"Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 тамыздағы № 607 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында белгіленген мерзімде және тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Бағдарламаға мониторинг пен оны бағалаудың нәтижелерін ұсынсын.»;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада:
      «Мазмұны» деген бөлімде:
      1.1 -тармақтың үшінші абзацы алып тасталсын;
      1.3-тармақта:
      үшінші абзац алып тасталсын;
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жаңартылатын энергия көздері»;
      алтыншы абзац алып тасталсын;
      «Бағдарламаның паспорты» деген бөлімде:
      «Нысаналы индикаторлар» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нысаналы индикаторлар
      Мыналарды:
      1) 2014 жылы ЖІӨ-ні 2008 жылға қарағанда нақты мәнде кемінде
38,4 %-ға, номиналды мәнде - 26 трлн. теңгеге;
      2) 2015 жылға қарай шикізаттық емес сектордың ЖҚҚ өсімі нақты мәнде 2008 жылғы деңгейге қарағанда кемінде 39,5 %-ды құрайды;
      3) 2015 жылға қарай өңдеуші өнеркәсіптің өсімі нақты мәнде 2008 жылғы деңгейге қарағанда 43,6 %-ды құрайды;
      4) шикізаттық емес (өңделген) экспорттың құндық көлемін 2008 жылғы деңгейге қарағанда кемінде 30 %-ға;
      5) өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігін 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде (2008 жылдың салыстырмалы бағаларымен) кемінде 1,5 есеге;
      6) мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың тауарларды сатып алудағы жергілікті қамту үлесін - 43 %-ға дейін, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда - 87 %-ға дейін;
      7) ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтер мен
компаниялардың тауарларды сатып алудағы жергілікті қамту үлесін - 49 %-ға дейін, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда - 78 %-ға дейін;
      8) жер қойнауын пайдаланушылардың (тау-кен кешені) тауарларды сатып алудағы жергілікті қамту үлесін - 12 %-ға дейін, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда - 74 %-ға дейін;
      9) НКОК, ҚПО және ТШС көрсеткіштерін есепке алмағанда, жер
қойнауын пайдаланушылардың (мұнай-газ секторы) тауарларды сатып алудағы жергілікті қамту үлесін - 16 %-ға дейін, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда - 72,5 %-ға дейін;
      10) жүйе құраушы кәсіпорындардың тауарларды сатып алудағы
жергілікті қамту үлесін - 15 %-ға дейін, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда - 68 %-ға дейін;
      11) инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санының 10 %-ына дейін ұлғайту.
      ЖІӨ-нің энергияны қажетсінуін 2008 жылғы деңгейден кемінде 10 %-ға азайту.»;
      «Бағдарламаның мақсаты, басымдықтары, міндеттері мен принциптері» деген бөлімде:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «2015 жылға нысаналы индикаторлар:

      11) инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санының 10 %-ына дейін ұлғайту;

      «Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары» деген бөлімде:
      «1. Экономиканы әртараптандыруды және оның бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін басым секторларын дамыту» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Экономиканы әртараптандыруды және оның бәсекеге қабілеттігінің өсуін қамтамасыз ететін басым секторларын дамыту
      Алдағы кезеңде индустрияландыру саясаты индустриялық-инновациялық үдерістердің жеделдетушісіне айналатын «дәстүрлі мамандандыру» салаларын дамыту арқылы шикізаттық емес басым секторларды озыңқы дамытуға бағытталған болады.
      Мемлекеттің күш-жігері экономиканың мынадай басым секторларын
дамытуға шоғырландырылады:
      дәстүрлі: мұнай-газ секторы, тау-кен металлургия кешені, шикізат өндірістерін кейіннен анағұрлым жоғары қайта бөлулерге ауыстыратын атом және химия өнеркәсібі;
      жер қойнауын пайдаланушылар, ұлттық компаниялар және мемлекет сұранысына негізделген: машина жасау, құрылыс индустриясы, фармацевтика;
      шикізаттық сектормен байланыстырылмаған және негізінен экспортқа бағдарланған өндірістер: агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл өнеркәсіп, туризм;
      келесі 15-20 жылда әлемдік экономикада үстем рөлге ие болатын «болашақ экономикасының» секторлары: ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, биотехнологиялар, баламалы энергетика, ғарыш қызметі.
      Көрсетілген секторлардың тізбесі толық емес, әрі Бағдарламаның іске асырылу үдерісінде толықтырылып отыратын болады.
      Бағдарламаны іске асыру кезінде әлемдік қоғамдастықтың үшінші индустриялық революцияға енгенін, оның сипаттамаларының бірі сұраныстың кастомизациялануы, тауарлар мен қызметтер өндірісінде жұмыс күшіне, өндірістің орналастырылуына және ұйымдастырылуына қойылатын талаптарға елеулі із қалдыруға тиіс жеке тәсіл қолдану екенін ескеру қажет.
      Үшінші өнеркәсіптік революцияның 4 негізгі тренді ерекшеленеді:
      1) автоматтандыру, өндірістерді цифрландыру және робот техникасы;
      2) жаңа материалдар;
      3) жаңа буын логистикасы;
      4) жасыл технологиялар.
      Сонымен бірге, индустриялық-инновациялық саясат үшінші
индустриялық революцияның негіз қалаушы мынадай талаптарына жауап беруі тиіс:
      1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігі технологияларын, энергия тұтынуды және қоршаған ортаға шығарындыларды азайтуды қамтамасыз ететін жаңартылатын энергия көздерін дамыту, сондай-ақ энергетикалық тәуелсіздікке көшу (яғни электр энергиясын автономды өндіру);
      2) басқару жүйелерін автоматтандыру, роботтандырылған өндірістер құру, басып шығарудың 3Д технологияларын қолдану есебінен өндірістер икемділігіне қол жеткізу. Бұл орташа және ұсақ сериялы өндіріс аясында жаңа өнімдер өндіруге және тауарларды тапсырыс бойынша жылдам өткізуге арналған технологиялық үдерістердің ұтқырлығын қамтамасыз етуге ықпал етеді;
      3) интернет мүмкіндіктерін кең ауқымда қолдануды қамтамасыз ететін ақпараттық қоғам қалыптастыру;
      4) өндіріс үшін мүлдем өзгеше мүмкіндіктерге және бірқатар басым сапаларға (жоғары беріктілік, жеңілдік, әмбебаптық, неғұрлым төмен күн) ие композитті материалдар, нанотехнологиялар секілді жаңа материалдарды дамыту.
      Жоғарыда келтірілген басым бағыттарды іске асыру үшін оларды іске асыру кезіндегі негізгі проблемаларды анықтай отырып, технологияларды пайдаланудың перспективалылығына талдау жүргізілетін, технологияларды тұтынушыларды оқыту, ынталандыру, отандық қызметкерлерді осы технологиялармен жұмыс істеуге бейімдеу бойынша іс-шаралар жүзеге асырылатын, сондай-ақ зерттеу орталықтарын, оқу зертханаларын, ірі көлемді инновациялық жобалар құру бойынша іс-шаралар іске асырылатын болады.
      Экономиканы сәтті әртараптандыру республиканың орнықты дамуымен, оның ішінде орнықты дамуды басқару жүйесін оңтайландыру және төмен көміртекті экономиканың «жасыл» саясатын енгізу арқылы дамуымен, оның ішінде инвестициялар тарту, экологиялық проблемаларды шешу, табиғат экожүйелеріне антропогендік жүктеменің келеңсіз әсерін төмендету, қоршаған ортаға эмиссияларды азайту бойынша табиғатты пайдаланушылардың жауапкершілігін күшейту, қалдықтарды кешенді қайта өңдеу мәселелерімен тығыз байланысты.
      Экономиканы әртараптандыруды жеделдету үдерісінде мемлекет тиімсіз жобаларды іске асыруға қарсы тұратын болады, сондықтан жобаларды қолдау үшін таңдаудың негізгі критерийлері өнімділік, энергия тиімділігі және ең алдымен, Кеден одағының әлеуетін іске асыру мүмкіндігімен байланысты экспортқа бағдарланушылық болып табылады.»;
      «1.1 «Дәстүрлі индустриялардағы» өндірісті әртараптандыру» деген тарауда:
      «Мұнай-газ секторы» деген параграф мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мұнай-газ секторы
      Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
      2009 жылы республикада мұнай мен газ конденсатын өндіру шамамен 76,5 млн. тоннаны құрады, газ өндіру 35,6 млрд. текше метрді құрады. Мұнай мен газ конденсатының экспорты 68,1 млн. тоннаны құрады.
      Мұнай өңдеу зауыттары (бұдан әрі - МӨЗ) 2009 жылы 12,1 млн. тонна мұнай өңдеді.
      Мұнай өндіруді одан әрі дамыту теңіз жобаларымен, «Теңіз» және «Қарашығанақ» кен орындарын кеңейту жобаларының нәтижелерімен өзара тығыз байланысты.
      Көмірсутек шикізатын өндіру көлемінің ауқымына қарамастан, бүгінгі күні Қазақстанда қосылған құны жоғары өнім ала отырып, көмірсутек шикізатын тереңдете өңдеудің толық технологиялық тізбегі жоқ.
      Көмірсутек шикізатын өңдеу мұнай мен газды айырумен шектеледі. Елде сонау кеңес уақытында салынған әрі қазіргі заманғы стандарттарға сай келмейтін 3 МӨЗ және 3 газ өңдейтін зауыт (бұдан әрі - ГӨЗ) жұмыс істейді.
      Қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ-ның (бұдан әрі - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ) қатысуымен халықаралық және ішкі сұраныс нарықтарына байланысты белгілі бір арақатынастағы сапалы мұнай өнімдері мен мұнай-химия өнімін шығаруға мүмкіндік беретін, көмірсутек шикізатын кешенді, терең қайта өңдеу бойынша жоғары технологиялық, инновациялық және икемді өндірістер құру жөніндегі базалық жобалар іске асырылу кезеңіне дайын.
      Өзара байланысты мұнай-газ және мұнай-химия өндірістерін іске асыру үшін Атырау облысында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы құрылды.
      Негізгі міндеттер
      1. Отандық көмірсутек шикізатын (мұнай/газ) өңдеудің тереңдігін және көлемін ұлғайту.
      2. Ішкі нарықтың мұнай өнімдері мен сұйытылған газға қажеттілігін қамтамасыз ету.
      3. Мұнайды, газды тасымалдаудың экспорттық бағыттарын
әртараптандыру.
      Нысаналы индикаторлар
      1. 2016 жылдан бастап отандық мұнай өнімдерінің сапасын Еуро-4, Еуро-5 сапа стандартына дейін жеткізе отырып, 2014 жылы МӨЗ-де мұнай өңдеу көлемінің 15 млн. тоннаға дейін (2008 жылға 122,1 %) өсуін қамтамасыз ету.
      2. «Бейнеу - Бозой - Шымкент» газ құбырымен газ тасымалдауды:
      2013 жылы - 2,5 млрд. текше м. дейін;
      2015 жылы - 6 млрд. текше м. дейін;
      2016 жылдан бастап және одан кейінгі жылдары - 10 млрд. текше м. дейін қамтамасыз ету.
      3. 2013 жылдан бастап жылына 200 мың тонна көлемінде мұнай жол битумдарын өндіруді қамтамасыз ету.
      4. Хош иісті көмірсутектерді (бензол, п-ксилол):
      2014 жылы - жылына 188,7 мың тоннаға дейін;
      2015 жылы - жылына 377,4 мың тоннаға дейін;
      2016 жылдан бастап және кейінгі жылдары - жылына 629,0 мың тоннаға дейін өндіруді қамтамасыз ету.
      Саланы дамытудың негізгі бағыттары
      Мемлекеттің мұнай-газ саласындағы саясаты қосылған құны неғұрлым жоғары өндірістерді дамытуды ынталандыруға, ірі жобаларда аутсоринг және жергілікті құрауышты нығайту арқылы шағын және орта кәсіпорындарда қосалқы, қызмет көрсетуші және өңдеуші блоктарды қалыптастыруға, сондай-ақ қызмет көрсетуші және қосалқы кәсіпорындардың күш-жігерін біріктіру есебінен жүйе құраушы ірі компаниялардың төңірегінде кластерлер қалыптастыруға шоғырландырылатын болады.
      Мұндай тәсіл мұнай-газ және мұнай-химия секторларын дамытудан ішкі экономиканың салаларына ұштасқан кең мультипликативтік әсерге қол жеткізіп, оны ұлттық қайта жаңғырту үдерісіне белсенді енгізуге мүмкіндік береді.
      Көмірсутек шикізатын терең, бастапқы және кешенді қайта өңдеудің инновациялық технологияларын үйлестіру мүмкіндігін пайдалана отырып, қосылған құны жоғары базалық және өнімнің кең спектрлі өнім шығару үшін көмірсутек шикізатын терең қайта өндеу бойынша мұнай-газ және мұнай-химия өндірістері құрылатын болады.
      Бұл мақсаттарда мынадай инвестициялық жобаларды іске асыру көзделеді:
      1) Атырау мұнай өңдеу зауытында (бұдан әрі - АМӨЗ):
      хош иісті көмірсутектерді: жобалық қуаты жылына 133 мың тонна бензол, жылына 496 мың тонна параксилол өндіру кешенін салу. Жобаны іске асыру мерзімі: 2010 - 2014 жылдар;
      мұнайды терең өңдеу кешенін салу. Жобаны іске асыру мерзімі: 2011 - 2016 жылдар;
      2) мұнай өңдейтін қуаты жылына 6 млн. тоннаға дейін жететін Шымкент мұнай өңдеу зауытын (Оңтүстік Қазақстан облысы) жаңғырту және қайта жаңарту. Жобаны іске асыру мерзімі: 2011 - 2016 жылдар;
      3) мұнайды бастапқы өңдейтін қуаты жылына 7,5 млн. тоннаға дейін жететін Павлодар мұнай химия зауытын (Павлодар облысы) жаңғырту және қайта жаңарту. Жобаны іске асыру мерзімі: 2011 - 2016 жылдар;
      4) Теңіз кен орнының (Атырау облысы) көмірсутек газын қайта өңдеуді көздейтін қуаты жылына 1,3 млн. тонна өнім болатын базалық мұнай-химия өнімін өндіру жөніндегі интеграцияланған газ-химия кешенін салу. Жобаны іске асыру мерзімі: 2009 - 2016 жылдар;
      5) Ақтау пластикалық масса зауытының базасында қуаты Қазақстанның климаттық жағдайына сәйкес келетін 400 мың тонна жол битумын өндіретін (Қаражанбас ауыр мұнайын өңдеу) битум зауытын салу (Маңғыстау облысы). Жобаны іске асыру мерзімі: 2010 - 2013 жылдар.
      Мұнай-газ компанияларының сатып алуында жергілікті қамтуды ұлғайту үшін мынадай шаралар көзделеді:
      1) мұнай-газ саласындағы ұлттық компаниялар жаңадан құрылатын өндірістерге тікелей қатысу немесе отандық тауар өндірушілер шығаратын өнімдерге ұзақ мерзімді тапсырыс беруге кепілдік беру арқылы сатып алудағы жергілікті қамту үлесін ұлғайтуды қамтамасыз ететін жаңа өндірістерді құруға бастама жасайтын болады;
      2) ірі мұнай-газ жобаларының төңірегінде «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясының (бұдан әрі - ҚПО) қолдауымен құрылған Ақсай индустриялық паркінің үлгісі бойынша технопарктер құрылатын болады. Жобаның мақсаты қазақстандық компаниялардың ҚПО тұрақты және ұзақ мерзімді талап ететін тауарларды өндіруін ұйымдастыру болып табылады. Дәл осы қағидат бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан  әрі- ТШО), «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» (бұдан әрі - НКОК) және басқа ірі жер қойнауын пайдаланушылар талап ететін өнімдерді өндіру жөніндегі объектілер кешені құрылуы мүмкін;
      3) жер қойнауын пайдаланушылармен келісімшарттарға отандық МӨЗ-дерді мұнаймен міндетті түрде қамтамасыз ету және ілеспе тауарлар өндірісін ұйымдастыру, сондай-ақ отандық тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу басымдығын қамтамасыз ету жөніндегі шарттар енгізілетін болады;
      4) шикізат өңдеу және отандық тауар өндірушілерден сатып алу деңгейін ұлғайтуға бағытталған жүйе құраушы ірі жеке кәсіпорындармен меморандумдар жасалатын болады.
      Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалау шаралары
      Көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету
      Қазақстандық Каспий тасымалдау жүйесі (бұдан әрі - ҚКТЖ)
      Мұнайды «Қашаған» және «Теңіз» кен орындарынан Каспий теңізі және Баку - Тбилиси - Джейхан жүйесі және/немесе басқа мұнай тасымалдау жүйелері арқылы халықаралық нарыққа экспорттауға арналған ҚКТЖ мыналардан құралатын болады:
      1) Ескене - Құрық мұнай құбыры;
      2) Каспий теңізінің қазақстандық жағалауындағы мұнай құю терминалын, мұнай тасымалдауға және қосалқы операцияларға арналған танкерлер мен кемелерді, Каспий теңізінің әзербайжандық жағалауындағы мұнай ағызу терминалын, Баку - Тбилиси - Джейхан жүйесімен қосу құрылыстарын қамтитын Транскаспий жүйесі/жобасы (бұдан әрі - ТКЖ).
      Каспий құбыр жолы консорциумы (бұдан әрі - КҚК)
      Жалпы ұзындығы 1510 км болатын КҚК мұнай құбыры «Теңіз» кен орны мен Қара теңіздің ресейлік жағалауындағы Новороссийск портына жақын мұнай терминалын қосады.
      Мұнай құбырының өткізу қабілетін жылына 67,0 млн. тоннаға дейін ұлғайту көзделіп отыр.
      Қазақстан - Қытай мұнай құбыры
      Қазақстан - Қытай мұнай құбыры Атасу - Алашанькоу және Кеңқияқ - Құмкөл мұнай құбырының жобасын іске асыруды қамтиды. Қазақстан - Қытай мұнай құбырының қазіргі қуатының өткізу қабілетін жылына 20 млн. тоннаға дейін кеңейту көзделіп отыр.
      Атырау - Самара мұнай құбыры
      Атырау - Самара мұнай құбыры мұнайды Қара теңіз немесе Балтық теңізі бағытында Ресей Федерациясының аумағы арқылы тасымалдаудың басым бағыттарының бірі болып табылады.
      Бейнеу - Бозой - Ақбұлақ газ құбыры
      Елдің оңтүстік өңірлерінің газға деген қажеттілігін қамтамасыз ету және газ импортына тәуелділігін жою мақсатында Бейнеу - Бозой - Ақбұлақ газ құбырын іске қосу кешендері бойынша пайдалануға беру көзделіп отыр:
      1-кезектің 1-іске қосу кешені - 2011 жыл;
      1-кезектің 2-іске қосу кешені - 2013 жыл;
      2-кезек - 2019 жыл.
      Арнайы экономикалық аймақ (бұдан әрі - АЭА) аумағында инфрақұрылыммен қамтамасыз ету
      1. Атырау облысында Қарабатанда өндірістік алаң үшін, оның ішінде интеграцияланған газ-химия кешенінің қызметі үшін инфрақұрылым объектілерін салу.
      2. Атырау қаласында, аумағында базалық мұнай-химия шикізатымен жұмыс істейтін шағын және орта бизнес кәсіпорындары орналастырылатын «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА технопаркінің инфрақұрылымын салу.
      Сервистік инфрақұрылымды қалыптастыру
      Мұнай-газ өнеркәсібінің біліктілігі жоғары кадрларға және ғылыми-зерттеу ресурстарына, сондай-ақ техникалық, басқарушылық және коммерциялық қызметтер көрсетуге сұранысын қанағаттандыруға арналған сервистік инфрақұрылым құру мәселесі пысықталатын болады.
      Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету
      Мұнай-газ саласының 16 мамандық бойынша кадрларға мұқтаждығы Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жоғары оқу орындары (бұдан әрі - ЖОО) мен техникалық және кәсіптік білім беретін (бұдан әрі - ТжКБ) 18 оқу орнында даярлау шеңберінде өтелетін болады.
      2011 жылы мұнай-газ саласы үшін Атырау қаласында 700 оқу орнына арналған Өңіраралық кадрлар даярлау және қайта даярлау орталығы пайдалануға беріледі.
      Мұнай-газ саласындағы кәсіптік білім беру жүйесін одан әрі табысты дамыту үшін саладағы оқытудың әлемдік стандарттарына көшу:
      1) жастарға кәсіптік білім беру және қазақстандық кадрларды даярлау да компаниялардың жауапкершілігін көздейтін нормативтік құқықтық база әзірлеу;
      2) әлеуметтік әріптестерді кадрлар даярлауға тарту арқылы олармен өзара іс-қимыл жасау, қазақстандық кадрларды оқыту үрдісінде мұнай компанияларының оқу орталықтарын бірлесіп пайдалануды қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылатын болады.
      Мұнай-газ саласы үшін мамандар даярлау мемлекеттік тапсырыс және шетелдік ірі мұнай компанияларының мақсатты білім беру гранттарының шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
      Техникалық регламенттерді енгізу
      Қазіргі уақытта Кеден одағының (бұдан әрі - КО) аумағында мұнай-газ және мұнай-химия саласының бірыңғай нормативтік-техникалық базасы әрекет етеді. КО шеңберінде мынадай техникалық регламенттер әзірленді және бекітілді:
      1) «Автомобиль және авиациялық бензинге, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштарға арналған отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы» (2012 жылғы 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі);
      2) «Жағармай материалдарына, майларға және арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы» (2014 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі).
      Жоғарыда аталған техникалық регламенттер қолданысқа енгізілгенге дейін Қазақстан Республикасының аумағында мыналардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейтін техникалық регламенттер қолданылады:
      1) «бензинге, дизель отыны мен мазутқа» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 153 қаулысымен бекітілген);
      2) «бензинге телімдерге» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 маусымдағы № 634 қаулысымен бекітілген);
      3) «көлік құралдарына арналған жағармайларға және арнайы сұйықтықтарға» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 маусымдағы № 563 қаулысымен бекітілген);
      4) «мұнай-газ кәсіпшілігі, бұрғылау, геологиялық-барлау және геофизикалық жабдықтарға» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2231 қаулысымен бекітілген).
      Сондай-ақ КО шеңберінде магистральды мұнай құбырларының, су асты құбыр жолдары мен кәбілдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейтін техникалық регламент әзірленетін болады.»;
      «Мұнай-химия» деген параграф алып тасталсын;
      «Тау-кен металлургия саласы» деген параграфта:
      «Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау» деген екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тау-кен металлургия кешенінің негізгі проблемалары: шикізат базасының сарқылуы, пайдаланылатын шикізат кешендігінің төмендігі, негізгі өндірістік қорлардың тозу дәрежесінің жоғары болуы, қоршаған орта ластануының жоғары дәрежесі және технологиялық артта қалу, толық өндіріс тізбегі бар интеграцияланған кешендердің болмауы (өндіруден бастап тауарлық дайындығының дәрежесі жоғары өнім шығаруға дейінгі), ішкі нарық сыйымдылығының аз болуы және бытыраңқылығы, өнімнің энергияны, еңбекті және материалды көп қажет етуі, инвентарлық жылжымалы құрамның өткір жетіспеушілігі.»;
      «Нысаналы индикаторлар» мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нысаналы индикаторлар
      1. 2015 жылға қарай металлургия саласының жалпы қосылған құнын минералды шикізатты терең өңдеу және жаңа бөліністер құру негізінде 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде кемінде 50 %-ға ұлғайту.
      2. Металлургия өнімінің экспорт көлемін 2008 жылғы деңгейге қарағанда 30 %-ға ұлғайту.
      3. Металлургия өнеркәсібінің еңбек өнімділігін 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде кемінде 15 %-ға ұлғайту.»;
      «Саланы дамытудың негізгі бағыттарында»:
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жаңа бөліністерге бағытталған, экспортқа бағдарланған дамыту
болжанып отырған өндірістер:
      1) қара металлургияда болат өндірісінің қуатын жылына 6 млн. тоннаға дейін ұлғайту бойынша 2018 жылы ірі жоба іске асырылады (Қарағанды облысы). Сонымен қатар бесжылдық кезеңде ферросиликомарганец өндірісінің жылдық көлемі жылына 64,8 мың тоннаға, феррохром көлемі жылына 440 мың тоннаға дейін ұлғайтылатын болады;
      2) түсті металлургияда бастапқы алюминий өндірісі 125 мың тоннаға ұлғаяды. Сонымен қатар жылына қуаты 250 мың тонна бастапқы алюминий өндіретін жаңа зауыт құрылысы басталады (Павлодар облысы). Сирек металдар және жерде сирек кездесетін металдардың кіші саласында 2014 жылға қарай жоғары технологиялық өндірістер саласында аса ірі әлемдік көшбасшы корпорациялармен (кемінде екеу) біріккен кәсіпорындар құрылады. Бұдан басқа, катод мысын шығару - 95 мың тоннаға, кеуекті титан шығару - 16 мың тоннаға, саф таза кварц өндіру - 16,5 мың тоннаға, мыс-молибден кенін шығару 2,5 млн. тоннаға ұлғайтылатын болады. Сонымен қатар, 2016 жылы мыс концентратын шығару - 85 мың тоннаға (Шығыс Қазақстан облысы) ұлғайтылатын болады.»;
      бесінші және алтыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сыртқы нарықтарға кезең-кезеңмен шыға отырып ішкі нарыққа бағытталу:
      қара металлургияда Қарағанды облысындағы индустриялық аймақта қосылған құны жоғары өнім шығаратын (кемінде үшеу) жоғары технологиялық аз тоннажды өндірістер құрылады. Сонымен қатар, Қостанай облысындағы болат прокаты өндірісінің жылдық көлемі 450 мың тоннаға, ыстық брикетті темір өндірісі жылына 1,4 млн. тоннаға ұлғайтылады;
      түсті металлургияда Павлодар облысында алюминийді қайта өңдейтін өндірістерді орналастыру үшін индустриялық аймақ құрылатын болады. Қуаты жылына 20 мың тонна прокат, жылына 10 мың тонна профиль өңдейтін алюминийді қайта өңдеу бойынша аз тоннажды өндірістер құру  жоспарлануда. Бұдан басқа, алтынның шығарылымы (Доре балқымасы, катодты алтын) жылына 15 тоннаға артады, сондай-ақ қуаты жылына 25 тонна алтын аффинажының өндірісі игеріледі;
      жоғары бөліністегі металлургия өнімін өндіру саласында Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе және Павлодар облыстарында 25 шағын және орта кәсіпорын құрылады.
      Мынадай жобаларды іске асыру көзделіп отыр:
      Қостанай облысы - ыстық брикетті темір - жылына 1,4 млн. тонна;
      Қостанай облысы - сұрыптық прокат - жылына 75 мың тонна;
      Қостанай облысы - металл прокаты - жылына 450 мың тонна;
      Жамбыл облысы - ферросиликомарганец - жылына 64,8 мың тонна;
      Ақтөбе облысы - феррохром - жылына 440 мың тоннаға дейін;
      Ақмола облысы - кен өндіру - жылына 8 млн. тонна, алтын өндіру - жылына 15 тонна;
      Павлодар облысы - мыс концентратының өндірісі - жылына 100 мың тонна. 2015 жылы іске қосу жоспарланып отыр;
      Павлодар облысы - бастапқы алюминий өндірісі - жылына 125 мың тонна;
      Шығыс Қазақстан облысы - мыс концентратының өндірісі - жылына
85 мың тонна, катод мысының өндірісі - жылына 25 мың тонна. 2016 жылы іске қосу жоспарлануда;
      Шығыс Қазақстан облысы - кеуекті титан өндірісі - жылына 16 мың тонна;
      Шығыс Қазақстан облысы - катод мысының өндірісі - жылына 70 мың тонна;
      2018 жылы Қарағанды облысында болат өндірісін жылына 6 млн. тоннаға дейін ұлғайта отырып, ірі жобаны іске қосу жоспарлануда.
      Бұл жобаны іске асыру кезеңдері:
      № 2 домна пешін реконструкциялау.
      Инвестициялау сомасы - 109,3 млн. АҚШ доллары. 2011 жылдың қарашасында пеш қыздырылуға қойылды. Алғашқы шойын (құрамында 2 %-дан жоғары кремний бар) 2012 жылғы 29 сәуірде, 10 мамырда - қолданбалы шойын (құрамында 0.8-1 % кремний бар) алынды;
      № 3 дайындамаларды үздіксіз құю машинасын жаңғырту.
      Инвестициялау сомасы - 37,4 млн. АҚШ доллары. 2011 жылғы қарашада пайдалануға берілді. № 3 машина жұмыс параметрлеріне 2012 жылғы сәуірде шықты;
      «Linde» фирмасының оттегі өндірісінің ауаны бөлу блогын салу.
      Инвестициялау сомасы - 125 млн. АҚШ доллары.
      Жоба 2012 жылдың 25 желтоқсанында іске қосылды;
      домналық газдағы қазандық станциясын салу.
      Инвестициялау сомасы - 18,5 млн. АҚШ доллары. 2012 жылғы 15 желтоқсанда іске қосылды;
      № 3 домна пешін реконструкциялау.
      Инвестициялау сомасы - 130 млн. АҚШ доллары. «Пауль Вюрт» фирмасымен (Люксембург) келісімшарт жасалды. Алда инжинирингтік (жобалық) жұмыстарды орындау тұр.
      2012 жылғы 5 желтоқсанда пеш күрделі жөндеуге тоқтатылды.»;
      «Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары» мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары
      Көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету
      Ақсу-2 (Павлодар облысы), Дөң (Хромтау, Ақтөбе облысы), Жіңішке (Ақтөбе облысы) станцияларындағы темір жолдың өткізу қабілетін арттыру мәселесі пысықталады.

      Тау-кен металлургия саласы үшін мамандықтар бойынша кадрларға деген қажеттілік Қазақстанның ЖОО-да және ТжКБ оқу орындарында кадрлар даярлау есебінен қамтамасыз етіледі.
      Жұмыс орындарында жеке жетекшілер бекітіле отырып, өндіріс кәсіпорындарында 3 ай мерзім өндірістік тәжірибеден өту жүйесі енгізіледі.
      Техникалық регламенттерді енгізу
      Техникалық реттеу саласын жетілдіру мақсатында металлургия саласында: металлургия мен металл өңдеу бойынша 4 техникалық регламент, халықаралық талаптармен үйлестірілген Қазақстан Республикасының 311 мемлекеттік стандарты, оның ішінде сынақтар әдістеріне 162, өнімге 148, сондай-ақ менеджмент жүйесіне 1 стандарт әзірленіп енгізілетін болады. Қабылдауға ұсынылатын стандарттардың 156-сы металдарға, 85-і металл материалдарына; 1-еуі менеджмент жүйесіне, 58-і металл материалдарын өлшеу және сынақ әдістеріне бағытталатын болады. Бұдан басқа, металдар мен металдан жасалған бұйымдардың сапасын өлшеуді метрологиялық қамтамасыз ету үшін қаттылықтың жоғары дәлдікті шараларын жасау мақсатында қаттылық шәкілдері бойынша мемлекеттік эталондарға жаңғырту жүргізу қажет.
      Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу
      Саланы ғылыми-техникалық дамыту мақсатында 2014 жылға қарай
Шығыс Қазақстан облысында Металлургия және жоғары технологиялар
орталығының жанынан өзіне тән қасиеттері бар жаңа материалдар ала отырып, минералды және техногендік шикізатты қайта өңдеудің жаңа технологияларына тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар жүргізу үшін қондырғылар салу мәселесі пысықталады.
      Кәсіпорындарды жүйелі мониторингтеу, металлургия мен металл өңдеу өнімдерінің қосылған құнын қалыптастыру үдерістерін талдау және бақылау жүргізіледі.
      Бизнестің инновациялық белсенділігін арттыру үшін еңбек өнімділігінің, энергия тиімділігінің жоғары көрсеткіштеріне және өндірістің экологиялылығына қол жеткізу мақсатында металлургия мен металл өңдеу кәсіпорындарын жаңғыртуға арналған инновациялық гранттар бөлінеді. «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының шеңберінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (бұдан әрі - ҒЗТКЖ) жүргізу үшін, сондай-ақ жабдық лизингін жеңілдікпен қаржыландыруға гранттар бөлінетін болады.
      Тікелей инвестициялар үшін тартымды жағдайлар жасау
      Корпоративтік табыс салығы бойынша салық салынатын базаны ҒЗТКЖ нәтижелерін енгізу шығыстарының 150 %-на қысқарту жолымен ҒЗТКЖ дамытуды ынталандыру.
      Мемлекет қатысатын жобаларды іске асыру кезінде жергілікті қамтуды дамыту мақсатында осы жобаларды іске асыру үшін металл өнімін жеткізудің басым құқығы отандық өндірушілерге қамтамасыз етіледі.
      Саланың дамуын қолдау жер қойнауын пайдаланушылардың, ұлттық компаниялардың және мемлекеттік органдардың сала кәсіпорындарының тауарларын, жұмыстарын және көрсетілетін қызметтерін басымдықпен сатып алуы жолымен жүзеге асырылатын болады.
      Жоғары бөліністі өнімдер алу мақсатында ішкі нарықта металдар өткізуді ынталандыру үшін шаралар қабылданады.
      Қазақстан экономикасын әртараптандыруда және қосылған құн жасауда, оның ішінде жергілікті қамтуды, технологиялар трансфертін дамыту, жаңа өнім түрлерін игеруді ынталандыру арқылы тау-кен металлургиясы кешенінің ірі жүйе құраушы компанияларының қатысуы бойынша жүйелі шаралар әзірленетін болады.
      Ресурстық қамтамасыз ету
      Ресурстық базасы шектеулі отандық компанияларға шетелде тау-кен активтерін сатып алу үшін жәрдем көрсетіледі.
      Теңгерімделген, қиын байытылатын кендер мен концентраттарды және үйінділерді өңдеу, сондай-ақ қайталама шикізатты (қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтары) пайдалану бойынша тиімді технологиялар әзірленеді және енгізіледі.
      «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ) тау-кен металлургиясы кешенінде жер қойнауын пайдалануға иеліктен шығарылатын құқықтарды сатып алу бөлігінде мемлекеттің мүддесін қамтамасыз етеді және пайдалы қазбалардың кен орындарын игеруге және өңдеуге қатысатын болады.
      Заңнаманы жетілдіру
      Қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі тау-кен жұмыстарының жоспарын бекіту мәселесі жөнінде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне өкілеттіктер беру бөлігінде «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына өзгерістер енгізіледі.»;
      «Химия өнеркәсібі» деген параграфта:

      1) Жалпы қосылған құнды 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде кемінде 70 %-ға ұлғайту.
      2) Химия өнеркәсібі өнімінің экспорт көлемін 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде 38 %-ға ұлғайту.
      3) Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіруде еңбек өнімділігін 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде 2 есеге ұлғайту.»;
      «Саланы дамытудың негізгі бағыттары» мынадай редакцияда жазылсын:
      «Саланы дамытудың негізгі бағыттары
      Мыналар:
      1) жылына кемінде: 1 млн. тонна минералды тыңайтқыштар (оның ішінде азотты және фосфорлы), 250 мың тонна калий тыңайтқыштары (оның ішінде хлорсыз), 200 мың тонна кешенді тыңайтқыштар, 30 мың тонна мембраналық әдіс бойынша каустикалық сода, натрий цианиді және агрохимия құралдары өндірістерін ұйымдастыру;
      2) күкірт қышқылы өндірісінің көлемін жылына кемінде 500 мың тоннаға, синтетикалық жуғыш заттар өндірісінің көлемін жылына кемінде 20 мың тоннаға ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
      Осы мақсаттарда мынадай инвестициялық жобаларды іске асыру көзделеді:
      1) мембраналық әдіс бойынша жылына 30 мың тонна каустикалық сода және өзге де өнімдер - хлор, натрий гипохлориті өндірісі (Павлодар облысы);
      2) жылына 180 мың тоннаға дейін күкірт қышқылының өндірісі (Ақмола облысы);
      3) жылына қуаты 650 мың тонна күкірт қышқылы цехын салу (Жамбыл облысы).
      2014 жылдан бастап мынадай жобалар бойынша инфрақұрылымдық және құрылыс жұмыстары басталады:
      1) жылына кемінде 1 млн. тонна азот-фосфорлы тыңайтқыштар өндірісін ұйымдастыру (Оңтүстік Қазақстан облысы «Үшбас» және «Герес» кен орындары);
      2) кен байыту фабрикасын салу (Жамбыл облысы).
      Жоғарыда көрсетілген жобаларды іске асыру шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғары бөліністі өнімдер өндірісін ұйымдастыру үшін мүмкіндік ашады, саланың ғылымды қажет етуін ұлғайтуға, қолда бар ғылыми әзірлемелерді пайдалануға және сыртқы және ішкі нарықтардың қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.»;

      Инфрақұрылыммен қамтамасыз ету
      Жамбыл облысында кешенді минералды тыңайтқыштар өндіру зауытын
салу жобасын энергетикалық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі
пысықталатын болады.
      Жамбыл облысында кешенді минералды тыңайтқыштар өндіру зауытын, Оңтүстік Қазақстан облысында азот-фосфор тыңайтқыштарын өндіру зауытын салу жобаларын көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету мәселесі пысықталатын болады.

      Химия саласы үшін мамандықтар бойынша кадрларға деген қажеттілік Қазақстанның ЖОО-да және ТжКБ оқу орындарында кадрлар даярлау есебінен қамтамасыз етіледі.

      Әкімшілік кедергілерді алып тастау
      Қазақстан Республикасының аумағында химиялық өнімдер айналысын реттеу саласында рәсімдерді жеңілдету мақсатында химиялық өнімдерді тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету ішінара автоматтандырылатын болады.
      Химия өнеркәсібі саласындағы техникалық реттеу
      КО-ның химия саласы бойынша техникалық регламенттері, сондай-ақ осы техникалық регламенттерге дәлелдеу базасы ретінде қабылданатын стандарттар әзірленетін болады.
      013 «Техникалық реттеу және метрология саласындағы қызметтер»
бюджеттік бағдарламасы шеңберінде халықаралық талаптармен үйлестірілген 225 ұлттық және өңірлік стандарт әзірлеу және енгізу көзделген.

      «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі - Заң) іске асыру мақсатында Заңның 4-тарауының 20-бабында көрсетілген тоғыз бағыт бойынша өтінімдік сипатқа ие инновациялық гранттар беру түрінде мемлекеттік қолдау жүзеге асырылады.
      Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне инновациялық гранттар индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі шығындардың бір бөлігін өтеу және (немесе) төлеу арқылы беріледі.
      Химия өндірісі саласында қызметі қазақстандық мамандар арасынан кемінде 30 білікті инженер даярлауға, өндірістерді жобалау жөніндегі қазіргі заманғы әдістемелер мен халықаралық стандарттар енгізуге, саланың инжинирингтік қызметтеріндегі жергілікті қамтуды кемінде 40 %-ға дейін ұлғайтуға, сала кәсіпорындарының қызметін ғылыми-инжинирингтік сүйемелдеу жүйесін қалыптастыруға бағытталатын мамандандырылған инжинирингтік компания құрылатын болады.

      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ) «Біріккен химиялық компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - ЖШС) Химия өнеркәсібіндегі бағдарламаны іске асырудың негізгі операторы болады және жер қойнауын пайдалануға арналған иеліктен айыру құқықтарына ие болу, пайдалы қазбалар кен орындарын игеру мен әзірлеуге қатысу, халықаралық қаржы нарығында қажетті қарыз капиталын тартумен және стратегиялық инвесторларды іздестірумен айналысу бөлігінде мемлекеттің мүддесін қамтамасыз етеді. Химиялық өнімдер өндіру бойынша инвестициялық жобаларды, шағын және орта бизнес кәсіпорындарына жеңілдетілген кредит беру ұйымдастырылатын болады.
      Отандық өндірушілердің минералды тыңайтқыштарын тұтынуды ынталандыру мақсатында ауыл шаруашылығының өнім өндірушілерін субсидиялау көлемдері ұлғайтылады.
      Сауда саясаты
      Экспортты қолдау мақсатында экспорттаушы химия кәсіпорындарының өндірілетін өнімді ілгерілетуіне қаржылай және сервистік қолдау көрсету көзделетін болады.
      Химиялық өнімдерді экспорттауға лицензия алу рәсімі жеңілдетіледі, әрбір министрлікте келісімдер беру мерзімі азайтылатын болады.
      2011-2018 жылдар кезеңіне Еуропалық Одақ (бұдан әрі - ЕО) елдері аумағы бойынша сары фосфор тасымалдау үшін цистерналардың жүрісіне арнайы рұқсаттар алу мәселесі (2011 жылдан бастап ЕО елдерінде оларға тыйым салынуына байланысты) шешілетін болады.
      Ресурстық қамтамасыз ету
      Химия өнеркәсібі үшін шикізат кен орындары бойынша іздестіру жұмыстары жүргізілетін болады.»;
      «Атом өнеркәсібі» деген параграф мынадай редакцияда жазылсын:
      «Атом өнеркәсібі
      Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
      Қазақстанның атом өнеркәсібін негізінен уран өнеркәсібінің кәсіпорындары құрайды.
      Қазіргі уақытта Қазақстанда барланған уран қорының айтарлықтай көлемі бар - әлемде 2-ші орын алады.
      2008 жылы Қазақстанда уран өндіру көлемі 8 512 тоннаны құрады. Қазақстанда уран өндіруді «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ) бірлескен және еншілес кәсіпорындары жүзеге асырады.
      Қазақстанда неғұрлым жоғары бөліністі уран өнімін шығару үшін оны өндіруге қатысты реакторға дейінгі ядролық отын циклі өндірістерін құру және дамыту үшін Қазақстанда барлық алғышарттар бар, атап айтқанда:
      1) табиғи уранның едәуір қоры мен ресурстарының болуы;
      2) дамыған уран өндіруші өнеркәсіптің болуы;
      3) атом электр станциялары үшін ядролық отын құрауыштарын өндіретін кәсіпорынның болуы;
      4) елде уран өнеркәсібінің жоғары білікті мамандарының болуы.
      Мақсаты
      Қазақстанда жоғары технологиялы және ғылымды көп қажет ететін атом өнеркәсібін дамыту, озық технологиялар трансфертімен қамтамасыз ету.
      Негізгі міндеттері
      1. Уран өндірудің белгіленген нысаналы индикаторларын орындау.
      2. Қазақстанда реакторға дейінгі ядролық отын циклінің өндірісін дамыту үшін жағдайлар жасау.
      Нысаналы индикаторлар
      1. Табиғи уранның әлемдік нарықтағы көшбасшылық позицияларын сақтау: уранның әлемдік нарығының конъюнктурасын ескере отырып және Қазақстан Республикасының құзыретті органымен келісілген жағдайда, жер қойнауын пайдалану келісімшарттары бойынша міндеттемелер шеңберінде 2014 жылы уран өндіру көлемін 22 - 25 мың тоннаға дейін ұлғайту.
      Негізгі даму бағыттары
      Атом өнеркәсібін дамыту мақсатында мынадай негізгі іс-шараларды іске асыру болжануда:
      1) уранның ресурстық базасын қайта қалпына келтіру мақсатында Шу-Сарысу уран кендері провинциясының шегінде іздестіру-бағалау жұмыстарын жүргізу;
      2) барланған уран қорын ұлғайту үшін геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу;
      3) жұмыс істеп тұрған кеніштерде өндірістік қуаттылықты кеңейту
бойынша жұмысты жалғастыру;
      4) жаңа өндіруші кешендерді пайдалануға қосу;
      5) табиғи уран конверсиясы, жұмыс істеп тұрған ресейлік уран байыту кәсіпорнына қатысу арқылы уран изотоптарын бөлу қызметтеріне кепілдікті рұқсат ала отырып ядролық отын және оның құрауыштарын өндіру бойынша кәсіпорындардың әлемдік реакторға дейінгі ядролық отын цикліне әртараптандырылған тік интеграцияланған кешенін құру үшін жағдайлар жасау.
      Қазақстан Республикасында атом өнеркәсібін дамытудың негізгі операторы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ болып табылады, ол орналастыру және жаңа кен орындарын іске қосу бойынша ірі жобаларға тікелей қатысу, іздестіру-бағалау және геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу арқылы уранды өндіру саласында отандық әлеуетті арттыруға шоғырландырылады.
      Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары
      Сервистік инфрақұрылымды қалыптастыру
      Жерасты (қышқылды) шаймалау әдісімен жоспарланған уран өндіру
көлеміне қол жеткізу үшін күкірт қышқылы зауыттарын құру, химиялық
реагенттерді өндіру, бұрғылау құбырларының өндірісін құру жолымен уран өндіруді ресурстық қамтамасыз ету көзделген.

      Атом өнеркәсібі үшін мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру бағдарламаларын іске асыру жалғастырылатын болады.
      Мамандарды даярлау Қазақстанның ЖОО-да, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның біліктілікті арттыру жөніндегі арнайы ұйымдарында («Жоғары технологиялар институты» ЖШС, «Қазақстандық ядролық университет» ЖШС), сондай-ақ таяу және алыс шетелдердегі ЖОО-да жүргізілетін болады. Мамандарды қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру шетелдік мамандарды тарту арқылы, сондай-ақ таяу және алыс шетел ЖОО-да ұйымдастырылатын болады.
      Әкімшілік кедергілерді алып тастау
      Атом энергиясын пайдалану саласындағы қатынастарды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру үшін атом өнеркәсібіндегі қызметті лицензиялау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жалғастырылатын болады.»;
      «Машина жасау» деген параграфта:

      1. Машина жасаудағы жалпы қосылған құнды 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде 70 %-ға ұлғайту.
      2. Машина жасау саласындағы еңбек өнімділігін 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде 2,3 есеге ұлғайту.
      3. Сала ресурстарының жалпы көлемінде 2008 жылғы деңгейге қарағанда 1,5 есеге отандық машина жасау өндірісі үлесінің өсімін қамтамасыз ету.»;

      Шығарылатын ассортиментті кеңейту жөніндегі икемді өндірістер құру мақсатында жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту және машина жасау өнімінің жаңа түрлерін игеру.
      Бөлшектер мен құрамдас бөліктер өндірісін игеру арқылы
жергіліктендіру деңгейін ұлғайта отырып, ірі құрастыру өндірістерін
ұйымдастыру.
      Қосылған құны жоғары машина жасау өнімдерін өндіру және сервистік қызмет көрсетуді дамыту (инжиниринг) бойынша қазіргі заманғы жаңа кәсіпорындар құру.
      Көлік машинасын жасауда 2015 жылға қарай жергіліктендіру деңгейін 30 %-ға дейін жеткізе отырып, жеңіл автомобильдер мен құрамдас бөліктерді құрастырып өндіру ұйымдастырылады.
      Теміржол машинасын жасауда локомотивтер, жүк вагондарын шығару ұлғаяды. Қуаты жылына 200 бірлікке дейінгі мамандандырылған платформа, жылына 600 бірлікке дейін хоппер-вагон өндірісі игеріледі. Теміржол машинасын жасау қажеттіліктері үшін болат құю өндірісі ұйымдастырылады.
      Тікұшақ құрастыру өндірісінде жергілікті қамту ұлғаятын болады.
      2015 жылға қарай екіжақты бағдарланған пилотсыз ұшу аппараттарын (бұдан әрі - ПҰА) жинақтау және техникалық қызмет көрсету бойынша орталық ұйымдастыру мәселесі пысықталатын болады.
      Ауыл шаруашылығы машиналарын жасауда 2015 жылға қарай комбайндар шығару жылына 650 бірлікке дейін ұлғаятын болады, жылына 1 мың бірлік көлемінде тракторлар құрастырып шығару және аспалы жабдықтар жасау ұйымдастырылады. Елдің ірі облыстарында ауыл шаруашылығы техникаларын өткізу және қызмет көрсету бойынша тоғыз сауда-сервистік орталықтан тұратын желі құрылады.
      Мұнай-газ машиналарын жасауда 2015 жылға қарай құбыр арматурасы, сұйықтық сорғыштары және бұрғылау машиналары өндірісі ұлғаятын болады. Газ-құбыр қондырғылары мен жабдығын жөндеу мен сервистік қызмет көрсету зауыты іске қосылады.
      Тау-кен металлургия машина жасауында 2015 жылға қарай тау-кен
өнеркәсібіне арналған жабдықтар өндірісі ұлғаятын болады.
      Электр техникалық машина жасауда 2015 жылға қарай аккумуляторлар, трансформаторлар және оқшаулағышпен оралған сымдар жасау өндірісі ұлғайтылып, қуаты 110 - 220 кВ класты трансформаторлар өндірісі игеріледі.
      Мынадай инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр:
      1) локомотив құрастыру зауыты, Астана қаласы - жылына 100 локомотив және Астана қаласының АЭА аумағындағы бөлшектер мен құрамдас бөліктер өндірісі;
      2) автомобиль құрастырып шығару, Шығыс Қазақстан облысы - жылына 120 000 автомобиль және бөлшектер мен құрамдас бөліктер өндірісі технопаркі;
      3) комбайн құрастырып шығару, Қостанай облысы - жылына 650 бірлік, бөлшектер мен құрамдас бөліктер өндірісі;
      4) магистральды электровоздар құрастырып шығару, Астана қаласы - қуаты жылына 50 электровоз және бөлшектер мен құрамдас бөліктер өндірісі жөніндегі шағын және орта бизнес кәсіпорындарын дамыту;
      5) Астана қаласында «Тальго» жолаушылар вагондарының өндірісі зауытын салу.
      Қорғаныс өнеркәсібінде 2015 жылға қарай республиканың мемлекеттік қорғаныс тапсырысындағы жергілікті қамту үлесін елеулі арттыру үшін орын алған проблемаларды шешуге және нақты әлеует құруға бағытталған бағдарламалық шаралар іске асырылады.
      Қазақстанның қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен кәсіпорындарын дамытудың негізгі бағыттары мемлекеттің әскери ұйымының әскери бағыттағы тауарларына деген неғұрлым перспективалы қажеттіліктерімен айқындалады.
      Мемлекеттік органдар мен қорғаныс кәсіпорындары қазақстандық әскери мақсаттағы өнімдердің экспортын ұлғайту жөнінде тиімді, келісілген шаралар қабылдайтын болады.
      Мемлекет пен қорғаныс кешенінің қорғаныс өндірісі саласындағы ҒЗТКЖ саны мен сапасын ұлғайтуға бағытталған өзара іс-қимылы жандандырылатын болады.»;

      Инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету
      Шығыс Қазақстан облысында автоқұрауыштар шығаратын автозауыт пен технопарк құрылысын қажетті жер учаскесімен және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелері пысықталатын болады.
      Каспий өңірінде кеме құрылысын дамыту үшін инфрақұрылым ұйымдастыру мәселесі пысықталады.

      Машина жасау саласы үшін мамандықтар бойынша кадрларға деген қажеттілік Қазақстанның ЖОО-да және ТжКБ оқу орындарында кадрларды даярлау есебінен қамтамасыз етіледі.
      2010 жылы Өскемен қаласында 700 оқушы орынға арналған машина жасау саласы үшін Өңіраралық кадрларды даярлау және қайта даярлау орталығының құрылысы басталатын болады.
      2012 жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «ҚТЖ» ҰК» АҚ) жылына 15 000 адам білім алуға мүмкіндігі бар «Көліктегі технология орталығы» іске қосылады.
      Жергілікті жерлерде жеке жетекшілер бекітіле отырып, 3 ай мерзімге өндірістік кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өту жүйесі енгізілетін болады.
      Техникалық регламенттерді енгізу
      Мыналардың: автокөлік жабдықтарының; объектілерді қорғауға арналған өрт сөндіру техникасының; желдету жүйелерінің, төмен вольтті жабдықтардың; ауыл шаруашылығы және ағаш дайындау тракторларының, тіркемелер мен машиналарының; мұнай-газ кәсіпшілігі, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтардың; стационарлық компрессорлық тоңазытқыш қондырғыларының; ауыл шаруашылығы шикізаты мен өсімдік шаруашылығы өнімін өңдеу жабдықтарының; ауыл шаруашылығы шикізаты мен мал шаруашылығы өнімін өңдеу жабдықтарының; су жылыту және бу қазандарының; шахталық көтеру қондырғыларының, көліктік-көтеру құралдарының; жоғары қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың; лифтілердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар бойынша 14 техникалық регламент, сондай-ақ 169 мемлекеттік стандарт әзірленеді және енгізіледі.
      Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету және машина жасау өнімінің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау үшін геометриялық шамалар мен физика-химиялық өлшемдердің мемлекеттік эталондары жаңғыртылатын болады.
      Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдары КО шеңберінде техникалық регламенттерді әзірлеу кезінде отандық өндірушілердің мүдделерін қолдау бойынша белсенді саясат жүргізетін болады.
      Инновацияларды дамыту және технологиялық қайта жаңғыртуға жәрдемдесу
      Кәсіпорындардың қажеттіліктеріне қызмет көрсету үшін ауыл шаруашылығы, тау-кен металлургиясы, көлік және мұнайгаз машиналарын және аспап жасау сегменттері бойынша 5 конструкторлық бюро құру.
      Машина жасау кәсіпорындарының негізгі қорларын жаңғырту мен
технологиялық қайта жарақтандыру үшін жеңілдікті шартпен жабдықтар
лизингі ұйымдастырылады.
      Қазақстан Республикасының ғылым саласындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық уәкілетті органның қорытындысы бойынша танылған жұмыстарды орындауға бұрын жұмсалған нақты шығыстардан салық салынатын табысты 50 %-ға азайту жолымен ҒЗТКЖ-ны дамытуды ынталандыру.

      Саланы дамытуды қолдау сонымен қатар жер қойнауын пайдаланушылардың, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдардың сала кәсіпорындарының тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін басым сатып алу жолымен жүзеге асырылатын болады.
      Ауыл шаруашылығы техникасына ішкі сұраныс «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «ҚазАгроҚаржы» АҚ) базасында өзімізде шығарылған техниканы жеңілдікті шартпен лизингке сатып алу есебінен қамтамасыз етіледі.
      Отандық машина жасау өніміне ішкі сұраныс отандық машина жасау өнімін сатып алуға берілетін кредиттер бойынша сыйақының бір бөлігін өтеу тетігін пысықтау арқылы, сондай-ақ жаңа отандық автомобиль техникасын сатып алуға даму институттары арқылы лизингтік қаржыландыру құралдарын енгізу мәселесін пысықтау жолымен қамтамасыз етілетін болады.
      Сонымен қатар атқарушы биліктің мемлекеттік органдары, олардың аумақтық органдары мен ведомстволық бағыныстағы мекемелері үшін автомобиль техникасын сатып алуды ұйымдастыру мәселесі пысықталады.
      «Астана - жаңа қала» АЭА аумағында тікелей инвестицияларды қолдау мақсатында арнайы және қосарланған мақсаттағы өнім өндірісі орналастырылатын болады.
      Сауда саясаты
      Қазақстандық машина жасау өнімдерін Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ауғанстан нарықтарына ілгерілету.
      Қазақстандық машина жасау өнімінің экспортын ілгерілету үшін қаржылық ынталандыруды ұсыну.»;
      «Фармацевтика өнеркәсібі» деген параграфта:

      1. 2014 жылдың соңына дейін ішкі нарықты отандық дәрілік заттармен 50 % қамтамасыз ету.
      2. Саланың жалпы қосылған құнын 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде кемінде 2 есеге ұлғайту.
      3. Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі бойынша саланың еңбек өнімділігін 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде 50 %-ға ұлғайту.»;

      Саланы дамыту шеңберінде қолданыстағы өндірістерді жаңғырту және жаңа фармацевтикалық кәсіпорындар салу жүзеге асырылады.
      Қатты дәрілік нысандарды (таблеткалар, капсулалар, драже) шығаратын жаңа өндірістер құрылатын болады.

      1) фармацевтикалық зауытты кеңейту және жаңа зауыт салу;
      2) медициналық препараттар зауытының өндірістік базасын (Павлодар қаласы) тиісті өндірістік тәжірибе қағидаларына (GMP) сәйкес келтіру (бұдан әрі - GMP), сондай-ақ ампула, вакцина, сарысу және антибиотиктер өндірісі бойынша жаңа желілерді іске қосу;
      3) медициналық бұйымдар зауытында шприцтер шығаруды ұлғайту,
инфузиялық ерітінділерді құю үшін жүйелер мен медициналық қалдықтарға
арналған контейнерлер өндірісін қалпына келтіру;
      4) стандарттарға сәйкес антибиотиктер шығаруды ұлғайту;
      5) Алматы облысында инъекциялық ерітінділер, таблеткалар, капсулалар, «жұмсақ» дәрі нысандары мен шәрбеттер шығаратын GMP талаптарына сай жаңа зауыт салу;
      6) Алматы облысында таблеткалар, капсулалар және флакондар шығаратын GMP талаптарына сай жаңа зауыт салу;
      7) қажетті стандарттармен сәйкестендіру үшін қолда бар өндірістік базаны жетілдіру және кеңейту, сондай-ақ персоналды GE Healthcare өндірісінің жабдығымен жұмыс жасауға үйрету және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;
      8) инфузиялық ерітінділерді құю үшін бір рет пайдаланылатын жүйелерді шығару зауытын салу.
      Жобалардың көрсетілген тізбесі түпкілікті емес. Келесі кезеңде саланың даму басымдықтарына сәйкес жобалардың қосымша портфелі қалыптастырылады.
      Жоғарыда көрсетілген жобаларды іске асыру отандық өндірісті 600 атауға дейін (1200-дің ішінде) кеңейту міндетін шешуге мүмкіндік береді, бұл заттай мәнде дәрілердің түр-түрін 50 %-ға жабуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.»;
      «Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шараларында»:
      үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету
      Дәрілік заттар өндірісі, ИСО 13485 медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісі бойынша дәрілік құралдарды өндіру бойынша GMP қағидаларына сәйкес фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп кәсіпорындарында жұмыс істейтін мамандар даярланатын болады.»;
      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Техникалық регламентер енгізу
      2014 жылдың соңына дейін фармацевтика өнеркәсібі кәсіпорындарында дәрілік препараттарды шығару, ИСО 13485 медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника шығару бойынша дәрілік препараттарды шығару бойынша тиісті өндірістік тәжірибе қағидалары (GHP) енгізілетін болады.»;
      тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сауда саясаты
      Бірыңғай экономикалық кеңістік (бұдан әрі - БЭК) шеңберінде:
      1) дәрілік құралдар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техника айналымы саласында Еуропалық одақпен ұқсас
заңнамалық базаны үйлестіру;
      2) КО мүше мемлекеттердің өндірушілері, тиісті өндірістік тәжірибе жағдайларында өндірген (GMP) дәрілік құралдарына тіркеу куәліктерін өзара тануды қамтамасыз ету.»;
      «Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру» деген параграфта:

      1. Өзге де метал емес минералдық өнімдер өндірісінде жалпы қосылған құнды 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде кем дегенде 66 %-ға ұлғайту.
      2. Ішкі нарықтың құрылыс материалдарына деген қажеттілігін 80 %-дан астам қанағаттандыру.
      3. Өзге де метал емес минералдық өнімдер өндірісінде еңбек өнімділігін 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде 1,9 есеге ұлғайту.»;

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Цемент өндірісінде 2014 жылға қарай жұмыс істеп тұрған және жаңа кәсіпорындарда цемент шығару жылына 7 млн. тоннаға жеткізілетін, цемент терминалдары салынатын, жұмыс істеп тұрған зауыттарды техникалық қайта жабдықтау және негізгі құралдардың тозу дәрежесін 30 %-ға дейін қысқарту жүргізілетін болады.»;

      «Керамика өндірісінде 2014 жылға қарай керамикалық тақтайшалар шығару жылына 5,5 млн/м2 дейін жеткізіліп, қуаты жылына 200 мың тонна саз балшықты қайта өңдеу жөніндегі байыту комбинаты салынатын болады.»;
      жетінші бөліктің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Маңғыстау облысы - «құрғақ тәсілмен» цемент зауытын салу - жылына 1 млн. тонна.»;

      Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету ТжКБ және ЖОО оқу орындары түлектерінің өндірістік кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өту жүйесі енгізіледі.
      Мамандықтар бойынша кадрларға деген қажеттілік мамандарды ЖОО-да және 139 ТжКБ оқу орындарында даярлау есебінен қанағаттандырылады.
      Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында «Сәулет және құрылыс бейіндік мектептері» мамандануы бойынша әлемдік дәрежедегі колледждер құрылатын болады.
      Техникалық реттеуді жетілдіру
      Техникалық реттеу саласында мыналар әзірленетін және енгізілетін болады:
      1) 405 ұлттық және мемлекетаралық стандарт;
      2) мемлекеттік жылу өткізгіштік эталондарын және температуралық шамалардың техникалық регламенттерге сәйкестігі тұрғысынан жаңғырту.
      Қазақстан Республикасының құрылыс саласын техникалық реттеу жүйесін реформалау жүзеге асырылатын болады.
      Жаңа сметалық-нормативтік база әзірленеді.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастры құрылады және мемлекеттік қала құрылысы кадастрының бірыңғай жүйесін қайта құрылымдау және қалыптастыру жүргізіледі.
      Құрылыс саласын техникалық реттеу жүйесін реформалауды ғылыми қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне ведомстволық бағыныстағы ғылыми құрылымдар айқындалатын  және күшейтілетін болады.
      Қауіпсіздікті және олардың пайдаланылу мерзімін арттыру, қажетті жөндеу жұмыстарының көлемін азайту мақсатында стандарттар мен техникалық регламенттерді сақтау тұрғысында құрылыс саласындағы (оның ішінде өнеркәсіп, жол құрылысы және басқа да инфрақұрылым құрылысы) жауапкершілікті күшейту жөніндегі заңнамалық актілер қайта қаралатын және оларға өзгерістер енгізілетін болады.
      Осы мақсатта мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау жүйесі нығайтылатын болады.

      Бизнестің инновациялық белсенділігін арттыру үшін даму институттарына негізгі қорларды жаңғырту үшін жеңілдікті шарттар бойынша қаржы лизингін беруге қаражат бөлінетін болады.
      Саланы ғылыми-техникалық дамыту мақсатында тұрғын үй құрылысы саласында жаңа технологияларды әзірлеуге бағытталған ғылыми зерттеулерді дамыту қамтамасыз етілетін болады.
      Тікелей инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасау
      Шағын және орта бизнес субъектілері (ресурс үнемдеуші және энергия тиімді құрылыс материалдары мен конструкцияларды өндірушілер) үшін жеңілдікті шарттар бойынша кредиттер берілетін болады.
      Отандық құрылыс материалдарына сұранысты қолдау және тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында индустриялық құрылыс комбинаттары шығаратын құрылыс материалдары, бұйымдар мен құрылғылар негізінде энергия тиімді материалдар мен технологияларды пайдалана отырып, көпқабатты және азқабатты тұрғын үй құрылысы үшін үлгілік жобалар сериясын әзірлеу қамтамасыз етілетін болады.
      Жергілікті қамтуды дамыту мақсатында импорттық құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды негізсіз пайдалануға (баға, сапа) жол бермеу, сондай-ақ егер олардың өндірісі Қазақстанда жүзеге асырылатын болса, шетелдік өндірушінің негізгі құрылыс материалдарына, бұйымдарына, конструкцияларына қажеттілікті жиынтық ведомостіге енгізуге жол бермеу жолымен техникалық регламенттерді сақтау жөніндегі қызмет жүзеге асырылады.
      Әкімшілік кедергілерді азайту
      Халықаралық тәжірибені ескере отырып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензиялау жүйесіне өзгерістер енгізіледі. Лицензияланатын қызмет түрлері қысқартылады және оңтайландырылады. Берілетін лицензиялар құрылыс объектісінің техникалық күрделілігіне, лицензиаттың жұмыс тәжірибесіне және жеке капиталының болуына қарай санаттарға бөлінетін болады.»;
      «Агроөнеркәсіптік кешен» деген параграфта:
      «Негізгі міндет» мынадай редакцияда жазылсын:
      «Негізгі міндет
      Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешені (бұдан әрі - АӨК) субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау.»;

      1. АӨК-тің жалпы қосылған құнының 2014 жылы 2008 жылмен салыстырғанда нақты мәнде кемінде 16 %-ға өсуі.
      2. Ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін 360 мың теңгеден 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде кем дегенде 2 есеге ұлғайту.
      3. Азық-түлік тауарлары ресурстарының жалпы көлеміндегі отандық өндіріс тауарларының үлесі 80 % деңгейінде.
      4. 2014 жылы етті өңдеу үлесі сойыс салмағында өндірілген еттің жалпы көлемінің 26 %-ына дейін, сүтті сауылған сүттің жалпы көлемінің 38 %-ына дейін, томатты жалпы жинау көлемінің 12 %-ына дейін ұлғайту.»;

      Өсімдік шаруашылығы саласындағы стратегия өсімдік шаруашылығы субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасауды, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге экономикалық қолжетімділікті арттыруды көздейді. Бірінші кезекте, дақылдар өсірудің ғылыми негізделген ылғал, ресурс үнемдейтін технологияларға көшу жолымен ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін әртараптандыру, ауыл шаруашылығы бағытындағы жерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, жаңа  және қазіргі пайдаланудағы жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту бойынша шаралар қабылданатын болады.
      Астық дақылдары ауыл шаруашылығы өнімінің экспорт құрылымында қомақты үлес алуына байланысты астықты өңдеу және сақтау, сондай-ақ оны тасымалдау үшін жаңа қуаттарды салу және қолданыстағыларды кеңейту арқылы астық өндірісінің инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылатын болады.
      Мал шаруашылығы саласында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді ет және сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығы өнімнің экспорттық әлеуетін арттыруға ынталандыру жұмысы жалғасатын болады.
      Асыл тұқымды базаны дамыту және мал мен құстың тұқымдық әлеуетін арттыру, оның ішінде одан әрі өсіру үшін асыл тұқымды малдың импорты есебінен арттыру жұмысы жалғасатын болады.
      Дәстүрлі мал шаруашылығы салаларын дамыту үшін жайылымдық мал шаруашылығын, оның ішінде қой шаруашылығын дамытуға ынталандыратын іс-шаралар кешенін қабылдау мәселесі пысықталатын болады.
      Сондай-ақ жемазық өндірісін дамыту және бұзылған жайылымдық жерлерді қалпына келтіру, суландыру жөнінде шаралар қабылдау мәселесі пысықталатын болады.
      Балық шаруашылығын дамытудың басым бағыты ретінде балықтың тауарлық өндірісін ұлғайту мақсатында отандық аквадақыл өнімдерін өндірушілерді мемлекеттік қолдау шаралары қабылданатын болады.
      Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында отандық өнімнің сапасын арттыру, азық-түлік тауарларының ассортиментін кеңейту, осылайша КО бойынша негізгі сауда әріптестерімізбен бәсекелестік үшін тең жағдайлар жасау үшін өндірісті техникалық және технологиялық қайта жарақтандыру өзекті күйінде қалады.
      Халықаралық сертификаттау жүйесін енгізу арқылы органикалық өнімдер өндірісін ынталандыру үшін жағдайлар жасалатын болады.
      Өнімді сақтау және тұтынушыларға жеткізу логистикасын дамыту, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді кооперациялау жолымен дайындау, қайта өңдеу және сақтау пункттерін құру арқылы нарықты отандық азық-түлік тауарлары өндірісімен одан әрі толықтыру шаралары іске асырылатын болады.
      Жоғары сапа стандарттары мен өнімдердің қауіпсіздігіне қол жеткізу мақсатында ветеринарияны дамытуға, өсімдіктерді қорғауға және тамақ өнімінің қауіпсіздігіне ерекше назар аударылатын болады.
      Озық технологияларды енгізуге және отандық ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемін ұлғайтуға ынталандыру мақсатында қазіргі қолдау шараларымен қатар АӨК субьектілерін тікелей субсидиялаудан жеңілдікті қаржыландыру арқылы қолдауға (кредиттер мен лизинг бойынша пайыздық ставканы субсидиялау, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қаржы институттары алдындағы қарыздарының қайтарылмай қалу қаупін қамтамасыз ету үшін қарыздарға кепілдік беру кезінде комиссияның бір бөлігін өтеу және қарыздарды сақтандыру кезінде сақтандыру сыйақысының бір бөлігін өтеу, сондай-ақ инвестициялық салымдардың капитал қажеттілігін және оның өтелу мерзімдерін азайту. Агроөнеркәсіп кешенінің субъектілеріне жаңа өндірістік қуаттарды құруға не қолданыстағыларын кеңейтуге бағытталған инвестициялық салым кезіндегі шығындарын ішінара өтеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі) біртіндеп көшу көзделетін болады.
      Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына кредиттік жүктемені азайту және банкроттыққа жол бермеу мақсатында осы кәсіпорындарды қаржылық сауықтыру жүзеге асырылатын болады.
      Дүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан әрі - ДСҰ) кіру шеңберінде отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тең жағдайларды, сондай-ақ КО мен БЭК-ке мүшелікті қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қолдау деңгейі интеграциялық процестер шеңберінде тиісті келісілген көрсеткіштерге жеткізілетін болады.
      АӨК басым салаларында білімді генерациялау мен енгізудің ғылыми-инновациялық жүйесін құру ғылыми зерттеулерді жүргізу, аграрлық зерттеулер саласында халықаралық жетекші ғылыми орталықтармен бірлесіп, ғылыми-инновациялық жобаларды іске асыру, агротехнологияларды трансферттеу мен коммерцияландыру жүйесін және білім тарату желісін дамыту, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі транспәндік ғылыми-білім беру кешендерін (орталықтарын) құру арқылы жүзеге асырылатын болады.
      Агроөнеркәсіптік кешенді индустриялық-инновациялық дамытуға жоғары технологиялық инвестициялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ су ресурстарын интеграциялық басқару қағидаттарын енгізу жолымен қол жеткізілетін болады.
      Агроөнеркәсіптік кешенде кем дегенде 20 ірі жобаны іске асыру, оның ішінде 8 мал шаруашылығы кешенін, 2 құс фабрикасын, 3 жылыжай, 3 тауарлы сүт фермасын, 1 ет комбинатын, бір-бірден нан-тоқаш өндіру, мақтаның сортты тұқымдық материалын өндіру зауытын салу көзделіп отыр. Аграрлық секторға ірі ауқымды инвестициялар тарту үшін жағдай жасау және мемлекеттің қаржы институттарымен өзара іс-қимылын жалғастыру көзделіп отыр.
      Инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде кәсіпкерлер, қаржы институттары, мемлекеттік органдар мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар үшін АӨК-тің басым бағыттары бойынша, оның ішінде астық және оны тереңдете қайта өңдеу өнімдері, ет және ет өнімдері, майлы дақылдар, жеміс-көкөніс өнімдері, сүт және сүт өнімдері, жүн және оны тереңдете қайта өңдеу өнімдері өндірісін дамыту мен экспорттау, құс шаруашылығын дамыту саласындағы мастер-жоспарлар айқын бағдар болып табылады.
      Сонымен қатар минералды тыңайтқыштар, өсімдіктерді химиялық қорғау құралдары, ветеринариялық препараттар, диагностикумдар, ауыл шаруашылығы техникалары өндірісін қоса алғанда, экономиканың аралас салаларын дамыту қажет.»;

      Инвестицияларды ынталандыру
      Саланы дамытуды экономикалық ынталандыру, оның инвестициялық тартымдылығын және ауыл шаруашылығы құралымдары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарын техникалық-технологиялық жаңғыртуды арттыру үшін АӨК субъектілерін мынадай бағыттар бойынша қолдау жалғастырылатын болады:
      1) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай материалдарының және басқа тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандату;
      2) тыңайтқыштар мен гербицидтер құнын арзандату;
      3) жабық топырақтағы көкөніс өндірісінің шығындарын арзандату;
      4) жеміс-жидек дақылдарының, алманың «Апорт» сорты мен жүзімнің көпжылдық өскіндерін салу және өсіру шығындарының орнын толтыру;
      5) қазақстандық мақта талшықтары мен шикі мақта сапасын сараптау шығындарының құнын арзандату;
      6) ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су жеткізу қызметінің құнын арзандату;
      7) тұқым шаруашылығын дамыту;
      8) мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру;
      9) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту;
      10) агроөнеркәсіптік кешеннің субъектілеріне берілетін кредиттер мен лизинг бойынша пайыздық ставкаларды арзандату;
      11) ауыл шаруашылығы өнімі өндірісін басқару жүйесін дамыту;
      12) қарыздарды кепілдендіру және сақтандыру кезінде комиссияның және сақтандыру сыйақысының бір бөлігін агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне өтеу;
      13) өндірістік қуаттардың жаңаларын салу не қолданыстағыларын
кеңейтуге бағытталған инвестициялық салу кезіндегі шығыстарды ішінара өтеу;
      14) қайта өңдеуге тапсырылған ауыл шаруашылығы өніміне кепілді сатып алу бағасын қамтамасыз ету үшін қайта өңдеу кәсіпорындарының шығындарын субсидиялау.
      Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау сонымен қатар жеңілдікті кредит беру және шағын кредит беру, ауыл шаруашылығы және арнайы техника лизингін, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жабдықтарын дамыту, АӨК-тегі сақтандыру жүйесін, ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз етуді дамыту, инвестициялық жобаларды жобалық қаржыландыру арқылы іске асыру жолымен жүзеге асырылатын болады.
      Сонымен қатар, АӨК-тегі жобаларды кейіннен қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктерді, микрокредиттік ұйымдарды және кредиттік серіктестіктерді қорландыру шаралары іске асырылатын болады.
      Бәсекеге қабілетті кәсіби кадрлар даярлау
      Аграрлық саланың қажеттіліктеріне сәйкес PhD докторларын, магистрлер мен бакалаврлар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және ветеринариялық мамандықтардың техникалық және кәсіби білімі бар мамандарын даярлауға мемлекеттік білім тапсырысын ұлғайту мәселесін қарау.
      Инфрақұрылымдық және ресурстық қамтамасыз ету
      Агроөнеркәсіптік кешенді инфрақұрылымдық және ресурстық қамтамасыз ету, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында:
      1) елдің фитосанитариялық және ветеринариялық салауаттылығын
қамтамасыз ету;
      2) ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру;
      3) ауыл шаруашылығы өндірісін ірілендіру, дайындау-өткізу
құрылымдары желісін құру және кеңейту есебінен тауарлық өнімнің өсуі үшін шаруашылық жүргізу жағдайларын жақсарту және ынталандырулар жасау мәселелерін пысықтау;
      4) сумен қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамыту;
      5) су ресурстарын интеграциялық басқару қағидаттарын ескере отырып су ресурстарын пайдалану;
      6) суландырудың озық әдістерін енгізу жолымен жердің мелиоративтік жай-күйін сақтау және жақсарту мәселелерін пысықтау;
      7) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану;
      8) мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесін дамыту және АӨК
субъектілері үшін мемлекеттік қызметтер көрсету жұмысы жүргізілетін
болады.»;
      «Жеңіл өнеркәсіп» деген параграфта:

      «Нысаналы индикаторлар:
      1. 2014 жылы жеңіл өнеркәсіптегі жалпы қосылған құнды 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде кем дегенде 9 %-ға ұлғайту.
      2. Дайын өнім экспортын 2008 жылғы деңгейге қарағанда 2,5 есеге ұлғайту.
      3. Жеңіл өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде кем дегенде 1,5 есеге ұлғайту.»;

      Алдағы кезеңде саланы дамытудың негізгі бағыттары тоқыма, тігін, былғары және аяқ киім өнеркәсібінде жергілікті шикізатты (мақта, жүн, былғары) өңдеу жөніндегі өндірістерді жаңғырту және әртараптандыру үшін ынталандырулар жасаумен байланысты болады.
      Қосылған құны жоғары өнімдер шығару мақсатында:
      1) жүнді бастапқы өңдейтін кәсіпорындарды жаңғырту, сондай-ақ жүнді қайта өңдеу жөніндегі толық технологиялы циклды ұйымдастыруда жүн кластерін жасау үшін жүн бұйымдарын өндіретін кіші салаларды;
      2) кардтық және таралған мақта-мата жібі, мата мен дайын тоқыма бұйымдары өндірісінің жіп пен матаны бояу мен әрлеу, сондай-ақ дайын тігін бұйымдары өндірісінің, толық технологиялық циклын, оның ішінде «Оңтүстік» АЭА қызметінің түрлерін кеңейту (жібек маталар шығару, маталық емес тоқыма материалдар, кілем бұйымдары мен гобелендер, мақта целлюлозасын және оның туындыларын, мақта шикізатынан өндірілетін жоғары сапалы қағаз және былғарыдан жасалған бұйымдар шығару) есебінен ұйымдастыру үшін «Оңтүстік» АЭА аумағында (Оңтүстік Қазақстан облысы) мақтадан жасалған бұйымдар өндірісін;
      3) ауыл шаруашылығы жануарларының терісін тереңдете өңдеуді ұйымдастыру және бәсекеге қабілетті тауарлы былғары, тон-тері бұйымдары мен аяқ киім шығару үшін былғары және аяқ киім кіші саласын;
      4) кәсіпорындарды жаңғыртуды жүзеге асыру үшін тігіннің кіші саласын қолдау шаралары көзделетін болады.
      Мынадай инвестициялық жобаларды іске асыру көзделуде:
      1) Шығыс Қазақстан облысы - «Былғары өндірісін қайта жаңарту және жаңғырту»;
      2) Оңтүстік Қазақстан облысы - «Оңтүстік» АЭА-да қазіргі заманғы тоқыма өндірісін ұйымдастыру»;
      3) Оңтүстік Қазақстан облысы - «Су сіңіргіш мақта және целлюлоза шығару»;
      4) Оңтүстік Қазақстан облысы - «Тарамды және кардтық мақта-мата жібін шығаратын қазіргі заманғы өндірісті ұйымдастыру».»;

      Жеңіл өнеркәсіпте мамандық бойынша кадрларға қажеттілік кадрларды Қазақстанның ЖОО мен ТжКБ оқу орындарында даярлау есебінен қамтамасыз етіледі.
      Техникалық реттеу
      Сапаның тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін техникалық регламент талаптарына жауап беретін және/немесе халықаралық стандарттарға сәйкес келетін стандарттар әзірлеу және қабылдау.»;
      «Туристік сала» деген параграфта:

      1. Ішкі және келу туризмі үшін орналастыру орындарының санын 2008 жылғы деңгейге қарағанда 1,5 есеге ұлғайту.
      2. Ішкі және келу туризмі үшін тәулік/төсек ұсынуды ұлғайту жолымен қонақүйлерді толтыруды 2008 жылғы деңгейге қарағанда 1,5 есеге ұлғайту.»;
      «Саланы дамытудың негізгі бағыттарының» үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ақмола облысының «Бурабай» АЭА шекарасында туристік-ойын-сауық кешенін салу, онда мынадай бағыттарда шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдайлар жасалатын болады:
      1) сауықтыру, ойын-сауық саласында қызметтер көрсету, тамақтануды ұйымдастыру, қонақүй, экскурсиялық, ақпараттық, көліктік қызметтер көрсету;
      2) туризмнің мәдени-танымдық, экологиялық, іскерлік, спорттық және басқа да түрлері саласында қызметтер көрсету.»;
      «Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шараларында»: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Инфрақұрылымдық және ресурстық қамтамасыз ету Туризм индустриясының бәсекеге қабілетті инфрақұрылымын құру шеңберінде:
      1) Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының әкімдіктері жол бойы инфрақұрылымы объектілері құрылысының үлгі жобасын әзірлейтін;
      2) «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында гольф-клуб салу және орналастыру үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру мәселесі пысықталатын болады.
      Белсенді демалу жағдайларын дамыту үшін Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамытудың кластерлік бағдарламасының мастер-жоспарында, сондай-ақ:
      Алматы қаласының маңында тау шаңғысы курорттарын дамытудың;
      Ақмола облысында Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытудың;
      Маңғыстау облысындағы «Кендірлі» демалу аймағын дамытудың жүйелік жоспарларында көзделген жобалар іске асырылатын болады.»;

      «Бәсекелестікті дамыту
      Туристер үшін қызмет көрсетулер нарығында бәсекелестікті дамыту мақсатында туристік операторларды ірілендіру үшін заңнамалық жағдайлар жасау қамтамасыз етілетін болады.
      Инвестициялар үшін тартымды жағдайлар жасау
      Қазақстанда туризм саласын дамыту үшін:
      1) инвестициялар үшін тартымды жағдайлар жасау;
      2) келу және ішкі туризмді дамыту үшін әкімшілік ресмиліктерді жеңілдету;
      3) экотуризмді дамыту көзделетін болады.»;
      «Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар» деген параграфта:
      «Саланың ағымдағы ахуалына қысқаша талдау» деген бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Отандық ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі - АКТ) саласының бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ету мақсатында орта мерзімді перспективада АКТ компанияларға ішкі нарықта табысты бәсекелесуге мүмкіндік беретін, мемлекет жасаған жағдайлар маңызды рөл атқарады. Бұл шаралар кезең-кезеңмен іске асырылатын болады. Бірінші кезеңде жергілікті технологиялық инфрақұрылымның сапасы, отандық өндірушілерді қолдау, АТ-мамандарын даярлау деңгейі, инновациялық ортаны дамыту арттырылатын болады. Екінші кезеңде ішкі АТ-нарығын отандық өндіріс тауарларымен және қызметтерімен толықтыру бойынша шаралар іске асырылатын болады. АКТ-саласын ынталандыру мен дамытудың кезеңдері мен тетіктері «Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасында айқындалған.
      Қазақстан Республикасында АКТ секторын дамытудың жоғары қарқынын ұстау және дамуын жеделдету үшін мынадай бірқатар өзекті міндеттерді шешу қажет:
      1) АКТ-саласының нормативтік құқықтық базасын және техникалық реттеуді жетілдіру;
      2) АКТ-нарығының жалпы көлемінде мемлекеттік органдардың және мемлекет қатысатын компаниялардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуында жергілікті қамту үлесін арттыру;
      3) отандық нарықты білікті АКТ-кадрларымен қамтамасыз ету;
      4) отандық АКТ-саласының технологиялық әлеуетін дамыту;
      5) АКТ-саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру.»;

      Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың бәсекеге қабілетті ұлттық секторын қалыптастыру.»;

      Ақпарат және байланыс саласында жалпы қосылған құнды 2015 жылға
қарай 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде 77 %-ға ұлғайту.»;

      Қазақстан Республикасында АТК секторында мынадай бағыттарды дамыту жоспарлануда.
      Бизнес пен халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың жұмысын жеңілдету мен оңтайландыру мақсатында электрондық, қызмет көрсетулер мен «электрондық үкіметті» дамыту шеңберінде:
      1) «электрондық үкіметтің» нысаналы сәулеті құрылатын;
      2) КО шеңберінде ақпарат алмасу үшін ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылым құрылатын;
      3) электрондық лицензиялау, электрондық нотариат және электрондық сатып алудың ақпараттық жүйелері енгізілетін;
      4) мемлекеттік басқарудың ведомствоішілік және сол секілді
ведомствоаралық деңгейлерінде сақталу мерзімі 5 жылдан аспайтын құжаттар үшін қағазсыз құжат айналымына толық көшіру қамтамасыз етілетін;
      5) мемлекеттік қызметтердің бизнес-үдерістері оңтайландырылатын және автоматтандырылатын;
      6) неғұрлым сұранысқа ие электрондық форматтағы рұқсат ету
құжаттарын беру қамтамасыз етілетін болады.
      Халықтың қазақстандық контентке деген сұранысын қамтамасыз ету мақсатында Интернет желісінің қазақстандық сегментін дамыту шеңберінде:
      1) ұлттық интернет-ресурстары, оның ішінде жаңалықтар,
мультимедиалық, әлеуметтік желілер;
      2) мемлекеттік органдардың порталдарын контенттік сүйемелдеу және дамыту құрылатын болады.
      АКТ саласында отандық әлеуетті қалыптастыру және дамыту шеңберінде ғылыми-зерттеу институтын (бұдан әрі - ҒЗИ) одан әрі дамыту қамтамасыз етілетін болады.
      «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - ИТП) аумағында ішкі сұранысты қамтамасыз ету мақсатында отандық жоғары технологиялық жабдықтар өндірісін дамыту шеңберінде АКТ-кластерін құру жоспарлануда.
      Бизнес пен мемлекеттің қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және қызметтер секторын дамыту мақсатында:
      1) инновациялық ақпараттық жүйелер мен өнімдерді әзірлейтін және пайдаланатын компаниялар;
      2) АКТ саласын дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыру үшін коммерциялық емес, мемлекеттік емес ұйымдар (корпоративтік қор) құрылатын болады.
      Саланың техникалық және кәсіби деңгейдегі білікті мамандарға деген қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық коммуникациялар саласында білімді дамыту шеңберінде Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін дамыту қамтамасыз етілетін болады.»;

      Білікті кадр ресурстары қажеттілігін қамтамасыз ету
      1) 2009 жылмен салыстырғанда Қазақстанның ЖОО-да оқыту үшін ақпараттық коммуникациялық мамандықтар бойынша мемлекеттік гранттар санын 2 есеге ұлғайту;
      2) халықаралық стандарттар базасында жоғары және кәсіптік техникалық оқу деңгейлерінде АТ-мамандарын даярлаудың білім беру бағдарламаларын жетілдіру.
      Техникалық регламенттерді енгізу:
      1) ақпараттық коммуникация саласындағы стандарттар базасын
халықаралық деңгейге дейін дамыту;
      2) АКТ-саласының нормативтік құқықтық базасы мен техникалық
реттелуін жетілдіру.
      Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу:
      1) инновациялық start-up жобаларды іске асыруды гранттық, инвестициялық қаржыландыру;
      2) CDMA технологиясын пайдалана отырып, телекоммуникация желілерін дамыту үшін 450 МГц диапазонында радиожиілік спектрін босату;
      3) ақпараттық технологияларды зерттеу институтының АКТ-да ҒЗТКЖ
өткізуге мемлекеттік тапсырыстар мен гранттар бөлуі.
      «Бұлтты есептеулер» мен виртуалдандыру технологияларында мемлекеттік органдардың АКТ-инфрақұрылымын аутсорсингке шығару арқылы мемлекеттік органдарды ақпараттандырудың жаңа моделін іске асыру.
      Саланың тартымды инвестициялық ахуалын жасау:
      1) «АТП» АЭА-ның инфрақұрылымын қаржылық қолдау арқылы дамыту;
      2) АКТ-саласындағы жергілікті қамту үлесін арттыру мақсатында зияткерлік, инновациялық және инфрақұрылымдық, орта ретінде «АТП» АЭА аумағында АКТ-кластерін құру;
      3) Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын дата-орталықтарды салу жөніндегі жобалар үшін жер гранттарын бөлу;
      4) мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар, күш құрылымдарының АКТ-тапсырысын шоғырландыру және АКТ секторында жергілікті қамтуды арттыру мақсатында оларды «АТП» АЭА-да орналастыру;
      5) Интернет желісінің қазақстандық сегментін дамытудың мемлекеттік қолдау шаралары жүйесін жасау;
      6) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ұсынылатын мемлекеттік қызмет көрсетулер санын ұлғайту;
      7) Интернет желісінің қазақстандық сегментінде әлеуметтік жобаларды мемлекеттік қаржыландыру.»;
      «Биотехнология» деген параграф алып тасталсын:
      «Ғарыш қызметі» деген параграфта:
      «Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау» деген бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
      Біздің елімізде ғарыш саласын қалыптастыру үшін объективті алғышарттар бірегей бәсекелестік басымдықтың - жұмыс істеп тұрған «Протон», «Союз», «Зенит», «Днепр» ғарыш зымыран кешендері (бұдан әрі - ҒЗК) бар әлемдегі ең ірі «Байқоңыр» ғарыш айлағының; ғарыш байланысын жерден басқару кешенінің, жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) спутниктерінен ғарыш ақпаратын қабылдайтын үш орталықты қамтитын Ұлттық ғарыш мониторингі жүйесінің (ҮҒМЖ) базалық элементтерінің; ғарыш сәулелері станцияларын, ғылыми зертханаларды, астрономиялық обсерваторияларды қамтитын ғылыми-технология инфрақұрылымның негізгі элементтерінің бар екендігі болып табылады.»;

      1. 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде 2014 жылы ЖҚҚ-ның 30 %-ға өсуі.
      2. Тіркелген спутниктік байланыс арналарына елдің қажеттілігін
қанағаттандыру дәрежесі 2014 жылы - 80 %.
      3. Дәлдігі жоғары спутниктік навигация қызметін көрсетуге елдің қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі (Қазақстан аумағын жабу %) 2014 жылы - 55 %.
      4. 2014 жылы тұтынушыларға берілетін ғарыш деректерінің жалпы санындағы қазақстандық ЖҚЗ ғаламдық аппараттарынан (бұдан әрі - ҒА) алынатын деректердің үлесі - 50 %.
      5. 2014 жылы ғылымды қажетсінетін кемінде 9 ғарыш технологиясын енгізу.»;

      «Мынадай инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда:
      1) «KazSat» спутниктік байланыс және хабар тарату жүйесін құру («KazSat - 2», «KazSat - 3», резервтік жерден басқару кешені);
      2) ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру;
      3) ЖҚЗ ғарыш жүйесін құру;
      4) Қазақстан Республикасында дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің жердегі инфрақұрылымын құру;
      5) «Байқоңыр» ғарыш айлағында тұрған «Зенит» және «Днепр» ғарыш зымыраны кешендерін коммерциялық пайдалану жобаларына қатысу.
      ЖҚЗ және ЖСК ғарыш жүйесін құру жобаларын іске асыру жөніндегі стратегиялық әріптес EADS Astrium француз кәсіпорны болып табылады.»;

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Заңнаманы жетілдіру
      Заңнаманы жетілдіру және ғарыш қызметін құқықтық реттеуді жүйелендіру мақсатында ғарыш қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге түзетулер әзірленетін болады.»;
      мынадай мазмұндағы жетінші және сегізінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Ғарыш қызметі саласында мемлекеттік (ұлттық) стандарттар әзірленетін болады.
      Зымырандық-ғарыштық қызметтің әсеріне ұшырайтын аумақтарда экожүйелердің жағдайын кешенді бағалау бойынша нормативтік құжаттарды (регламенттер, әдістемелер) енгізу қамтамасыз етілетін болады.»;
      «Баламалы энергетика» деген параграфта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      Елдің энергия теңгерімінде қалпына келтірілетін энергия көздерінің (шағын су электр станциялары (бұдан әрі - СЭС), жел электр станциялары (бұдан әрі - ЖЭС), күн қондырғылары) үлесін ұлғайту.»;

      «1. 2014 жылы қалпына келтірілетін энергия көздерінен өндірілетін электроэнергиясының (ЖЭС, күн көзі станциялары, сондай-ақ қуаттылығы 35 МВт болатын СЭС) көлемін жылына 1 млрд. кВТ/сағ жеткізу.
      2. 2015 жылға қарай қалпына келтірілетін энергия көздерінен өндірілетін электрэнергиясының (жел электр станциялары, күн станциялары, сондай-ақ қуаттылығы 35 МВт болатын су электр станциялары) электр тұтынудың жалпы көлеміндегі үлесі 1 %-дан астам.»;

      Алғашқы ЖЭС салу жөніндегі жобаларды іске асыру жоспарлануда.
      Болжамды орналастыру аудандарына Ақмола, Жамбыл облыстары, Алматы облысында - Жоңғар қақпасы мен Шелек дәлізі жатады. Жел қондырғыларының болжамды белгіленген қуаты бірінші кезеңде 50-100 МВт құрауы мүмкін.
      2015 жылға қарай сағатына 400 млн. кВт электр энергиясын шығаратын белгіленген қуаты 125 МВт жел парктерін салу болжанып отыр.
      2015 жылға дейін республикада сағатына 150 млн. кВт электр энергиясын шығарады деп межеленген қуаты 50 МВт-тан жоғары шағын ГЭС-ті пайдалануға беру жоспарланған Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында шағын ГЭС құрылысының жобаларын әзірлеу және іске асыру бойынша жұмыстар жалғастырылады.
      Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласында заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ объектілер (күн, жел және басқа қондырғылар) саны бойынша нақты нысаналы индикаторларды қоса отырып, қалпына келтірілетін энергетиканы Қазақстанда дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын, оларды орналастыру картасын әзірлеу көзделіп отыр.

      Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі мәселелерді пысықтау, оның ішінде: жаңартылатын энергия көздері объектілерін салу үшін жер учаскелерін беру кезінде резервтеу және басымдық; жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып өндірілген электр энергиясын сатып алу жөніндегі міндеттемелер беру; жаңартылатын энергия көздерін электр энергиясының желілері бойынша тасымалдағаны үшін ақы төлеуден босату; жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін энергия беретін ұйымдардың желісіне қосу кезінде қолдау жөніндегі мәселелерді пысықтау көзделіп отыр.»;
      «Атом энергетикасы» деген параграф алып тасталсын;
      «2. Басым секторлардың дамуын қолдаудың басты шаралары» деген кіші бөлімде:

      «Ақша-кредит және фискалдық саясаттың келісілуі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жыл сайын экономикалық саясаттың негізгі бағыттары туралы бірлескен мәлімдемелерін қабылдаумен қамтамасыз етілетін болады.»;
      төртінші бөліктің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Үкіметінің инфляцияға қарсы саясатының шараларымен бірге ұстап тұратын инфляцияның төмен деңгейі (жылдық инфляция деңгейі 2010 - 2014 жылдары 5,0 - 8,0 % шегінде (желтоқсан алдыңғы жылдың желтоқсанына қарағанда);
      екінші деңгейдегі банктер үшін бәсекеге қабілеттілік шарттарын теңдестіруге және банк жүйесінде шетелдік банктердің үлесін шектеуге бағытталған шаралар қабылдау;»;
      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ұлттық қор активтерін қалыптастыру және пайдалану саясаты макроэкономикалық тұрақтылықты одан әрі қолдауға, экономиканы әртараптандыруға және бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыруға бағытталатын республикалық бюджеттегі жыл сайынғы тіркелген кепілдендірілген трансфертке ықпал ететін болады.
      Ұлттық қор қаражатын пайдалану тетігіне көбірек икемділік беру мақсатында контрциклдік саясат шеңберінде Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферттің тіркелген мәнінің мөлшері экономикадағы ахуалға байланысты 15 %-ға дейін төмендету немесе ұлғайту жағына түзетілуі мүмкін.
      Мұндай тәсіл Қазақстан Республикасы Үкіметінің дағдарыс жағдайында басым шығыстарды қаржыландыру және экономикалық өсім кезеңінде Ұлттық қор қаражатын жинақтау арасында теңгерімділікті қамтамасыз етеді.»;
      «2.1 Энергетика инфрақұрылымымен қамтамасыз ету» деген тарауда:
      «Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау» деген параграф мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
      Электр энергиясын өндіруді әртүрлі меншік нысанындағы өнеркәсіптік және өңірлік бағыттағы ұлттық маңызы бар жалпы белгіленген қуаты - 18 992,7 МВт, иелігіндегі қуаты - 14 558,0 МВт құрайтын 59 электр станциясы жүзеге асырады, электр станцияларының 80 %-ы көмірмен жұмыс істейді.
      2009 жылдың қорытындылары бойынша елдің электр станцияларында электр энергиясын өндіру 78,4 млрд. кВт/сағ, тұтыну 77,9 млрд. кВт/сағ. құрады. Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесі (бұдан әрі - Қазақстан БЭЖ) Қазақстанның энергетикалық кешенінің негізі болып табылады.
      Қазақстан БЭЖ - бұл ортақ жұмыс режимімен, бірыңғай орталықтандырылған жедел-диспетчерлік және аварияға қарсы басқарумен, дамытуды жоспарлаудың бірыңғай жүйесімен, техникалық саясатпен, нормативтік-технологиялық және құқықтық реттеумен біріктірілген электр станциялары мен электр желілерінің кешені. Қазақстан БЭЖ шартты түрде 3 энергетикалық аймаққа бөлінеді:
      Энергетикалық шаруашылықтары ортақ желімен біріккен және Ресеймен байланысы дамыған Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарын қамтитын солтүстік аймақ;
      Ортақ энергетикалық желімен біріккен және Қырғызстанмен, Өзбекстанмен байланысы дамыған Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарын қамтитын оңтүстік аймақ;
      Энергетикалық шаруашылықтарының Ресеймен электр байланысы бар Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарын қамтитын батыс аймақ.
      Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары ортақ электр желісімен біріктірілген.
      БЭЖ солтүстік аймағы энергиясы мол болып табылады, өйткені осы аймақта Павлодар облысының ірі электр станциялары - Екібастұз ГРЭС-1 және ГРЭС-2 орналасқан.
      Оңтүстік аймақ энергия тапшылығына жатады, оны жабу Солтүстік
аймақтан 500 кВ «Қазақстанның Солтүстігі - Оңтүстігі» транзиті бойынша жүзеге асырылады.
      Электр энергетикасы саласы активтерінің тозу деңгейі жоғары, оның ішінде:
      генерациялайтын жабдық - 70 %;
      электр желілері - 65 % тозған.
      Электр станцияларының электр генерациялайтын жабдықтары тозуының өсуіне, 2009 жылдың мамырынан бастап салаға инвестициялардың болмауына байланысты электр энергетикасында тариф белгілеудің жаңа тетігі енгізілді, онда энергия өндіретін ұйымдар үшін электр энергиясына арналған шекті, есептік және жеке тарифтерді енгізу және тиісінше электр өндіретін ұйымдардың энергия жинақтайтын қуаттарды қайта құру, жаңғырту, кеңейту және жаңадан салу бойынша инвестициялық міндеттемелерді орындау көзделген.
      Жылдарға бөле отырып, 2009 жылдан бастап 2015 жылға дейінгі кезеңіне арналған энергия өндіретін ұйымдардың 13 тобы бойынша электр энергиясына шекті тарифтер бекітілді, олар саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, жыл сайын түзетілуі мүмкін.
      Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен энергия өндіретін ұйымдар арасында 85,584 млрд. теңгеден астам көлемде 2010 жылға арналған шекті тарифтер шеңберінде инвестициялардың жалпы сомасына инвестициялық міндеттемелерді орындау туралы 39 келісім қолданылады.
      Ірі ауқымды инвестициялар (жаңа электр станцияларын салу) іске асырылған жағдайда, инвесторлар есептік тариф немесе жеке тариф бойынша жұмыс істей алады.
      Тариф қалыптастырудың жаңа тетігін енгізу саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға, салаға инвестициялар тарту үшін жағдайлар жасауға және энергия өндіретін ұйымдардың инвестициялар қайтарымдылығын қамтамасыз ету жөніндегі мүмкіншіліктерін есептеуге мүмкіндік береді.»;
      «Нысаналы индикаторлар» деген параграфта
      «2. 2014 жылға қарай көмір өндіру көлемін 123 млн. тоннаға дейін қамтамасыз ету» деген сөздер «2. 2014 жылы көмір өндіру көлемін 119 млн. тоннаға дейін қамтамасыз етсін» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
      «Іс-қимылдар стратегиясы» деген параграфта:
      екінші бөлік алып тасталсын;

      «Батыс Қазақстандағы энергия тапшылығы мәселесін шешу үшін Орал ГТЭС-ін пайдалануға беру және Атырау ЖЭО кеңейту, елдің оңтүстік өңірлерінде 2012 жылы Мойнақ ГЭС-ін және Ақшабұлақ ГЖЭС-ін енгізу, 2018 жылы Балқаш ЖЭС-інің екі энергия блогын пайдалануға беру болжанып отыр. Бірқатар электр желілері объектілерін салу, оның ішінде «Алма» кіші станциясын және Мойнақ ГЭС-інің қуаттарын беру жөніндегі электр тарату желілерінің құрылысы, сондай-ақ электр желілері мен төмендететін кіші станцияларды реконструкциялау жүзеге  асырылатын болады.
      Сонымен қатар 500 кВ Солтүстік - Шығыс - Оңтүстік транзитінің жобасын іске асыру мәселесі қарастырылатын болады.
      Мынадай жобаларды іске асыру көзделеді:
      1. Атырау ЖЭО. Жобаның іске асыру құны - 16,4 млрд. теңге. Қуаты 75 МВт. Іске асыру мерзімі: 2006 - 2010 жылдар.
      2. Орал ГЖЭС-і. Жобаны іске асыру құны 9,8 млрд. теңге. Қуаты 54 МВт. Іске асыру мерзімі: 2010 - 2012 жылдар.
      3. Балқаш ЖЭС-і. I модулінің қуаты 1320 МВт. Іске асыру мерзімі: 2010 - 2018 жылдар.
      4. Мойнақ ГЭС-і. Қуаты 300 МВт. Іске асыру мерзімі: 2006 - 2012 жылдар.
      5. «Ақшабұлақ» кен орнындағы ГЖЭС. Қуаты 87 МВт. Іске асыру мерзімі: 2010 - 2012 жылдар.
      6. Екібастұз МАЭС-2 (№ 3 блокты салу). Қуаты 600 - 660 МВт. Іске асыру мерзімі: 2010 - 2015 жылдар.
      7. Екібастұз МАЭС-1 (№ 8 блокты қалпына келтіру). Қуаты 500 МВт. Іске асыру мерзімі: 2010 - 2012 жылдар.
      8. Ақсу ГРЭС-нің № 2 энергия блогын қалпына келтіру. Қуаты 325 МВт. Іске асыру мерзімі: 2009 - 2011 жылдар.
      9. Шардара ГЭС-ін жаңғырту. Іске асыру мерзімі: 2010 - 2015 жылдар.
      10. Мойнақ ГЭС-інің қуатын беру. Іске асыру мерзімі: 2010 - 2012 жылдар.
      11. 500, 220 кВ. желілерімен Қазақстан ҰЭЖ-ге қоса отырып, 500 кВ «Алма» кіші станциясын салу. Іске асыру мерзімі: 2010 - 2014 жылдар.
      12. Қазақстанның Ұлттық электр желісін жаңғырту, II кезең. Іске асыру мерзімі: 2010 - 2016 жылдар.
      13. «Азиада - 2011» үшін Алматы қаласында және Алматы облысында трансформаторлық кіші станциялар салу. Іске асыру мерзімі: 2009-2011 жылдар.
      14. ВЛ 500 кВ Солтүстік - Шығыс - Оңтүстік транзитін салу. Іске асыру мерзімі: 2011 - 2018 жылдар.»;
      «2.2 Көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету» деген тарауда:
      «Нысаналы индикаторлар» деген параграф мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нысаналы индикаторлар
      1. Көлік және қоймаландыру саласы бойынша жалпы қосылған құнды 2008 жылдың деңгейіне қарағанда нақты мәнінде 38 %-ға ұлғайту.
      2. Автожолдардың республикалық желісінің 83 %-ы және жергілікті желісінің 68 %-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайы.
      3. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темір жол көлігімен жүзеге асырылатын транзиттік тасымалдар көлемін 10,3 %-ға өсіру.
      4. 2015 жылға қарай халықаралық көлік дәліздері бойынша контейнерлік жүк поездарының жылдамдығын 15-20 %-ға, ал жолаушылар поездарының жылдамдық қозғалысы учаскелерінде 20 - 30 %-ға арттыру.
      5. Темір жол көлігінің негізгі активтерінің тозуы 61 %-ға дейін
төмендетілді.
      6. 2008 жылмен салыстырғанда халықаралық әуе қатынастарының санын 2,5 есеге ұлғайту.
      7. Қазақстандық теңіз порттарының өткізу қабілеттілігі жылына 16 млн. тоннаға дейін жеткізілді.
      8. Жүктерді транзиттік бағытта тасымалдаулар көлемі 19,4 млн тоннаға дейін ұлғайту.»;
      «Іс-қимылдар стратегиясы» деген параграф мынадай редакцияда жазылсын:
      «Іс-қимылдар стратегиясы
      Іс-қимылдар стратегиясы экономиканың көлік және логистика қызмет көрсетулеріне деген қажеттігін толық көлемде қанағаттандыруға қабілетті көліктік-коммуникациялық және көліктік-логистикалық жүйені дамытуға, сондай-ақ елді халықаралық көлік желілеріне интеграциялауға бағытталған.
      Мынадай:
      1) қазіргі темір жол желісін жаңа учаскелер салу арқылы желіні оңтайландырумен қатар қауіпсіздік пен қозғалыс жылдамдығының әлемдік стандарттарына сәйкестендіру;
      2) шамамен 3,9 мың км республикалық маңызы бар автожолды реконструкциялау және 5,6 мың км автожол мен жергілікті маңызы бар 11,5 мың км жолды жөндеу;
      3) 2015 жылға қарай республиканың 7 әуежайында (Қызылорда, Көкшетау, Ақтау, Талдықорған, Қостанай, Тараз, Орал қалалары) ұшу-қону жолақтарын, жолаушылар және жүк терминалдарын реконструкциялауды (салуды) жүргізу, аэронавигациялық инфрақұрылымды кезең-кезеңмен жаңғырту және республиканың әуежайы желісін аяқтау, жаңа заманауи әуе кемелерін сатып алу;
      4) айлақтық және сервистік инфрақұрылымдарды дамыту, оның ішінде Ақтау теңіз айлағының қуатын кеңейту, 2015 жылға қарай сауда флотының санын 11 бірлікке дейін, оның ішінде 9 танкер мен 2 құрғақ жүк таситын кемеге дейін жеткізу;
      5) автожол саласында мынадай жобаларды іске асыру: «Батыс Еуропа - Батыс Қытай», «Омбы - Павлодар - Майқапшағай», «Ақтау - Түрікменстан шекарасы», «Щучье - Көкшетау - Петропавл», «Ресей Федерациясының шекарасы - Орал - Ақтөбе», «Астана - Қостанай - Челябі» және «Астана -Ерейментау - Шідерті» негізгі транзит дәліздерінің автомобиль жолдары учаскелерін реконструкциялау;
      6) «Алматы - Өскемен», «Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы», «Үшарал - Достық», «Бейнеу - Ақжігіт - Өзбекстан шекарасы» республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының учаскелерін реконструкциялау, сондай-ақ жергілікті автожолдар желісін реконструкциялауды жүзеге асыру;
      7) республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген учаскелерінде төлем жүйесін енгізу;
      8) 439 км теміржол салу, сондай-ақ ұзақтығы 1200 километр Жезқазған - Бейнеу және Арқалық - Шұбаркөл жаңа теміржолын салу;
      9) 2015 жылға қарай Өскемен, Бұқтырма, Шүлбі шлюздерін реконструкциялау және жаңғырту;
      10) 2015 жылға қарай 19 бірлік мемлекеттік техникалық өзен флотын жаңарту және жаңғырту;
      11) Ақтау портының инфрақұрылымын техникалық жаңғырту;
      12) 2015 жылға қарай көлік-логистика орталықтарының санын 14 бірлікке дейін ұлғайту жөніндегі шаралар жоспарлануда.
      Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесуi
      Автожол саласында автожол көпірлерінің темір бетон аралық құрылымдарының ресурстарын болжау бөлігінде; автомобиль көлігі саласында - ірі қалаларда жолаушылар тасымалын диспетчерлік басқару проблемалары бойынша; транзиттік әлеует саласында - өңірлік экономикалық ұйымдар шеңберінде көлік қызметі нарығында бәсекелестік ортаны зерделеу бойынша ғылыми қолданбалы зерттеулер жүргізу жоспарланып отыр.
      Инвестицияларды ынталандыру:
      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестігі шартында білікті халықаралық жолаушылар операторлары арасынан стратегиялық инвесторларды теміржол жолаушылар тасымалының қазақстандық нарығына тарту;
      2) теміржол саласы нарығын ырықтандыру және темір жол саласының мақсатты моделіне сәйкес мемлекеттік реттеу реформалары;
      3) әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша темір жол жолаушылар тасымалы және тұрақты ішкі және халықаралық әуе тасымалдарын субсидиялау бойынша шаралар қабылдау.
      Техникалық реттеу:
      1) 2015 жылға қарай 11 әуежай Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) санатын иеленетін болады.
      2) 2013 жылға қарай автомобиль көлігі саласында Евро-3 экологиялық стандарттары, қозғалыстағы автокөлік құралдарын автоматты өлшеу жүйесі енгізілетін, халықаралық тасымалдауларда сандық тахографтар енгізілетін болады;
      3) кәсіпорындардың меншікті қаражаты есебінен ИСО 9001:2000, ИСО 9001, ИСО 14001 және OHSAS 18001 халықаралық стандарттарына сәйкес менеджмент және сапа жүйесі енгізілетін болады.
      Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету:
      1) көлік саласы бойынша мамандарды даярлау мемлекеттік білім тапсырысы, грант және кәсіпорындардың қаражаты есебінен техникалық, кәсіптік және жоғары оқу орындарының және кәсіпорындардың оқу орталықтарында жүзеге асырылатын болады. 2010 - 2012 жылдары көлік-коммуникация кешені саласындағы қажеттілік 70 мыңнан астам білікті маманды құрайды;
      2) 8 көлік және коммуникациялар мамандығы бойынша кадрлар қажеттілігі ЖОО-да және 109 ТжКБ оқу орындарында жүзеге асырылатын болады;
      3) жұмысшыларды поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты 75 біліктілік және кәсіп бойынша кәсіптік оқыту «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдары - Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Тараз қалаларындағы «Темір жол көлігі қызметкерлерін оқыту орталықтарында» жүзеге асырылатын болады.
      «Заңнаманы жетілдіру» параграфы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Заңнаманы жетілдіру
      1.Мына:
      1) жеке сектордың қызметін ынталандыру мақсатында рұқсат беру функцияларын қысқарту, кеме қатынасы компанияларының шетел азаматтарын кеме экипаждарының құрамына тарту құқығын ұзарту бөлігінде «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы»;
      2) реформалауды жүргізу және темір жол көлігінің жаңа субъектілерін айқындау бөлігінде «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер енгізу.
      2. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау.»;
      «2.3 Ақпараттық коммуникациялармен қамтамасыз ету» деген тарауда:
      «Нысаналы индикаторлар» параграфы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нысаналы индикаторлар
      1. Жергілікті телекоммуникация желілерін цифрландыру деңгейін
арттыру - 100 %.
      2. Интернет желісіне тіркелген кең жолақты қолжетімділік абоненттерінің тығыздығы - 100 адамға 15.
      3. Ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы - 100 адамға 135.
      4. Тұрғындардың компьютерлік сауаттылық деңгейін 52 %-ға дейін
арттыру.
      5. Оңтайландыру мен автоматтандырылуға жататын мемлекеттік қызмет көрсетудің 65 %-ын электрондық нысанға көшіруді қамтамасыз ету.
      6. Республика халқының 82 %-ын цифрлық эфирлік хабарларды қабылдау мүмкіндігімен қамтамасыз ету.
      7. Тіркелген телефон желілерінің тығыздығы - 100 тұрғынға 26,8.
      8. Интернет пайдаланушылардың тығыздығы - 100 тұрғынға 54,7.»;
      «Іс-қимылдар стратегиясы» параграфы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Іс-қимылдар стратегиясы
      Ақпараттық коммуникацияның дамыған инфрақұрылымы Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігіне ықпал етеді және корпоративтік секторды дамытуда және бірқатар әлеуметтік міндеттерді шешуде маңызды орын алады:
      1. телекоммуникация қызметтеріне (сандық телевизия, Интернет желісіне кең жолақты қол жеткізу) ішкі сұранысты қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту;
      2. веб-хостинг қызмет көрсетулерге, деректерді бастапқы және резервтік сақтауға және сыртқы нарыққа кезең-кезеңмен өтуге деген сұранысты қамтамасыз ету мақсатында есептеу орталықтарын дамыту.
      Телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту шеңберінде Қазақстан Республикасының бүкіл халқы үшін телефон байланысы және интернет желісіне қол жеткізу қызметтеріне қосылу мүмкіндігі қамтамасыз етілетін болады.
      Интернет желісіне қол жеткізуді қоса алғанда, халықтың қалың бұқарасын байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету мақсатында:
      1) 3G, CDMA-450/800 және LTE (4G) технологияларын пайдалана отырып, интернет желісіне сымсыз кең жолақты қол жеткізу желілерін енгізу және дамыту;
      2) FTTH, FТТВ технологияларын пайдалана отырып, барлық облыс орталықтарында интернет желісіне тіркелген кең жолақты қолжеткізу желілерін дамыту;
      3) CDMA-450/EVDO технологиясын пайдалана отырып, телекоммуникация желілерін дамыту үшін 450 МГц диапазонындағы радиожиілік спектрін босату.
      Үшінші буындағы (3G) ұялы байланыс стандарты 2015 жылдың соңына дейін тұрғындар саны 10 000 және одан артық елді мекендерге пайдалануға берілетін болады.
      Сондай-ақ, 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін LTE технологиясы базасында Астана, Алматы қалаларында, облыс орталықтарында, тұрғындар саны 50 000-нан артық адамы бар елді мекендерде (4G) жаңа буындағы ұтқыр байланыс стандарты енгізілетін болады.
      2015 жылдың соңына дейін телефон байланысы қызметтерімен және интернет желісіне қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында ауылдық елді мекендерде CDMA-450/EVDO стандарты енгізілетін болады. 2015 жылға қарай ауылдық байланыстың телекоммуникация желілерінің базалық станцияларының жалпы саны 900 бірлікке жетеді.
      Басты жобалар:
      1) «электрондық үкіметті» дамыту;
      2) сандық телехабарлар таратуды енгізу;
      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын бірыңғай көліктік ортамен өңірлік қамтуды қамтамасыз ету;
      4) FTTH, FTTB технологияларын пайдалана отырып, интернет желісіне тіркелген кең жолақты қол жеткізу желісін дамыту;
      5) CDMA-450/EVDO технологиясын пайдалана отырып, ауылдық байланыстың телекоммуникация желісін жаңғырту;
      6) мемлекеттік органдарының хостинг қызметтері үшін серверлік тұғырнама жасау;
      7) серверлік орталықты технологиялық жарақтандыруды аяқтау;
      8) 3G және LTE (4G) технологияларын пайдалана отырып, интернет желісіне сымсыз кең жолақты қол жеткізу желілерін енгізу және дамыту;
      9) радиожиілік спектрлік мониторинг жүйесін жаңғырту;
      10) резервтік сервер орталығын құру;
      11) коммерциялық дата-орталықтар құру;
      12) «КО шеңберінде ақпарат алмасу бойынша мемлекетаралық шлюз»
ақпараттық жүйесін құру;
      13) «ИТП» АЭА аумағында АКТ-кластерінің бірінші кезегін салу;
      14) мемлекеттік «бұлттық» тұғырнаманың бірінші кезегін құру болып табылады.»;
      «2.4 Минералдық-шикізат кешенін дамыту» деген тарауда:

      2014 жылы пайдалы қазбалардың негізгі түрлерінің қорын толықтыру пайызын (өсу бойынша, өндірілген қорлардың өтелген қорларға қатынасы) - 50 %.».
      «Дамудың негізгі бағыттарындағы» деген жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Минералды-шикізат кешенін тиімді дамытуды жалғастыру үшін
      мынадай шаралар көзделіп отыр:
      1) минералды шикізаттың тапшы түрлерін барлау саласына инвестиция тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау (салалық заңнамаға, пайдалы қазбалар қорларының сыныптамасы мен санаттылығына, геологиялық барлау жұмыстарының кезеңділігіне өзгерістер енгізу және тағы басқа), сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Геологиялық саланы дамыту тұжырымдамасында көзделген геологиялық саланың инфрақұрылымын жетілдіру;
      2) Тұжырымдамасының негізгі стратегиялық мақсаты Қазақстан Республикасының минералды-шикізат базасын молайту болып табылатын «Қазгеология» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын (бұдан әрі -«Қазгеология» ҰК» АҚ) еліміздің минералды-шикізат базасын дамыту міндетін шешуге белсенді тарту;
      3) негізгі стратегиялық бағыттары:
      Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру;
      құнының тұрақты өсуін қамтамасыз ету мақсатында тау-кен активтерін тиімді басқару;
      қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игеруде мемлекеттің қатысуын өсіру;
      жер қойнауын пайдаланушылармен және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары мен мемлекеттік-жекешелік қағидаты бойынша жұмыстарды орындау болып табылатын «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ-мен тығыз байланыс орнату арқылы Қазақстан Республикасының минералды шикізатын пайдаланудың тиімділігін арттыру.»;
      «2.5 Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету» деген тарауда:

      1. Заманауи жабдықтармен жарақтандырылған оқу орындарының үлесін 70 %-ға дейін ұлғайту.
      2. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқытылған техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының жұмысқа орналастырылған түлектерінің үлесін 78 %-ға дейін ұлғайту.
      3. Экономиканың әртүрлі секторлары бойынша басым мамандықтар (кәсіптер) бойынша 147 кәсіби стандарттар әзірлеу.
      4. Индустриялық-инновациялық даму шеңберінде экономиканың басым секторларының қажеттіліктерін білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету:

Өлш. бірлігі

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

техникалық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіби білімі бар мамандар дайындау

мың адам

7,3

11,6

16,9

Техникалық мамандықтар бойынша жоғары білімі бар мамандар дайындау

мың адам

11,9

12,0

12,1

      5. 2014 жылға қарай шетелдік жұмыс күшінің құрамындағы біліктілігі жоғары жұмыс күшінің үлес салмағы - 55 %.»;
      «Іс-қимылдар стратегиясында» параграфында:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Іс-қимылдар стратегиясы
      Экономиканың қажеттіліктеріне және еңбек нарығындағы сұранысты білікті кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі мақсаттарға қол жеткізу үшін техникалық және кәсіптік, инженерлік-техникалық және қосымша кәсіптік білім берудің өзара байланысты жүйесін қамтитын үздіксіз білім беру моделін қалыптастыру, теңгерімді, серпінді еңбек нарығын дамыту, экономиканың басым секторларына мамандар тарту үшін мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын, кәсіпорындарда бағдарлама жобаларын оқытудың қос жүйесін енгізу, сондай-ақ ішкі және сыртқы көші-қонды пайдалану жөніндегі іс-шаралар іске асырылатын болады.»;
      оныншы бөлік алып тасталсын;
      он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші және он сегізінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға, жоғары білікті мамандарды және бизнесті жүргізудің озық тәжірибесін пайдалануды кеңейтуге мүмкіндік беретін еңбек көшіп-қонушыларын тартудың сараланған тәртібі мен селективті тетігі кеңінен пайдаланылатын болады.
      Теңгерімді, серпінді еңбек нарығын дамыту бойынша мынадай іс-шаралар жүзеге асырылатын болады;
      1) Индустрияландыру картасының барлық жобаларын жедел мониторингілеуге мүмкіндік беретін Ақпараттық-талдау жүйесінің негізінде жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган, салу және пайдалану кезеңдерін қоса алғанда, алдағы кезеңге нақты мамандықтар бойынша кадрларға деген қажеттілікке талдау жүргізеді. Осының негізінде кәсіптер мен мамандықтар жобаларын (оның ішінде жеке, арнайы дайындық) іске асыруға қажетті барлық білім беру мемлекеттік тапсырысы қалыптастырылатын болады;
      2) 2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасының бесжылдық кезеңге арналған еңбек ресурстарының болжамды теңгерімін әзірлеу көзделіп отыр.
      Республикалық деректер банкін құрудың негізінде жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысының өңірлік болжамдары да әзірленетін болады.
      Ақпараттық база шеңберінде халықты еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың жай-күйі туралы хабардар етудің жаңа сапалы жүйесін құру және ақпараттық-консультациялық қызметтер желісін елеулі кеңейту қажет.
      2014 жылдан бастап «е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесін қолданыстағы «шетелдік жұмыс күші» ақпараттық жүйесімен интеграциялау жолымен шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру қызметі автоматтандырылатын болады.»;
      «2.6. Әкімшілік кедергілерді азайту» деген тарауда:

      1. 2015 жылға қарай бизнесті тіркеуге және жүргізуге (рұқсаттар, лицензиялар, сертификаттар; аккредиттеу; консультациялар алумен) байланысты, уақыт пен шығындарды қоса алғанда, операциялық шығасылар 2011 жылмен салыстырғанда 30 %-ға төмендейді.
      2. 2009 жылмен салыстырғанда лицензияланатын қызмет түрлері 30 %-ға қысқартылатын және лицензиялар, рұқсаттар, келісімдер мен басқа да рұқсат беру құжаттарын беру тәртібі оңайландырылатын болады.
      3. 2015 жылдың соңына дейін кемінде 80 % рұқсат беру рәсімдерін автоматтандырумен қамтылуы.»;

      Кәсіпкерлік қызметті дамытуға кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі шаралар мынадай бағыттарға шоғырландырылатын болады:
      Лицензиялау-рұқсат беру және тіркеу жүйелерін жетілдіру:
      1. Рұқсат беру жүйесін «тарылту»:
      1) рұқсат беру құжаттары мен рәсімдердің санын қысқарту және олардың түпкілікті тізбесін заңнамалық деңгейде бекіту;
      2) лицензиялау іс-қимылы саласын тарылту, оның ішінде біліктілік талаптарымен қамтамасыз етілмеген лицензияланатын қызмет түрлері мен кіші түрлерін тізбеден алып тастау.
      2. Рұқсат беру рәсімдерін оңайлату және жетілдіру:
      1) қаржы секторын қоспағанда, «бір терезе» қағидатын барлық рұқсат беру құжаттарына және мемлекеттік органдарға қолдану;
      2) рұқсат беру құжаттарының алынуына байланысты мынадай жолдармен алынған уақытша шығындар мен шығасыларды қысқарту:
      құжаттардың толықтығын қарау мерзімін 2 күнге дейін шектеу;  құжаттарды міндетті нотариалдық куәландыруды; «үндемегені - келіскені» қағидатын барлық рұқсат беру құжаттарына таратуды алып тастау;
      3) азаматтардың өмірі және денсаулығы үшін тікелей тәуекелі жоқ және ақпараттық сипатқа ие рұқсаттардың орнына хабарлама тәртібін енгізу;
      4) хабарлама тәртібін толық автоматтандыру;
      5) хабарламаларды халыққа қызмет көрсету орталықтары және электрондық «үкімет порталы» арқылы қабылдауды қамтамасыз ету;
      6) кейін автоматтандыру үшін рұқсат беру рәсімдерін оңтайландыру;
      7) қаржы секторын қоспағанда, «е-лицензиялау» саласын кеңейту:
      2010-2011 жылдары - олардың аумақтық бөлімшелерін қоса алғанда, орталық мемлекеттік органдар-лицензиарлар;
      2011-2012 жылдары - жергілікті мемлекеттік органдар-лицензиарлар.
      Қызметін бастағаны туралы хабарлама беру және заңнама талаптарына сәйкес декларациялау кезінде дәйексіз ақпарат бергені үшін кәсіпкерлердің жауапкершілігін енгізу.
      3. Кәсіпорындарды ашу және жабу рәсімдерін оңайлату.
      4. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу рәсімдерін оңайлату.
      5. Қолданыстағы және жаңадан енгізілген заң нормалары мен экономиканы реттеу құралдарының реттеушілік әсерін жария талдаудың орталықтандырылған жүйесін енгізу үшін:
      1) мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау қызметінде тәуекелдерді басқару жүйесін толық автоматтандыру;
      2) «е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорында есептілік функционалын іске асыру;
      3) 2011 жылға қарай Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер дерекқорына жалпыға бірдей тегін қол жеткізуді қамтамасыз ету;
      4) халықаралық тәжірибені ескере отырып, экономикалық салдарларды құруды бағалау әдістемесін пысықтау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін нормативтік құқықтық мониторингтеу бойынша шаралар қабылдау.
      6. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін тексеруді оңтайландыру және жүйелеу:
      1) құқық қорғау органдары жүргізетін бизнесті тексерулерді оңтайландыру, қысқарту және регламенттеу;
      2) кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласуды болдырмау мақсатында құқық қорғау органдарының тергеуге дейінгі тексерулер мәселесін реттеу;
      3) бақылаудың балама тетіктерін пайдалану және қауіпсіздікті қамтамасыз ету (жауапкершілікті сақтандыру, дербес қаржылық кепілдемелер, қоғамдық бақылау) мәселелерін пысықтау.
      7. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің заңды құқықтарын, оның ішінде, бизнеске жоспардан тыс тексерулер жүргізу және бақылаудың өзге де нысандарының тәртібін регламенттеу есебінен қорғаудың мемлекеттік кепілдіктерін күшейту.
      8. Кәсіпкерлік қызметті техникалық реттеу қағидаттарын енгізуді кеңейту жолымен кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуді ырықтандыруды қамтамасыз ету.
      9. Жергілікті қамтуды дамыту саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру.
      10. Мөлшері бойынша жеке кәсіпкерлер субъектілерінің тізілімін енгізу.»;
      «2.7 Бәсекелестікті дамыту» деген тарауда:

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1. Экономикалық шоғырландыруға арналған өтінімдерді қарау бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасына қанағаттанған тұтынушылар үлесі.

40 %

50 %

2. Монополияға қарсы орган құруға келісім беруден бас тартқан, акцияларының (үлестерінің) 50 % астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар мен заңды тұлғалар үлесі.

5 %

6 %

                                                                   »;

      «Іс-қимылдар стратегиясы» параграфында:
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) оларды одан әрі қысқарту үшін табиғи монополиялар субъектілерін реттейтін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) тізбесін айқындау;»;
      «2.8 Техникалық реттеу және сапа инфрақұрылымын құру» деген тарауда:

      1. Жыл сайын техникалық регламенттердің талаптарына жауап беретін және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін кемінде 500 стандарттау бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу және қабылдау.
      2. 2014 жылға қарай кемінде саны 67500 НҚ барлық нормативтік техникалық құжаттарды (2012 жылы - 66500, 2013 жылы - 67000, 2014 жылы - 67500) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорына шоғырландыру.
      3. 2014 жылға қарай кемінде 30 мемлекеттік эталонды және эталондық жабдықты (2010 жылы - 16 эталон, 2011 жылы - 10 эталон, 2012 жылы - 10 эталон, 2013 жылы - 10 эталон, 2014 жылы - 14 эталон) 60 рет жаңғырту (толық жарақтандыру).»;
      «Іс-қимылдар стратегиясы» параграфының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әлемдік стандарттарға сәйкес келетін өнімдерді өндіру міндеті, менеджмент жүйесін енгізу және технологиялық қайта қаруландыру шеңберінде:
      1) нақты өндірістер шеңберінде өнім шығару үшін қажетті озық халықаралық стандарттарға негізделген ұлттық және мемлекетаралық стандарттар әзірлеу және қабылдау;
      2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың өнімге арналған стандарттарды енгізуге бағытталған шараларды, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымды ұйымдастыруы;
      3) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорының толыққанды жұмыс істеуі және оны халықаралық ұйымдардың құжаттарымен толықтыру;
      4) менеджмент жүйесінің стандарттарын енгізуді және өнім сапасын арттыруды насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру, менеджмент жүйелерінің стандарттарын енгізу кезінде шағын және орта бизнес кәсіпорындарын субсидиялауды жүзеге асыру тетігін әзірлеу;
      5) жыл сайынғы мемлекеттік сатып алу жоспарын қалыптастыру және бекіту кезінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің ұлттық стандарттары мен үкіметтік емес стандарттарының (бар болса) талаптарына сәйкестігін көрсету тәжірибесін қайта жаңарту;
      6) салаларды метрологиялық қамтамасыз ету және халықаралық деңгейде эталон базасының тепе-теңдігін растау үшін ұлттық эталон базасын жаңғырту;
      7) республиканың нормативтік құқықтық актілерінде ерікті стандарттарды пайдалану жолымен технологиялар трансфертін ынталандыру жөніндегі заңнамалық шаралар құру;
      8) инновациялық өнім өндіру және оны айналымға шығару мен сәйкестігін ерікті растау үшін жағдайлар жасау;
      9) жоғары сапалы өнім өндірудің прогрессивті әдістерін енгізуді жеделдетуге мүмкіндік беретін стандарттау жөніндегі жұмыстарға (ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттар әзірлеуге және оларды өзектендіруге, оның ішінде инновациялық өнімге қатысты) бизнестің белсенді қатысуын көздейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарына негізделген ұлттық стандарттарды әзірлеуді қаржыландыру жүйесін жетілдіру;
      10) қазақстандық стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің(бұдан әрі - ТК) стандарттау жөніндегі халықаралық және мемлекетаралық техникалық комитеттердің (бұдан әрі - ИСО/ТК және МТК) жұмысына қатысуы жүргізілетін болады. ТК-нің стандарттар жобаларын әзірлеу сатысында ИСО/ТК және МТК жұмысына қатысуы отандық экономиканың (яғни, стандарт жобасына талаптарды дайындау кезінде отандық кәсіпорындардың өндірістік қуаттылығын және ғылыми-техникалық жабдықталуы ескеріледі) мүддесінде стандарттарды қалыптастыруға ықпал етуге, оларға қойылатын талаптар жаңа халықаралық және мемлекетаралық стандарттарда қаланған өнімдердің перспективалы түрлерін шығаруға уақтылы дайын болуға, сондай-ақ ұлттық өнімді әлемдік нарықтарға одан әрі ілгерілету үшін жағдайлар жасауға, ғылыми-техникалық саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді.»;
      «2.9 Энергия үнемдеу» деген тарауда:
      «Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау» параграфы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
      Әлемдік дағдарыс қаупі және жоғарғы әлемдік бәсекелестік жағдайында экономиканы, оның ішінде еліміздің индустриялық секторын жеделдетілген қарқында жаңғырту және еліміздің индустриялық-инновациялық дамуын ескере отырып, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажет. Елдің бәсекеге қабілеттігінің өсуінде, өнеркәсіп пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты технологиялық жаңғыртуда негізгі бағыттардың бірі энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру болып табылады.
      Қазақстан Республикасы елдің ЖІӨ-сі энергия жұмсалуы көрсеткіші бойынша әлемнің дамыған елдерінен ғана емес, сонымен қатар экономикасының құрылымы қазақстандық экономикаға өте жақын Ресей, Беларусь елдерінен де едәуір артта қалуда. Бұл энергия сыйымдылығының 10 %-дан 40 %-ға дейін азаю әлеуетінің едәуір екені туралы куәландырады.
      ЖІӨ энергия жұмсалуының соншалықты жоғары болу себептерін айқындау үшін басқа елдер бастапқы отын-энергетикалық ресурстарды (бұдан әрі - ОЭҚ) тұтыну салаларын талдау қажет.
      Елдің энергия үнемдеу әлеуетін зерделеу шеңберінде (электр энергиясын тұтыну 70 %-дан астам) энергияны ең көп қажет ететін сала ел өнеркәсібі болып табылатыны анықталды.
      Бұл ретте, елде өндірілетін электр энергиясының 35 %-дан астамын «Ақсу темір балқыту зауыты», «Арселор Миттал Теміртау» және «Қазақстан электролиздер зауыты» сияқты 15 ірі кәсіпорын тұтынады.
      Қазақстанның өнеркәсіп секторында жоғары энергия тұтыну бірінші кезекте металлургия және тау-кен өнеркәсібі сияқты энергияны ең көп қажет ететін салаларға байланысты. Республиканың өнеркәсіптік кәсіпорындарының басым бөлігі ескірген технологияларды және дәрежеде елеулі тозығы жеткен жабдықтарды пайдаланады. Сондықтан техникалық паркті жаңғырту қажеттілігі болып отыр, өйткені тозығы жеткен жабдық және ескі технологиялар энергия шығындарының негізгі көздерінің бірі болып табылады.
      Бүгінгі күні тұрғын-үй секторы жіберілетін жылу энергиясының 40 %-ға жуығын тұтынады. Сараптамалық бағалаулар бойынша ғимараттардың 70 %-ға жуығы заманауи талаптарға сәйкес келмейтін жылу техникалық сипаттамаларға ие, осыған байланысты олар қоршау конструкциялары арқылы жылыту үшін тұтынылатын 30 %-ға дейінгі жылу энергиясын жоғалтады.
      Осылайша, жоғарыда баяндалған деректерге сүйене отырып, негізгі энергетика ресурстарын тұтынушылар өнеркәсіп, оның ішінде электр энергиясын және жылу энергиясын өндіру (бастапқы энергетикалық ресурстардың жалпы тұтыну көлемінен 47 %) секторы және тұрғын үй-коммуналдық, шаруашылық секторы болып табылады.»;

      Өнеркәсіптің энергия жұмсауын 2008 жылғы деңгейден кемінде 12 %-ға төмендету.»;

      Елдің энергия жұмсауын төмендету үшін салалардың энергия тиімділігін арттыру үшін қажетті шаралар кешені айқындалды. Экономиканың барлық салаларында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жүйесін құру үшін құқықтық, реттеуші өрісі «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес құрылды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының энергия тиімділігін арттырудың 2012 — 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары Заңда салынған негіздерді іске асырудың пәрменді тетігі болып табылады.
      Бастапқы кезеңде өнеркәсіп секторындағы барлық қажетті шараларды іс-қимылдардың мынадай тізбектілігіне қоюға болады:
      1) мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің міндетті энергетикалық аудиттен өтуі, оның қорытындысы бойынша энергия үнемдеу жөніндегі іс-шаралар жоспары жасалатын болады. Аталған іс-шараларды іске асыру энергетикалық ресурстарды тұтынудың жыл сайынғы төмендеуін қамтамасыз етуі тиіс;
      2) мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия менеджменті жүйесін енгізуі;
      3) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ерікті келісімдер жасасу.
      Сондай-ақ ынталандыру шараларын енгізу мүмкіндігі үшін тарифтік, кедендік, монополияға қарсы реттеу шараларын қарастыру қажет.
      Жаңа технологияларды, энергия менеджменті жүйесін енгізу және жабдықтарды жаңғырту бойынша жоғарыда көрсетілген іс-шараларды мемлекеттің ынталандыруы үшін Энергия үнемдеу қорын дамыту тетігі және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде энергия үнемдеудің экономикалық, тиімді жобаларын қаржыландыру ретінде құру қажет. Қордың мақсаты - энергия тиімділігін арттыру жобаларын, оның ішінде өнеркәсіп кәсіпорындарында, бюджет саласында, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы секторында және басқа жобаларды қаржыландыру және оларға қолдау көрсету болып табылады.
      Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен бюджет секторы үшін ғимараттарға энергетикалық зерттеулер жүргізу және тиісті энергия үнемдеу іс-шараларын әзірлеу қажет.
      Терможаңғырту элементтерімен күрделі жөндеу жүргізу бірінші кезектегі міндет болып табылады, себебі ғимараттарды жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйесімен жабдықтау ғимараттарда жылу тұтынуды едәуір азайтуға айтарлықтай ықпал етеді.
      Бұдан басқа, коммуналдық кәсіпорындарда ИСО 50001 энергетикалық менеджмент жүйесін енгізу қажет.
      Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы іс-шараларды қаржыландыру құралдарының бірі - энергия сервистік шарттары мен компанияларды енгізу болып табылады.
      Басқа да маңызды шараларды енгізу мәселесі пысықталатын болады, оның ішінде:
      1) техникалық регламенттерді, стандарттарды, сертификаттарды және жабдықтар мен технологияларға, сонымен қатар ғимараттарға және олардың жобалық құжаттамаларына қойылатын талаптарды бекіту жолымен техникалық реттеуді енгізу;
      2) энергия үнемдеу саласында отандық мамандар даярлау;
      3) халықтың арасында энергия үнемдеуді насихаттау.
      Сондай-ақ, іс-қимылдар стратегиясы басымдықтарының бірі энергия үнемдеу саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту және тәжірибе алмасу болып табылады.»;
      «2.10 Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу» деген тарауда:
      «Негізгі міндеттер» параграфы мынадай редакциядағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
      «4. Осы шешімдерді отандық кәсіпорындарға одан әрі енгізу үшін ғылым алдында нақты технологиялық міндеттер қою.
      5. Денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі үшін ғылымды көп қажет ететін технологияларды және бәсекеге қабілетті биотехнологиялық өнімдерді құру және енгізу.»;

      1. 2015 жылға қарай жалпы ЖІӨ көлеміндегі инновациялық өнімнің үлесін 1 %-ға дейін арттыру.
      2. Елдегі кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін 2015 жылға қарай 10 %-ға дейін арттыру.
      3. Жалпы ішкі өнімнен зерттеулер мен әзірлемелерге арналған ішкі шығындардың үлесін 2015 жылға қарай 1 %-ға арттыру.»;

      Үдемелі индустрияландыруды ғылыми қамтамасыз ету
      Қазақстан Республикасында ғылымды дамытудың негізгі мақсаты алдағы кезеңге басым салаларды дамыту бойынша нақты ғылыми-технологиялық міндеттерді шешуге бағдарланған ұлттық ғылыми-инновациялық жүйені құру болып табылады.
      Ғылымды қаржыландыру құрылымы мынадай тепе-теңдікте өзгертілетін болады: іргелі зерттеулер - 20 %, қолданбалы зерттеулер - 30 %, тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер - 50 %.
      Ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың үш түрі көзделетін болады: гранттық - елдің ұлттық басымдықтарына сәйкес келетін ғылыми жобаларды қаржыландыру; нысаналы бағдарламалық - стратегиялық бағыттар бойынша қаржыландыру және базалық - мемлекеттік тапсырмалар арқылы ғылыми ұйымдарды қаржыландыру.
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанынан шетел сарапшыларының қатысуымен Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама (бұдан әрі - МҒТС) және салалық министрліктердің, бизнес-қоғамдастықтардың, ғылыми қоғамдастықтар мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен басым бағыттар бойынша ғылыми кеңестер құрылатын болады.
      Ғылыми өтінімдерді ғалымдар, ЖОО мен ҒЗИ-лер беретін болады, бұл қойылған міндеттерді шешуде ғылыми еркіндікті көздейді. МҒТС өтінімдерге шетел сарапшыларын тартып, жаңашылдық, перспективалық және ғылыми негіздемелігі тұрғысынан техникалық сараптама жүргізгеннен кейін ғылыми кеңестер зерттеулердің басым бағыттарына негізделген грант беру туралы шешім қабылдайды.
      Жоғары оқу орындарын ғылыми зерттеулерге белсенді қатыстыру үшін ЖОО, ҒЗИ-лер және ғылыми орталықтар арасында бірыңғай ғылыми желі құрылатын, сондай-ақ грантты алуға үміткерлер үшін конкурс шарттары тең қамтамасыз етілетін болады.
      «Назарбаев Университеті» және Қазақстанның жұмыс істеп тұрған ірі университеттері базасында ұлттық зертханалар, инжинирингтік, жобалау-конструкторлық бюролар құрылатын болады.
      Зияткерлік меншік объектілерін кешенді және сенімді қорғау тиімді ғылымды дамытудың міндетті шарты болмақ.
      Ғылым мен бизнестің байланысы, барынша экономикалық пайдасы бар ғылыми әзірлемелер мен технологияларды тауарлар және қызметтер нарығына жылжыту үшін елдің ғылыми орталықтары мен ЖОО-да коммерциялау офистері құрылатын болады.
      Биотехнологияларды дамыту индустрияландыруды ғылыми қамтамасыз етудің негізгі бағыттарының бірі ретінде қаралады.
      Биотехнологиялар саласын тиімді және сапалы дамыту мақсатында мынадай шаралар іске асырылатын болады:
      1) әлеуметтік маңызы бар ауруларды диагностикалау үшін геномдық технологияларды пайдалану негізінде отандық жаңа тест-жүйелер құру;
      2) халықаралық өндірістік тәжірибенің қағидаларына (GMP) сәйкес келетін диагностикумдар мен вакциналар шығару өндірістерін құру;
      3) ашытқы, тамаққа қолданылатын ақуыз, аминқышқылдарын,ферменттер, биоконсерванттар шығару бойынша микроағзалар мен биотехнологиялық өндірістердің топтамасын құру;
      4) ауыл шаруашылығының қажеттілігі үшін өсімдіктердің өнімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті сұрыптарын шығару;
      5) өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан қорғаудың экологиялық таза биологиялық әдістерін әзірлеу;
      6) мұнай өнімдерімен ластанған топырақ және су экологиялық жүйелерін биоремедитациялау мақсатында пайдалану үшін микроағзалар штаммдарының консорциумдарын құру;
      7) ауыр металдармен және пестицидтермен ластанған топырақты гипераккумулятор-өсімдіктерді пайдалану негізінде фоторемедитациялау тәсілдерін әзірлеу.
      2015 жылға қарай кемінде 8 сындарлы технологиялар енгізілетін болады:
      1) «Жасушалық және геномдық селекция» сындарлы технологиялар
бағыты бойынша:
      жасушалық селекция әдістерімен картоп сортын жасау және енгізу технологиясы;
      жасушалық селекция әдістерімен жаздық жұмсақ бидайдың екі сұрпын жасау және енгізу технологиясы;
      2) сындарлы технологиялар бағыты бойынша «Био- және дәрілік препараттар жасау технологиясы»:
      биопрепараттар-мұнай құрылымдарын өндіру технологиясы;
      отандық штамм негізінде A/H5N1 құс тұмауына қарсы «Kazfluvac» вакцинасын дайындау технологиясын әзірлеу;
      отандық штамм негізінде A/H5N1 құс тұмауына қарсы «Refluvac» вакцинасын дайындау технологиясын әзірлеу;
      туберкулезге қарсы вакциналар дайындаудың отандық технологиясын әзірлеу;
      3) «Жасушалық және молекулярлық инженерия» сындарлы технологиялар бағыты бойынша:
      күйікті емдеу үшін жасушалық препаратты алу және енгізу технологиясы;
      4) «Өнімдердің биоқауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістері» сындарлы технологиялар бағыты бойынша:
      GMP қағидаларына сәйкес биопрепараттар шығару.
      Инновациялық саясат
      Үшінші өнеркәсіптік революцияның негізгі үрдістеріне шоғырландырылуы қажет. Қазақстан экономикасы үшін оның қосарланған әсері болуы мүмкін: негізгі салаларға ықпал ету және мүлдем жаңа салаларды жасау.
      Айтылғанды ескере отырып, Қазақстанның инновациялық саясаты:
      меншікті ғылыми құзыреттілікті дамытуға, инновациялық ортаны қалыптастыруға, технологиялардың ақылды трансфертін іске асыруға шоғырланатын болады.
      Жұмыстың осы қағидаттары 2020 жылға дейінгі Қазақстанның инновациялық даму тұжырымдамасына негізделген, оның мақсаты халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқаты жоғары білім экономикасына бағдарланған қоғамды қалыптастыру болып табылады. Мақсаттарына сүйене отырып, Тұжырымдаманың мынадай міндеттері айқындалды:
      1) технологиялық болжамдаудың нәтижелері бойынша айқындалған Қазақстан үшін сындарлы технологияларды дамыту;
      2) 8 стратегиялық саясатты іске асыру арқылы инновациялық қызметті қолдау жүйесін қалыптастыру:
      мемлекеттік сектордағы инновациялар; инновациялық орта; тиімді ғылым;
      технологияларды коммерцияландыру жүйесін дамыту; инновациялық белсенді бизнес; тиімді өңірлік инновациялық жүйелер; инновациялар үшін инфрақұрылым; әлемдік инновациялық жүйеге интеграциялау.
      Мәселен, инновациялық қызметті қолдаудың мынадай шаралары жүзеге асырылатын болады:
      1) инновациялық гранттар бөлу, оның ішінде бірлесіп қаржыландыру шарттарында;
      2) жобалық қаржыландыру;
      3) технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтері. Технопарктер қызметі шеңберінде ғылыми-зерттеуді және инновациялық қызмет үшін қажетті бизнес-инкубация жасаудың консультациялық, инжинирингтік және өндірістік қызметтерінің барлық кешенін құру мәселесі университеттермен немесе ғылыми-зерттеу орталықтарымен өзара іс-қимыл кезінде пысықталатын болады;
      4) ірі ұлттық компаниялармен және жер қойнауын пайдаланушылармен орта мерзімді перспективаға арналған технологиялық бағдарларды сипаттай отырып, технологиялық келісімдер жасау;
      5) отандық технологияларды коммерцияландыру және перспективалы шетел технологияларын жергіліктендіру жүйесін дамыту;
      6) өз кезегінде шетелдік инвесторлардың, қаржы-өндірістік топтардың және транс ұлттық корпорациялардың венчурлық капитал нарығына келуіне ықпал ететін венчурлық қорлар қызметін дамыту.
      Бұдан басқа, инновациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс жалғастырылады, оның ішінде:
      1) қызметі тәжірибелік-өнеркәсіптік үлгілер жасауда қолданылатын жабдықтың, шығарылатын өнімнің сапалық сипаттамаларын жақсартуға, техникалық жәрдемдесу бойынша қызметтер көрсетуге бағытталатын салалық конструкторлық бюролар желісін дамыту;
      2) қазіргі және жаңа технопарктерді дамыту;
      3) технологиялар трансфертін дамыту. Бүгінде Франциямен және Кореямен - 2 халықаралық технологиялар трансфертінің орталығы жұмыс істейді, оның шеңберінде нақты бірлескен жобаларды іске асыру басталды.
      2015 жылға қарай мұндай орталықтар негізгі алдыңғы қатарлы технологияларды тасымалдаушы елдермен құрылуы қажет;
      4) құрылыстың екінші кезегін іске қосуды, компания айналымдарының артуын, шетелдік басқарушы компанияны тартуды көздейтін «ИТП» АЭА-н одан әрі жедел дамыту, «ИТП» АЭА базасында АЭА тұжырымдамасында ескере отырып, халықаралық деңгейдегі инновациялық-экономикалық хабты құру жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
      Бұдан басқа, тиісті жылдың жер қойнауын пайдаланушыларға есепті жыл ішінде ЖЖТ-дан тиісті мөлшерде 1 % есептеп шығаруға және сәйкесінше міндеттемені дұрыс орындауға мүмкіндік бермейтін тиісті жылды аяқтау қорытындыларына сәйкес ЖЖТ бойынша есеп құрастыру бойынша қайшылық жойылатын болады.
      Өнеркәсіпке бағдарланған қолданбалы зерттеулерді қолдау үшін ЕО тәжірибесі бойынша нысаналы технологиялық бағдарламаларды іске асыру қажет.
      Қолданбалы зерттеулер жүргізген кезде нысаналы технологиялық
бағдарламалар (бұдан әрі - НТБ) мемлекеттің үлестік қатысуы мен бизнестің негізінде технологиялық құзыреттілікті арттыру тетігі болуы тиіс.
      Бұдан басқа, PR-стратегиясын, жастар мен кәсіпорындар қызметкерлерінің, бизнесмендер арасында конкурстар, семинарлар, көрмелер, конгрестер және халық арасында инновациялар мен инноваторлар туралы жағымды пікір қалыптастыратын өзге де іс-шараларды қамтитын кешенді насихаттауды іске асыру жөніндегі жұмыс жыл сайын жүргізіледі.
      Сонымен қатар, салалар мен өңірлер бөлінісінде технологиялық дамыту бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін рейтингтік бағалау жүргізілетін болады.»;
      «2.11 Тариф саясаты» деген тарауда:
      «Ағымдағы жағдайды талдау» параграфы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ағымдағы жағдайды талдау
      Қазіргі уақытта табиғи монополиялар салаларында 1514 реттелетін қызметті көрсету бойынша шамамен 1089 табиғи монополиялар субъектісі (бұдан әрі - ТМС) өз қызметін жүзеге асыруда, оның ішінде:
      1) 743 - су кәріз жүйелері саласында;
      2) 446 - электр және жылу энергетикасы саласында;
      3) 280 - көлік саласында;
      4) 45 - мұнай және газ тасымалдау саласында.
      Табиғи монополиялар салаларында желілердің тозуы, технологиялық артта қалуы проблемалары бар, негізгі құралдардың тозуы орта есеппен 60 - 65 %-ды құрайды.
      Нормативті шығындар деңгейінің жоғары болуынан басқа кәсіпорындарда нормадан артық шығындар да орын алуда, олар тиімсіз жұмыс жасауға және инвестициялық тартымдылықтың төмендеуіне әкеледі.
      Табиғи монополиялар субъектілері қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігі, олардың технологиялық жаңғыруы және инвестициялық тартымдылығының артуына байланысты, сондай-ақ тарифтер деңгейі болжамдылығы табысты индустрияландырудың маңызды факторы болып табылады.»;

      ТМС қызметінің тиімділігін арттыру.
      1. 2015 жылға қарай табиғи монополиялар салаларындағы инвестициялар көлемінің 2011 жылмен салыстырғанда 27 %-ға артуы.
      (ТМС деректері бойынша, 2011 жылмен салыстырғанда %-бен)

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

100

100

100

106,1

114,7

120,5

127

      2. ТМС және нарық субъектілерінің инфляцияға 1,58 деңгейінде реттелетін қызметтерге тарифтердің жиынтық салым деңгейін 2015 жылға дейін сақтау жолымен азық-түлік, тауарлар, реттелетін нарық субъектілері қызметтеріне негізсіз бағаның өсуіне жол бермеу.
      (Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштерінің деректері бойынша, %-бен)

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2,0

1,43

1,58

1,58*

1,58*

1,58*

1,58*

      3. Нормативтен артық және нормативтік техникалық шығындарды төмендетуден үнемделген қаражат көлемінің 2015 жылға қарай 2011 жылғы деңгейге қарағанда 85 %-ға артуы.
      (ТМРА және ТМС деректері бойынша, 2010 жылмен салыстырғанда %-бен)

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012

жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

-

-

100

63

75

76

85

      Ескертпе: *Қазақстан Республикасының Үкіметі нақтылайды.»;

      Тарифтік саясатты жетілдіру мақсатында кейбір нормативтік құқықтық актілерді:
      1) табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын және (немесе) инвестициялық жобаларын іске асыру тиімділігінің мониторингін қарау, бекіту және жүзеге асыру тәртібін айқындайтын Табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту қағидаларын бекіту;
       2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 376 қаулысымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге берілген өтінімдерді қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу ережесіне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды;
      3) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 4 тамыздағы № 191-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық шығындарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту ережесіне енгізілетін өзгерістерді;
      4) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 12 маусымдағы № 149-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесіне енгізілетін өзгерістерді;
      5) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығымен бекітілген Су шаруашылығы және (немесе) кәріздік жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін іске қосылған активтердің реттелетін базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөніндегі нұсқаулыққа енгізілетін өзгерістерді әзірлеу қажет.»;
      «2.12. Инвестицияларды тарту және арнайы экономикалық аймақтарды дамыту» деген тарауда:

      1. Global-2000-ға енгізілген компаниялар тізімінен тартылған нысаналы инвесторлар саны: 2010 жылы - 2, 2011 жылы - 3, 2012 жылы - 4, 2013 жылы - 4, 2014 жылы - 5.
      2. Өңдеуші өнеркәсіпке тікелей шетелдік инвестициялар кемінде 10 %-ға ұлғаяды: 2008 жылы - 100 %, 2009 жылы - 101 %, 2010 жылы - 103 %, 2011 жылы - 105 %, 2012 жылы - 107 %, 2013 жылы - 109 %, 2014 жылы - 110 %.
      3. АЭА аумақтарында кәсіпорындардың негізгі капиталына игерілген инвестициялар көлемдерінің орташа жылдық өсу қарқыны 2008 жылдан 2014 жылға дейін кем дегенде 40 %-ды құрайды.
      4. 2008 жылға қарағанда 2014 жылдағы ЕЭА аумақтарында тауарлар мен қызметтер (жұмыстар) өндірісі көлемінің өсуі 80 %-ды құрайды.
      5. Индустриялық аймақтардың аумақтарында тауарлар мен қызметтер (жұмыстар) өндірісі көлемдерінің жыл сайынғы өсуі кем дегенде 20 %-ды құрайды.
      6. ЕЭА-ның аумағындағы жұмыс орындары санының жыл сайынғы өсуі кем дегенде 15 %-ды құрайды.
      7. 2015 жылы 2008 жылмен салыстырғанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдана отырып, инвестициялық жобаларды іске асыруды кем дегенде 2 есеге ұлғайту.»;
      «Іс-қимылдар стратегиясы» параграфында;
      бірінші, екінші үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Инвестицияларды ынталандыру бойынша мынадай шараларды қолдану көзделеді:
      1. Экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобалар үшін:
      «Инвестициялар туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделетін инвестициялық преференциялар;
      жедел және өтеусіз негізде шетел мамандары үшін келу визаларын берудің арнайы тәртібі.
      2. АЭА аумақтарында іске асырылатын инвестициялық жобалар үшін:
      1) әлемдік үздік практиканы ескере отырып, ерекше салық салу тәртібі. Жеңілдіктер осы Бағдарламада айқындалған өлшемдер бойынша іріктелген кәсіпорындарға ұсынылатын болады.
      2) шетелдік жұмыс күшін әкелуге қатысты ерекше тетік.
      3. Неғұрлым ірі және басым инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік қолдаудың ерекше шараларын көздейтін жеке инвестициялық келісімдер жасалуы мүмкін:
      1) преференциялар;
      2) ұзақ мерзімді мемлекеттік ең аз тапсырысты және ұлттық компаниялардың тапсырыстарын қамтамасыз ету;
      3) ынталандырудың басқа да қаржылық және қаржылық емес шаралары.»;
      3) тармақшада:
      оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстанда бизнес ашуға және жүргізуге жәрдемдесуді;»;
      он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестициялар комитетін шетелдік инвесторлар үшін «алғашқы өтініш жасау терезесі» және «бірыңғай консультант» қағидаттары бойынша жұмыс істейтін шетелдік инвесторлармен жұмыс жүргізу жөніндегі бірыңғай үйлестіруші орган ретінде күшейту. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жанында шетелдік инвестицияларды тарту және шетелдік инвесторлармен жұмыс бойынша мамандандырылған компанияны айқындау болжануда;»;
      «АЭА мен ИА-ның инвестициялық тартымдылығын арттыру» мынадай редакцияда жазылсын:
      «Арнайы экономикалық аймақтарды (АЭА) одан әрі дамыту Арнайы экономикалық аймақтар экономикалық өсу нүктелері болып табылады және өзінің орналасқан өңіріне де, жалпы елдің экономикасына да оң әлеуметтік-экономикалық ықпал етеді. АЭА тиімді дамыту үшін:
      1) АЭА аумағында жоғары технологиялық жобаларды іске асыру үшін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;
      2) инвестицияларды тарту және АЭА дамытуда сапалы серпілісті қамтамасыз етуі тиіс АЭА басқаруға кәсіби басқару компанияларын тарту.
      Жұмыс істеп тұрған АЭА аумақтарын кеңейту және жаңа АЭА құру мәселелері қаралатын болады, бұл ретте, шикізат жеткізу және дайын өнімді жеткізу үшін қолайлы коммуникациялардың болу факторы ескерілетін болады.
      «Павлодар» АЭА базасында химиялық кластерді құру жоспарлануда. Сондай-ақ, Жамбыл облысында химиялық сала өндірісін орналастыру ұсынылатын «Тараз химиялық паркі» АЭА құру жоспарлануда.
      АЭА жұмыс істеуінің тиімділігін арттырудың маңызды факторы «зәкірлік» (стратегиялық) инвесторларды, оның ішінде КО, ҚХР және Орталық Азия нарықтарын игеруге баса назар аудара отырып шикізаттық емес жоғары технологиялық өнімді өндіру үшін шетелдік инвесторларды тарту болып табылады.
      АЭА жалпы бақылау және мониторингілеу, әдіснамалық және заңнамалық сүйемелдеу мақсатында Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі АЭА бойынша бірыңғай уәкілетті орган болып айқындалды.
      АЭА тиімді дамыту үшін ірі жобаларды іске асыру үшін әлеуетті инвесторлар келуге дайын болатын инженерлік инфрақұрылымды құру жолымен мемлекеттік қолдау қажет.
      2013 жылы «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы № 1 қосалқы аймағының инфрақұрылымдық объектілерін салу жөнінде жұмыстар жалғастырылатын болады, «Ақтау теңіз порты» АЭА қалған төрт қосалқы аймағын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жөнінде жобалау жұмыстары басталатын болады. Сонымен қатар, аумақтардың өзгерістерін ескере отырып, «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА ТЭН түзету жөнінде, «Қорғас-Шығыс қақпалары» және «Павлодар» АЭА инженерлік инфрақұрылымын салу жөніндегі жобалау жұмыстары басталды, «ИТП» АЭА инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар жалғастырылды.
      2014-2015 жылдары «Ақтау теңіз порты» АЭА № 1 қосалқы аймағының көліктік және инженерлік инфрақұрылымын салу жөніндегі жұмыстар, «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА жобалау жұмыстары аяқталады, «Қорғас-Шығыс қақпасы» және «Павлодар» АЭА көліктік және инженерлік инфрақұрылымын салу басталады.
      Ел өңірлерінде индустриялық аймақтарды дамыту
      Индустриялық аймақтар жеке кәсіпкерлікті, бірінші кезекте шағын және орта бизнес субъектілерін дамытуды ынталандырудың, елдің перспективалы индустриялық дамуына қарқын беру, жаңа жұмыс орындарын құру, өңірлердің инвестициялық тартымдылығының өсуіне жәрдемдесу пәрменді тетіктерінің бірі болып табылады.
      Индустриялық аймақтарды дамыту және реттеу бойынша бірыңғай жүйелі саясатты құру мақсатында және индустриялық аймақтардың қызметін құқықтық реттеу тетігін қамтамасыз ету және заңнамалық бекіту үшін Қазақстан Республикасының индустриялық аймақтарды дамыту саласындағы заңнамасын жетілдіру болжанады.
      Жұмыс істеп тұрған екі индустриялық аймақты жеке кәсіпкерлер құрғанын ескере отырып, индустриялық аймақтарды құру және жұмыс істеуі кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдану мәселесі пысықталатын болады.
      Индустриялық аймақтарды одан әрі дамыту үшін алдағы жылдары ел өңірлерінде индустриялық аймақтардың инженерлік инфрақұрылымын салуды қамтамасыз ету жөнінде жұмыс жалғастырылатын болады.
      2013 жылы Алматы қаласының Алатау ауданында индустриялық аймақтың көліктік және инженерлік инфрақұрылым объектілері бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталатын болады.
      2014 - 2015 жылдары Алматы қаласының индустриялық аймағының инфрақұрылымдық объектілерін салу жөнінде жұмыстар аяқталатын болады.
      Бұдан басқа, Тараз, Ақтөбе, Талдықорған, Қостанай, Шымкент, Түркістан қалаларында жаңа индустриялық аймақтарды құру мәселесі пысықталатын болады.»;
      «Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту» мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту
      Инвестицияларды мемлекеттің дәстүрлі жауапкершілігі саласына тарту келісімшарттардың мынадай түрлерін жасау арқылы мемлекеттің билік ету құқығын сақтай отырып, мемлекеттік меншік объектілерін жеке меншік секторға беру негізінде жүзеге асырылатын болады: жобалау, қаржыландыру, салу және пайдалану (концессия), бұлар бойынша жеке меншік секторы концессия объектісін салуды немесе реконструкциялауды қаржыландыру, басқару, ұстау және пайдалану жөніндегі функцияларды орындайды, мемлекет қызмет көрсету сапасын бақылау функциясын өзіне қалдырады, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын беруі мүмкін.
      Концессия тетігі бойынша мынадай жобаларды іске асыру болжануда:
      1) «ҮАААЖ» автомобиль жолының учаскелерін салу (реконструкциялау) және пайдалану;
      2) Зияткерлік-көліктік және төлем жүйесін (бұдан әрі - ЗКТЖ) енгізу және «Астана - Щучинск» автомобиль жолының учаскесін пайдалану, Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту, Ақтау қаласында автовокзал салу және пайдалану және басқалары.
      Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде құрылып жатқан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері маңызды рөл атқаруы мүмкін, оларды орналастыру қатаң нарықтық жағдайда жүзеге асырылатын болады. Зейнетақы активтерін тарту үшін мемлекеттің кепілгерлігімен инфрақұрылымдық облигациялар шығару тетігі қолданылатын болады.
      Мемлекет синдикатталған қаржыландыру және секьюритилендіру тетіктерін пайдалана отырып, МЖӘ жобаларын жобалық қаржыландыру қағидаттарын енгізу, құрылымдау және сүйемелдеу жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады. Заңнамаға ерекше заңды мәртебесі бар арнайы жобалау ұйымдарын құру мүмкіндігін концессия институтын дамытуды қамтамасыз ететін түзетулер енгізіледі.»;
      «Заңнаманы жетілдіру» деген параграф мынадай редакцияда жазылсын:
      «Заңнаманы жетілдіру
      1. «Арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жаңа редакцияда қабылдау.
      2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жаңа нысандарын енгізу және оларды қолдану аяларын кеңейту бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
      3. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
      4. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
      5. Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілеріне арнайы экономикалық аймақтардың инвестициялық тартымдылығын жақсарту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
      6. Индустриялық аймақтарды дамыту саласында заңнаманы жетілдіру.»;
      «2.13 Сауда саясаты» деген тарауда:
      «Ағымдағы жағдайды талдаудың» екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осыған байланысты Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі және Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының КО мен БЭК-ке қатысуы жолымен жаһандық экономикаға интеграциялануы объективті шарт болып табылады.
      Қазіргі уақытта КО аумағында үшінші елдерге қатысты сыртқы сауданы кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары қолданылады.
      Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөздері аяқталу сатысында.»;
      «Негізгі міндеттер» деген параграф мынадай редакцияда жазылсын:
      «Негізгі міндеттер
      1. Әлемдік сауда жүйесіне интеграциялау жолымен республиканың экономикалық мүдделерін жылжыту және қорғаудың тиімді және жедел жүйесін (қазақстандық компаниялар қызметінің бәсекеге қабілетті жағдайларын қамтамасыз ететін сыртқы сауда саясатын дамытуды қолдаудың кешенді ұлттық жүйесі) құру.
      2. Отандық шикізаттық емес (өңделген) тауарлардың, қызметтердің экспортын дамытуға және ілгерілетуге жәрдемдесу.
      3. КО мен БЭК-тің шеңберінде Қазақстанның және бірлестіктің басқа қатысушы елдерінің экономикалық даму мүдделерінде экономикалық интеграцияның әлеуетін aшу.
      4. Ішкі сауданың тиімділігін арттыру, сауда инфрақұрылымын жетілдіру арқылы сауда саласындағы еңбек өнімділігін ұлғайту.»;

      «Нысаналы индикаторлар 2014 жылдың соңына қарай:
      1. 2014 жылдан бастап бөлшек сауда айналымы өсімінің жыл сайынғы қарқынын алдыңғы жылмен салыстырғанда кем дегенде 108,6 %-ға жеткізу, бұл ретте 2010 жылы - 100 %, 2011 жылы - 102 %, 2012 жылы - 103 %, 2013 жылы - 109 %.
      2. Қазіргі заманғы сауда форматтарының үлесін бөлшек сауда айналымының жалпы көлемінде 40 %-ға дейін жеткізу.
      3. КО және БЭК қатысушы елдеріне шикізат емес (өңделген) экспорттың құндық көлемін 2008 жылғы деңгейден кемінде 40 %-ға ұлғайту.»;

      бірінші бөлікте:
      1-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұдан басқа, мемлекеттер басшылары қабылдаған шешімдерге сәйкес ұлттықтан жоғары органға (Еуразиялық экономикалық комиссияға) бірыңғай кедендік тариф енгізу және үш мемлекетке таратылатын және Тараптар ұсыныстарының негізінде қалыптастырылатын тарифтік емес шараларды қолдану жөніндегі өкілеттіктер берілді.»;
      2-тармақтың үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сондай-ақ, келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу, бәсекелестікті қорғаудың бірыңғай қағидалары мен қағидаттарын белгілеу, табиғи монополиялар субъектілерінің, сондай-ақ өнеркәсіпті және ауыл шаруашылығын субсидиялау саласындағы қызметті реттеу, мемлекеттік сатып алуды жүргізу, жұмыс күші мен капиталдың еркін қозғалысы көзделеді.
      Осы мақсаттарда БЭК құқықтық негізін құрайтын тиісті халықаралық құжаттар әзірленетін болады.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Үшінші елдермен және елдер бірлестіктерімен преференциялдық сауда туралы келісімдер жасасу.
      Қазақстан мен үшінші елдер арасында тауарларды сатуда преференциялдық жағдайлар жасау қазақстандық экспортты сыртқы нарыққа ілгерілету үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді.
      Осы мақсаттарда КО-ға мүше мемлекеттердің сауда режимдерін біріздендіру мақсатында үшінші елдермен, оның ішінде ТМД елдері мен келіссөздер жүргізілуде.
      Еуропалық еркін сауда қауымдастығына қатысушы елдермен (Швейцария, Лихтенштейн, Норвегия, Исландия), Жаңа Зеландиямен, Черногориямен және басқа да елдермен еркін сауда туралы келісімдер жасау бойынша келіссөздер жүргізілетін болады.
      КО-ға мүшелікті ескере отырып, Вьетнаммен және басқа елдермен келіссөздер бастау жоспарлануда.»;
      6-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ұсыныстар Еуразиялық экономикалық комиссиясының қарауына жіберілетін болады.»;
      екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Отандық шикізаттық емес (өңделген) тауарлар, қызметтер экспортын дамытуға және ілгерілетуге жәрдемдесу.
      Отандық шикізаттық емес (өңделген) тауарлар, қызметтер экспортын ынталандыру мақсатында:
      экспортты ілгерілетудің кешенді және агрессивті жүйесін құру жолымен «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ қызметі күшейтілді;
      экспорттаушыларға ақпараттық және сараптамалық қолдау көрсетілді;
      экспорттаушыларға қаржылық қолдау көрсетілді;
      экспорттаушыларға нысаналы нарықтарда дистрибуция арналарына қол жеткізуге қолдау көрсетілді.
      1. Экспортты ілгерілетудің кешенді және агрессивті жүйесін құру.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық экспорт стратегиясы әзірленеді және қабылданады, экспорттаушыларды «жалғыз терезе» қағидаты бойынша қолдаудың интеграцияланған жүйесі құрылады және жалпы экспортты дамыту саласындағы заңнамалық база жетілдірілетін болады.
      2. Экспорттаушыларды ақпараттық және сараптамалық қолдау.
      Мақсатты мүддесі бар елдер нарықтарына экономиканың шикізаттық емес (өңделген) секторының нақты қазақстандық тауарларымен және қызметтерімен кіру үшін елдер, тауарлар және қызметтер бойынша, әлемдік сауда және Қазақстанның сыртқы саудасы (Trade Performance Index (TPI) үрдісін талдау, әлемдік сұраныс негізінде әлеуетті экспорттық тауашалары бойынша шолулар тұрақты түрде жүргізілетін, жыл сайын Қазақстанның экспорттық өнімінің анықтамасы, «Экспорттаушыға көмек», «Экспорт жолбасшысы» нұсқаулық материалдар сериясы басылып шығарылатын, сондай-ақ қазақстандық экспорттаушылар мен әлеуетті шетелдік сатып алушыларға арналған арнаулы веб-сайт әзірленетін және қолданылатын болады.
      Экспорттық қызметті басқару бойынша мамандарды дайындау жөнінде оқу бағдарламалары іске асырылады, Қазақстан кәсіпорындарында алдыңғы қатарлы тәжірибелерді қолдану мақсатында жетекші шетелдік экспорттық өндіріс орындарына бару ұйымдастырылады.
      Отандық шикізаттық емес (өңделген) тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында орау саласындағы қазақстандық кәсіпорындардың экспорттық қабілеттілігін дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалатын болады.
      Экспортты дамыту және ілгерілетуге жәрдемдесу мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын үйлестіру және бірлескен стратегияны әзірлеу, сондай-ақ, экспортты дамыту мен ілгерілетуге кедергі келтіретін әкімшілік және бюрократиялық шараларды жою мен кәсіпкерлік қажеттіліктерді қамтамасыз ету мақсатында қазақстандық экспорттаушылардың проблемаларын шешу және мүдделерін қорғау кезіндегі Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы Экспорттаушылар кеңесінің сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиялардың жұмыстары жандандырылады.
      «Экспортқа бағдарланған» идеологиясын қалыптастыру үшін жеке және мемлекеттік секторларды тарта отырып экспортқа бағдар ұстау насихаты жүргізілетін болады.
      3. Экспорттаушыларды қаржылық қолдау.
      Экспорттаушыларды қаржылық қолдау сыртқы нарыққа отандық шикізаттық емес (өңделген) тауарларды, қызметтерді ілгерілету бойынша шығындарды өтеу жолымен жүзеге асырылады. Экспорттаушыларға: сыртқы нарықтардағы тауарлар, қызмет көрсетулер брендингі мен жарнамасына;  шетелдік көрмелерге қатысумен; каталогтар әзірлеу және басып шығарумен; шетелдерде өкілдік, кеңсе, қойма, шоу-бөлмелер, сауда нүктелерін ашумен және ұстаумен; шетелде өнімді, тауар белгісін тіркеу, өнімді сертификаттаумен; қызметкерлерді шетелде оқыту немесе шетелдік мамандарды тартумен; франшиздерді тартумен; интернет-ресурстарды жасау және іске қосумен; көліктік шығындармен; маркетингтік зерттеу жүргізумен; экспорттық стратегия әзірлеумен байланысты шығындар өтеледі.
      4. Экспорттаушыларға мақсатты нарықтарда дистрибуция арналарына қол жеткізуге жәрдемдесу.
      Отандық өндірушілер мен әлеуетті шетелдік сатып алушылар арасындағы тікелей байланыстар орнатуға жәрдемдесу, өнімдердің сапалық және бағалық көрсеткіштері бойынша ақпараттар алмасу, экспорттық келісімшарттар тетіктерін талқылау мақсатында шетелдердегі Қазақстанның сауда миссиялары, Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде «Сатушылар мен Сатып алушылар» форматындағы кездесулер тұрақты түрде ұйымдастырылады.
      Экспорттық тауашаларды игеру үшін сыртқы нарықтарға экономиканың өңдеуші секторындағы нақты тауарлардың тауарлық белгілерін және қызметтерді ілгерілету бойынша іс-шаралар іске асырылады.
      Халықаралық көрмелерде бірыңғай ұлттық тақта форматында қызметтерді ұсынатын қазақстандық тауар өндірушілер мен компаниялардың экспорттық әлеуеті таныстырылады, сондай-ақ шетелдік салалық көрмелерге отандық компаниялардың қатысуы қамтамасыз етіледі.
      Қазақстандық экспорттаушылар үшін мемлекеттің пәрменді шараларды қамтамасыз етуі мақсатында Қазақстанның гуманитарлық көмек шеңберінде өнім жеткізушілер қатарына интеграциялануы жүргізілетін болады.
      Мыналарды:
      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ-ның шетелдік өкілдіктерінің желісін;
      2) отандық өндірушілердің өнімдерін кепілдендірілген ілгерілету және экспорттаушылардың тауарларды өткізу арналарына қол жеткізуіне жәрдемдесу үшін сыртқы сауда делдалдарының институтын;
      3) шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің ресурстарын пайдалана отырып, сауда өкілдіктерінің, құрметті консулдар институтының, сондай-ақ инвестициялар, технологияларды тарту және экспорты ілгерілету мәселелері бойынша өкілдіктер институтын құру үшін елдің шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері құрамындағы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ұсынуы бойынша тағайындалатын және оған есеп беретін кеңесші-елші дипломатиялық дәрежесіндегі штат бірліктері, және жекелеген елдердегі Қазақстан елшіліктеріндегі атташелерді айқындау мәселесін пысықтаудың халықаралық желісін құру көзделетін және олардың қызметінің рейтингтік бағалануы енгізілетін болады.
      Ішкі сауда тиімділігін арттыру
      Халықаралық практиканы ескере отырып, баға белгілеудің ашық жүйесін қалыптастыру мақсатында заманауи биржалық сауда инфрақұрылымы құрылатын болады.
      Сауданы үдемелі инфрақұрылымдық дамыту мақсатында сауданың ірі заманауи және орташа форматтары жетілдірілетін болады.
      Төлемдер, коммуналдық қызметтер, тауарлар және басқаларын төлеудің қолма-қол ақшасыз электрондық жүйесін дамыту.»;
      «Заңнаманы жетілдіру» деген параграф мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
      «4. Экспорты дамыту саласындағы заңнаманы жетілдіру.
      5. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1000 шаршы метрден астам заманауи сауда объектілерін салу жөнінде жобаларды іске асыратын шетелдік инвесторларға инвестициялық преференцияларды ұсыну бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу.»;
      «2.14 Бағдарламаны қаржылық қолдау құралдары» деген тарауда:

      1. 2010 жылдан бастап 2015 жылды қоса алғандағы кезеңде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы жеке кәсіпкерлік секторына кемінде 73,3 млрд. теңге көлеміндегі инвестициялар.
      2. 2010-2014 жылдары басым секторларға «Қазақстан Даму Банкі» АҚ инвестицияларының көлемі «Қазақстан Даму Банкі» АҚ тиісті және уақтылы капиталдандыру кезінде кем дегенде 519,8 млрд. теңге құрайды. Бұл ретте, жыл сайынғы игеру бойынша 2014 жылы даму әсерінің орташа өлшемді индексінің мәні кем дегенде 62-ні құрайды.
      3. 2010-2014 жылдар кезеңінде «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ арқылы кем дегенде 5,4 млрд. теңге көлемінде отандық шикізаттық емес (өңделген) тауарларды, қызметтерді экспорттаушыларды қолдау бағдарламасын қаржыландыру.
      4. 2010 - 2014 жылдар кезеңінде «ҚазЭкспортГарант» экспорттық кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ-ның саудалық қаржыландыру бағдарламасы бойынша қолдау көрсетілген экспорттық мәмілелердің көлемі кем дегенде 6 млрд. теңгені құрайды.
      5. «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ: Бағдарлама жобаларын қаржыландыру үшін 2014 жылға дейін 400 млн. АҚШ доллары мөлшерінде нысаналы капиталдандырумен Greenfield жобаларының қорын құру.
      6. «БРК-Лизинг» АҚ жұмыс істеп тұрған және жаңа бәсекеге қабілетті өндірістерді жаңғыртуға қаржыландыру көлемі 2011 - 2013 жылдар кезеңінде 45 млрд. теңгені құрайды.»;

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік қаржы ресурстары мемлекеттік және жеке меншік операторлар арқылы жіберілетін болады. Мемлекеттік сектордың операторларына мыналар жатады:
      «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ, «БРК-Лизинг» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ (бұдан әрі - ТДҰА), «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, ҚазАгрофинанс АҚ, «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестиция жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ, «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ және басқа да ұйымдар.»;
      оныншы бөліктің оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «жергілікті қамтуды дамытуға ықпал ететін өндіріс, шағын және орта бизнес кәсіпорындарын тарту;»;
      он бірінші бөлік мынадай мазмұндағы он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтармен толықтырылсын:
      «жобалық қаржыландыру - қарыз қаражаттарын төлеудің, негізгі көзі ақша түсімдерінің ағындары және инвестициялық жобаны іске асырудан түскен табыс болып табылатын инвестициялық жобаны қаржыландыру, осы құралды пайдалану үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына тиісті түзетулер енгізіледі;
      мезониндік қаржыландыру - қарыз алушының акцияларына немесе капиталындағы қатысу үлесіне айырбастау құқығымен қоса реттелген қарыз беру;
      аралық қаржыландыру - инвестициялық жобаларды дайындау және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында қаржыландыру.»;
      мынадай мазмұндағы он бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Заңнаманы жақсарту
      1. Стресті активтерді басқару саласындағы заңнаманы жетілдіру.
      2. Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын жақсарту және тікелей инвестициялар нарығын дамыту мақсатында заңнаманы жетілдіру.
      3. Жобалық қаржыландыру саласында заңнаманы жетілдіру.»;
      «3. Экономикалық әлеуетті ұтымды аумақтық ұйымдастыру негізінде экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру» деген кіші бөлімде:
      «Негізгі міндет» деген параграф мынадай редакцияда жазылсын:
      «Негізгі міндет
      Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Ақтау қалаларында орталықтары бар агломерацияларды басым дамыту арқылы өсу полюстерін қалыптастырып, индустриялық даму үшін бәсекелі артықшылыққа ие, елдегі экономикалық белсенділікті шоғырландыратын, елдің қалған аумақтары үшін «локомотив» рөлін атқаратын әрі елдің өңірлік және жаһандық нарықтармен интеграциясын қамтамасыз ететін аумақтарда экономиканы шоғырландыруды қамтамасыз ету.»;

      «Екінші - Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Ақтау қалаларында орталықтары бар агломерацияларды басым дамыту арқылы озық қарқынмен дамыту аймақтарын құру.»;

      «Экономиканың ұзақ мерзімді және сапалы өсу перспективалары жоғары технологиялы, инновациялық жаңа өндірістердің қажетті ғылыми-техникалық және білім беру әлеуетіне, коммуникациялық инфрақұрылымға ие қалыптасып жатқан Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Ақтау қалаларында орталықтары бар агломерациялар және оларға іргелес аумақтарға шоғарылануымен айқындалатын болады.»;
      оныншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Өндіріс күштері мен өндірістік қуаттарды ұтымды және перпективалы орналастыру, халықты қоныстандыру жүйесін оңтайландыру схемалары Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын, сондай-ақ басқа да құрылыс құжаттарын (аумақтық дамудың өңіраралық схемалары, аумақтың қала құрылысын жоспарлайтын кешенді схемалар, елді мекендердің бас жоспарлары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары) әзірлеу үшін негіз болып табылатын Қазақстанды аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасының құрамдас бөлігіне айналады.
      Бас схеманы іске асыру мониторингі ақпараттық деректерді өзектендіру ақпарат көзін жаңарту кезінде тұрақты түрде жүзеге асырылуы тиіс. Жобалық ұсыныстар мен негізгі ережелерге өзгерістер енгізу әр бес жыл сайын, бас схеманы түзету - әр он жыл сайын жүзеге асырылуы тиіс.»;
      «3.2 Экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру» деген тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      «3.2 Экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру
      Әлемдік тәжірибеде агломерацияларды өсу полюстері ретінде дамуы елдің экономикалық және еңбек әлеуетін шоғырландыруға, ауқым әсеріне, инфрақұрылымдық әсерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
      Мемлекет экономикалық өсудің ұзақ мерзімді орталықтарында халықтың шоғырлануына жәрдемдесетін болады. Мұндай өсу орталықтары қалыптасып жатқан агломерациялар (Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау) болып табылады.
      Осыны ескере отырып таңдалған өлшемдер негізінде Қазақстан қалаларының агломерациялық әлеуетіне талдау жүргізілді. Өлшемдер ретінде демографиялық сыйымдылық, логистикалық және экономикалық әлеует, сондай-ақ өзек қаланың әкімшілік мәртебесі айқындалды. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша 2 деңгейдегі агломерациялар айқындалды:
      1-ші деңгейдегі агломерациялар - ең жоғарғы әлеуетке ие ретінде Астана, Алматы және Шымкент қалалары;
      2-ші деңгейдегі агломерациялар - олардың қатарына Ақтөбе және Ақтау қалалары енгізілді. Бұл қалалар негізінен өзінің агломерациялық әлеуетінің іске асырылуының бастапқы сатысында тұр.
      Сонымен бірге 2-ші деңгейдегі басқа агломерацияларды қалыптастыру бойынша жұмыстар қосымша қарастырылатын және жалғастырылатын болады.
      Бәсекелестік артықшылықтар мен шектеулерді ескере отырып, Астана агломерациясы «Назарбаев Университеті», «ТДӨА» АҚ, «Ғылым қоры» АҚ базасында, сондай-ақ «Астана - жаңа қала» АЭА құрамындағы индустриялық паркі, Ұлттық медициналық холдинг базасындағы медициналық кластер және Астана қаласы айналасында азық-түлік белдеуінің дамуы бойынша міндеттерді ескере отырып, «Бурабай - Астана - Қарағанды» автобаны бойындағы желілік «өсу аймағы» жоғары технология және инновация орталығы ретінде орнығады.
      Алматы агломерациясы көліктік-логистикалық орталықтардың (бұдан әрі - КЛО) желісі базасында («Шекаралы ынтымақтастық халықаралық орталығы «Қорғас» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Қорғас» ШЫХО) және оның филиалы ретінде G4 City, «Алматы» КЛО жобасы құрамындағы «Growing City» КЛО) сауда-логистикалық және қаржылық орталығы ретінде, технологияларды коммерциялау, Алматы қаласының ірі университеттерінің орталығы, Орталық Азия барлық аймағының туризм орталығы («Шымбұлақ», «Медеу», «Табаған», «Көкжайлау», этнотуризм) ретінде «ИТП» АЭА базасында инновациялық кластер дамитын болады. Жалпы Алматы агломерациясы өзек-қаланың өзінің, G4 City және «Қорғас» ШЫХО («Қорғас» АЭА) қала-серіктері құрылысы бойынша жобаларды дамытуды қоса алғанда желілік «өсу аймағы» ретінде қарастырылады.
      Шымкент агломерациясын агроөнімдерді қайта өңдеу (оның ішінде «Оңтүстік» АЭА базасында), жеңіл (тоқыма кластері) және фармацевтикалық өнеркәсіп орталығы ретінде орнықтыру ұсынылады.
      Ақтөбе агломерациясы өңірдің металлургиялық кластер және өңірдің КЛО, химиялық өнеркәсіп және құрылыс индустриясын қайта өңдеу орталығы ретінде орнығатын болады.
      Ақтау агломерациясы Ақтау теңіз айлағы базасында көліктік-логистикалық хаб және мұнай сервис кластері ретінде дамитын болады.
      Бұл ретте агломерацияларды дамытудың құралдары ретінде мемлекеттік жобаларды («Назарбаев Университеті», «Қорғас» ШЫХО және басқалар), арнайы экономикалық аймақтарды («Ақтаутеңізпорты» АЭА, «Оңтүстік» АЭА  және басқалар), мемлекеттік-жекешелік әріптестік (ҮАААЖ және басқалары) пен мемлекеттік және салалық бағдарламалардың басқа да құралдарын («Бизнестің жол картасы - 2020» (бұдан әрі - «БЖК-2020»), «Қолжетімді баспана - 2020», «Жұмыспен қамту - 2020», «Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықты жаңғырту» және басқалар) айқындау ұсынылады.»;
      «4. Экономиканың басым секторларын дамытуда мемлекет пен бизнестің өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету» деген кіші бөлімде:
      мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Бизнесті мемлекеттік қолдау барлық мүмкін бағыттар бойынша, оның ішінде жергілікті қамтуды дамыту және мынадай негізгі бағыттарды қоса алғанда:
      1) жергілікті қамтуды дамыту және нормативтік құқықтық базаны
жетілдірудің мемлекеттік саясатын жүйелеу;
      2) қажетті тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндірісін құру/дамыту, жұмыс істейтін өндірісті жаңғырту және отандық өндірушілерді ұзақ мерзімді тапсырыстармен қамтамасыз ету бойынша жобаларды іске асыруда жәрдемдесу;
      3) отандық өндірушілерге сервистік қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылатын болады.
      Жергілікті қамтуды дамыту бойынша алдағы іс-қимыл елдің БЭК және ДСҰ-ға кіру тұрғысынан қарастырылатын болады, өйткені белсенді интеграциялық үдеріс отандық өндірісті мемлекеттік қолдаудың жеке шараларын ішінара және толық жоюды білдіреді. Осыған байланысты, өтпелі кезең аяқталғаннан кейін жойылатын қолдау құралдарының орнын толтыру мақсатында шаралар кешенін әзірлеу жоспарланып отыр.»;

      «Бағдарламаның республикалық деңгейде іске асырылуын үйлестіруді Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі басшылық ететін Республикалық үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі басқару орталығы жалпы үйлестіруді; Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі (бұдан әрі - ШИК) шетелдік инвесторлармен өзара іс-қимыл жасауды; Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) және оның жанынан құрылған жұмыс топтары, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жанындағы экспорттаушылар кеңесі (бұдан әрі - Экспорттаушылар кеңесі) отандық экспорттаушылармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыратын болады.»;

      «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау, индустрия  және жаңа технологиялар министрліктері орталық және жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаны іске асыру жөніндегі өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар болады.»;
      сегізінші және тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасы республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарынан тұратын болады.
      «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, өңірлік деңгейде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, сондай-ақ мамандандырылған сервистік ұйымдар Бағдарламаны іске асыруда негізгі рөл атқарады.»;
      «4.1 Бағдарламаны республикалық деңгейде іске асырудың схемасы мен құралдары» деген тарауда:
      «4.1.1 Жүйе құраушы ірі жеке компаниялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Бағдарламаны іске асырудағы рөлі» деген параграф мынадай редакцияда жазылсын:
      «4.1.1 Жүйе құраушы ірі жеке компаниялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Бағдарламаны іске асырудағы рөлі
      Экономиканың көліктік-коммуникациялық, отын-энергетика және металлургия секторларындағы ірі жүйе құраушы компаниялар, сондай-ақ стратегиялық шетелдік инвесторлар ipi жобаларды ілгерілетудің бастамашылары болады, шағын және орта кәсіпкерлік үшін жаңа бизнес мүмкіндіктерін мультипликациялаудағы олардың рөлі күшейеді.
      Бағдарлама шеңберінде ірі жүйе құраушы жеке меншік компаниялар және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ мыналарды көздейді:
      1) жекелеген салалық саясатты іске асыру жөніндегі «операторлар» рөлін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ орындауы;
      2) ірі инвестициялық жобаларды іске асыру;
      3) тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуда жергілікті қамтуды ұлғайту;
      4) жергілікті қамтуды дамыту шеңберінде шағын және орта бизнестің инвестициялық жобаларына қатысу;
      5) шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қайта бөлінісі неғұрлым жоғары өндірістерді ұйымдастыру мақсатында өнімнің бір бөлігін ішкі нарыққа жеткізу;
      6) жаңадан құрылып жатқан ірі өндірістер төңірегінде шағын және орта бизнестің кластерлік-желілік құрылымдарын қалыптастыру;
      7) шағын және орта бизнеске негізгі емес бизнес функциялардың бір бөлігін беру;
      8) бейінді емес активтерді шығару жөніндегі саясатты ынталандыру.
      «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ үш стратегиялық бағыт бойынша іс-қимыл жасайтын болады:
      1. Компаниялардың ұзақ мерзімді құнын арттыру Қордың күші компаниялардың акционерлік капиталының құнын арттыруға бағытталатын болады, бұл өз кезегінде ұлттық экономиканың өсуін арттыруға жәрдемдеседі. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қызметі компаниялардың құнын компаниялардағы корпоративтік басқару және инновациялық даму деңгейлерін арттыру, басқарудың ашық және оңтайлы құрылымын қалыптастыру, компаниялардың қаржылық нәтижелілігі мен тұрақтылығын арттыру арқылы ұлғайтуға арналған.
      2. Ұлттық экономиканы әртараптандыруға және жаңғыртуға қатысу
      Осы стратегиялық бағыттың шеңберіндегі негізгі мақсат жаңа өндірістік және инфрақұрылымдық активтерді құру және қолданыстағыларын жаңғырту, сондай-ақ қосылған құн тізбегін дамыту болып табылады. Осы мақсатқа стратегиялық инвестицияларды жүзеге асыру, жеткізілімдерді тиімді басқару және кәсіпкерлік ортаны дамыту, даму институттары арқылы экономиканың дамуын ынталандыру жолымен қол жеткізілетін болады.
      3. Әлеуметтік жауапкершілік «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ әлеуметтік әріптестік қағидаты негізінде әлеуметтік-еңбек қатынастарын тиімді реттеу, кадрларды даярлау және қызметкерлердің біліктілігін арттыру, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету, Қор қызметі туралы ақпараттың айқындығы мен ашықтығына бағытталған бірыңғай коммуникациялық стратегияны құру арқылы Қор компаниялары тобындағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті арттыратын болады.
      Ірі инвестициялық жобаларды қолдаудың негізгі құралы «Қазақстан Даму банкі» АҚ жеңілдікті қаржыландыруды ұсынуы, сондай-ақ Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және оның еншілес ұйымдарының жобаларына үлестік қатысу болады.
      «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ рөлі қаржылық және қаржылық емес қолдау құралдарын кеңейту арқылы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру болып табылады.
      «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ үшін экономикаға инвестициялар тарту бойынша нысаналы көрсеткіштер айқындалатын болады.
      Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың инвестициялық саясаты, олардың қаржылық ресурстарды тартуы және бөлуі индустрияландыру саясатымен үйлестірілетін болады.
      Осы мақсатта тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет параметрлерінің болжамын ескере отырып, Республикалық бюджет комиссиясының ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтер мен мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму жоспарлары мен болжамдық параметрлерінің жобаларын қарауы және мақұлдауы көзделеді.
      Бұл ретте квазимемлекеттік секторда тәуекелдер шоғырлануының және қарыздық жүктемелерден «қызып кетуінің» алдын алу үшін, оның ішінде олардың қарыз алу деңгейін шектеу арқылы ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялар берешектерінің ашық есептілігі енгізілетін болады.
      Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың сатып алуында жергілікті қамтудың өтінім берілген көрсеткіштерінің сақталуын бақылаудың тиімділігін жақсарту, сондай-ақ осы көрсеткіштерді жоғарылатуды ынталандыру үшін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ай сайынғы негізде сатып алудағы жергілікті қамту үлесінің есептерін тексеруді жүзеге асыратын болады.
      Сатып алудағы жергілікті қамтуды мониторингілеу, сондай-ақ өткізілген тексерістерді талдау негізінде ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың жыл қорытындысы бойынша сатып алудағы жергілікті қамтудың жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі тиімділіктің маңызды көрсеткіштері (КРІ) шығарылады.
      Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың іс-қимылдары мыналарға шоғырландырылады:
      1) бизнес белсендікті ықпалдастыру, салалық және салааралық кооперацияны қолдау және экспортты ілгерілету;
      2) технологиялар трансферті, инновацияларды қолдау, консалтинг, инжиниринг, кадрларды оқыту және біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді қоса алғанда, кәсіпорындарды сервистік қолдау.
      Кәсіпкерлікті қолдаудың кешенді инфрақұрылымының қайталануын және қалыптасуын болдырмау мақсатында бизнестің қажеттілігіне назар аудара отырып, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ның, «Инжиниринг және технологиялар трансферті» АҚ-ның, «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ-ның, «Даму» КДҚ» АҚ-ның, «Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ-ның, «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның, «Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ның, «Қазагромаркетинг» АҚ-ның, «Қазагроинновация» АҚ-ның, «Қазагроинновация» АҚ жанындағы «Технологиялар трансферті және коммерцияландыру орталығы» АҚ-ның мамандандырылған сервистік ұйымдарының қызметтері құрылымданатын болады.»;
      «4.1.2 Бағдарламаны республикалық деңгейде іске асыру тетіктері» деген параграфта:
      «Жұмыс істеп тұрған өндірістерді үдемелі жаңғырту және жаңаларын құру бағдарламасы - «Өнімділік - 2020» мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жұмыс істеп тұрған бәсекеге қабілетті өндірістерді жаңғырту және жаңаларын құру бағдарламасы - «Өнімділік - 2020»
      Бағдарламаның мақсаты еңбек өнімділігін арттыру арқылы экономиканың басым секторларында өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттіліктерін ұлғайту болып табылады.
      Бағдарламаны іске асыру құралдары:
      инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлегені немесе сараптама жүргізгені үшін төлемдер, ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды беру, инновациялық гранттар беру.
      Бағдарламаға сервистік қолдау құралдарын және «Негізгі қорларды сатып алуға лизинг және кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау» құралын енгізу мәселесі қарастырылатын болады.
      Субсидиялау жаңа, сонымен қатар бұрын алынған кредиттер (лизингтік қаржыландыру) бойынша да жүзеге асырылатын болады.
      Сервистік қолдау құралдарын іске асыруды құралдар операторлары жүргізетін болады. Кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды қаржылық сүйемелдеу, субсидиялауды алу үшін қарыз алушылардың тізімін қалыптастыруды және қаражатты мақсатты тиімді әрі уақтылы пайдалану мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген қаржы агенттері жүргізетін болады. Агенттік қызметтерінің құны бюджеттен өтелетін болады.
      Сервистік қолдау құралдарын беру және сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау тетігін, тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      Экономиканың басым салаларында инвестициялық жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын, қаржылай тұрақты кәсіпорындар бағдарламаның қатысушылары болып табылады.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалар бағдарлама операторлары және оның құралдары болады.
      Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі бағдарламаның әкімшісі болады.
      Бағдарлама құралдарын беру тетігін, тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      Операторлар қызметтері бюджеттен өтелетін болады.»;
      «Экспортты дамыту және жылжыту бағдарламасы - «Экспорт - 2020» мынадай редакцияда жазылсын:
      «Экспорт - 2020» - экспортты дамыту және ілгерілету бағдарламасы»
      Бұл бағдарлама отандық компанияларды сыртқы нарықтарға ілгерілетуге бағытталатын болады және оны іске асырудың негізгі бағыттары мыналар болады: отандық шикізаттық емес (өңделген) тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілетумен байланысты іс-шаралар бойынша экспорттаушылар шығындарын өтеу; саудалық қаржыландыру және сақтандыру; экспортты сервистік қолдау.
      Бағдарламаның объектілері әлеуетті және жұмыс істейтін шикізаттық емес (өңделген) тауарларды, қызметтерді экспорттаушылар болып табылады.
      Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі бағдарламаның әкімшісі болады.
      «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ және «ҚазЭкспортГарант» АҚ бағдарлама операторлары болып табылады.
      Бағдарламаны өңірлік деңгейде іске асыру
      Жергілікті атқарушы органдар бағдарламаның өңірлік деңгейдегі әкімшісі болады, олар осы бағдарламаны іске асыру мақсатында жергілікті бюджеттерде тиісті қаражатты қарастыратын болады.
      Экспорттаушыларды сервистік қолдау жөніндегі іс-шаралар бағдарлама операторымен өзара іс-қимыл мен үйлестіру кезінде жүзеге асырылады.
      Саудалық қаржыландыру және сақтандыру, экспортқа сервистік қолдау көрсету және экспорттаушылар шығындарының бөлігін өтеу жөніндегі базалық шарттарды, қаражат бөлу тетіктерін, шикізаттық емес секторлардағы экспорттың өсуі жөніндегі нысаналы көрсеткіштерді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын болады.»;
      «Инвестор - 2020» тікелей шетелдік инвестицияларды қолдау және ынталандыру бағдарламасы» мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тікелей шетелдік инвестицияларды қолдау және ынталандыру бағдарламасы - «2010 - 2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі бағдарлама»
      Бұл бағдарлама мынадай:
      1) инвестицияларды сервистік қолдау;
      2) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың инвестициялық тартымдылығын арттыру құралдарын қолдана отырып, экспортқа бағдарланған және жоғары технологиялы шикізаттық емес өндірістерге тікелей инвестициялар үшін тартымды жағдай жасауға бағытталатын болады.
      Шетелдік инвесторлар мен қазақстандық бизнес өкілдері не сервистік қызметтер көрсету Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мамандандырылған сервистік ұйым арқылы мынадай құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылады:
      1) Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін ілгерілету бойынша
ақпараттық-таныстыру іс-шаралары (бизнес-форумдар, роуд-шоу, баспа
өнімдері, халықаралық БАҚ-та ақпараттық хабарлар);
      2) ақпараттық-талдамалық іс-шаралар (есепке алу функциясы, дерекқор, зерттеулер);
      3) шетелдік инвесторларды сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар;
      4) ұлттық инвестициялық интерактивті веб-сайтты және Елдің
инвестициялық атласын әзірлеу және сүйемелдеу.
      Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың инвестициялық тартымдылығын арттыру мыналар арқылы жүзеге асырылатын болады:
      1) шетелдік жұмыс күшін әкелудің жеңілдетілген тетігі;
      2) «жалғыз терезе» қағидаты бойынша қызметтер көрсету;
      3) АЭА аумағындағы еркін кеден аймағының режимі. Бағдарлама әкімшісі - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.
      Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестициялар комитеті бағдарлама операторы болып табылады.
      Экономиканың басым секторларына инвестицияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары бағдарламаға қатысушылар бола алады.»;
      «Республикалық индустрияландыру картасы» мынадай редакцияда жазылсын:
      «Индустрияландыру картасы
      Қазақстанды Индустрияландыру картасы индустриялық-инновациялық жобаларды мониторингілеу және іске асыру құралы болып табылады.
      Қазақстанды Индустрияландыру картасына жобаларды іріктеу үдерісі интеграциялық болып табылады, яғни, индустрияландыру картасына енгізілген жобалар тізбесі өтінімдердің түсуіне және олардың тиісінше қаралуына қарай жылына екі рет жаңа жобалармен толықтырылуы мүмкін.
      Индустрияландыру картасына Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қызметтің басым түрлерінің тізбесіне сәйкес келетін жобалар енгізілетін болады.
      Республикалық және өңірлік индустрияландыру картасына жобаларды енгізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      Мемлекеттік қолдау көрсетуді ұсыну мәселелері қаралған кезде Индустрияландыру картасының жобалары басым тәртіппен қаралатын болады.
      Индустрияландыру картасы жобаларының мониторингін жобаларды іске асыруға жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган ақпараттық-талдамалық жүйе (бұдан әрі - жүйе) базасында жүзеге асырады.
      Жүйе сапалық және сандық көрсеткіштерден, жоспар-кестеден және жобаларды іске асыру барысы туралы мәліметтерден тұрады және кәсіпкерлер-жобалар бастамашыларының туындаған проблемалар туралы белгі беру мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, жобалар бойынша ақпаратты жинақтау мен өңдеудің интерактивті үдерісін қамтамасыз етеді.
      Іске асырылу сатысындағы жобалар мониторингі жобаны іске асырудың жоспар-кестесі бойынша жүргізілетін болады.
      Енгізілген жобалар бойынша мониторинг «жоспарлы қуаттылық» көрсеткішінің негізінде жүзеге асырылатын болады. Жоспарлы қуаттылық-техникалық, технологиялық және басқа да факторларды ескеретін белгілі кезеңге өнім шығарудың өндірістік жоспары.
      Жоба бойынша проблемалық мәселелер туындаған жағдайларда жобаны іске асыруға жауаптылар жоба бастамашыларымен бірлесіп проблемалық мәселелерді шешу бойынша келісілген іс-шаралар жоспарын қабылдайды.
      Жобалар кезекті өзектендіру жүргізілген кезде мынадай жағдайда:
      бір жыл бойы қуаттары кемінде 70 % (жетпіс пайыз) деңгейінде үздіксіз жүктелген;
      Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезеңінде шешу мүмкін болмайтын проблемалар, оның ішінде форс-мажор жағдайлар туындаған кезде Индустрияландыру картасынан алып тасталады.
      Республикалық Индустрияландыру картасына жеке тізбемен перспективалық жобалар енгізіледі, олардың пысықталуына қарай іске асыруға жауапты белгіленген рәсімдерге сәйкес жобаларды Индустрияландыру картасына енгізу жөнінде ұсыныс енгізеді.»;
      «4.2.1 Даму институттарының, ұлттық компаниялардың бағдарламаны өңірлік деңгейде іске асырудағы рөлі» деген параграфта:
      5-абзацта «бірінші» деген сөз алып тасталынсын;
      төртінші, бесінші және алтыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бизнес-белсенділікті интеграциялау және кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымын құру құралдары аумақтарды дамыту бағдарламалары және «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы болады, олардың аясында әрбір даму институтының рөлі, олардың жергілікті атқарушы органдармен және бизнеспен өзара әрекеттесу тетіктері, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі шараларды қаржыландыру көздері нақты айқындалатын болады.
      Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар өңірлердің өсу нүктесінде экономикалық белсенділікті ынталандыратын активтерді тиімді басқаратын, оның ішінде инвестициялар тарту арқылы және бәсекеге қабілетті орнықты өндірістерді қалыптастыру катализаторы болып табылатын өңірлік даму институтының рөлін атқарады.
      «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ құрылымдары да өткізу және дайындау кооперациясын ұйымдастыруға, шикізат пен азық-түлікті сатып алу арқылы нарықты және тауар өндірушілерді қолдауға, ұсақ лектерді шоғырландырады, сертификаттау мен басқа да операцияларды қоса алғанда, «шатырлық» брендтермен қазақстандық өндірушілердің өнімдерін сыртқы нарықтарға экспорттауға және ілгерілетуге шоғырландырылатын болады.»;
      жетінші бөліктің төртінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «лизингтік мәмілелерді және лизингтік компаниялар мен екінші деңгейлі банктердегі қаржы қаражатын шартты орналастыруды жеңілдікті қаржыландыру;
      кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жөніндегі қаржы агентінің функцияларын орындау;»;
      тоғызыншы бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ және «Парасат» ұлттық холдингі мыналар арқылы инновацияларды қолдауға және ілгерілетуге шоғырланатын болады:»;
      «4.2.2. Бағдарламаны өңірлік деңгейде іске асыру тетіктері (Бизнестің жол картасы - 2020)» деген параграф мынадай редакцияда жазылсын:
      «4.2.2. Бағдарламаны өңірлік деңгейде іске асыру тетіктері («Бизнестің жол картасы - 2020»)
      «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру тұрақты жұмыс орындарының қолда барын сақтап қалуға және жаңаларын ашуға, сондай-ақ шикізаттық емес секторларда өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Бұл бағдарламаны қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен мынадай бағыттар бойынша іске асырылады.
      1) жаңа бизнес-бастамаларды қолдау;
      2) кәсіпкерлік секторды сауықтыру;
      3) кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету;
      4) кәсіпкерлік әлеуетті күшейту.
      Кәсіпкер осы бағдарламада, сондай-ақ Бағдарламада көзделген басқа да бюджеттік бағдарламаларда көзделген мемлекеттік қолдау шараларының аралас пакетіне үміттене алады.
      Әрбір өңір үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған орталық атқарушы орган өңірдің экономикалық әлеуетін ескере отырып есептелетін қаржыландырудың жалпы лимитін белгілейтін болады.
      Әкімдіктер осы бағдарламаның бағыттары бойынша қаржыландырудың жалпы лимитін дербес бөлетін болады.
      Өңірлік үйлестіру кеңесінің қызметі шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру үшін жобаларды іріктеу және қарау, индустриялық инфрақұрылымның дамуын үйлестіруді қамтамасыз ету, сервистік қолдау мен кәсіпкерлік үшін кадрлар даярлау жүзеге асырылатын болады.
      Кәсіпкерлік секторды сауықтыру бойынша шаралар қабылданатын болады.
      Кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау жаңа инвестициялық жобалар, сондай-ақ экономиканың басым секторларындағы өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар бойынша жүзеге асырылады.
      Ең жоғары субсидиялау мерзімі 3 жыл болып, ол мерзімді 10 жылға (қаржылық лизинг шарттары бойынша 5 жылға дейін) ұзарту мүмкіндігімен іске асырылатын жобалар бойынша жаңаларымен қатар, бұдан бұрын берілген кредиттер субсидияланатын болады.
      Жобаға өтінім берушінің оны іске асыруға жобаны іске асырудың жалпы құнынан 10 %-дан кем емес деңгейдегі өзінің ақшалай қаражатымен қатысуы не жобаны іске асыруға, жобаны іске асырудың жалпы құнынан 20 %-дан кем емес деңгейде өзінің жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен (оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылған үшінші тұлғалардың мүлкімен) қатысуы қолдаудың міндетті шарты болып табылады.
      Кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімдеріне сәйкес жүргізілетін болады.
      Ең көп мөлшері 50 %-дан артық емес, ал ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін 20 млн. теңгеге дейін кредиттер бойынша ең көп кепілдік мөлшері кредит сомасының 70 %-ынан артық емес жаңа өндірістерді ұйымдастыруға бағытталған кәсіпкерлікке кредиттерге кепілдік беруді өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімдеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген қаржы агенті жүзеге асырады.
      Кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қаржылық сүйемелдеуді және қаражаттың нысаналы тиімді және уақтылы пайдаланылуын мониторингілеуді әкімдіктер, екінші деңгейдегі банктер мен қаржы агенті арасында жасалатын бас келісім шеңберіндегі тиісті рәсімдерді орындай отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген қаржы агенті жүргізеді.
      Агент қызметтерінің құны бюджеттен өтелетін болады.
      Сыйақы ставкаларын субсидиялау, кредиттерді кепілдендіру тетігін, тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын болады.
      Индустриялық инфрақұрылым аталған бағдарламаға енгізілген жобаларды іске асыруды қолдау, сондай-ақ өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімі негізінде әлеуетті перспективалы жобаларды іске асыру үшін ұсынылатын болады.
      Кәсіпкерлік үшін кадрларды қайта даярлауды, оның ішінде біліктілікті арттыруды және жұмыс орындарын ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ережелер мен өлшемдер негізінде қаражат бөлу арқылы әкімдіктер қаржыландыратын болады.
      «Бизнестің жол картасы - 2020» - «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» бағдарламасының 4-ші бағытын жетілдіру мақсатында ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер және кәсіпкерлік бастамасы бар халық үшін қысқа мерзімді экспресс-курстарын, жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін қысқа мерзімді экспресс-курстарын өткізу, бизнес жүргізуге сервистік қолдау көрсету, кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымын қалыптастыру (кәсіпкерлердің құзыреттілік орталықтарын дамыту), «Назарбаев Университеті» ДБҰ-ның бизнес-мектебі және басқа да оқыту орталықтары базасында шағын және орта бизнес басқарушы кадрларын оқыту және біліктіліктерін арттыру, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жәрдемдесуімен ұқсас бейіндегі шетелдік кәсіпорындарда қазақстандық кәсіпкерлер үшін тағылымдамалар ұйымдастыру көзделеді.».
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі екі ай мерзімде осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Базаның жай-күйі
  • Барлық құжат 262983
    Қазақ тілінде 131292
    Орыс тілінде 130797
    Ағылшын тілінде 894
    Қолдау қызметі
    E-mail: support@rkao.kz
    Телефондары: +7 7172 58 00 58, 119
    Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
    (Астана уақыты бойынша)
    Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

    Жоба Туралы