Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 28-VІ ҚРЗ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-І, 13-ІІ, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат):

      1) 51-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жіберу осы адамның Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне бес жыл мерзімге тыйым салу белгілене отырып, мәжбүрлеу тәртібімен орындалады.";

      2) 170-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкi тәркiленiп, он екі жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкi тәркiленiп, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға, не өлiм жазасына жазаланады.";

      3) 171-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      4) 172-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      5) 173-бапта:

      "мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкi тәркiленiп, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      6) 179-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "он екі жылдан он жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      7) 181-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      8) 182-бапта:

      "мүлкi тәркiленiп, он жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      "мүлкi тәркiленiп, сегіз жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      "мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, он екі жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      9) 184-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      10) 255-бапта:

      "мүлкі тәркіленіп, алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      "мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      "мүлкі тәркіленіп, он екі жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      "мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға, не өлiм жазасына жазаланады.";

      11) 256-бапта:

      "мүлкі тәркіленіп, бес жылдан тоғыз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      12) 257-бапта:

      "мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      "мүлкi тәркiленiп, он екі жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      13) 258-бапта:

      14) 259-бапта:

      "мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      15) 269-бапта:

      "мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      "мүлкi тәркiленiп, сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      16) 270-бапта:

      "мүлкi тәркiленiп, сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".

      2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-І, 15-ІІ, 88-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат):

      1) 187-бапта:

      бірінші бөліктегі "255, 256, 257, 259" деген цифрлар "255 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 257" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлікте:

      "287 (төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде)," деген сөздер алып тасталсын;

      "291," деген цифрлар алып тасталсын;

      "297" деген цифрлар "297 (бірінші және екінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "394 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)," деген сөздер алып тасталсын;

      бесінші бөлік:

      "182," деген цифрлардан кейін "255 (бірінші және екінші бөліктерінде), 256, 259," деген сөздермен толықтырылсын;

      "286 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде)," деген сөздерден кейін "287 (төртінші және бесінші бөліктерінде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      "290 (екінші бөлігінде)," деген сөздерден кейін "291, 297 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 394 (екінші және үшінші бөліктерінде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      жетінші бөлік "ұлттық қауiпсiздiк" деген сөздерден кейін ", ішкі істер" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 191-бапта:

      екінші бөліктегі "394 (бiрiншi бөлiгiнде)," деген сөздер алып тасталсын;

      он бірінші бөлік "ішкі істер" деген сөздерден кейін ", ұлттық қауіпсіздік" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 11-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "11-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 394 (бiрiншi бөлiгiнде)-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық туралы iстер бойынша анықтауды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған Қазақстан Республикасының iшкi iстер немесе ұлттық қауіпсіздік органдары жүргiзедi.";

      жиырма төртінші бөлік "ішкі істер" деген сөздерден кейін ", ұлттық қауіпсіздік" деген сөздермен толықтырылсын.

      3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 17, 91-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 7, 33-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат):

      70-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу жөніндегі заңды күшіне енген сот үкімін орындау мәжбүрлеу тәртібімен жүргізіледі.

      Шығарып жіберу Қазақстан Республикасының аумағына кіруге бес жыл мерзімге тыйым салу белгілене отырып, шығарып жіберілетін көшіп келушіні Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына дейін шығарып салу арқылы жүзеге асырылады.".

      4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-І, 49, 50-құжаттар; № 7-ІІ, 53, 57-құжаттар; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; 2016 жылғы 6 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында:

      мынадай мазмұндағы 53-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "53-1-бап. Қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру";

      191, 436, 484 және 485-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "191-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын иелену, сақтау, есепке алу, тасымалдау және олармен сауда жасау тәртібін бұзу";

      "436-бап. Елдi мекендерде атыс қаруынан, газды, пневматикалық, лақтырылатын және электрлі қарудан оқ ату, пиротехникалық бұйымдарды қолдану";

      "484-бап. Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу

      485-бап. Атыс, ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қаруды, пневматикалық, лақтырылатын және электрлі қаруды құқыққа сыйымсыз қолдану";

      мынадай мазмұндағы 485-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "485-1-бап. Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу тәртібін бұзу";

      486 және 493-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "486-бап. Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу";

      "493-бап. Тұрғынжай меншік иесiнiң немесе қарамағында тұрғынжайлар, ғимараттар және (немесе) үй-жайлар бар басқа да тұлғалардың оларда нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуге жол беруі не меншік иесіне тиесілі немесе басқа да тұлғалардың қарамағындағы тұрғынжайларда, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда тіркелген және тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуден шығару жөнінде шаралар қолданбауы не жеке тұлғалардың тіркеусіз тұруына жол беруі";

      мынадай мазмұндағы 918-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "918-1-бап. Қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру туралы қаулыны орындау";

      2) 52-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру.";

      3) мынадай мазмұндағы 53-1-баппен толықтырылсын:

      "53-1-бап. Қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру

      Осы Кодекстің 436-бабының бірінші бөлігінде, 484-бабының бірінші бөлігінде, 485-бабының бірінші бөлігінде және 486-бабының бірінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтарды жасаған азаматтық және қызметтік қарудың иелері мен пайдаланушылары қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсыруға жіберіледі.

      Қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулыны осы Кодекстің көрсетілген баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органдар (лауазымды адамдар) шығарады.";

      4) 149-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Террористiк тұрғыдан осал объектінің меншік иесінің, иеленушісінің не басшысының не террористiк тұрғыдан осал объект бойынша күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектісінің өзiне сенiп тапсырылған объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамауы және (немесе) тиiсiнше орындамауы –";

      "үш айға дейінгі мерзімге қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға немесе лауазымды адамдарға – екі жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      5) 191-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тиісті лицензиялары бар заңды тұлғалардың азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын иелену, сақтау, есепке алу, тасымалдау және олармен сауда жасау тәртібін бұзуы –";

      6) 436 және 484-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "436-бап. Елдi мекендерде атыс қаруынан, газды, пневматикалық, лақтырылатын және электрлі қарудан оқ ату, пиротехникалық бұйымдарды қолдану

      1. Елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда атыс қаруынан, газды, электрлі (өзін-өзі қорғау жағдайларын қоспағанда), пневматикалық және лақтырылатын қарудан оқ ату –

      қару тәркiленіп, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Жеке тұлғалардың тыныштығын, белгiленген тәртiптi бұзатын және iрi материалдық залал келтiруге әкеп соқпаған, елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолдану –

      пиротехникалық бұйымдар тәркiленіп, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған әрекеттер –

      пиротехникалық бұйымдар тәркiленіп, ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған, сол сияқты осы Кодекстің 437-бабында көзделген құқық бұзушылық үшiн бiр жыл iшiнде әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адам жасаған әрекеттер –

      әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не заты болып табылған зат тәркiленіп, отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпе. Осы Кодекстің 436 және 482-баптарына сәйкес тәркіленген, одан әрі пайдалануға жарамсыз, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтік қару ретінде айналымға тыйым салынған қару осы Кодекстің 795-бабында көзделген тәртіппен жойылуға жатады.";

      1. Қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге iшкi iстер органдарының рұқсаты бар адамдардың азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзуы –

      жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      жеке тұлғаларға – жиырма, заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      7) 485-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "485-бап. Атыс, ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қаруды, пневматикалық, лақтырылатын және электрлі қаруды құқыққа сыйымсыз қолдану";

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Атыс, ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қаруды, пневматикалық, лақтырылатын және электрлі қаруды құқыққа сыйымсыз қолдану, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –

      қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрып, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      "қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      8) мынадай мазмұндағы 485-1-баппен толықтырылсын:

      "485-1-бап. Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу тәртібін бұзу

      1. Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу тәртібін бұзу –

      атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу құқығына рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрып, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      9) 486-бапта:

      "1. Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін:

      1) жеке тұлғаның қаруды иеленгеннен кейiн оны тiркеу және сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат алу;

      2) жеке тұлғаның азаматтық қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзарту үшін iшкi iстер органына техникалық қарап тексеру үшін қаруды және құжаттарды ұсыну;

      3) қару иесiнiң өзіне тиесiлi қарудың жоғалғаны немесе ұрланғаны туралы iшкi iстер органын хабардар ету;

      4) жеке тұлғаның тұрғылықты жерді өзгерткен кезде қаруды есепке қою үшiн iшкi iстер органдарына өтiнiш жасау;

      5) заңды тұлғаның қызметтiк, азаматтық, коллекциялық қаруды иеленгеннен кейiн оны iшкi iстер органдарында тiркеу;

      6) азаматтық қарудың иесі қайтыс болған жағдайда оны қайта тіркеу немесе комиссиялық өткізуге тапсыру;

      7) заңды тұлғаның қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталған, сол сияқты оны ішкі істер органдарымен келіспестен филиалдарға (өкілдіктерге) беру кезінде қаруды тіркеу (қайта тіркеу) үшін ішкі істер органдарына өтініш жасау мерзімдерінің бұзылуынан болған бұзушылық –

      жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      "жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      10) 490-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы "әкелуге," деген сөзден кейін "әзірлеуге," деген сөзбен толықтырылсын;

      11) 492 және 493-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "492-бап. Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру

      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының күнтізбелік он күннен бір айға дейінгі мерзімде жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тiркеусіз тұруы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Қазақстан Республикасы азаматтарының бір айдан астам мерзімде жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тiркеусіз тұруы –

      жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Осы баптың бірiншi және екінші бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –

      он үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Қазақстан Республикасында шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның күнтізбелік он күннен астам мерзімде тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз не тұруға ықтиярхатсыз немесе азаматтығы жоқ адам куәлiгінсiз не тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адам куәлігі жарамсыз болып тұрақты тұруы, сондай-ақ ішкі істер органдарын паспорттың, тұруға ықтиярхаттың не азаматтығы жоқ адам куәлігінің жоғалғаны туралы уақтылы хабардар етпеуі –

      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Осы баптың төртінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейін бір жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпе. Осы баптың бірінші бөлігінің Қазақстан Республикасы азаматтарының уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеусіз тұруы туралы талабы уақытша болатын (тұратын) жері бойынша бір айға дейінгі мерзімде тұратын уақытша тұрғындарға қолданылмайды.

      493-бап. Тұрғынжай меншік иесiнiң немесе қарамағында тұрғынжайлар, ғимараттар және (немесе) үй-жайлар бар басқа да тұлғалардың оларда нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуге жол беруі не меншік иесіне тиесілі немесе басқа да тұлғалардың қарамағындағы тұрғынжайларда, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда тіркелген және тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуден шығару жөнінде шаралар қолданбауы не жеке тұлғалардың тіркеусіз тұруына жол беруі

      1. Тұрғынжай меншік иесінің немесе қарамағында тұрғынжайлар, ғимараттар және (немесе) үй-жайлар бар басқа да тұлғалардың меншiк иесiне тиесілі немесе басқа да тұлғалардың қарамағындағы тұрғынжайларда, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тiркеуге жол беруi –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –

      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Тұрғынжай меншік иесінің немесе қарамағында тұрғынжайлар, ғимараттар және (немесе) үй-жайлар бар басқа да тұлғалардың меншiк иесiне тиесілі немесе басқа да тұлғалардың қарамағындағы тұрғынжайларда, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда тіркелген және тұрмайтын жеке тұлғаларды тiркеуден шығару бойынша шаралар қолданбауы –

      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Жалдауға берушінің (жалға берушінің) меншiк иесiне тиесілі немесе басқа да тұлғалардың қарамағындағы тұрғынжайларда, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда жеке тұлғалардың тiркеусіз тұруына жол беруi –

      6. Осы баптың бесінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –

      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      12) 496-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.";

      13) 518-бапта:

      "жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      "жеке тұлғаларға – жиырма бес, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      "жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      "жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      14) 675-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "3. Жеке күзет ұйымының күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерінің арнаулы киімін заңсыз киiп жүру (пайдалану) –

      арнаулы киім тәркіленіп, жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      15) 684-баптың бірінші бөлігінде:

      "485 (екiншi бөлiгiнде)," деген сөздер алып тасталсын;

      "496 (екiншi бөлiгiнде)" деген сөздер "496 (екінші және үшінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 685-баптың бірінші бөлігінде:

      "485 (бірінші бөлігінде)" деген сөздер "485, 485-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "496 (бірінші және үшінші бөлiктерiнде)" деген сөздер "496 (бірінші бөлiгiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 726-баптың бірінші және екінші бөліктері "504" деген цифрлардан кейін ", 518, 519" деген цифрлармен толықтырылсын;

      18) 795-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Алып қойылған атыс қаруы мен өзге де қару, сондай-ақ оқ-дәрiлер, арнаулы жедел-iздестiру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдар және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi айқындайтын тәртiппен сақталады немесе жойылады.";

      19) 804-бапта:

      бірінші бөлікте:

      1) тармақшада:

      "485 (екінші бөлігі)," деген сөздер алып тасталсын;

      "496 (екінші бөлігі)" деген сөздер "496 (екінші және үшінші бөліктері)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақшадағы "485 (екінші бөлігі)," деген сөздер алып тасталсын;

      46) тармақшадағы "485 (екінші бөлігі)," деген сөздер алып тасталсын;

      үшінші бөлікте:

      4) тармақша "297," деген цифрлардан кейін "485," деген цифрлармен толықтырылсын;

      5) тармақшадағы "485 (бірінші бөлігі)" деген сөздер "485" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      20) 821-бап мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "3-1. Азаматтық және қызметтік қару иесін және (немесе) пайдаланушысын қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсыруға жіберу кезінде қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулы шығарылады, оның көшірмесі емтихан тапсыруға жіберілетін адамға беріледі.";

      21) 917-баптың 2) тармақшасы "495 (екінші бөлігі)," деген сөздерден кейін "496 (екінші және үшінші бөліктері)," деген сөздермен толықтырылсын;

      22) мынадай мазмұндағы 918-1-баппен толықтырылсын:

      "918-1-бап. Қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру туралы қаулыны орындау

      Қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру туралы қаулыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ішкі істер органдары орындайды.".

      5. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, № 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат):

      1) 140-баптың 3-тармағында:

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) осы Кодекстің 133-бабының талаптары және iшкi iстер органдары жүргiзетiн жедел-профилактикалық iс-шаралар шеңберiнде Қазақстан Республикасының жарылғыш заттардың, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың заңды айналымы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына;";

      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-1) Қазақстан Республикасының азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына;";

      2) 147-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылау жасау саласында ішкі істер органдары жүзеге асыратын тексерулерді жүргізу тәртібінің ерекшеліктері "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасы Заңында айқындалады.".

      6. "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991 ж., № 52, 636-құжат; 1995 ж., № 19, 117-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 10, 101-құжат; 2004 ж., № 19, 115-құжат; № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; 2015 ж., № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат):

      1) 17-баптың бірінші бөлігінің 11) тармақшасындағы "айырылса, оның өтініші қабылданбайды." деген сөздер "айырылса;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

      "12) осы Заңның 21-бабы 8) тармақшасының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса, оның өтініші қабылданбайды.";

      2) 21-баптың бірінші бөлігінің 7) тармақшасындағы "бойынша айырылады." деген сөздер "бойынша;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) адамның шетелдік қарулы қақтығыстарға, шет мемлекет аумағындағы экстремистік және (немесе) террористік әрекетке қатысуы салдарынан айырылады.";

      7. "Жедел-iздестiру қызметi туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 147-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 17, 83-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 7, 33-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар):

      12-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерiнің, шетелдік ұйымдардың және жекелеген адамдардың барлау-бүлдіру мақсатындағы қолсұғушылықтарын анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі қарсы барлау шараларын қамтамасыз ету мақсатында барлау және қарсы барлау ақпаратын алу үшін ғана, сондай-ақ күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ақпарат алу үшін арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келiсiлген тәртiппен жүзеге асырылуы мүмкiн.".

      8. "Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 2001 ж., № 8, 50, 54-құжаттар; № 21-22, 285-құжат; 2006 ж., № 5-6, 31-құжат; 2007 ж., № 3, 23-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 122-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 158-құжат):

      1) 22-баптың екінші бөлігінің 11) тармақшасындағы "кезде тыйым салынады." деген сөздер "кезде;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

      "12) егер ол бұрын "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 8) тармақшасында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса, тыйым салынады.";

      2) 28-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шығарып жiберу туралы шешiмдi сот қабылдайды. Шетелдік осы шешiмде көрсетiлген мерзiмде Қазақстан Республикасынан кетуге мiндеттi. Мұндай жағдайда Қазақстан Республикасынан шығарып жіберу туралы сот шешімінің орындалуы Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлетiн адамға бақылау жасала отырып, өз бетiмен кетуi немесе адамды мәжбүрлеп шығарып жіберу арқылы жүргізіледі. Егер өзіне қатысты шығарып жiберу туралы шешім қабылданған адам шешімде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпесе, ол прокурордың санкциясымен ұстап алынуға және мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге тиіс. Бұл ретте шығарып жiберу үшiн қажет болатын мерзiмге ұсталуға жол берiледi. Ол Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тәртiппен iшкi iстер органдарының арнаулы мекемелерiнде ұсталады.".

      9. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 33-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 21- III, 135-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар):

      1) 12-баптың 10) тармақшасындағы "заңдарына сәйкес", "шетел азаматтары" деген сөздер тиісінше "заңнамасына сәйкес", "шетелдіктер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 13-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) өздерiнiң әрекеттерімен қоғамның және мемлекеттiң қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн немесе нұқсан келтiретiн шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасына кіргізбеу және одан шығарып жіберу туралы мәселелердi өзі дербес немесе құзыреттi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп шешу;".

      10. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат):

      1) 23-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Меншік иесі немесе тұрғынжайды жалдауға беруге меншік иесі уәкілеттік берген адам жалға беріліп отырған тұрғынжайда тұратын адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркеуге міндетті.";

      2) 24-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Жалдаушы қосымша жалдау шарты бойынша жалға беріліп отырған тұрғынжайда тұратын адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркеуге міндетті.".

      11. "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" 1998 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 14, 200-құжат; № 22, 308-құжат; № 24, 443-құжат; 2001 ж., № 13-14, 173, 176-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 14, 84-құжат; № 23, 142-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 13, 114-құжат; 2016 ж., № 8-I, 62-құжат):

      1) 3-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) Алматы қаласының аумағындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекітуге;";

      2) 4-бап мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларына сәйкес Алматы қаласының аумағындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын әзірлейді.".

      12. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 150-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат):

      1) 7-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2) және 6-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6-1) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, қаруды басқа адамға беруге;

      6-2) азаматтардың калибрі ".338 LapuaMag" (8,6*70мм) асатын ойық ұзын ұңғылы атыс қаруын иеленуіне;

      6-3) елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда атыс, газды, электрлі қарудан (өзін-өзі қорғау жағдайларын қоспағанда), пневматикалық және лақтырылатын қарудан оқ атуға;";

      2) 15-бапта:

      1-тармақтың жетінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) аңшылық атыс қаруы: ойық ұңғылы – екі бірліктен; тегіс ұңғылы – екі бірліктен;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсаты бар адамдарды қоспағанда, өзін-өзі қорғауға арналған тегіс ұңғылы атыс қаруын, газды пистолеттер мен револьверлерді, лақтырылатын қаруды (садақтар мен арбалеттерді), электрлi қаруды бірінші рет иеленетін адамдар қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымдарда қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуіне тұрғылықты жерінде тексеруден өтуге міндетті.";

      3) 16-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымдарда қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуіне бес жылда бір рет тексеруден өтуге;";

      4) 17-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қаруды пайдаланушы жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

      1) қолда бар қаруды, оның патрондарын және олар сақталатын орындарды, сондай-ақ қажетті құжаттаманы ұстау қағидаларының сақталуына бақылау жасау мақсатында оларды қарап тексеру үшін ішкі істер органдары қызметкерлерінің талап етуі бойынша көрсетуге;

      2) қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымдарда қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуіне бес жылда бір рет тексеруден өтуге міндетті.";

      5) 19-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қаруды сақтау үшін тиісті жағдайлары болмаса, азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бірінші және екінші санаттардағы рұқсаттарды тоқтата тұрады.";

      4-тармақта:

      4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127, 128, 131, 382, 434, 437, 438, 440, 443, 444, 448, 450, 462, 476, 477, 478, 481, 482, 484, 485, 485-1, 486, 487, 489, 490, 492, 493, 506-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалған;

      5) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 109, 287 (бірінші бөлігінде), 288 (төртінші бөлігінде), 289, 296 (бірінші бөлігінде), 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 346 (бірінші бөлігінде), 379 (бірінші бөлігінде), 389 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылық және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73, 436, 453 және 461-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасалған;";

      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) азаматтық және қызметтік қарудың иесін және (немесе) пайдаланушысын қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсырылмаған;";

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Осы баптың талаптары марапаттық қаруға қолданылады.";

      6) 22-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қарудың аталған түрін иеленуге рұқсатын көрсетпеген жеке және заңды тұлғаларға қаруды сатуға, сондай-ақ нөмірсіз және таңбасыз қаруды не азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондары айналымы саласындағы техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкестік белгісі жоқ патрондарды сатуға тыйым салынады.

      Азаматтық және қызметтік қарумен және оның патрондарымен сауда жасау:

      1) күзет іс-шараларын жүргізу үшін қажет болатын мерзімге Мемлекеттік күзет қызметінің талап етуі бойынша;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда тоқтатыла тұруға тиіс.

      4. Азаматтық және қызметтік қарумен және оның патрондарымен сауда жасаумен айналысатын заңды тұлға, қарудың аталған түрлерін әзірлеу, өндіру, жөндеу, иелену, экспонаттау, әкелу және әкету, оның қосалқы бөлшектерін, спорт тауарларын, аң және балық аулау керек-жарақтарын, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған тұрмыстық мақсаттағы бұйымдарды иелену, әкелу, әкету және олармен сауда жасау, сондай-ақ атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеуі жөніндегі қызметті қоспағанда, өзге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.

      Азаматтық және қызметтік қарумен және оның патрондарымен сауда жасауға лицензиясы бар заңды тұлғаларға:

      1) спорт, аң және балық аулау керек-жарақтары мен аталған қаруға қосалқы бөлшектерді қоспағанда, бір сауда залында қаруды және өзге де тауар түрлерін қатар сатуға;

      2) тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда), ойын-сауық мекемелерінің, өзге де тауар түрлерімен сауда жасау жүзеге асырылатын сауда объектілерінің, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет ұйымдарының, спорт объектілерінің, қонақүйлердің, қоғамдық тамақтану объектілерінің, вокзалдардың, станциялардың, метрополитен желілерінің, порттардың, әуежайлардың, әуеайлақтардың аумақтарында қару мен оның патрондарын сақтауға және олармен сауда жасауға арналған үй-жайды орналастыруға;

      3) қаруды оқ атуға мүмкіндік беретін күйінде сауда залына қоюға тыйым салынады.";

      7) 27-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Азаматтық және қызметтік қаруды оқ атуға мүмкіндік беретін күйінде экспонаттауға тыйым салынады.";

      8) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "30-бап. Қару айналымына мемлекеттік бақылау жасау

      1. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымына мемлекеттік бақылау жасауды ішкі істер органдары жүзеге асырады.

      Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қару-жарағындағы қару айналымына мемлекеттік бақылау жасауды аталған органдардың басшылары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.

      2. Азаматтық және қызметтік қару айналымына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген органдардың лауазымды адамдарының:

      1) қаруды ол әзірленетін, өндірілетін, жөнделетін, сауда жасалатын, коллекцияланатын, экспонатталатын, сақталатын, пайдаланылатын және жойылатын орындарда қарап тексеруді жүргізуге;

      2) осы Заң күшіне енгенге дейін иеленген және заңды негіздерде иелерінің қолындағы қаруды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында айналымына тыйым салынған қаруды белгіленген тәртіппен өтеусіз алып қоюға және жоюға;

      3) жеке және заңды тұлғалардан азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына байланысты құжаттарды ұсынуды талап етуге;

      4) белгіленген қағидаларды бұзушылықтар анықталған кезде, бұл бұзушылықтарды жою туралы жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті нұсқамалар беруге;

      5) қару мен патрондардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталуы тұрғысынан күтпеген жерден, оның ішінде жұмыстан тыс уақытта (түнде, демалыс немесе мереке күндері) тексерулер жүргізуге;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сақтау жағдайлары мен техникалық беріктігінің талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде, қару мен патрондарды анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін алып қоюға және оларды ішкі істер органдарына жауапты сақтауға тапсыруға;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды қолдануға құқығы бар.

      3. Азаматтық және қызметтік қару айналымына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген органдардың лауазымды адамдары заңды тұлғаларға – тоқсанына кемінде бір рет, азаматтық қару иелеріне жылына кемінде бір рет тексерулерді жүзеге асыруға міндетті.

      4. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыру кезінде тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде топтарға бөлу, тексеру парақтарын толтыру, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тексерулер тағайындау туралы актілерді тіркеу, тексерілетін субъектіге тексеру жүргізудің басталуы туралы хабарлау талап етілмейді.

      5. Азаматтық және қызметтік қару айналымына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген органдардың лауазымды адамдары ведомстволық есепке алуды жүргізуге және тексеруді тағайындау және оның нәтижелері туралы актілерді толтыруға міндетті.".

      13. "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 649-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 15-16, 71-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 22-І, 140-құжат):

      1) 4-баптың 3-тармағының 5) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің" деген сөздер "діни қызмет саласындағы уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 7-баптың 21) тармақшасындағы "дін істері жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздер "діни қызмет саласындағы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 10-3-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-3-бап. Меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілер меншік иелерінің, иеленушілерінің, басшыларының немесе өзге де лауазымды адамдарының, террористік тұрғыдан осал объектілер бойынша күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектілерінің міндеттері";

      1-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иелері, иеленушілері, басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары террористік әрекеттің алдын алу, сондай-ақ объектілерді терроризмге қарсы қорғау және олардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде сақтау мақсатында:";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Тиісті өткізу режимін қамтамасыз ету, өз персоналын үй-жайларды қарап тексеру техникасына оқытып-үйрету, жарылғыш құрылғылардың орнатылуы ықтимал орындарды анықтау бойынша профилактикалық және оқыту іс-шараларын өткізу, терроризмге қарсы қорғаудың техникалық құралдарын тиісінше пайдалану жөніндегі міндеттерді террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иелерімен, иеленушілерімен немесе басшыларымен күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметінің субъектілері де орындайды.";

      2-тармақ "объектілердің" деген сөзден кейін "меншік иелері, иеленушілері," деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілер меншік иелерінің, иеленушілерінің, басшыларының немесе өзге де лауазымды адамдарының, сондай-ақ террористік тұрғыдан осал объектілер бойынша күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектілерінің көрсетілген міндеттерді орындамауы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.".

      14. "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат):

      1) 1-баптың 10-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-1) қор – бұқаралық ақпарат құралдарын қолдауға және қазақстандық журналистердің кәсіби өсуіне ықпал етуге бағытталған жобаларды іске асырумен айналысатын, акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым (бұдан әрі – Қор);";

      2) 4-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру бөлігіндегі осы Заңда реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.";

      3) 4-3-бапта:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) өзі белгілеген тәртіпке сәйкес республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастырады, орналастырады және оның жүзеге асырылуын бақылайды;";

      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру тәртібін бекітеді;";

      4) 13-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-1-бап. Қор

      Қор:

      1) қазақстандық журналистерді оқыту және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі жобаларды іске асырады;

      2) республикалық және өңірлік форумдарды ұйымдастырады және өткізеді;

      3) ақпарат саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырады;

      4) жас журналистерге әлемдік жетекші бұқаралық ақпарат құралдарында тағылымдамадан өтуге гранттар бөледі;

      5) журналистика саласындағы кадрларға қажеттілікті айқындауға және қазақстандық жоғары оқу орындарының журналистика факультеттерінің оқу бағдарламаларын қалыптастыруға қатысады;

      6) масс-медиа саласында зерттеулер жүргізеді;

      7) Қазақстанды халықаралық аренада ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асырады;

      8) балалар арасында ақпараттық мәдениетті ілгерілетуді жүзеге асырады;

      9) әлеуметтік медиажобаларды іске асыруға гранттар бөледі.".

      15. "Күзет қызметі туралы" 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат):

      1) 10-баптың 6-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) бұрын, күзет ұйымының басшысы немесе күзетшiсі болып жұмысқа қабылданғанға дейiн бiр жыл iшiнде Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 149, 434, 436, 438, 439, 440, 443, 450, 453, 462, 463, 464, 467, 469, 470, 476, 477, 478, 479, 481, 482, 483, 484, 485, 486, 487, 488, 489, 490, 494, 495, 496, 504, 506, 653, 654, 658, 659, 665, 667, 669, 670, 673, 675-баптарында көзделген қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған;";

      2) 13-1-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) аумағында қару, оқ-дәрілер және жарылғыш заттар бар күзетілетін объектілерден күзет дабылының қосылғаны туралы ішкі істер органдарына дереу хабарлауға;";

      3) 14-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жеке және заңды тұлғалардың объектісін және (немесе) мүлкiн, оның iшiнде оны тасымалдау кезiнде күзету;";

      4) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "23-бап. Күзет қызметімен, мамандандырылған оқу орталықтарының қызметімен, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждаумен, баптаумен және оларға техникалық қызмет көрсетумен айналысатын субъектілердің жауаптылығы

      Осы Заңда көзделмеген күзет ұйымдарын, мамандандырылған оқу орталықтарын, күзет дабылы құралдарын монтаждауды, баптауды және оларға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды құру немесе олардың қызметі, сондай-ақ осы қызмет түрлерін тиісті рұқсаттарды алмай немесе осы Заңда белгіленген тәртіпті бұза отырып жүзеге асыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.".

      16. "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 21-I, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-І, 47, 49-құжаттар; № 8-II, 72-құжат):

      1) 6-бап мынадай мазмұндағы 2-6-тармақпен толықтырылсын:

      "2-6. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана мәслихаттарының құзыретiне облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту жатады.";

      2) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-15) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-15) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларына сәйкес облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын әзірлейді;".

      17. "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 175-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; 2003 ж., № 23, 168-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) діни туризм – уақытша болатын елде (жерде) мінажат ету мен салт-жоралар орындауды көздейтін туризм түрі;";

      2) 15-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Діни туризм саласындағы туроператорлық қызмет уәкілетті органмен келісу бойынша діни қызмет саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.".

      18. "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 176-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 23, 178-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 7-І, 50-құжат):

      1) 16-1-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың қызметкерлеріне мемлекеттік, өзге де органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен электрондық ақпараттық ресурстарды беруге арналған, электрондық ақпараттық ресурстарды тек қана олардың осы Заңға сәйкес өз қызметін жүзеге асыру шеңберіндегі сұрау салулары бойынша алуына мүмкіндік беретін құпия ақпараттық жүйе құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі болып табылады.";

      2) 16-2-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл үшін қажет ақпаратты алу тәртібі мен негіздері Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.".

      19. "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-І, 141-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 8-II, 67-құжат):

      1) 8-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8-8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-8) жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларын бекіту;";

      2) 9-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-4) жылжымалы желінің абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының бірыңғай дерекқорын қалыптастыруды, жұмыс істеуін, қолдап отыруды және дамытуды қамтамасыз етуді және оның ресурстарына қол жеткізуді;";

      3) алып тасталды - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      4) 36-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Ұялы байланыстың тіркелмеген абоненттік нөмірлерін анықтау мақсатында қызметтік ақпаратқа (абоненттік нөмір, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), заңды тұлғаның атауы) қол жеткізу Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.";

      5) мынадай мазмұндағы 36-2-баппен толықтырылсын:

      "36-2-бап. Жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларын тіркеу

      1. Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары жылжымалы желінің абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының бірыңғай дерекқорына енгізіледі.

      2. Жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларын өзгерген кодтармен әкелуге, өндіруге, таратуға және іске қосуға, сондай-ақ жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарын өзгертуге арналған және (немесе) сол үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылым мен жабдыққа тыйым салынады. Жылжымалы желінің адал иеленуші пайдаланатын абоненттік құрылғылары оған жатпайды.

      3. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұялы байланыс операторына жылжымалы желінің тіркелмеген абоненттік құрылғылары арқылы қызметтер көрсетуге тыйым салынады.

      4. Жылжымалы желінің абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының бірыңғай дерекқорында жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларын тіркеу, сондай-ақ жылжымалы желінің абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының бірыңғай дерекқорының жұмыс істеу және (немесе) оны жүргізу, жылжымалы желінің абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының бірыңғай дерекқорының жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында ұялы байланыс операторларының оған қол жеткізу тәртібі жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларында айқындалады.

      5. Ұялы байланыс операторлары жылжымалы желінің абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының бірыңғай дерекқоры операторына ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларында айқындалатын тәртіппен жылжымалы желінің абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының тізілімінен мәліметтердің берілуін қамтамасыз етуге міндетті.

      6. Ұялы байланыс операторлары желіні, ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық қамтылымды жаңғыртуға арналған барлық шығындарды өздері көтереді.";

      6) 41-1-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Байланыс желілері және (немесе) құралдары жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіретін қылмыстық мақсаттарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын бұзатын, экстремистік және террористік әрекетті жүзеге асыруға, жаппай тәртіпсіздіктерге, сол сияқты белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін, кәмелетке толмағандарды сексуалдық қанауды және балалар порнографиясын насихаттайтын бұқаралық (жария) іс-шараларға қатысуға шақыруды қамтитын ақпаратты тарату үшін пайдаланылған жағдайларда, осы баптың 1-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасарлары уәкілетті органға байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді уақытша тоқтата тұру жөнінде шаралар қолдану туралы талаппен заң бұзушылықтарын жою туралы нұсқама енгізеді.";

      мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:

      "1-2. Кейінге қалдыруға болмайтын және ауыр және аса ауыр қылмыстардың, сондай-ақ қылмыстық топ дайындайтын және жасайтын қылмыстардың жасалуына әкеп соғуы мүмкін жағдайларда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, оның орынбасарлары немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарының бастықтары не оларды алмастыратын адамдар кейіннен байланыс саласындағы уәкілетті органды және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын жиырма төрт сағат ішінде хабардар ете отырып, жедел-іздестіру қызметінің барлық субъектілерінің мүддесінде байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді тоқтата тұруға құқылы.

      Байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді тоқтата тұру тәртібі Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен келісу бойынша жедел-іздестіру қызметі субъектілері мен байланыс саласындағы уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.";

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) уәкілетті органнан немесе Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарынан осы баптың 1, 1-1 және 1-2-тармақтарында көрсетілген нұсқаманы немесе шешімді орындау жөнінде шаралар қолдану туралы талапты алғаннан кейін оны байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді уақытша тоқтата тұру жолымен үш сағаттан аспайтын уақыт ішінде орындауға міндетті;".

      20. "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы" 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 128-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 99-құжат; № 19-II, 103-құжат):

      1) 8-баптың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "астана аумағындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын;";

      2) 9-бап мынадай мазмұндағы 37) тармақшамен толықтырылсын:

      "37) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларына сәйкес астана аумағындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын әзірлейді.".

      21. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 22-I, 140-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 12, 87-құжат):

      1) 4-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Қаржы мониторингіне клиенттің қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операциялары жатады.

      Қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың типологияларын, схемаларын және тәсілдерін уәкілетті орган бекітеді және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастыру арқылы қаржы мониторингі субъектілерінің назарына жеткізіледі.";

      2) 10-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Заңның 4-бабының 1, 2 және 5-тармақтарында көзделген, қаржы мониторингiне жататын операциялар туралы мәлiметтер мен ақпарат құжатта тiркеледi және оларды:";

      3) 11-баптың 3-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қаржы мониторингі субъектілерінің Ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты жұмыскерлеріне қойылатын талаптарды қоса алғанда, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасын;";

      4) 16-бап мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-1) жеке және заңды тұлғалардың қызметі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен) және (немесе) терроризмді қаржыландырумен байланысты деп пайымдауға негіздер болған кезде, олардың құзыретіне сәйкес құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға ақпарат жібереді;

      5-2) осы Заңға сәйкес берілген ақпарат бойынша құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;";

      5) 17-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы "тәртібін айқындауға құқылы." деген сөздер "тәртібін айқындауға;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының және өзге де мемлекеттік органдарының үйлестіру кеңестеріне, ведомствоаралық комиссияларына, жұмыс және сараптама топтарына қатысуға құқылы.".

      22. "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 114-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-1, 49-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "17-1) уақытша болатын (тұратын) жер – тұрғылықты жер болып табылмайтын және адам уақытша болатын (тұратын), мекенжайы бар ғимарат, үй-жай не тұрғынжай;";

      2) 7-баптың екінші бөлігінде:

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың мүшелері болып табылатын;";

      "7) Қазақстан Республикасының аумағына қайырымдылық, волонтерлік, діни және (немесе) миссионерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келетін;";

      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 8) тармақшасында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өтініш бере алмайды.";

      3) 8-бап мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-2) облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын бекітеді;";

      4) 9-бапта:

      мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6-1) шығарып жіберу туралы сот актісі өздеріне қатысты шығарылған көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының шегінен уақтылы кетуін бақылайды;

      6-2) облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын әзірлейді;";

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) уақытша болатын (тұратын) жеріне келген Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қоюды жүзеге асырады;";

      5) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-бап. Ұлттық қауіпсіздік органының құзыреті

      1. Ұлттық қауіпсіздік органы:

      1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың келуін және кетуін есепке алудың бірыңғай дерекқорын қалыптастырады, мәліметтердің жүйелі түрде жаңартылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарымен және Сыртқы істер министрлігімен уақтылы ақпараттық алмасуды жүзеге асырады;

      3) көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына және шетелдіктердің баруы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) келуін келіседі;

      4) көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруына рұқсат беруді келіседі;

      5) көшіп келушілерге Қазақстан Республикасына келген кезде көші-қон карточкаларын беруді және Қазақстан Республикасынан кеткен кезде оларды алып қалуды жүзеге асырады;

      6) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішхаттарын келіседі;

      7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      2. Ұлттық қауіпсіздік органдары көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына және шетелдіктердің баруы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) келуін; көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруына рұқсат беруді; шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішхаттарын келісуден бас тарту үшін негіз болған себепті түсіндірмеуге құқылы.";

      6) 15-баптың 1-тармағының 5) және 13) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) ұлттық қауіпсіздік органдарын хабардар ете отырып, еңбекші көшіп-қонушыларды есепке алуды және тiркеудi жүзеге асырады;";

      "13) ұлттық қауіпсіздік органдарын хабардар ете отырып, бизнес-көшiп келушiлердің уақытша тұруға арналған рұқсаттарының қолданылу мерзiмiн ұзартуға немесе қысқартуға өтінішхат бередi;";

      7) 36-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Шетелдік жұмыскерлерге келуге визаларды шетелдік жұмыскерге жұмысқа орналасуға немесе жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде берілген рұқсаттың негізінде және қолданылу мерзіміне Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша береді.";

      "4. Шетелдік жұмыскерлерге келуге визаларды және уақытша тұруға арналған рұқсаттарды шетелдік жұмыскердің жұмысқа орналасуға немесе жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуға, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде алдағы жылға рұқсаты болған кезде, ішкі істер органдары ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша бір жылға ұзартады.";

      8) 48-баптың бірінші бөлігінің 11) тармақшасындағы "кезде тыйым салынады." деген сөздер "кезде;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

      9) 49-баптың бірінші бөлігінде:

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) қылмысы үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар;";

      мынадай мазмұндағы 14-1) және 14-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "14-1) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны, салық салу және еңбек заңнамасы саласындағы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған;

      14-2) ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қатер төндіретін;";

      15) тармақшадағы "бар көшіп келушілерге Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылады не бұрын берiлген рұқсаттың күші жойылады." деген сөздер "бар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:

      "16) "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 8) тармақшасында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуына байланысты көшіп келушілерге Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылады не бұрын берiлген рұқсаттың күші жойылады.";

      10) 51-бапта:

      1-тармақтың 2) тармақшасындағы "болатын" деген сөз "уақытша болатын (тұратын)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркелуге;".

      23. "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 17, 135-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 22-І, 140-құжат):

      1) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) діни ілімді тарату – белгілі бір діннің негізгі догматтары, идеялары, көзқарастары және практикалары туралы ақпаратты жеткізуге, сол сияқты беруге бағытталған қызмет;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) миссионерлік қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың дінге үндеу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызметі;";

      2) 6-баптың 1-тармағында:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) әр атаудың бір данасындағы жеке пайдалануға арналған әдебиетті және материалдарды қоспағанда, діни әдебиеттің, діни мазмұндағы ақпараттық материалдардың әкелінуі;";

      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) діни әдебиеттің және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдардың әзірленуі, шығарылуы және таратылуы.".

      3) 9-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Әр атаудың бір данасындағы жеке пайдалануға арналғандарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды әкелуді дінтану сараптамасының оң қорытындысын алғаннан кейін тіркелген діни бірлестіктер ғана жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды әзірлеуге, шығаруға және таратуға дінтану сараптамасының оң қорытындысы алынғаннан кейін жол беріледі.".

      24. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы" 2015 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 1, 1-құжат):

      1) 26-баптың 4-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде және төтенше жағдай режимін, терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз ету үшін тартылатын Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, егер:";

      2) 30-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Төтенше жағдай режимін, терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін енгізу ахуалында, бұқаралық қоғамдық-саяси іс-шаралар өткізу кезінде тұрақты орналасқан пунктінен тыс жерде қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға тартылатын Ұлттық ұланның бөлiмшелерi бюджет қаражаты есебінен жайластыруға арналған тұрғын үй-жайлармен, көрсетілетін коммуналдық қызметтермен, байланыс желілерімен және арналарымен, көлік құралдарымен және жанар-жағармай материалдарымен, қосымша тамақтанумен қамтамасыз етіледі.".

      25. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 158-құжат):

      1-баптың 13-тармағы 24) тармақшасының екінші және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша:";

      "4. Осы баптың 1-тармағында аталған шетелдік жұмыскерлерге келуге визаларды және уақытша тұруға рұқсаттарды Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша және жұмыс берушінің алдағы жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаты, өзі дербес жұмысқа орналасу үшін не корпоративішілік ауыстыру шеңберінде келген шетелдік жұмыскердің еңбек шарты болған кезде, ішкі істер органдары бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартады.".

      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2-бап.

      1. Осы Заң, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 19-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. Азаматтық және қызметтік қарумен және оның патрондарымен сауда жасауға лицензиясы бар заңды тұлғалар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап он сегіз ай ішінде өз қызметін осы Заңның 1-бабының 12-тармағы 6) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарының талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.

      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н.Назарбаев

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 261194
    Қазақ тілінде 130431
    Орыс тілінде 129889
    Ағылшын тілінде 874
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы