Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне микрокредиттік ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 28 наурыздағы N 398-II заңы

      2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      1) мынадай мазмұндағы 168-1-баппен толықтырылсын:

      "168-1-бап. Микрокредиттік ұйымдар туралы заңдардың талаптарын
                бұзу

      1. Микрокредиттік ұйымдардың микрокредиттік ұйымдар туралы заңдарға сәйкес тыйым салынған не олардың құқық қабілеттілігі шегінен тыс операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыруы,-
      лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға мәміле сомасының оннан бір процентіне дейінгі не операциялар бойынша алынған кіріс сомасының елу процентіне дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Микрокредиттік ұйымның бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күні шындыққа сәйкес келмейтін жарнаманы хабарлауы немесе жариялауы, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса,-
      заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Микрокредиттік ұйым ретінде тіркелмеген заңды тұлғаның өз атауында, құжаттарында, хабарландырулары мен жарнамасында "микрокредиттік ұйым", "МКҰ" деген сөздерді немесе микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратындығын көздейтін олардан туындаған сөздерді пайдалануы,-
      заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      2) 541-баптың бірінші бөлігі "163" деген цифрдан кейін ", 168-1" деген цифрлармен толықтырылсын;
      3) 572-баптың бірінші бөлігіндегі "168-171" деген цифрлар "168, 169-171" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      4) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының жиырма жетінші абзацы "163" деген цифрдан кейін "168-1" деген цифрлармен толықтырылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 261194
    Қазақ тілінде 130431
    Орыс тілінде 129889
    Ағылшын тілінде 874
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы