғаннан кейін басталған, өмiріне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер жауапты болатын азаматтарға төлемдердi қоспағанда, соттардың, аралық соттардың, салық органдарының, сондай-ақ борышкер мүлкінің меншік иелерінің (олар уәкілеттік берген органдардың), құрылтайшылардың (қатысушылардың) борышкер мүлкіне қатысты қабылдаған шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады;
      4) оңалту рәсімі қолданылған салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңдердегі салықтық есептілікке сәйкес салық төлеуші есептеген, салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша салық қызметі органы есепке жазған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төленеді.
      2. Оңалту жоспары бекітілгеннен кейін:
      1) оңалту жоспарында көзделгендерді қоспағанда, мүлікпен кәдімгі коммерциялық операциялардың шеңберінен тыс мәмілелер кредиторлар жиналысының келісімімен жасалады;
      2) кредиторлық берешекті өтеу кестесі оңалту жоспарына сәйкес орындалмаған жағдайда, кредиторлық берешекті өтеудің оңалту жоспарында көрсетілген күнінен немесе кезеңінен кейінгі күннен бастап осы Заңның 28-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгіленген шектеулер алынады.
      Ескерту. Заң 43-2-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      44-бап. Оңалту жоспары және оны бекіту тәртібі

      1. Оңалту жоспары борышкердің төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру жөніндегі нақты іс-шараларды (оңалту шараларын) және осы Заңның 47-бабының 2-тармағында көрсетілген кредиторлар алдындағы берешекті өтеу кестесін қамтуға тиіс.
      Табиғи монополия субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілері болып табылатын не республиканың экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер етуге қабілетті ұйымдардың оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтырулар тиісті орталық атқарушы органмен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тиісті аумақтық органымен, ал қала негізін құраушы кәсіпорындар бойынша - тиісті облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімімен келісілуге тиіс.

      2. Оңалту жоспарын борышкер оңалту рәсімін қолдану туралы шешім заңды күшіне енген күннен бастап үш ай ішінде кредиторлармен бірге әзірлеуге тиіс.
      3. Оңалту жоспарын іске асыру мерзімі бес жылдан аспауға тиіс.
      4. Оңалту шараларына санацияны, сауда-саттық жүргізу жолымен мүлікті (активтерді) сатуды, борышкердің талап ету құқықтарын басқаға беруді, борыштың бір бөлігін кешіруді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығаруды, борыштарды акцияларға айырбастауды, бітімгершілік келісімін жасасуды және басқаларды қоса алғанда, борышкердің төлемге қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған кез келген ұйымдастырушылық-шаруашылық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де іс-шаралар кіруі мүмкін.
      5. Егер оңалту жоспары ақшалай қаражат көзі ретінде кредиттер (микрокредиттер) алуды қамтыса, оңалту жоспарына кредит (микрокредит) алу шарты қоса тіркеледі.
      6. Оңалту жоспары кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілгеннен кейін кредиторлар жиналысына келісу үшін берілуге тиіс.
      7. Табиғи монополия субъектiлерi немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерi болып табылатын не республиканың экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар, азаматтардың өмiрiне, денсаулығына, ұлттық қауiпсiздiкке немесе қоршаған ортаға әсер етуге қабілетті ұйымдардың оңалту жоспары тиісті орталық атқарушы органмен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тиiстi аумақтық органымен, ал қала негiзiн құраушы кәсiпорындар бойынша - тиiстi облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмiмен келiсiлуге тиiс.
      Ұсынылған оңалту жоспары он жұмыс күні ішінде қарастырылады.
      8. Борышкер оңалту жоспарын кредиторлар жиналысында мақұлдағаннан кейін осы Заңның 37-1-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында белгіленген мерзімнен кешіктірмей сотқа ұсынуға міндетті.
      9. Кредиторлар жиналысымен келісілген оңалту жоспары ол ұсынылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сот ұйғарымымен бекітіледі.
      10. Сот осы Заңда белгіленген талаптардың бұзылғандығы анықталған жағдайларда, оңалту жоспарын бекітуден бас тартуға құқылы.
      11. Соттың оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарымы:
      1) оңалту жоспарын бекіту туралы;
      2) оңалту рәсімін аяқтау және қорытынды есеп беру мерзімдері туралы;
      3) уәкілетті органның оңалтушы басқарушыны тағайындауы туралы немесе басқару құқығының борышкер мүлкінің меншік иесінде, қатысушыларда (акционерлерде) сақталғандығы туралы нұсқауларды қамтуға тиіс.
      Ескерту. 44-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      45-бап. Оңалту шараларын қолданудың негiзi

      Ескерту. 45-бап алып тасталды - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      45-1-бап. Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру

      1. Борышкер оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешім заңды күшiне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде борышкерге оңалту рәсiмiнің қолданылуы туралы және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы жарияланымды Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде орналастырады.
      Борышкердің интернет-ресурсы бар болған жағдайда, борышкерге оңалту рәсiмiнің қолданылуы және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарламаны аталған интернет-ресурста жариялау міндетті болып табылады.
      2. Кредиторлардың борышкерге қоятын талаптарын мәлімдеу және қарау осы Заңның 7172-баптарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      3. Борышкер оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешім заңды күшiне енген күннен бастап үш айдан кешіктірмей кредиторлар талаптарының тізілімін және оларды қарау нәтижелерін бекіту үшін уәкілетті органға беруге міндетті.
      4. Борышкер ұсынған кредиторлар талаптарының тізілімін уәкілетті орган кредиторлар талаптарының тізілімі ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бекітеді.
      5. Уәкілетті орган осы Заңның 71–72-баптарының талаптарын бұза отыра жасалған кредиторлар талаптарының тізілімін бес жұмыс күні ішінде жойылуға жататын қайтару себептерін көрсете отырып, ол ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей пысықтауға қайтарады.
      Ескерту. Заң 45-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      46-бап. Оңалту рәсiмiн енгiзудiң салдары

      Ескерту. 46-бап алып тасталды - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      46-1-бап. Кредиторлар жиналысы

      1. Барлық кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында кредиторлар жиналысы шақырылады.
      2. Кредиторлар жиналысына қатысу құқығы кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген кредиторларға (олардың өкілдеріне), борышкер мүлкінің меншік иесіне (ол уәкілеттілік берген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға), уәкілетті органға тиесілі.
      3. Кредиторлар жиналысын ұйымдастыру, өткізу және оның шешімдер қабылдауы осы Заңның 14-3-бабының 6–11-тармақтарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      4. Кредиторлар жиналысының хаттамасы екі данада жасалады, оның бірі оңалту рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған сотқа, екіншісі кредиторлар комитетіне беріледі.
      Кредиторлар жиналысының хаттамасына:
      1) кредиторлар жиналысын өткізу күніндегі кредиторлар талаптары тізілімінің;
      2) жиналысқа қатысушылар өкілдерінің өкілеттіктерін растайтын құжаттардың;
      3) жиналысқа қатысушыларға танысу және (немесе) бекіту үшін ұсынылған материалдардың;
      4) кредиторлар жиналысын өткізу күні мен орны туралы кредиторларды тиісті түрде хабардар еткені туралы айғақтайтын дәлелдемелер болып табылатын құжаттардың;
      5) борышкердің қалауы бойынша өзге де құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс.
      5. Кредиторлар жиналысының айрықша құзыретіне:
      1) борышкер мүлкінің меншік иесінде (ол уәкілеттік берген органда), құрылтайшыларда (қатысушыларда) оңалту жоспарын бекіткен сәттен бастап борышкер мүлкін және істерін басқару құқығын сақтау немесе оның күшін жою туралы шешім қабылдау;
      2) кредиторлар комитеті құрамының санын айқындау, құрамын қалыптастыру және бекіту;
      3) кредиторлар комитетінің құрамына өзгерістер енгізу;
      4) оңалту жоспарын келісу;
      5) оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды келісу;
      6) оңалту рәсімін ұзартуды келісу;
      7) кредиторлар комитеті мүшелерінің оңалту рәсімін жүзеге асыру барысы туралы ақпаратты кредиторлар назарына жеткізуінің тәртібі мен мерзімін айқындау;
      8) өзге мәмілелерді кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс жасалатындардың санатына жатқызу;
      9) оңалту жоспарында көзделмеген, кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелерді келісу;
      10) борышкердің өндiрiп алынуы мүмкiн емес дебиторлық берешегiнiң сомасын бекiту;
      11) оңалтушы басқарушының кандидатурасын таңдау;
      12) оңалтушы басқарушының негізгі сыйақы сомасын және оны төлеу тәртібін айқындау;
      13) борышкер мүлкін және істерін басқару құқығы борышкер мүлкінің меншік иесінде (ол уәкілеттік берген органда), құрылтайшыларда (қатысушыларда) сақталған жағдайда, борышкерді басқару органдары мүшелерінің ақшалай сыйақысының сомасын анықтау;
      14) оңалтушы басқарушының (борышкердің) қорытынды есебін келісу;
      15) осы Заңда көзделген өзге де өкілеттіктер жатады.
      6. Кредиторлар жиналысының құзыретіне кіретін, осы баптың 5-тармағының 1), 4), 5), 6) және 11) тармақшаларында көзделген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кезінде сырттай дауыс беруге жол берілмейді.
      Ескерту. Заң 46-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      47-бап. Кредиторлармен есеп айырысу

      1. Оңалту рәсімін қолданған кезден бастап:
      1) моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды қоспағанда, жалақыдан және (немесе) өзге де кiрiстен ұсталған алименттердi төлеу жөнiндегi талаптар, сондай-ақ өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн борышкер жауапты болатын азаматтардың талаптары қанағаттандырылады;
      2) төлеу мерзiмi оңалту рәсiмi қолданылғаннан кейiн басталған, еңбек шарты бойынша жұмыс iстеп жатқан адамдармен өтемақылар және еңбекақы төлеу бойынша, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар төлеу бойынша және авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу бойынша есеп айырысу жүргізіледі;
      3) кредиторлардың мiндеттемелерден, оның iшiнде оңалтушы басқарушы (борышкер) жасасқан мәмiлелерден туындаған, орындалу мерзiмi оңалту рәсiмiн жүзеге асыру кезеңiнде басталатын талаптары қанағаттандырылады.
      2. Борышкердiң кредиторлар алдындағы берешектерi бойынша басқа да барлық есеп айырысулар, оның iшiнде өндіріп алынуы атқару парақтары бойынша немесе даусыз (акцептісіз) тәртiппен жүргiзiлетiн берешектер осы Заңның 75 және 76-баптарында белгiленген кезектiлiк пен есеп айырысу қағидалары сақтала отырып, оңалту жоспарына сәйкес кредиторлар талаптарының тiзiлiмi бекiтiлгеннен кейiн жүзеге асырылады.
      Өткен салық кезеңдері және оңалту рәсімі қолданылған салық кезеңі үшін салық есептілігіне сәйкес салық төлеуші есептеген, салықтық тексерулер нәтижелері бойынша салық қызметі органы есепке жазған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелер туындаған кезде кредиторлар талаптарының тізіліміне, сондай-ақ оңалту жоспарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
      3. Кредиторлардың борышкерге қоятын талаптарын мәлімдеуі мен оларды қарау осы Заңның 71-72-баптарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Кредиторлар талаптарының тізілімін бекіту осы Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      4. Кредиторлардың оңалту рәсiмi қолданылғанға дейiн туындаған талаптарын қанағаттандыру, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, кредиторлар талаптарының тiзiлiмi бекiтiлгеннен кейiн жүргiзiледi.
      5. Кепілді кредитор:
      1) өзінің заңды мүдделеріне қауіп төндіретін, осы Заңды бұзушылық анықталған;
      2) өзінің алдындағы берешекті өтеу кестесі бұзылған;
      3) кепіл нысанасы болып табылатын мүлік құнының өз мүдделеріне қысым жасауға әкеп соқтыратындай төмендеуі;
      4) егер өзінің алдындағы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету нысанасы болып табылатын мүлік борышкер-кәсіпорынның қызметін жалғастыру үшін немесе оңалту жоспарын іске асыру үшін талап етілмесе, өзінің алдындағы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету нысанасы болып табылатын борышкер мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы сотқа жүгінуге құқылы.
      Ескерту. 47-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      48-бап. Оңалтушы басқарушы

      Осы Заңда белгіленген жағдайларда оңалтушы басқарушыны оңалту жоспарын бекіту туралы сот ұйғарымы күшіне енгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган тағайындайды.
      Ескерту. 48-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      49-бап. Оңалтушы басқарушыға сыйақы төлеу

      1. Оңалтушы басқарушыға сыйақы борышкердiң мүлкiнен төленедi және әкiмшiлiк шығыстарына жатқызылады. Негізгі сыйақының мөлшері мен сомасын және оны төлеу тәртiбiн кредиторлар жиналысы осы баптың талаптарына сәйкес айқындайды.
      2. Оңалтушы басқарушыға төленетiн сыйақы:
      1) оның өз мiндеттерiн атқарған барлық кезеңi үшiн төленетiн, ай сайынғы сомасы елу айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс ағымдағы төлемдердi;
      2) оңалту рәсiмiнiң мақсаттарына қол жеткізу мiндеттi жағдайда, оңалтушы басқарушыға кредиторлар төлеуі мүмкін қосымша төлемдердi қамтиды.
      Қосымша сыйақының мөлшері:
      бірінші, екінші кезектегі кредитор талаптарын өтеуге бағытталған қаражаттың екі пайызына дейін;
      үшінші және бесінші кезектегі кредитор талаптарын өтеуге бағытталған қаражаттың бес пайызына дейін құрауы мүмкін.
      Кредитор қосымша сыйақыны төлеу туралы кредитордың келісімін оның мөлшерін көрсете отырып, жазбаша түрде кемінде екі данада шығарады, оның біреуін оңалтушы басқарушы мұндай шешімді кредитор қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жібереді.
      3. Борышкердің мүлкін және істерін басқару құқығы борышкер мүлкінің меншік иесінде (ол уәкілеттік берген органда), құрылтайшыларда (қатысушыларда) сақталған, оңалтушы басқарушының өкілеттіктері борышкердің басшысына жүктелген жағдайларда, осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген ағымдағы төлемдердің ең көп сомасын шектеу борышкердің басшысына қолданылмайды, осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген қосымша төлемдер жүргізілмейді.
      Ескерту. 49-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      50-бап. Оңалту рәсiмiнiң мерзiмi

      Сот оңалту рәсімін жүргізу мерзімін оңалту жоспарына сәйкес белгілейді. Сот оңалтушы басқарушының қолдаухаты бойынша кредиторлар жиналысының келiсiмiмен осы мерзiмдi ұзартуға құқылы, бiрақ ол алты айдан аспауға тиiс.
      Табиғи монополия субъектiлерi немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерi болып табылатын не республика экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар, азаматтардың өмiрiне, денсаулығына, ұлттық қауiпсiздiкке немесе қоршаған ортаға әсер етуге қабілетті ұйымдар үшiн сот оңалту рәсiмiнiң мерзiмiн екi жылға дейiн ұзартуға құқылы.
      Ұйым мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы мәртебесін алған жағдайда, сот оңалтушы басқарушының өтiнiшi бойынша, кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен оңалту рәсімін жүргізуді тоқтата тұруға құқылы.
      Ескерту. 50-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      50-1-бап. Мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы үшін
                 оңалту рәсімін тоқтата тұру және қайта бастау

      1. Оңалту рәсімін тоқтата тұру туралы өтінішті сот ол түскен күннен бастап он жұмыс күнінен кеш емес мерзімде қарауға тиіс.
      Оңалту рәсімін тоқтата тұру үшін борышкердің мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы мәртебесін алуы және кредиторлар комитетінің шешімі негіз болып табылады.
      2. Сот оңалту рәсімін тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарған сәттен бастап, мынадай салдарлар басталады:
      1) оңалтушы басқарушы борышкердің мүлкі мен істерін басқарудан шеттетіледі және басқару борышкер мүлкінің меншік иесіне (ол уәкілеттік берген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға) өтеді;
      2) осы Заңның 43-2-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының қолданысы тоқтатыла тұрады;
      3) ұйымды оңалту жоспарының орындалуы тоқтатыла тұрады;
      4) кредиторлардың талаптарын өтеу мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде қабылданған оңалту жоспарына сәйкес жүргізіледі.
      3. Кредиторлар комитеті оңалту рәсімін қайта бастау туралы өтінішпен сотқа жүгіну туралы шешім қабылдауға құқылы. Осындай өтінішпен кредиторлар комитеті уәкілеттік берген тұлға жүгінеді.
      Оңалту рәсімін қайта бастау туралы сот ұйғарымы күшіне енген күннен бастап, осы баптың 2-тармағының қолданысы тоқтатылады.
      Ескерту. Заң 50-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      51-бап. Оңалтушы басқарушының өкiлеттiктерi

      1. Оңалтушы басқарушы:
      1) борышкердiң мүлкiн басқаруға қабылдайды және оған осы Заңда белгiленген шекте билiк етедi;
      2) борышкердiң мүлкiне қатысты тиiстi құқықтарға ие болады және оның барлық органдары үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мiндеттердi атқарады;
      3) өзін уәкiлеттi орган тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні iшiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында борышкерге оңалту рәсiмiн қолдану туралы және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртiбi туралы жарияланымды қазақ және орыс тiлдерiнде орналастырады;
      4) оңалту жоспарын орындауды ұйымдастырады;
      5) оңалту рәсіміне кредиторлар жиналысымен келісілген өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы сотқа қолдаухат жібереді;
      6) кредиторлар талаптарының тізілімін жүргізеді;
      7) кредиторлар комитетінің барлық мүшелеріне осы Заңның 12-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімдерде өткізілетін комитеттің бірінші отырысының өтетін күні мен орны туралы хабарлайды;
      8) осы Заңның 14-бабының 2-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде кредиторлар комитетінің мүшелеріне хабарлама жібереді;
      9) осы Заңның 14-3-бабының 7-тармағында белгіленген іс-әрекеттерді жасайды, сондай-ақ кредиторлар жиналысының сырттай дауыс беруді таңдаған қатысушыларына осы Заңның 14-3-бабының 8-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде материалдарды жібереді;
      10) ұйымдардан, мемлекеттік органдардан және олардың лауазымды адамдарынан борышкер туралы ақпаратты сұратады және алады;
      11) банкроттық туралы заңнамамен реттелетін қатынастарға ақпараттық жүйені қолдана отырып қатысуға құқылы;
      12) оңалту рәсімін тоқтата тұру туралы сотқа жүгінеді;
      13) осы Заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
      2. Кредиторлар жиналысының шешіміне сәйкес оңалтушы басқарушы:
      1) кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелер жасасады;
      2) борышкердiң тұтынуға, оның iшiнде борышкер қызметкерлерiне еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды ұлғайтуға әкеп соғатын шешiмдер қабылдайды;
      3) оңалту рәсімін тоқтату туралы сотқа жүгінеді;
      4) осы Заңда белгіленген жағдайларда, оңалту рәсімін тоқтату және борышкерді банкрот деп тану туралы сотқа жүгінеді.
      Осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында белгіленген қағидалар оңалту жоспарында көзделген, борышкердің мүлкіне билік ету жөніндегі мәмілелерге қолданылмайды.
      3. Оңалтушы басқарушы өткен айдағы қаржылық жағдайы, кәдімгі коммерциялық операциялар барысында жасалған мәмілелер туралы ақпаратты әр айдың 15-інен кешіктірмей кредиторлар комитеті мүшелерінің назарына жеткізуге, кредиторлар комитетінің талабы бойынша кез келген ақпаратты ұсынуға міндетті.
      Оңалтушы басқарушы өзінің қызметін жүзеге асыру барысы туралы толық ақпаратты борышкердің кез келген кредиторына оның жазбаша сұрауы негізінде беруге міндетті.
      4. Егер борышкердiң оңалту рәсiмi қолданылғаннан кейiн туындаған ақшалай мiндеттемелерінiң жалпы сомасы оңалту рәсiмi қолданылған кездегi кредиттік берешектiң жалпы сомасының жиырма пайызынан асып кетсе, оңалтушы басқарушы борышкердiң жаңа ақшалай мiндеттемелерiн туғызатын мәмiлелердi кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен ғана жасаса алады.
      5. Оңалтушы басқарушы осы Заңның 6-бабында көрсетiлген мән-жайлар кезiнде борышкер жасасқан мәмiлелердi анықтайды және оларды сот тәртібімен жарамсыз деп тану не мүлiктi қайтару туралы талаптар қояды.
      Ескерту. 51-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      52-бап. Оңалтуды басқарушының жауапкершiлiгi

      Оңалтуды басқарушы оңалту рәсiмiн дұрыс жүргiзбегендiгi үшiн қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап бередi.
      Ескерту. 52-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. № 256, 2008.07.05. № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      53-бап. Оңалту рәсiмiн тоқтату

      1. Оңалтушы басқарушы:
      1) егер борышкерге қатысты оңалту рәсiмiнiң мақсатына қол жеткізілсе;
      2) егер ол бұл мақсатқа қол жеткізу мүмкін еместігіне көз жеткізсе, кредиторлар жиналысының шешімі бойынша борышкерге қатысты оңалту рәсiмiн тоқтату туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнедi.
      Оңалтушы басқарушының өтiнiшiне оңалтушы басқарушының қорытынды есебi қоса беріледi.
      Мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде бекітілген оңалту жоспары орындалған жағдайда, мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен жүгінеді.
      2. Борышкердi оңалту жоспарын iске асыру не оңалтушы басқарушының iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) өз мүдделерiне залал келтiредi деп есептейтiн борышкер мүлкiнiң меншік иесi (ол уәкiлеттік берген орган) оңалту рәсiмiн тоқтату туралы сотқа жүгіне алады.
      3. Кредиторлар жиналысының өткізілуі туралы тиісті түрде хабардар етілмеген жағдайда, талап сомасы кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген талаптардың жалпы сомасының кемінде он пайызын құрайтын кредитордың оңалту рәсімін тоқтату туралы сотқа жүгінуге құқығы бар.
      4. Кредитор (кредиторлар):
      1) борышкердің кредиторлар талаптарының тізілімін, оңалту жоспарын құру жөніндегі iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) өзінің мүліктік мүдделеріне залал келтіретінін растайтын негіздер болған кезде;
      2) кредиторлық берешекті өтеу кестесі үш айдан астам орындалмаған кезде;
      3) оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішке қоса берілген құжаттарда қамтылған дәйексіз мәліметтерді ұсыну фактілері анықталған кезде;
      4) борышкердi оңалту жоспарын iске асыру не оңалтушы басқарушының iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) өзінің мүліктік мүдделерiне залал келтiретінін растайтын негіздер болған кезде оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгінуі мүмкін.
      5. Сотқа осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында, 2, 3, 4-тармақтарында көзделген негіздер бойынша оңалту рәсімін тоқтату туралы өтініш берілген кезде өтініш беруші тұлға борышкерді банкрот деп тану туралы талапты өтініште көрсетуге міндетті.
      Осы тармақтың талаптары орындалмаған жағдайда сот оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішті қараусыз қалдырады.
      6. Кредиторлар жиналысы оңалту рәсімін келісуден бас тартқан не борышкер осы Заңның 37-1-бабының 2-тармағының 4) тармақшасында белгіленген мерзімде оңалту жоспарын ұсынбаған жағдайларда, сот оңалту рәсімін тоқтатады.
      Ескерту. 53-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      54-бап. Оңалту рәсiмiн тоқтату салдары

      Осы Заңның 53-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 2, 3, 4-тармақтарында көзделген негіздер бойынша оңалту рәсімі тоқтатылған және банкроттық туралы іс қозғалған (қайта басталған) жағдайда:
      1) осы Заңның 43-2-бабында көзделген салдарлар сақталады;
      2) борышкерді банкрот деп тану туралы шешім шығарылғанға және конкурстық басқарушы тағайындалғанға дейін борышкер мүлкін және істерін басқару құқығы оңалту рәсімінде басқаруды жүзеге асырған тұлғада сақталады.
      Ескерту. 54-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      55-бап. Санация

      1. Егер дәрменсiз борышкердi оңалту шаралары ретiнде оңалту жоспарына санация енгiзiлсе, санацияға қатысушының борышкерге және/немесе кредиторларға оңалту жоспарына сәйкес сомасы мен мерзiмiн көрсете отырып, ақша аудару туралы жазбаша мiндеттемесi жоспарға қоса берiлуге тиiс.
      2. Санацияға қатысушы барлық кредиторлардың талаптарын олармен келiсiлген мерзiмде қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндеттемесiн өз мойнына алуы мүмкiн. Мұндай жағдайда санацияға қатысушы немесе осы Заңның 9-бабының 4, 5 және 6-тармақтарында белгiленген талаптар қолданылмайтын, ол ұсынған адам оңалтуды басқарушы болып тағайындалады.
      Бұл ретте санацияға қатысушыға немесе ол ұсынған адамға осы Заңда белгіленген оңалтуды басқарушының құқықтары мен міндеттері қолданылады.
      3. Сот, сондай-ақ уәкілетті орган санацияға қатысушыдан осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген мiндеттемелердi оның орындау мүмкiндiгiн растайтын құжаттарды сұратып алуға құқылы.
      Ескерту. 55-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1997.07.11. № 154, 2001.07.11. № 239, 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      56-бап. Санацияға қатысушылардың келiсiмi

      Егер санацияға кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндеттемесiн өз мойнына алған екi және одан да көп тұлғалар қатысса, олар кредиторлардың алдындағы жауапкершiлiктi өздерiнiң арасында бөлудi, санацияға қатысудан ол басталғаннан кейiн санацияға қатысушылардың бiреуi немесе бiрнешеуi бас тартқан жағдайдағы жауапкершiлiктi, борышкер мүлкiн басқаруға қатысу тәртiбiн көздейтiн келiсiм жасасуға тиiс.

      57-бап. Санацияға қатысушылардың жауапкершiлiгi

      1. Осы Заңның 55-бабының 2-тармағында көзделген мiндеттеменi өз мойнына алған санацияға қатысушы борышкер таратылғаннан кейiн, егер ықтиярсыз күштiң салдарынан немесе кредиторлардың, не борышкердiң (борышкер мүлкi иесiнiң) iс-әрекеттерi салдарынан санация мақсатына қол жеткiзiлмегенiн дәлелдей алмаса, оның өтелмеген мiндеттемелерi бойынша субсидиялық жағынан жауап бередi.
      Егер келiсiмде басқаша көзделмесе, санацияға екi немесе одан да көп тұлға қатысқан жағдайда, мұндай жауапкершiлiктi олар бiрiгiп көтередi.
      2. Дәрменсiз борышкердiң кредиторлары талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндетiн өз мойнына алмаған санацияға қатысушының жауапкершiлiгi қатысушының оңалтуды басқарушымен уәкiлеттi орган және кредиторлар комитетi бекiткен келiсiмiмен белгiленедi.
      Ескерту. 57-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. № 256, 2006.01.10. № 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      58-бап. Санацияға қатысушының құқықтары

      1. Санацияның мақсатына жетуге байланысты банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған кезде өзіне осы Заңның 55-бабының 2-тармағында көзделген міндеттеме алған және борышкер мүлкінің меншік иесі болып табылмайтын қатысушы өзі инвестициялаған қаражат сомасында санация басталғанға дейін шаруашылық серіктестігіне қатысушылардың, акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданған шешімнің негізінде шаруашылық серіктестігі қатысушысының, акционерлік қоғам акционерінің құқығына ие болады, ал егер борышкер мемлекеттік кәсіпорын болып табылса, мемлекеттік орган мүлкінің уәкілетті меншік иесі шешімінің негізінде борышкер алдын ала шаруашылық серіктестігі, акционерлік қоғам болып қайта ұйымдастырылғаннан кейін шаруашылық серіктестігінің, акционерлік қоғам акционерінің қатысушы құқығына ие болады. Егер өндірістік кооператив борышкер болып табылса, санацияға қатысушы кооператив мүшелері жалпы жиналысының шешімі негізінде шаруашылық серіктестігі борышкер болып, алдын ала қайта ұйымдастырылғаннан кейін шаруашылық серіктестігінің қатысушысы құқығына ие болады.
      Аталған шешiм сотқа оңалту жоспарымен бiрге ұсынылуға тиiс.
      Бұл жағдайда құрылған шаруашылық серiктестiгi жарғылық капиталының мөлшерi, жарғылық капитал екi жыл бойы белгiленген мөлшерге дейiн толықтырылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ең төменгi мөлшерден аз болуы мүмкiн.
      2. Санацияға екi немесе одан да көп тұлғалар қатысқан жағдайда борышкердiң мүлкiндегi үлес мөлшерi олардың әрқайсысы санация мақсаты үшiн пайдаланған қаражаттың сомасына қарай белгiленедi.
      Ескерту. 58-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. № 239, 2008.07.05. № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      59-бап. Борышкердiң талаптар қою құқықтарына жеңiлдiк
               жасау

      1. Оңалту жоспарында бұл талаптарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткiзiлетiн ашық сауда-саттықта сату жолымен борышкердiң талаптар қою құқықтарына жеңiлдiк берiлуiнiң көзделуi мүмкiн.
      2. <*>
      Ескерту. 59-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. № 256, 2008.07.05. № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

5-тарау

      Ескерту. 5-тарау алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. № 256 Заңымен.

6-тарау. ДӘРМЕНСIЗ БОРЫШКЕРДI ТАРАТУ (КОНКУРС ЖҮРГIЗУ)

      65-бап. Жалпы ережелер

      1. Конкурстық іс жүргізудің, тарату рәсімінің өткізілу мерзімі сот шешімімен айқындалады және ол тоғыз айдан аспауға тиіс. Конкурстық басқарушының өтініші бойынша кредиторлар комитетінің келісімімен бұл мерзімді уәкілетті орган әрі кеткенде 3 айға ұзартуы мүмкін.
      Конкурстық іс жүргізу мерзімі борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.
      Бұл ретте, конкурстық басқарушының конкурстық іс жүргізу мерзімін ұзарту туралы өтініші уәкілетті органға конкурстық іс жүргізудің белгіленген мерзімі өткенге дейін кем дегенде күнтізбелік он бес күн бұрын жіберіледі.
      2. Мүлкінің көлемі үлкен борышкерді тарату, дебиторлық берешекті өндіріп алудың нақты мүмкіндігінің, сот талқылауларының болуы, конкурстық басқарушының осы Заңның 5 және 6-баптарының талаптарын орындауы кезінде немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі конкурстық массаны өткізудің айрықша шарттары мен тәртібін белгілеген жағдайларда, табиғи монополия субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілері болып табылатын не Республика экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын, сондай-ақ мемлекеттің бастамасымен банкрот деп танылған ұйымдардың банкроттығы кезінде конкурстық басқарушының өтініші бойынша уәкілетті орган конкурстық іс жүргізу мерзімін кредиторлар комитетінің келісімі бойынша көрсетілген мән-жайларды ескере отырып, осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімнен тыс он екі айға дейінгі мерзімге ұзартады.
      Ескерту. 65-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.07.05. № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      66-бап. Конкурс жүргiзуге қатысушылар

      Сот, кредиторлар комитетi, банкрот, конкурсты басқарушы уәкiлеттi орган және басқа да мүдделi адамдар конкурс жүргiзуге қатысушылар болып табылады.
      Ескерту. 66-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. № 256 Заңымен.

      67-бап. Конкурс жүргiзудегi соттың өкiлеттiгi

      Соттың конкурс жүргiзуде мынадай өкiлеттiгi бар:
      1) конкурс жүргiзудi қозғайды және оны тоқтатады;
      2) заңды тұлғалардың тiркелуiн жүзеге асыратын әдiлет органына, уәкілетті органға, жеке сот орындаушыларының алқасына және борышкердің тұрғылықты жері бойынша аумақтық атқарушы іс жүргізу органына заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешiм шығарылғанын хабарлайды;
      3) борышкер мүлiктiк сипаттағы жауапкер ретiнде болатын даулар бойынша iстердi өзiнiң жүргiзуiне қабылдайды;
      4) уәкілетті органға конкурстық басқарушыны тағайындауды тапсырады.
      4-1) Алынып тасталды - ҚР 2001.07.11 № 239 Заңымен.
      5) конкурс жүргiзуге қатысушылардың арасындағы дауларды шешедi;
      6) Алынып тасталды - ҚР 2001.07.11 № 239 Заңымен.
      Ескерту. 67-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1997.07.11 № 154, 1998.07.01 № 256, 2000.12.18 № 128, 2001.03.02 № 162, 2001.07.11 № 239, 2006.01.10 № 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.04.02 № 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      68-бап. Банкрот үшiн конкурс жүргiзудi қозғаудың салдары

      1. Борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы сот шешiмi қабылданған кезден бастап мынадай салдары болады:
      1) банкроттың мүлiктi иелiктен айыруына және уақытша беруiне тыйым салынады;
      2) банкроттың барлық қарыз мiндеттемелерiнiң мерзiмдерi өткен деп есептеледi;
      3) банкрот берешектерiнiң барлық түрлерi бойынша айып ақылар мен сыйақылар (мүдделер) есептеу тоқтатылады;
      4) егер банкроттың қатысумен сотта қаралатын мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша қабылданған шешiмдер заңды күшiне енбесе, олар қысқартылады;
      5) банкротқа мүлiктiк талаптар тек конкурс жүргiзу шеңберiнде ғана қойылуы мүмкiн;
      6) дәрменсіз борышкердің мүлкінен өндіріп алуға қойылған барлық заңнамалық шектеулер алып тасталады.
      2. <*>
      3. Егер конкурстық масса құрамында жылжымайтын мүлiк болса, банкроттың жылжымайтын мүлкiн иелiктен айыру және оны өзге тұлғаларға пайдалануға беру жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу органдарында тiркелуге тиiс.
      Ескерту. 68-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. № 154, 1998.07.01. № 256, 2008.07.05. № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      69-бап. Конкурстық басқарушы-таратушы

      1. Конкурстық іс жүргізуді жүзеге асыру үшін уәкілетті орган соттың борышкерді банкрот деп тану туралы шешімі күшіне енген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде конкурстық басқарушыны тағайындайды.
      Конкурстық басқарушыны тағайындау, есепке алу және тiркеу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
      2. Конкурстық басқарушыға (таратушыға) төленетiн сыйақыға:
      1) өз мiндеттемелерiн орындайтын бүкiл кезең үшiн ай сайынғы мөлшерi елу айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс, кредиторлармен есеп айырысқанға дейін конкурстық массадан төленетін ағымдағы төлемақылар;
      2) оның қызметінің нәтижелері бойынша жүзеге асырылатын және әкімшілік шығыстар шегеріліп кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға жұмсалған қаражаттың жеті процентінен аспайтын мөлшерінде кредиторлар комитеті айқындайтын қосымша төлемдер жатады.
      Ескерту. 69-бап жаңа редакцияда - ҚР 1998.07.01 № 256 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.07.11. № 239, 2006.01.10. № 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.07.05 № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      70-бап. Конкурсты басқарушы-таратушының өкiлеттiгi

      Конкурсты басқарушы:
      1) ол тағайындалған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзiмде осы Заңның талаптарына сәйкес кредиторлар комитетiнiң құрамын қалыптастырады, оны уәкілетті органның бекітуіне ұсынады;
      1-1) осы Заңның 14-бабының 2-тармағында көзделген хабарламаны жібереді.
      Комитеттің бірінші отырысы осы Заңның 12-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімдерде өткізіледі;
      1-2) уәкілетті органның оны тағайындаған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында борышкерді банкрот деп тану туралы және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы жарияланымды қазақ және орыс тілдерінде орналастырады;
      1-3) уәкілетті орган оны тағайындаған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына соттың заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешімінің көшірмесін ұсынады;
      2) борышкердiң мүлкiн қорғауға және бақылауға алады;
      3) борышкер алдында берешегi бар тұлғаларға осы берешектi заңда белгiленген тәртiппен өндiрiп алу туралы талаптар қояды;
      4) осы Заңның 6-бабында аталған мән-жайлар кезiнде борышкер жасаған мәмiлелердi анықтайды және оларды жарамсыз деп тану туралы не сот тәртiбiмен мүлiктi қайтару туралы талаптар қояды;
      5) банкроттың қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес алдағы уақытта еңбек шартының тоқтатылатыны туралы хабарлайды;
      5-1) іс-шараларын жоспарын қоса алғанда, кредиторлар комитетімен жасасқан келісімнің талаптарын орындайды;
      6) кредиторлардың талаптарын өтеу мақсатында банкроттың мүліктерін (активтерін) сату жоспарын кредиторлар комитетінің бекітуіне ұсынады және оны өткізуді жүзеге асырады;
      6-1) уәкілетті органның сұратуы бойынша оған конкурстық іс жүргізу жөнінде қажетті ақпаратты табыс етеді;
      6-2) алдыңғы айдағы конкурстық іс жүргізу рәсімін жүзеге асыру барысы туралы толық ақпаратты әр айдың 15-інен кешіктірмей кредиторлар комитетіне табыс етеді;
      6-3) борышкердің кез келген кредиторына оның жазбаша сұратуы негізінде өз қызметін жүзеге асыру барысы туралы толық ақпаратты ұсынады;
      7) кредиторлармен есеп айырысады;
      8) борышкердi банкроттыққа жеткiзгенi үшiн жауапты адамдарды (борышкердiң лауазымды адамдарын, қатысушыларын (құрылтайшыларын) анықтап, сотқа жүгiнедi;
      9) кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн жүргiзедi;
      9-1) түгендеудi жүргiзедi;
      9-2) сот қорытынды есепті бекіткеннен кейін банкрот деп танылған кәсіпорынның банктік шоттарын жабуға, салық органына салық төлеуші куәлігінің және қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің (олар бар болса) бланкілерін тапсыруға міндетті;
      9-3) борышкерді банкрот деп тану туралы шешімнің күші жойылған кезде, өзі шеттетілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде борышкердің құрылтай, қаржылық және оның мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарын қоса алғанда, барлық құжаттарын, борышкердің барлық мүлкін (активтерін), сондай-ақ борышкердің мөрін жаңадан тағайындалған конкурстық басқарушыға немесе борышкердің басшысына беруге міндетті;
      10) осы Заңға сәйкес өзге де өкiлеттiгi болады.
      Ескерту. 70-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.07.01 № 256, 2001.07.11 № 239, 2003.03.13 № 395, 2006.01.10 № 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.05.15 № 253, 2008.07.05 № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.10 № 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.19 № 258-IV, 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      71-бап. Кредиторлардың талаптары

      1. Кредиторлардың борышкерге талаптары борышкердi банкрот деп тану туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей мәлiмделуге тиiс.
      Кредиторлардың талаптарында талаптар сомасы туралы мәлiметтер болуға тиiс (негiзгi қарыздардың, сыйақылардың (мүдденiң), айыптың және өзге де айыппұлдар санкцияларының, залалдардың мөлшерi туралы жеке-жеке, талаптардың негiздемесi мен сомасын растайтын құжаттар (соттың күшiне енген шешiмдерi, шарттардың көшiрмелерi, борышкердiң қарызын тануы қоса берiледi).
      Кредиторлардың шетелдiк валютамен көрсетiлген талаптары борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы сот шешiм қабылдаған кездегi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген бағам бойынша теңгемен есепке алынады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген мерзiмде кредиторлардың мәлiмдеген талаптарын конкурсты басқарушы оларды алған кезден бастап бiр ай мерзiм iшiнде қарауға тиiс және ол мойындаған талаптар тiзiлiмге енгiзiледi.
      Кредиторлардың бұрын сотқа мәлiмдеген талаптары, егер олар осы баптың 1-тармағының екiншi абзацында аталған талаптарға сәйкес келсе, тiзiлiмге енгiзiлуi мүмкiн.
      Кредиторлар талаптарының тізіліміне бөлінген активтермен қамтамасыз етілген, Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасында айқындалған кредиторлардың талаптары және ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың мынадай мүлiктi: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша талап ету құқықтарын (ипотекалық куәлiктер кепiлiн қоса алғанда), сондай-ақ көрсетілген облигацияларды ұстаушыларда меншiк құқығы мәмiлелер бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де негiздер бойынша туындаған немесе ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарын кепiлге қоюмен қамтамасыз етiлген талаптары енгiзiлмейдi.
      Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне кредиторлардың мемлекет кепiлгерлiгiмен қамтамасыз етiлген инфрақұрылымдық облигациялар бойынша талаптары енгiзiлмейдi.
      3. Кредиторлардың өзiне берешек сомасын және осы сомаға есептелетiн сыйақыны (мүдденi), борышкер тарапынан мiндеттемелердiң орындалмауынан немесе тиiсiнше орындалмауынан келтiрiлген зиянды, айыптарды (айыппұл, өсiмдер) және өзге де айыппұл санкцияларын қамтитын талаптарды борышкерге қоюға құқығы бар.
      4. Сыйақылардың (мүдденiң) сомасы борышкердi банкрот деп тану туралы сот шешiмi қабылданған кезде айқындалады.
      5. Залалдардың, айыптардың (айыппұлдар, өсiмдер) және өзге де айыппұл санкцияларының сомасы борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы шешiм қабылданған кезде, ал оңалту рәсiмi қолданылған жағдайларда - оңалту рәсiмi енгiзiлген кезде айқындалады.
      Кредиторлардың банкроттық рәсiмдерге қатысуына байланысты шығындары өтелмеуге тиiс.
      Ескерту. 71-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. № 154, 1998.07.01. № 256, 2001.07.11. № 239, 2003.06.03. № 427, 2006.01.10. № 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.02.20. № 127 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.05. № 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 № 539 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

       71-1-бап. Конкурстық басқарушы-таратушының
                 жауапкершiлiгi

      Өз өкiлеттiктерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда конкурстық басқарушы-таратушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
      Ескерту. 71-1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. № 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      72-бап. Кредиторлардың талаптарын қарау

      1. Конкурсты басқарушы кредиторлардың талаптарын қараудың нәтижелерi туралы (талаптарды толық көлемiнде немесе iшiнара тану немесе танымау туралы) әрбiр кредиторға шешiм қабылданған күннен кейiнгi келесi күнi жазбаша түрде (танымаудың себептерiн көрсете отырып) хабарлауға мiндеттi.
      2. алып тасталды - 2006.01.10. № 115 Заңдарымен.
      3. Конкурстық басқарушының шешімімен келіспеген жағдайда кредитор, құрылтайшы (қатысушы) оны бір ай мерзімде дау тудырған талап бойынша шешімі күшіне енген банкроттық туралы істі қараған сотқа шағымдануға құқылы.
      4. Борышкердiң кредиторы кредиторлар тiзiлiмiнiң мазмұнымен танысуға құқылы.
      Ескерту. 72-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. № 256, 2001.07.11. № 239, 2006.01.10. № 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі),  2008.07.05. № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      73-бап. Кредиторлар талаптарының тізілімін бекіту

      1. Конкурстық басқарушы кредиторлар талаптарының тізілімін және оларды қараудың нәтижелерін борышкерді банкрот деп тану және оны тарату туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап төрт айдан кешіктірілмей уәкілетті органға бекіту үшін беруге міндетті.
      2. Конкурстық басқарушы ұсынған, банкроттық туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін кредиторлар талаптарының тізілімін уәкілетті орган кредиторлар талаптарының тізілімі ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бекітеді.
      Кредиторлар талаптарының ұсынылған тізілімі банкроттық туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде жойылуға жататын қайтару себептерін көрсете отырып, ол ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей пысықтауға қайтарады.
      Ескерту. 73-бап жаңа редакцияда - ҚР 2001.07.11 № 239 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.01.10. № 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      74-бап. Конкурстық масса

      1. Конкурстық массаның құрамына:
      1) борышкердің мүлкі, соның ішінде оның қаржылық құжаттарында көрсетілмеген, бірақ осы Заңның 83-бабының 2-тармағында көрсетілген мүлікті қоспағанда, талап құқығын (дебиторлық берешекті) қоса алғанда, борышкердің меншік құқығын растайтын құжаттары бар мүлкі;
      2) Қазақстан Республикасының жер заңнамасымен көзделген жағдайда, борышкердің тұрақты және уақытша жер пайдалану құқығы кіреді.
      2. Конкурстық массаға толық серiктестердiң жеке мүлкi, толық және коммандиттiк серiктестердiң бұрынғы қатысушыларының, қосымша жауапкершiлiктi серiктестер қатысушыларының, сондай-ақ банкроттың мүлкi жетпеген кезде Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес өндiрiп алу қолданылуы мүмкiн болатын өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң өз мүлкi кiредi және жеке есептеледi.
      3. Өзге тұлғалардың борышкердi банкроттыққа дейiн жеткiзгенi үшiн субсидиялық жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бұл жауапкершiлiк мөлшерi кредиторлар талаптарының жалпы сомасы мен борышкер мүлкiнiң конкурстық массасының арасындағы айырма ретiнде айқындалады. Конкурсты басқарушы мұндай тұлғаларға борышкердiң барлық кредиторларының мүдделерiнде талаптар қоюға мiндеттi. Жекелеген кредиторлардың өз мүдделерiн көздеп мұндай талаптар қоюына жол берiлмейдi.
      4. Конкурстық массаға:
      1) мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтары;
      2) арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру кезiндегi міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендiру кезiндегi облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлiнген активтер және ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз ету болып табылатын кепiл мүлкi: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша талап ету құқығы (ипотекалық куәлiктердi қоса алғанда), сондай-ақ көрсетiлген облигацияларды ұстаушыларда меншiк құқығы мәмiлелер бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де негiздер бойынша туындаған немесе ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары енгiзiлмейдi. Тарату комиссиясы көрсетілген мүлік пен бөлінген активтерді кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес айқындалған ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкіліне, кредиторлардың және (немесе) облигацияларды ұстаушылардың өкіліне береді;
      3) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдарына сәйкес құрылған тарату қорларының қаражаты;
      4) концессия объектiсiнiң құрамына кiретiн мүлiк;
      5) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде көзделген шығарындыларды азайту, шығарындылардың сертификатталған азайтулары, шығарындыларды ішкі азайту, парниктік газдарды сіңіру квоталарының бірліктері енгізілмейді.
      Ескерту. 74-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.07.01 № 256, 2001.07.11 № 239, 2003.06.03 № 427, 2006.01.10 № 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.02.20 № 127 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.05 № 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.07.05 № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.03 № 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 539 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      75-бап. Конкурстық массаны бөлу кезегi

      1. Әкiмшiлiк және сот шығыстары борышкер мүлкiнiң есебiнен кезектен тыс өтеледi.
      Әкiмшiлiк шығыстарының сомасын, кредиторлар комитетiнiң оңалтушы немесе конкурстық басқарушымен келiсiмi арқылы айқындалған сметаның шектерінде, олардың туындауына қарай оңалтуды немесе конкурстық басқарушы төлеуi мүмкiн.
      2. Таратылатын банкрот өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн жауап беретiн азаматтардың  жалақыдан және (немесе) өзге кірістен ұсталған алименттерді, сондай-ақ талаптарды төлеу бойынша талаптары тиiстi уақтылы төленетiн капиталға айналдыру арқылы бiрiншi кезекте қанағаттандырылады.
      3. Еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбегіне ақы мен өтемдер, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша еңбекақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша берешектерді өтеу, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақы төлеу жөніндегі есеп айырысулар, осы Заңның 78-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, екінші кезекте жүргізіледі.
      4. Кредиторлардың таратылған банкрот мүлкінің кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелері бойынша талаптары қамтамасыз ету сомасы шегінде үшінші кезекте қанағаттандырылады.
      5. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөнiндегi берешек төртiншi кезекте өтеледi.
      6. Басқа кредиторлармен есеп айырысу осы Заңға және басқа да Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес бесiншi кезекте жүргiзiледi.
      Ескерту. 75-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. № 256, 2001.07.11. № 239, 2004.04.08. № 542, 2006.01.10. № 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.07.05. № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      76-бап. Кредиторлармен есеп айырысу ережелерi

      1. Әрбiр кезектiң талаптары алдыңғы кезектегi талаптар толық қанағаттандырылған соң қанағаттандырылады.
      Кредитордың талабы оның келiсiмiмен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн әдiстермен, соның iшiнде ақша түрiнде және (немесе) мүлiктi заттай беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкiн.
      Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар және міндетті зейнетақы жарналары бойынша кредитордан басқа кредитор мүлікті он конкурстық басқарушы ұсынған күннен бастап он бес күн мерзімде талапты өтеу есебіне заттай қабылдау туралы өзінің жазбаша келісімін (келіспеуін) білдіруге тиіс. Кредитордың белгiленген мерзiмде жазбаша келiсiмiн ұсынбауы мүлiктi заттай алудан бас тартуы деп танылады.
      2. Банкроттың мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда ол тиiстi кезектегi кредиторлар арасында олардың қанағаттандыруға тиiстi талаптарының сомаларына сәйкес бөлiнедi.
      3. Конкурсты басқарушы кредитордың талаптарын қанағаттандырудан не оны қараудан бас тартылған жағдайда кредитор тарату балансын бекiткенге дейiн конкурсты басқарушыға талап қойып сотқа жүгiнуге құқылы.
      4. Кредиторлардың осы Заңның 71-бабының 1-тармағында көзделген мерзiм бiткеннен кейiнгi, бiрақ тарату балансы бекiтiлгенге дейiнгi талаптары, кредиторлардың белгiленген мерзiмде мәлiмделген талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған борышкердiң мүлкiнен қанағаттандырылады.
      5. Бiрiншi және екiншi кезектегi кредиторлардың барлық кредиторлармен есеп айырысқанша қойған талаптары конкурстық мүлiктiң есебiнен қанағаттандырылуға тиiс. Мұндай талаптар тiзiлiмге енгiзiлгенге дейiн тиiстi кезекте тұрған кредиторлардың талаптарын өтеу тоқтатыла тұрады. Белгiленген мерзiмде бiлдiрiлген, бiрақ конкурстық басқарушының тарапынан мойындалмаған, оларды қанағаттандыру туралы соттың шешiмi бар, басқа кезектердегi кредиторлардың талаптары да осындай тәртiппен қанағаттандырылуға тиiс.
      6. Банкроттың мүлкi жетпегендiктен қанағаттандырылмаған, сондай-ақ тарату балансы бекiтiлгенге дейiн мәлiмделмеген кредиторлардың талаптары өтелген деп есептеледi.
      Көрсетiлген сомаларды конкурстық iс жүргiзудiң аяқталғандығы туралы сот ұйғарымының негiзiнде кредиторлар дебиторлық берешектен шығаруға тиiс.
      Ескерту. 76-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. № 256, 2001.07.11. № 239, 2006.01.10. № 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі),  2008.07.05. № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      77-бап. Бiрiншi кезектегi кредиторлар талаптарын
               қанағаттандырудың сомасы мен тәртiбi

      1. Борышкер өмiрiне және денсаулығына залал келтiргенi үшiн жауапты болатын азаматтар талаптарының сомасын айқындау азаматқа жетпіс жасқа жеткенге дейiн, бiрақ он жылдан кем емес уақытта төленуге тиiстi мерзiмдi төлемдердi (борышкердi банкрот деп таныған күнгi мөлшерде) капиталға айналдыру жолымен жүзеге асырылады. Егер азаматтың жасы жетпiстен асса, онда тиiстi мерзiмдiк төлемдердi капиталдандыру кезеңi он жыл болады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген тәртiпке сәйкес айқындалған сомаларды төлеу борышкердiң тиiстi мiндеттемесiн тоқтатады.
      3. Банкроттың мүлкi жетiспеуiне байланысты бiрiншi кезектегi кредиторлардың қанағаттандырылмай қалған талаптары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен өтеледi. 
      Ескерту. 77-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. № 239, 2006.01.10. № 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.07.05. № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. 

      78-бап. Екінші кезектегі кредиторлар талаптарының
              сомасы мен оларды қанағаттандыру тәртібі

      1. Екінші кезектегі кредиторлар талаптарының сомасын белгілеу кезінде, осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, банкроттық туралы іс қозғалған кездегі жинақталып қалған өтелмеген берешек ескеріледі.
      2. Қызметкердің жалақысын көтеру нәтижесінде пайда болған, бір жылдан бастап банкроттық туралы іс қозғалғанға дейінгі кезеңде есептелген еңбегіне ақы мен өтем төлеу жөніндегі кредиторлар талаптарының ұлғайған сомасы кредиторлар талаптарының тізілімінде бесінші кезек құрамында ескеріледі.
      3. Еңбекақы мен өтем төлеу бойынша бір жылдан бастап банкроттық туралы іс қозғалғанға дейінгі кезең ішінде олармен еңбек қатынастары туындаған кредиторлардың талаптары банкроттық туралы іс қозғалғанға дейінгі бір жылдың алдындағы он екі күнтізбелік айда борышкерде құралған орташа айлық жалақыдан аспайтын есеппен кредиторлар талаптарының тізілімінде екінші кезек құрамында ескеріледі. Талаптардың қалған сомалары (айыппұлдар, өсiмпұлдар, индекстеу және басқа) кредиторлар талаптарының тізілімінде бесінші кезек құрамында ескеріледі.
      4. Егер борышкер банкроттық туралы іс қозғалғаннан кейінгі кезеңде еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбекақы мен өтемдер, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша еңбекақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектерді, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақыларды төлеу жөніндегі міндеттерін толық көлемде орындамаған жағдайда, борышкерді банкрот деп тану және оны тарату туралы шешім күшіне енгенге дейін төленбеген сомалар, осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, борышкердің екінші кезектегі кредиторлар алдындағы берешегінің жалпы сомасына енгізіледі. <*>
      Ескерту. 78-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. № 239, 2004.04.08. № 542, 2006.01.10. № 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.07.05. № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      79-бап. Үшінші кезектегі кредиторлар талаптарының

      1. Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша талаптар сомасы айқындалған кезде, кепілмен қамтамасыз етілген бөлігіндегі міндеттеме бойынша берешек ескеріледі.
      2. Кредитордың кепілмен қамтамасыз етілген  талаптары кепілге салынған мүлік құны есебінен қанағаттандырылады.
      3. Кепілмен қамтамасыз етілмеген бөлігіндегі міндеттеме бойынша берешек кредиторлар талаптарының тізілімінде бесінші кезектегі талаптар құрамында ескеріледі.
      Ескерту. 79-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. № 239 Заңымен.

      80-бап. Төртiншi кезектегi кредиторлардың талаптарын
               қанағаттандырудың сомасы мен тәртiбi

      1. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша талаптардың сомасын айқындау жағдайында банкроттық туралы iс жөнiнде iс жүргiзу қозғалған кезде пайда болған берешек (толық төленбеген төлем) ескерiледi.
      2. Егер борышкердiң тарапынан банкроттық туралы iс жөнiнде iс жүргiзу қозғалғаннан кейiнгi кезеңде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер толық мөлшерде аударылмаса, борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы шешiм күшiне енгенге дейiн төленбеген сомалар борышкердiң төртiншi кезектегi кредиторлар алдындағы берешектерiнiң жалпы сомасына енгiзiледi.
      3. Қаржы санкцияларының сомалары бесiншi кезектегi талаптардың құрамында ескерiледi.
      Ескерту. 80-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. № 239 Заңымен.

      81-бап. Бесiншi кезектегi кредиторлардың талаптарын
               қанағаттандырудың сомасы мен тәртiбi

      1. Бесінші кезектегі талаптардың құрамына енетін талаптардың сомасын айқындау кезінде кредиторлардың азаматтық-құқықтық міндеттемелері бойынша талаптары, оның ішінде кредиторларға тиесілі сыйақы (мүдде), кредиторлардың кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелері бойынша талаптарын қоспағанда, осы Заңның 78-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбекақы төлеу мен өтем төлеу жөніндегі кредиторлардың және заңды тұлға құрылтайшыларының (қатысушыларының) талаптары ескеріледі.
      2. Бесiншi кезектегi кредиторлардың зияндарды өтеу және айыпты (айыппұл, өсiм) өндiрiп алу жөнiндегi талаптары жеке есепке алынады және қарыздар мен есептелетiн сыйақы (мүдде) өтелгеннен кейiн қанағаттандырылуға тиiс.
      Ескерту. 81-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. № 154, 2001.07.11. № 239 Заңдарымен.

      82-бап. Кредиторлардың еңбекақы төлеу жөніндегі
               мүдделерiнiң өкiлдiгi

      1. Борышкерге еңбекақы төлеу жөнінде талап қоятын адамдар жиналыста (конференцияда) жасырын дауыс беру арқылы өздерінің мүдделерін борышкердің, оның кредиторларының алдында қорғауға уәкілеттік берілген өкілді сайлайды.
      Кредитордың еңбекақы төлеу жөніндегі өкілі кредиторлар комитетінің құрамына кіреді және бір дауысқа ие болады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген тәртiппен сайланған өкiл конкурс жүргiзу кезеңiнде өзiне осы Заңмен берiлген кредитордың барлық құқықтарын пайдаланады. Өкiл өзiн сайлаған жиналыстың (конференцияның) алдында кредиторлардың тiзiлiмiндегi еңбекке ақы төлеу мен оларды қараудың нәтижелерi бойынша бекiтiлген талаптардың нәтижелерi жөнiнде есеп бередi.
      Ескерту. 82-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. № 239, 2006.01.10. № 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      83-бап. Борышкер мүлкiнiң құнын бағалау

      1. Конкурсты басқарушы тарату барысында тиiстi мамандарды конкурстық негізде тарту арқылы борышкердiң мүлкiне (активтерiне), дебиторлық берешегiн қоса алғанда, бағалау жүргiзедi. Бағалаушыны тарту үшiн қаражат жетiспеген жағдайда, конкурстық басқарушы кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен мүлiктi баланс құны бойынша сауда-саттыққа қоюға құқылы.
      2. Кредиторлардың талаптары борышкердiң осы баптың 1-тармағына сәйкес бағаланған:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айналымнан алынған мүлкiнен:
      2) борышкерге меншiк құқығында тиесiлi емес, соның iшiнде сенiмгерлiк басқарудағы немесе сақтаудағы тиесiлi емес мүлiктен басқа барлық мүлкiнiң есебiнен қанағаттандырылуға тиiс.
      Ескерту. 83-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. № 256, 2001.07.11. № 239, 2006.01.10. № 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі),  2008.07.05. № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      84-бап. Борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату

      1. Борышкердің талап ету құқықтарын қоса алғанда, мүлкін сатуды конкурстық басқарушы кредиторлар комитеті бекіткен мүлікті сату жоспарына сәйкес сауда-саттық жүргізу жолымен жүзеге асырады.
      Борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату жөнiндегi сауда-саттық жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      2. Конкурстық басқарушы стратегиялық объектіні сату кезінде Қазақстан Республикасы осындай мүлікті сатып алудың басым құқығына ие болады.
      Конкурстық басқарушы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық объектіні иеліктен шығаруға рұқсат беру туралы шешімін алғаннан кейін оны сатуды жүзеге асырады.
      3. Борышкердiң сатуға ұсынылған, бiрақ мүлiктi сату жоспарына сәйкес сатылмай қалған мүлкi өз талаптары толық көлемде қанағаттандырылмаған тиiстi кезектегi кредиторларға сату жоспарында көрсетiлген ең төменгi баға бойынша олардың келiсiмiмен ортақ үлестiк меншiкке берiлуге тиiс.
      Ескерту. 84-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      85-бап. Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан
               кейiн қалған мүлiк

      1. Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған ақша конкурсты басқарушы Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе борышкердiң басқа құрылтай құжаттарына сәйкес борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне не оның құрылтайшыларына (қатысушыларына) бередi.
      2. Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған борышкердiң сатуға ұсынылған, бiрақ сатылмай қалған, сондай-ақ кредитор талаптарды қанағаттандырудың есебiне қабылдамаған заттай мүлкi, меншiк иесiне немесе борышкер - Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, заңды ұйымның қатысушыларына (құрылтайшыларына) берiледi.
      Ескерту. 85-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. № 154, 1998.07.01. № 256, 2008.07.05. № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      86-бап. Банкротты қарыздан босату

      1. Кредиторлармен есеп айырысу аяқталған соң банкрот атқаруға қойылған және заңды ұйымды банкрот деп тану кезiнде ескерiлген мiндеттемелерi мен өзге талаптарды орындаудан босатылады.
      2. Егер банкрот деп тану туралы өтiнiш берiлген кезге дейiнгi үш жыл iшiнде өз мүлкiнiң бiр бөлiгiн жасырса немесе жасыру мақсатында басқа тұлғаға берсе, бухгалтерлiк кiтаптарды, шоттарды, құжаттарды қоса алғанда, қажеттi есептiк ақпаратты жасырып қалса немесе бұрмаласа, банкрот қарыздардан босатылмайды.
      Ескерту. 86-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. № 239, 2006.01.10. № 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

      87-бап. Конкурсты басқарушының қорытынды есебi

      1. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін конкурстық басқарушы уәкілетті органмен келісілген өз қызметі туралы қорытынды есепті, тарату балансы мен кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлікті пайдалану туралы есепті қоса сотқа ұсынады.
      Қорытынды есептің нысаны мен оны келісу тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
      2. Сот конкурсты басқарушының қорытынды есебiн және тарату балансын бекiтедi және олар табыс етiлген кезден бастап он бес күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде конкурстық iс жүргiзудi аяқтау туралы ұйғарым шығарады.
      Конкурстық іс жүргізу аяқталғаннан кейін сот бір апта мерзімде уәкілетті органға конкурстық басқарушының бірінші кезектегі кредиторлардың қанағаттандырылмаған талаптары туралы мәліметі бар бекітілген қорытынды есебінен үзінді көшірме жібереді.
      Конкурстық iс жүргiзудi аяқтау туралы ұйғарымда конкурстық басқарушыға сыйақы төлеуге және борышкердiң сатылмай қалған мүлкiне байланысты реттелмеген мәселелер де шешiлуi тиiс. Сот ұйғарымның көшiрмесiн заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органға, уәкілетті органға, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына, сондай-ақ банкроттың талаптары қанағаттандырылмаған кредиторларына жiбередi.
      Ескерту. 87-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.07.01 № 256, 2001.07.11 № 239, 2003.03.13 № 395, 2006.01.10 № 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.07.05 № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.10 № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.19 № 258-IV Заңдарымен.

      88-бап. Борышкердi таратуды аяқтау

      1. Алып тасталды - ҚР 1998.07.01 № 256 Заңымен.
      2. Алып тасталды - ҚР 1998.07.01 № 256 Заңымен.
      3. Борышкердiң таратылуы аяқталды, ал борышкер өз қызметін тоқтатты деп бұл туралы:
      Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне – заңды тұлғалар жөнінде;
      Салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына – дара кәсіпкерлер жөнінде мәліметтер енгiзiлгеннен кейін есептеледi.
      4. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдардың борышкерді Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тастау туралы бұйрықтары сотқа және уәкілетті органға, сондай-ақ борышкердің орналасқан жері бойынша салық органына жіберіледі.
      Ескерту. 88-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.07.01 № 256, 2008.07.05 № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.10 № 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

7-тарау. БАНКРОТТЫҚТЫҢ ОҢАЙЛАТЫЛҒАН РӘСIМДЕРI

      89-бап. Таратылатын борышкердiң банкроттығы

      1. Осы Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген мән-жайлар анықталған кезде заңды тұлғаның органы немесе тарату комиссиясы борышкердi банкрот деп тану туралы сотқа өтiнiш беруге мiндеттi. Тарату комиссиясы аталған мән-жайларды анықтаған кезде ол туралы заңды тұлға-борышкердiң басқарушы органына хабарлауға мiндеттi.
      2. Сот iс қозғаған кезден бастап борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне және оның құрылтайшыларына (қатысушыларына) осы Заңның 28-бабында көзделген салдарлар қолданылады.
      Ескерту. 89-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. № 239, 2006.01.10. № 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      90-бап. Соттың iстi қарауы

      1. Таратылатын заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы iс қозғаған сот бiр айлық мерзiмде борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы шешiм шығарады.
      2. Егер iстi қарау кезiнде борышкердегi бар мүлiк (активтер) кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыратыны анықталса, сот борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм шығарады. Соттың шешiмi борышкердi әдеттегi тәртiппен таратуды жалғастыруға негiз болып табылады.

      91-бап. Борышкердi тарату тәртiбi

      Осы Заңның 65-88-баптарында көзделген тәртiппен борышкердi таратуды конкурсты басқарушысы жүзеге асырады.
      Ескерту. 91-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. № 256 Заңымен.

      92-бап. Борышкердiң банкроттық тәртiппен таратудан бас
               тартуының салдары

      1. Егер заңды тұлға тек банкроттық тәртiппен таратылуға тиiстi мән-жайлардың болуына қарамастан, меншiк иесi, құрылтайшылар (қатысушылар), тарату комиссиясы борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнбесе және заңды тұлғаны таратуды жүзеге асырса, барлық кредитордың талаптарын толық көлемде қанағаттандырмау заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны туралы мәліметтерді Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгiзуден бас тартуға негiз болып табылады.
      2. Кредиторлар осы Заңға немесе өзге де Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес борышкердiң өтелмеген мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн болса, борышкер мүлкiнiң иесiне, құрылтайшыларға (қатысушыларға), тарату комиссиясына (таратушыға) қанағаттандырылмай қалған талаптарын ұсынуға құқылы.
      Ескерту. 92-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.07.11 № 239, 2008.07.05 № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      93-бап. Таратылатын борышкердiң кредиторының өтiнiшi
               бойынша банкроттығы

      1. Меншiк иесi, заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) тарапынан оны тарату туралы шешiм қабылдануы кредитордың мұндай заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуiне кедергi болмайды.
      2. Борышкердi банкрот деп тану туралы сот шешiм қабылдаған жағдайда осы тараудың ережелерi қолданылмайды, ал борышкердiң таратылуы осы Заңның 65-88-баптарында көзделген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

      94-бап. Жоқ борышкердiң банкроттығы

      1. Сот жоқ борышкерге қатысты банкроттық туралы істі кредитордың, прокурордың мәлімдемесі бойынша қозғауы мүмкін.
      Осы Заңның 3-бабының 4-тармағында белгіленген ережелер жоқ борышкерге қатысты қолданылмайды.
      2. Сот іс қозғалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жоқ борышкердi банкрот деп тану және конкурстық iс жүргiзудi қозғау туралы шешiм шығарады.
      3. Жоқ борышкерді таратуды, осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган тағайындайтын конкурстық басқарушы жүзеге асырады.
      4. Конкурстық басқарушы соттың борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы шешiмi күшiне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында борышкердi банкрот деп тану туралы және осы Заңның 71-бабында белгiленген қағидалар бойынша кредиторлардың талаптарды мәлiмдеу тәртiбi туралы жарияланымды қазақ және орыс тілдерінде орналастырады, сондай-ақ сот шешімінің көшірмесін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына жібереді.
      5. Жоқ борышкердің мүлкі болмаған жағдайда не егер оның құны конкурстық іс жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды жабуға жеткілікті болмаса, сот уәкілетті органның келісімімен және мәлімдеуші табыс еткен растаушы құжаттар негізінде жоқ борышкерді конкурстық іс жүргізуді қозғамай банкрот деп тану туралы шешім шығарады.
      Мәлімдеуші жоқ борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы хабарландыруды он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
      Жоқ борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінде мынадай нұсқаулар болуға тиіс:
      1) борышкерді конкурстық іс қозғамай тарату туралы;
      2) уәкілетті органға жоқ борышкердің таратылуын ұйымдастыруды тапсыру туралы;
      3) шешім шығарылғанға дейін сотқа жүгінген кредиторлардың мәлімделген талаптарының сомасы туралы.
      Ескерту. 94-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.07.01 № 256, 2001.07.11 № 239, 2003.03.13 № 395, 2006.01.10 № 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.07.05 № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      95-бап. Жоқ борышкердiң таратылуы

      1. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру осы Заңның 75-бабында көзделген кезек ретiмен жүзеге асырылады. Кредиторлар тарату балансы бекiтiлген кезге дейiн өз талаптарын конкурсты басқарушының қарауы нәтижелерi жөнiнде сотқа шағым жасауға құқылы.
      2. Кредиторлармен есеп айырысқаннан кейін конкурстық басқарушы тарату балансын және кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлікті пайдалануы туралы есепті қоса өзінің қызметі туралы қорытынды есепті сотқа табыс етеді.
      Конкурстық басқарушының қорытынды есебі ол сотқа табыс етілгенге дейін уәкілетті органмен келісілуге тиіс.
      3. Борышкер конкурстық басқарушының қорытынды есебін бекіту туралы сот ұйғарымының негізінде борышкер қызметінің тоқтатылғаны туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне немесе Салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына енгізілген кезден бастап таратылды деп есептеледі, бұл таратылған борышкердің кредиторлар алдындағы берешегін есептен шығару үшін негіз болып табылады.
      4. Егер заңды тұлғаны тарату лауазымды және оның атынан өкiлдiк етуге уәкiлеттi тұлғалар болмаған кезде конкурстық iс қозғалмай жүргiзiлген жағдайда, уәкiлеттi орган осы Заңның талаптарына сәйкес кредитор талаптарының тiзiлiмi мен қорытынды есептiң жасалуын ұйымдастырады.
      Жоқ борышкердің мүлкі болған жағдайда уәкілетті орган оны Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сатуды ұйымдастырады. Мұндай мүлікті сатудан түскен ақша жоқ борышкерді таратуға байланысты шыққан шығыстарды жабуға жұмсалады. Егер алынған ақша жоқ борышкерді таратуға шыққан шығынның құнынан асып кетсе, ол осы Заңда белгіленген кезектілікке сәйкес тиісті кезектегі кредиторлар арасында бөлінеді.
      Ескерту. 95-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.07.11 № 239, 2006.01.10 № 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.10 № 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

8-тарау. СОТТАН ТЫС ТАРАТУ РӘСIМДЕРI

      Ескерту. 8-тарау алып тасталды - ҚР-ның 2008.07.05. № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

9-тарау. ҚАЛА САЛУШЫ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ БАНКРОТҚА ҰШЫРАУ
ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

      100-бап. Қала салушы борышкерлер - заңды тұлғалардың
                банкроттығы

      1. Қала салушы ұйым болып табылатын борышкер - заңды тұлғаның осы тарауда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы Заңмен белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша банкрот деп танылуы мүмкiн.
      2. Заңды тұлғаларды қала салушы ұйымдарға жатқызу және олардың тiзбесiн жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

      101-бап. Банкроттық туралы iстi қарау

      1. Қала негізін қалаушы ұйымның банкроттығы туралы істі қараған кезде әкімнің уәкілеттік берген өкілі арқылы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік іске қатысушы тұлға деп танылады. Сот қала негізін қалаушы ұйымның банкроттығы туралы іс қозғалғаннан кейін бұл туралы әкімнің өкіліне және уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
      2. Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшiне, сондай-ақ борышкердiң пiкiрiне өзге де тұлғалардың оны банкрот деп тану туралы өтiнiшiне борышкердiң қала салушы ұйымға жататындығын растайтын құжаттар қоса тiркеледi.
      3. Борышкер - қала салушы ұйымның банкроттық туралы iсiн қарауға дайындаған кезде судья қала салушы ұйымдар тiзбесiнен көшiрме сұратып алады.
      Ескерту. 101-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. № 256, 2001.07.11. № 239 Заңдарымен.

      102-бап. <*>

      Ескерту. 102-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастапкүшіне енеді) Заңымен.

      103-бап. Кредиторлардың талаптарын өтеу

      1. Қазақстан Республикасы, әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс соттың тиiстi шешiмi шыққанға дейiнгi кез-келген уақытта борышкер - қала салушы ұйымның барлық кепiлдiк және конкурстық кредиторлардың алдындағы талаптарын бiр мезгiлде өтеудi жүзеге асыруға құқылы.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген тәртiп бойынша кредиторлардың талаптарын өтеген ретте банкроттық туралы iс қысқартылуға тиiс.
      3. Борышкердiң қала салушы ұйымның кредиторлар алдындағы талаптарын Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiнiң өтеуi борышкердiң мүлкiн алып қоюмен немесе олардың өзгеше жолмен сатып алуымен жүргiзiлмеуге тиiс.

9-1-тарау. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ҰЙЫМДАРЫ БАНКРОТТЫҒЫНЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

      103-1-бап. Ауыл шаруашылық ұйымдарының банкроттығы

      1. Ауыл шаруашылық ұйымы болып табылатын борышкер осы тарауда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып банкрот деп танылуы мүмкін.
      2. Ауыл шаруашылық ұйымдарының дәрменсіздігі анықталған кезде олар бойынша орындалу мерзімі оның алдындағы жылдан ерте басталмаған міндеттемелер ескеріледі. Бұл ретте, осы мерзімде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар не міндеттемелердің уақтылы орындалмауының себептері болып табылған ерекше қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлар туындаған, банкроттық рәсімі қозғалған жылдың алдындағы жыл есепке алынбайды.

      103-2-бап. Кредитордың мәлімдемесіне немесе борышкердің
                  пікіріне қосымша тіркелетін құжаттар

      Кредитордың мәлімдемесіне немесе борышкердің пікіріне осы Заңмен көзделген құжаттардан басқа мыналар қосымша тіркеледі:
      1) жердің кадастрлық сипаттамасы;
      2) банкроттық рәсімі қозғалған жылдың алдындағы жылы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар не қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлар туралы деректер.
      Борышкер кредитордың, салық және өзге де уәкілетті мемлекеттік органның немесе прокурордың мәлімдемесіне берген пікірінде өзінің дәрменсіздігін таныған жағдайда қосымша құжаттарды табыс ету міндетті болмайды.
      Борышкерді банкрот деп таныған немесе оған оңалту рәсімдерін қолданған жағдайда қосымша құжаттар алуға байланысты шығыстар әкімшілік шығыстарға жатқызылады.

      103-3-бап. Оңалту рәсімінің мерзімін ұзарту

      Егер табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың не ерекше қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлардың салдарынан оңалту рәсімінің мақсатына жету мүмкін болмаған ретте, сот уәкілетті органның қорытындысы бар болған жағдайда оңалтуды басқарушының өтініші бойынша кредиторлар комитетінің келісімімен оңалту рәсімін бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.

      103-4-бап. Конкурстық іс жүргізу

      1. Конкурстық басқарушының мәлімдемесі бойынша кредиторлар комитетінің келісімімен уәкілетті орган осы Заңның 65-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленген конкурстық іс жүргізу мерзімін бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.
      2. Конкурстық басқарушы кредиторлар комитетінің келісімімен борышкердің конкурстық массасының құнын ұстап тұру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады, оларға мыналар жатады:
      1) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жерді қорғау жөніндегі іс-шаралар;
      2) егіс және егін жинау жұмыстары, жануарларды, құстарды, бал арасын ұдайы молайту және өсіру, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, ара шаруашылығы өнімдерін ұқсату;
      3) борышкер мүлкін сату үшін қалыпты жағдайда ұстауға байланысты шаралар.
      Конкурстық массаның құнын ұстап тұру жөніндегі шығыстар әкімшілік шығыстарға жатқызылады.

      103-5-бап. Конкурстық массаны қалыптастыру және сату

      1. Конкурстық басқарушы борышкердің жер пайдалану құқығының тиісінше ресімделуін қамтамасыз етуге міндетті, бұл ретте шыққан шығыстар әкімшілік шығыстарға жатқызылады.
      2. Борышкердің мүлкін сату осы Заңның 84-бабына сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте, борышкердің мүлкін сату жоспарына, қызметтің негізгі түрін міндетті сақтай отырып, конкурстық массаны бірыңғай лотпен аукцион нысанындағы конкурстық сауда-саттыққа бастапқы қою жөніндегі қосымша шарт енгізіледі.
      3. Егер аукцион болмай қалған не оған қатысушылардың ешқайсысы бірыңғай лотты алмаған жағдайда, оны одан әрі сату уәкілетті органның және кредиторлар комитетінің келісімімен бөлектенген лот бойынша жүзеге асырылады.
      4. Конкурстық массаны бөлектенген лот бойынша сатып алушы болмаса, кредиторлар өз талаптарын банкрот мүлкі есебінен, өз талаптарының сомасына барабар осы Заңның 75-бабында белгіленген конкурстық массаны бөлу кезектілігіне сәйкес заттай қанағаттандыруға құқылы.
      5. Конкурстық массаны сату жөніндегі аукцион өткізудің уақыты мен орнын кредиторлар комитетінің келісімімен конкурстық басқарушы анықтайды.
      6. Борышкердің - ауылшаруашылық ұйымының конкурстық массасын сату жөніндегі аукционды өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.
      Ескерту. 9-1-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. № 239 Заңымен.

10-тарау.

      Ескерту. 10-тарау алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1998.07.01. № 256 Заңымен.

11-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      106-бап. Осы Заңның қолданылу тәртiбi

      Ескерту. 106-бап алып тасталды - ҚР-ның 2008.07.05. № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      107-бап. Осы Заңды бұзғаны үшін жауапкершілік

      Осы заңды бұзуға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      Ескерту. 107-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. № 239, 2006.01.10. № 115 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

     Қазақстан Республикасының
     Президентi

      1. Конкурстық басқарушының мәлімдемесі бойынша кредиторлар комитетінің келісімімен уәкілетті орган осы Заңның 65-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленген конкурст