Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне терроризмге қарсы күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2002 жылғы 19 ақпан N 295-ІІ

     Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен 
толықтырулар енгізілсін: 
     1. 1997 жылғы 16 шілдедегі  

K970167_

  Қазақстан Республикасының 
Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 
ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 
ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 
8, 53, 54-құжаттар): 
     1) 15-баптың 2-тармағындағы "террорлық" деген сөз "террористік" деген 
сөзбен ауыстырылсын; 
     2) 164-бапта: 
     бірінші бөлікте: 
     "жүз" деген сөз "бір мың" деген сөздермен ауыстырылсын; 
     "бір айға" деген сөздер "он айға" деген сөздермен ауыстырылсын; 
     "дәл сол мерзімге" деген сөздер "бес жылға дейінгі мерзімге" деген 
сөздермен ауыстырылсын; 
     екінші бөлікте: 
     "жүзден үш жүз" деген сөздер "бес жүзден үш мың" деген сөздермен 
ауыстырылсын; 
     "бір айдан үш айға" деген сөздер "бес айдан бір жылға" деген 
сөздермен ауыстырылсын; 
     "дәл сол мерзімге" деген сөздер "екі жылдан алты жылға дейінгі 
мерзімге" деген сөздермен ауыстырылсын; 
     3) 167-бап мынадай редакцияда жазылсын: 
     "167-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне 
               қастандық жасау 
     Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне оның мемлекеттік 
қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында қастандық 
жасау, - 

      он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
      4) 170-бапта:
      бірінші бөліктегі "үш жылға" деген сөздер "бес жылға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі "бес жылға" деген сөздер "жеті жылға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 233-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "233-бап. Терроризм
      1. Жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қаупін төндіретін өзге де іс-әрекеттер жасау, егер осы іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы

мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешім 
қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ аталған іс-әрекеттерді 
дәл сол мақсатта жасаймын деп қорқыту, - 
     төрт жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға 
жазаланады. 
     2. Нақ сол әрекет: 
     а) бірнеше рет;
     б) атыс қаруын қолдана отырып жасалса, - 
     жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға 
жазаланады. 
     3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, 
егер олар: 

      а) жаппай қырып-жоятын қаруды, радиоактивті материалдарды қолдануға немесе қолданамын деп қорқытуға және жаппай уландыруды, эпидемия мен эпизоотияны таратуды, сондай-ақ адамдарды жаппай қырып-жоюға әкеп соғуы ықтимал өзге де іс-әрекеттерді жасауға немесе жасаймын деп қорқытуға ұштасса;
      б) абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
      он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      4. Қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның шешiмдер қабылдауына ықпал ету мақсатында адамның өмiріне қастандық жасау, сондай-ақ дәл сол мақсатта, оның мемлекеттiк немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында мемлекет немесе қоғам қайраткерiнiң өмiрiне қастандық жасау, -
      он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. Терроризм актісін дайындауға қатысқан адам, егер ол мемлекеттік органдарды дер кезінде ескертуімен немесе басқа жолмен терроризм актісінің жүзеге асырылуын болдырмауға жәрдемдессе және егер оның іс-әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.";
      6) мынадай мазмұндағы 233-1, 233-2-баптармен толықтырылсын:
      "233-1-бап. Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін
                  жасауға жария түрде шақыру
      1. Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру, сондай-ақ көрсетілген мазмұндағы материалдарды тарату, -
      бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Адам өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып не қоғамдық бірлестіктің басшысы бола отырып не бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып жасаған нақ сол әрекеттер, -
      үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      233-2-бап. Террористік топ құру, оған басшылық ету және
                 оның қызметіне қатысу
      1. Террористік мақсатты көздейтін қылмыстарды жасау үшін топ құру (террористік топ), сондай-ақ оған басшылық ету, -
      мүлкі тәркіленіп немесе онсыз сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Террористік топтың қызметіне немесе ол жасаған терроризм актілеріне қатысу, -
      мүлкі тәркіленіп немесе онсыз алты жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Адам өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып не қоғамдық бірлестіктің

басшысы бола отырып жасаған, осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде 
көзделген әрекеттер, - 
     мүлкі тәркіленіп немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге 
бас бостандығынан айыруға жазаланады."; 
     7) 242-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: 
     "Дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау, 
-"; 
     8) 247-бап мынадай редакцияда жазылсын: 
     "247-бап. Радиоактивті материалдармен заңсыз жұмыс істеу 
     1. Радиоактивті материалдарды заңсыз иемденіп алу, сақтау, 
тасымалдау, пайдалану, бүлдіру немесе көму, - 
     екі жылға дейінгі мерзімге бостандығын шектеуге, не үш жылға дейінгі 
мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
     2. Радиоактивті материалдарды заңсыз өткізу, сондай-ақ өткізу 
мақсатымен радиоактивті материалдарды заңсыз иемденіп алу, сақтау, 
тасымалдау, - 
     екі жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға 
жазаланады. 
     3. Абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп 
соққан, осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, 
- 
     үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға 
жазаланады.". 
     
     2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс 
жүргізу кодексіне  

Z970206_

  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 
1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 
66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 
17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат): 
     192-бапта: 
     бірінші бөлікте: 
     "233," деген цифрдан кейін "233-1, 233-2," деген цифрлармен 
толықтырылсын; 
     "242-244" деген цифрлар "243, 244" деген цифрлармен ауыстырылсын; 
     екінші бөлікте: 
     ", 164" деген цифр алып тасталсын; 
     "241," деген цифрдан кейін "242," деген цифрмен толықтырылсын; 
     "250-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде)," деген сөздер алып 
тасталсын; 

      "259-бабында (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде)" деген сөздер "259-бабында (екінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "307, 308-бабында (бірінші бөлігінде)" деген сөздер "307-бабында (бірінші бөлігінде), 308-бабында (бірінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "311" деген цифр "311 (бірінші және екінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:
      "4-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің K970167_ 164-бабында, 250-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 259-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде), 307-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 308-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 311-бабында (үшінші және төртінші бөліктерінде) көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді қылмыстық іс қозғалған ішкі істер немесе ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізеді.".

      3. "Жедел-іздестіру қызметі туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Z944000_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 13-14, 199-құжат; 1995 ж., N 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 14, 275-құжат; 1998 ж., N 24, 436-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 17-18, 245-құжат):
      1) 11-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы он төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "-ақпаратты заңсыз алып тастау қондырғыларын іздеу;";
      2) 12-баптың 5-тармағындағы "қызметтерінің" деген сөзден кейін ", сондай-ақ терроризмнің" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 12-баптың 7-тармағындағы "террорлық" деген сөз "террористік" деген сөзбен ауыстырылсын.

      4. "Терроршылдыққа қарсы күрес туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Z990416_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 19, 649-құжат):
      1) Заңның тақырыбында және бүкіл мәтінінде "терроршылдыққа", "терроршылдық", "терроршылдықты", "терроршылдықтың", "терроршылдықтан", "террорлық", "террорлыққа", "терроршыларды", "терроршы", "терроршылардың", "терроршылармен", "терроршымен", "терроршыны", "терроршыларға", "терроршыға" деген сөздер тиісінше "терроризмге", "терроризм", "терроризмді", "терроризмнің", "терроризмнен", "террористік", "террористікке", "террористерді", "террорист", "террористердің" "террористермен", "террористпен", "террористі", "террористерге", "террористке" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 1-бапта:
      1), 3), 4), 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) терроризм - қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында не мемлекет, не қоғам қайраткерлерінің қызметін тоқтату немесе осындай қызметі үшін кек алу мақсатында жеке тұлғаларға немесе ұйымдарға қатысты құқыққа қарсы қылмыстық жазаға тартылатын әрекет немесе оны жасаймын деп қорқыту;
      3) халықаралық террористiк iс-әрекет:
      террорист немесе террористiк ұйым бiреуден көп мемлекеттiң аумағында немесе бiреуден көп мемлекет мүдделерiне зиян келтiретiн;
      бiр мемлекеттiң азаматтары басқа мемлекеттiң азаматтарына қатысты немесе басқа мемлекеттiң аумағында;
      террорист те және терроризмнiң құрбаны да бiр мемлекеттiң немесе әртүрлi мемлекеттiң азаматтары болып табылған, бiрақ қылмыс осы мемлекеттер аумағының шегiнен тыс жерлерде жасалған жағдайда жүзеге асыратын террористiк іс-әрекет;
      4) террористiк акция - терроризм актiсiн не Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарында көзделген террористiк мақсаттарды қудалайтын өзге де қылмыстарды тiкелей жасау;
      5) терроризм актiсi - жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулi мүлiктiк зиян келтiру не қоғамға қауiптi зардаптар туындау қаупiн төндiретiн өзге де iс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер ондай iс-әрекеттер қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру не Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттердiң немесе халықаралық ұйымдардың шешiм қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ адам өмiріне дәл сол мақсаттарда қастандық жасау, сол сияқты мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өмiрiне оның мемлекеттiк немесе өзге де саяси қызметiн тоқтату не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында қастандық жасау;
      6) террористiк ұйым - террористiк іс-әрекеттi жүзеге асыру мақсатында құрылған немесе өзiнiң iс-әрекетiнде терроризмдi пайдалану мүмкіндігін мойындайтын ұйым. Ұйым, егер осы ұйымның басқарушы органдарының бiрiнiң келiсiмiмен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң бiрi террористiк іс-әрекеттi жүзеге асыратын болса, террористік ұйым деп танылады;";
      8) тармақшадағы "террористерді" деген сөзден кейін ", жарылғыш қондырғыларды" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 7-бапта:
      1-тармақта "террорлық іс-әрекетті" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ террористердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту, қару-жарақты, жарылғыш, уландыратын, психотроптық заттарды, радиоактивті материалдарды және террористік акция жасау үшін пайдаланылуы мүмкін өзге де заттарды мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізу әрекеттерін" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әуе, су және жер

кеңістігінің қауіпсіздігін, терроризмге қарсы операциялар жүргізуді 
қамтамасыз етуге қатысады."; 
     4) 21-бапта: 
     бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: 
     "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы 
Бас прокурорының ұсынуымен Қазақстанның аумағында террористік қызметті 
жүзеге асырушы қоғамдық бірлестіктің немесе халықаралық ұйымның іс-әрекеті 
тоқтатылады."; 
     төртінші бөлік алып тасталсын. 
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А. 
     
Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 260954
    Қазақ тілінде 130322
    Орыс тілінде 129765
    Ағылшын тілінде 867
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы