Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 780 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша 2017 жылғы 3 шілдедегі № 86-VI Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысын қараңыз.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 57-бабының 3-тармағына сәйкес Қ АУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджет комиссиясы туралы ереже бекітілсін.

      2. "Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 24 тамыздағы N 1426 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 30, 400-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Президенті

  Қазақстан Республикасы
  Президентінің
  2009 жылғы 1 сәуірдегі
  N 780 Жарлығымен
  БЕКІТІЛГЕН

Республикалық бюджет комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. Республикалық бюджет комиссиясы туралы осы ереже (бұдан әрі - Ереже) тұрақты негізде жұмыс істейтін Республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрі - комиссия) қызметін реттейді.

      2. Қазақстан Республикасының Конституциясы , Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі , Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже комиссия қызметінің құқықтық негізін құрайды.

2. Комиссия қызметінің мақсаттары

      3. Комиссия қызметінің негізгі мақсаттары жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттің жобасын уақтылы және сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету мен республикалық бюджетті нақтылау және атқару жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.

3. Комиссияның міндеттері мен функциялары

      4. Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы жөнінде ұсыныстарды тұжырымдау;

      1-1) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері және жаңа бастамаларға арналған лимиттер бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      2) жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет жобасының көрсеткіштерін айқындау жөнінде ұсыныстарды тұжырымдау;

      3) республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;

      4) республикалық бюджетті нақтылау жөнінде ұсыныстарды тұжырымдау;

      5) бюджеттік мониторингтің нәтижелерін, нәтижелерге жүргізілген бағалауды қарау және олар бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;

      6) Бюджет кодексінде және осы Ережеде көзделген өзге де өкілеттіктер болып табылады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2010.12.13 № 1123; 25.04.2014 N 812; 12.01.2016 N 171 Жарлықтарымен.

      5. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) комиссияның жұмыс органы дайындаған материалдарды қарайды және:

      бюджет қаражатын жұмсаудың және заңды тұлғаларды субсидиялаудың басым бағыттарын;

      бюджетаралық қатынастардың даму бағыттарын;

      мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясатты;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау мүмкіндігі туралы ұсыныстарды;

      объектілер бөлінісінде бюджеттік инвестицияларды, сондай-ақ жоспарлы кезеңге облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана бөлінісінде нысаналы даму трансферттерін және кредиттерді қоса алғанда, басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесін айқындайды;

      2) комиссияның жұмыс органы дайындаған материалдарды қарайды және:

      республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы;

      республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері және жаңа бастамаларға арналған лимиттер;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы;

      бюджеттік мониторинг нәтижелері мен жүргізілген бағалау нәтижелері;

      орталық мемлекеттік органдардың заттай нормаларды бекіту немесе өзгерту туралы ұсыныстары;

      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобалары және бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындысы және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік өтінімдер және бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындысы негізінде жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары;

      орталық мемлекеттік органдар өтінімдерінің тізбесіне сәйкес байланысты гранттарды тартудың орындылығы;

      жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы;

      республикалық немесе жергілікті бюджеттер және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры түсімдерінің қысқаруын немесе шығыстарының ұлғаюын көздейтін Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, құрылымына ведомство кіретін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының жобалары;

      бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жасаған төтенше немесе соғыс жағдайы іс-шараларын қаржыландыру үшін бюджеттік бағдарламалардың тізбесі мен көлемдері;

      республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне берілетін нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттердің көлемі;

      республикалық бюджетті нақтылау, секвестрлеу және түзету;

      жекелеген мемлекеттік қызметтердің, бюджеттік инвестициялық жобалардың және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған, мемлекеттік тапсырма нысанында орындалуы жоспарланып отырған өзге міндеттердің тізбесі;

      бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдар арасындағы келіспеушіліктерді реттеу;

      есепті қаржы жылында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке аударылмаған кепілдік берілген трансферт сомасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің бюджетті түзету арқылы тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша төленбей тіркелген міндеттемелер сомасынан аспайтын көлемде өткен қаржы жылындағы республикалық бюджетте бекітілген ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін ағымдағы қаржы жылында пайдалануы;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру;

      бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптама жүргізу;

      бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді қаржыландыру көлемі;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жоспарлау кезеңінен өтпеген аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған бюджеттік инвестициялар;

      шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың тізбесі мен көлемдері бойынша ұсыныстарды әзірлейді;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.11.01 № 419 Жарлығымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 10.10.2013 № 670; 25.04.2014 N 812; 06.08.2014 № 888; 12.01.2016 N 171 Жарлықтарымен.

4. Комиссияның құқықтары

      6. Комиссия өзінің міндеттеріне сәйкес:

      1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға, сондай-ақ комиссияның міндеттерін іске асыру үшін мамандарды және сарапшыларды жұмысқа тартуға;

      2) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға және ұсыныстар енгізуге;

      3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдар сұратуға және оларды алуға;

      4) комиссияның міндеттері мен функцияларын іске асыруға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органның және ұйымның бірінші басшыларын, ал олар болмағанда - бірінші басшысының міндетін атқарушы тұлғаларды комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;

      5) комиссияның құзыретіне кіретін мәселелерді қарау үшін тақырыптық блоктар бойынша кіші комиссиялар құруға құқылы.

5. Комиссияны қалыптастырудың және оның қызметінің тәртібі

      7. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді.

      8. Комиссия құрамына:

      1) комиссия төрағасы;

      2) комиссия төрағасының орынбасарлары;

      3) комиссия хатшысы;

      4) комиссия мүшелері кіреді.

      9. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, комиссия отырыстарын өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның ұсыныстарының іске асырылуы үшін жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін жауап береді. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын ол тағайындаған комиссия төрағасының орынбасары орындайды.

      10. Комиссия хатшысы комиссияның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді, комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындайды.

      11. Комиссия мүшелерінің отырыстарға қатысу жөніндегі өздерінің өкілеттіктерін басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ.

      11-1. Жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыруға байланысты мәселелерді қарау кезінде комиссия отырыстарына Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі байқаушы ретінде (дауыс беру құқығынсыз) қатысады.

      Ескерту. Ереже 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 09.12.2016 № 388 Жарлығымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      12. Жұмыстың жоспар-кестесін комиссия белгілейді. Комиссия мүшелерімен келісу және комиссия жұмысының жоспар-кестесін жіберу бюджеттік өтінімдерді және стратегиялық жоспарлар жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын қарау жөніндегі комиссияның жұмысы басталғанға дейін бір ай бұрын жүзеге асырылады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.11.01 № 419 Жарлығымен.

      13. Комиссияның шешімдері комиссия мүшелерінің жай көпшілік дауысымен, сондай-ақ сауалдама жүргізу жолымен қабылданады және олар үшін комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Комиссия мүшелері шешімдер қабылдау кезінде тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2010.12.13 № 1123 Жарлығымен.

      14. Комиссия қабылдаған шешім комиссия төрағасы мен хатшысы қол қоятын және комиссияның барлық мүшелерінің ортақ пікірін білдіретін хаттамамен ресімделеді. Комиссия мүшелері қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда комиссия хаттамасына қоса тігілетін өзінің ерекше пікірін жазбаша түрде білдіруге құқылы.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2010.12.13 № 1123 Жарлығымен.

      15. Комиссияға жүктелген міндеттерді орындау мақсатында ол қабылдаған шешімдерді барлық мемлекеттік органдар міндетті түрде қарауға және көрсетілген мерзімде орындауға тиіс.

      16. Комиссияның жұмыс органы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган болып табылады.

      Комиссия қызметін ұйымдастыру тәртібін комиссияның жұмыс органы әзірлейді және айқындайды.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 06.08.2014 № 888 Жарлығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 12.01.2016 N 171 Жарлықтарымен.

      17. Комиссия отырыстарының арасындағы кезеңде оның қызметінің ұйымдық мәселелерін комиссияның жұмыс органы шешеді.

      Комиссия құзыретіне кіретін мәселелерді жұмыс органы жиырма жұмыс күнінен асырмай қарайды және құжаттардың толық пакеті болған жағдайда комиссияның қарауына шығарады.

      Жұмыс органы комиссия отырысында қарау үшін материалдарды комиссия мүшелеріне отырыс өткізілетін күнге дейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.11.01 № 419 Жарлығымен.

      18. Комиссия немесе жұмыс органы айқындайтын мерзімге және күн тәртібіне сәйкес комиссия отырыстарына материалдар дайындау, оларды комиссия мүшелеріне тарату, комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындау, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне комиссия отырыстарының хаттамалары мен тиісті материалдарды, комиссия мүшелеріне, мемлекеттік органдардың және ұйымдардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша оларға комиссияның хаттамалық шешімдерінен үзінділер жіберу, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерден және осы ережеден туындайтын басқа да функциялар жұмыс органының функциялары болып табылады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 09.12.2016 № 388 Жарлығымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

6. Комиссияның қызметін тоқтату

      19. Комиссия қызметін тоқтату туралы Қазақстан Республикасы Президентінің шешім қабылдауы комиссияның қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады.

      20. Осы Ереженің 19-тармағында көрсетілген, комиссия қызметін тоқтатуға әкеп соғатын мән-жайлар басталған кезде комиссия Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне жасалған жұмыс туралы есеп-хат жібереді.

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 262982
    Қазақ тілінде 131292
    Орыс тілінде 130796
    Ағылшын тілінде 894
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы