Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 17 қарашадағы N 79-IV Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 436-V Заңымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР 04.12.2015 № 436-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қолданушылар назарына!
      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін РҚАО мазмұнды жасады.

МАЗМҰНЫ

       Осы Заң Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесін және жұмысының ұйымдастырылуын айқындайды.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

       1-бап. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің
               мәртебесі және қызметінің құқықтық негізі

      1. Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) - соттарды қалыптастыру, судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктері жөнінде Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық өкілеттіктерін қамтамасыз ету мақсатында заңды тұлға құрмастан құрылатын мекеме.
      2. Кеңес қызметінің құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесін айқындайтын Конституциялық заң, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері болып табылады.

       2-бап. Кеңестің өкілеттіктері

      1. Кеңес:
      1) судьялардың тәуелсіздігі мен қолсұғылмаушылығы кепілдіктерін қамтамасыз етеді;
      2) конкурстық негізде жергілікті және басқа сот судьясының бос лауазымына кандидатты іріктеуді жүзеге асырады;
      конкурстың қорытындылары бойынша жергілікті және басқа сот судьясының бос лауазымына тағайындау үшін кандидатты Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады;
      3) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша жергілікті және басқа соттар төрағалары мен сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды;
      жергілікті және басқа соттар төрағалары мен сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына тағайындау үшін кандидаттарды Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады;
      4) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына кандидатураны қарайды;
      Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына кандидатты Парламент Сенатына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады;
      5) Жоғарғы Сот Төрағасының бос лауазымына кандидатураны қарайды;
      Жоғарғы Сот Төрағасының бос лауазымына кандидатты Парламент Сенатына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады;
      6) Жоғарғы Сот Төрағасының, сот алқалары төрағалары мен судьяларының, жергілікті және басқа соттар төрағаларының, сот алқалары төрағалары мен судьяларының өкілеттіктерін тоқтату мәселелерін орнынан түсу, орнынан түсуді тоқтату нысанында қарайды;
      сот қайта ұйымдастырылған, таратылған, тиісті сот судьяларының саны азайтылған жағдайларда, егер жергілікті және басқа соттардың судьялары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, оларды атқаратын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды;
      сот қайта ұйымдастырылған, таратылған, өкілеттіктер мерзімі аяқталған жағдайларда, егер жергілікті және басқа соттардың төрағалары, сот алқаларының төрағалары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, оларды атқаратын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды;
      Жоғарғы Сот судьяларының саны азайтылған жағдайларда, егер Жоғарғы Соттың судьялары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, оларды атқаратын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды;
      өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайларда, егер Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісімін бермесе, оларды атқаратын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды;
      тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін, кәсіби жарамсыздығына орай немесе «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарын орындамағаны үшін Сот жюриінің шешіміне негізделген Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша, сондай-ақ судьялар өкілеттіктерін өз еркімен тоқтатқан, судья басқа лауазымға тағайындалған, сайланған және оны басқа жұмысқа ауыстырған, зейнеткерлік немесе судья лауазымында болудың шекті жасына толған жағдайларда Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьяларын, жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын атқаратын лауазымдарынан босату мәселесін қарайды;
      медициналық қорытындыға сәйкес кәсіби міндеттерін одан әрі орындауға кедергі келтіретін денсаулық жағдайына байланысты, әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп тану не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімінің, қылмыс немесе қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне, Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуына, судьяның қайтыс болуына немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінің заңды күшіне енуіне байланысты судьяның өкілеттіктері тоқтатылған жағдайларда, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьяларын, жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын атқаратын лауазымдарынан босату мәселесін қарайды;
      Қазақстан Республикасының Президентіне жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын лауазымдарынан босатуды ұсынады;
      Парламент Сенатына Жоғарғы Сот Төрағасы мен судьяларын лауазымдарынан босату туралы ұсыныс енгізу үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынымдар енгізеді;
      судьяның зейнеткерлік жасқа толуына байланысты оның судья лауазымында болуы мерзімін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұзартуына келісім беру туралы мәселені қарайды;
      7) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның басшысы лауазымына кандидатты тағайындауға және оны лауазымынан босатуға келісім беру туралы мәселені заңнамада белгіленген тәртіппен қарайды;
      8) судья болып жұмыс істеуге ниет білдірген азаматтардан біліктілік емтихандарын қабылдауды ұйымдастырады;
      9) Қазақстан Республикасының Президентіне судьяны ұстап алуға, күзетпен ұстауға не үйқамаққа алуға, оны күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жаза қолдануға, судьяны қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім беру туралы мәселені шешу үшін қорытынды ұсынады;
      10) сот жүйесі мен заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстарды тұжырымдайды және оны Қазақстан Республикасының Президентіне енгізеді;
      11) судья корпусының сапалық құрамын жақсарту, кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру, судьялардың біліктілігін арттыру жөнінде шаралар қолданады;
      12) Кеңес регламентін бекітеді;
      13) судья лауазымына орналасу үшін біліктілік емтихандарын тапсырған, соттарда тағылымдамадан өткен және облыстық және оларға теңестірілген соттардың жалпы отырыстарының қорытындыларын алған адамдардың, сондай-ақ мамандандырылған магистратураны бітірген адамдардың есебін жүргізеді;
      14) судьялардың жалпы штат санын, әрбір жергілікті және басқа соттың судьялар санын белгілеуге келісім беру туралы мәселені  қарайды;
      15) осы Заңнан, заңнамалық актілерден және Кеңестің регламентінен туындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      2. Кеңес өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін:
      мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан, азаматтардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұратуға және алуға;
      тиісті лауазымды тұлғалардың ауызша түсініктемелерін тыңдауға және жазбаша түсініктемелерін талап етуге;
      Кеңес мүшелерінің, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар мен мекемелер өкілдерінің арасынан комиссияларды, жұмыс топтарын құруға, өз жұмысына мамандар тартуға құқылы.
      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 376-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 № 560-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-тарау. КЕҢЕС ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ

       3-бап. Кеңес құрамы

      Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төрағадан, хатшыдан және басқа мүшелерден тұрады.
      Кеңес Төрағасының, хатшысының және мүшесінің лауазымы коммерциялық ұйымның басшы органының және байқаушы кеңесінің құрамына кірумен, саяси партиялардың басшылық қызметінде болуымен сыйыспайды.

       4-бап. Кеңес Төрағасы

      1. Кеңес Төрағасы:
      1) Кеңесті басқарады және оған жалпы басшылықты қамтамасыз етеді, сондай-ақ мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынас жасауда Кеңес атынан өкілдік етеді;
      2) Кеңестің жұмыс жоспарларын бекітеді;
      3) Кеңес отырысын шақырады және Кеңес отырыстарына төрағалық етеді;
      4) Кеңестің ұсынымдарына, қорытындыларына, шешімдері мен басқа да құжаттарына қол қояды;
      5) Кеңес отырыстарының қарауына енгізілетін мәселелерді айқындайды;
      6) Жоғарғы Соттың жалпы отырысына, судьялардың кеңестеріне қатысуға құқылы;
      7) Кеңес жұмысын ұйымдастыруды жақсартуға бағытталған шаралар қабылдайды, Кеңес шешімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
      8) Кеңес қызметінде регламенттің сақталуын қамтамасыз етеді;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де ұйымдастырушылық-өкімдік функцияларды атқарады.
      2. Кеңес Төрағасы болмаған жағдайда оның міндеттерін уақытша атқару Кеңес хатшысына жүктеледі.

       5-бап. Кеңес хатшысы

      1. Кеңес хатшысы:
      1) Кеңес аппаратының қызметін ұйымдастырады;
      2) Кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша алдағы отырыстың қарауына енгізілетін мәселелердің тізбесін түзеді және ол туралы Төрағаға алдын ала баяндайды;
      3) отырыс хаттамаларының, Кеңес қабылдаған ұсынымдар мен қорытындылардың үзінділеріне өз қолын қойып растайды;
      4) қажет болған жағдайда тексерулер ұйымдастырады;
      5) Кеңес отырысына шақырылған адамдардың тізімін айқындайды және олардың келуін қамтамасыз етеді;
      6) Төрағаның өкімдерін және Кеңестің шешімдерін орындайды.
      2. Кеңес хатшысы болмаған жағдайда оның міндеттерін атқару Төрағаның тапсыруы бойынша Кеңес мүшелерінің біріне жүктеледі.

       6-бап. Кеңес мүшелерінің өкілеттіктері

      1. Кеңес мүшесі:
      1) Кеңестің қарауына ұсынылған материалдармен танысуға;
      2) материалдарды зерттеуге және тексеруге қатысуға;
      3) қаралатын мәселелер бойынша өтініштер мәлімдеуге, өзінің ұсыныстарына уәждер мен негіздемелер келтіруге;
      4) қолында бар құжаттарды ұсынуға;
      5) дауыс беру арқылы шешім қабылдауға қатысуға құқылы.
      2. Кеңес мүшесі:
      1) Кеңестің отырыстарына қатысуға;
      2) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелерді қарау кезінде бейтарап әрі объективті болуға;
      3) өзіне жүктелген өкілеттіктерді орындауға байланысты судьялыққа кандидаттардың және судьялардың жеке өмірі туралы оған белгілі болған мәліметтерге қатысты құпиялылықты, сондай-ақ дауыс беру құпиясын сақтауға;
      4) егер оған қатысты шешім қабылданатын адамның жұбайы (зайыбы), жақын туысы немесе жекжаты болса, Кеңес отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселені қарау кезінде өздігінен бас тартуын мәлімдеуге міндетті.

3-тарау. КЕҢЕС ОТЫРЫСТАРЫ

       7-бап. Кеңес отырыстары

      1. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде төрт рет өткізіледі. Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда Кеңестің отырысы заңды болып есептеледі.
      2. Кеңес отырысы ашық және жариялы түрде өткізіледі. Отырысқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін. Қажет болған жағдайларда Кеңес жабық отырыстар өткізуге құқылы.
      3. Кеңес материалдарды олар келіп түскен күннен бастап үш ай мерзімнен кешіктірмей қарап, қарау нәтижелері туралы өтініш иесін міндетті түрде хабардар етеді.

       8-бап. Кеңес отырысын өткізу тәртібі

      1. Кеңес отырыстарын өткізу тәртібі, сондай-ақ Кеңес жұмысын ұйымдастырудың өзге де мәселелері Кеңес мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданатын регламентпен айқындалады.
      2. Кеңес отырысын оның Төрағасы жүргізеді.
      3. Кеңес отырысында материалдарды қарау тиісті қызметтерге орналасуға үміткер немесе атқаратын қызметтерінен босатылатын адамдардың қатысуымен жүргізіледі. Егер оның тікелей қатысуы талап етілмесе, отырыстың өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабардар етілген адамның болмауы мәселені мәні бойынша қарауға кедергі болмайды.

       9-бап. Кеңес шешімдері

      1. Кеңес шешімдері өзіне қатысты мәселе қаралатын адамның, сондай-ақ өзге де шақырылған адамдардың қатысуынсыз отырысқа қатысып отырған мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады.
      2. Кеңес шешімдері жазбаша нысанда баяндалады және олардың шығарылған күні мен орны, мәселені қараған Кеңестің құрамы, қабылданған шешімнің уәждері қамтылуға тиіс. Шешімдерге төрағалық етуші мен Кеңес хатшысы қол қояды.
      3. Кеңес қорытындылар, хаттамалық шешімдер және (немесе) ұсынымдар нысанында шешімдер қабылдайды. Кеңес мүшелерінің дауыс беруден қалыс қалуға құқығы жоқ. Кеңес мүшесі қабылданатын шешіммен келіспеген жағдайда Кеңес отырысының хаттамасына қоса тіркелетін ерекше пікірін жазбаша баяндауға құқылы.
      4. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің даусы шешуші дауыс болып табылады.

4-тарау. КЕҢЕС ЖАНЫНДАҒЫ БІЛІКТІЛІК КОМИССИЯСЫНЫҢ
БІЛІКТІЛІК ЕМТИХАНЫН ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ МЕН
ШАРТТАРЫ

       10-бап. Кеңес жанындағы Біліктілік комиссиясы

      1. Судьялыққа кандидаттардың білім деңгейін айқындау үшін
олардан біліктілік емтиханын қабылдауды Кеңес жанындағы Біліктілік
комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) жүзеге асырады.
      2. Комиссияның құрамына:
      1) Кеңес тағайындайтын Комиссия төрағасы және құқық оқытушыларының, заңгер-ғалымдардың арасынан бес маман;
      2) Сот жюриі өз құрамынан ротациялық негізде жіберетін үш судья кіреді.
      3. Комиссия төрағасы және мүшелері оның құрамына екі жыл мерзімге тағайындалады немесе жіберіледі. Бос қызмет орны болған жағдайда Комиссияның жаңа мүшесі Комиссияның бұрынғы мүшесі шығып қалған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей тағайындалуға немесе жіберілуге тиіс.
      4. Комиссия құрамына ұсынылған адамдардың заңтану саласындағы кәсіби білімі, заң мамандығы бойынша кемінде он жыл жұмыс тәжірибесі және мінсіз беделі болуға тиіс.
      5. Комиссияның қызметін қамтамасыз етуді Кеңес аппараты мен Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.  
      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 376-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

       11-бап. Комиссияның біліктілік емтихандарын қабылдау
                 жөніндегі отырыстары

      1. Комиссия біліктілік емтихандарын қабылдау жөніндегі өзінің отырыстарын қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде төрт рет өткізеді.
      2. Комиссияның біліктілік емтихандарын қабылдау жөніндегі отырыстары ашық және жария түрде өткізіледі. Егер отырыстарға Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, отырыстар заңды деп есептеледі.
      3. Комиссия отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы оның мүшелері мен шақырылған адамдар күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

       12-бап. Біліктілік емтихандарын қабылдаудың
             (тапсырудың) тәртібі мен шарттары

      1. Комиссияда құжаттарды қабылдау, біліктілік емтихандарын тапсыру тәртібі Кеңес регламентімен айқындалады.
      2. Судьялыққа кандидаттардан біліктілік емтихандарын қабылдау азаматтар арнайы тексеруден өткеннен кейін жүзеге асырылады.
      3. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген теріс себептермен судья лауазымынан босатылған адамдарды қоспағанда, бұрын кемінде үш жыл тұрақты судья болып жұмыс істеген және босатылған күннен бастап бес жыл ішінде судья лауазымына қайтадан орналасуға ниет білдірген адамдар біліктілік емтиханын тапсырудан босатылады.
      3-1. Мамандандырылған магистратурадағы оқуды бітірген адамдар мамандандырылған магистратурада оқуын аяқтаған күннен бастап бес жыл бойы біліктілік емтиханын тапсырудан босатылады.
      4. Қызметтік міндеттерін орындау кезінде кір келтірген теріс қылықтары және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін судья қызметінен, құқық қорғау органдарынан немесе өзге де мемлекеттік қызметтен шығарылған адамдар біліктілік емтихандарын тапсыруға жіберілмейді.
      5. Біліктілік емтиханын тапсыру нәтижесі емтихан тапсырылған күннен бастап бес жыл бойы жарамды.
      6. Біліктілік емтихандарын тапсыра алмаған адамдар оларды қайтадан тапсыруға бір жылдан кейін жіберіледі.
      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.16 № 560-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

       13-бап. Біліктілік емтихандарын қабылдаудан бас тарту

      Судьялыққа кандидаттар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қойылған талаптарға сай келмеген жағдайларда, біліктілік емтихандарын қабылдаудан бас тартуға жол беріледі.
      Біліктілік емтихандарын қабылдаудан бас тартқан жағдайда Комиссия өтініш берілген күннен бастап бір ай ішінде азаматқа дәлелді жауап беруге міндетті.

5-тарау. ЖЕРГІЛІКТІ ЖӘНЕ БАСҚА СОТТЫҢ СУДЬЯСЫ
ҚЫЗМЕТІНЕ ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫМДАР ШЫҒАРУ

       14-бап. Судья лауазымына конкурс

      1. Кеңестiң жергiлiктi және басқа соттың судьясы лауазымына тағайындау туралы ұсынымы конкурстық қараудың нәтижелерi бойынша берiледi.
      2. Конкурс жариялау туралы шешімді Кеңес Төрағасы қабылдайды.
      3. Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның Кеңес Төрағасына енгізген судьяның бос лауазымының ашылғаны туралы ұсынысы Кеңестің конкурсты жариялауы үшін негіз болып табылады.
      4. Кеңестің жергілікті және басқа соттың судьясы бос лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыруын Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган  Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспа басылымдарында конкурсқа дейін кемінде бір ай бұрын қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
      5. Жергілікті және басқа соттың судьясы лауазымына конкурсқа қатысу үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспа басылымдарында хабарландыру жарияланған күннен бастап бір айдың ішінде Кеңес аппаратына өтініш және тізбесі Кеңес регламентімен белгіленген басқа да құжаттарды беру қажет.
      Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.16 № 560-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      15-бап. Жергілікті және басқа соттың судьясы лауазымына
               конкурсқа қатысушылар

      1. Аудандық және оған теңестірілген соттың судьясы лауазымына Кеңестің ұсынымын алу үшін конкурсқа «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабы 1-тармағының талаптарына сай келетін азаматтар, ал жұмыс істейтін судьялар болып табылатын кандидаттар – «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының және 29-бабы 1-тармағының талаптарына сай келсе, қатыса алады.
      2. Облыстық және оған теңестірілген соттың судьясы лауазымына Кеңестің ұсынымын алу үшін конкурсқа «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сай келетін, заң мамандығы бойынша кемінде он бес жыл жұмыс өтілі немесе кемінде бес жыл судьялық жұмыс өтілі бар және тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын алған азаматтар қатыса алады.
      Жұмыс iстеп жүрген судьялар үшін тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысы талап етілмейді.
      Тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысына Жоғарғы Соттың жалпы отырысына шағым жасалуы мүмкін.
      Тиісті облыстық соттың немесе Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысын кандидат Кеңеске ұсынады.
      3. Жергілікті және басқа да соттың судьясы лауазымына конкурсқа қатысушылар құжаттарын Кеңеске тапсырғаннан кейін Қоғамдық кеңестің және облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын алуға тиіс.
      Қоғамдық кеңес пен облыстық соттың жалпы отырысының қорытындылары ұсынымдық сипатта болады.
      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.16 № 560-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 17.11.2014 № 254-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

       16-бап. Бос қызмет орындарына кандидаттарды іріктеу
                тәртібі

      1. Судьялардың бос қызмет орындарына кандидаттарды конкурстық іріктеуді Кеңес өз қызметіне араласуды болдырмау жағдайында, ашық және жария түрде жүзеге асырады.
      2. Білім деңгейінің жоғары болуы, моральдық-адамгершілік қасиеті мен мінсіз беделінің болуы аудандық және оған теңестірілген сот судьясының бос қызмет орнына кандидаттарды іріктеудің негізгі өлшемдері болып табылады. Бұл ретте:
      1) мамандандырылған магистратурада біліктілік емтиханын тапсырған;
      2) сот жүйесінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарда, құқық қорғау органдары мен адвокатурада заң мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар адамдарға;
      3) біліктілік емтиханын тапсыру нәтижелері бойынша;
      4) ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы бар адамдарға;
      5) мемлекеттік немесе ведомстволық наградалары бар адамдарға;
      6) судья лауазымына конкурсқа үш реттен астам қатысқан адамдарға;
      7) жоғары білім туралы дипломның орташа бағасының нәтижесі бойынша басымдық беріледі.
      2-1. Арнайы білімнің болуы мамандандырылған соттар судьяларының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеудің қосымша критерийі болып табылады.
      3. Облыстық және оған теңестірілген сот судьясының бос қызмет орнына орналасуға конкурс өткізу кезінде мынадай өлшемдер:
      1) судья қызметіндегі жұмыс өтілі;
      2) мінсіз беделінің болуы және сот төрелігін жүзеге асыру сапасы;
      3) сот жүйесінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардағы жұмыс өтілі;
      4) сот жүйесінің қызметін қамтамасыз ететін құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардағы, адвокатурадағы жұмыс өтілі;
      5) ғылыми дәрежесінің немесе ғылыми атағының болуы;
      6) мемлекеттік немесе ведомстволық наградаларының болуы;
      7) судья лауазымына конкурсқа үш реттен астам қатысқаны ескеріледі.
      3-1. Кеңес облыстық және оған теңестірілген сот судьяларының бос лауазымдарына кандидатураларды тиісті облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының қорытындысы болған кезде қарайды.

      4. Бос қызмет орнына кандидаттарды іріктеудің нәтижелері бойынша Кеңес хатшысы конкурсқа қатысушыларға конкурс аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде оның нәтижелері туралы тиісті хабарлама жібереді.
      Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 376-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 № 560-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2014 № 254-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

6-тарау. ЖОҒАРҒЫ СОТТЫҢ СОТ АЛҚАЛАРЫНЫҢ ТӨРАҒАЛАРЫ
МЕН СУДЬЯЛАРЫ, ЖЕРГІЛІКТІ ЖӘНЕ БАСҚА СОТТАР ТӨРАҒАЛАРЫ
МЕН СОТ АЛҚАЛАРЫНЫҢ ТӨРАҒАЛАРЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАҒАЙЫНДАУ
ТУРАЛЫ ҰСЫНЫМДАР ШЫҒАРУ

       17-бап. Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағалары мен
                судьяларының, жергілікті және басқа соттар
                төрағалары мен сот алқалары төрағаларының бос
                лауазымдарына кандидатураларды қарау тәртібі

      1. Облыстық және оған теңестірілген соттар төрағалары мен сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағалары мен судьяларының бос лауазымдарына кандидатураларды Кеңес Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде енгізген ұсынуы бойынша баламалы негізде қарайды.
      2. Аудандық және оған теңестірілген сот төрағасының бос лауазымына кандидатураларды Кеңес Жоғарғы Сот Төрағасының тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың жалпы отырысының шешімі негізінде енгізген ұсынуы бойынша баламалы негізде қарайды.
      Аудандық және оған теңестірілген сот төрағасының лауазымына кандидатуралар, әдетте, жұмыс істеп жүрген судьялар немесе судья лауазымында кемiнде бес жыл жұмыс өтілі бар адамдар арасынан ұсынылады.
      Облыстық соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатуралар, әдетте, жұмыс істеп жүрген судьялар немесе судья лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі бар адамдар арасынан ұсынылады.
      Бұл ретте аудандық сот төрағасының, облыстық соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың судьясы мен алқа төрағаларының лауазымына кандидаттарды іріктеу кезінде кадр резервінде тұрған адамдарға басымдық беріледі.
      3. Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуына тиісті соттың жалпы отырысында баламалы негізде қаралған барлық кандидаттардың материалдары қоса беріледі.
      4. Кеңес осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген бос лауазымдарға ұсынылған барлық кандидатураларды отырыста міндетті түрде қарайды.
      Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.16 № 560-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 17.11.2014 № 254-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

       18-бап. Бос қызмет орнына кандидаттарды қарау шарттары

      1. Облыстық және оған теңестірілген соттың төрағасы мен сот алқасы төрағасының қызметіне Кеңес ұсынымын алу үшін "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сай келетін, заң мамандығы бойынша кемінде он бес жыл жұмыс өтілі немесе кемінде бес жыл судьялық жұмыс өтілі бар және тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын алған азаматтар ұсынылады.
      Облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатуралар, әдетте, жұмыс істеп жүрген судьялар немесе судья лауазымында кемiнде бес жыл жұмыс өтілі бар адамдар арасынан ұсынылады.
      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьясының қызметіне Кеңес ұсынымын алу үшін "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сай келетін, заң мамандығы бойынша кемінде жиырма жыл жұмыс өтілі немесе кемінде он жыл судьялық жұмыс өтілі бар және Жоғарғы Соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алған азаматтар ұсынылады.
      Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының қызметіне кандидатуралар Жоғарғы Сот судьяларының арасынан ұсынылады.
      3. Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағалары мен судьялары, жергілікті және басқа соттар төрағалары, сот алқалары төрағалары қызметіне тағайындау үшін кандидатураларды қарау нәтижелері бойынша ұсыным, осы Заңның 16-бабының 3-тармағында көзделген өлшемдерден басқа:
      1) кандидаттың ұйымдастырушылық қабілеті;
      2) соттар мен сот алқаларының жұмыс істеп жүрген төрағалары үшін - сот төрелігін жүзеге асыру сапасының көрсеткіштері ескеріле отырып шығарылады.
      Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 376-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 № 560-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-тарау. Төрағаны, сот алқасының төрағасын және судьяны
лауазымынан босату туралы материалдарды қарау тәртібі

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.16 № 560-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      19-бап. Сот төрағасын, сот алқасының төрағасын және
               судьяны лауазымынан босату туралы не босатудан
               бас тарту туралы мәселені қарау үшін негіздер

      1. Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы Кеңестің сот төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны лауазымынан босату туралы мәселені қарауы үшін негіз болып табылады. Сот төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін, кәсіби жарамсыздығына орай немесе «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарын орындамағаны үшін лауазымынан босату жөніндегі ұсынуды Жоғарғы Сот Төрағасы Кеңеске Сот жюриі шешімінің негізінде енгізеді.
      2. Кеңес материалдарды алғаннан кейін, регламентте белгіленген тәртіппен ондағы мәліметтерді сот төрағасынан, сот алқасының төрағасынан, судьядан және басқа да адамдардан жазбаша түсініктеме алу, тиісті құжаттарды талап етіп алдыру және олармен танысу, мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен азаматтардан өзге де ақпараттарды алу арқылы тексереді.
      3. Тексерудің нәтижелері бойынша анықтама әзірленеді. Анықтамада анықталған мән-жайлар, тексерушілердің қорытындысы мен ұсыныстары қамтылып, олардың қолдары қойылуға тиіс.
      Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.16 № 560-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

       20-бап. Тексерудің нәтижелерімен судьяны таныстыру

      1. Өзіне қатысты тексеру жүргізілген судья анықтамамен және тексеру материалдарымен таныстырылуға тиіс. Бұл ретте ол қосымша түсініктемелер беріп, белгілі бір мән-жайларды тексеру туралы өтініш бере алады.
      2. Өзіне қатысты тексеру жүргізілген судья анықтамамен және тексеру материалдарымен танысудан бас тартқан жағдайда, ол туралы хаттама жасалады, оған тексеруді жүргізген адамдар қол қояды.

       21-бап. Сот төрағасын, сот алқасының төрағасын және
                судьяны лауазымынан босату туралы мәселені
                қарау

      1. Кеңес сот төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны лауазымынан босату туралы мәселені қараған кезде Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы алынған судьяның түсініктемесін тыңдайды. Сот төрағасының, сот алқасы төрағасының және судьяның Кеңес отырысына дәлелсіз себептермен келмеуі мәселені қарауға кедергі болмайды. Отырыста сот төрағасының, сот алқасы төрағасының және судьяның, Кеңес хатшысының өтініші бойынша шақырылған басқа да адамдардың хабарламалары тыңдалуы, құжаттар жария етілуі және өзге де материалдар қаралуы мүмкін.
      2. Кеңестің шешімі нақты материалдарға сілтеме жасай отырып, Қазақстан Республикасының Президентіне сот төрағасы, сот алқасының төрағасы және судья лауазымынан босату туралы қабылданған ұсынымға не оны қабылдаудан бас тартуға негіз болған мән-жайларды қамтуға тиіс.
      3. Кеңестің сот төрағасы, сот алқасының төрағасы және судья лауазымынан босатуға ұсыным беруден бас тартуы Сот жюриінің өзі шығарған шешімінің күшін жою және оларды қайта қарау үшін негіз болып табылады.
      Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.16 № 560-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

       22-бап. Кеңес аппараты

      1. Кеңестің қызметін қамтамасыз етуді Кеңес аппараты жүзеге асырады.
      2. Кеңес аппаратының қызметі заңнамамен және Кеңес регламентімен регламенттеледі.
      3. Кеңес аппаратының қызметкерлері Қазақстан Республикасы  Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері болып табылады.

       23-бап. Өтпелі және қорытынды ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасына біліктілік емтиханын тапсыру нәтижесі осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін алты жыл бойы өз күшін сақтайды.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" 2001 жылғы 28 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 10, 144-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасы туралы" 2001 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 15-16, 235-құжат).

       24-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасы
      Президенті                                         Н.Назарбаев

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 260954
    Қазақ тілінде 130322
    Орыс тілінде 129765
    Ағылшын тілінде 867
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы