Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 241-IV Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; 2009 жылғы 12 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 12 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы: 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 21 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жазалауды орындау жүйесін және қылмыстық атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 23 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білікті заң көмегін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) бүкіл мәтін бойынша «медициналық мекемеге», «медициналық мекеменің», «медициналық мекемеден», «медициналық мекемелерге», «медицина мекемесіне», «медициналық мекеме», «Медициналық мекемеде» деген сөздер тиісінше «медициналық ұйымға», «медициналық ұйымның», «медициналық ұйымнан», «медициналық ұйымға», «медициналық ұйымға», «медициналық ұйым», «Медициналық ұйымда» деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 7-бапта:
      41)тармақта:
      «белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеуінің нәтижесінде» деген сөздер «практикалық қызметтің барысында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 41-1) тармақпен толықтырылсын:
      «41-1) «арнаулы ғылыми білім» - сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерінде іске асырылған, мазмұны ғылыми білімді құрайтын арнаулы білім саласы;»;

      3) 83-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «83-бап. Сарапшы

      1. Арнаулы ғылыми білімі бар, іске мүдделі емес адам сарапшы ретінде шақырылуы мүмкін. Сараптама жүргізу тапсырылуы мүмкін адамға қойылатын өзге де талаптар осы Кодекстің 243-бабының бірінші бөлігінде белгіленеді.
      2. Сарапшыны шақыру сараптама тағайындау және жүргізу осы Кодекстің 32-тарауында, сондай-ақ 354-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      3. Сарапшының:
      1) сараптама нысанасына қатысты іс материалдарымен танысуға;
      2) қорытынды беру үшін қажетті қосымша материалдарды өзіне беру туралы, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті мәлімдеуге;
      3) қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатымен іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге және сот отырысына қатысуға және оларға қатысушы адамдарға сараптама нысанасына қатысты сұрақтар қоюға;
      4) өзі қатысқан іс жүргізу әрекетінің хаттамасымен, сондай-ақ тиісті бөлігінде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзінің әрекеттері мен айғақтарының толық және дұрыс көрсетілуіне қатысты хаттамаларға енгізілуге тиісті ескертпелер жасауға;
      5) сараптама тағайындаған органның келісімі бойынша сот-сараптамалық зерттеу барысында анықталған, іс үшін маңызы бар, сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда қамтылған мәселелердің шегінен тыс мән-жайлар бойынша өз құзыреті шегінде қорытынды беруге;
      6) ана тілінде немесе өзі білетін тілде қорытынды ұсынуға және айғақтар беруге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға; аудармашыдан бас тартуды мәлімдеуге;
      7) сараптама жүргізу кезінде қылмыстық процесті жүргізуші органның және іс бойынша іс жүргізуге қатысушы өзге де адамдардың өзінің құқықтарына нұқсан келтіретін шешімдері мен әрекеттеріне шағым жасауға;
      8) сараптама жүргізу кезінде шеккен шығыстарға өтем және егер сот сараптамасын жүргізу өзінің лауазымдық міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, орындалған жұмысы үшін сыйақы алуға құқығы бар.
      4. Сарапшы:
      1) қылмыстық процесті жүргізуші органды хабардар етпестен, процеске қатысушылармен сараптама жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге;
      2) зерттеу үшін материалдарды дербес жинауға;
      3) егер сараптама тағайындаған органның бұған арнайы рұқсаты болмаса, объектілерді толық немесе ішінара жоюға не олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге әкеп соғуы мүмкін зерттеулер жүргізуге құқылы емес.
      5. Сарапшы:
      1) қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыртуы бойынша келуге;
      2) өзіне ұсынылған объектілерге жан-жақты, толық және объективті зерттеу жүргізуге, қойылған мәселелер бойынша негізделген және объективті жазбаша қорытынды беруге;
      3) осы Кодекстің 252-бабында көзделген жағдайларда қорытынды беруден бас тартуға және қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы дәлелді жазбаша хабарлама жасауға және оны қылмыстық процесті жүргізуші органға жіберуге;
      4) жүргізілген зерттеуге және берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша айғақтар беруге;
      5) зерттеуге ұсынылған объектілердің сақталуын қамтамасыз етуге;
      6) істің мән-жайы туралы мәліметтерді және сараптама жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған өзге де мәліметтерді жария етпеуге;
      7) сараптама тағайындаған органға сараптама жүргізуге байланысты шығыстардың сметасын және келтірілген шығыстар туралы есепті табыс етуге міндетті.
      6. Сарапшы көрінеу жалған қорытынды бергені үшін заңда белгіленген қылмыстық жауаптылықта болады.
      7. Сот сараптамасы органының қызметкері болып табылатын сарапшы өз қызметінің сипатына қарай өзінің құқықтарымен және міндеттерімен танысқан және көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілген деп есептеледі.»;

      4) 96-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
      «1-1. Тірі адамға, сондай-ақ мәйітке сараптама жүргізуге сараптама тағайындалғанға дейін тиісті адамға медициналық көмек көрсеткен дәрігер сарапшы ретінде қатыса алмайды.»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Адамның осы іске сарапшы ретінде алдыңғы қатысуы, оның қатысуымен жүргізілген сараптамадан кейін ол қайталап тағайындалатын жағдайларды қоспағанда, іс бойынша сараптама жүргізуді оған тапсыруды болдырмайтын мән-жай болып табылмайды.»;

      5) 120-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сарапшының қорытындысы - осы Кодекстің талаптарына сәйкес ресімделген, сот-сараптамалық зерттеудің барысы мен нәтижелерін көрсететін құжат.»;

      6) 129-бапта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу процесінде ғылыми-техникалық құралдарды қылмыстық процесті жүргізуші орган, сондай-ақ сарапшы және маман өздері осы Кодексте көзделген іс жүргізу міндеттерін атқаруы кезінде пайдалана алады.»;
      төртінші бөлік «хаттамаларында» деген сөзден кейін «және сот отырысының хаттамасында» деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 153-баптың он бесінші бөлігіндегі «психиатриялық немесе өзге де медициналық мекемеде» деген сөздер «психиатриялық немесе өзге де медициналық ұйымда» деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 242-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «242-бап. Сараптама тағайындау тәртібі

      1. Қылмыстық процесті жүргізуші орган сараптама тағайындау кажет деп тани отырып, бұл туралы қаулы шығарады, онда: сараптама тағайындаған органның атауы, сараптаманы тағайындау уақыты, орны; сараптаманың түрі; сараптама тағайындау үшін негіздер; сараптамаға жіберілетін объектілер және олардың шығу тегі туралы ақпарат, сондай-ақ көрсетілген объектілерді зерттеу барысында толық немесе ішінара жою, олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгерту мүмкіндігіне рұқсат; сот сараптамасы органының атауы және (немесе) сот сараптамасын жүргізу тапсырылған адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. Қылмыстық процесті жүргізуші органның сараптама тағайындау туралы қаулысы ол жіберілген және өз құзыретіне жататын органдардың немесе адамдардың орындауы үшін міндетті.
      2. Сараптама жүргізілмей қылмыстық істі қозғау туралы шешім қабылдау мүмкін болмайтын жағдайларда, ол қылмыстық іс қозғалғанға дейін тағайындалуы мүмкін. Бұл ретте, мыналар:
      1) қылмыстар туралы арыздарға немесе хабарламаларға қоса берілетін, осы Кодекстің 178, 179, 180, 181-баптарына сәйкес табыс етілген;
      2) осы Кодекстің 182-бабына сәйкес қылмыстық істі қозғауға құқық берілген лауазымды адамдар және органдар тікелей тапқан;
      3) тергеуге дейінгі тексеру барысында осы Кодекспен жол берілетін іс жүргізу әрекеттерінің нәтижесінде алынған;
      4) осы Кодекстің 125-бабында көзделген тәртіппен талап етіліп алынған немесе табыс етілген материалдар сот-сараптамалық зерттеулердің объектілері болып табылады.
      3. Істе ревизия, тексеру актілерінің, ведомстволық инспекциялар қорытындыларының, сондай-ақ іс жүргізу әрекеттері барысында мамандар жүргізген зерттеулердің нәтижелері бойынша жасалған ресми құжаттардың болуы нақ сол мәселелер бойынша сот сараптамасын тағайындау мүмкіндігін жоққа шығармайды.
      4. Сараптама өздерінің немесе өздеріне берілетін құқықтары мен мүдделерін қорғайтын процеске қатысушылардың бастамасы бойынша тағайындалуы мүмкін. Өзінің немесе өзіне берілетін құқықтары мен мүдделерін қорғайтын процеске қатысушы қылмыстық процесті жүргізуші органға, өз пікірі бойынша, сарапшының қорытындысы берілуге тиіс мәселелерді жазбаша түрде ұсынады, зерттеу объектілерін көрсетеді, сондай-ақ сарапшы ретінде шақырылуы мүмкін адамды (адамдарды) атайды. Бұл ретте, шешілуі өзіне ұсынылған мәселелер қылмыстық іске немесе сот сараптамасының нысанасына жатпайтын жағдайларды қоспағанда, қылмыстық процесті жүргізуші орган сараптама тағайындаудан бас тартуға құқылы емес.
      5. Бастамасы бойынша сараптама тағайындалып отырған процеске қатысушы сараптамалық зерттеу объектілері ретінде заттарды, құжаттарды ұсына алады. Қылмыстық процесті жүргізуші орган дәлелді қаулысымен оларды мұндай объектілердің қатарынан алып тастауға құқылы.
      6. Қылмыстық процесті жүргізуші орган ұсынылған мәселелерді қарап, олардың қылмыстық іске немесе сот сараптамасының нысанасына жатпайтындарын қабылдамайды, сарапшыдан бас тартуға негіздердің бар-жоғын анықтайды, содан кейін осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарды сақтай отырып, сараптама тағайындау туралы қаулы шығарады.
      7. Сараптама жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу, сондай-ақ сарапшының еңбегіне ақы төлеу осы Кодекстің 21-тарауының ережелері бойынша жүргізіледі.
      8. Қылмыстық процесті жүргізуші орган, егер сараптама жүргізу кезінде олардың қатысуы міндетті деп танылса, сезіктіні, айыпталушыны, жәбірленушіні, куәні сарапшыға жеткізуді қамтамасыз етеді.»;

      9) 244-бапта:
      бірінші бөліктің 5) және 6) тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатымен, осы Кодекстің 246-1-бабында көзделген тәртіппен сараптама жүргізу кезінде қатысуға;
      6) осы Кодекстің 254-бабында көзделген тәртіппен сарапшының қорытындысымен не қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламамен танысуға құқығы бар.»;
      екінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      «Қылмыстық істі қозғау сатысында тізбеленген құқықтарға қылмыс жасаудан зардап шеккен адам, сондай-ақ өзіне қатысты қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешіліп жатқан адам ие болады.»;
      үшінші бөлікте:
      «тергеуші» деген сөз «қылмыстық процесті жүргізуші орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «осы баптың бірінші бөлігінде, көрсетілген құқықтары мен міндеттерін» деген сөздер «осы Кодекстің 254-бабында көзделген құқығын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші бөлік «куәларды сараптамадан өткізу» деген сөздер «куәларға, сондай-ақ қылмыс жасаудан зардап шеккен адамға және өзіне қатысты қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешіліп жатқан адамға сараптама жүргізу» деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші бөліктегі «тергеуші» деген сөз «, қылмыстық процесті жүргізуші орган» деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) мынадай мазмұндағы 244-1-баппен толықтырылсын:
      «244-1-бап. Өздеріне қатысты сот сараптамасы жүргізілетін
                  адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің
                  кепілдігі

      1. Тірі адамдарға сот сараптамасын жүргізу кезінде:
      1) олардан мәліметтер алу мақсатында оларды заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыруға немесе оларға қысым жасауға (оның ішінде, алдау, күш қолдану, қорқыту және өзге де заңсыз шаралар арқылы);
      2) аталған адамдарды медициналық технологияларды, фармакологиялық және дәрілік заттарды клиникалық зерттеулердің субъектілері ретінде пайдалануға;
      3) хирургиялық араласуды көздейтін зерттеулердің әдістерін қолдануға тыйым салынады.
      2. Сот сараптамасын тағайындаған орган өзіне қатысты сот сараптамасы жүргізілетін адамды баламалы, болуы мүмкін ауырсыну сезімдерін және жанама әсерлерді коса алғанда, сот-сараптамалық зерттеулердің пайдаланылатын әдістері туралы оған түсінікті түрде хабардар етуге тиіс. Көрсетілген ақпарат сот сараптамасы жүргізілетін адамның өтініші бойынша оның заңды өкіліне де беріледі.
      3. Өзіне қатысты сот сараптамасы жүргізілетін адамға медициналық көмек заңда көзделген негіздер бойынша және тәртіппен ғана көрсетілуі мүмкін.
      4. Медициналық ұйымға орналастырылған адамға шағымдар және өтініштер жасауға мүмкіндік беріледі. Осы Кодексте көзделген тәртіппен берілген шағымдарды және өтініштерді медициналық ұйымның әкімшілігі жиырма төрт сағат ішінде жолданым иесіне жібереді және олар цензураға жатпайды.
      5. Адамға қатысты оның келісімімен жүргізілетін сот сараптамасы оның кез келген сатысында аталған адамның бастамасы бойынша тоқтатылуы мүмкін.»;

      11) 245-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «245-бап. Сот сараптамасы органының сараптама жүргізуі. Сот
                сараптамасы органы басшысының құқықтары мен
                міндеттері

      1. Сараптама сот сараптамасы органына тапсырылған кезде, қылмыстық процесті жүргізуші орган сараптама тағайындау туралы қаулыны және қажетті материалдарды оның басшысына жібереді. Сараптаманы сот сараптамасы органының қаулыда көрсетілген қызметкері жүргізеді. Егер қаулыда нақты сарапшы көрсетілмесе, сарапшыны таңдауды сот сараптамасы органының басшысы жүзеге асырады, бұл туралы сараптама тағайындаған адамға үш күн мерзімде хабарлайды.
      2. Сот сараптамасы органының басшысы:
      1) егер: осы сот сараптамасы органында қажетті арнаулы ғылыми білімі бар сарапшы болмаса; осы сот сараптамасы органының материалдық-техникалық базасы мен жағдайы нақты сараптама міндеттерін шешуге мүмкіндік бермесе; сот сарапшысының алдына қойылған мәселелер оның құзыретінің шегінен тыс болса; сараптама жүргізуге арналған материалдар осы Кодекстің талаптары бұзыла отырып ұсынылса, дәлелдерді көрсете отырып, сараптама тағайындаған органға сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыны орындамастан және зерттеуге ұсынылған объектілерді қайтаруға;
      2) сараптама тағайындаған орган алдында осы сот сараптамасы органында жұмыс істемейтін адамдарды, егер олардың арнаулы ғылыми білімі қорытынды беру үшін қажет болса, сот сарапшылары комиссиясының құрамына енгізу туралы өтініш жасауға құқылы.
      Сот сараптамасы органы басшысының заңда көзделген өзге құқықтары да бар.
      3. Сот сараптамасы органының басшысы:
      1) сараптама жүргізу үшін қажетті объектілерді дербес талап етіп алдыруға;
      2) осы сот сараптамасы органының қызметкерлері болып табылмайтын адамдарды сараптама тағайындаған органның келісімінсіз оны жүргізуге тартуға;
      3) сарапшыға нақты сараптама бойынша қорытындылардың мазмұнын алдын ала шешетін нұсқаулар беруге құқылы емес.
      4. Сот сараптамасы органының басшысы:
      1) сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыны және зерттеу объектілерін алысымен, осы Кодекстің 242-бабы бірінші бөлігінің талаптарын ескере отырып, осы сот сараптамасы органының нақты сарапшысына немесе сарапшылар комиссиясына жүргізуді тапсыруға;
      2) сот сарапшысының тәуелсіздігі принципін бұзбастан, сот сараптамасын жүргізу мерзімінің сақталуына, жүргізіліп жатқан зерттеулердің жан-жақтылығына, толықтығы мен объективтілігіне, сот сараптамасы объектілерінің сақталуына бақылауды қамтамасыз етуге;
      3) сараптама жүргізуді ұйымдастыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жария етпеуге;
      4) зерттеулер жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті.»;

      12) 246-бапта:

      «1. Егер сараптама жүргізуді сот сараптамасы органының қызметкері болып табылмайтын адамға тапсыру ұйғарылса, қылмыстық процесті жүргізуші орган оны тағайындау туралы қаулы шығарылғанға дейін өзі сараптама жасауды тапсырғалы отырған адамның жеке басына көз жеткізуге және сарапшыдан бас тартуға осы Кодекстің 96-бабында көзделген негіздердің бар-жоғын тексеруге тиіс.»;
      екінші бөліктегі «Тергеуші», «тергеуші» деген сөздер тиісінше «Қылмыстық процесті жүргізуші орган», «қылмыстық процесті жүргізуші орган» деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) мынадай мазмұндағы 246-1-баппен толықтырылсын:
      «246-1-бап. Сот сараптамасын жүргізу кезінде
                  процеске қатысушылардың қатысуы

      1. Қылмыстық процесті жүргізуші орган сараптама жүргізу кезінде қатысуға, сарапшының жүргізіп жатқан іс-әрекеттеріне қатысты оның түсіндірмесін алуға құқылы. Сараптама жүргізу кезінде қылмыстық процесті жүргізуші органның қатысу фактісі сарапшының қорытындысында көрсетіледі.
      2. Сараптама жүргізу кезінде өздерінің немесе өздеріне берілетін құқықтары мен мүдделерін қорғайтын процеске қатысушылар қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатымен қатыса алады. Бұл жағдайда қылмыстық процесті жүргізуші органның қатысуы міндетті.
      3. Қылмыстық процесті жүргізуші орган тиісті өтінішті қанағаттандырған кезде, оны мәлімдеген адамға сараптаманың жүргізілетін орны мен уақыты хабарланады. Хабарланған адамның келмей қалуы сараптаманы жүргізуге кедергі келтірмейді.
      4. Сот сараптамасын жүргізу кезінде процеске қатысып отырған қатысушылар зерттеулер барысына араласуға құқылы емес, бірақ сот сараптамасының нысанасына қатысты түсініктемелер бере алады.
      5. Егер сот сараптамасын жүргізу кезінде процеске қатысып отырған қатысушы сот сарапшысының қызметіне кедергі келтірсе, сот сарапшысы зерттеуді тоқтата тұруға және қылмыстық процесті жүргізуші орган алдында аталған процеске қатысушыға сот сараптамасын жүргізу кезінде қатысуға берілген рұқсаттың күшін жою туралы өтініш жасауға құқылы.
      6. Егер сот сараптамасын сот сарапшыларының комиссиясы жүргізсе, сот сарапшысы қорытынды жасаған кезде, сондай-ақ сот сарапшыларының кеңесуі және қорытындыларды тұжырымдау сатысында процеске қатысушылардың қатысуына жол берілмейді.
      7. Сот психиатриялық және сот психологиялық-психиатриялық сараптаманың жүргізілуі құпия жағдайда жүзеге асырылады.
      8. Адамды жалаңаштау арқылы сот-сараптамалық зерттеулерді жүргізу кезінде тек сол жыныстағы адамдар қатыса алады. Осы шектеу көрсетілген зерттеулерді жүргізуге қатысатын дәрігерлерге және басқа да медицина қызметкерлеріне қолданылмайды.»;

      14) 247-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «247-бап Сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға орналастыру

      1. Егер адамға қатысты сот сараптамасын жүргізу сот-сараптамалық зерттеулерді стационар жағдайында жүргізуді көздейтін болса, сезікті, айыпталушы, жәбірленуші, куә сараптама тағайындау туралы қаулының негізінде медициналық ұйымға орналастырылуы мүмкін.
      Осы Кодекстің 241-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда жәбірленушіні, куәні медициналық ұйымға орналастыруға оның жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.
      Егер аталған адам кәмелетке толмаса немесе сот оны әрекетке қабілетсіз деп таныса, көрсетілген жазбаша келісімді заңды өкіл береді. Заңды өкіл қарсылық білдірген немесе болмаған жағдайда жазбаша келісімді қорғаншылық және қамқоршылық органы береді.
      2. Күзетпен ұсталмайтын сезіктіні, айыпталушыны, сондай-ақ жәбірленушіні, куәні сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға жіберу осы Кодекстің 14-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен жүргізіледі.
      3. Өздеріне қатысты сараптама жүргізілетін адамдарды медициналық ұйымда ұстау ережелері Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасында айқындалады.
      4. Стационарлық сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін сезіктіні медициналық ұйымға орналастырған кезде оған айып тағылуға тиісті мерзім сарапшылар комиссиясының сезіктінің психикалық жағдайы туралы қорытындысы алынғанға дейін кідіртіле тұрады.
      5. Өзіне қатысты сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптама жүргізілетін адамның медициналық ұйымда болуының жалпы мерзімі отыз тәулікке тең. Сот-сараптамалық зерттеулерді аяқтау мүмкін болмаған жағдайда, көрсетілген мерзім осы Кодекстің 14-бабы екінші бөлігінің талаптарына сәйкес сарапшының (сарапшылар комиссиясының) дәлелді өтініші бойынша отыз тәулікке ұзартылуы мүмкін.
      Өтініш сараптаманың жүргізілу мерзімінің аяқталуына дейін үш тәуліктен кешіктірілмей прокурорға немесе сотқа табыс етілуге және алған күннен бастап үш тәулік ішінде шешілуге тиіс. Прокурор, сот мерзімді ұзартудан бас тартқан жағдайда, адам медициналық ұйымнан шығарылуға тиіс. Медициналық ұйымның басшысы мәлімделген өтініш пен оны прокурордың, соттың қарау нәтижелері туралы өзіне қатысты сараптама жүргізілетін адамға, оның қорғаушысына, заңды өкіліне, өкіліне, сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізуші органға хабарлайды.
      6. Медициналық ұйымда өзіне қатысты сот сараптамасы жүргізіліп жатқан адам, оның қорғаушысы, заңды өкілі, өкілі осы Кодексте көзделген тәртіппен оның жүргізілу мерзімін ұзарту туралы қаулыға шағым жасауға құқылы.»;

      15) 248-бапта:
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Сот сараптамасы объектілерін пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.»;
      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «5. Сараптама жүргізу кезінде оның объектілері сараптама тағайындаған органның рұқсатымен зерттеулер жүргізу және қорытынды беру үшін қаншалықты кажет болса, сол шамада ғана бүлдірілуі немесе пайдаланылуы мүмкін.
      Аталған рұқсат сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда немесе сот сарапшысының өтінішін қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан ішінара бас тарту туралы дәлелді қаулыда қамтылуға тиіс.»;

      16) 249-бапта:
      екінші бөліктегі «бірнеше» деген сөз «кемінде екі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші бөлік мынадай мазмұндағы бірінші сөйлеммен толықтырылсын:
      «Комиссиялық сот сараптамасын жүргізу кезінде сот сарапшыларының әрқайсысы сот-сараптамалық зерттеуді толық көлемінде тәуелсіз және дербес жүргізеді.»;
      бесінші бөліктегі «Тергеушінің» деген сөз «Қылмыстық процесті жүргізуші органның» деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 251-баптың екінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сарапшының қорытындысында: оның ресімделген күні, сараптаманың жүргізілген мерзімдері және орны; сот сараптамасын жүргізудің негіздері; сараптаманы тағайындаған орган туралы мәліметтер; сараптама жүргізу тапсырылған сот сараптамасы органы және (немесе) сарапшы (сарапшылар) туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты, білімі, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс стажы, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, атқаратын қызметі); көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы өзінің ескертілгені туралы сарапшының (сарапшылардың) қолымен куәландырылған белгі; сот сарапшысының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер; сараптама жүргізу кезінде процеске қатысқан қатысушылар туралы және олар берген түсіндірмелер туралы мәліметтер; зерттеу объектілері; пайдаланылған әдістемелер көрсетіле отырып, зерттеулердің мазмұны мен нәтижелері; жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін бағалау, сарапшының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер бойынша қорытындылардың негіздемесі мен тұжырымы көрсетілуге тиіс.»;
      «4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген тәртіппен куәландырылған, сарапшының қорытындысын көрнекілейтін материалдар (фотокестелер, схемалар, графиктер, кестелер және басқа да материалдар) қорытындыға қоса беріледі және оның құрамдас бөлігі болып табылады. Сондай-ақ қорытындыға зерттеуден кейін қалған объектілер, оның ішінде үлгілер қоса берілуге тиіс.»;

      18) 252-баптағы «немесе адамға» деген сөздер алып тасталсын:

      19) 253-бапта:
      бірінші бөліктегі «тергеуші» деген сөз «қылмыстық процесті жүргізуші орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «3. Сарапшыдан оның қорытындысына қатысты емес, тірі адамдарға қатысты сот-психиатриялық, сондай-ақ сот-медициналық сараптама жүргізуге байланысты оған белгілі болған мән-жайлар бойынша жауап алуға болмайды.»;

      20) 254-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «254-бап. Сезіктіге, айыпталушыға, жәбірленушіге сарапшының
                қорытындысын көрсету

      1. Сарапшының қорытындысы немесе оның қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламасы, сондай-ақ сарапшыдан жауап алу хаттамасы алдын ала тергеу аяқталғанға дейін сезіктіге, айыпталушыға, жәбірленушіге не осы Кодекстің 244-бабының бірінші және екінші бөліктерінде аталған өзге де адамдарға көрсетіледі, олар өз ескертпелерін ұсынуға, сарапшының қорытындылары бойынша қарсылықтарын мәлімдеуге, сарапшыдан жауап алу, қосымша немесе қайталама сараптама, сондай-ақ жаңа сараптамалар тағайындау туралы өтініштерін мәлімдеуге құқылы. Мұндай өтініш қанағаттандырылған немесе ол қабылданбаған жағдайда, қылмыстық процесті жүргізуші орган тиісті қаулы шығарады, ол өтінішті мәлімдеген адамға одан қолхат алып хабарланады.»;

      21) 255-бапта:
      үшінші бөлікте:
      «дұрыстығы күмәнді болған» деген сөздер «қорытындылары күмән туғызған» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «жүргізудің» деген сөз «жүргізу туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
      «8. Егер екінші немесе реті бойынша келесі сараптама бірнеше негіздер бойынша тағайындалып, олардың бірі - қосымша, ал басқалары қайталама сараптамаға жататын болса, мұндай сараптама қайталама сараптама жүргізу ережелері бойынша жүргізіледі.»;

      22) 354-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сараптаманы алдын ала тергеу барысында қорытынды берген сарапшы (сарапшылар) не сот тағайындаған басқа сарапшы (сарапшылар) жүргізеді.
      Соңғы жағдайда төрағалық етуші сараптама жүргізуді кімге тапсыруды ұйғарып отырғаны туралы хабарлауға тиіс, содан кейін аталған адамнан бас тарту және оның өздігінен бас тартуы туралы өтініштер болмаған кезде, сот кеңесу бөлмесіне кетпестен оны іс бойынша сарапшы ретінде тарту туралы қаулы шығарады. Бұдан әрі сарапшыға оның іс жүргізу өкілеттіктері түсіндіріледі, ол көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертіліп, бұл туралы қолхат береді.»;

      23) 355-баптың бірінші бөлігіндегі «Сарапшыдан» деген сөз «Осы Кодекстің 253-бабы үшінші бөлігінің талаптары ескеріле отырып, сарапшыдан» деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; 2009 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 23 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білікті заң көмегін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 41-бапта:
      екінші бөлікте:
      бірінші абзацтағы «маман» деген сөз «маман не аудармашы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы «пайдаланылса, істі қарауға қатыса алмайды.» деген сөздер «пайдаланылса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) олардың білікті емес екені байқалса, істі қарауға қатыса алмайды.»;
      үшінші бөліктегі екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      «Адамның іске сарапшы ретінде алдыңғы қатысуы, оның қатысуымен жүргізілген сараптамадан кейін ол қайта тағайындалатын жағдайларды қоспағанда, іс бойынша сараптама жүргізуді оған тапсыруды болдырмайтын мән-жай болып табылмайды.»;

      2) 90-бапта:

      «1. Іс бойынша дәлелдеу процесінде ғылыми-техникалық құралдарды сот, тараптар, сондай-ақ сарапшы және маман өздері осы Кодексте көзделген іс жүргізу міндеттерін атқаруы кезінде пайдалана алады.»;
      бесінші бөліктегі «іс-әрекеттерінін хаттамаларында» деген сөздер «әрекетінің хаттамасында не сот отырысының хаттамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 91-бапта:
      бірінші бөліктегі «арнайы ғылыми білімдер негізінде жүргізетін іс материалдарын» деген сөздер «арнаулы ғылыми білім негізінде жүргізетін оның объектілерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлік «консультацияларының» деген сөздерден кейін «, бағалаушылар есептерінің» деген сөздермен толықтырылсын:
      оныншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Сараптама тағайындау туралы ұйғарымда: соттың атауы, сараптаманы тағайындау уақыты, орны; қаралатын іс бойынша тараптардың атауы; сараптаманың түрі; сараптама тағайындау үшін негіздер; сараптамаға жіберілетін объектілер және олардың шығу тегі туралы ақпарат, сондай-ақ көрсетілген объектілерді зерттеу барысында толық немесе ішінара жою; олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгерту мүмкіндігіне рұқсат; сот сараптамасы органының атауы және (немесе) сот сараптамасын жүргізу тапсырылған адамның тегі көрсетіледі. Соттың сараптама тағайындау туралы ұйғарымы ол жіберілген және өз құзыретіне кіретін органдардың немесе адамдардың орындауы үшін міндетті.»;

      4) 92 және 93-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «92-бап. Сарапшының құқықтары мен міндеттері

      1. Сарапшының: сараптама нысанасына қатысты іс материалдарымен танысуға; қорытынды беру үшін қажетті қосымша материалдарды өзіне беру туралы өтінішті мәлімдеуге; соттың рұқсатымен іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге және сот отырысына қатысуға және оларға қатысушы адамдарға сараптама нысанасына қатысты сұрақтар қоюға; өзі қатысқан іс жүргізу әрекетінің хаттамасымен, сондай-ақ тиісті бөлігінде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзінің әрекеттері мен айғақтарының толық және дұрыс көрсетілуіне қатысты хаттамаларға енгізілуге тиісті ескертпелер жасауға; сот сараптамасын тағайындаған соттың келісімі бойынша сот-сараптамалық зерттеу барысында анықталған, азаматтық іс үшін маңызы бар, сараптама тағайындау туралы ұйғарымда қамтылған мәселелердің шегінен тыс мән-жайлар бойынша өз құзыреті шегінде қорытынды беруге; ана тілінде немесе өзі білетін тілде қорытынды ұсынуға және айғақтар беруге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға; аудармашыдан бас тартуды мәлімдеуге; сараптама жүргізу кезінде соттың және іс жүргізуге қатысушы өзге де адамдардың өзінің құқықтарына нұқсан келтіретін шешімдері мен әрекеттеріне шағым жасауға; сараптама жүргізу кезінде шеккен шығыстарға өтем және егер сот сараптамасын жүргізу өзінің лауазымдық міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, орындалған жұмысы үшін сыйақы алуға құқығы бар.
      2. Сарапшы: соттан бөлек, іске қатысушы адамдармен сараптама жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге; сараптамалық зерттеу үшін материалдарды дербес жинауға; егер сараптама тағайындаған соттың бұған арнайы рұқсаты болмаса, объектілерді толық немесе ішінара жоюға, олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге әкеп соғуы мүмкін зерттеулер жүргізуге құқылы емес.
      3. Сарапшы: соттың шақыртуы бойынша келуге; өзіне ұсынылған объектілерге жан-жақты, толық және объективті зерттеу жүргізуге; өзінің алдына қойылған мәселелер бойынша негізделген жазбаша қорытынды беруге; осы Кодекстің 97-бабында көзделген жағдайларда, қорытынды беруден бас тартуға және қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы дәлелді жазбаша хабарлама жасауға және оны сотқа жіберуге; жүргізілген зерттеуге және берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша айғақтар беруге; зерттеліп жатқан объектілердің сақталуын қамтамасыз етуге; істің мән-жайы туралы мәліметтерді және сараптама жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған өзге де мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
      4. Сарапшы көрінеу жалған қорытынды бергені үшін заңда көзделген қылмыстық жауаптылықта болады.
      5. Сот сараптамасы органының қызметкері болып табылатын сарапшы өз қызметінің сипатына қарай өзінің құқықтарымен және міндеттерімен танысқан және көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілген деп есептеледі.

      93-бап. Сараптама жүргізу тәртібі

      1. Сараптама сотта немесе зерттеу сипатына не сот отырысында зерттеу үшін объектілерді жеткізудің мүмкін еместігіне немесе қиындығына қарай соттан тыс жүргізіледі. Сараптама жүргізілген кезде сараптама тағайындаған соттың рұқсатымен сараптама объектілері зерттеу жүргізу және қорытынды беру үшін қаншалықты қажет болса, сол шамада ғана бүлдірілуі немесе пайдаланылуы мүмкін. Аталған рұқсат сот сараптамасын тағайындау туралы ұйғарымда немесе сот сарапшысының өтінішін қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан ішінара бас тарту туралы дәлелді ұйғарымда қамтылуға тиіс.
      2. Сараптамалық зерттеу объектілерінің дұрыстығына және жол берілгендігіне сот кепілдік береді.
      3. Сараптамалық зерттеу объектілері, егер олардың көлемдері және қасиеттері мүмкіндік берсе, сарапшыға буып-түйілген және мөрмен бекітілген күйінде беріледі. Қалған жағдайларда сараптаманы тағайындаған сот сарапшыны зерттеу объектілері орналасқан жерге жеткізуді, оларға кедергісіз кол жеткізуді және зерттеу жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс.
      4. іске қатысушы адамдар сараптама жүргізу кезінде, осындай қатысу соттан тыс сараптама жүргізу кезінде сарапшылардың қалыпты жұмысына кедергі келтіретін жағдайларды қоспағанда, қатысуға құқылы. Сот іске қатысушы адамдардың сараптама жүргізу кезінде қатысуы туралы өтінішті қанағаттандырған жағдайда, аталған адамдарға сараптама жүргізілетін орын мен уақыт туралы хабарланады. Хабарландырылған адамдардың келмеуі сараптама жүргізуге кедергі келтірілмейді.
      5. Соттан тыс сараптама жүргізу кезінде іске қатысушы адамдар қатысқан жағдайда, сот приставының міндетті түрде қатысуын сот айқындайды.
      6. Сараптама жүргізу сот сараптамасы органына тапсырылған кезде, сот сараптама тағайындау туралы ұйғарымды және қажетті материалдарды оның басшысына жібереді. Сараптаманы сот сараптамасы органының ұйғарымда көрсетілген қызметкері жүргізеді. Егер сараптама тағайындау туралы ұйғарымда нақты сарапшы көрсетілмесе, оны таңдауды сот сараптамасы органының басшысы жүзеге асырады, бұл туралы сараптама тағайындаған сотқа хабарлайды.
      7. Сот сараптамасы органының басшысы: осы сот сараптамасы органында қажетті арнаулы ғылыми білімі бар сарапшы болмаса, осы сот сараптамасы органының материалдық-техникалық базасы мен жағдайы нақты сараптама міндеттерін шешуге мүмкіндік бермесе; сарапшының алдына қойылған мәселелер оның құзыретінің шегінен тыс болса; сараптама жүргізуге арналған материалдар осы Кодексте көзделген талаптар бұзыла отырып ұсынылса, дәлелдерді көрсете отырып, сотқа сараптама тағайындау туралы ұйғарымды орындамастан, оны жүргізу үшін ұсынылған объектілерді қайтаруға; сот алдында осы сот сараптамасы органында жұмыс істемейтін адамдарды, егер олардың арнаулы ғылыми білімі қорытынды беру үшін қажет болса, сот сарапшылары комиссиясының құрамына енгізу туралы өтініш жасауға құқылы.

      8. Сот сараптамасы органының басшысы: сот сараптамасын жүргізу үшін қажетті объектілерді оны тағайындау туралы ұйғарымсыз талап етіп алдыруға; оны жүргізуге осы мекемеде жұмыс істемейтін адамдарды соттың келісімінсіз дербес тартуға; сарапшыға нақты сараптама бойынша қорытындылардың мазмұнын алдын ала шешетін нұсқаулар беруге құқылы емес.
      9. Сот сараптамасы органының басшысы: сот сараптамасын тағайындау туралы ұйғарымды және зерттеу объектілерін алысымен, заңның талаптарын ескере отырып, осы сот сараптамасы органының нақты сот сарапшысына немесе сот сарапшылары комиссиясына жүргізуді тапсыруға; сот сарапшысының тәуелсіздігі принципін бұзбастан сот сараптамасын жүргізу мерзімінің сақталуына, жүргізіліп жатқан зерттеулердің жан-жақтылығына, толықтығы мен объективтілігіне, сот сараптамасы объектілерінің сақталуын қамтамасыз етуге бақылауды қамтамасыз етуге; сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
      10. Егер сараптама жүргізуді сот сараптамасы органының қызметкері болып табылмайтын адамға тапсыру ұйғарылса, сот оны тағайындау туралы ұйғарым шығарылғанға дейін оның жеке басына және сарапшыдан бас тартуға осы Кодекстің 41-бабында көзделген негіздердің жоқ екендігіне көз жеткізуге тиіс.
      11. Сот сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады, оны сарапшыға тапсырады, оған осы Кодекстің 92-бабында көзделген құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді және көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді. Сот осы іс-әрекеттердің орындалуы жөнінде сараптама тағайындау туралы ұйғарымға белгі қояды, ол сарапшының қолымен куәландырылады. Сарапшы жасаған мәлімдеме және оның өтініші дәл осылайша бекітіледі. Сот сарапшының өтінішін қабылдамау туралы дәлелді ұйғарым шығарады.
      12. Сараптама жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу, сондай-ақ сарапшының еңбегіне ақы төлеу осы Кодекстің 108-бабының ережелері бойынша жүргізіледі.»;

      5) 94-бапта:

      үшінші бөлік мынадай мазмұндағы бірінші сөйлеммен толықтырылсын:
      «Комиссиялық сот сараптамасы жүргізілген кезде сот сарапшыларының әрқайсысы сот-сараптамалық зерттеуді толық көлемінде тәуелсіз және дербес жүргізеді.»;

      6) 96-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «96-бап. Сарапшының қорытындысы

      1. Сарапшының қорытындысы - сот немесе тараптар сарапшының алдына қойған мәселелер бойынша сараптама объектілерін арнаулы ғылыми білімді пайдалана отырып жүргізілген зерттеуге негізделіп, осы Кодексте көзделген жазбаша нысанда ұсынылған қорытындылар.
      2. Сарапшы (сарапшылар) қажетті зерттеулер жүргізгеннен кейін оның нәтижелерін ескере отырып, өз атынан қорытынды жасайды, оны өз (өздерінің) қол қоюымен және жеке мөрімен куәландырып, сараптама тағайындаған сотқа жібереді. Сараптаманы сот сараптамасы органы жүргізген жағдайда сарапшының (сарапшылардың) қолы аталған органның мөрімен расталады.
      3. Сарапшының қорытындысында: оның ресімделген күні, сараптаманың жүргізілген мерзімдері және орны; сот сараптамасын жүргізудің негіздері; сот туралы мәліметтер, сараптама жүргізу тапсырылған сот сараптамасы органы және (немесе) сарапшы (сарапшылар) туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты, білімі, мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс стажы, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, атқаратын қызметі); көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы өзінің ескертілгені туралы сарапшының қолымен куәландырылған белгі; сарапшының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер: сараптама жүргізу кезінде процеске қатысқан қатысушылар және олар берген түсіндірмелер туралы мәліметтер; зерттеу объектілері; пайдаланылған әдістемелер көрсетіле отырып, зерттеулердің мазмұны мен нәтижелері; жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін бағалау, сарапшының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер бойынша қорытындылардың негіздемесі мен тұжырымы көрсетілуге тиіс.
      4. Егер осы Кодекстің 97-бабында көрсетілген мән-жайлар зерттеу барысында анықталса, қорытындыда қойылған сұрақтардың бәріне немесе олардың кейбіреуіне жауап берудің мүмкін еместігінің негіздемесі қамтылуға тиіс.
      5. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген тәртіппен куәландырылған, сарапшының қорытындысын көрнекілейтін материалдар (фотокестелер, схемалар, графиктер, кестелер және басқа да материалдар) қорытындыға қоса беріледі және оның құрамдас бөлігі болып табылады. Сондай-ақ қорытындыға зерттеуден кейін қалған объектілер, оның ішінде үлгілер қоса берілуге тиіс.
      6. Осы Кодекстің 98-1-бабында көзделген тәртіппен жүргізілген жауап алу барысында сарапшының берген айғақтары ол бұрын берген қорытындыны түсіндіру, толықтыру не нақтылау бөлігінде ғана дәлелдемелер болып табылады.
      7. Сарапшының қорытындысы сот үшін міндетті болып табылмайды, алайда оның қорытындымен келіспеуі дәлелді болуға тиіс.»;

      7) 98-бапта:
      бірінші бөліктегі «бұрын зерттелген мән-жайларға қатысты жаңа мәселелер» деген сөздер «алдыңғы зерттеуге байланысты қосымша мәселелерді шешу қажеттілігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөліктегі «дұрыстығы» деген сөз «қорытындылары» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
      «7. Егер екінші немесе реті бойынша келесі сараптама бірнеше негіздер бойынша тағайындалып, олардың бірі - қосымша, ал басқалары қайталама сараптамаға жататын болса, мұндай сараптама қайталама сараптама жүргізу ережелері бойынша жүргізіледі.»;

      8) мынадай мазмұндағы 98-1-баппен толықтырылсын:
      «98-1-бап. Сарапшыдан жауап алу

      1. Сарапшыдан жауап алу, егер сарапшының қорытындысы жеткілікті түрде айқын болмаса, толықтыру үшін қосымша зерттеулер жүргізу талап етілмейтін олқылықтары болса немесе сарапшы қолданған әдістер мен терминдерді нақтылау қажет болса, оның қорытындысы жарияланғаннан кейін ғана жүргізілуі мүмкін.
      2. Сарапшыдан тірі адамдарға қатысты сот-психиатриялық, сондай-ақ сот-медициналық сараптама жүргізуге байланысты оған белгілі болған, оның қорытындысына қатысты емес мән-жайлар бойынша жауап алуға болмайды.
      3. Өтініші бойынша сараптама тағайындалған тарап сарапшыдан бірінші болып жауап алады.
      4. Егер сараптама тараптар арасындағы келісім бойынша немесе соттың бастамасы бойынша жүргізілсе, сарапшыға бірінші болып талапкер, содан кейін жауапкер сұрақтар қояды.
      5. Сот жауап алудың кез келген сәтінде сарапшыға сұрақ қоюға құқылы.»;

      9) 305-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «3. Сот психиатриялық сараптаманы психиатриялық стационарларда жүргізудің тәртібі Қазақстан Республикасының сот сараптамасы туралы заңнамасында белгіленген.».

      3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18; 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; 2009 жылғы 14 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 13 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 12 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 12 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне босқындар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 23 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білікті заң көмегін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 25 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 23 желтоқсанда «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 597-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «597-бап. Сарапшы

      1. Арнаулы ғылыми білімі бар, іске мүдделі емес адам сарапшы ретінде шақырылуы мүмкін. Сот сараптамасын жүргізу:
      1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне;
      2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын адамдарға;
      3) заң талаптарына сәйкес біржолғы тәртіппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкін.
      2. Сарапшы: сараптама нысанасына қатысты іс материалдарымен танысуға; қорытынды беру үшін қажетті қосымша материалдарды өзіне беру туралы өтінішті мәлімдеуге; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізетін органның (лауазымды адамның) рұқсатымен іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге қатысуға және оларға қатысушы адамдарға сараптама нысанасына қатысты сұрақтар қоюға; өзі қатысқан іс жүргізу әрекетінің хаттамасымен танысуға және өзінің әрекеттері мен айғақтарының толық және дұрыс көрсетілуіне қатысты хаттамаларға енгізілуге тиісті ескертпелер жасауға; сот сараптамасын тағайындаған судьяның, органның (лауазымды адамның) келісімі бойынша сот-сараптамалық зерттеу барысында анықталған, азаматтық іс үшін маңызы бар, сот сараптамасын тағайындау туралы ұйғарымда қамтылған мәселелердің шегінен тыс мән-жайлар бойынша өз құзыреті шегінде қорытынды беруге; ана тілінде немесе өзі білетін тілде қорытынды ұсынуға және айғақтар беруге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға; аудармашыдан бас тартуды мәлімдеуге; сараптама жүргізу кезінде соттың және іс жүргізуге қатысушы өзге де адамдардың өзінің құқықтарына нұқсан келтіретін шешімдері мен әрекеттеріне шағым жасауға; сараптама жүргізу кезінде шеккен шығыстарға өтем және егер сот сараптамасын жүргізу өзінің лауазымдық міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, орындалған жұмысы үшін сыйақы алуға құқылы.
      3. Сарапшы: әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізетін судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуге; өзіне ұсынылған объектілерге жан-жақты, толық және объективті зерттеу жүргізуге; өзінің алдына қойылған мәселелер бойынша негізделген жазбаша қорытынды беруге; осы Кодекстің 611-бабының он үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда, қорытынды беруден бас тартуға және қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы дәлелді жазбаша хабарлама жасауға және оны сот сараптамасын тағайындаған органға (лауазымды адамға) жіберуге; жүргізілген зерттеуге және берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша айғақтар беруге; зерттеліп жатқан объектілердің сақталуын қамтамасыз етуге; істің мән-жайы туралы мәліметтерді және сот сараптамасын жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған өзге де мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
      4. Сарапшы сотта көрінеу жалған қорытынды бергені үшін заңда көзделген қылмыстық жауаптылықта болады.
      5. Сот сараптамасы органының қызметкері болып табылатын сарапшы өз қызметінің сипатына қарай өзінің құқықтарымен және міндеттерімен танысқан және сотта көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілген деп есептеледі.»;

      2) 601-бапта:
      екінші бөліктегі «егер» деген сөз «егер: олардың білікті емес екені байқалса;» деген сөздермен ауыстырылсын;

      «3. Адамның іске сарапшы ретінде алдыңғы қатысуы, оның қатысуымен жүргізілген сараптамадан кейін ол қайта тағайындалатын жағдайларда, оған сараптама жүргізуді тапсыруды болдырмайтын мән-жай болып табылады.»;

      3) 611-бапта:
      алтыншы бөліктегі «сарапшылар» деген сөз «кемінде екі сарапшы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      жетінші бөлік «сарапшылар» деген сөзден кейін «өз құзыреті шегінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Сараптама тағайындау туралы ұйғарымды орындау үшін жібергенге дейін сот сараптамасын тағайындаған орган (лауазымды адам) өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізілетін адамды және жәбірленушіні онымен таныстыруға, оларға:
      сарапшыдан бас тарту және сот сараптамасы органын сараптама жүргізуден шеттету туралы өтініш мәлімдеу;
      өздері атаған адамдарды немесе нақты сот сараптамасы органдарының қызметкерлерін сарапшы ретінде тағайындау туралы, сондай-ақ сараптаманы сарапшылар комиссиясының жүргізуі туралы өтініш жасау;
      сарапшының алдына қосымша мәселелер қою туралы немесе қойылған мәселелерді нақтылау туралы өтініш жасау;
      сараптама жүргізуге кедергі келтіретін жағдайларды қоспағанда, сот сараптамасын тағайындаған органның (лауазымды адамның) рұқсатымен сараптама жүргізу кезінде қатысу, сарапшыға түсініктемелер беру;
      сот сараптамасын тағайындаған органға (лауазымды адамға) келіп түскеннен кейін сарапшының қорытындысымен не қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламамен танысу, өз ескертпелерін ұсыну, қосымша немесе қайталама сараптама тағайындау, жаңа сараптамалар тағайындау туралы өтініштер мәлімдеу құқықтарын түсіндіруге міндетті.
      Жәбірленушілерге сараптама олардың жазбаша келісімімен ғана жүргізіледі. Егер осы адамдар кәмелетке толмаса немесе сот оларды әрекетке қабілетсіз деп таныса, сараптама жүргізуге жазбаша келісімді олардың заңды өкілдері береді.»;
      оныншы бөліктегі «бұрын зерттелген мән-жағдайларға қатысты жаңа мәселелер» деген сөздер «алдыңғы зерттеуге байланысты қосымша мәселелерді шешу қажеттілігі» деген сөздермен ауыстырылсын:
      он бірінші бөліктегі «дұрыстығына күмән туса» деген сөздер «қорытындылары күмән туғызса немесе сараптаманы тағайындау және жүргізу туралы іс жүргізу нормалары елеулі түрде бұзылса» деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 612-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «612-бап. Сарапшының қорытындысы

      1. Сарапшының қорытындысы - арнаулы ғылыми білімді пайдалана отырып жүргізілген іс материалдарын, оның ішінде заттай дәлелдемелер мен үлгілерді зерттеу нәтижелеріне негізделген, оның алдына әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізетін судья, орган (лауазымды адам) қойған мәселелер бойынша жазбаша нысанда ұсынылған қорытындылар. Қорытындыда сарапшының зерттеу кезінде қолданған әдістері, қойылған сұрақтарға жауаптардың негіздемесі және осы сарапшының бастамасымен анықталған, іс үшін маңызы бар мән-жайлар көрсетіледі.
      2. Қорытындыны зерттеулер жүргізгеннен кейін оның нәтижелерін ескере отырып өз атынан сарапшы (сарапшылар) жасайды, оны өз (өздерінің) қолымен және жеке мөрімен куәландырады. Сараптаманы сараптама органы жүргізген жағдайда сарапшының қолы аталған органның мөрімен расталады.
      3. Сарапшының қорытындысында: оның ресімделген күні, сараптаманың жүргізілген мерзімдері және орны; сот сараптамасын жүргізудің негіздері; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізетін судья туралы, орган (лауазымды адам) туралы мәліметтер; сараптама жүргізу тапсырылған сот сараптамасы органы және (немесе) сарапшы (сарапшылар) туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты, білімі, мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс стажы, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, атқаратын қызметі); сотта көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы өзінің ескертілгені туралы сарапшының қолымен куәландырылған белгі; сарапшының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер; сараптама жүргізу кезінде процеске қатысқан қатысушылар және олар берген түсіндірмелер туралы мәліметтер; объектілер; пайдаланылған әдістемелер көрсетіле отырып, жүргізілген зерттеулердің мазмұны мен нәтижелері; жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін бағалау, сарапшының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер бойынша қорытындылардың негіздемесі мен тұжырымы көрсетілуге тиіс.
      4. Егер осы Кодекстің 611-бабының он үшінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар зерттеу барысында анықталса, қорытындыда қойылған мәселелердің бәріне немесе кейбіреуіне жауап беру мүмкін еместігінің негіздемесі қамтылуға тиіс.

      6. Сарапшының қорытындысы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізетін сот, орган (лауазымды адам) үшін міндетті болып табылмайды, алайда олардың қорытындымен келіспеуі дәлелді болуға тиіс.».

      4. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; 2009 жылғы 1, 2 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 2 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 11-баптың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «19) «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелері ескеріле отырып, сот-сараптама;»;

      2) 26-баптың 1) тармақшасының жиырма бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама;»;

      3) 48-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы «алып тасталса тоқтатылады.» деген сөздер «алып тасталса;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.»;

      4) 49-баптағы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 261117
    Қазақ тілінде 130391
    Орыс тілінде 129854
    Ағылшын тілінде 872
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы