Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдарының қызметін және құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 29 қазандағы № 374-V ҚРЗ

      БАСПАСӨЗ-АҚПАРАТЫ

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 15, 208-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 16, 128-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат):
      1) 3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы төменгi тұрған прокурорлар жоғары тұрған прокурорларға және Республиканың Бас Прокурорына бағынатын органдардың, ведомстволардың, мекемелердiң және білім беру ұйымының бiртұтас орталықтандырылған жүйесiн құрайды.»;
      2) 4-бап мынадай мазмұндағы 14-1) және 14-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «14-1) Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, оның ішінде құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резервінде тұрғандардың кәсіби деңгейін арттыруды жүзеге асырады;
      14-2) құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді үйлестіреді және жүргізеді;»;
      3) 5-баптың 2-тармағының 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-1) реттеуші мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық кестесіне;»;
      4) 9-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының прокуратурасы жанынан прокуратура органдарының бірыңғай жүйесіне кіретін ведомстволар, мекемелер, білім беру ұйымы құрылуы мүмкін.»;
      5) 11-бапта:
      4)5-1) және 7-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Қазақстан Республикасы прокуратурасы органдарының, ведомстволарының, мекемелерiнiң және білім беру ұйымының барлық қызметкерлерi және жұмыскерлері орындауға мiндеттi, Қазақстан Республикасының прокуратурасын ұйымдастыру және оның қызметiнiң мәселелерi мен материалдық және әлеуметтiк қамсыздандыру шараларын іске асыру тәртiбiн реттейтiн бұйрықтар, нұсқаулар, өкiмдер, ережелер мен нұсқаулықтар шығарады;»;
      «5-1) Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының прокуратурасы жанынан ведомстволарды, мекемелерді және білім беру ұйымын құру, қайта ұйымдастыру және тарату, олардың басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымынан босату туралы ұсыну енгізеді;»;
      «7-1) ведомстволар, мекемелер және білім беру ұйымы басшыларының орынбасарларын, облыстар прокурорларының және оларға теңестiрiлген прокурорлардың орынбасарларын, сондай-ақ, аудандар, қалалар прокурорларын және оларға теңестірілген прокурорларды лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;»;
      мынадай мазмұндағы 11-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «11-2) прокуратураның білім беру ұйымына оқуға қабылдаудың тәртібін айқындайды;»;
      6) 12-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы реттеуші мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарға тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық кестесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейінгі мерзімде орналастырады.»;
      7) 47-2-баптың 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) шет мемлекеттердің құзыретті мекемелерінің өтініші бойынша Қазақстан Республикасының басқа да құқық қорғау органдарының қатысуымен ұстап беру, қылмыстық қудалау, тергеу әрекеттерін жүргізу, сотталғандарды, мәжбүрлеп емдеуден өткізу үшін психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарды ауыстыру мәселелері, қылмыстың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге, қылмыскерлерді іздестіруге, жазаларды орындауға бағытталған өзге де іс-қимылдарды орындау бойынша құқықтық көмек көрсетуге;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шет мемлекеттердің құзыретті мекемелеріне Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының ұстап беру, қылмыстық қудалау, тергеу әрекеттерін жүргізу, сотталғандарды, мәжбүрлеп емдеуден өткізу үшін психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарды ауыстыру мәселелері бойынша, қылмыстың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге, қылмыскерлерді іздестіруге, жазаларды орындауға бағытталған өзге де іс-қимылдарды орындау бойынша құқықтық көмек көрсету жөніндегі тапсырмаларын, өтінішхаттарын, өтініштерін жіберуге;»;
      8) 47-4-бап алып тасталсын;
      9) 52-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) прокуратура органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі;»;
      10) 57-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, прокуратура ведомстволарының, мекемелерінің және білім беру ұйымының басшылары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар бағынысындағы қызметкерлерге белгiленген үлгiдегi куәлiктердi бередi.
      3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, оған бағынысты прокуратуралардың және прокуратура ведомстволарының, мекемелерінің және білім беру ұйымының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы бейнеленген және өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрлерi, қазынашылық органдарында тиiстi шоттары болады.».
      2. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 7, 34, 36-құжаттар; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
      1) 1-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) аттестаттаудан кейінгі дамыту – құқық қорғау органы қызметкерінің аттестаттау нәтижелері бойынша дара кәсіби өзін-өзі даярлауын ұйымдастыру;»;
      мынадай мазмұндағы 1-1), 2-1), 3-1), 4-1), 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-1) ауыстыру – қызметкердің лауазымдық жағдайы мен функционалдық міндеттерінің өзгеруі;»;
      «2-1) басшы лауазым – өзіне бағынысты ұжымның немесе жекелеген қызметкерлердің қызметін ұйымдастыру жөніндегі өкілеттіктер берілген құқық қорғау органының құрылымдық бірлігі;»;
      «3-1) бәсекеге қабілеттіліктің көрсеткіші – қызметке кандидаттың және қызметкердің кәсіби құзыреттеріне, сондай-ақ лауазым үшін негізгі көрсеткіштеріне және кәсіби жетістіктері туралы объективті деректеріне негізделген кәсіби әлеуетінің нысандық сандық мәні;»;
      «4-1) ведомстволық деректер банкі – құқық қорғау органының қызметке кандидаттар және кадр резервіне қойылған қызметкерлер туралы мәліметтер қамтылатын ақпараттық базасы;
      4-2) жас қызметкерлер – құқық қорғау қызметіне алғаш тұрған және қызметке тұрған күнінен бастап бір жыл мерзім бойы оны өткеретін адамдар;
      4-3) жас қызметкерлердің бейімделуі – жас қызметкердің кәсіби дағдыларды меңгеру, ұйымдық (корпоративтік) мәдениетке қосылу, құқық қорғау органындағы қызметке бейілділікті қалыптастыру процесі;»;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) кадр резерві – басшы лауазымдарға тағайындау үшін қажетті кәсіби және жеке басы қасиеттері бар қызметкерлердің белгіленген тәртіппен қалыптастырылған тобы;»;
      мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5-1) кадрлық болжам – кадрларды дамыту бағыттары және олардың болашақ жай-күйі туралы дәлелді ұсынулар жүйесі;
      5-2) кадрлық жоспарлау – кадрларға қажеттілікті жүйелі талдау және құқық қорғау органдарының тиісті лауазымдарында білікті мамандардың қажетті санымен қамтамасыз ету процесі;»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) құқық қорғау қызметі – құқық қорғау органдары лауазымдарындағы мемлекеттік қызметтің ерекше түрі, сондай-ақ, осы Заңның 44-бабында көзделген жағдайларда қызмет өткеру;»;
      мынадай мазмұндағы 7-2), 7-3), 10-1) және 10-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «7-2) құқық қорғау органының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуал – құқық қорғау органының алдында тұрған міндеттерді дұрыс түсінумен сипатталатын психологиялық күй;
      7-3) құқық қорғау органының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалды әлеуметтік мониторингтеу – құқық қорғау органының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйі туралы ақпарат алуға бағытталған әлеуметтік процестер мен құбылыстарды жүйелі зерделеу;»;
      «10-1) қызметтік тергеп-тексеру – қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасауының мән-жайын толық, жан-жақты және объективті анықтау мақсатында ол туралы материалдар мен мәліметтерді жинау және тексеру жөніндегі қызмет;
      10-2) лауазым бойынша разряд – қызметкерлердің қол жеткізген нәтижелері негізінде айқындалатын және еңбекақысын саралауға әсер ететін кәсіби біліктілік дәрежесі;»;
      11)12) және 12-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) мансаптық өсу – лауазымдық ауыстырылу және кәсіби даму кезеңдеріне сәйкес қызметкерді қызмет бойынша жоғарылату;»;
      «12) ротация – қызмет мүддесіне орай кадрлық әлеуетті ұтымды пайдалану мақсатында жүзеге асырылатын, басшылық лауазымдарды атқаратын қызметкерлерді жоспарлы ауыстыру;
      12-1) ротацияны жоспарлау – қызметкердің жоспарлы лауазымдық ауыстырылуы және кәсіби дамуы кезеңдерін айқындауға бағдарланған процесс;»;
      мынадай мазмұндағы 12-2) және 12-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «12-2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет – мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі органдардың сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге бағытталған қызметті жүзеге асыратын жедел-тергеу бөлімшелері;
      12-3) тәлімгер – жас қызметкер бекітіліп берілген, оның кәсіби даярлығы мен дамуына практикалық көмек көрсететін қызметкер;»;
      2) 2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Құқық қорғау органдарындағы қызметтің құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заңда көзделген ерекшеліктермен қоса Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі мен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері болып табылады.»;
      3) 3-баптағы «, мемлекеттік өртке қарсы қызмет» деген сөздер алып тасталсын;
      4) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
      «5-1-бап. Кадр қызметі
      Кадр қызметі өз құзыреті шегінде:
      1) құқық қорғау органының кадрларға қажеттілігін талдайды және жоспарлайды;
      2) құқық қорғау органы құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі туралы заңнамасын орындау жөніндегі қызметін үйлестіреді;
      3) аттестаттауды және конкурстық іріктеуді жүргізу, қызмет бойынша жоғарылату, қызметкерлерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, қызметкерлерді қызметтен босату рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
      4) құқық қорғау қызметіне кандидаттарды алдын ала зерделеуді және іріктеуді, кадрларды іріктеуді ұйымдастырады, қызметкерлердің құқық қорғау қызметін өткеруімен байланысты құжаттарды ресімдейді;
      5) құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді;
      6) қызметкерлердің тағылымдамасын, тәлімгерлігін, қызметін бағалауды, оқуын, қайта даярлығын (қайта мамандануын) және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады, көтермелеулерді қолдану тәртібін әзірлейді;
      7) қызметкерлердің дербес деректерін, бағалау, аттестаттау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді есепке алуды жүзеге асырады;
      8) құқық қорғау органының бөлімшелерінде қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
      9) құқық қорғау органының басшысы бекітетін әдістемеге сәйкес кадрмен қамтамасыз ету және кадр саясаты субъектілерінің жұмыс сапасы нәтижелерін бағалайды;
      10) ұйымдық-штаттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
      5) 7-бапта:
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Құқық қорғау органдарына қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді құқық қорғау органдарының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын тәртіппен кадр қызметтері жүзеге асырады.
      Кадрларға қажеттілікті қанағаттандыру үшін мамандықтардың тізбесін кадрлық жоспарлауды ескере отырып, құқық қорғау органының басшысы бекітеді.
      2. Құқық қорғау органдарына қызметке тұру кандидаттың бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші және оның кәсіби құзыреттерге сай келу дәрежесі ескеріле отырып, конкурстық негізде жүзеге асырылады. Бұрын құқық қорғау органдарының қызметкерлері болған адамдарды қоспағанда, қызметке кандидаттар тағылымдамадан өтуге міндетті.
      Кәсіби құзыреттерді, негізгі көрсеткіштерді және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің есебін айқындау тәртібі мен әдістерін құқық қорғау органының басшысы бекітеді.
      Конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін, конкурс пен тағылымдама өткізу шарттары мен тәртібін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша құқық қорғау органының басшысы айқындайды.
      Құқық қорғау органдарының орталық аппараттарында, ведомстволарында конкурс өткізу кезінде хабарландырулар құқық қорғау органдарының интернет-ресурстарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады. Аумақтық бөлімшелерде конкурс өткізу туралы хабарландырулар құқық қорғау органдарының интернет-ресурстарында, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады.
      Конкурстық іріктеуден өтпеген азаматтарды лауазымға қабылдаған лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тәртіптік жауаптылыққа тартылады.»;
      мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
      «5. Құқық қорғау органының кадр қызметі қызметке кандидаттардың ведомстволық деректер банкін олардың бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткішін көрсете отырып жүргізеді.
      6. Ведомстволық деректер банкін қалыптастырудың және онымен жұмыс істеудің тәртібін құқық қорғау органының басшысы айқындайды.»;
      6) 9-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы міндет қызметкер денсаулық жағдайы бойынша әскери-дәрігерлік комиссияның қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы қорытындысы негізінде не құқық қорғау органы штаттарының қысқартылуына немесе оның қайта ұйымдастырылуына не таратылуына байланысты басқа лауазымға пайдаланудың, сондай-ақ оны басқа құқық қорғау органына не арнаулы мемлекеттік органға ауыстыру мүмкін болмаған жағдайларда қызметтен босатылған болса, оған қолданылмайды.»;
      7) 12-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Құқық қорғау қызметіне алғаш тұратын адамдар үшiн тиiстi лауазымға тағайындала отырып, үш айға дейін сынақ мерзiмi белгіленеді.
      Сәйкестіліктің кезеңдік бақылауының нәтижелері бойынша сынақ мерзімі үш айға дейін ұзартылуы мүмкін.
      Прокуратура органдарына қызметке алғаш тұратын адамдар үшін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайтын тәртіппен бір жылға дейін сынақ мерзімі белгіленеді.
      Жас қызметкерлерді бейімдеу және тәлімгерлікті жүзеге асыру тәртібін құқық қорғау органының басшысы айқындайды.»;
      8) 13-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қызметкерлердің уақтылы Ант қабылдауы, қызметкерлердің Ант қабылдауын ұйымдастыру және оның есебін жүргізу құқық қорғау органдары кадр қызметтерінің басшыларына жүктеледі.»;
      9) 15-бапта:
      1-тармақта:
      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «17) оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметті жүзеге асыруға;»;
      мынадай мазмұндағы 18) және 19) тармақшалармен толықтырылсын:
      «18) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тиісті уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын пайдалануға;
      19) ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүруге құқығы бар.»;
      2-тармақтағы «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерін» деген сөздер «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлерді, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүрудің тәртібін құқық қорғау органының басшысы бекітеді.»;
      10) 16-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Мемлекеттік қызметтің әдеп кодексінің талаптарын сақтауға;»;
      11) 20-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерін» деген сөздер «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлерді, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) 22-бапта:
      3-тармақта:
      2) тармақша «, «азаматтық қорғау» деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақша алып тасталсын;
      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Құқық қорғау органдарында бұрын қызмет өткерген адамдар қызметке қайта қабылданған (оқуға түскен) кезде, басқа құқық қорғау органынан iссапарға жiберу тәртiбiмен қабылданған адамдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген адамдар, әскери қызметшілер бұрынғы қызмет орны бойынша берілген немесе белгіленген өздерiнде бар сыныптық шенмен, арнаулы немесе әскери атақпен, біліктілік сыныбымен лауазымға тағайындалады (оқуға қабылданады), олар кейіннен жаңа қызмет (оқу) орны бойынша берілетін немесе белгіленетін арнаулы атаққа немесе сыныптық шенге теңестіріледі.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Бұрын «ішкі қызмет аға прапорщигі», «өртке қарсы қызмет аға прапорщигі», «ішкі қызмет прапорщигі», «өртке қарсы қызмет прапорщигі», «әділет аға прапорщигі», «әділет прапорщигі» әскери немесе арнаулы атақтары берілген адамдар осы Заңда көзделген негіздер бойынша өз қызметтерін тоқтатқанға дейін осы атақтарда қызметтерін жалғастыруға құқылы.»;
      13) 22-1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Мемлекеттік органдарға және халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеп-тексерулер қызметінің қызметкерлеріне кезекті біліктілік сыныптары білімі мен еңбек сіңірген жылдары ескеріліп, біліктілік сыныбында белгіленген еңбек сіңіру мерзімі өткеннен кейін реттілік тәртібімен белгіленеді.»;
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Құқық қорғау органдарында бұрын қызмет өткерген адамдар қызметке қайта қабылданған кезде, басқа құқық қорғау органынан іссапарға жіберу тәртібімен қабылданған адамдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген адамдар, әскери қызметшілер біліктілік сыныбы теңестірілгенге дейін бұрынғы қызмет орны бойынша берілген өздерінде бар сыныптық шенмен, арнаулы немесе әскери атақпен лауазымға тағайындалады.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Бірінші біліктілік сыныптарын құқық қорғау органының басшысы белгілейді.
      Орта және аға басшылық құрамның кезекті біліктілік сыныптарын:
      1) 4-санатты біліктілік сыныбына дейін қоса алғанда – уәкілетті басшы;
      2) 1-санатты біліктілік сыныбына дейін қоса алғанда – құқық қорғау органының басшысы белгілейді.»;
      14) 23-бап мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
      «11. Мемлекеттік органдарға және халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген қызметкерлерге кезекті арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер білімі мен еңбек сіңірген жылдары ескеріліп, арнаулы атақта немесе сыныптық шенде еңбек сіңірудің белгіленген мерзімі өткеннен кейін реттілік тәртібімен беріледі.»;
      15) 24-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Арнаулы атақта немесе сыныптық шенде еңбек сіңіру мерзімі қызметкерге тиісті арнаулы немесе әскери атақ, сыныптық шен берілген күннен бастап есептеледі, бұл ретте еңбек сіңіру мерзіміне лауазымдардағы қызметтің нақты уақыты, сондай-ақ осы Заңның 44-бабында көзделген жағдайларда қызмет өткеруі және қызметкердің бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыста болу кезеңі кіреді.
      Қызметкерді кезекті арнаулы атақ немесе сыныптық шен беруге ұсыну негізсіз кешіктірілген жағдайда, тиісті арнаулы атақ немесе сыныптық шен оның алдындағы арнаулы атақта немесе сыныптық шенде болу мерзімі өткеннен кейінгі келесі күннен бастап беріледі.»;
      16) 26-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл ретте атқаратын лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан, сыныптық шеннен немесе біліктілік сыныбынан мерзiмiнен бұрын немесе бiр саты жоғары арнаулы атақтар, сыныптық шендер немесе біліктілік сыныптарын беру (белгілеу) құқық қорғау органындағы қызметiнiң бүкіл кезеңi iшiнде әрбiр негiз бойынша екi реттен артық жүргiзiлмейдi.»;
      17) 28 және 29-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «28-бап. Соттың айыптау үкімімен арнаулы атақтардан, сыныптық шендерден немесе біліктілік сыныптарынан айыру
      1. Қызметкерлерге қатысты арнаулы атақтардан, сыныптық шендерден немесе біліктілік сыныптарынан айыру туралы соттың заңды күшiне енген айыптау үкiмiн орындауды:
      1) капитанға дейін, 1-сыныпты заңгерді, 4-санатты біліктілік сыныбын қоса алғанда – уәкілетті басшы жүзеге асырады;
      2) полковникке дейін, аға кеңесшіні, 1-санатты біліктілік сыныбын қоса алғанда – құқық қорғау органының басшысы жүзеге асырады;
      3) жоғары басшы құрамға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Арнаулы атақтан, сыныптық шеннен немесе біліктілік сыныбынан заңсыз айырған жағдайларда, соттың шешіміне сәйкес бұрынғы атағын, біліктілік сыныбын қалпына келтiру туралы бұйрықты құқық қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi басшы шығарады.
      3. Арнаулы атақтан, сыныптық шеннен немесе біліктілік сыныбынан заңсыз айырылған кезең қалпына келтiрiлген арнаулы атақта, сыныптық шенде немесе біліктілік сыныпта еңбек сiңiру мерзiмiне кiредi. Арнаулы атағынан, сыныптық шенінен немесе біліктілік сыныбынан заңсыз айырылған адамдарға материалдық залал толық көлемде өтеледi.»;
      «29-бап. Құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрам лауазымдарына орналасудың жалпы қағидалары
      1. Қатардағы, кiшi, орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдар орналасуға жататын лауазымдарды және осы лауазымдарға сәйкес келетiн арнаулы атақтарды немесе сыныптық шендердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық қорғау органының басшысы айқындайды.
      2. Орта, аға және жоғары басшы құрам лауазымдарына тағайындалатын адамдар оларға арнаулы атақ, сыныптық шен берiлгенге, біліктілік сыныбы белгіленгенге немесе құқық қорғау органдарының кадрларына қабылданғанға дейiн атқаратын лауазымы бойынша қызметтiк мiндеттерiн атқарады.
      3. Адам мансаптық өсудің барлық кезеңдерінен міндетті түрде өтіп, қойылатын біліктілік талаптарына қатаң сәйкес келген жағдайда лауазымға тағайындауды, қызметi бойынша жоспарлы ауыстыруды құқық қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi басшы жүргiзедi. Мансаптық өсу жүйесі мен өлшемшартын құқық қорғау органының басшысы айқындайды.
      Конкурстық негiзде орналасатын құқық қорғау органдары лауазымдарының тiзбесiн, құқық қорғау органдарында конкурс және тағылымдама өткізу шарттары мен тәртiбiн, сондай-ақ құқық қорғау органдарының лауазымдары санаттарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келiсу бойынша құқық қорғау органының басшысы бекітеді.
      4. Лауазымға тағайындау және қызмет бойынша ауыстыру қызметкердің кәсіби құзыреттері және бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      5. Орта және аға басшы құрамдағы адамдарды лауазымға тағайындау және қызметі бойынша ауыстыру кезiнде оларды негiзгi мамандығы бойынша не бар тәжiрибесiне сәйкес пайдалану қамтамасыз етiледi, ал олар үшін жаңа мамандықтағы лауазымдарға пайдалану қажет болған кезде олар тағайындау алдында тиiстi курстарда (жиындарда) қайта даярлықтан өтуге тиiс.
      6. Бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтер және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар құқық қорғау органының басшысы айқындайтын тәртіппен ведомстволық ақпараттық-анықтамалық жүйелерде орналастырылады.
      7. Құқық қорғау органын уақтылы және толық жасақтау үшін кадр қызметі құқық қорғау органының басшысы бекітетін әдістемеге сәйкес кадрлық болжамды жүзеге асырады.
      8. Құқық қорғау қызметінің учаскелерінде, бағыттарында іс-қимылдарды ретке келтірудің ұтымды дәрежесіне қол жеткізу мақсатында құқық қорғау органының басшысы айқындайтын тәртіппен жұмыс стандарттары (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгіленеді.»;
      18) 30-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдар Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының білім беру ұйымына басшылыққа және арнайы пәндер бойынша педагогтік қызметке тағайындалған кезде олардың білім беру ұйымына тағайындалғанға дейiнгi негiзгi соңғы лауазымы бойынша лауазымдық айлықақысы сақталады. Әрбiр нақты жағдайда лауазымдық айлықақыны сақтау туралы шешiмдi лауазымға тағайындалғанға дейiн білім беру ұйымы басшылығының ұсынуы және құқық қорғау органы орталық аппаратының кадр қызметінің қорытындысы бойынша құқық қорғау органының басшысы қабылдайды.
      Сақталған лауазымдық айлықақыны төлеу лауазымы төмендетiлген кезде тоқтатылады.»;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдарды басқа лауазымдарға, сондай-ақ басқа жерге ауыстыру қажет болған кезде бұл туралы шешімді осы адамдардың даярлығы мен қызмет тәжірибесін, сондай-ақ олардың және олардың отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдердің болмауын ескере отырып, олардың келісімімен тиісті уәкілетті басшылар қабылдайды.»;
      19) 31 және 33-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «31-бап. Ротация
      1. Құқық қорғау органдарында қызмет өткеру кезінде кәсіби әлеуетін анағұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау органының басшылық лауазымдарын атқаратын қызметкерлерін ротациялау жүзеге асырылады.
      Басшылық лауазымдардың тізбесін құқық қорғау органының басшысы айқындайды.
      Құқық қорғау органының басшылық лауазымдарын атқаратын, ротацияланатын қызметкерлерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде жекешелендіру құқығынсыз қызметтік тұрғын үй беріледі.
      2. Ротация құқық қорғау органы басшысының шешімімен жоспарлы негізде бес жылда бір рет жүзеге асырылады. Қабылданған шешім бұйрықпен ресімделеді. Қызметке басқа жерге ротацияға – қызметкердің жазбаша келісімімен, ал қызмет мүддесі үшін – лауазымда болу мерзіміне қарамастан және қызметкердің келісімінсіз жол беріледі.
      Ротация мынадай схемалардың бірі бойынша жүргізіледі:
      1) деңгейаралық («орталық-өңір», «өңір-орталық»);
      2) өңіраралық («өңір-өңір»);
      3) сектораралық («орталық-орталық»).
      3. Мүгедек балалары, оның ішінде асырап алған балалары (қорғаншы болып табылатын) немесе асырауында қарт ата-анасы не онымен тұрақты бірге тұратын және 1 және 2-топтағы мүгедектігі бар отбасы мүшелері бар лауазымды адамдар басқа жерге көшумен байланысты ротацияға жатпайды. Көрсетілген мән-жайлар құжат түрінде расталуға тиіс.
      4. Ротацияға жататын басшылық лауазымдардың тізбесін және оларды ауыстыру тәртібін құқық қорғау органының басшысы айқындайды.»;
      «33-1-бап. Құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резерві
      1. Құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резерві құқық қорғау органдарының жоғары тұрған бос басшы лауазымдарына орналастыру үшін қызметкерлерді сапалы іріктеу мақсатында қалыптастырылады.
      Құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резервін қалыптастыру тәртібін және оның лауазымдар тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
      2. Құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резервінде тұратын қызметкерлер прокуратураның білім беру ұйымында кәсіби қайта даярлықтан өтеді және біліктілігін арттырады.»;
      20) 34-баптың 2569 және 10-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Құқық қорғау органының кадр резерві кейіннен бос басшы лауазымдарға орналастыру үшін жоспарлы негізде қалыптастырылады.»;
      «5. Кадр резервін қалыптастыру және онымен жұмысты ұйымдастыру жауапкершілігі құқық қорғау органының басшысына немесе уәкiлеттi басшыға және кадр қызметіне жүктеледі. Құқық қорғау органдарында кадр резерві кадрлардың сапалық құрамы және тиісті лауазымдарға орналастыру қажеттілігі ескеріле отырып қалыптастырылады.
      6. Кадр резервіне қоюды құқық қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi басшы қызметкердің бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткішін ескере отырып жүзеге асырады.»;
      «9. Құқық қорғау органының кадр қызметі кадр резервіне қойылған қызметкерлердің тізімін және ведомстволық деректер банкін жүргізеді.
      10. Кадр резервін қалыптастыру тәртібін, кадр резервіне қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмысты құқық қорғау органының басшысы айқындайды.»;
      21) 36-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Қызметкерлерді кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдары мен ғылыми мекемелерінде, құқық қорғау органдарының қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған мекемелерінде, сондай-ақ, басқа да білім беру ұйымдары мен мекемелерінде жүзеге асырылады.
      Қызметкерлерді кәсіби даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың мазмұны және жүзеге асырылу тәртібі құқық қорғау органдарының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.»;
      22) 37-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Кадр резервіне қою үшін кандидаттарды іріктеу қызметкерлердің жеке басының және кәсіби қасиеттерін, олардың қызметінің нәтижелерін зерделеу және бағалау, сондай-ақ аттестаттау комиссиясының шешімі негізінде жүргізіледі.
      Кадр резервіне қою үшін кандидаттардың кәсіби қасиеттерін бағалау бәсекеге қабілеттіліктің көрсеткіші ескеріле отырып жүргізіледі.»;
      «4. Кадр резервіне қоюға кандидаттарды іріктеуді кадр қызметтері жүзеге асырады. Кадр резервіне қойылғандардың тізімін құқық қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi басшы бекітеді және ол ведомстволық деректер банкіне енгізіледі. Тиісті лауазымға ұсыну үшін кадр резервіне қойылатын қызметкерлердің саны екі адамнан кем болмауға тиіс.»;
      23) 38-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қызметкерді қызметтік міндеттерін атқарудан уақытша шеттету туралы құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшының бұйрығы шығарылады. Қызметкер қызметтік міндеттерін атқарудан уақытша шеттету туралы бұйрықпен шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей таныстырылуға тиіс. Бұйрықпен танысуы қызметкердің қол қоюымен куәландырылады.
      Қызметкерді қызметтік міндеттерін атқарудан уақытша шеттету туралы бұйрықпен жеке таныстыру мүмкін болмаған жағдайда, құқық қорғау органының кадр қызметі оған тұрғылықты жері бойынша қызметтік міндеттерін атқарудан уақытша шеттету туралы бұйрықтың көшірмесін хабарламасы бар хатпен жіберуге міндетті.»;
      24) 43-бапта:
      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Құқық қорғау органының штаты қысқартылған кезде қысқартылатын лауазымды атқарып отырған қызметкермен құқықтық қатынастар:»;

      «1-1. Құқық қорғау органы қайта ұйымдастырылған жағдайда, жаңадан құрылған органның басшылығы қайта ұйымдастырылған органның қызметкеріне оның біліктілігіне сәйкес лауазымды ұсынады.
      Қызметкер ұсынылып отырған лауазымнан бас тартқан жағдайда, осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметтен босатылады.»;
      25) 46-1-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Қызметкер ұсынылған лауазыммен келіспейтінін жазбаша баяндаудан бас тартқан кезде құқық қорғау органының кадр қызметі акт ресімдейді, ол қызметкердің жеке ісіне қоса тіркеледі.
      Қызметкер ұсынылатын лауазымға орналасудан бас тартқан жағдайда ол қызметтен босатылуға жатады.»;
      26) мынадай мазмұндағы 46-2-баппен толықтырылсын:
      «46-2-бап. Қызметті бағалау
      1. Қызметкерлер жұмысының тиімділігі мен сапасын айқындау үшін олардың қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізіледі.
      2. Қызметкерлердің қызметін жыл сайынғы бағалау нәтижелері сыйлықақы беру, көтермелеу, оқыту, мансаптық өсу, ротация, сондай-ақ сараланған еңбекақы белгілеу жөнінде шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады. Еңбекақы төлеуді саралау әрбір лауазым бойынша разрядтарға сәйкес жүргізіледі.
      Қызметкерлердің қызметін бағалау нәтижелері оларды аттестаттаудан өткізу жөнінде шешімдер қабылдау үшін үш жыл бойы негіз болып табылады.
      3. Қызметкерлердің қызметін бағалау тәртібін, разрядтар беру тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.»;
      27) 47-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Бәсекеге қабілеттіліктің көрсеткіші ескеріле отырып, қызметкердің кәсіби құзыреттерге сәйкестігі аттестаттау кезінде бағалаудың негізгі өлшемшарты болып табылады.»;
      28) 48-баптың 1234569 және 10-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Аттестаттауды өткізу мерзімі келген кезде құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшының тапсырмасы бойынша тиісті кадр қызметтері аттестаттау өткізуге дайындықты ұйымдастырады.
      2. Дайындық:
      1) аттестаттау өткізудің кестесін әзірлеуді;
      2) аттестаттау өткізудің мақсаты мен тәртібі туралы түсіндіру жұмысын ұйымдастыруды;
      3) тестен өткізу мерзімдерін және орнын айқындауды;
      4) аттестатталушы қызметкерлердің қажетті құжаттарын дайындауды қамтиды.
      Тестен өтудің тәртібі мен шарттары, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер, сондай-ақ лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндер (бұдан әрі – шекті мәндер) құқық қорғау органдарының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
      3. Құқық қорғау органының кадр қызметі осы Заңға сәйкес аттестатталуға жататын қызметкерлерді алты ай ішінде бір рет айқындайды.
      4. Басшы аттестатталуға жататын қызметкерлердің тізімін және оны өткізу мерзімдерін кадр қызметінің ұсынуы бойынша бекітеді.
      5. Кадр қызметі аттестаттауды өткізу мерзімдері туралы өткізу басталардан кемінде бір ай бұрын қызметкерлерді жазбаша хабардар етеді.
      6. Аттестатталуға жататын қызметкерге қызметтік мінездемесі ресімделеді және аттестаттау комиссиясының отырысына дейінгі үш аптадан кешіктірілмейтін мерзімде кадр қызметіне жіберіледі.»;
      «9. Қызметкер өзіне берілген қызметтік мінездемемен келіспейтіні туралы мәлімдеуге және кадр қызметіне өзін сипаттайтын қосымша ақпаратты беруге құқылы.
      10. Кадр қызметі жиналған аттестаттау материалдарын аттестаттау комиссиясына оның отырысына дейінгі бір аптадан кешіктірілмейтін мерзімде жібереді.»;
      29) 49-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Басшы аттестаттау комиссиясының құрамын және оның жұмыс кестесін кадр қызметінің ұсынуы бойынша бекітеді.»;
      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Кадр қызметінің өкілі аттестаттау комиссиясының хатшысы болып табылады, оны комиссия басшысы айқындайды.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Аттестаттау комиссиясының құрамына құрылымдық бөлімшелердің басшылары, кадр қызметтерінің өкілдері (не осы бөлімшелер есеп беретін адамдар), сондай-ақ аттестаттаудан өтетін қызметкерлерді қоспағанда, құқық қорғау органының, құқық қорғау органы білім беру ұйымының немесе құқық қорғау органы мемлекеттік мекемесінің өзге де қызметкерлері кіреді.»;
      30) 50-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Кадр қызметі аттестаттау комиссиясының шешімін қызметкердің аттестаттау парағына енгізеді, қызметкер шешіммен ол қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қолын қоя отырып, танысады.»;
      31) мынадай мазмұндағы 53-1-баппен толықтырылсын:
      «53-1-бап. Қызметкерді аттестаттаудан кейінгі кезеңде дамыту
      1. Аттестаттаудан өткен қызметкерге қатысты қызметкердің кәсіби құзыретінің деңгейін арттыруға бағытталған аттестаттаудан кейінгі дамыту бағдарламасы жасалады.
      2. Бағдарлама осы Заңда айқындалған мерзімдерге сәйкес қызметкерді келесі аттестаттауға дейін қолданыста болады және оны құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшысы бекітеді.»;
      32) 7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-тарау. Құқық қорғау органының бөлімшелеріндегі қызметтік тәртіп және моральдық-психологиялық ахуал»;
      33) 54-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Тәртіптік теріс қылықтардың ауырлығын бағалау жүйесі мен тәртіптік жауаптылықты қалыптастыру тәртібін (тәртіптік практикадағы профилактикалық функцияларды күшейту) Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.»;
      34) мынадай мазмұндағы 54-1-баппен толықтырылсын:
      «54-1-бап. Құқық қорғау органының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуал
      1. Құқық қорғау органының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін зерделеу мақсатында жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізіледі.
      Құқық қорғау органының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің тәртібі мен әдістемесін құқық қорғау органының басшысы айқындайды.
      2. Құқық қорғау органының басшысы, құқық қорғау органының уәкілетті басшысы және басшылық лауазымдарды атқаратын қызметкерлер өздеріне сеніп тапсырылған бөлімшелердегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне дербес жауапты болады.»;
      35) 55-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қызметкерге осы бапта көзделген көтермелеулерді қолдану тәртібі құқық қорғау органдарының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.»;
      36) 57-баптың 914 және 15-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Тәртiптiк жаза қолдану туралы бұйрықпен танысудан бас тарту құқық қорғау органының кадр қызметі жасайтын актiде ресiмделедi және арнайы журналда тiркеледi.
      Қызметкерді тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықпен жеке таныстыру мүмкін болмаған жағдайда, құқық қорғау органының кадр қызметі тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтың көшірмесін қызметкерге хабарламасы бар хатпен жіберуге міндетті.»;
      «14. Қызметкер еңбекке уақытша жарамсыз, демалыста немесе iссапарда болған кезеңде, іссапарға жіберу оны тәртіптік жауаптылыққа тартуға байланысты болатын жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ егер тәртіптік терiс қылық жасалған күннен бастап алты айдан астам уақыт өтсе, оған тәртiптiк жаза қолданылмайды.
      15. Еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңi, демалыста, iссапарда болу, уәкілетті органдардың және лауазымды адамдардың шешімдеріне, актілері мен ұсынымдарына, тәртіптік жаза қолдану үшін негіз болып табылатын қызметтік тексеру актілеріне (қорытындыларына, нәтижелеріне) шағым жасау кезеңінде, егер жасалған тәртіптік терiс қылық туралы осы кезеңде немесе ол басталғанға дейiн белгiлi болса, жаза қолдану мерзімі тоқтатыла тұрады. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің немесе арнайы зерттеулердің (сараптамалардың) нәтижелері болмаған кезде қызметтік тергеп-тексеру және жаза қолдану мерзімінің қолданысы тоқтатыла тұруы мүмкін.»;
      37) 60-бапта:
      1-тармақта:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) егер бұл құқық бұзушылықтың жолын кесу, құқық бұзушының жеке басын анықтау, сондай-ақ егер хаттама жасау міндетті болып табылса, оны сол орында жасау мүмкін болмаған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау мақсатында қажет болса, құқық бұзушыларды жеткізу;»;
      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) егер жүргізуші қызметкердің тоқтату жөніндегі заңды талаптарына бағынбаса, көлік құралдарына ақау келтіру арқылы оларды тоқтату үшін қолдануға құқығы бар.»;
      мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «1-1. Қызметкерлердің осы Заңда атыс қаруын және өзге де қаруды қолдану рұқсат етілген барлық жағдайларда дене күшін, оның ішінде жауынгерлік күрес тәсілдерін, сондай-ақ арнайы құралдарды қолдануға құқығы бар.
      1-2. Арнайы құралдың түрі, оны қолдану уақытының басталуы мен қарқындылығы орын алған жағдай, құқық бұзушылықтың сипаты және құқық бұзушының жеке басы ескеріле отырып айқындалады.»;
      38) 61-баптың 1-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) құқық қорғау органының атыс қаруын және өзге де қаруды, арнайы көлік құралын тартып алу әрекеттерінің жолын кесу;»;

      «7) қару қолдану ниеті туралы азаматтарға ескерту, дабыл сигналын беру немесе көмекке шақыру үшін;»;
      39) 62-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «62-бап. Атыс қаруын және өзге де қаруды, арнайы құралдарды, дене күшін қолдану шарттары
      1. Атыс қаруы және өзге де қару, арнайы құралдар, дене күші осы Заңда көзделген жағдайларда қалыптасқан жағдай негізге алына отырып қолданылады.
      2. Қызметкерлер атыс қаруын және өзге де қаруды, арнайы құралдарды, дене күшін қолдануға байланысты жағдайларда әрекеттерге жарамдылығына арнайы даярлықтан, мерзімдік тексеруден өтуге міндетті.
      3. Қажетті қорғаныс және аса қажеттілік жағдайларында немесе қылмыс жасаған адамды ұстаған кезде қызметкер өзінде қажетті арнайы құралдар немесе қару болмаған кезде қолда бар кез келген құралды пайдалануға, сондай-ақ осы Заңда белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен жарақтандыруда тұрмаған өзге де қаруды қолдануға құқылы.
      4. Атыс қаруын және өзге де қаруды, арнайы құралдарды, дене күшін қолданған кезде қызметкерлер:
      1) атыс қаруын және өзге де қаруды, арнайы құралдарды, дене күшін қолдануды кешіктіру азаматтардың, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін, өзге де ауыр салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін болатын немесе қалыптасқан жағдайда мұндай ескерту орынсыз немесе мүмкін емес болып табылатын жағдайларды қоспағанда, атыс қаруын және өзге де қаруды, арнайы құралдарды, дене күшін қолдану ниеті туралы ескертуге, бұл ретте оларды қолдану көзделіп отырған адамдарға өзінің талаптарын орындау үшін жеткілікті уақыт беруге міндетті.
      Атыс қаруын және өзге де қаруды, арнайы құралдарды және дене күшін бөлімшенің (топтың) құрамында қолданған жағдайда, көрсетілген ескертуді бөлімше (топ) басшысы немесе арнаулы атағы, сыныптық шені, біліктілік сыныбы жоғары қызметкер жасайды;
      2) жеке тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін қажетті шаралар қолдануға;
      3) атыс қаруын және өзге де қаруды, арнайы құралдарды, дене күшін қолданғаны туралы тікелей басшыға дереу баяндауға міндетті.
      5. Адамдардың қаза табуына немесе өзге де ауыр салдарға әкеп соққан атыс қаруы және өзге де қару, арнайы құралдар, дене күші қолданылған әрбір оқиға туралы прокурорға дереу хабар беріледі.
      6. Қызметкерлердің атыс қаруын және өзге де қаруды, арнайы құралдарды, дене күшін өз өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып қолдануы заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.»;
      40) 65-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жиi және ұзақ ауыратын қызметкерлерді, егер еңбекке жарамсыз болған күндерiнiң саны он екі айда сол бiр ауру бойынша үзiлiссiз төрт айға дейiнгі немесе жыл iшiнде әртүрлi аурулар бойынша бес айға дейiнгi уақытты құрайтын болса, қызметтi одан әрi өткеруге жарамдылығын анықтау үшiн құқық қорғау органының кадр қызметі емдеу-профилактика мекемелерінiң ұсынулары бойынша әскери-дәрiгерлiк комиссияға медициналық куәландыруға жiбередi.»;
      41) 66-баптың 4-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қызметкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде жарақаттануы, жаралануы (контузия алуы), мертігуі, науқастануы салдарынан немесе қызметкер құқық қорғау қызметінен босатылған күнінен бір жыл өткенге дейін міндеттерін атқару кезінде жарақаттануы, жаралануы (контузия алуы), мертігуі, науқастануы салдарынан болған мүгедектік белгіленгенде біржолғы өтемақы:»;
      42) 77-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Қызметкердің бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыста болған уақыты құқық қорғау қызметiндегi өтiлiне, арнаулы атақ, сыныптық шен немесе біліктілік сыныбын беру үшiн еңбек сiңiрген жылдарына есептеледi.
      Құқық қорғау органында атқаратын лауазымының қысқартылуымен ұйымдық-штаттық іс-шаралар жүргізілген жағдайда, қызметкерге біліктік талаптарына сәйкес келген кезде осы жергілікті жерде басқа бос лауазымға орналасуға мүмкіндік беріледі.»;
      43) 80-баптың 1-тармағында:

      «17) ұсынылған лауазымға орналасудан бас тартуына және құқық қорғау органының қарамағында болу мерзімінің өтуіне байланысты;»;
      мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
      «18) құқық қорғау органының таратылуына байланысты жұмыстан шығарылады.».
      3. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат):
      1) 12-баптың 1-тармағында:
      6) тармақшадағы «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерін» деген сөздер «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлерді, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      70-22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «70-22) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлердің, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің саны нормативтерін бекітеді;»;
      70-26) тармақша «уәкілетті органымен келісу бойынша» деген сөздерден кейін «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлердің,» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 59-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
      3) 100-бапта:
      1-тармақ «әскери қызметшілер,» деген сөздерден кейін «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлер,» деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын адамдар, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызмет өткеріп жүрген, арнаулы атақтар берілген адамдар құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мәртебеге ие болады және құқықтар мен жеңілдіктерді пайдаланады.
      Лауазымға орналасуы азаматтық қорғау органдарының тікелей негізгі міндеттері мен функцияларын орындайтын лауазымды адамдарға арнаулы атақтар мен сыныптық шендер беру құқығын беретін азаматтық қорғау органдары лауазымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
      5-тармақтағы «Мемлекеттік» деген сөз «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлердің, мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақ «әскери қызметшілер,» деген сөздерден кейін «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлер,» деген сөздермен толықтырылсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Азаматтық қорғау органдарының және уәкілетті органның ведомствосына ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың қызметкерлері мен өзге де жұмыскерлері төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды жүргізген кезде, оқу-жаттығуларда, жауынгерлік және жедел кезекшіліктерде, оқу орталықтарындағы сабақтарда, жауынгерлік техника сабақтарында, арнайы міндеттерді орындаған кезде арнаулы киім киіп жүреді.
      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлерге, мемлекеттік өрте қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне төтенше немесе соғыс жағдайы қолданылатын кезеңде атыс қаруы мен арнайы құралдарды алып жүру, сақтау және қолдану құқығы беріледі. Атыс қаруы мен арнайы құралдарды қолдану тәртібі «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.»;
      4) 101-баптың 3-тармағы «әскери қызметшілер,» деген сөздерден кейін «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлер,» деген сөздермен толықтырылсын.
      4. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 49-құжат):
      2-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Техникалық жағынан ақаусыз және одан әрі пайдалануға жарамды ерікті түрде өтеулі негізде тапсырылған ұңғысыз атыс қаруы, сондай-ақ жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қару Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен құқық қорғау органдарына берілуі мүмкін.».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 261258
    Қазақ тілінде 130461
    Орыс тілінде 129920
    Ағылшын тілінде 877
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы