Заң күшi бар Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 21 сәуiр N 2227. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасының 1997.03.05. N 79-I Заңымен. ~Z970079

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының  Z933600_  1-бабына сәйкес және бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың негiзгi құқықтары мен мiндеттерiн, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының қалыптасуы мен қызметiнiң тәртiбiн анықтау, сондай-ақ инвесторлардың мүддесiн қорғау мен Қазақстан Республикасының экономикасын тиiмдi жәрдемдесу мақсатында осы Жарлықты шығарамын: 

             I-Тарау. Жалпы ережелер 

      1-бап. Осы Жарлықпен реттелетiн қатынастар 

      Осы Жарлықпен мемлекеттiк емес бағалы қағаздарды шығару, барлық бағалы қағаздардың айналысы, бағалы қағаздар нарығының жұмыс iстеуi жөнiнде пайда болатын қатынастар, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығын мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыру жөнiндегi қатынастар реттеледi. 
      Осы Жарлықтың күшi мемлекеттiк бағалы қағаздарды шығару мен бастапқы орналастыру тәртiбiне, бағалы қағаздардың шетел валютасымен айналысы тәртiбiне, сондай-ақ осы Жарлыққа сәйкес мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын бағалы қағаздар шығару тәртiбiне қолданылмайды. 
      Бағалы қағаздар деп танылған вексельдердi, чектердi, банк сертификаттарын, коносаменттердi және басқа да құжаттарды шығару мен айналысқа жiберу ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен немесе оларда белгiленген тәртiппен анықталады. 

      2-бап. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар 
                      туралы заңдары 

      Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң нормаларынан және Қазақстан Республикасының өзге заң актiлерiнен, осы Жарлықтан, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң актiлерiнен, Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының осы Жарлықпен белгiленiп берiлген өкiлеттiктер шегiнде шығаратын актiлерiнен, ал Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда - басқа да мемлекеттiк органдардың өз өкiлеттiктерi шегiндегi актiлерiнен тұрады. 
      Банктер мен банктiк емес қаржы мекемелерiнiң акцияларын алу мен сатудың қосымша негiздемелерi мен шарттары банктер және банктiк емес қаржы мекемелерi туралы қолданылып жүрген заңдармен белгiленедi.<*> 
      ЕСКЕРТУ. 2-бап жаңа 2 бөлiкпен толықтырылды - Қазақстан 
               Республикасының 1996.12.07. N 50-I заңымен.  Z960050_

      3-бап. Негiзгi ұғымдар 

      Жарлықта мынадай ұғымдар пайдаланылады: 
      "Брокер" - бағалы қағаздармен мәмiле жасауды шарт негiзiнде өз клиентiнiң мүддесi үшiн және соның есебiнен әрi бұл ретте өз атынан немесе өз клиентiнiң атынан жүзеге асыратын, сол үшiн белгiлi бiр сыйақы алатын делдал; 
      "бағалы қағаздардың қайталама нарығы" - алғашқы нарықта қалыптасатын қатынастарды қоспағанда сол бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелер енгiзiлетiн, бағалы қағаздар нарығының әр түрлi субъектiлерi жүзеге асыратын бұрын шығарылған бағалы қағаздар айналысы кезiнде қалыптасатын қатынастар; 
      "мемлекеттiк бағалы қағаздар" - iшкi мемлекеттiк займ облигациялары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес iшкi мемлекеттiк борыш және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бағалы қағаздар шегiнде шығарылатын басқа да бағалы қағаздар;<*> 
      "бағалы қағаздар депозитарийлерi" - бағалы қағаздар нарығының кәсiпқой қатысушылары құратын мамандандырылған ұйым, оның функциясы бағалы қағаздарды сақтау және оның мүшелерi өз клиенттерiнiң мүддесi үшiн осы бағалы қағаздармен жасайтын мәмiлелерге техникалық қызмет көрсету (бағалы қағаздарда көрсетiлген мүлiктiк құқықтарды есепке алу мен тiркеу), сондай-ақ лицензиясы болған кезде клирингтiк қызметтi жүзеге асыру; 
      "дилер"- бағалы қағаздарды кейiннен қайта сату нәтижесiнде пайда алу мақсатымен өз атынан және өз есебiнен кәсiби негiзде осы бағалы қағаздармен мәмiле жасайтын тұлға. 
      "инвестор" - өз атынан және өз есебiнен бағалы қағаздар сатып алатын жеке немесе заңды тұлға; 
      "котировка" - қор биржасында немесе басқа да ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздардың нарықтық бағасын белгiлеу; 
      "бағалы қағаздар клирингi" - есеп айырысуға қатысатын тараптардың өзара талаптары мен мiндеттемелерiн есепке алуға негiзделген ақшасыз есеп айырысу жүйесi; 
      "бағалы қағаздардың биржадан тыс котировкалау жүйесi"- бағалы қағаздар нарығына кәсiпқой қатысушылардың бiрлестiгi құратын ұйым, оның Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес заңды тұлға мәртебесi болады және биржадан тыс нарықта айналысқа түсетiн бағалы қағаздарды котировкалау функциясын жүзеге асырады; 
      "листинг" - қор биржасында немесе басқа да ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалатын мәлiметтердiң мәнi болып табылатын бағалы қағаздарға рұқсат ету және олардың есебiн алу; 
      "тәуелсiз тiркеушi" - бағалы қағаздар эмитентiмен тиiстi шарт негiзiнде осы эмитенттiң бағалы қағаздарын иеленушiлердiң реестрiн жүргiзу функциясын жүзеге асырушы мамандандырылған ұйым; 
      "бағалы қағаздардың айналысы" - бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмiле жасау; 
      "Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығы" - бағалы қағаздардың айналыс саласы, мұнда бағалы қағаздармен жасалатын мәмiле осы мәмiлеге қатысушылар белгiлеген процедуралармен және шарттармен реттеледi; 
      "кәсiпқой қатысушылардың бiрлестiгi" - бағалы қағаздар нарығында Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес құрылған, кәсiпқой қатысушылардың бiрлестiгi болып табылатын, бағалы қағаздар нарығының бүкiл инфрақұрылымының неғұрлым тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасау мақсатымен олардың ерiктi түрде қатысуы мен мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде iс-әрекет жасайтын заңды тұлға; 
      "бағалы қағаздардың бастапқы нарығы" - бағалы қағаздарды шығару және алғашқы орналастыру процесiнде эмитент (немесе бағалы қағаздарды шығарған басқа тұлға немесе оның тапсыруы бойынша бағалы қағаздар нарығының кәсiпқой қатысушысы арасында қалыптасатын қатынастар; 
      "туынды бағалы қағаздар" - басқа бағалы қағаздар арқылы көрсетiлген құнға ие болатын бағалы қағаздар; 
      "бағалы қағаздар нарығының кәсiпқой қатысушылары" - бағалы қағаздар нарығында қызметтiң бiр немесе бiрнеше түрiн жүзеге асыру үшiн лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар; 
      "қор биржасы" - бағалы қағаздардың тұрақты жұмыс iстейтiн ұйымдастырылған нарығын бiлдiретiн ұйым, мұнда сатушылар мен алармандар бағалы қағаздармен сауда жасау үшiн қажет нәрсенiң бәрiмен (үй-жаймен, жабдықпен және сервиспен) қамтамасыз етiледi, ондай сауда мәмiле жасалған сәтте тиiстi бағалы қағаздардың болғандығына және тараптардың осы мәмiленi жасауға құқылы екенiне кепiлдiк беретiн биржа белгiлеген процедураға сәйкес жүзеге асырылады; 
      "эмиссия" - эмитенттердiң бағалы қағаздарды айналысқа шығаруы; 
      "бағалы қағаздар эмитентi" - өз атынан айналысқа, бағалы қағаздар шығаратын (шығарған) және осы бағалы қағаздар эмиссиясы шарттарын туындайтын мiндеттемелердi орындауды мiндетiне алатын заңды тұлға. 
      Ескерту. 3-бабының 4-шi абзацы сөздермен толықтырылды - ҚР 
               Президентiнiң 1995.12.05. N 2672 жарлығымен. 

      4-бап. Бағалы қағаздар нарығының объектiлерi 

      Қазақстан Республикасының бағалы қағаздары нарығының объектiлерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығарылған бағалы қағаздардың түрлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiп пен шарттар негiзiнде Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа рұқсат етiлген эмитент - елдiң заңына сәйкес шығарылған өзге мемлекеттердiң бағалы қағаздары болып табылады. 

      5-бап. Қазақстан Республикасы аумағында айналыста 
                 жүрген бағалы қағаздардың түрлерi 

      Қазақстан Республикасы аумағында бағалы қағаздар нарығындағы айналысқа бағалы қағаздардың мына түрлерiне рұқсат етiледi: 
      акциялар, облигациялар, банк сертификаттары, вексельдер, ипотека куәлiктерi және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссияның шешiмдерiне сәйкес бағалы қағаздар деп танылған бағалы қағаздардың басқа да түрлерi, сондай-ақ туынды бағалы қағаздар;<*> 
      Қазақстан Республикасы аумағындағы айналысқа Қазақстан Республикасының заңдарына көзделген тәртiп пен шарттар негiзiнде рұқсат етiлген, басқа мемлекеттердiң заңдарына сәйкес шығарылған бағалы қағаздар. 
      Ескерту. 5-бап сөздермен толықтырылды - ҚР Президентiнiң 
               1995.12.23. N 2720 жарлығымен. 

      6-бап. Мемлекеттiк тiркеуге жататын бағалы қағаздар 

      Акциялар, облигациялар және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының анықтауы бойынша басқа да мемлекеттiк емес бағалы қағаздар мемлекеттiк тiркеуге жатады. 
      Мемлекеттiк бағалы қағаздардың, шетел валютасындағы бағалы қағаздардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссияның анықтауы бойынша басқа да бағалы қағаздардың эмиссиясы мемлекеттiк тiркеуге жатпайды. 

      7-бап. Бағалы қағаздар нарығының субъектiлерi 

      Бағалы қағаздар нарығының субъектiлерi эмитенттер, инвесторлар, бағалы қағаздар нарығының кәсiпқой қатысушылары болып табылады. 

      8-бап. Бағалы қағаздарда көрсетiлген құқықтарды 
             куәландырудың өзге тәсiлдерi (құжатсыз 
                        бағалы қағаздар) 

      Бағалы қағаздар эмитентiнiң жоғары тұрған басқару органының шешiмi бойынша атаулы бағалы қағаздарда көрсетiлген құқықтар эмитент құжаттарындағы (реестрiндегi) жазумен немесе электронды-есептеу техникасының (компьютердегi жазудың) көмегiмен материалдық сипат берiлген бағалы қағаздарды нақты шығармай-ақ куәландырылуы мүмкiн. 
      Мұндай шешiм қабылданған жағдайда эмитент осы Жарлықтың 17-бабында белгiленген тiркеу процедурасынан өтеуге тиiс. 
      Эмитент инвесторларының талап етуi бойынша олардың құқықтары бағалы қағаздар болып табылмайтын сертификатпен немесе реестрден алынған үзiндiнi расталуы мүмкiн. Сертификаттар жасау және реестрден алынған үзiндiнi беру жөнiндегi тiкелей шығындар инвесторлардың есебiне жатқызылуы мүмкiн. 
      Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген тәсiлдермен құқықтарды баянды ету бұл құқықтарды жүзеге асыру мен беру үшiн жеткiлiктi болып табылады. 
      Осы баптың бөлiгiнде көрсетiлген тәсiлдермен баянды етiлген құқықтарды жүзеге асыру мен беру бағалы қағаздардың депозитарийiмен ресми түрде тiркелуге тиiс. Бағалы қағаздардың депозитарийлерi ресми жазбалардың сақталуына, олардың құпиялылығын қамтамасыз етiп, осындай жазбалар туралы дұрыс деректер табыс етуге және жүзеге асырылған мәмiлелер жайында ресми жазбалар жасауға жауап бередi. 
      Бағалы қағаздар депозитарийлерiнiң қызметi Қазақстан Республикасының заң актiлермен реттеледi. 

            II Тарау. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар 
                         жөнiндегi ұлттық комиссиясы 

      9-бап. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар 
                жөнiндегi ұлттық комиссиясы 

      Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң құрамындағы орталық мемлекеттiк басқару органы болып табылады, ол Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын мемлекеттiк реттеудi, сондай-ақ нарық жұмысына бақылау жасауды және оған қатысушылардың құқықтары мен мүдделерiн (өзiне берiлген өкiлеттiк шегiнде) қорғауды қамтамасыз етудi жүзеге асырады.
     Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының жұмысын қамтамасыз ету үшiн оның тұрақты жұмыс iстейтiн атқарушы аппараты құрылады.

     10-бап. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар
             жөнiндегi ұлттық комиссиясы қызметiнiң
                       құқықтық негiзi

     Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы қызметiнiң ұйымдастырылуы мен тәртiбi осы Жарлықпен, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтетiн ол туралы Ережемен, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттармен белгiленедi.

     11-бап. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар
             жөнiндегi ұлттық комиссиясының мақсаты мен
                           мiндеттерi

      Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы бағалы қағаздар нарығын ретте жөнiндегi қызметiмен Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелерге қатысушылардың бәрiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге ықпал жасайды. 
      Аталған мақсатқа қол жеткiзу үшiн комиссия мынадай мiндеттердi орындайды: 
      бағалы қағаздар нарығының жұмыс iстеуiн және бағалы қағаздар нарығына кәсiпқой қатысушыларының қызметiн реттейдi; 
      бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар шығару мен оның айналысы туралы заңдарын сақтауын бақылайды;
     бағалы қағаздар нарығына кәсiпқой қатысушылардың қызметiн және бағалы қағаздардың айналысы процесiн бақылайды;
     бағалы қағаздар нарығында кәсiби қызметтi лицензиялауды жүзеге асырады.
     бiрегейлендiрiлген стандарттарды және бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды жүзеге асыру ережесiн әзiрлеп, практикаға енгiзедi;
     бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың кәсiптiк және бiлiм деңгейiн көтеру жұмысын ұйымдастырады.

     12-бап. Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық
                комиссияның өкiлеттiгi

      Алдына қойылған мiндеттердi орындау үшiн Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссия:
      бағалы қағаздардың шығарылуы мен айналысы саласындағы қатынастарды реттейтiн заңдар мен өзге де нормативтiк актiлердiң жобаларын әзiрлеу мен сараптауға қатысады; 
      эмиссияның жалпы көлемiне және бағалы қағаздарды орналастыру тәсiлiне қарамастан, шетел валютасындағы бағалы қағаздардан басқа, бағалы қағаздардың эмиссиясын тiркеудi жүзеге асырады; 
      Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы айналысқа шетел эмитенттерiнiң бағалы қағаздарын жiбередi (тiркейдi); 
      Қазақстан Республикасы аумағында тiркелген бағалы қағаздардың жалпы мемлекеттiк реестрiн жүргiзедi; 
      бағалы қағаздар нарығында кәсiби қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиялар бередi; 
      бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң қызметiн реттейтiн нормативтiк актiлер шығарады; 
      бағалы қағаздар нарығының кәсiпқой қатысушыларынан олардың бағалы қағаздарымен атқаратын қызметiне қатысты, сондай-ақ орталық және басқа атқарушы органдардан олардың бағалы қағаздар нарығындағы қызметiне қатысты қажеттi ақпарат жинауды жүзеге асырады және осындай ақпаратқа талдау жасайды; 
      эмитенттiң қаржы-шаруашылық қызметi және бағалы қағаздар шығару туралы жалған, жаңсақ әрi үстiрт мәлiметтер табыс еткенi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар туралы заңдарын өзге де бұзушылық анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы эмитенттi заңдарда белгiленген жауапкершiлiкке тарту үшiн құқық қорғау, сот және басқа мемлекеттiк өкiмет органдарына өтiнiш жасайды; 
      бағалы қағаздар нарығының кәсiпқой қатысушыларына бiлiктiлiк талаптарын әзiрлейдi; 
      Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы өзiне жүктелген бақылау функциясын жүзеге асыруы үшiн қажеттi толымды ақпаратты табыс етудi бағалы қағаздар нарығының субъектiлерiнен талап етедi; 
      бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, оның iшiнде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының баспасөз органы арқылы халықты өз қызметi жайында хабардар етедi; 
      бағалы қағаздар тiркеген эмитенттер және олар шығаратын бағалы қағаздардың түрлерi туралы мәлiметтердi бұқаралық ақпарат құралдарына ұдайы жариялап отырады; 
      бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң бағалы қағаздар нарығындағы өздерiнiң қызметi туралы ақпаратты оның толымдылығы, дұрыстығы, түсiнiктiлiгi, әрi үздiксiздiгi талаптарын ескере отырып жариялау тәртiбiн бақылайды; 
      бағалы қағаздар нарығына кәсiпқой қатысушылар қызметiнiң өздерi алған лицензияларға сәйкестiгiн тексередi; 
      бағалы қағаздардың шығарылуы мен айналысы процесiнде инвесторлардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiнде сотқа талап қоя алады;
      отандық және шетелдiк мамандарды консультанттар және сарапшылар ретiнде жұмысқа тартады;
      бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды оқытатын ұйымдарға арналған бiлiм беру бағдарламаларын әзiрлеу жөнiндегi қызметтi үйлестiредi;
     өзiнiң атқарушы аппаратының аймақтық бөлiмшелерiн құрады;
     Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары негiзiнде бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi реттеу және оның субъектiлерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi басқа да өкiлеттiктi жүзеге асырады.

     13-бап. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар
             жөнiндегi ұлттық комиссиясының нормативтiк
                           актiлерi

     Қазақстан Республикасы заңдарының негiзiнде және оларды орындау үшiн Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi реттеу мәселелерi бойынша бағалы қағаздар нарығының барлық субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi нормативтi актiлер шығарады.

     14-бап. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар
             жөнiндегi ұлттық комиссиясының құрамы, оның
             Төрағасы мен мүшелерiн тағайындау және босату

      Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдарымен Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссияға жүктелген барлық толымды өкiлеттiгi мен жауапкершiлiгi бар Төрағадан және комиссияның төрт мүшесiнен тұрады. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының Төрағасы мен мүшелерiнiң бағалы қағаздар нарығын реттеу саласында шешiмдер қабылдау жөнiнде бiрдей мәртебесi және тең құқығы бар. Комиссия Төрағасына ұйымдастыру сипатындағы функция қосымша жүктеледi. 
      Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының Төрағасы мен мүшелерiн Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң ұсынысы бойынша бес жыл мерзiмге қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 
      Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының Төрағасы мен мүшелерi өз функциясын кәсiптiк негiзде жүзеге асырады. 
      Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының Төрағасы мен мүшелерiне комиссияның алдына қойылған мiндеттердi орындау жөнiндегi қызметтi ғылыми, шығармашылық және оқытушылықтан басқа қызмет түрлерiмен қоса атқаруға тыйым салынады. 

      15-Бап. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар 
              жөнiндегi ұлттық комиссиясының мәжiлiстерi 
                  және шешiмдер қабылдау тәртiбi 

      Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық  комиссиясының мәжiлiстерi қажетiне қарай, бiрақ айында кемiнде екi рет өткiзiледi.
     Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының шешiмдерi комиссия мүшелерiнiң үш дауыстан кем болмауға тиiс көпшiлiк дауысымен қабылданады.
     Шешiмдер қабылдаған кезде Төрағаның және комиссияның әрбiр мүшесiнiң бiр шешушi дауысқа ғана құқығы бар.
     Комиссияның бiр мүшесiнiң дауыс беруге қатысу жөнiндегi өкiлеттiгiн екiншiсiне беруiне жол берiлмейдi.

     16-бап. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар
              жөнiндегi ұлттық комиссиясы аппаратының
                    аймақтық бөлiмшелерi
 
      Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы атқарушы аппараттың өзiне бағынатын аймақтық бөлiмшелерiн құра алады.
      Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы оларды құру туралы шешiмдерге белгiленген өкiлеттiктердi атқарушы аппараттың аймақтық бөлiмшелерiне жүктеуге құқылы. 
      Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы жұмыс аппаратының аймақтық бөлiмшелерiн құру қажеттiгiнiң негiзгi өлшемi шаруашылық және кәсiпкерлiк қызметтi шоғырландыру болып табылады.

          III Тарау. Тiркеуге жататын бағалы қағаздарды
                  тiркеудiң, эмиссиясының және айналысының
                                  тәртiбi

     17-бап. Тiркеуге жататын бағалы қағаздар эмиссиясын
                  мемлекеттiк тiркеу тәртiбi

      Эмитенттiң Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы тiркеген сәттен бастап тiркеуге жататын бағалы қағаздар (бұдан әрi - бағалы қағаздар) шығаруға құқы бар. Бағалы қағаздарды мемлекеттiк тiркеу эмиссияның жалпы көлемiне және орналастыру тәсiлiне қарамастан жүргiзiледi. 
      Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктер мен басқа ұйымдардың бағалы қағаздар эмиссиясын, эмиссия сомасына қарамастан тiркеудi құжаттары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде сараптамадан өткен соң Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы жүзеге асырады, мұның өзi осындай сараптаманың өткiзiлгенiн растайтын құжатпен куәландыруға тиiс. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне сараптама өткiзу мерзiмi қажеттi құжаттар берiлген сәттен бастап 30 күннен аспауға тиiс. 
      Аталған тәртiп бұзылған жағдайда банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктер мен басқа ұйымдардың бағалы қағаздар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу жарамсыз деп есептеледi. 
      Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркеу ережесiн Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы белгiлейдi. 
      Бағалы қағаздар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясына қажеттi құжаттарымен бiрге өтiнiш берiлген сәттен бастап 30 күннен кешiктiрiлмей жүргiзiлуi керек. 
      Белгiленген тәртiп бұзылған немесе ұсынылған құжаттар заң талаптарына сәйкес келмеген жағдайда ғана тiркеуден бас тартуға болады. 
      Акционерлiк қоғам заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен сәтiнен бастап үш айдан кешiктiрмей акциялар эмиссиясын тiркеуден өткiзуге және эмиссияның мемлекеттiк тiркеу нөмiрiн алған күннен бастап, бiр жылдан аспайтын мерзiмде оларды шығаруды орналастыруға мiндеттi. 
      Одан кейiнгi эмиссияларды орналастыру мерзiмi оларды мемлекеттiк тiркеу сәтiнен бастап алты айдан аспауға тиiс. 
      Бұл талаптарды бұзған жағдайда эмитент Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi. 
      Банктер мен банктiк емес қаржы мекемелерiнiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жаңа инвесторға кейiннен дереу сату мақсатында Ұлттық Банкке қолданылып жүрген заңдармен берiлген өкiлеттiктер шегiнде мәжбүрлеп сатып алған акцияларын иелену құқықтарының өзгеруiне есеп жүргiзiлуi және оларды мемлекеттiк тiркеудiң тәртiбi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi Ұлттық комиссиясының нормативтiк актiлерiмен белгiленедi.<*> 
      Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы бағалы қағаздардың мемлекеттiк реестрiн жүргiзедi. 
      Мемлекеттiк реестрге енгiзiлмеген бағалы қағаздар эмиссиясы заңсыз болып табылады және олардың иелерiнен алынуына, бағалы қағаздарды сату түсiмiнiң эмитенттен алынып, бағалы қағаздардың бұрынғы иелерiне қайтарылуына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де санкциялардың қолданылуына әкеп соғады. 
      ЕСКЕРТУ. 17-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 
               1996.12.07. N 50-I заңымен.  

    18-бап. Бағалы қағаздарды орналастыру тәсiлдерi

      Бағалы қағаздарды орналастыру мынадай тәсiлдермен: 
      бағалы қағаздар эмитент құрылтайшыларының немесе саны елуден аспайтын күнi бұрын белгiлi бiр адамдар тобы арасында ғана орналастырылатын жабық тәсiлмен; 
      бағалы қағаздар күнi бұрын белгiленбеген тұлғалардың арасында орналастырылатын ашық тәсiлмен жүзеге асырылады. 

      19-бап. Бағалы қағаз иелерiнiң реестрi 

      Инвесторлардың кез-келген белгiленген мезгiлдегi жағдайға қарай жасалған және осы инвесторлар мен оларға тиесiлi бағалы қағаздар санын теңдестiруге мүмкiндiк беретiн тiзiм бағалы қағаз иелерiнiң реестрi болады. 
      Бағалы қағаздар иелерiнiң реестрiн эмитенттiң өзi жүргiзедi ал 500 және одан да көп акционерлерi бар акционерлiк қоғамдарда - эмитенттiң тәуелсiз тiркеушiмен жасаған шарты бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн. 
      Бағалы қағаздарды құжатсыз түрде шығару нысаны туралы шешiм қабылдау және бағалы қағаздар тiркеушiнi таңдап алу эмитенттiң жоғары басқару органының құзырына жатады. 
      Бағалы қағаздарды иеленушiлер реестрiн жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы белгiлейдi. 

      20-бап. Бағалы қағаздарға жаппай ашық жазылу 
                        туралы хабарлама 

      Бағалы қағаздар эмиссиясы тiркелген соң эмитент жаппай ашық жазылу туралы хабарлама таратады. 
      Хабарламада баяндалатын және хабарландыруда жарияланатын мәлiметтер эмитенттiң нақты қаржылық жағдайын көрсетуге тиiс. 
      Хабарламадағы мәлiметтердiң мерзiмiнiң өткендiгi әрi кеткенде алты айдан аспауы керек. 
      Бағалы қағаздар туралы хабарламаны эмитент жеке брошюра (проспект) түрiнде шығарады. 
      Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы осы баптың ережелерiн нақтылайтын нормативтiк актiлердi әзiрлеп бекiтедi, бұларда бағалы қағаздар эмиссиясы проспектiсiнiң түрi мен мазмұны, оның ұсынылу және жариялану мерзiмдерi, жарияланған хабарда мiндеттi түрде болуға тиiс мәлiметтердiң тiзбесi айқындалады. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асырушы банктер мен басқа ұйымдар үшiн жоғарыда аталған нормативтiк актiлер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң келiсуi бойынша бекiтiледi. 
      Бағалы қағаздар эмиссиясының проспектiсiне қол қойған лауазымды адамдар проспектiдегi мәлiметтердiң дұрыстығы, үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi заңдарында белгiленетiн бағалы қағаздар эмиссиясының тәртiбi мен ережелерiнiң сақталуы үшiн жауап бередi. 
      Ашық сатуға ұсынылатын бағалы қағаздар бұқаралық ақпарат құралдарында бағалы қағаздарды ашық сату туралы мәлiметтер жарияланған күннен бастап бiр ай өткен соң ғана орналастыруға жiберiледi. 
      Бағалы қағаздарға жазылуды жүргiзу кезеңiнде, бағалы қағаздардың ашық сатылуы туралы бастапқы берiлген мәлiметпен салыстырғанда, iстiң шын мәнiнде инвестициялардың материалдық мүдделерiн айтарлықтай қозғайтын қандай да бiр өзгерiстер бола қалған жағдайда, эмитент бұл өзгерiстердi Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясында, ал эмитент банк болған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде эмиссияның өзгертiлген проспектiсiн тiркеуге, сондай-ақ өзгерiстер туралы жазушыларға хабарлауға мiндеттi. 

      21-бап. Бағалы қағаздарды тiркеуден бас тарту және 
              бағалы қағаздардың эмиссиясын кiдiрту 

      Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы мынадай жағдайда: 
      Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары бұзылған бағалы қағаздар шығару туралы жаңсақ мәлiметтерi бар хабар берiлген; 
      жазылу барысында эмиссия шарттарын едәуiр өзгертетiн және инвесторларға қосымша хабарлауды талап ететiн жаңа ақпараттар түскен; 
      эмиссияның тiркелген көлемi артып кеткен жағдайда бағалы қағаздарды тiркеуден бас тартуға және шығаруды кiдiрте тұруға құқылы. 
      Бағалы қағаздар эмиссиясының тиiмсiздiгi жөнiндегi желеумен тiркеуден бас тартуға жол берiлмейдi. 
      Бағалы қағаздар эмиссиясын кiдiрте тұрған жағдайда эмитент анықталған тәртiп бұзушылықты жоюға мiндеттi, бұдан кейiн эмиссия Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының арнайы жазбаша рұқсаты бойынша жалғастырылады. 
      Бағалы қағаздар эмиссиясын кiдiрiлген жағдайда Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы шешiм шығарылған күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде жалпыға мәлiм ету үшiн бұл туралы хабарлама бередi. 
      Бағалы қағаздарды тiркеуден бас тарту, сондай-ақ олардың эмиссиясын кiдiрте тұру туралы шешiмдер жөнiнде сотқа шағым берiлуi мүмкiн. 

      22-бап. Бағалы қағаздар эмиссиясы мен орналастырылуының 
                 қорытындысы туралы есептi бекiту 

      Бағалы қағаздарды орналастыру мерзiмi аяқталғаннан кейiн бiр ай iшiнде эмитент Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясына эмиссияның және орналастырудың қорытындысы туралы есеп беруге мiндеттi. 
      Банктер мен басқа да кредит мекемелерi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сараптамасы бар бағалы қағаздар орналастырудың қорытындылары туралы есеп бередi. 
      Егер бағалы қағаздар эмиссиясының қорытындысы туралы есеп берiлген күннен кейiнгi келесi күннен бастап 14 күн iшiнде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссияның эмиссия болмаған деп танылады деген хабары алынбаса, онда мұндай эмиссия болған ретiнде саналады. 
      Бағалы қағаздар эмиссиясының қорытындысы туралы есепке қол қойған лауазымды адамдар ондағы деректердiң дұрыстығы үшiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауап бередi. 

    23-бап. Эмитенттiң шаруашылық қызметiндегi
                өзгерiстер туралы ақпарат

      Эмитент бес жұмыс күнi iшiнде егер соңғы жылдың хабарламасында бұл өзгерiстер жөнiнде мәлiметтер немесе сiлтемелер жасалмаған болса, өзiнiң шаруашылық қызметiнде болған, инвесторлардың материалдық мүдделерiн айтарлықтай қозғайтын өзгерiстерге қатысты ақпаратты Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясына жiберуге мiндеттi. Мұндай ақпаратта ең алдымен мынадай мәлiметтер болады:
     басшы қызметкерлердiң жеке құрамын өзгерту туралы;
     эмитенттiң банктiк шотына тыйым салу туралы;
     қаржылық сауықтыру немесе тарту жөнiндегi iс-қимылдың басталуы туралы;
     қызметтiң кiдiртiлуi немесе тоқтатылуы туралы;
     эмитенттiң қайта ұйымдастырылуы туралы;
     төтенше жағдайлардың салдарынан мүлiктiң кемiнде он процентiнiң жойылғаны туралы;
     жарғылық қордың 30 процентiнен асатын мөлшерде кредит алғаны немесе бағалы қағаздар эмиссиясы туралы;
     инвесторлардың материалдық мүдделерiне қатысты өзге мәлiметтер.
     Инвесторлардың материалдық мүдделерiн айтарлықтай қозғайтын бұрыс ақпарат жариялаған жағдайда, эмитент осы Жарлықтың 24-бабына сәйкес жауап бередi.

     24-бап. Эмитенттiң бағалы қағаздар эмиссиясы
             проспектiсiнде және қаржылық-шаруашылық
             қызметi туралы өзге құжаттарда жалған,
             жаңсақ немесе үстiрт мәлiметтер бергенi
             үшiн жауапкершiлiгi
 
      Егер бағалы қағаздар эмиссиясының проспектiсiнде, сондай-ақ бағалы қағаздар эмитентiнiң қаржы-шаруашылық қызметi туралы өзге хабарламада инвесторлардың материалдық мүдделерiн айтарлықтай қозғайтын жалған, жаңсақ немесе үстiрт мәлiметтер болса, онда эмитент келтiрген зияны үшiн бағалы қағаздар иеленушiлер алдында толығымен материалдық жауап бередi. 
      Бағалы қағаздар эмиссиясының проспектiсiнде немесе эмитенттiң қаржы-шаруашылық қызметi туралы ақпаратта жалған, жаңсақ немесе үстiрт мәліметтер бергенi немесе жарияланғаны арқылы бағалы қағаз иелерiне келтiрген зияны үшiн эмитенттiң жауапкершiлiгiн шектейтiн бағалы қағаздарды иеленушiлер мен эмитент арасындағы кез келген келiсiм жарамсыз деп саналады. 
      Өз қызметiн кежiрлiкпен жарнамалап жүрген бағалы қағаздар нарығына кәсiпқой қатысушы Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының, сондай-ақ өзге құзырлы мемлекеттiк органдардың талап етуi бойынша бұл туралы құлақтандыру алған сәттен бастап 15 күн iшiнде жоғарыда аталған кемшiлiктерiн жоюға мiндеттi, әйтпесе ол Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылады. 

      25-бап. Бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер 

      Бағалы қағаздармен мәмiлелер қайталама нарық саудаластығында кәсiпқой қатысушылардың (дилердiң) өз атынан және есебiнен немесе клиенттiң (инвестор) атынан және оның есебiнен бағалы қағаздарды сатып алуға немесе сатуға өтiнiш беру жолымен, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiпке сәйкес тiкелей мәмiлеге қатысушылардың арасында жасалуы мүмкiн. 
      Кәсiпқой қатысушы өз клиенттерiн жасалған мәмiленiң нәтижелерi туралы хабардар етуге мiндеттi. 
      Кәсiпқой қатысушылар клиенттер есебiнен мәмiлелердi тек клиент осылар орындалған жағдайда ғана мәмiле жасалуы мүмкiн деп есептейтiн барлық қажеттi шарттар көрсетiле отырып, жасалған шарттың негiзiнде ғана жүргiзе алады. 
      Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiкелей осы Жарлықтың 26-бабына сәйкес жүзеге асырылады. 
      Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес бағалы қағаздармен жасалған барлық операцияларға салық салынуға тиiс. 
      Бағалы қағаздармен мәмiлелер жасаудың және оларды тiркеудiң ережелерін сақтамағаны үшiн кәсiби қатысушыларды бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушылар ретiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына деген лицензиядан Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы айыруы мүмкiн. 
      Капиталының терiс мөлшерi бар банктер мен банктiк емес қаржы мекемелерiнiң бағалы қағаздармен мәмiлелерiнiң ерекшелiгi және оларға қатысушы тұлғалардың шеңберi банктер мен банктiк емес қаржы мекемелерi туралы қолданылып жүрген заңдармен белгiленедi.<*> 
      ЕСКЕРТУ. 25-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 
               1996.12.07. N 50-I заңымен. 

      26-бап. Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу 

      Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелер тiркелуге тиiс. Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеудi осы эмитенттi бағалы қағаздар ұстаушылардың реестрiне тиiстi жазу арқылы енгiзу жолымен немесе шарт негiзiнде тәуелсiз тiркеушi жүзеге асырады. Осы эмитенттiң тиiсiнше бағалы қағаздар ұстаушылардың реестрiне жазылған сәтi бағалы қағазға меншiк құқығының ауысу сәтi болып табылады. Тараптардың тiкелей жасасқан мәмiлелерiн тараптардың өз өтiнiштерiнiң негiзiнде эмитент немесе тәуелсiз тiркеушi тiркейдi. 
      Бағалы қағаздар нарығына кәсiпқой қатысушылардың қызметiн пайдалана отырып депозитарийдiң делдалдығымен жасалған мәмiлелер депозитарий осы эмитенттi бағалы қағаз ұстаушылардың тiзбесiне тiркеген сәттен бастап жарамды деп саналады. Депозитарийдiң эмитентпен немесе тәуелсiз тiркеушiмен қарым-қатынастары олардың арасындағы тиiстi шартпен реттеледi. 

             IV Тарау. Бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби 
                                  қызмет 

      27-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсiпқой қатысушылар 

      Осы Жарлықпен 28-бабында көрсетiлген қызмет түрлерiнiң бiрiн жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар бағалы қағаздар нарығына кәсiпқой қатысушылар болып табылады. Кешендi лицензиялар брокерлiк және дилерлiк қызметтi бiр мезгiлде жүзеге асыруға, сондай-ақ депозитарийлiк және клирингтiк қызметтi жүзеге асыруға берiледi. 
      Қор биржаларынан басқа бағалы қағаздар нарығына кәсiпқой қатысушылар бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi үйлестiру және өздерiнiң ортақ мүдделерiн, сондай-ақ атынан өздерi iс-қимыл жасайтын инвесторлардың мүдделерiн бiлдiру мақсатымен заңды тұлға мәртебесi бар кәсiпқой қатысушылардың бiрлестiктерiн құра алады. 
      Бағалы қағаздар нарығына кәсiпқой қатысушылар бiрлестiгi Қазақстан Республикасының өздерiнiң мәртебесiн айқындайтын заң актiлерiнiң негiзiнде және шеңберiнде оның қызметiн ұйымдастыру мен жүзеге асыру мәселелерiн, сондай-ақ бiрлестiк мүшелерiнiң өзара қарым-қатынасын дербес реттейдi. 
      Кәсiпқой қатысушылар бiрлестiгiне кiретiн кәсiпқой қатысушылар өздерiнiң заңдық және шаруашылық дербестiгiн сақтайды. 
      Кәсiпқой қатысушылар бiрлестiгi коммерциялық емес ұйым және бағалы қағаздар нарығына кәсiпқой қатысушы болып табылады, оның қызметiне осы Жарлықтың талаптары қолданылады. 

      28-бап. Бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызметтiң 
                             түрлерi 

      Бағалы қағаздар нарығында кәсiби қызметтiң мынадай түрлерi жүзеге асырылады: 
      делдалдық - кәсiпқой қатысушының тапсырма немесе комиссия шарттары негiзiнде iс-қимыл жасайтын сенiм бiлдiрiлген адам немесе комиссионер ретiнде бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасауы; 
      дилерлiк - үшiншi адамға қайта сату үшiн кәсiпқой қатысушының өз атынан және өз есебiнен бағалы қағаздармен азаматтық - құқықтық мәмiлелер орындауы; 
      депозитарлық - депозитарий мүшелерi мен оның клиенттерiне тиесiлi бағалы қағаздарды сақтау мен есепке алу жөнiндегi, сондай-ақ осы бағалы қағаздармен мәмiлелер жасауға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi функцияларды жүзеге асыру; 
      бағалы қағаздар бойынша клирингтiк қызмет - Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясымен алдын ала келiсе отырып Қазақстан Республикалық Ұлттық Банкi лицензия берген бағалы қағаздармен мәмiлелердi жүзеге асыруға байланысты өзара мiндеттемелердi айқындау жөнiндегi қызмет; 
      басқа инвесторларға тиесiлi бағалы қағаздардың портфелiн басқару жөнiндегi қызмет; 
      эмитенттердiң бағалы қағаздарын ұстаушылардың реестрiн жүргiзу жөнiндегi қызмет; 
      инвесторларға тиесiлi бағалы қағаздарды сақтау жөнiндегi заңды тұлғалар (бағалы қағаздарды сақтау жөнiндегi қызметiн Қазақстан Республикасының банк заңдары реттейтiн банктерден басқасы) жүзеге асыратын қызмет; 
      биржадан тыс бағалы қағаздар - нарығының котировка жүйесiнiң қызметi; 
      кәсiби қызметтiң басқа да түрлерi (Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының белгiлеуi бойынша.) 
      Бағалы қағаздар нарығындағы банктер қызметi Қазақстан Республикасындағы банк қызметiн реттейтiн заңдарға, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының нормативтiк актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады. 
      Бағалы қағаздар нарығында жұмыс iстейтiн инвестициялық қорлардың, депозитарийлер мен клирингтiк ұйымдардың қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының нормативтiк актiлерiмен реттеледi. 

      29-бап. Бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызметтi 
                        лицензиялау 

      Бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызметтi Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы беретiн лицензиялардың негiзiнде заңды және жеке тұлғалар жүзеге асырады. Бағалы қағаздар бойынша клирингтiк қызмет бұған кiрмейдi. 
      Осы Жарлықтың 27-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген жағдайлардан басқасында лицензия бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызметтiң бiр түрiн жүргiзуге берiлуi мүмкiн. 
      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында лицензия берудiң ерекше жағдайлары көзделуi мүмкiн. 
      Лицензия берiлгенi үшiн алым алынады, оның мөлшерi мен төлену тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. 

      30-бап. Бағалы қағаздар нарығында мәмiлелердi 
                  жүзеге асыруды шектеу 

      Бағалы қағаздар нарығында кәсiпқой қатысушылардың, инвестициялық қорларды қоспағанда, тiркеуге жататын бағалы қағаздардың эмиссиясы, айналысы және айналыстан алынуы кезiнде; 
      жарғылық қорының бес процентiнен астамы тiкелей немесе жанама түрде бағалы қағаздар нарығының аталған кәсiпқой қатысушысына тиесiлi эмитенттермен; 
      жарғылық қорының бес процентiнен астамы тiкелей не жанама түрде бағалы қағаздар нарығының аталған кәсiпқой қатысушысына тиесiлi бағалы қағаздар нарығының өзге де кәсiби қатысушыларымен; 
      бағалы қағаздар нарығына аталған кәсiби қатысушының жарғылық қорының бес проценттен астамы тiкелей немесе жанама түрде соларға тиесiлi бағалы қағаздар нарығына өзге де кәсiби қатысушылармен мәмiлелердi жүзеге асыруға құқығы жоқ. 
      Бағалы қағаздар нарығында делдалдық қызметтi жүзеге асыруға лицензия алған адамдардың, егер аталған мәмiлелердi жасау олардың клиенттерiнiң мүдделерiне қайшы келетiн болса, бағалы қағаздармен мәмiлелер жасауға құқы жоқ. 
       Бағалы қағаздармен кәсiби қызметтi жүзеге асырудағы өзге де шектеулердi Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының белгiлеуi мүмкiн. 
      Қызмет ақпаратқа ие адамдардың бас пайдасын көздеу мақсатында немесе оны үшiншi бiреуге беру үшiн осы ақпаратты пайдалана отырып, мәмiлелер жасауға құқы жоқ. 
      Осы талапты бұзған адамдар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауап бередi. 
      Осы Жарлықтың мәнi бойынша өзiнiң қызмет бабындағы жағдайына, эмитентпен жасасқан еңбек мiндеттемелерiне немесе шарттарына орай эмитент және ол шығарған бағалы қағаздар туралы ақпаратқа ие адамдарға бағалы қағаздар нарығының басқа субъектiлерiмен салыстырғанда артықшылықты жағдай туғызатын, көпшiлiктiң қолы жетпейтiн кез келген ақпарат қызметтiк ақпарат деп танылады. 
      Қызметтiк ақпаратты иеленушi адамдарға мыналар жатады: 
      эмитенттiң басқару органдарының мүшелерi немесе осы эмитентпен шарт арқылы байланысты бағалы қағаздар нарығына кәсiпқой қатысушы; 
      эмитенттiң немесе эмитентпен шарт арқылы байланысты бағалы қағаздар нарығына кәсiпқой қатысушының аудиторлары; 
       бақылау, қадағалау және өзге өкiлеттiктерiне орай аталған ақпараттарға қолы жететiн мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi. 

                V Тарау. Қор биржасы 

      31-бап. Қор биржасы ұғымы және оның құқықтық жағдайы 

      Қор биржасы (бұдан әрi - биржа) акционерлiк қоғам нысанында жұмыс iстейтiн заңды тұлға болып табылады. 
      Биржаның негiзгi мiндеттерi бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздармен сауда жасауды, олармен жасалған мәмiлелердiң кепiлдiгiн ұйымдастыру, бағалы қағаздардың тиiмдi айналысын, қаржы ресурстарын қайта бөлуге қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады. 
      Биржа өз мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн: 
      бағалы қағаздар нарығында айналыста жүрген бағалы қағаздармен сауда жасауды ұйымдастырады; 
      өз мүшелерiне ұйымдық, ақпараттық, консультациялық және құқықтық қызметтер көрсетедi; 
      бағалы қағаздардың құнын белгiлеудi жүзеге асырады; 
      өзiнiң талдама зерттеулерiн жүргiзедi; 
      бағалы қағаздар нарығындағы құқықтық қатынастар субъектiлерiнiң арасында өзара есеп айырысуларға (клиринг) заңда көзделген тәртiппен және шарттарға сәйкес жәрдем жасайды. 
      Биржа өз қызметiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өкiмет органдарынан тәуелсiз. 
      Биржаның қызметi өзiн-өзi өтеуге негiзделедi. Биржаның табысы оның өз мiндеттерiн жүзеге асыруына байланысты шығындарын өтеуге әрi биржаны техникалық және әлеуметтiк тұрғыда дамытуға жұмсалады. 
      Қор биржалары ретiнде тiркелмеген шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қор биржасының мiндеттерiн атқара алмайды. 
      Қор биржасының тауар биржасының мiндеттерiн атқаруға құқы жоқ. 

      32-бап. Қор биржасын құру және тiркеу 

      Заңды және жеке тұлғалар қор биржасының құрылтайшылары бола алады. 
      Биржаның жарғылық қорының ең төменгi мөлшерi биржа құрылған және оның жарғылық қоры қалыптасқан сәттегi Қазақстан Республикасында белгiленген ең төменгi еңбекақының он мың мәртесiнен кем болмайды. 
      Биржаны тiркеу қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 
      Бағалы қағаздармен биржалық қызметтi жүргiзу құқына лицензия беру тәртiбiн, мұндай лицензиялардың қолданылуын кiдiрте тұру және оларды керi қайтарып алу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы белгiлейдi. 
      Жаңадан құрылып жатқан қор биржаларының қызметiн лицензиялау осы биржалар бiр эмитенттiң бағалы қағаздармен жасаған мәмiлелерiнiң бiр қор биржасында шоғырлануын сақтауды қамтамасыз еткен жағдайда жүзеге асырылады. 
      Егер құрылтай құжаттары мен биржалық сауда ережесi осы Жарлыққа және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес келетiн болса, бағалы қағаздармен биржалық қызмет жүргiзуге лицензияны өтiнiш берiлген күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы бередi. 

               33-бап. Биржаға мүше болу 

      Биржа жарғысының талаптарын орындайтын, бағалы қағаздар нарығына кәсiпқой қатысушылар болып табылатын заңды және жеке тұлғалар биржаның мүшелерi бола алады. 
      Қор биржасының кемiнде үш мүшесi болуға тиiс. Осы бапта белгiленген талаптарға жауап беретiн шетелдiк заңды және жеке тұлғалар да биржаның мүшелерi бола алады. 
      Биржаның мүшелiгiне қабылдау туралы шешiмдi биржа кеңесi қабылдайды. 

              34-бап. Биржаны басқару 

      Биржаның басқару органдары, олардың функциялары мен құқылылығы, құрылу және шешiм қабылдау тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. 
      Мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарының қызметкерлерi, сондай-ақ бағалы қағаздары биржада бағаланатын кәсiпорындардың бiрiнде болса да басшылық лауазымға ие адамдар биржаның басқару органдарына сайлана алмайды. 

               35-бап. Биржа кеңесi (байқау кеңесi) 

      Биржа кеңесi басқарманың қызметiн бақылауды жүзеге асырады, жарғыда көзделген өзге де мiндеттердi орындайды. 
      Биржа кеңесiнiң мүшелерi биржаның құрылтайшылары мен басқа да мүшелерiнiң, оның лауазымды адамдарының iшiнен, сондай-ақ биржа акционерлерiнiң iшiнен сайланады. Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссия биржа кеңесiнiң сайлау процедураларына қатысты қосымша жағдайларды; биржа кеңесiнiң мүшелерi сайланатын мерзiмдер мен олардың мерзiмiнен бұрын керi шақырып алу тәртiбiн; биржа кеңесi мүшелерiнiң санын белгiлейдi.

             36-бап. Биржа алатын жарналар мен алымдар

     Ақшалай жарналар мен алымдарды биржа мынадай жағдайларда алады:
     биржаға мүше болғаны үшiн;
     биржаның мүлкiн пайдаланғаны үшiн;
     бағалы қағаздарды листингке қосқаны үшiн;
     биржалық мәмiленi тiркегенi және ресiмдегенi үшiн;
     жарғыда, биржалық сауда ережелерiнде, биржаның регламентiнде көзделген өзге жағдайларда.

             37-бап. Биржаның табысы

     Биржаның табысы:
     жарналар мен алымдар:
     қор биржасының мүшелiгiне кiруге құқық беретiн оның акцияларын сату;
      биржаның жарғысында көзделген ақпараттық, консультациялық, және өзге де қызметтер көрсетуден алынған қаражат есебiнен құралады. 

      38-бап. Биржалық мәмiлелер 
 
      Бағалы қағаздардың биржалық саудасына қатысушылар арасында тiркелген биржалық шарт биржалық мәмiле болып табылады. Осы қор биржасында бағалы қағаздармен жасалған барлық биржалық мәмiлелер осы Жарлықтың 26-бабында белгiленген тәртiпке және осы биржада қолданылып жүрген биржалық сауда тәртiбiне сәйкес тiркелуге және рәсiмделуге тиiс. 
      Биржалық сауда ережесiн биржа басқармасы белгiлейдi және оны Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының бекiтуге тиiс. Биржалық сауда ережесi кәсiпқой қатысушылардың қызметiн тек биржаның iшiнде ғана реттейдi. Қор биржасының биржадан тыс бағалы қағаздар нарығындағы кәсiпқой қатысушылардың қызметiн реттеуге құқығы жоқ.
     Ережеде мынадай қағидалар болуға тиiс:
     биржада сауда жүргiзу тәртiбi; биржада жасалатын мәмiлелердiң түрлерi, оларды тiркеу және есепке алу тәртiбi;
     бағалы қағаздардың нарықтық құнын қалыптастыру тәртiбi (котировка);
     котировка туралы мәлiметтердi жариялау тәсiлi;
     есеп айырысу тәртiбi мен тәсiлдерi;
     сауда өткiзу уақыты мен орны;
     биржалық саудаға қатысушылардың арасындағы биржалық мәмiлелер жөнiндегi дауларды шешу тәртiбi;
     бағалы қағаздарды биржада құнын белгiлеуге жiберу тәртiбi;
     биржа айыппұл өндiрiп алатын жолсыздықтар тiзбесi, айыппұлдың мөлшерi мен оны өндiрiп алу тәртiбi;
     алымдардың, тарифтердiң, басқа төлемдердiң мөлшерi, биржаның оларды өндiрiп алу тәртiбi;
     биржалық саудаға қатысушылардың тобы, олардың құқықтары мен мiндеттерi;
      Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының нормативтiк актiлерiне сәйкес басқа да талаптар. 
      Қор биржасында айналысқа рұқсат етiлген бағалы қағаздар мәмiле жасаушы тараптар осы биржаның мүшелерi болып табылатын мәмiлелердiң ғана нысаны болып табылады. Мұндай бағалы қағаздар сонымен бiрге осы бағалы қағаздарды ұстаушылар (дилерлерден басқа) және басқа инвесторлар арасындағы (қандай да бiр делдалдардың қатысуынсыз) мәмiлелердiң дәл нысанасы бола алады. 

              39-бап. Биржалық мәмiлелерге қатысушылар 

      Биржалық саудаға биржа мүшелерi мен биржалық сауданың жарғысында немесе ережесiнде белгiленген тәртiппен қатысуға рұқсат етiлген басқа да адамдар қатысады. 
      Дилерлер мен брокерлер қор биржасында биржалық сауда ережелерiне сәйкес бағалы қағаздармен мәмiлелердi жүзеге асырады. 
      Биржада биржа кеңесi құнын биржада белгiлеуге рұқсат еткен бағалы қағаздармен мәмiлелер жасалады. 

              40-бап. Қор биржасында котировка жасалатын бағалы 
                      қағаз эмитенттерiнiң мiндеттерi 

      Биржада котировка жасау үшiн қабылданған бағалы қағаздардың эмитенттерi: 
      бағалы қағаздарды сақтау және есеп жүргiзу үшiн депозитарийге салуға; 
      өзiнiң шаруашылық қызметiне және қаржылық жағдайының өзгеруiне қатысты барлық фактiлер туралы, сондай-ақ құнын белгiлеу үшiн қабылданған бағалы қағаздардың бағамын өзгеруiне әсер етуi мүмкiн басқа да барлық фактiлер туралы инвесторлар мен биржа кеңесiне (немесе ол уәкiлдiк берген органға) уақытылы хабарлауға; 
      егер шаруашылық қызметi мен қаржылық жағдайына қатысты фактiлердiң осы бағалы қағаздар бағамының өзгеруiне әсер етуi немесе оларды шығарған кезiнде эмитенттiң өзiне алған мiндеттемелерiн толық орындалуының мүмкiн еместiгiне әкелiп соғуы ықтимал болса, фактiлердiң бәрiн биржа кеңесiне кiдiрiссiз хабарлауға және қор биржаларының баспасөз басылымында жариялауға; 
      өзiнiң шаруашылық қызметi мен қаржылық жағдайы туралы соңғы есебiн жариялаған сәттен бастап оларда болған барлық өзгерiстер туралы жылына кемiнде екi рет есебiн жариялап отыруға мiндеттi. 
      Егер эмитент осы баптың ережелерiн орындамаса, биржа кеңесi эмитентке оның бағалы қағаздарының биржа листингiнен шығарылып тасталуы мүмкiн екендiгi туралы ескертедi және осы ескертудi биржалық бюллетеньде жариялайды. 
      Егер эмитент биржа кеңесiнiң ескертуiнен кейiн осы бапта көзделген мiндеттердi орындамаса, биржа кеңесi бағалы қағаздардың құнын белгiлеудi кiдiрте тұруға немесе осы бағалы қағаздарды биржа листингiнен шығарып тастау туралы шешiм қабылдау жөнiнде басқармаға ұсыныс жасай алады. 

              41-бап. Биржада бағалы қағаздармен жасалатын 
                      мәмiлелер туралы ақпаратты жариялау 

      Мерзiмдi шығып тұратын биржалық бюллетеньде өткен айда жасалған мәмiлелер бойынша жалпы статистикалық мәлiмет, биржалық сауда Ережесiндегi өзгерiстер, биржа кеңесi мен акционерлердiң жалпы жиналысы қабылдаған шешiмдер және биржа мен оның клиенттерiнiң коммерциялық құпиясы жоқ басқа ақпарат болуға тиiс. 

              42-бап. Биржаның жауапкершiлiгi 

     Биржа бағалы қағаздар нарығының субъектiсiне келтiрiлген залалдың орнын толтырады және ол өзiнiң қызметтерiн немқұрайды атқарған, осы жарлықты биржаның жарғысын, биржалық сауда ережесiн бұзған немесе коммерциялық құпияны жария еткен жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауап бередi.

             43-бап. Биржаның қосалқы құрылымдары

     Биржаның бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге қызмет көрсететiн қосымша құрылымдық бөлiмшелер құруға құқығы бар.

             44-бап. Қор биржасының қызметiн тоқтату

     Қор биржасы:
     биржа мүшелерi жалпы жиналысының шешiмi бойынша;
     сот органдары шешiмiнiң негiзiнде;
     Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы биржалық қызметке бұрынырақ берiлген лицензияны қайтарып алған жағдайда өз қызметiн тоқтады. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының бұрын берiлген лицензияны қайтарып алу туралы шешiмiне сот тәртiбi бойынша шағым жасалуы мүмкiн.

            VI Тарау. Қорытынды ережелер

             45-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық
                     шарттар мен конвенцияларға қатысуы

     Егер Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шартта осы Жарлықта көзделген ережелерден өзге ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

             46-бап. Осы Жарлықтың күшiне ену тәртiбi

     Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi, бұған мемлекеттiк меншiк үлесi бар банктер эмиссиясы проспектiсiн тiркеу бөлiгiндегi ережелерi 1996 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн 17-баптың екiншi бөлiгi кiрмейдi. 1996 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңге осы тiркеудiң бұрынғы тәртiбi сақталады.     

     Қазақстан Республикасының
             Президентi 

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 262983
    Қазақ тілінде 131292
    Орыс тілінде 130797
    Ағылшын тілінде 894
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы